Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 19

Total number of words is 3798
Total number of unique words is 2195
29.2 of words are in the 2000 most common words
41.0 of words are in the 5000 most common words
47.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тапсырдық. Бұдан сырт, биыл Алла қаласа, 40 баспа табақтан тұратын
«Қытайтануға кіріспе» атты ғылыми-танымдық еңбегім де оқырман қолына
тиіп қалар. Дəл қазір бір мекеменің тапсырысы бойынша қытай халқының
ұлы ойшылы Кұң Фузының пəлсапалық толғамдарын түпнұсқадан
аударып жатырмын.
Оқырманға айтар тілек – ел аман, жұрт тыныш болсын! Ұлымыз миятты,
қызымыз ұятты болсын! Ұрпағымызда елдік сана болсын, əр үйден өріп
шығар 6-7 ден бала болсын!
-Студенттік жылдардан есте қалған бір қызықты оқиғаны айтып
беріңізші...
- Бейжіңдегі Орталық ұлттар институтында оқып жүрген кезіміз. Марқұм
əнші, сазгер Қастер Сейітханұлы аталған оқу орнының көркемөнер
факультетінде оқиды. Ақын, сазгер Балапан Рабатов Қытайдың Орталық
радиосының Қазақ бөлімінде диктор болып жұмыс істейді. Курстас
болмағанымызбен, үшеуміз жақсы араластық. Қолымыз қалт еткен
уақыттың бəрінде бірге жүреміз. Бейжіңдегі қазақ отбасылар, өзге оқу
орнындағы қазақ студенттері үлкенді-кішілі қуанышына бізді міндетті
түрде шақырады. Қыстай «соғым басы» деген науқан тағы бар. Бейжіңде,
сол кездің өзінде қаланың мына тұсынан ана тұсына қоғамдық көлікпен
жеткенше 2-3 сағат уақыт кетеді. Түнгі сағат 11-12-лерде автобустар тоқтап
қалады. Сондықтан қазақтардың қонағы негізінен таңға отырып, таңғы
автобус жүргенде үйіне бір-ақ қайтады. Сол дəстүрмен, үшеуміз бір
ағамыздың үйінен таң ата шықтық. Аялдамаға келіп қалтамызды ақтарасақ,
үшеумізде бар болғаны отыз тиындай ғана ақша бар екен. Бұл бір адамның
үш аялдама жол жүруіне ғана жететін ақша. Ол кезде Қытай қалаларындағы
қоғамдық көліктерде бір аялдама жол жүрудің ақысы он тиын болатын. Енді
не істейміз? Егер жаяу жүрем десең, ең кемінде 5-6 сағат уақыт кетеді.
Сонымен нар тəуекел дедік де, біздің институтқа баратын бір автобусқа
мініп алдық. Ол кездері Бейжіңдегі автобус кондукторларының арнайы
үстелі болады. Кондуктор сол жерде отырып алып, аялдамаларды, билет алу
туралы микрофонмен хабарлайды. Жолаушылар жол ақысын өздері барып
төлейді. Таң жаңа атып келе жатқандікі ме, əйтеу автобус салонында адам аз
екен. Кондуктор қыз қайта-қайта бізге қарап «жол ақысын төлеңдер» деп
айқайлап қояды. «Иə, қазір» дейміз де, құнжың-құнжың етіп отыра береміз.
Əлгі қыз біздің қылығымызға қарап жымиып қояды. Бір тəуірі ептеп
нысаналы жерге жақындап келеміз. Университетке жетуге 2-3 аялдама
қалғанда, Қастер екеуміз əлгі отыз тиынды Балапанның қолына ұстатып:
– Сен барып төлеп кел, – дедік.
– Неге мен барам? – деп тулады Балапан.
– Сенің өңің суық, мінезің салмақты. Не айтсаң да саған сенеді, – деп
жатырмыз.
Не керек, Балапан көнді. «Қайдан міндің?» десе, «Шуеюанлу деген
аялдамадан міндік дейсің», – деп сөз үйреттік. Балапан кондуктор қызға
кетті. «Не болар екен?» деп біз қарап отырмыз. Қызға барды, сөйлесті.
Кондуктор қыз басын шайқап бірдеңе деп жатыр. Бір кезде қытай қызды
өтірігіне иландырады деген Балапанымыз бізге бұрылып: «ей, жігіттер,
мына қыз Шуеюанлуға тоқтаған жоқпыз, – дейді, енді қайсы аялдаманы
айтайын?», – деп айғайлап тұр.
Балапан қазақша айғайлағанымен, тура осы жерде аудармашының қажеті
болмай қалды-ау деймін, автобус салонында отырғандар қыран-топан
күлкіге көміліп жатыр. Кондуктор қыздың да ішек-сілесі қатып қалыпты.
Бір заманда күлкіден есін жиған кондуктор қыз:
– Қайда барасыңдар?- деді.
– Ұлттар институтына.
– Студентсіңдер ме?
– Иə, – деп шу ете қалдық біз.
– Жарайды, ақшаларыңды салып қойыңдар. Бұдан кейін автобусқа ақшасыз
мінбеңдер, – деп тегін жеткізіп салды.
Сұхбаттасқан: Бектұрған ЛАҚАДЫЛ
«Жұлдыздар отбасы» журналы. 2013 ж. № 8.
ҚАЗАҚ ПЕН ҚЫТАЙ ЕЖЕЛДЕН КӨРШІ ЕЛДЕР...
- Небəрі 17 миллион халқы бар Қазақстанда əлеуметтік нысандарда,
халыққа қызмет көрсету орындарда, емханаларда кезек күту мəселесі
қинайды. Қайда барсаңыз да кезек күтіп сарылған адам. Ал, бір
миллиард халқы бар Қытай бұл мəселені қалай жүйелеген?
- Мен Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін, 1993 жылдың басында,
алғашқылардың бірі болып Отанға оралған қазақпын. Сонда мені
Қазақстанда қатты қайран қалдырған екі түрлі жағдай болды. Оның бірі қайда барсаң алдыңнан шығатын ұзын-сонар кезек. Екіншісі – кезекте
тұрған адамдардың соншалық сабырлылығы. Алғашында, уақытымның
мəн-мағнасыз күйіп бара жатқанына жынданып кете жаздап жүрдім. Бірақ
«Мəсімханұлы жынданады екен» деп мемлекет жүйені өзгертпейді екен,
тіпті ешкім кезегін де бермейді екен... Сонымен бара-бара ет өліп, төзім
артып, арбаға үйренген аттай, өзімізақ «кто крайный?» деп барып, кезегіміз
келгенше томпиып отыра беретін болдық. Соңғы жылдары Қытайдан
келген бір бауырым: «Қазақстандағы осы ұзын-сонар кезек адамды
сабырлылыққа үйрете ме, деп қалдым...», - деп сылқсылқ күледі. Не
жетіскен күлкі дейсің, бітпейтін кезектен қажыған, шаршаған, шарасыз
адамның күлкісі. Атам қазақ айтпай ма, «адам болдырса күледі, ит болдырса
үреді», -деп. Тура сол күлкі осы.
Біздегі қайда барсаң алдыңнан шығатын, мəңгі бітпейтін, ұзақ-сонар
кезектің түп қайнары – қағазбастылық. Паспорт алу, тегіңді ауыстыру,
дəрігерге қаралу, жүргізуші куəлігін алу, несие алу, жұмысқа тұру,
зейнетке шығу, баспана алу-сату, ғылыми дəреже қорғау, ғылыми жобаға
өтінім беру, оқуға түсу, оқудан шығу, іссапарға бару, іссапардан келу, туу
туралы куəлік алу... құдай-ау, қайсы бірін айтып тауысайын?! Тірі пенденің
тірлігіне қатысты бітпейтін мың сан шаруа бар емес пе?! Бізде соның əр
біреуі үшін том-том қағаз жинайсың. Ол қағаздарды əр есіктен, əр терезеден
телміріп жүріп жинайсың. Осыдан кейін Қазақстанда кезек көп болмай
қайда көп болады?! Кейбір қыршаңқылардың Қазақстанның атын
«Қағазстанға өзгерту керек» деп жүргенінің астарында ащы шындық
жатыр.
Ал Қытайда болса, бұндай қағазбастылық атымен жоқ. Тіпті қағаз жоқ
деуге де болады. Азды-көпті кейбір қағаздар соңғы кездері компьютерге
еніп кетті. Негізінен ол елде көп шаруа адамның өзіне, сөзіне деген
сеніммен-ақ бітіп жатады. Сөзім нанымды болу үшін, бір-екі мысал
айтайын. 1987 жылы Пекиннен университет бітіріп, жолдамамен Үрімші
қаласындағы Шынжаң гуманитарлық ғылым академиясына келдім.
Жолдамамды аталған мекеменің кадр бөліміне апарып едім, «болды,
жұмысқа қабылдандың. Жалақың бүгіннен бастап есептеледі»,-деді. Бар
болғаны сол. Содан біраз күн өткен соң, «кадр бөлімі шақырып жатыр»,деді, бардым. Онда отырған бір қыз «құжатыңыз бен суретіңізді беріңіз,
сізді Үрімжі қаласына тіркетіп (прописка), жаңа құжат жасатамыз», - деді.
Жеке куəлігім мен суретімді бердім. Ертеңінде «Үрімжі қаласының
тұрғыны» деген су жаңа құжатты қолыма ұстатты. Қалың қағаз жинауды
айтасыз, бір аттам жер жүрмей-ақ жұмыс бітіп жатыр. 1990 жылдың
күзінде Академия басшылығы «сенің баспанаң шешілді» деді. Ол кезде
қытайда да қаланың үйлерін «үй басқармасы» деген мекеме үлестіретін.
Бардым. Аты-жөнімді сұрады да, қолыма пəтердің мекен-жайы жазылған
бір жапырақ қағаз бен кілтті ұстатты. Бар болғаны сол. Бұлар енді,
баяғыдағы жағдайлар ғой. Қазіргі жағдайынан бір мысал айтайын, өткен
жылы ғана ҚХР үкіметінің арнайы бағдарламасымен Қазақстаннан бір
делегация Қытайға барып, біраз жерін аралап келдік. Елге қайтатын
кезімізде «осы қонақ үйдің бəленінші нөміріне барып, жол ақыларыңыз
бойынша есеп айырысыңыздар»,деді. Біз, Қазақстаннан барғандар, бəріміз
құдды осындағы секілді паспорттың копиясын, билеттің копиясын,
квитанцияны, фискалды чекті, отырғызу талонын, жүктің қағаздарын...
қойшы əйтеу, қалың қағазды арнайы папкаға салып алыппыз. Кейбіреулер
тіпті «РНН, СИК-терін» де көтеріп алыпты. Бардық. Айтқан бөлмеде бір
қыз бен жігіт отыр. Əлгі қыз: қайдан келгеніңді, билеттің ақысын, өзге
қандай да бір шығындарыңды, өз еліңнің валютасы мен АҚШ долларының
бағамын сұрады да, аты-жөнімізді жазып, бір тілдей қағазды қасында
отырған жігітке берді. Əлгі жігіт тиісті ақшамызды санап беріп, қол
қойғызып алды. Бітті шаруа. Бізде бұл қиял-ғажайып ертегі ғой. Іссапарға
кетеріңде қаржының қолыңа тиуі қандай қиямет болса, келгеннен кейінгі
қаржылық есеп беру деген тұрған бір қылкөпір. Өзге емес, ұшақ билетінің
отырғызу талонын жоғалтсаң, бар шығын желкеңе мініп қалады.
Сондықтан қағаз бастылық жойылмай, біздің елде кезек құрымайды.
- Білуімізше, ол жақта баспана мəселесі де біздегідей аса күйіп тұрған
проблема емес. Сонда алақандай ғана жері, қаптаған құмырсқадай елі бар
Қытай өз халқын баспанамен қалай қамтып отыр?
- Бала күнімізде Қытай елінде, мейлі ауылда, мейлі қалада болсын,
көшекөшеде, күллі мекеме біткеннің маңдайшасында Мао-ның «Халық
үшін қызмет етейік» деген «ұраны» алтын əріппен жазулы тұратын. Ол
кезде баламыз ғой, аттап бассаң алдыңнан шығатын сол жазуға қарап кейде
жынымыз келетін, «Халыққа қызмет етпеймін деп жатқан біреу бар ма өзі?»
деген оймен күйіппысатынбыз. Қазір ойлап қарасам, ҚХР құрылған күннен
бастап Мао «Сендер халықтың қызметкерісіңдер» деген ұғымды əр
деңгейдегі шенеуниктер мен күллі мемлекеттік қызметкердің санасына
сіңірудей сіңіріп кеткен екен. Жалпы Қытайлар, бір жағынан, ұзына тарихы
бойына Коң Фуцзышылдық ілімнің өзегі болған əдеп-ибаны, жол-жосынды
күллі тірлігінің қыбланамасы етіп ұстанып келе жатқан халық
болғандықтан, тағы бір жағынан Мао қалыптастырған жүйе бойынша, ол
елде көбінше басшылар, мемлекеттік қызметкерлер өздерін «төреміз,
қожайынбыз» деп емес, «халықтың қызметкеріміз» деп сезінеді. Сондықтан
да Қытайда кез келген басшыға берілетін баға көбінде «ол өзі басқарған
саланы немесе өңірді қай деңгейде көтере алды, сол өңір халқына қандай
игілік жасады, халықтың пікірі қандай» деген сұрақтармен өлшенеді.
Тұтас ел осы ұғыммен өмір сүретіндіктен, кез-келген басшы əуелгі кезекте
қол астындағы халықтың ең басты мұқтажын шешуге жанын салып
кіріседі. Бұл реттен келгенде, қай елде болмасын, қалалы жердегі ең өзекті,
аса көкейкесті мəселе баспана екендігі белгілі ғой. Сонымен, мекеме
басшылары күн-түн қатып өрге-төмен шапқылап, мəселенің өзектілігін
өзінен жоғарғы басшыларға дəлелдеп, үй салатын жер мəселесін шешеді,
қаржы мəселесін шешеді. Сөйтіп өзге түгіл, сол мекемедегі университеті
жаңа бітіріп келген жас маманның өзі ұзағанда екі-үш жылда баспаналы
болып шыға келеді. Тағы бір жағынан оларға берілетін баспана базар
нарқынан 30-50 пайызға дейін арзан болады, сондай-ақ, төлем түрі
жағынан да жалақыдан бөліп төлеу, өсімсіз несие секілді жеңілдіктер
қарастырылған. Қытайға барып-келіп жүрген кісілір байқаған да болар,
қытайда əр бір мекеме өзінше жеке қалашық. Көп жағдайда мекеме
ғимараты мен қызметкерлердің тұрғын үйлері сол қалашықтың ішінде
болады. Əрине, қалталы адамдар элиталық үйлерде тұрамын десе,
біздегідей, тіпті одан да қымбат бағамен бүкілдей өз қаржысына қалаған
жерден, қалаған үйін алуына болады. Бұл қаланың жағдайы. Ал ауылдық
жерде егістік жері бар қытай диқандарының бəрінің баспанасы да бар.
Бұдан сырт қытайда жұрт «маңлю» (қаңғыбастар) атап кеткен, саны да
қомақты қауым бар. Негізгі құрамы қытайлардан (ханьзу) шыққан
жалдамалы шаруалар мен жұмысшылар. Олар бала-шағасын арқаларына
таңып алып, күллі қытайдың түкпір-түкпірін кезіп жүріп жұмыс істейді.
Сондықтан олар тұрақты баспананы аса қажет ете қоймайды. Міне
миллиарттар елінде баспана мəселесінің аса күрделі проблема болмайтын
себебі содан.
- Қытай мəдениеті несімен ерекшеленеді?
- Бұл өте ауқымды сұрақ. Бұған жан-жақты жауап берсек, сұхбатымыз кітап
болып кетуі мүмкін. Сондықтан барынша сығымдап, тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін айтуға тырысайық. Жалпы Шығыстың əрбір классикалық
мəдениеті өз алдына ерекше. Қытайдың дəстүрлі мəдениетінің өзіндік
сипаты мен бірегейлігі, ең алдымен, белгілі феноменмен, яғни біздің
санамызда "Қытай дəстүрі" деген үйреншікті, нақты атауға айналып кеткен
ұғыммен ұштасып жатыр. Əрине, кез-келген қоғамда, əсіресе Қытай секілді
дəстүрі тереңге тамыр жайған ортада əдеп-ибаның қатаң талаптары, тарихи
қалыптасқан өзара қарымқатынас нормалары, əлеуметтік жəне саясиəкімшілік құрылымның өзіндік қағидалары маңызды орын алады.
Дегенмен, егер əңгіме қытайдың дəстүрлі мəдениеті жөнінде болатын
болса, онда бұл əңгімені де бірер ауыз сөзбен түйіндеудің өзі мүмкін болмай
қалады.
Жалпы мəдениет деген ұғымның өзі материалдық жəне материалдық емес
(немесе кейде рухани) деп бөлінетіні белгілі. Егер біз қытайдың
материалдық емес мəдениетінің ең басты сыйпатын, ең өзекті қасиеті мен
ерекшелігін атап айтатын болсақ, ол оның моральдық-этикалық
нормалардың үстіне құрылғандығында. Олай болатыны Қытайда ежелден
бері этикалық-рəсімдік принциптер мен соған сəйкес тəртіп нормалары
бірінші орынға қойылған жəне олардың өте тез қарқынмен таралғандығы
сонша, уақыт өте келе оған дейінгі, қадім замандарға тəн əлем, жаратылыс
жайлы діни-мифологиялық көзқарас пен идеялардың орнын тез ауыстырып
отырды.
Жалпы Қытай елінде этиканың дəстүрден, құқықтан, əдет-ғұрыптан,
рəсімнен, салттан, т.б. құралған норманың бірыңғай жүйесінен
ажыратылмауы, жігінің бөлінбеуі жəне оның іс жүзінде тұрмыстық
рəсімдермен, "адамдық ісəрекеттердің моральдық теориясымен" сіңісуі,
алғашында, тек философиялық ілім ретінде саналған Коң
Фудзышылдыктың бірте-бірте діни мəнге де ие болуына көмектесті. Ол
уағыздалу мақсатында сананы ғана емес, дінді де тиімді қолданды. Ресмимемлекеттік, рациональді-философиялық, эмоциональді-психологиялық,
діни ережелердің күшті əлеуметтік жəне рухани мəнге ие бола бастауының
нəтижесінде Коң Фудзышылдық жəне Коң Фудзышылданған əдеп
нормалары мен құндылықтары императордан бастап қарапайым адамға
дейін барлығы үшін міндетті болып танылды.
Жұртқа белгілі болғанындай, Коң Фудзы ілімінің мазмұны əлеуметтік
үйлесімділік пен оған жетудің жолын іздейтін арман-мұраттардан құралады.
Оның эталоны ретінде Коң Фудзы ізгілік жасаушылардың, яғни көне
заман данышпандарының билігін таныды. Коң Фудзы өз ғасырын сынап,
өткен ғасырды жоғары бағалай отырып, осы қарама-қарсылық арқылы
адамгершілік пен парыз, міндет пен жауапкершілік сезімін бойына сіңірген
нағыз кемел адамның бейнесін жасауға тырысты.
Алайда біздің жыл санауымыздың II-III ғасырларында Қытайға буддизм
келді. Ол елде екі мың жылға таяу уақыт бойына кеңінен қанат жайып келе
жатқан будда діні Қытай өркениетіне ықпал ете отырып, өзі де көп
өзгерістерге ұшырады. Алайда, ол дəстүрлі Қытай мəдениетінің дамуына
өзінің ерекше əсерін тигізді, бұны əсіресе қытайдың дүниетанымынан,
əдебиеті мен өнерінен жəне сəулет өнерінінен айқын аңғаруға болады.
Демек аталған дін арқылы Қытай халқы мен оның мəдениетіне буддалық
жəне үнді-буддалық философия мен мифология да аз əсер еткен жоқ.
Жалпы айтқанда, классикалық Қытай мəдениеті коң фудзышылдық,
буддизм жəне даосизмнің қоспасынан құралды деуімізге болады.
Ежелгі Қытайдағы техника мен ғылымның дамуымен тығыз байланысты
болған даосизм де Қытай мəдениетінде маңызды рөл атқарды. Қытай
қоғамы ежелден-ақ отырықшы-аграрлы ел болғаны мəлім, ал тіршіліктің
бұл формасы ол елде билік орталықтанған басқару жүйесінің тууына
мұрындық болды.
Бұндайда басқарушы билік ең əуелі су қорларын қорғау, жерді суландыру,
тыңайту сияқты техникалық мəселелерді шешуге мүдделі еді. Сол себепті
онда астрономия, математика, физика, гидротехника жоғары сұранысқа ие
болды. Жалпы айтқанда, қытайдағы əлеуметтік құрылымның
орталықтандырылған феодалдық бюракратияалық түрі ертеден-ақ
ғылымның дамуына қолайлы жағдай туғызды.
Бүгінгі таңдағы жер жүзі халықтарының күнделікті өмірінде қолданып
жүрген маңызды жаңалықтар мен өнертабыстардың жартысынан көбі
ежелгі Қытайдан келген. Егер ертедегі Қытай ғалымдары румпель, компас
жəне көпярусты діңгек сияқты теңізде жүзу құралдары мен жаңа
қондырғыларды ойлап таппағанда, əлемдегі ұлы географиялық ашылулар да
болмас еді. Колумб
Америкаға жүзіп бара алмаған, ал еуропалықтар орталықтанған
империялар құра алмаған болар еді.
Қытайда зеңбірек пен оқ дəрі ойлап табылмағанда, əлем тұрғындары
қанша заманға дейін садақ тартып жүрген болар еді. Қытай қағаздары мен
баспа құралдары болмағанда Еуропа ұзақ замандар бойында кітаптарды
қолмен жазып жүрер еді, сонымен бірге сауаттылық та қанатын кең жая
алмас еді. Жылжымалы шрифтті жасаған Йоганн Гутенберг емес,
қанайналым жүйесін ашқан Уильям Харви емес, тіпті қозғалыстың бірінші
заңын ашқан да Исаак Ньютон емес, мұның бəрі одан қаншама заман бұрын
ең алғаш рет Қытайда ойлап табылған болатын.
Жалпы қытай еліндегі ежелден бергі осындай мəдениет пен ғылымның
керемет дамуын ол елдегі əдеп-иба негізіне құрылған басқару жүйесі мен
дəстүрлі діни нанымның ерекшелігінен қарастыруға болады. Мəселен,
біздің ислам дінінің тұғырнамасы бойынша 18 мың ғаламды бір Алла
жаратқан. Əрине, оған талас та күмəн де жоқ. Орта ғасырлардан кейін
жалпы мұсылмандар арасында қалыпты діни сенімнен гөрі, фанат-соқыр
сенімдегілердің саны күрт көбейіп, олар ғаламның құпия сырына «неге?
қалай?» деген сұрақпен үңіле бермейтін болды. Табиғаттың əр түрлі дүлей
күштеріне де қарсы айла-амалдар ойлап-табудың орнына «Алланың қалауы
солай», -деп қана жүре берді. Осындай түсініктің нəтижесінде, мұсылман
жастарының шығармашыл қиялы, фантазиясы көп жағдайда дамымай
қалып жатты.
Ал жер бетіндегі халықтың төрттен бірін құрап отырған қытайлардың 8090 пайызы дінсіз, ешбір діни сенімдері жоқ адамдар. Тек елдің алыс
түкпірлеріндегі будхана-монастырьлерден ғана будда, дао ілінімінің
ұстанушыларын кездестіре аласыз.
- Қытай халқы өзінің ұлттық құндылықтарын сақтауға қаншалықты көңіл
бөледі?
- Ұлттық құндылық дегеннің де қамтитын аумағы кең ұғым. Қытайдың
əсіресе тіл, əдебиет, сəулет жəне бейнелеу өнері жағындағы құндылықтары
жақсы сақталған. Ал ұлттық салт-дəстүр, сенім-наным, музыка, би өнері
жағында қытайлар əлдеқашан «жаһанданып» кеткен деуге болады.
Мəселен Қытай еліне барсаңыз, олардың күллі тірлігінен «мынау қытай
салт-дəстүрі бойынша істеліп жатыр» дейтіндей бірде-бір құбылысты
байқай алмайсыз. Қылаяғы жыл сайын дүрілдетіп ай бойы тойлайтын
«чунцзие» деп аталатын дəстүрлі жаңа жылдарының өзін тек қана «тойлау,
демалыс» ретінде ғана қабылдайды. Ал ұлт ретінде жаппай діни нанымсенімі жойылғанын жоғарыда айттым. Музыка, би өнері де сол бүгінгі
батыстық үлгіде.
Негізінде бүгінгі Қытайды өзгелерден көбірек даралап тұрған да олардың
мəдени мұралары деуге болады. Əлгінде айтқанымдай қытайдың мəдениеті
мен ұлттық құндылықтары да өзіндік ерекшеліктерге өте бай. Ежелгі
Етипет, Үнді өнері сияқты Қытайдың ұлттық құндылықтарының да
тамыры терең жайылған, ол б.з.д. екінші мыңжылдыққа дейін барады. Сол
көне замандарда Қытайға төңірегіндегі əр түрлі тайпалар жорықтар жасап,
жерін жаулап алып жатты, ал ХІІІ ғасырда Қытайда монғолдар үстемдік
етті. Бірақ бұл жаулап алушылардың ешқайсысы да Қытайдың ұлттық
құндылықтарын түбегейлі талқандай алған жоқ, себебі Қытайдың мəдениеті
қалыптастырған осыншама салмақты, жарқын, бірегей əрі берік, отырықшы
елге тəн ұлттық құндылықты басқа ешбір мəдениет қалыптастыра алмады
деуге болады. Тіпті буддизмнің өзі Үндістаннан Қытайға келгенімен, қытай
халқы будданы бірден дайын күйінде емес, оны өңдеп, өздеріне жақын жаңа
образдар тудырды. Мұндай өзгерістер ғибадатханалар мен патша
сарайларының құрылысына да еніп кетті. Дегенмен қытай халқы да, үкіметі
де ұлттық құндылық ретінде, əсіресе мəдени мұраларын, оның ішінде
жер-жердегі патша сарайлары мен ғибадатханаларды өте жақсы сақтап
келеді. Тіпті ескіліктің бəрін тып-тыйпыл еткен «мəдени төңкеріс»
жылдарында да ежелгі патша сарайлары мен ғибадатханарын сақтап қалды.
Ал соңғы жылдары Қытай үкіметі материалдық емес рухани
құндылықтарын сақтауға, қорғауға ерекше ден қоя бастады. ҚХР 2003
жылы ЮНЕСКО ұйымының «материалдық емес құндылықтарды қорғау
конвенсиясына» қол қойып, сол халықаралық ұйымға мүше болды. Содан
бері қарайғы он жыл ішінде Қытайда ұлттық құндылықтарды қорғау
жұмысы бойынша қыруар жұмыстар атқарылды. Қытай халқының ежелгі
театр өнері болып табылатын «Пекин операсынан» тартып, өздерінің
ондаған рухани мұраларын, тіпті моңғолдың «Жəңгір», тибеттің «Гэсар»,
қырғыздың «Манас» эпостары, ұйғырдың «12 мұқамы» секілді жүздеген
мəдени мұралары əлемдік деңгейде қорғалатын ұлттық құндылықтар
тізіміне енгізіп алды. Ал қазақ халқының «ақындар айтысы» өнері, халық
əндері, қисса-дастандары, домбыра өнері, қобыз өнері, терме өнері,
қаражорға биі, киіз үй өнері т.б. 32 мəдени мұрасы мемлекеттік деңгейде
қорғалатын рухани құндылықтар тізіміне енгізілді. Соңғы жылдары
«ақындар айтысы» өнерін Қытай үкіметі Қазақстанмен бірлесе отырып
ЮНЕСКО ұйымының қорғауына ұсынуға қам жасап отыр.
ҚКП ОК 2010 жылдың қазан айындағы бір жалпы сьезін «Мəдениетті
дамыту мен қолдау» мəселесіне арнады. Онда да ұлттық құндылықтарды
қорғау, дамыту мəселесі көбірек сөз болды əрі арнайы қаулы қабылданды.
- Қытай медицинасы туралы не айтар едіңіз? Мəселен, инемен емдеу
тəсілі көпшілікті қызықтырады. Ал, дəрігер салғырттығынан адам
денсаулығына қатер төнуі, мүгедек болып қалу оқиғалары жиі кездесе ме?
- Дəстүрлі қытай медицинасы тарихы ұзақ, мазмұны бай, өте үлкен ғылым.
Ол туралы жүйелі мағлұмат алам деген кісі, ең жақсысы осы саланың
мамандарынан сұрағаны жөн. Дегенмен қытайтанушы ретінде мынаны
айтқым келеді, қытай халық медицинасы да ұзақ даму жолынан өтті. 2,5 –
3 мың жыл бұрын қытай медицинасының жоғары сатыдағы дамуы
кетпеген көне мəдени ескерткіштерімен дəлелденеді. Мəселен, б.з.б.
бірнеше ғасыр ілгеріде жазылған «Чжоули» кітабында Чжоу династиясы
билік еткен кезеңдегі патша сарайындағы медициналық орталықтың
ұжымы туралы мəліметтер беріледі.
Қытайдың алғашқы көрнекті дəрігері, түрлі өлкелерде тəжірибе
өткізген Бянь Цяо (б.з.б. V ғасыр ) деген адам болды. Мəліметтерге
сүйенетін болсақ, Бянь Цяо көрнекті терапевт, хирург əрі диетолог болған
жəне осыдан 2,5 мың жыл бұрын-ақ көз бен құлақ, балалардың жəне
əйелдердің науқастарымен қоса басқа да əр алуан ауруларды емдеген.
Қытайдың көне медицинасының негіздері баяндалған алғашқы көлемді
еңбек 18 томнан тұратын «Хуандинэйцзин» атты кітап еді. Бұл кітапты
сол кездегі медициналық білімдердің энциклопедиясы ретінде қытай
дəрігерлерінің жүздеген буындары басшылыққа алып келеді, сондай-ақ
күні бүгінге дейін де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Бұл кітапта бағзы
заманның көрнекті дəрігерлері тарапынан анықталған адам
физиологиясы мен анатомиясы туралы жаңалықтар берілген. Мəселен,
аталған еңбекте ас қорыту барысындағы асқазан мен ішектің рөлі
жайында мəліметтер беріліп, бауыр мен көкбауырдың қанның басты
жиналатын, өңделетін орындары екені анықталған. Сондай-ақ жүректің
қанды айналымға жіберетін қозғалтқыш ретіндегі рөлі де алғаш рет осы
еңбекте өте тамаша анықталған.
Ал XVI ғасырда өмір сүрген қытайдың көрнекті фармалогі Ли
Шычжэнь де қытайда медицина мен ботаниканың дамуына ерекше
ықпал етті. Оның қаламынан туған «Дəрі шөптер баяны» ( қытайша
«Бэнцаогаңму») атты монументалдық еңбек бүгінгі медицина үшін де
ғылыми құндылығын жоғалтқан жоқ. Бұл еңбекте негізінен өсімдіктерден
жасалынатын 1892 дəрідəрмек түрлері көрініс тапқан.
Ал денедегі белгілі нүктелерге ине шаншып емдеу əдісі қытай халық
медицинасының маңызды салалардың бірі болып табылады. Инемен емдеу
– қытайда бірнеше мың жылдар бойына қолданылып келеді. Көне
заманда-ақ кейбір дене нүктелерінің жарылуы немесе жаншылуы кейбір
науқасқа игі əсер ететіндігі анықталды. Мəселен, ахиллес сіңірін
мыжғылау бас ауруына көмектеседі, ал үстінгі ерінді мыжғылау талмаға
көмектеседі. Осы заңдылық негізінде адам денесіндегі нерв нүктелеріне
ине шаншып емдеу əдісі пайда болды.
Негізінде инемен емдеу тəсілінің мəні - арнайы инелерді ерекше,
басқаша айтқанда, белсенді, белгілі мүшенің бетіндегі функционалдық
өзгерістерді айқындайтын жəне иглотерапияны жасаған кезде əсер ету
орталықтары болып табылатын нүктелерге енгізуінде, батыруында
жатыр. Қытай дəрігерлері адам денесіндегі осындай нүктелердің
орналасуы туралы жеке ілім қалыптастырды. Емдеуді жүзеге асыру үшін
қолданылатын нүктелердің көбі көне заманда-ақ табылған болатын.
Бұның өзі көптеген тəжірибелер мен бақылаулар негізінде адам
организмінің тіршілік əрекетінің маңызды заңдылықтарын анықтаған
қытай дəрігерлерінің ерекше аңғарымпаздығын дəлелдейді.
ҚХР құрылғаннан кейін, елде осызаманғы батыс медицинасы төрге озып,
дəстүрлі қытай медицинасы екінші орынға ысырылды. Бұл жағдай, бір
жағынан жаңа заманның талабы болса, екінші жағынан, ХХ ғасырдың бас
кезінде дəстүрлі медицинаны көбінше «дүмше емшілер» жанбағыс көзіне
айналдырып алып еді. Қытайдың ұлы жазушысы Лу Шүннің «Дəрі» атты
əңгімесі осы тақырыпқа арналып жазылған болатын.
Ал ҚХР құрылғаннан тартып өткен ғасырдың 90-шы жылдарына дейін
Қытайда ақ қалатты абзал жандар антына берік, қызметіне адал болатын.
Ал одан кейінгі кезеңде елде нарықтық экономика бел алып, жұрттың
бəрінің жаппай байлық, ақша қуып кетуі дəрігерлерді де «ауқаттануға»
итермелей бастады. Қазіргі қытай емханаларындағы жағдайға келетін
болсақ, əрине, ірі қалаларында білікті дəрігерлер көп, техникалықжабдықтары да озық. Бірақ дəрігерлік этикалық нормалардың біздегіден
оңып тұрғаны шамалы.
- Қытайдың қазақ еліне саяси ұстанымы қандай?
- Биылғы жылдың 3 қаңтарында Қытай мен Қазақстанның дипломатиялық
қарым-қатынас орнатқанына 21 жыл толды. Қытай Қазақстанның
тəуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған əрі дипломатиялық
қарым-қатынас орнатқан мемлекеттердің бірі. Дипломатиялық қарымқатынас орнатқаннан бері, екі ел байланысы өзара сенім, теңдік,
ықпалдастық, əріптестік негізінде, барлық сала бойынша қарқынды дамуды
бір қалыпта ұстап келеді.
Саяси тұрғыдан алғанда, Қытай мен Қазақстан ортасында еш қандай
шешілмеген, түйткілді мəселе жоқ. Екі жақ тарихи шекара сызығын
біржолата шешті. Екі ел өздерінің түпкіліті мүддесіне тірелетін бірсыпыра
келелі мəселелерді де өзара түсіністік пен уағдаластық шеңберінде шешіп
келеді. Сонымен бірге қарым-қатынас дамуының қажетіне сай, екі ел
арасында ілгерінді-кейінді бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды. Атап
айтқанда,
2002 жылдың желтоқсанында қол қойылған «Қазақстан-Қытай тату көрші,
тату достық ынтымақтастық шартына», 2005 жылы шілдеде «Қазақстан-
Қытай елдері арасында тату көршілік, достық жəне ынтымақтастық туралы
Шартқа», 2011 жылдың маусым айында «Қазақстан-Қытай барлық сала
бойынша стратегиялық əріптестікті дамыту жөніндегі бірлескен үндеуге»
қол қойды. Мұның барлығы екі ел қарым-қатынасының үздіксіз шынайы
жетістікке жетіп келе жатқандығын айғақтайтын құжаттар. Қытай мен
Қазақстанның ортақ шекара сызығының ұзындығы 1782 шақырымды
құрайды, əрі Қытайдың шекаралас Шыңжаң өлкесімен Қазақстанның
географиялық, тарихи, ұлттық, діни жақтардағы байланыстарының тамыры
тереңде жатыр.
Сауда-экономика тұрғысынан алып қарағанда, экономикасы жаңа сипатта
қарқынды дамып отырған Қытай мемлекеті мен Қазақстанның ортасында
энергетика, минералды ресурстарға жатпайтын құрылыс негіздері сияқты
салаларда Қазақстан-Қытай мұнай-газ құбыры, Қорғас халықаралық
шекара серіктестік орталығы, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дəлізі
секілді ірі жобалар жөніндегі ынтымақтастық одан əрі қарқын ала түсті.
Екі елдің саудасаттық мөлшері алғашқы жылдардағы 368 миллион
доллардан 2011 жылы рекордтық көрсеткішпен 25 миллиард АҚШ
долларына жетіп 60 есеге артты. Қытай қазіргі кезде Қазақстанның ең
үлкен сауда əріптесі болса, Қазақстан мемлекеті Қытай үшін бұрынғы Кеңес
одағы құрамындағы мемлекеттердің ішінде екінші үлкен сауда серіктесі.
Соңғы жылдары екі ел халықтарының барыс-келісі де қарқын ала түсті.
Қазақстан мен Қытай елінде бір-біріне қызмет, оқу, саяхат байланысымен
баратындардың саны жылдан-жылға артуда. Бүгінгі таңда, бірнеше
мыңдаған қазақстандық студенттер Қытайда білім алып жатқан болса,
Қазақстанда білім алатын Қытай студенттерінің саны да мыңнан асты. Төрт
бірдей Коң Фудзы институты Қазақстан жерінде тамыр жайып,
қазақстандық жас жеткіншектер мен оқушылардың Қытай тілін үйрену мен
Қытай мəдениетімен танысуына үлкен жол ашып берді. Өткен айда ғана
ҚХР-ның Қазақстандағы Елшілігінің демеушілігімен Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қытай тілінің арнайы
дəрісханасы» жабдықталып, пайдалануға берілді.
Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы түйткілді проблеманың бірі
трансшеаралық өзендердерді пайдалану мəселесі болатын. Жақында ғана
ҚХРға ресми сапармен барып қайтқан Елбасы аталған мəселенің оңды
шешіміне қорл жеткізіп қайтты. Осы кездесуде ҚХР-ның су жаңа төрағасы
Си Цзиньпин: «Қытайдың еш қашан да Қазақстан экономикасына нұқсан
келтіруі мүмкін əрекетке бармайтынын» мəлімдеді. Міне енді таяу
болашақта ежелгі ерке Ертіс Қазақстан аумағына бұрынғысынша еркін
ағады. Жетісуды суландырып отырған Іле өзені туралы да осыны айтуға
болады. Бұл Балқаштың Арал кейпін кимеуіне бірден-бір мүмкіндік
туғызады. Бұдан өзге Елбасы осы жолғы келіссөздер барысында Тынық
мұхитындағы Ляньюнган портында Қазақстан терминалы құрылысын салу
үшін жер беру туралы мəселесінде де уақдаластыққа қол жеткізгенін
жариялады. Бұл да біздің еліміз үшін үлкен жеңіс. Себебі, Қазақстан
эконмикасы үшін Азия-Тынық мұхиты өңіріне шығу мүмкіндігі өте
маңызды.
Шанхайда ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруда бай тəжірибесі бар Қытай
алдағы уақытта Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жасауға жəне
өткізуге белсене қолдау көрсетуге ынталы болып отыр.
Сондықтан екі елдің достық, тату көршілік, сенімді əріптестік
қарымқатынасы ақаусыз дамып келеді деуге толық негіз бар.
Алайда осы тұста ескермесе болмайтын тағы бір маңызды мəселе бар,
оның да басын ашып айта кету азаматтық парыз. Яғни Қытай – өзінің
арнасынан асып-төгіліп жатқан ерепайсыз көп жан санымен, іргесінде
жатқан бізді былай қойып, мұхиттың арғы бетіндегі алып елдердің өзіне
қауіп-үрей туғызып отырған мемлекет. 1976 жылы Мао өлген соң, 1978
жылы билікке келген Дэн Сяопин реформаны «сыртқа есік ашудан»
бастады. Осы саясаттың нəтижесінде жылдар бойы тұмшаланып, жабулы
тұрған қазан сыртқа лақ етіп ағылды да кетті. Сол кезде Оңтүстік Азиядағы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 20
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.