Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 04

Total number of words is 3813
Total number of unique words is 2139
29.4 of words are in the 2000 most common words
41.7 of words are in the 5000 most common words
48.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
мұратмақсаттар үшін өнімді əрі дұрыс жұмыс істеуіне бағыт-бағдар, ақылкеңес айтып, көмектесіп отырайық демекпін.
«Жетісу» газеті.29 желтоқсан 1998ж. №144.
МЕН АҢСАҒАН АЛМАТЫ...
Жауырды жаба тоқып қайтеміз?! «Аурауды жасырғаныңмен, өлімің əшкере
қылады». Қазақ елінде қазақ мəдениетінің тынысы тарылып, өрісі
қуырылып барады! Бейнелеп айтсақ, «қазақ мəдениеті» атты алып кеме
«нарық» атты мұқитқа құйлап, бірте-бірте жұтылып бара жатқандай...
Лəйім, біз-ақ қателесейік!
Оны құтқаруға бола ма? Болса, кімдер құтқара алады. Олар не істеуі керек?
əңгіме осы сұрақтар төңірегінде.
Жер басып жүрген жеке адамның тіршілік ететін ортасы белгілі бір
мəдениеттің шылауында болады. Яғни қандай да бір адам болмасын – ол
белгілі бір мəдени ортаның перзенті. Өйткені мəдени орта өз аумағында
өмір сүріп отырған адамдардың дүние танымына, ойлау жүйесіне, тұрмыссалтына, құн көзқарасына... өз бедерін салып, айқын таңбасын қалдырып
отырады. Сөйтіп барған сайын бекемделіп, ұлғая түседі де тұтас бір
қоғамның бағдаршамына айналады. Осындай «мəдени бағдаршам» қазақта
болып па еді өзі? – деген сұрақ қойсаңыз, «кезінде болған. Бірақ əрісі үш
жүз жылдық, берісі жетпіс жылдық отарлық кезеңде ол істен шығып қалды.
Шыныларытшағылып, сым жолдары қиылып тасталған» деп жауап берер
едім. Ал тəуелсіздік алғаннан кейін, оны – «бағдаршамды» (анығы, қазақ
мəдениеті) сауықтыруға, іске қосуға үкімет те мəн берген жоқ, халық та
ұмтылған жоқ. Себебі, бұл кезде «қожайын» елдің – «аға ұлттың» мəдениеті
бар қазақтың санасын жаулап, қанына сіңіп кеткен болатын. Тек санаулы
ақын-жазушыларымыз, тарихшы ғалымдар, аздаған өнер адамдары ғана əлі
күнге дейін шыр-пыр болып келеді. Өкініштісі, бұлардың тірлігі
«жалғыздың үні, жаяудың шаңындай» ғана. Онымен мəдениетіміздің
тірілмесі айдан анық. Ауырлау болса да ақиқаты осы. Себебі, ол санаулы
жеке адамдардың тірлігі, ұмтылысы деңгейінде жеке адамның еркінен тыс
өмір сүріп отырған қоғамдық болмыс. Ол ешқашан бір жекенің қалауымен
туылып, мансұқтауымен өшіп кетпейді. Тіпті, əлгі жеке тұлға өзінің
ұрпағын да өзгерте алмауы мүмкін.
Себебі, жарық дүниеге жаңа келген сəбиді толыққанды, шын
мағынасындағы «адам» деуге болмайды. Ол бар болғаны бір тіршілік иесі –
жандық қана. Шыр етіп жерге түскен күннен бастап əлгі сəби өзі тұрған
мəдени ортаның ықпал-əсерін қабылдап, жайлап есейе береді. Есейген
сайын жан дүниесі, қаны, ой-сезімі, құн көзқарасы сол мəдени ортаның
жаңбырымен суарыла береді. Сөйтіп ол енді нағыз адамға, белгілі бір
мəдениеттің өкіліне айналады. Сондықтан «АДАМ – ЖАН – МƏДЕНИЕТ»
десек, онша қателесе қоймаспыз. Олай дейтініміз жеке адам тіршілігінде
өзі өмір сүріп отырған ортаның ортаның салт-санасы мен заң жарғылары
оның болмысын қалыптастыра бастайды. Осылайша ол бала ержетіп, сол
мəдениеттің өкіліне айналған кезде, сол ортадағы көптің салты, нанымы,
талабы... түгелімен оған көшеді. Сондықтан жалғыз ата-ананың тəрбиесімен
ғана баланың өзге мəдениетінің өкілі болып ержетуі неғайбыл.
Ендігі əңгімені халықтық мəдениетке бұрайық. Жер бетіндегі кез-келген
адам бір ұлттық немесе ұлыстың өкілі. Бір халықтың мемлекеті оның
азаматтарының ғана емес, сол халықтың мəдениетінің де отаны. Бұл реттен
келгенде Франция – француздар мен франция мəдениетінің отаны... Бұл
тізімді Ресей, Қытай, Үндістан, Италия, Арабия, Корея... деп соза беруге
əбден болады. Ал кезек Қазақстанға келгенде еріксіз кібіртіктейсің. Заң
бойынша да, жөн бойынша да Қазақстан Республикасы қазақтар мен қазақ
мəдениетінің отаны екені даусыз. Яғни қазақ мəдениетінің бары
базарланып, жоғы түгелделетін бірақ жер – осы Қазақстан. Ал шындық,
нақтылы жағдай одан мүлде басқаша... Əрине, оның тарихи-əлеуметтік
себептері бар екенін жақсы білеміз. Алайда, тəуелсіздік алғанымызға
дөңгелектеп айтсақ, он жылдың көлемі болады. Өзгерген бір-ақ нəрсе
(алайда бəрінен де маңызды басты нəрсе!) – қазақ халқының қоғамдық
орны. Яғни қазақтар бүгін əлдекімнің «інісі», боданы емес, елдің иесі,
мемлекеттің қожасы! Ендеше, қазақ мəдениетінің Қазақстанда өгейлік көріп
отырғанына кім кінəлі бүгін?! ҚАЗАҚ деген халықтың өзі кінəлі! Əрине,
«халық» деген жалпылама ұғым. Оны басқаратын, оған жөн сілтейтін оның
үкіметі мен зиялы қауымы. Демек, кінəнің ауыры қоғамның осы екі жігінде.
Бұл екі жіктің жағдайына келсек, алдыңғысына мəдениет емес, «мал»
қайғы. Соңғысына жан қайғы. Осының кесірінен қазір өзге мəдениеттің
елімізді отарлау процесі шұғыл жүріп жатыр. Əр тұстан «жаяудың
шаңындай, жалғыздың үніндей» дабыл қағылуда. Оны құлағына іліп жатқан
пенде жоқ. Оның себебі, қазақтың мəдени ортасын керексінетіндердің
онсыз да мардымсыз саны барған сайын кеміп барады. Бұл топқа жаңадан
келіп қосылып жатқан жас буын жоқ дерлік.
Қысқасы, қазақ мəдениетінің өрісі қусырылып, тынысы тарыла түсуде.
Қазақ тілінде өтетін жиналыстар, басқосулар жоқтың қасы. Қазақ тіліндегі
газетжурнал, баспалардың тірлігі «шықпа, жаным, шықпа!». Демек,
бұлардың өзі бүгін бар, ертең жоқ деген сөз. Енді Алматыға мені сонау
Қытайдан «айдап» əкелген қандай құдірет екенін айтайын. Ол жақта
жүргенде менің қиялымда өзінше бір Қазақстан, өзімнің бір Алматым бар
еді. Шіркі-і-ін, ол Алматы қандай керемет еді. Қала толы қазақ бір-бірімен
тек қана қазақ тілінде «малжан аман ба?» деп қауқылдасып жатқаны.
«Радионы ашып қалсаң, Ғафекең» дегендей, менің Алматымның радиотелевизорлары, газет-журналдары тек қана мемлекеттік тілде жұмыс
істейтін. Сондай-ақ менің Алматымды «Отырар сазы», «Құрманғазы»
оркестрлері, Ермек, Бибігүл, үш Роза, Əлібек, Мақпал, Қайрат, Бекболаттың
əндері күні-түні тербетіп тұратын. Ал менің Алматымдағы Жазушылар
одағы қайнаған əдеби өмір еді, ақынжазушылар шұрқырасып-дүркіресіп
келіп-кетіп, кіріп-шығып, əдебиеттің сан-алуан саласы бойынша əңгімедүкенін қыздырып жататын. Бəрін айт та бірін айт, бəрінің менің
Алматымның студент жастары қандай еді десеңші, шетінен патриот,
шетінен білімге құштар, шетінен өнерпаз. Олар, тіпті, Қадыр, Тұманбай,
Олжас, Мұхтар Шахановтарды күнде кездесуге шақыратын, «қолтаңба
беріңіз» деп көшеден жүргізбейтін. Бəрекелді, ұмытып барады екем ғой,
менің Алматымның қыздарын білесіз бе? О, олар туралы айтуға тіл
жетпейді! Шетінен сұлу, шетінен арлы, шетінен көргенді, шетінен ақылды!
Міне, мен осы Алматыға жетуге асықтым. Миллиард қытайдың ішінде өзім
ғой қазақ болып өтермін өмірден, ал ұрпағым не болады? – дегенді
ойлағанда ұйқым шайдай ашылатын. Сонымен 1993 жылы аңсаған
Алматыға емес, басқа қалаға келгендей əсерде қала бердім. Расында бұл
Алматы емес! Алматы деген... Шір-кі-і-ін! Мен сол Алматыны əлі аңсап
жүрмін. Бір күні баратын секілденем де тұрам.
Ара-тұра болатын бірудің мерейтойы, əредікте қойылатын концерт, қазақ
тіліндегі теледидар жаңалықтары... дегендер Үрімжіде де бар. Ал менің
іздеп келгенім туған халқымның мəдени ортасы еді. Алматыдағы тірлік
менің «рухани» шөлімді баса алған жоқ. «Қытай болып кетпесін» деп
əкелген балаларым көз алдымда орыс та емес, қазақ та емес «бірдеңе»
болып барады... бұл менің ғана емес, қазіргі Қазақстандағы бар қазақтың
басындағы жағдай. Жасырып, бүркеп қайтеміз, бар шындық осы!
Ал бұл жағдайды өзгертуге бола ма? – деген сұраққа келсек, өзгертуге əбден
болады дер едім. Себебі, біріншіден біз – бір ауыл немесе бір облыс емес,
мемлекетпіз! Екіншіден, өз билігіміз өзімізде. Демек, бұл мəселені
мемлекеттік деңгейде шешу керек. «Экономика дұрысталғаннан кейін...»
деген сөз бəтуа емес. Бүгін мемлекеттің қалтасында он теңге болса, соның
ең кемінде үштен бірі, халқымыздың рухани құндылықтарын тірілту,
түлету, орнықтыру, дамыту салаларына жұмсалу керек. Адамзаттың күллі
тарихын ақтарып шығыңыз, экономика ешқашан экономика үшін ғана
қызмет етпеген. Қазақша ұғыммен айтқанда, баюдың мақсаты бақуатты
болу. Ал мақсат-мұратқа қарай күн сайын, сағат-секунд сайын жылжып
отырсақ игі. Ол үшін істі қазақтың тілінің, салтсанасының, дініні, əдебиеті
мен өнерінің өмір сүретін ортасын жасаудан, жасақтаудан бастауымыз
керек. Сосын оны орнықтыру, бекемдеу сатысы басталады. Ал бекем
орныққан мəдени орта өзге мəдениеттің өкілін өзіне тез сіңіріп алып
отырады. Біз ел боламыз десек, мəдени бақуаттылыққа ұмтылайық,
экономикамыз сол үшін қызмет етсін.
«Қазақ əдебиеті» газеті. 23 сəуір 1999ж. №17.
«ҚОЛЫМДА БІР ҚАМШЫ БАР...»
немесе халқымыздың қамшыгерлік өнерін спорттың бір түрі ретінде
дамытуды қолға алсақ...
Біздің ержүрек ата-бабаларымыздың туған даламызды қорғауда қолданған
қаруларының бірі – қамшы. Əрине, бүгінгі құлаққа «қамшымен ел қорғады»
деген ерсілеу естілгенімен, ядролық қаруы, зеңбірігі, тіпті мылтығы
болмаған бағзы замандарда садақ, қылыш, найза, шоқпармен қатар қамшы
да үнемі қолданылатын негізгі қару болып есептелетін. Сондықтан да,
қазақтың халық жырларының, қарасөздерінен, мақал-мəтелдерінен, тіпті,
салт-дəстүрінен қамшыға қатысты толғауларды, аңыздарды, ырымжырымдарды жиі кездестіреміз...
Негізінде қамшы - ат-көлік, мал айдауға арналған ат үсті əбзелдерінің бірі,
сондай-ақ қамшы – қорғануға немесе шабуылға арналған негізгі ұрыс
қаруы. Ал қамшыгерлік – қамшыны дұрыс пайдалана білетін, дəл ұрып,
қатты соға алатын соғыс һəн спорт өнері. Сондықтан да, қамшы ерте кезде
(ішінара бүгін де) əрбір малшының қолында жүретін елеусіз суық қару əрі
еңбек құралы болған. Бірақ бар қазақтың қолында қамшы жүргенімен, оны
қару ретінде пайдалану көрінгеннің қолынан келе бермеген. Сырт көзге
қамшылы адамның бəрі құралды адам болып көрінгенімен, тек
қамшыгерлер ғана өздерін суық қаруға, елеусіз ұрыс құралына иемін деп
есептейді. Сондықтан болар, халықтың салтдəстүрлік заңында
қамшыгерлердің қамшыны бей-берекет пайдалануына, қарапайым адамды
(жау емес немесе қамшыгер емес адамды) қамшымен ұруына тиым
салынған. Ал қамшыгерлер де бұл заңға қайшылық жасамауға тырысатын
болған. Ертедегі қазақ салтында қамшыны қолға ұстап үйге кіру бір пəленің,
жамандықтың басы, белгісі деп есептелетін болғандықтан, сырттан келген
адам, мейлі ол кім болсын (үй иесі мен мүшелерінен өзге) қалай болғанда да
қамшысын ат үстінде немесе үй сыртында қалдырып кіретін болған. Осы
салт тура осы қалпында күні бүгінге дейін Қытайдағы Баркөл қазақ
автономиялы ауданының қазақтары мен жалпы моңғол шаруалары
арасында сақталып отыр. Моңғол этнографтарының түсіндіруінше, қамшы
суық қару, оны үйге көтеріп кіру, үй иелеріне қылыш, садақ, мылтық
асынып, баса-көктеп кіріп келген жау ниеттегі адамдардан кем əсер
қалдырмайды. Сондықтан өз үйінен басқа үйде кіргенде қамшы сыртта
қалуға тиіс. Мақсатсыз болса да қамшымен үйге кірген адам сөгіс естиді
немесе айыпқа тартылады. Ал қазақ халқында қамшымен үйге кірмеуден
тыс қамшыны қадірлейтін көптеген ырым-салттар бар. Мəселен, қамшыны
жерге тастамау, егер жерде жатса, аттамау, қамшының сабы сынғанда
жамандыққа жору, адамдағы кеселдерді, малдағы кейбір індеттерді
қамшымен ұшықтау, қамшыны алақынынан (кей жерде бүлдіргесінен)
ілмеу, қамшыны қанжығаға байламау, қамшыны маңдайшаға немесе
босағаға ілмеу т.б. толып жатқа, ырымдар мен тиымдарды атауға болады.
Бұдан сырт, қамшы бақсылардың жын ойнаудағы басты сайманы екенін
білеміз, сондай-ақ қазақ халқында қамшы ілулі тұрған үйге шəйтəн кірмейді
деген де ұғым бар. Демек осылардың өзінен-ақ, қамшы деген қарудың қазақ
халқының өміріндегі, санасындағы орнын аңғаруға болатын сиақты.
Ат əбзелі һəм ер қаруы ретінде ұсталатын қамшының ұрылуы мен тигеніне
қарап-қамшы үйіру, қамшы білеу, қамшымен жасқау, смпап қамшылау,
батыра қамшылау, орап тарту, шықпырту,оса тарту, тіле тарту, көсіп жіберу,
баса тарту, серпе тарту, көстите тарту, салып қалу, тартып қалу, сілтеп қалу
деген секілді атаулар өмірге келген болса, əрі осы атаулар арқылы
тыңдаушы қамшының қалай ұрылып, қаншалықты зардабы болғанын
аңғарып отырған. Ал нені қай жерден қалай ұруға байланысты қамшы
теседі, тіледі, сызады, осады, көгертеді, езеді, бөледі,сындырады, өлтіреды.
Қазақта қамшы қару ретінде тек ұрыста, майданда ғана қолданылумен
шектелмеген. Керісінше той-томалақта, ас-жиында, ел жұрт жиналған
ұлыстың ұлы күндерінде ат бəйге, балуан, қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу,
жамбы ату секілді спорт түрлерімен қоса қамшыгерлерді де бəсекеге
шақырып, жиналған жұрт алдында сайыстыратын болған. Əрине бұндай
сайысқа атақты, өзіне сенген қамшыгерлер ғана шығатын, дəстүр бойынша
жеңгендерге жүлде берілетін. Бұндай сайытарда, сондай-ақ
қамшыгерлердің жекебас қайшылығынан туындайтын төбелестерде,
қазақтың салт-дəстүрлік заңдары бойынша; қамшыгер қарсыласын талмау,
жанды жерінен емес,жонарқа, қызыл асық секілді жерлерінен ұрып, аттан
құлатып кетуі ғана керек.
Қамшымен жауынан (кəдімгі шапқан жау немесе өзінің жеке дұшпаны,
жыртқыш аңдар...) қорғана алатын немесе оларға шабуыл жасай алатын
адамды жұрт қамшыгер деп атайды. Қамшыгерлік өнер əсте тума қабілет
емес, яғни ол адам бойындағы тездік, ептілік, оралымдылық, діттілік,
өткірлік, қаталдық, қарурылық, мергендік, ауырқолдылық сияқты ішкі-
сыртқы шарттардың пісіпжетілуінен, шынығып – шыңдалуынан
қалыптасатын, ұшталатын өнер.
Спорт өнерінің өзге де түрлері секілді, қамшыгерлік те көп ізденуді,
тынымсыз машықтануды қажет етеді. Ол үшін жастайынан адамгершілікке
құмарту, əйгілі қамшыгер – ұстаздардан тəлім-тəрбие алу, қамшыны ұстай
білу, ұра білу, адамды, малды, жыртқыш аңдарды қай жерінен қалай
ұрғанда құлайды... дегендердің бəрін қолмен қойғандай қапысыз білу шарт.
Негізінде қамшы атүсті шайқастың қаруы болғандықтан, қамшыгерден
қамшыны дəлдеп бір-ақ рет ұру, сол бір-ақ рет ұрғанда жеңіске жету талап
етіледі. Себебі тұрып алып сабалай беретін қарсы жақ томар емес, ол
қорғанады, ал сенің атың ойқастап арлы-бері ағылады, оның үстіне қарсы
жақтың шабуылынан өзің қорғануың керек. Ендеше қайткенде қамшыны
бір-ақ тартып жеңіс тұғырына көтерілуге болады деген сұрақтың туары
даусыз. Мұндайда қамшыгерге қамшыны ұстау, үру өнерінен тыс,
қарсыласының осал, жанды, нəзік жерін біліп алуына тура келеді. Мəселен,
адамды жон арқадан қамшымен мың ұрсаң да өлмейді, есесіне, адам
денесінде осал, жанды жерлер көп-ақ. Бұндай осал, жанды, нəзік жерлер
адамда ғана емес, жан-жануарларда да болады. Атап айтсақ, адамда шеке,
құлақ, самай, құлақ шеке, маңдай, еңбек, қара құс, көз, шынтақ, қызыл асық,
аяқтың үсті, тізенің көзі т.б. жерлер десек; ит пен қасқырда – қара тұмсық,
жолбарыс пен аюда – қара құс, айғыр бұқаларда – қасқа маңдай, орай тұсы
секілді жерлер жанды жерлер болып есептеледі. Қай жерінен ұруды
қамшыгер өзі таңдап алады немесе шайқас үстіндегі қамшыгерге қай
жерінің ыңғайы келсе, сол жерден ұрады.
Қазақ халқы ертеде (көп жерде қазан төңкерісіне дейін) қамшыгерлік өнерін
– ат үсті спортының бір түрі ретінде насихаттап, дəріптеп, жалпыластырып,
аруақтандырып келген екен. Тіпті кейбір өңірлерде адам мен адамды
сабаластырмай-ақ, сиырдың шылғи терісін төрт пұшпағынан төрт қазыққа
керіп тастап, қамшыгерге соны ұрғызған. Қамшыгер атпен шауып келіп
теріні салып өткенде тері не тесіледі, не жыртылады, не тілініп түседі.
Соған қарап бəйгені белгілеп отырған екен. Бұны айтудағы мақсатымыз,
бүгінде қазақтың ұлттық ат спортының жанданып келе жатқан жайы бар.
Жиын-тойларымыз ат-бəйгесіз, қыз қуусыз, аударыспақсыз, теңге ілусіз
өтпейді. Енді осның қатарына қамшыгерлік өнеріміз қосылса, тіпті нұр
үстіне нұр болмас па еді. Себебі қамшыгерлік өнер жоғарғыда
айтқанымыздай ер-азаматтарымызды жүректілікке, тездікке, ептілікке,
мергендікке, шымырлыққа баулитын ат спортының үлкен бір саласы. Бұны
тірілтсек, бірте-бірте оның жаяу түрінде де өмірге əкелуге болатын шығар...
Біздің бұл ұсыныс-пікірімізге республикалық спорт жəне туризм
комитетіндегі ағайындар қалай қарар екен?!
«Қазақ университеті» газеті. – 2000ж.- №2.
ҚАЗАҚТЫ ҚАЛАЙ КӨБЕЙТУГЕ БОЛАДЫ?
«Қазақ елінің бүгінгі жай-күйі масаттануға тұра ма?» деген мəселе
төңірегінде ағайынмен ой бөлісер болсақ, əркім өзінше уəж айтары белгілі.
Яғни біреулер «көш жүре түзеледі» дейтін көнбіс қағидаға иек артса, енді
біреулер тəуелсіздіктен кейінгі бар құбылысқа «қара көзілдірікпен» қарап,
бəрін сыпыра жоққа шығарады.
Бүгінде қазақ халқының республикамыздағы үлес салмағы 50 пайыздан
асты деп бөркін аспанға атып жүргендер көп. Оған, əрине, қуанған дұрыс,
бірақ мақтануға əлі ерте! Өйткені, республикамыздағы қазақтардың саны
жеті миллионнан астам ғана, қалғаны өзге ұлттар. Оның үстіне, жаңағы
көрсеткіштегі қандастарымыздың бəрі қазақ тілді, ділі, діні бүтін болса
ғой... Өкініштісі, олай емес. Демек, ұлттың рухан тұрпатына өкілдік ететін
қазақтардың өз еліндегі тірлігі «жалғыздың үніндей, жаяудың шыныдай».
Бұндайда оның қайтіп өз тілі өркен жайып, мəдениеті көгеріп-көктесін?!
Кеңес одағы келмеске кетті дегеніңізбен, ол орнықтырып кеткен
империялық тіл, славяндық мəдениет əлі де өз тағында. Себебі, бұл тіл
бүгінде тонын аударып киіп, ауылдағы қазақтар үшін – баласын қалаға
кіргізетін тілге, қаладағы қазақтар үшін – ұрпағын ұшпаққа шығаратын
тілге айналып отыр. Өз елің, өз жеріңде 15-20 миллион болып отырсаң, бұл
мəселелерге басың қатар ма еді?! Ал, қазір бас қатырмақ түгілі, бас жар,
ештеңе өзгерте алмайсын. Себебі, азсың, азсың! Тағы да азсың!
Демография жəне тіл
Жоғарыда айтқанымыздай, бізде көп сөз болатын мəселенің бірі – тіл.
Енді демографиялық факторды басшылыққа ала отырып, тіл туралы ой
өрбітіп көрелік. Ата заңымызға «мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жазарын
жазсақ та недəуір қиындықпен қабылдадық. Бұл қиналудың себебі – тағы
сол аздығымыз. Қабылданды. Бір қызығы, қағаз жүзінде болса да, солай
қабылдағанына есіміз кете қуандық. Ал, осы қуанышты не деп түсіндіруге
болады? Дүниежүзіндегі басқа бір ел қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп
қабылдаса немесе «БҰҰ іс жүргізетін алты тілінің үстіне жетінші етіп қазақ
тілін қабылдады» десе, оған қуануға болар еді. Ал, «қазақ елінде
мемлекеттік тіл – тілі болды» деп қуану – «балықтар суда өмір сүретін
болыпты» дегенге мəз болғанмен бірдей емес пе?!
Қазақтың тілі мен мəдениетіне отаршылдар о баста орын қалдырмаған. Ал,
тəуелсіздіктен кейін қанша ұмтылғанымызбен шамамыз келмеуде. Өйткені,
бүгінде қазақтардың көбінің дүниетанымы, эстетикалық талғамы,
көзқарасы мүлдем өзгерген, бұл бір. Екіншіден, тəуелсіз елімізде өте
азшылықпыз. Аз болған соң «көптен қорқып, тереңнен тайсақтап» күн
кешуге мəжбүрміз.
Үшіншіден, демократия. Төртіншіден, нарық.
Сондықтан бəрі айналып келгенде аздығымыздың кесірі екенін мойындай
отырып, бар мəселеде істі осы олқылықтың орнын толтырудан бастау керек.
Дін жəне ұлттық тұтастық
Ал, енді жұрт арасында көбірек өрістеп жататын бір əңгіме дін төңірегінде.
Дұрыс, əрқандай бір халықтың, іргелік ұлттық болмысын ұстапа тұратын
алтын діңгек осы – дін.
Дін дегеніміз елдік болмысты айқындап əрі ұстап тұратын, қатепті
халықтық идеология. Олай болса, бір халық екінші бір халықтың
идеологиясын не зорлықты күш арқылы, не үгіт-насихат арқылы немесе
қуатты экономикасы арқылы қабылдайды десек, осының бəріне де шама
керек. Ал қуаттың, шаманың тірелер жері – АДАМ!
Яғни, ертеңгі күні халқымыздың «мұсылман қазақ пен кəпір қазаққа»
жіктеліп, ырылдасып жатқанын көргіміз келмейді. Бірақ бұл біздің
субъектив аңсарымыз ғана. Шындық пен тағдыр əсте біздің қалауымыз
бойынша иіліпбүгіле бермесі анық. Сондықтан ертеңгі күні онсыз да аз
қазақтың ішінен мұсылман қазақты шырақ алып іздеп жүруден құдай
сақтайсын дейік!
Ана тілдің тынысы тарылып, халықтың сан ғасырдан бері ұстанып келе
жатқан діні сұйылып бара жатқан жерде, дін туралы сөйлеудің өзі басы
артық əңгіме. Себебі, марксизмшілдер жан сала дəріптегендей «тіл – тек
қана адамдардың қарым–қатынас жасайтын құралы» ғана емес. Онда сол
халықтың дүниетанымы, құн көзқарасы, өмір сүру қағидалары, ұлттық
мінез-құлқы, болмыс-бітімі жатады.
Тілді тек қана «қатынас құралы» деп түсіндіру, əншейін, бала алдағандай
бос сөз. Бірақ отаршылдардың бұл саясатының тасасында аса ірі құбыжық
мақсаттары жатыр еді. Ол мақсат болса – тілінен айырылған халықтың ділі
өшеді, ділінен айырылған халықты ассимиляциялаудан оңай шаруа жоқ.
Əсіресе діннен ажырағаннан кейінгі жерде ділің далада қалады. Өйткені,
дінде (əсіресе ислам дінінде) имандылық, инабаттылық, дүниетаным,
тазалық, ар-намыс, еңбексүйгіштік, обал-сауап, адал-арам, ұрпақсүйгіштік...
секілді кісіліктің басты шарттары мен мазмұндары жатыр. Дін кеткен соң
осынау шарттар жойылады. Бұлар жойылды деген сөз – адамдар бір ұлт
емес, жай тобырға айналды деген сөз! Жай тобырды əркім-ақ қайырып,
алдыға салып айдап, керегіне жарата бермей ме?! Оның үстіне қайыру
бермейтіндей соншалықты көп болсақ бірсəрі, шөкімдей ғана аз халықты
қамалап, айдап əкету алпауыт елдер үшін түк те емес. Əрі ділден айрылған
жұртта оған қарсылық та бола қоймайды.
Ұзын сөздің қысқасы, біз дəл қазір қазақ халқының, еліміздің тағдырына
қатысты қандай проблема болса, соның бəрі халқымыздың жан санын
көбейту арқылы ғана тез əрі жеңіл шешуге болатын мəселелер деп
есептейміз. Яғни, көбеймесек – көсегіміз көгермейді. Олай болатын себебін
жоғарыда таратып айттық. Ал енді қазақ халқының өз еліндегі
демографиялық əлеуетін көтерудің қандай мүмкіндіктері мен жолдары бар?
Енді сол туралы аз-кем аялдай кетейік.
Қандастарды қайтармай, қатарымыз өспейді
Заман тыныш болса, көлденең көп кесепаттан аман болса, жалпы өсем,
көгеріп-көктеймін, көбейемін деген халықтың мүмкіндігі аз болмауға тиіс.
Ал, қазақ халқының мынандай жолдар мен іс-шаралар арқылы көбеюге
мүмкіндігі бар:
Біріншіден: Ата-бабаларымыздан қалған «балалы үй – базар, баласыз
үй – қу мазар», «адам мың жасамайды, ұрпағы мың жасайды», «атадан пұл
қалғанша ұл қалсын...» деген танымды бүгінгі жас жұбайлардың, жастар
мен жасөспірімдердің санасына сіңіріп, жанына терең ұялатып, олардың
өзгелерге жалаң еліктеуден туған отбасын жоспарлау ниетін түбірінен
өзгерту керек. Бұл мəселеде əрбір ата-ананың атқарар рөлі ерекше. Олар өз
ұрпақтарының құлағына сəби кездерінен бастап көп балалы болудың өзінен
бастап мемлекетке дейінгі тигізер пайдасын, игілігін сəт сайын құйып
отыруы керек. Осы тұста мынандай мəселе еске түседі, бүгінде біздің
қазақтар, отбасында балаға елдік есепттен, ұлттық мүддемен, мемлекет
тағдырымен байланыстырып тəрбие беруді ұмытқан. Есесіне тауып, бағыпқағып отырған бірді-екілі баласын əрі кеткенде «қызмет қылып, шен алуға»,
бері болғанда «нан тауып жеуге» баулиды, сол туралы тəрбиені қақсап көп
айтады. Бұл мəселемен, əрине, мемлекеттің айналысуы да еш артықтық
етпейді.
Екіншіден: Балалар үйіндегі тастанды сəбилердің шетелдіктерге
асырап алуға берілуіне, сатылуына тыйым салып, оларды мықты тəрбиеші
аналар арқылы өз бауырымызға басып тəрбиелесек, солардың бəрі болмаса
да, көбі еліміздің есті ұл-қызы болып ержетеріне еш күмəн жоқ. Бұл ретте
біз өзге емес, «өз ағамыз» өзбектерден үлгі алсақ та жетіп жатыр. Өзбек
үкіметі өз елінің жетім балалар үйіндегі сəбилердің бəрінің аты-жөнін,
ұлтын өзбек қып жазып жіберетіні өз алдына, біздің Оңтүстік Қазақстан,
Қызылорда облыстарының балалар үйіндегі сəбилерді де «асырап алу»
деген желеумен көптеп əкетіп жатыр деседі...Мақсат не? Халықтың санын
арттыру! Тастанды балаларды былай қойып, кезінде Өзбекстандағы
орыстан өзге ұлт өкілдерінің біразы «өзбек» болып жазылуға мəжбүр
болғаны кімге құпия?! Бүгінде өзбектер 20 миллионға жетіп отырса, олар
халық ретінде көбейсек деген ынтаықыластың, қажыр-жігерінің, кешенді
елдік саясатының арқасында жетіп отыр. Түркияда демографиялық
ырықтылыққа жетудің бұл тəсілі (тастанды балаларды түріктендіру, өзге
халықтарды «түрік» деп жазып алу) ежелден бар үрдіс. Сондықтан
республикамыздың түкпір-түкпіріндегі балалар үйіне ұлтжанды, мықты
тəрбиешілер тағайындап, балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа,
қазақстандық патриотизмге баулып өсіру қажет-ақ.
Үшіншіден: «Дүние жүзіндегі қазақтың саны он екі миллионнан
асты» деп бөркімізді аспанға жиі атамыз. Орынды қуаныш. Біздің межеміз
бойынша, тіпті одан да көбірек болуымыз ғажап емес. Себебі, ҚХР мен
Өзбекстанның ресми мəліметіне сену қиын. Мəселен, Қытайдағы қазақтар
туралы мынандай долбар есеп (бірақ ақылға қонымды) жасауға болады:
Алтай аймағында 7 аудан, Тарбағатай аймағында 7 аудан, Іле аймағында 8
аудан – барлығы 22 аудан, бұған қазақтың 3 автономиялық ауданын (Баркөл,
Мори, Ақсай) қосыңыз, сонда барлығы 25 ауданның негізгі тұрғыны
қазақтар деген сөз. Ал осы аудандардағы қазақтардың қоныстану жиілігі –
150 мың, 100 мың, 80 мың адамның айналасында екендігін ескеріп, орташа
санын 100 мың деңіз де, 25 ауданға көбейтіп кеп жіберсеңіз, екі жарым
миллион қазақ шығып тұр. Бұған енді Бұраталадағы, Санжыдағы, Үрімжі
ауданындағы, Үрімжі қаласындағы, Құлжа, Күйтің қалаларындағы
қазақтарды қоссаңыз, асырып айтпай-ақ қояйық, үш миллион қазақ емінеркін шығады. Ал, Өзбекстанда да екі миллионнан астам қазақ бар деген
межеге сенгіміз келеді. Өйткені, қай елде болсын, өзге халықтардың санын
кемітіп көрсету мемлекеттік саясатта ежелден бар үрдіс. Бұл реттен
келгенде көршілерді кінəлаудың қисыны жоқ. Тіпті қандастарымыз өмір
сүріп отырған елдердің берген ресми мəліметіне сенген күннің өзінде қазақ
баласының үштен бірі телім-телім болып, дүниенің түкпір-түкпірінде
шілдей тозып жүр. Ата жұрттағылардың халі əлгіндей...
Əр облыста бір миллион қазақ болса...
Қазақстан тəуелсіздің алғалы бері шеттегі ағайын да елеңдеп, қопаңдап
қалды. Биыл көштің алдыңғы легі келгеніне оныншы жыл! Осы он жылда
шеттегі ағайынның бір миллионын (тіпті жарты миллионға да жетпепті!)
əкеле алмаппыз. Əрине, өкінішті! Міне, біз осы шетте жүрген,
қандастарымыздың бəрін болмаса да (түгел келсе, тіпті де нұр үстіне нұр
болар еді) келем деушілерін ел болып, үкімет болып Отан құшағына
оралтып алсақ, жел кеулеген бүйіріміз бүтінделіп, ортамыз толып қалмас па
еді?! Бұған кей ағайын бүгінгі «қиын кезеңді» көлденең тартады. Қазір
қанша қиын болса да, «коллективтендіру», «Бұған кей ағайын бүгінгі «қиын
кезеңді» көлденең тартады. Қазір қанша қиын болса да, «коллективтендіру»,
«32-жылғы ашаршылық», «Отан соғысы» жылдарындағы қиыншылық жоқ
қой. Сол қиын замандардың өзінде кəріс пен немістің, орыс пен
украиндардың жетімжесірлерін «жиендеріндей» асырап, үйінің бір
бөлмесін босатып беріп, жарты күлшесін бөліп жеген қайран қазақ бүгін өз
бауырларына келгенде «қиын кезде бұлар да...» деп қынқылдай бермей,
баяғыдағы өзгелерге жасаған мəрттігі мен бауырмалдығын қандастарына да
бір қайталап жіберсе, жас мемлекетімізге онша салмақ та түспес еді! Ал,
Ресейдің «əнші кемпірлерінің» жылына қазақ қалталыларынан алып кететін
ақшасына ауылды жерге 50 оралманның отбасын орналастыруға болады
екен... Оны ойлап жүрген қазақ байы жоқ!
Елбасының, Қазақстан үкіметінің шеттегі қандастарды көшіріп алу
саясаты – ұлтымыздың болашағын, тəуелсіздігіміздің тағдырын ойлаудан
туындаған ұлы бастама. Егерде оны «шеттегі қазақтарды құтқарып алу
үшін» деп қана түсінсек, қатты қателесеміз. Өйткені, қазір алыстан келетін
ағайынның Отанға деген мұқтаждығынан гөрі мемлекеттің оларға деген
мұқтаждығы өте маңызды, төтенше шұғыл болып отырғаны ащы да болса
ақиқат. Шетелдерде өмір сүріп жатқан бар қазақ Отанға бір-ақ көшіп келді
деп қиялдасақ, Қазақстанның əрбір облысында бір миллионнан аса қазақ
өмір сүретін жағдайға жетеді екенбіз. Ондай жағдайға жетсек, қазақ деген
халық та, оның мемлекеті – Қазақстан да ертеңінен, тағдырынан алаңсыз
күй кешер еді. Яғни қазақтың мұртын балты шаппас еді! Қысқасы, көсегіміз
көбейсек көгереді.
«Жас Алаш» газеті. 12 қыркүйек 2000ж. №110.
«ЕЛГЕ ЕЛ ҚОСЫЛСА ҚҰТ БОЛАДЫ…»
Мейлі ол байырғы алпауыт ел болсын немесе шағын, жас мемлекет болсын,
демографиялық саясат кім үшін де, қашан да маңызын жоғалтқан емес.
Себебі бір елдің демографиялық жағдайы сол елдің экономикалық
əлеуетіне, қорғаныс саласына, өзге де толып жатқан ішкі-сыртқы саясатына,
бір ауыз сөзбен айтқанда ел тағдыры мен болашағына қатысы зор саяси,
əлеуметтік мəселе. Сол үшін де қандай мемлекет болмасын өзінің
демографиялық жағдайын бір сəт назарынан тыс қалдырмайды (дұрысы
қалдыра алмайды.). Тіпті кейде бір мемлекет өзінің маңайындағы өзге де
елдердің демографиялық жағдайын зерделеп жатса, ол да əсте “еріккеннің
ермегі” емес, керісінше іргесіндегі елдің күш-қуатын, ертеңін алдын ала
бажайлап, бағдарлап алып, сол арқылы Өз есебін, бағытын күні бұрын
сараптап отыру қамынан туған дана шара. Біз бұл арада “күш-қуатын” деген
сөзді жайдан-жай айтып отырғанымыз жоқ. Өйткені жұртқа белгілі
болғанындай, демографиялық əлеует дегеніміз – қарапайым сөзбен
айтқанда елдегі тұрғындар (адам!) санының аз-көптігі деген сөз. Бүгінде
əлемдік аузы дуалы саясаткер атаулы бір ауыздан мақұлдап отырған, əрі
жұрттың да көзі анық жеткен бір ақиқат – мемлекеттің құдіретті болмағы
немесе əлсіз болмағы көбіне-көп оның демографиялық жағдайымен тығыз
байланысты. Себебі экономикадан тартып, мəдениет, ғылым, қорғаныс…
салаларының қай-қайсысын алмаңыз, адамның дене күшінсіз, қоғам
мүщелерінің парасат қуатынсыз белгілі бір санаға да, сапаға да көтерілуі
мүмкін емес. Сол үшін де шығар, əлемдік қауымдастықтағы “ірі ел”,
“алпауыт империя”, “қуатты ел”, “стратегиялық маңызды мемлекет” т.б.
атанып отырған мемлекеттердің сол деңгейге жетуіне олардың
экономикалық, əскери қуаты ғана емес, демографиялық əлеуеті де
мұрындық болып отырғанын кім жоққа шығара қойғандай?! Жоққа шығару
былай тұрсын, гəпті індетіп келсеңіз, экономикаңыз бен əскери
қуатыңыздың көсегесін көгертетін, тіптті айдарынан жел естіретін əріберіден кейін басқа емес, тек жеткілікті адами капитал. Бұған мысал ретінде
бүгінгі Қытай мен Жапон елін айтуға болады. Қазір дүниежүзіндегі төрт
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 05
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.