Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 05

Total number of words is 3818
Total number of unique words is 2160
29.3 of words are in the 2000 most common words
41.9 of words are in the 5000 most common words
47.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
адамның біреуі қытайда тек қана өмір сүріп жатқан жоқ, есесіне əлемнің
көптеген елін ішер ас, киер киім, тұрмыстық тұтыну бұйымдары т.б.лармен
қамтамасыз етіп отыр. Ал жапондар ше? Алақандай жерде отырып-ақ
əлемдік экономика дамуындағы тіректі елге айналып үлгерді. Қарап
отырсаңыз, əлемдік қауымдастықта Азияның осы екі мемлекетімен
есептеспейтін кім бар?! Бұл екі ел, басқасы басқа, осындай құдіретке тек
адам күші мен оның ақыл парасаты арқылы жетіп отырғанын өздері де
мақтанышпен айтады. Бір кездері – ҚХР алғаш құрылған 1949 жылы 400
миллион жан саны болған қытайдың демографиялық əлеуетін қомсынған
Мао: “Адам факторы қашанда бірінші” деп елге ұран тастап, халықтың ішкі
өсіміне барынша қолдау көрсеткен болатын. Соның арқасында отыз-ақ
жылда (1980ж.) ҚХР жан саны бір миллиарт 100 миллионнан асып
жығылды. Өз халқын шексіз сүйген осынау атышулы саясаткер əлемнің
теңдігін, мүсмкін, өзт еліндегі адамның санымен-ақ сақтағысы келген
шығар. Бүгінде Мао-ның ол арманы жүзеге асты деуге толық негіз бар…
Қысқасы демографиялық саясат кез-келген елдің, əрқандай халықтың өмір
сүруінен тартып, оның дамуы мен гүлденуіне қатысты аса маңызды
əлеуметтік, саяси жəне экономикалық шара болып табылады. Оған мəн
бермеу елдің тағдыры мен болашағына немқұрайды қараумен парапар.
Құдайға шүкір, біздің Қазақстанымыз, оның тұңғыш президенті Н.Ə.
Назарбаев Қазақ елінің демографиялық жағдайына тəуелсіздіктің тізгінін
қолына алған күннен бастап тынбай бас қатырып, тоқтаусыз толғанып,
аянбай тер төгіп келеді. Себебі тағдыр тауқыметімен өз жерінде азшылыққа
айналып үлгерген қазақ халқының елдегі үлес салмағы 1991 жылы
тəуелсіздік жариялағанда, 30 пайыздың айналасында ғана еді. Бұл дегеніңіз
сол кездегі 17 миллион тұрғыны бар республика жұртшылығының істеу
керек? Сло кездегі қазақ зиялыларының да, елбасының да алдында тұрған
ең басты, ең маңызды, ең кезек күттірмейтін мəселе – барынщша қысқа
мерзім ішінде елдегі жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағын көтеру
болғаны белгілі. Осы мақсатпен дүниежүзі қазақтарының І құрылтайын
өткізуге қам жасала бастады. Тіпті құрылтайдың өтуін, оның шешімдерін
күтіп отырмай-ақ Түркиядан, Моңғолиядан, ТМД елдерінен “еңбек шарты”
деген секілді желеулермен қандастар көшінің алғашқы легі атамекенге
ағыла бастады… 1992 жылдың қыркүйек айында сол кездегі астанамыз
Алматы қаласында дүрілдеп дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы
өтті. Бұл құрылтайдың исі қазақ баласының рухани оянуына еткен
шарапаты ұшан-теңіз болды. Атап айтқанда құрылтай елдегі
қандастарымызға құлдықтан біржола құтылғандығын, шын мəніндегі азат
мемлекеттің қожасы болғандығын сезіндірсе, шетте жүрген ағайынға
қамқор Отанының, қормал елінің, іздеушісінің бар екендігін ұғындырды.
Бір ауыз сөзбен айтқанда жер бетіндегі күллі қазақ атаулы сол құрылтайда
жаппай бір оянып, рухани бір түлеп, орнынан тік тұрды деуге болады.
Өйткені өз тізгіні өзіне тиген, азат елінің тұңғыш президенті осы
құрылтайда жержүзі қазақтарына: “Бүгінгідей қиыншылығы мол заманда
көңілімізге медеу болар бір жай – қазақтардың өз атамекенінде бас
тоғыстыруы, əр түрлі себептерге байланысты туған жерден үдере көшіп
кеткен туыстарымыздың өз еліне қайта орала бастауы. Біздің бəріміз сарыла
күткен ұлы көштің алды атамекенге жетті. Тəуелсіз Қазақстанның құшағы
сіздерге ашық, бауырлар!” деп жар салды. Сол сəтте осы күнді, осы сөзді үш
ғасыр бойы аңсап келген қазақ баласының көзінен жас бұршақтады. Бұл
шын мəніндегі қуаныш жасы, жүрек тебіренісі болатын… Осылай үлкен
тебіреніспен басталған құрылтай – дүниежүзі қазақтарына жəне Қазақстан
үкіметіне бес баптан тұратын өз үндеуін жолдады; Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығын құрып, оған елбасы Н.Ə. Назарбаевты төраға, белгілі қоғам
жəне мемлекет қайраткері, жазушы Қ.Найманбаевты оның бірінші
орынбасары етіп сайлады; Əлемнің əр шалғайына тарыдай шашырап кеткен
қандастарымыздың атамекенге оралуына заңдық жəне əлеуметтік негіз
қалап берді. Қысқасы бұл жолғы құрылтай – “Қазақ мемлекеті – тек
Қазақстанда тұратын қазақтардың ғана мемлекеті емес, ол сонымен қатар
дүнриежүзіндегі қазақтардың да ұлттық мемлекеті. Сондықтан да ол бүкіл
дүниежүзіндегі қазақтардың хұқықтары мен бостандықтарын құрметтеуі
жəне қоғауы қажет” (Заңгер ғалым, академик С.Сартаев.) екендігін айдай
əлемге һəм ұғындырып, һəм дəлелдеп берді. Сол жылдардан бастап
Қазақстан үкіметі көші-қон жəне демография мəселелерімен айналысатын
арнайы агенттік құра отырып, шеттегі ағайындарды отанға оралтуға
бюджеттен квоталық қаржы бөліп, алыс-жақын шетелдерден
қандастарымызды көшіріп əкелу мен орналастыру шараларын жоспарлы,
кешенді түрде жүзеге асыра бастады… Содан бермен қарайғы 10 жыл
ішінде алыс-жақын шетелдерден тарихы отаны – Қазақстанға 500 мың
(тілкөзіміз тасқа, жарты миллион!) қазақ баласы оралып үлгеріпті. Демек
тəуелсіздіктің 10 жылының əр бір жылында орта есеппен 50 мың
қандасымыз отан құшағына оралып отырған деген сөз. Бұл аз ба, көп пе
деген мəселеге келетін болсақ, нарықтың аса қйындықтарға толы болған
жылдары үшін бұл цифрға қанағаттанумызға тура келеді… Ал мен осы
жылдың (2001ж.) жазында Елбасы қабылдауында болғанда шеттен келуші
ағайындарға бөлініп отырған квотаның тым мардымсыздығына
Президенттің назарын аудардым. Бұл мəселенің стратегиялық та,
экономикалық та қажеттігін дəлелдеп Ол кісіге ауызша да, жазбаша да
табыстадым. Елбасы менің ұсыныстарымды бірден құптады. Сөйтіп алдағы
уақытта бұл цифрды еселеп көбейтетіндігін, 2002 жылдан бастап көші-қон
квотасын бұрынғы 500 отбасынан 5-10 мың отбасыға дейін арттыру
жөнінде үкіметке нақты тапсырма беретінін шегелеп тұрып айтты…
Айтып-айтпай көші-қон жəне демография саясаты Қазақ елі үшін аса
маңызды стратегиялық саясат. Бұл сөзіміздің тағы бір дəлелі ретінде,
бүгінде көші-қон жəне демография мəселелерімен үкімет құрамында
арнайы агенттіктің жұмыс істеп отырғандығын, “ҚР көші-қон заңы”
қабылданып, күшіне енгендігін, ҚР парламентінде көші-қон жəне
демография комитеті құрылғандығын, жергілікті жерлерде де көші-қон
жəне демография басқармалары мен бөлімшелері өз жұмыстарымен
тұрақты айналысып келе жатқандығын… айтуымызға болады. Мен
еліміздің бас газеті “Егемен Қазақстан” беріп отырған осы орайды
пайдалана отырып “ҚР көші-қон заңын” ана тілімізде жазып, əрі оның
қабылдануына бар күшін салған бұрынғы парламент депутаты, қоғам жəне
мемлекет қайтаркері, оралмандардың үлкен жанашыры, ақын Əкім Ысқақ
мырзаға, торқалы той үстінде, оралмандар атынан үлкен рахметімді айта
кеткім келіп отыр! Себебі Ə.Ысқақ мырзаның “заңымен” бірге парламентте
қаралған, үкімет ұсынған заң қабылданып кеткенде
Елбасының көші-қон саясаты жəне оған қатысты іс-шаралар аздұр-көптұр
кедергілерге тап болған болар еді… Бұл реттен келгенде, Ə.Ысқақ
мырзаның авторлығымен ұсынылып қабылданған бүгінгі көші-қон
заңының алыс-жақын шетелдерден қандастарымыздың отан құшағына
оралуына, елге келген оралмандарды орналастырудан туындайтын сан
алуан мəселелерді шешуде заңдық құжат ретіндегі атқарып отырған рөлі
ерекше екендігін атап айтқан орынды.
“Елге ел қосылса құт” дегенді атамыз қазақ тегін айтпаса керек. Бұл дана
қорытындының өміршеңдігі мен ақиқаттығына тарихқа үңілсек те, бүгінгі
тірлігімізді бағымдасақ та көз жеткізу қиынға соқпайды. Демограф
ғалымдардың есебіне жүгінсек, 1956-1963 жылдары көрішілес қытай елінен
100 мың отбасы Қазақстанға қоныс аударған екен. Бүгінде олардан тараған
ұрпақ 1,5 миллионға жеткен көрінеді. Бұл əрине, 32-мен 37-нің
қырғындарынан, 41-45 жылдардағы “Отан” соғысынан кейін өз жерінде
этнос ретінде жойылуға шақ қалып, шаңырағы шайқалып тұрған Қазақ елі
үшін шексіз қуат көзі, қайта тірілу орайы болғаны жасырын емес. Тіпті
олардан тараған ұрпақтардың Қазақ елінің шаңырағына уық болып
шаншылып, керегемізді кеңейтіп жатқанын айтпағанның өзінде, сол 100
мың қазақтың ішінде кімдердің елге не алып келгеніне бір сəт назар
аударып көрейікші. Бір өзі Əсеттің əн мектебін қалыбын құратпай елге
əкелген, һəм өзінің əншілік-сазгерлік талантымен Жетісудың əн өнерін биік
белеске көтеріп кеткен, Қазақстанның халық əртісі Дəнеш Рақышев, Бүгінгі
қазақ əдебиетінің қара нары, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш
Жұмаділов, Қазақстанның халық əртісі Фарида Шəрипова, белгілі өнер
жəне қоғам қайраткерлері Əмина Нұғманова, жазушылар Бұқара
Тышқанбаев, Құрманбай Толыбаев, Жолдасбай Тұрлыбаев, Нұрқасым
Қазыбеков, Ахмет Жүнісов т.б.; ақындар Оразақын Асқар, Нүкеш Бəдіғұл,
Марфуға Айтқожина, Қажытай Илиясов, Жəркен Бөдешов, Несіпбек Айтов
т.б. да толып жатқан өнер, мəдениет, қалам қайраткерлерінсіз қазақтың
əдебиеті мен мəдениетін көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Əрине
қазақтың өнері мен əдебиеті оларсыз тұралап, тоқтап қалар еді деуден
аулақпыз. Дей тұрғанмен Дəнеш болмаса Əсеттің тұтас əн мектебімен, қала
берді жекелеген əндерімен қоштасуымыз əбден мүмкін еді. Ал
əдебиетіміздің алтын қорына қосылған Райымбек батырдың (Ж.Тұрлыбаев),
қаракерей Қабанбайдың (Қ.Жұмаділов), Əсеттің (Қ.Толыбаев) көркем
бейнелерін неге мақтанышпен айтпасқа?! Бұған ғылымбілім саласында тер
төгіп келе жатқан ғалымдар мен ұстаздарды қосыңыз… Демек “елге ел
қосылса құт” екендігінің бір мысалы осы емес пе?! Ал тəуелсіздіктен кейін
оралған 500 мың қазақтың тек соқа бастарының өзі еліміз бен жеріміз үшін
баға жетпес байлық, құдіретті қуат, шексіз құт екендігін əркімақ біліп,
бағалап жүрген жоқ па?! Шынымен де дəл қазір балшықтан қазақ жасай
алмай отырған Қазақ елі үшін Құдайдың “мə” деп бере салған жарты
миллион қазағын құт демегенде не дейік?! Оның үстіне тəуелесіздіктен
кейін отанға оралғандардың ішінде жоғары білімді, егемен еліміз үшін аса
қат мамандықтардың иелері, əдебиет, мəдениет, өнер саңлақтары тіпті аз
емес. Атап айтсақ, егемендіктен кейінгі ұлы көштің алғашқы қарлығашы
болып елге оралған, бүгінде халқымыздың қадірлі қариясы болып
ортамызда жүрген Халифа Алтай ақсақалдың бір өзі еліміз бен жерімізге
иманның үйірілуіне, хақ дініміздің саналарда қайта жаңғыруына, діни
сауатымыз бен танымымыздың өсуіне қаншалық ықпал еткенін еске
алайықшы! Ал Моңғолиядан келген қандасымыз, МХР халық əртісі
Қабылаш Əбікейұлы өнердегі өзінің қайталанбас болмысымен
сахнамыздың сəніне айналғалы қашан! Немесе отан құшағына кеше
оралған, бүгінде қазақ елінің өнер жұлдызына айналып үлгерген, бар
қазақтың мақтанышы, əнші Майра Мұқаметқызы мен биші Шұғыла
Сапарғалиқызын айтайық. Біреуі бұлбұл көмей дауысы арқылы қазақтың əн
өнерін жалпақ жаһанға паш етіп жүрсе, енді біреуі буынсыз қимылымен би
өнеріміздің абыройын аспандатып келеді. Ал бұлардан басқа да оралмандар
ішінде өнер, əдебиет, мəдениет, ғылым, білім, кəсіпкерлер салаларында
жемісті еңбек етіп жүргендер аз емес. Əсіресе екі жастың біріне келгенде
қосақтарын жетелеп, балапандарын аузына тістеп “елім!” деп еңіреп жеткен
жазушылар, ҚХР мемлекеттік сыйлығының иегерлері Жақсылық Самитұлы,
Тұрсынəлі Рыскелдиев, ақын, ҚХР мемлекеттік сыйлығының иегері Серік
Қапшықбаевтар бастаған ақын-жазушылардың тұтас бір шоғыры келіп, азат
елдің əдебиетін өркендету жолында өз терлерін төгіп жүргенін қалайша
тебіренбей айтарсың?! Оларға тағы да ғалымдарды, жеті жұрттың тілін
біліп келген білгір аудармашыларды, таптырмас медиктерді, іскер
кəсіпкерлерді қосыңыз. Бұлардың бəрін Алланың Қазақстанға жаудырған
“Рахман жаңбыры” деп бағаласақ еш артық емес! Себебі жүздеп-мыңдап
саналатын осындай талантты, қат кадрларды дайындау үшін еліміздің
қанша уақыты, қажыр-қайраты мен қаржысы жұмсалар еді десеңізші! Міне
құт, міне байлық! Шетінен дайын мамандар, бірөңкей патриот кадрлар,
ылғи еңбекқор жандар… Осы жайларға қарап отырып, елбасымыз Н.Ə.
Назарбаевтың тындырған өзге ісін айтпағанда, тек осы көші-қон жəне
демография саясаты арқылы ғана ел тағдыры мен болашағы үшін қандай
өлшеусіз үлес қосқанына көз жеткізесің, тəнтə боласың! Əттең, елбасының
осы саясатын емеурінінен танып, істі іліп əкететін аңғарлы əкімдер мен
білікті бектердің аздығы, тіпті, жоқтығы кейде кісіні қынжылтады. Бұған біз
ғана емес, елбасының өзі де қатты қынжылтатынын жасырмайды. Олай деп
отырғанымыз, көзқарақты оқырмандар мен көрермендердің есінде болса,
осы 2001-жылдың 31 шілдесі күні елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы
оралмандардың өкілі ретінде осы жолдардың авторын қабылдаған болатын.
Бұны əрине жеке маған ғана емес, шетте жүрген 3,5 миллион қандасымыз
бен елге жаңадан оралған 0,5 миллион оралманға көрсетілген зор құрмет
деп түсінген орынды. Осы қабылдауда менен Елбасы елімідегі көші-қон
саясатының соңғы кездегі атқарылу деңгейін, оралмандардың қазіргі
жағдайын, қытайдағы қазақтардың нақтылы хал-ақуалын, Қазақстандағы
қытайтану мəселесінің бүгіні мен болашағына қатысты мəселелерді
тəптіштеп сұрап, қадағалап ұғыса келiп: “Бір кездері Қазақстанға күштеп
жер аударылған орыс пен немістің, кəріс пен украинның т.б. толып жатқан
халықтардын өкілдеріне жарты нанын бөліп беріп, өз баспанасынан оларға
қоныс берген біздің халқымыз, бүгін өз бауырлары келгенде сол
жомарттығын неге танытпай отырғанына таң қаламын. Ал облыс, аудан,
ауыл əкімдерінің осы мəселе бойынша түсінігі мен тірлігі мен тіпті де қатты
қынжылтады. Егер бір ауыл жылына қандастарымыздың бір отбасын өз
күштерімен қабылдап, мемлекетке салмақ салмай жағдай жасап отыратын
болса, онда оралмандар саны бүгінде жарты миллион емес, одан əлдеқайда
көп болған болар еді…” деген өкініш аралас қынжылысын да жасырмады.
Сонымен бірге, реті келгенде оны да айта кетейін, елбасы оралмандарды да
үкіметке ауыз аша бермей еңбек етуге шақырды; əрі бұдан былай
оралмандарға көрсетілетін материялдық көмек көбірек олардың
арасындағы зиялы қауымға, көп балалы отбасыларға, мүгедектер мен кəріқұртаңдарға көрсетілетіндігінен, келесі 2002 жылы 6 мың отбасыға квота
бөлу жоспарланып отырғандығынан хабардар етті. Мінеки, оралманның бір
өкілін қабылдай отырып, аталмыш мəселеге елбасының ерекше , қадағалай
мəн бергенінің өзінен-ақ көші-қон жəне демография саясатының елімізде
қаншалық салмағы бар екендігін аңғаруға болады.
Ұзын сөздің қысқасы, көші-қон жəне демография саясаты Қазақ елінің
тағдыры мен болашағына қатысты күре тамыр саясаттардың бірі. Олай
болса, бұл саясаттың мəні мен маңызын айғайлатып айтқызбай-ақ түсіну,
жалаулатып жар салмай-ақ орындау – бүгінгі күннің чиновниктеріне заман
жүктеп отырған қасиетті борыш. Өйткені еліміздің экономикалық жағдайы
жаңадан ғана оңалып келе жатқан жайы бар. Егер біз тек үкіметтің
қалтасына ғана қарап отыратын болсақ, көші-қон жəне демография
саясатының орындалу барысын тым-тым ұзақтарға созып аламыз. Тым
ұзақтарға біз шыдағанмен, елдің іші-сыртындағы сан құбылған саяси
атмосфера бір қалыпта тұра береді дегенге кімнен кепілдік бар?! “Түн
ұзарса түс көбейеді” дейді халық даналығы. Сондықтан мемлекеттің бұндай
аса маңызды саясатына жергілікті бек-төрелер мен қалталы ағайындар да
белсене атсалысып жатса – нұр үстіне нұр ғана емес, елдіктің де бір жарқын
көрінісі болар еді.
Осы орайда еске түседі, жұртқа мəлім болғанындай, дүниежүзінде көші-қон
жəне демография саясатын арнайы министрлік құрып, мемлекеттік
бюджеттен қаржы бөліп, ол туралы арнайы заң қабылдап, оны жүйелі де
кешенді жүргізіп отрыған үш мемлекет бар. Оның бірі – Израил, екіншісі –
Германия, үшіншісі – біздің Қазақстан. Осы арада алдыңғы екі ел туралы да
бірер сөз айта кетудің еш артықтығы бола қоймас. Өйткені көші-қон туралы
сөз бола қалса, Израил мен Германияның тірлігіне тамсанатындар бізде аз
емес. Белгілі болғанындай, Израил – АҚШ қалталылары мен
конгресмендерінің қуаты жаман емес. Тек олардағы басты мəселе – елдегі
еврейлердің аздығы, яғни еврейлер көбейген сайын ел іргесі кеңейіп,
мемлекет нығая түспек… Ал Германияға келетін болсақ, “батыс өркениеті”
əбден өтіп кеткен неміс əйелдері ХХ ғасырдың соңғы ширегінен кейін
туытты негізінен тоқтатқан. Осыған байланысты елдің жан саны жыл санап
емес, ай санап құлдырауда. Елдің іші-сыртындағы социалог ғаламдардың
пайымдауынша, болашақта неміс жерін Түріктер мен өзге де европалық
халықтар алып қоюы мүмкін деген қауіп күшті. Оның үстіне елдің
экономикасы жер бетіндегі тірі немісті бір күнде көшіріп алуға жетіп тұр.
Енді не тұрыс, неміс үкіметі қандастарын шақырып жатыр, бар жағдайын
жасап қабылдап жатыр… Ал Қазақстанның жағдайына келетін болсақ,
еліміз тəуелсіздігін жаңа жарияланған жас мемлекет, экономикасы енді
көтеріліп келеді. Сонысына қарамай жер көлемі жағынан əлемде 9-шы
орынды иеленіп отырған ірі мемлекет. Алайда елдің жалпы тұрғыны 16
миллионның айналасында. Оның ішінде жергілікті халық 8 миллиондай
ғана. Бұл əрине өте аз! Өйткені елдің жер көлемі мен тұрғындар саны
арасында ешқандай гармония жоқ. Жер бетіндегі осындай сəйкессіздік жою
болашақта бүкіл ғаламның міндетіне айналды. Оған дейін біз жеріміздегі
адам жиілігін жүзеге асырып үлгеруіміз керек. “Адам” болғанда да кезкелген көк аттымен емес, өз ұрпақғымызбен, өз бауырымызбен толтыру
басты мақсат болса игі. Себебі біздің əр бір облысымызда бір миллион қазақ
баласы өмір сүретін күнге жеткенде ғана алаңсыз өмір сүруімізге толық
негіз қаланды. Ал ол санға ішкі өсім арқылы жету үшін өт ұзақ жылдар
керек. Өйткені Қазақстандағы ұрпақ өсімі өлімнің орнын əрең-əрең жауып,
тіпті кей жылдары жаба алмай қалып та жатады. Сондықтан біздің
үкіметіміз халық санын өсіремін десе, біріншіден, ішкі туытты қолдауды
мықтап қолға алуы, екіншіден, шетте жүрген қандастарымыздың көптеп
елге оралуын қамтамасыз етуі керек. Қиындығы аса мол болған өткен он
жылда жарты миллион қандасымызды қабылдаған болсақ, Алла бұйырса,
алдағы он жылда ең кемінде бұдан екі есе көп ағайынды елге оралта алсақ,
ортамыз толып, жыртығымыз бүтінделіп қалар еді…
«Егемен Қазақстан» газеті . 14 желтоқсан 2001ж.
ЕЛБАСЫ – ЕЛДІК КЕПІЛІ
Өркениетті ел үшін Елбасы туралы ашық əңгіме айту, тіпті ол туралы
пікірталастардың өрістеп жатуы – заңды да қалыпты құбылыс. Құдды сол
сияқты біздің елде де Елбасы туралы оңды-солды əңгімелер аз айтылып
жүрген жоқ. Бұл ретте оңды тұрғыдан айтылып жүрген əңгімелер түсінікті.
Яғни олардікі – елдікке, Елбасына деген тілеулес ойдан туған жанашыр
пікірлер. Мұндай ойдан туған орынды сын-пікірдің жөні басқа. Ал тырнақ
астынан кір іздеп, елдікке тіл тигізіп, Елбасына жала жабатындардікі –
жалғыз Елбасы үшін ғана емес, Отан тағдыры үшін, жер бетіндегі күллі
қазақтың мүддесі үшін аса қатерлі құбылыс. Əдетте жаңағыдай сыңар
езулеп, қыңырға тартқыштар өздерін – «халық қамқоры», «оппозициямыз»
деп түсіндіруге тырысады. Осындай «қамқоршыларымыз» бен
«оппозиция» өкілдерінің көбіне-көп тілдеріне тиек қылатыны – ел
экономикасының «мүшкіл жағдайы», «азыптозған ауыл ахуалы», т.с.с.
Əрине, қиындықтардың бар екендігін біз де жоққа шығарғалы отырған
жоқпыз. Алайда сол қиындықтың себеп-салдарын, түптамырын түсіндіруге
келгенде əлгі «қамқоршылар» əдейі теріс езулеп, ашықтанашық
қыңырлыққа басады. Ондағы мақсаттары - əсіресе, саналы да сауатты
қауымға түсінікті, яғни қоғамдық атақ-абырой топтап, саяси ұпай жинау.
Дей тұрғанмен халық дейтін жарықтық та кейде бала сияқты ғой, байқап
қарасаң, сол «батырлардың» байбаламына бірде болмаса бірде иланып,
кəдімгідей елігіп қалатын түрі бар. Оған бола халықты да кінəлай алмайсың.
Себебі қамыңды жегенсіп, қамқорсып айтылған «жылы сөз» мейлі кімнің
аузынан қандай мақсатпен шықса да, бір сəт ішіңді жылытып, еліктіріп
əкететіні рас. Ал бар мəселені салқынқандылықпен салмақтап, сараптап
қараған кісі ондай жел сөздің желігіне бой алдыра қоймайды. Олай деп
отырғанымыз – ең əуелі біздегі сол «оппозициямыз» деп жүргендердің
кімдер екеніне бір сəт назар аударып көрейікші. Жұрттың да көріп-біліп
жүргеніндей, олардың дені кешегі жоғары лауазым иелері – «биік шыңның»
басындағы тұғырлы тұлғалар болып келеді. Өйткені олар кеше тұғырында
отырғанда қызметін дұрыс атқара алмағаны үшін немесе билігін асыра
пайдаланғаны үшін тағынан тайған. Сол күннен бастап олар партия, топ,
қозғалыс... құрып, «оппозиция» болып шыға келеді. Себебі ендігі жерде
олардың бүлдіріп алған қылмыстарына байланысты іс қозғала қалса,
халықаралық ұйымдар «оппозиция қудаланып жатыр» деп ара түседі.
Сосын – рахат; аузыңа келгенді айтасың да жүре бересің. Бір қызығы –
олардың бəрі болмаса да кейбіреулері ақталып па, жоқ əлде өзге
себептермен бе, белгілі бір мəртебелі орынға қайта қонжия қалады. Содан
былайғы жерде əлгі «бұлбұлдың» тілі байланады да, тек тойған қозыдай
томпиып іске кірісіп кеткен белсенді бейнені ғана көресің. Əлгі байғұсқа
қарап отырып (бұл кездері), біресе ол үшін ұяласың, біресе оған жаның
ашиды. Бірақ бір «тəуірі» - өзінің аса ұялып, тым қызарып жүргені
байқалмайды. Керісінше кейбіреулерінің «Президенттің командасындамын»
деп əр сөзін алтынға балап, сыздап, Қазақстанның аспанын жалғыз тіреп
тұрғандай кісімсіп, əлденеге міндетсіп отырғанына куə боласың. Міне,
біздегі «оппозицияның» сиқы. Осыдан кейін олардың «халық қамқоры»
екендігіне, елдегі экономикалық жағдайды оңалтқалы жүрген «іскерлігіне»
сеніп көріңіз. Қашанда төскейден шауып, төрге озғысы келетін ондай таяз,
санасы саяз, ұлттық ар-намысы сұйқыл «сұрқылтайлар» халық қамын, ел
намысын ойлап жырғатқан емес.
Керісінше біздің мемлекетіміз Н.Назарбаевтың салиқалы саясаты мен іскер
басшылығының арқасында небəрі он-ақ жылда қиын күндерді артқа тастап,
тұрақты дамудың арнасында толық түсті деуге болады. Осы ретте көп
жұртты мазалап жүрген «Артта қалған он жылда неге сонша қиналдық? Əлі
де болса еңсеміз неге көтерілмей отыр?» деген сұрақтар төңірегінде ой
өрбітіп, Елбасының еңбегіне елдің көзін анық жеткізуге тырысып көрелік .
Біз өткен ғасырдың 20-сыншы жылдарынан КСРО деп аталатын отаршыл
империяның «одақтас республикасы» ретінде есептеліп келгеніміз белгілі.
Ал шынтуайтына келгенде, еуразиялық алып державаның шылауындағы,
халқының рухани құндылықтары жойылуға беттеген, табиғи ресурстары
жаппай тоналып жатқан, индустриялық деңгейі мешеу «өгей өлке» - аты бар
да заты жоқ, саны бар да санаты жоқ «республика» едік. Ал сол алып
державаның өзінің экономикалық-өндірістік сипатына келсек, ұжымдық
өндіріс негізіндегі əлеуметтік жоспарлы экономика болатын. Бұл - əсіресе,
бодан елді, отар жерді тонаудың, теспей сорудың таптырмайтын тəсілі еді.
Яғни жеріңнің асты мен үстіндегі байлықты «жоспар» деп аталатын
жосықпен империя құлқына тыға беруің керек. Ал сен империяның
өлтірмеу үшін тастаған азғантай талшығын талғажау етудің шарт. Ал енді
«жарылқап» салып берген «зауытфабрикасының» сиқына келсек, жүн
жуатын, тері өңдейтін, темір қорытатын, т.б. толып жатқан шикізат əзірлеу
орындары еді. Демек, қоқсықтар, қалдықтар, улар-зəрлер сенің жеріңде
қалуы керек. Біздің жерімізде сондай мақсаттармен салынған «ірі» өндіріс
орындары болуын болды. Бұдан сырт алып КСРО-ны бай қожайын десек,
оның жалшы-қойшысы біздің қазақ еді. Əрі өмірбақи жалшықойшы ғып
ұстау үшін қожайынымыз бізге керемет «шарт-жағдай» жасап бергені тағы
рас. Атап айтсақ, автомонша апарып «жуындырып», дəрігер апарып
«тексеріп» тұратын. Алайда осының өзі қандай қорлау, неткен мазақ екенін
ол кезде сезе алмадық. Сонымен, құл қазақ мал соңында құлшынып жүре
берді. Аяғында жеріміз ақтылы қой, алалы жылқыға толып кетті. Бірақ сол
малдан бір балғанды қонағыңа сойып беруге құқың жоқ болатын... Мінеки,
осы үрдіс неше ұрпақтың қанына сіңіп, қасиетіне айналды. Сонымен, қанша
сорақы болса да, ол жағдай бізге қалыпты тірлік тынысы, дұрыс өмір
ырғағы сияқты еді. Көбімізде оның дұрыс еместігін сезінетін сана болған
жоқ, ал сезінетіндердің екі елі аузына төрт елі қақпақ қойылды... сөйтіп
жүргенде, айымыз оңынан туды ма, жоқ, Құдай неше ғасырдан бергі көз
жасымызды көрді ме, кеңес империясы ыдырап, тəуелсіздік алдық. Одақтас
республикалардың бəрі алғашқыда өз күнін өздері көрудің қамымен бетбетімен кетті. Бəрінің қолында тек Кремльдің тайқазанына ырыс құйып
келген «шөміштер» ғана қалды. Кремльге енді қай қазанға құймақсың?!
Сонымен біздегі сол алып «шөміштер» (ірі типтегі шикізат əзірлеу-өңдеу
зауыттары) жұмысын тоқтатпауға мəжбүр болды. Бір мемлекеттің, онда
өмір сүріп отырған адамдардың тіршілігін қамтамасыз ететін сан мың түрлі
өндіріс орындарын салып, оның өнімін игіліктене бастау 5-10 жылдан
қойып, 20-30 жылдың өзінде толық жүзеге аса салатын жеңіл-желпі шаруа
емес. Ел экономикасын бəленбай жыл тығырыққа тіреп келген, əлі де болса
күрделі мəселелерін алдымызға көлденең тартып отырған жағдайдың
түпкілікті себеі, міне, осы. Бұл мəселе əлдекімдер айтып жүргендей,
мемлекет билігін бір қазақтың қолынан алып, екінші бір қазақтың қолына
берумен ғана шешіле салар мəселе емес. Оған салиқалы саясатпен бірге
уақыт керек.
Уақыт керек дегеннен еске түседі, өзге емес, іргемізде жатқан ҚЫтай Халық
Республикасын алайықшы. Біріншіден, өзі –көрші ел; екіншіден, бəріміз
азиялықпыз; үшіншіден, олар да біраз жыл социализмнің «жоспарлы
экономикасын» басынан өткерген мемлекет. Бұл ұқсастықтарымыз аз емес
деген сөз. Осы Қытай елі - əрісі 5 мың жылдық көне тарихы, берісі 50
жылдық жаңа тарихы бар алып держава. Сол державаның арғы бес мың
жылдық тарихынан сөз қозғалмай-ақ, бергі елу жылына көз жіберіп
көрейік. КХР құрылған 1949 жылдан бермен қарайғы табандатқан жарты
ғасырдан астам уақыт ішінде қытай елінде не болмады дейсіз?! 15-20 жылға
созылған жоқшылық-аштық, ондаған жылдарға жалғасқан ішкі саяси
былық, рухани мəдениет саласындағы ұзақ уақытқа созылған күйретужою...т.с.с. саналуан сарсаңдар халықты əбден сансыратып, ел жағдайын
мүлде тұралатып кеткені мəлім. Тек 80-інші жылдардан кейін ғана беті бері
қараған Қытай экономикасы 90-ыншы жылдары ұллтық жалпы өнім құны
жағынан əлемнің ең алдыңғы қатарына көтерілді. Демек, Пекин елдің
мұндай экономикалық дамуына 40-50 жылда зорға қол жеткізіп отыр.
Алайда қытайлықтарды ұжмақ өмірде өмірде баяшат тұрмыс кешіріп жатыр
деуге əлі ерте. Мəселен, Дың-Сияупиң «жаппай кəсіпкерлікпен
айналысуды» дəріптеп кеткен болса, бүгінде Джияң-Зымин «бюджеттік
мекемелерді, өзін-өзі ақтай алмайтын кəсіпорындарды жаппай қысқартуды»
жүзеге асыруда. Осындай саясаттардың нəтижесінде Қытайдағы «ұжмақ
коммунизм» елесі де көзден бұл-бұл ұшып барады. Ал енді КХР құрылған
кездегі Қытай елінің экономикалық, саяси, əлеуметтік мүмкіндігі мен 90ыншы жылдардағы біздің түрлі мүмкіндігімізді мүлде салыстыруға
келмейтін жағдайда болатын. Яғни, Қытай елі 1949 жылы тек қоғамдық
формация өзгерткені болмаса, одан бұрын да Пекин, Шанхай, Тянжин,
Нанкин, Гуаңджоу, Гонконг, Далиян... секілді толып жатқан сауда мен
өнеркəсіпті негіз еткен ірі қалалары, порттары бар; барлық бала бойынша
өндіріс орындары əлемдік деңгейде дамыған неш мыңдаған, миллиондаған
алпауыт капиталистері бар; жан саны жарты миллиардтай, оның 90
пайыздан астамын қытайлар (ханьзу) құрайтын кəдімгі қатепті мемлекет, ірі
империя болатын. Соның өзінде соңғы елу жылда аяғын əлтек-тəлтек,
оңды-солды басып жүріп, тұрақты даму арнасын енді тауып отырған жайы
бар.
Ал бізде тəуелсіздік жариялаған кезде ондай мүмкіндіктің қайсысы болды?!
Жалғыз Алматы қаласы қана жөндем; о жер-бұ жердегі шикізат өндіруге
ғана арналған, өзі далиған, өзі мешеу жабдықталған «зауытсымақтар...» Бар
болғаны – осы ғана! Соның негізінде біз мынау алмағайып заманда
мемлекет құрып, ел болып келе жатырмыз. Қайта құдайға мың мəрте шүкір
дейік! Бес мың жылдық тарихы бар ежелгі халықтың еліндегідей біздің 3040 жылымыз саяси былықтарға, «төңкерістерге» сарп болып жатқан жоқ, ел
құруға, тəуелсіздікті нығайтуға арналып жатыр.
Жалпы, адамзаттың өркениет тарихына, мемлекеттердің даму тарихына көз
жіберетін болсақ, бірінші ширек ғасыр мемлекеттің қалыптасу кезеңі деп
аталады. өзге емес, өзіміз өмір сүрген КСРО-ның өзі 30-40 жылдан кейін
ғана «ауызымызды аққа тигізген» жоқ па?! Міне, осылардың бəрін ой
елегінен өткізіп, ақылға салып таразыламай, он жылдық немесе мың
жылдық тарихы бар Қазақстаннан жүз жылдық немесе мың жылдық тарихы
бар мемлекеттердегі жағдайды талап етеміз. Талап етуімізді дұрыс делік,
бірақ оған ешқашан ел басындағы бір қазақты немесе бір-бірімізді кінəлау
арқылы қол жеткізе алмаймыз. Оған ел болып талпыну – ұмтылу арқылы,
ояу ұлттық санамен, сергек ақылмен, ар-намысты ту еткен береке-бірлікпен
ған жетеміз. Ол үшін елді басқарып отырған адамның ақылы мен қайраты
шешуші рөл атқармақ. Бұл реттен келгенде Нұрсұлтандай ұлын дайындап,
тура осы кезде ел басқаруға əкелген қазақ халқы бақытты! Тіл-көзіміз тасқа.
Он жыл – ұлы тарих көшімен салыстырғанда қас-қағым сəт. Осы қысқа ғана
он жылда Қазақ Елі өзінің əлемдік қауымдастықтан алған орнын бекем
иемденіп, «Қазақстан» атағын айдай əлемге паш етті. Бұны, əрине, ең əуелгі
республика басшысының сыртқы жəне ішкі саясаттағы белсенді де ұтымды
еңбегінің бодауы деп ұққан орынды.
Ал енді назарды елдің ішкі, нақтылы жағдайына бұрар болсақ, ондағы
саяси, экономикалық, мəдени салалардағы жаңғыруларды, адамдар
санасындағы өзгеріс-сілкіністерді, жалпы əлеуметтіктаным мен
талғамдағы болып жатқан бетбұрыстарды бір ауыз сөзбен түйіндеу мүмкін
емес. Тіпті саясат пен экономикадағы оңды өзгерістер туралы сөзді аталған
сала мамандарының еншісіне қалдырып, мəдени-рухани өмірімізде болып
жатқан түрлеуге, жаңғыруға, сілкініске сəл ғана ой жіберіп көрелікші.
Мұнда да адамдар жан дүниесінің қатпар-қатпарына сəуле шашқан,
психология, таным-наным, тіршілік тынысы... секілді салаларға да өз
бедерін салып келе жатқан рухани жаңғырудың, ой-сана бетбұрысының
өрлеуін байқауға болады. Соның бастыбастыларын ендей өтіп, бойлай
шолып, сарабдал сананың сүзгісінен тағы бір өткізіп, дəуір безбеніне салып
бағамдасақ, ғажайып игі қадамдар жасалғанына куə боламыз .сол игі
шаралардың алғашқы кезегінде Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 06
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.