Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 12

Total number of words is 3812
Total number of unique words is 2170
31.5 of words are in the 2000 most common words
44.8 of words are in the 5000 most common words
51.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жанынан құрылған бұл департаменттің орталық аппаратында-16,
облыстарда 68 адам жұмыс істейді.Ал көші-қон жұмысы республикалық
жұмыспен қамтуға көмектесудің мемлекеттік қорынан қаржыландырылып
келеді.Өткен жылдарда бұл қордың жағдайы əр қалай болып келді.Дегенмен
биылғы тəуірлеу деген мүмкіндікті пайдаланып, атамекенге қоныс
аударушыларға қол үшін көбірек беру мақсатында тырбанып жатырмыз.
1991 жылдан бері əлемнің əр шалғайынан 125 мың қандасымыз Отанға ат
басын тіреп үлгеріпті. Бүгінгі күні бұлардың ішіндегі 4500 отбасы
мəселесін шешіп беруді өтініп отыр.Дегенмен,құдайға шүкір,соңғы 4 айдың
ішінде бес жүз отбасына тұрғын үй сатып алып бердік.Бұнымен ғана
шектеліп қана қоймаспыз,бұны шешуге тағы да қаржы бөліп отырмыз.Осы
арада басын ашып алатын бір мəселе:жоғарыда да айттым,əуел баста
департаментіміз көшіп келуші ағайындар үшін құрылған болса,соңғы
кездері республикамыздан тарихи атамекеніне қоныс аударушылардың
ісімен,сондай-ақ Қазақстанға келуші өзге де халықтар өкілдерінің
қоныстану проблемасымен айналыса бастады.Себебі,қандастарымыздың
көші-қонымен қоса,өзге халықтардың келуі мен кетуіне де мəн бермеуге
болмайды.Мəселен,осы 95-жылдың алдыңғы жартысында республикамызға
сырттан 33 мың адам көшіп келген болса, оның 8 мыңы ғана өз
қандастарымыз. Олардың 16400 орыс ұлтының, қалғаны өзге халықтардың
өкілдері. Өткен жылы да көшіп келуші қандастарымыз бен өзге
халықтардың сандық салыстырмасы осылай болған. Біз көп ұлтты
республика ретінде өзге халықтардың көші-қонына да көңіл аударуымыз
қажет. Бұл-бір. Екіншіден, Қазақстаннан өзге өңірлерге қоныс
аударушыларға да мəн бермеуге болмайды.Өйткені, көштің себебін анықтау,
кейбір өте қажет мамандарды мүмкідігінше алып қалу жөнінде қызмет істеу
секілді жұмыстарда біздің көшіқон департаментінің мойнына жүктеліп
отыр. Сондықтан, біздің ағайындар, департамент тек қана көшіп келуші
қандастар үшін қызмет етеді деген түсінікті өзгерту керек.
Міне,осындай жағдайдағы көші-қон жұмысын нысаналы, жоспарлы
түрде жүргізіліп жатыр деп айту əлі ертерек. Ал бұдан былай шамамыздың
жеткенінше кешенді түрде жүргізуге тырысамыз.Таяуда көші қон
жұмысының мемлекеттік бағдарламасын жасадық, оны аз күннен соң
үкіметке ұсынбақпыз. Сонымен бірге үкіметтің алдына көші-қон көмитетін
құру жөніндегі талаптілегімізді қоямыз (бұрын да қойылып келді ғой). Бұл
талапқа қаржы министрлігінде отырған азаматтар да ылғи да қарсы бола
береді. Заңды негізі толық бұл талапқа олардың неге келіспейтіні
түсініксіз....
Департаменттің статусын көтеру де, кадрларын іріктеу де күн тəртібінде
тұрған мəселелер. Жалпы «көш жүреле түзеледі» дегендей, департаменттің
де жемісті еңбек етер шағы алда екендігі шүбəсіз.
-Қазақстан үкіметі өзінің қиын жағдайына қарамастан, көшіп келушілерге
арнап жылына бюджеттен аздап қаржы бөліп отырғаны рас. Осы қаржы
ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр деген де сөз бар...
-Бұл - біздің жұмыс барысымызбен таныс емес адамдардың долбары ғана.
Мəселен, былтыр көшіп келушілерге арналып бюджеттен 17 млн. теңгедей
бөлінсе, ал биыл дəл осы уақытқа дейін көшіп келушілердің тек баспана
мəселесін шешуіне көмектесуіне бағытталған 110 млн. теңге, көшіп-қонуды
ұйымдастыруға арналып 40 млн. теңге бөлініп отыр. Осындағы үй алуға
бөлінген қаржы тұрғын-үй құрылыс банкі арқылы əкімдер жанынан
комиссиялар шешімінің негізінде жұмсалады. Мүмкін департамент
қызметкерлері көші-қонды ұйымдастыруға бөлінген қаржыны үнемдемей
жұмсайтын жағдайлар болған шығар (мысалы, жақыннан таситынды
алыстан тасып, бір ұшақ жіберетін жерге, екі ұшақ жіберіп деген сияқты),
бірақ «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетті деу артық болар.
-Əлеке, мынау Моңғолиядан келген ағайындарға, кейбір жергілікті
əкімшіліктер: «еңбек шарты бойынша келген мерзімдерің аяқталды, енді
елдеріңе қайтыңдар» дейтін көрінеді.
-Жақында біз бір семинар өткіздік. Онда осы Моңғолиядан келген
ағайындардың азаматтық мəселесін қалай тез шешу қарастырылды. «Еңбек
шарты» деп аталғанмен көбісі түпкілікті қоныстануға келгені
белгілі.Семинарда көшіп келушілердің еркі болса, азаматтық алуға
көмектесуге біздің дайындығымыз жайлы Ішкі істер, Сыртқы істер
министрліктері өкілдерімен бірлесіп пікір алмасу өткіздік.
-Моңғолиядан келген біраз отбасы қайта көшіп кетті. Осы «теріс көшке» кім
кінəлі деп ойлайсыз?
- Бұл мəселеде белгілі бір жаққа кінəні арта салу жарамайды. Ең бірінші,
көшіп келуші ағайындарға Отанға деген үлкен сүйіспеншілік болса, яғни
жер бетіндегі қазақ елінің тағдыры үшін, соның болашағы үшін деген ниет
болса, бұндай «теріс көштің» болуы мүмкін емес еді. Осы орайда мен бір
мысал айтайын, Израиль мемлекеті алғаш құрылғанда, еврейлер өздері
жасап отырған жұмақ елдерін (Америка сияқты) тастап, қазіргі Израильдің
тастақ даласына келіп, елін көркейтуге жұмыс жасады. Біздің сырттан
келген қандастарымызда осындай патриоттық сезім болса, кері көшудің
болуы мүмкін емес еді.Тағы бір жағынан «атамекенге оралдым, бəрін үкімет
жасауға тиіс» деген психологиядан да арылатын уақыт жетті. Бұдан тыс,
жаңағы «теріс көшке», біздің кейбір жергілікті əкімшіліктердің істеріндегі
кемшіліктер де, сол «теріс көшушілер» сəл ғана ойланса жөн болар еді.
Қуанарлық жағдай «теріс көшушілер» əзірге аз.
-Бүгінде Қытай елінде бір миллионнан астам қандасымыз бар.Олардың
көші-қоны туралы қандай ойдасыз?
-Ең əуелі Қытайдың ұлы держава екендігін,бізбен іргелес жатқандығын
ескерсек,онымен тату көршілік қарым-қатынасты сақтау бəрінен
маңызды.Ал,ондағы ағайындар туралы айтсақ, тарихи себептерге
байланысты бөлініп жарылған отбасылардың қосылып,бір жерде өмір
сүруіне жағдай жасауға,əсіресе, біз көбірек ынталы да белсенді болып
отырмыз.Оған Қытай үкіметі де кедергі жоқ деп отыр.
-«Қоныс» қосымшасының алғашқы нөмірін пайдаланып, оқырманымызға,
редакция ұжымына не айтар едіңіз?
-Бəріміздің илемек болып жүргеніміз бір терінің пұшпағы екен.Бір жағадан
бас,бір жеңнен қол шығарсақ игі.
-Əңгімеңізге рахмет,Əлеке! Сұхбаттасқан: Дүкен МƏСІМХАН.
«Түркістан» газеті. 8 қараша 1995. №45.
СЫРТТАҒЫ 5 МИЛЛИОН ҚАЗАҚ ОТАНЫНА ОРАЛА АЛА МА?
(«Жас алаш» газетінің сауалнамасы)
Дүкен Мəсімханұлы: Оралмандардың проблемалары түбегейлі шешілді деп
айту қиын. Олардың көбі үй-күйсіз жүр. Егер бюджеттен бөлініп отырған
қаржы сол мақсатта ғана жұмсалса, бір жылғы қаржының өзі тəуелсіздіктен
бері оралмандардың бəрін баспанамен қамтамасыз етуге жетер еді.
Өкінішке орай, оралмандарға бюджеттен бөлінген қаржы оларға не жетпей
қалады, не талантаражға түсіп кетеді. Оралмандарды жұмыспен қамту
мəселесіне келсек, Қытайдан келгендердің дені жоғары білімді, тəжірибелі,
бесаспап маман болғанымен, олар еңбекпен қамтылмай қалды. Мəселен,
Американы Америка еткен – соңғы 300 жылдың ішінде шетелдерден
ғалымдар тарту əдісі. Ал, біз болсақ керемет-керемет мамандықтарды
шетелдерден игеріп, өз аяғымен келіп жатқан өз бауырларымыздың
қадіріне жете ала алмай отырмыз. Олар Қытайдан жұмыс таппағандықтан,
күн көре алмағандықтан емес, сол жақта жасалған барлық жағдайды тастап,
Отаным деп келіп отыр. Тіпті олардың ішінде Жапонияда докторлықтың ең
жоғарғы дəрежесі – аға докторлықты алып тоғыз жыл оқып келген Уатхан
Сəйпіл деген жігіт бар. Содан соң мықты аграном, қытай, жапон, ұйғыр
тілдерін ана тіліндей білетін, өз мамандығы бойынша Жапониядан
магистратура оқып келген Болатқазы Əнуарбекұлы деген азамат та
назардан тыс қалды. Бұлардың барлығы – алтын қолды мамандар. Алайда,
қазір олар күнкөріс үшін сауда-саттықпен айналысуға мəжбүр. Баспана да
берілген жоқ. Жұмыспен қамтылу жағы мүлде ауызға алынбайды. Яғни,
Қазақстандағы көші-қон саясаты кешенді түрде жүргізіліп жатыр деп айта
алмаймын. Жоғарыдан Елбасының пəрмені бар, заң бар, бірақ, төмендегі
атқарушы биліктегі шенеуніктер заңның өзімен таныс емес.
Оралмандардың тұрмыс деңгейі қазір əртүрлі. Өйткені, кезінде біразы
жұмыспен қамтылғанымен, келе-келе көбі жұмыссыздар қатарына
қосылды. Осының басты себептерінің бірі – Қазақстандағы тіл саясатының
əлсіздігі. Мəселен жоғарыда айтылған Болатқазы деген азамат өз саласы
бойынша, қайда барса да орыс тілінің қиындығы алдынан шыға бергесін,
екіншіден баспанадан қиналғандықтан еріксіз базар жағалауға мəжбүр
болды. Сөйтіп, осылар секілді өзге де толып жатқан азаматтар өз
мамандықтары бойынша орналасқан жұмыстарынан əртүрлі себептермен
ығыстырылып, бүгінде қолға ілінген шаруамен айналысуға мəжбүр.
Олардың бір мақсаты тарихи Отанға жету болса, одан жоғары мақсаты сол
Отанына өзінің білімін , ақыл-ойын беру, мамандығы бойынша қызмет ету
болатын. Өкінішке орай, қазір олар тек жанбағыспен айналысуға мəжбүр.
Оралмандардың балаларын жоғары оқу орындарына жеңілдікпен қабылдау
туралы мəселе алғашқы жылдары болған. Кейінгі екі жылда ешқандай
жеңілдіксіз Қазақстан азаматтары мен тестік əдіспен сынақ тапсыратын
болды. Бұл жерде оралмандарға басқаша көзқарас керектігі ұмыт қалған
секілді. Өйткені, олардың қазақстандық балалармен бəсекеге түсуі қиын.
Себебі, əр мемлекеттің оқу бағдарламасы ұқсамайды. Сондай-ақ,
оралмандардың жоғары оқу орындарында аспирантурада оқуына да
осындай кедергілер көп. Егер оларға ғылыми тақырыпты оралмандардың
өздері келген елдің тарихымен, мəдениетімен қабыстырыла берсе, оған
əлдеқайда жеңіл болар еді. Бұқара халық əлі көш бастаған жоқ. Қазір
Қытайдан 100 отбасы, яғни мыңға жуық қазақ келді. Соның оншақтысы
ғана бюджеттік мекемелерде жұмыс жасайды. Яғни, оралмандарды қандай
болсын жұмыспен қамту мемлекеттік тұрғыдан кешенді тұрғыда шешіліп
жатпағандығы байқалады. Оны былай қойғанда, сол жұмыссыздықты өздері
жеңіп, бизнеске араласып шетел инвестициясын əкеліп жатқан жоқ.
Мəселен, үкімет шетелдерден келген оралмандарға көмек ретінде олардың
бизнесінен алынатын салықты азайтса, тіпті, 4-5 жылға салықтан құтқарса
олар мемлекеттен ештеме сұрамайтын еді. Біздің мемлекеттің əлсіз тұсы –
бізде қытайтану дұрыс жолға қойылмаған. Ал олар алақандағыдай көріп
зерттеп отыр. Сондықтан Қазақстанда қытайтану орталығын ашып, онда
Қытайдан келген зиялы оралмандарды тарту жөнінде Елбасыға да хат
жолдағанмын. Оралмандардың ең басты мəселесі – тиісті құжат жүзіндегі
құқығын ала алмауы. Еңбекпен қамту жəне бейімделу мəселесіндегі
кемшіліктер. Сондай-ақ оларды орналастыруда да салиқалы саясат қажет.
Мəселен, Қытай Халық Республикасының Алтай, Тарбағатай
аймағындағыларды Семей, Өскемен жағына, ал Іле қазақтарын Алматы,
Талдықорған облыстарына орналастыру тиімді. Сол сияқты Өзбекстаннан
келген оралмандарды Қызылорда, Ақтөбе облыстарына, ал Моңғолиядан
келгендерді Солтүстік Қазақстанға орналастыру ыңғайлы. Əрине
оралмандардың солтүстікке баруы қиындау. Ауа райына көндікпеуі мүмкін.
Алайда, республикадағы демографиялық тепе-теңдікке қол жеткізу үшін
негізінен славян тектес халықтар көбірек қоныстанған Орталық, Солтүстік
Қазақстанға оралмандарды көптеп қоныстандыру қажет. Егер солтүстікке
барғандарына жер, үй, несие берсе десе, көпшілігі солай қарай ауар еді.
Оралмандардың Оңтүстікке қызығатын себебі – мұнда сауда істеуге
қолайлы. Сауда арқылы күн көреді, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік алады.
Ал егер Үкімет үйді солтүстіктен тегін берсе, оралмандардың оңтүстікке
ұмтылуы азаяар еді. Алайда көштің сипатына да көңіл аудару керек.
Өйткені, бұқара халықтың көшімен зиялылардың көші ұқсамайды.
Зиялыларды негізінен жерлерге орналастырып, оларға қызмет беріп,
олардың мүмкіндіктерін, тəжірибесін пайдалану қажет. Кезінде Қытайдан
1952-1962 жылдары оралмандар қайтқан кезде оларға тек жұмыс қолы
ретінде ғана қаралды. Олардың ішіндегі білімді азаматтар да қарапайым
халық та негізінен ауыл шаруашылық жұмысына жегілді. Қазірігі жағдайда
оралмандарға мұндай саясат жүргізуге болмайды. Оралмандарға қарапайым
халықтың да көзқарасы əртүрлі. 1941-1945 жылдарда кəрістің, орыстың,
шешеннің, немістің, т.б. толып жатқан ұлттың өкілдерін қабылдап, бір
бөлмесін босатып беріп, пəленбай жыл төбесіне көтеріп, күткен қазақ енді
өзінің қандастарына дəл сол бауырмалдылығын көрсете алмай отыр.
Қазақстанда көші-қон заңы бар. Сол заң атқарылуы керек.
«Жас алаш» газеті. 6 мамыр 2000ж. №55
.
«МЕН ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫМ...»
Кешегі Кеңес өкіметі тұсында шығыста жатқан көрші Қытай елімен
Қазақстанның қарым-қатынасы, аралас-құраласы аз болғаны анық. Өйткені
кіммен кімнің араласып, барып-келуін Мəскеу шешіп, өз уысында ұстап
отырды. Ал, еліміз егемендік алғаннан кейін Қытай секілді ұлы көршімізбен
қарым-қатынас, ондағы қандастарымыздың тарихи отанына келіп-қайтуы,
қалаған жағдайда оралуы едəуір жақсарды. Біз бүгін осыдан сегіз жыл
бұрын ата-жұртқа ат басын тіреген, қазір əл-Фараби атындағы Қазақтың
мемлекеттік Ұлттық университетінің Қиыр Шығыс елдері кафедрасының
меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты, қытайтанушы ғалым, ақын
Дүкен Мəсімханұлымен болған жедел əңгімені оқырман назарына ұсынып
отырмыз.
-Ақпарат құралдарынан білгеніміздей, сіз жақында ғана Президент
Н.Назарбаевтың қабылдауында болып, Қытайдағы қандастарымыздың
жағдайын, тыныс-тіршілігін сөз еткен көрінесіз. Ол жақтағы елдің жағдайы
қалай? Елбасымыз екі елдің қарым-қатынасы хақында не айтты? -Мен
мына іреміздегі Қытай жерінде туып өстім. Орта мектептен соң Пекиндегі
орталық ұлттық университеттің филология факультетінде оқып, қытай тілі
мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Қазақ елінің егемендікке қол
жеткізгені – шетте жүрген бізге де зор ықпалын тигізді. Содан да шығар,
1993 жылы Қазақстан Үкіметінің шақыруымен Алматыға ат басын тіредім
де, Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетіне оқытушы болып жұмысқа
орналастым. Қытай тілінің маманы болғандықтан əрі сол елде ержетіп,
есейгендіктен ондағы қазақтардың хал-жағдайын жақсы білемін. Көзбен
көрген, көңілге түйген кейбір мəселелерді Елбасына баяндау үшін біраз
уақыт қарекет жасағаным рас. Ақыры талабым тасқа тимей, Елбасына
жолықтым. Жасырып-жабары жоқ, қазір Қытайдағы қазақтардың жағдайы
жағдайланып, ұлттық дəстүрі, салт-санасы, рухани жақтан өсуі, дүние
танымы таяздап барады. Əсіресе, қазақ мектептерінің саны кеміп, ана
тіліміздің қолданыс аясы тарыла түсуде. Жас қазақ əйелдерінің дүниеге
ұрпақ əкелуіне шек қойылған. Төрт түлік мал өсірумен айналысатын
қазақтардың күнкөрісі де сын көтермейді. Олар орталықтан шалғайдағы тау
шатқалдарында, шөлді аймақтарда тіршілік етіп жатыр. Егін егетін
қазақтардың да ахуалы керемет емес. Жер тапшы. Өнген өнімге салынатын
салық та жоғары. Міне, осы мəселелерді Елбасына баяндап бердім. Ал
қуаныштысы – Қытайдағы қазақтардың жағдайын Елбасы менен кем
білмейді екен. Квота арқылы атажұртқа қайтып оралған қандастарымызға
көп жеңілдіктер жасалатынын айтты. Сондай-ақ басқа жолдармен келген
қандастарымызға да азаматтық берілетінін, бірақ жаппай жұмыспен, үймен
қамтамасыз етудің қиын екенін ортаға салды. Дүниежүзінде шетте жүрген
қандастарын тарихи Отанына көшіріп алу мəселесімен Израил, Германия
жəне Қазақстан Республикасы нақты шұғылданатынын еске салған Елбасы
Қытайдағы қазақтарға қопарыла бері қарай көш деуге біздің қақымыз жоқ.
Бұл – Қытайдың ішкі саясатымен сабақтасып жатқан мəселе. Дегенмен, біз
атажұрттан ажырап қалған қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына
əрқашан қамқорлық жасаймыз деді. -Сіз осы кездесу кезінде Елбасына өзге
де өтініш айттыңыз ба?
- Еліміз егемендік алғанға дейін Қытай халқын танып-білуді, оның өкіметі
жүргізіп отырған саясатты саралап, салмақтауды кешегі Кеңес өкіметі өз
қолында. Сондықтан ол Қытай секілді ежелгі көршісінің жай-жапсарын
жақсы білуге де тиісті. Осыған орай Елбасына республикамызда қытайтану
орталығын ашу қажет екендігін жеткіздім. Елбасы бұл өтінішімді құп көріп,
құзырлы мекемелер арқылы зерттеп, зерделейтінін сездірді. Сөз орайына
қарай айтып кетейін, өзім еңбек ететін шығыстану факультетінде бір топ
жас қытай тілі мамандығын оқып жүр. Осы факультетті бітірген сондай
біраз жастар қазір Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде, сыртқы сауда
саласында, тағы басқа да мəдени орындарда қызмет атқарады. Егер
қытайтану орталығы ашыла қалса, біз дайындаған мамандар қытай
тарихын, əдебиетін, мəдениетін, экономикасын, ғылымын одан əрі терең
зерттеп, білетін болады. Сонда ғана біз жақсылығы жеткілікті, жұмбағы көп
көршіміздің тарихын ғана емес, бүгінгі талап-тілегін де терең тани аламыз.
-Енді Отанына оралған өз отбасыңыз жайлы да біле кетсек артық емес
шығар?
-Атажұртта ғұмыр кешіп жатқанымды бақыт санаймын. Алматыдай ару
қаланың қақ ортасынан үш бөлмелі үй алдым. Жұбайым Айнұр да – қытай
тілінің маманы. Ол сыртқы сауда саласында қызмет етеді. Үкідей үлпілдетіп
үш қыз өсіріп отырмыз. Шығармашылық жұмысым да табыссыз емес.
«Семсер суы», «Жер буы» атты екі жыр жинағым жарық көрді. Жақында
«Елорда» баспасынан «Сарап» дейтін ғылыми зерттеу мақалаларым
басылып шықты. Қытай тілін зерттеуге арналған еңбегімді баспаға
əзірлеудемін. Түйіндеп айтқанда, алдағы уақытта да қандастарымызды
Қытай секілді сан қырлы тарихы бар елмен етене таныстыра түсуді
өмірімнің өзегі санаймын.
-Əңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан: Мінуəр Əкімханов
«Қазақ елі» газеті. – тамыз 2011ж. - №12
«МЕНДЕ ЖАЛҒЫЗ ОТАН БАР…»
- «Ауылым көшіп барады қырдан асып,
қырдан асқан бұлтпенен
араласып…»
Осы əнді тыңдаған сайын жанары барға жас келеді, жүрегі бар бір күрсінеді.
«Тауда арқар мөңіресе, сайда сиырдың мұйізі сырқырайды» деген ел едік,
Дүке! Ат-көлік аман-есен, атамекенге табан тіргелі де біраз жылдың жүзі
болды. Онда не қалды, мұнда не бар екен?
- Шекара аттап, бір елден бір елге бір жола көшу тұрыпты, бір қаланың о
шетінен бұ шетіне көшудің адам жүйкесіне түсіретін моральдық,
психологиялық, материялдық… салмағының өзі қанша ма?! Ал мына
ауданнан ана ауданға, ауылдан орталық қалаға қоныс аударғандарды еліжұрты, туғантуысы, көрші-қолаңы… жиналып, көріс айтып, шу-шұрқан,
азан-қазан боп шығарып салып жататынын білеміз. Бұл əрине, тек біздің
халықтың ғана менталитетіне тəн бауырмалдық сезімнің де əсері, көрінісі
шығар. Дей тұрғанмен осының астарына, өзегіне үңілетін болсақ, онда адам
баласының өз өмірінің белгілі бір кезеңін, белгілі бір мазмұнын жоғалтуы,
сонымен қоштасуы жатқанын аңғару қиын емес. Ал шекара аттап, бір
мемлекеттен екінші мемлекетке біржола қоныс аударудың адам жанына
салар жарасы мен салмағын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес сияқты…
Тіпті, біздер – жат жұрттан, кісі елінен, атамекенімізге – азат отанымызға –
азаттыққа өз еркімізбен келіп, елімен қауышушы, отанына оралушымыз ғой,
соның өзінде мекен ауыстырудың зілмауыр салмағына жүрек байқұс зорға
шыдас береді. Өйткені онда – кеткен жерімізде мені жаратқан,
қалыптастырған топырақ қалды. Атап айтсам, туған ауылым, қарындасбауырым қалды. Ел-жұрт, туыс-туған, дос-дұспан, құдажұрат, жора-жолдас,
сыныптас-курстас, таныс-біліс, көрші-қолаң… тұтас қалды. Ең ауыры атам
мен əкемнің басы қалды. Ал енді осындай төңірегі жоқ қазақты қайғысыз
қазақ деуге, жандүниесі бүтін адам деуге бола ма?! Соңғы кездері сол
жақтағы туған ауылым жиі түсіме кіреді. Əлдеқандай қимас туыстарыммен
қауышып, жылап жатып оянам… Туған ауылымды көрмегеніме биыл 12-ші
жыл! Өзің ойлашы, етжүректі адам үшін, оның ішінде «туған жердей жер
болмас, туған елдей ел болмас» дейтін халықтың жүрегі нəзік ақыны үшін
туған жерін 12 жыл емес, 12 ай көрмеудің сағынышынан ауыр не болуы
мүмкін?! Ал «мұнда не бар екен» дегенге келетін болсақ, мұнда өзге
жұрттардың əлгінде мен санамалаған қимастарын, тіпті өз басын
құрбандыққа шалса да жете алмай жүрген, адамның шексіз бақыты –
Азаттық бар, Отан бар! Қазір дүниежүзінде екі мыңнан астам ұлт өмір сүріп
жатса, соның екі жүзден астамының ғана өз мемлекеті – азат Отаны бар
екен. Сол бақытты халықтың бірі біздің Қазақ – Сіз бен біз. Осындайда елі
жоқ, жері жоқ, тілі, діні жоқ, бұлары болғанмен азаттығы жоқ жұрттарды
ойлаймын да «тəуба» деймін! Азаттық үшін күні бүгінге дейін қан төгіп
жатқан жұрт аз ба? Өзгені былай қойғанда, туысқан ұйғырлады айт, дінқарындас шешенді айт… Осындай сезімнің жетегінен болу керек, мен
қандай ортада тыңдасам да əнұранымызды бірде-бір рет толқымай
тыңдаған емеспін. Орнымнан тұрып əнұранға ілесіп шырқай бастағанымдаақ кеудемді мақтаныш па, қуаныш па, жоқ əлде от-жалын ба… алай-дүлей
бір сезім билейді де кетеді… Ол сəтте дүниеде менен бақытты адам жоқ,
бəрін ұмытып, басқа бір əлемде қалықтап жүрем. Мүмкін Азаттықтың,
Отанның бақыты деген осы сезім шығар!
- Дүке, əлгінде бір сөзіңізде туған жерімді көрмегеніме 12 жыл болды деп
қалдыңыз. Ол жақтан келгендердің біразын білем, олар күнде демей-ақ
қояйын, екі күннің бірінде шуап барып-келіп жатады ғой. Сонда Сізге
ерекше шектеу бар ма, қалай…
- Ерекше шектеу бар деп кесіп айта алмаймын. Бірақ ана бір жылдары
Қытайдың жергілікті құқық қорғау органдары Қытайдан келіп,
Қазақстанның азаматтығын алған, бірер жылдан соң қайыра ауылына
барған біраз ағайындарымыздың паспорттарын тартып алып, оларды талай
уақыт себепсіз əуре-сарсаңға салғаны бар. Солардың біразы қайтып
келгеннен кейін маған: «Сен барушы болма!» дегенді ерекше ескертті.
Осыдан соң туған жерді көрсем деген ниет пəсеймегенмен, тартып кетуге
жүрек дауаламай қалды. Коммунистік-тоталитарлық жүйенің шет жағасын
өзің де көрдің ғой, ондай қоғамда заңды белден басу, кісілік құқықты
аяқасты ету деген түк емес. Əсіресе төмен жақта заң бұзушылық əрі өрескел
əрі жиі болады. Олармен тəжікелесіп жүргенде (онда да бостандықта
жүрсең) біраз ғұмырың өтіп кетуі де ғажап емес. Ал қырсыққанда əрі
өкініштісі ондайға араша түсетін, өз азаматының жоғын жоқтайтын
Қазақстан үкіметі ме?! Біздің Бекқожа деген бауырымызды (Қазақстан
азаматы) қытайдың жергілікті құқық қорғаушылары табаны күректей төрт
жыл мырза қамақта ұстағанда «мəу» деген қазақ үкіметін көрмедік. Осыдан
кейін кімге сеніп, қалай барасың?! Туған жеріңді түсіңде көргеніңді қанағат
тұтуға тура келеді…
- Дүке, əңгіменің ашығы дұрыс. Жүзге бөлінгеннен «өлердей қорқатын»
біреулер, оралмандар келгелі қазақ халқы төрт жүзге бөлінетін болды деген
сыңайдағы сыбыс таратып жүр. Шындығында тағдырдың айдауымен
тарыдай шашылып кеткен қазақтар өз отанында өгейлеу бала сияқты
шетқақпайлықты қатты сезінетін секілді. Сондықтан да болар сырттан
келген ағайындар өздерінше бөлек, саяқтау топ құрып жүргендері жасырын
емес. Мал екеш малдың өзі бір жерді жерсінсе, бір жерді жерсінбейді ғой.
Ал енді жүрегі бар адам баласы, əрине, мұндай жағдайда ішкі
жандүниесімен дағдарысқа ұшырауы мүмкін. «Оралман» деген сөздің өзі
моральдық тұрғыдан адам құқығына қол сұғу болып есептеледі. Осы бір
сөзді реті келсе мұлдем қолданбау керек деген ойды үнемі есімізде
ұстауымыз жөн-ау. Себебі қазір іркіттей іритін уақыт емес. Жеке өз
басыңыз атажұрт топырағына тамыр жайып кеттім деп айта аласыз ба?
- Өзіміз аруағына күнде лағнет жаудырып жататын Кеңес одағы 1956-1963
жылдары қытайдан заңды жолмен көшіп немесе шекара бұзып қашып
келген қазақтарды «оралман, пəлен-пəштуан» демей-ақ қарсы алып, ауылауылға бөліп орналастырыпты. Ертеңінде паспорт бөлімінің қызметкерлері
келіп анкетасын толтырып əкетіпті де, бір аптадан соң азаматтық
паспорттарын қолдарына ұстатып кетіпті. Бірде-бір адам далада қалмаған,
нашар болса да баспанамен толық қамтамасыз етілген. Бірер айдан соң,
оқушысы мектепке, студенті университетке, еңбекке жарамдысы орағын
алып егіске, таяғын алып өріске кеткен. Ал бізде ше, таусылмайтын дау,
қып-қызыл жанжал, бітпейтін шатақ. Домбырам басы балқурай, əуелгі
машақаттардың машақаты Қазақстанға жету. Ол өзі газетіңнің бір нөмірін
тұтас алатын ұзақ əңгіме. Сондықтан оны доғара тұрайық. Келген соң
пропискаға тұру, квотаға кіру, азаматтық алу, жұмысқа тұру, баланы
мектепке беру, дəрігерге қаралу, мамандығы бойынша жұмыс табу, кəсіппен
айналысу, қыл аяғы ары-бері жүріп-тұру…дегендер тұрған бір қияметтің
қыл көпірі. Қарап тұрсаң, бəрі қолдан жасалған кедергі, арып-ашып келген
ағайынды тонау үшін, елден бездіру үшін қиялдан шығарылған
қиындықтар. Енді саған өтірік, маған шын, Қазақстанға шеттен келген
ағайынның көбісі-ақ «қайтып келген қыз жаман…» немесе «жақсы ит өлігін
көрсетпейді» деген уəжбе-е-ен ғана амалсыз жүр. Оның үстіне біздерге өзің
айтқандай «оралман» деген өзі сауатсыз жасалған, өзі албастының атындай
суық, бір сұмпайы ат қойып алды. Қайда барсаң да көлеңкеңдей көлбеңдеп,
құйрығыңдай бұлғаңдап осы «атағың» қалмайды. Тіпті «Халықтың көшіқон туралы заңының» өзінде «Оралмандар – ҚР егемендік алған кезде оның
шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған жəне Қазақстанға тұрақты тұру
мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ
адамдар» – деп көрсетілген. Демек ҚР-ның азаматтығын алған күннен
бастап оралман емессің деген сөз. Іс жүзінде мүлде олай емес.
Қазақстанның азаматтығын алғаныма 10 жыл болған мені əлі «оралман»
дейді. Бұл не? Бұл – өзің айтқандай, моральдық тұрғыдан адам құқығына
қол сұғу. Бұл – бүтін бір ұлтты бөлу. Бұл – шеттен келген ағайынды
шетқақпайлау. Бұл – елім деп келген қандасты бауырым деп қабылдамау.
Қысқасы бұл – адамды қорлау. Сондықтан алдағы күндерде көшіқон заңына
өзгеріс енгізілерде бұл атауды һəм сауатты һəм жүрекке жылы тиетін,
туыстық, қандастық, тұтастық сезімді қоздатып тұратын басқа сөзбен
ауыстыру керек.
Ал енді жеке өз басыма келсем, мен негізі тəуелсіздіктің ең алғашқы
жылдарында – 1993 жылдың наурыз айында қытайдан бірінші болып көшіп
келген қазақпын. Сол кезде қытайдан бері қарай қоныс аударарда, маған:
«Қазір онда не бар? Қазақстанды жоқшылық, аштық жайлап жатыр. Босқа
қиналып қаласың» – деп ақыл айтқандар аз болған жоқ. Мен тыңдамадым.
Алған беттен қайтпай, көш басын Алматыға бірақ тіредік. Айтып-айтпай ол
кездегі елдегі экономикалық қиындық, шетелден арып-ашып жеткен біз
түгіл, осындағы тонды-қоңды, ауылды-бауырлы жұрттың өзін сансыратыпақ тұр екен. «Көппен көрген ұлы той» десек те, оған төзу оңай болған жоқ.
Бірақ төздік, жеңдік. Иншалла! Бірақ бұған манағы айтқан моральдық
қиындықтар келіп қосылғанда, жасыратын несі бар, жанынан түңіліп,
берекесінен айырылғандар аз болған жоқ. Ондай қиындықтарға төзбеген
біраз ағайын келген ізімен кері қайтты, енді біреулері мамандығын да,
қаламын да тастап «барахолкадан» пана тапты. Небір талантты жігіттер
қоңыз теріп, небір ұйыған шаңырақтар бүлінді. Əрине, əлгінде
айтқанымдай, біздің де төзуіміз оңай болған жоқ. Жаны сезімтал, жүрегі
нəзік ақын адамның неге болса да тез оталатыны бар емес пе, біздің де
тіршіліктен түңілген кезіміз болды. Менің «Семсер суы» жыр жинағымдағы
«Қайдасың ажал» деп аталатын өлеңім сол кездегі көңіл-күйдің туындысы
еді.
Қазір ғой, сол өлеңдегі:
Қайдасың, ажал, кел маған,
Тыныштық, тыншу бер маған.
Ендігі қалған демімді,
Қараңғы жым-жырт көрде алам.
Ризығым мұнда жоқтай бір,
Бастырмай қойды көп қайғы.
Жаралы мынау жүрегім,
Тыншиды, қашан тоқтайды?!- деген шумақтарымды оқудың өзінен
үрейленем. Дегенмен, «əйелдің бақыты – жақсылап жылап алатындығында»
дегендей, ақынның бақыты – іші толған шерді жыр қылып, сыр қылып
босатып алатындығында… Иншалла, қазір ол күндер артта қалды. Бүгінде
атажұрт топырағына тамыр жайып кеттім деп айтуға толық негіз бар. Осы
«тамыр жаю» дегеннен еске түседі, 94-ші жылы ма, əлде 95-ші жылы ма
екен, Алматыдағы бір бас қосуда, «Өзге топырақта өсіп тұрған ағашты
діңінен кесіп немесе тамырларын қиып, қопарып əкеліп екінші бір
топыраққа отырғызсаңыз, егер жаңа топырақ құнарлы, ауарайы қолайлы
болмаса, ол өнбейді, қурап қалады. Мен тура сондай ағашпын. Алайда мен
келіп шашшылған топырақ құнарлы, ол – азат, тəуелсіз Отан. Ендігі мəселе
ауарайында. Ол – осындағы ағайынның ықылас-пейілі, бауырмалдық
мейірі. Ауарайы жақсы болғай!» дегенім бар еді. Қазір, үш-төрт балалы
болдық, оншақты кітап шығардық, жүздеген қытайтанушы шəкірт
тəрбиелеп ұшырдық. Демек ептеп жеміс бере бастаған болсақ – тамыр
жайғанымыздың дəлелі емес пе. Өкінішке орай, кейде қоғамнан,
төңірегіңнен, қолдаудың орнына, ашық шетқақпай көріп жатқанда жаның
жараланбай тұрмайды. Бір қызығы, қазіргі əдебиеттің аға буын өкілдері
өздеріне кезінде М.Əуезов, қос Ғабең, С.Мұқанов, І.Есенберлин,
Ж.Молдағалиев, Ə.Сəрсенбаев, С.Мəуленов т.б. толып жатқан ұлылар
ағалық қамқор қолын созғанын, олардың шапағаты мен ақ тілеуіне
шомылып өскендерін мақтанышпен, сағынышпен еске алады. Жөн-ақ. Ал
өздері бүгін артынан ерген іні-қарындастарына қол ұшын беріп, оларды
желеп-жебегені сол, керек болса сəлеміңді алмайды. Танымасқа салып,
танауларын шүйіреді. Тіпті арттарынан ерген талантты жастарды жек
көретін сияқты ма, қалай. Қазақтың əдебиеті, сөз өнері солармен ғана
аяқталу керек сияқты… Ал шеттен келген «оралман» деген байқұс болсаң,
тіптен аулақ, ағалық алақанға иегің мүлде қышымай-ақ қойсын…
Сонысына да қарамай кейде өзіңді осы елдің бір азаматы ретінде сезініп,
əлденеге ашық пікір айтып, кірісіңкіреп кетсең немесе есіміңді жұрт елей
бастаса «оралман» екеніңді көзіңе «шұқып» тұрып есіңе салып қоятындары
тағы бар. Сондайда еріксіз:
О, Мұқа, сенен несін жасырамыз,
Біз дағы кейде «жөнсіз» шашыламыз.
«Ей, оралман» – дегенде оразбайлар,
Есімізді жиямыз, басыламыз,
- деп, тіріден сыр айтар кісі таппай, еріксіз
Мұқағалидың рухына мұң шағасың. Сосын таң қалам, сондай шіркіндер
«Елім!»-деп шеттен келген бір бауырын жасытқаннан не ұтады екен, деп! Сосын мынау азаматтық алуға мүмкіндіктері бола тұра, Қазақстанның
азаматтығынан бас тартып, екі ортада «қосмекенділердің» өмірін кешіп
жүрген ағайындар бар. Бұл нені білдіреді? Қаршадай бала, Тоқтарəлі ақын
«Менде жалғыз ана бар – туған Анам, Менде жалғыз отан бар – Қазақстан»
– деп жырлаған еді…
- Олардың тірлігі, бір ауыз сөзбен айтқанда дүниеқоңыз – пендешілік. Қазақ
тіліндегі осы «пендешілік» деген сөз түсіне білсек недəуір ауқымды ұғым.
Яғни ол көп жағымсыз дүниелерді бүркеп тұрған перде сияқты. Демек
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 13
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.