Latin Common Turkic

Азаттығым мен Қазақтығым - 14

Total number of words is 3771
Total number of unique words is 2090
30.0 of words are in the 2000 most common words
41.7 of words are in the 5000 most common words
48.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тұсын ескерту дегеннің не жамандығы бар? Біле білсе, билікке көмек, ұлтқа
пайда. Мін айтқанның бəрін – дұшпан, кемшілік айтқанның бəрін – жау
көру, түптеп келгенде, биліктің өзіне зиян.
- Аға буын зиялылардағы осы бойкүйездік кешегі кеңестік дəуірден қалған
құлдық сананың сарқыншағы сияқты. Дегенмен қазір тəуелсіз елде тұрып
жатырмыз ғой, ұлт зиялылары неден, кімнен жасқанады?
-Аға буын зиялылар құлдық санадан арыла қойған жоқ. Əрине, өзімді
ақтамаймын, мен де сол буынның өкілімін. Ал жаңа буын зиялыға ұлтшылдық, отаншылдық тəрбие бере алған жоқпыз. Демек, аға буын
зиялылардың неден қорқып, неге жалтақтайтынын айттым. Ал жаңа, жас
буын «оқығандарға» бəрібір. Өйткені олардың көбі бодандық дегеннің не
екенін, азаттықтың қадірін, тəуелсіздіктің құнын білмейді.
- Сіз елге тəуелсіздікпен бірге оралдыңыз. Содан бері де біраз жыл өтті.
Қазақстанның ішкі-сыртқы, қоғамдық-саяси, əлеуметтік жағдайларын
көзбен көріп, көңілмен тоқып келесіз... Сіздің ойыңызша, осы жылдарда
тəуелсіздік бізге не берді?
- Тəуесіздіктен кейін жеткен жетістігіміз деп ауыз толтырып айтар
мақтанышымыз – көршілермен ел шекарасын бекіттік. Астанамызды елдің
орталық өңіріне көшірдік. Шетте жүрген біраз қандас бауырлар елге
оралды. Егер бүгінгі билік ел ішінде орныққан сорақылықтарды (мен атап
кеткен) жойса, саясаттың басым бағыттарын ұлттың болашағына, мемлекет
мүддесіне қарай бұрса, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі тұңғыш президент
ретінде жаңағы мен санамалап өткен үш ұлы еңбегімен-ақ тарихқа алтын
əріппен жазылып қалар еді.
Бірақ, өкінішке қарай, өңмеңдеп келіп, өзгелер ойына келгенін істеп жатса,
шекара сызығымызды бекітіп алғанымызды қайтейін! Жаңа астана жаңаша
бағыт ұстанбаса, ұлт мүддесі баяғысынша далада қалса, астананы
көшіргеніңді қайтейін! Қара қазақ баласы өз елінде өгейлік көріп жатса, ол
өгейлерге шеттегі қазақты қосып қаңғыртып қойғаныңды қайтейін!
Жалпы, 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан тəуелсіздігін жариялады.
Ертеңіне 17 желтоқсаннан бастап, Қазақстанға кетудің қамына кірістім. Ол
кезде Қытайда паспорт жасату, шетелге шығу – қияметтің қыл көпірімен
өткенмен бірдей болатын. Содан не керек, бір жыл бойы шапқылап жүріп,
1993 жылы наурыз айында от боп жанып, лапылдап, жүрегімді аузыма
тістеп, Отаныма – Қазақстаныма, астанам – Алматыма жеттім. Келсем, бəрі
баяағыша, бəрі сап-салқын. Бəрі жым-жырт. Елеуреген жұрт, азаттыққа
мастанған, тəуелсіздікке мақтанған ешкім көрінбейді. Таңғалдым. «Азаттық
алғанымыз шын ба өтірік пе?»- деп күмəндана бастадым. Жиналыстар
баяағыша орысша. Көшедегі КСРО көсемдерінің ескерткіштері, көшелердің
аттары – сол қалпы.
Содан не керек, азды-көпті зиялы қауымның, ұлтжанды шенеу-ніктерінің
əсер-ықпалы мен мимраттап болса да, ептеп алға жылжу болды. Ол кезде,
бір тəуірі, жердің асты-үстіндегі байлықтың егесі мемлекет болатын. Жұрт
аш болса, да ертеңге деген үмітпен күн кешіп жатты. Бірақ қазақ халқының
сан ғасырлық арманы да, аңсап – шөлдегені де, тəуелсіздік алған алғашқы
жылдардың өзіндегі елі деген ертеңі де, күткен үміт де бұндай азаттық емес
еді! Тіпті менің іздеп келгенім де мұндай Қазақстан, мұндай азаттық емес
болатын.
-Тəуелсіздіктің дəл бүгінгі қадір-қасиетін қалай бағалайсыз? Жалпы, біз
шынайы тəуелсіз елміз бе?
-Тəуелсіздік – тек жылы, тəтті, əдемі сөз ғана емес, ұлт басына қонған бақ!
Шеті-шегі, өлшемі, бағасы жоқ байлық! Қарап отырсаңыз, жер бетіндегі
(тарихта немесе бүгін) төгіліп жатқан қанның, ағып жатқан көз жастың дені
осы азаттыққа тікелей қатысты. Егер азаттық, тəуелсіздік ұлт үшін
соншалық қадірлі, қастерлі, қажетті болмаса, жұрттың сол жолда қан төгіп,
құрбан беріп несі бар?!
Қазақ тарихындағы Кенесары, Махамбет, Исатай, Сырым, Саурық, Тазабек,
Есет, Ұзақ, Жəмеңкелердің отаршылдыққа қарсы соғыстары, Алаш
арыстарының ұлт-азаттыққа деген ұмтылысы, күресі; кешегі Желтоқсан
көтерілісіндегі жастардың төгілген қаны, аққан көз жасы... бəрі, бəрі де
азаттық үшін айқас, тəуелсіздік үшін күрес болатын. Меніңше, біз
тəуелсіздіктің құнын, қадірін онша бағалай алмай жүрсек, оған себеп –
азаттық бізге ешқандай күрессіз, қантөгіссіз, құрбандықсыз келді. Тіпті
біздің жұрттың ішінде азаттықтың ауламызға «өз аяғымен кіріп келгеніне»
қуанғандарынан гөрі, КСРО-ның құлап қалғанына налығандар көбірек
болды.
Міне, осы «көпшілік» қауым жиырма жыл бойы өз ұрпағына артта қалған
«коммунизм» туралы «жоқтау жырын» ғана айтумен болды. Ал билік жалпы
ел тұрғындарына отарсыздану, жас ұрпаққа отаншылдық тəрбие бере
алмады. Осыдан барып ойласаң, бүгінгі тəуелсіздіктің, азаттықтың,
Отанның құнының қадір-қасиетінің неге арзандап кеткен себебін оп-оңай
түсінесің. Нанбасаңыз, қазір ауылды жерге барып, көнекөз қарияларға
Кеңес Одағына, Сталинге, Брежневке шүбə келтіретін əңгіме айтып
көріңізші, сізді таяақтарын ала қумаса, маған келіңіз. Осыдан кейін біздің
қазаққа тəуелсіздіктің қадір-қасиеті, азаттықтың құны туралы сөз қозғаудың
қандай мəн-маңызы бар деп ойлайсың...
- Қазақтың бойындағы сіз саналмаған кемшіліктерді ұлы Абай да айтып
кеткен еді. Кемеңгер бар кінəні қазақтың өзінен көрген болатын...
- Қазақта «Сабасына қарай піспегі, сақалына қарай іскегі» деген мақал бар.
Халық та, оның билеушісі де солай. «Алма ағашынан алысқа түспейді», дейді тағы да сол қазекем. Мақал «саба, піспек, сақал, іскек, алма, ағаш»
туралы болып отырғанымен, бар құбылыс солай. Халқы билеушісіне,
билеушісі халқына əмəнда сай, сəйкес болады. Əрине, «сай болайын» деп
болмайды, тарихи, əлеуметтік, этникалық, генетикалық, сана-сезімдік,
психологиялық, зерделік, бірауыз сөзбен айтқанда, тарихи қалыптасқан
ұлттық менталитет қай кезде болса да, қазақ баласының бойында
сақталады.
Оппозициялық партиялардың, тəуелсіз, басылымдардың сөзіне нансақ,
«тек Назарбаев биліктен кетсе, қазақтың бар мəселесі шешіліп, керемет ел
болар едік» дегенге саяды. Жоқ, мен бұл пікірмен келіспеймін. Ертең
Назарбаевтан кейін билікке Базарбаев келуі мүмкін, бірақ ел жағдайында,
саяси жүйемізде үлкен өзгеріс, айтулы бетбұрыс бола қоймайды. Себебі, бір
елдің халқын кеседегі су десек, одан бір қасық суды іліп алып дəмін көр, екі,
үш, төрт, бес, он, жүз, мың ... қасық алып көр, бəрібір – сол су. Сондықтан
ол судың құрамын өзгерту, тазарту, сапаландыру керек. Бір кесе судың
сапасын өзгерту, əрине, опоңай һəм бір сəттік шаруа. Ал халықтың қан
құрамын, рухани сапасын өзгерту – ғасырлардың əңгімесі. Ол үшін неше
буын ұрпақ ауысу керек. Ұлттық менталитет өзгерту керек. Өйткені қазақ
халқы өз тарихында ешқашан өзін-өзі билеп көрген емес. XY-XVIII
ғасырларда бізді хан-төрелер (Шыңғыс хан ұрпақтары) биледі, XVIII
ғасырдан XX ғасырға дейін орыс биледі. Қара қазақ жаралғалы тек бодан,
құл, құтан болып 5 ғасыр ғұмыр кешіп келді. Бұндай елден, біз сияқты
халықтан бүгін-ертең Дэнь Сяопинді, Ататүрікті, тағы басқа біреуді іздеу
əбестік болар еді. Осыған уақыт керек.
Сол күнге жеткенге дейін, ілдалдап азаттықты аман сақтап тұрса, соның өзі
– қазаққа үлкен олжа. «Азаттықты аман сақтап тұрса» дегенді жайдан-жай
айтып отырған жоқпын, жалпы, тəуелсіздік алғалы бері жиырма жылдай
уақыт болды ғой, осы уақытта қазақтың билігі болсын, зиялысы болсын,
қарапайым халқы болсын, жастары болсын, азат ел болуға дайын емес
екендігін байқатты. Бүгінгі біздің елдің жалпы саяси-əлеуметтік, мəденрухани жағдайы – соның салдары, жемісі. Егер ел боламыз десек, бірінші
кезекте ұлттық болмысты жаңғыртуға күш салуымыз керек.
- Ол үшін не істеу керек?
– Билік бас болып, зиялы қауым жетекші болып, тұтас ұлттың бойындағы
кінəратпен күресу керек. Ұлттық сана-сезімді, ұлттық мінезді, ұлттық
түсінікті, бірауыз сөзбен айтқанда, қазақ деген ұлттың менталитетін,
болмысын түбірінен өзгертпейінше, басқа тірліктің бəрі «жартасқа бардым,
күнде айғай салдымның» кебі болмақ. Ол үшін тұтас зиялы қауым, əсіресе
ақындар мен жазушылар қолдарына қаламын алып, туған халқының ойсанасы туралы толғансын. Меншік нысанына қарамастан, барлық БАҚ
журналистері Ресей журналистеріне жалаң еліктеп, «Таңғалмаңыз!» «Кеш
қалмаңыз!» деген секілді еріккенің ермегіне ел ақшасын шығындалмай,
тұтас ұлтты ойландыратын, ояататын сөз айтсын.
Яғни бүгінгі күні қазаққа М.Мағауиннің «Ұлтсыздану ұраны», Т.Шапайдың
«Қазақтың жаны» сияқты, бір кездегі М.Қабанбайдың көсе мсөздері секілді
дүниелер керек. Яғни қазақтың ақын-жазушылары бір мезгіл өлеңін,
əңгімесін, романын қоя тұрсын да, көсемсөзге көшсін. Сөйтіп, қазақ
халқының менталитетіндегі бүгінге, тіпті ертеңге керек қасиет не? Жоқ
нəрсе немесе жетпей тұрған нəрсе не? Сондай-ақ ұлт бойында қандай
кертартпа, кесір-кесапат мінездер, қылықтар бар? Соның бəрінің қоясын
ақтарсын. Қазақты сілкісін. Жойылу қаупі төніп тұрған немесе ешкімге
керек емес тілде жазған өлеңнің, романың кімге дəрі?! Егер шын елім,
қазағым деген қаламгер болса, осының бəрін жазсын, мектептерге барсын,
радио-телевизордан сөйлесін.
«Ұра берсең, құдай да өледі». Бұл тірлік ерте ме, кеш пе, өз жемісін береді.
Қысқасы, тəуелсіз елдің болашағы, азаттықтың тағдыры үшін, бірінші
кезекте атқарылар шаруа – осы. Жоғарыда айттым ғой, Назарбаевтың
орнына Базарбаевтың келуімен ештеңе шешілмейді. Сондықтан қазақ
зиялысы жаппай ұлттың рухани сапасын көтерумен, менталитетіне
бетбұрыс жасаумен айналыссын. Егер ұлт менталитеті өзгермесе, мың
мəрте президент ауыстыр, түк шықпайды. Бұған көрші қырғыздардың
жағдайы – жақсы дəлел.
- Бүгінгі жастардың тəрбиесі, əдеп-инабасының көңіліңізге толмайтыны
сөз лəміңізден байқалады...
– Дəл қазір қазақ қоғамында үш түрлі əлеуметтік топ бар. Біріншісі –
тəуелсіздікке қуанған, соның болашағын, амандығын, тілеп, сол жолда
азды- көпті еңбек етіп жүргендер;
Екіншісі – тəуелсіздік алғанда аса қуана қоймаған, бүгінде «маған бəрібір»
деген түсінікпен жүргендер;
Үшіншісі – тəуелсіздіктен кейін өсіп-өнген жастар. Алдыңғы екі топ
туралы жоғары əңгіме арасында айтып өттім. Ал жастар туралы айтатын
болсақ, əрине, ойы озық, санасы азат, елім деп еңіреп өсіп келе жатқан
жастар бар. Өкінішке қарай, оның саны өте аз. Жүзден емес, мыңнан бір
əрең-əрең кезігеді. Ал біздің көптеген жас буынның бойынан ұлттық санасезімді, отансүйгіштікті, елге деген жанқиярлық махаббатты байқау қиын.
Көбісінің жетсем деп алдына қойған мұрат-мақсаты – иегенің асты, мұрынының ұшы. Жақсы жұмыс, мол ақша, шетелге кету т.с.с.
Бұған кім кінəлі? Бұған жиырма жыл бойы тəлім-тəрбие бере алмаған
өзіміз кінəліміз. Олар бодандықты көрген жоқ. Бірақ біздің оларға туған
халқының бодан кездегі көрген қорлық-зорлығын айтып, біреуге отар
болғанның, құл-құтан болғанның қалай болатынын санасына сіңіруіміз
керек еді. Оны жасадық па? Жасаған жоқпыз. Айтатынымыз –жоғалып
кеткен Жоңғар. Сол соғыстағы Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек
т.б. батырлардың ерлігі. Жарайды, ол да керек. Бірақ неге біз патшалы
Ресейден, Кеңес Одағынан көрген қорлық-зорлықты айтпаймыз?
Кенесарының өмірінен, Махамбеттің ерлігінен, Алаш арыстарының
өмірінен, XX ғасырдағы 16 жыл туралы, 20 жылдарындағы ұжымдастыру
шындығы, 32 жылғы ашаршылық жайында, 37 жылғы қырғын туралы
шыңғырған шындықты айтып, бір кино түсіре алдық па? Жоқ!
Ұлы Мұхаңның (Əуезов) «Қилы заманын» экранға шығара аламыз ба?
Шығара алмаймыз. Осыдан кейін барып, жастарымызды еліңді сүймедің,
жеріңді сүймедің, тəуелсіздіктің қадірін білмедің деп қалай кінəлаймыз?!
Осының кейін барып, жастарымызды еліңді сүймедің, жеріңді сүймедің,
тəуелсіздіктің қадірін білмедің деп қалай кінəлаймыз?! Осының бəріне тек,
тек қана билік емес, манағы мен айтқан қазақ ұлтының бойындағы керенау
мінез, жауапсыз қылық, жасқаншақ психология, ұлт мүддесін ешқашан өз
мүддесінен жоғары қоя алмайтын тоғышарлық, бишаралық себеп болып
отыр.
Жалпы, қай кезде, қай елде болса да, білім мен тəрбие адам үшін құстың екі
қанаты секілді. Біз балабақшада, мектепте, жоғары оқу орнында
бүлдіршіндерге, жас ұрпаққа тəрбие беріп жатқан жоқпыз. Балабақшада
балаларға киіз үйдің моделін көрсетумен, мектептерде «қызсынын»
өткізумен, жоғары оқу орындарында «Жас отан» деп жар салумен жас
ұрпақтың бойына, сана-сезіміне отаншылдық, ұлтжндылық, елдік
сүйіспеншілік сіңіре аламыз ба? Күні бүгінге дейін жас ұрпақтың тəрбиесімен қазақ елінде ешкім айналысып жатқан жоқ. Себебі,
балабақшадағы, мектептегі, жоғары оқу орнындағы тəрбиенің сиқы – анау.
Бұған да жалаң билік емес, қазақтың осы салада жүрген ұстаздары да кінəлі.
Мəселен, Өзбекстанда тағдыр тəлкегімен балалар үйіне түскен, ұлты басқа
тастанды баланы өзбек етіп шығару үшін, ондағы тəрбиешілер ешкімнің
нұсқауынсыз-ақ жанын салады. Атын өзбекше қояды, тілін өзбекше
шығарады. Қысқасы, қаны басқа біреуден «жə» деген өзбек жасап
шығарады. Бізде ше?
Мектепке барған «тарыдай» қазақ баласы «таудай» орыс болып шығады.
Енді өзіңіз ойлаңызшы, менің: «Қазақ халқының менталитетінде мəселе
бар»,- деген пікіріме келісесіз бе?! Демек, «сасыған етке борсыған май»,
«сақалына қарай іскегі», «ондай қазанға бұндай шөміш» деген –осы.
-Оппозицияға деген көзқарасыңыз қалай? Кейбір азаматтар: «Қазақстанда
нағыз оппозиция жоқ, барлары – биліктің өнімі», - деп жүр. Сіз не айтасыз?
-Биліктің өнімі болама, басқа болама, Қазақстанда оппозиция бар. Бірақ
оларда қазақ қоғамын меңдеген дерттің диагнозын дөп баса алып жүрген
жоқ. Яғни олар бар кінəні тек биліктен ғана іздейді. Ұлттың өн бойындағы
мəселемен, ұлттың рухани хал-күйін жаңғыртумен айналыспайды. Сайлау
кезінде ғана аса белсенді жұмыс істеген сыңай танытады. Жай кезде тіпті
қарапайым халық оларды ұмытып кетеді. Сосын біреуімен біреуі қосылып,
бөлініп, кейде ырың-жырыңға да орын беріп жатады. Оның өзі көбінде
қарапайым халықтың сенімін əлсіретіп, күдігін көбейтеді.
-Дүкен мырза, өзіңіз ақынсыз, Астанадағы əдебиет пен өнердің,
мəдениеттің халі жайында не айтасыз?
-Астанада əдеби орта жоқ деуге болады. Санаулы ғана ақын-жазушы бар.
Олардың дені – мемлекеттік қызметте. Қалғандарының өз тірлігі өздерінде.
Сонымен өте сирек өтетін ақын-жазушылардың мерейтойлары,
шығармашылық кештері, кітаптарының тұсаукесері т.б. сияқты
шаралардың тұсында болмаса, Алматыдағыдай қайнап жатқан əдеби,
мəдени өмір жоқ.
Ал бір уақ газет алып оқиыншы десең, қазақ тіліндегі басылымдарды итпен
іздеп зорға табасың. Астанадағы ұлттық кітапханаға директор болып
жазушы Рахымжан Отарбаев келгелі бері «Мағжан оқулары», «Əуезов
оқулары», «Айтматовты еске алу кеші», одан басқа да біраз ақынжазушымен кездесу өткізілді. Осы кітапхана соңғы кездері Астанадағы
рухани орталыққа айналып келеді. Бірақ жай күндері Қазақстандағы қай
қалаға (ауылға емес!) барсаң да, өзімді Қазақ елінде жүргендей сезіне
алмаймын. Əйтеуір, төменшіктеп, жаутаңжаутаң етем де жүрем. Өйткені
орысша білмеймін. Орысша білмеген соң, басымды көтеріп, кеудемді керіп
жүре алмаймын... Біздің жағдай –осы!
-Əңгімеңізге рахмет!
Əңгімелескен : Жұқамыр Шөке,
«Дат» газеті. 10 наурыз 2010ж. № 10 (47)
ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІНІҢ СЫРТҚЫ НАСИХАТЫН КҮШЕЙТУ
ҚАЖЕТ
–Сіз «салыстырмалы əдебиеттану» деген мамандық бойынша Қазақстанда
тұңғыш рет қазақ тілінде докторлық диссертация қорғаған ғалымсыз. Қазақ
əдебиеттану ғылымындағы осы бір жаңаша ұғым деуге келетін
салыстырмалы əдебиеттану ғылымы туралы оқырманмен өз ойларыңызбен
бөліссеңіз. Сондай-ақ оның кешегісі мен бүгіні, болашағы, қазақ
əдебиеттану ғылымы үшін өзектілігі деген мəселелерге де өзіңіздің
пікіріңізді білсек деп едік.
–Бұл арада əсіресе қазақ əдебиеттанушыларына, жалпы көзі қарақты
оқырман қауымға «салыстырмалы əдебиеттану ғылымы» туралы
түсініктеме беріп, ол туралы ұзақ сонар сөз айту басы артық əңгіме болар
еді. Өйткені салыстырмалы əдебиеттану ғылымын зерттеп жүрген кейбір
ғалымдар оның қазақ топырағындағы негізін салушысы М.Əуезов екенін
айтады. Алайда негізін салу, іргетасын қалау деген сөз – қалай дегенмен де,
сол ғылымды қалыптастырды, дамытты, өркендетті деген сөз емес. Сол ұлы
Мұхтар Əуезовтер ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында негізін қалаған
салыстырмалы əдебиеттану ғылымы қазақ елінде 50-жылдардан кейін
мүлде сұйқыл тартып, сұйылып барды да, араға жарты ғасырдай уақыт
салып, тек Тəуелсіздіктен кейін ғана ғылым ретінде орнығып, қалыптаса
бастады. Оның осынша кешеуілдеп, кенжелеп қалуының, əрине, өзіндік
себептері болмай қалған жоқ. Ең басты себептердің бірі ретінде кеңестік
кезеңде салыстырмалы əдебиеттану ғылымына «буржуазиялық ғылым»
деген айдар тағылып, оны арнайы қарастырудың, əдеби зерттеу тəсілі
ретінде жандандырудың мүмкіндігі болмағандығын айтуға болар еді.
Екінші бір себеп – ұлттық республикалардағы ақын-жазушылардың бəрін
жаппай «ұлы орыс қаламгерлерінің, орыс əдебиетінің шекпенінен шыққан»
деген таным белең алды да, «салыстырмалы əдебиеттану ғылымы»
тұрғысынан кім не жазса да, осы бір идеяны ғана «тиянақтауға, дəлелдеуге»
мəжбүр болды. Əрине, біз бұл арада «қазақ əдебиетіне орыс əдебиетінің игі
ықпалы болған емес, орыс қаламгерлерінен нəр алған, үлгі-өнеге алған
ақын-жазушы болған жоқ» деуден аулақпыз. Тіптен осы бағыттағы «ықпалəсерді, өзара үлгі-өнегені» зерттеудің өзі салыстырмалы əдебиеттану
ғылымының бір бұтағы, бір тармағы ғана болатын. Яғни салыстырмалы
əдебиеттану ғылымының өзі «ықпалдастық теориясы» жəне «параллель
зерттеу теориясы» деп жіктелетін болса, кеңестік идеология осындағы тек
«ықпалдастық теориясына» ғана жылы қабақ танытып келді. Оның өзінде
бұл теория жоғарыда айтқанымыздай, тек бір бағытта, яғни одақтас
республикалардан шыққан қаламгерлердің тек «ұлы орыс қаламгерлерінің,
орыс əдебиетінің шекпенінен шыққандығын» «дəлелдеу» үшін қызмет етуі
керек болды.
Ал салыстырмалы əдебиеттану ғылымының тағы бір үлкен саласы адамзат
ақыл-ойының, сана-сезімінің, эстетикалық аңсарының, арман-мұратының
үндестігін, сəйкестігін, тамырластығын, қанаттастығын, өзектестігін,
сарындастығын айқындауға бағытталған, сөйтіп, бүгінгі жер бетіндегі діні,
тілі, түрі бөлек халықтардың өмір сүру мұраты, əлемді қабылдауы мен
тануы, махаббаты мен ғадауаты қарайлас, о баста, шынымен де, Адам ата
мен Хауа ана дейтін бір тектен, бір атадан тараған «Адамзат» деп аталатын
бір жұрт екендігін дəлелдеуді мақсат тұтатын «параллель зерттеу» деп
аталатын бұтағы мүлде шеттетіліп келді. Əрине, Кеңес Одағында өмір
сүретін халықтардан бір ғана «кеңес ұлтын» жасауды мақсат тұтқан қызыл
империяға бұл бағыттағы танымның да, теорияның да ұнай қоймасы
екібастан анық болатын.
–Сонда Əуезовтен басқа біздің əдебиетшілер бұл салада ізденбеген бе?
–Біздің əдебиеттанушы ғалымдарымыз «қызыл идеология рұқсат етпейді»
деп, мүлде қол қусырып қарап отырмаған. Яғни М.Əуезовтен бермен
қарайғы қазақ ғалымдары салыстырмалы əдебиеттану ғылымын жеке-дара,
өзінше ғылым ретінде қарастырмағанымен, Қожанасырдың «жауынжауынның арасымен жүргеніндей», өзге еңбектерінің ара-арасында, басқа
тақырыптардың орайында салыстырмалы əдебиеттану ғылымына жиі-жиі
соғып, аталған ғылымды теориялық та, практикалық та тұрғыда
орнықтыруға атсалысты. Сондай ғалымдардың бірі һəм бірегейі осы біз сөз
еткелі отырған академик Рымғали Нұрғали десек, артық та, асыра да
айтқандық болмайды.
Басын ашып айтар бір нəрсе – өмір бойы қазақ əдебиетін, оның түрлі
жанрлары мен өзекті мəселелерін, ондағы Алаш рухын жеріне жеткізе
зерттеген академик марқұм Р.Нұрғалидың барлық əдеби-зерттеу мұраларын
қарап отырсақ, ғалымның салыстырмалы əдебиеттану ғылымының да
бірегей білгірі екендігі, аталған ғылымның өткен-кеткенімен, қыр-сырымен
жан-жақты хабардар, жай хабардар емес, тіпті оның үлкен теоретигі
екендігі менмұндалап тұрады. Əрине, бүгінгі күні əлдекім жер шары дейтін
ортақ мекенде іргелес жасап келе жатқан халықтардың ақыл-ойының,
мəдениеті мен өнерінің өзара ықпалдастықта дамитындығы туралы айтса,
ол, əрине, ешқандай жаңалық та, ерлік те болмас еді. Ал «сендер Қазан
төңкерісінің арқасында ғана адам қатарына қосылдыңдар, ұлы орыс
халқының арқасында өркениетке жеттіңдер» деген жалғыз ұранмен ғана
өмір сүргізген, қылышынан қан тамып тұрған кеңестік кезеңде ағысқа
қарсы жүзу, қарағайға қарсы біткен бұтақтай тірлік ету ғалыми
парасаттылықты былай қойғанда, ерлікпен парапар болатын. Бүгінде
Қазақстан мен өзге елдердегі салыстырмалы əдебиеттану ғылымының даму
тарихын, пəнді зерттеудің теориялық, методологиялық негіздерін, басты
категориялары мен түсініктерін айқындай түсу үшін нақты ғылыми
тұжырымдар жинақталып келеді. Байыптап қараған кісіге жаһанданудың
жойқын үдерісі ұлттық тіл мен ұлттық территорияны өзінің басты нышаны,
өзекті өлшемі еткен «ұлттық əдебиет» атты ұғымға белгілі деңгейде көлеңке
түсіре бастағаны бірден аңғарылады. Керісінше, салыстырмалы
əдебиеттану ғылымына кең өріс ашып берді. Өйткені жалпыға мəлім
болғанындай, «ұлттық əдебиет» ұғымы ХVI ғасырда ұлттық мемлекеттердің
жаппай бой көтеруі мен ұлттық тіл бірлігі мəселесінің тарих сахнасына
атойлап шығуына ілесе өмірге келген мəдени, идеологиялық құбылыс
болатын. Сондықтан ұлттық əдебиет о баста-ақ өңірлік, ұлттық, тілдік,
мəдени ерекшеліктерді өзінің басты қайнар бұлағы, тіршілік тынысы, бетбейнесінің қалыбы етіп қалыптасты. Ал салыстырмалы əдебиеттану болса,
өмірге жолдама алған күннен-ақ ұлтаралық, мəдениетаралық ұғымдарды
басты тұғыр ете отырып, алды-алдына «би» болған, жеке-дара өмір сүріп
жатқан ұлттық əдебиеттерді «ымыраға» шақырумен бірге, олардың
арасындағы ықпалдастықтар мен үндестіктердің себеп-салдарын,
қырсырын, заңдылықтарын аша отырып, олардың бейбіт қатар өмір сүруін
қамтамасыз етуді басты мақсат етті.
Өкінішке орай, кеңестік кезең бұл игілікке қолымызды жеткізген жоқ.
Ендігі жерде қазақ əдебиеті мен өзге елдер əдебиетін терезесі тең
əдебиеттер тұрғысынан салыстырыла қарастыруға көбірек ден қоятын,
ерекше назар аударатын уақыт жетті деп ойлаймын.
–Қазақтың ұлы суреткері М.Əуезов пен қытайдың танымал жазушысы Лу
Шүн шығармашылығын салыстыра қарастырып, докторлық диссертация
жазғаныңыз белгілі, «Мұхтар Əуезов жəне Лу Шүн» деген
монографияңыздың жарық көргенін де білеміз. Жалпы, М.Əуезов пен Лу
Шүнді салыстыра зерттеуіңізді қытайлар қалай қабылдады?
–Жұртқа мəлім болғанындай, Қытай деген де – ірі мемлекет, алып ел. Олар
сыртқа жымын білдірмей, жымиып қана жүргенімен, іштей оңай-оспақта
өзгелерді бойына тоғыта қоймайды. Əсіресе біз секілді көшпелі тірліктен
келген елдерді тіптен көзге іле бермейтіні анық байқалып тұрады. Осыдан
4-5 жыл бұрын Пекиннен шығатын «Лу Шүн зерттеу» деген журналға
қытай тілінде жазылған «М.Əуезов жəне Лу Шүн: шығарма өзегі – ұлт
тағдыры» деген мақаламды жібердім. «Қазақстанда ұлы Лу Шүнмен
Мұхтар Əуезов деген бір қазақты салыстырып, біреу докторлық
диссертация жазыпты» дегенді естігенде, алғашында қытайдың
лушүнтанушы ғалымдары миығынан күліпті. Көп өтпей маған хат келді.
Хатта: «Лу Шүнмен салыстырылатын жазушының деңгейіне біз ерекше мəн
береміз. Лу Шүнмен салыстыратындай бұл М.Əуезов деген – кім өзі? Ең
əуелі, бізге сол туралы мəлімет берсеңіз», – депті. Əуезов туралы анықтама
бердім. Қытайлар табынып оқитын Л.Арагон, М.Шолохов, Л.Федин,
А.Фадеев, Ш.Айтматовтардың Əуезовке берген бағасын айттым. Содан
кейін барып олар мақаланы басты. Өткен жылы аталған журнал бетінде бір
қытай ғалымының Лу Шүнмен салыстырыла зерттелген əлем жазушылары
туралы мақаласы жарық көрді. Мақала авторы Əуезовті де ерекше
ілтипатпен ауызға алыпты. Қазір Қытайда менің сол «Мұхтар Əуезов жəне
Лу Шүн» деген монографиям қытай тіліне аударылу үстінде. Демек, бір ғана
біздің осындай болмашы ізденісіміз қытайлардың Алаш қозғалысы туралы,
ХХ ғасыр басындағы қазақ елі туралы, қазақ əдебиеті туралы, М.Əуезов
туралы қасаң түсінігінің мұзын ерітті деуімізге болады. Ал егер бір ғана
Мұхтар Əуезовті емес, басқа да ұлы қаламгерлерімізді əлемнің өзге де
классиктерімен салыстыра қарастырсақ, зерттеу еңбектерімізді сол елдерде
жарияласақ, артынан шығармаларын аудартсақ, өз елімізде қайтақайта
қалың-қалың томдарын шығарғаннан гөрі, əлдеқайда жемісті, мəнді,
мағыналы шаруа болар еді.
- Бүгінгі қоғамда əдебиет ұлт мүддесіне қызмет етуі үшін бірінші кезекте
нендей мəселелерді қолға алу қажет?
- Күллі адамзаттың тарихына қарап отырсақ та, өз тарихымызға үңілсек те,
қай кезде де, қандай қоғамда да сөз өнерінен, сөз өнерінің құдіретінен
пайдаланбаған ел болған емес. Өзгені былай қойғанда, баяғыдағы қазақ
билері мен шешендері, ақындары мен жыраулары өз заманындағы қазақ
қоғамының сақшысы да, жоқшысы да болатын. Ал Абай сөзі күні бүгінге
дейін қазақ руханиятының бағдаршамы болып келеді. Тіпті қыл аяғы кешегі
кеңестік кезеңнің өзі де сөз өнерінің құдіретін əлсіреткен жоқ. Əрине,
олардың ұстанған жолы, бағыт-бағдары ұлт мүддесіне қайшы болды, соның
өзінде əдебиетті өз идеологиясына қызмет еттірді. Сол идеологияға қызмет
ете жүріп те, қазақтың керемет əдебиеті жасалды. Сол əдебиетте жасырын
түрде ұлттық рух сақталды, мүлде жымысқы түрде ұлт-азаттық күрес
насихатталды. І.Есенберлиндердің тарихи романдары,
Ж.Молдағалиевтердің «Мен қазақпын» поэмалары əр кезде өз
оқырманының жігерін қайрап, намысын жанып отырды. 1986 жылғы
желтоқсандағы оқиғаны, екінші бір сөзбен айтқанда, сондай ұлттық рухтағы
əдебиеттің жемісі деуге де болады. Ал Тəуелсіз елге əдебиет керек емес пе?
Керек болғанда қандай, əдебиет бізге ең бірінші кезекте азат еліміздегі азат
сананы қалыптастыру үшін, ұрпақтарымыздың санасына патриоттық
сезімтүсінік ұялату үшін, жалпы, мəңгі азат Қазақ елі болып қалуымыз үшін
керек. Бұл – бір. Екіншіден, бүгінгі күні дүниежүзіндегі мемлекеттер мен
халықтардың өмірі мен мəдениетінің бар саласына дендеп еніп бара жатқан
жаһандану үдерісі барлық ұлттар мен ұлыстардың алдына ауқымды да
көкейкесті міндеттер жүктеп отыр. Ол міндет – жаһандану үдерісімен бірге
келетін тиімділіктер мен жеңілдіктерден ұтымды пайдалана отырып, əр
халық өзінің төл құндылықтарын сақтап қалу жəне оны əрі қарай дамыту.
Бұл міндетті жүзеге асырудың басты тетігі – əр халық өзінде бар рухани
құндылықтарды жедел түрде əлемдік аренаға шығарып, жаһандық рухани
айналымға енгізу. Бұл шараға, əрине, ұлттың өзге де рухани
құндылықтарымен бірге, əдебиеті мен өнерінің, мəдениеті мен ғылымының
алтын діңгек, сом тұлғаларын да тарту – парыз. Ондай тұлғаларға қазақ
əдебиеті мен өнері, мəдениеті мен ғылымы да кенде емес. Бұрын да кенде
болмаған, Құдайға шүкір, қазір де кенде емес. Сондықтан мемлекеттің
əдебиет пен өнерге салған ақшасы зауыт-фабрикаларға салған ақшасы
секілді күні ертең қып-қызыл ақша болып қайта оралмауы мүмкін, бірақ
елдің тағдыры үшін, ұлттың болашағы үшін өлшеусіз пайда əкелетіні
жасырын емес. Осыны ойлағанда, батыстағы əлдебір болған-толған елдерге
еліктемей, əдебиетіміз бен өнерімізді барынша əспеттеп, оның құдіреткиесін де, өресі мен өрісін де кемітіп алмағанымыз дұрыс. Нақтырақ
айтқанда, қазақ ақынжазушыларының, қазақ əдебиетінің жағдайы, кем
дегенде, кеңестік кезеңдегі құдіреті мен құрметінен төмен болмауы керек
деп ойлаймын. Əрине, қалам ұстаған жұрттың бəріне болмаса да, мемлекет
аса талантты тұлғаларға шығармашылық жағдай жасағаны жөн.
–Сіздің ойыңызша, бүгінгі жас ұрпақ, оның ішінде қала өркениетінде,
ұлттық өнерден гөрі батыстық мəдениеттің бесігінде тербеліп өскен
балдырғандар əдебиет деген ұғымды қалай түсінуі мүмкін?
–Біздің қазақта қалада туып-өскен, шығармаларын қазақ тілінде жазатын
ақын-жазушы бұған дейін болған емес. Бар болса, кешірсін, бірақ ондай
ақынжазушыны естіген емеспін. Бұның себебі не? Бұның себебі – күні
бүгінге дейін қалада қазақ мəдениетінің өрісі, қазақ руханиятының бесігі
болған жоқ. Қысқасы, Қазақстанның қалаларында қазақ өмірі жоқ. Тіпті
өзгені былай қойғанда, қарым-қатынас жасайтын тілдің өзіне тыныс, өріс
жоқ. Егер ана тіліне уызы жеткілікті жарып келген біреу болмаса, ауылдан
келген адамның өзі аз жылдан соң-ақ тілдік кембағалдыққа ұшырай
бастайды. Сондықтан қалаларымызда қазақ мектептерінде оқып жүрген
балаларымызға сөз өнері дари қоймайды. Олар үшін əдебиет деген –
мектепте оқытылатын көп пəннің бірі ғана. Өлі түрде жаттап алса, жақсы
баға алса, болғаны. Сондықтан біздің зиялы қауым қаладағы қазақ
мəдениетінің, қазақ руханиятының өсіп- өркендеуінің кешенді
бағдарламасын жасау керек. Өйткені біз əрідегі көшпенді халықтың
ұрпақтары болғандығымыз үшін көшпелі мəдениет, көшпелі ой-сана қалаға
келгенде, еріксіз отырықшы елдің өркениетіне орын береді. Сөйтіп, өзөзінен ығыса, суала береді. Бұл өз кезегінде бөгде мəдениеттің диірменіне
су құятын күштердің санын арттырумен бірге, өз ішімізден шыққан өз
мəдениетімізге қарсы нигилистердің де қатарын өсіруі мүмкін. Сондықтан
бізге тездетіп, тіпті мемлекеттің атсалысуымен қалалық-отырықшылық
мəдениеттің үлгісін жасақтау керек. Онсыз урбанизация екпіні əкеліп,
қалаға тоғытып жатқан бүгінгі қазақтардың ұрпағының бəрі ертең басқаша
бағытта қалыптасуы мүмкін. Мəселен, қытай тарихына қарап отырсақ,
көшпелі моңғолдар мен манжурлар қытайларды билеп-төстеп отырып-ақ
екі-үш ғасырда жұтылып кеткенін көреміз. Оның ең басты себебі –
көшпелілердің мəдениеті қалаға келген соң, əдіре қалып, түкке жарамай
қалады. Сондықтан қалада туып-өскен баланың қазақ əдебиеті туралы
түсінігі былай тұрсын, қазақ ұлты туралы түсінігін жөндеуге мəн беретін
уақыт жетті ғой деп ойлаймын. - Алашқа айтар датыңыз..
- Əншейін отырып алып, өз қазанымызда өзіміз қайнап, өз буымызға өзіміз
семіріп, «Абайымыз ұлы», «Əуезовіміз классик», «Мағжанымыз керемет»
деп отыра берудің заманы өтіп барады. Əсіресе бүгінгі мынау жаһандану
заманында өз ұлттық құндылықтарымызды əлем халқының назарына
ұсынып, əлемдік рухани қазынадан орын алуға ұмтылмасақ, ертең бəрі кеш
болады, кеш болған соң, еткен еңбек, жиған байлық еш болады. Иə, Абай да,
Махамбет те, Мұхтар да, Мағжан да… – бəрі-бəрі де əдебиетіміздің ұлы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Азаттығым мен Қазақтығым - 15
  • Parts
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 01
    Total number of words is 3824
    Total number of unique words is 2213
    29.7 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 02
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2147
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 03
    Total number of words is 3836
    Total number of unique words is 2165
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    42.9 of words are in the 5000 most common words
    49.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 04
    Total number of words is 3813
    Total number of unique words is 2139
    29.4 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 05
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 2160
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 06
    Total number of words is 3981
    Total number of unique words is 2234
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    44.9 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 07
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2194
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    43.1 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 08
    Total number of words is 3768
    Total number of unique words is 2127
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    44.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 09
    Total number of words is 3797
    Total number of unique words is 2206
    29.9 of words are in the 2000 most common words
    43.4 of words are in the 5000 most common words
    50.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 10
    Total number of words is 3738
    Total number of unique words is 2189
    27.8 of words are in the 2000 most common words
    39.5 of words are in the 5000 most common words
    47.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 11
    Total number of words is 3878
    Total number of unique words is 1958
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 12
    Total number of words is 3812
    Total number of unique words is 2170
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 13
    Total number of words is 3905
    Total number of unique words is 2281
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 14
    Total number of words is 3771
    Total number of unique words is 2090
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    41.7 of words are in the 5000 most common words
    48.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 15
    Total number of words is 3826
    Total number of unique words is 2194
    30.7 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 16
    Total number of words is 3712
    Total number of unique words is 2099
    27.9 of words are in the 2000 most common words
    39.6 of words are in the 5000 most common words
    46.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 17
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2056
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    50.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 18
    Total number of words is 3700
    Total number of unique words is 1985
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 19
    Total number of words is 3798
    Total number of unique words is 2195
    29.2 of words are in the 2000 most common words
    41.0 of words are in the 5000 most common words
    47.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 20
    Total number of words is 3793
    Total number of unique words is 2265
    28.5 of words are in the 2000 most common words
    41.1 of words are in the 5000 most common words
    47.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 21
    Total number of words is 3911
    Total number of unique words is 2258
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    42.6 of words are in the 5000 most common words
    50.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 22
    Total number of words is 3962
    Total number of unique words is 2142
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 23
    Total number of words is 3842
    Total number of unique words is 2289
    22.2 of words are in the 2000 most common words
    29.3 of words are in the 5000 most common words
    34.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Азаттығым мен Қазақтығым - 24
    Total number of words is 3350
    Total number of unique words is 1871
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.