Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 01

Total number of words is 4111
Total number of unique words is 2440
33.2 of words are in the 2000 most common words
47.7 of words are in the 5000 most common words
55.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Бірінші том
АҚ КӨГЕРШІН
Алма ағашының бұтағы
Қаракөз бен Сарыағаш
ЖОЛ
Ақкүшік
Көкмойнақтан шыққан «көкжал»
Бейғам дүние
Бірінші том
АҚ КӨГЕРШІН
Оның қиялы... Алақанына қонған ақ көгершіннің күміс қанаттарында күн
сəулесі ойнаған кезде, иə, əлі күнге жан баласы əңгіме етіп көрмеген, тек
осының ғана санасында оянып, көңіліне ұя басқан. Гүлдер хаһында ой
шеруін тартқанда, е, сосын жер бетіндегі ең жақсы адам – ақ кимешегін кір
шалмаған əжесі қара шанақты қағып-қағып жіберіп, мақамы жүйкежүйкеңді қуалай жөнелетін сұңғыла термесін əуендеткенде, Оспанқұл
атасы шалғы шыңдай отырып бағзы заман қазынасынан жіпше суыртпақтап
өз басының мизам һəм қаңтар тірлігінің шегерген сырын көл-көсір
ақтарғанда, бəрекелде, баланың қиялы шарқ ұратын. Бозала сəулені
тіміскіген жанары жарқырап, көңіл қанаттары ауаны ескен сайын, шыр
көбелек айналған жердің кіндігінен ұзай беретін, өзін-өзі көтеріп келе ме,
əлде ақ көгершіні ме алып ұшқан?!. Ол жағы беймəлім. Көкірегін айқара
құшқан жалғыз арманы – биікке самғап кетіп, көк төсіне табанын тигізу, сол
жерде тұрып бар дауысымен əлдене айтсам дей ме екен...
Қазір де, таң атқалы бірқыдыру уақыт өткенімен, көзін ашпай, терезеден
қиғаш түсіп тұрған күн сəулесіне қалың кірпігінің арасынан ғана сығалап,
анталаған жебір ойдың қамауында тым-тырыс мүлгиді, айқасқан аяғын
жазбастан бейжай күйін бұзбай-ақ қояр еді-ау, сыртта ақ көгершіні күтіп
тұр ғой, жалғыздықты білгізбеген, күнді ұясына қондырып бір үйде қатар
тыныстар, тілдесе алмаса да ұғыса білетін осы құртақандай құсты тауып
бергені үшін Оспанқұл атасына разы.
...Каникулға келген күннің ертесінде қартқа ілесіп, арбамен ауылдан күндік
жердегі ескі диірменге ұн тарта барғанда əуелі көргені – жирен сақал
диірменшінің жапырайған жаман тамының шатырынан жапырлай ұшқан
көгершіндері. Қара көк пе, қара ала ма, сан түсті қанаттылардың əдемі
мүсіні қандай – оған назар аударған жоқ: ымырамен жем терген тірлігі, ең
алдымен адамға ілтипаты, жатырқап жасқанбайтындығы қызықтырда
көңілін.
Бұлардың қолқасына жирен сақал əуелі шырт түкіріп жауап бермеген,
сосын мəмілеге келді: бір қап кебекке – екі балапан.
Үйге келген күннің ертесіне əлгінің біреуі көзі бозарып, өліп қалды,
екіншісін көрерге əдемі, ауыл арасындағы қалың талды айнала ұша
жөнелгенде аппақ бауырымен жасыл жапырақтардың дір-дір еткен бетімен
үзіп бара жатқандай көрінеді.
Төрт үйдің арасында құлағы қалқайған жалғыз баланың ермегі – қиялы мен
ақ көгершін сосын...
- Оу, балам, тұрмаймысың, – деп əжесі дауыстады. – Тырайып қашанғы
жатады.
Құлқы болсайшы тұруға. Қазір төрт үйдің бас көтерерлерінің қыбыржыбыр
тірлікке баяғыда араласқанын, құдайдың құтты күні есегінің жотадағы
бидайға кетіп қалатынын айтып, Айып шалдың ауылды басына көтере
сықпыртып жатқанын, шақырайған күннің астында Оспанқұл
көршілерінің күрк-күрк жөтеліп отырғанын, қорықшы – кем аяқ Станбектің
əйелімен тамның көлеңкесінде шай сораптауға кіріскенін біледі, сонда да
бас көтеруге ықылассыз.
- Бəйбіше, барсыңдар ма? – Айып шалдың жылаңқы дауысы əзер естіледі. –
Көгершін балаң үйде шығар?
- Ертеңгі астан ауыз тиіңіз.
- Оған мұрша қайда, əлгі есек тағы кетіпті.
- Шідерлеп қоймаймысың, жарықтық... Андағың не?
- Абиыр болғанда, алтын емес, бəйбіше... Күректің басы, түнде іңірде біздің
бала келген... Төмендегі ескі қамбаны тазалап қойыңдар, бидай құямыз деп
кетті. Əпкел, шақшаңды... Ештайдың əкірəндік баласы екеумізге задение
сол.
«Тұру керек деп ойлады Кемелхан, – бəрібір жаныңды қоймайды енді.
Бір, екі, үш...»
- Атаңның есегі жотаға шығып кетіпті, əкеліп бер, құлыным,- деді əжесі.
Шал шырт түкірді.
- Əй, шырағым, жұмыс бастан асып жатқанда ойнап жүріп алма.
...Жотаға шығатын жалғыз аяқ сүрлеумен еріне басып келе жатқан баланың
үстінен көгершін ұшып өтті. Қолын бұлғап еді, құс айнала самғап əуеде
ойнады.
Күн ыстық. Үп еткен самал болсайшы.
- Қансорпа қылып қуып келгенің не? – шал ежірейді. – Бұлай етерің бар,
бармаймын деп неге айтпадың?
- Ұстатпай қойса қайтем.
- Тр-р-р... Арамын қарашы. – Шал есекті шыр көбелек айналды.
- Кете берейін бе?
- Шық, мынаның бір жағынан.
Есекті екеулеп жүріп əзер ұстады.
- Жүйкең құрып тұрмаса төмен жүр, бізге де көмегің тисін, қашанғы
Оспанқұлды сағалай бересің.
Есектің митың-митың жүрісіне ілесіп бала жолға түсті.
- Осы сенің ойыңда не бар? – деді шал былай шыға бос шақшасын танауына
апарып.
Ақ топырақты бұрқылдатып бейжай келе жатқан Кемелхан желкесін
қасыды.
- Əкең марқұм, ой, қарулы еді-ау, қара жер хабар бермесін, сонша күшті
бола тұра көрінгеннен таяқ жейтін, біздің Қаймолда қанша сабады мес
қылып. – Айып кеңк-кеңк күлді.
Бала тоқтай қалды.
- Рас айтамын, кісіге қол көтермейтін, марқұм, – деді шал есектің басын
іркіп, сосын Кемелханның бетіне таңырқай қарады. – Несін айтасың, момын
тұғын, əй, сен əкеңе тарт.
Жол бойы шал өзімен-өзі сөйлеп талай жерге барып қайтты. Бірді айтып
бірге кетеді. Бала оның қай сөзіне ден қоярын білмей дал. Əжесі айтатын:
«Осы шал үнемі жалғыз өзі сөйлеп отырады» ,-деп. Бір жолы өзі де көзімен
көрді. Оспанқұл атасы іңірде ине сұрап келуге жібере қоймасын ба. Есіктің
алдына келгенде, іштен шалдың дабырлаған даусын естіді. «Кісі бар екен
ғой» деп ойлап, сəл тұрып қалды. Іштегі дауыс: «Бермеймін дедім, жанды
қойды ма, əкел де əкелге салып төніп тұрып алды желкемде. Құдды
əзірейіл... – Шал іле кеңк-кеңк күлді. – Ал мен ол қызталақтың алдын орап
кеттім... қалайы несі? Əй, қой, қазбаламай...»
Есікті итеріп қалған баланың аузы ашылып, сілейіп қалды, шалдың өзінен
басқа жан жоқ. Содан бері бұл Айыптан іш жиятын.
Бұлар Станбектің қамба көлеңкесінде қып-қызыл болып ұйықтап жатқан
үстіне келді.
- Ақсақ баланың жатысын көрдің бе? – деп сыбырлады шал. Сосын даусын
шығарып. – Ыстыбай Ештаев, – деп қойды.
Станбек жыртитып көзін ашты.
- Қайда жоғалдың, шал, тал түске дейін?
- Есектің келісі осы болды, əкіренік бала, кірісейік енді.
- Құрып кетсін, тобықтан топырақ... Мына көгершін адасып жүр ме?
Жетпегені осы еді, құдай жарылқады, күрек алып ішке кір, бала.
Қамбаға бас сұққан Кемелхан шошып кетті, төбесі жұлым-жұлым тесік,
қаптаған торғайдың ұясы.
- Бұған бидай құюға бола ма? – деп екеуіне кезек қарады.
- Онда сенің диалаң болмасын. – Айып шырт түкірді. – Əй, қолыңды ал
қалтаңнан.
Ақ тозаңның ішінен үшеуі бірін-бірі əзер көреді. Тұншығып бара жатқан
соң Кемелхан сыртқа ырғыды. Іле-шала Станбек шықты ырсылдап, шал
қыңатын көрінбейді. Терезеден топырақты бұрқыратып жатыр. Əлден соң
дауыстады:
- Əкірəнік, қайдасың?
- Айта бер.
- Кір ішке.
- Қиқаңды қойсаңшы шал.
Бір заматта көзі ғана жылтырап, Айыптың өзі де көрінді. Шандыршандыр
мойны айғыз-айғыз кір. Түшкірді ме, қақырды ма – иығы селкілдеп ұзақ
отырды.
- Япыр-ай, тозақтың оты мұндай болмас.
- Солай деші. – Станбек шиық-шиық күлді. - Əйтсе де ақсақал сұрауым бар.
- Шырағым, осы сұрау дегеніңнен əбден жадап кеткен адаммын.
- Амал қанша, білсек дейміз...
- Мысалы...
- Мысалы бір аяғы төрде, бір аяғы көрде тұрған адамға дүниенің қажеті
қанша? Балаңыз болса білдей бригадир.
- Болдың ба?
- Əзірше осы да жетеді.
- Ботқа бет адамда түйсік болмайды дегенді естіген шығарсың?
- Жалтарма, шал.
- Жауабын берейін, ендеше. – Айып кір-кір қолын көрсетті.-Қалай, жетті
ме жетеңе.
Станбек шылым тұтатты, көк түтінді бұрқ-бұрқ еткізіп алып:
- Бірдеме есіме түсіп отырғанын қарашы,– деді.
- Қызық болса айтсай... – Шал ернін жалап-жалап қойды.
- Шөкімен ақынның өлеңі еді.
- Е, не депті?
Станбек əндетті:
-Уа, Айып жалақ,
Жалай-жалай кетесің ернің қанап.
Түн ішінде жортқаныңды қоймасаң сен,
Біреудің өлтіреді иті талап...
- Кегің қайтты ма? – Шал орнынан тұрды. – Қайтса, ал күрегіңді қолға.
- Əй, – деді Кемелханға, – аузың ашылып немене... құлағыңа жағып барады,
ə... Қызталақтар-ай, өңшең.
Түсте түгел үйлеріне қайтты.
- Үзіп беретін қауын болса, піскен жоқ, есек əкелген ақыңа біздікінен айран
іш. – Шал Кемелханды қоярда-қоймай үйіне ертіп əкелді. Есіктің ашылуын
күтіп тұрғандай қара шыбын күж етіп əуеге көтерілді.
Үй ішінде жалғыз ескі темір төсек пен тозығы жеткен құрым киізден басқа
іліп алар ештеңе көзге түспейді. Айып баланың алдына ағаш тостақпен
айран қойып, сыртқа беттеді.
Əжесі айтып отыратын: «Кемпірі өлгелі он жылдан асты. Келінбаласынан
іргесін əуелден аулақ салып, жалғыз тұрды. Жұрт жапа-тармағай жаңа
орталыққа көшіп жатқанда тағы жарылды елден, жер бетіндегі жападанжалғыз адам осы, о, құдай-ай!» – деп.
Жер бетіндегі жалғыз адам... Осыған Кемелхан түсініңкіремейді. Адам
қалайша жалғыз болады?
Шал есіктен бас сұқты:
- Ерін тигізбепсің, жиіркеніп отырсың, ə? – көзі ажырайып кетті. – Ішпейді
екенсің, қайқай.
Сыртта күн шаңқиып тұр. Кемелхан аяғын басуға ерінеді. Қазір барады да,
əжесі қараңғылап қойған төргі бөлмеге кіріп ұйықтайды.
- Келдің бе? Қайда бардың? - Əжесі құрт сығып отыр.
- Төмен. Қамбаға.
- Немене... Күн өтіп кетті ме?... Құдықтың суына жуынып алсаң қайтеді?
- Əже. - Оу.
- Біз қашан орталыққа көшеміз?
- Колхозшыларға арналып келер жаз үй салынады деп жүр ғой, шешең аман
болса, біреуі бізге тиер.
Бала анасын ойлады. Ол жайлауда, сиыр фермасында сауыншы. Өткенде
қатынаған біреуден Кемелханға судай жаңа жейде беріп жіберіпті. Жаңа
киім алып, сөмкесін жаңартса...
«Өзіммен бірге ақ көгершінімді де ала кететін шығармын», - деп ойлады ол.
Оспанқұл атасы келді таяғын тықылдатып.
- Есебі, айраныңыз ар ма, бəйбіше?
- Е, бар емей немене ... – Əжесі зерден кесеге мəймілдетіп айран құйып
əкелді. – Майы алынбаған.
- Аққа не жетсін... – Қарт сіміріп салды. – Уһ! Ал, Кемелжан, қайда барып
келдің Айып атаңа ілесіп? Төмен түстіңдер ме, немене?..
- Ескі қаманы азалапты, бидай құятын көрінеді. – Баланың орнына əжесі
жауап берді. – Биыл құдай беріп тұр, жотаның астығы сұмдық деседі жұрт.
- Қара қазан, сары баланың несібі деген сол есебі. – Əй, бəйбіше-ай, аққа
аузы жетті ғой елдің. Тек тыныштық болғай. – Қарт Кемелханға қарап күліп
қойды. – Осы қай класқа барам деп ең биыл?
- Бесіншіге.
- Өтіп бара жатқан заманды қарай гөр.
- Екі колхоз бірігеді, жаңа орталық салынады дегеннен-ақ Иірсудағы елде
береке қалды ма, жапа-тармағай көше жөнелді.
- Бəйбіше, өкімет бекер іс қылмайды. Есебі, түптен ойлағандары бар, білем.
- Бізді қинап тұрғаны баланың жатын орны, – деді əжесі. – Кемелжанның
татар дəмі енді ағайыннан болып тұр емес пе?
- Е, бұл үшін қазан асар деймісің.
- Сыртқа шықпаған бала...
- Үйреніп кетеді. Əй, бұлар өспесін, есебі, өскен соң Əшірбек ағасына ұқсап
басқан ізіне зар қылады əлі-ақ.
- Қой, əке, мұныңыз не, жарықтық?..
- Басқа кімім бар?.. Оспанқұл булығып ұзақ жөтелді.
- Қолы тимей жүр де. - Əжесі де қоса қамықты. – Кеп қалар...
- Кешікті ғой, тегі... Қалдырар аманатың қинайды жанды. Соны айтып
үлгере алмай қалам ба деп қорқам, есебі.
- О, не дегеніңіз?
- Күннен-күнге жанарым солып барады, бəйбіше. Ұзақ таңға кірпігім
айқаспайды. Сеземін. Жаңа қонысқа көшпей қалғаным сол... Осы жерде
кіндігім кесіліп, терім төгілген... – Сəл үнсіздіктен кейін сөзін қайта
жалғады. – Қадишаға жаным ашиды, жалтақтап жалғыз қалып барады,
жақын тартар ешкімі жоқ.
Үлкендерді жайына қалдырып, Кемелхан үйге кірді, бөлмені əжесі
қараңғылап қойған екен, тап төрдің алдына жата кетті.
Оспанқұлдың баласы Əшірбек туралы ойлады. Осыдан он екі жыл бұрын
көрген. Ұзын бойлы, ақ сұр, шашы сəл ұзындау, сұсты жігіт көз алдында.
Екеуі тауға шыққан. Бұған жол бойында ертегі айтып берген. Жақсы көріп
қалған еді сонда, енді көңілі қалған райда. Келмей ме? Əкесін неге
аямайды?..
Кемелхан дөңбекшіп ұзақ жатты.
Бала қиялына қанат бітіретін үшінші серігі – сурет салатын дəптері. Оны
қолына алғанда шұғылалы аспан, нұрлы дүние – жер беті дəл осының
иығына иек сүйеп тұрғандай болатын. Сəл қозғалса, өзі ғана көріп-сезетін,
алысжақынға шетін шығарып айтпаған сұлулық атаулы жым-жылас
жоғалатындай қорқып, тас мүсіндей қадалып отыратын да, əлгі мың
құбылған, бір-біріне мүлде ұқсамайтын құбылыстарды қашан жəне қай
кезде үйлестіремін деген ынтызар қиялға қол артатын. Сөйтетін де, ақ қағаз
бетін шимайлай жөнелетін.
Əне, ол үй артындағы биік төбенің ұшар басында отыр. Жіп-жіңішке
саусақтары қарындашты сығымдап алған. Аппақ парақта меңдей ноқат жоқ
əзірше...
Иірсуды айнала тау қоршап жатыр, өркеш-өркеш бұйра жондар айдары
желбіреп, бірінің шоқтығына бірі иек артқан сайын биіктеп, ақырында
зеңгір көкке телмірген істік сілемдердің бауырына барып кіретін, ерекшелігі
– бұл ауылды ертеңгі алакөбеңнен кейін талай уақыт қызыл арай көмкеріп,
алтын шашақты сəулелер көкорай шалғынның тал бойынан бастап боз
көденің тұтасқан түбіне дейін бояуын жоғалтпай тұрып алатын. Шығыстан
шыққан алып күн дəл жолында маңқиып жатқан атақты «Көктіреген»
үстерінен асып келгенше осы, сосын барып қана алқызыл нұр аспанға сіңіп,
жерге жайылатын.
Бала бажайлап отырса, ауланың жобасы бос тастаған қамшы өріміндей
ирелеңдеген көшесінде арасы алшақ-алшақ салынған соқпа тамдардың
сұлбасы ғана қалған, жаппай орталыққа көшкен жұрттың орнында топырақ
үйіндісі қарауытады.
Қағаз бетіне көзі көргендерін ғана түсіріп отыр, қашан да жанары қаныққан
бейнені бүлдіріп алудан, не ұқсата алмаудан дегбірі қашып қиналады.
Ол – суретші еді, бұл қасиет əуелде бойында болды ма, жоқ па білмейді,
алайда мектеп табалдырығын аттап, қолына қалам ұстаған жерден былай
қарай ішкі тебіренісіне даңғырата жол ашқан. Тапжылмай қағаз шимайлаған
мұның бойында суретшілік қабілетінің бары ақиқат.
Ауыл табиғатының бар реңі айналасын қоршаған қарекетпен жарастық
тауып салына бастағаннан-ақ бала айтып жеткізгісіз рақатқа бой ұсынады.
Лүп-лүп соққан жүрегінің дүрсілі, кеудесін кернеген қуаныш лебі – бүкіл
маңды басына көтерген сарқыраманың суындай жан дүниесін жаңғыртып,
жадына түйген, қиялында оянған бояулар мен нақыштар қарындаш ұшында
қатар өріледі. Қабілетінің қайнар көзі ата қоныста отырған төрт үйдің
үлкенкішісін бейнелеуге келгенде кең ашылып, жарық дүниеге іңкəрлігі,
үлкендер айтып отыратын адам мұраты дейтұғын биіктікке қарай өкшесін
жерге тигізбей демейді, таяқ тастам жерде əлденені көтеріп қыбыр-қыбыр
қарекет еткен құмырсқа да, ашық аспанда алаңсыз жүзген ақша бұлтқа
дейін - бəрі қуаныш оған. Көңілге түйгенін қағаз бетіне асықпай отырып
түсіруге пұрсат бер, бала болуға, бала болып ойнауға, бала болып қиялдауға
көлденең тұрмасаң, өзге нəрсе сұрамайды бұл.
Қарашы мынаны... Күндігі қоқайған əжесі басын кеудесіне алып, түйенің
асыл шудасын түтіп жатыр ма, əйтеуір, табанын суытып көрмеген шүйкедей
кемпірдің жанкештілігі, «уһ» демей əмəнда жарқылдап жүретіндігі, толып
жатқан қисса айтып ұзақ таңға иілмей отырып домбыра тартысы – мұндай
əже дүние жүзінде кем де кем. Осындай көңілді адамның түнде шам сөнген
соң, əлдебір сөздерді күбір-күбір қайталап, жиі күрсінетініне таң қалатын
бала. Көзі ұйқыға кеткен соң, түнде оянуы сирек-тін, ал оянды бар ғой, ең
алдымен əжесінің күрсініп жатқанын естір еді... Тереңнен уһлеп шыққан
дем жиілеген сайын бойы тоңазитын, осылай тітіркенген денесін көрпеге
жасырып, бұйығып жатқан түндерінің бірінде əжесінің: «Əй, Құлияс-ай...» –
деген əрі қысқа, əрі зарлы үнін естіп, іштей езілгені, еңірегені бар.
Құлияс – əкесі. Оның қалай өлгені түп-түгел есінде: алты жасар қара сирақ
баланы шаңқай түсте лай тоспаға əлсін-əлсін, сүңгіп, топ құрбысының
арасында асыр салып жүрген жерінен атты біреу лəм-мим деместен желіп
келген бойда тақияша іліп ала жөнелді. Үй алдында қалың жұрт, сұсты
еркектердің сұп-сұр кескіні бедірейіп, қашаннан қам көңіл əйел біткен
орамалдарының ұшымен көздерін басып, ара-тұра сыңсып алады. Соқпа
тамның көлеңкесінде үсті-басы күйген, кейпі адам көргісіз біреу жатты.
Қыпқызыл болып ылжыраған беті бір жағына ауып кеткен секілді,
еріндерінің арасынан ақ тістер анадайдан көзге түседі. Түктің мəнісін
ұқпай, отқа түскен адамға аяныш, əрі одан қорқыныш сезімі ғана баурап,
абдырап тұрған баланы ойбайлап келіп əжесі бас салғанда, мұның
санасында «əкең» деген сөзден бір сұмдықты сезіп шыңғырып жіберген.
«Кемелхан!»
Ыңырсыған, алайда тамырын шымырлатқан жалынышты, аяулы баяу дауыс
бала жадында мəңгі қалып қойды. Əкесі ауруханада көз жұмды. Масағы
аспанға ұша жанған астық өртін өшірем деп жүріп, Иірсудың момын, өзі
тірлігіне адал тракторшысы осылай қайтыс болған.
Бала əкесінің суретін салып отырып, өткенді есіне алды. Оспанқұл қарт
бұлардың байырғы көршісі: дімкас, кəрілікке ауру қосылып ізін аңдыған
соң, төсектен қара үзіп кетуі қиын екен. Дүние жүзінде ең жақсы көретін
атасының класс жетекшілері Балқия айтып отыратындай от-жалында
шыңдалған большевик атасының таяққа сүйеніп, қарға адым жерге зар
болып қалғаны, енді екеуінің «Мажыра» сайына арбамен баруы екіталай
екені жанына батады баланың. Көрмеймісің үйінің артындағы тақырға киіз
салдырып шаңқайған күн астында мүлгіп, құнысып отырғанын, еті қашқан
сүйегі бешпенттің астында білінбейді, шынашақтай құр сүлдер қора
көлеңкесінде шыбындап тұрған кер биеден көзін айырмайды. Өзінің талай
майлығы мен сулығын тең бөліскен серігін аяй ма, айтар сөзі бар ма...
Көргенін айнытпай қағазға түсірген бала, жанарын судың арғы қабағына
тіктеді: қарашығында Айып шалдың ұзыннан-ұзақ созылған қора-қопсысы.
Қайсысы үй, қайсысы малдың жатын орны екенін аңғарудың өзі қиямет.
Бірінен сиыр, келесісінен жылқы, үшіншісінен есек қылтитады басын.
Баяғыда қирап, енді келеге келмей қалған бір аттық шана, арба, ағаш, соқа
санына жетпейсің, қора-қопсының үсті ескілі-жаңалы тұтасқан шөп.
Беті бір уыс көсе шалдың сірленіп тозығы жеткен бешпентіне, тізесі үлбіреп
оңып кеткен шалбарына дейін анық көріп тұр бала. Ежірейген көзі, езуінен
ешуақытта кетпейтін кекесін мысқыл да жадында, қазір соның қайдағы даудамай жайлы өзімен-өзі сөйлесіп жүргеніне дейін сезінеді.
Сала салған суретіне қарап, шошып кетті – құдай-ау, мынау аумаған
қайыршы ғой!
Əжесі айтқан бір сырда – Айып көңіліндегісін жан баласына сездірмейтін
жылан жүрісті адам – ел ортасынан қашқақтайтын, мəміле іздемейтін,
ағайынның жақсылығы болсын, қайғысы болсын бірыңғай сұрғылт
көзқарасы бар, өзге түгіл өз батасына қол жайып көрмеген, жемежемге
келгенде есігін тірей бекітіп, күллі əлемге ту сыртын беріп отыратын
күнəһар. Бірақ, бар ғой, терісіне ілініп жүрген осы шалдың күнəһарлығына
бала екі дүниеде сенбейді.
Алыста сарғайып піскен егін тербеледі, ақ сары толқын жап-жасыл болып
бетке тырмысып бір-бірін қуалап бара жатқандай. Шетінде жиырма шақты
жылқы жүр жайылып. Қорықшы қайда? Баланың көзі төмендеп Станбектің
үйіне түсті. Ол қазір ұйқыда, ұстарамен айнадай қылып алдырған басын
сабалақ жүнді ала мысық жалап жатсын, əйелі төр үйде бар даусымен əн
салып отырсын, бəрібір оянбайды, аузынан суы ағып жатады серейіп.
Көріп жүрген жас жігіттерге Станбек мүлде ұқсамайды, тіпті бəрін
қойғанда: «Түтін жұтқаннан осым артық», – деп насыбай ататынын, ерні
томпайып киіз астына шырт-шырт түкіріп отыратынын қайтесің. Өзі еш
уақытта оң сөйлемейді, мейлі үлкен, мейлі кіші болсын – қылжақтап мезі
етеді, қала берді ермегі – əйелі, екеуі шырпының шиін салып карта
ойнайды.
Бала Станбекке бір жолы көкейінде жүретін аспандағы ақ гүлдер жайлы
айтқан, сөзін аяқтап үлгермей, анау мұрнынан аямай шертті. «Не былжырап
отырсың, қайдағы гүл, аспанда гүл өседі деп қай жынды айтып жүр саған?
Бала, сен сөмкеңді арқалап мектепке ертерек кетпесең, қияли болып,
домбыра дыңғырлатып, ағаш кезіп кететін сыңайың бар. Қи... қи.. қи.. ұқи...
аспан гүлі, құдайым-ай түске кіретін сөз айтып... сандырақтап болсаң
əпкеші бері басыңды тырсылдата келіп шертейін», – деп шекесін қыпқызыл қылған.
Қай кезде оның ұзын-сонар сөз бастап, бір көзін жұмып, жұмбаған көзін
алысқа қадап, ерніне екі-үш түйір насыбайды тастап жіберіп көсіледі
дейсің. «Қорқам мен ағайын, қорқам, – деді ол басын қалтылдатып, – ертең
бе, бүрсүгіні ме біреу кнопканы басып кеп жіберсе, күліміз көкке ұшады,
қырыламыз да қаламыз. Вот нені ойлау керек».
Станбектің əйелі қып-қызыл, топ-толық келіншек. Алғаш артист боламын
деген екен, қараңғы түннің бірінде ай-шайға қаратпай Стекең алады да
қашады, енді жер тамда сұңқылдап отырысы мынау, күн ұзын шаршау жоқ,
талмай шырқайды. Кей күндері күйеуінің торы шолағымен шашы
желкілдеп, орталыққа тартып кететінін қайтерсің; бітірері – жаңа шыққан
əн болса үйреніп, сөзін жазып əкелу ғой.
Ақ парақта шолақ торыны тебінген əйел пайда болғанда, бала жымиды.
Шалқасынан түсіп көгілдір əлемге көз тікті; аспан ашық, тап-таза, айдын
судың бетіндей жарқырап еріксіз өзіне тартады: қанатыңды қағып-қағып
шаншылып ұшсаң-ау биіктеп; қылдай қылауы жоқ көгілдір əлемге сіңсең
сосын, самғап ұшқан ақ көгершініңмен қосыла шырқап, ақша бұлттарды
уыстап лақтырсаң...
Балаға кейде осы аспанмен жердің ортасы алыс емес, кеңістіктің түпсіз
тұңғиық екені өтірік сияқты болып көрінетін.
Тым-тырыс жатты да қойды, күн барған сайын ысып, шыжғырып барады;
ызыңдаған жалғыз сона қол созым биікте ұзақ айналды; аулақта сайраған
бозторғай əуені құлаққа қандай жағымды – елтіп маужырай бергің келеді.
Бала төменде Айып қарттың бақшасының жанында тұрған сары жигулиді
көрді. Балағын тізесіне дейін түріп алған шал ат бойы өскен сыпыртқының
арасында кетпені жарқылдап, жанындағы дөңкиген біреуге əлденелерді
айтып, қолын сермеп тақымдап барады. Оның қасындағы шой қара –
шалдың ұлы Қаймолда екенін бала танып тұр. Əжесінің айтуынша, қазіргі
жастың пысығы осы, елдің жаңа қонысқа көшкені арқасында бес-алты
үйдің бақшалық жерін түгел қоршап, сыпыртқы егіп тастап, əкесіне
қарауылдатып шаруа істеп жүрген сияғы, тек соншама сыпыртқының не
үшін керек екеніне бұлардың миы жетпей дағдарды. «Мұнда көп мəніс бар»,
– деп Оспанқұл атасы шырт түкірген. «Мəнісі сол – қазір базарыңызда
нағыз пайданың көзі осы болыпты», – деп Станбек əжептеуір əңгіме
қозғаған, алайда қыңқыл-сыңқылға əкелі-балалы қарамады. Атақты
«Шорылдақ» бұлағының көл-көсір суын бақшаларына бұрып сап, ұлан-
ғайыр аймақты жайқалтып жіберді.
Қаймолда – үнемі оң көзін қысып жүретін жігіт. Əуелде бала осы соқыр
емес пе деп те ойлаған, сөйтсе... Жазғы каникулға тарап келген ағашқы
күндері ойнап жүріп Айыптың үйінің жанына келіп қалған еді, іштен
күжілдеген ызғарлы дауыс естілді. Есік ашық. Темір төсектің үстінде ашуға
булығып отырған шалдың алдында божбан қара талтайып тұрып алып
ақырып-шақырды: «Аядай жерді күтуге шамаң келмесе, өлмеймісің
тырайып, өзіңдей елдің əкесі, əне, көзін шел қаптап кетсе де, дүрбімен қой
жайып, сайсайды қуалап қарбыз егіп жыл он екі ай қаңғиды...» – жігіттің екі
көзі тас төбесінде. Қарасы теріс айналып ақшиып кетіпті. Мұны көріп оң
көзін қыса қойды, сосын өтірік күлген болып: «Шалдардың ақылы айрандай
іріп барады, інішек, қалай күн көреміз?» – деген.
Кемелхан əкелі-балалы екеуіне соңғы рет көз салып, ылдиға қарай жүгіре
жөнелді. Үйге келгенде əжесі:
- Мана Оспанқұл атаң жай келмепті, ыстықтың беті бері қайтысымен
қорамның төбесін ашып, қайта жабамын дей ме. Сəл дамылдап алып сонда
баралық, ұлым, бізді ес көріп отыр со жазған.
Оспанқұл дегенде баланың баланың шығарда жаны бөлек; бүкіл жаз бойы
жұбын жазбай «Мажыраға» қарай тепеңдесті; ат бауырына оратылған көк
құраққа белуардан еніп іркіс-тіркіс сілтеді шалғыны. Біссімілдəсін қайырып
алға түскен қарт қаршадай баладан ұзап кете алмағанына күрсініп, əлсінəлсін қарай беретін. Бір-біріне көз астымен қарасып, соншалық тез
деміккендерін білдірмеген сыңай танытып, алақандарын жанып қайта
күйбеңдейтін: қолдары қалтырап, тізелері дірілдегенше осы, уһ деуге шал,
жантая кетуге бала намыстанады, таңдайлары құрғап, сілекейлері қатқанда
барып амалсыз аяқ созып жерге жамбастай кетіседі. Осы күйбең қарекет,
ымырт тірлікпен-ақ біраз шөмеленің сұлбасы қарайды. Соған көздері түссе
мəре-сəре қалып танытады; шал талайдан бері сабылған күндерінің зая
кетпегеніне, шым-шымдап шаба берсе қыстық шөбін желідегі қауын пісіп
үлгермей əзірлеп алатынына қуанды. Қарттың қолын суытып көмектескені,
əжесі айтпақшы «өзгеге шапағаты тигені» үшін баланың шаттығы өз
алдына.
Кəусар дүниеге қарап отырған екеуінің күн ұзынғы тірлігінің бір тармағы
қарт айтатын қат-қат əңгіме; өмірі жалықтырмайтын бағзы заманның
шежіресі ағыл-тегіл ақтарылып кеткенде сұңғыла көңіл атабабаның ертегіге
бергісіз ерлігіне қол соқтырмай қоймайтын.
- Сен бар ғой, Кемелжан, өзіңді көп қинай бермей дем ал, оған дейін мен
шалғыңды шыңдап қоямын, – деп қарт мұны жанына отырғызып қойып
əдемі мақамға басады.
Баланың сүйіп тыңдайтыны Сармантай бала туралы аңыз-ертегі.
- Баяғыда Итбаспақ тауының қойнауында шал мен кемпір тұрыпты.
Олардың Сармантай деген жалғыз ұлы болған екен деп келіп Оспанқұл қарт
əндететін :
Жақсылықты жалғанға,
Жасамайтын антұрған,
Итбаспақтың құзында,
Бір жалмауыз шал тұрған...
Сол шалдың баласы əлгі Сармантай, – дейді қарт. Шалдың
жалмауыздығының мəнісі – Итбаспақтың ұшар басында шипа бұлақ деген
ақ қайнар болыпты. Оның суын ішкен адам болсын, аң болсын ауруынан
əпсəтте айығып ұзақ жасайды екен. Сол бұлақ күндердің күнінде
тосылыпты. Тірлікке өшіккен сұрқия шал бұлақ көзін қасиетті көк таспен
бітеп тастайды. Өзі бұлақтың жанындағы биік сілемге шығып алып, келе
жатқандар болса садақпен қырып отырыпты деседі. Аурудан адамдар да,
аңдар да өле беріпті, ал шипалы бұлаққа асыққандарды қанды жебе жер
жастандырып жатыпты. Дүние қапырыққа айналады. Тау, тас күндіз–түні
күңіреніп, тал–бұталар, шөптер мен гүлдер сыңсып жылайды.
Қаршадай бала Сармантай есік алдындағы қой тастың үстінен бəрін көріп
отырады. Егер шипалы бұлақтың суын ағызбаса, оған адамдардың қолы
жетпесе дүниенің біржола өртеніп кететінін бала сезеді, ақырында
аққайнарды күзетіп отырған əкесіне қарай бет алады. «Ей, балам
жақындама, – дейді əкесі Сармантай таяп келгенде. – Бұл жерге менен басқа
адам баласының аяғы тимеуі тиіс, қайт үйге». «Əке шаршадыңыз ғой,
шипалы бұлақты мен күзете тұрайын, сəл мызғып дем алыңыз», – депті
Сармантай. Шал жауап қатпайды. Бала жылап үйіне келеді. Сонда шешесі
ақыл айтады: «Уа, менің жақсылық үшін жаралған құлыным, қатыгез
əкеңнің пейілі тарылып, жер бетінің тіршілігі құруға айналып бара
жатқанда туған бөпем, бұл тығырықтан шығатын жалғыз жол бар, соны
айтайын, бəлкім, себі тиер ме екен, кім білсін. Əкеңнің үйде атбасындай
алтыны бар, соны біреу тартып əкетіп қалды деп барып көрші, балам,
айтпақшы дейді анасы, əкең алданып үйге кетсе бұлақ көзінде көк тас
жатады, оны сен ала алмайсың», – деп екі ауыз терме үйретеді.
Сармантай əкесіне келіп алтын туралы баяндайды. Сонда шал орнынан
қарғып тұрыпты. Шипа бұлаққа жалтақтап қарай берсе керек. «Кел мұнда, –
депті баласына, – мен келгенше кірпік қақпай отыр, көзіңе біреу түссе садақ
тарт, ал шипалы бұлаққа өлсең де жуыма. – Шал аз–кем бас шайқап тұрып:
– Егер тілімді алмай бұлаққа жуыдың бар ғой, өз обалың өзіңе».
Шал кеткен соң ұшып қайнар басына барыпты бала. Дөп-дөңгелек
бұлақтың суы тартылып, топырағы əбден кебірсіген. Түкпірінде адамның
басындай ғана көк тас жатыр. Бала жалма-жан көк тасқа жармасты. Бірақ
қанша жұлқыласа да қозғалта алмайды. Сонда есіне анасы айтқан терме
түседі:
Қуратып ыстық даланы,
Құтырып қурай жанады,
Маралдар маңып барады,
Адамдар өліп барады.
Шипа бұлақ ақпаса-ау,
Көмейі сылдыр қақпаса-ау,
Құриды, бəрі құриды,
Айналайын көк тас-ау, –
деп жырды қайталапты бала. Сол, сол-ақ екен көк тас ылдиға домалап
жөнеледі, оның ізін қуа ақ бұлақ аға жөнеледі. Іле бүкіл дүние көк жасыл
түске енеді, бұта – бұтаның үстін ақ, сары, не түсті гүлдер жауып, бұрын
соңды байқалмаған жұпар аңқып қоя береді. Сайраған құстар, тастан-тасқа
секірген аң бүкіл тауды төбелеріне көтеріп алып шыр көбелек айналдырып
тұрғандай болып сезіледі. Қара тастардың бетіне лезде жасыл қыналар
қаулап, жер бетіне мөлдір тамшылар қонады. Алыстағы адамдардың күлкісі
құлақ тұндырып, бүкіл əлемді баураған аспан өңірін қақ тіліп, күннің
сəулесі есіле төмен төгіліпті. Сармантай алақайлап жүгіре жөнеледі, бір
кезде артынан қатты дүрсіл естіледі, бұрылып қарағанда тұла бойы
шымырлап қоя беріпті баланың. Садағын кезеніп, түрі жан шошырлық əкесі
қуып келеді екен. Бала жан- дəрмені қалмай қашқанда, зуылдаған жебелер
біресе төбесінен, біресе жанынан жанап өтеді, оның өкшесі жерге тимей
зымырайды; таулар да, тауда өскен долана, тобылғы, шеңгел де бөгет бола
алған жоқ, көк құрақтар, қалың қамыстар қақ айырылып жол берді, кілкіген
ақ сағымның шудасынан ұстап құстай ақты Сармантай.
Қанша құйын-шыбын болып ұшқанымен артындағы алапты дүсіл мен
зуылдаған жебелер екі елі қалмай, өкшеледі де отырды. Бала артына
бұрылуға қорықты. Əкесінің өлтіруге құнығып қан толған көзін екінші
қайыра көрмеуге бекінді, дүрсіл таяй түсті, жебелер енді оның денесін
мүлде жанап ұшатын болды.
Күллі дүние дем шығармай тына қалды; жүз жылдық, бəлкім мың жылдық
кəрі еменнің бүкіл бұтағы салбырап жерге түскен. Сəл дыбыс шықса сатырсұтыр сынып шашылып қалатын секілді, күн сəулесімен өртенген сілемдер
заңғар аспанға емініп тəңіріне жалбарына ма, жоқ мəулет сұрай ма, қайдан
білсін Сармантай, əйтеуір леп шығаруға, қимылдауға батылы бармай тұр
дүниенің.
Бір кезде жыланша ысылдаған дыбыс шықты дейді арттан, балада əлдəрмен
қалмады, ол бұл сертті жебені білетін, егер ол адырнадан шықса нысанасын
алмай қоймайтын еді.
Көзді ашып-жұмғанша болған жоқ, Сармантай əлдебір күшпен ыршып
аспанға көтерілді, самғап, шарықтап бұлттардың үстіне шығып, сонау
биікке қарай қалықтап кете барды. Бала құсқа айналып кетіп еді. Қанды
жебеден қаршадай бала сөйтіп құтылады. Əкесі болса құзар жардың құлама
тұсында тас болып қатып қалыпты деседі.
«Көрдің бе, – дейді Оспанқұл қарт. – Сармантай құсқа айналып кетті. Ал
оның есесіне шипалы бұлақтан нəр алған дүние қайта жасарды, адамдар
ұзақ жасайтын болды, ұрпағы көбейді олардың, солардың бірі сен мен біз».
«Ол қандай құсқа айналды екен?» – деп сұраған Кемелхан. «Қандай құсқа
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 02
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.