Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 08

Total number of words is 4166
Total number of unique words is 2478
32.3 of words are in the 2000 most common words
46.4 of words are in the 5000 most common words
54.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
үлесін азсынып сорлады. Сөйтіп жүріп, төбелерінен жай түсті.
Бастығы деймісің, басқасы деймісің, түгел түрмеге жабылды.
Ақсақ бухгалтер еңбекақы алып келген күн Бошқайдың есінде. Буда-буда
ескі ақша. Əкесінің алғаны жарты қаптай болды. Ал кеп үлестірсін.
Фермада не көп, жетім-жесір көп. Əй, сары пұшық, кел бері, мынаған
көйлек алып ки... Тойлыбайдың тұяғы сен де қарап тұрма, момпаси алып
же... Жауды жеңген Жарықбастың тыртық көзі, аш алақаныңды... Оу, келін
сен де құр қалма. Құлманбеттің қарасы, əпкелші қолыңды...
Соны ойласа, Бошқай жанып кете жаздайды. Бұ неғылған дарақылық. Тым
құрыса сол ақшаның жартысын бұған көрсетіп көміп қойса, Бошқай бүйтіп
қан жұтып жатпас еді... Əкесі өлгеннен кейін шекесі қызбай қойды. Бірде 
анда, бірде  мұнда сенделудей-ақ сенделді. Бейнет көрмеген басы табандап
жұмыс істеуге үйрене алмады. Қарнының орта, киімінің қоңырқай болғаны
көңілін көншітпеді. Соның бəрін əкеден көрді. Өзінің тақұл-тұқыл тұрмысы
үшін əкені кінəлады. Бəленің бəрі дүние қумағандықтан деп біледі. Содан
былай қарай көксегені тиын-тебен болып келеді. О шіркіннің əзір қара
көрсетер түрі жоқ.
Саламат газға шай қойды. Кіре берісте мөлтиіп тұрған ала күшікке бір
жапырақ нан тастады.
Саламат шай қайнағанда баланы оятты.
- Қалайсың?
- Басым аздап ауырады,  деді Айжарық.
- Күн өткен шығар, кəне, ыстық шəйдан ішіп жіберші аздап, терлегелі
тұрсың.
Бала тұрып отырмақ еді, буынын ұстай алмай шайқалып барып бойын əзер
түзеген. Сол кезде алақанындағы сағатын түсіріп алды.
- Əпкелші андағыңды,  деп манадан үнсіз түнеріп отырған Бошқай
Айжарыққа қол созды.  Əпкел, көрелік.
Бала сағатты еріксіз Бошқайға ұстата берді.
- Жүріп тұр... Ауыр ғой өзі...
- Қақпағыңның ішіне жазу жазылған,  деді бала.
- Мейлі,  Бошқай алдына шамды жақындатып ұзақ шұқшиды.  Коммунист...
ту... Игибаю Молыкбаевичу...  Əй оның кім?... Иə... За предан... ность делу...
рево... люцию и активное учас...тие в разгроме банды Спатая. Фур...
Фурманов».
- Игібайың кім?
- Сəлімбай атаның əкесі.
Бошқай шиқылдап жаман күлді.
- Мəссаған. Фурмановтан сағат сұрағанша осының жартысындай алтын бер
десе ғой, əй, қараңғылық-ай.
Бала ызадан жарыла жаздады. Басы лықылдап қайта ауырды.
- О шалдың тұқымы өле алмай жүріп түгел белсенді,  деді Бошқай. 
Сарыбала бабасы Кенесарыны қырғыздарға сатып кеткен деседі.
- Сағатымды беріңіз?  деп бала қол созды.
- Бермесем, шауып аласың ба? Мə,  екі саусағының арасынан бас бармағын
көрсетті.
- Беріңіз?  деді Саламат.  Беріңіз. Бала ғой.
- Əй, жаныма тисең мылжа-мылжасын шығарып шағып тастаймын қазір.
Міне, былай...
Саламаттың қолы Бошқайдың білегіне сарт етті.
- Əй... əй...  Бошқай жігітке мөлие қарады.  жаман темірді...
Тыр-тыр етіп шатырдың жанына мотоцикл тоқтады. Қақа. Ішке кірмей
есіктен сығалап тұр.
- Бошқай, бармысың?
- Е, не болды?
- Қайтамын.
- Түс көрдің бе?  Бошқай ырсиып күлді.  Қатыныңды сағындың ба əлде?
Өліп бара жатсаң да сəл тізеңді бүк.
Бала жастыққа бас қойды. Көзін жұмып, жұртқа арқасын берді.
- Мен арықтың басын көрейін,  деді Саламат.  Су азайып кетті ғой бүгін.
- Салқын түссін əуелі.
- Сол салқынды күте алмаспыз ендігі жерде.
- Кешікпей мен де барамын.
Саламат ұзады-ау дегенде Қақа:
- Шаруа бар,  деді.
- Айт.
- Сыртқа шығалық.
- Айта бер бипаздамай.
- Болмайды.
Шықыр еткен дыбыс шықты. Біреуі мотоциклға отырған сияқты.
Екеуінің күңгір-күңгір дауыстары естіліп тұр.
- Көктоғайдағы кемпір ше...
- Иə.
- Балықтай құнажынын көрдім, кемінде бір жарым центнер ет береді.
- Обал-сауабы қайда, ит.
- Көп сөзді қой. Жеті-сегіз жүз сом ақша алақанымызға түседі, кеше маған
қанша ұтқыздың?
- Үш жүз.
- Қарызыңнан құтыласың əрі.
Бошқай үндемей қалды.
- Бригадирдің машинасы қатыныңды қайта əкеліп тастайтын шығар.
Сонымен ана серігіңнің көзін бір-екі күнге құрт.
Көрерміз.
- Көрме, істе. Сосын ертең іңір түсе Көктоғайға тарт, мына тұрған жерге
табаның жайыла қоймас. Құнажыңды қорадан алып шығып қалың ақ шидің
ортасындағы ескі молаға жеткізіп, бізді күтесің.
Баланың денесі сұп-суық болып қатып қалды.
Ертесіне, Бошқай кетпенмен ұрып ала күшіктің аяғын сындырған күні, бала
оны таңып, көлеңкеге жатқызған соң, көшетіне тартты. Жеткенше Бошқай
мен Қақаның кешегі уəдесі есінен шықпай қойды. Қазір кемпірге жетіп
бəрін айтуға оқталып еді... Кеше Қақаны шығарып салып Бошқай шатырға
кірген.
Бошқайдың аямайтынын біледі бала. Шешесімен қоса бауыздап кетуі
мүмкін. Өткен қыста ше, өткен қыста тəтесінің қарнына бəкісін пісіп алған
еді ғой... Сондағысы... Шешесі ылбырап піскен етті сүзіп алып, асықты
жілікті баланың қолына ұстата берген. Газет төсеп аяғының тырнағын алып
отырған Бошқай ақырып жіберді. «Əй, жілікті əпкел бері, асықты жілік
мүжитін ол бір менің тұнғышым ба?» Бала қапелімде не істерін білмей
жаман абдырады. «Ə, солай ма? Басынайын деген екенсің көкеңді, мə,
онда.» Бір қолында бəкісі, төніп кеп жақтан осып жіберді, онымен қоймай
кеудесінен жəне тепті. Апасы шырқырап келіп араға түсті. «Мені өлтір. Оны
өлтіргенше мені бауызда, қанішер...» «О, əкеңнің гөрі...» Бошқай енді əйелді
төпелей жөнелді. Бала бұрышта жатқан киімдерін іліп ала сала далаға безді.
Күн қақап тұр, қайда барарын білмей дағдарды. Қораға кіріп тұруға Бошқай
тауып алар деп қорқады. Көшені бойлап беталды жүгіре берді. Ақыры
мектеп үйінің қалқасына қабырғаға үйілген кірпіштің бұрышын паналады.
Əуелі жаурамайтындай болып көрінген, уақытша екен, сары аяз бара-бара
дірдек қақтырды. Алдымен аяғы сырқырады. Орауышсыз кие салған етігі
қоқайып саусақтарын қышқыштай қысады. Керзі етігі күндіз едəуір
дымданған. Шыдатар емес ары-бері жүрген, жүгірген болады; бəрібір
саусақтарынан жан кете бастады. Айнала сүттей жарық, аппақ əлем.
Айжарық мектептің қара көлеңкесінен шықпайды, ешкімнің көзіне түскісі
жоқ. Ұят. Жеті түнде қаңғып қалудан асқан қорлық бар ма?!
Екі-үш атты кісі, шөп тиеген тіркемесі бар трактор өтті. Қарсысындағы
мұржасынан түтін будақтаған зор денелі біреу қарсы алды. «Əй, фарыңды
сөндір». «Не болды сонша?» «Фермаға жарған жем тасыдыңдар ма?»
«Тасыдық». «Бірдеңе ала алдың ба?» «Үш-төрт мешоктай алдық қой».
«Онымен қай жыртығымызды бүтіндейміз. Ырсалды əпкеңнің баласы да
жем сұрап келіп отыр еді...» «Қойшылар баяғыдай емес, бір дəніне дейін
санап, өлшеп алады». «Жə, енді тездет, келіннің екі көзі төрт болып отыр».
«Мені қайтеді?» «Ақмадидің баласының туған күні дей ме... Еріккен жұрт
барамыз деп хабар беріпті, соған бешір жасап жатыр дейді».
Ақмəдидің баласы Сəкен мұнымен бірге оқитын. «Ол бақытты,  деп ойлады
бала,  менен басқасының бəрі бақытты».
Айжарықтың тұла бойы қалшылдап еркіне бағынбауға айналды. Ертерек
таң атса деп тілейді. «Сен барсың ба, құдай? Бар болсаң таңды атыра салшы,
айналайын...» Қанша жалбарынса да, амал не, дүниені түн басып, айналада
ай сəулесі алаулайды. Мұны мазақтағандай-ақ қар жымың-жымың күледі...
Айжарық айға жуық ауруханада емделді. Кейін білді сол түні Бошқай
анасының қарнына бəкісін пісіп алыпты.
Осыларды ойлағанда Айжарықтың денесі дірілдеп кетті.
Көшетін айналып-толғанып бала ұзақ жүрді, жайлауға баратыны,
əлдекімнің қойын бағатыны есіне түссе іші қан жылайды. Қалтасындағы
сағатын, түрлі-түсті қарындашы мен сурет салатын дəптерін алып жерге
қойды. Көшеті жəне осылардан басқа оған қазір ештеңе керегі жоқ секілді.
Ештеңе де...
Сəлімбай атасы болса орталықтан əлі оралған жоқ. Алданышы ала күшік
аяқтан айырылды. Жалғыз өзі қанша жүрсін, балша тыпыңдап қосқа қайтты.
Тəтесі тамаққа ет турап отыр; қабағы түсіп, мұңлы əуенді ыңылдайды;
құлақтан кіріп жан тебіренткен сұңғыла саздың ырғағы сүйектен өтеді.
- Қабағың түсіп кетіпті ғой. Əлде Бошқай ренжітті ме?
- Тəте кетейікші. Тап қазір кетейік.
- Не болды саған?  əйел пышағын жерге қоя салды.
- Тəте-тай, кетпесек болмайды. Бошқайлар Көктоғайдағы кемпірдің
құнажынын ұрлағалы жүр.
- Қой оны қайдан білесің?
- Іңірде Бошқай кетеді, екеуміз қашайық.
- Қайдан білесің деймін?
- Естідім, бəрін естіп жаттым.
- Түсіндіріп айтсайшы, құлыным, бұ не сұмдығың?
- Қақа екеуі келісті, бүгін ұрлайды.
- Енді қайттік?
- Шойын жолға жетіп алсақ Бошқай бізді ұстай алмайды.
Əйел алжапқышын шеше алмай əуреге түсті.
- Кетейік, апа.
Шешесі ауыр күрсінді.
- Қайда барамыз? Ақымағым-ау, қайда қашамыз?  Бетін басып жылап
жіберді.  Қай сұмдыққа бастағалы тұр бұлар.
Бала алғаш рет шешесіне жаман ызаланды. Көзінен жас парлады. Айтшы,
осы, мама-тай, менің папам болған ба, болса соған неге бармаймыз, айтшы,
неге бармаймыз дегісі келіп, батпай жер шұқып отыр.
Жүкке сүйеніп шешесі көзін жұмып алған. Жүзі сұп-суық, танауы
қусырылып иегі дір-дір етеді. Іші томпиып білініп қалыпты.
- Көнген адамбыз ғой біз, ұлым, Бошқайдан қашқанмен тағдырдан құтыла
алмаймыз,  деді бас көтеріп.  Өскенше жасыңды жұтып дым білмеген бол,
қайтеміз...
Бала бүк түсіп жатып алды.
Оянса шаңқай түс. Қолы ұйып қалыпты. Шалқасынан аударылды.
Күңгіркүңгір Бошқайдың даусы:
- Су əперші, тұзын удай салғанбысың, қуырып барады тіпті... И... и...
ақырын, үстіме төгесің.
- Бошқай.
- Сұра.
- Адам болған соң жақсы өмір сүру қажет қой.
- Міне, жаңалық. Ал...
- Менің бақытты болғым келеді. Қашанғы жыла дейсің.
- Жылама. Күл. Таң атқаннан кеш батқанша күл.  Ертеңнен үмітіміз бар...
- Бүгін оның несін айтасың. Одан да ұйықтайық.
Баланың басы зеңді, ұйқтап кеткен екен. Түс көріпті... Батпақта қашып
келеді, соңында үлкен қара шұбар жылан: аждаһаға, бақа-шаянға дейін
ілесіп алған. Өкшелеп қояр емес. Əншейінде аяқ-қолы жерге тимейтін, қазір
өрелеп қойғанда адымдай алсашы. Алдынан ақ тұман үдере көшті. Жан
даусы шыққан бала түк көрмей қалды.
- Айжарық!  Шешесі иығынан жұлқып оятты.  Күшігің өліп қалыпты.
Қостың артында ала күшік жатыр, бауыры, мойны, кетпен тиген аяғы күп
болып ісіген, қып-қызыл. Ұртынан көбік аралас көрінеді.
Бала күшіктің қасында ұзақ отырды.
- Обалы Бошқайға,  деді шешесі.
- Бошқай, Бошқай!  Баланың ащы даусы шықты.  Сұмырай!
Өмірі баласының мұндай қалпын көрмеген əйел көзі шарасынан шықты.
- Есіңді жишы, ұлым!
Тым-тырыс отырған бала сағатын алып бұрады.
- Қанша болды?
Үндеген жоқ. Көңілсіз. Шешесіне тіпті суып қалды. Қашуға көнбегені өтеді
бəрінен. Бошқайы кімге керек?
Көзінің былшығын тазалап Бошқай шықты далаға.
- Сен екеуіңді бірдеңе ұрған ба?  деді ол.  Кісіге ұйқы бермедіңдер ғой
шүлдірлеп.
Тырс етіп тіс жарған ешкім болмады.
«Е, мейілдерің,  деп ойлады Бошқай,  тілдері байланып қалсын маған десе.
Қиратқан сыңайларын көрмеймісің. Жаман ала күшік қой сондағылары.
Итте басың қалғыр өңшең. Ит тұрмақ кісі өлтіріп кетеді адам. Қарай
көрсеңші бұларды. Осылармен құдай қай күні дəмдес қылды. Ылбырап
кісінің қытығына тиеді келіп. Тəуекел жасап, шаруа тындырғалы отырғанда,
асты-үстіңе түсіп қыл жуытпай жүйіткісе қандай ғанибет. Жə, қой бұларды.
Қақа ит уəдесінде тұрса бүгін кешке келеді. Құдай тас төбеден ұрғанда
білініп қалса қайтеміз? Мейлі. Құритын Қақа. Жеме-жемге келгенде бұл өзі
күндіз-түні тынбайды, ана жолы бір машина қой алып бара жатқанын өз
көзіммен көрдім деп жаласын жауып, мойнына тас байлап жіберермін.
Бошдың ұпайы қай кезде де түгел. Бағы жанып портфельге қол жетсе
құдайыңа бой бермейді. Ыңғайы келіп те қалды. Егін бітік. Кеше келген
бригадир келер жылы сушылар звеносын құрамыз, жетекшілікке ыңғайлы
адам сенсің деп кетті. Ойлағаны орындалса, Қақаны шенейіне келтірмес.
Беті аулақ кəпірдің. Қолыңа үлкенді-кішілі билік тисе, дүние аққан судай
науаға өзінен-өзі құйылады. Онда мал ұрлап, күнəғə батып жатпайсың.
Қайта ондайларды көрсең шырылдатып ұстатып жібересің. Реті келіп
тұрғанда көзге түскенің қажет лайым. Анау-мынау деп аяп жату ездің ісі.
Əлдекімнің тоңқалаң асқанына қарап тұрсаң да қыбың қанады, көзін
ақшитып басынан атта кет пəлекеттің.
Арман буылдар тартса ше?.. Онда амалсыз Қақаны жағалаймын. Сол
арқылы жұмысқа иек артқаным дұрыс. Не дайындау кеңсесіне бас сұқсам...
тілепалдының Ысманы сияқты түлкі мінездес жылтыр бет қу құрлы жоқпын
ба? Итің жылына екі машина ауыстырады».
Əйел мен бала тым-тырыс. Жүздері құп-қу. «Не деген адамдар. Жаман
күшікке осылай қайғырады, кісі өлігін көрсе онда бұлар көрге бірге түседі.
Тоқтай тұрыңдар сендер. Қойшы келсе ана жүгермекті артына таңып
жіберейін, бала да, басқа да жоқ, бір менің табанымды жалап отырсын».
- Мен бүгін кеш қайтамын,  деді резина етігін киіп жатып. Түннің едəуір
уағына дейін су саламын егінге.
Ана мен бала бəрін түсінді, үнсіз жерге қарасты. Өкіріп өткен поезд үні
көпке дейін жаңғырып тұрды.
- Бəрі оқтай,  деді ол Бошқаймен қолалысып жатып.  Келесі жұмада
алақанымызға салады.
- Жерге қаратып кетпесін, əйтеуір.  Бошқай кіржиді.  Қолма-қолы қызық еді.
- Бекер өйтесің. Ол сенімді адам... Е, айтпақшы, əлгі келмеген бе?
- Екінші бригададан егін суаруды үйреніп кел деп жібергем. Кешікті.
- Бойдақта бəтуа болмайды.
- Жə, қайтесің. Кел, алалық.
Газда буы бұрқырап қазан қайнап жатыр.
- Сен тауға шыққан күні жотаның үсті өртеніп жатыр еді...  деді Бошқай.
- Оған қабырғаң неге қайысады, басшы емессің, малшы емессің, тасы
жанып кетсе де бəрібір емес пе?
- Соншама қатыгездік қай жеріңе сыйып тұр,  деп Бошқай күрсінді.
- Жə, қой оны... Ет жүрегің елжірегенде ешкім бетіңнген сүймейді.
- Түбі жолымыз екі айырылатын шығар біздің.
- Қақа Бошқайға таңырқай қарады.
- Сен ауырып жүрген шығарсың?  деді сосын шырт-шырт түкіріп.
Бошқай тағы бір айналдырып құйып жіберді.
- Не қыламыз? Ойнаймыз ба?  деді Қақа.
- Мейлің.
Қақа қалтасынан жап-жаңа карта суырды.
- Селсоветіміз пəлең центнер ет жиасың деп есімді шығарды.
Малды кемітіп жаздырған да ойымызға келмепті. Аңқаумыз ғой.
- Аңқау болсаң картаны бұлай үлестірмес едің.
- Потологыңды айт.
- Үш теңге.
- Əй, абайла.
Жалғыз басты кемпірдің құнажынын ұрлап сойған мына еңгезердей екі
жігітке түйіле қараған баланың, шатыр ішінде бұдан артық шыдап отыруға
дəрмені қалмады. Суып қалған шайын сіміре салып сыртқа шықты. Жел
тұра бастапты. Жайылмалы төсегіне етпеттей құлады.
«Ұятсыздар,  деп кіжінді іштей,  ұятсыздар. Сендер ешкімді аямайсыңдар.
Жүректерің тас болып қатып қалған. Сондықтан бір-бірлеріңе жандарың
ашымайды. Байғұс кемпірді аямай тоғайын жапырдыңдар, енді сиырын
ұрлап, сатып отырсыңдар. Соның бəрін істеген Бошқай мен Қақа
сияқтыларды жер бетінен түгел құрту керек».
Түс көрді... Баяғы ала күшік екеуі шығып отыратынжақпар тастың үсті.
Төменде көшет... Жоқ, үлкен алма ағашы. Бұтағының қалыңы-ай. Көздің
жауын алған қып-қызыл алмаларға сан жетпейді. Қалайша демде өсіп
кеткен?.. Не алма ағашы алыстап барады. Айжарық тұра жүгірді, өкшесі
жерге тимейді; енді болмаса алма ағашынан айырылып қалатындай
зауладыау... Жерде жабайы үйректің жұмыртқалары... батпақта көзі
шақырайған көлбақа. Алма ағашының адырайған-адырайған тамырлары
мүлде жуандап кеткен. «Айжарық! Айжарық!»  Сəлім атасының даусы.
Алыста шапқылап келе жатқан атты кісі таяп қалды. Бала үдере көшкен ақ
тұманның жалына жармасып ұша берді, ұша берді.
«Айжарық. Айжарық! Айжарық!..»
Қыстығып жатып оянды. Үсті-басы малмандай. Көпке дейін түс əсерінен
айыға алар емес.
Поезд үні талып жетеді. Жел күшейіпті.
Шатырдың іші гүж-гүж.
- Тарт,  дейді Бошқай тілі күрмеліп.
- Неңмен ойнайсың?
- Қарызға тарт. Ананың... жартысы менкі емес пе?
- Мен қарызға ойнамаймын. Өкпелеме, дос.
- Ойнайсың. Ойнамай көр.  Бошқай ызалы.  Əй, тыққан-сыққан ештеңе
қалған жоқ па?
- Кешегі əкелген айлықтың бəрін ұтқыздың,  деді əйел.  Қолыңдағы сағатқа
дейін салдың ғой, Бө-ке-ау.
- Сағат дейсің бе?.. Молодец. Біздің қатын осындай керемет. Қане, тарт
картаңды. Бізде тағы сағат бар.
Айжарық жастықтан басын жұлып алды.
- Фурманов сыйлаған сағат. Керемет енді. Өзің білесің бе Фурмановты?
- Оның кім? Шойын жолда тұра ма?
- О, кеще!  Бошқай қарқылдап ұзақ күлді.  О, меңіреу. Қане, құй жүз
грамнан.
- Көрсетші жаңағыңды?
- Дымың ішіңде болсын. Сағат балақайда. Ұтсаң қазір əкеліп қолыңа
саламын. Он сомға бағала.
- Он сом болғанда қалай өзі?
- Қалта сағаты. Фурмановтікі.
- Қалта сағаты дейді... оныңды бекер берсең де керегі жоқ, айналайын.
- Əй, мен өтініп отырмын ғой.  Бошқайдың даусы ызалы.
- Бес сом.
- Оңбаған-ай...
«Оңбаған Бошқай менің сағатымды ұтқызбақ. Сəлімбай атам сыйлаған
Фурмановтың сағатын... Жазуы бар сағатты... Ата-бабаның аманатын...»
бала безгек тигендей қалшылдады. Саусақтары икемге келмей киімін əзер
киіп үлгерді. Он шақты адым ұзап барып артына бұрылды. Жатаған
шатырдың сұлбасын қатты желдің аяусыз сабалағаны ап-анық естіледі.
Бала көк жусанның үстінде қалқып келе жатқандай. Сағат салған төс
қалтасын оң қолымен тас қылып ұстап алған. Бір қолында қарындашы мен
альбомы. Бет алды  Сəлімбай атасы айтқан шойын жол.
Тас төбеде жұлдыздар мөлтілдеп, ай зулап барады. Баланың аяғы жерге
тимейді, олардан ұзаған сайын табаны қызып, қимылы ширады. Көкірегіне
қатталған зіл-батпан ойдың көбесі сөгіліп, сейіле бастағандай, өн бойы
жепжеңіл.
«Əуелі шешем іздейді,  деп ойлады бала. Азанда тұрса Айжарықтың төсегі
бос. Ойбай, Айжарық жоқ. Зар қағып бет алды жүгіре жөнелді. Іздейді.
Мейлі. Бəрібір Бошқайдан артық ешкімді жақсы көрмейді ол. Əйтпесе
бұрынғы, Гриша атайдың үйіне кетпейтін бе едік екеуміз.
Саламат ағам... Сен іздейсің бе мені? Іздеп тауып алсаң ғой, ə?.. Көшетім...
Кешір... Сені тастап шойын жолға қашқаныма өкпелеме. Сəлімбай атам
маған сыйлаған қалта сағатты, ата-бабамның аманатын Бошқай картаға
ұтқызбақ болды, мен қашып барамын. Қорықпа, Сəлімбай атам ешкімге
тигізбейді, солай деп уəде берген. Сөз жоқ келемін, күт мені.»
Бала қиялы шарқ ұрады. Ол отырған поезд үлкен қаланың біріне барып
тоқтайды. Қаптаған адам, сапырылысқан түрлі-түрлі машиналар. Қай
жағыңа қарама, балмұздақ... Əуелі мектепті тауып алады. Бірден директор
ағайға кіру керек. «Айжарық Жанəбілов боламын, Бошқай жəне Қақа деген
жаман адамнан қашып кеттім. Мені мектепке қабылдауыңызды өтінемін».
Директор ағай арқасынан қағып, əрине, қабылдаймыз дейді. «Егер Бошқай
қуып келсе, бермейсіңдер ме?» «Ол не істеді?» «Балдырған кемпірдің
құнажынын ұрлады, менің сағатымды  ата-бабамыздың аманатын картаға
ұтқызбақ болды». «Солай ма? Ондай оңбағанды біз түрмеге қаматып
тастаймыз». «Ура!»
Даусының қалай шығып кеткенін байқамай қалды. Директор ағай екеуі ұзақ
сөйлесті. «Сен осы кім болайын деп жүрсің Жанəбілов?» «Бағбан жəне
архитектор. Орнында айналып тұратын зəулім үй саламын, алма ағашын
өсіремін...»
Бала адамын жиілете түсті. Бар жанымен тілеп келе жатқаны таң атпай
шойын жолға жету. Артынан қуып келіп ұстап ала ма деп қорқады. Қасқыр
да, ертегілерде айтылатын жын-шайтан да қаперінде жоқ, оның мына кең
дүниедегі жалғыз қорқынышы  Бошқай мен Қақа. Мотоциклдерімен қуып
жетіп қазір ұстап алатын секілді. Тұла бойы мұздап сала берді. Жүрегі
өрекпіп аяғын жылдамдата басқан Айжарық ақ құба түнде жан ұшырып
барады. Оның құртақандай жүрек тұсында ұрпақтан-ұрпаққа шын көңілмен
ұсынылып, сеніп, аманат етілген ата-бабаның сағаты үздіксіз сырт-сырт
соғып келеді...
Қаракөз бен Сарыағаш
І
Сарыағашқа тіл бітсе, айтар еді: “Мен оны ұзақ күттім” – деп…
*
*
*
Түс ауып кеткен. Əйтсе де күннің ыстығы қайтпаған. Доңғалақтары
саңғырлаған жалғыз атты арба ескі, елсіз мекенге таяп қалды.
Көпжасар делбе тартты.
- Амансың ба, Қаракөз? Жарықтық, армысың?
Айнала төңірек жым-жылас. Көз алдына осынау алаңқайдағы үйлер,
үлпілдеген самалмен судыр қағып тұратын талдар елестеді. Қазір ғой: “Ей,
əлеумет, мына жерде ауыл болған, əлденеше ұрпақ көшіп, əлденеше ұрпақ
өсіп-өнген”, - десең, сірə, ешкім сене қоймас. “Оу, сонда көшкен елдің
жұрты қайда? Көшкен елдің жұртында тіршіліктің азды-көпті нышандары
байқалмас па?” – дейді ғой. Көпжасар жабығып, бір түрлі төменшіктеп
қалды. Ана тұс, мына тұстан ербиген қурайлар. “Батыр, мынау кіндік қаның
тамған жер еді, қаз тұрғызған, қадам бастырған, қарныңды тойдырған осы
топырақ, шөліңді қандырған Қаракөздің суы-тұғын, көзіңнен таса,
көңіліңнен ұмыт қалды ма, қалай өзі? Олай болмаған күнде тым құрыса əлгі
өздерің қолмен тіккен ағаштардың орнын көрсетші” дейтін секілді.
Мұнан əрі кішкентай бала кезінде ауылдың үлкендері, қайдан алғандарын
кім білсін, бір жақтан бес арба көшет алып келгені есіне түсті. Сонда түтін
басына бір-бірден, қалғаны ауыл сыртындағы кең жазыққа тігіліп еді. кейін
сол алма бағына айналды. Ал əр үйге берілген талшілікті қарттар
балалардың қолына ұстатқан. “Күнəдан пəк солар қадасын, сондай бір ниет
етелік, өсіпөнгенімізге жақсы болар” дескен. Өңкей шиборбай бір-бір
көшетті Қаракөздің суының жағасына апарып қадады… Ағаштар
Көпжасарлармен бірге, тіпті бұлардан тез өсті; айналасы аз уақытта көкке
өрлеген көк талдар дүниенің сəнін кіргізіп, жыл сайын маңайын жас
шыбықтарға толтырып қаулаған. Енді сол тал-шіліктің орны да білінбейді.
Көшкен жұрт кескенін кесті, қалғандарын көлденең көк атты тамырымен
қопарып əкетті. Оның үстіне Қаракөздің суы тартылып, топырақ астында
қалған жарадар тамырлар жан шақыра алмай қурап қалған.
Табалаңдар!.. Сендер не айтсаңдар да жарасады!.. Өзгені кім білсін,
Көпжасар бəрін қабыл алады. Уақыты келер, уақыты келгенде адамдар
Қаракөзге оралады деп бұл өзін-өзі талай жылдар бекер алдапты. Оның
арғыбергі жағында өзінің де, өзгенің де тірліктен қолы босамапты.
Əр адамның көксегені – бəріне үлгеру. Əй, қайдам… Осы дүниеде атам
заманнан бергі істелген шаруа жұқанаңа жұқ болмайтын сияқты, адамзат əлі
дəнеңе бітірмегенге ұқсап тұрады. Енді мың жылдан кейінгілер де осы ойға
келер. Япыр-ау, тіршілік жаратылғалы қашан, жұмыр басты пенде
жаратылғалы қашан, сонда жұмыс неге азаймады, шаруа неге дөңгеленбейді
деп дал болар.
“Адамның жайы əлгіндей… Ақталғаным емес, адалым”, – деді Көпжасар
күбірлеп. Қолы қалт еткенде Қаракөз жайында анаған да, мынаған да
суыртпақтап сыр шертіп, бір қамқор қолдың керектігін айтқан. Амал не,
балалар аузын аштырмайды. “Айдаладағы Қаракөз түгілі, орталықтың
жыртығын бүтіндей алмай жатқанда, бүйректен сирақ шығарып, қызықсыз,
- десті. – Қаракөзсіз болашақтың көсегесі көгермейді десеңіз, ертең
шаруадан басыңыз босайды, сосын ерік өзіңізде, басына барып үй саласыз
ба, арық қазасыз ба, қой демейді ешкім”. Олар мұны түсінеді, не түсінгісі
келмеді. Көпжасар соңғысынан қорқатын.
Қалай болған күнде де Көпжасар байыз таппады. Өн бойы қоңылтақсып,
жанына жылу іздеді. Көрем деген рақаттың пұшпағына жетпеген пұшайман
көңілдің сүлесоқ күйін кешті, дүние кіреукеленіп, кірбіңдене берді.
Жатсатұрса көз алдынан атқылап ағатын Қаракөз кетпей қойған. Соның
құрғап қалғанына тек мұның қара басы кінəлідей азаптанды.
Осылай жүргенде биыл қыста пенсияға шықты. Обалы нешік, жұрттың
қошеметі мен ықыласы аз болған жоқ. Тірлікте тепсе темір үзіп өткен
адамға айтылар алғыс бұған да тиесілі екен. Азды-көпті өмірінде апайтөс
азаматтың пешенесіне жазылғанның біразын атқарғанға ұқсайды. Өсіпөнген ұрпақтың бүгінгі көл-көсір берекесін жасаған осылар болыпты.
Ендігі жерде бейнеттен басы бос, астына төрт қабаттап көрпе төсеп, жанын
бағу ғана қалған. Пейілге, ықыласқа разы, ат белінен түспеген, атан жыққан
күндерін бағалап: “Қалған өміріңде балаларға жөн сілте, бағыт айт” деп
отырса, қайырып айтар сөз қайсы, тізгінді ізіңді басып келе жатқандарға
ұстат та, ендігі жерде солардың тілеуін тіле. Іштей бəрімен келіскен сияқты
еді. Былай шыға əбден жады қылып алған тірлік қым-қуыт бейнетке қайта
бейімдеп отырып алды. Қыс өтіп, қар кеткенше дегбір таба алмай, күрегін
шыңдап, сүйменін ұштап, баяғыдан бері қораның артында жататын арбаның
қорабына доңғалақ тауып салып əбігер-тін.
Ең əуелі бұған ренжіген баласы болды. Айтқаны: жұрт күлмей ме, қолыңыз
қышып бара жатса, айдаланың суын іздегенше, бес жылдан бері салынып
бітпей жатқан үйіміздің шегесін қақсаңызшы… Əне, əйтпесе. Қаракөз бұл
үшін айдала, соның суын кешіп, жағасында ойнағаны жадында да қалмаған.
Ата-баба өскен, əкем бауыр көтерген жер деп қаперіне алса неғыл дейсің.
“Ата-баба жүрген жер, тұрған жерді түгендей берсек, қай ұшығына жетеміз,
кім қайда жүрмеген, қайда тұрмаған, қай жердің суын ішпеген?..” Ар жағын
Көпжасар мандытып тыңдамады. Оқыды, тоқыды деп жүрген баласының
жеткен жері əлгіндей.
Көпжасар айналасына қарап-қарап тұрып делбе қақты. Арба ескі жолмен
құм-тасты шықырлатып, осы жапанда жалғыз тұрған Сарыағаштың жанына
келді. Жарықтықтың жуандығына құшақ жетпейді. Анау жылдары
көлеңкесіне үйірлі жылқы көлеңкелеп, үп еткен самал желмен жапырақтары
сыбдырап тұратын. Енді анау төбесіндегі бұтақтары қурап, жартылай өлуге
айналыпты.
Сарыағаштың дəл қашаннан бері өсіп тұрғанын ешкім білмейтін. Үлкендер
бұрын бұл өңір бұдан өзге ағаш атаулыдан ада болған, ес біліп, етек
жапқалы көрген жалғыз талымыз осы десетін. Алдыңды алып жүрген ұрпақ
осыған бас иіп, табынғанға ұқсайды, қай-қайсысы да оны киелі көріпті.
Сарыағаштың ерекшелігі – бұтағын кессең көз жасындай шырын шығатын.
Атадан балаға қалған: “Сарыағашқа қол тигізбе, Қаракөз бен Сарыағаш
бірге жаратылған, оны тең сақта”, - деген өсиет.
Екеуіне байланысты мынадай аңыз қалған…
Онда да сай-сала көгорай шалғынға бөленіп, қырат-қыратта долана
мəуеледі. Қай жағыңа бұрылсаң да уылжып жемістер пісіп тұрды. Қай
жағыңа бұрылсаң да атқылап аққан бұлақтар мейіріңді қандырып,
шапқылап бара жатты. Қаздар қаңқылдап, үйректер сұңқылдап, дүниенің
базары күндізтүн тарқауды білмей думандататын. Содан күндердің күнінде
адамдар арасынан жаулық шықты. Айқұш-ұйқыш ұшқан жебелер тисе аңқұсқа, тимесе ағаш-бұтақтарға кірш-кірш қадалып, жер мен көкті бебеу
қақтырды. Мың-сан болат тұяқтар ары да бері жосылып қызғалдақты
даланы еспе құмға айналдырды, бұлақ көздеріне топырақ толды, сулар
тартылып, ну орманда өрт қаулады. Сөйтіп дүние бір өңкей топырақтың
үйіндісіне айнала бастаған заман туды… Əлемге өң-түстен айрылған,
тіршіліктен біржола түңілген əлеумет келді. Қарысып қалған жақтарын
анда-санда зордың күшімен ашып, тілін икемге келтірсе, əзер-əзер естілетін
жалғыз ауыз сөз – бір жұтым су. Кереге керіп, уық қадаған жерлерінің
бəрінде су құрғап қала беретін зауалға тап болады, айнала тұттай жалаңаш,
тербелген құрақ, сайраған құс, жүгірген аң зым-зия. Қу медиен төсінде
ыстық аңызақ “өлім,өлім” деген зар-наланы үздіксіз аңыратады. Адамдар
осы зауал туғалы бері, əлемнің төрт құбыласын тең басып, ұшы-қиырсыз
жерді айналып шыққандай болған. Қайда барса да қарманар дəнеңе таппай,
жол-жөнекей мың-сан пенде тəңірісінен бір жұтым су сұрап, жаратқанға
қай қырынан жақпай қалғанын біле алмай, сай-сала, жыра-жықпылда
жайрап қалды. Енді мынау жер бетінде тігерге тұяқ қалмауға айналған. Күн
өртенген үстіне өртене түсті.
- Япыр-ау, бұл қалай? Жазығымыз не еді, соншалықты азапқа салатын?
- Тіршілік шынымен түгесілгені ме?
Əлсіз дауыстар осы сөзді қайталап, қанталаған көздер көкті тінтіді. Жерге
қарады. Сонда Жерге тіл бітті.
- Ей, əлеумет, бұл тіршілікте не тəтті? – деп сұрапты.
- Жан тəтті, - десіпті жұрт. – Жан тəтті, жаратқан Жер!
- Жоқ, - депті даусы сыңқылдаған айдарлы бала, - дүниеде су тəтті. Маған
бір жұтым су болса, өзге еш нəрсенің керегі жоқ. Анамның ақ сүтінен кейін
ондай тəтті нəрсені мен көріп-білген емеспін.
- Баланікі дұрыс, - дейді Жер. – Су – менің ақ сүтім. Омырауым иіп тұрған
шақта бойымда орман қаулады. Масайраған тіршілікті тербетіп, соның
қуанышын тойлап жата бердім. Бірақ шырқымды бұзған өздерің. Жайқалған
жасыл желегімді жұлып, қала берсе өртеп, омырауымды удай ашыттыңдар.
Секем алып сескеніп, сүтім қайтты. Енді мүлде суалып кету қаупі төніп тұр,
əлеумет.
- О, жаратқан Жер, біздің күніміз не болады?
- Оны басында ойлауларың керек еді. Шөпті таптап, бұта сындырып,
құдыққа түкіріп тапқандарың қайсы?
- Жаратқан Жер-ау, оның бəрі адамның несібесі емес пе? Шөпті жұлсақ,
астымызға төседік, бұта сындырсақ, отқа жақтық.
- Нəсіп - өздеріңе тиесілі ғана бөлік. Ал сендер дым қалдырмай тонадыңдар.
Мен сендердің тіршілік етудегі жалғыз медеулерің едім. Соны
ескермедіңдер, ойламадыңдар, жанымды жартылай өлі дүниеге
айналдырдыңдар.
- Соның азабын тартудай тарттық қой, мың сан адам қаны кеуіп, сая болар
бұта таба алмай дүниеден көшті. Енді бізге су бер, жарықтық Жер!
Тіршілікке істеген қиянатымызды ақтайық, сені көгорайға бөлейік.
- Соған сене алмай тұрмын ғой.
- Ант етелік, адам атымен ант етелік.
- Жоғалтқанды оңай табу əділдік емес. Келер күндерге сабақ боларлық
əрекетсіз ымыра жоқ. Су қайта оралсын десеңдер, сендердің барлық
кінəларыңды арқалайтын адам керек. Ол өз еркімен, ақ ниетімен келетін
болсын. Бір тəулік мұрсат беремін, ақылдасыңдар, - дейді.
- Ол адам сонда не істейді…
- Ол адам көрер барлық рақатты талақ етіп, күндіз-түні табанынан тозып, өз
салмағындай топырақ арқалап жүреді. Тіршілікке, жерге жасалған қиянат
үшін кезек-кезек келген ұрпақ оның бетіне түкіретін болады.
Адамдар отырып қалды. Дүниеде бұдан асқан жаза бар ма? Өз салмағыңдай
өлі топырақты арқалап жер кезуге көнерсің-ау, кез-келген жерде көлденең
көк атты бетіңе түкірсе, дүниедегі қорлық сол емес пе? Дəл мұндай
қарғысқа ұшыраған бұрын-соңды кім болған еді?.. Басқадай амал қайсы?
Тығырықтан шығар саңылау көрінсе айтыңдаршы? Қиындықтың
қандайынан болмасын жол тауып, амалын асырып аман қалатын
адамзаттың күндердің күнінде ақылым да, қуатым да жетпейтін бөгетке
кезігемін деп үш ұйықтаса түсіне кіріп пе? Арсы-күрсі тірлігінің жалына
жабысқан күннен бері қолына іліккенннің тақымына қыл бұрау салып
шыңғыртқан жеңімпаз адам енді кең дүниеден қарманар дəнеңе таппай,
басын тауға да тасқа да ұрып отыр. Егер оған қазір тау құлатып, тас бұз
десе, көзді ашып-жұмғанша дүниені тегістеп тастар еді, тек мынау бетке
түкірту азабынан құтқара көріңдер. Ар-намыс дегеннің өзі кеудені
тырмалап, қандай бір ойға жа жеңсік бермей барады.
- О, жұрт, қайтеміз, қандай амал бар, - десті жан-жақтан шуласып.
- Адамдардың барлық кінəсін, былғанған ар-ұятын арқалауға төзетін жан
келіп пе еді жарық дүниеге?
Адам баласының қиялға бергісіз қаһармандығы, қажымас жігері,
қайталанбас ерлігі жайында талай жыр шертілді, бірақ бəлен жерде бəлен
сөйткен еді дейтіндей қорлық пен азапқа төзген жан жайлы ешкім есіне еш
нəрсе түсіре алмады.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 09
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.