Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 15

Total number of words is 4128
Total number of unique words is 2449
32.1 of words are in the 2000 most common words
45.5 of words are in the 5000 most common words
52.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
халық мұрасын бұзу коммунистік іс пе, сіздіңше?! Айтып қояйын, өздері
қастерлейтін дүниені бұзған адамды халық мəңгі кешірмейді. Сіздің
тартатын азабыңыз алда...
Кеңсе үйінің шамы түн ортасында сөнген еді: Жауын басылып, аспан
шайдай ашылып, шыға берісте езіліп жатқан топырақтан тайып, Мəдімар
етпеттей құлап бара жатты. Толысып кеткен денесін игере алмай қатты
жығылып, беті балшыққа батып кетті.
Осы əңгіменің ұзын-ырғасын Көпжасарға кейін Өмірзақтың өзі айтып
берген.
Иə, Қаракөзден жұрт осылай көшкен. Одан бері не заман? Дəуренінде істес
болғандар бұл өңірде жоқ. Мəдімарды оңтүстікте деп еститін. Ет
комбинатында істеп жүріп сотталып кетіпті. Өмірзақ астанада болса керек.
Бірақ сол жылдырдан кейін кездесудің реті келмей-ақ қойған. Не деуге
болады? Əрқайсысы өз дегендерін істеді; жақсы-жаманы бірігіп келіп,
олардың өмір жолын жасайды. Қат-қабат қаракеттерінен өкшелеп келе
жатқандардың қажетіне жарайтын үлгі-өнеге табылса, ендігі əңгіме сол
жайында болсын. Көпжасардың мұраты – артына төрт құбылысы түгел
жерсу қалдыру-тын. Өз ойынша жер-судан басқасының барлығын олардың
өздері жасап алады. Осы жолда тындырғаны аз ба, көп пе, білмейді;
жұбанышы – діттегенін көздеп ат белінен түскен жоқ.
Түс қайта Көпжасар шаруасында қайта кірісіп кетті. “Қаракөз-ай, мөлт етіп
көзіме бір көрінші!” Көк қайрақ тасқа сүйменді үсті-үстіне ұрды. Жарқжұрқ
от шықты. Сынып ұшқан тас ұшқындары қолының сыртына тиіп жатты.
Табанының асты сап-салқын. Жоғарыда өртенген ыстық дем жотасын езеді.
Мөлт етіп көрінші, Қаракөз! Сарыағашының жоғары бұтақтары қурай
бастапты. Айналаң бір жұтым суға зар. Мөлтілде, мөлтілдеп көрін,
жарықтық, көзіме...
VII
Қазған жердің тереңдігі үш кісі бойына жақындап қалған. Қайрақ тастар
түгесіліп, бірыңғай топырақ басталды. Соңғы күндері Маймақтың көмегі
тиіп жүр. Ертеңгілік қошқарын бері өргізіп тастайды да, тал түске дейін
Көпжасарға қолғабыс жасайды. Кешкі салқында тағы сол. Екі-үш рет
шұңқырға түсіп көріп еді, жүрегі қысылып, жер астының демі жетпей:
“Ойбай, аға, шығарып ал!” деуге тілі əзер келген. Содан бері сыртта,
Көпжасар шелекке салып берген тас, топырақты арқанмен тартып шығарып
төгіп тұрады.
Шұңқыр тереңдеген сайын бəрінен бұрын түсіп, шығу қиындап кетті.
Бұрын-сонды жер қазбаған адамға мынауың оңай шаруа болмады. Құдық
қазатын адам ағаш күбі сайлап алатынын Көпжасар білетін, бірақ соған
басында ден қоймапты, Қаракөздің суы соншалық тереңдеп кетер деген ойы
жоқ еді. Бұл осылай кете беретін болса амал жоқ, шығыр орнатады.
Бетін қалқып алған сайын топырақ дымқылданып, салқын дем біліне
бастады. Көпжасарды шексіз қуаныш билеген. Жақын қалды, еш күмəнсіз
жақын қалды... Жүрегі дүрс-дүрс соғып кеудесіне симайды. Көзі гүрс-гүрс
соғылған сүйменнің ұшында, қазір, осы қазір шыланып су шыға келетін
сияқты болып көрінеді.
Титықтап, құр сүлдері қалғаны мүлде есінен шықты, баяғы жігіт кездегідей
жанталасты; қимылында əлдекіммен егеспен бітіспес бəсекеге түскен, əрі,
сөз жоқ, алдына жан салмай келетін əмбебап жүйріктің ширақтығы, жігері
бар. Көз ұшында тұрған мақсатқа қол созым қалғанда біреу барлық күшінен
айырылып, жетеріне жете титықтаса; біреу сол түгесілуге айналған деміне
бойында бұғып жатқан беймəлім ағысты жалғап жіберіп, күтпеген жерден
шабыттана шабады.
Топырақ қопсыған сайын мына бір белгі берген салқын дем дендей түсіп,
жанға жағып барады.
Қолы əрекетте болғанымен, ойы баяғысынша сан тарау... Адам өмір бойы ең
бір қажеттерді іздеу, аңсаумен өтеді екен. Осы жасының ішінде мұның
көңілі толған күні болған емес. Тіршіліктің қасы-көзі қиылып қанша
жымиып жатса да, əйтеуір, бірдеңесі жетпей тұрады. Жетпей тұрғанының
бірі алыста, бірі жақында. Алысты да, жақыны да – жан теріңді сығып
алатын көздің жауы, көңілдің құрты. Жеттің, əкелдің, орнаттың. Бəрібір
түгендеп бітпейсің, біте алмайтын да шығарсың. Сосын да дүниеге келген
адамның барлығы дүниеден арманда кетеді. Үзілген арманды келесілер
жалғайды. Бақса өмір тіршіліктің кем-кетігін түгендеу, қыр соңына түсіп
қуалау болып шықты. Жеткенің – мұра, жетпегенің – аманат. Көңіліңді
жегідей жейтін азап-шер – артыңдағы ағыс ізіңді қуалай ма, жоқ əлде
жайылып жата бере ме?
Жанында сүйеулі тұрған сатының басқышына отырып дем басты.
Жұқанадай болса да, тіршіліктің жетпей тұрған бір моншағы – Қаракөз. Сəл
сабыр етіп, сана сарғайтқан адамға ұшы-қиырсыз əлемімізді ұстап тұрған
осы секілді мың-миллион бұлақ көзі екен. Қаракөздер жер дүниенің
қыртысқыртысын айнала еміп жатқан алып теңіздердің тереңге кеткен
тамыры емес пе. Тамыры суалған тіршіліктің күні не болады?
Бүкіл ғұмырына барлау жасап отырса, қай шаруаның басы-қасында
жүрмесін, ел мен жердің амандығы үшін ат белінде жүріпті. Осының
барлығы тіршілік еді. Бəрі бірлесіп өмірді жасапты. Жығылған адамды жер
көтерді, қураған жерді адам көгертті, егін екті, мал өсірді, ырыс-берекеге
кенелді. Біріне-бірі борыштар, біріне-бірі қарыздар.
Тамағы қаңсып шөлдеген соң арқанды тартты. Сыртта қимыл жоқ, қайтадан
қаттырақ тартты... Ей, мынау ұйықтап қалған ба?..
- Маймақ! – деп дауыстады. – Маймақ.
- Қазір...
Көпжасар біраз жер сатымен өрмелеп келді де, арқанды қолтығының
астынан ала байлап:
- Ал, тарт, - деді.
Қарулы неме қанбақтай дөңгелетіп əкетіп барады.
- Арбаның көлеңкесіне жатсам, көзім ілініп кетіпті.
“Жауапсыз, - деп ойлады Көпжасар іштей, - мүлде жауапсыз”. Жаңа ғана
бақырлап топырақ шығарып тұрған адам демде ұйықтай қойған.
- Ойпыр-ай, аға, жүрегіңіз қысылмай ма сіздің? Тесіктің көзі бітеліп,
топырақ басып қалатын сияқты болады да тұрады.
- Əй, Маймақ-ай!
- Қошқарлардың бетін үйге қарай түзеп жіберейін, аға, суатқа қарай құлай
берсін, аздан кейін үйездеп мүлде жатып қалады. - Мейлің.
Көпжасар термос пен кесені көтеріп, Сарыағаштың көлеңкесіне келді.
- Мейірің қанар күн жақын, Сарыағаш.
- Мен сенің бұл ісіңді бүкіл ұрпағына жыр етіп шертемін. Əрбір бұтағым
атыңды атап əн салып тұрады, - дер еді егер Сарыағашқа тіл бітсе.
- Мені қой. Айтсаң, Қойшыман, Жанбота, Əйтеке, Үйсінбайлардың əнін айт.
Менікі солардан қалған аманатты орындау ғана.
- Мына ісің баршанаң үлгі-өнегесіне, қарыз-борышына айналуға, солай
жалғаса беруге тиіс, оны кезек-кезек келетін ұрпаққа жеткізетін мен.
Сондықтан саған берер антым – мəңгі құламай тұрамын.
- Оған сенемін, құламайтыңына сенемін, Сарыағаш.
- Аз күнде көп ойландың ғой, Көпжасар?!
- Иə, Қойшыман, Əйтеке, Үйсінбайлармен басталған тіршілігімді еске
алдым. Дүниеде бала болып тағы бір шам алып жүгірдім, жақсыны да,
жаманды да көргендей болдым. Қайныл екеуміз боранмен алыстық.
Арманда кеткен жігіт еді. Арманы – сенің қасыңа үй салып, от жағып, ұрпақ
өрбітутұғын. Ұрпағымды Қаракөздің суына шомылдырып өсірсем
дейтұғын. Қара қазан, сары баланың несібесін аман сақтаймын деп, ақ
боранда көз жұмды. Сақтап қала алмадым.
- Иə, сендер қашан да есте қалатын өнегелі өлімді таңдадыңдар.
- Адам, Сарыағаш, өмірінің жалғасын өнегелі өлімнен іздейді...
- Менімен сөйлескеніңе, айтқаныма құлақ қойғаныңа рақмет, Көпжасар.
Жалғыз өкінішім – ағаштардың да сөйлейтінін адамдар білмейді.
- Олай деме. Ағаштармен сырласып, шер тарқататындар аз емес.
Далақтап Маймақ оралды.
- Мына күн жана ма, аға?
- Су жақын қалғанға ұқсайды, Маймақ.
- Шыққан күні жүкті атқа теңдесем де осында көшіп келем. Асан сайының
құрты бықынаған ағын суынан жеркеніп болдық.
- Амандық болса келер жаз ана тұсқа үй салам. Сосын, Маймақ,
Əлімханның алма бағын қайта өсіреміз. Қашаған сазының құрағы ат тұяғын
ұрады. Балаларға барам да: “Қаракөз тірілді, ара-бері сандалысқа түскенді
қойып, Тентек, Мықта, Қазықайнар, Абдыратасқа егін салып, мал
өсіретіндерге арнап үй салып, бөлімшеңді ұйымдастыр”, - деймін.
- Ойпырмай, аға, қызық болар еді-ау, сөйтсе.
- Жылдар өтеді, Қаракөздегі бөлімше сəн-салтанатты үлкен ауылға
айналады. Ата-бабаның құтты қонысы иесіз қалмайды.
Маймақ сəл ойланды. “Күндердің күнінде солай болатын болса... Қап, анау
орталықтағы үйді сол жерден салатын едім ғой. Ақыры мал бағатын болған
соң, үйің жақында тұрса, төбе-төбеден көз қиығыңды салып... Қараор деген
жер ме, не бақша көктемейді, не ағаш өспейді. Орталықтың орнағанына
отыз жылға жуықтаса да тұттай жалаңаш. Қолдан тосқан тоған суы
жартысына жетіп, жартысына жетпейді. Жаз бойы суға таласып өзді-өзінің,
қала берді мұраптың жағасын жыртқан ел. Əй, мына ақбасың бірдеңе
біледі”.
Маймақты таң қалдырған Көпжасардың ісі. Жасы келген адам. Судың
аққаны, жердің көктегені оған не үшін керек? Көлеңкеге көрпені салдырап
қойып, күн ұзын жатпай ма жан бағып. Оның орнына пыс-пыс етіп топырақ
үңгіді, бар əңгімесі – жер-су, тіршілік. Дəл бір жер-суды өзімен бірге
өңгеріп кететін сықылды. Əнеугіні кеңсеге айлық алғалы барғанда кезекте
тұрғандарға мұның жасап жатқан шаруасын айтып еді, көбісі ал кеп күлсін.
Күлмегенде қайтеді. Құрғап қалған бұлақтың көзін ашамын деп тастопырақ ұрғылап, жер қазып жатқан бұл ауылда осыдан басқа кім бар? Ал
ағызды. Ары кетсе он жыл, сосын өледі: қызығын көретін басқалар, сонда
бұған пайда қайсы?.. Бір нəрсенің байыбына барып ойлануды əлдеқашан
ұмытқан жігіттің басы дыңылдап ауырып кетті. Қимылы əлсіреген, миы
ойының тым құрығанда ортасына жетпей аши бастады. Ойланбайтын
адамдардың əдетімен қор етіп ұйқтап кеткен.
- Əй, Маймақ.
- А.. а !.. – Анау алақтап жан-жағына қарманып барып ес жиды. – Түсіме
қоңыз кіріпті. Əлгі сасық қоңыз.
Көпжасар күлді:
- Осы сенікі неғылған ұйқы?
- Соны білмеймін...
- Мə, мынаның түбіндегіні құйып ішіп, ұйқыңды аш, - деп Көпжасар анаған
термосты ұсынды. – Сосын шаруаға кіріселік.
Маймақ кесені ерніне тигізбей-ақ ыстық шайды алыстан сорып ішіп отыр.
Қорқыратып демімен тартып алады.
- Қой, тұралық, - деп Көпжасар əңгімені ары қарай жалғағысы келмеді.
Дымқыл топыраққа табаны тиісімен бойы сергіп қоя берді. Жұмысты мана
қопсытып, босатып тастаған топырақты шелекке салып, Маймаққа сыртқа
тарттырып алып, төктіріп тастаудан бастады. Əбден тықырлап біткеннен
кейін, сүйменді қолына алып алған. Топырақ бір түрлі қатқыл тартқан
сияқты. Əріректе қол басындай қой тастар шыға бастады. Бұл бəлендей жан
қинаған жоқ. Сыналап кірген сүймен қопарып жібергенде құмалақтай
шашылады...
Ой деген сананы тағы кеулеп барады. Бұл жолы неге екені белгісіз, есіне
Қыният шал оралды. Ол Көпжасар көрген заманды көргенімен, Көпжасар
көрген бейнетті түгелдей көрген жоқ. Ертерек кеңсе жағалады. Келе-келе
колхоздың бүкіл есебі қолына көшті, одан былайғы жерде ішкені алдында,
ішпегені артында дегендей ғұмыр кешті. Бірақ...
Ана жылы талай жылғы қиянаттары дегбір алдырмады ма, колхоздағы үйін
сатып, аудан орталығына, күйеу баласының қолына көшіп еді. Содан кейін
көргені былтыр. Үлкен бір жиынға барған. Қайтар жолда оны-пұны алуға
орталықтағы дүкенге барды. Сосын біреу жеңіне жармасқан. Қараса
Қыният. Сақал-мұрты табақтай бетін түгел жауып, ұсқыны кетіп-ақ
қалыпты. Жүзі ісік. Үсті-басы адам көргісіз.
Екеуі аз-мұз тілге келді. “Білем, - деді анау, бəрін білем... Жарық дүниеде
жасаған ісімнің бəрін білем. Талай азаматтың қаны жүктелгені де рас. Сонда
кінəлілерің – жалғыз мен емес, уақыт. Шап десе шауып, тұр десе тұрдым.
Жұртты Қаракөзден көшірген де сен дерсің. Мойындаймын. Көшірдім.
Ішіпжегенім көп еді. Кейін оған Мəдімарды араластырып тіпті лайладық.
Есепқисап əбден шатасты. Енді не істейміз, қандай амал бар деп жүргенде,
ұсақ шаруашылықтарды шоғырландыру жөнінде қаулы шыға қалсын. Біз
ақымақ емес едік. Мəдімар мені орталықты белгілейтін комиссияға бекер
кіргізген жоқ, ішкі есебіміз болды. Комиссия орталыққа осы Қаракөз лайық
емес пе дегенде, азар да безер көнбедім, үлкен жолдан алыс, келешекте
қатынасқа қиын деп сендірдім. Бізге қайткенде де шатасқан есеп-қисаптың
көзін құрту үшін жұртты Қаракөзден көшіру керек болды. Сөйтіп кеңсені
көшірген кезде керексіз қағаздар арасына шатасқан документтерді
білдірмей тығып жібердік те, қарауыл шалға сыртқа апарып өртеттіріп,
пəлесін соған жаптық. Тіпті қанша қағаз жанып кеткенін Мəдімар да
шамалай алған жоқ. Оған бəрібір еді. Өзі қол қойған былықтан құтылса,
іріленген колхозға бастық болса, өзгеде шаруасы жоқтын”.
Қыният мүлəйімсіді. “Сенің қалай өмір сүріп жүргенінді білмеймін, - деді
ол, - білмеймін... Ал менің көз жұмсам болды, істеген қиянаттарым тілін
жалаңдатып төбемнен төнеді де тұрады. Ақырында ішіп кеттім. Сосын
күйеу бала, қыз, кемпір қосылып үйлерінен қуып шықты. Қазір ешкімге
керегім жоқ біреумін. Үй жоқ, күй жоқ, бір қаңғыбас, маскүнем болдым. Ал
құдай алмайды, күні-түні ішемін, құлап жатамын, бірақ құдай алмайды, сірə
оған да керегім жоқ сияқты... Құлың болып кетейін, бір стақан қызыл
шарапқа тиын беріп кет, құлың болайын...”.
Көпжасар басы бар, көзі бар, сөйлесе тілі бір тұтам маскүнемге соңғы рет
көз салып, үн-түнсіз кете барған...
Қой тастардан кейін саз балшық басталды. Көпжасардың қуанғаннан жүрегі
жарылып кете жаздады. Уыстап алып танауына апарды. Өткір, салқын леп.
Бəсе... Айналып кетейін, Қаракөз, сонша ұзап кетпесе керек еді ғой.
- Əй, Маймақ!
- О, не, аға? – Төбедегі саңылаудан қып-қызыл ботқа бет төменге үңілді. –
Су шықты ма?
- Саз балшық... Міне...
- Лайы бар ма?
- Асықпа батыр, асықпа!
Шелек тез толады. Көпжасардың қимылына көз ілеспейді. Еріндері
күбіркүбір. Қазір, жарықтық, қазір... Ағасың атқылап...
Тағы үңгіп қазып көрейін деп ойлады Көпжасар. Қолымен сипалап қараса,
сыз лебі сол жақта молдау. Сүйменді солқылдата ұрып, қуалап үңги
жөнелді. Топырақ омырылып түсіп жатыр.
Жөн білер кісі болса ғой. Көпжасар қайбір құдық қазғыш еді. Өмірі
істемеген кəсібі. Енді келіп... Сабыр ет, Көпжасар. Дегбірің неге кетті
сонша, сабыр ет!
Сыртта без-без етіп Маймақ тұр:
- Төбемнен күн өтіп кетті, кешкі салқында келейік, - дейді.
- Шыда, батыр, - деді Көпжасар. – Үйге амандық болса, су шығарып бірақ
барамыз.
- Ойбай, аға, шыға ма ол?
Ойықтың іші кеңейіп, топырағы тазарған соң, Көпжасар сүйменді
дүңкілдете ұрды. Кенет оның есіне Қойшыманның Қаракөздің өзге
қайнарлардай шым-шым қайнап шықпай, атқып ағатыны, оның асты қатты
ағыс деген сөзі сап етіп, сүйменін іркіп ала қойды. Есіне Маймақтың
Ережептер айтты деген сөзі түсті. “Дала көл үстінде тұр...” Көпжасар
арқанды қақты.
- Маймақ!
Анау көзін уқалап, сөлбірейіп тұр.
- Түс болып қалды, аға. Кетейік тез.
- Мынаның асты қатты ағыс па деп тұрмын.
- Болса ше?
- Сен абай отыр. Жарай ма?
Көпжасар шелектен арқанды шешіп алды да, кеудеден тартып өзін байлап
тастады.
Көз алдында қурап, қуаң тартқан ауыл орны, Сарыағаш... “Солай, Көпжасар,
бəрінің үміті мен сенімі өзің. Сонау алма бағы, Майемердің жазығы жалғыз
саған қарап тұр. Ойлан. Қаракөз өлді, енді қайта жоқ дегендерді де есіңе ал.
Оның мəңгілігін дəлелдейтін кезің бүгін. Атаң ат суарған, анаң су алған
бұлақ атқылап ағатын сағат жақын”, - деді ол өзіне-өзі тіл қатып.
Көпжасар осының асты қатты ағыс болмасын деп көңіліне мана келіп енген
күдік пен қорқыныштан заматта арылып, тіршілікке деген сол баяғы
құштарлығымен солқылдата соқты сүйменді.
Маймақ тасқа тиген сүйменнің шық-шық даусын естіп едəуір отырды.
Үңіліп қарап еді, Көпжасар ойықтан көріне қоймады. Майдай шыжғырып
төбесінен күн өтіп барады. Шыдамы таусылды да, арқанның ұшын
сүйретіп, арбаның көлеңкесіне паналады. Қарны шұрқырады. Қазір ғой,
əйелі семіз етті былқытып асып, бұларды күтіп отыр. Аузынан суы құрыды.
“Мынау өзі қызық кісі екен ғой, - деп іштей Көпжасарға өкпе білдірді. –
Кəдімгі бір өзінің құдығын қазып жатқандай... Тамаққа тойып алып,
түрілген іргеден самалға тұмсығыңды төсеп қойып пыр-пыр ұйқтайын кез
емес пе, қазір? Көзіне ұйқы тығыла бастады. Зордың күшімен орнынан
тұрып, құдықтың аузына барып еді, баяғы шық-шық... Қайта келді де,
арбаның көлеңкесіне əзер сыйып жатып еді, аздан соң қор етіп ұйқтап
кетті”.
Көпжасар барлығын ұмытқан, бар болмасын Қаракөзді дүниеге қайта əкелу
іңкəрлігі ғана билеп алған. “Мен бəрін жерге қаратам, өлді деген сөзді жоққа
шығарам деген ерлікпен шаттана, шабыттана қимылдаған. Дүрс-дүрс
соққан жүрегі – сендер Қаракөзге əлі-ақ ораласыңдар, ел мен жердің
мəңгілігі, бірлігі үшін өмір сүрген Қойшыман, Жанбота, Үйсінбай,
Əйтекелердің ата қонысына ерлердің ескерткіштерін орнатып, олардың
өмірбаянын өшпес өнегеге айналдырасыңдар. Қаракөз əлемнің бір тəтті үні
болып күндіз-түні айналайын адамдар, жер бетіндегі барды жоғалта
көрмеңдер деп қоңыраулатып ағып тұрады. Сен біздің əнімізсің, сен менің
əнімсің!”
Күн тас төбеге келіп, арбаның көлеңкесі астына қарай қашып, ыстық
денесін əбден күйдіргенде барып, Маймақ бір-ақ оянды. Дел-сал денесін
жинай алмай, едəуір ыңырсыды. Содан соң...
Екі көзі алақандай болып, қазған жерден атқылап жатқан суға қарап қалған.
Су... Лақылдап аққан ақ бұлақтың ақ шулан ағысы үлкен қуаныштан
алақайлап аптыққан баладай ылди-төмен шапқылап кетіп барады. Соған
таңырқап, қызыға қарап қалған Маймақ:
- Аға! – деп, айқай салды. – Аға-ау, суды қараңыз, шығыпты ғой,
шығарыпсыз ғой.
Көпжасардың жүзін ағыл-тегіл жас жуған. Оның көзінен де тарам-тарам
моншақтап омырауына сорғалаған жас – шапқылап бара жатқан Қаракөз
іспетті еді.
“Неге жылайды, жылағаны несі? – деп ойлады Маймақ аң-таң қалып. –
Неге?...”
ЖОЛ
І
Маусымның алғашқы сенбісінде байырғы жолшы Төлеп қарт төсекте тілсіз
жатты…
ІІ
Сəукеленіп көрінетін асқар ар жағынан қызғалдақтың реңі түстес ал қызыл
əсем шұғыла көтеріліп келеді. Осыдан былай қарай Баянды тауының көркін
тілмен айтып жеткізе алмайсың. Күннің бір шекесі көкжиектен қылтиып
көрінгеннен беткейдегі түсі қанық көкпеңбек майда бетеге, жылғажылғадан
бытысып өскен ұлпа құрақ мың бұралып қоя береді-ау. Оқшауоқшау
сеңгілер қандай маңғаз, аяқ ұшы тисе сусып кететін тас қорымында алтын
шуақ аунап-қунайды. Ақ түбіт бұлттар аспан жүзінен сырғанап түсіп,
жұлдызды əлемді, арда емген шоқыларды құшады. Шілденің кенезе
кептірген қырық күнінде Баянды тауының басында күн ара ақ нөсер желіп
өтетіні сондықтан. Қызық қой бұл. Таудың да мəуелеп шалғынға бөленіп,
жайнап, жасарып тұруға деген құштарлығы ерекше.
Аңрахай даласының көркі де, биігі де Баянды тауы. Оны батыс пен шығыс
əйгілі асу ретінде біледі. Сонау күн шыққан көкжиектен бермен қарай
ширатылып жатқан қара жол күнгейге қарата осы асудың қилы-қилы
аңғарлары мен өр-ылдиын қуалап барып асады. Асудың екі жағы жиырма
екі километрге созылып жатыр. Теріскейін Ешкілінің, күнгейін
Қызылтастың жолшылары қарайды.
Шағын жол пайдалану пунктінің қыбыр-жыбыры мана-ақ басталған.
Айналасы бес үйдің уақ малы ана ауладан да, мына ауладан да шығып,
беткей-беткейдің баурайымен жайылып барады. Жолшы Имансерік ескі
“Беларусьтің” моторына үңіліп, өзімен өзі əлек. Енді аздан кейін тракторын
тырылтадып, Əтейді жанына отырғызып, асуға бет алады.
Имансерікті білетіндер жолдан өзгемен ісі жоқ деседі. Айтатындары рас.
Отыз жылдан астам оның өмірі осы Баянды тауының бауырында өтіп
келеді. Анада-мынада шаруасы болмайды, төменгі колхоздағы
ағайындарымен араласуға да қолы тие бермейді. Жазы-қысы білетіні – жол,
соның кеткен жерін бүтіндейді, қисайғанын түзейді, не керек, шаруа
қыруар.
Тапжылмай бір жерде ұзақ жылдар істегендердің көпшілігі кеуде соққылап
жатады ғой. Имансеріктің жөні басқа. Өзің қозғау салып, түртпектемесең,
тындырған жұмысы жайлы тіс жармайды. Егер оның күш қуаты тағы бір
жүз жылға жететін болса, мына қалпынан айнымай шаба берер еді. Бірақ
өмір, шіркін, ондай кеңшілікті қашан, кімге жасап еді.
Жайшылықта томаға-тұйық жүретін адамның құлағына жол туады сөз тисе,
көсем де, шешен де – сол; Төлеп секілді байырғы жолшының өмірбаянынан
талай түндерге сырнама шертіп бере алады.
Жанына аттап-бұттап Əтей келді. Жігіттің айтатыны белгілі:
- Имеке, темекі бермейсіз бе?
- Осы сен қалтаңа неге салып тартпайсың?
Анау басқа сөз айтпастан уақ малын жинақтап тастап, құртақандай
магазиннің құлпына үңіліп тұрған сатушы Тоқмолдаға қарай аяңдады. Ол
арсы-гүрсі алаңғасарлау жігіт өзі. Өткен жылы Қайрақтының кеніне кетіп,
екі айға жетпей қайтып келіп тұр. Кенде істеу бұған қол емес көрінеді. Екі
ісінің бірі жоспар, жоспар деп күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмейді екен.
Жиналыстан жиналыс.
Сатушы екеуі шылымның түтінін будақтатып едəуір тұрды. Бұлардікі
белгілі əңгіме. Қарадан-қарап жоқтан өзгеге дауласып жатады. Əтей
сатушыны əдейі ерегістіреді. Өйткені, ол қызба. Қоштамай қойсаң өзінікін
күні бойы дəлелдеуге бар.
Əтей мен Тоқмолда өзара əлденеге айтыса-айтыса келіп, Имансерікке қол
берді.
- Имеке, сіз мынаған құдайшылығыңызды айтыңыз, - деді Тоқмолда. – Біз
соғысқа қатысқан адамдармыз, мысалы.
- Соғысқа менің жасым ілікпей қалмады ма, - деп Имансерік дəп өзі
кінəлідей қызарып кетті. – Мен отызыншы жылғымын ғой.
- Солай ма еді өзі? – “Япыр-ай, менің жанымда бала екенсің ғой” дегендей
Тоқмолда ананың бас-аяғына қарап біраз тұрды да, - Қатар шығармыз деп
жүрмедім бе, - деп Əтейге бұрылды. Фронтовиктердің ішінде жалғыз мен
екем, бала. Сен жаңағыдай қия тартқаныңды қой.
Жігіт естімеген адамдай айдалаға қарап, ұзақ есінеді.
- Ұйқым қанбайды ылғи.
- Ес жоқ қой сенде.
- Содан артық бірдеңеңіз болса берсеңізші.
- Жасы үлкенді ақымақ еткен соң, не күтеміз бұлардан, - деп Тоқмолда
пəсейіп қалды.
- Менікі қалжың ғой, Тоқа, - деді Əтей күліп. – Сізбен ойнап қара басты
дейсіз бе.
- Е, сөйтсеңші… - Тоқмолда елпеңдеп разы болып, сосын қалтасынан
қымбат шылымының қорабын шығарып, алдымен Əтейге ұсынды. –
Шылым тартайық, - деді.
Көзінде əрдайым осылай кісінің көңілін тап бассаңшы деген сəуле бар.
Имансерік ескі шүберекке қолын сүрткіштеп байырғы жолшының үйіне көз
қырын салды.
- Төкең күрт нашарлады ғой, - деді сосын жағалай қарап.
- Жас келген соң қайтеді, - деп Тоқмолда күрсінді.
Əтей трактордың дөңгелегіне сүйеніп тұрып күңқ етті:
- Осы кісінің баласы бар деуші ме еді… - Болған, - деді Имансерік. –
Болған… - Болғаны қалай?
Имансерік темекінің талын ұзақ ширатты.
Төлеп қарт… Қым-қиғаш өмірбаяны бар Ешкілінің ең байырғы жолшысы.
Ол туралы жұрт айтатын əңгімелер де əр түрлі. “Кезінде екі иығын жұлып
жеп Аңрахай даласын дүркіретіп шықпады ма. Əкесі Еркебайдың ұзында
кеткен кегін, қысқада қалған өшін қайтарды. Кейін көресіні көрді ғой өзі…
Ақ қар, көк мұзда жол салды, ғұмыры соның тілеуін тілеумен өтті,
жолаушының қолтығынан демеді, уһ деген жоқ. Соншалық итжанды бола
ма адам?..” “Оның басындағы қайғыны дұшпаныңа бермесін. Оның
басындағы қайғы адамзатты əрі-сəрі ететін шер…” Тағысын, тағылар. Адам
тағдырының осыншама қат-қат болатынын кім білген.
- Төкеңе кіріп шығалық, - десті бəрі. – Кешке дейін қу тірлікпен кетеміз ғой
алды-алдымызға.
- Шаруаға ертерек кіріспесек, түс əулетінде мына күн балқытып жіберер, деді Əтей. – Шекеміздің шылқып жүргені шамалы, күн тисе төбем
солқылдап шыға келеді.
Шығыстан алаулаған дөп-дөңгелек күн əжептəуір көтеріліпті; қызыл
жалқын дүниені түгел арда емген; Баяндының асқаралы шоқыларының
басына жаңа əзірде үйірілген сары ала нұр енді етекке қарай емініп, бұта
жапырақтарындағы түнгі дымның аңқыған жұпарын жалап-жасқап барады;
күн нұрының тарқатылып кеткен алтын бұрымдары зеңгір көктің бір
бүйірінен осындай туғалы əлсін-əлсін төбе көрсетіп тұратын үй орнындай
қара бұлтқа ғана жетпей жатқан сияқты. Қазір жер мен аспанның сəл кірбіңі
сол, əсем дүниенің бір жақ бет ұшындағы айыл жимастан түйіліп қалған.
Жолшылар Төлеп қарттың үйіне қарай беттеді.
*
*
*
Қарт екі көзін шарт жұмып, сұлқ жатыр. Қыртыс-қыртыс маңдайына қоңыр
көлеңке ұялаған аппақ қудай селдір шашының арасынан қып-қызыл
құйқасы айқын көрінеді, екі ұрты суалып, шықшықтары шығып кетіпті.
Имансерік байырғы жолшының қолын сипады.
- Төке… - даусындағы қамыққан, босап, іштей егілген сарынды өзгелері
түгел аңғарды.
Қарт аппақ кірпігін едəуір кідіріп барып көтерді. Əуелі ол терезеден жарық
дүниеге көз салды. Бұл шамада күн сəулесі топыраққа сіңіп, беткейлердің
қалың бетегесі құлпыра бастаған. Байырғы жолшы тамсанған сыңай
білдірді, терең шыңыраудан семіп көрінген, екі көзінде əлдене жылысты,
саусақтарының ұшы жыбырлап, ақ жайманың шалғайын түрте берген.
Əйтсе де тырс деп дыбыс шығармады. Айтары: “Тағы таң атып, күн шықты
ма. Қараңдаршы əне… шіркін-ай, десеңші. Шіркін-ай, өмірдің өлмейтіні
қандай жақсы еді. Біз қаракетті іріккенмен, таң атуын, күн шығуын
қоймайды. Бекер, бекер жүдейсіңдер, сыртқа көз салып, қуаныңдар, кəне,
сендер қуансаңдар маған да жеңіл болады, шаттыққа толы жүздеріңді көріп
жатсам, өзгедей тілегім жоқ, сеніңдер…” - Төке, қалайсыз? – деді
Имансерік.
Байырғы жолшының көзіндегі ақ шеңбер тарыла түсті… Адам кең дүниеге
келгендегі, кетеріндегі пейілдерің-ай! Барлық сұмдығымыз сол екі арада
ғой. Нардай жақсылықты қылдай қиянатқа қиып жіберетін пенделігіміз…
Ақ ниеттің қайсыбір кезде алтын масақ қауызының ішінен дəн орнына тас
теріп қалатыны… Барлығы жолдың басы мен аяғына дейінгі аралықта.
Неге? Білмеймін. Сендер де білмейсіңдер, ешкім білмейді…
Уақтысының көбісін осы үйде өткізіп жүрген Имансеріктің əйелі
жолшылардың алдына бір-бір кесе ыстық шай қойды.
Дастархан шетіне тізе бүккен соң сатушы күтпеген əңгіме бастады.
- Қайрақтының кенін кеңейтеді деседі, ол не сөз? – деді Тоқмолда. – Күзге
қаратып тұр ма?
- Кен тасу үшін Үшарал станциясына поезбен екі жүз КамАЗ жеткізілген
көрінеді, ар жағын көре жатармыз да.
- Бізге жаңа трактор бермей ме онда? Жоқ, əлде биыл да көреміз бе
көресіні? – деп Əтей Имансерікке қарады.
- Пірəлинге айтқам.
- Тағы айтыңыз, пəлен-түген дейтін болса барымды киіп, артығымды
бөктеріп, қара суық түспей тұрғанда төменгі колхозға көшем.
- Алдымен құм жағы қиын болып тұр, - деді Имансерік, - Əтейдің
қоқанлоқы мінезіне еті өліп кеткендіктен оған мүлде көңіл аудармай. –
Құмқазғанның бетін енді бір-екі қалқып алсақ, ар жағынан сары топырағы
бұрқырап шығады. Етектегі колхоз бар. Үшаралдың жұрты қосылып,
жанжағынан қол салған соң қойсын ба.
- Өзімізден қиыршық тас шығаратын диірмен болса табыс көп түсер еді, деп Тоқмолда жөткірінді. – Мұның өзі игілікті іс болғалы тұр ғой, түбінде.
- Сіз пенсияға қашан шығатын едіңіз? – деді Əтей бұра тартып.
Тоқмолда жігітке ұнатпай қараған.
- Əй, шырағым, - деді көзі ежірейіп, - əлгі қарыздарыңды төлеңдерші,
келінге айтсам үндемейді.
Əтей ананың сөзін естімеген адамша Имансерікке қарап:
- Төкеңді ауруханаға жеткізу керек, - деді.
Анау қабағын шытынды:
- Ары-бері сүйремеңдер, жолға қарап жатып жұмайын көзімді деген өтініші
бар, - деп қарттың жүзіне қайта үңілді. – Оның үстіне кəрілікті жеңетін күш
əзір жер бетінде жоқ қой. Жетпіс тоғыз оңай ма…
Осы жасқа келгенше қарт шаруа басында жүріп еді. Азын-аулақ пенсиясын
малданып жамбастап жататын-ақ жөні бартұғын, өйтпеді. Тірнектеп
жолдың тасын терді. Неге? Бұл сауалға оның өзінен басқа ешкім жауап бере
алмайды. Ана бір жылдары төменгі колхоздан жалғыз аттық арбамен теспе
жолдың шаңын бұрқыратып бөріктері қоқайған үш шалдың келгені бар.
Айтатындары рас та. “Өмір бар жерде қаза бар. Жасың болса мынау, бір
аяғың төрде, бір аяғың көрде, баяғыда осы Ешкілеге əкем Еркебай бекет
салдырған екен деп елден жырақ жол жағалап жүре бересің бе өлгенше?
Өзгені қайдам, Ешкілі де, құдай да разы саған. Асуына жол салдың, сақалшашың ағарғанша жиегін бүтіндедің, ендігі шаруаны өздеріне қалдыр.
Басқасын қойғанда көйлек-дамбалыңды қашанғы өзің жуасың. Баянды
əулетінен тараған шаңырақтың таңдаған біреуі сенікі, көзің жұмылғанша
бағып-қағады. Кісі қолына қарамаймын десең, өз алдыңа үй етеміз.
Ауылдағы соқа бас кемпірлердің бірі шайыңды қайнатып тегі береді. Көш.”
Төлеп қарт үндемеді. Ерте төлдеген қара кепенің басын қонақтарының
алдына көлденең тартып қойып, тым-тырыс отырып алды. Шалдар жағы:
“Өлімнен кім қашып құтылған, талқаның таусылған күні иман айтып,
беретін ел ортасынан тысқары айдалада қалғанымыз кейінгілердің сүйегіне
таңба. Парызымыз үрім-бұтақтың абыройы екен, бойдан қуат кеткенде
соны ойлайық. Ары-бері өткен машиналардың гүріл-тырылынан ұйқың
қашып, “япыр-ау, ағайын, қайдалап” жол бойында сен жатсаң,
“бауырымызды ортамызға көшіріп əкелмей бізді неден қара басты” десіп,
ана жақта ел жатады. Ат-арбамен сүйегімізді салдыратып мына
келісіміміздің жөні солай, айтқанға көнсең баланың бірі келіп көшіріп
əкетеді”, - десті.
Үш шал қанша тігісін жатқызғанымен, байырғы жолшы тіс жармай қойған,
ескі бөстекке жантайып жатып алды. Мүлде ештеңе естімейтін меңіреу
сияқты.
Келгендер шала бүлінді. “Біздің жақ жаппай отырғанымыз не, сенің шытыр
жеген қойдай дөңбекшігенің не? Жолдан басқа да дүниенің бар екенінен
бейхабарсың-ау, зəді. Кешелі бері бірімізді-біріміз демеп, əлмисақтан келе
жатқан ата-бабаның сөзін айтамыз кеп… Құлағың бітіп қалмаса жеткен
шығар жетеңе. Сондағымыз əне-мінелеп қалған шағыңда елдің ортасында
болсын деген ниетіміз. Дəуреніңнің барында дара шаптың, шылауыңнан
алсақ көкте құдай бар, енді бүгін бөрігіміз қисайып балалардың көз
алдында тізе қағысып отырсақ қандай жарасады. Бəрекелде…”
Жоқ Төлеп қарт ағайындарын лəм деместен шығарып салды. Теспе жолдың
шаңын бұрқыратып бара жатқан жалғыз аттық арбаның соңынан ұзақ қарап
тұрған.
Отырғандар байырғы жолшының көзіндегі дөңгелек ақ шеңбердің
ортасындағы қарашықтан жылт еткен сəулені аңғарды. Сыңайы қарттың
жанарына жан кірді. Бұл талмаурай бастаған күш-қуаттың ілкіде ес жиған
нышаны-тұғын. Негізі қайратты адам алқымнан алған ажалға оңай
берілетін көрінбейтін. Жолшылар елеңдеп қартқа ұмсына берген.
- Шаруа!.. – деп барып Төлеп қарт сөзінің артын жұтып қойды. Шамасының
жеткені сол болса керек.
Байырғы жолшының көкейіндегісін бəрі түсінген. Таң атқалы қашан,
бұрауын күткен шаруа бар, маған қарайлай бермей жөнеңдер деп жатыр.
Сұңғыла қарт жұмыс басты жұрттың енді қазір қалай шығып кетудің есебін
таппай отырған көңіл жықпас халін айнытпай ұқты.
- Біз жүрейік, - деді Имансерік. – Тоқа, келіп-кетіп тұрарсыз қарттың
жанына.
- Бүгін ауданға, отчетке баратын едім, - деді сатушы күмілжіп. – Жеделдетіп
орала қойсам жақсы. Осы айдың жоспары орындалмайын деп тұрған жоқ
па? Райпоның бастығы көрген жерден жағадан алады.
Трактор ырғалып жолға түсті. Жолшылар асудағы екі қауіпті жердің біреуін
бітіріп, екіншісіне тас төсеп, жар жақ ернеулеріне шынжырмен белдеулер
тартып жатқан.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 16
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.