Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 18

Total number of words is 4164
Total number of unique words is 2289
34.2 of words are in the 2000 most common words
47.9 of words are in the 5000 most common words
55.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қозғамасаңшы.
- Ташкенге оқуға кетіп бара жатқаныңда, жалғыз атымды жол қаражатыңа
жаратып едің, - деді Төлеп, - сен оқуда болып, əкең Таңқыны арулап көмген
де мен едім…
Сол кезде бөлмеге əдемі киінген он бес-он алтылардағы бозбала кіріп
келген. Төлеп ұмтылып орнынан тұра алмады. Иегінде түймедей қалы бар,
бұл бозбала ұлы Əсіреп еді.
- Көке, - деді ол Төрекелдіге жақындап, - комсомолға өттім.
Төлептің көзіне жас толып кетті.
- Əсіреп… Балам… - Бойын əзер игеріп орнынан тұрды. – Мен ғой əкең…
Бозбала аттап Таңқиевтың артына шықты.
- Ұмытып қалдың ба, күнім. Мен Төлеп… Əкеңмін ғой…
Жоқ, анау қозғалар емес, көзі бақырайып, басын шайқай берді.
- Балам… Мен əкеңмін… Төлеппін…
- Төлеп – менің əкем емес, - деді бозбала тағы да басын шайқап. – Төлеп –
жаман адам.
- Қой, күнім, əкең емес, ол – жала.
Мен – Таңқының баласымын, - деді ұлы. – Төлеп менің əкем емес, ол –
бөтен, жау.
Төлептің бойы лезде мұздап, қаны қатып шыға келді. Дəл қазір ана отырған
Таңқиевты бас салып бауыздап жіберуді ойлап қатты ширыққан. Бозбала
дереу есікке ұмтылды. - Балам…
- Көрдің бе?
- Мені оның жадынан қалай өшіргенсің, Төрекелді, солай етуге бола ма,
өлтірсеңші бұдан да.
Балауыз шамның əлсіз сəулесіндей жыпылық қаққан түймедей ноқат
жеткізер емес. Бұл ұмтылды, ұмтылған сайын анау ұзай түседі. Айғайламақ
еді, жағы қарысып қалыпты, аузын аша алмады. Көк тұман қоюланып,
дүниенің еңсесін баса түскен.
- Имеке, - деді Тоқмолда, - Төкең ұлымен мүлде араласпаған ба?
- Тағдырдың жазуы солай болды. – Имансерік аһылаған. – Баладан
хабарымыз жоқ.
- Қиын іс екен. Əйтсе де ұлынан бір уыс топырақ бұйырғаны қажет-ақ еді.
Əйелдер жағы дастарқан жайды.
Əтей əркімге бір жалтақ-жалтақ қарады.
- Əкеден мүлде безуге бола ма? – деді ол көзі бажырайып.
- Менің қорқынышым… - Имансерік жөткірінді, - менің қорқынышым –
ілкіде бір кездесіп жүрген осындай опасыздық түптің түбінде үлкен жолға
да жасалмасын деңдер.
- Бұл қай сөзіңіз, Имеке? – Тоқмолда дағдарды.
- Ана қиыр, мына қиырдан бұрқ-бұрқ өрт шығып жатқан жоқ па?
- Ойбай, ол біздің елімізде емес қой, - деді Əтей. – Енді өзгелердің
жыртығын жамаймыз ба?
- Өзге жерден шыққан өрттің өзіңе келмесін қайдан білесің.
- Келген күні көреміз де.
- Сенің түбіңе осы ойсыздығың жетеді.
- Аға, сіз қызықсыз, - деді Əтей Имансерікке ұртын бұртитып. – Ешкілінің
екі-үш үйі айтты деп кім көтерген шоқпарын тастай салады? Біз сияқты
жолшылардың сөзіне жердің ана шетінде, мына шетінде кім тыңдай қояды.
- Білмесе қойсын, бірақ сенің жердің ана шетіне де, мына шетіне де ниетің
таза, пейілің кең болсын.
- Мұның барлығы кемеңгердің сөзі ғой, аға, екі ортадан қыстырылып сіз бен
бізге не жоқ, - деп Əтей мырс етті.
Имансеріктің жүзін қою көлеңке торлады.
Ауыз үйден əйелдердің сыбыр-күбірі естілді.
- Жағалы киімнен не бар екен?
- Мəсінің біреуін жаңартпаса, ұят болар.
- Пүлішті қайтеміз, қазір кемі он бес-жиырма метр жыртады…
Имансеріктің өңі құп-қу болып кетті.
V
Күн сенбіде ағыл-тегіл ақ жауын жауды.
Баянды тауының үсті толқыған қалың мұнар. Дара-дара жоталардың
ұштары сол мұнарға шым батып көрінбей қалған. Одан бергі жердің
қоңырқай түсі жаңа түсіп келе жатқан іңірден айныса, кəне. Жайшылықта
тобылғы астынан айқын көрініп қалатын сиса гүлдер көзге түспейді.
Теріскейдің көгінің реңі жап-жасыл. Күн сəулесімен шаңытып, ақ таңдақ
тартып тұратын жақпар тастар ақ жауынға армансыз жуынып тұр.
Жолшылар жауынға малшына жүріп қимылдай берді. Күн жауында бар
дүниені былай жиып қойып, қол суытып отыратын кəсіп иелері бір басқа.
Мұндай жауында егіншілер ұйқыға басып үйінде жатады. Ешкілінің аяқ
жағында төмендегі колхоздың егістігі бар. Қазір соған көз салсаң,
қыбырлаған жанды көре алмайсың. Жауын қалай сап тыйылса, солай далаға
қаптап шыға келеді. Ал жол үстінің тірлігі ақ қар – көк мұзда тəулік бойы
сапырылысып жатады.
Сапырылысып жататын тірліктің ыстық дəмін ойға да, қырға да жетелейтін,
ана тұстың сөнгелі тұрған шырағын жағып, келесі қолаттың тұтануға əзір
өртін өшіретін құдырет – жол ғана. Имансеріктің пайымдауынша, жол үсті
қозғалысы адамдардың арманын, сенімін, үмітін, жеңісін, маңдай терін,
ертеңіне іңкəрлігін, ізгілігін арқалайтын, осы ұлылықтарды жер жүзіне
таратып беріп отыратын ғажайып құбылыс. Адам əулеті ұрпақтан-ұрпаққа
қалай жалғасып келе жатса, жол да солай жалғасып, əрі күллі тірліктің ұлы
көшін болашаққа өз дəуірінің жылдамдығымен өткізіп барады. Үзіліссіз
қозғалысқа дем беріп, соның жауапкершілігін мойнына алған
жолшылардың тірлігіне жауынның қандай қатысы бар? Оның маңдайында
жазылғаны аспан айналып жерге түссе де, қара жолдың бойын демімен
жылытып отыру.
Имансерік пен Əтей ауыр тростарды қаз-қатар тізілген бағаналарға зорға
бекітіп жатыр.
- Бес адамның міндетін атқарудамыз, - деді Əтей шашын сілкіп. – Ақшасы
да сол мөлшерде болса деңіз… - Имансерікке бұл əсер етпейді:
- Бұйырғаны болар.
- Бұйырған-сұйырғанды білмеймін, үш жүзден сынық тиын кем болса,
Пірəлиннің ажалы менен.
- Мəссаған, ондай ақшаны кім береді? – деп таң қалды Имансерік. –
Тақияңа екі жүз де тар келмес.
Əтей бұған ренжіді.
- Өзіміз оңбаймыз. Кежегеміз кейін тартады да тұрады. Шетімізден ақ
жүрек болып кеттік. Ақы-пұлсыз еңбек ететін уақыт емес қой қазір. Екінің
бірі жинақ кассасынан шықпайды. Үй десең анау: машина керек пе,
қорасында. Ал біз адал еңбегіміздің ақысын дұрыстап алмаймыз.
- Батыр-ау, ақшадан қысылған жеріміз, кəне? Көштен қалып жатқан біз
емес, қант-шайымызға жетерлік қаржы қай-қайсымызда да бар ғой.
Менің жағдайым ондай қанағатты көтере алмайды, көрдіңіз ғой
Тоқмолданың жағадан алғанын. Қит етсең, қарызын сұрайды.
Имансерік кеңкілдеп күліп жіберді:
- Айлық қолыңа тисе, он шақты күн аузың құрғамай жүреді, саған қайтіп
тиын шақ келсін-ау.
Əтей – қызық жігіт. Ашулануы да, жадырап шыға келуі де оп-оңай.
Жаңағы түнерген жүзі лезде жылып, жымиып қоя берді.
- Ондай иттігімнің бары рас.
Əтей армансыз емес еді. Онысын жəне жиі айтады. “Тентектікпен жүріп
өзім оқи алмай қалдым. Қазір қолыма кітап алып, оқи бастасам-ақ ұйқым
келеді, бəрі сол кешегі жындылықтың кесірі. Оң қолының басы қалтылдаған
Қайыптан қалған соң, менен не сұрайсыңдар? Ендігі арманым - анау екі
баламды оқыту. Екеуін оқудың соңына саламын. Əтейдің екі баласы
институтта оқып жатыр деген сөзді естіген күні, əй, бір келістіріп той жасап
беретін шығармын-ау… Жоқ, күлмеңдер, шыным, оқытам… Өліп қалмасам,
айтқанымда тұрамын…”
Əтейдің қимылын көзімен бағып, оның арманын іштей бір қайталап
шыққан Имансерік көзі кенет құлама еңістен біресе жолдың оң жағына,
біресе сол жағына шығып, қалт-құлт ағып келе жатқан аппақ “Жигулиге”
түсіп, денесі суық су құйып жібергендей мұздап қоя берді. Көргенін айтып
ауыз жиғанша болған жоқ, “Жигулиге” қарсы төменгі айналмадан көк
“Москвич” шыға келген.
Жолшылар сілейіп-сілейіп тұрып қалды. Əйтеуір, əбүйір болғанда ақ
“Жигули” біраз жер тайғанақтап барып “Москвичке” жетпей, жол ернеуіне
бір қырын тұрып қалды.
- Япыр-ай, сұмдық бола жаздады-ау! – деп Имансерік жағасын ұстады. –
Жауынды күні абай болмай ма, бұлар.
- Əй, бүйткен машинасы құрсын. - Өңі сұп-сұр болып кеткен Əтей аяғының
астында жатқан қол басындай тасты теуіп жіберді.
Имансерік ойлады: “Жолаушылар осы қайда асығады? Неге? Сапарға
шыққан адамдардың жұлдыздай ағып, ұшы-қиырсыз арманға, қиялға
беріліп, бақытын базарлап келе жатып “Қалай өмір сүрдім” деуге үлгермей,
жарық дүниеден жалғыз сəтке жалт етіп өшсе, жолшылардың күндіз-түні
бас ауыртып, балтыр сыздатқан қаракеті кімге керек? Кездейсоқ апаттан
өліп кеткендер, бəлкім, дүниедегі ең адал, ең сенімді, ең қарапайым
жандардың бірі шығар. Егер ол сондай болса, қаншама тамаша арманүмітін, тигізер шапағатын, жасайтын жақсылығын өзімен бірге ала кетеді.
Ол бар қасиетін беріп кетуге үлгермеді, үлгертпейтін…
Жол апатын көре-біле тұра пенде шіркін асыққанын, аптыққанын
қоймайды. Алдындағыны басып озуға, алдына өзгені түсірмеуге құмар.
Əлде жолдың адамды алды-артына қаратпай дегбірін алатын өз құдіреті, өз
заңы бар ма?”
Ақ жауын ебіл-себіл. Тау басындағы қалың мұнар сəл көтерілгенімен,
айналаның қоңырқай реңі өзгермеген. Қайта қара тастардың қабағы қата
түскен сияқты.
Дымданып топырағы босаған соң шығар, жолдың жар жақ ернеуіне
орнатып жатқан бағаналардың түбіне шылап салған цемент былқылдап
қатпай қойды. Жолшылардың жұмысы өнетін емес.
- Шынымды айтсам, өз басым осы жолдан қорқам да, - деді Əтей.
- Жол емес, сол жолды басып келе жатқандардың дегбірсіздігінен қорық, деді Имансерік.
Асу бойында машиналар ары-бері үздіксіз өтіп жатыр. Анда-санда
“Икарустар” өтеді. Кейінгі жылдары жол үстінде осы автобустар көбейіп
алды. Қазір не көп, жолаушы көп: біреу қызмет бабымен, біреу қыдырыстап,
енді біреу базар нарқын білу үшін жолға шыға салады. Машина шіркінге
жол алыс емес. Сенің міндетің – нысанаңа жеткенше отыру, оған дейінгі
тағдырыңның жауапкершілігі жүргізушіде. Енді ойланбай көр. Егер əрбір
адам өмірді жол, əрі автобус деп ойлап, өзін жүргізушідей сезінсе…
Имансеріктің көзі – Шерлітаста. “Енді қанша жылдар тұрар екенсің осылай.
Мен сенен жиіркенем. Мен сенен қорқам… Мен баяғыда сүйегі қурап
кеткен опасыз ағам Байбосынды кейде түсімде көріп, айлар бойы аты жоқ
дерттен ауырып жүрем… Еш нəрсе, ешкім де ұмытылмауға тиіс… бəрімізде
өмірбаян бар, бəріміздің өмірбаянымызда көздің жасы бар… Мен де зар
еңірегем… Мен де өмір бойы өкініште кете жаздағам…” Имансеріктің ойы
алысқа кетті.
1949 жылдың көктемі еді. Бірер жылдар тоқтап қалған Баянды асуының жол
құрылысын аяқтау жəне асфальт төсеу жұмысы қайта қолға алынды. Халық
құрылысы жарияланып, оған үш мың адам бас қосты. Қар суымен беттерін
шайып, жусан жастанған жұрт күрек-сүймендерін шындап, тас қашап,
топырақ қопсытып, дүниені басына көтерген. Жанған оттай лап қойған
тірліктің асау ағысы таңның атысынан күн батқанға дейін буырқанады.
Баянды асуының жұлдызды түндері қым-қуыт қаракеттен сілесі қатып
шаңыта берген.
Жиырмаға енді иек артқан Имансерік Төлептің меншілер бригадасына
жазылды. Бригаданың мүшелерінің көпшілігі отыз жетінші жылы осы
жолдың басын бастаған, асуға алғаш сүймен Аңрахайдың ысқаяқтарынан.
Апыр-ау, мұндай қан мен терді қатар сыққан қаракетті кім көрген. Сүймен
ұрған, кетпен шапқан, күрек салған қым-қуыт қимылдың жотасынан ұшқан
ыстық бу. Баянды тауының биік шоқыларының демімен шыжғырып, қайрақ
тастарды балқытып бара жатты. Соның қызуын медет етіп, е, бəрекелде,
дескен елдің көкірегінде ақ уыз арманмен мұндалап, ертеңдердің күміс
қоңырауы күмбірлейтін.
- Қу соғыс болмағанда, баяғыдан бітетін шаруа еді, - деседі ел.
- Əлгі Харитоновтың тағдырынан хабар білетіндер бар ма?
- Төлеп не дейді?..
- Кім білсін, содан кейін көрген жоқпын, кім білсін, - деді Төлеп. – Ажалсыз
болса тірі….
Қолы жұмыстағы жұрттың аузында сөз, көкейінде сауал. Бір мезет пəлсапа
соғады.
- Бəрі өтеді, жол қалады, - деседі.
Оған кімнің дауы бар. Адамның соңында ісі қалды, жазу солай.
“Түйетабанға” дейін келген жол анау жылдардағы жеті жүз адамның қаны
мен тері емес пе.
- Гəп сонда ғой, гəп соны білетіндігімізде. Гəп келе жатқандардың жүрер
жолын салып, кетуде…
- Бəрекелде… Жүз жылдан кейін қайта көрсек, жүз жылдан кейін, ей,
ағайын, бұл жолды біз салғанбыз десек… Сенер ме еді?
- Неге сенбейді? Өткеннің қаракеті өмір сүріп жүргендердің жадынан
өшпейді. Əңгіме жолды кімнің иеленетіндігінде.
- Баянды батырдай адал адамдар дүниеге келуін тоқтатпас.
Қатып қалған қара тасқа сүйменді құлшақтай ұрған, жалаңаш-жалпы жұрт
өмір бақи ешкімнің тісі батпай қойған асқар таудың қолқасын суырып, бүкіл
болмысын солқылдатып жатқандай еді. Тас, топырақ үйілген арбаларды
ышқына
сүйреп,
ыңыршағы
айналған
аттардың
кетілген
тұяқтарынан шып-шып қан шығатын.
Жол құрылысын қыста да жүргізе беру жөнінде алынған нұсқаудан кейін
кейбіреулер солқылдай бастады. Асудың күзгі қара суығын көріп тіксінген
анау жылдардың əңгімесінен хабардар жұрттың арасында бірлі-жарым
қобалжи бастады.
Таң қараңғысы еді. Имансерік көр-жерін апыл-ғұпыл жинастыра бастады.
Мохорка орап отырған Төлеп иегін көтерген.
- Мұның не?
- Кетем. Жол маған қол емес екен. - Əй, Имансерік…
- Кетем. Үйге барам.
- Сен əуелі тыңда.
- Жол салып жатырмыз ғой, батыр, бұдан да қиын кезде шыдағанбыз.
- Одан ары. Мен кетем.
- Жұрт не дейд, Имансерік?
- Менде қандай ақыларыңыз бар?
- Жол салып жатырмыз деп отырған жоқпыз ба саған.
- Салусыз қалсын.
- …Əй, сен, жынды болып қалған шығарсың!
Имансерік үндемей қойды.
- Сен бүкіл Баянды əулетін жерге қаратқалы отырғаныңды түсінемісің.
- Қай Баянды…
Төлептің жүзі түтеп қоя берді. Жез мұрттары тікірейіп, быт-шыт болып
кеткен. Имансеріктің білегінен шап беріп, өзіне жұлқа тартты.
- Қай Баянды деші… Шыққан тегіңді ұмытайын деген екенсің ғой, албасты.
- Жіберіңіз.
- Қай Баянды, - деді-ау? Ə, əй, естимісіңдер? – Мына иттің баласы бəле
бастап отыр.
Ұйқылы-ояу жатқандар бастарын көтерді:
- Не болып қалды?
Имансерік қолын жұлып алған. Сосын буып-түйіп қойған көр-жерін бір
тепті.
- Шыдай алмаймын, төзімім таусылды, кетем.
- Өзге жұрт ше? Осы жолдың бодауында үш мың адам жүр. Кеше Əбілмейіз
кетпенші аяғы тайып жардан құлап өлді, дімкəс жігіттердің біразы төсек
тартып жатыр, қайласын тастап қашқаны бар ма соның… - Маған десе
түгел қырылсын, мен өле алмаймын.
Төлеп керегеде ілулі тұрған дырауды жұлып алды, сосын көз іліспес
шапшаңдықпен мұны екі жауырынның ортасы осы-ау деп тартып жіберген.
Имансеріктің көз алдында дүние төңкеріліп жүре берді.
- Сен итті мен өз қолыммен өлтірейін, - дырау қыр жотасын тіліп өткенде,
Имансерік екі бүктеліп құлап түсті. – Қай Баянды дейді бұл, өзгелер өле
берсін дейді бұл. Сенің ағаң Байбосыннан айырмаң жоқ екен ғой. Имансерік
басын жұлып алды. О, сұмдық! “Мен де сондаймын ба?!” - Аға!
Айнала қоршағандар шегіне берген.
- Аға!.. ағалар!.. Кешіріңдер! – Имансерік аласұрды.
Ол тізерледі. Таяқ жегені үшін емес, баршаның қаны мен терін сығып алып
жатқан қаракеттен басын алып қашуға ниет еткен əлсіздігіне налыды.
“Сенің Байбосыннан айырмаң жоқ”, - деген сəтте ес жиған еді.
Байбосынның атын естігенде елдің көз алдында ұяттан, намыстан өліп
кетуге аз қалды.
Сол күні күздің дауылды қара суығы тобылғының бұталарын шырт-шырт
сындырып, майда қиыршық тастарды көбелекше ойнатқан. Сол күні сəске
ауа тас қынасын шайып, өкпек желмен жан-жағын сабалап қара нөсер
жауған. Аспан қара судың түбіндей түнеріп кетті. Күндіздің өзі ымырттан
айырғысыз. Сонда да қалың ел қайла-күректерін сүйретіп тас қашады.
Босаған топыраққа тобығына дейін кірген аяқтар көтерілген сайын жыртық
аяқ киімнің тұмсығынан ақ жем тілім-тілім саусақтар көкбеңбек болып
көрінеді. Су киімдері денелеріне жабысып ала шапқын: сəл іркілсе дүрсдүрс соғып тұрған ыстық жүректері суып, соғысынан жаңылып қалатындай
жанталасады. Адамның қорқатыны соңғы демі… Бір қызығы ол соңғы
демінің түгесілетініне сенбейді. Үміт, шіркін, сенім, шіркін, сондай.
Сырттай аянышты болып көрінген осы жұрттың қайсысының жүзіне
үңілсең де, тірлігіне өлшеусіз құштарлық нышаны алаулайды, неткен құпия,
неткен құдіретті жаратылыс бұл адам?.. Имансерік шекпенін қаусырынып,
дөңгелек бөркін баса киіп ұзақ тұрған. Қара нөсер үздіксіз жауған. Ілкіде
күшейіп, тіпті сатырлап өтеді. Күллі əлем ағыл-тегіл, əп-сəтте жылғалармен
жауын суы шапқылады, шұбырған ат-арбалардың дөңгелегі топыраққа
шабақтарына дейін кіріп кетсе де толассыз айналып барады. Ешбір құдырет
оны тоқтата алатын емес.
Өкпек жел қара нөсерді алып қашып аласұрады-ай келіп.
- Неге жылайсың? – деді жанына тоқтаған арбакештің бірі.
- Жігіт адам жылай ма екен? Қуансаңшы. Біраз жерге жол салған жоқпыз ба,
ел екенімізді, жұрт екенімізді көрсеткен жоқпыз ба? Жолың болғыр-ей,
күлсеңші.
Имансерік шапанының белін шарт буып, сүйменіне жармасқан.
Жексенбі – демалыс күні, əркімнің өз ермегі бар. Имансерік ескі
“Беларусын” айналдырады. Тозығы жеткен неменің о жер, бұ жерін
қарамаса бола ма, ілдəлап əзер жүр. Əтейдің жағалайтыны – Тоқмолда.
Қарызға арақ сұрайды, ананың көңілі келсе бірлесіп бірер жүзді тартып
алатындары бар. Ал сосын армандарын айтысады. Əтей өзінің оқи алмай
қалғанын, енді анау екі баласын қайтсе де қатарға қосатынын əңгімелейді.
“Егер биыл жанымызға адам берілмесе, Пірəлинді төбемнің шұқыры
көрсін”, - деп те қояды.
Тоқмолда таяуда тексеріс келіп қалуы мүмкін екенін, есеп-қисаптың
құйтырқысын айтып, қарадан-қарап опынады. Бейнетпен жиған малының
жазғы-қысқы қамын жейді.
Кісінің көңілін демеуді білетін Əтей ме:
- Сізге қиын, - дейді. – Ұрпақсыз өту сұмдық қой, аға. Жиған-тергеніңіз
кімге қалады?
Тоқмолданың көз жасы дайын. “Осы сөзді естімейін деп сонау жер түбінен
келмедім бе мына таудың сағасына. Туған ауылымнан қубастығымды алып
қашып едім”, - дейді.
Оның солтүстік жақтан көшіп келгеніне екі жылдай болып қалған.
Имансерік Тоқмолданың мінезіне көп түсіне бермейді. Жолай тоқтаған
жүргіншінің оған ренжімей аттанғанын көрген емес. Арадағы əңгімесі
көбіне былай болып келеді.
- Ойпыр-ай, сізде баға сұмдық артық қой, - дейді жүргінші.
- Мынадай ыстықта жалаң судың өзі алтынға пара-пар, - деп Тоқмолда
кеңкілдеп күліп алады. – Алыстан тасылып əкелетін болған соң, біздің
товарларға үстеме баға қойылады, жолаушым.
- Бірақ сонша қоспайтын шығар.
- Маған сенбесең, райпоға бар, айналайын, - дейді Тоқмолда. –
Күмəнданғандарың сөйтіңдер.
Үлкен жолдың бойында кетіп бара барған жүргіншілердің айдаладағы
райпоға бұрылып бармайтынын Тоқмолда біледі.
“Осың не?” – деп Имансерік ренжісе, “Имеке, сауданың өз заңы бар”, - деп
бет бақтырмайды.
Жол жиегіндегі жарбиған магазинге қазір де ара-тұра біреулер тоқтап кетіп
жатыр. Əшейінде, ұзын бойы қоғадай иіліп Əтей магазиннің алдында
Тоқмолдамен көр-жерді сөз қылып тұрушы еді, бүгін шаш алдырамын деп
ауданға кетіпті, қашан ораларын кім білсін.
Имансерік “Беларусьтің” моторына ұзақ үңілді. Таяудан бері моторда тықтық еткен бөгде бір дыбыс бар. Пірəлин сөзінде тұрса, биыл жаңа трактор
бермек. Тіпті бульдозерді де жаңалаймын деп күпінген. Ана жолы келгенде
мақтау алдық, соның бəрі ең алдымен Ешкілі жолшыларының арқасы деп
кетіп еді, енді берген уəдесінде тұратын шығар-ау.
Төлеп қарттың үйінің шатырынан бір жабайы кептер ұшып шықты.
Байырғы жолшы жатып қалғалы бері Имансерік жалғызсырап-ақ жүр.
Мұндайда қарт желке тұсқа шоқиып алып, алдағы күннің қажеттерін
саусақпен санап отырушы еді. “Асудың өн бойындағы шұғыл
бұрылыстардың барлығын тік, тегіс жолға айналдыратын мезгіл жетті,
қауіпті тұсты көре тұра, елемей жүре беруден тауып жатқанымыз шамалы, деді. – Маған тағы бір ғұмыр берсе, көкейімдегінің барлығын істер едім,
қайтейін-ай!..”
Кейде екеуден-екеу сырласар еді.
- Анау балаларыңның ойында не бар? – деп сұрайды байырғы жолшы.
- Дəм бұйырған жерде қызметтерін істеп жатыр ғой, - дейтін бұл. – Үлкен
ұлым су шаруашылығы жағында емес пе еді, облысқа ауысамын деп жүр.
- Мен əлгі жолдың оқуындағы кетік қараны айтып отырмын.
- О күшіктің екі жылы қалды.
- Қағазың қолға тиісімен, жан-жағыңа алаңдамай тура осы өзіміздің
Ешкіліге кел деу керек қой оған.
- Өзінің іздегені де сол емес пе?
- Бала кезінде: “Өскенде жер дүниені өздігінен айналып тұратын əптаматты
жол салам!” – деп… Сол кеттік қараның қиялына таңым бар. – Төлеп қарт
мəз болатын.
- Ешкім кедергі жасамаса, адам оны да істейді. Жақсылық жасалмай
қоймайды.
- Төке, бұл тірлікте жақсы істің бəрі есте қала ма, қалай?
- Бұл тірлікте ұмытылмайтын екі нəрсе бар, бірі – адамның жақсы ісі,
екіншісі – жаман ісі, - деп еді Төлеп.
Қарт дұрыс айтты деп ойлады Имансерік. Ұмытылмайтын сол екеуі.
Жақсылық та, жамандық та жатсаң-тұрсаң көкейіңнен кетпейді. Бір
мерейіңді өсіріп, бірі жаныңды жегідей жейді. Кешегі Баянды мен Шер бір
анадан туды ғой. Кешегі Байбосынмен бұл емшектес емес пе? Қаншама
жылдар өтті, қаншама сулар ағып, қар еріді, бірақ Байбосынның
опасыздығы өкшелеп қалса, кəне. Не себепті ұмытылмайды? Көз алдына
көлденең тұрып алып өмір-бақи бетіне шіркеу болып келе жатқан жоқ па:
қазір, екінің бірі оны көлденең тарта берген соң ғана, оқта-текте тіл қатып
қалып жүр. Болмаса, ұзақ жылдар ананың арамдығы мен мынаның
пенделігін көріп тұрып, көпе-көрінеу тіс жармады. Дүниеде үнсіздіктен
асқан қорлық, қорқыныш жоқ. Үнсіздік – қарақан бастың қорғанысы.
Үнсіздік - кінəлілердің тартатын жазасы. Байбосынмен бір туғаны үшін
Имансерік осының бəріне көніпті. Опасызбен емшектес адамның елге пəтуа
айтуға кісілік құқы жоқ деп келді. Жер бетінде алды-арты сүттен ақ, судан
таза адам көп қой, жамандық атаулының бетіне солар түкірсін, соларға бəрі
жарасады, солардың қолынан бəрі келеді деп ойлапты.
Жамандыққа жаны сыздаса да бұл сияқты өмір бойы үнсіз жүргендер көп
шығар? Адам атаулыдан жамандық сол себепті өкшелеп қалмай келеді.
Өмірдің соры – көрдім-білдімі жоқтар болса, одан қорқынышты не бар.
Тоқмолданың үйінің жанында “Цементовоз” тұр. Əрине, бекер тұрмайды.
Тоқмолда өзіне пайда түсер жерді біледі. Кішкене болса да магазиннің
қазына аты бар. Ешкілі тоғыз жолдың торабында тұрған соң, дүниенің төрт
құбыласынан келімді-кетімді көп. Көбіне-көп айнадағы колхоз, совхоздың
машиналы адамдары үзбей қатынап тұрады. Сонау Суалмадан, Керу мен
Қаракемерден Ақдолыға мал айдантындардың да жолы осы, соның
қайқайсысы да Тоқмолдамен көңілі жақын. Шаршап-шалдығып келе
жатқандарға сатушы барын аямайды. Ертесіне қозысын тоқтыға, тоқтысын
қойға дегендей малдарын айырбастап алып қалады, арақ өтіп кеткендері
бірлі-жарым қозы-лақты басы бүтін беріп кетеді.
Имансерік аяңдап сатушының үйіне келді. Аулада аумағы едəуір цемент
жатыр.
- Саудагерлікті қашан тыясыз, Тоқа?
- Мұндайыңыз жоқ еді, Имеке, не болып барасыз? Шынымды айтайын,
соңғы күндері дəл бір басқа жақтан келген адамдай боласыз да тұрасыз
маған.
- Мен үнсіздіктен зəрезап болған адаммын.
- Біз қан кешкенбіз, Имеке. Өзіміз қорғаған өкіметтен бір уыс несібемізді
қайтып алсақ та хақымыз бар, - Тоқмолда цементтің үстіне брезент сүйреп
əкеп жатты. – Періште болып шекесі қызған ешкімді көрмедік, əне! – деп ол
қолымен Төлеп қарттың үйін көрсетті. - Əне, əлемдегі ақ жүрек адамның
бірі, бір сабақ жібі жоқ үйінде. Үйі демекші, ол да қазынанікі.
- Сізде кісіліктің жұқанасы қалмай бара жатыр, Тоқа. Ескертіп қояйын,
шаруаңыздан ши шығып, куə қажет болса, менен жақсылық күтпеңіз, - деп
Имансерік бұрылып жүре берген. – Сабақ жіп деуін көрдің бе? Сорлыларай, - деп кіжінді, - Сабақ жіп іздегенше, кісілікті айтсаңдаршы…
Кешкісін жолшылар əдеттегідей Төлеп қарттың үйіне жиналған. Байырғы
жолшы со қалпы, қан-сөлсіз жүзі қатып-семіп əбден қуарған, арып-ашып,
азап-шерге армансыз берілген кейіп. Кеудесінің терең түкпірінен бір сырыл
талып жетіп, жаныңды жегідей жейді.
Отырғандардың абыр-дабыры ауруға дем берді ме, ол жайлап қабағын
көтерді… Біз ғажап кезде өмір сүрдік. Біз көрмегеннің бəрін көрдік, біз
барлық апаттан аман қалдық, біз қан майданда жеңіспен шықтық, біз жол
салдық… Бəрін көрдім. Ендігі ұрпаққа тілейтінім – тағдырынан биік тұрса
екен. Тосын, ешкім ешқашан күтпеген ауыр соққыдан да үстем болып
шығуға міндеттісіңдер. Ұлы жол - өздеріңе аманат. Ұлы жолды салған
біздің рухымызды еске алып қойсаңдар, ұмытпасаңдар екен. Сендерге оңай
болады деп жатқаным жоқ. О, не дегендерің… Бүтіндерсіңдер,
тегістерсіңдер! Қара жолда жақсы мен жамандар сапарлас. Қара жол өліспей-беріспейтіндердің сілкілескен майданы. Дұшпан аяқтан тартады,
сен алға ұмтыласың. Сендердің артықшылықтарың алға
ұмтылатындықтарыңда. Соны білгендіктен де, мен өлімнен қорықпаймын.
Адамды өлім емес, мақсат қинайды. Ажал шіркін кеудеңе қонақтап,
алқымыңнан алып отырса да, мақсат бұлағын атқылауын тоқтатпайды.
Бұған дейін бойда қуат бар кезде жолдың даңғырай беруін, жолаушының
апатқа ұшырамауын мақсат етсем, дəл қазір, осы минутта Баянды батыр мен
түбінде осы үлкен жолдың бойы болады деп “Ешкіліге” бекет салған əкем
Еркебайға ескерткіш орнатуды соңғы арманыма санап жатырмын. Соны
сендерге аманат етсем деймін. Ешкім де, еш нəрсе де ұмытылмауы керек
қой. Енді мың жылдан кейін Ешкілінің адамдары Баянды батырды білсе,
мынау ескерткіш сол Баяндының жолымен жүрген Еркебай əкеміз екен
десе, баланың атаға құрметі ұрпақтанұрпаққа өшпес өнеге болып жалғаспай
ма…
Байырғы жолшы көзін жұмды, төсек тартып жығылғалы бері санасын əлсінəлсін иектей беретін ақ тұман қайта анталап қоя берген, бұл жолы қарсылық
жасаған жоқ, денесін бос тастап сұлық жатып алды.
Əтей өзінен-өзі босап:
- Қайран атам-ай! – деп қояды қайта-қайта Төлеп қартқа қарап.
Имансерік елдің сөзін бірде естіп, бірде естімей тұнжырап отыр.
Байырғы жолшы көзін тағы ашты. “Батыр-ай, жүзіңді мұң торлапты ғой.
Қабырғаң қайысты ма ақыры. Жақсы мен жаманға жаның ауырса, оған
жабырқама, рухы мықты адамның қашанда іздейтіні қиындық!.. Оның
артында ғажайып өмір бар. Тыңдап отырмысың? Баяғыда білгенімді саған
айттым ғой. Бəлкім, менің өмірім өнеге болмас, жақсы болсын, жаман
болсын, ол – ешкімнің таласы жоқ өз өмірбаяным. Сен одан керегіңді ғана
аласың, басқасы тағдырыңның сыбағасында. Батыр-ай, жүзіңді ой торлапты
ғой. Мені де сол ой алқымдап жатыр…”
Қарттың санасында баяғы тұман үдере көшті… Қалың ағаштардың арасын
кезіп жүр. Жапырағы жоқ, тырбиған жалаңаш жалғыз түп ағаштың кір-кір
бұтағында қанаты қырқылған қара қарға отыр, өзге бұтақтарда үздікүздік ақ
шыт салбырайды… Тұман сап-салқын, ала құйындап өтіп жатыр, өтіп
жатыр… Төлеп жерден қол басындай кесек алып, қара қарғаға қарай
жіберіп қалып еді, ол қалбаң етіп екінші бұтаққа барып отырды. Бұл жерге
тағы еңкейген… “О, сұмдық. Қара қарға қарқ-қарқ күледі. Əй!.. Мынау
Төрекелді!.. Иə, сол!.. Япыр-ау, бұл қайдан жүр? Қара қарға қайда?
Төрекелді…”
- Əй, сен қайдан пайда болдың, пəлекет?
- Естігем жоқ, қатты айтшы, - дейді анау. - Аруақ ұрғыр-ай!.. (Қарға да
сөйлей ме?) - Түк естімеймін, түк естілмейді.
- Не болған саған?
- Қаттырақ айтшы айналайын, қаттырақ.
- О, опасыз… Ұлым қайда?..
- Оны қайтесің?.. – Қарға қүңқ етті.
- Ұлымды қайтар.
- Əлі күдер үзбедің бе?
- Адамның үміті кесілмейді.
- Өлгенше бос сөзді малданып өтер болдың ғой.
- Бос сөз емес, ол – менің өмірімнің мəні.
- Мəн деймісің. Соны іздегенде тапқаның қайсы, ылғи таяқ жеумен келесің,
əлде мұным өтірік пе?.. Соғыстан кейінгі жетінші жылды алшы есіңе.
Қарт санасында өткен күннің үзігі… Атадан балаға жалғасып келе жатқан
аңыз ес біле қандарына сіңген Аңрахайдың Төлеп бас болған азаматтары
опасыздықты еске салып, ескертіп отыратын Шерлітасты бұза алмайды,
жобадан ауытқып сүймендерін соның жанындағы алып жартасқа ұрған.
Жоба бойынша жол Шерлітастың үстінен өтуге тиіс еді, соны айтты.
Құрылыс бастығы шала бүлінгенімен, өз кінəларын күндіз-түні жұмыс
істеумен жуып жатқан сүйменшілердің əлгіндей əрекетке бару себебін
естіп, түсінген əрі таң қалған. Амал не, жартасты үңгіп жатқан кездерінде
сүйменшінің бірін оқыс тас басып мерт болды да, шатақ бұрқ етті. Бəріне
кінəлі Төлеп болып шықты.
Байырғы жолшының көз алдын тағы мұнар басты. Əне, жапырағы жоқ,
жарбиған жалғыз түп ағаш… Кір-кір бұтағында жаңағы қара қарға.
- Шерлітас сенің қаперіңнен неге шықпайды? Онда не шаруаң бар
соншалық? – дейді қарқ-қарқ етіп.
- Оның опасыздықтың белгісі екені қалай шықты жадыңнан.
- Ақымақ! Ол ертегі емес пе? Тегі түсіне алмай-ақ қойдым сені.
- Өйткені сен адам емес, қарғасың.
- Оны қоя тұр. Сендердің айтуыңша, Шерлітас опасыз ұл болған, тасқа
айналуы сондықтан ғой.
- Дұрыс айтасың.
- Ендеше ондай опасызды күл-талқан етуге неге қарсы болдың?
- Шерлітасты бұзбау опасыз болғандардың мəңгі қара тасқа айналып
қалатынын үрім-бұтақтың есіне салып, ескертіп отыру үшін керек еді.
Атабабадан қалған өнеге…
- Оның келешекке қандай қатысы бар?
- Көгермейсің қарға ниет Төрекелді, сен əлі осының азабын тартасың.
- Еркебаев, Еркебаев, баяғы қу мінезіңді тағдырдың кезек-кезек тиген
соққылары түзей алмағанына таң қаламын, - деді қара шолақ.
- Мен өзіме-өзім опасыздық жасаудан қорқам, сұмырай. (Құзғын қарға ұзақ
жасайды деуші еді, қой, мен мұны құртайын).
Жерден тас іздеп еді, таппады. Байырғы жолшы елестен қайта адасып
қалды.
- Имеке, - деді Тоқмолда. – Соғыстан кейін Төкеңнің əлгі Шерлітастың
кесірінен сергелдеңге тағы ұшырағаны рас па?
- Болған ондай.
- Сосын Төкеңді қайтті?
- Жағдай шиелінісіп жатқан кезде құрылыс ісімен танысу үшін
аупарткомның жаңа хатшысы келе қалды. Өзі де бір шешен жігіт екен,
жиналған жұрттың алдында: “Уақыт өтер, бірақ адам баласы Баянды
асуындағы халық құрылысын, сіздердің қан мен терлеріңізді мəңгі
ұмытпайды. Сіздер бақыттысыздар, бақытты болатындарыңыз – айтса
сенбейтін асқан ерліктер жасау үлесіне ие болдыңыздар. Сіздер адамның
үрім-бұтағы бұдан былай қалай өмір сүруге тиіс екенін таңғажайып
əрекеттеріңізбен көрсетіп, оларды соған бастайтын жол салып
жатырсыздар”, - деді ол.
Жарықтық арамызда Əбілғазы деген қариямыз бар еді, хатшының дəл қарсы
алдына барып, ескі тымағын шешіп қолына алды. Сосын Шерлітасқа
байланысты оқиғаны бүге-шігесін қалдырмай айтсын. “Шырағым-ау,
осында тұрған қандай дұшпандық бар, біз жау болсақ, өзің айтпақшы, үрімбұтақтың жолын неге салып жатырмыз?” – деп көзіне жас алды. Көзіне жас
алған жалғыз ол емес еді.
- Сосын?
- Сосын не болсын, хатшы Төкеңді сергелдеңнен құтқарып кетті.
Байырғы жолшы тамсанды. Имансеріктің əйелі аппақ дəкемен кеберсіген
шыт-шыт ерінге су тамызды. Көп ұзамай қарттың қабағы көтерілді. Жанары
үй ішін шолып өтті, бəрі елеңдесіп, ентелей қарады. Имансерік қарттың
алақанынан сипады.
- Төке…
Байырғы жолшы қолын қозғалтқысы келді ме, иығының басы бір бүлк етті.
- Төке, - деді Имансерік тағы да. – Бұл мен, Имансерікпін ғой.
- Біреуді іздеп жатыр, - деп Тоқмолда күрсінді. – Іздеп жатыр… Алла құдайай…
- Əй, аға?! – Манадан мойны былқылдап отырған Əтей Имансерікке
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 19
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.