Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 16

Total number of words is 4165
Total number of unique words is 2345
33.7 of words are in the 2000 most common words
48.0 of words are in the 5000 most common words
55.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Жол бойының дүрмегіне араласқан баяғы күннен бері Имансеріктің
пайымдауынша, мына оңды-солды зымырап бара жатқан қуатты қозғалыс
діттеген жеріне қол-аяғы суымай, қабағы ашық жетсе, бұлардың топ жарып
алған бəйгесі де сол.
Имансеріктің ағынан жарылып айтары – адамдарды келешекке леклегімен
өткізіп тұрған Баянды асуы – киелі, құдіретті жол. Сіздер оны, бəлкім,
көрген жоқсыздар. Жер бетінде мұндай жолы қиын асу, сірə, некенсаяқ.
Сонау, сонау шалғайдағы солтүстіктен астық тасуға көмекке келген
жүргізушілер тізбегі асуға шығып, құлдилар тұсқа келгенде, жүректері
дауаламай, кері қайтып кетіпті деген де қауесет айтылды. Ол жаздың күні
ғой ал енді қыста қайтер еді?
Жолшылар үшін қым-қуыт қаракет қыста күннен түнге, түннен күнге
ұласып жатады. Тəулік бойы көк тайғанақ үстіне құм төсеуден де қолың
босай қойса, кəнеки. Отызға енді аяқ басқан кешегі Əділет сол жүргінші
жолын ақ қар, көк мұздан тазартып жатып мерт болмады ма. Асу бойындағы
құрбандық жалғыз сол деймісің?
Көк “Беларусь” қара түтінді будақтатып келеді. Жаңа “Түйе табаннан” өтті,
əнеки, ана беткейде “Ителгі” қалды, одан соң… Не көп – жол бойында атау
көп. Бұлар жұмыс істеп жатқан тұста “Шерлітас” бар. Əрқайсысы өз алдына
ертегі, өз алдына аңыз. Осы аңыздар ішінде жолшылар көкейінде
көлденеңнен тұрып алатын “Баянды тау” шежіресі. Оны кейде “Шерлі тас
туралы мұң-нала” деп те атайды… Жұрт айтатын “Баянды тау” шежіресі
немесе “Шерлі тас туралы мұң-нала” хикаясы былай өрілер еді…
…Онда да күн қызарып шығып, қызарып батыпты. Мына шетсіз-шексіз
құба дүние аласапыран асау күндерді белден басып, дүрия көйлектің
етегіндей дөңгеленіп жатқан. Айнала кең жазық. Ана жер, мына жерден
шұбалаңдаған көкшіл түтіндер жазы-қысы Аңрахай даласының үстінде күн
ұзын сейілмей тұрып алады. Тай-құнан мінген балалар ауылдан ауылға
шапқылап:
“Қара жер мен аспанның
Құпиясын ашқан кім?
Асқар тауды басқан кім?
Асқар таудан асқан кім?”
десіп əндете жөнелгенде, қырда малшы, етекте егінші ойға кетіп, жан
баласына асу бермеген ұлы тауға телмірген. Сондағылары төбесі көкке
ендіенді тимей тұрған таудың ар жағын бір көруді армандапты. Таудың ар
жағынан Күннің сүттей ұйыған тынық кезінде еміс-еміс жетіп тұратын адам
үні күндіз көкейлерін тесіп, түнде түстеріне кірген. Қару-жарақтарын
сайлап, тұлпар мініп сапарға шыққан талайлардың қаңқаларын қар суы
ағызып əкеліп тастайтын. Күндер өтеді, жылдар өтеді. Ұрпақтан ұрпақ
өрбіген сайын Аңрахай жұртының көкейіне таудан қайткенде де асу арманы
ұялай беріпті. Амал не, сапарға шыққандардың сүйектерін қар суы ағызып
əкеліп тастай береді. Бірақ адам қашан да өлермен. Адам өлімнен емес,
өзегін өртеген көкейтесті арманына жете алмаудан қорқады.
Бұл сөздің иесі – Жаңғырық əулие еді. Оның Баянды жəне Шер деген екі
ұлы болыпты. Екеуі де батыр, сұлу, бүкіл Аңрахай таң қалатын өрім жастар
екен. Күндердің күнінде Жаңғырық əулие түс көреді. Түсінде сақалы
белауырынан түскен қария қолындағы асасын көкке көтеріп:
- Əй, Жаңғырық əулие, аспанға қара! – депті. – Не көріп тұрсың?
- Айды көріп тұрмын, Күнді көріп тұрмын, - Күн мен Айдың қатар
тұрғанына Жаңғырық əулие жаман таңырқайды.
- Ай мен Күн жоғалса, дүниенің жайы қалай болады? – дейді ақсақалды
қария.
- Қара түнек басады.
- Ендеше, екі ұлыңды неге қауіпті сапарға дайындап жүрсің?
- Ұлытауға жол салмай бола ма, қария?
- Күннің шығысы мен батысын жалғайтын дəнекер керек.
- Бəрекелде, оның ақыры азап-шер екенін білемісің?
- Адам өмірі сол азап-шерден тұрады, қария.
- Сонымен ойыңнан қайтпаймысың?
Жаңғырық əулие басын шайқады.
- Ендеше, бердім тілегіңді, - депті анау. – Ұлытаудың ұшар биігінде жақпар
жартас бар, оның басында көзінен үздіксіз жас ағып тұратын қарғыс атқан
қарақұс отыр. Құстың солай отырғанына талай замандар өтті. Оның күткені
– адам. Адаммен тілге келсе ғана ұшып кетеді. Алайда қоятын екі шарты
бар. Сенің екі балаңды мен сол құсқа аман жеткізем. Одан арғысы
балаларыңның қандай сүт емгеніне байланысты, адал екен – арманыңа
жетесің, арам екен – бүкіл əулетіңе азап-шер… Осыны ұмытпа! Балаларыңа
айт, екеуі бір тілекпен барсын.
Жаңғырық əулие ояна келсе, көкжиектен күн дөп-дөңгелек болып шығып
келеді екен, қотаннан енді өре берген малдың ішінен боз қойды ұстатып
ауылдың дуалы ауыздарынан бата сұрайды. Аңрахай айдаласында бір күн,
бір түн той болады. Жастар алтыбақан құрып, Баянды мен Шерді ортаға
алып, таң атқанша əн салады. Жаңғырық əулие тау сағасында отырып жыр
толғайды. “Қос қарағымды көк тікен, шөңге, балақтан алма!
Қос қарағымды алқымдап, боран, тамақтан алма!
Қос қарағымды қара бұлт, қамап қанаттан алма!
Қос қарағымды жебей жүр өзің жаратқан, алла!”
Баянды мен Шер тау беткейлерді қиялап ұзақ жүреді. Бір кезде ат-тұяғы
күртік-күртік қар мен сірескен көк мұзға тиеді. Мұндай азапты олар еш
уақытта көрген жоқ еді, аттар көшкінге құлап өздері жаяу қалады. Мұзды
тауға тырмысқан батырлардың көбелері сөгіліп, башпайларын үсік шалады.
Бірақ олар ілгерілеуін тоқтатқан жоқ, тістерімен қар тістеп алға жылжи
береді. Ақыры, мұз таудың да үстіне шықты-ау! Төмен қараса, Аңрахай
даласы оймақтай ғана болып жатыр екен. Алда төбесі көрінбейтін биіктер
мұнартады.
- Құрысын, қайтайық, - депті Шер. – Біз жете алмаймыз.
- Жетеміз, - дейді Баянды. – Мұз тауға шыққан адам қалай жетпейді. Қане,
маған сүйен…
Енді екі батырды алапат боран қарсы алады. Қарға адым жер көрінбейді.
Дүние астан-кестең. Қар аралас тас қиыршықтар басы-көзге сабалап əбден
діңкелетеді. Екі жігіт боранмен əңгелек ойнаған қой тастардың арасымен
өрге қарай тарта береді. Қас-кірпіктеріне сауыс-сауыс мұз қатады.
Сауыттары тарқатылып, жалаңаш денелерін суық жел сабалайды. Екі ер
өлдім-талдым дегенде Боран таудан аман шығады-ау, əйтеуір. Арттарына
қараса Аңрахай даласы мүлде көрінбей қалыпты.
- Аға, қайтайық, - дейді Шер тағы да. – Кеудемізде жанымыз барда
қайтайық.
- Қайтпаймыз, - депті Баянды. – Мұз тау, Боран таудан өткен адам
қайтпайды. Кəне, қолыңды бер!
Олар қап-қара тұманға кіріп кетеді. Алдары тіп-тік қия беткейлер,
шыңырауына көз жетпейтін құзарлар. Аяғың сəл тайса-мəңгі келмеске
кеткенің. Түнектен екі батырдың көздері мүлде көрмей қалады, тек
бағдарлап қан жылжиды. Бұл бір жан баласы естіп-білмеген азап еді. Қия
жартастарға жабысып əзер ілбіген екі батыр осылай қанша азаптанды,
білмейді, бəлкім, апта өтті, бəлкім ай өтті, əйтеуір, өлдік-талдық дегенде
Тұман таудан шығады-ау. Арттарына қараса, қат-қат мұнарлардан өзге
көздеріне еш нəрсе түспейді.
- Енді бұдан əрі жүре алмаймын, - дейді Шер. Əшейінде жарқылдап
тұратын жанарлары өлеусіреп сөне бастағандай болып көрінеді. – Мені
тастап кет, аға.
- Шыда, - дейді Баянды інісін жұбатып. – Қиындықтың көбі кетіп, азы
қалғанда, шыда, бауырым.
- Осы азаптың бізге керегі не, соншалықты азапқа салатын əкемізге не
жаздық? – Шердің даусы ызғарлы. – Жазығымыз қандай.
Баянды інісінің жүзіне таңырқай көз тастайды.
- Мұның не? Бұл қай сөзің? Бізді сапарға жетелеген мұрат емес пе?
Олар осылай айтысып жатқанда, сақалы белуарына түскен қарт ғайыптан
пайда болады.
- Түрегеліңдер, - дейді ол асасын көкке білеп. – Енді азғантай ғана жол
қалды, сəл шыдаған адамға ұйқыдағы құс қол созым. Тек естеріңде болсын,
оған екеуің бір тілекпен барыңдар… Ал, беттеріңнен жарылқасын!
Бұл Жаңғырық əулиеге түсінде аян берген қарт болатын.
Екі батыр талай қиындықтардан бірін-бірі жетелеп ұйқыдағы қара құсқа
жетті, ақыры. Баянды барып құс қанатынан сипайды.
- Сендер кімсіңдер? – деп сұрайды ұйқысынан шошып оянған қара құс. –
Кімсіңдер өздерің?
- Адамбыз, - оған алдымен Баянды жауап береді. – Аңрахай даласындағы
Жаңғырық əулиенің ұлдарымыз. Біз асуға жол салғалы келдік.
- Солай деңдерші…
- Күншығыс пен Күнбатысты мəңгі бөліп осы тау жатыр, əулетіміздің
мұраты – оған сүрлеу салу.
- Адамның мұраты кейде құрбандықты қалайды.
- Біз оны білеміз, - дейді Баянды. – Біз бəрін біліп, бəріне бас тігіп
шыққанбыз.
- Екі шарт айтам, - дейді құс Баяндыға қарап. – Оның біріншісі – көкпен
тілдескен мына тау аласарып, ақ қар, көк мұзынан арылсын, сөйтіп адамзат
Күншығыс пен Күнбатыстың арасына жол салсын десеңдер, анау көрініп
жатқан тозақ отына ойланбастан секіресіңдер.
- Екіншісін айтпай-ақ қой, - дейді Баянды батыр. - Əлгі айтқандарың
орындалса, тозақ отына ойланбастан секіруге дайынбыз! Кеттік, Шер!
Ол осыны айтып, қып-қызыл алауға бір-ақ қарғиды. Бұл кезде Шер бетін
басып, еңкілдеп жылап отыр екен. Құстың даусы саңқ етті:
- Дайынбысың?..
- Маған екінші шартыңды естіртші, - дейді Шер тізерлеп. - Өтінем сенен.
- Бақ-дəулет, сəн-салтанат, басыңа тəж.
- Рас айтамысың, қара құс?
- Артыңа қарашы.
Шердің көзі бұлдырап есінен адаса бастады. Ол мұндай ғажайыпты өңі
түгіл түсінде көрмеген. Баспалдағы күмістен тізілген алтын сарай. Босағасы
меруертпен көмкерілген есігі айқара ашылған. Кең бөлменің ортасында
дөпдөңгелек ақ айдын, төңірегінде зерлі тақ. Əлгі дөп-дөңгелек айдын
ортасында бірін-бірі қуалаған уыздай жас арулардың қара мақпал
бұрымдары мың бұралады.
- Екінші шартты қабылдасаң, осының бəрі сенікі болады.
- Қабылдадым. – Шер тіпті сол шартты сұрап та жатпады. – Мен
қабылдадым онда.
- Ойлан. Екінші шарт оңай шарт емес.
- Мейлі, мен қабылдадым.
- Ол үшін сен бүкіл үрім-бұтағыңнан бас тартасың.
- Бəріне əзірмін.
- Əкем Жаңғырық əулиенің аты өшсін, мен оның ұлы емеспін деп, үш рет
қайтала.
Шердің таңдайы тақылдап қоя берді.
- Тағы айтшы.
Анау іркілген жоқ.
Сол кезде қара құс аспанға шырқай ұшып шығып:
- Уай, қош бол, Ұлы тау! Сен өзгелер үшін өзін құрбандыққа шалған Баянды
батыр əулетінің игілігіне қалдың. Енді сен Баянды асуысың. Өзің аласарып,
ақпаның азайып, ақ қарың жұқарып, асуыңа жол түссін.
Бұл кезде қол созым жерде астан-кестеңі шығып жатқан қара бұлт жел
қуғандай түйдек-түйдегімен əлдеқайда маңып, аспан айнадай ажарын аша
беріпті. Құс енді абдырап тұрған Шердің төбесінен түйіліп келіп: “Бір кезде
мен де сендер құсап асуға жол саламын деп шығып, ақыры, осы бақ-дəулет
сəн-салтанатқа қызығып, елімнің қарғысымен дүниені көрмейтін, бірақ
бəрін естіп отыратын тірі өлікке айналғанмын. Содан бері қаншама жылдар
өтті. Опасыздығым үшін, осындай жаза тарттым”. Жерден екенін, көктен
екенін күн сайын қайталанатын бір дауыс: “Мұнда адамдар келмей
қоймайды, сонда екі шарт айтасың, адалының тілегі орындалады, арамына
айтарың мынау деп еді”. Құс қанатын сілкіп-сілкіп жіберіп, көкке қайқая
беріпті де: “Сен енді Адам əулетіне опасыздық жасауды тоқтатқан кезде
ғана толық адам қалпыңа келесің, оған дейін басыңнан басқа жерің түгел
тасқа айналады”, - деп, өзі де жұдырықтай тасқа айналып əлдеқайда
домалап кете барады.
Азанда оянған Аңрахай жұрты өз көздеріне өздері сенбей таң-тамаша
қалады. Мəңгі мұнар басып жататын ұлы тау үсті ап-ашық, мұнтаздай таза
аспанның аясында шыршалары желкілдеп, бəйшешектері алаулап жаныңды
жадыратады. Ұшар басы көрінбейтін құзарлар шөккен; ақ қар, көк мұздың
көбесі сөгіліп, сай-саласынан шапқылап бұлақтардың тəтті күлкісімен көк
дүрілдеп қоя беріпті.
Жұрт жапа-тармағай жерошақ қазады. Ақ түйенің қарны жарылады.
Шалдар бөріктерін қоқайтып дөңгелене отырады да, Күнбатысқа қарата
қолдарын жаяды: “Осы қалпыңнан, осы көркіңнен тайма, мəңгі-бақи
шыршаларың желкілдеп, бұлақтарың шапқылап жатсын”.
Бұрын-соңды мұндай тойды көрмеген еді жұрт. Ұшы-қиыры жоқ ми
жазыққа бəйге аттары айдалады, шолпысы тобығын қаққан қырмызы
қызкеліншектер, алшаң-алшаң басқан атпал азамат пен бозбалалар жорғасы
тайпалған бір-бір сəйгүліктің үстінде қуаныш пен бақыттан бастары
айналып, гүлдей жайнайды. Қалың жұрттың ортасында қилы-қилы
заманның жібін суыртпақтап, көкірегі алтын сандық көне көз шежіреші
отырады. Адам шіркіннің айтып тауыса алмайтын құдіретін əлмисақтан
бері қараған жерден таратып, талдап кесілген көсем қарттар күні кеше
төбесін көруге зар еткен Ұлы таудың бүгінгі аласа кейпі адал тілектің
бодауына саяды.
Осы кезде əлдекім шежіреші шалдың алдына апыл-тапыл басқан қара
домалақ баланы жетелеп əкеп басын иген. Қолында жіп-жіңішке жарты
құлаш ала арқан. “Бəрекелде, - деді көсем қарт. – Бəрекелде, деп тұрып
алмас кездікпен баланың тұсауын кеседі. Содан соң оның бетін Ұлы тауға
қаратып қолтығынан демеді. – Қаз-қаз қарағым, асуға қарай қадам бас. Уай,
бетіңнен жарылқасын, аллуакпар”.
Былайғы жұртта мүлде ес қалмаған. Күрескен палуандар, айтысқан
ақындар, асқақтата əн салған əншілер, етке тойған ертекшілер өзге дүниенің
бəрін ұмытып қуаныш тойын армансыз тойлайды. Үлкен-кіші Баянды мен
Шерді ұмытып та кетеді. Олар араларында кімнің бар, кімнің жоғымен ісі
болған жоқ. Тек тойдың үшінші күні дегенде барып бөріктері қоқайған
шалдар Жаңғырық əулиені іздейді. “Уа, жұрт, əулие қайда?”
Баяндының жұрт көксеген мұрат үшін тозақ отына түсіп, Шердің тасқа
айналғанын түсінде көрген Жаңғырық əулие жан баласына сездірмей таң
əлетінде тауға бет түзеген. Ол жап-жаңа сүрлеу тауып алады. Танып келеді,
сүрлеу Баянды батыр мінген тұлпар тұяғының ізі. Жүре-жүре Жаңғырық
əулие асудың талай кезеңдерінен өтіп, намаздыгер-намазшамда алды
құлама биік, екі қапталы қой тасты жоталарға ұласып дөңгелене қалған
терең қолатқа жеткенде, көз алдында тұрған сұмдықтан есі шыққаны
соншалық, дəрмені құрып, талықси берген. Оның қарсы алдында басынан
басқа жағы тас болып қатып қалған кіші ұлы – Шер тұрды. Əулиенің сақалшашы əпсəтте аппақ қудай болып үлгерген. Ұлына қараған сайын тісі-тісіне
тимейді. О, тəңірі! Баласының басы қалтаңдап, шатынаған көзі не жерге, не
көкке емес, айдалаға қарайды. Жүзін өлімнің көлеңкесі торлаған.
Ұзақ өмірінде талай сұмдықты көрген əулие мына пəлекеттен жаман
шошынады.
- Естимісіңдер, - депті Жаңғырық, əулие төбесін тоқпақтап, - естимісіңдер!..
Япыр-ау, тіл қатсаңдаршы! Жапан дала, бедірейіп жатамысың осылай.
Асқар тау, сен неге мызғымайсың? Ей, құдіретті жер мен көк, сілкін –
үстіңде мына менің қарғыс атқан ұлымнан өзге де арамзалар бар болса,
аласта!.. Япырма-ау, селт етпей тұра беремісіңдер?! Мынау сұмдықты
көзіме көрсеткенше, ал жанымды. Мен өлейін. Мен өлімнен ғана
қорқатынмын. Енді мен одан қорықпаймын, жалғыз-ақ тасқа айналған
Шерден қорқам. О, жаратылыс, сен жаңылдың! Əділет қайда, ар-ұят
қайдасың?!
Қартпен бірге дүние де егіледі. Аспанның түбі түсіп кеткендей қара нөсер
шелектеп құйды. Таудың аң-құсы түгел қолатты қоршай тым-тырыс мүлгіп
тұрып алды. Қалтаңдаған басқа таңырқап, əрі шошына қарайтын секілді.
Жаңғырық əулие мойнынан төмен қарай тасқа айналған ұлына қолын теріс
жаяды:
- О, қарғыс тиген, арамза, дүниенің зəре-құтын алмай түгелдей тас болып
қат. Бəле-жалаңның бəрі өзіңмен кетсін. Сенің маған сатқындығыңды еш
уақытта ешкімнің басына бермесін. Сен мəңгі-бақи опасыздықты еске
салып, одан өзгені ескертіп тұратын, жан шошырлық, жеркенішті белгі
ретінде қал осылай, қарғыс атқан! – деп Жаңғырық əулие дүние кезіп кете
барады. Оның зарлаған даусы, айтқан мұң-наласын бір желден соң бір жел
күннің шығысы мен батысына іліп əкетіп жатыпты. Əулие сөзін қырда
тобылғы, ойда құрақ қайталайды.
“Қарайтұғын бетім жоқ дұшпаным мен досыма,
Қайтатұғын бетім жоқ қосағым мен қосыма
Тілек тіле деп едің, тілегімді бергенің, о жаратқан, осы ма?..”
Осыдан былай қарай адамдар үрім-бұтағынан əлдебір жат мінез көрсе,
олардың есіне Шерлітасты салатын болған.
Осыдан былай қарай бұл биік Баянды асуы аталған.
Осыдан былай қарай ұлы асудан опасыздыққа қарсы бітіспес күрес жүрген.
Осыдан былай қарай Күннің шығысы мен Батысына сүрлеу түскен…
ІІІ
Жолшылар түс əлетінде барып демалатын. Қазір бұлар жұмыс істеп жатқан
Шерлітастың қарсысындағы бір жағы қожыр тастарға ұласып, бір жағы
құлама жарға сүйенген алды қайқаң тар қолтық еді. Əуелі учаскені екі
бульдозер келіп, тар қолтықтың тас топырағын жарты ай сүріп, тегістеп
тастады. Одан бергі жердегі қалған шаруа Ешкілінің жолшыларының
еншісінде. Пірəлин бастық істі тезірек аяқтаңдар, он алтыншы
шақырымдағы көпірді бұзып, астына тіреу қоямыз деген соң, бұлар жан
аямай кіріскен, енді бір апта мұрсат берсе, тап-тұйнақтай қылмақ.
Дегенмен, соңғы кезде оңай тиіп жүрген жоқ. Серіктерінің бірінің бұл жер
маған қолайсыз екен деп барын киініп, артығын бөктеріп кеткеніне айдың
жүзі. Төлеп қария… Байырғы жолшы жұмысты қиратып кетпеген күнде,
істің ығын тауып беріп отыратын ақылшы еді.
- Адам бермей, осылай телім-телім етіп қоятын болса, Имеке, ескертіп
қояйын, байлап қоясаңыз да тұрмаймын, - деді Əтей.
- Шыда батыр, сабыр етсеңші сəл.
- Маған денсаулығым қымбат, аға.
- Е, батыр-ай, осы асу жолын бір кезде екі жарым мың адам, ақы-пұлсыз,
жалғыз тостақ арпа жармасын қара суға былғап ішіп, аш-жалаңаш жүріп
салған десем сенемісің.
- Баяғыда біреулер сөйткен екен деп өлмекпіз бе?
- Əй, біреулерің не? – Имансерік шегіп отырған шылымын тастай салды. –
Осы жол үшін қаны мен терін сығып беріп кеткен киелі жарықтықтарды
елеусіз атай салғаның не-ай?! Əй, бəтір-ай!..
Имансерік сөйлеп отыр: “Адамның жанкештілігіне күмəнданба. Атабабаң
қыл шылбырмен белін буып асуға аяқ басқанда, қилы-қилы
қиындықтардың көк шыбықтай солқылдаған қыршын кезінде өзі іздеген.
Адам дегенің ұшпаққа шығар саңылау тапса – ана сүтімен қан тымырына
сіңген қасиеті – алған бетінен жан алып, жан беріп жатсын, қайтпайды. Өзің
айтшы, қысы ұзақ, көктемі кеш шығатын, ақ қар, көк мұзы сірескен асудың
өркеш тауларын, құлама жартастарын жалаңаш қолмен бұзып тегістеу кисе
киімге, ішсе тамаққа жарымаған жұртқа оңай болды деймісің? Ə, жоқ,
олардың көрер көзге жұпынылығы болмыстың сыртқы алдамшы
құбылыстұғын: мақсаттың сүйеуі, жебеушісі жан дүниеңдегі сарқылмас
күш-қуат, ертеңіне деген ұшы-қиырсыз мөлдір сенімде еді. Осындай мінез
табиғатынан аңқып қоя беретін көнбіс жұрттың қолында кетпен, көзінде
нұр ойнаған, батыр! Ат арбаға топырақ артып жатып келер күндердің
жұлдызын санапты.
Əне, кемеңгер халық”.
- Ойбай, аға, мұның барлығын несіне айта бересіз?
- Шыққан тегін, ата-бабасының қылған ісін естен шығарған адам оңбайды.
- Құдай жоқ қой, ақсақал.
- Əне, əйтпесе! – Имансерік жаман күйінді, - Кісілікті айтып отырған
жоқпын ба, саған!
- Имеке-ау, енді… өстесіз.
- Бар болғыр, адамша сөйлессең қайтеді.
- Қазір бəрі өзгерді емес пе, Имеке.
- Адам ше? Адам өзгерді ме? Етектен тартып келген арам ниеттен түгел
арылды ма?
Имансерік қолындағы балтасын тастай салды.
Екі көзі Шерлітаста. Құдды тікесінен тік сіресіп тұрған адам. Басы, иығы,
аяғы – бəрі бар. Оған байланысты аңыздың қашан шыққанын, əрине, ешкім
айтып бере алмайды, таң қаларлығы – оның өзге ертегілердей ұмытылып
қалмайтындығы. Əлде ұлы жолға байланысты, соның бойында тұрған соң
ба екен. Əттең, Шерлітастың тарихын жұрт түгелдей біле бермейді. Арыбері өткен жолаушылар оған арнайы тоқтап ұзақ-ұзақ таңырқай қарасады.
Көбісі əлгіге қатарласып, не жалғыз-жалғыз сүйеніп тұрып, кейде
балаларына мойнын құшақтатып суретке түсетін. Тіпті жанына жайғаса
отырып, арақшарап ішетіндер, тамақтанатындар да бар. Бұрнағы күні екі
мөлдір қара Волга келіп тұра қалды. Əлгіден бірнеше адам шығып
Шерлітасқа беттеген. Бер жағынан аяңдап Имансерік те барды. Мөлдір қара
Волгалардан түскен бес-алты адамның ортасында тұрпаты бөлек нəн біреуі
бар, қалғандары соның қабағының ығымен жүретін секілді.
- Мынау ғажап тас қой, - деді нəн қара. – Айрықша құбылыс. Ең ұлы
суретші – табиғат!
- Рас айтасыз, Сəке, - Жұқалтаң сары мəз болды. – Керемет тегі!
- Табиғаттың мұндай шеберлігіне əрдайым ұқыпты болуымыз керек,
жолдастар, қамқорлыққа алу жөнінде нұсқауларың бар ма өзі?
Əлгі жұқалтаң сары қойын дəптерін алып, қолма-қол бірдеңелерді жазып
алды. Осыны Имансерік бір жерде көрген сияқты. Қай жерде?.. Енді есіне
түсті. Өздерінің облыстағы бастығымен бұрнағы жылы ілесе келгені бар.
- Айтқандарыңыздың іске асқандығы жөнінде сізге тікелей өзім
хабарлаймын, - деді жұқалтаң сары без-без етіп.
- Керемет, - деді нəн қара тасты айнала сипай жүріп. – Айна қатесіз адам…
Кулбаеч көрсе… О, кісі романтик адам ғой.
- Бұл тас туралы біздің өңірдің адамдары таң-қаларлық аңыз айтады, - деп
соған мақтанғысы келгендей Имансерік сөзге араласты.
- Əңгіме аңызда емес, мына таста, - деді нəн қара. – Ертегіні қайтеміз, нақты
бар, көзіміз көріп тұрған табиғаттың ғажап туындысын аялап, сақтау қажет
жолдастар!
- Мен бір жайды білдірейін деп едім, - Имансерік те қояр болмады. Асудың
арғы-бергі жұрты мұны Шерлітас деп атайды, - деп аңыздың қысқаша
тарихын əңгімелеп берді де, - халық бұған жиіркенішпен қарап,
балаларының əлдебір жаман ісін көрсе осы тасты естеріне салады.
- При социализме қандай опасыздық болуы мүмкін, жолдас?
Жұқалтаң сары Имансерікке күле қарады:
- Мен жұртты аңызға сенеді деп тұрғаным жоқ, бір кезде əлдебір
себептермен пайда болып ұрпақтан-ұрпақты жақсылыққа үндеп,
жамандықтан жирендіретін, адамдар мүлде ұмытып, не əдейі көрмей бара
жатқан жайларды ескеріп отыруға ықпалы бар ескіден қалған сарынды
айттым.
- Сонда сіздің қандай ұсынысыңыз бар? – деді нəн қара Имансерікке. –
Табиғатты аялап, қорғау принципіне қарсымысыз?
Имансерік сауалды жайына қалдырып жөн сұрады.
- Өзіңді танымадық қой, інішек.
- Сəкең біздің министерстводан, - деді жұқалтаң сары жұлып алғандай,
сосын “аузыңа абай бол” дегендей сұқ саусағын көкке шаншыды. – Жол
бойын арнайы қарап келеді.
- Бұл тас біз үшін, - деді Имансерік нəн қараға, - опасыздықтың белгісі.
- Сəке, күн шыжғырып барады, жүрелік, - деп бəйек болды, жұқалтаң сары.
– Жаңағы ескерткендеріңізді күні ертең қолға аламыз. Бұл өзі бізге дер
кезінде берілген ескерту болды.
Мөлдір қара “Волгалар” жүріп кеткен соң Имансеріктің көңілі жүдеп сала
берген.
Шерлітастың төбесінде без-без етіп сары шымшық отыр, ұшады, қонады,
ұшады, қонады. Құстар тастың маңдайына аямай саңғыған-ақ екен.
Жолшылардың үнсіздігі ұзаққа созылды, ала келген түскі астарын қаужасып
жым-жырт отыр. Баянды асуының найзатастары дара-дара аңдыздап,
əрқайсысы өз шоқтығының биіктігін мақтан еткендей бақталасып тұр.
Жолдың екі қапталынан тіп-тік көтеріліп кететін өркеш-өркеш жоталардың
күнгей беті қожыр-қожыр; кезінде талай сойқанды бастан өткеріп, енді
əбден қартайған адамның жүзіндегі бейнеттің ізі іспетті. Соның түбінен
тырмысып өрген тобылғылар біріне-бірі қол созым жерден емінеді.
Көкпеңбек əлемнің айнадай тазалығынан ба, мөлдір ауа жұтынған сайын
бойыңды сергітіп, көкорайдың жұпарымен еркелете бауырына тартады.
Асфальтты жалаң аяғыңмен баса алмайсың, лебінің өзі өн-бойыңды өртеп
шыдатпайды.
Имансерік пен Əтей жол жиегіне қойған тіркеменің астына кіріп көлеңке
сағалаған. Имансеріктің серігі – ой. Бұл жолмен кімдер өтпей жатыр,
кімдер?.. Арық атын тепеңдеткен шаруа да, тарантасын қоңыраулатқан
ауқатты да – бұл асудан əрлі-берлі талай асқан. Кейінірек сүрлеу даңғыл
жолға айналды. Өткел бермес асуыңыз машиналардың табанының астында
қалды… Кімдер өтпей жатыр, кімдер?.. Үш жарым мың түтіні бар Аңрахай
елінің азуы алты қарыс болысы Мамыраханның Аманжолы да, Телқозы
шыңының арқарына дейін өз меншігім деп есептейтін Олжабайдың
Мəжібайын тапа-тал түсте қақ маңдайдан атып салған большевик
Жанпейістің Молдахметі де асқан асу бұл. Аңызда Баянды асудың басында
кісілік келеді деп естіген қаймана халық алып қалам десең де, жалтақтамай
алдыңнан шықпаушы ма еді?! Сөйтіп көрпе ұзарар, көсеге көгерер, атадан
балаға жалғасып келе жатқан адамгершілік бүкіл əулеттің мəңгілік мұрасы
болып қалар депті. Бұл ұлы дəстүрдің қаймағын бұзбай сақтап, іңгəлап келе
жатқан ұрпаққа аман жеткізу оларға оңай соғып па?! Қабырғаңды сөгіп
беруге əзір жүрген қасыңдағы қандасың қаға берісте қақ бастан қамшы
сілтер жат қылық жағаңнан талай алды да ғой.
Кешегі өзінің туған ағасы Байбосынды неден құдай атып еді?.. Екеуі
Ешкілінің сағасында, аралары бес жас, тайқұлындай тебісіп өсті. Келбет
десең – келбет, өнер десең - өнер бар еді Байбосында. Ешкілідегі қазір жоқ,
онда бар Еркебай бекетіне ары өтіп, бері өтіп ат шалдырған жүргіншілердің
атын байлап, қолына су құйып батасын алатын да, аттандырып жолға
салатын да сол-тұғын. Сөйтіп жүріп көзге түсті. Сөйтіп жүріп зиялы бір
адамға ілесіп қалаға кетті. “Оңқай асықтай үйіріліп тұр екенсің, оқы, қол
ұшын берейін”, - деген əлгі кісі.
Одан соғыс бұрқ етті. Асумен ирелеңдеп асатын арба жолмен Аңрахай
даласына тартып, қылшылдаған боздақтары Батысқа шеру тартты. Асу
қойнауында қан жылаған халық даусынан күннің көзі тұтылды. Еркек-əйелі,
қарты мен баласы аралас қалың жұрт асудың үстіне шыққанда, екі айрылды.
Ақ жаулықтылар мен қарттар жан-жағын өрт шалған тоғайдай оқшау қалды.
Кестелі орамалдарына туған жердің бір шөкім топырағын түйіп алған кіл
жайсаң мінген өгіз-арба батысқа қарата жаны шыға сықырлап бара жатты.
Кезек Байбосынға да келді. Əкелері кезінде Кеңсе өкіметіне қарсы
шыққандарға елдің бір игі жақсысын бередка ұстап берген, немере інісін өз
қолымен ұстап берген қатал, қайратты кісі еді. Баласымен қоштасып тұрып:
“Баяғыда осы жолмен Жоңғарға аттанған Жолбарыс жауға ел намысын
таптатпай жеңіспен оралып еді, сондай атты күн сендерге туған екен, жан
беріп, жан ал, еңсесін енді ғана көтерген елінің көз жасы көкейінде тұрсын
жауыңды жеңіп қайт! – деп бетін сипаған. – Сосын, қасқыр да жолдасына
қас қылмайтынын ұмытпа”.
Осы тұсқа келгенде ой жібі тарқатылып Имансерік: “Қайран əке-ай, - деп
іштей өкінді. – Сөйткен балаң үмітіңді ақтады ма?!.”
…Сол түні қара нөсер жауған. Төңіректі қап-қара түнек басып тұрды.
Имансерік əкесіне арқасын беріп, бұйығы жатқан еді, терезенің тықылы
анық естілген. Ұйқысы сергек шал басын көтерді.
- Күн жауында жолға шыққан бұ қайсың?
Терезе тықылы су сепкендей басылды. Бұл кезде Имансерік те түрегеліп
отырған.
- Сен естідің бе? – деп сұрады əкесі.
- Тықылдатқан секілді.
- Секілді болса, ки андағы шоқайыңды, сыртқа шығалық.
Екеуі үйді айналды, тіпті дауыстап та көрді, ешкім жоқ.
Төңіректеп жүрген аруақтар шығар, - деді шал. - Əлде елес пе?..
Ертесіне əкесі Имансерікті əдеттегідей ерте оятты.
- Əй, бие жоқ орнында.
Алақандай саздауытта үнемі шідерлеулі тұратын қасқа бие ұшты-күйді жоқ.
- Сен Күркіреудің аузына дейін барып қайтшы, - деген əкесі Имансерікке. Өмірі ұзамайтын неме түндегі нөсерде бірдеңеден үрікті ме, о, несі?
Балақты түріп алып, сай қуалай жүгірген бала Күркіреуге келіп кіргенде,
жалғыз сары ағаштың түбінде байлаулы тұрған торы биені көріп, əрі
қуанды, əрі таң қалды. “Кім байлап қойған мұны?” Кенет… Кенет оның
жүрегі тас төбесіне шықты. Аузы түкті, қолында мылтығы бар, сауыс-сауыс
пəлекет анадайдан бағжиып тұр. Имансерік тұра қашпақ еді, табаны жерге
желімдей жабысып қозғалар болмады, не даусы шықпады.
- Ей, Имансерік, - деді анау мылтығын тастай салып. – Қорыққаның не?..
Бұл мен ғой.
Сонда барып Имансерік ағасын таныды. Бара бас салған. Байбосын мұны
қапсыра құшақтап алып, жылап отыр, жылап отыр.
- Бауырым… Жалғызым… Келдім… Енді мен келдім… Немістің əкесінің
аузын… Өлсем осы жерде, сендердің жандарыңда өлем… - Мұнда неғып
отырсың, аға? Үйге келмедің бе?
- Атамнан қорықтым, - деді анау мұрнын тартқыштап. – Түнде терезені
тықылдатып… дəтім бармады… Сосын биені мініп кеттім. Іздеп келер, сен
келер деген ем… Ақылдасайық енді… - Атамнан неге қорықтың, аға?
- Шалды білесің, аямайды. - Неге?
- Ақымағым-ау… Мен… Мен сорлы қашып келіп отырған жоқпын ба?
Имансерік селк ете түсті. Кімнен қашып келіп отыр ағасы, жаудан ба?
- Бəрі қашты ма? – деп сұрады денесі дірілдеп.
- Бəрінде шаруаң не? Өз бауырың аман келсе жетпей ме сорлы?
- Енді жауды кім жеңеді, аға?
- Жауы құрысын. Менің жайымды айтсаңшы, қалай күн көрем, Имансерік?
- Мен не істейін, аға?
- Атамның көзіне түссем – құрыдым,- деді анау ентелеп – Кəне, жөндеп
тыңдашы. Осы сайдың басындағы доланалы қолатты білемісің?.. Сол жерге
жасырына тұрсам… Сен екі-үш күнде бір тіске басар жеткізе аламысың?..
Біраз шыдасақ, Мойынқұмның құмына асып кетер ем…
Имансерік тор биені екі өкпеге тепкілеп үйге оралғанда, əкесі құлынға
ноқта түйіп отыр еді.
- Қайдан таптың? – деді шал орнынан түрегеліп жатып.- Шідер қимап па
тірсегін?
Имансерік үндеген жоқ.
- Құдай қалап алдағы көктемге жетсе,- деп əкесі шылбырды қолына алды,биыл өзінің соңғы құлындауы, құлынын анау жаумен жағаласып жүрген
ағаңа бəсіре етсек… Жақсы ниетке не жетсін, ұлым.
- Жау қашан жеңіледі, ата?
- Оны майдандағылардан сұрау керек. Баяғыда Жоңғарға аттанып бара
жатқан Жолбарыс атаңнан: “Енді қашан ораласыңдар? – деп сұрағанда – Е,
оны мың сан қолдың бірлігі біледі”, - деген екен, жарықтық. Сондағысы
ішімізде Шерлітас сияқты опасыздар шығып жүрмесе, жеңіс дегенің
жақынақ жер дегені ғой.”
- Саған не болды? – деді əкесі маңдайына сулы шүберек басып жатып. –
монданақты өлгенше жеймін деп құдай атты ма?
- Ата, егер Байбосын ағам… - Демі бітіп, даусы шықпай қалды.
- Ел үшін етігімен су кешу еркек кіндіктің мұраты ғой. Егер маңдайына
жазылғаны өлім болса, оған біз көнеміз, ұлым.
- Қашып кетсе ше?
- Тіпə де! – Шалдың даусы қатты шығып кетті. – Қайдағыны айтып… Əй,
сайтанның сапалағы, ондай сұмдық аузыңа қалай түсіп отыр?!
Имансерік жылап жіберді. Ағасын қанша аяса да ес білгеннен Шерлітас
арқылы опасыздықтан қатты жиреніп өскен бала ендігі жерде шыдап тұра
алмады.
- Ол қашып келіпті, - деп еңіреп жіберген.
Əуелі шал талып қалды. Ес жиысымен ауыл совет Жексенбайдың
Оспанымен бірнеше адамды бастап барып Күркіреудің доланасында
тығылып жатқан баласын өз қолымен ұстап берген. Мəрт те, намысқой адам
емес пе, ұлының иттігі шымбайына батып кетті. Айналасы апта ішінде-ақ
шөлмектей бозарып жатты да, жұма күні көзі кіртиген Имансерікті жанына
жақындатып: “Мені қойшы, күні біткен маған не болар дейсің?! Саған
қалды ғой бəрі. Аттап бассаң алдыңнан ағаңның опасыздығы орап… Ұлым,
тағдырдың соққысын қайтсең де көтер. Бордай тозып кетсең, сонда өкірем
көрімде. Біздің əулетті мына сұмдықтан ақтап алғың келеді екен қан
майданға кеткен ер-азаматтарды асуға жол салып қарсы ал. Əнтек басып
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 17
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.