Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 06

Total number of words is 4280
Total number of unique words is 2496
31.4 of words are in the 2000 most common words
46.1 of words are in the 5000 most common words
54.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Батырлық деген сол. Сен мына бұтақ суарып жүрсің, білсең бұл да ерлік. 
Ата, алма ағашы шапшаң өсе ме?
- Өскенде қандай. Асықпа, ұлым, оу, неге асығасыңдар осы? Ойпыр-ау,
танауым жыбырлап барады ғой, айналаға көз салшы... үкінің көзіндей
жайнаған жанарыңа ілінер ме екен бір қарайған. Қырық бірдің қырғынында
күйікпен атып жіберіп едім...
- Ата, осы адамдар неге бір-біріне ұқсамайды? Неге бəрі бірдей жақсы
емес?
Қарт көк жусанды күрт үзіп, танауына апарды.
- Енді бұл мен ойлап-ойлап түбіне жете алмаған түпсіз шыңырау. Соның
жауабын баршамыз өмір бойы іздеп келеміз. Бəлкім, сендер іздеп
табарсыңдар, кім біледі... кесіп-піге салатын бұл өмір кездеме емес... Төмен
жақта бірдеме бұлдырай ма?
- Сағым ғой, ата.
Мал қарап шыққан біреу болсашы. Иірсудың шалдары ақ дамбалдарының
балағын түріп алып көлеңке сағалап жатыр-ау зəді...  деп күрсінді. Маған
салсаң əңгімені адамгершіліктен бастаймын. Кісілікке тоқтамаған пенде
жоқ. Адам жаратылғалы бір-бірінен кісілік іздеген. Пейілдің кеңдігі,
көңілдің тазалығы жүректің ізгілігі үшін жан беріп те көрді, жапа да шекті.
Жарық дүние  төбеңнен күн түсіріп қана қойса жақсы, соның бір қабатында
бұлт, астында найзағай бар. Жаңа əзірде оттай ыстық сəулеге майдай еріп
тұрған шекеңді көзді ашып жұмғанша жай оғы осып өтсе, көзіңе қайтіп жас
толмасын. Балам-ай, тірлік жаздан ғана тұрмайды. Жер бетіне
арнамысыңды, күш-қуатыңды сынау үшін келесің. Жеңілсең рухыңа
қорлық, жеңсең адамгершіліктің мерейі. Осы бастан жадыңа мықтап тұт.
Зұлымдық оңай жау емес.
Шал мен баланың əңгімесі түгесіле қоятын емес.
- Біздің əкеміз сол зұлымдықпен соғысты,  дейді Сəлекең даусын кенеп. 
Сағаты сенің төс қалтаңда жүрген Пұрмыновты ал немесе. Бəрінің көксегені
адамгершілік, ізгілік болды. Бұдан былайғы жерде баршасы жақсы өмір
сүрсін деді. Сол сол-ақ екен, дүрілдедік те кеттік. Жаман жоқ, жақыбай жоқ,
шетімізден дүлділміз. Несібе белшеден, бақыт баста. Адам осы күніне
жетем деп ойлап па? Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған мына заманнан
айналайын. Сол заманға жеткізген кеңес үкіметінен айналайын. Жер
дүниеде жамандық бар екен деп жасыма. Анау бұтағыңды өсір. Е, сол
жалғыз бұтаның келешекке шапағаты ұшан-теңіз. Мына тас, əне бір жусан,
шөкім топырақ, ұрттам су, бəр-бəрісі алтын қазына. Бірі қолтығыңнан
демейді, бірі басыңнан сүйейді. Енді айналаңа қайтадан көз салып қой
жақсылап. Біреудің төбесі қылтиды екен, айт. Айтпақшы, біздің өңірде алма
ағашының түбіне балта шаппайды, отқа жағып отын қылмайды, бұған дəті
барғандарды күнəһар деседі.
- Қосқа барып шай ішпейміз бе?
- Өзің қожайын болғанда шақырарсың, əзірше Бошқай қызталақтың көні
жібісін. Əкесі Ерсуан, ой, кісі-ақ еді.  Шал ер басына жармасты.  Несін
айтасың кісі-ақ еді. Ондай ақ көңіл, қожанасыр адам туа қоймас. Соғыстың
алдында радио дегенің жалғыз сол Ерсуан түйешінің үйінде ғана бар-тын.
«Ереке, радио не айтады?»  деп қисайып барамыз ғой. «Əуре болмаңдар,
жаңа бəрі түгел жиналысқа кетті»,  дейді. «Ереке-ау, жиналысқа кеткені
қалай?»  Көзіміз бақырайып, ауызымызды ашып қаламыз. Оған түйеші
қыңбайды. «Немене, оларда жиналыс болмайды деп ойлайсыңдар ма?»
Дауласпаймыз. Жымың-жымың күліп істің ақырын бағамыз. Сосын пысық
біреу радионың құлағын бұрап кеп жібереді. Саңқылдап, сарнап тұр. «Түһ,
тарап келіп те қалыпты ғой,  дейді Ерекең.  Бүгін ерте біткен екен
жиналыстары». Күлеміз, қожанасыр кісі емес пе, өзі де күледі жарықтық.
- Сол Ерсуан елді түйе шұбатымен асырады соғыс кезінде,  деп атын
шаужайлады.  Ұлым, Қарауыл шоқыға шығып айналаға көз салмаймыз ба?
Дүниенің не болып жатқанын көрелік бір.
Қарауыл төбенің ұшар басынан төрт құбылаң түгел дерлік көрінеді. Етектегі
егін жайда кетпен жүзін жарқылдатып екі еркек  Бошқай мен Саламат жүр.
Алда, майда бадырқайдың туу басындағы кең жыраның шағын алақайында
жапырайған жер там, биіктеп өскен шоқ тал қарауытады.
Сəлімбай атасы айтқан көктоғайдың орны, жалғыз басты кемпірдің үйі сол.
- Ата. Анау жерде бұрын тоғай болғаны рас па?
- Болғанды айтасың, ағаш іздеген күңгей-теріскейдің Əмбесі соған келетін.
- Енді не болды оған.
- Ойбай, ана жылы сонау Беларыққа үш колхоз бірікпеді ме, содан
Күздеубай, Көсемсары деген атқа мінерлеп үй салуға жайпатты ғой ағашты.
Балдырған сорлы айғайды салып жылағанда балта көтеріп барған ел
бетбетімен безіп кетті. Оған көне салатын Күздеубайлар қай бір құдайға
қараған адам, төменгі станцадан 50 адам əкеліп, жарты айда тып-типыл
еткізді.
- Балдырған деген кім?
- Ана тамда отырған кемпір.
- Онда неге отыр, жалғыз?
- Неге дерің бар ма. Көктоғайды күйеуі Райс отырғызып еді. Мына сенің
жалғыз бұтағың сияқты, көк шыбықты көргенде талайымыз күлген ек.
Кейін тоғай болды. Құдай Райсқа өрімдей егіз ұл берді. Таласа өскен тарлан
жігіттер еді-ау. Жиырмадан енді-енді асқан қос боздақтан қара қағаз
келгенде ауыл совет Кеңесбайдың Қынияты талып қалыпты. Ел жұрт болып
естірте келгенде жер көшіп жатса қозғала қоймайтын Райс марқұм: «А,
құдай, қайдасың?! Көзіме көрінші, қане, көрін»,  деп аспанға мылтық
атыпты.
Онда өзім де соғыстамын, көрген жұрттан естігеніміз əлгіндей.
- Енді кемпір орталыққа неге көшпейді ата?
- Кім білсін. Өздері өсірген тоғай орнын, балалары туған жерді, олар
ойнаған өңірді қимайтын шығар. Кім білсін.
Бала мен шал үнсіз. Жер тамның алдынан сыздықтап түтін шықты.
Самаурын қойып жатыр-ау, шамасы. Жалғыз басы қалай қорықпайды
десеңші.
- Ата, барып келсек қайтеді?
- Барсақ дейсің бе... Шай ішіп келсек, ə... Қойды қайтеміз?
- Бозтөбеге иіріп қоймаймыз ба?
- Бозтөбе ол жақтан көрінбейді. Егер баруға көңілің шын ауып отырса ертең
де күн бар. Мен қойды солай жайып шығайын, сен ертелетіп келе ғой.
Түстеніп қайтайық кейуанадан. Амандық сұралық.
Бала тау жолымен ызғытып келе жатқан мотоциклды көрді. Қақа.
- Ата, кеше сіз архивті өртеп жіберген біреуді айтып едіңіз ғой. Анау
мотоциклдағы соның баласы.
- Е, қойшы,  деп таңырқады шал.  О, қызталақ наша тартып, сотталып
кеткені кеше емес пе еді. Қашан босанып жүр-ей?  деп шал көлегейлеп
жолға қарады.  Əкесі марқұм өзге соғыстың қайнап тұрған уағында он
жетідегі Олпан сұлуды көңілдес болмағаны үшін Қарағанды қуып, артында
қалған жалғыз шешесіне көрсетпегені жоқ деседі, ел. Бейшара кемпір
зорлық-зомбылыққа шыдай алмай асылып өліпті. Елдің ер-азаматы қан
майданда жүргенін пайдаланып Жаманқұлдар не істемеді. Араққа тары
былғап жеген бе. Сондай қатты масайған күндерінің бірінде шал-шауқан
мен бала-шағаны баяғыда өліп қалған Тілеуберді қажының ауыл шетіндегі
қорғанына айдап əкеліпті. «Бұл жерге қажымен бірге алтын көмілген,
майданға алтындай көмек беруіміз керек, моланы қазыңыздар, егер бас
тартады екенсіздер, айтып қояйын, соғыс уақытының заңымен үкіметке
қарсы деп Қарағанды айдатамын»,  деген. Қараңғы жұрт қайдан білсін,
Қарағандыны барса келместің аралы деп білген ғой, мына сұмдықты
қарасаңшы.
- Моланы қазып па ел?
- «Қарағанды барғанша ауылдың аруағы ұрып өлелік» десіпті.
- Сосын.
- Сосын не болсын. Қу сүйектен басқа дəнеңе таппайды.
- Жұрт Қарағандыдан неге қорыққан, ата?
- Ойбай, қараңғылық та баяғы. Сауат аз, енді-енді ел болдық па дегенде
атаңа нəлет соғыс ақыл-есті алды. Жер түбіне барып шахтаға түссек қайта
келеміз деген бе, əйтеуір, аза бойлары қаза тұрған көрінеді жұрттың. Оның
үстіне Жаманқұлдар Қарағанды барсаң, шіріп өлесің деп əдейі
қорқытыпүркіткен. Ер-азамат болса бір жөн, қысылтаяң кезде бала-шаға
ненің байыбына барады. Қазір мына сендерді жер түбіне жіберсе
тұлымдардың желбіреп жеткізесіңдер ме, түге.  Шал тұрып шоқы
баурайына таяп қалған Қақаға айғай салды.  Ау, батыр, қайырыла кет,  деп
қолын бұлғап жатыр.  Осының жүрісі сұйық еді.
Атты жетелеп шал мен бала төменге түсті.
- Ассалаумағалайкум,  деді Қақа тісі ақсиып.
Əліксалам, опыр-ау, осы сен Қақамысың? Қатпа қара едің... мына бала
айтпаса, тани қоюым екіталай тағы. Жол болсын, батыр.
- Демалыс... Жерді сағынып дегендей, баяғы ауылды аңсаймыз.
- Ойбай, о не дегенің? Ал енді жөніңді айтшы, тұрағың қайда?
- Аудан орталығында ғой.
- Орталық деп отырғаның Жамантал ма?.. Бір аяғың ана шетінен кірсе, бір
аяғың мына шетінен шығатын Жаманталды орталық деп...
- Қызықсыз, ақсақал. Аудан жаңа құрылып жатыр, оның несі күлкі?
- Құрылғанына тоғыз жыл өткен ауданды жаңа деп... Баяғы алты колхоз,
баяғы Жаманталдың ығы-жығы дуал үйлері... Нəшендік жағы көп демесең,
батыр, тоғыз жылда өзгере қойған дəнеңе жоқ. Зəуімен бара қалсаң биражкі,
мəнті сатқандардан аяқ алып жүре алмайсың. Жап-жас жігіттер «Алыңалың» деп көрінген бұрышта қақсайды да тұрады, астықтыкім егіп, малды
кім бағады сонда. Ауданда тұрады екенсің, басшыларға айтсаңшы
осыларды.  Сəлекең шырт түкіріп қойды.  Енді аз күнде бастығы бар,
басқасы бар есігіміздің алдына жылтиып кеп тұрады. Сондағысы: «Шөп
шабысқа, егін орағына адам жетпей жатыр, балаңыздың малын біраз күн
баға тұрыңыз, ақсақал». Біз өлгенде қайтесіңдер? Əукелеріңді салақтатып
сталабайда мəнті пісіріп жүре бересіңдер ме?
- Бір тіршілік болар, несіне қам жейсіз?
- Бұ, қай сөзің, ей. Елдің қамын жемей қалай жүресің?
Қақа тарқылдап жаман күлді.
- Агитоторсыз ба, ақсақал?
Əкең анандай еді, қаныңа тартқансың, ə,  деп Сəлекең сақалын сипап қойды.
 Əттеген-ай, а...
- Не қылса да сіздерді бір шыбықпен айдап, жұмсап өтті ғой.
- Сөйтті деші. Қыбым қанады де. Қызталақ, жоғал онда.
Қақа қарқ-қарқ күліп жіберді.
- Əй, ақсақал, ақсақал,  деп басын шайқады.
Сəлекең үзеңгіге аяқ салды, сосын Айжарыққа қарап:
- Балам, андағымен жетіп ал,  деп атын тебіне берді.  Ертең ертерек келесің
ғой...
- Пысығын-ай мына шалдың,  деді Қақа мотоциклді от алдырып жатып. 
Қане, балапан мінгес артқа.
Айжарық мотоцикл кебежесінде брезентпен жабылған бірнеше түйе
тауықтың аяқтары мен құйрықтарын байқап қалды.
Тал түс. Шатырда, араларында Қақа бар, сушылар тамақтанып отыр.
Үлкендер қабақ үстінен аңдысып, аратұра сырдаң сөз сабақтайды.
- Көздің жауын аласың, құрдас,  деп Қақа əйелге қарап ыржаң етті.
Бошқай Қақаға көз алартты.
- Қонамысың бүгін?
- Жоқ, қазір жүріп кетуім керек.
- Дегбірің неден кетті?
- Алдағы сенбіде күт. Шаруа бар.
- Ештеңе ата алмадың ба?
- Тауың тұттай жалаңаш. Сарыағаштан жалғыз үйір кекілік көріп едім,
жуытатын емес.
- Біраз қант-шай ала келсең қайтеді?
- Ақшаң дайын ба?
- Келген соң аласың.
- Сенбейсің бе-ей.
- Өзіме де сенбеймін... айтпақшы, анау жыбсерьяңнан ыңғайлы бір жұмыс
болса қарастыра жүр.
- Сен осы анау жылы ит арқасы қияндағы Көктерекке барып қойшының
жылдық əкедемиясын бітірмеп пе ең,  деп күлді Қақа.  Семейдегі жүнжұрқа
техникумына сырттай түсіп алсаң, түкірігіңді жерге түсірмей жетелеп
əкетеміз.
- Əй, сұмырай-ай, мен саған ағымен жарылып отырмын.
- Жə, көзің шекеңнен шығып кетпей тұрғанда қоялық.  Қақа екі қолын
бірдей көтерді.  Əлгі Сəлімбай шал əлі тірі екен ғой.
- Сеніңше шалдың бəрі өлу керек пе.
- Қашанғы байланып жүресің, сосын мұндай шал адымыңды аштырмайды.
Мына балаларды тым иектеп алыпты, байқа.
- Менің немді айтады.
Неге екенін кім білген, əңгіме қабыспай, сөз біткен бытырап отыр. Соны
байқағаны, əлде шынымен асығып отырғаны, Бошқай лып етіп орнынан
тұрды.
- Сенбіде күтесің ғой,  деді Бошқайға.  Қызыл іңірде осында болам. Шаруа
бар.
Сыртқа беттеп бара жатып, тізесімен шешесінің қара санын сүйкей кеткенін
бала байқап қалды. Сонда беті ду еткен. Көпке дейін көзін жерден алмай
қойды. Иығына Бошқайдың ауыр зілдей қолы тигенде барып еңсе көтерген.
- Сен, осы тау сағасынан шықпайсың...
- Көшет отырғызғам.
- Ал.
- Өсіп қалды.
- Алма салған жоқ қой əбиір болғанда. Астыққа орақ түсісімен
сықпытымызды сүйретіп шу қара құйрық дейміз, сонда қайтесің, жаман
бұтақтың түбіне тілеуін тілеп қаламысың.
- Қойшы, Бошқай,  деді əйел.  жазығы не?
- Пайдалы іспен айналыссын, қарақан басының қамын күйттесін. Əлгі
қалай деуші еді... Мырс-мырс күлді.  Еңбекке тəрбиелейік.
- Ол да еңбек  деп сөзге Саламат араласты.  Талабын айтпайсыз ба?
- Осы біздің қайсысымыз жындымыз.  Бошқай аң-таң.  жаман бұтақ сөз
болса өре түрегелесіңдер.
- Бүгінгі бұтақ ертеңгі ағаш. Күндердің күнінде соның тоғайға айналмасына
көзіңіз жете ме?
- Əне, əйтпесе.  Бошқай жүкке жата кетті.  Бұлардың ойы тоғайда жүр. Сен,
батыр, білмейсің. Жоғарыда Райстың Көктоғайы деген болған. Сорлы шал
соны орманға айналдырмақшы болып өмір бақи қорыды. Баяғыда алма
ұрлаймыз деп барып талай таяқ жедік. Шарбақ тоқитын шыбық кесіп алып
жатқан үстінде ұсталған басқарманың баласын көк ала қой, көк
шымшықтай қылып сабаймын деп шалың Қызылтастың түрмесіне бір ай
отырып та шыққан. Содан не шықты? Шал өлген күннің ертесіне жұрт жанжақтан кемпір, жаман там, бес алты ағаштан басқа дым қалған жоқ.
- Сіз сонда бəрі баянсыз деп ойлайсыз ба?
- Мен ойламаймын, мен айтамын. Маған бір кезде сөйтеді-ау деген есек
дəмеден гөрі нақты шаруа қымбат. Келешек келер ұрпақтың ісі. Орманы
бола ма, жоқ па, маңдайындағы жазудан көреді. Білдің бе?
- Мұныңыз  жақсылық емес.
- Сен, інішек, ақылыңды жан қалтаңа салып қой. Мазамды ала берсең,
байқа, ит мінезім бар.
Саламат Айжарықты ертіп сыртқа беттеді. Екеуі көлеңкенің астында
қатарласып жатыр. Жігіттің қолында қалың қоңыр дəптері. Бала көзін
жұмып үнсіз манаурайды. Есіне Қақа алып бара жатқан күрке тауықтар
түсті... Қайдан алды? Жүрісі сұйық деді ғой өзінің. Жоқ, ол  жаман адам.
Құрып кеткір-ай...
Бала біраздан бері байқап жүр, адамдар біле тұра жақсы, жаманы аралас
жүре береді. Ауыздарына келгенін айтады, кешіреді, жылайды, күледі. Неге
олай? Адамның жаман екенін біле тұра онымен қалай қатар жүруге болады?
Апасы ше?.. Бошқай мейлі боқтасын, мейлі ұрсын бəрібір, соның тамағын
істеп, кірін жуып жүр. Иек қақса, аяғы-аяғына тимей жүгіреді. Түсінсе
бұйырмасын.
Адам деп Гриша қартты, Сəлімбай атасын, көзілдірікті мұғалімді айт.
Қашан көрсең қабағыңа қарап, қарағымын айтып отырады. Алдамайтын,
өтірік айтпайтын ағаң, атаң, туысқаның, жолдасың болғаны қандай ғажап.
Жақсы адамдар көбейе берсе, көбейе берсе... Қақа мен Бошқайларға жерден
орын табылмай қалса...
Саламат алдына дəптерін жайып тастағанымен қалам ұшын тигізген жоқ.
Көз алдынан Қақа мен Бошқай кетпей қойды. Болмысында зымиян
ойларынан басқа түгі жоқ, көр сезім немелер өздерін дүниенің қожасындай
сезініп асырап сөйлеуге, алшаң басуға əуес. Өзгені, көкейтесті
мұратмақсатын, мүддесін тиын құрлы көрсейші. Дүниенің апшысын
қуырып талаптаптауға, барды ішіп-жеп тауысып кетуге жанын сала асыққан
ақи көз аждаһалар.
- Шырпы қайда?  шатырда Бошқайдың құзғын даусы естіледі.
Саламат балаға қарады. Ұйықтағаны, ояу жатқаны белгісіз.
- Айжарықты қойшының біріне берсек.
- Неге?
- Аптықпай тыңда алдымен. Жаз жайлау қойшылар үшін қырғын қызық.
күнде той, күнде көкпар. Қойларын кім бағады сонда?
- Мен қайдан білейін?
- Ал мен білемін. Қазір олар орталықтағы əжетке жарап қалған ақсақтоқсақ
балаларды жиып жүр. Жарбитып атқа мінгізіп қойдың артына салады.
Ақысын жемейді. Күзде алдына қойын өңгертіп, шыттай киіндіріп жібереді.
- Баламды қаңғыта алмаймын, Бошқай.
- Тағы айтарың бар ма?
- Көшетіне тие көрме, айналайын,  Əйелдің үні жыламсырап шықты.
- Тимесін десең, балаңмен сөйлес.
- Сен адам емессің бе?
- Өйтіп жұбатпа өзіңді. Алда-жалда айтқаныма көнбесеңдер, құдайдан
басқа ешкімге өкпелемейсіңдер.
Бошқайдың əйелі осыншалық бейшара етіп қорлағаны Саламаттың санасын
бұлдыратты. Жанында намыстан өртеніп жер болып жылап жатқан
дəрменсіз баланың аянышты халі сай-сүйегін сырқыратты.
- Əй, Бошқай!  деп айғай сала қалай атып тұрғанын өзі де білмей қалды.
- Əй, Бош-қай!
- О, не-ей?!  Бошқайдың үні келеңсіз шықты.  Жылан шықты ма?
- Əй, албасты, шық бері.  Саламат брезент шатырды бір тепті.  Қəне, шық!
Төрт тағандаған Бошқайдың төбесі көрінді.
- Есіңнен ауысқаннан саумысың.
- Хайуан!
Шоқпардай жұдырық Саламатты шалқасынан түсірді.
- Ə, қандай екен?!. Кел, кел батыр-екесі. Көптен қан көрмей құрып жүр едім,
бəрекелде... бала шошып кетті. Араға түскен əйелді Бошқай шыбын құрлы
көрмей
қағып тастады.
- көрсетейін мен бұған өнерді,  деп таяп келген Саламатты құлақ шекеден
қойып жіберді.  Ендігəрі өздігіңнен ұрынбайтын боласың кісіге.
- Айуан!  деді орнынан əзер тұрған жігіт.  Сен əлі көресің...
баланың көзінде бұршақ-бұршақ ыстық жас. Кетпенін сүйретіп егін жайға
бет алып бара жатқан Саламаттың соңынан ұзақ қарап тұрды. Үздік-создық
шыққан поезд даусы көпке дейін құлағынан кетпей өкіріп тұрып алды.
*
*
*
Ертесін Сəлімбай шал мен бала қойды сыдырта қаптатып, жоғарыдағы
жалғыз тамға келді. Кəрі қара төбет көлеңкеден басын шығарып, бір-екі
маңқ етті де, қайта мүлгіді. Шүйкедей кемпір аттан түсіп жатқандарға
аңтарылып қарап қалған.
- Балдырған-ау, амансың ба?  деді сары шал.  Немене, танымай тұрмысың,
жарықтық.
- неге танымайын, танымай албасты басып па мені?!  Кемпір жаулығының
ұшымен көзін сүртті.  Сəлімбай емессің бе?
Соқпа тамның іші мұнтаздай таза. Төрде үлкейтілген екі солдаттың
портреті.
- Қалияс, Құлияс деген ағаларың... қайтейін...
- Қой, Балдырған, бала боп кеттің бе, байғұс.  Сəлекең кемпірдің иығынан
қақты.  Қартайып қалыпсың.
- Əй, Сəлімбай-ай, Не дейін саған? Өлуім керек еді ғой, Қалияс пен
Құлиястың арқасына таңып жібермей неге қақшитып алып қалдыңдар.
Адамға қашан жандарың ашиды сендердің?  Кемпір қонақтарына айран
құйды.  Мына, шашы тікірейген немерең шығар?
- Бөтен емес.
- Жасы ұзақ болсын, ылайым. Ұрпақтан басқа адамға не керек. Ұрпақ
жолына құдай да құрбан.
- Ойпыр-ай, Балдырған-ай...
- Қорқамысың? Ал мен сол құдайыңнан қорықсам нағыл дейсің. Ол менен
аларын алып болған. Соғыс деді, екі бірдей боздағымды бердім, ендігі
қалғаны мынау соқпа там ба? Кешегі Райстың көктоғайы қайда?.. Іше ғой,
ұлым, майы алынбаған айран. Осыны ішетін адам жоқ, ұйытам, сосын итке
құям қайта ұйытам, тағы сол. Қайтем енді, кеудеде жан болған соң қарап
отыра алмайсың. Ішіңдерші, сен де іш. Қалияс пен Құлиясқа тие берсін деп
ішіңдер.
Баланың кемпірге қараған сайын іші-бауыры езіліп барады.
- Қонатын шығарсыңдар? Қоныңдар. Не көп, күрке тауық көп менде.
Бақандай жиырма шақтысы бар. Кім сойып жесін. Кеше, құдай біледі,
кеше... мəтесекіл мінген біреу көзімді бақырайтып қойып тапа-тал түсте
алтауын атып əкетті. Сұраса да берем ғой, ол атып əкетті...
бала айран толы кесені столға қоя салды. «Сол! Қақа! Кешегі
түйетауықтар мына əжейдікі. Оңбаған, қанішер Қақа!» Кемпір үйге
самаурын кіргізді.
- Келгендерің мұндай жақсы болар ма?
- Ел ішіне неге көшпей отырсың, Балдырған?
- Қалияс пен Құлиястың туған үйін тастап қайда барам. Көктоғайдың орнын
кімге қалдырам? Көзімнің тірісінде қарақтарымның қара орманын құлат
деймісің? Жерін, елін қорғап кетіп, оралмаған боздақтардың алтын
босағасында көз жұмайын. Қаулап өсуге тиіс көктоғайдың жайы анау. Раис
сорлы Иірсудың орман етем деп көзі жұмылғанша тепеңдеді. Қос арысым
тіккен ағаштың санын қазір кім біледі. Енді содан не қалды? Айғайладым.
Айғайламақ түгілі шашымды жұлдым. Адам, шіркін, тас керең бе естімей
қойды ғой. Қаптап келіп балта жарқылдатқанда жарты ай көнеді екінсің, Ел
арасын айттың ғой жаңа. Бекер обалдары не, сол сөзді айтып талайы келді.
Ағайынды былай қойғанда, ауылдың басшылары қандай шапқылады
апалап. Үкіметтің үйі дайын, көшірейік, көшіңіз дейді. Жалынып та айтты.
Ұрысып та айтты.
- Жалғыздық жаныңа батпай ма, байқұс.
- Қайдан жалғыз болайын... бір кезде жусан бүрінен басқа еш нəрсе
көрмеген Берікқараның жотасына алғаш тұқым сепкенімізді, аяқпен
балшық айдап қамба соққанымызды, астық құйғанымызды ойлаймын. Одан
бергі жерде ел қандай өзгерді, жетті, жетілді, қараймын, қараймын да
түгесілген күнімді тағы бірер аптаға ұзартып қоямын. Өле алмай жүргенім,
өзіміз қолдан жасаған өмірді қия алмағаным шығар... Əлде қолтығымнан
демеп жүрген əлсін-əлсін келіп бас сұғып бауыр басып кететін жақсы
жандардың көптігі ме, ойпыр-ай, солар болмаса, сендер болмасаңдар қайтер
едім.
- Шүкірлік ет, бəйбіше.
- Етпегенде ше. Тобасын ұмытқан мені бір жалмауыз деймісің.
Екі қарт өткен-кеткеннен əңгіме сабақтады. Бірді айтып бірге кетіседі.
- Бəрін көрдік, қайсыбірін айтайық  дейді кемпір.  Ат жалын тартып ел деп
еңіреген он сан ер-азамат өтті пəниден. Кісі баласына аяушылығы болмаған
Жаманқұлдардың айғайы да құлағымызда. Қамшысының ізі жотамызда
сайрап жатыр. Мына немереңе соның бəрін айтып жүр, қанша жүреміз, бір
күні қисая кетсек, біздің көрген құқайымызды бұларға кім айтып береді?
Оның рас, бəйбіше. Жас ұлғайған сайын артымыздағы ұрпаққа өнеге бере
алдық па, ізімізге салып үлгердік пе, енді алаңсыз көз жұма беруімізге бола
ма деп қиналып екен жаның.
- Япыр-ай десеңші!
- Бұл дүниеде кісі баласының талабына деген тоқтау жоқ көрінеді. Сол
қасиет болайын деген адамның сүйегімен бірге туа ма деп қалдым. Мынау
көкөрім Берікқараның сағасына бір бұта отырғызды. Күнұзақ соны айналып
шықса, қане, тілеуі бар жасқа қуанбай не істейміз. Тіпті баланың əрекеті
кісіге ой салады екен.
- Қалиясым мен Құлиясым да өсті ғой. Тыпыңдап су жағасына шыбық тігіп
жүргендері дəп қазіргідей көз алдымда. Жүріңдер. Қалияс пен Құлиястың
ағашына апарайын сендерді. Балаларым өз қолымен тіккен екі алма ағашы
бар еді, бата қайыр, Сəлеке, аунап түсер ме екен қарақтарым.
Бала шоқ талдың арасында жүр. Шал тізерлеп алып күбірлеп отыр. Бəрі
алақан жайып, беттерін сипады.
Кемпір қос алма ағашын қайта-қайта құшақтайды.
- Екі қарағымның көзі. Бұдан басқа белгі қалған жоқ арттарында. Аялап
өсірдім. Қарақтарым жалғызсырамасын деп айналасына тал ектім, тағы
егем. Қос балапанымның арты түбі тоғайға айналар деген далбасам. Мың
жыл өтер, Сəлеке, біз кеткенмен ағаш қалмай ма мəуелеп. Бір кезде дүниеге
Қалияс, Құлияс сынды егіз ұлдың келгенін білдірмей ме. Мана жалғыздық
жайында айтып қалдық. Жер, ауа, ағаш барда қайдағы жалғыздық. Өздерің
көріп тұрған бұл шоқ тал ертең-ақ сая болады. Көгеріп өсіп келе жатқан
ұлдарымның ағашын қалай қалдырып кетейін.
Сары шал шүйкедей кемпірге тастай қатып қарап қалған. Бір мезет
Айжарыққа ымдады:
- Мына алма ағаштарына тізе бүгіп, басыңды иші балам,  деді.  Ел үшін
құрбан болған егіз ұлдың рухына тəжім ет.
Бала шалдың айтқанын істеді.
- Айналайын, айналайын!  Кемпір Айжарықты қолтығынан сүйеп тұрғызып
маңдайынан емірене иіскеді.  Апаң өлсе, ағаларыңның алма ағашын
ұмытпаңдар, кеспе де, кестірме. Жарайды деші.
- Жарайды, апа.
- Енді қолыңды жай құлыным.
Бала алақанын жазды.
- Уа, алла, отызға жетпей құрбан болған қос боздағымның жасын мына
тілеуі бір жасқа бер. Ана атымен тілеймін  ендігі ұрпақ қан көрмесін, жер
шайқалып, ағаш күймесін. Кеңшілік ет. Үйіп-төгіп жақсылық бер қалған
елге. Аллауəкпар.
Айжарық пен шал салқын түсе бір-ақ қайтты. Көйлегі шұбатылып кемпір
бұларды талай жерге дейін ұзатып салды.
- Келіп тұрыңдар,  деді қоштасып жатып.  Кең дүниеде менің де бар екенім
естеріңнен шықпасын да. Менің қуанышым мен қайғым сендерге де тиесілі.
Баланың іші əлем-жəлем. Артына қарамауға тырысты, қараса апатайлап
жүгіріп кететін сияқты. Шүйкедей кемпірге деген бала көңілдің аяныш
сезімі өрт. Жүрегінде жақсылыққа, ізгілікке деген іңкəрлік шымыр-шымыр
қайнады. Кісі санатына қосылудың алғашқы күйін бастан кешіп келе
жатқаны, айналасындағы алуан құбылыстар арқылы ерте естияр болғаны,
еміне, егіле білуге мəжбүр екендігі хақында ойлап үлгермеді, дəл қазір
Балдырған кемпірге ешбір себі тимейтіндігіне налып, ертерек ер жетуді
ойлады. Кемпірдің егіз ұлын жалмап, жапанда жалғыз қалдырған соғысқа,
адам өлтіруді ойлап тапқандарға, көк тоғайды қамыстай жапырғандарға
іштей налыды.
Сəлекең мұңлы бір əуенді суыртпақтап, торы атты əлсін-əлсін қамшылайды.
- Ата.
- Айт, ұлым.
- Балдырған апамның күрке тауығын атып əкеткен Қақа.
- Қойшы?  деп шал селк ете түсті.
- Мотоциклінің кебежесінде жатқанын көргенмін.
- О, тəңірім, бұл не деген имансыздық! Қалай дəті барды?
- Қақаны соттатпаймыз ба, ата.
- Атаңа нəлет, бай-құлақтың тұқымы-ай!..  Шал атты бауырға осып-осып
жіберді.  Енді беттете ме ол саған? Арамзаның айналып кетсе
ұстатпайтынын білмеуші ме едің?
- Біз айтпаймыз ба? Бізге сенбей ме ел.
- Ел сенгенмен, заңға бұлтартпайтын айғақ керек.
- Неге, ата!?
Шал жауап берген жоқ. Көнбіс торыны шаужайлап қойдың бір шетіне қарай
тебініп барады.
Бала сол күні көшетінің жанында, іңір түскенше отырды. Ол қанша бас
қатырса да, қым-қуыт дүниенің бірде-бір жұмбағын шеше алмады.
*
*
*
Бошқай ыңқылдап ауырып шыққан түннің ертесіне себелеп жауып, егін
жайға Саламат жалғыз кетті. Бұрнағы күнгі төбелестен кейін жігіт тайып
тұратын шығар деп ойлаған бала. Анау өйтпеді. Кетпенін көтеріп, жұмысын
істеп жүр. Ешкіммен тіс жарып сөйлеспейді. Табысқысы келіп Бошқай
əрненің басын шалды. Тіпті болмаған соң:
- Ағаңды кешір бір жолға,  деп үздікті.  Өзің ғой... Кешір. Қаласаң ауылға
барып екі-үш күн қыдырып қайт. Айыбым болсын.
Жігіт аларып бір қарады да, суқағарын сүйретіп шығып кетті.
Бошқай белін көрпемен орап алып тулап жатыр.
- Е, мейлі. Ойбай, кешірім сұрадық қой алтын басымызбен. Партияға өтсем
деп жүргенде қарашы мұны... Əттең, мысымды құртып отырғаны сол,
болмаса... бала үрпиіп бұрышта отыр. Шатырға жауын тырс-тырс тамады.
Дымқылданған кенепке саусақ ұшын тигізсең мөлт етуге əзір.
Шешесі сырттан ішке кіргізіп қойған Саламаттың төсек-орнын былай
қозғай беріп еді, бос байлауы сырғып кетіп қалың қоңыр дəптер жерге
сусып түсті. Əлгіні Бошқай лып етіп қолына ала қойды.
- Бұл неменің жазып жүргенін көрелікші осындайда.
- Қой, ұят шығар,  деді əйел саусағын ерніне тигізіп.
- Кімнен? Əлгіден бе? Ұялатын адамды тапқандарын қарашы бұлардың.
Бошқай парақтап отыр.
- Мəссаған, мынау бір роман ғой, іздесең таптырмайтын ермек. «Батыр бала
туралы аңыз» депті. Ой-пой, шіркін. Ия, ары қарай... «Бұл əңгіме атам
заманда болған. Аңы мен құсы, орман тоғайы сыңсыған тау-даланың шексіз
атырабы адамдардың шат күлкісіне бөленіп, мəз-мейрам, масайрап
жататын». Ия, сосын... «Апта сайын «Мəңгі жасау» аралына қарай қалың
жұрт бет алатын. Аралда ерлі-зайыпты əулиелер  Ізгілік пен Адалдық
патшалық құратын еді. Айналасында көк жасыл орман мəуелеген алаңқайға
жиылған жұрт не істеп, не қоятындары жайлы əулиелерден жөн біліп, өсиет
ұғып, жасаған қиянаттары болса кеңшілік сұрайтын, қысастықты
қайталамауға бауыр ет балаларының атымен ант етісетін. Ізгілік пен
Адалдықтың өсиеті: «О, жұрт келешек алдына күнəһар болмайық, ұлы
мекеннің көркіне балта шаппайық, тұнығын лайламаңдар, өсімдік тұқымын
түгел сақтаңдар!» Киелі сөзге ымыра жасап, бата қылысқан қалың ел таң
құланиектенгеннен қоңыр іңір түскенше сыңсыған орман саясында түрлі
өсімдіктердің желге ұшып түскен тұқымын топыраққа қайта сіңіріп,
адамзаттың дүниеге адалдығы жөнінде ұзақ-ұзақ сыр шертісетін...» Бошқай
кеңк-кеңк күлді.
- Ойпыр-ай, мынаның ертегісі қоянның ізі сияқты түсініксіз бірдеңе болды
ғой, тіпті көзім талды. Не болса да аяғынан шығалық бұл мылжыңның... Қай
жеріне келіп едім?.. Е, міне... «Ақтабан жылдар алқынып өтіп жатты.
Күндердің күнінде əлдебіреу өзін хан жариялайды. Содан бастап адамдар
бұрынғы еркінен айырылып «Мəңгі жасау» аралына бара алмайтындай
халге ұшырайды. Қаһарлы хан ерлі-зайыпты əулиелерге жауықты, екі араға
шекара қойылып, оны бұзған адамға өлім жазасы кесілді.
Күндер өткен сайын адамдардың арасында алауыздық туа бастады,
баршаның өн бойында жаугерлік сезім ширығып, қанжарлар күнге
шағылысты. Тау, дала, орман-тоғайдан жиі-жиі өрт шықты, көлде аққу
қансырады. Естен айырылып екіленген жұрт жаратылысқа қол жұмсады,
талады, таптады.
Əлем бар мəзірінен жұрдай айырылып қалатындай қатер туды. Ақсақалдар
ақыл қосты, мына сұмдықты тоқтатпасақ, құрып-суаламыз; уа, халайық, не
амал бар десіп ұлардай шулайды-ау. Апатты хан ғана тыя алатыны айтылды.
Өтініш айтып ханға кім барады? Сеңдей толқыған жұрт арасынан тұлымы
желбіреп қарға бойлы жалбағай қара бала шығыпты сонда: «Ханға мен
барам!» Қалың жұрт қабақ керіп қатып қалған. Қасқа тай үстінде
шынашақтай бала тұр емініп: «Мен барам ханға!»
Халық: «Обалына қалмайық баланың. Қай бетімізбен сəбиді отқа айдаймыз,
күнə арқаламайық, ағайын»,  дейді. Бала оған көнбейді: «Хан алдына мен
барам! Мен Ізгілік пен Адалдық əулиенің ұлымын. Егер дүниені топан су
қаптамасын десеңдер, бер батаңды, туған ел».
- Қисынын қалай келтіреді мынау.  Бошқай кеңк-кеңк күлді.  Ойбай, белім...
Түйенің жүні болса... Так, дальше...
«Сөйтіп бала қатерлі ханға бет алды. Бойын тылсым күш буған жас өрім хан
қақпасын сындырып ақ ордаға басып кіріп өлеңдете жөнелген екен:
- Уа, ханым!
Жаза берсең қорықпаймын, тартамын,
Өлім шығар мойныма артарың,
Тілегім бар,
Тілегімнің болдауы 
Жалғыз күнге қиямысың хан тағын?
- Бойдың тіпті шынашақтан қысқарақ,
Қарға бойлы, қушық иық, құс қабақ,
Қаршадай боп қағынасың құдай-ай,
Хан тағымен не істемексің, қызталақ?
- Жұмсап отыр мені анау ел жетім,
Ел даусын жеткізу ғой міндетім
Қалың жұрттың қабырғасы қайысты,
Қарақшылар тонап жатыр жер бетін.
Тал қабағын аршып алып кетіпті,
Қара судан қан шығарып кетіпті,
Қатындары шөпті жұлып,
Еркегі
Егін салмай аңшы болып кетіпті.
- Етегі кең шетсіз-шексіз атырып,
Жайлы сенің қам жегенің мақұл-ақ,
Бірақ та сол айтқандарың адамның
Несібі үшін жаралған ғой, ақымақ.
- Бəрін білем
Бəріне де кəнігі ем,
Несіп үшін жер жыртамын, дəн үйем,
Əттеген-ай, бола тұра данышпан.
Бір нəрсені түсінбедің, хан ием.
- Не деп кеттің, ей, жетесіз, қағынды,
Жаһаннамға жіберейін жаныңды.
Түсінбеген нəрсем қайсы?
Айт, қане, Не басыңды ап,
Не беремін тағымды.
- Тіршіліктің  дала екенін білмедің,
Тал-шіліктің  пана екенін білмедің,
Аң жүгіріп, шөп шықпаса суалар,
Қара жердің  Ана екенін білмедің.
Депті бала,
деп қойнынан гүл апты,
Көріпті хан
Қолын жайып сұрапты,
Қызғалдақтың жалғыз талын иіскеп,
Үн-түнсіз ұзақ-ұзақ жылапты...»
- Міне, ақымақ,  Бошқай күйіп-пісті.  Хан болмай қатып қалғыр. Қақсаған
қағындының басын қағып тастағанның орнына жылап... осыны жазып
жүрген жаңағыда ми болса... əпкел менің темекімді... Бұған бас қатырғанша
ұйқтап алмаған мен де итпін. Мə, тық көрпе-жастығына. Өзімен кетсін.
Бала шешесінің қолындағы қоңыр дəптерге қарады. Шіркін-ай, заулатып өзі
оқи алса...
- Əй, тық, көрсетпе андағы пəлені көзіме. Қап, ит-ай, хан да жылайды екенау... Мына аспанның түбі түсіп кеткен шығар, газға шай қойыңдаршы.
Бошқай жаман күйінді. Саламатқа деген ит-жыны мұндай қозбас.
«Жиырмадан асқан адам өстіп уақытын не болса соны шималауға рəсуа
етіп... Атасының көрі... қойды бұл. Жұрт қайтіп бірімізді екі, екімізді үш
қыламызбен басын тасқа, тауға ұрып жүргенде... Қап, əттеген-ай! Ана
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 07
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.