Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 04

Total number of words is 4232
Total number of unique words is 2413
34.1 of words are in the 2000 most common words
48.2 of words are in the 5000 most common words
55.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Енді бірдеңе айтса өстесіңдер. – Станбек қабырғаға басын сүйеп біраз
есінеді. – Ұйқымыз шала болып жүр соны ойлап.
Оспанқұл тамағын кенеді.
- Əй, Айып, бері қара, көзіңді аш! Есебі, екеуміз ғой өмір бойы қарамақарсы
жүріп келіп едік, анау жылдардағы қылығың үшін түбіңе жетуіме əбден-ақ
болатын еді, бір атадан қалған жалғыз тұяқ болған соң тұқымдарыңды
мүлде құртуға дəтім бармады, бір-бірімізді жеп тауыса берсек, адам баласы
құрып бітпей ме... Осыны əлі күнге түсінбедің. Ол енді өз шаруаң, тек
балаңды ізіңе салма, түбі жақсылыққа апармайды, қара астың қамы орға
жығады...
Қарт əйеліне жастығын жөндетті.
- Біз адам баласы бір-бірімізге бөтен бе едік. Əсілі пенденің өз ұяласына
жауыздығы қайдан шығады. Бəрі пейілден. Пейілі тарылып, аран
ашылмасын, ағайын. Пиғыл бұзылған соң-ақ екі арада кірбің туады, жол
айрығы дегенің де осы жерде. Біз өз жолымыздан айнымадық.
Жарлыжалқыбай ек, жетілдік, жеткізді... Еркіндік деп от-жалынға бір
өртенсек, ел деп кешегі герман соғысында екі өртендік... Одан соң, тез ес
жиып, еңсе көтердік. Бірақ осының бəрінің бодауы аз ба еді. Құдай-ау,
ашылған аран бұзылған пиғыл неге келеді деймін етектен тартып əлі күн.
Таңым бар соған, таңым бар.
Қарт демікті.
- Мана айтпадым ба, жат болу мен жауығу дегенді... Есебі, пиғылдың
бұзықтығы, құлқынның тойымсыздығы пайда болғандар, қанағаты
сарқылғандар құм-тасына қарамайды, көмейін жыртып жұта береді, жұта
береді. Оны жұрт білмейді емес, қалың ел қазір бірді-екілінің итшілеген
қаракетін былай қойып, маңыздырақ, өмірдің мəңгілігі, жердің амандығы
тəрізді маңызды мəселемен айналысып кетті. Мұны арамзалар əбден жақсы
біліп алған, қалтарыста жүріп қарын қамын ойлайды. Өкінішті-ақ. Бұл ма,
бұл тұқымымыздың адал боп, адам боп өсіп-өрбуіне жасалып отырған
қиянат. Əттең, күш-қуаттың сарқылған кезі...
Қарт даусын қатайтты.
- Тыңдап отырсың ба, Айып. Тым құрыса осы жолы, осы жолы қарсыласым
болмай, қалыс адам боп тосшы құлағыңды. Қаймолда – сенің бел балаң.
Өкімет билік берді, бігəдір қойды, рақмет дедіңдер, қуандыңдар. Ендігісі
не? Сені, жасы жетіп, енді аз күндік ғұмырын бата қайырып өткізетін
қаусаған шалды Иірсуда қақа басын бекер қалдырып отырмағанын сезбейді
деймісің біз. Есебі бар. Қара ала сиыр, табын жылқыға бас-көз керек... Кеше
өзің оқ аттың заманға, тілің тиді, жұрт кешті бəрін, басыңа пана, аузыңа ас
ұсынды, сені қойшы, тым құрыса сол жақсылықты балаң қайтармайтын ба
еді... Сенің шашқан құмыңды балаң тазаламайтын ба еді... Сенің елге
жаулығыңды балаң адал ісімен жуып-шаймайтын ба еді... Болдым, Айып,
айттым, айтуға тиіс едім, болдым енді, мен міндетімді атқардым.
Қарт көрпесін қымтанды.
- Балам, – деді Станбекке қарап, – жассың, кəрі-құртаңмен қажаспа,
үйіріңді тап, көшіңе ілес...
Дастархандағы шала желініп суып қалған тамаққа мысықтың тұмсығы тиіп
кетті. Ұзақ үнсіздік орнады.
- Бата істелік. – Айып қарт қолын жайды. Бəрі үнсіз, осылай көпке дейін
отырды да қойды.
- Ертең жұмыстарың бар, қайтам десеңдер рұқсат, – деді Оспанқұл.
Бəрі шығып кеткен соң бала əжесінің қолынан тартып тұрғызып жатыр еді,
Оспанқұл:
- Кемелжан, сəл аялдашы, – деді. – Ақ көгершінің ұшып жүр ме?..
Ұшсын, ұлым, қанат қаққан жақсы.
Баланың көзіне жас толды.
- Əшірбек ағаңа сəлем де. Іздегенін тапсын, менен туған ұл болса, табады,
орта жолдан бұрмасын ат басын. Осыны ұмытпа, қалайда айт...
Жылап тұрмысың... Əй, күшік. – Қарт баланың білегін қысып-қысып қойды.
– Жасыңды тый, көгершінім, адам бол, ұқтың ба?
Үйлеріне келген соң əжесі жатып кеп жыласын. «Ойпыр-ай, нашарлап
жатқанда жаңағы Айып қақпастың, болмаса Ештайдың ана қу шеке
баласының бір ауыз сөз айтпағаны қалай? Не болып барады десеңші дүние,
шіркін. Адамның рақымы, қайырымы деген қайда? О, тоба! Сақта
ұрпағыңды қатыгездіктен, жасаған. Беті аулақ, екі дүниеде жамандық
атаулы жолай көрмесін жарығыма. Кемелжан, қолыңды жайшы».
Бала қолын жайды.
- Адам баласына залалың тимесін, күнім, жылан екеш жыланның басына да
ақ құй, алдыңа келсе...
Əжесі шұбыртып ала жөнелді.
Түннің талай уақыты өтсе де əжесі əдеттегідей жатып қалмады, алдына
шанақты өңгеріп бір мұңлы əуенді əлденеше қайтара тартып, үнін көмейден
қайырды. Есі кіргеннен домбыра қағысына кəнігі бала, күндікті басын
шайқап, екі жағына теңселіп отырған қарияның бүкіл бет-жүзін қоңыр
көлеңке шалғанын, перне бойындағы əлсіз саусақтардың дірілін байқады.
Шамалыдан кейін əлгі əуен ұзақ сарынға ұласып, əжесінің маңдайынан
шып-шып тер шықты.
- Бұл мұң, ұлым, барлық адамның мұңы артынан қалмайтын. Егер ол
ұмытылса адам азады. Кім білсін қашан екен... Баяғыда мына жер бетінде
адам аз кезінде бір үйдің егіз ұлы болыпты. Айдалада киіз күркеде шал мен
кемпір ұзақ дауласады. «Екеуінің де аттарын Жақсылық қояйық», – дейді
кемпірі. «Қателесесің, – депті шалы. – Екі адамға бір есім жараспайды жəне
екеуі екі түрлі болып туған ғой, қарашы өзің: ұқсай ма бір-біріне?..» «Бір
ана, бір əкеден туған ұрпақтың айырмасы бола ма екен, екеуі емшек сүтімді
тең емді ғой, қалайша əр түрлі болып өседі, қайтсем де екеуін бір есіммен
Жақсылық деп атаймын», – деп кемпірі бой бермей қояды.
Уақыт өте беріпті. Балалар өсіп жігіт болады, шал мен кемпір күн өткен
сайын егіз ұлдың бір-біріне мүлде ұқсамайтынын байқайды. Біреу ерте
тұрады, су жағасына тал тігеді, бұлақтың көзін аршиды, екіншісі, керісінше
бəрін бүлдіреді. Шал мен кемпірдің айтқан ақылын құлағына да ілмейді.
Күндердің күнінде егіз ұл құланның құлынын ұстап əкеліп үйретеді. Құлын
жетіліп ғажап тұлпарға айналады, өзі есті болады, тұлпар тентек ұлды
маңына жуытпай қояды. Оның көңілінде қызғаныш оты тұтанып, ақырында
ол өшпенділікке ұласады.
Бір күні шал аңнан қайтып келе жатса, ұлының бірі құланның жалын тарап,
екіншісі, əлгі тентегі оның артынан бұқпалап садақ кезеп тұр екен. Шал əй
дегенше əлгі жебені жіберіп қалады, сыңарының тізесі бүгіле беріпті.
Айғайын салып анасы шыққан екен үйден. Қыр жотадан қадалған жебені
суырып алып, адал ұл болсаң аман қаласың деп орнына емшек сүтін сауады,
сол, сол екен көзін ашыпты ұлы.
Бұл кезде шал тентек ұлдың мойнына қыл тұзақ салып үлгерген дейді.
«Əке, оның не, өлтіре көрме?» – деп жалынады жаралы бала. «Өз бауырына
жебе тартқан адам жер басып жүруге тиіс емес, мұндай сұмдықты келер
ұрпақ білмеуі үшін, ішімнен шыққан шұбар жыланды жоқ етуге
міндеттімін», – деп əкесі семсерін көтеріп алғанда жаралы ұл қолына
жармасады. «Кеш қателігін, кешірімді бол дейтін едіңдер, бəлкім, түзелер
əке, қанын жүктеме адамның». «О, құдай! – деп сонда анасы зарлапты дейді.
– Ақ сүтімді ақтамаған арамза, туған бауырыңның ту сыртынан оқ аттың,
əкеңнің қолын қанға малуға мəжбүр етіп тұрсың, сені енді адам да, аң да
көрмесін, саудым сүтімді көкке». Ол осыны айтқанда қыл тұзақта тұрған
ұлы сұмдық дауыспен шыңғырып көзден ғайып болыпты.
Кемелхан аузы ашылып əжесіне қарады.
- Өлген бе сонда?
- Қайдан өлсін, тірі, тек көрінбей өмір сүреді, көрінбей келіп аяқтан
шалады, сондықтан да оны Жамандық деп кеткен адам баласы, жаман
адамдардың бəрі содан тараған.
Əжесі айтып берген ертегі балаға ұнады.
- Ұлының біреуінің қаныпезер болып туғанына налыған шал осы мен
тартқан сарынды шертіп өтіпті дүниеден. Қандай нəрсеге де, егер жаман
болса, қабырғаң қайысатын болсын ұлым, дүние үйіліп жатқанда азапшерді білмейтінде жақсылықтың жауы.
Кемелхан көпке дейін ұйықтай алмай дөңбекшумен болды.
*
*
*
Жаңбыр жауған күн... Альбомын алдына жайып сап отырған бала, осы күнді
ойласа құйқасы шымырлап, бүкіл жан дүниесін үскірік жалап тұрғандай
сезінеді; жанын қоярға жер таппағандай бет алды қаңғырып кетуге бейіл;
əттең, білмейді қайда барып, кімге айтуды наласын. Кімге шағынар, арызын
тыңдап асылын іздеп тауып берер адам қайсы?
Бала мынау суы əмсе жалтырап ағатын иір өзенді тау қойнауында, қойнау
ғана емес-ау, өзі есек іздей барған, сиыр қайырып қайтқан, алыстан болса да
үнемі көріп жүретін бұйра жон, шақпар тастар арасында жаны секем алып,
жұдырықтай жүрегіне шер болып қатар тосын қимыл, тосыраң мінез бар
деп ойлап үлгермеген кезінде. Алғаш рет үлкендермен бірге маңдай
жіпсітіп, өзін кəдімгі қара шаңырақтың бас иесі сезінгенімен де əжетке
жарадым, жарым уыс дəн табатын дəуірім басталды дейтұғын киелі сөз
көкейіне келіп көлденең тұрғанда; ауылынан арманы – оқу іздеп сапарға
шығар алдында сағы сынды...
Альбомның ақ парағына тесілген мөлдір көздері тұманданып, ып-ыстық леп
жанарын торлап кемсең-кемсең етті.
Иə, сол жаңбыр жауған күні... Түстен кейін күн ашылып кеткен. Дəл соны
күтіп тұрғандай үш жүк машинасымен Қаймолда жетіп келмесін бе.
Сыпыртқысын орып əкетпек.
- Бидай су, ертеңге дейін кеппейді, қарап жатқанша қол ұшын тигізіңдер
маған. Сəл жел қаққан соң сыпыртқы дегенің саудырап кеуіп кетеді. Іңір
түскенше жабылып орып тасталық, жүріңдер, қане, – деп Қаймолда əкесіне,
Станбекке жəне комбайншыға бұйрық берді. Аздан соң бала да барды жұрт
қасына.
Күн бесінде-ақ сыпыртқы орылып бітіп, тиеліп те қалды. Көгалдау жерге
газет төселді. Оның үсті: тұздалған балыққа толды. Бірнеше шөлмек сап
түзеді.
- Қане, отырайық, қазан көтермеді демесеңдер мынандай ен дүниені көре
тұрып сөге қоймассыңдар. – Қаймолда əкесінің арқасынан қақты. – Шалым,
жарадың, бұйырса, біраз тиын-тебен түсетін болды қалтаға.
- Сыпыртқыдан пайда түседі дегенің көңіліме қонбай отырғанын қарашы,
басеке, – деді Станбек жеңді білектей колбасаны қолымен бөліп жатып.
Кемелхан нанның жұмсақ жерінен көгершінге үгітіп беріп отыр.
Оған бола басыңды қатырмай-ақ қой, – деп Қаймолда көңілдене күлді. –
Есебі табылады. Қане, осы тосты біздің шал үшін ішелікші, жігіттер. Дұрыс-ақ.
- Шал дегенің бір рақат... кеттік, ендеше.
Бəрі алып-алып тастады.
Шөлмектер бірінен соң бірі босады. Жұрт тегіс қызып алған, шоферларға
шейін сау емес.
- Ал, інішек, іштің-жедің, енді қызмет қыл, – деді Қаймолда Кемелханға. –
Мына бөтелкелерді анау жерге апарып қаз-қатар тізіп кел. Қызық болсын.
Бала шөлмектерді айтқан жерге тізіп, артына бұрылғанда Қаймолда
«Жигулидің» ішінен мылтық алып жатты.
- Енді қаш былай.
Олар қарауылды кезекпен-кезек ата бастады. Əп-сəтте-ақ шынылардың
быт-шыты шықты. Қаймолда жан-жағына алақтап тұр. Баланың көгершіні
қалқып аспанға шықты. Мылтықтың аузы əуеге қарады. Төбесінен біреу
мұздай су құйып жібергендей Кемелханның жан даусы шықты.
- Атпа, атпа! – Жүгіріп келеді. – Ағатай, ата көрмеші, ол көгершін ғой,
ағатай.
Мылтық гүрс етті. Көгершін қайқаң етті.
- Қазір, қазір. – Қаймолда мылтығына тағы оқ салды.
- Оларың не, ағатайлар? – Кемелхан ботадай боздады. - Өлтіресіңдер ғой
көгершінді.
Мылтық даусы тағы құлақ тұндырды. Бала көзін жұмып жарға тізерлеп
отыра кетті.
- Өлді, өлтірді.
- Тағы тимей қалды, қап, əттеген-ай, қатқан шашлықтан айрылдық. –
Қаймолданың ренішті үні естілді.
Кемелхан көзін ашып аспанға қарап еді, ақ көгершін шарықтап ұшып
барады, тіпті ұзап кетіпті. Бала құстың артынан жүгіріп келеді, жүгіріп
келеді. «Ақ көгершін! Ақ көгершін!»
Ол ауылдан ұзап кетті, құсы зым-зия. Кеш батқанша тау кезген бала, ақыры
көгершінін таба алмай үйіне қалжырап зорға жетті. - Əже, əже-тай...
Көйлегінің етегіне сүрініп, əжесі алдынан шықты.
- Көгершінімді атып, шошытып кетті аналар, таппай қойдым, табылмай
қойды.
- Бұл не істегендері, құдай-ау, аспанға мылтық атқан қай қара жүрек...
Содан бері үш күн өтті, Кемелхан жарытып ұйықтамайды, не тамақ та
ішпейді; іш құса баланың тасыған көңілі басылып, бүкіл тұла бойын зілдей
ауырлық басады.
Алдында аппақ парақ, осы шошытқан сұмдық жайды салуға бейіл
білдіргенімен дəті бармайтын секілді; мылтықтан, көгершінге кезеген
адамның кескінінен зəре құты қалмайды.
Қарындашы қолынан сусып түсті. Жанарын кеулеген ыстық жас от болып
күйдіріп, құйтақандай жүрегін шыжғырып жатыр; аппақ əлемін осып өткен
қамшының ізінен шып-шып қан шығады, тынысы тарылып, өкініш пен
наланың өткір жүзі іші-бауырын осқылап жатыр. Қанды мылтықтан
шошынған көгершін тап желкесінен үңіле тұрып: «Сағындым сені,
қайтейін, оралуға қорқам» дейтін тəрізді.
Ақ парақты құшақтап, қарындашты сығымдап ұстаған күйі ұйқтап кетті.
Түсінде қолында мылтығы бар Қаймолданы көрді. Қара темірдің ұңғысынан
көк жасыл жалын ұшады.
*
*
*
Көгершінінен айрылып баланың көңілі жадап жүрген шағында, əжесі
мұның жастығының астынан шаян тауып алып өлтіріп, жеті күлше құдайы
берген күннің, жарты ай тұтылған түннің ертесінде таң құлан иектене
Оспанқұл қарт – Иірсудың алғашқы большевигі дүниеден қайтты.
Сол күні кешінде Станбек торы шолақпен орталыққа барып Оспанқұлдың
нашарлап жатқаны жайлы ағайындарына хабар жеткізген, түнімен біраз кісі
келіп те қалған. Қарт көзін жұмған соң машина кері қазалы хабарға жөнелді.
Оспанқұлды соңғы сапарға жөнелтіп салуға ойдан-қырдан ел көп жиналды.
Орталықтан машинамен, қырдан атпен ой бауырымдап келіп жатқан
адамдарды көре отырып бала солардың көбісінің көзінен жас
шықпайтынына таң қалды.
Жұрт Оспанқұлдың соңғы өтінішін орындады, оның денесін сонау
Жайдақтағы баяғы Зайдтың жанына арулап қойды. Əуелі қарны кебежедей,
мойнына қара галстук таққан біреу қағазға жазып алған сөзін оқыды.
Баланың есінде қалғандары «Оспанқұл – осы колхозды өз қолымен
құрғандардың бірі, адал, ардагер азамат. Бүгінгі бақытты заманда,
ойдықырды түлетіп жүргеніміз, сол Оспанқұл сияқты адамдардың арқасы».
Шетте жарбиып тұрған Айыптың көзінен сорғалаған жасты көрді Кемелхан.
«Қош, ататай!» – Бала елмен бірге қабірге бір уыс топырақ салды.
- Біздің, Иірсудың, ең соңғы большевигі де көз жұмды, – деді біреу.
Жұрт ауылға оралды. Шалдар бөркі қоқайып шетке шықты. Тек Айып қана
елден жырылып барып ұзақ жылады.
- Жақсы кісі еді, иманды болғыр, – деді біреу.
- Айекең сияқты тентектеу, тең құрбысын талай сабаған ат бауырына алып,
– деп бөрікті қария жылы жымиып қойды.
Сонда ғана жұрт қатарына келген Айып күрсінді:
- Не көрмедік.
- Мажыраның астығын орып жатқанбыз, – деді əлгі қария. – Мына Айып
екеуміз қара басып тырайып ұйқтап қалыппыз. Тасыр-тұсыр еткен ат
тұяғының дүрсілінен ояндық қой. Осекең қамшысын білемдеп тұр, ал кеп
сабап. Марқұм өкіметтің жұмысы десе туған əкесін де аямайтын.
- Қалдыңыздар таяқ жеп.
- Е, қалмай қайтеміз. Ойпыр-ай, сондағы мына Асекеңнің қылығы... Іздеп
жүріп қара құрт тауып алды да, бүйткенше өлгенім жақсы деп өзін
шақтырды ғой...
- О, тоба.
- Шын айтып отырсыз ба?
- Міне, көзі отыр сенбесеңдер. Құдай көрсетпесін, күп шелек боп істі де
кетті, əупірімдеп ауылға жеткіздім, енді не істейміз. Əпейбек деген тəуіп бар
еді жарықтық, дереу Қызылқайнардағы Уəке деген ұста орыстікіне адам
шаптырып қолдан ашытқан арақты алдырды, ал кеп ішкізе...
- Міне, қызық...
- Қызығы құрсын, жаны əзер қалды. Кейін Айекең бəндіге қосылды ма, Шу
асып кетті ме... дəм талай жерден бұйырды ғой бұл кісіге де.
Бала Айыпқа қарап еді, ол қамшысының сабымен жер шұқып отыр екен:
- Не көрмедік, – деді шырт түкіріп. – Жер басып жүрміз алайда, ит боппыз.
- Шүкір етіңіз.
Үй жақтан шақырушы келді.
- Ас əзір, жүріңіздер.
Дастархан мол жасалыпты. Əр жерден еттің буы бұрқырайды. Манағы
галстукті жігіт орнынан тұрды.
- Ардақты ақсақалымызды арулап қойдық, аянған жоқ ағайын...
Ақылшымыз, айқайшымыз еді. «Бəріміз де Гогольдің шинелінен шықтық»
дегендей қарияларды қоспағанда, мына біз Осекеңнің ізбасарымыз
шындығында... – Ол төмен қарап даусын қырнады. – Былайша айтқанда
Осекеңдікі той ғой... Енді... – Ол жүк аяқтың астынан төрт-бес шөлмекті
бері шығарды, – жарықтықтың топырағы торқа болсын деп...
Шалдар жағы мүлгіп төмен қарады. Төменіректе баланың əжесі отыр еді,
орнынан тұрып келіп, кемелханның қолынан алды.
- Жүр, жүр, ұлым, – жетелеп далаға алып шықты, – қаза үстінде не сұмдық
бұл, той болса екен-ау... Үйге бар, сөйт, балам.
Бала үй артындағы төбеге барып жайғасты.
- Қайдасың, менің көгершінім! Естисің бе, біздің жағдайымыз жақсы емес,
Оспанқұл атам өліп қалды ғой, апарып көміп тастады. Өлді біздің атамыз,
енді жоқ ол.
Бала өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ егілді.
- Олар арақ ішіп жатыр, олар күліп отыр... Олар жаңа жылағандарын тезақ
ұмытып кетті, бітті бəрі, көгершін, біздің атамыз енді қайтып келмейді. Сен
де келмейсің.
Ел тарап бет-бетімен кеткенше қозғалған жоқ бала. Бəрінің көзі Хадишада,
Кемелханның əжесі:
- Қой, Хадиша, еңсеңді көтер, ел ішіндесің, – деді даусы қатайып. – Жалғыз
емессің.
- Осекеңнің жасына келсек арман қайсы, – деп, аздап ішіңкіреп алған
Станбек мұңайды.  Бірақ кім біледі... Əй, Кемелхан сен неғып жүдеп
кеткенсің?
Айып шал есегіне мінді, иығы құнысып кетіп барады.
Күн қызарып батты. Көкжиекте кілкіген қызыл жалындар көпке дейін
ыдырамай толқып тұрып алды: көкке емінген жақпар тастың сілемдері
балқып жатқандай, үйіріліп келе жатқан іңірдің бетін жалап əлі жұтынып
тұр.
*
*
*
Ертесінде жұмыста баланың байқағаны Айып шалды ауыр мұң басқан:
онсыз да қырымға ет жоқ бет-жүзі түгесіле суалып, жанарындағы тентек
жарқыл шыңырауға құлап сөнуге айналыпты.
Станбек келіп Кемелханның маңдайынан сипады.
Оспанқұлдың баласы Əшірбектің келуі бала үшін зор қуаныш болды.
Жігіт ұзақ егілді, бақырып-шақырған жоқ, үнсіз отырып, тым-тырыс
жылады. Еңсесін көпке дейін көтермеді, көңіл айтушылардың ұзын-сонар
демеуінен кейін бойын көтерді.
- Көп күтті, тілгірəм кеш тиді ме қолыңа?  деді Қадиша.
- Тым алысқа, елсізге кетіп едік,  деді Əшірбек,  соңғы сөзін есту де
бұйырмады.
Əшірбек бірден əкесінің басына бармақ болды. Оған Кемелхан ілесті.
Екеуі Жайдаққа апаратын ескі сүрлеумен қатар басып келеді.
- Екі-үш күнде оқуың басталады ғой.
- Киімдерім де, кітабым да дайын, Жайықбай ағамдікіне жатып оқимын
биыл.
- Сен жақсы баласың ғой деймін осы, а Кемелхан.
- Білмеймін, аға.
- Көкем мен туралы айтушы ма еді.
- Ылғи да айтып отыратын. Кешікті ғой дейтін.
- Ағаңа айт, ұмытпа деп еді...
Əшірбек тоқтай қалды.
- Ұмытқан жоқпысың.
- Іздегенін тапсын, орта жолда тоқтамасын деді.
- Асыл əкем...
Жігіт адымын жиілетті. Күн шаңқиып тұр. Ыстық жел соғады.  Аға.
- Ау.
- Сіз не іздеп жүрсіз?  деді бала, сосын «Іздеп жүргеніңіз аспанның ақ гүлі
емес пе» дей жаздады.
- Кен көздерін іздейміз, жер асты байлығын табамыз.
- Таптыңыз ба жер асты байлығын?
- Іздеп жүрмін бауырым.
Сайға түсіп екеуі бұлақтан су ішті.
- Сен қай класқа өттің, Кемелхан?
- Екіншіге.
- Жігіт болып қалыпсың ғой.
Бұлар Оспанқұлдың басына келгенде күн түске таянған.
Əшірбек мелшиіп ұзақ тұрды.
- Кешір əке, кешір ұлыңды!
- Мұнда,  деді Əшірбек Кемелханға.  Тағы бір большевик жатыр, естіп пе
едің?
- Білемін, Оспанқұл атам айтып берген. Бандылар өлтіріпті.
Екеуі жайланып отырды.
- Аға, сіз көгершінді жақсы көресіз бе?
- Көгершінді барлық адам жақсы көреді.
Бала бұртиып қалды.
- Саған не болды.
- Алдайсыз.
- Қой, Кемелхан, сені қашан алдап едім.
- Бəрібір сенбеймін... менің көгершінімді атты ғой Қаймолда.
- Шын айтып отырсың ба?  Əшірбек Кемелханды өзіне қаратты.
Баланың көзіне жас толып кетіпті.
- Қаймолдаң Айыптың баласы ма?
- Сол... өзі мас... ұшып бара жатыр еді көгершінім... міне, былай,  ол екі
қолын құсша сермеп көрсетті  қағып бара жатқан қанатын... отыра қалып
гүрс еткізді... Енді ол қайтып оралмайды, ағатай, шошып кетті.  Бала көзінде
жас мөлт етті.
Əшірбек баланы жұбата бастады:
- Сенің көгершінің сөз жоқ табылады, ондай құс өзінің иесіне оралмай
қоймайды. Өйткені жер юетіндегі барлық адал адамдар іздейді оны... ақ
көгершінді бəрі аңсайды.
Кемелхан аузын ашып қалыпты. Қызына сөйлеп отырған жігіттің аялы көз
жанарынан өзін көрді. Көгершін жанарынан да көретін өзін. Неге олай?
- Жер бетіндегі адамдар əлі күн ортақ мəміле тапқан жоқ, талас пікірдің
орасан майданы қиян-кескі: осы ойлардың бір нүктеге тоқайласа алмай дара
атойлаған, ақыл дегенің арнасынан асып, сананың шырқау шегіне жету
кезеңінде түрлі қауіптің бейбіт күнге əлсін-əлсін жұдырық түйген кезінде
зор жауапкершілікті, ұлан-ғайыр міндетті алып жүруге лайық болып туған
ұрпақпыз біз.
Əшірбек таңырқай қараған баланың маңдайынан сипады.
- Түсінбедің бе? Үлгересің оған əлі, сонда айтасың өз үкіміңді. Жер
жаһанның бақытына жол ашар кілтті не біз, не сендер табарсыңдар, бəлкім.
- Ақ гүлдер туралы сырласушы едім көгершінмен.
- Не дедің?
- Аспандағы ақ гүлдерді айтам.
- Сен бар ғой, Кемелхан, шынында да жақсы баласың,  Əшірбек еңкейіп
бетінен сүйді.
Орындарынан тұрды. Əшірбек қабірге басын иіп үнсіз біраз тұрды да,
Кемелхан екеуі кері қайтты. Жолда келе жатып ол балаға шағын төрт бұрыш
жылтырақ тас берді.  Жоғалтпа, ескерткіш болсын, бəлкім, геолог боларсың
өскенде.
*
*
*
Əжесі сол түні мүлде ұйықтамады десе де болады. Əуелі баласын
шомылдырды, сосын төсегіне жатқызып, оның киімдерін чемоданға біресе
салып, біресе алып ұзақ күйбеңдеді.
Кемелхан да мандытып ұйықтаған жоқ. Ақ көгершін жайлы əлсін-əлсін
ойлаумен болды.
- Əже, егер көгершінім бір күні келіп қалса қайтесің?
- Кісі көзіне көрсетпей мəпелеймін, күнім... қажет десең апарып берейін
өзіңе...
таңмен таласа тұрды бұлар. Кемелхан жүгіріп Оспанқұл атасынікіне
келсе, Əшірбек ағасы кер биені əкеліп арбаға жегіп жатыр екен.
Күн шыға əжесі екеуі арбаға отырды. Баланы жолға шығарып салуға Айып
пен Станбектен басқалары келді. Станбектің əйелі:
- Көгершін қайным, аман бол, жақсы жігіт бол, ал мынаған кəмпит алып
жеп жүр... əлгі «кис-кистан»,  деді.
Керегі жоқ дегеніне қарамай төс қалтасына көк ала қағазды тығып жіберді.
Қадиша маңдайынан сүйіп, көзіне жас алды.
- Атаң болса жоқ, бізді ұмытпа... оқуды жақсы оқып, аман жүр, көгершінім.
Кер бие жолға түсті. Əшірбек қатарласып жаяу жүріп келеді.
- Қашан қайтасың, балам.
- Біраз күн болам, сонан соң істеп жүрген жеріме жағдайды айтып пəтер
сұраймын. Қадиша апамды қолыма алмай бола ма?
Кезеңге шаққанда, Кемелхан арбаны тоқтатты. Сонан соң чемоданын ашты
да, сурет салынған төрт альбомын алды:
- Əшірбек аға, мынау сізге менен ескерткіш болсын,  деп ұсынды. Менің
салған суреттерім, бұл туралы айтқан жоқпын ғой сізге, енді, міне...
- Рақмет, Кемелхан, ескерткішіңді еш уақытта жоғалтпаймын. Ал əкелші
қолыңды... Ақ көгершініңді ұмытып кетпе, ізде...
- Қайтсем де табам ақ көгершінімді, қайтсем де.
- Қош, қара тəмпіш... Кер бие сар желді.
*
*
*
Бала түсінде ылғи аспандағы ақ гүлдердің арасында ұшып жүрген өзінің ақ
көгершінін көреді.
Ел айтады оған: «Шошынған көгершін мəңгі оралмауы мүмкін»,  деп... Ал
Кемелхан оған сенбейді...
Алма ағашының бұтағы
«Каждый палец кричит: жить хочу».
Ф.АБРАМОВ
Күн ыстық. Ұланғайыр жазираға ұласып жатқан тау етегі арқырап аққан
өзен суы болмаса өртеніп кетердей. Шекесінде солдаттың көнетоз
пилоткасы қонжиған қарға бойлы бала алыстан қараған адамға сағым
үстінде қалқып жүргендей болып көрінеді. Тыпың-тыпың... Манадан бергі
тірлігі  алма ағашы көшетінің топырағын қопсытып, су тасып құю болды.
Шаруа тындырып жүрген сыңайын айтсаңшы, айналасына маңғаздана
қарайды. Көшеттің бойына жан бітіп, жасыл рең кірген сайын күн ұзын осы
жерді айналып жүре беруге, тіпті түнеп шығуға да дайын.
Алма ағашының жалғыз бұтағы  баланың ойламаған жерден тапқан олжасы.
Əнебір күндері темір жол жақтан төрт машина сонау алыстан бұлдыраған
тау баурайындағы алма бағына көшет тасып жатты. Бірде əлгілер бұлардың
қосына соғып сусын ішкен. Қойқалақтап қара жолға түскен машинаның
соңынан ала күшікті ертіп жүгірген бала түсіп қалған осы жалғыз тал
көшетті тауып алған. Со бойда əкеліп отырғызған. Əлгіден кейінгі баланың
қуанышын айтпаңыз. Жүгіріп егін жайдың басына барды. Алдынан өгей
əкесі Бошқай шықты. Басын ақ шытпен шарт буып алған, өңірі ашық,
балағы түрулі. Көптен ұстара тимегендіктен сақал мұрт аузы-басын басып
кеткен.
- Əй, сені жау қуды ма?
- Көшет тауып алдым.
Бошқай алара қарап, шаруасын істей берді. Қимылдаған сайын шықшыт
еттері бұлт-бұлт етеді. Қара қошқыл жүзі күнге күйіп, түтігіп кеткен.
- Көшет тауып алдым, аға.
- Кетші, ей, ыңырсымай.  Бошқай кекесінмен мырс етті.  Алтын тапқан
адамша алқынғаның не, албасты.
Баланың лепірген көңілі су сепкендей басылды. Сол күні Сəлімбай атасын
кешке дейін тосты. Қойын басқа жаққа шығарып кеткен болу керек, шал
төбе көрсетпеді.
Көшетті қанша айналдырғанымен, баланың іші пысты.
Артынан екі елі қалмайтын ала күшік те мезі етеді. Ол күңгір-күңгір
сөйлесетін серік іздейтін болды. Сондағы үйірсіктейтіні  Сəлімбай шал. Өзі
қызық қой Жалпылдап сөйлеп кетсе құлағыңның құрышын қандыратын
əңгімешіл. Пенсияға баяғыда шыққанмен əлі қол-аяғы жеңіл. Арық-тұрық
мал бағатын баласына айғайшы болып жүрген жайы бар. Əйтеуір, ұлы
таптырмайтын малсақ көрінеді. «Оған шүкір,  дейді іле-шала,  со күшіктің
ара-тұра ішіп қалатыны бар»,  деп те кіжінеді.
Бала қарсыдағы боз төбеге шықты. Шал екеуінің жайласып отырып əңгіме
шертетін жерлері осы. Атын тұсап еркіне жіберген соң, Сəлекең қойнына
қол салып, алақандай сары қапшықты алып шығады. Асықпай отырып
əлгінің түймесін ағытып, саусағының ұшына бір түкіріп, төрт бүктеулі
қағазды суырады. «Шкөлнік-əй, алшы мына қағазды қолыңа». «Кеше ғана
оқып едік қой, ата». «Тағы оқысаң шаршап қаласың ба, жолың болғыр».
«Жо-ға.» «Ендеше, заулат, қане».
Шалдың оқы деп отырғаны ауылдағы немересінің малшылардың
пошташысы Əліктен беріп жіберген хаты. Бала əуелде ежіктеп əзер оқыған.
Айдақ-сайдақ əріптердің басын қосам деп екі самайынан тер шүмектесін
кеп. Хатты бесінші кластың оқушысы жазды дегенге жалынсаң да ешкімді
сендіре алмассың. Торғайдың жұмыртқасындай быжыған қатеден ине
шаншыр жер жоқ. «Алтыннан ардахты, күмістен салмахты Атам
Сəлімбайға. Хұдай қуат беріп шапқылап жүрген боларсыс. Сіздың сондай
халде болуыңысқа біз, апам екеуміс, зор тілектеспыз. Бізден жаңалық
білгініз келсе, апам əнекүннен беры шікертеніп жүр. Мен платинаға бареп
шомылып жұрмын. Басқа не айтамыз. Айтпақші Зəмірбектің атасы
Сəрсенбі, құрман айт күні арақ ішіп жоғары жахтан, алақай, құдай жоқ, дкп
шауып келе жатса бір көзіне тас қыріп ағып кетіпті. Сосын прдовлествены
могазін өртенді. Ата қашан келесін. Келсен менін тайымды ала гел. Көжеқатық ала гел. Апам айтады түбіт ала гел». Сəлекең басын шайқап отырады
да: «Сəрсенбі қақпасты айтам-ау,  деді сосын:  ата сақал аузына біткенде
жүнжіп арақ ішкені несі, онымен қоймай алақайлап шапқылауын көрмейсің
бе?»
Бала шалдың осынау мінезін еске алып, оған күле отырып, күртешесінің төс
қалтасынан алақандай қалта сағатын алды. Жалт-жұлт еткен əдемі дүние.
Мұны əнебір күндері Сəлімбай атасы берген. «Игібай əкемнен қалған
белгінің бірі еді. Пұрмынов баяғыда «Жаңа тұрмысқа» келгенде сыйға
тартыпты. Рысқұлдың Тұрары сыйлаған семсер баламда қалсын, мынаны
сен ал. Кең дүниенің сен де бір көк шыбығысың ғой, ата-бабаңның жүрек
соғысын өмір бақи тыңдап өтерсің. Ал, балам, бұл аманат, ендігі иесі өзің
бол. Көңілім түсті, қайдан білейін, əйтеуір, саған көңілім түсті»,  деген.
Содан бері бұл қалта сағат Айжарықтың жүрегімен бірге соғып тұр. Күннің
ыстығында күртешесін көзінен таса қылғысы жоқ.
Сағаттың қақпағындағы жазуды ежелеп қайта-қайта оқиды. «Коммунисту
Игибаю Молыкбаеву. За преданность делу революции и активное участие в
разгроме банды Спатая. Фурманов». Қазір оның көз алдына қылышы
жарқылдап ақ боз аты ойнақтап бара жатқан Чапаев елестейді. Ал
Фурманов... Бала оны білмейтін. Сəлімбай шалдың айтуына қарағанда
мықты адам. Сол мықты адамның сағаты мұның қалтасында жатыр.
Айжарық мақтаныш сезіміне бөленді, қазір күллі ауаны көкірегіне
сыйғызып алғысы келгендей демін алады, дүниенің кəусарын армансыз
сімірген сайын, тұла бойында бір күш лапылдады-ау. Бала екінші төбеге
қарата жүгіре жөнелді.
Алыстан поезд даусы естілді. Сонау ұзыннан-ұзақ шөгіп жатқан көгілдір
жотаның баурайынан темір жол өтетін. Күн қызып, сағым ояна қоймаған
ертеңгілік тып-тынық мезгілде бірер жолы ащы ішектей созылған поездың
сұлбасын көрген-ді. Барсам, көрсем, мінсем деп армандайды.
- Е, батыр, сəлем бердік,  ауыздығымен-ақ бетегені күрт-күрт үзген
торының ортасында Сəлімбай атасы отыр.  Басың бір жағыңа қисайып кетсе
байқайтын емессің ғой.  Шал шақшасын алып ердің алдыңғы қасына ұрды.
Бала мен келін өткізген жүннің ақшасын аламыз, қойны-қоншыңызды
насыбайға толтырамыз, бытобойдан мəсі қараймыз десіп күпініп кетіп еді,
содан, мінеки, үш күн болды ұшты-күйлі... Попыразың жоқ па?
Өзі айтып алды да, мырс-мырс күлді. Бала да мəз.
- Ата, мен əлі кішкентаймын ғой.
- Солай екен-ау өзі, ал енді халің қалай?
- Не дейсіз, ата?
- Жолың болғыр-ау, əңгіме айтсаңшы. Мына даладан, сонау жайдақ жолдан
өтетін поездың даусынан өзге ештеңе естімейміз.
- Ата, поездар қайда барады?
- Мəскеуге баратын шығар. Одан өзге қайда барушы еді. Жаман атаң қырық
бірдің қырғынында, несін айтасың, Мəскеуді көріп бір жасап қалған.
Соған біреу сеніп, біреу сенбейді... Басымның сынып бара жатқанын
қарашы.
- Қостан шай ішіңіз.
- Жүр дейсің, ə... Əуелі қойды қоғамдап тастамаймыз ба? Сосын сағатыңды
айтсаңшы.
- Он екіден кетті.
Үйездеп жатқан арық-тұрақты екі жақтап боз төбеге əзер шығарып, бала
мен шал көнбіс торымен қосқа бет алды.
- Ойпыр-ау,  деді шал шатырға еңбектеп əзер кіріп жатып,  мынаның ішінде
еріп кетпей қалай шыдап отырсыңдар. Баланың шешесі дастарқан жайды.
- Келін мен ұл базаршылап кетіп... Шай қуалап қалдық, балам. Айып етпе,
шырағым.
- О, не дегеніңіз, ата, жан тоқшылық...
- Рас қой. Əй, бірақ сақалды сапсаңдатып қыдырып жүрген қайбір жақсы
дейсің. Кешіккендеріне қарағанда ақша қолдарына тиген-ау. Баланың
достары қаумалайды. Сөзсіз, ішпесіне қоймайды, келіннің де қызылдан бір
тартары бар еді...
- Сіздің арқаңызда дем алса, мейлі емес пе...
- Мен ше?.. Мен неге дем алмаймын? Өмір бойы қой соңында, ат үстінде
тепеңдеп келем, уһ дедім бе сонда? Бесіктен белдерің шықпай жатып, осы
сендерді біреу арбаға жегіп жүр ме, түге... шал кеңк-кеңк күліп, ыстық
шайды тамсана сораптап отыр.
- Өмір бойғы серігіміз еңбек, балам, əлі қара үзбей келеміз. Жатып дем
алсақ та болатұғын. Пенсияны ризық етіп, көлеңке сағалап отырсақ қандай...
- Пенсияны көп аласыз ба, ата?
- Қалай десем екен. Кемпір екеуімізге жететұғын сықылды. Артылатын да
жөні бар еді. Анау жылы үш колхоз бірікпеді ме? Кеңсені көшіргенде,
Жаманқұл белсенді шаң басқан қағаздың кімге керегі бар деп, біздің
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 05
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.