Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 24

Total number of words is 4003
Total number of unique words is 2261
35.8 of words are in the 2000 most common words
50.1 of words are in the 5000 most common words
57.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Əрине, – деп Асыраубай досына неге екенін мүсіркей қарады, – Қызмет
деген пəлеңді жағалағандардың бас еркі өзінде болмайтын көрінеді ғой... Не
қылғанда да, ел өзіңе разы. Жайлыбайымыз бар дегенде Көкмойнақты
теңселтіп жібереміз.
Жайлыбай езу тартты. Асыраубайдың көмейіне тағы бір сөз кептелген. Ол
не сөйлеп, не қойғанын білмей кететіндердің де барлығы. Ерімбет шалдың
немересі үйленген тойда Боташ алқаш: «Жайлыбай, Жайлыбай дегенде
естерің шығып кетеді, басы жатқан қауын секілді о, қызбалақты дүкенге
арақ-шылымға жұмсап, талай тепкілеп едім... Енді келіп... Көктен
салбыратасыңдар. Көктен салбырап түскен көсем болса басқамызды
қойғанда, Сейіт марқұмның өзі бір көрпенің астында бірге биттеп өскен
балаларына көз қырын неге салмайды.»
Асыраубай осыны айтып жібере жаздап, əзер тоқтады.
– Өткен күзде өздерің келіп-кеткеннен кейін де сегіз-тоғыз айдың жүзі
болып қалды, – деп əңгімесін негізгі арнаға бұрды.

Білемін.
– Ашқан есебімізге ауылдан жиналған біраз қаржы болмаса,
сырттағылардан əлі көк тиын түскен жоқ, - деді Асыраубай. – Мек-тепті
жөндеуге кірісіп кете алмай далмыз. Жаз болса мынау, ентелеген. Сосын
қайтемін, амал жоқтықтан өзіңе қарай тартып кеттім.
Жайлыбай біраз үнсіз отырды.
– Сол шаруаның өзі сірə, береке таппас. Бизнес жағында жүрген
жігіттерімізді ұстау құдайдың бəлесі, бүгін Алматыда, ертең Астанада, не
шетелде, – деді Жайлыбай. – Уақыт сондай.
– Сонда таман жұрттың алдында берген уəделерін ұмытып кете бере ме?
– деп Асыраубай қолындағы шай толы шынысын столға қоя салды. – Сөйте
ме?..

Уəде дегенде...

Уəде – құдай сөзі ғой, Жайлыбай.
Сен еш өзгермегенсің, – деді анау бұған барлай қарап, – Сонау бала
кезіңдегі қалпың...
– Жайлыбай-ау, есеп ашыңдар, оған əуелі ақша аударамын деген бəрінен
бұрын өзің емес пе едің?

Айтып отырмын ғой, сол бала қалпың. Мен жұртқа мұрындық болу
үшін сөйттім. Оларды жұмылдырып берейін дедім, əйтпесе мені бір ақша
жасап жатыр деймісің. Өзің білесің, екі бала шетелде оқиды. Қызым мен
күйеу балаға орталықтан пəтер алдық. Алматыдағы бағаны естіген
шығарсың...
Асыраубай сылқиды. Өкпе, өкініш, өксік араласқан бір сезім өзегін өртеп,
көз алды мұнартты.
Сол мұнардың арасынан Жайлыбайдың жатқан қауын секілді ұзын басы
əзер бұлдырайды.
– Сенің екі балаң шетелде оқиды, а Көкмойнақтың күллі баласы оқитын
мектептің сылағы түсіп, іргесі сөгіліп, төбесінен су тамшылап құлағалы тұр.
– Сабыр ет, – деді Жайлыбай дауысын суытып. – Шала бүлінгеннен
ешкімнің уығы қисайып қалмайды.

Қисайып тұр ғой.
– Тыңда. Алдағы жылдан қатарынан үш жыл ауыл жылы. Үкімет
ұшантеңіз көмек көрсетейін деп жатыр. Көрінгенге жалынып қайтесің, ақша
өзінен-өзі келейін деп тұрғанда.
– Өзіміз ше... Өз ауылымыз үшін өзіміз де бір кісілік, елдік жасамаймыз
ба, тегі?

Пəлсапаны қайтесің.
Екеуінің əңгімесі енді жараса қоймады. Асыраубайдың тығырыққа тірелген
жері осы болды. Япыр-ау, енді Көкмойнаққа не деп барады? Құралақан қай
бетімен көрінеді. Жұрт күтіп отыр ғой, үміт етіп отыр ғой. Құралсаймандарыңды дайындап, сақадай-сай тұрыңдар деп кеткен өзі. Қап,
əттеген-ай. Сарт санасымен байып... Болады да болады, жасаймыз да
жасаймыз деп дес бермей, алдында тау тұрса тауға өрмелеп, тас тұрса тасқа
шығып, күйіп-жанып жүретін жынды мінез қайдан біткен бұған. Қашан
көрсең табаны жерге тимей, безектейді де жүреді. Қайда асығады, неге
асығады? Мына дүние осыған ғана керек пе? Мына дүние осы болмаса
қаран қалатындай, бала-шағаны да ұмытып кетеді. Үй тірлігінің көрбайжорбайын жалғыз дерлік сүйреп, əйелі байғұстың құр сүлдері қалды. Дəл
бір ағаш ат. Оқта-текте оқыранып ойнағысы келсе, жылы-жұмсақ іздеген
қолы адырайған қабырға, шодырайған шонданайға тиіп, сол сəтінде теріс
аунап кетеді. Екі тете қыздың өткен қыста жалғыз көк пальтоны кезек-кезек
киіп шыққаны анау... Жə, қойшы, кедейлік мін емес. Адам талай байып,
талай кедейленген, талай кедейленіп, талай байыған. Бір терінің ішінде
толған да солған...
Өзгеге қайдам, Асыраубайға осы күні де шүкіршілік. Майы ағып сорпасы
асып-төгіліп жатпаса да, ішер тамағы, жалт-жұлт етіп тұрмаса да, киер
киімі бар. Құдайдың нұры өзі жаратқанның бəріне түбі бір түсер. Бұлардың
да күн көрісі күні ертең-ақ күбідей күмпілдеп кетері сөзсіз. Көгілдір экранға
қарап, газет-жорналдар оқып отырса, аузынан ақ түйенің қарнын жарып
жүрген талайлардың банкрот болып, бағы тайып жатқанын, тіпті, мұндайда
кейбіреулердің өзіне-өзі қол жұмсап та жіберетінін естіп, біліп жағасын
ұстайды. Ал адам адамгершілігінен банкротқа ұшыраса қайтеді?
Адамгершілігім банкрот болды, ойбай – деп төбе шашын жұлып, асылып,
атылып жатқан ешкім бар ма, осы?..
Демалыс бөлмесінің дəретханасына кіріп кеткен Жайлыбай əлі шыққан жоқ.
Япыр-ай, елге... Қып-қызыл ұятқа енді ұшырады ғой. Қыстай алмакезек
соғым басына шақырып шала бүлініп жататын Көкмойнақтың кезкелген
түтініндегі отырыста мұның «пəлен қаржы мектепке, пəлен қаржы қызыл
əскер қырған 100 адамға белгі қоюға, пəлен қаржы жетім-жесірлерге қол
ұшын беруге» деп жарылқап жататын əңгімесіне елітіп шыққан жұрт енді не
дейді? Əй, тоқта... Кенет... Кенет Асыраубайды бір ой иектеп шыға келді.
– Əй, Жайлыбай шығасың ба, – деген құдды заматта келген ойын заматта
ұмытып қалатындай, жалма-жан дауыспен.
Анау шықты.

Маған бір ой келіп қалды.

Айт.
– Айтсам, маған екі мыңдай көк қағаз тауып бер. Қарызға, əрине. Екі бие
бар, тана-торпақ бар дегендей, осы күз сатып құтыламын.
Жайлыбай қасына келді.

Ол не үшін керек, саған?
– Ауылға апарамын. Сендер берді деймін. Құр қол барғаным ұят қой,
бəрімізге ұят.

Ондай ақша қолда бола бермейді, – дейді Жайлыбай жайбарақат, –
түскені қажет жеріне жұмсалып жатады.
– Өзіңде жоқ болса біреуден ала тұрсаң қайтеді. Достарың көп, беделің
бар, – деп Асыраубай жалынғандай болды.
– Сен тура түсін, – деді Жайлыбай. – Маған біреуден қарыз сұрауға
болмайды. Қызметтің положениесі сондай.

Сонда...
– Айттым ғой, түсін деп, – Досы сағатына қарады. – Екі болып қалыпты,
сен кешке үйге кел, тамақ ішіп, қонып қайт. Қазір менде мəжіліс...
Өкпелеме...
Кімге өкпелеймін. Менің енді өкпемнің кімге керегі бар... деген сөз
Асыраубайдың көмейіне кептеліп келіп-келіп қалғанымен үндемеді, үнсіз
кетті.
Аспан мана ғана ашық еді, сыртта жаңбыр сіркіреп тұр екен. Əп-сəтте мың
құбылуын, деді Асыраубай ішінен, құбыл, құбыл. Құбылғаннан басқа бұл
жалғанда не бар дейсің.
Көше бойында айналасы ашық кафе көрінді. Соған қалай, неге кіргенін өзі
де білмейді, жауын тимейтін ортаңғы столдың біріне отыра салды.
Қолында блокноты мен қаламы, тық-тық басып даяшы қыз жетіп келді.
Етімен ет қылып шалбар киіп алған. Алдыңғы жағынан білеулене қимасы,
арт жағынан көтеріңкі көтендігі ап-анық білініп тұр. Құбыл. Бұл да
құбылудың түрі, құбыл...
Не дедіңіз? – қыздың сірə, мұның тіс арасынан шыққан сыбырын құлағы
шалып қалған сияқты.

Ештеңе.

Ішке кіріп отырсаңыз да болады, – деп сызылды қыз.

Қайтесің, осында əкел.

Не бұйырасыз?

Арақ.

Қанша?

Қырлы стаканды толтыр.

Фужер ғой бізде.

Барына құйсаңшы.

Тамақтан ше?

Оны қой.

Бəлкім салаттан. Свежий...

Мейлің.
Асыраубай фужер толы араққа ұзақ қарады. Аузына алмай кеткеніне біраз
жыл. Бала кезінде сары аурумен ауырған еді, ол иттің бауырға қалдырып
кетер лаңы бар екен, сол кейін сыр беріп, сыздата берген. Дəрігердің кеңесі:
өмір керек болса – арақ-шарапты тартып алма... Асыраубай қазір өзіне не
керек екенін білмейді. Керегі Жайлыбайдың қол ұшы еді, ол енді жоқ. Ал
өмір... Демін терең сімірді де, у мен зəрді тартты да жіберді... Өмір... Ол не?
Адамдардың ғұмыры ма... Адамдардың ғұмыры болса, онда ол адамның өзі
ғой. Егер адам өмірдің өзі болса... Жо, жоқ... Өмір – тұтас дүние. Жер-көл,
дала-тау, өзен-мұхит, ауа, тал-дарақ... Сондықтан мəңгі. Қазақтың дүние
жалған деп жүргені жəй сөз. Дүние жалған емес, адамның өзі жалған...
Дүние өз қалпын сақтайды, бұзбайды ғой. Ал адамың айнығыш, құбылғыш.
Түске дейін көрген адамыңды түстен кейін танымай қалады екенсің. Ол
бүгін айтқан сөзін ертен мүлде ұмытып кете салатын болып шықты...
Асыраубай кешкісін құдасының үйіне қызыңқырап келді. Отағасы аң-таң.

Құда-еке...

Іштім, – деді бұл, – Ішпей болмады.

Досыңызбен бе?

Дос... қайдағы дос. Дос деген не? Қашан, кім ойлап тапқан оны.
Бəрі жалған... Бұрын бəлкім, бəрі шын шығар, ал бүгін жалған... Одан да
құй, құда.
– Ойбай, енді, – деп құдасы ақ, қызылы аралас екі-үш шөлмекті ала
жүгірді.
Жүздетіп алған соң Асыраубай ағыл да тегіл аңырады-ай келіп. Сондағысы:
адам жалған екен ғой. Жалған болмаса кешегі Жайлыбай қайда. Кешегі
Жайлыбай бүгін неге басқа Жайлыбай. Неге бұзылды, не бүлінді.
Əлде ол ет жүрегін, езілген бауырын алдырып, орнына темір жүрек, тас
бауыр салып алды ма?
– Таусылмаңыз, өйтіп, – деді құдасы жұбатып. – Бəрі де бір тəңірінің
құдіреті.
– Тəңірінің құдіреті... Ал əділдіктің иесі кім? Бар ма? Болса неге несібеміз
тең емес? Неге біреу үнемі озып, біреу үнемі қалып өтеді мына дүниеден.
Неге Жайлыбай Алматыдағы көрнекті ғимараттың төрінде, ал мен ит
арқасы қияндағы Көкмойнақтың оты мен күліндемін. Көкмойнақ ауылы деп
ес білгеннен етігі тозған, етегі жасқа толған менің басымда мына жаман
шляпа, ал оның басында жарқыраған бақ. Тəңірі дейсіз... Тəңірге менің
жазығым не?
Менің жазығым институтты бітірген соң қалада қалмай, ауылға қайтайын,
Көкмойнақтың балаларын оқытайын, тірі жүрсем Көкмойнақта Кеңеске
қарсы шығып, қызыл əскердің қылышынан опат болғандарға белгі қояйын
дегенім бе?
– Сірə, біреу өзгенің бақыты, өзінің соры үшін туатын шығар, – деп
қойды Асыраубай сосын. – Егер менің пешенеме жазылғаны соңғысы болса,
разымын. Бір тамызып қой, құда.
Отағасы рюмканы толтырды.

Жолыңыз болмаған-ау, сірə.
– Болса өстіп отырамын ба? Ұшатын едім ғой, Көкмойнаққа қарай,
ұшатын едім, – Асыраубай рюмкадағыны соғыстырмай-ақ қағып тастады. –
Қызықты қарасаңшы, құда. Бүгін ойлап отырсам, үнемі Жайлыбай озып,
мен қалып келеді екенмін. Қараңыз бұл қызықты.
Асыраубай ақтарылды:
– Жайлыбайдың менен қай жері артық еді. Ол əлгі Боташ алқаш
айтпақшы, аспаннан салбырап түспегені рас. Екеуміз де сиыршының
баласымыз. Жүні түте-түте жамау көрпенің астында қатар жаттық.
Битіміздің саны да бірдей болатын. Ішкеніміз де бір тамақ. Бірақ, ылғи да
соның жұлдызы жанады. Бала күннен солай. Бала күнімізде жаз бойы
пішеншілерге қолғабыс жасайтын-ек. Еңбек күні де бар. Шамасы, он-
онекілердегі кезіміз. Қайсы бір күні таудағы қосқа Жайлыбай бауы жоқ,
тұмсығы тоқал, қолға ұстасаң былқ-былқ еткен резина аяқ киім алып келді.
Бұрын көрген пəлеміз емес. «Бұл не? Топыли ма?» – дейміз. «Боти – дейді
Жайлыбай. – Су өтпейді». Былтыр əкпесі алыстағы темір жол станциясына
байға тиіп кетіп еді, «күзгі лайсаңда киесің», деп сол сатып əкеліпті.
Жайлыбай оны бізге көрсетіп мақтану үшін, үйінен тығып алып шыққан.
Қатты қызықтық. Кезеккезек киіп көреміз, кезек-кезек киіп жүгіреміз. Жаз
шілденің кезі ғой. Екі-үш күн өтті ме, өтпеді ме аяғымыз əлем сасып шыға
келді. Сөйтсек, ботиыңыз күн ыстықта аяқты шуаш қылып жіберетін пəле
екен. Жасамаған ем-дом қалмады. Соның ішінде шипасы – қатық болды.
Қатық болғанда, одан Жайлыбайдың аяғы таза жазылып кетіп, менікі
пəсейгенімен, қалып қойды. Не сұмдық. Ол жаққан қатықты мен де жақтым.
Қалыңдығы да теңдей. Оныкі кетті, менікі қалды... Енді қараңыз, бесінші
класта оқып жүргенде теміретке деген пəлеге тап болдық. Бастың құйқасы
толы ақтаңдақ. Күкірт септі ме, тобылғының майын тамызды ма, болмайды,
түн баласы қос қолдап басымызды талап жатамыз. Содан əке-шешеміз
қайтеді, аудандық балалар ауруханасына алып барды. Қойған диагнозының
аты жаман – таз. Бола қоймағанбыз, бірақ осылай жүре берсек сөзсіз
боламыз. Ол аздай бұл теміретке дегенің жылдам жұққыш дерт екен. Содан
Көкмойнақтан келген құйқасы қызылала төрт бала, үш қызымыздың басы
əуелі тоққа салынды, артынан ақ дəкемен қалыңдап оралып, гипстеліп
тасталды. Бірер күннен кейін, басымыз кішірейгенін, жоқ гипстің кеңінен
қолпылдап қалған пəлені дəрігерлер алдыңғы жағын қайшымен қиып
жіберіп, басымыздан сыпырып алғанда зəре-иманымыз қалмады, құйқамыз
құйқа емес, былжыраған қыпқызыл ет... Ұзын сөздің қысқасы бұл қыпқызыл ет келесі ем-домнан соң қарақотырланып жазылып, құйқаға қайта
айналып, шаш шықты ғой. Жайлыбайдың басы жатқан қауын секілді ұзын
еді де, менің төбем шошақ болатын. Құдай қырсық қылғанда, менің
бұрынғы қалын шашым көктемде орылып күзге дейін күн астында жатып,
көбісін жел ұшырған шөптей селдіреп, ал Жайлыбайдың бұрынғы
шөлейттің селеуіндей селдір шашы толқындалып қалың өспесі бар ма.
Басының жатқан қауын секілді ұзындығы да білінбей қалды. Менікі, мінеки,
əуелгісінен де жаман істиіп кетті, - төбесін отағасыға көрсетті. – Неге? Неге
Жайлыбайдың жолы үнемі бола беріп, менікі неге кері кетеді деймін?
Түсінсем бұйырмасын дегендей отағасы иығын көтерді.

Сегізінші класты бітірген жылы ғой, - Асыраубай əңгімесін ары қарай
індетті. – Мені түлен түртті. Қайткен күнде мұғалім боламын деген
арманым ба, əйтеуір, Жайлыбайды педучилищеге түсейік деп қояр да
қоймадым. Бұрын қаланы кім көрген, қым-қуыт бір дүние. Əкем берген
адреспен күн ұзақ жүріп, немере қарындасының үйін əзер таптық. Апамыз
кешкі тамағын беріп отырып: «Ақшаларың болса, сендер əуелі бір сыпыра
киініп алыңдар, əйтпесе мына сықпыттарыңмен жұртты үркітесіңдер»,
деген соң ертесіне универмагқа бардық. Сонда ғой, көзімізге ең əуелі түскен
универмагтың үлкен-үлкен терезелерінің алдындағы зіңгіттей-зіңгіттей
қыздардың селеуеттері. Үлбіретіп киіндіріп қойған. Бұрын мұндайды
түсімізде көрмеген біз байғұс жаман таңғалайық. Таңғалғанымыз құрысын,
құда, сіз мына иттігімізді қараңыз. Япыр-ау, дейміз мына селеует
қыздардың басы, аяғы, қолы, беті, қиылған белі бəрі, бəрі бар екен, сонда
анауысын ше... Анауысын да көргіміз келіп, елге байқатпай етектерін
көтеріп, астына да үңілдік қой...
Отағасы мырс етті.

Қызық болған екен.
– Жо.., жоқ құда, қызықтың көкесі педучилищеге Жайлыбайды қояр да
қоймай ертіп барған мен емтиханнан құлап қалып, ол түсіп кетті ғой.
Өмірде осы жолы қатты арландым. Өзгені қойғанда Жайлыбайдың бетіне
жөндеп қарай алмадым. Обалы қане, мен құлап қалған соң ол да
документтерін қайтып алып, ауылға бірге қайтіп едік. Айтшы, құда-еке,
қайда да бірге барып, бірге қайтатын сол күндер қайда қалды? Əуелгі бір
жолымыз кейін неге онға, жүзге бөлініп, бөлектеніп кетеді. Тағдырдан ба?
Болсын-ақ, бірақ, ара-тұра қиылысып, ара-тұра түйісіп тұрмай ма. Күні
ертең, құдай оның бетін əрі қылсын ғой, əрине, кез-келгеніміз майда-шүйде
соқпаққа айналып, оны шөп-шалаң басып, сорабын да таппай қалсақ,
қайттік.

Қамыға бермеңіз, – деді отағасы.
– Қамықпауға болмайды, – деді Асыраубай, – Қамықпаған жерде үміт
түгесіледі, арман таусылады. Менің үмітім – Көкмойнағым. Ықылымнан
оты өшпей, түтіні бітпей келе жатқан оның мəңгі көктей беретіні. Арманым
– Көкмойнақты ұл-қызының соны біліп, соған қуанып, сол үшін ғұмыр
кешкені. Жайлыбай екі балам шетелге оқиды деді, оқысын. Ал, енді
Көкмойнақтың бүгінін, ертеңін шетелде оқыған соның екі баласы ойлай ма,
жоқ Көкмойнақта сылағы жалбырап түсіп тұрған мектепте оқып жүрген
киімдерінің бірі ұзын, бірі қысқа балалар ойлай ма?.. Күллі қазаққа ертең ие
болатын ұл, бəлкім, Көкмойнақтағы сол сегіз жылдық мектепте оқып
жатқан балалардың арасында жүгіріп жүрмегеніне кім кепіл...
Құдасы бұған ұзақ қарады.
Түннің бір уағына дейін гөй-гөйлеп, жатқаннан кейін төсегінде ұзақ
дөңбекшіп, таң елең-алаңда кірпігі əзер айқасқан Асыраубай түс көріпті.
Көкмойнақтың үсті көк тұман. Өзі шыңырауда тұр. Ернеуден біреу қол
созады, қараса, о, тоба, өзі...
Қай кез екенін, шошып оянды. Терезеден күн сəулесі төгіліп тұр. Тырс еткен
дыбыс білінбейді. Басы мең-зең. Киініп, ас бөлмеге бас сұғып еді, дастархан
əзірленіп, беті жабылып қойыпты. Шетіндегі подноста аузы ашық конверт
пен тілдей қағаз жатыр. Қағазды алды: «Құда! – деп жазыпты онда – Үйде
аздаған жиған-терген бар еді, соны алыңыз, конверттің ішінде. Мектебіңізге
сеп болар, асықпай бір қайтарасыз. Азанда Манарбекпен де сөйлескем,
балаңыз бен келініңіз де қарап қалмас. Манарбектің өзі телефон шалады. Біз
қызметке кеттік. Əлдене қажет болса, тоңазытқышта».
Асыраубай жалма-жан конвертті алды, ішіндегісін санаса тұп-тура бір мың
доллар. Қуанғанынан отырған орнынан құлап қала жаздады. Япыр-ай, мына
құда... Енді келін, баласы қосылса...
Тұрып тоңазытқышты ашып, шөлмектерге біраз көз салып тұрды да: «Жоқ,
Асыраубай, – деді өзіне-өзі. – Енді ұмыт бұл пəлені. Енді өзімен кетсін. Енді
таза ниетке таза деніңмен кіріс».
Балам хабарласып қала ма деген оймен ваннаға телефонды өзімен бірге ала
кіріп, шым-шым суға əжептəуір жуынды. Жуынып жатып та, жуынып
болып, ыстық шайды пора-порасы шығып ішіп отырып та көкейінен құдасы
кетпей қойды. Неге бүйтті? Аяғаны ма? Əлде кісілігі ме? Анда-санда бас
қосқандары болмаса, өзімен жақсы əңгімелесіп, терең сырласқан емес.
Білетіні ата-анасынан тым ерте қалып, балалар үйінде өскені. Кіндік қаны
тамған ауылды іздеу жас кезінде ойына келе қоймаған, кейін тапқан екен,
барса ауыл бұған, бұл ауылға жат болып шығады. «Сөйтіп, амалсыз ауылы
жоқ қазаққа айналдық. Ауылы жоқ қазақ...» деп терең, терең күрсініп еді,
бірде.
Неге екенін, осы сəтте Асыраубайдың ойына Жайлыбайдың шетелде оқып
жүрген балалары түсті. Ал енді олар... деп ары қарай бара жатыр еді,
телефон без-без етіп ойын бөліп кетті. Ұлы екен.

Мен ғой, папа.
– Əй, Манарбек, амансыңдар ма? – деп елпілдеп кеткен. – Иттің күшігі,
сен мына əкеңді біреу көкала қойдай қылып тепкілеп түрмеге қамап қойса
да іздейтін түрің жоқ қой.

Қойшы, папа. Қазір барамын да үйге алып кетемін. Киіне беріңіз.
– Əй, тоқта. Үйге алып кетеміңді қоя тұр. Қазір оған алаңдама, қу қара
басым, құры қол қоқайып барған ырымға жаман. Көп ұзамай шешең
екеуіміз келеміз. Үй алып, бөлек шыққандарыңды білмедік қой.

Енді, папа, келіп тұрып үйге кірмей кетесіз бе?
– Айттым ғой. Айтқанымды тыңда. Одан да қазір өзіңе барамын.
Дүкеніңе кіріп шығайын. Көрейін. Сосын жүріп кеткенім дұрыс, балам,
жұрт күтіп отыр. Құда айналайын, қаперімде жоқ жақсылығын жасап...

Келініңіз де сонша дайындап қойды, папа.
– Сөйтті ме?... – Асыраубайдың көз аясы ысып қоя берді. Сөйтіп, бір
түрлі көңілі босап тұрып, ішінен «келініңіз де» деп,.. келінді алға салып, итай ұрғашысын өлердей жақсы көретін болғаны ғой, деп те ойлап үлгерді.
– Папа, машина ұстап барайын ба? – деді Манарбек – Неге үндемей
қалдыңыз?
– Жоқ, өйтіп əуре болма, өзім жетемін. Дүкендерің базардың қай
тұсында... күн шығыс жағы... Аты...

«Мейрам.»

Е, табамын, таппай.
– Есіктерің сыртынан қатты итере салсаңыз өзі жабылып қалады,
ағылшын құлпысы ғой...
Асыраубай апыл-ғұпыл киініп, сыртқа шықты. Аяқ-қолы жерге тимейді,
жеп-жеңіл. Көңілі сондай бір алақұйын. Баласы мен келініне көп болса
жарты сағаты кетер, сосын Көкмойнақ... «Міне, əкелдім, дейді ғой –
міне..»Үлкен көшеде машина, автобус дегендер оңды-солды судай ағып өтіп
жатыр. Жолдың арғы шетінде екі-үш такси көрінеді. Соларға қарай
аялдамадағы тұрған автобустың алдынан жүгіріп өте шықпақ оймен
ұмтылғаны сол, қайдан сау еткенін... Асыраубайдың есінде қалғаны зулап
келіп қалған «Джип», қатты соққы мен тас қараңғылық...
Ол өзіне-өзі біраз күннен кейін келді. Көзін ашса тұла бойы сырқырап қатты
ауырып жатыр екен. Дəл біреулер жабылып аяқ-қолын бұрап, іші бауырын
езіп тастаған сияқты.
Жанында бетіне үңіліп, баласы мен құдасы отыр.

Ояндыңыз ба? – деді құдасы. – Зəремізді алдыңыз, біраз.

Не болды, өзі?

Ішіп алған қулар екен. Өңшең өрім жас. Сіз де асыққансыз...

Осы менің денем түгел ме?
Құдасы Манарбекке қарады.

Папа, бір аяғыңызды...

Көрсетші, көтер одеялды.
Балам одеялды жоғары ысырды. Сол аяғының тобықтан арғы жағы жоқ...
– Бастың амандығын шүкіршілік етейік, – деді құдасы, – Оқыс та жау
ғой.
Жаудан қалған жан олжа, Асеке.
Əке мен ұл сөйлессін деді ме, құдасы бұларды оңаша қалдырды.

Балам, қалтамда құда берген ақша бар-тұғын.

Бар, папа.
– Саған өтініш, ұлым. Сол бар, келін береді дегенді қосып, Көкмойнаққа
тарт. Бүгін жүріп кет. Жұрт күтіп отыр ғой. Күн болса өтіп барады. Ақшаны
жеткіз. Жайлыбай бастаған ағалардың жиып берген көмегі де.

Папа-ау...
– Сөйт. Жайлыбай десе ішкен астарын жерге қойып, төбелері көкке жетіп
жүрген жұрттың одан көңілі қалып қалмасын. Өзі жақсы дегенге жұрттың
сенімі жоғалса, адам біткеннен түңіле бастайды. Көкмойнақты өйткізбейік,
ұлым. Көкмойнақтағы бауырларың ешкімнен, ешқашан сенімін
жоғалтпасын. Сосын шешеңе айт, маған келемін деп ары-бері сабылмасын.
Өйтер жағдай, қане. Тірі қалыппын.
– Баяғыда майдан даласына бір аяғын түгел қалдырып келіп, бізге сабақ
берген марқұм Əміреқұлды оқушы біткен «Ойбай, балдақ келе жатыр» деп
күлуші ек, азар болса енді мені де сөйтер, – Асыраубай əзер езу тартты. –
Сабылмасын шешең. Мұнда құдайға шүкір, өздерің барсың ғой... Қайын
атаң иманды екен, қайдан білейін. Өміріміз шын жақсыны танымай, өтірік
жақсыны жағалаумен өтеді, ит-ай...

Басқа айтар сəлеміңіз бар ма?
– Сəлемім сол, əне-мінелемей жұрт іске кірісіп кетсін. Осыны Түрікбай
атаңа қатты табыста. Ақшаны сол кісінің қолына ұстат.
Баласы шығып кеткен соң, көзі молтақ аяғына түсті. Құдайдың ісі шығар,
деді іштей өзін өзі жұбатып, мүшеңнің кемдігі ештеңе етпес, бəрінен бұрын
ниеттің кемдігінен сақтасын. Адамдардың бірін-бірін іздеп келгені, іздеп
жатқаны, іздей беретіні ең алдымен ниеттің саулығы, тазалығы шығар. Иə,
сол, сол... Басқа немене...
Көкмойнақ жақтан қазір еміс-еміс бір əңгіме естіліп қалады. Ол сызу пəні
мұғалімінің Көкмойнақ мектебіне түптің түбінде Асыраубайдың есімін
беру туралы мəселе көтеріп жүргені. Сосын «Көкмойнақтан шыққан
көкжал» деген жалпы көлемі алты дəптер очерк жазып, аудандық газеттің
редакторына алып барған екен, ол: «Бұл дүниеңізді журналистік стильмен
қайта жазып шығуды айтпағанда, ішінде əкімдерге байланысты ыңғайсыз
сөздер кетіп қалыпты. Ал біз, əкімияттың газетіміз. Образдап айтқанда, сол
əкімияттың шашқан тарысын теріп жеп, бала-шаға асырап жүрміз.
Сондықтан, шырағым, мынауың біздің ыңғайымызға келмейді» деп
қайтарып жіберіпті.
Бейғам дүние
Арты желіп, алды аяңдайтын күрең биенің төрт тұяғы шаппай-ақ жер
апшысын қуырып келе жатқандай; иен далада ірге тепкен ауылдан ертеңгі
салқынмен шығып кеткен Естияр енді аз жүрсе асуға күн сəске болмай-ақ
ілінермін деп ойламаған. Сірə, жылқының жел аяқтығы жадынан өше
бастаған-ау. Ат жалын тартпағалы қашан. Өмір дейтін инеге ғұмыр дейтін
шіркіннің жібін сабақтай-сабақтай, күнді түнге жұтқызып, түнді күнге
ұтқызып, туған топырақтан бірте-бірте алыстай беріпті. Ата-ананың да
бірбірін онша ұзатпай əруақтарға барып қосылғанына он бес жылдың жүзі.
Соңынан ерген екі қарындасы дəм бұйырған екі қазақтың отын жағып
тутуде. Қалай болған күнде де ауылдан қара үзіңкіреп кеткені рас.
Биыл да келетін ойы жоқ еді, əкесінің ағасы Сəбдешбектен оқушы
дəптерінің он парағына жазылған хат келіпті. Ауылдағы бұлардың Естөре
руынан тарайтын жиырма шақты түтіннің жай-жапсары – кімі қайтыс
болды, қайсысының баласы үйленіп, кімінің қызы тұрмысқа шықты,
ажырасып кеткендері қанша, оқуға қанша бала түсті… түгел тізіліпті де,
тобықтай түйіні: “Шорман тұқымынан екенің, менің Сұрапалды
бауырымнан туғаның рас болса, ұзын арқан, кең тұсауға салып жүріп алмай,
келіп қайт, айтарым бар”, - депті.
Өзінің де ауылды сағынғаны, оның үстіне ойында көптен жүрген атаанасы
мен өзге де бірі жасы жетіп, бірі тағдырының талайымен мезгілсіз дүниеден
өткен жақындарына құран бағыштату парызы бар, оған шалдың мына “жет
те, жеті” қосылған соң, кезекті демалысын алып, жолға шығып кеткен.
Сəбдешбек əкесі жылдан-жылға шау тартып келе жатқанымен əлі ширақ
көрінді. Кемпірі тəңірінің аманатын баяғыда тапсырып, жесір қалғанымен,
құдай келіннен салыпты. Шалдың шашын алып, сақал-мұртын да басып
беретін де сол екен.
Жаздың күні емес пе. Шал бұтақтары бір-біріне айқасып кеткен екі түп
алма ағашының көлеңкесіне киіз жаздырып, көрпе төсетіп, жастық
тастатып, ас-ауқатты солай алдырды. Өзінің қалыңдығы кере қарыс арнайы
бөстегі бар екен, жамбасына соны басты. “Попыразың жоқ, ə, – деп қойды
бұған. – Андағы құйрығы сарыңды сорып көргем, дəмсіз… Əлгі біздің бала
шылымның құйрығы жалаңашын тартады, езуіңе қыстырсаң, аузың
қиқымға толып… бір жағы сорып, бір жағы шайнап жүре ме, немене”.
Шал ыстық шайдан ұрттап қойып, сөйлеп отыр: “Естөренің ішінде Шорман
тұқымы бəлендей өспей келе жатқан ата. Жиырма түтіннен жаңа асты. Отыз
екінің нəубаты бар, соғыстың зауалы бар… Спанбайдың маңдайы
жарқырап шыққан қос ұлы “халық жауына” ілікті. Əйтеуір, енді өсіп келе
жатқанда, бір пəле кесе көлденең келеді де, қараң-құраңданып қалады”, 
деді күрсініп.
Естияр ыңғайсыз күйге түсті. Жасы қырықтан асып қалғанымен мұнда не
ұл, не қыз жоқ. Құдай бермеді емес, берді. Бірақ үшеуі де апыл-тапыл басып
қалғанда үш түрлі аурудан бақилық болған. Медицина олардың дертіне
диагноз қойғанымен, ем таппады.
“Келін осы Семей жақтың қызы ғой, – деді шал. – Біздің ауылда бір білгіш
бар қазір. Қасы-көзін жауып тұратын Таубай атаң есіңде ме, түйе ұрып
өлтірген. Ұмытпасаң, жарықтықтың осы өзің құрыптас алакөз баласы
болмаушы ма еді. Əлде сенен сəл үлкен бе екен. Сол əне бір жылдары аяқ
астынан құладүз кетіп, айдалада жападан жалғыз домбыра дыңғырлатып
отыратын дертке ұшырады ғой. О пəлесін ағайындары Мамыт мергеншіге
айтып, ол бала қу далада домбыра сабалап отырғанында байқатпай барып,
төбесінен мылтық атып, содан қатты шошып, жазылған. Кейін қойшыларды
моншаға түсіретін машина айдап жүр еді, қой мен қойшының мəнісі кеткен
соң, қайбір береке қалды. Қазір үйінде. Үйінде болғанда жатпай-тұрмай
істейтін шаруасы – газит оқу, құры оқымайды, қойны-қонышына толтырып
өзімен бірге ап жүреді. Барған, тұрған жерінде басқа əңгімесі жоқ, тек газит
судыратады. Тыңдасаң, екі қолыңды төбеңе қойып, бұл дүниеден безіп
кетесің. Ылғи қырғын, лаулап жанып жатқан өрт, сілкініп жатқан жер, тасып
жатқан су, қаңыраған далалар, қараң қалған ауылдар мен жазылмайтын
ауруларды жиіп-теріп алған… Осы күні алакөз келе жатыр десе, жарық
əлемдегі барлық пəле-жаланы сол көтеріп жүргендей жұрт одан тымтырақай қашатын болды. “Ау, қайда барасыңдар, неге қашасыңдар, мынаны
естісеңдерші, білсеңдерші” – деп ананың да, мынаның да соңынан
далақтап, алакөз ала өкпе. Со қызбалақ бірде: “Ағайын, Семей жақтан келін
алмаңдар, Семей жаққа қыз бермеңдер, о жақта бір бəленің сынағы бəлен
жыл өткен, ауа бүлінген, қан бұзылған тұқым азады” деді ме, əйтеуір,
құдайдың зарын қылды. Бұл не, жындының сандырағы ма, қалай?
Мынаны айтқанда шалдың нені меңзеп отырғанын Естияр түсінген. “Əке,
қалай енді, сөйтіп Семей жақтан қыз беріп, қыз алғанды қойдыңыздар ма?”
– деп əңгімеге əзіл араластырмақ болып еді, шал оны елеген жоқ.
“Шырағым, газит жазған екен, оны түйе ұрып өлтірген Таубайдың алакөзі
айғайлап оқып, айтып жүр екен деп жұрт жүрісінен жаңылмайды ғой.
Сосын бір қазақтың баласы бір жағымыз аурулы екен деп өз қағынан өзі
қалай жериді. Не көрсе де бірге көреді де. Əңгіме бірінің басына түскенді
бəрі болып оңдап-түзеуде шығар. Құдай тағала əу баста пенде шіркіннің
тағдырын бір-біріне матап, тұтас қылып жаратқан ба, кім білсін, оқымаған
адамбыз…”
Күрең бие пысқырынды. Тау шөбін үзіп тартқысы келе ме, ауыздығын
шайнап, басын сүзе береді. Мына кейпінде сəл тебінсең жердің жүрегі
болып соғып, дүниенің кеудесінде дүрсіл қақпақ. “Пау, шіркін-ай!” деп
дауыстап қалды Естияр. Деп қалып оңтүстік пен солтүстікке екі шалғайын
жайып тастап, батыс пен шығысқа көлденең жатқан, ана басы мен мына
басына көз жете қоймайтын асуды көзімен сыпыра қыдырып өткен. Сонау
бір кездерде осы асу жатқан кең далаға жұмсақ жұпарлы самал саулап
тұратын. Сəбдешбек қария айтып отырса, ұзақ жылдар өтіпті, таудың ол
үлпілі ізғайым. Оның орнына қай бағыттан шығатыны белгісіз, күн сайын
түс ауа шыр айналып, сабалап соғатын күшті бір жел пайда болыпты.
“Есіңде шығар, – дейді шал, – сендердің бала кездеріңде мына құладүзге
қызыл изені аралас қара жусан ұйысып өсіп жатпаушы ма еді.
Көркемтаудағы екі колхоз бар, оған біз қосылып, тайлы-таяғымызбен ала
жаздай мал азығын дайындағанда ұшы-қиырсыз дала аралары алпыс
адымнан аспайтын шөп маяларынан көрінбей қалатын. Қалай мына шыр
айналып соғатын жел пайда болды, солай қаптатып мая тұрғызбақ түгілі,
ешкі-лағымызды енді қайда апарып жаямыз деп қалдық қой. Ерте көктемде
айнала көктеуін көктейді, содан жаз шыға жынды жел басталып, көктей
солып, көтерілмей қалады. Ал енді мына сұмдықты қара, сол көктей солып,
көтерілмей бірте-бірте тұқымы құрып бара жатқан қара жусан мен қызыл
изеннің орнына шөп деуге келмейтін, тікенге ұқсамайтын, шіліктен бөтен,
жапырағы жоқ тырбиған-тырбиған бірдеңелер өсіп жатыр. Мал жемейді,
отқа жанбайды. Таубайдың алакөзі айтса, жер азды. Азуына Мұзбелдегі
баяғы шақтының орнына өзінен-өзі пайда болған көл себеп.” Естияр
елеңдеген. “Көл деймісіз?” “Иə, көл. Əлгі Мылтықбай сол жаққа көшкен
соң, оқта-текте ат ізін салам ғой, сонда арнайы барып көрдім. Айналасы ат
шаптырымға жете қоймағанмен, көлемі əжептəуір. Түсі көкпеңбек.
Жетпісіңді аяқтап қалған жасымда мен сондай тұнық көгілдір су көрген
емеспін, шырағым. Өз бетінше қарап жатқан көгілдір көлден бір жақтағы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 25
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.