Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 11

Total number of words is 4243
Total number of unique words is 2343
35.0 of words are in the 2000 most common words
47.6 of words are in the 5000 most common words
54.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тұсаулы тұрған өгіз бір түнде ат шаптырым жердегі жоңышқаға қалай
барып түскен.
- Əдейі айдап апарған шығар.
- Қой əрі, адам дəл сондай қысастыққа бармайды. - Бармаса, өгіз қайда?
Колхоздың бақандай қос өгізі… Жанбота Төлешке барды.
Кісіге тік қарайтын жігіт еді, осы жолы жүзін алып қашты.
- Тұсаулы өгіздің жоңышқаға қалай кеткеніне таңым бар, - деді ол аз
үнсіздіктен кейін. – Таңым бар…
Жанбота не жұбатарын, не басқа сөз айтарын білмеді. Тағдырдың Төлешке
қырын келуіне өзі кінəлідей қипақтады.
- Көңілімде көздің қарашығындай дақ жоқ еді. Тірлік сонда да көк сүңгісін
кеудеме тіреп жүргізбейді. – Төлештің күрсінгенде көкірегі қарс айрылған.
– Кеше жер ауып жүргенде туған жерге аман жетсем дедім. Жетсем болды,
дүние күле қарайтындай, енді қайтып қабағымды кір шалмайтындай
көрінді. Қараптан қарап қиюының кеткенін қарасаңшы.
- Жə, сен əдейі істеген жоқсың.
- Əй, Жанбота-ай, балапанының аузына су құйған қарлығаштай Қаракөз
аулын қорғаштап келесің. Басыма ана жылы да ара түсіп едің, енді сені тағы
екі оттың арасына түсуге мəжбүр етіп тұрмын. Соған татимын ба осы?
- Сен құлақ салшы маған?
- Бір топырақтан жаралған жоқпыз ба?
Жанбота Төлешті тыңдап отыр.
- Жан-жағңыңа қада қағып, адымыңды аштырмайтын зауал – түндігіңді
ашысып-жабысып жүрген ұяласың екенін екі дүниеде қаперіңе алдың ба?
Басы жұмыр пенде ретінде, ақыл-ес иесі ретінде ұшы-қиырсыз жер мен
көктің еркіндігіндей рақатты қашан көріп едің. Кешегі əкеміздің, оның ар
жағындағы бабамыздың тар қапаста талықсып ғұмыр кешкені, көз жұмарда:
“Саған сыймадым ғой!” – деп жер мен көкке өкпе білдіргенін бəріміз білсек
те, олардың жарық əлемге емес, ағайынның, яки, адамның арасына сыймай
кеткенін ешқайсымыз неге айтпаймыз? Қамшы сабындай тұтам тірлікте
жаратылыс жарықтыққа: “Жерің кеңісе, ал мен кеттім”, - деп несіне бекер
наза білдіреміз. Ұланғайыр жер – жатсаң төсегің, ексең егінің, ішсең суың.
Оның саған жасаған қылдай қиянаты жоқ, көресіні көргенде адамнан
көрдің. Санап тауысуға болмайтын қалың шөп, ағын су, асқар Алатау
сыйған жерге, бір-біріне күншілік-айшылық жол жүріп жете алмайтын
адамдар неге сыйыса алмайды?
Біреуден күмəнің бар ма, Төлеш?
- Жауыққанның ісі, тұсауын алып, əдейі қуып барған.
- Сонда кім? Өштескен, кектескен ешкімің жоқ сияқты еді ғой?
- Кім болса да мені бетке ұстап, бір бəле ойлап жүр.
- Осының дабыры басылғанша, Жайсаңға қамыс оруға жіберейін.
Төлеш Жайсаңға аттанған соң көп кешікпей-ақ, ауылға белдеріне наган
байлаған екі аттылы келген. Біреу арыз жазыпты. Арыздың ұзын ырғасы –
Қаракөзде колхоз ұйымдастыру кезінде Кеңес өкіметінің өкіліне қол
жұмсап, он жыл ит жеккенде жүріп келген, жуырда колхоздың арбаға
жегілетін екі өгізін əдейі жоңышқаға жайып, ішін жарған қаскүнем жүр,
оны Жанбота бастық жасырып отыр.
Жанбота жаны кеудесінде тұрғанда, Төлешті ұстап бермеуге əбден бекіді.
Ол өлімнен де, басқадан да емес, адамға жасалған қиянаттан қорқатын. Қара
халықтың жауы болса, ойланбастан жан алқымынан алар еді, Төлешке
қалай қол жұмсайды. Күні кеше елдің намысын қорғаған айналасына
қайырымды азаматты тағдыры қырын келген екен деп кімнің додасына
салады. Большевик болған, колхоз ұйымдастырып, елдің еңсесін көтерген
Жанбота екі дүниеде қылдай қиянатқа бара ма? Бұған өлсе көрінде тыныш
жататын адалдық керек.
Оны əлекке салудай-ақ салды. Аудан апарды, қайта əкелді, тағы əкетіп, тағы
əкелді. Ақыры, жауып тастаған. Орнына екі жыл бұрын бухгалтерлік курсты
бітіріп келген, қазір кеңседегі жалғыз сауатты Қыниятты уақытша сайлап
қойды.
Көп ұзамай Төлеш те айдалды. Жанботаның қамақта осы үшін отырғанын
естіген соң, өзі келіп қолға түскен. Қоштасып тұрып Қойшыман шалға:
“Қайтейін, тағдырымнан көрем де, ендігі жерде басқаларға абай болыңдар”,
- деген.
Бір жұмадан кейін ауылға Жанбота жалғыз келді. Өзі əбден жүдеген.
Келді, келді де күндіз ауыл сыртына шығып күнді батыратын, түн болса
Қаракөз бен Сарыағаштың жырын күбір-күбір қайталайтын мінез тапты.
Ешкіммен сөйлеспейді. Тілін тапқан Қойшыман ғана.
- Жанбота-ау, не болған саған?
- Қойшы аға, сірə мен бұл дүниеден кететін шығармын, - деді ол.
- Япыр-ау, бұл қай сөзің? Дүниеден кету адамның өз қолында ма?
- Айтыңызшы. Осы жұртқа жасаған түйменің сынығындай жақсылығым бар
ма менің?
- Сен, Жанбота, Қаракөздің жұртын осы күнге арқаңмен арқалап жүріп
жеткіздің. Сен бастадың, біз ілестік, ел болып еңсе көтердік. Өлсең, жұрт
өкінішінің орны толмайды.
- Рақмет, Қойшы аға! Мына сөзіңіз жан дүниемді бір серпіліп тастады.
Енді өлсем де арманым жоқ.
- Япыр-ау, Жанбота, не айтып отырсың?
Көп ұзамай Жанбота керуетте сұлық жатқан күйі дүниеден қайтқан.
*
*
*
Көпжасар теңселіп ұзақ отырды.
- Ауырмай, сырқамай, суға ақпай, отқа күймей, адам қалай өледі,
Сарыағаш?
- Оны сендер білесіңдер, мен білмеймін, - дер еді егер Сарыағашқа тіл бітсе.
- Айтшы, Сарыағаш. Төлешке дұшпандық еткен кім?
- Қыният. - Неге? - Төлештің алған əйеліне қыз кезінде Қыният көп
қырындамады ма? Табанын жалауға дейін барған. Бірақ көндіре алмай
қойды. Сөйтіп əрі-сəрі жүргенде, айдаудан Төлеш келіп, қыз соны қалады.
Қынияттың ішіне қан қатуы сондықтан. Əйтеуір, ананың бір сүрінер сəтін
тосқан.
- Сонда Төлештің екі өгізін жоңышқаға айдап апарған сол ғой?
- Əрине, сол. Төлештің сүріне қоятын түрін көрмеген соң, бəленің бəрін өз
қолымен жасады. - Залым-ай!
- Оның залымдығы сендер ойлағаннан əлдеқайда тереңде. Төлеш арқылы ол
Жанботаға да зобалаң салатынын, бірін-бірі сатпайтындарды құлату үшін
бір-ақ оқтың жететінін білді.
IV
Үшінші күн дегенде Көпжасардың қазған құдығы өз бойынан əрең асты.
Қазған жері қып-қызыл тас болып, іс мүлде өнбеуге айналды. Шеті қайда
жатқаны белгісіз, қалың-қалың, қатпар-қатпар тастар бірінен соң бірі
шығады. Сындырып ойып алудан өзге амал жоқ. Кеше ілесе келіп біраз
қолғабыс тигізген Маймақ: “Бұл таулы жер, табанына жеткенше тас, құр
арамтер боласыз, аға”, - деп түңіліп кетті.
Сүймен ұрған сайын аяқ астынан жылт-жылт от шығады. Нағыз діңкелеудің
көкесі осы. Алақаның дызылдап, екі білегіңді тоқ ұрып тұрғандай. Əттең,
жас кезі емес. Сол дəурені болса тас дегенің сөз бе? Сілтеген сайын қақ
айырып қақыратып тастар еді-ау. Жоғалтқаныңның біразына қайта қолың
жеткенімен, өткен өміріңді, жастығыңды еш уақытта қайтара алмайсың.
Əттең, қайран жылдар-ай. Көбіне жөнсіз рəсуа болмасаң, қаншама шаруа
тындырып үлгерер едің. Соны біле тұра ғұмыр қысқа деп ретсіз ақталып,
өтірік көлгірсиміз. Болмаса пенденің ғұмыры дегенің ұзақ, тым ұзақ жол
ғой. Ана басы мен мына басына дейін қанша түн батып, қанша таң атады.
Бір жақсысы – қазған жердің іші қазір көлеңке, төбеңнен күн өтпейді,
денеңді топырақтың салқын лебі өбіп тұрады. Көпжасар жұмыстың
қызығына əбден беріліп алды. Шаруаның тізгінін қолына алса – бітті, соны
бір жағына шығармай, екі дүниеде солығын баспайтын өлермен мінез қазір
де мейлінше дендеп, қолын байлап қойсаң да, əл-дəрмені түгесіліп бітпей
іркілмейтін ағысқа көшіп алған.
Шыт-шыт сынған кесек тастарды сыртқа күрекпен емес, қолымен
лақтырады. Үміт, шіркін, қандай! Енді біраз қимылдаса, тас асты ұлпа
топыраққа ұласатындай, не су шығып кетердей болып көрінеді. Су
сылдырап естілмей ме екен деп табан астына құлақ тосады. Сыбыс жоқ.
Қатпар-қатпар тастың сызатымен жер асты ағыстарына қосылып, біржола
жоғалып кеткеннен саумысың, жарықтық? Жоқ, сен шығуға тиіссің.
Өкпеледің, өкпеледің де, тереңірекке тартылып кеттің. Кешір мені. Сенің
құрғап кетуіңе жол беріп алған күнəмді кеш, Қаракөз. Мен сенің жырыңды
Белоруссияның батпағында да, Румыния, Польша жерлерінде де жері бөлек,
тілегі бір бауырларға айтқам. Бəрі-бəрі таңдай қақты, таңырқады, бəлкім,
олар балаларына жеткізген шығар. Бəлкім сені жер шарында мың сан адам
айтып жүрген шығар. Мың сан адам көргісі, көз салғысы, еңкейіп мейірін
қандырғысы келер. Ол жұртқа мен жайында қалай, қашан айттың дейсің бе?
Қаракөз-ау, Көпжасар кімді, нені көрмеді? Көпжасардың көргенін түгел
айтса, ғасырға жүк. Қайсыбірін айтайын. Қайда жүрсм де сені, диқандық
кəсібімді ұмытқаным жоқ. Иə, Көпжасардың жоғалтқаны көп қой, Қаракөз.
Айтайын саған бəрін…
*
*
*
Соғыстың басында Могилев түбінде шайқасып жатқан Көпжасарлар кейін
шегінді. Бірақ қоршауда қалып қойды да, майдан шебіне қарай Белоруссия
ормандарын паналап, шығысты бетке алып, жылжып келе жатты. Бір
деревняда немістердің тосқауылына ұрынып, он бес адамнан үшеуі ғана
аман шықты. Оның да біреуі ауыр жаралы. Полат деген тəжік жігіті еді.
Көпжасар мен солдаттар Ермолай Марчук ағай атап кеткен егде сержант
екеуі Полатты кезек-кезек арқалап, қалың орманға шым батып кетті. Мезгіл
– көктемнің қарсаңы. Жерде қар бар. Керзі етіктің іші шылқ-шылқ етеді.
Ағашқа ендеп кіріп алған соң Көпжасар мен Марчук бұтақтан құрастырып
зембіл жасап, жаралыны соған салып алды.
Соғыстың заңы – ол өліммен ғана шектелмейді, сені айнала төңірек ажал
анталап жүреді де, оттың ортасында небір азапты бастан кешесің. Əрі аш,
əрі тоңған екі солдат жаралы солдатты көтеріп ағаш ішімен бір тоқтап, бір
жүріп əзер келеді. Олар бір-біріне жақ ашпайды, тілге ерік берсе өзі қылға
ілініп тұрған күш-қуатын сарқып алардай тістесе түседі. Бұлардың жанын
жеп, жағасына жармасып кел жатқан азап жалғыз ғана ма? Жүз сан
жолдастың мəйітін артына қалдырып, енді аяқ тірер бұдыр таба алмай, өз
жерінде өздері бұқпантайлай шегініп келе жатқандарын ойласа жүректері
шаншиды.
Екінші түнге қарата əбден қалжырап, демі біткен Көпжасар мен Марчук
мұздап өлуге аз қалған соң, қураған бұталарды жинап от жақты. Маздаған
жалынға Полатты жақын жатқызды. Өздері суы сорғалаған шұлғауларын
кептіруге кірісті.
- Мені бір жерге жасырып кетіңдер, - дейді Полат. – Сенімді адамдар
жолықса, келіп алып кетерсіңдер.
Сержант махорка орауға кірісті.
- Рас, айтам, мына қалпымызбен бəріміз бекер өлеміз, - дейді Полат.
- Ал сен өмір туралы ойла! – Марчук қолын отқа қақтап-қақтап алды. –
Осыдан кейін бір-бір табақ ботқа болса ғой… Қалай қарар едің, а, солдат? –
Ол Көпжасарға қарап езу тартты. – Қатып кетер еді, ə?..
- Бас тартпас едім, Ермолай ағай. – Көпжасар да зорлана езу тартты.
- Ал, бұл əзірше арман. – Сержант махорканы құшырлана сорып отыр. –
Армандай да білу керек, рас емес пе?
Көпжасар қу бұтақтарды көп қылып жинап əкелді. алғашында ағаш бықсып
түтіндеткенімен, кейін лаулап жанып, жақсы маздады.
Əркім өз ойымен. Көпжасар қаз-қатар бойлап өсіп орманға айналған сансыз
ағаштарға қарайды. Адамдардың ағаш құрлы ымыра таба алмағаныай!
Бірлесіп өскеннің өзі қандай жарасымды. Қарағай еменді, емен қайыңды
демеп көкке өрлейді. Бəрі бірлесіп қалыңға айналған. Өмір сүрудің өнегесі
осы, өмір сүрудің өнегесі иық тіресіп қаз-қатар өсіп-өнуде деп тұрғандай.
Ақыл-есті демесең, адамдар да жаратылыстың бір бөлегі емес пе? Ағаш –
орман, адам – халық. Соңғысында сана-түйсік бар, сана мен түйсік
тіршілікке бас-көз болу үшін берілген. Пенде, шіркін, осыны неліктен
ұмытып қала береді?
- Су… - Полаттың даусы əзер естілді.
Көпжасар тұра бермек еді, Марчук басын шайқады.
- Болмайды, - деді сержант.
- Су…
- Шыда, солдат! – Марчук жаралының бетіне үңілді. – Саған су ішуге
болмайды, достым. Шыдау керек.
Бойлары жылынған соң, Көпжасар мен Марчуктің көздеріне ұйқы тығылды,
денелері ұйып, босап барады.
- Ту сыртымыздан немістер шыға келмей ме, жолдас сержант?
- Қара түнде олар орманнан не іздесін. Сен не, қорқып отырмысың?
Көпжасар үндеген жоқ.
- Балаң бар ма, ұлым?
- Үйленіп үлгерген жоқ едім.
- Ал менің екі қызым бар. Псковта… Псковта деймін, қазір олардың қайда
екенін құдай білсін.
- Соғысқа дейін не істедіңіз, Ермолай ағай?
- Істемеген шаруа қалды ма? Таға, шеге соқтық, жер жырттық, тұқым септік,
Марчуктер əулетімізбен диқанбыз.
- Солай деңіз, мен де диқанмын.
- Сенің жеріңнің топырағы қандай? Қара бидай өсе ме өзі?
- Қызыл бидай өседі. Кəдімгі баданадай қызыл дəн.
- Еһ!.. Көктем мынау қол созым. Жақында қарлығаштар ұшып келеді.
Топырақтан бу көтеріле бастайды. Бізде бір бригадир бар… Қартайды өзі
де. “Ал, бауырларым, бастаймыз!” – деп алға түсуші еді ылғи. Жұмысты да
жаман істеген жоқпыз сол кезде. Астық та мол болған… Енді оған сөз бар
ма? Солай… Көктем болса мынау келіп қалған, ал біз мылтық көтеріп
жүрміз. Дағдыланбаған пəле…
Алма-кезек көз іліп, олар таңды атырды. Полатта тіл жоқ, тобығынан қара
санына дейін ісік. Тірліктің нышаны əзер алған демінен білінеді. Полатты
көтеріп Марчук пен Көпжасар ілбіп басып шығысқа жылжып барады. Олар
қанша жүрді, көп пе, əлде жүз ғана қадам ба, ол жағы белгісіз, əйтеуір,
жалбыр бұлттардың арасынан сығырайып күн дəл төбеде тұр. Кенет орман
шымылдықтай сырылып, алдарынан ана шеті мен мына шетіне дауыс əрең
жететін алаңқай пайда бола кетті. Сержант пен Көпжасар жуан ағаш түбіне
бой тасалап, алаңқайға айнала көз салады. Алаңқайдың ортасында қаңқиып
бірнеше машина тұр. Анадай жерден арба көрінді, жанында ат жайылып
жүр. Сірə, бұл жерде адамдар да бар сияқты. Сонда олар кімдер?
Көпжасарлар дем шығармай бақылады. Аналар техниканы бөлшектеп,
кейбіреуін аулағыраққа апарып көмсе, қалғанын арбаға апарып салып
жатыр.
- Ұрылар ма?
- Оған ұқсамайды, - деді сержант. – Колхозшылар сияқты, бақылайық,
асықпайық.
Аналар өзге дүниені ұмытқан, қимылдары тез, күн бесінге дейін талай
шаруа бітірді, сонан соң майда-шүйде темір-терсектерді арбаларына салды
да, қалыңға сіңіп ғайып болды.
- Осы маңда деревня бар білем, – Сержант махорка орады. – Айналаны
шолайық, бүгін паналайтын жер таппасақ, қиын. – Ол көз қиығын жаралыға
салды.
Олар Полатты қалдырып, ағаш арасымен алаңқайды жағалап алға жүрді.
Біраз ұзаған соң алдарынан жалғыз аяқ сүрлеу кезікті. Сонымен тағы едəуір
ілгеріледі. Бірақ артқа жүрген дұрыс па, алға басқан дұрыс па? Соны ойлап
жан-жақтарына қарап бастары қатып тұр еді, əлдеқайдан аяқ дыбысы
естілгендей болды.
- Жат, солдат!
Екеуі жолдан былайырақ бір-бір ағаштың түбіне автоматтарын ыңғайлап
бой жасырды.
Аяқ дыбысы жақындай түсіп, сөздері де естіле бастады.
- Олеся, бас аяғыңды. - Етігім қажап келеді.
- Əмсе, солай ғой сенікі.
- Ақырын жүрші, Христя апай.
- Жаныңды аяма, көкетайым, кеш батып кетеді.
Аяқ астынан мылтық ұстап шыға келген арса-арса, сақал-мұрттары өскен,
бейтаныс адамдарды көріп естері шыққан əйелдер арқалаған отындарын
тастай салып, тұрып қалды.
- Сəлеметсіңдер ме, туғандар! – деді Марчук даусын барынша жұмсартып. –
Қорықпаңыздар.
Егде əйел есін тез жинады.
- Орыссыңдар ма, өздерің?
- Орыс емей, - Сержант суқағарының бүркеншігін милығына қарай түсіріп
жіберді. – Мінеки, - деп бас киіміндегі бес жұлдызын көрсетті. – Бұл қай
маң өзі?
- Замошьня, - деді өгде əйел. – Селомыздың атын айтам.
- Селода немістер бар ма?
- Тұрақты гарнизоны жоқ, бірақ күн сайын келіп-кетіп тұрады. Түнге
қалмайды, құдай жарылқағанда.
- Қоршаудан шығып келе жатыр ек.
- Қоршаудан дейсіңдер ме?.. Көрдік талайын, қаншасы өтпеді бұл жерден.
– Егде əйел отынына қол созды. – Олеся, ал ағашыңды.
- Қалай қарай өтті? – деп сұрады сержант. – Бет алыстары шығыс па?
- Оны кім білген?! – Егде əйел қолын қалыңға қарай сілтеді. –
Смоленщинада орман дегенің, əне, тірі пенде түгел тығыламын десе де
жетеді, көкетайым.
- Біз ашпыз, туғандар.
- Қазір елдің бəрі аш. Селоға барып Платон қартқа жолығып көріңдер.
- Селоға дейін қанша жер?
- Осы жол апарады жүре берсеңдер.
- Платон қарт дегендерің кім?
- Платон қарт, Платон қарт, көкетайым… - Əйелдер жолға түсе берді.
- Тоқташы, қарындасым, - сержант аналардың алдын бөгеді, - Анда ауыр
жаралы бар еді. соған дəрігер керек.
Егде əйел сəл ойланып барып:
- Ілесіңдер, - деді.
- Немістер жоқ па қазір?
- Олар кешке қарай қалмайды демедім бе.
Олеся дегені үлкен көгілдір көзді, өңі аппақ əсем бір жан екен, жаутаңдап
Көпжасарға қарай береді.
Олар селоға келгенде, іңір түсе қоймаған. Біраз жұрт қақпаларынан
бастарын қылтитып, үн-түнсіз қарайды. Егде əйел екеуін старостаға ертіп
əкелді.
- Бұлар кім, Христя?
- Жə, енді ежіреймей. Қоршаудан шығып келеді екен, жаралымыз бар дейді.
- Майдан шебіне өтуіміз керек, - деді Марчук сақалы қауғадай старостаға.
- Ол алыс қой, əрі алдарың түгел тосқауыл.
- Амал қайсы, көреміз тырысып. Тек жаралыны жасыруға көмек беріңіздер.
Енді сүйретсек, өліп қалады.
- Əзір ештеңе дей алмаймын…
Сол түні староста Көпжасарларды партизандармен табыстырған.
Соғыстың аты – соғыс, бірақ бір ғажабы – адам үрейдің қалың ортасында
жүріп те əу бастағы кəнігі тірлігінен қол үзбейді. Белорус орманының
тұрғындары ажалмен иықтасып жүріп-ақ жер жыртып, тұқым сепкенін
тоқтатқан жоқ. Замошьня селосында қар кетісімен, түнде жер жыртылып,
тұқым себіліп жатты. Тұрғындарға партизандар көмектесті. Оған отрядтан
бұрын диқандық кəсіппен айналысқан біраз адамдар бөлінді. Мылтықты
ағашқа сүйей салып, қолына күрек алғанда Көпжасар соғысты мүлдем
ұмытады. Бала кезден бергі жерге, жұмысқа өлшеусіз іңкəрлігімен,
жандүниесімен ұмтылса, шаттық, қуаныш екі қолтығынан демеп
қимылдайды. Орман жері Қызылқайнардың топырағынан аумайтын, екеуі
де жұп-жұмсақ мақпал реңдес қара бұйра.
Көпжасар өзіне етене жақын тірлікті əбден сағынып еді. Соғыстың алдында
екі жыл техникумда оқыды, сол жерден армияға алынды, одан майдан… Оқ
пен оттың ортасында жүріп-ақ əлдебір қымбатын жоғалтып алғандай үнемі
қармана беретін. Сондағысы мына қаракет болып шықты. Топырақ аударып,
егін салудың айтып жеткізгісіз қуанышымен табысқан соң етек-жеңін
тіміскілеген үрей ізі-қайым жоғалып, өн-бойында жарық дүниенің
жақсылығына ғана тəнті сезім қалған. “Адамды адамға қарата мылтық
атқызып қойғанша, осылай табан ақы, маңдай терінің рақатына бөлеп, сол
лəззатынан айырмасаң қайтетін еді, дүние!” Жанына староста Платон қарт
келеді.
- Шығыстанбысың, солдат?
- Қазақпын мен. Қазақстаннанмын.
- Аулыңды сағындың ба?
- Бізде де тұқым сеуіп жатыр қазір. Бұл кезде жұрт Қаракөз бен
Сарыағаштың жырын айтады.
- Кімнің?
- Қаракөз бен Сарыағаштың. Баяғыда мынандай оқиға болған, - деп
Көпжасар білетін аңызын əңгімелеп береді.
- Қызық жай екен өзі де. – Шал басын шайқап ұзақ ойланып қалды. –
Фашистердің күнəсін кім арқалайды?
- Сіз біздің Қойшыман шалға ұқсайсыз, Платон ағай. - Кім дейсің?
- Біздің ауылда да бір қария бар, жақсы кісі.
- Ал мен старостамын ғой.
- Сізге немістер шынымен сене ме?
- Оны кім білсін, ал маған старосталық жұртты аман сақтау, партизандарға
көмек көрсетіп отыру үшін керек.
- Мына жақта, - Көпжасар орманда алғаш ұшырасқан алаңқай жаққа қол
сілтеді, - егіске керек техникалардың тұрғанын көріп едік.
- Жасырып үлгере алмай қалғанбыз. Немістер келген соң есепке алып
қойды.
- Біреулер бөлшектерін шығарып алып көміп жатты ғой.
- Өзіміздің адамдар. Апарып жасырып жатыр. Жауды жеңген соң аршып
алмаймыз ба? Сонда бір келсең… Бүкіл Белоруссия ормандарының
арасындағы алаңқайдың бəрінде жайқалып өскен алтын масақты көрер едің.
- Сөзсіз келер едім, бірақ жұмыс жетіп жатыр ғой бізде де. Босай алмаспын,
сірə.
- Мүмкін, осында қаларсың, ə, солдат? Біздің қыздарымызды көрдің ғой,
қандай, ə?.. – Шал қулана күліп қойды. – Мұндай қыздарды шам алып
іздесең таппайсың. Тəңірінің көзі сүрінеді құрғырларға. Сен де мынау
алпамсадай қасы-көзің қиылған жігітсің, ойлан!
Көпжасар күледі де қояды.
Бала-шаға, шал-шауқаны бар қалың жұрт ай астында азанға дейін айыздары
қана жұмыс істейді; қолдары қимылдап жүріп сыр шертіседі, баяу да болса
өмірдің базарын аңсаған, баянын тілеген əн айтады, базына білдіреді.
Қалың ағаштың арасындағы алаңқай жан алып, жан берген əлемнен бөлек,
бейбіт тірлік кешіп жатқан оқшау дүние секілді; барлық бəле-жала оны
айналып өтіп жатқандай болып көрінеді. Сырт көзге солай, ал шындығына
келсең, бұл əлемде де тіршіліктің мəңгілігін айдай əлемге айтатын күрес
жүріп жатқан, Көпжасар солай ойлайды. Ешбір күш адамды жерден, жерде
істейтін қаракетінен ажыратып ала алмақ емес. Өлімді жеңу үшін жерден
қуат алу керек, одан өсіп шыққан əр сабақ, əр дəннің бойында өшпейтін
өмір, тəніңе сарқылмас күш-қуат беретін, жаратылыстың өсіп-өну, пəктік,
тазалық рухын сіңіретін ғажайып нəрі бар. Село тұрғындарының
қайқайсысы да адал ниет өмір өзенінің асау ағысынан жауыздықты
ығыстырып, лақтырып тастайтындығын біледі.
- Фашистер бізден бəрін алдық, құр қол қалдырдық деп ойлайды, - деді
Платон махоркасын бұрқ-бұрқ сорып, - бірақ денеңдегі ана сүтімен
дарыған, тіршіліксіз отыра алмайтын қасиетіңді қайтіп алады? Ол қорада
тұрған тауық емес қой ұстап əкете беретін.
- Шынында да, сіз, Платон атай, Қойшыман шалға ұқсайсыз.
- Сонда ол шал не істеп, не қоятын адам?
- Өзіңіз сияқты диқан.
- Онда, əрине, ұқсаймыз. Диқанның бəрі ұқсас.
- Айтыңызшы, егер мына ісімізді немістер біліп қойса, бидайды ұрлап
өсірдіңдер деп сойқан салып жүрмей ме?
- Оны мен қайдан білем, немістер менімен ақылдаса ма? Егер тілімді алса,
мылтықтарыңды қоқаңдатпай үйлеріңе қайтыңдар, кісі өлтіргенше жер
жыртып, егін салсаңдаршы дер едім ғой. Ол жұмыс істеп жатқан жұртқа
қарап иегін көтереді. Қалай болған күнде де жұрт жерді жетімсірете
алмайды. Мəселе қайда…
Тұқым ат шаптырым келетін екі алаңқайға себілді. Соңғысы ит мұрны
өтпейтін нудың ортасында, ені тар, ұзыннан ұзақ жолақ еді. Отрядтың өзі
сол маңайда. Партизандар қазір қиян-кескі қимылға көшіп алған. Жолдарды
миналап, көпірлерді бұзады. Жау гарнизондарына тұтқиылдан тиісіп, талай
фашисті жер жастандырды, қару-жарақ қорын молайтып алды. Немістер
енді олардың соңына шам алып түсе бастаған.
Жаздың соңғы айы. Замошьня тұрғындарында зəре жоқ. Жайқалып өскен
бидайдың үстінен түсіп қала ма деп сескенеді.
Күн ұясына таяқ тастам қалған кез еді. Аспан бұлт, жаңбыр иісі білінеді.
Көпжасар мен Марчук деревняға азық-түлікке келе жатқан.
- Жолдағы бидайды көре кетейікші, - деді сержант тамсанып. – Иісін-ай!
Астық сарбалақ тартып, сарғая бастаған. Масағы бөртіп тұр. Тісіңе бассаң
əлі түгел қата қоймаған дəннен сүт шығады. Жер-Ананың ақ сүті.
Көпжасардың көзіне жас үйірілді. Ол Қаракөзді сағына еске алған.
Мықидың жотасы, Абдыра тас, Қызылқайнар елестеп қоя берді. Айналадан
сол өңірдің жұпары аңқып тұрғандай.
Екеуі егіннен біршама ұзап шығып, іркіс-тіркіс келе жатыр еді. Марчук
Көпжасарды жеңінен тартып қалды.
- Тоқта!.. Немістер…
Сонадайда араларын алшақ ұстап, жеңдерін түрінген жау солдаттарының
төбесі көрінді.
- Тіміскілеулерін көрдің бе? – деді сержант. – Қап, оңбағандар!
- Астықты біліп қойған ба?
- Астықты білді ме, əлде отрядты іздеп келе ма?..
- Енді не істейміз, кешке қарай қалмаушы еді ғой бұлар. Түс көрген бе?
- Итім білсін бе?
- Отрядқа хабар беруге алыс, өткізіп жіберсек, егіннің үстінен түседі. –
Марчук автоматын ыңғайлады. Бетін бұрайық батпаққа қарай.
Түстік жақта бір шақырымдай жерде тартпа батпақ болатын.
- Кəне, дайындал.
Сержант автоматынан оқ жаудырып жіберді. Аяқ астынан себелеп қоя
берген оқтан сасып қалған немістер əуелі жер бауырлап жатып қалды да,
кешікпей ес жиды.
- Партизан! – деп, бақырып-шақырып жатыр.
Партизандардың беті түстікте. Қаша ұрыс салды. Ысқырған оқ
жанжақтарындағы ағаштың діңіне қадалып, бұтақтарды қиып түсіп жатыр.
- Қатты жүгірме, - деді сержант. – Қараңғы түскенше тежесек, батпаққа
кіріп кетеміз. Бағымызға қарай иттері жоқ екен.
Бұрындары Көпжасар автоматты көздемей, көзін жұмып ататын. Атқан
оғымнан кісі өлгенін көрмейін дейтін, қазір қолын дірілдетпеуге тырысып,
төбелері бірде көрініп бірде көрінбей келе жатқан жауды нысанаға дəлдеп
алып атады.
- Оқты шағындай берме, - деп Марчук те бір жағынан шегелеп жатыр.
Байқайды, немістер онша көп емес, жиырма-отыздай ғана. Бытырлатып
атып келе жатқаны болмаса, жан сала қумайды.
- Қорқады, иттер, - Сержант тісін қайрады. – Орманнан қорқады.
Қараңғы түсе бұлар да батпақтың шетіне келіп жетті.
- Бар, - деді Марчук Көпжасарға, - қолыңа сырық ал да жөне батпақпен, ал
мен бұларды тежей тұрам.
- Сізді тастап жалғыз кетпеймін.
- Сөзді қой, бар! Батпақты білген соң жан-жағымыздан құрсау салады.
- Бірге өлелік неғылса да.
- Өлгенді қой, жөне!…
Бұл кезде іңір қоюланып кеткен соң қорықты ма, немістер алға жүрмей,
ағаш-ағаштың тасасынан үсті-үстіне оқ себелетіп тұрған-ды. Аздан кейін
тіпті жым-жырт тыныштық орнады. Аспаннан ірі-ірі тамшылар тама
бастады.
- Қорықты, енді алға жылжымайды, - деді Көпжасар сержанттың жанына
еңбектеп барып.
Анау тырс деп тіл қатпады.
- Сержант…
Марчук автоматын алға кезенген қалпы етпетінен қимылсыз жатыр.
Көпжасардың зəресі ұшып кетті. Командирінің денесін шалқасынан
аударды.
- Жолдас сержант!
- Жөне… Саған… əлі… өмір… - Сөзін бітіре алмай талықсып кетті.
Оқ Марчуктің кеудесінен тиіпті. Көпжасар жейдесімен оның жарақатын
таңып, айналасына құлақ түрді. Немістер қайда? Кетпеген сияқты.
Шүлдіршүлдір сөздері талып-талып жетеді. Не ойлап тұрғандарын кім
білсін, тезірек кету керек бұл жерден. Марчукты арқалап алды. Еңкейгенде
пилоткасы түсіп қалып еді, қайта алуға мұршасы келген жоқ. Адымдап
басып ағаш-ағаштың арасына қарай жүріп кетті.
Ол ұзақ ілбіді. Аспаннан қара нөсер бұршақтап төгіп тұр. Бір жағынан етігі
де аяғын қажай бастады. Оны елемеуге, ескермеуге тырысты. Аяғын басқан
сайын өкшесі ашып, жанына қанша батса да тістеніп алып, жүре берді.
“Шыдашы, - деп жалынды Марчукке. – Шыдашы, бауырым. Талай от пен
оқтың арасынан өтіп келіп, енді көз жұмба, ертең егін піседі… Жау
жеңіледі. Псковыңа аман-есен барасың, жолдас сержант!”
Көпжасар жүре беруге тырысты. Оған бəрінен де сержантты жерге түсіріп
арқасына салу қиын еді. Сондықтан дізесі дірілдеп, қуаты сарқылғанда
ағашқа сүйеніп тұрып əл шақырды.
Бір кезде Марчук ес жиды.
- Жерге түсірші, - деді.
Жайлап түсіріп, басын сүйеді.
- Қай тұс мынау?
- Отрядқа беттеп келеміз, сержант.
Ермолай талықсып барып, ес жиды.
- Ұзақ ғұмыр да қиямет. Онсыз да көргенім аз емес. Жалғыз арманым
болатын, сол ғана қинап жатыр. Жеңіс күнін көрсем деп едім… Соған
имандай сендім де, қарашы енді… Сен бауырым… - ол қайта талықсыды.
Көпжасар ойдым-ойдымға тосылып қалған қақ суын сүйсіне сімірді.
Шұлғауын қайта орап киіп, ауырсынған аяғын сүйрете басып тұрды да,
Марчукті зордың күшімен арқасына салды.
Бұл Көпжасар өміріндегі азапты сапардың бірі еді. Неге екенін, қазір ол
күллі тіршілікті ажалдан алып қашып, арқалап келе жатқандай сезімде
болды. “Сен оны түсіріп алма, - деді өзіне өзі. – Аман жеткіз. Тіршілікті
арқалауға, аман сақтауға жаралған екенсің, болдыруды, сүрінуді ұмыт.
Тастан жаралғаныңды көрсін мына дүние, сенгені сен екенсің,
мықтылығыңа əбден көзі жетсін”.
Қара нөсер аласұра құйды. Өкпек жел анда-санда ағаш-ағаштың арасымен
сумаң қағып өтіп, жауынды олай бір, бұлай бір алып қашады. Жауынның өзі
Көпжасармен бірге тəлтіректеп келе жатқандай.
Ол өкшесінен қан саулағанын, əлде етігінің ішіне су толып кеткенін
ажырата алмады, шылқылдаған жерді жалаңаяқ басып келе жатқандай
халде.
“Япыр-ау, жаңағы немістер деревняға барып сойқан салып жатқан жоқ па?
– деп шошына ойлады. Түнге қарай қалмайтын еді, бүгін əлібінен қалай
жаңылысты екен? Əлде деревняға гарнизон көшіп келіп орналасты ма?
Олай болса жұртты қан-қақсатып жатуы тіпті ғажап емес. Платон шал…
Сорлы шалдың сорын қайнатпаса не қылсын. Ал, Олеся ше?..”
Көпжасар мен Олесяның арасында əдемі бір жарастық пайда болған еді.
Бəрі сол жер жыртып, егін егуден басталған еді. Немістерге сезік білдірмес
үшін тұрғындар күндіз деревняға кетті де, жерді отрядтан бөлінген бесалты партизан аударды. Соқа бар, өгіз жоқ, малды немістер айдап əкеткен,
қалғаны – баяғы күрек. Осы тірлікпен жүріп екі жас ұғысып, екі жас бір-бірі
үшін егіздің сыңарына айналған. Көпжасар адам бойында махаббат деген
сезімнің болатынын бұрын білсе де, соны өз басынан өткеріп көрмеген еді.
Əйел баласын көрсе жүрек оты маздап, белгісіз күш басын
айналдырғанымен, батыл əрекетке еркі жетпейтін.
Олесяны көргеннен кейін оның жүрек қылы бұған дейін шертілмеген
іңкəрліктің күйін тербеп қоя берген. Əйтсе де ата қанымен сүйегіне сіңген
иба – жігітке тəн ұстамдылықты көлденең тартып, шарасы кең көгілдір
көздерге соншалық мөлдірлікпен абайлап қарайтын. Телміріп, тесілмейтін.
Сұғын салып, тығырыққа тіремей, арагідік, бірақ жанын беруге дайын адал
қарас. Қазақ жігітінің бойындағы осы қасиетке əрі таң, əрі тəнті болған қыз
оның əрбір қимылын жанарымен ұзатып салып отырды. Өзі көрген жігіттер
төніп түсіп, көңілін ақтаруға, реті келсе білегінен бір ұстап қалуға
тырысатын, көз жұмбай құмарлығы лыпылдап, дəмесі жүрегіңді
айнытатын. Мынау басқа. Нар кеуделі, теректей биік жігіттің ат жақты, қара
торы өңінде сабыр мен салмақ қатар жайғасқан, қара көзі қараған жағына
мейірін төгіп, айналып-толғанып тұрады.
Жігіт сыңғырлаған əсем үнді естігенде, қуаныш пен ұяттан өрттей
қызаратын. Осынау ақ-сары қызды төбеме көтеріп көкке ұшсам арманым
болмас-ау деп ойлайтын. Осыншама сұлу мүсінді табиғат қалай жаратады.
Жұрттың аузынан сілекейі шұбырып хор қызы деп айтатын айтулы сұлуы
тұр ғой, міне, алдында. Көпжасардың басы айналды. Іздеген бақытымның
біреуін таптым деген. Олесяның Қаракөзден су алып келе жатқанын,
талдарға иіліп сəлем еткенін көз алдына елестетіп өз қуанышына өзі тоймай
қарайтын. Өмірлік жар табу, тіршілікке құштарлығыңды бұрынғыдан да
арттырып, алдыңда жанған жарық сəулені молайта түседі екен. Жар деген
сенің бүтіндігің болып шықты. Көпжасар өз жартысының айдай
сұлулығына ғана малданған жоқ, оның ақыл-парасатына бас иді. Қыздың
соншалық ибалы болуы жанын жадыратты. Жігіт тайраңдап, жұтынып
тұратындардан қорқатын. Мұның пайымдауынша, əйел бойындағы асыл
қазына – жан сұлулығын ешкім айтпай көретін көз ғана оны бақытты ете
алады.
Көпжасардың көз алдында Олесяның жан сүйсінерлік мінез қырлары
бірінен соң бірі таныла берген. Соның бəрі бір адамның бойына қалай
сыйған. Бəлкім, асылзада əйелдің қазынасы түгесілмес, ғұмыр бойына оның
барын ақтарып-төңкеріп бітпессің. Қасиетін шым-шымдап қолыңа ұстатып,
ынтықтыра береді.
- Шығыстың салты қиын деп естігем, - деді қыз.
- Шығыста əйел баласының жүзін ашық ұстаған халық біз, қыздарымыз
керек десеңіз, айтысқа да түседі.
- Тағы қандай салттарың бар?
- Əйел баласы ер адамның алдын қиып өтпейді. - Қалай?
- Айталық, сонау тұста ер-азаматтар келе жатса, олар өтіп кеткенше,
əйелдер күтіп тұрады.
- Күтіп тұрмаса ше?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 12
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.