Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 17

Total number of words is 4324
Total number of unique words is 2265
34.4 of words are in the 2000 most common words
49.6 of words are in the 5000 most common words
56.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бара жатсаң Шерлітасқа сал көз қиығыңды, оның опасыздығы жадыңнан
өшпесін, оның опасыздығы жадыңнан өшсе, бəрің түгел жын-шайтанға
айналып, Баянды батыр салған жолды шөп-шалам басып кетеді”, - деді де
көзін жұмды.
Имансерік осының бəрін ойлай отырып, Шерлітасқа тағы да көз салды.
“Сұмдық аңыз, - деп күрсінді ол, - адамдардың ойлап тапқаны ма, əлде
сондай бірдеңенің шынымен болғаны ма?.. Жер бетінде опасыздық мүлде
жойылған кезде, бұл адам қалпына келмек дейді”.
- Имеке, осы Шерлітастың тарихын жұрт неге түгел білмейді? – деп сұрады
Əтей.
- Жұрт Шерлітасты қайтсін, - деді Имансерік. - Өзге түгілі осыған мына
сенің де ден қоятының шамалы.
- Менде не тұр, - деп Əтей кеңк-кеңк күлді. - Əйтеуір, опасыз екенін білем.
- Ата-бабаның аманаты туралы дұрыстап ойлағаның жөн.
- Анаған-мынаған бас қатырып қайтеміз?
Япыр-ау, өнеге керек емес пе. Өнегесіз қалай өмір сүресіңдер?
Со жағын ойламаппын… - Əтей кінəлі адамдай қолын жайды.
Имансерік тілін тістеді.
Əтей аяғын созып, шалқасынан жатты.
- Осындайда Төлеп атамның əңгімесі таусылмас еді.
Расы солай. Жолшылардың қолы қалт еткенде Төлеп қарт буырыл сақалын
сипап қойып шертер еді шежіре. Əңгімесі көбіне Баянды батырға саятын.
Аңрахай жұртының осы жолды салудағы ұшан-теңіз ерлігі жайында
байырғы жолшы айтар əңгімелердің шегі жоқ еді.
- Əңгіме айтыңызшы, - деді Əтей тағы да. – Біреу сөйлеп отырса, қилықилы
қиял келеді басыма.
- Əй, Əтей-ай, сенде ес жоқ қой?
- Ес болса жол жағалап жүрем бе?
- Жөніңді неге таппайсың, ендеше?
Ешқандай мамандығым жоқ, қайда сыям? Тым құрығанда трактор жүргізу
де бұйырмапты маған. Бəрі өзімнен. Оқитын кезде апамның жайып қойған
етін жеген мысықты тірідей өртеп… Ойпыр-ай, оған үстіне солярка құйып
от қойып едім, тірі мысықтың күйгені жаман екен, анда бір, мында бір зулап
кіріп, төмендегі ауылдың тең жарымының қора-қопсысын өртемеді ме…
Содан байтал түгілі бас қайғы, мектепті тастадық.
- Өзіңді-өзің алдап қайтесің?
- Имеке, бұл қай сөзіңіз.
- Мысық дегенің сылтау ғой, о баста оқуға ынтам жоқ еді демейсің бе?
- Өстесіз. Кісі қайғысын айтып отырса, қайдағыны қазасыз.
- Сен сонда неше класс бітірдің?
- Алтыншы класқа көшкен жылы “қайыр хош, қаламсап” дегенбіз. Енді,
міне, сары желетті киіп, жол қарап қалдық.
- Жол бүтіндеу – білгенге мəртебе, батыр.
Əтей мырс етті.
- Мəртебе, - деді сосын кекесінмен. – Қараңызшы, қанша машина өтіп
жатыр. Солар сіз бен біздің жол амандығы үшін қысы-жазы құм, асфальт
арқалайтынымызды біле ме? Кеше мерт болған Əділетті, өмір бақи осы
асуды шиырлаған Төлеп қартты кім біледі? Білгенді айтасыз, менсінер ме
екен?
- Халық бəрін біледі.
- Осы сіздің мына жолды күзеткеніңізге қанша жыл болды?
- Оны қайтесің?
- Тым құрыса, бір медаліңіз бар ма?
- Маған керегі – жолдың бүтіндігі.
- Адам ретінде көретін абырой-атағымыз бар емес пе, Имеке-ау.
- Тірліктің мəні олай өлшенбейді.
- Онда қойдық, - деп Əтей аунай кетті.
“Бұл қалайша? – деп ойлады Имансерік. – Мына жас жігіттің сөзді көретін
абырой-атақтан бастайтыны несі?.. Япыр-ау, бүгін айналамызға тырнақ
сынығындай шапағат тигізе алдық па? – деген сауал тұрмай ма көлденең.
Əй, Əтей-ай, жаспын деп жүрсің-ау, жаспын деп өзіңді-өзің алдайсың-ау…
Жүрер жолыңның қаншасы артта, қаншасы алда… Адам өмірінің күрмеуге
əзер келетін жіпсекілді қып-қысқа екенін қалай айтып түсіндірем. Жоқ, сен
өзіңді-өзің алдама. Жастық деген тірліктің күретамыры. Адам мұратының
асқақтап, аспандауы күретамырдың лүпіліне байланысты. Жас кезіңде айтар
сөзіңнен, атқарар ісіңнен жалғыз сəт кешіксең…Жан беріп, жан алатын
кезіңде бұл қай жатыс. Төлептер ат жалын тартып мініп, Баянды тауының
тасын жалаңаш қолымен қашап жол салғанда, жиырмаға иə жетті, иə
жетпеді. Төлептер күллі дүниенің қас-дұшпанын жермен-жексен етіп,
“Жеңіс!” деген жалғыз ауыз сөзбен Ел жадында мəңгі қалып қойғанда, бар
жоғы отыздың о жақ, бұ жағында еді-ау!.. Олар адамның өткені, бүгіні,
ертеңіне керегін өзі ойласын деген жоқ, өздері ойлады, өздері көруге тиісті
рақатты өзгеге сыйлады, өздері алар абырой-атақты да өзгелерге берді.
Осыны қаперіңе алып жүрсің бе, Əтей? Өткеннің керегі - əкелердің өмір
жолына, дəстүріне адалдығың, бүгінге керегі – соның атымен тіршілік етіп,
өшпес өнегеге өз даусыңды қосып кетуің, ертеңге керегі - əкелердің, өзіңнің
салып, жүріп өткен жолыңды айнадай тазалап, арамдық атаулыны аластап
аманат қалдыруың екенін сен білемісің, Əтей?.. ”
Күн ми шыжғырады. Көлеңкені сағалаған жолшылардың абыр-дабыры арыбері өткен машиналардың гүріл-сарылы болмаса, өзгелей тіршілік шаңқай
түстің бесігінде манаурап, дем басқан. Зеңгір көкте қанат қақпай қалқып
жүрген қара құс та əлдеқайда ауып кетіпті.
Көзі ілініп барады екен, əлдебір дабырдан Имансерік басын көтеріп алды.
Бұлар көлеңкесінде жатқан тіркемеден өтіңкіреп барып, ақ сұр ескі “Волга”
тоқтады. Алпысты алқымдамаса да, əрі таймаған əйел мен жас жігіт,
шымқай қара костюм киген, қасқабас біреуді қолтығынан демеп,
жолшылардың жанына көлеңкеге келді.
- Дəрісі таусылған жоқ па еді мұның? – деді əйел жігітке.
Мұртты жігіт жолшыларға амандасудың мезіретін жасады. Сосын:
- Көкемнің жүрегі қысылып… Мына көлеңкеге шамалы дем алса… - деді.
Имансерік пен Əтей жылжып орын босатып жатыр.
Қасқабас бір қолымен жүрек тұсын ұстап, ұзақ отырды. Өңі оңған
шүберектей. Иегі көк тұқыл, қанша қырынды дегенімен, кəрілік шіркін
жүзінде сайрап-ақ жатыр. Оң жақ самайында бармақ басындай ойық…
Қасқабас аузына бір түйір дəрі салды. Сосын бұларға қарамастан демі
сырылдап:
- Жолшымысыңдар? – деп сұрады. – Алысқа бара жатырмыз, - деді сосын.
– Амалсыз жолға шығып… Мінеки, енді.
- Бұрын-соңды жүріп пе едіңіз Баянды асуымен?
Анау жерден жарты уыс топырақ алып самалға ұшырып отыр.
- Бұл асуды көрмеген, бұл асумен аспаған кім бар дейсің, кезінде… Сөзін аяқтамай күрсінді. – Осының сағасында Еркебай бекеті бар еді… Қазір жол пайдалану бөлімшесі.
- Онда Төлеп Еркебаев деген болған, - деп қасқабас Имансерікке енді
қарады. – Соғыстан кейін бір көрдім… Ол кісі сырқат қазір.
Япыр-ау, тірі ме əлі? – Анау елең етіп, қалтаңдаған қолымен жүрегін қайта
ұстады. – Не деген жаны сірі, бейшара?
- Неге олай дейсіз, - деді Имансерік. – Бұл қай сөзіңіз?
Осы кезде машинаға кеткен жас жігіт екі шөлмек минералды су алып
оралды.
- Көке, мынаны ішіп көріңізші шамалы.
- Біреуін бері əкел, - деді арырақ барып айналаға мұрнын шүйіре қарап
тұрған əйел.
Қасқабас минералды суды ұрттап, тамсанып ішті.
- Сөйтіп, Төлеп Еркебаев тірі дейсіздер, ə? – Қиын адам еді.
- Не қылса да мына асуға жол салған сол кісі ғой, - деді Имансерік. – Қалай
десеңіз де жол салып берді емес пе елге?
Қасқабас қабағын шытынды.
- Елдің бəрі айтатын сөз бе бұл?
- Айтады! – Имансерік кеудесін көтере түсті. – Ақиқатты айтпай тұра ала ма
жұрт?!
- Тағы не естідіңдер?
- Қайсыбірін сұрайсыз? Жолды білсек, жолды салған адамды білсек, өзгесі
көп сөздің арасында қыстырылып жүре бермей ме?
- Баяғыда осыдан былайғы жерді Аңрахай елі дейтін едік. Қалай қазір? –
деп анау Имансерікке қарады. – Жаңағы Төлептерің Баянды əулетінің
қолынан келмейтін нəрсесі жоқ деп ауыздыға сөз бермеуші еді, кейінгіден
шырқап шыққан ешкім бар ма өзі?
- Өзгеріс көп қой…
- Ел білетін кім бар деп жатырмын?
- Төмендегі ағайынға араласуға қол тие бере ме? Келімді-кетімдіден
естуімізше, кейінгі жастардан ұшан-теңіз егін орып, мал өсіріп дегендей
дүрілдеп тұрғандар жетерлік көрінеді.
- Ой, жолың болғыр, бұл қай сөзің, мен ел сұраған, былай билікке
араласқандарың жайлы білейін деп отырған жоқпын ба, соны
айтсаңдаршы?..
- Ондайларды естімедім, мүмкін, бар шығар, оқыған балалар көп.
- Аңрахай баяғы қалпында деңдер. Ертекке сенген ес жоқ ел еді өзі де, - деп
анау қарсыдағы Шерлітасқа қарады, - Қараңғылық деген сол, баяғыда осы
тас, ұмытпасам осы…
- Шерлітас па айтып отырғаныңыз?
- Сол, иə, сол… Шерлітас!.. Соған бола Төлеп Еркебаев көресіні көрді ғой,
өзінен сұрасаңдар айтады. Адам ертекке сенген соң оңа ма?
- Мəселе – ертегіде емес, - деп Имансерік темекісін тұтатты. - Өсиет, өнеге
де.
- Сөйтіп, Еркебайдың Төлебі тірі деңдерші, - деді анау тұрып жатып. - Əй,
жаны сірі еді-ау, өзінің де. Бəрін білсем де сондайлардың жанкештілігін
түсіне алмай-ақ қойдым.
- Сіз осы өңірден емессіз бе? – деп сұрады Имансерік не болса да біліп
қалайын деген оймен.
Анау үндеген жоқ, ештеңе естімеген сияқты.
Кеудесі жайқалған, үсті-басы бар қымбатқа малынған кербез бəйбіше қасқа
басқа төбесінен қарады. Даусы зəрлі.
- Бір жүріп, екі тоқтап… жүрегің қыса ма, тұншығасың ба, сен де бір тірі
өлік болдың ғой, - деді екі бүйірін таянып. – Тірілсең тұр, төбемізден күн
өтті.
- Əй, ит-ай! – деді қасқабас. - Əйел деген – осы опасыз!.. Кеше əке-көке едік,
бүгін тірі өлік болдық бұған. Қолдағы алтынның қадірін біле ме?!
- Керек едің сен біреуге, сенің баяғыдан ешкімге керегің жоқ!
Жігіт қабағын шытып.
- Қойсаңызшы, - деді.
“Волга” сырғып кеткен соң, Имансерік ой қаузады. “Япыр-ау, бұл кім? Оң
самайында ойығы бар… Бұл кім? Негізі осы жұрттан екен, сонда бұл кім?”
- Мына шалың осы өңірден шыққан адам болды ғой, - деді Əтей. –
Байқайсыз ба?
- Кім білсін.
- Астында – “Волга”. Ал Төлеп атамыздың басында жеке үйі де жоқ.
- Мұнымен не айтпақсың?
- Елді осы күнге жеткізгендердің біреуі Төлеп қарт демедіңіз бе? Асуға жол
салған, өмір бойы соны бүтіндеген… Имансерік күрсінді.
- Бəлкім, жаңағы Төлеп қарттың көргенінің ширегін де көрмеген шығар, Əтей Имансерікті жеңінен тартты. – А, Имеке?..
- Сонда неғыл дейсің маған?
- Өмірдің барлық ауыртпалығын көтергендерге тиесілі құрметті жаңағылар
иеленіп кетіп жүрген жоқ па осы?
- Е, сен оның елге еңбегі сіңбегенін қайдан білесің?
- Елге еңбегі сіңген адам сияқты емес əлгі. Болмаса əйелі оны көпекөрінеу
бөгде адамдар көзінше тірі өлік дей ме?
- Кім білсін. Мүмкін, ол, шынында да, тірі өлік шығар. Өмірінің үлкен
бөлегін қиянатпен өткізген адам тірі жүргенімен өлі.
- Сонда Төлеп атамды, осы өңірді, Шерлітасты жақсы білетін жаңағы кім?
- Жөнін айтпады, демек, бұл өңірде, оның адамдарына қандай да бір
қиянаты болған біреу шығар. Япыр-ай, бұл кім сонда?..
- Көз шырымын алайық, - деді Əтей. - Өртенді ғой мына күн.
IV
Түн. Ешкілінің еркек-əйелі түгел Төлеп қарттың үйінде. Байырғы жолшы
сол баяғысынша екі көзді шарт жұмып жатыр. Бойындағы қаны соңғы рет
тулап аққандай шеке тамырының бүлкілі анадайдан адырайып көрінеді.
Имансерік қартқа таяп келіп жайғасты. Байырғы жолшының ірі саусақтары
түбінен босап саудырап қалған секілденді.
- Ауданға барып қайттыңыз ба? - Əтей Тоқмолдаға қарады. – Не жаңалық
бар?
- Елдің аузындағы сөз – Қайрақтының кені. Кеңейтетін болыпты, қалашық
салада екен десіп жүр.
Онда Қайрақты кенінің маңызы зор болғаны расқа шықты ғой.
Менің магазинім сөзсіз үлкейеді енді, - деп Тоқмолда жан-жағына қарады.
“Жыртық үйдің құдайы бар” деген рас екен.
- Қуанатын түгі жоқ. – Əтей жоқ жерден қызынды. – Қайрақтының бізге
қатысы қанша?
- Шатаспа! – деді Имансерік оған жекіп. – Елге керек шаруадан қара
басыңды бөліп ала алмайсың.
- Не десеңіз де, ағасы, мен көген көз көптің бірімін. Анаған-мынаған миым
жетпейді.
- Ау, келешекті кім ойлайды сонда?
- Келешекті ме? Келешекті данышпандар ойласын.
Данышпандар ойласын… Бұл қай сөзі? Не біліп, не түсінеміз ендігі жерде.
Жақсылық атаулы жеке адамның айынан да, тұтас халықтың бойынан да
туып, дүниеге тарап жатпай ма?
- Кез-келген шаруаға қол сұққан дұрыс емес, - деді Əтей тағы.
Байырғы жолшының кірпігі қыбырлады. Енді бəрі қарттың бетіне үңілген.
Əне, ол зорлап көзін ашты… “Отырсыңдар ма? Елдігіңнен, кісіліктеріңнен
айналсамшы!.. Сендерді, үйімнің тұсынан өтіп жатқан Баянды жолын қимай
жатқаным рас. Əсіресе қиналар тұсың қаның мен теріңді сығып беріп
салған жолды қия алмайтының. Жə, қайтесіңдер! Біле білгенге ақ қазазға
жету де арман. Өмір мен өлім – бір арнаның екі ернеуі іспеттес. Қайткен
күнде келесі жағаға жету міндетің, тағдырыңнан биік тұрам десеңдер,
ағыстың ортасындағы иірімге шым батып кетпей жүзіп өтіңдер арғы бетке.
Қамшы сабындай ғұмырыңда пешенеңе асау ағысқа қарсы жүзу де,
ықтиярсыз ығып кету де жазылған. Əйтеуір, жағаға жету қиямет: Əсілі
өмірдің өлшемі, қадірі – бірнеше байлам, яғни, рухыңның мəңгі
жасайтыны”.
- Төкеңде бала бар деп… - Тоқмолда басыңқы үнін одан əрі баяулатты.
- Е, қайтесің, - деді Имансерік күрсініп. – бітеу жараны тырнамасаңдаршы.
- Япыр-ау, əкесіне топырақ салмай ма?
Байырғы жолшы ыңыранды. Ол бұлардың сөзін түгел естіген жоқ, жалғызақ баласы деген бір сөз санасында жарқ еткен.
Қарт сан тарау болып кеткен есін жинау үшін жанталасты. Баласы… Жаңа
естіді ме, жоқ осы сөз жадында мəңгі жаңғырып тұрды ма, ол арасын айыра
алмады. Баласы… Шерлітас… Баласы… Жоқ, Шерлітас… Шерлітас та,
баласы да жоқ, алдында басқа біреу отыр. Байырғы жолшының көз алдында
ақ жал толқынды көл пайда болды. Күн тым-тырыс, көл түбінен қайнап
буырқанып жатыр. Бұл қайықты есіп келеді, есіп келеді…
Төлеп Еркебаев жалғыз ұлдан қалай айрылып еді? Бəрі неден басталып
еді?..
Сол жылы бастық болып жүрген Төлепті Баянды асуына салынып жатқан
жолға уəкіл етіп жіберді.
Аупарткомның хатшысы:
- Бұл жолдың ерекше маңызы болып тұр, қатынас өз алдына. Үшарал
станциясына темір жолмен келіп түсетін құрылыс материалдары мен халық
шаруашылығы жүктерін, салынып жатқан Қарасудың цемент заводы мен
Шөміш бөгеніне ит арқасы қияндағы Ақтақыр айналып жеткізіп жүрміз.
Бұл – үш күндік жол, егер Баянды асуына ескі арба жолдың сүресімен
таяудағы екі-үш жылда машина жол түссе, ара қашықтық екі-үш сағаттан
аспайды. Сені уəкілдікке əдейі жіберіп отырмыз, асудың ұңғыл-шұңғылын
жақсы белесің. Жолды мерзімінде бітіру – партиялық тапсырма: рас, қазір
адам күші аз, оған бірте-бірте көмектесеміз, ең бастысы – жұртты бастай
білу – деген.
Қол күші жетімсіз: үш ауданнан жиналғандардың саны жеті жүз адамнан
аспайды. Негізгі құралдар: сүймен, кетпен, арба… Өмірлерінің көбі ат
үстінде өткен жұрт еш уақытта мұндай алып жол салып көрмеген. Таяудағы
екі-үш жылда Баянды асуына жол салудың мүмкін еместігін жол
құрылысының бастығы Григорий Харитоновқа Төлеп бірден айтты:
- Бəрібір адам санын көбейту керек, кемі үш мың кетпенге жеткізбесек,
дəнеңе өнбейді.
- Жұмыс қолының бары осы, басқа… ал экскаватор сұрап жоғарыға хат
жолданды, тым құрыса екеуін берсе… - деп Харитонов жобаға үңілді. – Ең
қиыны мына он километр аралығында.
- Басында жалғыз аяқ сүрлеу еді.
- Арба жол кейін түсті ме?
- Оны алғаш салған менің əкем.
- Солай ма?! Сен, демек, əкеңнің ісін жалғастырушы да екенсің ғой.
- Мені қысқа мерзімде бітіру жайы қинап отыр.
- Мүмкіндікпен есептесіп жатуға жағдай көтеріп отыр ма, - деді Харитонов.
- Адам санын көбейту жағын ойлайық. Күнгей-теріскей ауылдарын тағы бір
аралап шыққым келіп отыр.
- Дұрыс, халық түсінер.
- Қазақтар қысылғанда қол ұшын беруден артық кісілікті білмейді.
Жол салушылар саны мыңға жетті. Бірақ экскаватор келген жоқ. Жаз бойы
титықтап қалған жұртты асудың қара суығы тұралатты. Харитонов Төлепті
ауаткомға жіберген.
- Құрылысты қыста тоқтатпаса болмайды, - деді ол, - халық Баяндының ақ
қар, көк мұзыңа шыдай алмайды.
- Істі тоқтату емес, біздің алдымызда жолдың пайдаланылуға берілу мерзімі
бар, - деді хатшы.
- Ал жағдайды қайтеміз?
- Қазіргі жағдай жұмысты бір минут та тоқтатпауды талап етеді, жолдас
Еркебаев.
- Адамдар ше? Қыс бойы жеркепелер мен шатырларда қалай тұрады, отын
жағы тіпті қат.
- Жеркепелерді жылылаңдар, елу-алпыс киіз үй береміз, екі барақ бар…
- Жұртты қырып алуымыз мүмкін, мен содан қорқам…
- Қандай істе де қиындықтың кездесуі ықтимал, - деді хатшы. – Солай
болады екен деп социализмнің керуен көшін тоқтата алмаймыз, Еркебаев.
Халыққа түсіндіріңдер, олар біздің ісімізге сенеді, олар барлық қиындықты
жеңіп шығады. Көп ұзамай экскаватор да келіп қалар. Шөміш бөгені қалай
да екі жылда іске қосылуға тиіс, онымен елу мың гектар жер суару
белгіленуде, елу мың, солай, жолдас Еркебаев, елу мың гектар! Ал Қарасу
цемент заводының маңызын сіз білуге тиіссіз.
Төлеп бар жайды Харитоновқа жеткізді.
- Хатшынікі дұрыс. Жоқтан бар жасауға мəжбүрміз, - деді Харитонов. -
Əйтпеген күнде бізге ешкім еш нəрсе істеп бермейді.
Киіз үйлер тігіліп, жертөрелер дайындалғанмен, алғашқы қар жауып,
ызғырық тұрысымен адамдардың берекесі кетті. Жер тоң, титықтаған елдің
қимылы болса да сылбыр. Жамау-жасқау киім, жарытымсыз талқан қайбір
бойға қуат. Харитонов пен Төлеп жұртты таратып алмаудың барлық амалын
жасап бақты. Екі жүз жігітті бөліп алып, Жаманталдан бір қыстық отын
дайындап, Иірсу, Шоқпар, Сұлутөр, Суалма, Көкадыр, Соғанды, Қызылтас,
Қаракемер ауылдарынан азық-түлік жиналды.
Декабрьдің соңын ала Баяндының əйгілі ақ бораны басталысымен, жағдай
мүлде қиындады. Ешкілідегі жеркепелер мен киіз үйлер белуардан қар
астында. Тырнақтарының көбесіне дейін мұз болып қатқан жұрт өз
қимылдарына өздері жылынудан басқа амалдың қалмағанын білді, тізеден
қар кешіп, тастан от шығарып, сүймен сілтеп ерен еңбекпен қыздырынды.
- Япыр-ау, бұл асудың бораны қыс бойы соға ма? – деді Харитонов.
Төлеп күрсінді:
- Күллі шығыстың бұрынғы азап-шерін айтып айлар бойы аңырайтын
Баяндытау желі ғой бұл, - дейтін менің əкем. – Халіміз мүшкіл, енді не
істейміз?
- Не істейтініміз белгілі емес пе?
- Көпе-көрінеу өлімге қиямыз ба жұртты?
- Ұлы жол ұлы құрбандықты қалайтын болса, шегінер жер қайсы.
- Олардың алдындағы ертеңгі жауапкершілікті қайтеміз?
- Біздің еншімізге қайткен күнде жол салу тиіп отырса, мен оған бейілмін,
əйтеуір, бел буу керек қой тəуекелге, - деді Төлеп. – Сен оны менен де
жақсы білесің.
- Сен əкем осы асуға алғаш арба жолын салған дедің бе?
- Бұрынырақта Сұлутөр арқылы Соғанды жағалап Баянды асуын арбамен
асқан, шынында, менің əкем. Ол кезде Аманжолдың Мамырханы деген
Аңрахай болысына атқосшы болған кісі. Кейін осы Ешкіліге жалғыз үй
көшіп кеп бекет салдырған. Онда менің бес-алты жасар кезім. Əкем: “Əй,
балам, мына асуды көремісің, - деген маған есік алдына жетелеп шығып, көрсең осыған даңғыраған жол саламыз, ойлағаныма жете алмасам, оны
іске асыру саған аманат, өзің жеткен жерден ары жалғастыруды өз балаңа
сен аманат етерсің”, - деп маған өсиет қалдырып еді.
Екеуінің əңгімесі осы араға келгенде, есікті жұлқа ашып біреу кірді.
- Аттарды сойып жатыр.
Бəрі далаға ұмтылды. Жеркепелер мен киіз үйлердің арасындағы шағын
алаңқайда бір топ жұрт үймелеп қалыпты. Аспанға ыстық буы ұшады.
Төлеп кемелеп жұрттың арасына кіре алмасын білді де, ықтасында тұрған
айғырына жүгірді.
Тоқтатыңдар! – Төлеп айғырды сауырға сабап ат сойып жатқан топтың
ортасына жарып кірді. – Арбаның аттарын союды бастаған кім?
- Мен, - деді аузы-басын түгел түк басқан еңгезердей біреу кеудесін соғып.
– Мен!
- Қалай колың барды ит?
- Айғайың өзіңе, - деді анау. – Аштан өле алмайды ел.
- Уа, халайық! – Төлеп айнала қарап, айғай салды. – Мынау не айтып тұр.
Талшық етер талқаның бар емес пе уысыңда? Өз қолдарыңды өздерің кесіп,
біріңе-бірің жаулық іздегендерің не?! Əлде асудың тасын арқалап
тасисыңдар ма?
- Арқалап тасып жүрген жұрт аз емес,- деді анау.- Бір-бір арба беріп
қойғандай жарылқауын. Ел енді төзбейді тепкіңе, кетеміз!
- Кетіп көр…- деді Төлеп айғырды тебініп.
- Өлтіремісің?
- Жол салмай бұл жерден бірде-біреуіміз тірі кетпейміз.
- Жолың өзіңе. Асудың ар жағында бауыры езіліп отырған қайбір туысың
бар сонша,- деді анау қан-қан қолымен қар шеңгелдеп.- Əлде ана сары ауыз
орыс па екі туып бір қалғаның. Орыссыз да, оймауытсыз да күн көргенбіз.
- Қарабет! –Төлеп айғырды тебініп келіп, сегіз өрім дыраумен еңгезердей
қараны қақ маңдайдан салып өтті, екі бүктетіліп жығылған оған көз
салмастан біртіндеп жиналып қалған жұртқа қарап айғай салды.- Егер,
сендер, өз жолдарыңды салуды білмейтін, бейшара болсаңдар, барыңдар,
кетіңдер.
- Əй, Еркебайдың баласы!- Əбілмейіз ұста екі аттап алға шықты.- Сенен
басқалар елінің келешегін ойламайды деп кім айтты саған? Сабыр тілеп,
сабаңа түс. Жұрт мұнда асық ойнағалы келген жоқ, жол салып жатыр. Үлкен
жолдың бойы қашанда алыс-жұлыс, аласапыран тірлік. Біреу алға
ұмтылады, біреу кейін тартады, жолыңа кесе көлденең жатып алатыны тағы
бар, оны неге ұмыттың, қай дүние таза бұлақтай тұнып тұр еді. Бірдіекілінің пенделігі болған екен, жұрт біткенді бордай тоз дегенің не?!
Төлеп қамшы басын ер басына бір ұрып қақ бөлді де, лақтырып жіберді.
- Көптің ішінде көн де, көбең де бар. Бұрын да, қазір де солай, ертеңің де
оңай болмас. Тақтайдай тегіс жолды қашан көрдің?!
Осы кезде гүрс еткен мылтық даусынан дүние сілтідей тынып қалды.
Төлептің соққысынан екі бүктеліп жығылған əлгі еңгезердей қараның
жығылған жерінен сүйретіле тұрып, мылтық көтеріп келіп, Төлепті
қарауылға алғанын, оның қолын бір жас жігіттің қағып қалғанын ешкім
байқаған жоқ еді.
- Атаңа нəлет!- Еңгезердей қара білегін тастай қылып ұстаған жас жігітті
сілкіп, шалқасынан түсірді де, мылтықты жерге бір ұрды.- Əй, Төлеп, енді
айдат мені!- деді.- Ақталар жайым жоқ, əдейілеп атып едім, қолымды қағып
қалды, айдат енді. Əкең Еркебай бекет саламын деп, айдалада жалғыз
қалған екен, енді айдат! Мыналар қолымды бір қағар, екінші жолы
үлгертпеймін, тірі жүргің келсе, аяма!
Қалың жұрт ананы бас салып, байлап тастады.
Кешкісін оны ауданға, милиция бөліміне аттандырып жіберіп, екеу ара
қалғанда, Харитонов:
- Мінезің де, ісің де тік, тағдырың оңай болмас,- деген Төлепке.
Көп күш жұмсалып, қыруар жұмыстар атқарылғанмен, Баянды асуының
жол құрылысы көрсетілген мерзімде бітпейтіндігі келер жылдың
көктеміндеақ белгілі болды. Оған қоса қопарғыш зат арқылы жасалған
жарылыс үстінде қазаға ұшыраған алты адамның өлімі, қыстық отын
дайындау кезінде жұмыстың он тоғыз күн тоқтап қалуы, қажет
болғандықтан кейде жобадан ауытқу Харитонов пен Төлепке айып болып
тағылып, екеуі жауапқа тартылды.
Сонда бұл қоштасуға келген əйеліне: “Жол салмақ едік, аяқтай алмадық.
Медетім – ісіміздің басы бар ғой, əйтеуір, медетім сол ісімді жалғастырар
деген үмітім -ұлым қолыңда”,- деген.
Бар үміті мен сенімі Əсіреп еді…
Осының бəрі бір сəтте санасынан зулап өткен байырғы жолшы елес
сүресінен айрылып қалмау үшін жанталасып бақты. Тұлымшағы желбіреген
Əсірептен басқасы бұлдыр сағымға айналып ұзап барады. Ақжал өзенінің
үстін тұман басты. “Япырау-ау, ана ақ шағалалар қанатымен сабалаған
Əсіреп қой!”.
- Əй, Əсіреп!..
- Бірдеңе дедіңіз бе, Төке? – Имансерік қартқа үңілді.
- Сөйледі, - деді Тоқмолда. – Не айтқанын аңғармай қалдым, бірақ.
Сіріңкеге қол жалғашы, Əтей.
Имансерік анық естіген: “Əсіреп… Иə, Əсіреп”, - деді қарт.
Қарттың жүзіне үңілді. Көз аясында баданадай жалғыз тамшы жас тұр
мөлдіреп. Қалайша жалғыз? Жылаған соң көз жасы көл болып неге
ақпайды? Əлде жанар сөлі тартылып, ендігі қалғаны, бəлкім, осы түйір
тамшы ғана ма?
Кім білсін. Білгені, өмірден кететініңді біліп жату азап…
- Жалпы, осы жолға таңым бар, - деді Тоқмолда қарап отырмай. – Қанша
адамды алып өтіп жатыр. Мың, миллион! Бір-біріне ұқсамайды, бір-бірін
танымайды, ал жүрер жолы – біреу.
- О, бастан солай ғой, - деді Имансерік. – О бастан жолымыз бір, əрекетіміз
əр қилы.
- Бəрі пенделіктен.
- Онымен көңіл жұбана ма?
- Сонда жұрттың қандай ойы бар? Аяқ алысы бір болып тұрып бөлек өмір
сүретіні несі?
- Бəрі ниеттен. Жүрер жолды салғандар қашанда ізгілік көксеген.
- Көңіл көтеретін, кісі күлетін жөнді əңгіме ести алмадық, - деді Əтей.
Пиласопия дегенмен несіне бас қатыратынымызды түсінсем бұйырмасын.
- Расында, - деп Тоқмолда жантая кетті. – Одан да Қайрақтының кені
ашылғанын айталық, менің магазинім кеңейсе киер киімді енді темір жол
бойынан іздеп əуре болмайсыңдар.
- Ойбай, сіз қазір болар-болмасты бұлдап сатасыз, онда небір зəру заттарды
екі бағасына ұрасыз ғой.
Бұ күшік өстеді, - деп Тоқмолда амалсыз езу тартты. – Зəрулік тудырып
жатқан жалғыз мен деймісің?
- Айта түсіңізші.
- Мысалы, райпоның бастығы мына бір товарларды тығып қойыңыз дейді.
Сонда мен не істеймін.
- Сатыңыз.
- Қайтіп? Бастықтың тілін алма дейсің бе?
- Товар халыққа арналған ғой.
- Сен əлі…
- Біздің жолдан мың сан адам өтеді, біреу болмаса біреудің қарғысы тиеді
деп қорықпайсыз ба?
- Ол үшін қарғыс айтса талайымыз құрып-суаламыз, жалғыз мені су
алмайды, бала. Сосын, - деді Тоқмолда. – Жоқты іздей бермесеңші. Мына
Төкең, мына Имекең сияқты періштелер ілкіде біреу.
- Байқаймын, Шерлітас, адам қалпына екі дүниеде келе қоймас, - деді Əтей
əңгіме желісін тағы бұзып.
Имансерік селк етті. Көз алдына ағасы Байбосын келе қалды. Аузы басы
түк-түк ағал-сағал. Күркіреудің қалың доланасынан сүмірейіп шыққаны,
əкесінің алдына келіп, тізерлеп отыра қалғаны, шөпті жұлып
өкіріпбақырғаны есінде. Сонда бір сұмдық үн естіп еді. Əуелі зар еңіреп
жылаған Байбосынның ешкім тырс деп дыбыс шығармаған соң көзі ақшиып
итше ысылдағанын көрген. Анау тісі ақсиып əркімге бір ұмтылды. Қолына
түссе əкесін де, інісін де жарып тастар еді. Мынандай адамда ата-ана да,
бауыр да болмайтынын біліп қатты қорықты. Осыдан кейін-ақ Имансерік
Шерлітас аңызының мəнін жанымен сезініп, Аңрахай жұртымен ғасырлар
бойы жасап келе жатқан азап-шері көкірегіне біржола шемен болып қатып
еді.
Байырғы жолшының саусағы жыбырлап, таңдайым қаңсыды деген ишара
жасады. Имансеріктің əйелі аппақ дəкемен қарттың кеберсіп, соры шыққан
шыт-шыт ерніне су тамызды.
Төлеп қарт жайлап көзін ашты, жанарын терезеге қадады. Аспан толы
жұлдыздар мөлтілдеп, қазір осының үйін бағып тұрғандай. Жұлдыздардың
бетінде болар-болмас майда ақ тозаң. Жайлап өткен қалың аттының
артында қалатын шаңдай баяу жүзіп жатыр.
Төлеп қарттың көзі жұмыла берді. Алыста бірде кішірейіп, бірде үлкейген
секілді. Əсіреп, іле Шерлітас, сосын Əсіреп…Қалың тұман сейілмейді. Қарт
ой нүктесінен айрылып қалудан құты қалмай қорықты. Ұмтылып көк
тұманды кешіп барады. Балауыз шамның əлсіз сəулесіндей көз ұшында
жыпылық қаққан түймедей ноқат… Бар даусымен айғай салады. “Ұлы…
ым…” Кекілді бала тыпыңдап қашып барады. “Ұлы…ым!.. Əсір…еп! Кетті.
Əй, мынау Төрекелді ме? Жоқ… Анау ыржиды, жоқ. Төрекелді емес.
Мойын жүні түте-түте, аузы қан-қан көк бөрі…” - Балам қайда?
- Ол сенің балаң емес.
- Қалайша? (Қасқыр да сөйлейді екен-ау).
- Бала сенен безген, ол безеді сенен.
Өтірік айтасың, адам баласы өз əкесінен безбейді!
- Балаң үшін сен баяғыда өлгенсің.
- Тəйт əрі.
- Енді саған бала жоқ.
- Сенбеймін, сұмырай, сенбеймін. Əсіребім, əне… - Қуып жет. Қуып жетіп
өзінен сұра.
Балауыз шамның əлсіз сəулесіндей жыпылық қаққан түймедей ноқат ұзап
барады. Байырғы жолшы елес қуалады. Төрт жыл Ешкілідегі əкесінің қара
орманында өлмелі шешесінен басқа ешкім жоқ еді.
Бұл дүниені бірақ шиырлады ғой бұл. Соғысты. Одан қапыда тұтқынға
түсіп
қалды.
Контузиямен.
Қашты.
Югославияның
партиязандарына қосылып тағы жүрді қан кешіп. Елге жеңістен кейін
бес жылдан соң əзер жеткен.
- Қазына қайда, Əсіреп қайда? – деді Төлеп анасымен амандасып болған
соң. – Апа-ау, келін мен немерең қайда?
- Сен соғысқа кеткен күннің ертесіне інісі – Төрекелді келіп алып кеткен.
Ұзын құлақтан естуім, Қазына байғұс қайтыпты.
- Қайтқаны қалай?
- Кім білсін, күйігіңді көтере алмады ма… - Төрекелді соғысқа бармаған ба?
- Қайдан білейін. Қазына мен Əсірепті алып кеткеннен кейін кім көріпті
оны. Өзін дырдай белсенді деп жүрген, осы жерге пəбедемен келді ғой.
Төлеп қаладағы қайнысының үйін əркімнен сұрап жүріп тез-ақ тауып алды.
Жұрттың білетініне қарағанда оның осал болмағаны.
Мұны көргенде Төрекелді терезе алдына қойылған креслода газет оқып,
таңырқап, қабағын керіп отырып қалды.
- Сен қайдан жүрсің? – деді бір түрлі даусы бұзылып. - Дəм бұйырып келіп
қалдық. Естуімше, Қазына… - Бес-алты жыл болды өлгеніне.
- Əсіреп…
- Əсіреп биыл сегізінші класта.
Төлептің жүрегі аузына тығылды.
Алақтап бөлменің ішіне көз салған.
- Жүдеусің, - деді Төрекелді. – Осы сен бəленбай жылдан бері қайда
жүрдің?
- Дəм айдаған жақта да, - деп Төлеп сəл шытынап та қойды. – Енді ұлымды
алып кеткелі…
- Сол болмайын деп тұр.
- Неге? – Төлептің даусы қатты шығып кетті.
- Əсіреп қазір Таңқиев. Иə, иə, кəдімгі Аңрахайдың атақты жылқышысы
Таңқының кенжесі.
- Жиені де.
- Жоқ, баласы.
- Япыр-ау, ол Таңқының қызы – Қазынадан туды ғой, əкесі, міне, алдыңда
отырған жоқпын ба?
Бекер айтысасың, Əсіреп менің шешемнен туған, əкесі Таңқы.
- О, құдай, бұл не мазағың?! – Төлеп осының бəрін өңімде көргенім шын ба
дегендей айналасын қарманды. – Жазығым не?
- Таңқы əулеті қашаннан кінəраты бар адаммен шатыса алмайды. Мен
жауапты қызметтемін, сенеді, сыйлайды: сүттен ақ, судан тазалығым
қымбат. Соғысқа кеткеннен оншақты жылда əзер оралдың. Не бітіріп, не
қойғаны белгісіз деп ізіңе түссе ше. Жоқ, айналайын. Күні ертең біреу
Таңқиев жолдастың жездесі Төлеп Еркебаевтың жолы қиыр-шиыр, ал жиені
Əсіреп сол жаудың баласы десе…, то есть Төлепов деген фамилия Таңқы
əулетіне шатыспауы керек. Балаңа жаның ашыса, жуыма. Ол – Таңқиев,
Төлепов екенін ешкім білмейді. Сенің атың жалғыз менің ғана емес, оның
кейін өскеніне де кедергі болады. Біз сені, сен бізді ұмыт.
- Мен қан кешіп келдім, - деді Төлеп. – Əсіреп өз ұлым.
- Солай-ақ болсын. Бірақ… - Таңқиев саусақтарымен тізесін қаққыштады. –
Сол жылдардың оқиғасы қайталанбасына көзің жете ме? Мен баланы қайта
тəрбиелеп шығардым.
- Көзімнің тірісінде өз баламды өзімнен қалай тартып аласың?
- Маған керегі – сенің балаң емес, басымның тазалығы.
- Өмір бақи саған жоламайын, имандай шыным. Тек баламды қайтар өзіме.
Таңқиев басын шайқады:
- Баламды қайтар дегенің, басыңды шат дегенің. Бұл қолқаң жүрмейді. Мені
сенімен байланыстырып мысымды құртып тұрған Əсіреп, егер ол жоқ
болса, бүйтіп баланың фамилиясын Таңқиевқа көшіріп азапқа түспес едім.
- Кісілік қайда? Адамгершілікті қайтесің? Мұндай зорлықпен қалай өмір
сүресің?
- Адамгершілік дейді, - Таңқиев мырс-мырс күлді. – О жағын
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 18
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.