Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 21

Total number of words is 3959
Total number of unique words is 2411
31.2 of words are in the 2000 most common words
43.5 of words are in the 5000 most common words
49.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ертеңгі шайын ішіп алған соң Бекзат Ақкүшікті жұмысына өзімен бірге
ертіп ала кетті.
− Біреу ұрлап кете ме, əлде ішің пысып өзің қаңғып кетесің бе, жүр, − деп
еркелетіп бара жатты.
Бекзаттың кітапханасы ауылдың аяқ жағына таман, дөңестеу жерге
орналасқан шағын үй. Келіншек отты оған өзі жағады. Пеш қызғанша үй іші
мұздай болып тұрады.
Пеш кіре берістегі шағын дəліздің бұрышында. Контрамарка деген қара
пеш. Екі шелек көмірмен кешке дейін қызып тұрады.
Кітапханаға келім-кетімді аз. Сол аздың өзі мектеп оқушылары. Үлкендер
жағы оқымайды. Мұғалімдер де. Сөздерін тыңдасаң: "Заманға қарай. Қу
тіршілікпен кітап оқу түгілі сіңбіруге мұрша жоқ. Оқу бағдарламасының
өзін о ғып, бұ ғып шолып өтеміз". Қуанатындары − мектеп, əйтеуір,
бастауыш. Балаларға тапсырма бер де, өздерің оқып ал де. Ағай, ағай
түсіндіріңізші деп жатқан ешкімі жоқ. Əлі естерін жиып, етектерін жаба
қоймаған өң боқмұрында қайбір ынта, талап бар. Соның қажет екені
каперлеріне кірмейді.
Оқығаннан гөрі оларға жиі-жиі болып жататын той-томалақта
атааналарының аяқтарына оратылып жүргендері қызық. Ата-аналары да
соны қалайды. Тост сөйлегендері, ұзын сонар тілектерінен соң, оларын
ілестіре кенжелерінің, немерелерінің əн салып, би билеулерімен аяқтап
жатады. Менің кекілдім домбыра шертсін, менің бұрымдым «қамажайды»
қайырсын деп өңмеңдеп отыратындары қанша.
Осында бір төртінші класта оқитын қара қыз бар. Жетім қыз. Шешесі
əлдекімнен жүктеп қалып, оң жақта туып, анасының қолында қалдырып
кеткен. Пияздай пысық өзі. Кітапханадан шықпайды.
− Тəтей, Распутин деген жазушының «Француз тілінің мұғалімі» дейтін
кітабы табыла ма? − деп тұр бірде.
Ондай жазушыны Бекзат естімеген еді: "Оны қайдан білесің?" деген
таңырқап. "Сол шығармасы бойынша түсірілген киносын көрдім
телевизордан. Енді кітабының өзін оқиын деп едім". "Бізде жоқ ондай кітап.
Қазақ жазушыларынікі бəрі. Соларды оқи берсеңші. Мысалы "Менің атым
Қожаны"". "Оны оқып қойғанмын". "Ақ кеме бар". "Оны да". "Том Сойерды
оқы". "Өткенде алғанмын".
Амал не, оқушының бəрі қара қыз емес. Ауылға таралып кеткен мынандай
қызық бар: мектепте батырларға арналған арнайы стенд жасалады.
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Райымбек... Стендтің бір жағында
Жамбылдың жымиып түскен портреті ілінген екен. Сөйтсе балалар: "Мына
кісі батырға ұқсамайды ғой, жымиып отыр" дейтін көрінеді.
Бекзаттың өзі де кітап оқуға көп дағдыланбаған еді. Мектепті орталау
бітірді. Азды-кем əн салатын, би билейтін өнер болған. Мектептегі драма
үйірмесіне қатысты. Содан шығар мəдени-ағарту училищесіне түсті. Оны
бітіре салып Қалдыбаймен тұрмыс құрған. Екеуінің танысуы осы ауылда.
Бекзаттың жақын құрбысы осы ауылдың жігітіне тұрмысқа шығып,
солардың үйлену тойына келген ғой. Дəм сөйтіп тартып тұр екен. Домбыра
мен гитарада алма-кезек əсем ойнайтын ұзын бойлы сұстылау жігіт салған
жерден көңіліне жаққан. Жалғыз шешесі бұл келін боп түскен соң, көп
ұзамай қан қысымынан көз жұмған.
Контрамарканың оты дірілдей түсісімен Бекзат Ақкүшікті ертіп қызмет
орнына кірген. Енді столыңа жайғас та, отыр кешке дейін. Қарап отырғанша
деп əр кітапты парақтай-парақтай, бірте-бірте оқуға дəнігіп бара жатыр еді.
Сондай күндерінің бірінде Максим Горькийдің "Құмарымпаз пұшық" дейтін
əңгімесіне кезігіп қалмай ма. Пұшық қатынды алып бара жатқан неғылған
кұмарымпаздық деп оқи бастаса... Жан дүниесінің астаң-кестеңі шығып,
қолқа жүрегінің төңкеріліп кеткені. Құдай-ау, мына құмарымпаз пұшықтың
балалары үшін етін паршалап итке тастауға əзір құдіреті қай жағынан
шығып жатыр. Əйелдің теңдесі жоқ еркін, құрбандыққа жалтақсыз бара
алатын ерлігін тудыратын құдірет ұрпағы екен ғой. Тағдыры − ұрпағы екен.
Бекзат өзіне алғаш рет өзгеше қарай бастаған. Ол өзінің өмірге əйел заты
болып келгендегі парызын енді есіне алды. Сол сол-ақ екен алпыс екі
тамырына алақұйын қан жіберіп тұрған албырт жүрегі ұрпақ əуенімен
аңырап қоя берді. Осыдан кейінгі жерде күйеуіне асқан құштарлықпен
берілген. Əйел шіркінде еркекті еліктіріп, ерен қимылға бастап əкетер
құбыл құбылыстар жетеді екен, солармен алма-кезек ойнағанда күйеуі
"еңіске шапса, төске озған" еңіреу бозға айналар еді, сонда бұл тұла
бойынан ондаған бұлақ көзі бүлкіл қағып жатқандай ессіз əсерге бөленетін.
Сөйтсе де перзент шіркін бітпеді жатырына. Келе-келе күйеуінің оты ойнап
жатып-ақ оқыс сөніп қалатын болды. Əйел түйсігі мұның өзі еркектің
еркінен тыс болатынын сезген. Сонда оның ойын он санға бөлетін не?
Перзент! Əрине, сол. Алты жылдан бері сəби ет жүрек одан үмітін үзе
бастағанда ісіп-кеуіп, ілгері-кейінді изеңдеп жатқан аталық тамырды
бастаған ойынын аяғына жеткізбей жуадай солдыра салар-ау. Сырттан есік
алдына келіп тоқтаған автомашинаның дыбысы естілді. Ақкүшік елеңдеген.
Есікті айқара ашып Өрікайдар кіріп келеді. Шырттай киініп алған. Қолында
қорап конфет.
− Аудан орталығына бара жатыр едім. Тумысымда кірмеген екенмін бұл
кітапханаға, − деді жайраңдап. − Мынау өзіңе келін.
− Рақмет, − деп Бекзат конфетті ары алып қойды.
− Қалдыбайдан хабар бар ма?
− Болмай тұр.
− Əкесінің мінезі шорт еді. Ия... Ым... Өзі айғай-ұйғайсыз кетті дей ме?
− Сөйтті.
− Тіпті, дəнеңе айтпады ма?
− ...Бағыты қай жақ еді?
− Білмедім.
− Кейінгі кезде ішуі жиілеп еді. Қой дедім. Түбі бір туыстығымды айттым.
Клуб-сұлыпты қайтесің, маған кел дедім. Пайдалы тіршілік жасату еді
ойым. Заман мынау. Өзің қимылдамасаң, оның үстіне шын жанашырың
болмаса, ешкім өлген-тірілгеніңе қарамайды. Тіпті, өкімет те.
− Ағай, кітап алайын деп пе едіңіз?
− Е, жоқ, келін. Жайыңды білу менікі. Жаңа айттым ғой Қалдыбаймен
түбіміз туыс.
− Рақмет.
− Осы кітапханадан қанша айлық аласың?
− Өзіме жететін сияқты.
− Сияқты дегенде, қолыңа тиетінін айтшы.
− Он үш мың теңге.
− Он үш мың... − Өрікайдар күліп қойды. − Келін-ау, ол ақшаң мынау
тұрған ауданға бір барып қайтуға да жетпейді ғой.
− Жетіп жүрген жоқ па?
− Жассың. Затың əйел. Сол екеуі қосылған жерде ойбұй... Осы маған
жұмысқа ауыссаң қайтеді, келін?
− Онда не істеймін? − деп күлді Бекзат.
− Экспедитор боласың. Астыңа шоферімен машина беремін. Аудан, облыс,
Алматыға дейінгі жұмыс бастан асайын деп жатыр. Консерві, шұжық
цехтарын салмақпын. Шағын да болса сауда орталығын ашамын. Құс
фирмасын қолға аламыз. Бұл ел көрмеген жаңа шаруа − түйеқұс өсіремін.
Оның етінде холостерин деген болмайды. Деликатестің деликатесі.
Бизнеске кіру, келін, көрінгеннің қолы жете беретін шаруа емес.
− Бизнесіңізден мүлде хабарсызбын. Жаңағы экспедитор дегеніңіздің өзін
түсініп отырған жоқпын.
− Үйретемін.
− Қайдам, аға.
− Ойланшы былай. Сөйт. Сөйтемін деп берші қолыңды. Қане.
Бекзат бір түрлі қымсынып қолын ұсына қоймап еді, Өрікайдардың
күректей алақаны өзі барып жабысты.
Осы кезде Ақкүшік ыр етіп, атып тұрған.
− Мұнысы несі? − деп Өрікайдар селк еткен.
Өрікайдардың алақанынан қолын жылдам суырып алған келіншек
орнынан тұрды.
− Ағай, менің жұмыстарым көп еді, − деді.
− Япыр-ай, мына күшікті-ай, − деп қойды Өрікайдар ыржиып. − Пəлесін
қара, мұның.
Кетіп бара жатып айтқаны:
− Келін, ойлан. Өзіңді өзің ойламасаң, білуімше Қалдыбайдан ендігі жерде
қайыр жоқ. Ал мына ағаң сені падиша етеді. Шыным. Солай...
Бекзат келіп Ақкүшіктің басын сипалады.
− Сен не, мені қызғанамысың, күшігім? Қызғанасың, ə. Қорғағың келеді.
Рас қой. Күшігім менің. Өзіңнен басқа жақын қазір кімім бар бұл ауылда.
Қалдыбай кетті. Мүлде ме... Оралмай ма енді... − деп өксіп жіберді.
Екеуі ұрысып-таласқан жоқ. Қалдыбай төсекте неше күндей теріс қарап
жүрді де, күтпеген жерден:
− Мен кетемін, − деді.
− Қайда?
− Білмеймін.
− Бұ, қай сөзің?
− Жалғыздыққа бел будым.
− Қандай жалғыздық?
− Түсіндіре алмаймын.
− Адамның түсіндіре алмайтыны болмайды.
− Түсіндіргісі келмесе ше.
− Қалдыбай...
− Кетем, Бекзат.
− Сүймеп пе едің мені?
− Сүйгем.
− Ендігің не?
− Білмеймін.
− Мен кіммен қаламын?
− Мүмкін қайтарсың.
− Қайда?
− Төркініңе ме... Жер кең ғой.
− Ойыншықпын ба?
− Олай дегенім жоқ.
− Деп тұрсың, − Бекзат жылап жіберген. − Адам дедім ғой сені.
− Рас, − деді Қалдыбай. − Рақмет.
− Несіне рақмет енді.
− Түбі риза боласың.
− Тастап бара жатқаның үшін бе?
− Өзімді-өзім қуып жіберіп жатқаным үшін.
− Өзін-өзі қуып жібергені несі? − келіншек аң-таң. − Ондай да бола ма?
− Болады.
− Қалдыбай...
− Шын айтамын, Бекзат. Сенің қылдай қиянатың, тілдей кінəң жоқ.
Кешір, мені. Кейін түсінесің бəрін. Басқамен тұрмыс құр. Хош!
Қалдыбай таяп келіп шашынан иіскеп, маңдайынан сүйді.
− Хош, Бекзат!
Бекзат соңынан тұра жүгірді.
− Тым құрыса барар жеріңді айтып кетсеңші. Жігіт лəм демеді.
Қайырылып бір қарамады да.
Бекзат қамықты.
− Нені түсіндіре алмады маған а, Ақкүшік. Нені?.. Өз үйінен өзін неге қуды
ол. Адамның ел аман, жұрт тынышта қарадай өзін-өзі өз үйінен қуғаны қай
ақылға сыяды. Кім сенеді оған. Сену мүмкін бе? Бəлкім...
Иə, Бекзат Қалдыбайға дейін... Мəдени-ағарту училищесіне түскен жылы
ғой. Дирижерлік етуден сабақ берген сол азамат... Жасы отызды орталап
қалған. Бекзат он жетіде еді. Бойы бұлғаң бойжеткен. Көңілдің көктемдегі
өліараның алай-түлей күндері сияқты борай да борай соғып тұратын кезі.
Он жетің жігіттерге ұнағың келіп тұратын ұрма-пермелеу екен. Көздеріне
түскің келіп олай да, бұлай бұлаңдайсың. Өмірдің өзі бұлаңдамасыңа
қоймайды. Айналаң қас-көздерін сүрмелеуге кірісіп кеткен, тұрып та, жүріп
те, тіпті тамақ ішіп отырып та, ұйқыға бара жатып та жаныңды қытықтап
қиқу салған эстрадалық музыка... О шіркін ішіне бір түсіп алса, əңкі-
тəңкіңді шығаратын дүлей болып шықты; əңгірлеген бір сұмдық дыбыстар
əй-шайға қаратпай алқын-жұлқын етіп алды да кетті. Еңістен заулап түсіп,
ентігін баса алмай тұрған еліктей елпеңдеген елгезек ерке жасқа дүние шыр
айналып əн салып тұрғандай, өмір тіршілік сөйтіп қалатындай, оның өн
бойы қуанышшаттыққа, қызыққа, бақыт пен махаббатқа өріле беретіндей
болып көрінді. Соған имандай сенгені соншалық − аядай кеудесінің ар
жағында бер жағындағы еркектің қолы тимеген қос түйнегін көгілдір көкке
де, көкпеңбек көк теңізге де алып ұшатын тулаған толқындар тепкілеп
жатты. Осыдан кейін əйел заты, əйтеуір, сөзсіз көрер махаббат ойынына
іңкəрлік сезімі түйсігінде қылт-қылт етсін. Бойжеткен тар төсекте тебістіріп
жіберетін махаббат ойының əрі сертті жəне рақатымен қоса қатыгездеу
екенін білмейтін. Махаббат ойыны, түптеп келгенде, есті ұрғашының бірден
есейетін, есейгенде аспандағы ақша бұлттардың бауырына барып қайта
кіруі мүлде мүмкін емес қатал кесімді сəті екен. Оны бұл əлгі дирижер
оңаша бөлмесіне апарып, бұрын татып көрмеген шарапты ішкізе отырып,
əлемжəлем музыкаға іші-сыртын қорғасындай балқытып, соның
барлығынан бағытынан айрылып қалған сəтінде ақ мамық төсекке
шалқасынан салып тастап, тамағынан тақымына дейін толықсыта талмай
сүюінен кейін қара сандарын өзі ашқанда ындыны құрыған неме ынсапсыз
ырғайымен "ы... ы... ы... " дегізгенде барып бір-ақ білген.
Оянғанда терезеден шақырайып күн түсіп тұр екен. Өңі қып-қызыл шоқтай
емес, бояуын төгіп алған сияқты сұрғылт көрінді. Қыз түрегелгенде
аяғымен жөндеп жер тірей алмай ақсап басты. Дирижер ас бөлмеде темекі
шегіп отыр екен.
− Кешір, − деді мұның құр сүлдір тұрған бейшара кейпіне аяп қарап.
− Нені?
Осымен сөз бітті. Бекзат ваннадан шала жуынып, опыл-ғұпыл киінді де
есікке беттеді.
− Қалай ашады құлпын? − деген.
− Шай ішсек қайтеді, − деді анау шын көңілмен.
− Уақыт жоқ, менде. Есікті ашыңызшы.
− Сен, маған...
− Жіберіңізші ағай.
− Өкпелеп тұрсың.
− Қуан дейсіз бе?
− Пəктігіңнің алдында мəңгі қарыздармын, Бекзат.
− Неғыл дейсіз енді.
− Кешір.
− Ал өзіңіз... Өзіңіз кешіре аласыз ба өзіңізді?
Дирижер іркіліп қалды.
Сыртқа шыққанда Бекзат басқа дүниені көрді; ары-бері жосылған жұрт,
əрқайсысы əр қилы кейіпте; қабағы қатулысы бар, жүзі жайдарысы бар,
біреудің жүрісі емпең, ананікі едірең, келесінікі мығым, маңғаз, сенімді.
Тізелері қалт-қалт етіп, терісіне əзер ілініп жүргендері де осында.
Жосылған автомашиналардың өңі сан түрлі. Айнала қарама-қайшылығы көз
алдыңда, тірліктің, күнкөрістің сеңдей соғылысқан алай-түлей алапат дүние
екен.
Бекзат өзінің бір түнде өзге, дүниенің де бөтен болып қалғанын сезді. Өміртірліктің көңіліңді əлпештеген, əлеміңді əдемі арман, əсем сезіммен
əдіптеген əуелеген əн мен күйдің үнемі ары-бері тербеліп тұратын
əткеншегі болмай шықты. Ащысын аузына тығып, тұщысын тұз салып
тұншықтыра қою əп-сəтте-ақ екен. Соның барлығы жерден шығып, көктен
түсіп жатқан беймəлім пəлекеттің қылығы болса-ау. Бəрі сол өз тінінен
шыққан, өзің өлердей жақсы көретін, жебеушіңе, сеніміңе, қорғанышыңа
балайтын жалғызың − адамдардан болып шыққаны жас қызға қаға берісте
қамшымен қақ бастан салып жібергендей əсер етті. Əсіресе, еркектің
аяусыздығына, айран-асыр; етегіңнің астына енгенде ежелден егесіп жүрген
қас жауының жағасына қолы жаңа жеткендей жанды алып, жан беретін
жаугер сынды жабығыңнан жауқазын қазғандай жайратып кететіні не
сұмдық. Сөз байласып, пəтуə жасасқаның болса жөн, бүгін көріп бір сəттік
əлсіздігіңді пайдаланып екі бүктеп жіберетіні қай кісілік.
Бекзат түйсігінде оқыс туған осы ойлар шынында да өзімнен шығып жатыр
ма, əлде біреу сыбырлап айтқызып тұр ма деп аң-таң.
Бір бөлмеде қонатын төрт қыздың жасы үлкендеуі қадалса жан алатын өжет
еді, салған жерден:
− Саунадан келдің бе? − дегені.
− Есің дүрыс па?! − деп Бекзат шаңқ еткен. − Саунаң не!
− Алдағы қиралаң-кирелең жүрісің немене. Екі бұтыңның арасына оқ тиді
ме. Өмірді одан, иə одан бастамайды есті қыз.
− Өзім білемін.
− Дəнеңе де білмейсің сен.
− Кеше, рас. Ал бүгін білемін.
− Неужели...
Сабаққа бармай түс ауғанша тапжылмай жатып алған. Қыздар келгенде есі
шықты. Бəрінің өңі от сөндіргендей.
− Бек... зат... Дирижер ағайды машина қағып, өлтіріп кетіпті, − деді қыздың
бірі үрпиіп. − Понимаешь...
Бұл басын жұлып алған.
− Не понимаю! − жан даусы шықты. − Қалайша?.. Неге?.. Ақкүшік шəушəу
етті.
− Түзге барғың келді ме? Жүре ғой.
Күшігін ертіп сыртқа шықты. Күн бұлыңғыр. Тау жақтан жылымық жел тұр.
"Көктем келе жатыр" деді күбірлеп. Қалдыбай жоқ. Былтыр осы уақытта
Наурыз мерекесіне арнап мерекелік концерт дайындап жатқан еді...
− Ақкүшік, əй Ақкүшік, Қалдыбайымызды іздемейміз бе. Іздейік те,
Ақкүшік. Алып келейік үйге. Айтсаңшы, қайдан іздесек екен?
Күшік жер иіскелеп айналасы шыр айналады. Ылғи осында ұшып-қонып
жүретін кептерлерге тістеп алмақ оймен тап-тап беріп əуре.
Кешкісін Бекзат Ақкүшікті алғаш рет дəлізге жатқызып қойды.
− Енді, Ақкүшік, сен осында жатасың. Екеуміз бірге түнейміз. Жұмысқа
бірге барып, келіп жүреміз, ұқтың ба. Түсінбейсің... Жоқ, ұғасың ба?
Сезесің, ə?
Ақкүшік еркелейді. Құйрығын бұлғаңдатып, құлағын селпілдетіп дəлізден
есігі ашық бөлмелерге үңіліп қояды. Сосын босағаның бұрышында тұрған
Қалдыбайдың ескі аяқ киімдерін иіскелеп, шəу-шəу. Солай біразға дейін
жүріп алды.
Төсегіне жатқан соң Бекзат көпке дейін ұйықтай алмай, дөңбекшіген...
Бағанағы Өрікайдардың кітапханаға келгенін есіне алды. Көп əйел алған
дейді өзін. Екі-үш жыл бірге тұрып, ажырасып кете береді екен. Жастау
кезінде сері болған дей ме. Ет дайындаушы болып істеп жүргенде ауылда
алғаш "Волга" мінген осы екен. Содан облыстағы бұл ет өткізіп жүретін
комбинаттан шатақ шығып, оның басшылары, сондай-ақ оған қатысты ет
дайындаушылардан істі болғанда, Өрікайдар да бірге сотталып кетеді.
"Итай, − деседі ауылдастары. − Босап келгеннен кейін үш күн өтті ме,
өтпеді ме бəйбішесін ертіп алып Отардағы теміржол станциясына кетті ғой".
Сөйтсе, станцияның базарынан арзанға ет алып, екі шақырым жердегі
бұрынғы əскери қалашықтың тұрғындарына қымбатқа сатумен айналысып
кетеді. Сөйте-сөйте бизнесінің ауқымын кеңейте түскен. Енді тау-тастың
қойнауындағылардың малдарына ауыз салады. Бəсіне келіседі де ақысыз
алып кетіп, сойылған соң келісілген ақшаны əкеліп береді. Қаншаға сатты,
ол оның шаруасы, сен келісілген бағаңа риза бол. Бұл екі жаққа да тиімді.
Қойшы-қолаң малдарын ит өлген жерге жеткізіп, кім көрінгенмен
саудаласып əуре болмайды. Өрікайдар малдарын қолма-қол ақша төлемей
алып, сойылған соң бір-ақ есептеседі. Үстінен тапқан пайдасы көл-көсір.
"Осы заманның адамы, − деседі ауылдастары. − Жоқтан бар жасайтын
талант. Ит тек, беті ажарлы ұрғашы көрсе борап кетеді".
Өрікайдар қайырымды да еді. Осы ауыл той жасай ма, кісіні соңғы сапарына
жөнелте ме, ақшаны содан ала тұрады. Алдына барған ешкімді жерге
қаратпайды. Тек уақытысында қайтар, уақытысында қайтарып, ертесіне
тағы келсең, тағы аласың. Жұрт Өрікайдарды осысы үшін қадірлейді,
алдынан қия баспайды.
Өзі былай сымбатты еркек. Ауылдағы кейбір келіншектердің оған "Ағаай!"
деп сызылып тұратындарын Бекзат талай байқаған. "Ана келін бе, ана келін,
тағы анаусы... Өрікайдардан сау емес. Күйеулерін таудағы малдарын
бақтырып койып, Өрікайдар пəлекет əйелдерін машинасынан түсірмейді"
дегенді жиі естиді. Оның қаншалықты шын екенін кім білсін, ал енді
Өрікайдардың иномаркасынан сол малын бағатын, егінін салатын, басқа да
жұмыстарын атқаратындардың келіншектерін Бекзат жиі-жиі болмаса да,
көріп қалады.
Ал бүгін оған келісі, жұмысқа шақырғаны... Қалдыбайды да айналдырған...
Шын жаны ашығаны ма, əлде... Көз қиығы мұның тоқ мықынына құлап түсе
берді ғой. Омырауына салды онысын. Аулақ, аулақ... Келіншек теріс қарап
кетті. Қалдыбайды ойлаған. Бойы ысыды. Қара сандарының қапталындағы
тамырлары лыпып соға бастады. Екі самайы солқылдаған. Екі жауырының
арасы тырыса бастады. Ауыр салмақтың денесін езіп, үстін таптап тұрып
алғанын аңсаған. Солай ұзақ-ұзақ аласұрып, аузы құрғап, діңкелеп, құр
сүлдері қалып жатып көзі ілініп кеткен.
Ертеңгілік келіншек Ақкүшіктің шəуілінен оянды. Бойы зіл-батпан, меңзең
жатыр екен.
− Тыныштық па, Ақкүшік?
Бірде ұйқылы, бірде ояу жататын күшік мана бір мызғып кеткенде
Қалдыбайды көрген. Иесі жалаңбас, жалаңаяқ əлдеқайда қашып барады.
Соңынан тұра жүгірсе жете алмайды. Алдарында үлкен өзен аспанға
шапшып ағып жатыр екен, Қалдыбай барды да соған күмп берді.
Ақкүшіктің жүрегі кеудесінен ұшып шыққандай шəуілдеп қоя берген.
− Оятып тұрмысың, мені, − деген Бекзат орнынан сүйретіліп əзер тұрып.
− Түзге барғың келді ме. Қазір. Барып келе ғой.
Ашылған есіктен Ақкүшік сытылып шыққан мезетінде ауыл сыртындағы
өзенге қарай шапқылап бара жатты.
Самогонның уыты жаман екен, Қалдыбай басын мүлде көтере алмай қалған.
Кеудесі күйіп жанады. Таңдайына тығылған жағымсыз дəм жүрегін көтеріп,
лоқси береді. Диірменші жазыласың деп, "брага" деген боз бəлені ішкізеді
келіп. Одан жаны сəл тынышталғанымен, жарты сағат өтпей, қайта
қысылады. Шалдың өзі болса аттай.
− Біздің қанымызда бар бұл, − деп қалды. − Самогон мен сало ғой
ауқатымыз. Осы екеуі құрыса біз де бітеміз. Сендерді бекер бұздық. Сендер
оны арақ деп ішесіңдер, біз тамақ деп... Вот в чем дело. Біздің
асқазанымыздың өзі − бутылка. Арақты қанша құй, бұзылмайды.
Сендердікі − ет, сəл тамызып қойсаң қатпаршақтары кеуіп, жұмыс істемей
қалады. Надо оживить. Браго самогонның ашымалы. Вроде как пиво.
Слабый. Не так действует. Лучше давай, сынок, сто пятьдесять настоящего.
− Ой, дядя Паша, разве я смогу.
− А ты старайся.
Шал стаканға самогон құйды.
− Тяпни... залпом.
Қалдыбай төгіп-шашып зорға ішті. Дымы өшіп біраз отырған.
− Мен картоп қуырайын, − деді шал. − Шошқаның свежий салосымен. Сен
вставай. Двигайся. Нужно кровообращение. И еще знаешь от чего ты так
трясешься. От того, Калдыбайчик, сен самогонды да соқтың, қатынды да...
Вообще тыржалаңаш қатынның қойнында таң атқанша тыржалаңаш жатып
алуға нельзя. Қатынның телосы асыл, высасывает всю силу. Сделал свое
дело, немедленно отделяйся.
− Дядя Паша, мен тиіскенім жоқ ол қызға.
− Ладно, сынок, − шал сенбей ыржиды. − Зря стесняешься.
− Құдай ақы.
− Тогда что, как қазақтар говорят: шошқа тағаладың ба?
− Жəй, қонып шықты.
− Разве она тебя простит после этого.
− Что плохого сделал?
− А что хорошего... Она хотела тебя. Сам заметил по ее взгляду. Прямо
жанып тұрды. Знаю я этих телок насквозь.
− Дядя Паша, она не того.
− Того или нет, дело не в этом. Дело в том, что она должна раздвинуть ноги.
− Көрінгенге емес шығар.
− Эх, сынок, сынок, − деп шал темекісін бұрқыратты. − Не буду судить. В
этом деле в вашей башке, берет верх здравый смысл. А я, старый хрен, всю
жизнь на счет баб шел напрямик. Только вперед! Как крестоносец пахал.
Раздвинул столько стройных ног.
− Ой, дядя Паша.
− Думаешь Панталеевич грешный. А кто призывал к этому если не сами
женщины. Куда не посмотришь крутятся, вертятся. Возьмем например
Матрену. Сама пришла ко мне.
− Құрсыншы, дядя Паша. Қояйықшы осы қатындарды.
− Как тебе угодно.
Ақкүшік келе есікті тырмалаған. Есікті ашқан шал айран-асыр.
− С небо свалился, а? − деп күшікке жол берді. Ақкүшік екі-ақ қарғып
Қалдыбайдың төсегіне жетті. Иесінің қол-аяғын тұмсығымен түрткілеп, дəл
бір жылаған іспетті жаман қыңсылады. Қалдыбай қатты қуанды, əрі кеуілі
босаған.
− Ақкүшік-ау, қайда кетіп қалдың, а... Оның не... Ұрлап əкетсе қайтесің.
Сойып жеп қойса, не істеймін.
Жаңағы іштегі жүз елу грамм жетпіс градус самогонның күші ме, жоқ
Ақкүшігінің дін аман оралғанына қуанғаны ма, Қалдыбай еңсесін көтеріп
алды.
Қағынған шал күшіктің кұйрығын көтерді:
− Не... не вскочил кобель.
− Ой, дядя Паша.
− Интересно, тогда где шлялась она?
Шошқаның жас салосына қуырылған картоптың исі мұрын жарады.
Қалдыбай мұздай суға жуынып алды. Айнаға үңілсе, сақал-мұрты өсіп
кетіпті. Көзінің ағы сарғыш тартқан. Өзінен көңілі қалып тұр. Маскүнем
бола бастадым ба деп алғаш рет шошына ойлады. Ішіңкіреп жүргеніне
екінші жыл ғой, қою керек деді іштей. Тым алысқа кетсе ме екен. Қайда?
Ақшасыз қайда жетесің. Жетсең қайтып күн көресің... Үйін сатса... Шалғай,
шағын ауылда қанша тұрады ол. Сонда-ау... Бекзат үйсіз қалмай ма. Жоқ, ол
болмайды. Бекзат барда ол үйден бір сабақ жіп алмайды. Бекзаттан өзін
алып кеткен екен, үйін қалдырады. Сатса Бекзат сатсын... Бекзаттың
қажетіне жарасын.
Қап, кетерінде соны айтып кетпей.
Ауқат үстінде шал сұрады:
− Может үйіңе оралу ойыңда бар?
− Жоқ, дядя Паша.
− Совсем разлюбил қатыныңды?
− Дело не в этом ғой.
− Сен айтсаңшы. Мұндайда ішіңді босатып алған дұрыс. Страдание
отнимает жизнь. Боль должна быстро проходить.
− Бұл менің кінəмнан. Вернее... Қалдыбай демін терең алды. − Давай, дядя
Паша, не будем.
− Ладно. Какой разговор.
Ақкүшік тыңқиып тойып алды. Ол иесінің мұнда неге отырғанын түсінбеді.
Оған керегі Қалдыбайдың өз үйлерінде отырғаны. Алдына түсіп қазір жүріп
берсе. Өз үйлерінің кең ауласына жетсе. Сонда бұл аузына түскенді қажап,
кеміріп жататын көршінің кəрі төбетін шарбақтың ар жағынан мазақтап
шəуілдесе. Үйден Бекзат шығып: "Қой əй, Ақкүшік" десе. "Жарайды" деген
сыңаймен бұл секіріп басып келгенде иесі басынан сипап, арқасынан қағып
тұрса...
− Дядя Паша, диірменіңіз қашан жөнделеді?
− Это от нас зависит, Калдыбайчик. Кой-какие запчасти керек. Мен бүгін
райцентрге жүргелі отырмын. Может, бірге барамыз.
− Мен ешкімнің көзіне түспей-ақ қояйыншы əзірге. Мұнда екенімді білмейақ қойсын жұрт.
− Как скажешь. Ал мен барып запчастілерді əкелейін. Заказ беріп
қойғанмын, Магамед деген тамырға. Əкелейін. Сонан соң дереу іске
кірісеміз. Делом заниматъся надо сынок, делом.
− День добрый, − деп Матрена кіріп келді. − А шо вы так без стопки.
− Перестань, − деді шал. − Хватит. Лучше садись, поешь.
− Что случилось?
− Приступаем за ремонт.
− Пожалуйста.
− Собираюсь в райцентр. Как у тебя?
− Не сахар.
− У нас тоже не мед. Вот видишь у Калдыбайчика какой вид.
− А он очень понравился Розе. Ну как жигит, не возьмешь ее в жены?
− Прекрати, − деді диірменші. − Кто на ходу жениться.
− Сейчас ни с чем ни кого не удивишь.
− Зачем пришла?
− Корм кончается.
− Откуда я возьму.
− У тебя есть же эн...зе.
− Брось.
− Я приятелю твоему привела телку, бесплатно думаешь.
− Эй, что за разговор? − диірменші ежірейді.
− Ладно, ладно. Не кипятись, − деді Матрена. − Только учти, если
отказываешься, Розу больше не увидите.
− Она сама что скажет?
− Она задолжала за квартиру уже третий месяц. Если корм дадите с этим
она будет в расчете. Поэтому поводу она пришла позавчера.
Қалдыбай басын көтеріп алды.
− Роза продается?
− Сегодня все продается.
− Брось-те вы.
− Гадина же ты, Матрена, − деп шал қатынды иықтан түйіп қалды. − По
себе судишь людей.
− Во! − деп қатын диірменшіге екі саусағының арасынан бас бармағын
көрсетті.
Ақкүшік оқтай атылып Матренаның балтырынан ала түсті. Қатын баж етті.
− Уберите эту сучку! Қалдыбай Ақкүшікті жұлып алды.
− Бешенный! − деп қатын далаға атып шықты.
− Что с ней? − шал Қалдыбайға бір, Ақкүшікке бір қарап аң-таң.
− Сізге ара түскені.
− Ты смотри!
− Ақылды күшік қой бұл, − иесі итін жерге түсірді. − Жақсыны - жақсы,
жаманды − жаман көреді. Хайуанат сол. Онда жалғандық болмайды.
− А у человека есть. Почему? Где разница между человеком и животным?
− Ложь вовсе не присуще им, − деп Қалдыбек Ақкүшікке қарады. − Разница
в этом.
− О боже... Получается − виновен разум.
− Білмеймін, дядя Паша...
− Вот такой вопрос: всякий адам сознательно, несознательно все равно
жалған сөйлейді. Даже себя обманывает. Теперь скажи, вообще, кто более
обманчив − женщина или еркек?
− Қайдан білем?
− Ал мен білемін.
− Қайсысы сонда?
− Қатын.
− Неліктен қатын?
− Ой, бұл разговор длинный. Ал маған жиналу керек.
Еркектер тұрды. Ақкүшік елеңдеді.
− Қонып та қалуым мүмкін, − деді шал. Сосын Ақкүшіктің басынан сипап:
Чистокровная она. Биыл алғаш рет лығады. Нужен настоящий кобель. Асыл
тұқымды... Помнишь, мұнда бывший кинолог бар дедім ғой. Вот у него есть
настоящий кобель. Только надо заплатить. Бір сүргеніне − целый мешок
отруба. Иногда пару мешков. Но мы с ним договоримся... Көрдің бе, біз
қатындарға төлейміз, а тут кобельге. В этом деле они счастливее нас чтоли...
− Қойыңызшы, дядя Паш...
− Так что, Ақкүшікті оберегай... Кейде иттер мұнда қаңғып келіп қалады.
Солардың бірі артылып кетпесін. Асыл тұқымды төбеттен күшіктетіп алсақ,
күшіктерін сатамыз əлі. Райцентрлерде мұның ұяластарын білесің бе,
қаншаға сатқанымды? По сто долларов!
− Вы что...
Қалдыбай кешке дейін ұйқы соқты. Ақкүшік оның аяқ жағына бұйығып
жатып алған.
Иесі үй салқын тартып бара жатқанда басын көтерді.
− Қой, Ақкүшік, пешке от жағайық, − деді. − Ыстық ішейік.
Жазда дайындап, өлшеп кесіп, жақсы кептіріп алған қара ағашты толтырып
салған соң, пеш те дүрілдеп кетті. Шағын, жатаған бөлмелердің жылуы тез.
− Қандай тамақ істесек екен, а Ақкүшік? Шошқаның майы жүрегімізге тиіп
болды. Қазір көрейік.
Шалдың тоңазытқышында жарты тауықтың еті бар екен. Соны салды
кострюльге.
− Енді піссін, − деп шағын телевизорды іске қосты. Арлы-берлі бұрап еді,
көгілдір экранда хайуанаттар əлемін көрсетіп жатыр екен. Қасқырлар
туралы... Ақкүшік ескі диванға секіріп шығып, бұрышына тығылды.
− Қорқып кеттің бе? Қорықпа...
Шəу-шəу етті күшік.
− Қой енді, олар қайда, сен қайда?
Тектері бір. Алайда, аналар − қасқыр, бұл − ит. Өмір бақи бір-бірімен жау.
Сұмдық, ə! Бірін-бірі алдап қатар өмір сүре алмайтындықтан екі бөлініп
кеткен. Тектілер мен тексіздер... Ит тексізденген соң да саған қызмет істейді.
Қасқыр тəуелсіз. Адам оны сол үшін де ұнатпайды. Ешбір ыңғайға, үйретуге
көнбейтіндігі үшін.
Ит адамға көнеді. Сол үшін де қасқырмен салыстырғанда айбаты да,
абыройы да төмен. Адам оны құл қылып жіберген. Адам ісін кез келгенді
құлданудан бастайды. Құлдану арқылы шаруасын шешеді. Ит түгілі, жерді
де, көкті де сөйткен. Жерге де, көкке де білгенін істеп жатыр. Тек құдайға
əлі келмейді. Себебі оның қайда екенін, өңі-түсін білмейді, көрмейді. Содан
да құдай мəңгілік. Ал енді бір-біріне келгенде өзгеге деген аяусыздықпен
өліпөшеді.
Болмай бара жатса, өктемдік көрсетеді, өлтіріп те кетеді. Абырой болғанда
не істеп, не қойса да адамсыз адамның көрген күні қараң. Одан қаншама
соққы жеп, қорлау көріп екі қолыңды төбеңе қойып бет алды безсең де,
айналып келіп тығылатының соның құшағы. Соңғы демің қалғанша сол.
Соңғы демің қалғанда есің кіргеннен емпеңдеп арман қуып, бақыт іздеп, бақ
сұрап, арқа етің арша, борбай етің борша, бармаған жер, баспаған тау
қалдырмаған телім-телім тірлігіңнің барлығын талақ етіп сұрайтының
жалғыз ғана − адамның арулап жуып, бір уыс топырақ салғаны.
Ақкүшік теледидардағы қасқырлардың бері шығып кетпейтінін сезді ме,
селтиген құлағы орнына түсіп, ырылдауын қойды. Тек көздерін алмай, тілін
жалап-жалап қояды.
"Жақсы адам − өз ажалынан көз жұмса, өлігін − құдайдың аманатын
абыроймен тапсыру санайды" дейтұғын əкесі.
"Жақсы ит өлігін көрсетпейді" деп те айтады қазақ. Неге өйтеді екен?
Өйттіретін кім? Түйсігі ме, əлде тəңірінің кесімі ме?
Кімнің де өзінің мүсəпір, бейшара қалпын ешкімге көрсетпеуі тиіс қой деп
ойлады. Мұның бедеу екенін ауылдастары, соның ішінде Бекзаты білсе,
бетке айтпаса да, іштей мүсіркемей ме, тіпті мазақтап, қорламай ма. Соны
сезіп жүріп қалай сөйлеп, қалай күлесің. Ет пен сүйектен жаралған пенде
болған соң, біреуге артық айтып, айғай сөйлеуің мүмкін. Е, сонда
бедеулігіңді бетіңе басса ше... Адам ашуланғанда аямайды.
Ары қарайғы өмірін қайтеді сонда? Тірі адам тіршілігін жасауға тиіс...
Көңілінің терең түкпірінен əлдебір дыбыс күмбір қағып, тына қойды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 22
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.