Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 12

Total number of words is 4126
Total number of unique words is 2399
32.6 of words are in the 2000 most common words
46.5 of words are in the 5000 most common words
54.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Күтеді. Тіршіліктің үлкен-үлкен шаруасын жасап жүрген ер-азаматтың
алды ашық болсын деген ниеті. Ер-азаматтың алдын кесу – кесір деген
ұғым.
- Сенің халқың философ екен. Мен оған ғашық болып қалдым, - деп
Көпжасардың бетінен сипады. – Сен аулыңда бірде-бір қызды сүймедің бе?
- Сүйсем, осылай отырам ба?
- Мен саған сенем.
- Жауды жеңеміз, сосын екеуміз қол ұстасып біздің ауылға барамыз.
Қаракөзді, Сарыағашты көресің, жырын тыңдайсың.
- Сенің сол аңызыңды селодағы əйелдерге айтқан едім, - деді Олеся. – Олар
жылады.
- Рас айтамысың? – Көпжасар қызды білегінен ұстай алған. – Дүниедегі
барлық азап-шер барлық адамға ортақ екен-ау, ə?…
Сонда олар түн жамылып ұзақ отырған. Ыстық тілектер, ынтық жүректер ай
көзінен бой тасалап, ағаш көлеңкесінде адалдық, мөлдірлік, сыйластық,
іңкəрлік күйін шертті; екі адамның, екі ағаштың өзгелер айтып жеткізе
алмайтын атқан таңдай нұрлы сезімдері бітісіп, біртұтас дүниеге ұласқан.
Екеуінің осынау бақытына қаптаған қалың ағаш, көкте жұлдыз куə болды,
бірі сыбырласып, бірі жымыңдасып, қосыла қуанған еді…
Қыздың жүзінде бір ұяң арай тебініп шықты. Ол сонша нəзік күлкіге
ұласып, Көпжасардың өн бойына күн шуағындай тарап жатты.
Күндер өте келе Көпжасардың түсінгені – сүю төбеңнен төнген, төтеннен
келген беймəлім сезім емес, о баста емшек сүтімен пайда болған қасиетің
екен. Ол көкейкестісін тапқанша қат-қат дүниенің қаптарында сары майдай
сақталып жүріпті. Айы-күні жеткен соң, ұясынан ұшқан қарлығаштың
балапанындай қанатын қағып, самғап шыға келді. Тіршілік бұрынғысынан
ыстық; жер мен көк айрықша нұрланып, су түгелдей тұнды; ағаштыр бір елі
биіктеген сияқты. Япыр-ау, адамның махаббаты дүниенің ортақ қуанышы
екен ғой. Сенің шаттығың тіршілікке дем беретін, тынысын кеңітетін
құдырет болып шықты. Демек, бұлар – бақытты. Өз қуаныштарымен, өз
махаббаттарымен əлемді шаттыққа бөлегендері үшін төбелері көкке сəл
тимей тұр.
Көпжасардың кесімі – махаббат екі адамның ғана рақатына айналмасын. Ол
өзінің тазалығымен, мөлдірлігімен айналасына жақсылықтың нұрын сепсін,
шынайылығына табындырып, баршаның осынау адал жұптасуға, адал
ғұмыр кешуге іңкəрлігін оятсын. Тек сонда ғана, бəлкім, жер бетінен
жауыздық біткен жоғалар. Адамның кеудесінде жақсы көруден өзге ине
шаншар жер қалмаса, бар болмысын айналасына құштарлық сезімі билеп
алса, тіршілік бірде бүк, бірде шік түсіп мың-сан айнымай, қай жағынан
келіп қарасаң да бір қалыпта тұрар еді-ау. Екі адамның жұптасуы дара-дара
ағыс қумай, бірлесуге шақырып тұрған жоқ па?
- Сен екеуміз Қаракөздің жанынан Сарыағашқа жақын етіп үй салып
аламыз, - дейді Көпжасар қызға.
- Біздің көп-көп ұл-қызымыз болады, иə?
- Əрине, - деп қуанады Көпжасар.
- Мен түс көргем, - дейді қыз, - сені немістер ұстап алыпты деймін. Үлкен
бір иірімге əкеліп лақтырып жібереді. Сен малтып шығып кетесің, олар
қайта лақтырады, бəрібір батпай қойдың. Біз тірі қаламыз, біз өлмейміз,
Көпжасар!
Қыздың көретін түсі көп еді. Бірде Көпжасар екеуі ақ боз атпен Қаракөзге
қарай шауып бара жататын, бірде екеуіне тең қанат бітіп, ақша бұлттардың
арасында ұшып жүретін.
Бұлар сирек кездесіп жүрді. Кейінгі кезде Көпжасар селоға азық-түлікке
келгенде шамалы уақытқа ғана жолығатын. Қыз Көпжасарды біраз жерге
дейін шығарып салады. Көзқарасынан, қимылынан, демінен айтып
жеткізуге болмайтын сағынышы аңқып тұрады. Қоштасар сəтте мойнынан
тас қылып құшақтап, демімен өртеп тұрып: “О, жаратқан, сақта оны,
өлгенін естіртпе, сақта!” – деп күбірлейді.
- Жаудың оғынан сені менің махаббатым қорғайды! – дейтін Олеся. - Менің
махаббатымды жеңетін күш жоқ!
Осының барлығын бір сəтке ойлап үлгерген Көпжасар бойына тың күш
қосылғандай шапшаңдата адымдады. Қара нөсер баяғысынша шелектеп
құйып тұр. “Егіннің пісер алдында жауғаны жақсы болды ғой, - деп ойлады
Көпжасар, - дəні толық болады”.
Енді бір сəт: “Немістер селода сойқан салып жатқан жоқ па, - деп қайыра
ойлады. – Немістер күндіз келмей, кешкісін аяқ астынан келген болса,
Олеся деревняда… Онда…” Көпжасардың төбе шашы тік тұрып жанталаса
алға ұмтылды.
Село мен отрядтың арасы жеті-сегіз шақырымдай еді. Шамалуынша
жартысынан астамын жүрген сияқты.
Марчук тағы ес жиды.
- Немістер қазір селода. Жұртты партизандарды табасыңдар деп сөзсіз
қыспаққа алып жатыр. Мені арқалап уақытты бекер өткізгенсің. Қазір мені
дұрыстап жатқызып, үстімді бұталармен бүрке де, жүгір. Тезірек отрядқа
хабар бер.
Көпжасар үндемей қалды.
- Сөйт, бауырым, жұртты құтқару керек, ертең немістерге қосымша күш
қосылады да… Түсін… Жет тезірек отрядқа. - Сіз ше?
- Маған не, жақсылап жауып кетсең, жата берем. Бар, тезірек хабар бер.
Онсыз болмайды. Бүкіл деревнядан айрыламыз.
Көпжасар сержантты жөндеп жатқызып, үстін бүркеді.
- Тағы бір айтайын дегенім - өзіңді, Олесяны сақта.
- Енді қайта көріспейтіндей, не айтып жатырсыз.
- Сен əуелі тыңдап ал. Сендердің өмір сүргендеріңді тəңіріден соншалық
тілеймін, соншалық… Сендерсіз не болады мына дүние? Соны ойла. Ал,
енді, бар.
Көпжасар отрядқа қарай құстай ұшты. Ол түн жарымы ауа жеткен. Болған
жайды естіген отряд командирі партизандарға жолға жиналуға бұйрық
берді. Мақсат айқын. Жауды таң қараңғысында басу керек.
Отряд жолай Марчукті іздеп тауып алды. Денесінде жан жоқ. Көпжасар
шайқалып барып бойын əзер түзеді. Партизандар бас киімдерін алып
тағзым етті.
Немістер селоны қоршап, тосқауыл қойып үлгерген. Шайқас кенеттен əрі
қатты басталды. Бəріне даяр тұрған жау оңайлықпен ілгері аттатпайды.
Селодан шырқыраған əйелдер мен балалардың даусы естіліп жатты. Таң
сібірлеп атып қалған. Кенет селоның ортасындағы қамбадан лаулаған өрт
шықты. Сонымен қоса естіп тұруға тас жүректің де дəті шыдамайтын
шыңғырған адам даусы жер мен көкті шарлап кетті. Демек, қамбада
қамалған адамдар бар.
- Отряд, алға! – Командирдің даусымен бірге партизандар себелеп тұрған
оққа қарамастан жан-жақтан шабуылға көтерілді.
Немістердің өлгені өліп, тірілері селоны тастап қашты, бірақ артында адам
айтқысыз айуандығын қалдырды. Кепілге деп қамаған əйелдер, балалар,
шалдар қамбамен қоса өртеніп кетті. Үлкен ағаш үйдің табалдырығында
бетжүзі адам танығысыз Платон жатыр. Оң қолының жұдырығы түйіліп
қалған. Көпжасар жанталаса Олесяны іздеді. Бірақ таба алмады.
Селоның тірі қалғандарының айтқан əңгімесі: немістер деревняға түс
кезінде келген, əдеттегіден де қату, келе жұртты алаңға жинап алады да,
Платон қартты тергеуге алады.
“Оңбаған, сен, ұлы Германияның жауларын жасырып жүрсің, шыныңды
айт, партизандар қайда?”
“Офицер мырза, біз партизандарды білмейміз”.
“Мə, саған білмеген!” – Қатты тиген соққыдан Платон қарт құлап түсіп,
бетін қан жауып кетеді.
Басына су құйып, есін жинатып алып, қайтадан сұраққа алады. Қайта ұру,
қайта сұрау, азапты тергеу ұзаққа созылған.
Ақырында немістер: “Партизандарды айтпасаңдар, бəрің де атылып,
асыласыңдар, ойлануға сегіз сағат мұрсат береміз”, - деп бір топ адамды
кепілге алып, қоймаға қамайды да, орманды өздері сүзіп қайтуға шығады.
- Олеся қайда? – Көпжасар кемпірлерге қарады.
- Өртенген жұртпен бірге күйіп кетті ғой, балам.
Көпжасардың тұла бойын көз жасы жуып жатқандай. Сірə, азап-шері
шегіне жеткен азаматтың тұла бойынан көз табылып, ыстық тамшылар
жарық дүниенің бетіне тырс-тырс тамып жатыр, тамып жатыр. Қасиетті
əлеумет-ау, жан адамға жамандығы жоқ, сабағында уылжыған ғажайып
махаббаттың падишасы кетті ғой өмірден. Жыласын Көпжасар, жұбата
көрмеңдер, қос қанаттың бірінен айрылғанда боздамағанда, қашан еңіреп,
қашан егіледі. Сорғалатып аруанадай аңыра. Даусың көкте тəңірінің, жерде
тірі пенденің құлағына жетсін, көңілін босат əлемнің, тобасын есіне сал.
Жыла, тіршілік. Ағаштар сыңсымай неге тұрсыңдар?! Тал түсте сөніп
жатқан жұлдыздардың зарын айтсаңдаршы мына көрсоқыр əлемге.
Отряд қозғалды. Бұл кезде түн жарты найза бойы көтеріліп қалған. Бүкіл
көкжиек қан қызыл. Аппақ əлем қан қызыл түске үрке қарады.
Артта күйік иісі бұрқырап, адамнан ада, қаңырап Замошьня деревнясы
қалды. Жұрт соңында бүкіл жан дүниесінен аққан жасқа малынып
Көпжасар келеді…
Осыдан бастап Замошьня селосының тірі қалған тұрғындары
партизандармен бірге. Селоға жақын алаңқайдағы астыққа немістер өрт
қойып кетті де, отряд маңындағы егінді ризық етті. Белоруссия
ормандарындағы партизан отрядтары біріккенге дейін Замошьня
тұрғындары мен Көпжасарлар əрі жаумен шайқасып, əрі егін егіп, бірлесе
өмір сүріп еді…
*
*
*
Күн түске таянған, көп болса екі қарыс жер қазылды. Өзінің де тамағы
қаңсып, əбден шөлдеген. Маймақтың əйелі термосқа ыстық шəй құйып
беріп еді, ол бар болғыр арбада, соған жете алмай мысы құрып түр. Қанша
мойындамайын десең де жас келген соң, кісі бойы шұқырға шығып, түсіп
жатудың өзі бір жұмыс екен.
Енді біраз қимылдайын, шөлімді Маймақтың үйінен бірақ басармын деп
ойлады. Япыр-ау, қазір мынау қызыл қайрақ тастардың сызатынан мөлтмөлт су шығып кетсе… Сонда бұл Қаракөздің мұздай мөлдір суымен күллі
өткен өмірінің кісі санатына қосқан қиян-кескі күндеріне деген
сағынышының шөлін басар еді. Кəне, мөлт етші бір, Қаракөз! Сен осыдан
Майемер даласына дейін жетіп аққанда, ұзына бойы шөлін қандырмайтын
жерің болмайтын.
Бəлкім, сонау алма бақ, Майемер даласы да бір жұтым суыңды күтіп,
зарығып жатқан шығар. Жердің тілі жоқ, бірақ мен оның даусын үнемі
естимін, азап-шерін анадайдан сеземін. Жер не көктеп, не қурап сөйлейді…
Сенің шалғының қуаң тартқалы қашан, ол өзіңді сағынды, Қаракөз. Мен
сендердің алдарыңда кінəлімін. Тал-бұтаңның, аң-құсыңның алдында
кінəлімін. Біз кінəліміз…
Бағанадан бері қары мен белі талып босаңсып, болдыруға айналғанын
ұмытып, қайратына қайта мініп алғандай. Əрбір соққысында сарқылмас
күшқуат иесінің асқақтығы мен өз ісін, өмірін місе тұтпайтын адамның
ашуызасы бар. Əлгіндей шамырқанудан кейін соққысы үдей түсті…
Соншалық ұзай қоймаған шығарсың, Қаракөз. Көп болса тағы бір кісі бойы
қазар, мейлі одан да терең бол, шаңырауға түсіп кет, мұның ендігі қалған
өмірінде бітірген шаруасы өзің боласың. Сені қайта тірілтіп, қайта
мөлдіретіп, ағысына салып кетпесе, мұның ғұмырында мəн-мағына
қалмайды. Өзіңмен бастаған тірлікті өзіңмен жалғастырып кетеді
Көпжасар!
Солай, Қаракөз! Сен Белоруссия орманы, адамдары, менің өмірімнің ең
қымбаты, асыл махаббатым – Олеся ғашық болған Қаракөзсің. Ол сені
түсінде көрді, түсінде тұнығыңды сіміріп, мөлдіріңмен жүзін шайды.
Келемін, басыңа отау тігемін деген арманы бартұғын. Оған тағдыр
жеткізбеді. Жауыздық дүниені талай асылынан ажыратты. Көптеген
қазынасын тартып əкетті. Жоғалтқанымыз көп біздің. Енді оларды қайта
оралту мүмкін емес. Ал сені оралтам.
Көпжасар сыртқа сүлдерін сүйретіп əзер шықты. Күн оттай ыстық. Үп еткен
жел жоқ. Сəскеден бері аунап-қунап, ақыры, дел-сал күй кешкен алтын
шуақ ақ сағымға айналып, бұйрат жоталардың жонына қарай ығысыпты.
Көпжасар дір-дір еткен тізесін əзер игеріп, Сарыағаштың көлеңкесіне жете
жамбастады.
- Шаршап қалдым, Сарыағаш.
- Жалғыз бекер келгенсің, - дер еді Сарыағашқы тіл бітсе. - Жұрт жұмыста,
қолы тие бермейді.
- Кеткен суды қайтару жұмыс емес пе
Көпжасар Сарыағаштың діңіне қол созды, өріліп өскен қабығы кəдімгі
таудың қорымындай қож-қож. Қайтпас қайраттың реңі, талай жылдардың
бейнеті мен мехнатын сақтаған тіршіліктің иықтан түспес жамылғысы. Оны
сыпырып алып тастасаң, күнкөріс қиындайды. Алма-кезек келіп тұратын
қилы-қилы соққылар ащы тəніне тиіп, өзегіңді жаралайды.
- Енді қанша жыл тұрасың, Сарыағаш?
- Оны ешкім айтып бере алмайды, - дер еді егер оған тіл бітсе.
- Өзің де білмейсің?
- Менің өмірім жердің амандығына байланысты.
- Сен кінəлайсың ба бізді?
- Менің айтарым: төбемдегі қурап кеткен бұтақтарым - өздеріңе жасалған
ескерту.
Көпжасар ағаш діңінің қабығын тағы сипалады. Иə, иə, ағаштар да сөйлейді.
Тек біз естімейміз. Олардың айтары бойында, бойына түскен таңбалар мен
іздерде. Соны көретін көз, ден қоятын көңіл болса мынау өмірге теңдесі жоқ
іңкəрлік менмұндалап қоя бермей ме?
- Мен саған су берем, Сарыағаш: Қаракөзіңнің мөлдір бұлағын мəңгі сіміріп
тұратын боласың.
- Сөйтеді деп өзіңді ұзақ күттім ғой. Саған деген сол сенімін мені құлатпай
тұрды. Сендер барда құлаудың өзі қорқынышты.
Көпжасардың біртүрлі көңілі босады. Дүниедегі бар нəрсенің барлығы
адамға арқа сүйейді, адамдарға сенеді, адамдарды қимайды. Ал біз…
- Көп жайды еске түсірдің білем, Көпжасар, - дер еді Сарыағашқа тіл бітсе.
- Қаракөз екеуіңнің жырыңды талай жерге айтып едім. Соларды алдым еске.
Соғыстық қой біз, жоғалтқанымыз көп болды онда.
- Соғыс деймісің… жадымда менің де… Иə, онда жоғалтқандарың
ұшантеңіз… Қаракөз аулындағы сол қиын-қыстау күндерді ұмытқан
жоқпын. Мұнда да азап шеккендер, арманда кеткендер көп болды ғой.
Жұртты сақтаймыз деп Қойшыман шал не көрмеді?
- Иə, ол жақсы адам еді.
- Сен ана жақта қан төгіп жатқанда, ол Қаракөзде жанын жеді.
Оңай тиген жоқ оларға да.
Тіршілік үшін жанталасты, басын ұрмаған тауы жоқ. Қойшымандардың
ерлігін біреуі біліп, біреуі білмейді, білетіндердің өзі ұмытып барады. Ал
менің көз алдымда бəрі бүгінгідей.
- Айтып бермейсің бе маған?
- Оны айту үшін Қаракөздегі күн мен көлеңкені түгел еске алу керек қой.
Соғыс біреуге азап болса, біреуді есірткен.
- Сөйле, Сарыағаш. Ақиқаттан кім қашып құтылады. Егер Сарыағашқа тіл
бітсе айтар еді…
*
*
*
Жалғыз атты Қызылкезеңнен бері қарай құйындатып келеді.
- Оу, тал түсте мынау не пəле, ауылға қарай шапқан?
- Тағы біреу сорлады ма?
- Басы ағараңдайды.
- Бодау ғой мынау, ойбай, ауылсəбет.
- Құтырып кеткен бе бұ қатын етегі далақтап…
- Қыният екеуіне не істесе де жарасып тұрған жоқ па осы күні.
Ұста дүкенінің алдында тұрған шал-шауқан абыр-дабыр, əне-міне дегенше
аттылы да келіп қалды. Жаясына құшақ жетпейтін бөрте ат бүйірін соғып,
танауы делдиіп билеп басады. Ат үстінде қақшиып отырған қызыл бет,
күлім көз əйел иірілген шал-шауқанға мойнын бұрмастан колхоздың
кеңсесіне қарай сыдыртып өте шықты.
- Ойпыр-ай, осының кешегі арбакеш Мұғалімбектің əйелі екені рас па?
- Астында аты ауыздық шайнап тұрса шүйгімей қайтеді. Онымен тұрмай
ауданнан келе жатса…
- “Ит жоқта шошқа үреді қорағаның” кері келіп тұрған соң, айттың не,
айтпадың не!
- Оу, жұрт, ананы-мынаны суыртпақтағанша, алғы күндердің жайын
ойласаңдаршы. Күнгейдің елі ашығып қалыпты деп жүрген өздерің.
Бұл сөздің жаны бартұғын. Биыл жотаға астық шықпай қалып, Қаракөздің
төменгі сағасындағы аз ғана егіннің бір бөлегі өкіметке өткізіліп, біразы
тұқымға, қамбаға құйылған. Жұртқа берілгені он бес-жиырма арбадайы
ғана. Қойшыман болмағанда колхоз астықтан мүлде құр алақан қалатын еді.
Қыс қар жаумай қара суықпен өткен. Көктем ерте шыққанымен, күн жаумай,
топырақ бірден кебе бастап, жаратылыстың райынан іш жиған Қойшыман
Қыниятқа ақыл салған.
- Төменгі сағаны жыртып, Қаракөздің суымен егін салмасақ биыл қиын
болады, - деген ол.
- Тауға өспеген бидай сағаға өсе ме? Тұқымды көрінген жерге шашып,
басым екеу емес, - деді Қыният.
- Шаптықтай ақылға кел, жотадан дəнеңе де алмайсың.
- Бұл өңірге су салып, бидай өсірген адамды естісем құлағым тас керең
болсын, бəлесі аулақ.
- Салмаса, саламыз. Қол қусырып отыруға болмайды ғой. Жотаға астық
шықпайды не қылса да.
- Шықпаса, шықпас. Құдайдың жаумаған жаңбырына мен жауап бермеймін.
- Жұртты қайтесің?
- Көппен бірге көреді де. Бүйректен сирақ шығармай жүрсек қайтеді.
- Əй, Қыният, тілімді алмасаң, қара қазан, сары баланың обалы саған
болады.
Қойшыманның сөзін жұрт қолдап, Қыният амал жоқ сағаға соқа салдырған.
Кейін жотаның бидайы күйіп кетіп, сағада жайқала егін өскенде, бастық
мұртынан күлген. Бірақ бір сағаның астығымен барлық жыртығыңды
бүтіндей алмайсың. Мына жұрттың көңіл алаңы да сол еді.
- Ілдалдалармыз, көрген қиындығымыз жалғыз бұл емес қой, - деді
Қойшыман қара суық өңмеңдерінен өтіп, қаусырынған шапандарының
етегін жел сабалаған шал-шауқанға. – Бұдан жаман кезде де күн көргенбіз.
Бəрінен бұрын жаудың жеңілгенін айтыңдар. Жүз елу азаматың аттанып еді,
тең жартысынан қара қағаз келді…
Бұл да бір зауал болып тұр елге.
- Кеше Зылиқа кемпірге жолығып қалғаным. Зиратқа қарай кетіп бара
жатыр. “Қайда барасың?” – десем, “Балаң өлді деп еді, өлсе моласын
көрейінші”, - деп барамын дейді.
Шал-шауқан ананы-мынаны айтып ұзақ тұрды.
*
*
*
Бодау ауылға бекер шапқылап келмеген екен. Ертесіне бес-алты арбаны
жектіріп аудан кетті де, ауылға бала-шағасы бар жиырма үй алып келді.
Эвакуацияланғандар дейді. Түрлері ала-құла. Көбісі тау халқы. Араларында
шаштары алтындай сары, көк көзділер де жүр. Қауға сақалдылар:
“Балқармыз, мұсылманбыз”, - десіп əркімге бір жаутаңдайды. Араларында
орыс, поляк, немістер де бар көрінеді.
Неміс дегенде жұрттың бəрі бір сұмдық естігендей: “Қайсы, ей?!” – десіп,
жапа-тармағай қырықтарға жете қоймаған балалы əйел мен кемпірге
бажырая қарасты. “Бұлардың керегі не?” – деген кейіп. Кемпір де, əйел де
мына қарастағы мағынаны айтпай-ақ түсінді, сосын осыншама анталап
қадалған көздердегі бой жасырар тесік таппай, талпынып қалған баланың
орауын түртпектеп, көздерімен жер сүзгілей берді.
- Көзіне қарамайсың ба? – деді Қыниыт Бодауға, не зекігені, не еркелеткені
екені белгісіз үнмен. – Немістің не керегі бар бізге?
- Маңдайында жазуы жоқ, қайдан білейін? – деп Бодау жұртқа қарады. –
Мына келгендер енді осында, бізбен бірге тұрады. Қарайласып,
жəрдемдесуіміз керек. Кəне, қандай ақылдарың бар беретін?
- Ойбай, өзіміз ұстараның жүзіндей қылпылдап отырғанда қайдағы жəрдем?
- Əуелі бала-шаға аман қала ма десеңші.
- Арба-арба бидай бергендей сөйлейді бұлар.
“Өзі ауырмағанның құдаймен ісі жоқ…” Оу, сонда бұлар өле ме?
- Елдігіміз қайда… Сабыр етсеңдерші, кісінің зығырданын қайнатпай!
- Оу, ағайын! – Қолына тымағын алып ортаға Қойшыман шықты. – Ұлардай
шулап бұл не қылғандарың? Салымға түскендей құдай тағалаларыңды
ұмытып, кимелейсіңдер сонша. Паналап келген жұртты қанатыңның астына
алмасаң, елдігің қайсы?
- Жетіскенімізден кері кетіп тұр дейсің бе?
- Айт, Қойшыман, көңілдегіңді, сен айтсаң, бір мəнісі болар.
- Айтқаным-ақ, бұларды Қотыр көшедегі ескі үйлерге апарып кіргізейік, əр
үй бір пұттан астық жинасын, қалғанын көре жатармыз.
Жұрт Қойшыманның айтқанын істеді. Қотыр көшедегі ескі үйлердің
мұржаларынан түтін будақтап, айналасы адамға толды.
Қыс ерте түсті де, қар үш-төрт күн жауып басылысымен, сары аяз апталап
бойы сақылдап, дүние белуардан сірескен күртікке айналып, сол бойы
жатып алды. Жұрт қаптың түбін тықырлатып ілдалдалап зорға отыр. Бірліжарым үйдегі адамдардың бетінде ісік пайда болды.
Түн. Қотыр көшенің шетіндегі жалғыз бөлмелі үйдің мұржасынан түтін
сыздықтап əрең шығады. Шөңгеде қайнап жатқан қара су ғана. Кемпір мен
əйел пеш жанында өлеусіреп жанған отқа телміріп, тым-тырыс отырғалы
қашан. Бидай таусылған. Басқа тамақ жоқ. Қойшыман шал əкеп берген екі
тостақ талқан да түгесілді. Көргенде рақатты бұлар сол шалдан көрді, талай
талқанын жеді. Қаракөз ауылында Қотыр көшеге қоныстанғандарға қол
ұшын бермеген кім бар. Бір пұт астықтан жинап бердік, ендігісін өз
бақтарыңнан көріңдер деген жоқ, қыс бойы ауыздарынан жырып беріп
өлтірмей келеді. Бірақ қазір олардың да жырғап отырғаны шамалы, жұрт
жапа-тармағай ашыға бастаған.
Кемпір мен келіншек кешелі бері нəр сызған жоқ.
- Балаға обал болды, сорлы Иоганн. Кеудемді сорып жатыр. Сүтім суалған,
бірақ сорып жатыр. Сонысына қарай тірі қалса да, мейлі-ау.
- Адамдарды жылатып жатқан біздің тұқым, Инга. Есі ауысқан өңшең,
құдай жоқ оларда. Тəңірім-ай!..
- Қайдағы тұқым! Біздің Ганс фашистерге қарсы соғысып жүр, айтпа.
- Жұрттың бетіне қарай алмаймын. Олар жарты нанын бізге бөліп беріп…
Түсінбедім, Инга. Немістер бұлардың балаларын өлтіріп жатыр ғой.
Қара шөңге бұрқ-бұрқ қайнап жатыр.
Үйдің ішін көңірсіген бір иіс алды. Əйтсе де ашыққан адамдар қара шөңгеге
соншалық үмітпен үздіге қарайды. Кеудесіне баласы тас кенедей жабысқан,
барлық жерінен сүйегі шодырайып көрінген арса-арса əйелдің ойлағаны –
тас шайнаса да сəбиіне нəр боларлық бірдеңені тісіне басу. Бауырындағы
балаң аман қалады деп қазір оған у жұтқызсаң да шімірікпес еді. Əйтеуір,
мынау үрпиген балапаны өле көрмесін.
Осы күзде бала емшектен шығып еді, кейін Инга оны қайта емізді. Тамақ
тауып бере алмаған жағдайда емшегіммен асыраймын ғой деген. Содан бері
бала күндіз-түні тартқылайды.
Ганстан да хабар жоқ. Бəлкім, оны өлтірген шығар. Большевиксің дейді де,
қылжита салады. Құдай дегенің бұйым емес.
Ганс… Ганс… Иоганды бауырына қысып отырған Инганың жағдайын саған
кім жеткізеді? Бұған да шүкір. Азия деген атын естігенімен онда тұратын
халықты Инга көрген де, білген де емес. Енді, міне, қазақтарды паналап,
баяғыда өліп қалуға мəжбүр болса да, өлмей отыр. Инга осынау қара көз
халықтың соншалық бауырмалдығына таң қалады. Бұл халықтың
ерекшелігі қалай болған күнде де кім екенін біліп, сұрап жатпастан адамға
қол ұшын беруінде еді. Былай қарасаң ештеңемен ісі жоқ, момын ғана
адамдар. Ол сол момақан қалпымен бəрін аңдайды, көксегеніңді сұратпай
қолыңа ұстатады, қас-қабағыңнан біле қояды. Болған-біткені түгелдей
аяушылық сезімнен құралған. Мүшкіл халіңді аңдаған қай-қайсысының да
қабағында кірбің, көзінде жас мөлтілдейді. Əсіресе анау шал… Келген
сайын əлдене дейді, не айтатынын кім білсін. Бəлкім, хал-жайды сұрайтын
шығар, жұбатар, əрине сөйтеді. Қамқор болып жүрген адам өзге не десін. Ал
бұлардың оған айтатыны “рақмет саған, жақсы адам”.
Шал осындағыларға жағалата кіріп шығатын. Жанына ілесіп келгендер
қолдарындағы түйіншіктерін анаған да, мынаған да ұстатады. Олардың
төбесі көрінгенде, əсіресе балалардың шығарға жаны қалмайды.
Балалардың ертеңнен кешке дейінгі ермегі – бел асып келетін жалғызаяқ
сүрлеуге телміреді. Əлгіден бермен қарай түсіп келе жатқан адамдарды
көздері шалысымен, бірі қалмай жарбиып-жарбиып есік алдына шығады.
Қазақтар балаларды шеттерінен маңдайынан сипап, сондай бір майда үнмен
əлденелер айтады.
Енді қазір сол қазақтардың өздері де ашыға бастады. “Оған біз кінəліміз, деп ойлады Инга. – Азықтарына ортақтастық. Сөйтетіндей кіміміз?..
Білмеймін, білетіні адамдар барда өлу оңай көрінбеді. Өзі сіңірі шығып,
сүйретіліп жүрсе де, адамдар адамдарды жолға тастамайды екен”.
Кемпір бүкшеңдеп, қара шөңгенің қақпағын көтерді.
“Неміспіз дейді, неміс болғанымызға кінəлі ме екенбіз. Бəріне кінəлі –
фашизм, кінəлі – Гитлер. Ал біз – Ресейде туған адамбыз. Советтің
немісіміз. Менің Гансым Гитлерге қарсы шайқасып жүр. “Гитлерді жеті қат
жердің астына көмбей бейбіт өмір болмайды: фашизм – барлық адамның
қасіреті, Инга”, - деген Ганс. Тəңірім-ай!..”
*
*
*
Қаракөз ауылында жұрт ерте жатуға тырысады. Аштық зардабын ұйқымен
алдағысы келеді. Жұрттың көбісі тақ-тұқ, шықпа жаным шықпа деп
отырған жай.
Бұл түнде шамы сөнбеген үйдің бірі – Қойшымандікі. Кемпірі қаптың
түбінде қалған бидайды қуырып алған, енді соны диірменге тартып
күйбеңкүйбең. Қолы қимылда, көңілінде Амандос. Жатпай-тұрмай ұлдың
амандығын тілейді.
Өліп қалды ғой қу жалғыз, - дейді кемпірі.
Жап аузыңды!
- Ал үндемейін, менде не тұр, сорлы… Диірменнің тасын кезек-кезек
айналдырады.
- Талқанның біразын таң атысымен əлгі əйел мен кемпірге берейін, - деді
Қойшыман.
- Өзің не жейсің, байғұс-ау!
- Жас баласы бар сорлының.
- Солармен сөйлестің бе өзің?
- Сөйлескенде… қалайсыңдар деймін, бастарын шұлғып, қолдарын
көкіректеріне басып, езу тартады. Ашыққан жоқсыңдар ма десем, тағы сол.
Құдай біледі-ау, сендерді өлтіргелі келдім десем де əлгіні істейді. Тілді
түсінбеген соң қайтеді.
- Шал-ау, жұртты өлтіріп жатқан неміс емес пе? Соларың?..
Қойшыман үндемей қалды. “Кемпірдің сөзі бір жағынан рас та, соғысты
ашып отырған неміс, əй, соның бəрі бірдей қара ниет емес шығар-ау! Бүкіл
бір жұртты қалайша жауыз қылып жаратады. Əлгі Гитлер ме еді… Бəрін
бүлдіріп отырған сол пəлекет!”
- Бұлар өзіміздің неміс, - деді Қойшыман. Кеңестің немісі. Ол – бір, жəне
айтарым, иттен жаралса да, көріп тұрып өлтіре алмаймыз адамды.
- О, тоба-ай!.. Мə, сен айналдыршы бір уақ.
Қойшыман диірменге жақындап отырды. Шіркін, бұ дүние диірменнің
тасындай айналдыруға келсе, жауыздық атаулыны ұн қылып тартып
жіберер еді-ау! Келмейді… Келмек түгілі тасын домалатса, кəне. Басың
қалтаңдап отырысың мынау. Кешегі еңсе көтерген еменжарық күн қайда,
елдің еразаматы қайда? Тəңірінің көзін шел қаптаған шығар, қаптамаса
мұнысы несі?
Қолы талғанда тас диірменнің тұтқасын кемпіріне ұстатып, тұсында тұрған
домбыраға қол созды. Тартыла, тартыла зар күйіне жетіп алған қара шанақ,
қай гөй-гөйге де əзір тұр. Шерткен жерден шемен шер қозғайды. Аңыратып
отырсаң, қайдағы жоқтың бəрі көз алдында. Басы аман, бауыры сау біреуі
жоқ. Япыр-ай, соның бəрінен адам тып-типыл болып кетпей қалай аман-сау
қалып жүр?
Қос ішек алма-кезек дыбыс қуалап, дүниенің асты-үстін аударыптөңкеріп
жатқандай. Дүниенің асты-үстінде тамтық қалмаған сияқты. Үсті – қиянкескі, асты – меңіреу. Екі оттың ортасында “Неге, неге?” деп шырылдаған
адамдар.
Қара шанақ олай бір боздап, былай бір боздап, ұңғысына ұя салып алған
баяғы зарына ауысты. Еспе құм, кезенесі кепкен жұрт. Айдарлы бала,
қарақат көз қара қыз, тіл қатқан Жер, оған Қойшыманның қоңыр үні
қосылады.
…Қалмасын деп дүние,
Қаңырап бекер жалаңаш,
Бəріне көнген қос өрім
Қаракөз бенен Сарыағаш.
Осыны жұртым біл – сана,
Құлақ сап үлкен, кішің де,
Айдарлы бала, қара қыз
Ағаш пен суға айналған
Адам ата баласы,
Жойылып кетпес үшін де…
Қойшыманның көңілі кірбің. Осыны айтқан Төлеш қайда, құдай-ау?! Кешегі
күн қиянатын арқалап кетті ме? Жанбота да сөйткен шығар. Енді мына
соғыс қиянаты тұр иықтан басып. Ол қанша ер-азаматтың басын жұтады
сонда?..
- Талқанды жина, кемпір. Екі-үш тостағын менің белдеуіме түйіп қой,
Қотыр көшеге апарайын.
- Айтбала сорлының сырқаты меңдепті. Отты үлкен баласы жағып жүр.
- Айтпақшы, соларға да берсеңші барыңнан.
- Аянып жатырмын ба, байғұс. Мынадан кейін немізді береміз деп, жер
болып отырған жоқпын ба?
- Көктемге дейін бір мəнісі болар-ау.
*
*
*
Бұл түнде тағы бір үйдің шамы сөнбей тұрды. Тек онда бəрі басқаша еді.
Терезе қымталып қойылған. Ондық шам екі жерде жанып тұр. Қара қазан
бүлк-бүлк қайнап, жылқы етінің иісі мұрын жарады. Бұл кешегі жанармай
тасушы, бүгінгі қоймашы Əжімұраттың үйі еді. Төрде құс жастыққа
шынтақтап, үлкендігі омырау түймедей ноқат көздерін сəл бертін отырған
қызыл бет келіншектен ала алмай Қыният жатыр. Қоймашының əйелі шай
құйып беріп отыр.
Бодау сылқ-сылқ күледі. Қызыл беті тіпті нарттай, қазір қаны жерге тамып
кететін сықылды. Ауылсовет болғалы өзін күтіп, аттай жарап алған; белі
қиылып, кеудесі жайылып, осы кейпінде хор қызындай болып отыр.
Қынияттың сілекейі шұбырады. Бодауда мұның көңілі баяғыда бар еді.
Арбакеш момын Мұғалімбекке қонған бақыт құсына өлердей қызыққан.
Қалжыңдаған сыңаймен ойын бір білдіргенде: “Əдіре қал-ау, бұғалтырмын
демесең, шолтаңдаған бойыңнан жүрегім айнымай ма?” – деп төбеден
ұрғандай қылған. Бертінде Төлештің ісімен Жанботаның орнына Қыният
бастық болды, одан соғыс басталып кетті, еркек дегенде осы ауылда
шалшауқанды қоспағанда жалғыз Қыният қалды. Сол күннен бастап ол
алақанын уқалаған, көксеген талай арманына жететініне сенген.
Нарынтектің Əбсадығы армияға алынған күні Бодауды ауылсоветке қоярдақоймай ұсынған да өзі. Хат танитынын желеу етті. Содан бері екеуі тең ат
үстінде. Талай бірге жүрді. Бірақ, əйтеуір, Қынияттың жолы болмай-ақ
қойған.
Қыният бүгін ертесін ауданға жүретін болды да, қоймашыға: “Тамақ асып,
үйіңе Бодауды шақыр, кештете мен де келемін”, - деп кетіп еді. Түн
жамылып оралып отырғаны осы.
- Қыке,, ауданнан не жаңалығыңыз бар? – деп Əжімұрат қабағын
қағыпқағып қойды. – Майданнан жақсылық естіле ме?
- Баяғысынша сияқты.
- Соғыстың өзі ұзаққа созыла ма, қалай?
Оны менен несіне сұрайсың? Мен не, саған əписермін бе? – Қыният ананың
ежіктегенін жақтырмаған секілді. – Тегі бір уақ ойнап-күліп отыралық та.
Тартсаңшы одан да ана домбыраңды.
- Қыке, енді… - Əжімұрат сасқалақтап, қолдан шапқан домбырасына
жармасты. – Мен қайбір домбырашымын.
- Білмесең де, тарт.
Əжімұраттың жіпсік жалғыз көзі домбыраның бойымен ілгері-төмен
жүгіріп, іздегенін тапқандай Қыниятқа жəудіреді.
- Көңіліңізге қайсы ұнайды, Қыке?
- Серауна, іліжбі көңіл көтерілсе болды. Іліжбі Бодауға ұнаса болды. Маған
серауна.
Қынияттың көзі Бодауда. Құдай қаласа… Аппақ тамағында жалғыз сызат
əжім болсашы. Мақпал шашы қандай. Күлімдеген көзіне не айтасың. Бұл
дүниенің рақаты осы. Бұған қол жетсе, күйген дүние күйе берсін, дым
қалмай өртеніп кетсін, тек Қыниятты жеткіз маған. Дегбірінен айрылған
бейшараның жалғыз қарыс жіліншігін ұстап тұрған тізесі қалт-құлт етті.
Омырау түймедей ноқат көздері келіншектің өн бойымен баянсыз жүгіреді.
Мына қарасында ол жемтігіне жете алмай өкпесі қабынған шие бөрі іспетті
еді.
Қоймашы:
Менің сүйген көкем-ай,
Қасы-көзі қиылып,
Қай жерде отыр екен-ай, деген жеріне келгенде, Қынияттың онсыз да өртеніп отырған өзегі майша
шыжылдап, желген аттың үстіндегі адамдай жастық төрт бұрыш кеудесі
қопаң-қопаң етті.
- Беу, беу, беу… дүние-ай!.. Сол қызығыңды қайсымыз біліп жүрміз?.. – деп
екіленді. – Бəріміз де шет қалмайық рақаттан, жеңдер, ішіңдер, осы
колхозды түгел шайнап жұтып қойсаңдар да қолдарыңнан ешкім қақпайды.
- Қыкеңнің арқасы бəрі, - деп қоймашының жіпсік көзі ақша-ақшаң етті. –
Осының бəрі Қыкеңнің арқасы. Аузымыздан ақ май ағып… болмаса, жұрт,
əне, ілең-салаң.
- Бұл өзі қиын болды ғой, - деді Бодау шын мұңайып. Көктемге ел ілінсе…
- Əй, соған жетпейді-ау. – Қоймашы əбден түңілген кейіп танытты. – Ісік
бір шыққан соң қайтуы қиын. Анау Қотыр көшедегілерден тігерге тұяқ
қалса, қанекей.
- Жұртқа тұқымдықтан аздап бидай беруге болмас па екен осы, - деп Бодау
енді Қыниятқа қарады.
Ол бұлардың не айтып отырғанын естіген жоқ, барлық ақыл-есін жынды
құмарлық жеңіп алған. Осы қазір ешкімді күтпей, тастап жіберген арақтан
кейін тіпті қозды. Ноқат көздерінің алдын мұнар кезіп, жаюлы дастарқан,
жанған шам жаздың күнгі жайлауға айналды. Сол бір көркем дүниенің қақ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 13
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.