Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 03

Total number of words is 4184
Total number of unique words is 2380
33.1 of words are in the 2000 most common words
48.0 of words are in the 5000 most common words
55.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Кемелхан. – Менің де осындай кітаптарым болса, шіркін».
- Бала, жинал, кетеміз, – деді шал. – Тегі, асығатын емессің ғой, қызталақ,
жау шауып жатса да, қаперіңе ештеңе кірмейді-ау.
Күн кешкіріпті. Көк есек митыңдап аттылыға əзер лесіп келеді.
- Көзі қарайған əкеңнің көрін ұрайын сұмырайды қарасайшы... Түк қоймай
сыпырып алмақ... Дүниеден үміті жоқ сұмпайы, – деп шал былай шыға
баласына жаман кіжінді. - Ата. - Е, не? – Қарт жақтырмай ат үстінен
ежірейе қарады.
Бала көңіліндегі сұрауды ірікті. Ауылға жақындағанда барып шалдың өзі:
- Мана не сұрамақ едің, базаршы бала? – деп артына бұрылды.
- Сіз немістермен соғыстыңыз ба? - Немене дейсің?
- Соғысқа барып па едіңіз деймін?
- Е, барсам орден бересің бе, қайдағы жоқты сұрауын. Одан да ақшаң
орнында ма, көріп қой...
*
*
*
Баланың екі-үш күннен бері ұйқысы жөнді қанбай, жұмыстан титықтап
оралады. Ескі қамбаға астық келіп түскелі сонда. Қаймолда бригадир келіп
əжесінен сұрап алған. «Тазаланып қамбаға құйылған бидайды ары күреп
тұрса болды, оқуына барғанша тиын-тебен тауып алады», – деп отырып
алған соң: «Тиын-тебеннен қысылып отырған жайымыз жоқ, білдей сиыр
саттық, көмегі керек еді деп шын көңілмен келіп отырсаң Кемелжан барады,
– деген əжесі. Содан кейін: «Жұрт көзіне түсті, кісі болды деген осы», – деп
қуанды.
Бес-алты машина екі күн бидай тасып еді, қамбаның алдына астық тау
болып үйілді. Бидайды тазалайтын ескі комбайн бар. Оған Айып шал мен
комбайншы бидай береді, қамбаға құйылған астықты ары күреу Станбек
пен баланың міндеті.
Алғаш ештеңе білінбегенмен, артынан қамбаның іші шаңға толады, ал
түшкір келіп.
Станбектің жұмыстан қолы босағанда қажайтыны Айып шал.
- Ақсақал, бір гектарға ғой ата-бабамызда жоқ салтты шығарып сыпыртқы
ектіңіз. Мұнымен қора сыпырасыз ба, не істейсіз?
- Саған келіп- кетері қайсы?
- Іргелес отырған соң, ауылдастың тайы озсын дейтін шығармыз.
- Сен ит өйтіп көлгірсіме. Кісі болатын сыңайың болса, аяқ-қолың балғадай,
əкірəнік боласың ба. Өзің сияқты жұрттың баласы трактір айдап, қой бағып,
құдай көрсетпесін, ел шулатып жүр.
- Ақсақал, бүйтіп шақшаңдай берсең арты неге соғарын білемісің?
Айып шал кеңк-кеңк күлді.
- Əй, мына Еш... Ештайдың баласы үрейімді жаман алды-ау, білем...
- Күлесің, ə, шал. Өкінішті-ақ. Өкіметтің ұланғайыр жерін рұқсатсыз
қоршап алып, саудагерлік мақсатта сыпыртқы егіп отыр, – деп əдемілеп
жазып жіберсек... бұған қалай қарайсың.
Айып жаман дызақтады. Бидайды күйсеп жайбарақат тұрған есегіне барып
шылауынан ұстады да, сабады келіп:
- Атаңа нəлеттің күйсеуін. Же, жеп қал атаңның көрі атауыңды. Жаман
неменің басынғанын-ай. Құдайың есіңнен шығып кеткен-ау, мүлдем.
Есіресің. Індет келгір, шіріп өлгір арам ит.
Комбайншы барып шалды əзер тоқтатты.
Станбек шалдың енді басқа жағынан келіп тиісті.
- Ана жылғы аласапыранды бай-құлақтың талай құйыршығы банды боп,
өкіметке қарсы оқ атқан ғой... Солардың кейбіреуі қазір де тірі, – деді мырсмырс күліп.
- Əй, сен қоясың ба? – Шал ежірейді.
- Ұялмай-қызармай сол өзі дұшпандық істеген өкіметтің нанын жеп
жүргендеріне таң қалам.
- Əттең, кезінде кезіксең бар ғой?!
- Асып өлтіретін едің ғой, шал.
- Сендейлердің обалы жоқ. - Е, неге?
- Білесің бе... бал...ла мына сен сияқты түйсіксіз немелер адамға не
жамандық, не жақсылық істей алмайды. Сендейлерге дүниенің ақ боп
жатқаны не, көк боп жатқаны не... жандарың тыныш, қарындарың тоқ болса
басы артық нəрсе сұрамайсыңдар, өздеріңнен даусы жуан біреу шықса
соның соңынан көз жұмып ілесе бересіңдер. Ал ондай жігерсіздерге
аласапыран кезде ешкім назар аудармайды, өлексенің бар-жоғы бірдей.
- Осы сөзің үшін аузыңа бидай кептер едім, шал, бірақ оған тұрмайсың.
Бұлар түскі астарын өздерімен бірге ала келіп комбайнның көлеңкесіне
ішеді. Тойып алған соң аяқтарын созып-созып жіберіп екі сағаттай
ұйықтайды. Кейде жай əңгімелесіп жатады. Арагідік Айып шалдың
Станбекке өзі ұрынатыны бар.
- Келіннің, байқаймын аяқ-қолы балғадай...
- Қызығып жүрмісіз? – Станбек қарқ-қарқ күліп алды.
- Əкеңмен ойнайын дедің бе, кəпір.
- Əзіл ғой, ақсақал. Не айтпақсыз сонымен?
- Əкеп, жұмысқа сал.
- Сіз сияқты дүние қуған кісі емеспіз, менікі де жетіп артылады. Сосын
əйелді бабында ұстамай бола ма, шал.
- Сенімен сөйлесіп отырған мен де итпін, – деді Айып шал қолын сілтеп.
Кешкілік Станбектен басқасының бəрі үйлеріне қайтады. Комбайншы
Оспанқұлдың ағайыны, түнемелікке сол үйге келеді.
Бəрі үсті-басын қағып-сілкіп кеткелі жатыр еді, Станбек:
- Шал, тоқта! – деді Айыпқа.
- Тоқтайтын уақытым жоқ, мал жайғаймын, – деді шал.
- Солай деші, – Станбек екі-ақ аттап жанына жетіп барды, – бір алдың
үндегем жоқ, екі алдың үндегем жоқ, мынауың не? – Ол ер басына ілінген ат
дорбаны алып ішіндегі бидайын жерге төкті. – Күн сайын он килограмнан
тасысаң жан қоясың ба.
- Жарты уыс бидайды да көре алмағандарың ба?
- Өкіметтің меншігіне тиюге болмайтынын неге білмей қалдың?
- Сендейлер имансыз өледі.
- Оны уағында көреміз, ал қазір қайқай, шал.
- Айтпады деме, алдыңа бір келтіремін.
Қайтар жолда шал Станбектің ата-бабасынан дым қалдырмады.
- Шекесі тершімей өтетін қулардан аяқ алып жүре алмайсың, құдайда көз
бар ма осы. – Неменеге бағжиясың, – деді балаға, – жаңа көріп тұрмысың
мені? Сенің əкең де əлгі Ештайдың есуасы сияқты ақжүрек болатын, бір уыс
дəн өртеніп кетеді деп ақырында қыршын күнінде күйіп өлді. Содан
тапқаны қайсы? Ə, солай ма?
- Ой, сіз де, не болса соны айтады екенсіз балаға, – деді комбайншы.
Бала ақ көгершінін қараңғы түскенше күтті. Əр кеште күн қызарып
батқанда ұясын табатын құс жоқ; қарауытқан тау қойнауына қанша қараса
да, сол баяғы меңіреуліктен басқа дым көрмеді. Жұмысқа шыққалы бері
көгершінмен бірге болуға уақыты жоқ-тын; таң алагөбеңнен ыңыр
қоюланғанша қыбыр-қыбырға еті өліп əбден көмбіс болып алған,
үлкендерге ілесіп сілесі қатады; босаға аттасымен тұяқ серппей ұйықтап
қалады.
Қайда кетті көгершін? Қостөбенің ұшар биігінде қанды тырнағын қайрап
отырған қырғиға жолығып қалса көзді ашып-жұмғанша ақ ұлпа жүні
аспанға ұшты дей бер. Баланың жүрегі лүпілдеп қоя берді. Көңілі
құлазыған, көгершін ұясы боп-боз.
Сол күні оның ұйқысы шала болды. Түсінде əкесін көрді.
Бар арман-тілегі соншалық сағынған əке омырауына бас қойып, мойнына
асылу іңкəр көңілі тұла бойын өртеп ақсия күлген əкеге қарай үздігеді,
жанкештілікпен ышқынсын мейлі, дірмəні құрып аяғын баса алмай күпті
көңілі, енді сəл болса баршасынан айрылып қалатынын, ең алдымен
əкесінен біржола адасатынын ойлап үлгерді ме... айғай салып еді, үні бітеліп
еді, таңдайы қаңсыды. Əне, əне... алыстан көгершіні көрінді; күміс
қанаттарын дамылсыз қағып бері қарай ұшып келеді; кіп-кішкентай ақ құс
бүкіл аспанды иығына қондырып алғандай көкпеңбек əлем қол созым
жерже шыр көбелек айналып, төсінде жыбырлаған аппақ гүлдердің сəулесін
тамызып-тамызып жіберді жерге. Ақ көгершін... əне, əне. Əкесі қызыл
жалқынды шумақтап алыстай түсті.
Кемелхан өз даусынан өзі шошып оянды. Терезе алды ағараңдайды, түстің
əсерінен тез айығып, жалма-жан сыртқа шығып, көгершіннің ұясына үңілді.
Мұндай қуанбас. «Құр-р-р-р» етіп қанатын қомдады. Келдің бе? Неге
кешіктің? Жалғыз қалдырып кеттің дейсің ə. Жарайды, қой енді, мынаған
келісейік: «Менімен бірге енді жұмысқа сенде барасың. Білесің бе, адамдар
егін егеді, орады, қамбаға құяды. Біздің əжеміз: «Жер үстінде жақсылық
болуы үшін нан қажет», – дейді. Солай, көгершінім!»
*
*
*
Кемелханның əжесі базаршылап қайтпақ болды.
- Оқуың болса таяп келеді, күзгі-қысқы киімдеріңді түгел алам, қандай
кітаптар керек екенін қағазға тіз, жатын үйіңе дейін осы жолы белгілеп
келейін, құдай қаласа, – деп барын киіп, артығын бөктеріп жаяулап жолға
шыққан. Былай ұзатып салған баласына:
- Оспанқұл атаңның ауруы дендеп кетті ғой, шошынып қаласың ба мен
келгенше, анау Станбек ағаңдікінде жата тұрарсың, – деді, – Үйге жалғыз
қонба күнім, кім біледі... əй, естіп тұрсың ба?
Бұл күні баланың жұмысқа жөнді зауқы соқпай тұр, көбіне-көп
көгершінімен болды. Алақанына қондырып алып құстың аппақ қанатын
сипап отыр еді кенет...
Кемелхан алғаш рет құстың көз жанарынан сонау таудың сілемін, зеңгір
аспанды сосын құлағы қалқайып отырған өзін көрді. Жөнделіп отыра беріп
еді, əлгі жанардан қойма да, астық та, Станбек пен Айып қарттың бейнелері
де ап-анық көрінді. Бала кептердің көзіне үңіле түсті. Əңгіме айтушы Айып
шал, қалған екеуін ентелеп тыңдап отыр. Шалдың даусы бұған да анық
естіледі.
- Мақтанғаным емес, өздерің де талай естіген шығар менің мергендігім
жайлы, – деп шал шақшасын алып қонышына қаққыштады. – Ой, онда
мына жыра-жықпыл аң мен құста жыртылып айрылушы еді-ау. Ертеңгілік,
түскілік, кешкілік несібеңді есіктің алдында отырып атып аласың, қандай
рахат. Тіпті арқарың қоймен бірге жайылып жүретін, мылтықпен-ақ
жайратып салатынбыз.
- Бөкен болмаса мен əлі күнге тірі арқар көрмедім, – деді Станбек. – Қазір
арқар бар ма біздің өңірде?
- Телқозының жан баспас шыңында бар деп естимін, əттең, көз баяғыдай
емес, болмаса алғашқы қар жауған күні барып ізге түсер едім. Еті ет-ақ, қой
етінен айырғысыз, – деп шал тамсанды. – Аң ату үлкен өнер білгенге.
- Қазір екінің бірі мылтық көтеріп жүр, – деп сөзге комбайншы да араласты.
– Демалыс сайын тауға машина, мотацикл дегенің қаптап кетеді, ал сонан
соң тарсылдатады кеп. Обал, сауабын ұмытты жұрт.
- Бəтір-ау, алла-тағала аң мен құсты адамның несібесіне жазып қойса, оның
несі обал? – Шал қыжырайды. – Онсыз да жер тарылып барады емес пе?
- Үлкен кісі, сіз қызық екенсіз, сонда жер иесіз қалсын дейсіз бе?
- Ал əйтпесе. О заманда бұ заман, жүгірген аң, ұшқан құс та жерге ие
болыпты. Қойдық. Торғай екеш торғайдың шекесінен шертпедік, анау
Құлиястың баласы құсап бір-бір құсты айланып-толғанып отыралық, əне,
сендердің іздегендерің.
Станбек басын шайқады:
- Дініңіз мұншама қатты болар ма?
- Қой, шырағым, əсіресе сен шығармашы үніңді. – Айып қолымен топырақ
көседі. – Тым езілгіш еркектен пəлендей іс күтуге болмайды.
- Сен, шал, тоқта. – Станбек баяғы қылжағына басқан ұқсайды. – Əрине,
саған бəрібір, ертең қолыңа «повеске» тисе, заматта о дүниеге жоғаласың,
сонда артыңдағы мына жалған сымпиып қалсын дейсің ғой. Бұл – иманды
кісінің сөзі емес. Ойлан, шал.
- Ештайдың баласы, саған айтарым бар... Дүниенің аң мен құсына пана
болмай-ақ, өз басыңның амандығын тіле алдымен.
Көгершін талпынды, бала үлкендерге бет бұрды.
- Оңбайсың- ау, шал. – Станбек күн қағарын көзіне түсіріп үйілген
бидайдың үстіне шалқасынан жата кетті.
Бала Айыпқа қарады. Шалдың кейде тапа-тал түсте есігінің алдына отырып
алып, мылтығын бет алды гүрсілдетіп ататыны бар.
Ол мылтық даусынан жаман шошынатын; жалғыз бұл емес бүкіл дүние селк
етіп, бір сəт тынып қалатындай. Тіпті бауырынан өтіп жатсаң мыңқ
демейтін Оспанқұл атасының жуас кер биесіне дейін мылтық даусы
шыққанда арбаны шыр айналып, елеңдеп, жиі-жиі пысқырынып,
мопмомақан көздері алайып жер тарпиды. Ал көгершіні... оның бүкіл денесі
дірілдеп жанарында сұрқай түс пайда болып, жүні үрпиіп кетеді.
- Ештайып, жасың жер ортасына келгенмен мылтық ұстай білмейсің, жаман
айтпай жақсы жоқ, күні ертең қапталдап жау шықса не бетіңді айтасың? –
деп Айып ернін жалап-жалап алды.
- Дүние өртеніп кетсе де мені ешкім армияға алмайды, – деді Станбек
шақшасын қалтасына салып жатып, кем аяғын көрсетті. – Көремісің. Соғыс
бұрқ етсе, елдің бəрін майданға жіберіп, өзім колхоз бастық боламын.
- Е, сосын...
- Сосын мына өзің сияқты бай-құлақтың қалдығын арбаға жегіп жер
жыртамыз.
- Мен соғыстан емес, сенен қорқам, – деді Айып. – Мысық тілеу мүгедектер
соғыстан əлдеқайда жаман. Құдай сенің бетіңді ары қылсын.
Станбек шиық-шиық күлді:
- Зəреңді алдым ба, бəлем...
Күн қызарып батқанша əркім өз ойымен, терлеп-тепшіп жұмыс істеді.
Кешкілік Станбек Кемелханды былай шығарып алып:
- Бүгін біздікіне қонасың ғой, іңір түсе Қаймолда келмек, оған айт: « Ел
аяғы тынышталған соң жетеді, – деп. Күтсін, ұқтың ба?»
Бала келгенде Станбектің əйелі ыңылдап əн салып отырды.
- Көгершін қайным, амансың ба, қане, келші бермен, жаным-ау, шашың өсіп
кетіпті ғой құлағыңды басып.
Орындалмас арманың,
Көңілдің құс... ын ұшырмай.
Құшағыңды ашып кел, жаным,
Сүй...ші мені қысылмай.
«Орталыққа барғанда жазып əкелген жаңа əннің сөзі осы екен ғой» – деп
ойлады бала.
- Ұнай ма? – Келіншек сыңғырлай күлді. – Ғажап əуен. Шыныңды айтшы,
көгершін, осы сенің ішің пыспай ма, құрсын мүлде жадап біттім, сірə,
жарылып өлетін шығармын тіпті, ой, қазан тасып жатпасын.
Бала терезеде тұрған тысы алба-жұлба кітапты алды қолына. Енді парақтай
бергенде, келіншек қайта оралды.
- Айттым ғой жадап біткенімді. Ағаңа елі ішіне кетейік, сен тым құрыса
слесарь боларсың, клубтан маған орын қалайда табылады десем, ертоқымы
кері кетіп... Неге үндемейсің əлде қарның ашты ма?...
Олар осылай дабыр-дұбыр отырғанда, есік алдына жеңіл машина
тоқтады. Іле үйге Қаймолда кірді.
- Ал сəлем бердік, – деді оң көзін қысып.
- Амансыз ба, төрлетіңіз.
- Бауырым, бармысың? – Қаймолда баланың қолын алды. – Əжеңді көрдім
көшеден. – Келіншекке бет бұрды. – Станбек келмеген бе əлі?
Төрге жайғасып алған соң, Қаймолда үй-ішін түгел шолып шықты.
- Кезінде кең сарай болғаны күмəнсіз, «Уақыт озады, ескі тозады» деген
осы... Қып-қызыл боп көздің жауын аласың-ау құрғыр, – келіншекке қарап
күлімсіреді.
Ала мысық мияулады. Алыста ат кісінеді. Бала əжесін алды есіне; кімнің
үйінде отыр екен күндігі қоқайып; оның сөзді неден бастап, оның сөзді
неден аяқтайтынына дейін біледі. «Қолдың қысқалығы ескі қоныста тағы
бір қыстауды қалап тұр. Ел аман жұрт тыныш болса жарлы байымай ма...
Құлиясымның тұяғы... иə, əңгіме сол жаман немеде...оқуы болса інемінелеп
келіп те қалды». Əжесі осылай деп бір күрсініп алады. Бала жымиды. Жер
үстін жым-жырт қараңғылық басқанда, Станбек келді.
- Ассалаумағаликум, – шіреніп басып кеп ыржиып төрде отырған
Қаймолданың қолын алды. – Уəдеге берік екенсің, батыр.
Қаймолда мана кіргенде боағаға қоя салған үлкен қара сумканы нұсқады.
- Ала келгенім бар еді...
Дастарханға шөлмектер сап түзеді. Станбек əйеліне:
- Əпкел, əлгі стақаныңды, – деді.
- Өстіп отырғанда қамбадағы астықты біреу көшіріп кетпей ме, ей? – деп
Қаймолда мырс етті.
- Қанша алар дейсің?
- Мəссаған! Алдыңда бригадирің отыр ғой, нақұрыс.
- Айтасың-ау, басеке... Өз ұпайың түгел болса қашан да қағанағың қарқ ер
едің... Қане, алып жібер, белсендім.
Екеуі қағып-қағып тастады.
- Əйеліңе де құй.
- Қайтесің, қажеті не?
- Оның болмайды, Станбек!
- Баланы жастан...
- Ұры тісі баяғыда шыққан адамға, құй қане, ішеді о да.
- Несі бар, ішсем іше салам, – деп келіншек күйеуіне қиылды.-Əлде
қорқамысың?
- Неден?
- Бəсе деймін-ау. Бұл жолы арақ үш адамға құйылды. Баланың екі көзі
келіншекте.
- Прошу тост, – деді келіншек. – Не возражаешь, мой дорогой, – күйеуіне
күлімдеп қарап қойды.
Əжептəуір бірдеңе айтатын шығар десем... – Станбек кіржиді.
Шамалыдан кейін үшеуі қызып алды.
- Бағана, – деді келіншек қып-қызыл нарттай жанған бетін басып, –
Оспанқұл стариктікіне укроп сұрай барған едім, так мне страшно ста...ла...
Ужас, одни кости, ей богу скелет живой.
Станбек Қаймолдаға ежірейді:
- Бүлдірген сары балақ тартпай-ақ өледі деп отыр, сенің əкең.
- Баласы болса батты құрдымға. – Қаймолда езуіне шылым қыстырды. –
Мəнжубас еді, бірге оқымадық па бəріміз.
(Станбек бас изеді.) Қайдағы
сылдыр сөзге əдеттеніп, бой берді ме, ақырында кетті жер кезіп.
- Үйінен суретін көргем, похож на киноактера, – деп келіншек алабұртты.
- Түрі кімге дəрі, – деді Станбек.
Содан соң:
- Көгершін, қуырдақ же, – деп балаға көз қысты...
Үлкендер масайды; кілмиген көздері сөнгелі тұрған шамдай өлеусіреп бірбіріне сенбей, күмəн қуып қарайды; олар бұрыштағы баланы баяғыда
ұмытқан; əрқайсысы өз есебімен іштей жұптап (мас адамның əдеті) «е,
бəлем тоқтай тұр» десіп кіжінескен, бір-біріне сүрінер тұсын аңдысқан
қалыптары байқалады.
Əйел сыртқа кетті. Қаймолда бас көтерді.
- Батыр, іс жайлы.
- Менің ұпайымды кесіп айт.
Қаймолда енді есіне түскендей балаға қарады.
- Іркілме, оның қарбызы піскен жоқ əлі.
- Екі жүз.
- Мазағың ба?
- Жан беру оңай емес.
- Əзілді қой, екі жүз елу.
- Қане, алып жіберелік, – Станбек меймілдеген арақты көмейіне құя салды.
– Анау-мынау емес тұқым бидай...
- Бəлсінбе, мəмілеге кел. – Қаймолда қойнына қол салып бір буда ақша
алды. – Өзім жауап беремін, сенікі жай далақ.
- Жүктің арасына тыға салды, санамай-ақ қояйын, бір тиыны кем болса,
байқа бет көрісеміз.
Үйге келіншек кірді тегеш көтеріп. Үйме табақ ет ірі жапырақталып ортаға
қойылды.
- Көгершінім, кел бері, – Станбек баланы асқа шақырды.
- Мен сені ғана жақсы көремін, бауырым... иə, сені ғана...
Ас үстінде арақ тағы ішілді. Бала орнына барды, ішкен адамдар мезі еткені
соншалық, ұйықтап кетпек болып қисайды. Үлкендер не болса соны айтуға,
не болса соған күлуге айналды; бір-бірін тыңдауды мүлде қойып, əркім
бетінше сілтеп отыр; арагідік мəміле тауып ымраласады; ағайындықтарын
айтысып елжіреседі; бір замат болашақтарын алады еске, бір сəт жер
бетіндегі қара жүректерді, бір сəт ақ жүректерді жерден алып, жерге салады,
артынша ақтайды, мақтайды, көп ұзамай қам көңіл қалып танытады,
артынша-ақ қайғысын ұмытып кеуде соғады.
Балаға осының бəрі бір жағынан қызық көрінді. Жиренді де.
- Сенен, – Станбек Қаймолданың құлағына еңкейді, - жанымды аямаймын.
Тс-с, – қолмен аузын басты. – Қанша алам десең де еркің, но...
қарайласып тұр маған, қолда.
- Еркексің, саған сенем, – деді Қаймолда. – Ішеміз бе?
- А, как же, ей, қайдасың? - Əйелін шақырды.
Бұдан ары бала шыдап жата алмады, жалма-жан орнынан тұрды.
- Оу, мын... мынау кім?.. Қайдан жүрсің ей, көгершін? Станбек көзін əзер
ашады. – Ал... жол болсын?
- Үйге барам.
- Жеті түнде... қой, – деп келіншек килікті араға.
- Қайтесің, буыны қатады, – деді Қаймолда. – Саған айтарым, біздің шалға
менің келгенім жайлы тіс жарма, балақай.
Бала есікке беттегенде:
- Смотри, – деп Станбек саусағын безеді.
*
*
*
Кемелхан көгершін ұясына қол салды, алақанына тиген құстың жыпжылы
денесін біраз сылап-сипады да, тамның төбесіне қаздиып отырды. Ай
сүттей жарық, жоғалған инені тауып алуға болатындай: ауылдың сыртын
қоршаған жыра-жықпылдың көлеңке тұстары болмаса ай сəулесі араласқан
тұстың бəрі айқын көрінеді; тып-тыныш ақ құба түннің саумал ауасы
жепжеңіл, қолтығыңды демей жөнелетін бипаз самал əзер-əзер білінбей
келіп өбеді беттен; алыстан үңілген Қостөбенің құлма сілемдері тегіс жусап
жымжырт жатыр; ауылдың аяқ жағындағы жусалы жон бері еміне түсіпті;
осыдан ары қарай қақ жарып аққан су əр жерден бір жарқ етіп көрінеді;
шоқ-шоқ талдардың қоңырқай тұлғасы марғау; ызын-шудан ада дүние
жанға жайлы.
Айып шалдың шамы сөніпті. Оспанқұл атасының оңтүстікке қараған
терезесінен жарық түсіп тұр.
Бала аспанға көз тікті; тап-таза шүпірлеген жұлдыздардың арасынан құс
жолын іздеп тауып; «Егер аспанда шынымен гүл болса», – деп ойлады ол
сұқ саусағын шошайтып.
Станбек үйінің бері қараған терезесінен əрең-əрең көрінген сəуле
жылтжылт етеді. «Мас болып тырайған шығар ендігі».
Оның көз алдына екі тұлға – Қаймолда мен Станбек алма-кезек ауысып
келеді; бір-біріне мүлде ұқсамайтын адамдар... Олардың өмір жайлы,
келер күн туралы тіс жармайтындығына қынжылады. Оспанқұл атасы
айтып берген ертегідегі Сармантай жайлы лəм-мим демейтіндігі қандай
өкінішті. Жер бетінің бұл əлі біліп-танып болмаған жақсы-жаманы туралы
бүкпесіз сыр ақтарса, күлдірсе, еркелетсе...
Үлкендер неге үнемі өздерімен өздері?
Албырт көңілден туып жатқан сұраулардың бірде-біреуіне жауап таппаған
баланың ақыры келіп шығаратын ұйғарымы біреу – үлкендер мен
балалардың арасында түсініспейтін бір жай бар. «Үлкендер бұларды бала
деп, қолынан келері жоқ деп, еш нəрсе түсінбейді деп ойлайды, өздері
күштеріне, үлкендіктеріне сенеді».
Айып шалдың есігінің алдында бірдеңе қараңдағандай болды. Оу, анау не?
Шал есегіне мініп жатыр; жер сипалаған көлеңке жарбиып селк-селк етеді,
төмен қарай мимырт жылжып, ауылдың сыртын айнала ақ боз сəулені кешіп
мұнартып барады, əлден соң жарбиған көлеңке жалаңаш төбені асып,
бозала сəулеге сіңіп жоқ болды.
Əне, Оспанқұл қарттың үйінен біреу шықты. Əйелі, əрине. Шашына əлі ақ
түспеген қара қас, қара көз əйелдің үнемі үн-түнсіз жүретініне, мал екеш
малға да дауыс көтермейтініне, бала көрсе бауырына тартып ең бір шуақты
сөздермен аймалап ақтарылатынына, таң атқаннан күн батқанға дейін
тыным алмайтынына қайран.
Əжесі айтып еді: «Қермания соғыс ашқан жылы, құдай көрсетпесін, ауылға
неше үйлі қараша келмеді ме Қапқаздан. Шетінен ыңыршағы айналған құр
сүлдер. Шалдарының сақалдары қауғадай, көздері алайған, жаман үрікті.
Бала-шағасына дейін беттері көлкіген ісік. Қу жоқшылықты қойсаңшы.
Біз қай жетісіп жүр едік. Жарты уыс талқанды қайда жеткізерімізді білмей
дал болып отырғанда, бұлар келіп қосылғанын қайтерсің.
Ойбай, қамшысынан қан тамған қатал болғанымен Оспанқұл ашжалаңашқа
қайырымы мол тұғын. Колхоздың бастығы демесең оның үйінде де қара су.
Əлі есімде, жұртты ескі ұста дүкеніне жинап алып жиналыс ашты ғой.
Апыр-ай, сондағы сөзі бүгінге дейін көкейімде. «Оу, халайық, ел басына
күн туған шақта пана іздеп кеп тұр мына жұрт. Қотыр көшедегі бос
тамдарға апарып кіргізсек не отын, не тамақ жоқ, со бойы арам қатады,
қылар амал қайсы? – деп жұртқа жағалай қарады. Қарап алды да, – əлауқаттарыңа қарай екіден-үштен бөліп беремін», – деді. Солай істеді де.
Несін айтасың, жілік майы кеткен соң кісінің адам болуы екі талай екен.
Сол қыс бейшаралардың талайы өліп қалды. Мына өзіміздің Қадишаның
əкешешесі, екі сіңлісі қыстан шыққан жоқ. Жаңылмасам, мұның жасы не он
екі, он үште. Қайратты қыз еді, күнін көріп кетті», – деп отыратын. «Əже-ау,
Қадиша апайым Оспанқұл атамнан қанша жас кіші?» – деп сұраған бұл.
Оспанқұл атаңның жылы сиыр – тура жетпістің сегізінде. Қадиша жазған
елуден жаңа асты, жаңылмасам, оны неге сұрадың? – деп əжесі қабағын
кіржиткен. Сонан соң біраз əңгіменің басын қайырған. Айтуынша, сол
соғыс біткеннен кейін бес жылдан соң Оспанқұлдың əйелі өліп, үш жасар
Əшірбекпен қалады. Сол кезде Қадишаның оған өзі келіпті. Ойбай, өзіңнен
екі мүшелге жуық адамға нең бар дегенге: «Балаға ана болам, жетімдік
көрсетпеймін», – депті.
Əжесінің айтуынша Қадиша Оспанқұлдың ұлы Əшірбекті туған баласындай
бағып-күткен, құдайға қараған адам.
Қай кез екенін білмейді, бір қараса төменде жалаңаш төбеден жер
бауырлаған көлеңке, екі бүйірі қампиып, бері түсіп келе жатты; тек
жақындағанда ғана анық аңғарды – шал есікті жетелеп алыпты, оның
митыңмитың жүрісінен əзер озған бүкшиген көлеңке үйіне таяғанда емпең
қақты; есек үстіндегі артылған жүкті түсіріп, қораға қарай жанталаса
сүйрегеніне қарап отырып, бала Айыптың түн жамылып үйіне астық тасып
жүргенін анық сезді.
Жарбиған көлеңке тағы бет алды төмен қарай.
Бала жүгіріп Оспанқұл атасына барғысы, бəрін айтқысы: «Мына ұрлықты
тоқтатсаңшы ататай, сен белсенді едің ғой, большевик едің ғой», – дегісі
келді... Атасының ауру екені, əл үстінде жатқаны қаперіне кіргенде барып
іркіді өзін. Ол жылады. Əкесі отқа күйіп өлгені, жұрт қатарлы жаңа қонысқа
көше алмай отырғандықтары, əжесінің бұған жатын үй іздеп кеткені,
жалғыз ол деймісің, Қаймолданың, Станбектің əрекеттеріне, Айып шалдың
түнімен астық ұрлайтындығы, Оспанқұл атасының ауыр халін, ақырында
қарттың баласы Əшірбектің кешігіп жатқандығы бəрі, бəрі үшін жылады.
Сармантайдың құсқа айналып кеткендігі, өзінің дəл бүгін жалғыз
жатқандығы үшін егілді.
- Аспаннан бір жұлдыз ағып түсті.
*
*
*
Ертесіне комбаин көлеңкесінде түскі астарын ішіп отырғанда, Айып шал
жерден басын көтере алмай жатқан Станбекке:
- Бала, сен осы біздің ісімізбен бидайды жайына қалдырып үйіңе барып
жатып жүрген жоқпысың? – деп сұрады. Көзінде күлкі бар.
- Ақсақал, миыңыз іріп кетпесе мұншама дүниені жынды адам иесіз
қалдыра ма? – деп, Станбек білдірмей балаға көз қысып қойды. –
Сенбесеңіз түнде келіп көріңізші, тыритып атып салайын.
- Беті аулақ, – деп шошаң етті шал. – Пайғамбар жасынан асқанда ала жіп
аттап бір қара көрініп пе. Түкіріп таста мəкүрігіңді, сайтан алғыр.
Кемелхан олардың беттеріне жалтақ-жалтақ қарады. Ешқандай өзгеріс жоқ,
сондай жайбарақат, бəрін де шын айтып отырған секілді. Бала жылап
жіберуге шақ тұр еді.
Кешке бұл да үйіне келді, əжесі де есіктің алдында көк мототциклден түсіп
жатыр екен. Айналып-толғанып ұзақ сүйді.
- Қарның ашқан жоқ па? Көзің неге кіртиіп қалған? Күн өтіп кетті ме? Əдіре
қалсын жұмысы, азып қалыпсың ғой, тегі.
Əжесінің жауып кеткен сұрауына күлкісі келді. Бір күннің арасында мұның
көзі де кіртиіпті, күн де өтіп қалған.
- Əй, қайда асығасың, шай ішіп кет, өзі иманды адам екен, жаяу əрең
жететін едім, тырылдатып артымнан келе қалмасын ба, кел отыр деді,
жеткенше зəрем зəр түбіне жетті, – əй, шай ішіп кет, қонып кет.
- Спасибо, спасибо как нибудь в другой раз, – деп жолаушы мотоцикліне
отырып дар еткізді. – Ну, будь здоров, – деді Кемелханға қолын көтеріп.
- Кемелжан-ау, мəтесекл дегенің шошаңдап ұшып-қонып тұрған пəлекет
екен, кім мініп көріпті, – деді əжесі. – Ал жүр, саған не базарлық
əкелгенімді көрсетейін.
Кемелхан əп сəтте-ақ мұздай киініп алды. Олай-бұлай жүрді кеп. Табаны
сықырлауық қара бəтіңкесі, күртешесі де құйып қойғандай шақ. Жағалы
пальтосын киіп көріп еді, кеңдеу көрінді.
- Күнде өсіп тұр емессің бе күнім, биыл қоңылтақсығанмен келер жыл қона
түседі үстіңе, – деп əжесі тігісін жатқызып жіберген соң, бұл артық сөзге
барған жоқ.
Əжесі біраз кітап əкеліпті.
Кірген мəгəзініме əлгі өзің жазып берген қағызыңды беріп: «Не жазылса,
шырағым, түгел əпкел» деп... дабырлап жүрсем кітабыңның өз дүкені бар
екен ғой.
Екеуі мəре-сəре болып жатқанда, сықыр етіп есік ашылып, үйге Қадиша
кірді. Амандық саулықтан соң:
- Күннен-күнге төмендеп барады, бүгін осындағы үш үйдің адамын түгел
шақыртты, соған келіп ем...
- Қадиша-ау, ымыртта көңіл сұрағынымыз бола ма?
- Білмей отыр деймісіз...– деп жаулығының ұшымен көзін сүртіп, Қадиша
шығып кетті.
Үш үйдің адамы түгел Оспанқұлдікіне жиналған. Ондық шам жыпылық
қағады. Жастығын биіктетіп үй иесі түзеліп отырған сыңайы бар. Үлкендер
əрнені бір айтқансып, тығырыққа тірелгендей кібіртіктеп шешіле алмай дал,
еңселері түсіңкі.
- Бəйбіше, – деді Оспанқұл, күні бойы Шөкем есіме түсіп, өткен-кеткен
келдіме-ау көз алдыма, жайшылықта болса ауыз ашпас ем, көңілі құрғыр,
есебі, əрнені бір аңсайды, домбыра алыңызшы қолыңызға.
Əжесіне жаудырай қарады бала. Қадиша тұрып барып төрдегі ілулі
домбыраны алып ұсынды.
Қара шанақ қолына тиген соң əжесі əуелі күйін келтірді. Салалы саусақтар
ең төменгі сағақтан ышқына шыққан əуенді іліп алып, өрлей жөнелді
жоғары.
- Уай, дүние! – Оспанқұл желпінді.
Бала Шолпанқұл ақынның термесін жазбай таныды, сосын лезде қиял құсы
оянды көңілінде. Талай естіген таныс əуез. Ауылдың əу дейтін адамының
қай-қайсысы болса да ақынның соғыстан жазған өлеңін жатқа соғатын.
Қыл сағақтан шыққан зарлы үнге қосыла кетті əжесі:
– Ау... у...
Əбілғазы, Қашаған,
Сағындым-ау сендерді,
Жазудан артық жасаған.
Ел басына күн туды.
Дұшпан шығып тасадан,
Ойнақтаған серке едік,
Бауыры сау, басы аман.
Əжесінің даусы баяулап қалып еді, отырғандар оның тағы айтуын өтінді.
Баланың көз алдына қызыл əскерлер елестеді. Қылыштары жарқылдап
шауып келеді.
Оспанқұл басын жастықтан көтермеді. Бала аяп отыр қартты. Аз күндеақ
сүйектері мүлде салбырап, көзі шүңірейген, демін екі иығынан алады.
Əжесі оң қолын алға сілтеп қалды:
... Ел-жұртым, аманбысың, айттым сəлем,
Селдіреп қалған жоқ па қатарларың.
Майданға алып келді татар дəмім,
Сəлем де Орынбай мен Жайлаубекке,
Қылышбай, Үмбетəлі, Аршабекке,
Көз қырын балаларға сала жүр деп,
Айтып ем Жесекбаев сельсоветке.
Бар болса өкпелерің кешір ел-жұрт,
Қырықта шейіт кеткен большевикке.
- Есіл ер-ай, – Оспанқұлдың екі иығы селкілдеп, даусы өксіп-өксіп шықты.
Əжесі де домбыраны қабырғаға сүйей салып, жаулығының ұшын көзіне
апарды.
- Лағнет келгір сұм соғыс ең таңдаулы ауылдастарымыздан айырды, əділет
қайда, осы...
- Қайтесің Оспанқұл, жазымыш шіркінге дауа қайсы.
Үлкендер тағы үнсіз қалды. Оспанқұл əйеліне жастығын жөндетті, сосын
даусын кенеп:
- Есебі, дүниеден кім өтпеген... жақсы да, жаман да ақыретке бет түзеп
тынады, мен де... – деп кеудесін алақынымен басып-басып қойды. –
Етегімізді жапқаннан ат үстінен түспедік, айғайшы болдық. Кеңес үкіметі
деп, колхоз деп жарғақ құлағымыз жастыққа тимей жүргеніміз кеше сияқты
еді, есебі, несін айтасың, заматта өтіпті дүние, шіркін. Біреуге тіземіз батты
ма... артық қамшы сілтеп қалдық па... ет пен сүйектен жаралған соң мысық
табандаған пенделік еркіңе қайдан қойсын. Сүттен ақ, судан тазамын дей
алмаймын.
Айып мырс етіп, ернін жалады.
- Əй, Айып-ай, со бір кезде халық жауларын айдатып жібергенім үшін
титтей өкініп жатқам жоқ, əңгіме артық ауыз сөз бен артық сілтеген қамшы
өрімі хаһында есебі. Ашу не істетпейді. Астық тазаланбай, арба жүрмей
жатқанда, жасырып қайтем, ат бауырына алғанбыз талайды... Есебі, ел
болайық еңсе көтерейік дедік.
Науқас шамалы демін алды.
Бүгін бастарыңды қосқанда күнəмнен айрылайын, кешірім сұрайын,
кеңшілік дəметейін деген ой жоқ қаперімде. Бір өтінішім бар, ертең ат қоя
келген елге де қалдырар аманат бұл. Мана айттым ғой есебі, кеңес үкіметі
деп шапқылағанымды, менің сүйегімді Жайдақтың жотасындағы бəнді
өлтірген – ол осы тұста, Айыпқа көз қиығын салды, – иə, сол бəнді өлтірген
Зайдтың жанына қойыңдар, алыссынбасаңдар. Рухымыз бір еді, аруағымыз
айқасып жатсын...
Кемелхан Айыпқа қарады, қалғып отырғаны да, ұйқтап отырғаны да
белгісіз, көзі жұмулы.
Станбек:
- Жас өле ме, кəрі өле ме, қамықпаңыз, – деді. – Қазір өлім деген аяқ асты,
ақсақал.
Оспанқұл үндемеді.
- О не дегені-ай! – деп, Айып Станбекке бағжия қарады.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 04
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.