Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 22

Total number of words is 4075
Total number of unique words is 2263
34.1 of words are in the 2000 most common words
46.5 of words are in the 5000 most common words
53.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Қалдыбай елең етті. Бұл не? Əуез бе? Қандай əуез? Кімдікі? Қайда кетті өзі?
Жалғыз күмбір...
Əттең, домбыра... Қалдыбай жадының жалына жармасып жанталасқан.
Қайда əлгі жалғыз күмбір... Далаға шықты. Қайта кірді. Қайнап жатқан
ыстық тамақка үңілді. Ақкүшікке көз салды. Теледидарға бас бұрды. Бөрі
бөлтірігін тістей алып қашып барады. Келе жатқан қауіпті сезген шамасы.
Жалғыз күмбір тағы лүп етті. Дай-дай-дай... Ауырлау əуез... Аңқасы
кепкен... Атылып, ақтарылып шыға алмай алқын-жұлқын.
Қалдыбайдың жаны жаман қиналды. Ол өзінен туып келе жатқан қандай да
бір əуездің толғағын сезді. Қолдары қалтырап, көзіне жас келді. Жан
əлемінде ырғақтар ойнай бастады. Күрсінген, күңіренген бе немене...
Дəл осы кезде есіктің ашылғаны. Роза екен. Қалдыбай оған мағынасыз көз
салды. Ақкүшік ырылдады.
− Мына итіңнің көзін құртшы, − деді анау өзімсінген үнмен.
− Қайдан жүрсің? − Қалдыбай Розаның дəл қазір кіріп келгенін онша ұната
қойған жоқ. Ол жаңағы күмбірлерден адасып қалды.
− Қайдан жүргені несі? − деп Роза пальтосын шешкен. − Колледжден бүгін
кеш шықтым. Не, тамақ істеп жатырмысың? Кострюльдің қақпағын ашты. −
Картоп саламыз ба?
− Мен өзімен-өзім оңаша қалуым керек, Роза.
− Кет дегенің бе?
− Дұрыс түсін.
− Түсінгенде... Қайқай деп тұрған жоқсың ба?
− Аласұрма өйтіп.
− Адамшылық қайда?
− Не қылдым саған?
− Кісі деп келіп тұрмын ғой.
− Айтарың бар ма еді?
− Мына түріңмен сөзімді қор қыласың.
− Онда өзің біл.
− Матренаның үш айлық пəтер ақысын төлей алмай жүр ем.
− Табысың қайда?
− Шешем мен ұлым қарап отырған жоқ па маған. Ал мынаның пəтер ақысы
удай.
− Қарызың қанша?
− Біраз.
− Панталеевич келсін. Алып берем.
− Сөйтесің бе? − Розаның даусы жұмсарды. − Құдай ақы, қайтарып беремін.
− Келсін енді шал.
− Кірлеген көйлек-көншегің жоқ па еді, ала кетіп жуып берейін.
− Қайтесің. Мені шынында да оңаша қалдыршы.
− Ауырып тұрған жоқпысың өзі, өңің бір түрлі.
− Бəрі орнында.
− Қарыз сұрады деп кінəлама. Бұл жерде мен де ешкімді білмеймін ғой өзің
сияқты. Осы күз келгем, − Роза қамықты. − Өстіп қалмаспыз, оңалар дүние.
− Əрине.
− Сорлы ғой.
− Кім?
− Ұлымның əкесін айтамын. Алимент те төлемейді. Ез. Езде намыс қайда.
Əйтпесе еркектің намысы − ұрпағы емес пе. Емес деші.
− Неге өйтем?
− Қайдан білейін? − Роза жымиды. Сосын неге екенін, Қалдыбайдың
ағытылып тұрған түймесін сала беріп еді, Ақкүшік қатты ырылдап қоя
берді.
− Ладно, кетейін, − деді қыз. − Мынауың қауып жүрер бəле қылғанда.
Только жаңағы просьбамды...
Қыз басын қайқайтып шығып кетті.
Қалдыбай ары-бері теңселіп, жаңағы күмбір-күмбірді іздеген жадынан.
Таппады. Табамын деп жанталасқан. Өз жанының түкпірінен күтпеген
жерден тіл қатқан алғашқы əуездің күмбірі. Жалғыз-ақ үзік. Қылт етті де,
кілт жоғалды. Көз алдына əкесі келген. Соның домбыраны бір шертіп
қойып, ары қарай тұнжырап, тұтығып отырып алатыны бар еді. Осындай
азаптан ба?
Қап, жаңағы Роза оқыстан келмегенде... Роза! Баласы бар деп айтуға
қимайтын кұлын мүсін, қуыршақ бойлы, құмай көз. Қимылы да, сөзі де
ширақ. Бір үйдің ішін шыр айналдырып-ақ кететіннің өзі. Тар төсекте
тақым кағысатынды емес, есіктен кіргенде ел екі жарылып жол берер,
елдескеннің етегін жабар, ерегіскеннің есін екеу, түсін төртеу қылатын
ермінезді іздейді. Əйел затының бұл іспеттерімен өмір, сірə, қызық. Кім
біледі, Қалдыбай Бекзаттан өзге кімді көрді. Көретін де еді. Өзін оқшау,
суықтау ұстайтын, қыз-қырқынмен тіл қатысса, сөздері жиі-жиі кірпідей
жиырылып кететіндіктен, талай-талай аңқасы кепкен арулардан аузы
аңқайып қалды.
Роза... Ұлы бар. Осымен бас қосса ше? Оның баласы бұған бала болмас,
бірақ Розаның мейлі, бұрынғы байынан болсын, өз өзегін жарып шыққан
перзенті ғой. Басы ашық əңгіме. Егер Бекзат бұған балалы болып келгенде,
мейлі еді. Мұнымен бірге тұрып, керек болғандықтан енді біреуден туып
алса, ол енді құдай ешкімнің басына бермесін дейтін əңгіме. Құдай-ау,
Бекзат неге балалы болып келмеді десеңші бұған. Солай болып келгенде өз
бақыты еді. Солай болып келгенде ол ешқашан перзентсіз өткенім бе деп
өмір бойы опынып, өкінбес еді. Əйелдің Анаға айналу құдіретіне жетер еді.
Сонда Қалдыбай да беті ашық ғұмыр кешпейтін бе еді. Бекзаттың алдында
кінəлі сезінбес еді.
Кімге айтады енді осы зарын. Қалай жеткізер мына жарық дүниенің
түйсігіне. Балалы əйел алсам, оны баласымен қоса сүйіп өтер едім дегенге
ешкім сене ме. Сөйтіп өтсем бедеулігімді бет ұрғаным, тəңірінің бермегенін
пейіл-ниетіммен белден басып алғаным болмас па еді.
Балалы əйел... Сол болмасын ендігі жерде мұның ойлайтыны... Қайдам...
Білмейді...
Телевизорда өбісіп-өліскен шет елдің арзанқол бір сериалы жүріп жатыр.
Ақкүшіктің көзі кострюльде...
Ертеңгісін иесі дəретханаға кіргенде, манадан бері бой жазып, енді шоқиып
отырған Аккүшік кенет баяғы өзенді бетке алып зып берді...
Осылай Ақкүшіктің бір тəулік онда, бір тəулік мұндағы өмірі талай
күндерді арқалап өтіп жатты. Өзеннің де суы молайған. Ағаш көпірдің
сықыры жəне ұлғая түскен...
Акпанның соңына қарай күн жиі-жиі бұзылып тұрды. Шығыс жақтан
соғатын өкпек тыйылмай, оның соңы жиі-жиі жауынды-шашынды бола
бастады. Бүгін де түс ауа бұрқасын борап, жер-дүниені сабалап кетті.
Бекзаттың көңілі аса бұрқасын. Ана жолы Өрікайдардың кафесінде істейтін
жесір əйел шай ішкен. Бұрындары бұл үйге бас сұға қоймаушы еді.
Айтқаны: "кейде іш пысады, əркімнің есігін аша беру ыңғайсыз. Өздері
улапшулап жатады, сен əзір жалғызіліксің, сосын біраз əңгімелесіп
қайтайын дегенім... Құдай жалғыз ұл беріп еді, əуелі оқудың соңынан, оны
бітірісімен алған қатынының соңынан кетіп, шу қарақұйрық. Қазақ
таппағандай буряттың қызын алып... О пəлең үпиттеп-сүпиттеп ап жоғалды
ғой ит өлген жерге. Жылына бір хат жазады, əйтеуір. Сондағысы: əне барам,
міне барам... Өзім тұра шабайын десем, көрмеген, білмеген жер түбі. Екі
жаманы бар көрінеді. Жүріп-ақ кетер едім, жол қаражаты қинайды. Кімнен
сұраймын, кім бере кояды. Қазір қайын алғаннан гөрі, қайта-қайта қатын
алған оңай деп жүр кафеге келген қағындалар".
Əйел осылай өз басының қара бұлтын қаптата-қаптата келіп, мұны сөзге
тартқан. "Қалдыбай қайнымның мына қылығын жұрт неге жорырын білмей
жүр". "Өзім де" деген Бекзат күрсініп. "Əй-шəй дескен жоқ көрінесіңдер".
"Рас, тұрды да кете барды. Сөйтті". "Япыр-ай!" "Күтпеп ем..." "Ойбай, еркекке
сенім жоқ, айналайын. Қазір не көп, байсырап жүрген қыз, қатын көп. Не
біреудің басы байлы байын тартып алады, не ойнасы қылады". ''Қалдыбай
олай кеткен жоқ". "Кім біледі..." "Өзім білем ғой, тəте". "Ал айтшы". "Мен
көтермедім емес пе... Алты жыл өтті". "Бедеу ме ең?" "Қайдам". "Доқтырға
көрінбедің бе?" "Сөйтпеппін". "Əй, əй, айналайын, сен көрін. Дереу сөйт.
Қайдан білесің... Тілімді ал... Біліп алсаңшы. Өзіңе керек".
Бекзат Ақкүшік азанда жоқ болып кеткен күні аудан орталығына барып,
анализ өткізіп қайтқан. Бүгін оның қорытындысын жесір əйел кітапханаға
əкеліп беріп кетіп еді. Құдай-ау, бұл бедеу емес екен! Құдай-ау... Бəрін
өзінен көріп еді ғой. Өзінен... Баяғыда дирижер "ы... ы... ы..." дегізгеннен
кейін жүктеп қалған. Амал жоқ, аборт жасатты. Қалдыбекпен бас қосып,
екі-үш жыл өтсе де, аяғы ауырлай қоймаған соң, сол абортты жиі еске
алатын.
Соның зардабы емес пе деп қорқа бастаған. Сөйтсе... Қалдыбай ма бедеу?..
Дауысы шығып кетіп, босағада жатқан Ақкүшік басын көтеріп алды.
Ыңырсыған іспетті дыбыс шығарды. Осы кезде есік қағылған. Келген жесір
əйел екен.
− Мына күн қайтеді, құтырды ғой, − деді қолындағы пакетті қарсы алып
жатқан Бекзатқа ұстатып. − Жата салайын десем, елегізіп... Е, қойшы,
Бекзатқа барып біраз отырып қайтайын дедім. Кедергім жоқ па?
− Жо...ға... Келіңіз.
− Ас бөлмеге-ақ отырайық. Шай-пай ішіп.
− Күшігің үйде екен ғой.
− Азанда оралды.
− Ана жолы мұны күн ара жоқ болып кетіп жүр деп ең.
− Рас.
− Лығатын шығар,
− Сөйтсе көрмейміз бе?
− Көретіндей ауылда төбет ит қалды ма? Өң жұмыссыз селтең қыстай бос
жүрген төбеттерді қуырып жеп... Бұл байлаулы төбеттерге барып жүрген
шығар. Мүмкін тау қойнауларындағы малшылардың иттеріне?..
− Қойыңызшы, тəте, − деп күлді Бекзат. − Ит те сөйте ме?
− Көкем-ау, күйлегенде бұлардың да миы айналып, көзі көрмей кетеді.
Құдай ұрғашы біткенді еркектің əукесіне тəуелді етіп қойған қас қылғанда.
Ас бөлменің төріндегі столға жайғасып алған əйел түбіт орамалын иығына
түсіріп қойып:
− Əлгі доқтырыңа барып осылай да осылай, ауылымыз алыс, өзі қызметінен
шыға алмады, жақын қайын əпкесімін, анализінің қорытындысын бер
десем, бойы шынашақтай жасамыс неме көзілдірігінің үстінен екі қара
саныма кезек-кезек қарап алып, басын шайқайды. "Неге?" деймін.
"Анонимно" дейді. "Ал мынаған бересің бе?" деп тұтас екі мың теңгені
көрсетіп едім, қағазды қолыма ұстата салды. "Тағы не берейін?" деймін
қитығым ұстап. Ыржиып тағы да екі қара саныма қарайды. "Оның арасына
қыстырып ап зар қақтырсам, мұрныңнан қан кетеді ғой, байғұс" дедім.
"Көрейік те, əуелі" дейді əлгі ит.
Келіншектің жүзіне күлкі үйірілді.
− Мүлде танымайтын адаммен... Солай тəжікелесіп неңіз бар, тəте?
− Ерінен ерте қалған қатын қағынды болады, қалқам. Əсіресе еркектің көні
кепкен көкейін көргенде, − əйел столдың үстіндегі өзі əкелген пакеттің
ішіне қол сұқты. − Сенің бедеу емесіңді білген соң, əй, бұл қуанышты
оңаша отырып атап өтейікші деп мыналарды арнайы алғам...
Ол дастарқанға коньяк пен қорап шоколад алып қойды.
− Тəте-ау, мен ішпеймін ғой.
− Мен қайбір ішкішпін. Көңіл. Кейде ұрттап-татқаннан күнəһар болып
қалмайсың. Адамбыз ғой. Аздап босаңсып алғанда керек. Оның үстіне...
Оның үстіне бүгінгі күн сен үшін ерекше. Ал мен сенің тілеулесіңмін. Қане,
стакан ал.
Əйел коньякты ашып, екі стаканға аздап құйды.
− Тəте, тауықтың сорпасы бар еді.
− Пешке қоя сал, ысысын. Оған дейін бір-бір алып қояйық. Отырсаңшы
өзің.
− Тəте, мен ішпей-ақ қояйын.
− Аузыңа алып көрмеп пе ең туғалы?
Бекзат үндемеді.
− Ұрттап қой бір-екі. Қане...
Əйел тақымдап отырып Бекзатқа шамалы алдырды. Одан тағы. Ыстық
сорпамен де біраз. Қара шаймен де ұрттап отырысты.
− Жассың, − деді − əйел қырыққа дейін ғана керек еркекке. Онан кейін
ұрғашыға икемі болмай, нағыз рақат-лəззаттың қызығын өмірі бір шөлі
қанып көрмеген кəртеміштер демесең, ешкім көз салмайды... Жассың...
Қалдыбай болса... Е, оның енді қайта оралар, оралмасын құдай біледі. Əй,
сол оралмас. Ішіңкіреп жүрді ғой екі-үш жыл. Оралғанда одан не қайран.
Бедеу сол екен. Ал саған туу керек. Туа алатын болған соң, баласыз өту не
сорым. Ойлашы өзің. Жассың. Қазір шыбын қонып кетсе балалай салатын
"ой-хой, дəурен" кездерің, шіркін. Ал ертең кеш болады. Кеш... Бетің ауған
жаққа кетіп қалып, дəм тартқан жерден байға тисең... Ол кім?.. Ол да бедеу
шығар. Еркектің көбі импотент деп жүр емес пе қазір. Əуреттерінде əл жоқ
дейді. Болғандарынан кісілік, қамқоршы көре ала алсаң жақсы, өкпең өшіп,
өзегің талып өзің асырап жүрсең қайтесің. Жатқан пəле емес пе?! Құдай-ау,
еркекті əйел асырады деген қандай қасірет. Қай атамыздан калған...
Əйел əңгімені судай сапырып отыр. Күйеуінен ерте қалғанын да айтып көз
жасын сығып алды. Əйтеуір, артында ұлы қалды. Мұның сүйегі жарылды.
Пұшпағы қанады. Қубас емес. Ана деген аты бар. Ана болмаған ұрғашыдан
өткен бақытсыздық жоқ ұрғашыға. Ондайларға ешкім баланың кіндігін,
тұсауын кестірмейді, бесікке салдырмайды, батасын алмайды...
Сондай боп жүрмесін деп ырымдайды. Секемденеді.
Бекзаттың қан тамырлары лыпылдап, тұла бойы қызып отыр. Сəл-сəл ішкен
коньяктың əсері əжептəуір. Сөйтсе де көңілі салқын. Əйелдің əңгімесін
естіген сайын ет жүрегі қалтырай түсе ме... Түкпірінде өкініш пен
опынудың уілі үдеп бара ма... Əйел айтқандардан бар, өзінен оянып
жатқандары бар, қаптаған қалың ойлардың қайсысын қармарын білмей,
күллі болмысымен бес бүктеліп, он оралып отыр.
Əйел коньяктан екеуіне бірдей тағы тамызып қойды.
− Тілімді алсаң, ақылымды тыңда. Адалым. Сенің бұл ауылда ет жақының
жоқ. Кетсең, күтіп алып, жарылқай қояр кіміміз бар дейсің мына заманда.
Тіпті осы ауылда таңды бірге қарсы алып, кешті бірге батырып, апта сайын
өтіп жататын той-томалақта, құдай-ау, бір-біріне жамырап ақ тілек тілеп, ақ
бата беріп жататын мына алпыс үй біреудің түтіні қисайса, жұрт болып
"Мұнысы несі? Қане, жабылып түзейік" десе қане? Əркім өзін-өзі қымтап
жатып алған. Өзгенің өлгені не, тірілгені не... Айтшы, Қалдыбайдың
кеткеніне қанша күн өтті... "Неге өйтті, онысы қалай?" деп босағаңды
аттаған қай туысты, қай ауылдасты көрдің?
Осы тұста Бекзат іштей өксіп-өксіп алған. Бірақ онысын білдірмеуге
тырысты. Стакан түбіндегі коньякты ұрттап жіберді.
− Ерте жарықта, қалқам, бір азаматты пана тұтуың керек-ақ.
− Тəте-ау...
− Меніңше, Қалдыбай қайта оралмайды. Оралмайтыны өзінің бедеу екенін
білген. Намыстан жарылатын адамдар болады. Олар өзін өзіне де
қорлатпайды. Өзгенің бақытына да қол байлау болмайды. Қалдыбай
айналайын соның бірі екен. Құдай біледі ғой, осым рас. Қаперімде жоқ еді,
аузыма Алла салып тұр ма, немене... Ибай мынасы несі?
Бекзат жалт қараса, аузында Қалдыбайдың ескі аяқ киімі, табалдырықта
Ақкүшік тұр.
− Қалдыбайдың атын естігеннен ғой деймін.
− Бəлесін қара-ей мұның. Өзінің тұқымы басқа ма, өзге иттерге ұқсамайды.
− Қақпаға қыстырып кеткен газет-журналдарды да тістеп үйге əкелетіні бар.
− Көзі қарақаттай.
− Ақылды бұл.
− Күшіктесе, біреуін маған беріңдерші. Менің итім күзде жоғалған. Аузым
жазықты, соның ажалы анау бос селтеңдерден болды. Қайсыбірде соның
бірі араққа ақша қарыз сұрап келді. "Берейін. Бірақ шыныңды айтшы, неге
ит жейсіңдер?" деймін ғой. "Емге" дейді əлгі шімірікпестен. "Қандай емге?"
"Туберкулезге, бронхыға қарсы". "Аурусыңдар ма сонда?" "Болсақ болдық,
болмасақ алдын аламыз, тəте"... Міне, уəждерінің сыйқы. "Жүгермек-ау, ол
жеті қазынаның бірі емес пе?" десем, "Ой, тəте, қазір ит түгілі, адамның өзі
қазына болудан қалған" дейді аузы жалмаңдап.
− Құрысыншы, тəте.
− Дұрыс айтасың... Əй, Ақкүшік, бар енді жат орныңа. Иең жоқ арамызда...
− əйел сөзін біреу естіп қоятындай Бекзатқа төне түсті. − Саған қорған,
сүйеніш бола алатын еркек бар мұнда.
− Не...
− Рас айтам.
− Ол кім?
− Ана жолы кітапханаңа барған адам.
− Өрікайдар ағай ма?
− Нағыз еркек. Өзің білесің, осы ауылдың күні соған қарап тұр. Иə десең,
сонау Алматыдан баспана əперіп, үлде мен бүлдеге бөлеп қояды.
− Ой, тəте, қойыңыз.
− Əуелі тыңдап ал. Сенің онымен көңіл жарасқаныңды бұл ауылдан жан
адам білмей қалады. Төркініңе кеткен боласың.
− Қызықсыз ғой, оның семьясын қайтесіз?
− Əй, айналайын, семья кімде жоқ. Анау əлгі депутаттар да, ғалым,
жазушыларың да, бизнесмен тағы кімдер... Шетінен үй сыртынан үй тігіп
алған. Қазаққа тоқал қажет деп газит-мəзиттер жабыла жазып жатқаны анау.
Солар айтқан соң...
− Мұныңыз жеңгетайлық па?
− Өрікайдар ағайыңның арманы.
− Қалдыбайды қайтесіз?
− Ой, ол кетті ғой.
− Оралып келсе ше?
− Келмейді.
− Келсе...
Əйел үндемей қалды.
− Жаңа ғана осы жұртты ешкімге қабырғасы қайыспайды, қазақ болғаннан
қалған. Əркім өзін-өзі қымтап жатып алған деп жерден алып, жерге салып
отыр едіңіз ғой. Енді мынауыңызды қалай түсінемін?
− Мен де сол жұрттың біреуімін ғой, − деп əйел бір түрлі жасып калды, −
олардан асып қайда барамын. Оңашада он сан оймен ойбайымды қанша
салғанымен, жеме жемге келгенде, əлгілердің терісінен шыға алмаймын.
Сосын күнім кісіге − Өрікайдарға қарап тұр. Сөйлес деп жан қоймайды.
Бірақ, бар ғой, ниеті дұрыс. Өзің деп бұрыннан өбектеп жүретін. Өзің
білесің енді. Туып алсаң, жассың, көріктісің уысыңнан шығармайсың. Тағы
айтарым: Өрікайдар осы өзіміз отын оттап, суын жайлап отырған өңірді таудаласымен түгел сатып алып, имекке дей ме, сондай бірдеңе қылайын деп
жатыр. Жекеменшігіне. Демек, біз де онын жекеменшігі боламыз. Жерінде
жатыптұрып жүрген соң, амал қане. Еркелеткенін еркелетеді, елден
бездірем дегенін бездіреді. Ойлашы...
− Тəте, демалайық. Ертең жұмыс.
− Сөйтеміз бе? Мейлі, − əйел жиналды. − Сен асықпа, əбден ойлан.
Құдай өзі айдап келіп тұр, қалқам.
Əйел кеткен соң, Бекзат бірден жата қоймады. Ас бөлмеде біраз отырған.
Бəсе... Өрікайдардың əуелде Қалдыбайды бауырына тартпақ болғаны... Ол
кеткеннен кейін кітапханаға келгені... Демек... О бастағы ойы мұны көңілдес
етпек қой. Бекзатқа керегі көңілдес пе? Бекзатқа керегі − Қалдыбай. Өзінің
күйеуі. Өзінің... Шын сүйе ме өзі Қалдыбайды. Жақсы көреді, қимайды,
бауыр басып қалған. Ал сүю деген не осы? Құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін
емес, тек жүрек пен тілектің тілі ғана айтып бере алатын, теңдесі жоқ
іңкəрлік пен ынтызарлықтың жалғыз сəтте суымай, ылғи күйіп-жанып
жататын ғажабы ма? Бекзат сондай сезіммен өртеніп көріп пе еді? Бəлкім,
Қалдыбайды алғашқы түннің ертесіне, тіпті осы күнге дейін "Қыздығың
қайда?" деп сұрамағаны үшін қадірлеп, аялар. Қалдыбай жалпы мұның өзіне
дейін, он жетісіне дейін-ақ қатын болып қалғанын сезіп, білді ме екен?
Қулық жасап жіберді ғой Бекзат. Босағасын етеккірім ертең келеді деген
күні аттаған. Топатайы бүтін екен деп қалсын деген ойы. Сірə, əлі
ұрғашының етегін көтеріп көрмеген ауыл баласы шынында да сеніп қалды
ма соған.
Сөйтпесе алты жылда үн-түнсіз келіп тістеп жүруі мүмкін бе.
Ендеше алты жыл бойы бұл Қалдыбайды алдап келіпті. Алты жылда оқтатекте болсын өзінің таңын айырған дирижерді есіне үнемі алғаны да рас.
"Ы...ы...ы..." деп жатқан сəті мəңгі есінде қалған. Ғажабы, қазір ғана жаны
көзіне көрініп "ы...ы...ы..." деп жатқан қыздың тəні мен жаны бірдей, кенет
қаперінде жоқ бір сұмдық рақатқа кенелді-ау. Сұмдық ыстық деммен
өртенген аузынан "жан...ым" деген жалғыз сөз атып шығып кеткен. Сондай
сезімге осыдан кейін ешқашан бөленіп көрген емес. Тек оны шанда бір
түсінде көретін. Сонда оның бауырына сұйық от құйылып жатқандай денесі
балқып, балбырап, есі кіресілі-шығасылы күй кешетін. Қалдыбаймен алты
жыл тұрғанда сондай сəт басынан бір жолы да өтпеді. Рас, қанағаттану
сезімдері болатын, бірақ солардың бəрін қосқанда жаңағы жалғыз сəтті
алмастыра алмайды. Себебі... Себебі Бекзат дирижерді шын сүйіп қалған
шығар. Сөйтпесе оның пəтеріне неге бара салды елпеңдеп. Өмірі татып
көрмеген шарапты неге ішті. Ол төсекке əкеліп жатқызып, омырау түймесін
жайлап ағытып, жаңа-жаңа жетіліп, толысып көз жауын ала бастаған аршын
төсін аймалап, екі елі лыпасын бұтынан сыпырып тастағанда, сəл-сəл
қымсынып, үркектесе де, қолынан қақпады ғой. Қайта соның ыңғайына
қарай икемделіп, жабыса түспеді ме.
Егер сол дирижер оқыс мерт болып кетпегенде ше? Ажал неге тұтқиыл
келді оған? Ағызып келе жатқан машинаның алдынан байқамай шыға
келген зағип кемпірді құтқарып қалам деп... Кемпір аман қалды, өзі өлді.
Əттең-ай, ертеңгісін сөйлесіп тұрған адамының екі сағаттан соң көз
жұмарын білсе, бұл ол үйден көзі тіріде шығатын ба еді.
Бекзат өксіп-өксіп жіберді. Ар жақтан Ақкүшік атып шыққан.
− Сорлымын ғой, Ақкүшік. Ессізбін. Неге жасаттым абортты?
Ақкүшік адам тілінен не түсінеді. Ақкүшік түсінсе, əйтеуір, бірдеңе айтпай
ма. Жас едің. Сөзден қорықтың. Қорлық көрдің дер еді. Кім білсін...
Азаматтың өзін кездейсоқ оқыс жағдай мерт етті, ұрпағын сен өлтірдің дер
ме еді. Кім білсін... Əркімнің табиғилығына жат əрекеті үшін сөз жоқ жаза
тартатынын да айтар ма еді. Кім білсін... Сен өзіңді кінəлі сезінсең, тек
өзіңнің алдыңда кінəлісің деп те айтар ма еді. Кім білсін...
Бекзаттың кірпігі таң алдында ғана зорға айқасты. Содан көзін күн сəскеде
бір-ақ ашқан. Ақкүшік көрінбейді. Есік жабық. Есіне ас үйдегі терезенің
ауасы тазарып тұрсын деп бір жағын ашып қойғаны түсті. Ақкүшік содан
шығып кеткен.
Өзен үстіндегі көпірден ағызып өтіп, диірменші шалдың ауылына жеткен
Ақкүшіктің танауына бір ғажап иіс келді. Жел батыстан қатты соғып тұрған.
Сонымен жеткен иістен басы айналды. Қалт тұра қалып, тұмсығын желге
төсеген. Соған қарсы аяқтары еріксіз бүлкілдеп бара жатты. Ғажап иіс
біртебірте бұрқырап күшікті ауласының іші түгел көрінетін шағындау үйдің
алдына алып келді. Ар жақта байлаулы төбет шынжырынан босана алмай
аласұрып жүр екен. Мұны көргенде тіпті арсылдап аспанға атылды.
Ақкүшік əлгі ғажап иістің сол төбеттен бұрқырап тұрғанын сезді. Аралары
ырсиған шарбақтан сұғынып кіріп, төбетке жақындауға үйдегі адамдардан
сескенді. Сөйткенше болмай, үйден алқам-салқам біреу шыға келді де,
жерден қолына ілінгенді бүған дəлдеп жіберіп қалды.
− Кет! Қуыңдар-ей, ана қаншықты! − деді бақырып.
Ақкүшік бұғып үлгергенше, тағы бір кесекті жіберді. Оған соңынан келген
баласы қосылып, бұған қарай тұра жүгіріскен.
Ақкүшік амалсыз безіп берді. Жолай жолыққан бірлі-жарым адамдар да
бұған кесек атып жатыр. Қорқып кеткен Ақкүшік жаңағы ғажап иісті
жоғалтып алды. Тек сол иісті сезгенде қатты ысып, дуылдаған бөксесі көпке
дейін бүлкілдеп қоймай қойды. Тіпті Қалдыбай бас салып, жылап
көріскендей болғанда, тұмсығынан өзі алғаш сезінген ғажап иіс пен
шынжырдан босай алмай аласұрған төбет кетпей қойған. Ақкүшік мұның
күшіктеу күйі екенін, əрине, білген жоқ.
Қалдыбай сақал-мұртын қырмапты. Шал да, өзі де самогон ішпеген.
Екеуі диірменнің жөндеу жұмысына кірісіп кеткен еді.
Иесі Ақкүшікке тамақты диірменнің ішіне əкеліп берді.
− Күн ара қайда жоғалып кетіп жүрсің? − деп мұның маңдайын шертіпшертіп қойған.
− Күшігің үйлеріңе барып жүрген жоқ па осы? − деп шал шылымын
бұрқыратқан. − Мұндай иттен всего можно ожидать. Умница же.
− Өйту мұның ойына қалай келеді?
− Сені іздеп келу қалай келді?
Түскі астарын ішіп отырғанда диірменші:
− Менің не ойлап жүргенімді білемісің? − деп сұрады Қалдыбайдан. − Сен
келгелі менде бір шешім пайда болды. Қанша жыл жиған-тергенімді
жұмсап диірмен салдым. Я не вечный. Сколько мне осталось. Лет пять... А
может меньше. Детей-то қай...да. У них своя жизнь, своя судьба. Свои
нравы. Слишком рано отделились они от меня. Чужые мы. Со мной толъко
мельница. Что было у человека, остается людям. В этом утешение. Я хочу
все оставить тебе. Мельницу, дом... Может тебя сам Бог привел сюда.
Əкеңнің мені ауылдастарының соққысынан құтқарып, үйіме жеткізгені,
содан тамыр болып кеткеніміз, сені ертіп келіп жүретіні, бəрі, бəрі по
велению судьбы. Завтра же запишу завещание на твое имя. Е, сонан соң, мен
қазақ жеріне, еліне қарыздармын ғой. Қызылтауда тудым. Там вырос...
Кормился вашим хлебом... Чем-то надо отблагодарить. Пусть моя мельница
служит вам. Поверь мне, сынок. На тебя оформляю завещание.
− Что вы, дядя Паша?
− Сөйлеме, Қалдыбайчик, үндеме.
Қалдыбай рақметін айтып, қарсылық білдірмек болып еді, шалдың шын
пейілін танып, үнсіз қалды. Есік қағылды.
− Да, заходи, − деді шал.
Роза екен.
− Қалдыбай, сені бола ма?
− Кіре бер, − деп Қалдыбай қызды ішке шақырды. − Құпиялайтын несі бар.
Бəрібір шаруаң дядя Паша арқылы шешіледі.
Роза үстіне духиді аямай сепкен екен. Ақкүшік тыжырынды. Іле жайлап
ырылдаған.
− Дядя Паша, маған біраз ақша бере тұрасыз ба? Роза Матренаға
қарызданып қалыпты.
− За квартиру, − шал тұрып түпкі бөлмеге қарай аяқ басты. − Кровопийца
же это Матрена. Как гадюка. Но видная сучка. Ей богу съест любого. Не
пожалеет. А может не хочет.
− Рақмет! − деді Роза Қалдыбайдан ақшаны алып тұрып. − Кешке сабақтан
қайтарда колледжден домбыра сұрай келейін бе?
− Бере ме? − деп Қалдыбай елеңдеді.
− Əкелем ғой.
Ол кеткен соң шал:
− А может поживешь с ней. Примем как квартирантку. Пусть живет.
Будет стирать, готовить.
− Керегі жоқ, дядя Паша.
− Дело хозяйское, − деп шал иығын қозғады. − Ладно, забудем все. Мен ана
кинологқа жолығып келейін. Төбетіне Ақкүшікті лықтырып алайық.
Басқа итпен не ғып қоя ма... Күшіктетіп алсақ, айтып едім ғой, пайда.
Кешкісін Роза айтқанында тұрып, Қалдыбайға домбыра əкеліп беріп кеткен.
Қалдыбай ана жолғы күмбір-күмбірді домбыраны шерте-шерте, əйтеуір,
тауып алды. Көзін ашқаннан домбыра дауысын естіп өскен Ақкүшік те
елегізиді. Иесінің оның өзіне де беймəлім ырғақты бастап алып, ары қарай
көсіліп кете алмай аласұрып отырғанын күшік білмейді, тек оның дыбыс
шығарып отырған саусақтарына көз тастайды.
− Дядя Паша, − деді Қалдыбай. − Бір құйып бересіз бе маған?
− Жайшылық па?
− Бір құйып беріңізші.
− Ну, смотри, − деп диірменші жарты стакан самогон құйып берді. − Мен
ішпеймін.
Қалдыбай у мен зəрді қағып салды.
Саусақтары бір орнында қаздаңдап тұрып алды. Күмбір-күмбір ырғақтың
не өрлеу, не құлдилау ағысын таба алмай ары да, бері жүйткіп көреді. Ендігі
кезекте қағысының дұрыс болмай отырғанын сезді. Сабалап емес,
шертпелеп тартса ше.
Көз алдына Бекзат келген. Жартылай жалаңаш. Қолаң шашы аш беліне түсіп
тұр. Одан да төмен сияқты. Ары-бері ырғалса, ұштары ақ томпақ бөксесін
сипалай ма. Бір-біріне қосылғанда жігі білінбей кететін түзу сандары дірдір... Келіншек бері бұрылды.
Аршын төстің алмалары сəл-сəл ісініп-басылып, ісініп-басылып тұрған
сияқты. Тамағының астындағы бұғағы сияқты кіндігінің астына да шағын
белдеу пайда болған. Одан төмен... Қиманың томпайған төбесін жауып
жатқан қалың қара ұлпа...
Домбырадан кенет бипаз үн ыңылдап шығып, бара-бара ішекті тартқызып,
ындынды құрғатқан əуезге ұласып, соның дүмпуі қыл мойынды ылдитөмен ырғай бастады. Бірде бауырын жазған баяу, іле аласұрған
алқынжұлқын күмбір күлтеленген көңілдің күміс коңырауын қағып
тұрғандай.
Қалдыбайдың қолдары көсілді. Бет-жүзін тер жуған. Жас əйелдің ақ
сазандай денесі былқылдап, əуездің буын-буынын бұлаңдатты-ай келіп.
Жігітті бұрын-соңды болып көрмеген шабыт биледі. Қайдан келіп жатқаны
белгісіз күмбір күрсініп те, күңіреніп те бағады. Күллі дүние дəл қазір оның
тартысына таңдай қағып, тамсанып, табынып тұрған іспетті.
Қай кезде... Ай сəулелі əйел денесі аңғараңдап алыстай бастады. Теріс қарап
алған. Аш белін жапқан қара мақпал шашы желкесіне шарт түйіліпті.
Домбыраның ішектері қосылып боздаланың ботасы болып боздай ма...
бойбойы шығып, борай-борай боз тозаңға айналып бара ма... Айхай, дəурен
деп пе, ай-хай, дүние деп пе, аңырап барып, шорт үзілді.
Қалдыбай терін сүрткен жоқ. Беті-басын жуған жалғыз тер ме?
− Хотя мен домбыраңнан дəнеңе түсінбеймін, но это музыка странная,
Қалдыбайчик. Тревожная. Боль какая-то. Хорошо играл.
− Аяқтай алмадым, − деді Қалдыбай жыларман болып. − Не получилось,
дядя Паша.
− Может сто грамм? − деді шал.
− Керек емес. Бəрібір аяқтай алмаймын.
Қалдыбайдың ұнжырғасы түсіп кетті. "Күй − тереңнен шығатын құдірет.
Оны шығару үшін адамның өзі терең болуға тиіс" дейтін əкесі. "Мендегі
ненің тереңдігі" − деп опынды Қалдыбай, "менің сорым − бастауын бастап,
аяғына жете алмайды екенмін".
Түйсігі мұнар, ойы бұлыңғыр, жүрегі жұлынып тұрмайды.
Шал мұның көңіл-күйін қалай аңдасын:
− Мен əлгі кинологпен келістім. Төбетінің бір сүргеніне елу доллар
сұрайды, сукин сын.
− Қымбат емес пе?
− Екі мешок ұн ал дедім бар ғой менде аздаған. Одним словом, ертең
Ақкүшікті алып барамыз. Мұның енесі төрт күшік туған. Үшеуі − қара,
мынау − ақ. Бұл да енесінен кем күшіктемес.
Ақкүшік өзінің аты естілген сайын қозғалақтап қояды.
− Жұрт енді көктемге алып қалған астықтарын ұн тартуға əкеле бастайды, −
деді шал. − Ерте жатып, ерте тұрып жөндеу жұмысын тездетуіміз керек.
Фильм есть, название хорошее: "Время не ждет"....Слушай, Ақкүшікті
байлап қояйық, а то...
− Үйде жатыр ғой.
− С чем черт не шутит.
− Айырыла қоймаспын. Қарап жүрем.
− Ну, смотри!
Бір-ақ ертесіне олар Ақкүшіктен сəскеге таман айырылып қалды. Аспан
тұтас қара ала бауыр ақ мұнар екен де, күн сізбелеп тұрған. Өзеннің суы күн
сайын көбейіп, ағаш көпір қисая түскен. Ақкүшік үстінен шапшаң өте
шықты. Аулаға қарғып енсе, есік құлыптаулы. Жортып кітапханаға жеткен.
Бекзат көк контрамаркаға от жағып жатыр екен, күшікті бас салды.
− Қайдан келдің, Ақкүшік? Əй, сен қайдан келдің?
Ақкүшік еркелеп, олай-бұлай ойқастап, өзімен-өзі.
− Сен бар ғой, сен құдай біледі, Қалдыбайға барып жүрсің. Иə, Ақкүшік?
Əйтпесе күн ара не кетіс сенікі? Азанда... Сосын азанда маған... Оны да,
мені де қимайсың... Айналайын, Ақкүшік-ай! Екеуімізді тең іздеп жүрген,
қимай жүрген сен ғанасың ғой, сірə, енді ойласам. Соны айтуға тілің жоқ
бізге.
Күшікті ертіп қызмет орнына келді. Пакетінен картоп қосып пісірілген екі
пирожки алып алдына қойған.
− Жеп ал.
Самбырлап сөйлеген жесір əйелдің төбесі қылтиған.
− Қалай сіңлім, амансың ба?
− Отырмыз.
− Ойбай, мына жерің тастай суық қой.
− Қазір-ақ жылиды.
− Біздің кафеде күндіз-түні бірдей жып-жылы. Соляркамен жағылады.
Порсунка дей ме. Гүрілдейді де тұрады. Өрікайдардың қолынан келмейтіні
жоқ. Газдың балондарын да үйіп тастады.
− Жайша жүрсіз бе?
− Өрікайдар ағайың жіберді.
− Не шаруамен? − келіншек қабағын шытынды.
− Ертең туған күні оның. Соған екеуімізді ресторанға шақырады қалаға.
− Жо... жоқ! Ешқайда, ешкіммен бара алмаймын.
− Жаныңда мен боламын. Жеп қояды деймісің ол.
− Қойыңыз.
− Сіңлім, тыңдашы. Мені аяшы.
− Сізді...
− Одан əлгі Якутиядағы қу жалғызға барып келейін деп қарызға қомақты
ақша сұрап едім. Айлығымнан ұстап отырасың ғой дегем... Берейін. Тек
келінді ресторанға ертіп кел деп... Барайық. Көңіліңе жақпайды екен, бас
салмайды.
− Ұятқа қалғыңыз келмесе, мені жайыма қойыңыз! − деп келіншек атып
тұрған. Сол кезде Ақкүшік те жесір əйелге тұра ұмтылып, балтырынан ала
түспесін бе.
− Ибай, ибай, қайтеді-ей, мына пəле? Ал, ей, айналайын, итіңді!
Балтырым, ойбай, балтырым!
Бекзат жалма-жан Ақкүшікті əйелдің балтырынан ажыратып алды.
− Болды, болды, Ақкүшік. Қой!
− Құдай-ау, бұл не сұмдық. Тал түсте итке талатып. Тісі етігімнің
ұлтанынан өтіп кетті оңдырмай. Қап, мына əдіре қалғырды-ай... Байың
оралса, мейлі-ақ. Келмесе етегіңе намаз оқығаныңды көреміз əлі. Жас неме
ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп қалмасын деп... Өз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 23
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.