Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 05

Total number of words is 4298
Total number of unique words is 2514
32.4 of words are in the 2000 most common words
46.8 of words are in the 5000 most common words
53.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ауылдың архивін түгел өртеттіріп жіберіпті. Бүкіл жұрттың, небір қиын
жылдардағы қаны мен тері күлге ұшты.
- Неге өйтті екен о кісі?
- Өші бар, ойбай, оның елде кегі бар. Сонау дүрбелең жылдары əкесі
Ешмұханбет əжіні қытайға қашып бара жатқан жерінде Жолмырзаның
балшебек баласы Мүбəрəк қуып жетіп, оққа ұшырмады ма? Жаманқұлдың
бер жағы белсенді болғанмен, ар жағында дұшпандығы жатқан пəле еді. Е,
сонан соң бізден өш алған түрі əлгіндей.
- Шайыңды, ішсеңші,  деп шешесі баланың маңдайына қол созды.  Көшетің
өсетін бе?
- Өспей...  Айжарықтың орнына Сəлекең жауап беріп жатыр.  Амандық
болса ертең-ақ бұтақ жаяды. Алманың қызығын сонда көресіңдер. Көк
базарға салса  қыруар теңге. Өзіне белесебет, маған екі-үш шиша насыбай
сатып алмаса, қанеки,  деп мұртынан күлді.  Əй, қара тəмпіш... Пой-пой,
мына шашың қайратты-ақ екен, ойбой, сен батыр боласың түбі.
Суға киіп жүрген етігін тырп-тырп басып, Бошқай келді.
- Ағаңның қолына су құй, Айжарық,  деді шешесі.
Сары шал Бошқай берген темекінің түтінін будақтатып отыр.
- Ақсақал, жаңалық айтыңыз.
- Қазит оқымасақ, радионың батареясы таусылып шаң басып жатса,
Бошқайжан, не жаңалық сұрайсың бізден. Апталапке деген шақырсаң
келмейді... Қауқары жоқ екен мына попыразыңның.
- Ақшаңыз жетеді, əкесін танытып бір-ақ алмайсыз ба насыбайды.
- Шырағым-ау, көгеріп кетпей ме?
- Əй, қайдам... Қойшы біткен Шығайбайдан өткен шық бермес. Байып
кетеміз деп қорықпайсыңдар ма?
- Сен өйтіп кісіні жазғырма.  Шалдың сақалы шошаң етті. Байып кеткенің
не?!
Шімірігер Бошқай ма, дастарқанды кеудесімен басып алып, ұзақ
малжаңдады. Барып-барып бас көтерді.
- Ақсақал, бұл үйде ішкен-жегеннің бəрі мойынға жазылады.
- Солай деші.
- Солай. Ай сайын кемінде қырық-елу сом ұстап қалады бізден.
- Онда бедімісіңді əкел, он кесе шай іштім деп қол қойып берейін.  Сары
шалдың көзі Бошқайды тесіп барады.  Сенің əкең Ерсуан кешегі қанды
қырғында қауым елді түйенің шұбатымен асыраған, жарықтық.
- Сорлы əкем артына қотыр тай мұра қалдырмай өтті, пəниден.
- Əкеңнің мұрасы адамшылығы еді.
- Адамшылық  ас емес қой, қария.
- Тфу, пəлекет, мына көк шыбын қайдан жүр?  Сары шал селкілдеп кетті. 
Қайдан пайда болады осындайлар,  деп жүк үстіне қонып отырған көк
шыбынды қамшымен салып қалып еді, тигізе алмады.  Ой, малғұн-ай!..
Бала Сəлімбай атасынан жерге кірердей ұялды. «Өкпелеп кететін болдыау,
енді қайтып мұнда аяқ баспайды ғой»,  деп іші қыз-қыз қайнады.
Ішіне ел қонған соң Бошқай лезде жадырап, ескі мондалинді қолға алды.
Құйқылжытыптартып отыр. Ірі саусақтары лыпылдап сондай шапшаң
қозғалады. Қозғалған сайын мың құбылған əсем саз бірде əуелеп, бірде
бипыл қағып құбылады. Биязы əуез көмейден төгілген кəусар күлкідей
сыңқылдап, тұла бойына шым-шым енген сайын баланың қиялы шарқ
ұрады. Ол өзі əлі жете білмейтін əдемілікті əсемдікті аңсар еді. Сөйлер сөзге
дейін кісіні қуандыра, күлдіре алатындай болса деп тілейтін жаны. Əн
салып тұрғандай əсерде қалдыратын адамдардың көп болғанын, ылғи да
солармен бірге жүруді көксейді.
Бошқай ірі саусақтары сым ішектің асты-үстіне түсіп бір орнынан-ақ сан
түрлі ырғақтарды жосылтып отыр. Осындай шебер бола тұра неге қатты,
неге дөрекі?
Сары шал да ойға түсіп кеткен бе, көзін əуеге тігіп, үнсіз қалған. Бошқай
мондалинді жүкке сүйей салды.
- Əлгі əкеңнің аузын... Əбсадық бригадир серікке бір адам əкеліп берем
дегелі екі апта өтті. Көзіме көрінсе ит терісін басына қаптармын шошқаның,
 деп аяқ асты бұлқан-талқан болды.  Ақсақал сіз анау жылы құдай жоқ
деушілердің бастығы болыпсыз, осы рас па?
Аяқ асты қойылған сұраққа Сəлекең мүдіріп барып жауап берді.
- Рас.
- Демек, құдайға сенбейсіз ғой?
- Əй, шырағым, адам, əйтеуір, бірдеңеге сену керек.
- Атап айтқанда.
- Ешкімді мойындамай, еш нəрсеге сенбей қалай күнелтесіңдер?
Бошқай қарқылдап күліп еді, екі иығы селкілдеп қоя берді.
- Күнелту жағын өзімізге қоя беріңіз,  деп оң жағында шошайып отырған
балаға иек қақты.  Көрдің бе, шалдар дым білмеген болады қазір.
Сəлекеңнің мұрты едірейіп шыға келді.
- Əй, сенің анадағың қай былшыл,  деді шыдамсыздана қозғалақтап 
көрсетші, қане, көрсетеріңді.  Ойбай, енді ұрсасыз ба?
- Ерсуаннан бүйтіп тумай қалсаң етті... Он сөйлеп, кісі болғанның орнына
қисаясың келіп... Мынау қарғадай балаға сол ма өнегең! О, ақымақ.
Осылай деді де, белбеуіне жармасты.
- Дінсіздіктен оңған адамды көргенім жоқ əзір.
- Қызықсыз,  Бошқайдың да көзі аларып отыр,  құран ұстап, құдай жолына
түсеміз бе түгел?
- Міне,  қамшысының сабымен жігітті нұсқады,  адамшылықты айтсақ
айдалаға кетеді. Е, мейлің,  деп сыртқа шығуға ыңғайланды.  Мейлің.
Қиястығың  маңдайыңның соры.
Ат дүбірі ұзаған соң Бошқай ал кеп күлді:
- Берекесін алдым ба бəлемнің.
Əйел дастарқан жинауға кірісті.
- Күн ұзын жарбаңдап жаңағы жаман шалдың жанынан шықпайсың,  деді
Бошқай балаға.  Өлген əкесінің жұртта қалған сағатын берген екен деп
соның аузына қарағанша, септігіңді тигізбейсің бе өзімізге.
- Мұның қолынан не келеді,  деді əйел.
- Елдің осындай баласы нан тауып жеп жүр.
- Жөні түзу əңгімеге зар болдық қой.  шешесінің қамыққан даусы баланың
көңілін босатты. Біздің де қуанатын, күлетін күніміз бола ма?
- Жə, енді,  Бошқай жұмсарып қалды.  Пісіп-қатсын дегеннің несі жаман?
Алыстан поезд даусы талып-талып жетеді. Бала далаға шықты. Екі
қарашығы мидай жазық дала төсінде. Бүрленіп өскен жусан үстінде сағым
кілкиді: дəл қазір дала төсі аппақ жалынмен лапылдап жатқандай.
Жайшылыққа алуан түрлі дыбыспен қоңыраулатып, ұшып жүретін
торғайлар да зым-зия, күллі дүние тып-тыныш, теп-тегіс. Тек жүрек
тұсындағы сағаттың сыртылы ғана ыстықтың мүлгіген тыныштығына
қосылмай үздіксіз соғып тұр...
Шатыр ішіндегі өгей əке мен өз анасының күңгір-күңгірдауыстары естіледі.
- Мен  оның анасымын. Балалы əйел екенімді басында айтқам.
- Сонда нағыл дейсің маған?
- Ұлымды түртпектеме. Қандай азабыңа да көнейін, тек соған тие көрмеші.
Жалғыз өтінішім... Қажет десең жалынайын.
Бала отыра қалып, шөп жұлды. Екі иығы бүлкілдеп, көз аясынан ыпыстық
ірі тамшылар омырауына домалап жатты...
*
*
*
Əбсадық бригадирдің Бошқайға серіктікке алып келген адамы  Саламат
балаға Ə дегенде-ақ ұнады. Жүзі жып-жылы, көздері үнемі сəуле шашып
тұратын жап-жас жігіт. Көп сөйлемейді, реніші де, қуанышы да
қасқабағында. Қолы қалт етсе, қалың қоңыр дəптерін тізесіне қойып алып
жазады да отырады. Қазір де əлденені сыдырта жазып өзімен-өзі.
- Жазып отырсыз ба, аға?  дейді бала жанына тізесін бүгіп.
Саламат жымиды.
- Сонда не туралы жазасыз?
Жігіт тіс жарған жоқ; сонау алысқа телміріп кірпік қақпай қатып қалған; ақ
сағым ба, көк аспанның жиегінде жаймен қалқыған шүйкедей бұлт па...
ықыласын аударған нысана белгісіз.
«Бəлкім, Саламат аға ақын шығар?.. Əй, соның қисыны келмейтін сияқты
бірақ. Көзілдірікті мұғалім айтпақшы, ақындар астанада жүреді ғой. Аяғына
резина етік киіп, су суарып жүрсе, оның несі ақын? Жо... жоқ, кітап жазатын
адамдардың бітімі басқа».
Саламат келгелі Айжарық қуаныш құшағында. Оның өзіне деген жаз
күніндей жайма шуақ жылы қабағы жан-дүниесін жадыратып, шуақты
сезімге бөледі. Еркіне қойсаң емін-еркін еркелер еді. Жүрек түкпірінде
қатқат болып жатқан көрім сырларын ақтарса қазір. Жақсы көретіндерін,
жек көретіндерін жіпке тізіп өткізсе ғой көз алдынан. «Мені ешкім
тыңдамайды, мені тыңдаса, мені мақұлдаса бəрін қойып алма ағаштар егіп,
оның ортасына бір орнында өздігінен айналып тұратын үйлер салар едік.
Сол үйдің төбесінде Сəлімбай атам берген сағатты іліп қояр едім. Бірақ мені
ешкім тыңдамайды».
- Мынауың керемет қой,  деді Саламат мұның алақанындағы қалта сағатын
көріп.  Өзіңдікі ме?
- Фурмановтікі. Сəлімбай атам сыйлаған.  Жігіт елең етті. Сосын сағатты
айналдыра қарап, қақпағындағы жазуды оқыды да:
- Бұл  ғажайып ескерткіш,  деп қабағын керді.  Білесің бе, сен кімнің сағатын
тағып жүргеніңді? Фурманов  большевик, үлкен адам. Чапаевтың
комиссары болған.
- Шын айтасыз ба, аға?  Айжарық əрі таң қалып, əрі қуанып орнынан атып
тұрды.
- Бұл  өте бағалы дүние, бұл əкелердің көзі,  деді Саламат. Сəлімбай атаң
осынау аманатты саған берген екен, Айжарық, сен бақыттысың. Енді мұны
көзіңнің қарашығындай сақта.
Төменде тыр-тыретіп, шаң будақтатқан мотоцикл келеді.
Шатырдан Бошқайдың басы қылтиды. Шабаланған ала күшікті қағып кете
жаздап барып тоқтаған мотоциклден кеудесі итаяқтай дəу қара ырсиып
күліп түсіп, Бошқайды бас салды.
- Тірісің бе, əйтеуір?  екі жігіт құшақтасып тұр.
- Мына қалпыңмен бел омыртқамды үзерсің,  деп Бошқай əзер босанды.
Дəу қара қарқ-қарқ күліп, енді баланың шешесіне:
- Құрдас, амансың ба?
Қонақтың қомақты сөмкесі тоқ. Ала келген базарлығы мол. Газға шай
қойылды. Анау жайпап сөйлеп отыр.
- Жаңа аудан құрылғалы бір-бір портфельге ие болып қалдық қой. Ыңғайлы
қызметке қолымыз жетпей аңдысын аңдып қалып едік, құдай бар екен,
Бошқай.
Бала дəу қараны енді таныды. Өткен қыста келген. Мұның əкесімен екеуі аң
атамыз деп он күн жоғалып кеткені бар.
- Балақайларың сол баяғы шынашақтай қалпы, батыр-ау, ішкен-жегенің
қайда?  дəу қара сылқ-сылқ күлді. Сосын Саламатты меңзеп:  мына жігітті
танымадық,  деді: Батыр, мен Қақа деген ағаңмын.
Саламат үндеген жоқ.
Шай үстінде үлкендер стакан қағыстырды.
- Демалыстамысың?  деді Бошқай қонағына.
- Зорға алдым. Бастығымыз сен кетсең күніміз не болады деп... Əдейі
сөйтеді. Тура демалатын кезінде қаның мен теріңді сығып алуға əуес ел.
Бошқай мырс етті.
- Асыра сілтейтінің не?
- Қоя тұр. Қоя тұрып, өз жайыңды айтшы, сушы болғанбысың?
- Реті солай болды.
- Бір ойың бар ғой, шамасы.
- Күнелтпейміз бе?
- Қайдам, қайдам...  Қақа столды шертіп-шертіп қояды. Анша-мұнша ауыр
іске аяғыңды баса қоймаушы ең.
- Менде бөгде ой жоқ.
- Болмағаны жақсы.  Қонақ арақ құюға ыңғайланған Бошқайды тоқтатып
тастады.  Қоя қой оны. Сен маған мынаны айтшы. Əуелі аңды қай жерден
қаққан ыңғайлы?
- Өзің де білесің ғой. Итбаспақ бар, Үйтас бар, оны азсынсаң Ителгіні
жағала.
Бала бей-жай. Саламат «Жұлдыз» журналын алып, жүкке сүйенді.
- Портфель ұстайсың. Соған сай етіп демалысыңды курортта өткізбейсің
бе?  деді Бошқай.  қу далада тентіреп не бар?
- Мынада ес жоқ екен ғой.  Қақа жарқылдап күліп əйелдің тізесінен түртіп
қойды.  Сен мына Бошқайды курортқа жіберер ме едің?
Əйел иығын қомдады.
- Көрдің бе,  деп енді Бошқайға бұрылды.  Күйеуін жібере салатын бұлар
жынды емес.
- Жібермесе ертіп ал.
- Шынымды білгің келсе,  Деді ол.  Алтын уақытымды ахахаумен қор еткім
келмейді.
- Дем алғанның несі жаман?  Саламат сөз қыстырды.
- Жыл бойы тепеңдеп тапқан бес-он тиынды су жағасына барып шашатын
ақымақты тапқаның-ай, батыр.
- Адам өз еңбегінің рақатын көру керек.
- Ол андағы журналдың сөзі. Өзіміз оқымаймыз. Оқысаң күлкіміз келеді, 
деді Қақа мырсылдап.  Өмірдің, батыр, өз тілі бар.
- Қызық екен.
- Қызықтың көкесі күреп тапқан табыста. Табысы бардың билігі бар.
«Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» деген мақалды естіп пе ең?
- Сіз сонда қай заманда өмір сүріп отырсыз?
- Заманыңды қой. Мен нақты жағдайдың құлымын.
- Өкінішті екен.
- Өкінгенде қолыңнан не келеді.
Сөзге Бошқай килікті:
- Не болса соған кеңірдектеріңді кетпеңнің сабындай созып, анадамынада
не шаруамыз бар? Тірі жүргеннен артық рақатты өзім білмеймін,  деп
шөлмекке жармасты.
Саламат пен бала сыртқа шықты. Екеуі де үнсіз. Айжарық үлкендердің
жаңағы əңгімесін толық түсіне қоймаса да, бұлардың бір-біріне мүлде
ұқсамайтынын аңғарды. Адамдардың кескін-келбеттері əр түрлі болатыны
сияқты, ойлары да қилы-қилы. Қалайша, сөйтіп,жаратылады? Бұған салса
адамның бəрі бірдей жақсы болсын. Адамның барлығы тең, жақсы болуы
үшін не істеу керек? Соны білетін кім бар екен?
Қалтасынан сағатын алып қарап жатыр. Сəлімбай шалға сенсе, сағат тілі
айналған сайын бұл өсе түседі. Бірақ өн-бойына қараса, қанша күндер өтті,
өзгерген түгі жоқ, сол баяғы қалпы. Əйтеуір, тезірек өскенге құмар. Жігіт
болып алсыншы əуелі. Бұл сонда дүниенің төрт бұрышын түгел айналып
шығар еді. Жер бетінде қанша адам бар, солардың барлығына айтар қат-қат
өкпесі, өтініші көкірегінде сайрап тұр. Оған дейін бəріне көну керек пе
сонда? Қуануға, күлуге, ойнауға болады, бірақ жылауға қалай үйренерсің?
Өмірдің сүттен ақ, судан тазалығын көксе деп қояды бəрі. Өмір ғажап деседі
жəне. Өмір деген немене өзі? Аспан ба, жер ме? Сауалын жігітке қойды.
Анау мұның жүзіне бір түрлі ойлана қараған.
- Ол тіршілік қой,  деді сосын.  Тіршіліктің бойына бəріміз сыйып кетеміз.
- Таудың, даланың, аспанның, судың бəр-бəрінің ғажап екенін білемін, аға.
Біз ше? Біздің бəріміз ғажаппыз ба?
Жігіт тосылып қалды.
Саламат Айжарықты баурына тартып алып, күрсініп қоя берді. Тəңірім-ау,
мынау не дейді? Кеше біздер əкелерімізді, ағаларымызды мақтан тұтып,
соларға ұқсап өсуді армандамадық па; жер жүзінің тауын тас-талқан етіп,
шолақ қолы, ақсақ аяғымен өмірді өрге сүйрегенін өлеңге қосып
жаттамадық па? Солардан қалған өнеге қайда?
Жігіттің көкірегі удай ашыды. Зеңгір көк те, құба дала да бұған кілəлай,
күдіктене қарайтұғын пішінде. Асқар таулар тəкаппарланып: «Өз биігінде
адалдар ғана тұра алады, көрдің бе, төбем көкке екі елі тимейді, тіршілік
барда осымнан айнымаймын, ал сендер ойланыңдар».  дейтін секілді.
Шатырдағылардың сəл қарлығыңқы, шаршап-шалдыққан дауыстары мұнда
да жетіп жатыр.
- Өткенді қазбалап қайтесің. Беті-басына күйе жағып, Қостөбеден есек
арбамен түсіп келе жатқан Бозайдың өлмелі шешесін жардан құлатып
жіберіп, күміс білезігін тартып əкеткеніңді, оны Қаскелеңнің базарына
апарып салғаныңды ешкімге айтқанымыз жоқ қой əлі,  дейді Қақа.  Енді
келіп жинақы бола қалыпсың. Сырыңды бүккенмен сырқатың маған аян.
- Одан бері талай қар жауып, еріді. Біз түгілі тұлпарлардың да ізі өшті.
- Бəрін ұмыттым, кетпенге ғана жалынып отырған жайым бар деші.
- Сенің көкейіңді тескен құрт не?
- Кең, ашық сырласайық. Іздегенім мəміле.
- Айта бер.
- Біріміз далада, біріміз қалада дегендей, арманның екі ұшында екеуміз
тұрсақ, тұрмыс түзеледі.
- Оған кім қарсы.
- Көз алдыңда қыруар дүние жүр.
- Өкіметтің бидайын сат деп отырған жоқсың ба осы?
- Əне, мен жөн айтсам, бұл баяғы батпағын шиырлайды. Құрдас, сен
бірдеңе деші.
- Мен ер-азаматтың ісіне араласпаймын.  Əйелдің басыңқы даусы əзер
естілді.
- Сенің орныңда болсам таудың аң-құсын қырып апарып станциядағы
асханаға өткізіп отырар едім,  деді Бошқай.
- Қабылдай ма?
- Есектің етін өткізсең де бəрібір оларға.
- Сенің əкең Жаманқұл біздің ауылдың архивін өртеп жіберген екен.
- Е, оны нағып есіңе алып отырсың?
- Білмеймін... Есіме түсіп кетті.
Саламат баланың ояу жатқанын байқады.
- Аға,  деді сыбырлап.  Жаманқұл белсенді кісі болған, бірақ жаман адам
екен. Қақа соның баласы ғой...
- Мен бұларды білмеймін. «Кеңес» колхозына кейін келіп қосылғанбыз.
- Архивті өртепті.
- Кім?
- Жаманқұл.
Саламат басын шайқады.
- Оның бəрін қайдан білесің?
- Сəлімбай атам айтып берген.
Алыстан үздік-создық поезд даусы естілді.
*
*
*
Түстен кейін сушылар егіске, Қақа мотоциклін қойқаңдатып тауға бет алды.
Бала мен ана оңаша. Арқан бойы биікте бозторғай шырылдап тұр. Соған көз
тігіп Айжарық талайға дейін үнсіз отырды.
- Апа.
- О, не, күнім?
- Түнде түсімде теңізді көрдім. Көкпеңбек. Шетінде шомылып жүрсем,
толқын өзіне қарай тартып барады, тартып барады. Көзілдірікті кісі келіп
білегімнен тартып шығарып алды. Біздің мұғалім ағайдан айнымайды.
- Жасың ұзақ болады.
Əйелдің алдында кесте, қолы-қолына жұқпайды.
- Батып кеткенде өліп қалатын ба едім?
- Қой, жаман ырым бастама өйтіп.
- Шынымен солай болсашы, апа?
Əйелдің саусақтары дірілдеп, ине-жібі сусып жерге түсті.
- Құлыным-ау, о не дегенің?
Ана мен баланың құшағы айқасты. Бозторғай сол биігінде шыр-шыр етеді.
- Жалғызым...
- Бошқай жаман адам, апатай.
- Олай демеші, анаңды ая балам.
- Өзіміздің бұрынғы үйге кетіп қалайық та. Мен парктың қасындағы үлкен
мектепте оқыр едім. Жанында балмұздақ сатылатын ылғи да. Гриша атай
екеуміз алып жейтінбіз.
Əйелдің жүзін мұң торлады. Көзі ұзара түскен көлеңкені қуалайды.
- Гриша атайдың алма ағашы көп болатын. Менің көшетімді апарсақ қуанып
қалады. Неге жылап отырсың, апа?
- Жылағам жоқ.
- Мен өсейін. Сонан соң сен бақытты боласың.
- Əрине, күнім, əрине...
- Бір орнында айналып тұратын үй салам да, өзіңді төріне отырғызып
қоямын.
- Ақылыңнан айналайын.
Əйел баланы бауырына басып қатып қалды: «Жетімегім...»
Бозторғай биігінен түспей, не ұшып кетпей безектейді. Əйелдің көзінде 
жас, көңілінде  өткен күннің елесі.
Сол жігіт... Бүкіл ауданға аты шыққан өнерпаз, жай оғындай жарқылдап
көзіне оттай басылды ғой. Есі кеткенше сүйді. Албырт сезімге үйірсек
бойжеткен нартəуекелдің жетегінде екі көзін шарт жұмып қыз дəуренмен
жалғыз сəтте-ақ қош айтысты. Арты лайсаң ақ жауын сіркіреп тұрып
басылды. Басыла сала басталды азап-шер. Аяғы ауырлап қалыпты.
Қаперінде дəнеме жоқ жігіт, мұңайған қызға қол бұлғап əскери борышын
өтеуге аттанды. Өз бойындағы өзгеріс жайлы жалғыз ауыз сөз айтуға
жарамай қыз қалды. Күндер өткен сайын денесі толысып, жүзін аналық
теңбіл торлады. Кіріп кетуге жердің тесігін таппаған сорлыны əкесі бір
түнде көршілес ауданға жөнелтті. «Жақсы ит өлігін көрсетпейді. Істеген
айыбыңды мойныңмен көтер. Сөйт қызым».
Айжарық осылай келген дүниеге. Бала беске толғанша бұлар Гриша
қарттың үйінде пəтерде тұрды. Донбастық шалдың шапағаты əсте
ұмытылмас. Жер үстінде қайырымды адамдар қандай көп десеңші.
Маңдайын тасқа соққан, өмірге қапалы келіншекті орыс шалы туған
қызынан кем көрмеді. Пəтер ақыны айтасың, кей күндері азық-түлік алып
келсе, қарт шамданатын. Айтатыны айлығыңды ұлың екеуіңе жұмса, ішім-
жем жетеді бізде. Кешкілік темір пештің түбіне жайғасып алып, Гриша атай
əңгіме соғатын. Соғыста семьясының Қазақстанға келіп, қарапайым қазақ
жұмысшысының қолында үш жыл тұрғанын, сол қиыншылық кездің
өзіндегі адамдардың өлшеусіз қайырымын, бауырмалдығын, бірлігін
тамсана шертер еді. Жеңістен соң қарт осында біржола қалып қойыпты,
қиындықта қол ұшын берген жұртты қимаған.
Қарт келіншекті сүйген жігітінің алдына баруға, шындықты айтуға талай
үгіттеді. Бұл бірақ батпады. Аяғына қан түскендей кібіртіктей берді. Сөйтіп,
аудандық қауіпсіздендіру мекеменің бірінде істеп жүрген келіншек,
ауылауылға командировкаға шыққан сапарларының бірінде осы Бошқайға
тап болды...
- Сен осы Гриша атайды ұмытқан жоқсың ба?  деп сұрады əйел баласынан
ой шалғайын жиып алған соң.
- Қалай ұмытам. Ұмытуға бола ма?  Айжарық апасының сауалына таңырқап
тұр.
- Онда кішкентай едің дегенім ғой.
- Қазір де кішкентаймын,  деп күрсінді Айжарық.
- Жоқ.  Анасы баласының қос білегінен ұстай алып сілкіп-сілкіп қойды.
- Көрдің бе бойыңды, тіпті өсіп барасың өзің. Келесі көктемде шалбарың
шолтиып қалады.
Бала қабағын кіржитті.
- Апа, Қақа тағы келе ме?
- Керуен неге ұрмайды, о немені.  Əйел жерге бір түкіріп, баласына қайта
қол созды.  Нағашы атаңа жіберсем бе екен, əлде.
- Жалғыз өзің қалай жүресің. Мен жоқта Бошқай өлтіріп қояр. Əйелдің
кеудесі қарс айрылды.
*
*
*
Айжарық үлкендерге қолғабыс жасап кешелі бері егінжей басында.
Жайқалған астықтың бір басында су жетелеген Саламат, келесі шетінде
бала мен өгей əке. Көлкіген суға жүгірем деп Айжарық титықтап-ақ қалды.
Өгей əкенің қимылы тіпті сылбыр, белін ұстап кетпеніне əлсін-əлсін сүйене
берді.
- Ас ішкенде бізден қалыспайсың,  деп қажап қояды мұны.  Қимылда,
балақай.
Сілелері қатқанда барып дем алысты.
- Осы сен мені неге ұнатпайсың?  дейді Бошқай.
Бала үндемеді.
- Өзіңді, оған қоса шешеңді асырап отырған адамды жек көру күнə.
Күнəлі адамды құдай тас төбесінен қос қолдап ұрып жіберді.
- Құдай жоқ қой.
- Мəссаған. Саған оны кім айтып жүр?
- Өзім білем.
- Ал жақсылықты неге білмейсің?
Бала үндемеді.
- Жə, келіп белімді уқалашы.
Екеуінің əңгімесі жараса қоймайды. Əркім өз ойымен. Бошқайдың іші қызқыз қайнайды. «Бұл заманның баласын да алдай алмайсың. Əсіресе, мынау
пəле. Түбі осыдан көрерсің қорлықты. Балалы əйелге ұрынып... бетінің
əріне қызығып, езіп ішетін бе едім. Əйелді қойшы, мына бала өртеп бітті
өзегімді. Күн өткен сайын ішім-жемі, киген киімінің жүгі ауырлай береді
енді. Сонда белімнен шойырылып су кешкен тірлігімді əлдебіреудің
баласына қор етем, ə. Қазір осының əкесінің балағы жер сызып үлкен
қаланың ресторанында жағасы жайлау болып отырмасына кім кепіл. Сонда
əділдік қайда?
Бұл ер жетпей жатыр, жеткен күні екі аяғыңды бір етікке тығып, салады
ылыңды. Оған шек келтірме. Бөтеннің аты  бөтен. Қайдағы-жайдағыны
есіне түсіріп əуелі сүйегіңді ұнтақтап, асықпай елгезерден өткізеді. Мынау
ұның, анау ұрпағың. Бұлар сондай. Сол қолымен амандасса, оң қолының
жұдырығы дайын. Тұмсығыңды қан жалатқан күні бармағыңды шайнадың
не, шайнамадың не».
Бошқай шылым тұтатты. Өмірге риза емес. Əкесі Ерсуанның өлгені кеше.
«Мисыз шал артымда ұрпағым бар ғой, қажетіне жарар деп тым құрыса
аздыкөпті малдың басын құрап та кетпепті. Бекер өмір сүрген сорлы.
Иірсудың аш өзек жақыбайына далақтап шұбат тасығанда, барыңды
көрінгенге ала жүгіпгенде, ұшпаққа шыққаның қайсы. Жайдақ белде жер
томпайтып жаттың да қалдың ақыры. Басына тас қоялық деп жүрген елді
көрсем көзім шықсын. Əнеки, өз пайдаңды білмегенің үшін алған жазаң.
Сенің жолыңмен балаң екі дүниеде жүре қоймас.
Иə, тəтті арман жақсы-ақ. Бірақ ол əлі құр қиял ғана. Ойлағаныңа резина
етік киіп, су суарып жете алмайсың. Тісіңе нанның жұмсағы керек. Тым
құрығанда есепшілікке қолы қолы жетсе ар жағынан даңғырап жол шығары
сөзсіз. Анау теңдес Күлтай кемпірдің Жақиясын қарашы.
Баяғыда бала біткен соны əжуалайтын, киімін жыртатын, аузына сия
құятын. Сол Жақиямен қазір сөйлесіп көр. Аңыратып ақ «Волгамен» өте
шыққанда шаңына көмілесің. Қолында қойманың кілті. Алақаны ақ май.
Бүгін жұрт Жақияны жағалайды. Құдай-ау, соның жеті кластық білімі
болсашы... Əне бір жылдары есебін тауып кеңсеге жетті. Тоқташы... Осы
Бошқай Ерсунов неге портфель ұстамайды. Егін ғой, міне, аса бітік. Осыдан
танбаса көл-көсір береке. Кеңсе жағалаудың күні туып-ақ тұр. Анау қой
баққаннан басқа дым білмейтін Шегебай екі жыл қатарынан жүз отыздан
қозы алып еді, бригадир болып шыға келді. Бошқайдың одан қай жері кем?..
Колхоз мүшесі ме? Енді кім? Əлеуметтік тегі кедей шаруа ғой? Əрине.
Білімі ше? Көктеректе бір жылдық курсты бітірдің. Еңбектегі көрсеткіші
қандай? Екі жоспар... Демек, өсу керек. Сөз жоқ өсу керек».
Даусының қалай шығып кеткенін байқамай қалған Бошқай, аузы ашылып
өзіне таңдана қарап отырған баланы жекеден түйіп жіберді.
 Əй, қане, кетпенді қолыңа алып, ана тұстың суы тегіс
жайылғанжайылмағанын көр барып, деді. Жəудіреп отырсың ғой, тегі.
Ауыр кетпенді сүйретіп тыпың-тыпың кетіп бара жатқан балаға соңынан
қарап қыбы қанды. Осы бастан қатал ұстағаны абзал. Өсуге, толысуға
еркіндік бермей құрту лəзім. Қарға бойлы, əлжуаз, жалтақ болғаны кейін
бұғанпайда. Өлгенше əмірін жүргізіп өтеді. Өсірген өзі. Бұған қызмет етсе 
еңбегін ақтағаны.
«Өлсең де, тірілсең де қолыңды кеңсеге іліктір, Бошқай. Тірліктің рақатын
өңінде сонда көресің. Шарықтап көкке бір шығып алсаң, аяқ астындағының
бəрі екі санын сабалап тым-тырақай қашады. Шырт-шырт түкіріп, соны
қызықтап отырсаң, өмір деген, əнеки».
Төменде Саламаттың төбесі қылтияды. «Жұмысқа өлермен екен. Қалт етсе
тұқшиып жазып отырады. Мұндайларды түсініп болмайсың. Бəтуасыз
адамның қай-қайсысы болмасын жазы-сызуға құмар. Баршасы қайдағы бір
əділет, адалдық, заңға үйір келеді. Көздері жұмылғанша соны көксеп, ізіңді
аңдып, олай жүрме, жол анау десіп, қия бастырмай мысыңды құртады».
Кетпенін сүйретіп бала таяды.
- Осы сен, əкеңнің қайда екенін білесің бе?
Айжарық аяғының ұшымен жер сызды.
- Білмейсің. Япыр-ау, өскенде жұртқа не бетіңді айтасың?
Баланың тұла бойы күйіп-жанып барады.
Нанға тойып жүре бермей, əкеңді ізде.
- Қандай із... деймін?  Бала ебіл-себіл жылап жіберді.
- Сораңды тый. Жылаған адам көрсем жүрегім айниды,  деп Бошқай оң
бүйіріне былш түкірді.  көңілінің босын қарай гөр.
Беті-басын тер жуып Саламат келіп тұр екен.
- Мұныңыз қалай?
- Нені айтасың?
- Жаныңыз ашымай ма. Бала ғой əлі.
- Қатын алып, қатыныңның артынан бала ілесіп келсе көрер едім...
- Үлкендердің күнəсіне сəбилердің қандай қатысы бар?
- Жазу-сызудың тілін білмейміз, батыр.
- Адамгершілік ше?.. Адамгершіліктен қалай қол үзе аласыз?
- Оны сендерге бергенбіз. Ал қазір қарным ашып отыр,  деп Бошқай
ақсаңдап қосты бетке алды.
Саламат баланы əзер жұбатты.
- Бетіңді жу.
Еңсесін көтерген баланың көз алдында керілген сұлу əлем. Самалмен
тербелген егін жай, көгілдір аспанмен астасып кеткендей. Əлемдегі сұлулық
дəп осы жерден басталатын секілді. Бала жаны мөлдіреген жаратылыс
жарықтыққа сіңіп кетуді қалады. Оның еркіндігінің бəрі орындалатын
болса, дүниенің төрт бұрышына ақ гүлді алма ағаштар егіп, көгілдір аспанға
Күн мен Ай, сəулелі жұлдыздардан өзге еш нəрсе жолатпаған, қара
дақтарды түгел өшіріп, қатты дауыстарды бітеп тастаған болар еді.
- Бетіңді жу.
Аспаннан саулаған алтын сəуле топырақ бетіне сіңіп, өсімдіктің өн бойына
нəр беріп тұр. Сүйек-сүйегіңді балқытқан ыстық дем осы топырақ пен
өсімдіктен тарайтынға ұқсайды. Топырақ пен өсімдік... бала қара жерді
бауырына алып айқара құшып аймалағысы, сөйтіп жатып: «Əке-ау, сен
қайдасың, мені неге іздеп келмейсің»,  деп, «апа-ау, Бошқайдан неге қашып
кетпейміз, сенің маған жаның ашымай ма»,  деп ағыл-тегіл жылағысы,
тəңірі бар болса, сол тəңірге: «менің барлық тілегімді қабыл ете гөр»,  деп
жалбарынып жалынғысы келді.
- Бетіңді жу,  Саламат баланың маңдайынан сипап арқасынан қақты. Мезгіл
шаңқай түс еді. Ұш-қиыры жоқ кең жазира алып күнге арқасын беріп бейжай монтиып жатыр. Тыриған арық баланың қарғадай көлеңкесі, дір-дір
етіп жердің бетімен бірге келеді. Алыста боздаған поезд даусы...
*
*
*
Түс ауа Айжарық ала күшікті ертіп, көшетіне қарай тартты. Сидыйған
балғын бұтақ ақ сағымның үстінде бұраң қағады. Екі күннен бері едəір
биіктеп өсіп қалған сияқты. Айжарық оның түбіне əуелі су тасып құйды.
Кейін мұның үлкен ағаш болатыны сөзсіз. Көлеңкесі ше? Кішкене кезінде
Гриша атайдың ауласындағы алма бағында ойнайтын ылғи. Жұпары
аңқыған алма ағашы бұтақтарының қалың жапырағы арасынан сығалаған
күнді қызықтап мəз-мейрам болатын. Қар еріп, жер қыза бастағаннан-ақ
алма бағы гүлдей жөнеледі; аулаға дəл бір қаптап көбелек қонып
жатқандай... көзін ашып көрген сұлу əлем əлі жадында. Аңсары да, көксері
де ақ гүлдей əдемілік.
«Аман болсам  деп ойлайды бала,  ағаш өсірем мен. Жер бетінде ормантоғай
көбейеді, уылжып піскен жемістер көпір болып үйіліп жатады. Сонан соң
ұшы-қиыры жоқ алма бағының дəл ортасына бір орнында айналып тұратын
зəулім үй салар едім. Кнопканы бассаң бітті, үй қозғалып, қалаған
терезеңнен күн түсіріп аласың. Адамдардың алма бағы арасында, əлгіндей
керемет үйде тұрғаны, ұрыспай-таласпай шат-шадыман өмір сүргені рақат
қой. Гриша қарт əрдайым осылай дейтін. Ол баланы өздігінен жүре бастаған
күннен бері шыбық қадауға, соны аялауға үйретті. Ағаш еккен адамның
жасы ұзақ, жаны таза болады, сандаған жылдар бойы алғысқа бөленеді деп
сендірді. Оның айтуынша алғаш адамдар орманда күнелткен. Бір кезде соны
паналаған, тəңірісіне жалбарынып найзағаймен тұтатып алған оттарын
соның арқасында сөндірмеген. Бір сөзбен айтқанда ағашсыз тіршілік етуге
болмайды. Егер ну тоғай болмаса, жер бетінің хайуанатынан да тігерге тұяқ
қалмас еді. Өзінің құйқылжыған тілінен, сəні мен сəулетінен айрылған
тіршіліктің кімге керегі бар? Ағаш жердің ұрпағы. Адам да солай. Олардың
өсіп-өрбуінде ғажап ұқсастық бар. Екеуі де өнеді, өседі, соңында жеміс
береді».
Ағашты Айжарық ұзақ мəпеледі. Бүршіктерін алақанымен сипап мəресəре.
Менің көшетім... сен ну тоғайға айналасың. Мен өскенше, бұл жер сонау
шойын жолға дейін алма бағына айналады.
Ала күшік шабалана үрді. Баяғы сары шал  Сəлімбай атасы.
- Ата, салаумаликум.
- Е, бар бол, балам. Қалай, амансыңдар ма? Ойпыр-ай, əлгі келін-баладан
хабар жоқ мүлде. Арық-тұрақ дегенің қып-қызыл пəле екен, шетінен
құрттап жатыр.  Сосын аспанға қарап:  Мына күн жауа ма, қайтеді?  деді.
Аспанда аздаған ала бұлт бар.
- Насыбай жағы қинап тұр, балам. Қырық жыл жолдас болған пəле қанға
сіңіп алыпты. Анау жылдары соғыс деген сөзді естігенде күйікпен атып
жібермедік пе?.. Тым құрығанда махорка болсашы-ау. Қылша қосып түйіп
жіберсең, ернің жібір еді... Соғыста насыбайды кімнен аласың, махорка
тартып ек.
- Соғыста батыр болдыңыз ба, ата?
Шырағым-ау, бұ қай сөзің? Менің жеті атам түгел батыр,  атынан түсті де,
шапшанының шалғайын желпіп жіберіп, жантая кетті.
Сарыбала атам құдай көрсетпесін, найзасымен атан түйені көтеріп алады
екен, одан бергіде Жұмабай атамыз бен Алағай анамыз көрген болды,
Молықбай көкем жер жанатын іздеп Іле-топарды шарлады, өз əкем Игібай
ақ патшаға қарсы шықты, кеңес үкіметі орнағанда «Құландыдағы» ескі
диірменде тығылып жатқан Нұрғиса бəндіні ұстап итжеккенге айдатты.
Пұрымынов деген үлкен кісіден, Рысқұлдың Тұрарынан алған
сыйлықтарын өзің есіттің; білесің... Əкем жарықтық қаталтұғын. Жас кезім
ғой. Тақымымда жүйрік ат, қызық қайда  Сəлімбай сонда. Құтырмай
қайтеміз... бір күні əкем жатып кеп сабасын. Ер азамат елім деп еңіреп
жүрсе, бұл қай тырқыл деп ұрады. Ата-бабаңның атына кір келтірдің-ау деп
сабайды, жарықтық. Содан былайғы жерде атаң жолға түсе берген. Жер
жыртық, тұқым септік, мал қайырдық, кешегі қырғында қан кешіп, екі
медаль ап келгенбіз. Əнеки... қарап отырсаң, батырлықтан ешкім құр алақан
емес-ау. Қай кеуананың да тірліктің басталған күнінен бергі жерде ұзын
сүре жолы жатыр. Е, соны бірден-бірге жеткізіп салып отыратын, жалғап
алып кететін адамның өзі.
Шалың көсілді. Ата-бабаның аманаты  ұрпақтың мұраты.
Бүгінде қауқиған, қауқарсыз шал екені тəңірге аян. Десе де келер күннің
бағы мен сорын, шүкір, пайымдай алады. Өмір деген мың өткел, қымқиғаш. Ерінің жарылып, табаның тілінгенде рас екен дейсің əлі. Мейлі, иісі
адам атаулы көк майсаға алаңсыз қашан аунап жатыпты? Сөйтеді екен деп
мұқалап қала алмайсың. Уақыт: топырақтың, тастың, темірдің тоз-тозын
шығарғанымен, адамның аяқ дыбысын өшіре алмайды, өзі іркілген жерден
ағыс жетелей жөнелетін ұрпағың,  дəтке қуатың. Енді солар білегін сыбанып
ұлы көшке қалай ермейді, ақ қайраңның тереңіне ия, батып, ия, шығып
салар-ау дауысты, шөкім топыраққа түскен гүл дəнегі бойламай көрсінші...
Адамның жер бетіне түскен ізін қадағалап қарап, жаққан отын өшірмей
үрлеп отыратын мəңгілік қасиеті қай зобалаңнан да құдіретті.
Баланың аузы ашылып таңдана қарайды шалға.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 06
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.