Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 10

Total number of words is 4090
Total number of unique words is 2350
33.0 of words are in the 2000 most common words
45.9 of words are in the 5000 most common words
53.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
өкпең өшіп, демің түгесіліп жыртылар жерді айнала жортып сен бара
жатасың. Ең бастысы – ара қашықтықты сақта. Ұзап кетсең – трактор ізден
шығады, шабандасаң – тіс-тіс темір доңғалақтың астында қаласың.
Қызылқайнардың жері ойлы-қырлы. Алқап үлкен. Жаңа аударып кеткен
топырақты жағалап жүгіре-жүгіре əуелі демалысың жиілейді: өкпең кеудеңе
сыймай аласұрып ауа жұтуға əзер үлгересің. Бірте-бірте аяғың да ауырлай
түседі. Шоқайыңа қорғасын құйып қойғандай зіл батпан жүкке айналады.
Жер-дүние кедір-бұдыр болып кеткен секілді, аяғың тиегн жердің бəрі
жайсыз, енді қазір сүрініп кетіп, доңғалақтың астында қалатын сияқтысың.
Өкпеңнің өшіп, сирағыңның сырқырағанына үрей қосылған соң берекең
мүлде қашады. Нағыз жанталас кезінде қолыңдағы шамды тастай салып,
қапталыңдағы қоп-қою қараңғылыққа сіңіп кеткің келеді. Бірақ бұл сəттік
қана əлсіздік. Сен үрейге емес, елдің ертеңгі ырыс-берекесіне жол көрсетіп
келе жатқаныңды білесің. Сол есіңе түскенде, тынысың кеңіп, бойың
жеңілдей түседі.
Айналаң ұзарған сайын бұрын беймəлім сезімдер алма-кезек алға шығып
отырар еді. Қазір құлаймын, қазір доңғалақтың астында қаламын деген
үрейден “сен ер-азаматсың, сен жұрттың таяныш-сүйенішісің” деген жан
жаңғырығы құтқарып əкетеді.
Өз айналымын аман-есен тракторды тоқтатпай жүгіріп өту – Көпжасар
үшін бақыт. Шамды Үйсінбайға ұстата салып қара барқыт топыраққа сұлай
кетеді. Со бойы барлығын ұмытып, ұйқтап кетуге бейім. Əттең, үйте
алмайды. Екі көзі тыр-тыр еткен трактордың алдында дедектеп бара жатқан
Үйсінбайда. Соның өз межесін жығылмай-сүрінбей айналып өткенін
тілейді.
Балалардың сілесі əбден қатты-ау дегенде, Əйтеке тоқтайды. Сұлап-сұлап
жатқан балаларға көз қиығын салып күрсінеді сосын.
- Діңкеледіңдер, тамтықтарың қалмады, - дейді ол. – Алдымда шам ұстап
жүгіріп бара жатып, аяқтарың енді-енді шалынысуға қалғанда, екі қолымды
төбеме қойып далаға безіп кеткім келеді. Шыдайық, бауырларым. Аз күнде
бір шетімізден күрекшілер келіп түседі, жабылған соң қоймаймыз.
Бір уақ Əйтеке сонау-сонау алыстарға қарап отырып армандар еді. Екі
балаға оны тыңдап отырудың өзі бір рақат. Өздері де сансыз қиялдарға
беріліп, ғажайып күй кешіп жатады. Көпжасардың ойы – тезірек өссе,
Əйтеке құсап бір тракторға мініп ап, егін өсетін жердің топырағын жалғыз
аударса… Жайқалған сары масақты аралап жүрген, қызыл маржан дəнді
сапырып тұрған қандай. Одан оқыса… Жанбота бастық мектеп ашамыз, ұлқызымыз оқиды демеді ме?
Əйтеке айтатын армандардың бірі… Амандық болса, Қаракөздің күншығыс
жағындағы Балатөбенің тура үстіне қоржын там салады. Үйдің биікте, көзге
түсіп тұрғаны жақсы. Келген-келген адамға жұрт: “Е, ол Əйтекенің –
Қаракөздегі тұңғыш трəктіршінің үйі ғой”, - деседі. Сол үйге томпаңдап
кіріп-шығып жүрген, əрине, Əйтекенің балалары. Өседі, өсісімен олар əкесі
құсап бас-басына трактор айдайды. Іркіс-тіркіс жотаға қарай тырнадай
тізіліп бара жатқан тракторларға қарап тұрғандар: “Е, бұлар Əйтекенің
балалары ғой” деп жатады.
Үйсінбайда сұрақ көп.
- Көрешкіліде банды бар, іштерінде Сағынбайдың баласы Берді жүр дегенді
сіз естідіңіз бе?
- Сондай бір қауесет бар, айтыла салған сөз болуы да мүмкін. Банды түгел
құрығанда, бұлар қайдан пайда болды? Сірə, сол айтыла салған сөз шығар.
- Бердіні сіз білесіз бе, аға?
- Е, білмей, екеуміз жастымыз. Кəмпескеленіп, жер ауып бара
жатқандарында: “Əлі оралам, əлі бəріңнің қаныңды ішемін”, - деп, төменгі
ауылға дейін кеудесін тырналағанын көзіміз көрді. Өзі де көкбет, ұр да жық
еді. Баяғыда Қызылқайнардың жеріне Ақмади дегеннің қозы-лағы түсіп
кетіп, оны Берді көріп қойып, ат бауырына алып сабап, құдай көрсетпесін,
əлгі шалдың бір көзі ағып түсіп, жаны əзер қалған. Қызылқайнарды адам
түгілі жүгірген аңнан қызғанатын.
- Сол Қызылқайнар енді біздікі ғой.
- Əрине, біздікі. Қой жаямыз ба, жоқ, егін егеміз бе, ешкімнің шаруасы жоқ.
Берді түгілі əкесі келсін, пысқырмаймыз.
Қолдарына шам алып түнде трактордың алдына жарық түсіріп отыруға
келесі кезектері келгенше, Көпжасар мен Үйсінбай шалдарға тұқым себісіп
жүрді. Олар үлкендерге таң қалады. Таңның атысы, күннің батысына дейін
пора-порасы шыққан жұрттың қабағында кейістік байқалмайтын. Діңкелеп
жүріп-ақ жыр тыңдайды, əзілдеседі, шаруаның ертеңгі қамын күйттейді,
армандарын айтысады. “Еңбегіміз ақталса, көрген қиындық, тартқан
азабымыз бір күнгідей болмайды, ертең осының барлығы ертегіге
айналады”, - деседі.
Осы мəміледен соң Көпжасардың делебесі қозады, шаршағанын ұмытып,
еңсесін тіктей түседі. Бойына күш-қуат құйылып жатқандай, тынысы
кеңиді, жүрегі кеудесіне сыймай аласұрады. Адамдар мен жер-көк ең жақын
туысына, бауырына айналады, соларға деген іңкəр сезімі көкірегіне əн
болып құйылады. Домбыраны Қойшыман емес, мына дүниенің өзі тартып
тұрғандай… Көкте құс сайрап, жерде құрақтар судырайды. Шапқан аттың
дүбірі бұлақ сыбдырына ұласады. Əр жерден төбе көрсеткен адамдар легі…
Күнге шағылысқан күректер… Үлпілдеген қара бұйра топырақ… Уыс-уыс
қызыл дəн… Əрқайсысының өз үні, өз дыбысы бар, бəрі қосылып
тіршіліктің жырын айтып, күмбір қағады.
**
*
Трактордың алдына шам ұстау кезектері келген Көпжасар мен Үйсінбайды
Əйтеке баяғысынша қуана қарсы алды.
- Осы екеуің шаршамайсыңдар, - деді ол. – Мықтысыңдар. Кəне, бастаймыз
ба? Оу, көздерің қызарып, демалмағансыңдар ма, немене?
- Қызбалтай апама диірмен тартыстық… Ұйқтадық кішкене, - деді
Үйсінбай.
Жұмыс қызып жатқан. Түннің жарымы ауған кез. Əйтеке мен балалар дем
алып, жұмсақ топырақтың үстінде қылжиып-қылжиып жатыр еді… Жер
дүниені көшірген ат дүбірінен бəрі елең етісті.
- Жайлаубай біргəді ме, əлде Жанбота бастық па? – деді Əйтеке.
Жоқ, мыналар бір топ, жеті-сегіз қаралы. Шоқытқан бойлары келіп бұларды
қоршап тұра қалды. Айнала төңірек қап-қара. Көпжасар да, Үйсінбай да
үрпиісіп Əйтекеге қарады. “Бұлар кім?”
- Ал, сəлем бердік, - деді еңгезердей қаба сақал. – Жоқ, əлде танымай
тұрмысың?
- Таныдым, Берді, неге танымайын, - деді Əйтеке орнынан тұрып.
- Қайдан білейік?! – Анау мырс-мырс күлді. – Құдайды да танымай кеткен
жоқсыңдар ма сендер?!
Бердінің атын естіген соң, балалардың маңдайларынан мұздай тер шыққан.
- Менің жерімді кəпірдің шайтан темірімен жыртып жатырсың, бұл қалай,
Əйтеке? – деді Берді. – Мұсылмандық қайда?
- Жер елдікі.
Елдікі?!. Ел деген сенбісің, жоқ ана екі боқмұрын ба? – Бердінің сөзіне
аттылар қарқ-қарқ күлді. – Мейлі, ел-ақ бола қойыңдар, бірақ қай
аталарыңнан жер қалып еді?.. Үндемейсің, ə? Дымың өшті ме?
- Жер біздікі, - деді Əйтеке. – Оны бізге Кеңес өкіметі берген.
- Қайда енді, сол өкіметің? Шақыр, кəне!.. – бандылар тағы қарқ-қарқ
күлісті. – Бердіден аман алып қала көр деп айғайлашы.
Берді өзі бас болып төртеуі аттарынан қарғып жерге түсті. Сол бойлары
Əйтекені бас салды.
- Құлақ кесті құлымды тізерлетіңдер алдыма, - деді Берді. – Атабабамның
қасиетті жеріне түрен салған сұмырайдың əуселесін көрейін.
Бандылар Əйтекенің аласұрғанына қараған жоқ, екі қолын қайырып ұстап,
белден теуіп, шөктіріп тастады. Иықтап басып, тырп еткізбей тұр.
- Қарақшы! – деді Əйтеке. – Түн жамылған қарақшы! Еркек болсаң
құдайдың жарық күнінде, күндіз келмейсің бе?!
Берді қамшысын үйірді. Сегіз өрім дырау қақ маңдайдан тиіп, Əйтекенің
құйқасын тіліп жіберді, қан бетін жуып, басы сылқ төмен түсті, бірақ есін
тез жинады. Оның көзі əуелі Көпжасар мен Үйсінбайда іздеп тауып еді.
Неге екенін қайдам, күлімсіреді. “Бұл деген сөз емес. Бас жарылса бөрік
ішінде, жара жазылар, тек шыдау керек” дейтін тəрізді.
- Ата-бабамның қасиетті жеріне түрен салған кəпір, - Берді Əйтекеге төніп
тұр, - иттігің үшін қожаңнан кешірім сұра, жалын, кəне!
- Жер біздікі!
Дырау қамшы тағы осып өтті. Əйтеке есін тағы тез жинады. Көзі балаларда,
сол баяғы жымиыс: “Төземіз біз, төзбейтін дəнеңе жоқ, бауырлар”.
- Аяғыма бас ұр, доңыз.
- Жер біздікі!
- Шалқасынан жығып, аузын керіңдер оңбағанның, - деді Берді.
Аналардың қолдары қолдарына жұғатын емес. Берді топырақты уыстап
алып Əйтекенің аузына көмейлете тығып жіберіп, қамшының сабымен
аямай піскіледі.
- Же, жұт! – деп ақырып-бақырып жүр. – Сендерге жер керек қой, ал,
жалма!
Əйтеке тыпырлап, қырылдап, жанталасып жатыр.
- Тұншықтырыңдар, тұншықса жұтады, - деді Берді. – Жесін иттің баласы,
маған жегені керек.
Денесі қимылсыз қалғанда барып, бандылар Əйтекенің басын көтеріп,
сілкілей бастады. Бұл жолы тракторшы есін зорға жинады. Қос қарашығы
сол баяғысынша балаларда: “Мойымаңдар. Тəйірі, азап дегенің сөз бе ер
жігітке. Жанымызды алғанымен, жерді ала алмайды, шыдайық”.
Көпжасар мен Үйсінбайдың қорыққандарынан үндері шықпай, көздерінен
аққан жасқа жүздері көміліп, бордай тозып тұр.
- Жалын, кешірім сұра, аяғыма бас ұр! – Берді Əйтекенің кеңірдегіне қанжар
тақады, - Əйтпесе, орып жіберемін.
- Қинамай ал жанымды, ит!
- Жо…оқ, мен əуелі үрейіңнің ұшқанын көргім келеді жер жыртқыш неме.
Бəрі бітті, Берділер құрдымға батты, дүниенің қожасы енді өзіміз деп
жүрсің ғой, ə?! Жоқ, біз бармыз, біз бола береміз, біз сендердің
үрімбұтақтарыңның үрім-бұтақтарына дейін өкшелеп қалмаймыз, қалай
екен, бəлем! Аспанды көрдің бе, жұлдызды ше? Нарқызылдың тауына көз
салшы, саған қарап тұрған. Енді сен оларды қайтып көрмейсің… Қалай?..
Өлгің келмей тұр ма? Жарық дүниені қимайсың ғой… Қорқасың өлімнен,
қорқасың.
Берді Əйтекені бас-көзге қарамай тепкілей жөнелді. Əйтекенің бетіне етігі
былш-былш тиген сайын:
- Сенің іздегенің осы ғой, жалаңаяқ, осы!.. Мə, ендеше, мə!..
Бердінің тепкі əлеуден шаршағаны соншалық, демін зорға алып:
- Алып жүріңдер, - деді, - кəпірлердің шайтан темірін де алып жүріңдер.
Сұлқ жатқан денені бандылар сүйрей жөнелді. Апарды да артқы дөңгелекке
таңып тастады.
- Басын көтеріңдер! – деп бұйырды Берді.
Көпжасар мен Үйсінбайдың төбе шаштары тік тұрды. Тракторшының бет-
жүзі илектеп тастаған балшық секілді.
Берді шам ұстап тұр.
- Бұл иттің балғасы бар шығар, тауып беріңдер, - деді.
Бойы быртиған біреуі трактордың қобдиынан басы жұдырықтай балғаны
алып берді.
Əйтеке ыңырсып кірпігі қимылдай бастады, ақырын көзін ашты.
Көлкілдеген ісіктен жанары жылтырап əзер көрінеді. Қос қарашық
балаларды іздеді. Тапты: “Сыр бермеңдер, бауырларым, дұшпанның
алдындағы босаңдық – ел мұратын сатқандық, сыр бермеңдер…” - Қалай? –
деді Берді. – Жеріңді жыртамысың енді?
Əйтекенің даусы əлсіреп, əзер естілді.
- Жер біз…дікі!
- Мə, саған жер! – Берді Əйтекенің оң қолының қарын ала балғамен аямай
ұрды. Сүйектің күрт етіп сынып кеткенін бəрі естіді. Оң қол шынтақтан
төмен салақтады да қалды.
Əйтекенің көзі Көпжасар мен Үйсінбайда: “Шыдаймын. Бəріне төземін.
Ар-намыс бəрінен қымбат…”
- Жерімді жыртамысың енді? – Берді қалш-қалш етеді.
- Жер біз…дікі!
- Мə, саған жер! – Анау балғамен сол қолдың қарынан ұрды. Сүйек күрт
сынды. – Енді неңмен жыртасың?!
Əйтекенің көзі балаларда: “Сөз емес, намыс үшін адам бұдан өткен
сойқанға да төзген, сөз емес”.
- Берді, асығайық, белсенділер түнде жүреді деген… асығайық, - деді ат
ұстап тұрған біреуі тықыршып.
Бандылар шелекке трактордан жанармай ағызып алды. Олардың не істегелі
тұрғанын түсінген Үйсінбай шыңғырып жіберді.
- Ағатайлар, оларың не?! Ағатайлар…
Өшір ананың үнін тақылдатпай!
Тапалтақ банды Үйсінбайды желкеден мылтықтың дүмімен бір ұрып
қалпақтай ұшырды. Біреуі Көпжасарды атпен қағып түсірді. Берді екеуін
шықпырта сабап алды да:
- Қара тобырға айта барыңдар, мен қайта ораламын, Қызылқайнардың
топырағын басқандар болса, мына иттің жолын құшады, міне, былай, - деп
шелек толы жанармайды Əйтекенің үстіне шашып жіберіп шырпы жақты.
От лау етті. – Бəрін өстіп отқа өртейміз.
- Мыналардың да көзін құртып кетпейміз бе? – деді біреуі.
- Қара тобырға Бердінің тірі екенін, Бердінің оларды қақтап жейтінін айта
баратын ауыз керек.
Ат дүбірі ұзады. Айдалада қара түннің қақ ортасында лаулаған отты айнала
жүгірген екі бала ғана қалды…
*
*
*
Сол күзде Қызылқайнарда егін бітік өсті. Арба-арба қызыл дəн керуені
Қаракөздің қамбасына қарай күндіз-түні ағылып жатқан. Жұрттың
қуанышын қойыңыз. Шаттанған елдің арасында жалғыз ғана Əйтеке жоқ.
Қаракөз жұртының жоғалтып алған асылының бірі еді ол.
ІІІ
Ол ерте тұрды. Шідер салып қойған шабдар бие ұзамапты. Анадай жерде
беткейдің шөбін күрт-күрт үзіп, алаңсыз жайылып тұр. Иесін көрген соң
оқыранып бас көтерді. Шөлдегенін білдіргені. Көпжасар дүңгірден бір
шелек су құйып алып биенің алдына қойды. Өзі бір кесек нанмен жүрек
жалғап, күрегіне қол созды.
Топырақ қабаты тастай қатты сүйменнен өзге батпайды. Біраз уақыт
аяғыңның астына түйгіштеп, босатып аласың. Бір уақ қопсыған топырақты
күрекпен сыртқа лақтырасың. Қарап тұрсаң жұмысың өніп жатпаған
сияқты. Қол қимылын бақылаушы – көз. Со шіркін: “Мынауың мандитын
емес, бағанадан бергі жанталасыңнан дəнеңе шығатын көрінбейді, осы
əрекетіңді қойсаңшы. Қаракөздің баяғыда суалып қалған суында шаруаң
қанша, одан да атқа мін, арбаңды айда, таза ауа жұтып қыдыр, қалған
өміріңде жан бақ, байғұс”, - дейтін сияқты. “Қол батыр, көз қорқақ” деген
осы ғой. Япыр-ау, адамның бойында дай-дай сезімдер қайдан келіп
жиналған. Бірі – отқа, бірі – суға сүйрейді. Сеніміңнің қапталында күмəн,
қуаныштың төңірегінде қайғы төбе көрсетіп, бүкіл болмысыңды мазақ
ететіндей, ғажабы – адамды мұратына жеткізетін де, су иіріміне шым
батырып əкететін де өз əрекеті. Өз əрекетің – ең сенімді досың, əрі қауіпті
жауың. Қайсысына іш тартасың, бүйрегің қай қылығына бұрады – гəп
сонда.
Қыза-қыза Көпжасардың қимылы ширады. Талайдан бері шықпаған тер
шүмектеп, бойы жеңілдеген сайын буын-буынына күш құйылып жатқандай.
Əу бастан осы. Əу бастан адамның ең мықты медеуі – қаракет. Өмір –
тағдырдың қаракет жасауға берген сыйы. Білген жанға тірлігінде басы
артық уақыт жоқ. Баяғыда Əлімхан сушы не деп еді. Қыртыс-қыртыс
маңдайындағы баданадай-баданадай тамшы терді көрсетіп: “Бүгін
кетпенімді əлі бір сілтеген жоқпын, бірақ қара терге түсіп отырғанымды
көремісің. Сірə, бұл қызталақ дүние бетін бұрған-ау менен” – дегені кəне…
Өмір – қимылдың іркіліссіздігі. Илеуінің айналасын торлап жол салған
құмырсқаның тіршілігіне көз салшы. Зыр қағып сапырылысқан жəндіктің
ілгері-кейінді қозғалысындағы құштарлық қандай. Жолына көлденең қурай
таста, су құй – бəрібір əлгі күре тамырдың лыпылындай қимылды тоқтата
алмайсың. Мұның да тірлігі – сол құмырсқа тірлік. Сүйменді гүрс-гүрс
ұрған сайын бүкіл жердің тұла бойы ентіккендей əсер етті. Тəні сол ентіккен
үнді жазбай сезінді. “Жер адам жанымен тыныстайды”, - деп ойлады
Көпжасар. Қимылын үдете түсті… Тынысы кеңи берсін жарықтықтың,
бойы жеңілейсін, біздің өлермен қаракетіміздің өзі сенің демалысыңды
жақсартып, жаныңды жадыратуға бағышталған. Тыныста, жарықтық.
Қазған жер белуардан келді. табан асты баяғысынша қатты. Ара-тұра
бірыңғай кесек тастар кездеседі. Абырой болғанда тұтасып қатып қалған
емес, бөлек-бөлек, жігін тауып сүймен сұқсаң, аунап түседі. Тек мынау
темір сүймен ауырлап барады. Алақаны тершіп, саусақтары күйіп-жанып
бара жатқан соң брезент қолқапты шешіп тастап еді, амалсыз қайта киді.
Əбден шаршап, сүлдері құрыған Көпжасар Сарыағаштың көлеңкесіне келіп
жан шақырды. Шалқасынан жатыр, көзі Сарыағаштың құшақ жетпейтін
діңінде. Жарықтықтың барып-барып бұтақ жаятын діңі ғұмыр бойы
бейнеттен арқасы босамаған көнбіс, көнтерлі адамның жүзі іспетті;
білеубілеу əжімдер бір-бірімен біте қайнасып, жарыса өрлеген; өн бойында
қымқиғаш сызықтар, ара-тұра терең тірліктер көрінеді. Өз ғұмырында нені
бастан кешпеді дейсің, жаратылыстың санап санына жетпейтін аяусыз
алаптарына қайыспай төтеп беріп, оның келесі соққыларына дайын тұрған
алып бұл. Тіршілікке терең тамырынан басталатын құштарлық күнге қарай
бойлап, бүкіл əлемге қажымас-талмас жігердің, жанкешті ғұмыр кешудің
үлгісін көрсетіп беріп тұр емес пе? Тамырын тереңге, ұшын көкке,
бұтақтарын жанжаққа қарата өсудің өзінде қаншама мəн жатыр. Жер
бетінен бірінің өкшесін бірі басып өтіп жатқан адам, шіркін, Сарыағаштың
саясына сəл аялдар ма еді. Демін басып тұрып ой індетсе-ау?!
Көпжасар сонау биіктегі өлі бұталардан бері қараған жердегі жапырақты
бұтақтарға көз салды. Оның көк жасыл жапырақтары қурап кетуге мойын
ұсынбай, төбесіндегі өлі дүниеге қарсылық жасап тұрған іспетті; күн
көзінен саулап түскен сəулелер соның бетінде бал-бұл жанып аунайды.
Сарыағаштың өсіп тұруын тоқтатпай тұрғаны тамырының тереңдігінде,
күннің сөнбейтіндігі оған ешкімнің қолы жетпейтін биіктігінде. Тереңдік
пен биіктіктің бірлесуі, қатар салтанат құруы – тіршіліктегі мəңгіліктің
болмысын меңзегені.
- Сен адамдарға өкпелімісің, Сарыағаш?
- Оны қайтесің, біз, ағаштар, жақсылыққа, жамандыққа жанкешті
тіршілікпен жауап береміз, - дер еді егер Сарыағашқа тіл бітсе.
- Бұл – ұлылық қой, жарықтық.
Жоқ, Көпжасар, ол – парыз.
- Бұтақтарың қурай бастаса да, торғайлар қоныс теуіпті.
- Құлай алмауымның бір себебі де сол. тіршіліктің ондаған ұясын көтеріп
тұрмын.
- Ғажапсың!
- Жарайды. Қайтесің. Одан да мынаны айтшы. Неге түнімен ұйқтамадың?
- Баяғы бір кез есіме түсті. Жанбота, Қойшыман, Əйтекелермен жүздестім.
- Не айтты олар?
- Не айтсын, өзің мен Қаракөздің жырын айтты. Əйтекені айтты. Бір асылды
жоғалтып алып едік қой, сонда.
- Жоғалтқандарың жалғыз Əйтке ме еді? Ыспанбайдың Төлеші қайда?
Жанбота қайда?
- Төлеш деймісің? Жанбота ма сұрағаның?
- Жə, Көпжасар, сен демал, осын əңгімелесеміз, - дер еді егер Сарыағашқы
тіл бітсе.
Көпжсар орнынан тұрды. Таңдайы əбден құрғап, екі шекесі солқылдап
əкетіп барады. Ыстық шай ішпей, жан шақыра қоймас. Арбасын жегіп Асан
сайына бет алды. Онда қошқар бағып Маймақ деген жігіт отыр. Кезінде
андамында тиіп-қашып жүріп бірер жыл жекешенің сиырын бақты. Айдың
соңында айғайын салып тиесілі ақыны жинайды, біреуімен ұрысады,
біреуімен айтысады. Малының еті ояз көрінгендердің: “Алғаның арам
болсын”, - деп жатады. Білдей бір азаматтың сол тірлігі. Көпжасардың
көңіліне қонбай-ақ қойған. Еркек деген айналайын еркектің ісін қылуы
керек қой. Мұның пайымдауынша, еркектің орны – аптап пен ақпанның бел
ортасы. Қазақтар ер-азаматты қайрат-күшіңді сығып алатын қайнаған
қаракеттің арасынан іздейді.
Бір жолы жотадан түсіп келе жатып сиырларды шиге қаптатып жіберіп, өзі
тырайып ұйқтап жатқан Маймақтың үстінен түскені бар. Ал кеп ұрыс, ал
кеп сөйле, сөйтсе анау аузы-басы қисаймай: “Аға, мұныңыз қалай?” – деп,
жатып кеп өкпелесін. Енді соның екі жылдан бері қошқар бағып жүрген
сыңайы бар.
*
*
*
Қонақты əуелі қойшының иттері қарсы алды. Есіктің алдында бес-алты
жасар бала тұр.
- Ей, палуан, үйде кім бар?
Іле-шала сыртқа Маймақтың өзі де шықты. Екі беті шартабақтай қыпқызыл.
Денесі шамадан тыс толысып кетіпті. “Отызға жетпей мынау, одан кейін
көрген күні не болар екен”, деп ойлаған Көпжасар, екі қолын есіп,
арсалаңдап əзер жүріп келе жатқан жігітке таңырқай қарады.
- Ал, ағасы, салаумалейкум. Бұл қалай, арбамен?
- Е, батыр-ай, пенсиядағы адамбыз, шалға арба да жетпей ме?
- Ə, - деп Маймақ мұрнын бір тартып қойды. – Кəне, үйге кіріңіз, аға,
үйге…
- Биені доғаралық та, əуелі.
- Ол Ермектен-ақ артылмайды.
- Бас-аяғы қол басындай-ақ екен, шамасы жете ме?
- Ойбай, оның қолынан келмейтіні жоқ.
Көпжасар шөлдеп қалыпты, сүт қатқан күрең шайды ұзақ ішті.
- Үй салдық, - деді Маймақ, үйдің іргесіне қарай шырт түкіріп. – Оңай емес
екен, əйтеуір, Ережеп бас-көз болып, ағашты да, кірпішті де тауып беріп…
Ережеп болмаса қай теміржолшы маған шпал береді. Ол енді маған машина
ал деп отыр.
Ақшаң болса, несі бар.
- Енді біраз жинасақ жетіп қалады. Қолда барды жұмсап қоямыз ба деп,
Ережепке беріп қойғанбыз.
- Екі сөзіңнің бірі Ережеп болды, батыр, ол кімің сонда?
- Жекжат қой, аға. Оның үстіне ауданда отыр. Қызметі анау. Осы күні бір
сүйеуің болмаса, қиын екен. Көктемде бастыққа барып: “Қошқар бағып,
елден жырақ жүрер жайым жоқ, біз де жайлау көрейік, жұрт көрейік, маған
қой беріңіз”, - десем, жатып кер бақты. Ережептің құлағына дың еткізуім
мұң екен, тіл тапса керек; бастығымыздың сөзі түзеліп қалыпты. Енді күзде
саулық алғалы отырмыз. Ал, өзіңізге жол болсын!
- Қаракөздің суын шығарғалы жатырмын, - деп Көпжасар маңдайын сүртіп
күліп қойды.
- А?.. Не дейсіз? – Маймақ жаңылыс естідім бе дегендей Көпжасардың
бетіне жалтақ-жалтақ қарайды.
- Рас айтам.
- Ойбай, аға, оның керегі не сізге? Сай басыңызға сақина тілеп, қартайғанда
жер қазып…
- Жер жетімсіреп қалды, батыр. Ана жұмыс, мына жұмыстың артында
жұртқа айқайшы болып жүріп, атамыз ат суарып, анамыз су алған Қаракөзді
естен шығарып алыппыз. Əлімхан марқұмның алма бағы азып-тозып,
ақыры жабайыға айналды, баяғыда қос-қос мая тұратын. Қашаған сазында
мал тойынар шөп жоқ. Күш-қуатымның бар кезінде Қаракөздің суын қайта
ағызсам деген ниет менікі.
- Біз сіздерге ақыл айтпаймыз ғой, бірақ соншама əурешіліктің қажеті
қанша? Алма бақ дейсіз… Жеміс керек болса аудан əнеки тұр, барсаңыз
алма, алшаңыз ат көпір. Ақша болса қап-қабымен ала бер. Шөп десеңіз
Қаракөзден былайғы жердің жусаны мен жуасы əлі мың жылға жетеді. Тіпті
жұрт соны жинап үлгере алмай жатыр ғой. Шабылған шөптің талайы
көлденең көк аттылардың машинасында кетіп, талайы қар астында қалады.
- Гəп онда емес, Маймақ. Гəп – барлық жердің көгеріп өніп-өсіп
тұрғандығында. Ал сонан соң Қаракөздің жөні бөлек. Сонау отызыншы
жылдардың құрғақшылығында жұрт соның суымен төменгі сағаға егін
салып аман қалған, оған қоса төрт құбыладан тамақ іздеп келген жұрттың
жанын сақтаған.
Ол заман болса өтті, Ережеп айтып отырса қазір өкіметтің қоры жетеді,
қырық жыл құрғақшылық болса да қарнымыз ашпайды, дүние Қаракөздің
суына қарап тұрған жоқ қой, аға.
- Батыр-ау, бүгін Қаракөздің суы тартылсын, ертең мына Асан сайы,
бүрсігүні Берікқараның… Шетінен шөбі қурап, топырағы желге ұшып
жатса, күніміз не болады?
Екі жақ та сөзді əрі созбады. Аздан кейін Маймақ:
- Мына қошқар дегеніңіз былайынша рақат-ақ – табысы да жаман емес.
Əрқайсысының жүні бес-алты килограмға дейін тартады. Жаманы – жалғыз
үйсің.
- Бірақ мал семіз болады, - деді бала мұрнын тартып.
- Міне, - деді Маймақ күліп, - бұлар білмейтін бəле жердің астында, ал сіз
балалардың күні не болады дейсіз.
Маймақ көмбе нанның арасын ашып майға толтырды да көмейлете асады.
Соншалық ынтамен құшырлана шайнап, тамсана жұтып отыр.
Жантоқшылық қандай жақсы. Ішкені артында, ішпегені алдында дегендей
бұл ұрпақ та тағдырына разы.
- Қашан келдіңіз?
- Кеше кешкісін, - деп Көпжасар шайға қанғанын білдіріп, кесесін төңкерді.
- Кешкісін болғанда қалай? Түнде сонда қонып шықтыңыз ба?
- Туған жерде, Қаракөздің басында таза ауа жұтып жатайын дедім.
- Ой, аға, - Маймақ қолын жайды. – Үй тұрғанда… Жоқ, бұл болмайды,
қызықсыз өзіңіз де.
Əйел сыртқа шығып іргені түрді. Жанға жайлы салқын самал жаймен есіп
тұр. Шайға қанған Көпжасар басын жастыққа сүйеді. Алақаны дуылдап,
денесі дел-сал болып отыр. Екі-үш сағат көз іліп алса артық болмас еді. тек
мынау мүлгіген тыныштық көңілін алаңдатып, бір түрлі мазасын алатын
секілді. Ғұмыры шаруа жайын айтып, бірде қуанып, бірде қамыққан, тіпті
қызыл кеңірдек болып айтысқан əріптестерінің даусын аңсап жатыр.
Демалысқа шыққалы осы бір өлі тыныштықтан құтыла алмай-ақ қойды.
Япыр-ау, сергу, серпіліс жоқ, жайбарақат тірлікте адам қалай тұрады? Көз
қиығы Маймақта, аузынан суы ағып ұйқтап кеткенге ұқсайды. Алаңғасар
ма, немене. Бəрінен бұрын Ережеп сөйтті, Ережеп бүйтті, Ережеп айттысы
несі? Егер Ережеп жер өрте десе, егер Ережеп кісі өлтір десе, мынау соның
дұрысбұрыстығын ойлап жатпастан орындай сала ма? Ережептің айтқаны
бұған бұлжымайтын заң болғаны ғой. Бұл үшін Ережеп тəңірге пара-пар
екен де, тіпті маңдай терімен тапқан еңбекақысын жинақ кассасына сенбей,
Ережепке беріп қойған.
Ережепті Көпжасар жақсы біледі. Үлкен-кішіге бірдей қолын ала жүгіретін,
арақ ішпейтін, шылым шекпейтін ысқаяқ жігіт. Кісіге жұғымды, қай ортаға
болмасын сыналап кіріп кетеді. Дауласпайды, бəрін мақұлдап, қолдап,
қошеметтеп отырады. Бірақ өз есебіне жүйрік.
Əттеген-ай, дəл осындайларды пысық, еті тірі десіп мақтасады. Дүниеге
бəрінен осы мықтыны қошеметтеп өзгеге ақыл айтқыш пысықайлардың
қауіптірек екенін көбі білмейтін сияқты. Білсе, оны алшаң бастырып,
тымағын алшысынан кидіріп қояр ма еді. Ертең Ережептің бұдан да
жоғарырақ орынға отыра салатынына күмəнданба. “Бетегеден биік,
жусаннан аласа” болса, бітіп жатыр. Сөйтіп біз кейде үлкен өнегесі
жоқтардың иманды, ұяттылардан арқан бойы биік тұруларына,
білімсіздердің білімділерге билік айтуына өзіміз жағдай жасап береміз.
Япыр-ау… Ережептер баршаның көшбасшысына, ақылшысына айналса,
адамзаттың көрген күні не болмақ? Көзі ілініп кеткен екен, күбір-күбір
дауыстан оянды. Үйде өзі жалғыз. Маймақ пен əйел үйдің көлеңкесінде.
- Айлық алуға барғанда Ережептікіне соға келемін ғой, қойын сатамын деп
еді, - деді Маймақ. - Түгел сата ма?
- Жартысы қалады.
- Сиырларын ал десеңші. Алты ай қыс соның сиырларына шөп салып,
суарумен өтеді күніміз.
- Өтсе, қант-шайыңа дейін Ережеп əкеліп беріп жүрген жоқ па?
- Əкелсе, өз ақшам.
- Түк ойламайсың, - деді Маймақ əйеліне.
- Өзің ойласайшы. Сонша малды біз болмасақ, кім бағып береді оған, кімге
сыйғызады? Мен сол Ережебіңе көп сене бермеймін. Малы үшін
пайдаланып жүр бізді.
- Ой, сен де болмайтын сөзді айтып… Балалар қайда кетті? Қоңыр кепені
əкелсінші, мына кісінің батасын алайық, ұят-тағы.
Көпжасар далаға шыққанда, күннің ыстығы басылмапты. Шайға тағы
қанып алды да, қоңыр кепені көлденең тартып алдын ораған Маймақтың
отбасы, ошақ қасына ықылас білдіріп, денесін көтертпей тұрғанына
қарамастан арбасын жекті.
Қаракөздің басына жетіп, арбасын доғарып тастағаннан кейін біраз
қимылдаған болды. Ə дегендегі қатты қимыл сүйек-сүйегін ұрып тастаса
керек, сəл қозғалса өн бойы зыр қақсап икемге келсе кəне. Ақыры бір
Сарыағашқа қарай аяңдады. Көкейінде бағанағы бір сауал. Япыр-ау, Төлеш
пен Жанбота…
Ағаш көлеңкесі аумақты. Өртенген жаныңа мынадан артық сая бола ма. Ол
жоқ болса күн көзінің өткір ыстығынан қайда қашып құтыласың… Ал енді
тағдырың бидайықша қуырғанда ше? Онда саған керегі кімнің саясы?
Паналататын кім?
- Шаршадың ба, Көпжасар? – дер еді Сарыағашқа тіл бітсе.
- Жоқ, денем үйренбей тұр, қара жұмысқа қарайып қалыппын.
- О бастағы шаруаң ғой, бастығасың əлі.
- Төлеш пен Жанботаны еске салып едің, Сарыағаш.
- Солар жайында əңгіме айт деймісің.
- Анау жылдар Жанбота салдырған мектептен сауат ашып, одан Қарабеттегі
ауылшаруашылығы техникумына кетіп, сол жақтан армияға алынып, одан
соғыс дегендей, елге жеңістен кейін бірақ оралмадым ба?
Иə, сен сол жылдардағы Төлеш, Жанботалардың азап-шерін естідім
демесең, көрген жоқсың. Оны мен айтып берейін саған жақсылап.
Сарыағашқа тіл бітсе, айтар еді əңгіме…
*
*
*
Бəленің басы Төлештің арбаға жегіп жүрген өгіздерінің жоңышқаға түсіп,
іштері кеуіп өлгенінен басталған. “Бұл əдейі, қысастықпен істелген шаруа”
деп Қыният жоқ жерден ши шығарды. “Ауданға білдірмей болмайды” деп
даурықты.
Ыспанбайдың Төлеші кім еді? Сонау жылдары Қаракөзде колхоз
ұйымдасып, мал ортаға түсіп жатқанда, Төлеш те осындағы жалғыз атын
беріп, “Жасасын, кеңесім” деп шыққан азаматтың бірі болатын. Өзі
қайнаған жұмыстың ортасында жүрді. Сол кезде ауылға бір ақикөз өкіл келе
қалды. Қит еткенді “контрлатып” қамшы ойнатуға əуес жан екен, талайды
зар қақсатып бақты.
Көктемнің кезі. Ер-азамат түгел жотада, шаруа басында. Ақикөз өкілдің
ауылды аралап өтіп бара жатып Əйтеке марқұмның жарбиған тамының
күншуағында байлаулы тұрған сиырға көзі түседі. Сол сол-ақ екен,
қолындағы сегіз өрім бұрауымен əлгі үйдің есігін сабалаған. “Тал түсте есік
сабалаған қай əдіре қалғыр”, - деп, өлмелі кемпір сыртқа шықса, өкіл. “Əй,
жын ұрып кеткен немемісің, не керек өзіңе?” – дейді ол ат үстіндегі
ақикөзге қолын көлегейлеп. “Шеш ана сиырды”. “Е, неге?” “Соқаға өгіз
жетпей тұрғанда, қарай гөр бұларды”, - деп, өкіл терісіне сыймайды.
“Контрасың, кемпір, давай, шеш сиырды”. “Əй, бұл қай сөзің?” “Сиыр
колхозға өтеді”. “Колхозға дейсің, сен сол колхоз үшін жалғыз ұлымның
бəнді қолынан өлгенін білесің бе?” “Көп сөзді қой да, сиырды шеш, - дейді
өкіл. - Əйтпесе əкеңді танытып жіберем” “Көзі ақиған əдіра қалғыр-ау, не
сандалап тұрсың? Сиырымды маған жұрт əдейі қалдырып отыр. Соқа бас
өлмелі адамға жасаған елдің кеңшілігіне қамшы сілтемей аулақ кет!”
Өкіл аттан қарғып түсіп, сиырдың бұйдасына жабысқан. Бұзаулағалы
тұрған сиырдан кемпір өліп айрыла ма, бірі ары, бірі бері, ал кеп тартыс.
Тіпті болмай бара жатқан соң өкіл кемпірді қағып тастап, сиырды жетелей
жөнеледі. Орнынан əзер тұрып, жүрмей тартыншақтаған сиырдың
бұйдасына қайта келіп жабысқан кемпірді өкіл бұл жолы өңменінен теуіп
жіберген.
Бұл хабар құлағына тиісімен, кешегі тай-құлындай тебісіп өскен Əйтеке
рухының қорланғанына қаны қарайған Төлеш жұмысты тастай салып,
ауданға кетіп бара жатқан жерінде өкілді қуып жетеді де, мойнына бұғалық
салып, атына сүйретіп жібереді.
Содан айыпталып кеткен жиырма бес жасар жігіт Қаракөзге он жылдан
кейін шашына ақ кіріп оралған. Оралғанда Қаракөздің суына бетін жуып
тұрып: “Қиянатқа қарсылық жасады демесең, ағайынға жаулығым жоқ еді,
сол адалдығым саған тірі жеткізген шығар, жұртыма қосылдым, енді
жұртымнан ажырата көрме, қасиетті бұлақ. Елден қалғанды ішсем де туған
жерде жүрейін”, - деп егілгенде, ауыл түгел жылаған.
Не деп тұрсың, - деді Жанбота Қыниятқа. – Төлешті қастандық жасады
деуге қалай аузың барады?
- Кезінде кісі қанын жүктеген, - дейді анау. – Одан бəрі шығады.
- Əй, сұмырай! – Жанботаның жалғыз қолы шошаңдап кетті. – Сен адамнан
туған шығарсың.
- Жаулық жағадан алып жатқанда бұ несі, - деп Қыният мүлəйімсіген болды.
- Сен аптықпа, - деді Жанбота Қыниятқа, - жөнін білейік əуелі, ауылда
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 11
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.