Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 25

Total number of words is 2443
Total number of unique words is 1526
39.9 of words are in the 2000 most common words
54.0 of words are in the 5000 most common words
59.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жер азады дегенге қалай сенесің”. “Сонда ол көл шынында да өзінен-өзі
пайда болған ба?” “Сөйткен”. “Шахтаның орнына дейсіз?..” “Солай деп
айтып жүрген алакөз. Алакөз айтса, Мұзбелдегі көл тұрғанда азудың ендігі
кезегі бізге, адамдарға келмек… Бізде бірте-бірте əлгі қара жусан мен
қызыл изеннің орнына шығып жатқан тұқымы мен түрі белгісіз өсімдік
іспетті тегін, тілін, дінін айырып болмайтын сұмдыққа айнала бастайтын
сияқтымыз. Ол иттің зар заманына сеніп жүрген ешкім жоқ, əрине. Бірақ
осы өткен күзден бері ойланып қалдым. Ойлағанда бəрі
Мылтықбайдың Кəртешбегінен шықты ғой,  деп шал əңгімесін əуелі
Мылтықбайдың өзінен бастап кетті. − Өзіңе аян, бір əке, бір анадан туған
үш ұл əр қилы болдық қой. Сенің əкең қой бақты, мен, əйтеуір, дүйім елді
иіріп əкетпесем де, белсендінің шекпенін кидім, Құлбай інім диірмен
жағаламады ма.
Өзің білесің, о байғұс ұлының басын құрауға үлгермей кетті. Оқу жағы
оңбай, көбіне тауда жүріп, тауда өскен бойы бұлғаң неме күндіз ұйқы, түнде
бос сенделіспен біраз жүріп алды. Марқұм шешесі екі күннің бірінде
“Мылтықбайды қайтесің?” деп келіп тұрады. Сондағысы  баланы отау ет
дегені. Ойбай, енді əкелсін де бір шүйке басты десем, шешесі “Төрежан-ау,
ол өз бетімен қатын ала алмайды” деп құдайдың зарын қылады. Қайтемін,
күшікті шақырттым. “Жүгермегім-ау, осылай қу тізеңді құшақтап жүре
беремісің, келін түсір” десем, “Əке, мен əйел алмаймын” дейді. “Оу, неге?”
“Ұяламын”… “О, бас теріңді”… деп жанын қоям ба, Қарақалпақтан қайтқан
төрт-бес түтін бар еді, соның бірінің қызына құда түсіп, алып бердім. Енді
үйінен шығара алсақ, қане. Соның түбіне жетсең көремін деп мен де
тымтырыс жаттым. Күздің төбесі көрінгенде өзі де сидаң неме, қурайдай
болып келіп тұр. Екі ұрты ішіне кіріп, екі көзі ары кетіп қалған. Əйелдің
борбайы тамақ болмайтынына көзі жетсе керек, “Əйе, жұмыс жағын
қайтеміз?” дейді. “Мені жұмыс үлестіріп жатыр деп пе ең” деп өзін біраз
жіліктеп алып, қайтемін, колхоздың кеңсесіне ертіп бардым. Бұл өзі
кеңестің іргесі əне-міне сөгілгелі тұрған, дүниенің астаң-кестеңі көп кез еді.
Жұрт түгел не болып, не қоятынын жөнді білмей, дүбараланып қалған.
Бастық бала орнында екен, шылауына жармаса кеттім. Ары отырып, бері
ойланып, ауыл маңынан, өзіміз жақтың жыра-жықпалынан лайықты дəнеңе
таппай, ақыр соңында əлгі Мұзбелге тоқтаған. Мұзбелде қанша жыл құдайау, уаенный тұрды ғой. Енді солар бір жола Мəскеуге көшкен. Көшкенде
пəдқоз дей ме, əйтеуір, əжептəуір қора-қопсысы болыпты. Соны колхоз су
тегінге сатып алып қалыпты. Бастық бала Мылтықбайды сол қора-қопсыға
қарауыл болып барсын деп шешті. Одан бері де он жылдан асты. Құдайға
шүкір, үш жаманы бар, енді оларының есімдері… тұңғышы Кəртешбек,
ортаншысы Порықбек, қызының аты Пестенкүл. Ит-ау, мыналарың ұл-қыз
ба, жоқ бір дорба оқ-дəрі ме десем, Мылтықбайым, “Əйе, келініңіздің аяғы
тағы ауыр, аман-есен ұл босанса, атын Жалғызоқ” қоямын деп жайраңжайраң етеді.”
Естияр мырс етті. “Күлкінің көкесіне енді келе жатырмыз, балам, – деді
Сəбдешбек шал – күлкі деймін ғой, қайдағы күлкі… Өткен күзде Кəртешбек
мектепке баратын болды. Қайтпек керек. Əке-шешесі ауылға көшіп келейін
десе, тірлік қалады. Тірлік дегенде колхоз тарап, тұрымтай тұсымен кеткен
тұста Мылтықбай қарап отырған қора-қопсыны аудан орталығындағы
дөйдің бірі бəленбай жылға əренделеп алған. Нəлөктің бастығы деді ме,
əйтеуір, малды неме екен. Мылтықбайдың алдына соның біразын əкеліп
салып, осыны жақсылап бақ, жақсылап бақсаң, ішер тамақ, киер киімнен
кем қылмаймын дейді. Сөзінде тұрды. Мылтықбайымыз көш алдына түсіп
кетпегенімен, одан қалып жатқан жоқ. Көже-қатығын ажыратар мал бітті, ай
сайын ақысын алады, киім бүтін, тамақ тоқ. Тек əлгі уаенный гəрөдектегі
сары ауыз тамырларымен ішіңкіреп қояды күшік… Осы бірді айтып, бірге
кеттім бе… Содан əлгі, Кəртешбек мектепке баратын болды. Баланы бізге
əкеліңдер, біздің үйде жатып оқысын дедік. Басқа амал, қайсы.”
Бұдан ары қарияның əңгімесі былай өрбіді: Мұзбелден ертеңгісін əкесі
алып келіп тастаған Кəртешбек шалдың бастауыш кластағы үймелі-сүймелі
немерелерімен түскі асқа мелдектеп тойып алған соң, байыз таба алмай, мал
қораға кіріп-шығуы көбейіп, бір түрлі мазалы күйге түседі. Мұнысы несі
екен деп шал осы көлеңкеде үй ішімен ыстық шайларын шайқап ішіп,
қарайды да отырады. Содан бір мезетте Кəртешбек қалт тұра қалды дейді.
Қалт тұра қалып, үстіңгі ернін шүйіріп, оң аяғымен жер тарпыған. Тарпыптарпып тұрып, бұлардың жанынан көктей өтіп, қарсыдағы қоңсыластың
ауласына қарай оқтан бетер атылады. Ей, ей, мынау қайтеді дегенше болмай,
қоңсының жоңышқалығындағы арқандаулы тұрған бұзауының барған бойда
артынан артыла кетеді. Оқыс келіп, ес жидырмай бөксесіне артылған
зауалдан жаман үріккен қызыл бұзау қатты тулайды. Бірақ кеудесі қыр
жотасында, аяғы жерде, екі қолы бауыр жүніне тастай жабысып итең-итең
еткен пəледен босап шығу оңай болмайды. Қоңсыластың кəрі төбеті
əупілдеп, үйлерінен олар шығып, бұл жақтан шалдың келін, балалары тұра
жүгіріп, бəрі жабылып жүріп Кəртешбекті бұзаудың бөксесінен əзер
ажыратып алады. Бала əбден еліріп алған. Көзі шоқтай. Үстіңгі ернін
шүйіріп, тұмсығын көкке көтеріп, оң аяғымен жер тарпып екі көзі қызыл
бұзауда, көпке дейін “жетекке жүрмей” қояды.
“Қоңсыластар да, біз де баланың мына əрекетінен дəнеңе түсіне алмай
далмыз, – дейді шал – өзі бір ұяттау шаруа болды. Келінге, көршілерге
қарайтын бет қалмады. Қара пұшықтарымның ішек-сілелері қатып: “Ата,
Кəртешбек бұқа ма?” деп жəне күйдірді ғой”…
Кəртешбек онымен тоқтамайды. Кешке өрістен қайтқан мал көшемен
өткенде, арасынан ұрғашы бұзау-тана көрсе тұра қуып, жеткен жерінде
артылып, қып-қызыл сойқан салған. Мұнысы күллі ауылға тарап,
Сəбдешбек үйден шыға алмай қалады. Ал бірде Кəртешбектің
“бұқалығынан” бір рудың екі атасының балалары бір-бірімен ат құйрығын
кесісіп кете жаздайды.
Осындағы Шоманнан тарайтын көп атаның бірінде Əлімхан деген бағбан
бар. Баяғыда бұл атаның балалары Ирсуда өз алдарына колхоз болып
отырғанда, сонда алма ағашын өсірген. Одан бері не заман өтті.
ИрсудаИрсудан өзге ештеңе жоқ. Бірақ Ирсудан жұртпен бірге баяғыда
осында қоныс аударған Əлімхан бар. Əлімхан болған соң алма ағашы да
өседі. Қазір оның ауласында алма ағашының небір түрін көресің. Саны аз,
түрі көп. Амал қане, əлгі шыр айналып соғатын жел пайда болғаннан кейін,
Əлімханның апорты дəл пісер кезде өзінен-өзі тең жартысынан шіритін
зауалға ұшыраған. Балалар оған қарай ма. Сол Əлімханның апортынан
жемесе бойлары өспей қалатындай, күндіз-түні соны аңдиды. Аңдығанда,
ұрлап жеу ғой. Сəбдешбек шалдың да немерелері үйір оған. Содан Əлімхан
ұйқыға кеткен шығар-ау дейтін тал түсте Кəртешбекті алып, бармай ма
ұрлыққа. Кəнігі шал қалың ағаш арасынан аңдып тұрған. Балалар алмаға
қолдарын соза бергенде, “О, қызыңды…” деп тұра ұмтылады ғой шал.
Сонда өзгелер келген іздерімен қашып, Кəртешбек қарабасқыр шалдың
өзіне қарай қашады. Əлімхан, “Мына ит қайтеді?..” деп сасып қалған ба,
тапырақтап таяп қалған баланы қолындағы солқылдақ көк шыбықпен жон
арқадан тартып келіп жібереді. Қиралаң еткен Кəртешбек: “Ата-тай, мені
ұрмашы” деп отыра кетіпті.
“Е, неге ұрмаймын. Ұрмайтын сен кім едің?” десе, “Құлбайдың
Мылтықбайының бұқасы едім” дейді. Əлімхан қайбір оңған шал: “Онда
жақсы болды ғой, сиырларым күйлеп жүр еді” деп баланы екі құнажынмен
кешке дейін қораға қамап қояды. Арты айтыс, айғайға ұласып, араға басқа
ағайын түсіп əзер ымыраласқан.
Бірақ Кəртешбекке жұрт сөйтіп жатыр екен деп “бұқалығын” қоймады.
Бұрын өріске жіберетін малдары Сəбдешбектің көшесінен өтетіндердің
ішінде ұрғашы бұзау-таналары барлар енді оларын жайылымға басқа
көшемен айдап, басқа көшеден күтіп алатын болған.
“Осындай сұмдыққа ұшырадық қой, – дейді шал – ұят та болса көндік,
намыс та жеп барады. Ол аздай, шырағым, Мылтықбайдың екінші
баласының сөзі бір түрлі болып бұзылған, ол аз десең кеше ғана тілі
былдырап жүрген кіші қызының жалғыз күнде мүлде мақау болып қалған
жағдай жəне бар. Сені хат жазып, тез жет дегенде осыларды айтайын дедім.
Бұл өзі не? Дерт пе, басқа пəле ме? Бауырың. Бауырыңның бірі ұрғашы
бұзауға артылып, біреуі сөз бұзып, бірі мылқауға айналып кете берсе,
мұның арты қайтеді.
Жазу-сызуың бар, жөн білесің…”
Асудың төбесіне шыққан соң, күрең биені қатты тебініп қалды. Мұзбелің,
əне. Əскери қалашық кезінде көз жауын алатын елді мекен еді. Қазіргі
сыйқы, дəл бір үстінен соғыс жүріп кеткендей.
Естиярлар мектепте оқып жүргенде, ауыл балалары көп қатынайтын мұнда.
Сондағылары  шұжық, бəліш, балмұздақ алып жеп, асхананың тамағын ішу.
Төмендегі темір жол станциясына да соны іздеп барады. Ауылға Мұзбел де,
станция да жақын, осы екеуінің арасына үздіксіз жүріп жататын, түстері бір
өңкей сары МАЗ-дардың біріне жиырма тиыныңды төлеп, жарты сағаттың
ар жақ, бер жағында жетіп келесің. МАЗ-дар асфальтқа су сорғалатып
Мұзбелден теміржол станциясына тас-топырақ таситын. О не қылған
топырақ неге тасып жатады, ешкімнің шаруасы жоқ. Білетіндері  Мұзбелде
шахты бары. Уран деген кен шығады. Сосын білетіндері  Мұзбелді
тұрмысқа керек-жарағымен тікелей Мəскеу қамтамасыз етеді. Не керек, бəрі
бар. Бəрі импорт жəне арзан. Жұрт “жыртық үйдің құдайын” айтып, соған
қуанатын.
Шал айтқан нұсқамен Мұзбелді көктей өтіп, таудың тастақ жанына түскен
Естияр Мылтықбайдың қонысына тез-ақ жетті. Атты кісіні байқап, абалаған
алпамсадай кəрі төбетпен қоса, үй көлеңкесінде шай ішіп отырғандар
орындарынан өре түрегелді. Малшы жұрттың, əйтеуір, біреуді күтіп
отыратын, біреудің төбесі көрінсе жабыла тұрып, қарсы алатын қазақы
əдеті. Бұл таяп келгенде ғана таныды ма, Мылтықбай:

Ойбай, аға… Аға ғой, – деп тұра ұмтылды.
Сол баяғы бойы құрықтай, жүрісі именшек қалпы. Тек шашы жидіп түсіп
қалыпты. “Жасы жетпей мұнікі не?” деп ойлады Естияр.
– Əй, Кəртешбек, Порықбек, Пестенкүл, келіңдер. Естияр көкеңе сəлем
беріңдер. Көкелерің ғой. Анада жорналдан суретін көрсеткем. Балбала
дастарқаныңды… – Мылтықбай үй ішін қақпа тастай қағып барады. –
Кəртеш, төркөрпе…
Сəлемдескенде байқады, əкесінен айнымай қалған Кəртешбектің қолы тым
ұзын екен, үстіңгі ернін бір шүйіріп алып, кеспек ұсынғандай онысын
алыстан ұстата салды.
Порықбегі шешесіне тартқан ба, тапалтақ.
− Сагаумагигім, гөгө, – деді алты-жетілердегі көмірдей қара бала.

Амансың ба? – Естияр оның қолын сəл жібермей тұрды. – Атың кім?

Поргбег.

Мені білесің бе?

Бігбеймін.
Келін əне-міне дегенше-ақ, дастарқанын жаңалап, көлеңкенің төріне екіүш
қабаттап су жаңа құрақ көрпені төсеп тастады. Ортаға гүлді жайпақ табаққа
салынған ыстық қуырдақ та келіп қалды. Тау сарымсағының өзегін қосып,
бірыңғай майға қуырылған тағамның иісі мұрын жарады.
– Арқардың тоқтысының еті, − деді Мылтықбай. – Итбаспақтың құзынан
түнде келдім. Алыңыз, аға.

Ойжайлаудың Итбаспағынан ба? Тым алыстау ғой бұл жерден.
– Арқар қазір басқа өңірде жоқ. Ол жерден де жоғалып, Хан тау ауып
кетіп еді, колхоз, совхоздың тұқымы құрып, жайлау шығар малдан береке
кеткен соң, қайта пайда болды ғой. Бірақ баяғыдай үйір-үйір емес, аздау.
Шанда көзге түседі.
Естияр дастарқанға салынған тəттілерді теріп жеп, айналасына мағынасыз
қарап отырған жалбыр шаш қызға қарады.
– Бұ қызымыз сөйлемей қалған, аға. Тілі былдырлап-ақ шығып еді,
жалғыз күнде өзінен-өзі байланды да қалды, – деді Мылтықбай кəрі
жіліктің көк етін көмейлете асап жатып, əбден былқып піскен жас ет
аузында еріп кетті ме, жұтқаны білінбей, сөзі үзілмей ары қарай əңгімелей
берді. – Ауруханаға апардық. Əуре-сарсаңы көп пəле екен. Тексермегендері
жоқ. Біресе анаусына, біресе мынаусына жұмсайды. Бекер барып, бекер
қаралмайсың, ақша төлейсің. Содан, қызымыз осыдан қайта сөйлеп кетсе
жақсы, өйтпесе ше… Өйтпесе жиған-тергенімізді құры шаша береміз бе,
құдайға шүкір сөйлемей қалды демесек, тамағы сау, ұйқысы тыныш…
Мақаулықтан өлген ешкімді көрген жоқпыз дедік те, сандалысты қойдық.
Қайсы бірде тəуіпке көрсетіп едік, ана жылы Ауғанстанда соғысып қан
көрген пəле екен, жаман зікір салып, Пестенкүл түгілі өзіміздің зəремізді
алды.
– Сəбдешбек əйем мына Кəртешбектің бір қылығын айтады ғой, – деді
Естияр.

Ол Гəртешбег емес, – деп Порықбек шап етті. – Ол бұга, кага буга.

Сен гысың, гысың, – деп Кəртешбек інісін иықтан түртіп қалды.
– Əй, қойыңдар тақаспай! Мылтықбай екі баласына зілсіз зекіп қойды.
Сосын бұған қарап: – Əйемнің айтып жүргені Кəртешбектің бұқа болып
ойнайтыны ғой. Осы жаққа көшіп келгеннен кейін пайда болды сонысы.
Ана жылы қожайын əуелі он шақты тана-торпақ əкелген. Ішінде үш-төрт
сиыр, бір бұқасы бар. Дəу қара бұқа. Кəртешбектің əжетке жарап қалған
кезі. Күндіз көбіне малды өрісте осы қайырып жүреді. Содан бастап, бұ
күшік қара бұқа не істесе, соны істейтінге ұшырады. Келе-келе ұрғашы
тана-торпақ көрсе бітті, тырағайлатып қуып кете беретін пəлені шығарды.
Қанша ұрыстық, қоймайды. Тіпті үдеп бара жатқан соң, қожайынға
шынымызды айтып едік, “ой, бұл не сұмдық” деп біраз жүрді де, ұрғашы
тана-торпағының қу сүйекке айналып бара жатқанын өзі де байқап, оларын
амалсыз алып кеткен. Өзіміздің де жанымыз кіріп қалды. Болмаса, өрісте де,
екі өкпесін қолына алып ұрғашы бұзау-тана қуып жүрген Кəртешбек, үй
маңында да көзі алайып, танауы делдиіп ұрғашы бұзау-тана қуып жүрген
Кəртешбек. Ит-ай… – Ой жыгды, – деді Порықбек ыржиып.

Сен жаман, оған күлме, – деп Мылтықбай Порықбекке қарап кеңк етті.

Өзіңе қарасаңшы. Өзіңше бір тіл шығарып жүрсің, қыңыр-қисық.
Естияр:
– Мұның кей əріпке тілі келмей ме, жоқ əдейі бұзып сөйлей ме? – деп
сұрады.
– Түсінсем бұйырмасын, – деді Мылтықбай. – Бара-бара мүлде ешкім
түсінбейтін, жер бетінде жоқ тілмен сөйлеп кете ме, қайтеді? – деп
Мылтықбай тағы да қарадан-қарап мəз болды. – Ойласам, осы жаққа көшіп
келген соң, біздің үйден басқа бір халық пайда болып келе жатқандай
көрінеді кейде.

Көл бар дейді ғой мұнда?

Көкпенбек. Мұндай мөлдір суды көрсем, көзім шықсын.

Соны көрсем.
– Көрсеңіз, мына тұрған жерде. Балалар ертіп барады, мен мал соя
берейін. Атқа мінесіз бе?

Жақын дейсің ғой, жаяу-ақ барайық.
Естиярға Кəртешбек пен Порықбек ілесті.
Қырға көтеріле суылдаған бір жел пайда болды. Қай жақтан есіп тұрғаны
белгісіз. Қай жаққа қарасаң, сол жақтан ұрады бетке.
– Гəзір онша егмес, – деді Порықбектің мұрны пысылдап. – Гішгенеден
гейін гатты согады.
Көл шынында да қол созымда екен. Қыр астында оймақтай болып жатыр.
Көкпенбек. Өте ашық та, өте қою да емес, сол екеуінің арасындағы бір
ғажап рең. Түбі түгел көрінеді. Өң бір еш жерлерін топырақ тұтпаған, мүк
баспаған жалаңаш қайрақ тас сайрап жатыр. Маңайында ұшқан құс,
қыбырлаған құртқұмырсқа сияқты тіршілік белгісі білінбейді.

Бұл суда балық, бақа дегендер бар ма? – деп сұрады Естияр балалардан.

Жог, – деді Порықбек. – Өгіп галады.

Өліп қалғаны қалай?
– Ягов Галгутыдагы сугдан багыгтар ұстап əгеліп ішіне гоя беріп еді,
сгазу өгіп галды.

Ал сендер бұған шомылдыңдар ма?

Бұгын ылги. Газір папам жігбермейді.

Папаңның өзі ше?

Бұгын о да шогылатын. Согдан гейін шашы түгісіп галды.

Анада арақ ішкенде шомылды ғой, – деді Кəртешбек сөзге қосылып.

Агаг ішгенде бəгі шогылады. Мас адамга багыбір. Агуырмайды.
Естияр демін зорға алды. Ұрғашы бұзау көрсе қуалай жөнеліп, бір
артылмаса жаны тынбайтын үлкен бала анау, əр сөзінің ішіне “г” əрпі түсіп
кеткен ортаншы бала мынау, бар тілінен бір күнде айырылып, мəңгі мақауға
айналған қыз… көгілдір əлеміне көз тұнатын, бірақ тіршілігі тұл көл… Бұл
не нəрсе? Неге бұлай?

Гөгө, – деді Порықбек мұның ойын бұзып. – Сіз өгіметсіз бе?

Емеспін.

Неге?
Естияр қапелімде жауап бере алмай қалды. Бергенде не дейді, нені
түсіндіреді. Сосын сұрақты баланың өзіне бұрған.

Өскенде өздерің кім боласыңдар?

Гəртешбег бұга болады, – деді Порықбек.

Кетші-əй, – деді анау ыржиып.
Естиярдың көзі шалбарларын шешуге ыңғайланып жатқан балаларға түсіп
кетті.

Əй, не істегелі жатырсыңдар?

Бір сүңгиікші, – деді Кəртешбек.

Гүн гүйді гой, – деп Порықбек аспанға сығырайды.
– Қойыңдар. Түспеңдер бұл суға ендігəрі. Қане, қайталық, – деп Естияр
орнынан тұрды.

Бігаг сүгиікші, гөгө, – деп Порықбек ыржиып тұр.
Бұлар келгенде Мылтықбай сойылған семіз тұсақтың етін жайғап, Яков
арқар тоқтысының сан ет, сүбелеріне құйрық май қосып кəуапқа дайындап,
Балбала жүні жұлынған үндіктің сыртын жалынға ыстап, ала шапқын
болып жатыр екен. Еш қаперсіз. Барға бəріне разы кейіп. Не істеп жатыр,
содан өзге еш нəрсе керек жоқ. Ертең қайтеді, бүрсігүні не болады,
шаруалары жоқ.
– Көке, келіңіз, үйге, төргі бөлмеге көрпе төсеп, жастық тастап қойды,
мызғып аласыз ба біраз, – деді Мылтықбай. – Əлде, шай əзірлетейін бе?
Естияр аяқ созғанды дұрыс көрді. Үй іші тап-таза, сап-салқын. Ақ сейсеп,
құс жастықтан тазалықтың жеп-жеңіл жұпар лебі білінді.
Бірақ жаны жаман құлазып, ой-санасы безбен күндердей береке таппай
бебеулеп жатты. Оған көп ұзамай дүниенің беті қай жағыңнан соғып
тұратыны белгісіз аңызақ жел мен айналасында қылпып алары жоқ көлге
айналып кететін сияқтанады. Мұны бірақ бағамдап жатқан кім бар? Неге
жұмыр басты пенде бейғам? Айналасына жаппай ақылмен, абай қарайтын
кездері бола ма?
Сандаған сұрақтардан сансырап көзі ілініп кеткен Естияр түс көрді. Айнала
қалың тұман. Айналасы тұлдыр оймақтай көгілдір көл көпіршіп, көкке
қарай көтеріле-көтеріле бері қарай лап қояды. Жолындағының барлығы
қурап-семіп, солып, қурап жатыр… Солардың арасында Кəртешбек ұрғашы
қызыл бұзауды қуалап, Порықбек "бұга, бұга" деп айғайлап, Пестенкүлдің
қолы жан-жағына ербеңдеп, ала өкпе.
Қай жақтан екені белгісіз бір сұмдық аңызақ жел де аңырап қоя берді.
Аңырап… Арыда топырақ па, құм ба, күл ме, бір қалың, қара тозаң келеді
жайлап. Əне-міне… Əне-міне…

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.