Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 07

Total number of words is 4154
Total number of unique words is 2442
34.1 of words are in the 2000 most common words
48.5 of words are in the 5000 most common words
55.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шайнам миы жоқ қалқан құлақ болса бір жөн. ей, соның аузы ашылып...
шешесі жəудіреп... ауру, жынды бұлар. Баяғы заманда өтіп, сүйегі қурап
кеткендер кімге дəрі. Қап! О, ит! Хан деп Шыңғысханды айт. Мысық мұрт
пəлекет жатаған атпен жарты əлемді жаулап алды ғой. Нағыз хан! Болған
екенсің сол əлгі Шыңғысхан секілді кесіп алса қан шықпасын, алдыңа
келгеннің құлақ-мұрнын отап жібер. Жə, құрып кетсін бəрі. Одан да өзінің
ертеңін ойласын.
Бітік егінді қамбаға құйып, жұмысы ыңғайланса, алдымен үйді кеңейтіп
салу жағын қарастырғаны жөн. қатынның лоқсуы жаман. Жерік қой. Тəңірі
берсе кейінгілері тағы бола жатар. Əрқайсысына бөлмені осы бастан əзірле,
Бошқай. Жеке-жекесі жақсы. Мидай араласып жалғыз көрпенің астында
жататын уақыт өтті. Баланы бастан. Құртақандай кезінен өз меншігі бар
екенін, сол үшін от пен суға түсү керектігін біліп өссін. Ертегі-сертегі
дегенге көзің тіріде жолатпа. Сенің ұлдарың ондай есуастыққа түкірмесін.
Неғұрлым кесек, ірі іспен айналыстыр. Қара таныса, қара жұмысқа жек. Он
бес жыл оқытудың қажеті қанша. Бекер шығын. Қазір дипломды адамнан
аяқ алып жүре алмайсың. Дипломы бар, миы жоқ. Ақырында қой бағып,
трактор айдап сандалып қалды көбісі. Оның үстіне сырттан оқып жүргенін
қос. Ия, Бошқай тұқымын оңай адай алмассың. Оқудың үлкені  шаруаңа
мығым, есебіңе жетік болғаның. Анаған-мынаған ғұмырың жете бермейді.
Көрер қызығың татар дəмің өлшеулі. Соны біле тұра мəңгілік жайында
өңеш жыртатын жұртқа ит-жының қалай ұстамайды. Жоқ. Бөкеңнің
ұрпағының жолы басқа... Айтпақшы, мына көген көзді қайтеді? Ей, соған
несіне қатырам басымды. Балаларыма қызметші етем де қоям. Болмаса
шаруам шамалы. Осың мүлде жоқ болып кетсе де қаперіме кірмейді. Уһ,
жаным-ай...»
- Əй, сен кеше қайда қаңғып кеттің?  деп Бошқай балаға қарады.
- Сəлімбай атама ілесіп Көктоғайға бардым.
- Қайдағы «Көктоғай»... Е, əлгі кемпірге ме? Екі қақпас көңілдес шығар
құдай ұрып.
- Неткен ұятсызсың, Бошқай,  əйел жылап жібере жаздады.  Баланың
көзінше аузыңа келгеніңді айтқанша, өлтірсеңші мені.
Бошқай жөткірінді.
- Бүгін қай күн?..
Іңір түсіп Саламат келгенше үшеуінің сөзі жараспады.
*
*
*
Құлқын сəріден мотоциклін тырылдатып Қақа келіп тұр. Қостың іші күңгіркүңгір.
- Тұрыңдар, əй, қазақтар!
- Азанда жалмаңдап қай келісің?  деді Бошқай.  Жауын басылып па?
- Аспан шайдай ашық... Келіншекке сəлем.
- Аузыңды шайсаң етті.
- Сыранікі. Арақтан жаман аңқиды... Əй, Бошқай, түрегел. Сіреңкелерің
қайда, газ жағайық.
Алдымен Саламат киінді.
- Батыр, амансың ба,  деп Қақа жігітке қол беріп жатып күлді.  Сушы деген
атыз басында түнемей ме?
- Сен жата бер,  деді Айжарыққа шешесі.
Қақа аяғының ұшымен өзі ала кірген қара қапшықты түртіп қойды:
- Сəлемдемелерің.
Үлкендер шайға отырды. Қақа мен Бошқай бір шөлмек арақты кесеге тең
бөліп, тамсана жұтып алыс-ты.
- Не жаңалық бар ауданыңда?  деді Бошқай.
- Дəнеңе жоқ. Италияда жер сілкініпті.
- Италияда шаруамыз қанша?  Бошқай артына бұрылып былш түкірді.
- Кешегі жауын бар, бүгін су салып қажеті жоқ қой егінге,  деді Қақа.  Мына
батыр ренжімесе, екеуміз қырға шығып келелік.
- Саламат не дер екен, барсақ бара саламыз,  деді Бошқай.
Жігіт жауап қатқан жоқ, резина етігін тырп-тырп басып қостан ұзай берді. 
Жүреміз бе?  Қақа күнқағарын сілікті.
- Жүрелік.
Мотоцикл тыр етті.
- Тəте!
- Ау.
- Бері келіңізші.
- Тəте!
- Ұлым, менің жалғызым.
- Жыламашы тəтетай, жылама деймін.
- Қойдым, міне, қазір...
- Мен сені асыраймын, тəте.
- Əрине, жаным.
- Сен сондай мейірімдісің, тəтетай.
- Шын ба?  шешесі жастықтан басын жұлып алды.
- Əрине, шын.
Анасы баласын бауырына тартып, шөпілдете сүйіп жатыр.
- Жүр, екеуміз күнді қарсы алайық, балапаным.
Анасының дəл осындай қуанышты кейіпін, баланың көрген кезі сирек. Бос
тастаған қап-қара шашы екі иығына төгіліп, əдемі жүзі балбырап күлкіге
көмілген. Маңдайындағы, көзінің айналасындағы майда əжімдер жымжылас.
Көк жиектен күн төбесі енді-енді қылтиыпты. Ауа мөп-мөлдір. Айнадай
таза көгілдір аспанның шығысы қызыл шапақ. Күн жарықтық еңсесін
көтерген сайын қызыл арай жер жүзіне шашырай жайылып дүние кезіп
барады. Жер үсті жартылай алтын түске боянды. Алтын əлемнің нұрына
малынған Ана мен Бала Күнді қарсы алып тұр. Аяқтың астында көк бұйра
жусан бұрқырайды. Жалаңаш табанынан жердің өпкен лебі, өн бойын
аралап алып, ұша жөнелетіндей; қол ұстасып ұшан-теңіз кеңістікке бет
бұрып самғай берсін, маңдайыңнан сипап еркелеген саумал қанаттарын
көтеріп құйындай үйірсін, қалықтатып жер мен көктің арасында
зымырандай зауласын, көкжиектен көтерілген күннің соңынан ілессін,
көнеді бұлар; жалғыз тілеулері жалғанның осы жан баласына жаттығы жоқ
тұнықтығын тартып ала көрмеңдерші, аяңдар: ақберен қимыл, ақтабан
шұбырынды бас көтермесін, адамның қуануына, бақытты болуына кедергі
келтірмеңдер. Қараңдаршы, Ана мен Бала Күнді қарсы алып тұр ғой. Күнді
қарсы алу адамзаттың өлшеусіз бақыты, соның күйін бастан кешіп тұрған
бала жүрегі  сіздерге ағымнан жарылып айтайыншы  тіршіліктің күміс
қоңырауы.
- Тəте...
- Енді екеуміз ауқаттанайық, құлыным...
Олар ұзақ уақыттардан кейін алғаш рет күліп отырып, қуанысып отырып
таңғы астарын ішті.
- Екеуміз барып Саламат ағаңа көмектеспейміз бе?  деді анасы.
- Кеттік, тəте!  Бала қуанып кетті.  Ой, астық суарғанды мен білемін.
- Құртақандай жаным...
Ана мен бала қол ұстасып егін жайға келді. Жасыл егін жайқалып көз
жауын алады. Тұла бойыңды балқытып жіберетін айрықша қуатты жұпары
бар. Кешегі жауған жауыннан соң қазір, міне, күн шапағын сіміріп көгілдір
əлемге еркелей, еміне түскен.
Белуарына дейін жалаңаш Саламаттың бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнайды.
Мөлдіреген көзқарасы айрықша, балаға, əйелге кезек-кезек төгеді шуағын.
Ана мен бала ерекше ұқсас-тын. Оң жақ беттерінің ұшындағы меңдері
қапқара, сұрғылт қой көздері құйып қойғандай.
- Саламат, а, Саламат  Əйел көзіне түскен шашын саусағымен іліп кері
қайырып қойды.  Сен осы неге үндемейсің? Əңгіме айт. Тым болмаса не
туралы жазып жүргеніңді айтсаңшы.
Жігіт қызарып теріс айналды. Мінезі қандай қызық.
- Əн салсам қайтеді Саламат,  деді əйел, сосын орта дауыспен сызылта
жөнелді. Əп-əдемі, тұп-тұнық үн.
Аяздарда... а...а... тоңбайсың ба, боз торғай...ым, Жылы ұяңа...а... қонбайсың
ба, боз торғай...ым...
Əн жалғасын тауып жан-дүниені балқытып əуелейді. Əуелдегі қалыпты
ырғақ бірте-бірте қамыққан сазға ұласып жанарға үйіріліп жас тұнды. Бала
шешесінің сұрғылт көздерінің мөлтілдеген көз шарасына батып кетуге шақ.
Кетпеннің сабына иек сүйеген Саламат қимылсыз қатып қалған. ...Жылы
ұяңа...а қонбайсың ба, боз... торғай...ым...
- Тəте-тай.
Саламат селк етті. Бір-біріне жабысып дүниеге адам айтып жеткізгісіз іңкəр
көзбен телмірген бала мен ана, əрі аянышты, əрі алып болып көрінді. Адам
шіркін жалғыз сəтте осыншама орасан, һəм сан-алуан күй кешеді екенау
бастан.
Жігіт өзіне-өзі келе алмай тұр. Ана мен баланың бақытты өмірді көксеген
ынтызар пейілін, кəусар көңіл шуағын айнытпай танып, бауыры езілді.
- Сіз, əнді əдемі салады екенсіз.  Саламат жымиып қойды.  Шын айтам.
- Қайбір əдемі дейсің.  Əйел күрсінді.  Əдемі əн біздің не теңіміз?
- Бекер таусыласыз. Өмір əлі алда.
- Қайдан алда болсын. Сол шіркіннің талай жолы артта қалды ғой.
Ендігісі аз ба, көп пе... жақсы ма, жаман ба...
- Бекер налисыз. Адам ағаш тамырындай мықты, көрер жақсылығына
сенімді болу керек.
- Дұрыс қой айтқаның, бірақ өмірдің қақпақылынан қашсаң құтылмайсың.
Мен өзім туралы айтып жатырмын. Басында бағым ашылмап еді, соңына
дейін солай болатын шығар.
- Күреспейсіз бе?
- Кіммен?!  деп əйел кекесінмен жымиды.  Тағдырмен бе? Тағдырыма əлім
келмейді. Əйелдің тағдыры жалғыз өз қолында емес, оған ер-азаматтың да
қатысы бар.
- Сізге қиын тиіп жүр ғой. Балаңыз бар... Басқаша өмір сүруге болмайтын ба
еді...
- Менімен неге сен деп сөйлеспейсің, жасымыз деңгейлес,  деп əйел
əңгімені басқа арнаға бұрды.  Біздің ауылда тұт ағашы көп болады. Іргесін
тіліп өзен ағып жатады. Асты майда жұмыр тас, суы тұп-тұнық өмірі
лайланғанын көрген емеспін. Жаз бойы соған шомылып, тұт ағашының
көлеңкесінде сайрандайтынбыз. Қызы бар, баласы бар Жюль Верн
шығармаларын оқитын ек... Баршамызда шексіз қиял, үлкен арман болатын.
Бала үлкендерден шеттей берді. Саламат ағам мен тəтеме Қақаның
кемпірдің түйетауықтарын атып əкеткенін айтсам қайтеді деп ойлап, дəл
қазір олардың əңгімесін, көңіл-күйлерінбұзуды қаламады. Үлкендерге көз
астымен қарайды, қараған сайын бірін-бірі мақұлдаған нышанды аңдып,
соның аяқталмауын, мейірімді көзқарастардың үздіксіз жалғаса беруін,
бүкіл дүниенің ана екі адам  анасы мен Саламаттың қас-қабағы,
қимылқозғалысымен əдемі үйлесім табуын тілейді.
...Түскі ауқаттарын да əңгімелесе отырып, ашық-жарқын қабақпен ішті.
Ешқайсысының бөтендігі білінген жоқ. Ана мен баланың даусы, қимылы
əдеттегі имену, іркілуден арылды; күміс күлкілері бұлақ көмейіндей
бүлкілдеп, дүниенің кеңдігі мен мұндалай жөнелді.
Саламат көлеңкенің астына баланы отырғызып қойып, жайлап шашын
алды.
- Аға кекіл қойып берші.
- Көзіңе түсіріп жүрсең ғой.
- Қайырып қоймаймын ба.
Əйел шөкелеп отырған балаға, оның жаңғақтай басын бір қолымен демеп,
екінші қолымен шашын сыпырып жатқан Саламатқа көзі түскенде кеудедегі
нала запыраны өксікке ұласып шайқалып барып бойын əрең түзеді. Сосын
көкірегі қарс айрыла күрсініп қоя берді...
*
*
*
Түстен кейін Айжарық ала күшікті ертіп көшетіне келді. Жалғыз бұтаны
айналып біраз жүрді. Топырағын қопсытып, су құйды. Айналасындағы
шөпшаламдарды тазалады. Əйтеуір, өзіне бұтақ өсіп қалған секілді. Ағаш
адамнан жылдам өседі деген үлкендер, оның қасиеті  түбі төмен бойлап,
басы көкке мəуелейді. Мықты болатыны, ұзақ жасайтыны тамырының
тереңге кететінінде.
Шешіліп кеткен бəтіңкесінің бауын байлап алып, Айжарық екі қолын
жайып жіберген бойы шалқасынан жата кетті. Көк аспанның бетінде алтын
шуақ жусайды. Арқан бойы биікте бозторғай тұр шырылдап; қанатын
қағыпқағып қойып безек қағады. Қызық. самғап ұшып жүре бермей ме?
Ол Саламат жазған бала туралы ойлайды. Əрі ақылды, əрі батыр. Егер
соның орнында өзі болса бұл қайтер еді?
Ең алдымен Бошқайды қостан қуып жіберетіні сөзсіз. Қайда барады, өзі
білсін. Онан кейін мына жазыққа түгел алма ағаш егіп, айналасына зəулім
үйлер салдырады. Əр үйдің жанында атқылаған су ақты... Қызыл, ақ, сары
гүлдер... Жұрт түгелдей алма бағына ағылып жатады. Əуелі ағаш үстінде ақ
көбелек гүлдер жыпырлап, одан соң қып-қызыл алмалар жауып жатады жер
үстін. Гриша атасы не дер екен? «Сен Алеша, жарайсың, батыр болдың,
осындай көп алма ағашын қайдан алдың?»  дейді. «Біз оны қолдан өсірдік,
Гриша атай». «Енді сені теледидардан көрсетіп, радиодан сөз қылады, ел
түгел қуанады». «Рас па?» «Рас, жер бетінедегі жақсы адамдардың барлығы
алма ағашы құрметтейді. Алма бағын құрметтейтіндердің барлығы келеді
саған».
Жердің төрт бұрышынан ағылып жатқан адамдарға Сəлімбай атасы
сыйлаған Фурмановтың сағатын көрсетер еді. Бұл ата-бабаның мəңгі соғып
тұратын жүрегі дер еді. Шынының өзі солай ғой. Қанша жылдар өтті, енді
қаншама жылдар өтеді, сағат жүруін тоқтатпайды. Сырт-сырт соғысы тура
жүрек дүрсілі. Ана жолы осылай айтам деп Бошқайдан көресіні көрген.
«Алтын қазына ұстап жүргендей мəз болуын қарашы,  деп кіжінді анау.  Сен
əуейісің. Əуейі болмасаң қырық жылғы қалта сағатын адам жүрегіне
теңейсің бе? Қу темірге қуанған мисыз-ай. Одан да құдайдан тістің
сынығындай алтын сұрасаңшы».
Алтын... Ол немене? Чапаевтың комиссары болған Фурмановтың сағатынан
қымбат па? Бұл ата-бабаның аманаты ғой. Сəлімбай шалға салсаң дүниедегі
ең қастерлі, ең қымбат осы Айжарық оған сенеді. Мұның пайымдауынша,
жақсы адамдарға ғана сену керек. Анау Саламат, анау
Балдырған кемпір... солар секілді мың-мың адам айтатын сөздердің
барлығы  ақиқат. Ақиқатын айтып, адалын сөйлейтін адамдардың көп
болғаны қандай жақсы. Егер жердің беті бір өңкей Бошқай мен Қақалардан
тұрса аманат та, алма ағашы да болмас еді ғой... Баланың өн бойы мұздап
сала берді. Құйтақандай жүрегі кеудесін тесіп шығардай аласұрады. Əлі
майысқақ, əлі бекімеген буындары қан қақсап, бауыры сыздады. Сақтай гөр,
сақтай гөр...
- Ба... лам,  Емшек төбенің үстінде дауыс салып, Сəлімбай шал тұр аттан
түспей.  Қане, бері кел.
Бала өрмелеп төбеге шықты.
- Батыр, аман ба, алдыгүні жауында қойымыз өріп кетіп, түнімен
шапқыладық.  Қарт жерге түсті.  Əйтеуір дін аман. Удебірениеден қорқып
едік, оған ұрынғанда, жауынға еріген суын ішіп қырылып-ақ қалатын ба
еді... Əлгі бала келіп... Ақша беріп жатқан екен, үстінен түсіпті, көр-жерді
көтере алмай жетті-ау. Атаңа аудандағы бытобойдан қара шапан алып келді
ғой. Тобығымнан келтіре төгілдіріп киіп барам енді той-томалағыңа. Мəсі
айтып едім, екеуі бірдей размерімді ұмытып, естеріне түсіре алмай
сталабайдан ұрсысып шығыпты. Ой-хой, бəрінен бұрын насыбайды
айтсаңшы. Міне.  Қарт шақшасын алып əуелете көрсетіп қойды.  Баяғыда
қырық бірдің күйігімен атып едім, содан бері жолдас.
- Енді балаңыз қайда, ата?
- Қайда дерің бар ма, батыр-ау. Кеше əлгі колхоздың бастығы келіп, көмек
керек деп ыздиып отырып алған соң, шөпшілерге қолғабыс жасауға
жібердім. Бастық баланың өзі де оңқай асықтай оңтайлы азамат. Бұрын да
Жайдақ белдің шалдары дамбалдың балағын түріп алып жаз бойы сайсайда жүретін. Уақ мал, екі-үш қараның қысқы қамы жатқыза ма
жамбастатып. Енді осы бастық келгелі көздері ашылды, күллі ауыл
қарттарына шөпті күзде колхоздың өзі түсіріп беріп жүр. Үкімет
айналайынның нұсқауы көрінеді, соны бұлжытпай орындап жүрген əлгі
жігіттің сөзін қайтіп жерге тастайсың.
Сағатың қанша болды өзі?Ю бала қалтасынан сағатты алып, қақпағын
ашты.
- Он бір жарым, ата.
- Ойбай, түсің болып қалыпты ғой.
- Ата, сіз осы сағатты ата-бабаның мəңгі соғып тұратын жүрегі дедіңіз ғой...
- Демей қайтем. Осы сағаттың иелері болмаса мына дүниені көрер ме едік,
көрмес пе едік, кім білсін. Адамның бақыты үшін ғұмыр кешкендердің
артындағы ізі өшпейді ісі өлмейді. Артында қалғандары түгел мəңгі.
Мəңгілікті көзінің қарашығындай сақтау, балам, сенің қасиетті борышың.
Қарашы, əне, анау сағаға сен жалғыз бұта отырғыздың. Алдағы күнге
қалдырар сенің аманатың сол болмақ. Көрдің бе өмірді.
- Мен өскенше бұл жерде үлкен алма бағы болады, ата.
Қарт көк бұйра насыбайды иегіне тастап жіберіп көкжиекке көз тікті. Адам
баласының жақсы ниетке, игі тірлікке деген қасиеті қаршадайынан бүршік
жарып көктейтіні айналып келгенде дүниенің сөнбес шырағын жағу. Ет пен
сүйектен жаралған пенде атаулы о бастан-ақ жақсылыққа таңдайы құрғап,
сусап ғұмыр кешіп келеді. Өсіп-өнуге деген кісінің іңкəрлігін айтпаңыз;
алдында отырған құртақандай тірлік иесіне дейін соған өлердей құштар;
бойына анасының сүтімен дарыған қарекеттің мəңгілік қимылқозғалысы
қолтығынан демеп орнында тұрғызбайды; аязда да, аптапта да жалаңаш
табанымен көк тікенді жапырап жығып жарық дүниенің отын көсеп кеп
отырады; тілінен бал тамған көне тарих шежіресіне құлақ тос, өзің куə,
мынау асау арналы өмірге көз тік, əлгі аламан тірлік, алқынған дем;
адамзаттың баласын құр қол кездестіре алмайсың, ол қашан да маңдайы
терлеп шығады алдыңнан, бəріне керегі  дүниенің кең тынысы, бұлақ көзін
аршымай, бұта гүлдетпей көңілі көнши ме? Жарық дүниеге келуге кезегін
күтіп əлі қанша ұрпақ тұр.
- Əлгі Қақадан хабар жоқ па?  деп сұрады шал.
- Бошқай екеуі аңға кетті.
- Қуды қу намаздыгер мен намазшамның арасында табады екен ғой: Ой,
лағынеттер...
Отар ұзап кетіпті. Соңында селеңдеп қара төбет барады.
Ал, шырағым, жүрейін мен, шайын демдеп келінім алаңдап отыр қазір. 
Қарт үзеңгіге аяқ салды.  Біздің үйге жүрсең қайтеді?
- Келесі жолы, ата.
- Ерулік те бермедік,  деп Сəлекең атын тебінді.  Қара тəмпіш-ай, басыңнан
күн өтіп кетпесін.
Айжарық Қарауыл шоқыға беттеді. Ұшар басына ентігіп шыққан бойы
жақпар тастың үстіне тізе бүкті.шоқиып жанында ала күшік отыр.
Төменде жайқалған көк егін. Балағын түріп алып мықшыңдаған
Саламаттың дəнемемен ісі жоқ секілді. Аппақ болып жалтырап аққан арна
тура соған жетіп жатыр.
Қостың айналасы тым-тырыс. Апасы кестесін алдына алып, үлкен
қызғалдақтың шет-шетін əдіптеп отырған шығар.
Поездың талып жеткен дайсы естіледі. Төбесінен самолет ұшып өтті.
Таудың арғы етегінде жүйткіп бара жатқан жүк машинасын да көріп қалды.
Шамын жағып алыпты. Тал түсте онысы несі?
Бала бетін Көктоғайға бұрды. Қалқиған жер там, əріректе көкке емінген шоқ
тал қарауытады. Жүрегі қатты-қатты соғып кеткен сықылды. Жалғыз
кемпір... егіз баласы еккен екі алма ағаштың арасында əрқайсысына бір
жаутаңдап, күбірлеп сөйлеп тұр ма екен...
Бала күн өткен сайын сентябрьді шыдамсыздана күтіп жүр. Оқу басталса,
балаларға ертерек қосылса, былтырғыдай сабақтан соң «колхоз» ойнар еді.
Енді бұлар басқаны қойып, Қарақабақтың сайына тоғай өсірер еді. Алғаш
«колхоз» құрғандары есіне түсіп бала мəз болды. «Бастыққа» Уəли
сайланды. «Енді ұстап қабылдаймыз»,  деді бір бала. «Ей, ұстабың не?»
«Ұстап деген ұстап, колхозда сондай бірдеңе болады». Сол бірдеңенің не
екенін Айжарық əлі күнге дейін білмейді.
Əркімге «қызмет» берілді. Орынбасар, бухгалтер, бригадир... Айжарықтың
еншісіне тигені милиционерлік. Иығына қызыл барқыт тігіп, беліне Уəли
əкеліп берген ескі қайыс белдікті буып, тапаншасы жамбасын қажап келіп
тұрады. «Жолдас учаскови, тəртіп бұзушы жоқ па?  дейді Уəли.  Осы күні
мал ұрлаушылар көбейді ғой, далада жайылып жатқан малды не айдап, не
атып əкетеді». «Біразын ұстап қамадық». «Дұрыс». «Ал енді сауда
жұмысынан не хабарың бар? Қымбат мүлікті тамыр-таныстар мен
басшылардың əйелдері бөліп алып жатыр». «Оны қайдан білесіз, жолдас
бастық?» «Товар түскен күні түнімен біздің үйде у-шу. Апамның таныстары
келеді, бастықтардың əйелдері звондайды...»
Уəлидің апасы дүкеннің меңгерушісі болатын.
Бір күні Уəли орынбасар Сейсенді орнынан алу жөнінде «бұйрық» жазды.
«Магазиннен сатып алынған «колхоздың» кəмпитін ұрлап жегені үшін
орынбасар Сейсен орнынан босатылсын».
Ертесінде ойнайтын жерлеріне келген Айжарық қызықтың үстінен түсті.
Балалар қоршап алған. «Жолдастар,  деді Уəли мардымсып,  міне, Сейсен
маған бір дорба алмұрт пара берді». «Немене берді?» «Пара». «Ендігі жерде
мұндай адамды «колхозда» ұтай алмаймыз». «Шығарылсын». Бой беретін
Сейсен жоқ. «Сен немене, шын бастықсың ба? Шын бастықтың өзі көкемді
орнынан алғанда Алматыдан мынауский гарнитур əкеліп бір түнде ауласына
түсіріп кетіп еді, бұйрығын қайтып алды. Көрдің бе».
Сейсеннің əкесі мал бордаушылар бригадирі болатын.
«Осы біз неге «пəсепке» шықпаймыз»,  деді «колхоздың» мүшелері. Уəли
үйінен ат дорбамен арпа алып келді. Басқалары күрекпен жер аударып,
тұқым септі. Қарақабақтың жылтырап аққан өзенінен «егіске» су салды.
Арпа лезде-ақ көктеді. Жайқалып өскені бар болсын, ойламаған жерден
апайтопайы шықты. Жылқы жайылған. Үзіп жеп, тұяғымен таптап,
жаншып, шаруасын бітіріпті. Шулап балалар қалды. Көшенің басындағы ақ
шаңқан үй колхоз председателінікі. «Соның əкесінің биесі болды, ал,
учаскови, іске кіріс»,  деді Уəли «бастық». Барса аяғына сүйір тұмсық кебіс
киген шал қораның маңын сыпырып жүр. «Құтырып кеткеннен саумысың,
андағың не жамбасыңда салақтаған?» «Тапанша». «Е, онымен кімді
қырмақсың?» «Сіздің биеңіз пəсебімізді таптап кетіпті». «Əй, мына
қызталақ не дейт». «Биеңіз»...» Шал тап берді: «Құлағыңды кесіп алайын ба
осы, иттің күшігі...» Айжарық алды-артына қарамай безген. Балалар мұны
да жиналысқа салды. «Милициядан түсірілсін, тапаншасын алыңдар, қой
бақсын». Сейсен араға түсті: «Бастықтың əкесін қамауға болмайды. Бəрібір
шығарып алады». «Қылмыс жасаса да ма?» «Жигулимен» Шаштайдың
апасын қағып, жамбасын сындырған баласын милицияға алып кеткенде
көкем байлап отырған егіздің біреуін кемпірге беріп,ұлын шығартып алды
ғой бəрібір». «Біздің «колхозда» ондайға орын жоқ. Біз Мұсақан бригəді
сияқты шындықпен жүреміз. Алыңдар Айжарықтың тапаншасын...»
Күн көкжиекке таяп барғанда, таудың жолымен қойқалақтатып келе жатқан
мотоциклді көріп бала да қосқа бет алды.
Анасы далада ет қуырып жатыр.
Шатырдың іші гүж-гүж. Бошқай мен Қақа қып-қызыл. Өгей əке мұны
байқап:
- Шəу,  деп қолын көтерді де, мандолинді безектете берді.
Қақа баланың құлағына сыбырлады:
- Құдайың жарылқап жайлауға баратын болдың.
- Жайлауда не бар маған?
- Қой бағасың. Əкең сөз байласып қайтты біреумен.
Бошқай өзге дүниені ұмытқан , темір ішекті аямай осқылайды. Əлгі сөзден
кейін бала ойланып қалды. «Ақыры жібермек болған екен мені. Несін
алдым осы Бошқайдың? Жо... жоқ; басымды шауып алса да, апамның
жанынан ешқайда кетпеймін. Бітті».
- Əй, Бошқай, келсеңші,  Қақа стаканын қолына алды.  Əуелі ішіп ал.
Анау да қол созып жатыр.
- Не үшін-ей сонда.
- Достығымыз, ынтымағымыз деп алайық.
- Сенімен дос болған адам оңбас.
- Бұл шының ба?
Қауіпті адамсың, Қақа. Түбің бай-құлақ.
- Құрып кет, құрып кеткір,  деп Қақа күліп жіберді.  Түбімді ұмыт.
Тіпті өз əкемде де менің шаруам жоқ.
- Кісі өлтіруден де тайынбайсың мына қалпыңмен.
- Саған не болған? Келсеңші...
- Осы сен неліктен мені ғана іздейсің, неге менен адаспайсың?
- Бала кезден бірге өскен доссың.  Жо... жоқ... Алдымен Бошқайдың еш
нəрседен тайынбайтынын білесің.
Бошқай миығынан мырс етті де, Қақаның білегінен ұстай алды:
- Мақсат бар менде.
- Аты-жөнсіз далақтап жүрген кім сонда?
- Мен өсу жағын ойлап жүрмін, ақымақ!
Қақа Бошқайдың қолын қағып жіберді.
- Өсетін адам адал, періште болуы керек. Екеумізге билік тисе, мына жерді
бір-ақ күнде өртеп жібереміз.
- О, қатыгез! Өзін-өзі аямайтынқатыгез!
- Сондықтан да жаңағыдай ойдан аулақ бол. Қаға берісте қалбиып күніңді
көрсең жетеді саған. Жұртты құдай сені мен менен сақтасын. Біз жердүниені қараң қалдырамыз.
- Неге-ей? Адам емеспіз бе сонда?
- Адамбыз. Адам болғандықтан ет пен сүйегімізді сайтан жайлап алғанын,
тым болмаса осындай мас болған кезімізде мойындайық та. Есіміз кірген
соң бəрі ұмытылады.
Бала таң қалды. «Мыналар өздерінің оңбаған екенін біледі екен ғой.
Сұмдық-ай... Өздерінің оңбағандығын біле тұра қалай өмір сүреді?»
Саламат келген соң, екеуі тамақтарын ішті де, далаға шығып төсектерін
салып жатып қалды. Іштегілер енді арақ ішуді қойған, ортаға ақша тастап
карта ойнап жатыр.
Көк төрінде мың сан жұлдыздар, балбұл жанады, моншақ-моншақ алтын
сəулелер қазір-қазір тамып кететін сияқты; шаңытып жатқан ақ жолақтың
бойымен жалғыз жұлдыз барып-барып көрінбей кетті. «Жұлдыздар сияқты
биікте тұрып балбұл жанса»,  деп ойлады бала.
Күндіз əбден діңкелеген бе, жігіт бірден ұйықтап кетті. Ертеңнен қара кешке
дейін кетпен сүйрету, əрине, оңай емес. Саламаттың айтуынша: «Жер
адамның маңдай терімен көгереді». Бала осының мəнін терең ұға қоймаса
да, жұмыс істемей болмайтынын пайымдай алады. Біреудің бидай өсіріп,
біреудің мал бағып далақтайтыны жерді көгертуге деген іңкəрлігінде.
Сондай құштарлық мұның өзінде де бар ғой. Көкейтестіні  ауыл шетіндегі
жалғыз көшет өсіп, мың бұтақ жайса, айналасында алма ағаштары,
қарағайлар мен қайыңдар мəуелеп бүкіл далада ну тоғай жайқалса...
Жігіт күбірлейді. Сірə, түс көріп жатыр. Бетінде ай сəулесі лүп-лүп етеді.
Айжарық ұйқыдағы жігітке елжірей қарады. Бошқай сұмырай ғой, мұны
сыртынан мазақ етеді. Əуейі дейді. Есі дұрыс адам көр-жерді жазып бас
қатыра ма деп күледі. «Батыр бала туралы аңыз» көр-жер ме? Əнеугүні
бұған жігіттің өзі оқып берген ертегілері мен өлеңдері ше?.. Ол оқып
отырған кезде жан-дүниенің шаңқай түстегі күннің қызуы балқытып, бірде
самал өбіп, бірде мөп-мөлдір айдында жүзіп бара жатасың. Енді бірде жел
жетпес жал арғымақпен ағызып таулар мен теңіздердің үстінен қарғығаның
қандай... аздан кейін қара табанына тас батып жер шарын аралап келе
жатсаң, алдыңнан ажары айдай таң күтіп тұрады. Күнді айнала
сапырылысқан мың сан адамдарға гүл шоқтарын лақтырып, оларға
адамзаттың ерлігі жайлы салатын əнің өз алдына. Жер бетіндегі дұшпан
біткенді темір қорғанмен көгендеп, үстеріне тау құлатып жіберетінің ше?
Осыдан соң дүркін-дүркін жылы жаңбыр жауып, көкорай шалғын дүрілдей
жөнеледі. Дүние күміс күлкілермен ұйықтап, күміс күлкілермен оянады.
Ойда құрақ; қырда қызғалдақ сөйлейді. Айдындар үстінде аққулар,
сеңгірлер қасында қырандар айтады өмір жырын. Көк тоғайлар мəуелеп,
ағаш біткен əсемдіктің əуезін шертеді. Ұшы-қиыры жоқ ақ бидайдың
масақтарына тіршіліктің лебі есіп күллі дүниеде ізгілікке, тыныштыққа
ұмтылады...
Саламаттың жазғандары осылар. Саламаттың жазғандары мұны қуанышқа
бөлейді, оны тыңдаған баланың өмірге деген сүйіспеншілігі кең дүниеге
сыймай кететін.
Шатырдың ішіндегілер гүж-гүж. Бала көрпесін түре бүркенді де, тымтырыс
қалды.
Азанда машинаның дүрілінен оянған бала үлкендердің əңгімесін түгелдей
естіді.
- Бошқай, сен ренжіме, картаның заңы қиын,  деді Қақа.
- Ұтқызғаныңды бер.
- Айлыққа дейін шыда.
- Бөліп-жармасаң оған да көндім. Əкелші қолыңды. Бітті. Енді мен сəл көз
ілмесем өліп кетемін.
*
*
*
Ертеңгі шай сəскеде ішілді. Қақа өлген адам секілді тырп етпейді. Саламат
шайға қарамастан егін жайға ерте жөнелген. Бошқайдың көзі қып-қызыл. 
Қанша ұтқыздың?  деді əйелі.
- Не?
Əйел жым болды.
- Одан да балаңды жайлауға дайында,  деді анау гүж жетіп.  Келісіп келдім...
Ақысын қолма-қол əкеліп береді.түсіндің ғой.
- Жібермеймін...
- Əй,  деді енді Бошқай Айжарыққа жер-жебіріне жете қарап.  Жайлауға
бармадың бар ғой, ана қақпастан алған сағатың мен алма ағашының
бұтағын тып-типыл етемін.
Баланың көзі шарасынан шығып кете жаздады.
- Барайын,  деді даусы дірілдеп.
Əрине, барасың.
- Адам осыншалық қатыгез бола ма, құдай!..  Əйел жаулығының ұшын
көзіне апарды.  Біз неңді алдық, Бошқай?!
- Немді алушы едіңдер. Сендердің қолдарыңда не бар.
- Жалғыз балам ғой, жалғыз емес пе?
- Мен аман болсам, тағы табасың,  деді Бошқай мырс етіп. Сонан соң түсін
суытып ала қойды.  Малтаңды езе берме енді, айтылған сөз орындалады.
Айжарықтың басы зеңіді. Ұрттап отырған шайын қайта лоқси жаздады. Əпсəтте екі шекесі ысып шыға келді.
«Оңбаған, сұмырай,  деп ойлады бала,  сұмырай-ай. Өсейін, өскен соң
көрермін сен жексұрынды».
*
*
*
Айжарық ауырып қалды. Екі шекесі солқылдап бас көтере алмайды. Асқа
зауқы жоқ, аузынан қара су төгіле береді. Шешесі жағдай біле келген
бригадирдің машинасымен орталыққа айлық алуға кеткен. Қақа аң қарап
тауға жөнелді. Сушылар егін жайда. Бала жалғыз. Дүрсілдеп таяп келген ат
тұяғының дыбысы естіледі.
- Кім бар-ау,  Сəлімбай атасының даусы.
- Ата.
- Е, қалқам, жалғыз ба едің?
- Апам орталыққа кетті.  Бала ақ орамалмен таңып алған басын əзер қозғап
шатырдың аузына жақындады.
- Балам-ау ауырғаннан саумысың?  Шалың домалап түсіп жатыр атынан.
- Көзің ішіне кіріп... Күн өткен... Тəуірсің бе енді?
- Жүрегім айниды.
- Запыран. Сол түссе құлантаза айығар едің. Қол салып көрдің бе?
Айжарық тұнжырады...
- Ата, мені жайлауға жібергелі жатыр.
- Көңілің шаппаса бармаймын деп айтпайсың ба?
- Онда сағатым мен алма ағаштың бұтағын тып-типыл етеді. Сіз білмейсіз
Бошқайды.
- Атаңа нағлет-ай, қимай отыр екенсің, ə. Атасының көрі... маған сен.
Қайтып келгеніңше көзімнің қарашығындай сақтаймын, өлмесем сол. Еш
алаңдама, ұлым,  деді.  Ауыл кетіп барамын, кемпірдің көже-қатығын
қазанына салып, көңілі жайланысымен қайтам ғой жата бермей. Саған
əдейілеп ат басын бұрғаным. Қақаның мəтесекелінен күрке тауық көргенің
рас қой əнеугүні.
- Айтпадым ба сізге.
- Мен бұл иттің ісін Ауыл Советке жеткізейін. Жатсам-тұрсам көкейімде
көлденең тұрып алды. Сақалды басыммен барсам сенер, сенбеген күнде
ауданына дейін барам. Бұл иттің айыбын бетіне баспай, сірə, атаңның көңілі
көншімес.
Айжарық қуанып кетті.
- Көрінген көлденең көк аттының зорлығына қашанғы шыдаймыз. Қашанғы
кешіре береміз. Бұдан арғыға төзімім жетпеді. Іште шемен болып шыр
айналған талай күнгі запыран еді, ақыры сөйлетпей қоймайды. Ал енді
қайыр қош.
Шал атты борбайлап желе жөнелді.
Баланың көңілі босады; көздің түбі шымыр-шымыр қайнап, дүние
бұлдырап қоя бергені; бозалаң сағым үстінде қылышын жарқылдатып
Чапаев шауып бара жатқандай. Ə, жоқ, ол Сəлімбай атасы ғой. Қақаның
бетін аймандай қылады атасы. Оған сол керек. Тып-тыныш жазық дала,
момақан биік тау, мөлдір су, көгілдір аспанға Қақа сияқты жаман адамның
қажеті қанша.
Айжарық алақанындағы сағатына қарады. Қасиетті аманат қандай аппақ!
Өлсе өлер, бірақ сағатты жоғалтпайды. Ол көкірек тұсын мəңгі жылытып
тұрады.
«Мейлі,  деп ойлады ол,  барайын жайлауға. Бақсам бағайын қойын.
Сағатым мен көшетімнің амандығы үшін бəріне шыдаймын».
Сушылар келіп оралғанда бала ұйықтап жатқан. Саламат оған мейірлене
қарады. Аузы сəл ашылып, маңдайы шып-шып терлеп, тəтті ұйқы құшағына
енген көлеңкесіз сəби жүзі қандай сүйкімді. Моп-момақан, уыздай пəк. Өзге
дүниені сəт есіңнен шығарып баланың балбыраған жүзіне қарап отыра
бергің бар. Өмір дейтін шым-шытырық аласапыранның бүкіл ұлылығы бала
келбетіне ұялаған. Алған тынысындағы кеңдікті, еркіндікті айтсаңшы. Жан
түкпіріндегі тебіреністеріңді оятатын періштенің өзі...
 Сəл көз шырымын алып алайыншы,  деді Бошқай.  Басым түсіп барады.
Жатты. Жатқанмен кірпігі айқаспады. Іші əлем-жəлем. Қақаға ұтқызғаны
өзегін өртеп барады. Бақандай үш жүз сом! Бір ай соры қайнап тапқан
еңбегін енді біреу қалтасына салады, неткен қорлық. Осындайда кассада
ақшасы жатса ғой. «Əй, сорлы əкем,  деп қамықты енді,  шапағатсыз өткен
сорлы. Қанша жыл түйе бақтың, барыңның қызығын екі туып бір қалғандай
Иірсудың елі көрді. Мені ойладың ба? Ойласаң тапқан-таянғаныңды неге
шаштың?» колхоз түйені түгел етке өткізіп, əкесі сиыршыларға қосылып
кетті. Сиырдың өзін он жыл бақты ғой. Соғыстың біткеніне біраз жыл өткен.
Бошқайдың есі кіріп қалған кезі. Ұзақ жыл үзілістен кейін ақсақ бухгалтер
жұртқа алғаш рет еңбекақыларын үлестірген. Енді ойлап отырса колхоз
кеңсесіндегілер білгенін істепті. Елге еңбекақы жазылады, айтылады, бірақ
берілмейді. Сөйтсе, кеңседегілер бөліске салып келген. Оны біліп жатқан,
маңдай тер, табан ақысын іздеп жатқандар жоқ. Бұл не деген дарақылық
десеңші.
Осылай қашанға дейін кеңседегілердің өздері бүлдірді ғой бəрін. Əркім өз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 08
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.