Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 14

Total number of words is 4107
Total number of unique words is 2216
33.4 of words are in the 2000 most common words
47.6 of words are in the 5000 most common words
54.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Шешімді аудан бекітіп қойды. Кеңсеміздің іргесі болса көтеріліп жатыр.
- Бір ауыз ақылдасуға болмайтын ба еді.
- Кіммен. – Мəдімардың енді езуіне кекесін пайда болды. – Қоя тұрыңдар,
əуелі Көпжасар келсін дейтін бе едік.
- Жұртпен ақылдасу керек емес пе? – Көпжасар қабағын шытты. – Жұрт
егініңді өсіреді, малыңды аман сақтайды, бір ауыз ақыл қосуға құқы жоқ па?
- Жə, оны қоя тұр. Майда-шүйдеге көңіл жыртысқанша көшудің қамын
ойласалық.
- Не десең де мен жұртқа Қаракөзден көш деп айта алмаймын.
Көпжасар қамшысын алып, сыртқа шығып жүре берді. Қайрылып қараған
жоқ. “Қап! – деді іштей, - Қап!.. Суы атқылап үйіңнің айналасы көгеріп
тұрмаса, несіне қоныс? Жо…жоқ, жер жаннаты жалғыз Қаракөз демейді
Көпжасар. Ана екі колхоздың мекені біріне-бірі ұласқан бұлтың-бұлтың
терең сайда, жер суы жақсы болғанымен, тарлығынан үлкен ауылға ірге
бола алмайды. Қолайлысы Қаракөз емес пе? Қаракөз тұрғанда қара
жусаннан өзге қылтиып шөп өспейтін қу тақырға үй сала ма адам?”
Жиналысқа Қаракөз аулының тірісі келді. Əуелі Мəдімар, партия
ұйымының хатшысы Өмірзақ, одан кейін алдын-ала дайындап қойған
адамдар сөйледі. Бəрі бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай. Бəрінің
айтқаны:
жеделдете көшу керек.
Жұрттың арасынан дауыс естілді:
- Өкімет тек Қарасорға көшіңдер, Қарасорға көшпесеңдер болмайды
демеген шығар.
- Үйсінбай ғой мынау.
- Бар, мінбеге шығып айт, бар!
- Сенен басқа Қаракөзді айтып сөйлейтін де адам қалған жоқ, - десіп жұрт
Үйсінбайды кеу-кеуледі.
Қиық мұрты жыбырлап Үйсінбай мінбеге көтерілді. Əуелі төрдегі қызыл
мауыты жабылған үстелді жағалай отырғандарды көзімен сыдыртып өтті.
Неге екенін Көпжасар төмен қарады.
- Менің өздеріңе, əктіптер, қоятын сауалым бар. Көшу керек, жеделдету
керек деп жатырсыңдар, ау, сонда бабамыздан əкемізге, əкемізден бізге
қалған үйді қайтеміз? Кеңес өкіметі құрылғанда, кешегі Жанбота,
Қойшыман болып жабыла жалаң аяғымызбен лай айдап салған
баспаналарды не істейміз?
- Бұл шаруаның арнайы қаулымен жасалып отырғаны саған айтылған жоқ
па? – деді Мəдімар сазарып. – Кері кететіндерің не осы қараптан-қарап.
- Сен, Мəдімар, бізге сырттан келдің. Қаракөзде не болып, не қойғанынан
хабарсызсың. Мына күнге жетіп отырғанымыз – осы құтты қоңыстың
арқасы. Ол бізді сақтады, жұрт Қаракөз бен Сарыағаштың жырын айтып
өсті.
Қаракөз бен Сарыағаштың жырын үрім-бұтағымыз да айтуға тиіс.
- Айтарың сол болса, орныңа отыр, - деді Мəдімар.
- Əй, Мəдімар, Қаракөздің жұрты қаулыны бетке ұстап бас ал десе, шаш
алатын талай-талай кезеңнен өткен. Содан небір асылымыз жоғалды. Қуып
келе жатқан жау жоқ, енді не істесек те ойланып барып істелік, өз басым
Қаракөзден көшпеймін.
- Сенсіз де бірдеме болар, жарайды енді.
Үйсінбай төрдегілерге тағы да жағалата көз тастады. Көпжасар сол
баяғысынша жерден көз алмай отыр.
- Осы сендердің əу десе болды, алды-арттарыңа қарамай далақтап шаба
беретіндерің не осы? Бір уақ ойланатын кездерің бола ма? Нұсқау болса, сол
нұсқауға пайдалы жағын неге қарастырмайсыңдар? Сендерге сеніп отыр
ғой.
- Жə, өзгелерге кезек бер.
Үйсінбай мінбеден түсіп кетті. Көпжасар сонда ғана бас көтерді. Үйсінбайға
қарады. Үйсінбайдың даусы… “Ал, сен неге үндемей отырсың? Біздің
медеуіміздің бірі өзіңсің, сөйле енді. Қаракөз бен Сарыағаштың жырын осы
күнгі тірі жүргеннің сенен көп айтқаны жоқ. Неғып ұрлық қылған баладай
жасырасың, əлде қорқамысың? Құдай-ау, сендерге адалдықтан гөрі ат белі
қымбат па? Өз сөздеріңді қашан айтасыңдар? Дұрысты – дұрыс, бұрысты –
бұрыс десеңдер, бөріктерің қисайып қала ма, тегі? Қаракөз сияқты жұрттың
мекендеуіне, шаруаның дөңгеленуіне қолайлы құтты қоңысты тастау зиын
екенін керек жерде неге айтпайсың? Кəне, белсендім, біз саған қарап
отырмыз, сөзің өтеді деп отырмыз. Біз сияқты қармаған жерді айналып, бір
ізбен барып, бір ізбен қайтып жүрген жоқсың. Егіс десе егіс, мал десе малы,
Қаракөздің сенің қолың тимеген қай шаруасы бар. Жанбота, Əйтеке,
Қойшымандардың, бүкіл Қаракөз жұртының атынан біз еш нəрсе
сұрамайық, азды-көпті еңбегімізді елесеңдер, жалғыз өтінішіміз –
қонысымыздан қозғай көрмеңдер деші. Нағыз орталықтың орны осы екенін
сал естеріңе, кəне?!.”
Көпжасардың басы дыңылдап кетті. Ол мінбеде шығып-түсіп
жатқандардың не сөйлеп, не қойғанын естіген жоқ, өзімен-өзі. Жалғыз
Үйсінбай емес, жұрт түгелдей осыған қарап отырған секілді. Анталаған
жүзсан жанардан жасырынар жер таппады. Қаракөзден жұрттың көшетін
болғанына дəл бір өзі кінəлі секілді.
Мына жұртқа қалайда бір сөз айту керек. Қаракөздің тағдыры шешіліп
жатқанда, тіс жармай қалай кете алады? Сондағы айтатыны не?..
Көпжасардың қиналған жері де осы болды. Көшпе деуге орталықтың орны
белгіленіп, шешім қабылданып, кеңсенің іргетасы қаланып қойғаны анау.
Қосылатын екі колхоздың алды үй салуға кірісе бастаса керек. Көш деуге…
Бұдан гөрі, тағдыр-ау, Көпжасарды ойыңа келген азапқа салмадың ба?
Бұдан гөрі неге топырақ арқалатып, дүние кездіріп қоймадың? Қандай
қиындыққа салсаң да қабағын шытып, қабырғасы қайыспас еді.
Жанындағыларға жағалата көз қиығын салды. Мəдімардың оң жағында
үстелге екі елі жетпей мықыр Қыният отыр. Албасты…
Комиссия құрамына басқа адам таппағандай соны қосқандарын
көрмеймісің. Бұл иттің Қаракөзді аузына алмағаны несі? Көз бар ма өзінде,
жоқ па? Япыр-ау, осының ісі неге үнемі қисық, неге үнемі жұрт алдында
көлденең жүреді? Білгені сол ма, əлде əдейі істей ме? Тірліктің тағы
осындайларға жасайтын кеңшілігі де мол. Кеше бастық болып еді, бүгін –
бас бухгалтер. Бұл тағдыр ел мен жер-судың тағдырын шешуге келгенде
Қынияттардың не себепті жолы бола береді?!
Əлдекім айғай салды.
- Оу, Көпжасар сөйлесін, Көпжасар неге сөйлемейді?!
Мінбеге шығып алған Көпжасарға көп көз сынай қадалды. Өзге айтса да
көшіңдерді сен айта көрме, Көпжасар, дейтіндей жұрт. Онда өзіңді де, бізді
де жер еткенің. Онда Қаракөз – Сарыағаштың киесі атады бізді, онда
Жанбота, Əйтеке, Қойшымандардың рухы…
- Қаракөзден… - Көпжасар сөзін іркіп, төрге бір, залға бір қарады. - Өзім
көше алмаймын.
Одан басқа сөз айтқан жоқ, қайрылып орнына да келмеді, қонышындағы
қамшысын алып, сыртқа шығып жүре берді.
Жер қарайып, күн жылынып, өзінің бəз-баяғы тіршілік тынысымен көктем
өтіп бара жатты. Жұрттың бірен-сараны болмаса, орнынан қозғалар
сыңайлары жоқ. Кеңседе күнде керіс, күнде дау. Мəдімар Көпжасарға
қадалады: “Сен саясатқа қарсы шықтың, жұртты үгіттеп көшірмей отырған
сен, - деп тиісті. – Байқа, Қаракөз, Қаракөз деп жүріп басыңнан айрылып
қалма?!”
Арада тағы бір қыс өтіп, тағы бір көктем келген.
Жұрттың қозғалар түрі көрінбейді. Қозғалғанды айтасың, үйлерінің кеткен
жерлерін бүтіндеп, қайта оңдай бастады.
Бұл кезде колхоздың кеңсесі жаңа орталыққа қоныстанып үлгерген.
Мəдімардың үйі былтыр-ақ салынып бітіп, қолма-қол көшіп кеткен. Қыният
сияқтылар да уақытша деп бір-бір жер там тұрғызып, со жылы қоныстанып
алды. Қазір негізгі үйлерінің қабырғасын көтеріп жатыр.
Қаракөз ауылы – осы күні бөлімше. Басқарушысы – Көпжасар. Нұсқау алу,
есеп беру үшін екі күннің бірінде атын ақ көбік қылып жаңа орталыққа
барып тұрады. Құлазыған қу далада ербиген-ербиген үйлер, шұқыр қазып,
лай шылап, кірпіш құйын жанталасқан бала-шаға. Сонау Күркіреудің
суынан бері арық тартқан болыпты, ол суды жол-жөнекей шөл топырақ
сіміріп, сыздықтап, əзер жетіп жатыр. Лай шылап, кірпіш құятын
шұңқырларын суға толтыра алмаған жұрт комиссияны қарғап-сілейді.
“Ындыны жарымағандарай! – деседі. – Шөл далаға қызық қағып… Өлсе,
көрлерінде өкіргір”. Ат басын тежеп, құлақ түріп тұрсаң, талай əңгіме
естисің. Талай əңгіменің түйіні – орталықты белгілеген адамдар – аулымыз
ауданға жақынырақ болсын, бірігетін колхоздардың дəл ортасынан
салынсын, яғни, ешкімге өкпе болмасын деп қана ойлаған.
Көпжасар бұл сөздердің қайсысын ұстарын білмейді. Шынымен ол неге
Қарасордан салынды? Ойлайтын, ойлайтын да, ол ойдың ұшығына жете
алмайтын.
Бүгін ертелеп келіп еді, Мəдімар ауданға жүріп кеткен екен, келгенімді
күтсін деп тапсырып кеткен соң, кеңсенің маңында жүрді де қойды. Кетіп
қалуды бір ойлап, ананың айғай-ұйғайы есіне түсті де, не де болса тоса
тұруды жөн көрді.
Бұрнағы жылы Қаракөз аулының қойы қыстан аман шығып, Мəдімардың
беделі шырқап тұрған. Ақиқатының өзі мұны іріленген колхозға бастық
еткен сол жылғы малдың аман шығуы еді. содан бастап Мəдімардың аты
ауызға іліккен: жиындарда оның ісі өзгелерге үлгі-өнеге ретінде айтылып
жүрді.
- Біздікі не, біздікі солақайлық еді ғой, жұмыс Мəдіекеңдікі, - деп Қыният та
екі кісі бас қосса сөз қыстырып қалады.
Колхоз іріленген соң ол бас бухгалтерден қатардағы есеп қызметіне
ауысқан; бірақ баяғы белсенділігі бар, басшылар бас қосқан жерге кіріп
кетіп, аналардың сөзін демеп отырады. Оған “Осы сіз ары жүріңізші”, - деп
жатқан ешкім жоқ. Қайта Қыният жоқ болса, басшылар бірдеңесін
жоғалтқандай жан-жақтарына қарманып, алаңдап отырады.
Осы күні Қаракөзде екінің бірінің қарғайтыны – осы Қыният. “Бізді
Қарасорға көшірген сол”, - деп отырады. Оған айтылған сөз бұйым емес.
Көпжасарға жолыққан сайын: “Ешкімнің еш нəрсесі құрғамайды, жұрт
көнбесе бар ғой, айтпады деме, сазайын сен тартасың”, - деп саусағын безеп
қояды.
Көпжасар суы сыздықтап, лайланып ағып жатқан арықтың жағасына
отырып жатып, кеңседен шығып өзіне қарай келе жатқан Қыниятты көрді. Ой, отырмысың?
- Енді күтсін депті…
- Осы бастан айтып қояйын, маңдайыңнан сипамайды.
- Сондағысы не?
- Білмейтіндей сөйлейсің. - Ал!
- Ежірейме, - Қыният қатар келіп жайғасып, езуіне темекі қыстырды. – Осы
сенің не ойлағаның бар?
- Қай ойымды сұрайсың?
- Айтылды, айтылған соң істей бермеймісің?
- Жұртты көшпеңдер деп үгіттеп отырғаным жоқ мен.
- Өзіңнің қозғалмағаның - өзгелерге жүргізген үгітің.
- Мен ешқашан жұрттың дегеніне көлденең тұрған емеспін жəне
тұрмаймын да.
Мен осы сені өмір бойы түсіне алмай қойдым, Көпжасар, түсіне алмадым…
Іздегенің, көксегенің не?
- Жұрттың көкейіндегісі мен көңіліндегісі.
- Ойбай, оның қай ұшығына жетесің. Өзі қысқа ғұмырды жұрттың
анамынасына рəсуа еткенде, барар жерің көп болса ұшпақ шығар, ал
ұшпаққа шыққан ешкімді өзім көрмедім.
- Мен ұшпақ іздемеймін, Қыният.
- Сонда саған не керек?..
- Ештеңе де. Ел-жұрт, жер-су аман болса, шаруаның бір жағында
үстібасымызды шаң басып жүрсек, одан өзге ештеңенің қажеті жоқ.
Екеуі де үндемей біраз отырды.
- Қыният, сенен сұрайтыным бар, - деді Көпжасар ананы иығынан түртіп. –
Сен ғой, комиссия болдың орталыққа, мына қу медиен, қара жусанның
таңдалғаны қалай?
- Мен не?.. Мен, əйтеуір, ішінде жүрдім.
- Қаракөздің ең қолайлы орын екенін неге айтпадың Мəдімарға?
Қыният үстін қаққыштап:
- Əңгімелесейін десең, өстіп ананы-мынаны тəптіштейсіңдер. Кісі жуи ма
сонан соң… Барып ішкен-жегендеріңді есептейін, - деп орнынан тұрды.
*
*
*
Мəдімар бесін кезінде бір-ақ оралды. Келген бойда көзіне көрінген
белсендіні жинап алып, бірден Көпжасарға шүйлікті.
- Неге көшпейді жұрт?
- Жағдайларына қарап жүрген шығар, - деп күлімжіді Көпжасар.
- Ауданның жан алқымға алып жатқаны анау, не сонда, сендер үшін мен
жеуім керек пе таяқты. Басқаны қойғанда, білдей басқарушы сен неге
отырсың қозғалмай?
- Мен айтқам сөзімді.
- Бұл қылығыңды аудан білмейді, білсе… Амал жоқ, біз айтқанын істейміз.
Алдымен орныңнан босатуға мəжбүрміз.
- Оны өздерің біліңдер, бірақ мен сөзімді қайтып алмаймын.
- Кімде қандай ұсыныс бар, жолдастар? Райысовтың мəселесін шешуіміз
керек.
Мəдімар мұның жүзіне ұзақ тесілді. Ақырында бақпасына көзі жетті ме,
əбден көңілі қалған қалып танытып, бұған бір қырындады.
- Жарайды, Райысовтың мəселесін бірдеңе етіп шешерміз, - деді сонан соң
отырғандарға жағалата көз тастап. – Қазір бізге жұртты жеделдете
көшіретін бірдеңе ойлап табу керек. Кімде қандай ұсыныс бар?
- Маған рұқсат па? – Босаға жаққа жайғасқан Қынияттың қолы
көтерілгенде, саусақ ұштары жанында отырғандардың төбесінен сəл-ақ
асып көрінді. – Оның мынандай амалы бар…
Жұрт түгел еңсеріліп Қыният жаққа бұрылды.
Дереу мектепті бұздыру керек, - деді ол. – Балаларын қайда оқытарын
білмеген жұрт көшпек түгілі жүктерін жаяу тасиды. Көпжасардың басы
зеңіді. “Мына сөздерді шынымен-ақ өз құлағыммен естіп отырмын ба?” –
деп күмəнданды. Көз алдына заматта сонау бір өмір өткелі келді…
Сол бір жазында Жанбота бастаған ауылдың үлкендері бас қосқан. Бұл бас
қосу Құттымбеттің Қарқабатының мұғалімдік курсты бітіріп келуіне
байланысты болатын. Жанбота сөз алған, сөз алған да: “Ал, ағайын,
Қаракөзден де, міне, мұғалім шықты, көксегендерің қол жетпестей болып
жүрген қара танып, хат жазу еді, кəнеки, сөзіме құлақ қой. Бір жеңнен бас,
бір жеңнен қол шығарып, мектеп салайық.” Отырған жұрт осыған уағда
қылысты.
Мезгіл тұқым себіліп бітіп, күннің бірыңғай ыси бастаған кезі еді,
балақжеңдерін түріп алған жұрт бала-шаға демей топырақ шылап, іске
кірісіп кетті. Қаракөзде бұған дейінгі салынғанның барлығы соқпа еді.
Мына жолы Жанбота өзі бас болып мектеп үйін кірпіштен салуды ұйғарған.
Ол кірпіш құюды сонау жылдары Ресейге оқуға барғанда көрген екен.
Орынбай ұстаға айтып отырып, бірнеше қалып жасатты.
Жұмыс шапшаң əрі көңілді жүрді. Бір жақта топырақ шыланып, кірпіш
құйылып, бір жағында мектептің қабырғасы қаланып жатыр. Бұл өзі
ауылдағы астық қамбасынан кейін салынып отырған үлкен шаңырақ еді.
Мектеп үйі күзге қарай бітіп, жұрт бозқасқа əкеліп шалды. Сол күні олар:
"Жақсы тілеумен, игі ниетпен салып едік, балаларымыздың көзін аш,
көңілін ағарт; іргең шайқалмасын, кірпішің құламасын. Қаракөз жұртының
тілегін көтеріп тұра бер!" – деп ақ батасын берді. Сол күні Көпжасар,
Үйсінбай сияқты балалармен қоса Қыният сияқты бозбалаларға дейін
мектеп көріп, Қарабат мұғалімнен "А" деген əріпті үйреніп қайтты. Сол күні
Жанбота көкпар берді…
Мыналар енді, міне, Қаракөздегі тұңғыш мектепті бұзбақ, аш-жалаңаш
жұрттың табан ақы, маңдай терімен салынған, тілегін көтеріп келген
мұраны тып-типыл етпек.
- Мектепті бұзбайсыңдар! – деді Көпжасар. – Бұзып көріңдер!
- Оны сенен сұрамайды ешкім. - Мəдімар мырс етті.
- Ол Жанботалардан қалған мұра, Мəдімар. Ел болғанымыздың белгісі.
- Көрдің ғой. – Бастық партия ұйымының хатшысы Өмірзаққа қарады. – Ал
өзі коммунист…
- Мəке, сол мектепті бұзу соншалық керек пе? – деді Өмірзақ. – Қоя тұрсақ
қайтеді?
- Жоқ, енді қоя тұратын басым екеу емес, бұл бұзбаса ертең трактор жіберіп,
тегістеп тастаймын, көрсін қалай талқандалғанын. Анау қамбаны, клубты
түгел бұздырам.
Мəдімардың сұрына қарап Көпжасар анау ертең трактор жіберіп, барды
күл-талқан етуден тайынбайтынын білді. Маңдайынан бұрқ етіп суық тер
шықты.
- Баяғыда сөйту керек еді, - деді Қыният тамағын кенеп. – мектепті былтыр
құлатқанда жұрттың көбісі бері тұра қашатын еді, создық келіп…
Сіз қоя тұрыңызшы, - деді Өмірзақ. – Ойласалық… жұртқа түсіндіреміз.
- Əй, солар түсінбейді ғой, милиция апармасаң.
Өмірзақ ананы ала көзімен атып жіберді.
- Сіз, немене, ақыл-естен айрылдыңыз ба?
- Жарайды, - деді амалы құрыған Көпжасар Мəдімарға қарап. – Мен
сөйлесейін жұртпен. Жалғыз-ақ тілегім – трактор жіберме. Бұздырма…
Сөйлесем…
- Бұл енді басқа сөз.
Орталықтан шыға ат басын жіберді… "Ақымақ, бұзу керек, талқандау
керек… Көзді ашып-жұмғанша Қаракөз жұртының алғаш жер жыртып,
тұқым сепкен, аштықты жеңген, ел болып еңсе көтерген тарихын
трактормен таптап, үйіндегі айналдырта салмақ. Имансыз!.."
Қаракөзге жеткенше ат басын ірікпеді. Көңілі əбден құлазып Үйсінбайдікіне
келсе, ол тракторын жөндеп жатыр.
- Амансың ба?
- Ə, кел, - Үйсінбай қол созды. – Атыңды ақ көбік қылып… Жаңа көшеге
барып қайттың ба, немене?
- Əй, қойшы… Жөтелің қалай?
- Өлмеймін əзір. Қаракөздің тұқым себуге жарайтын жерін түгел жартып
бітірмей өлмеймін. Ал енді өз жөніңді айтшы, қабағың неге қатыңқы?
- Көшу керек, Үйсінбай. Онсыз бəрінен айрыламыз. Мектепті, қамбаны,
клубты қиратқалы жатыр.
- Қиратқаны несі?
- Сонда амалсыз көшеді деседі…
Екеуінің де тілі байланған. Өткен жылы Үйсінбай: "Неге үндемейсің? Бұл
жерде үрім-бұтағымыз қала салады, суын Ақ Жайыққа айналдырады деуші
едің ғой, қайталашы қазір соныңды. Неге үндемейсің? Мына жердің иесі
біз, оның тағдыры біздің қолымызда дейтінің қайда? Сен малды аман алып
қаламын деп, алты ай қыс ат белінде жүргенде бұл жақтағылар жұртты
Қаракөзден көшуге дайындап қойды. Көпжасар не айтады, Көпжасармен бір
ауыз сөйлеселік деген ешкім болған жоқ", - деп жер-жебіріне жетіп еді, бұл
жолы үнсіз қапты. Мажыраның бүлдіргенді сайына бұрып кіретін Мықидың
жотасындағы көк жасыл егінге тесіліп қатып қалыпты. Баяғыдан етене
таныс бір əуенді ыңылдайды. Шемен көңілдің шегінен сұңқылы бара-бара
аруанадай аңырап қоя берді:
"Ескіден қалған бір сөздің
Айтайын жұртым жобасын.
Ілгері сонау заманда
Ұмытып пенде тобасын,
Қазанаттың үстінде
Екі аяғы салақтап,
Аш бөрідей жалақтап,
Сүйегіне аң-құстың
Толтырды қырат-жотаны.
Тауда бұта қалмады,
Жырада жайрап тобылғы…
" Үйсінбай даусын іркіп ала қойды.
- Бұзуды шығарып жүрген кім?
- Қыният.
- Иттің ғана баласы-ай. Ана жылы мүлт кеткенімді көрмеймісің? Ау, бұл
кешегі Əйтеке, Жанботалардың əруағын қорлау ғой… Екеуі ұзақ отырды.
Ақырында Үйсінбай:
- Бəрі біздің көшуімізге қарап тұрса, жұртты жи. Бірде-біреуіміз қалмайық,
тек анау ағаларымыздың мұрасына қол жұмсатпалық, солай тұра берсін.
Қаракөз аман болса, бəлкім, оған немере-шөберелеріміз оралар. Құтты
мекеннің адамсыз қалуы мүмкін емес қой. Олар оралады. Ау, сонда қасиетті
орындарды əкелерден қалған көз деп мəпелеп, сақтар. Болмаған күнде өзі
тозып, өзі құласын. Тек біз талқандамаймыз.
Жұрттың да айтқаны осы болды. Енді олар амалсыз Қаракөзден көше
бастап еді…
- Көпжасар-ау, бірақ оларды бəрібір бұзды ғой, - дер еді Сарыағашқы тіл
бітсе.
- Өкінішке орай сөйтті… Кеудеде өкініш көп қой. Аш жүрсек, жалаңаш
жүрсек, ол – тағдырдың салғаны. Соғыссақ, адамға қарата мылтық кезесек,
қырын кетсек, оған қанқұйлы, қара ниет жау мəжбүр етті. Ал
мұраларымызды талқандау қандай қажеттіктен туды? Соны түсіне алмадым.
- Сенің сонда қандай күйде болғаныңды мен білмеймін…
Көпжасар күрсінді. Қаракөздің жұрты Қарасорға екі-үш жылда түгел көшіп
тынған. Күз кезі ғой. Орақ қызып, Көпжасар алашапқын болып жүргенде,
Қаракөздегі қасиетті орындар бұзылып, ағаштары мал қыстауларына
тасылып, мектептің кірпіші көрінген көк аттының қолында кетіп жатқанын
естігенде, Көпжасар есінен танып қала жаздаған. Ойпыр-ау, тимейміз деп
уəде бергендері қайда? Енді Көпжасар не бетін айтады? Көшсек тимейтін
болды деген еді жұртқа. Бұл не деген опасыздық!
Мəдімардың кабинетіне баса-көктеп кіріп барған.
- Неге бұздырдың, - деді. – Жер тарлық қылды ма саған?
- Жер колхоздікі, - деді бастық. – Не болып қалды сонша?
- Жұртқа берген уəдең қайда?! Алдауға дəттерің қалай барды?
- Жарбиған жаман тамдарға бола неге басынасың, ей? – Мəдімар үстелді
салып қалды.
- Ақымақсың, кісілік жоқ сенде.
- Оу, сенің маған бұлай сөйлеуге қандай қақың бар, неңді міндет қыласың,
діңкілдемей босат кабинетті.
- "Неңді міндет қыласың…" Сендейлерді беліме байлап жүріп, жер
жырттым; мына маңдайыма бейнет тумай жатып жазылған, тумай жатып…
Жан беріп, жан алғанбыз.
- Дүние саған қарап тұрған екен-ау, ə?
Ұстамды Көпжасар бұдан əрі шыдай алмады. Мəдімардың бетіне түкіріп
жіберді.
- Саған керегі осы!
Сол бойы есікті тарс жапты. Сыртқа шыға берісте Өмірзақпен соқтығысып
қала жаздады.
- Көпеке, маған кіре кетіңізші, ақылдасар шаруа бар еді…
- Кірмеймін, қай шаруаны менімен ақылдасып жатыр едіңдер.
- Көпеке…
- Уəде қайда, Өмірзақ? Жұртты көшірсең, Қаракөздегі мектепті, қамбаны
бұздырмаймын дегендерің қайда? Неге алдадыңдар?
- Иə, ұят болды, - партия ұйымының хатшысы сыртқа ілесе шықты. – Сол
жайында Мəдімармен сөзге келіп те қалды.
- Ал мен оның бетіне түкіріп кеттім. Бар, бетін сүрт. "Атасына нəлет!" деп
айтты де, ұмытпа. – Көпжасар атына қарғып мінді. – Енді мені беретін
соттарыңа бере беріңдер.
Ол астындағы атына аямай қамшы басты. Күн бұлттанып тұр еді, былай
шыға жауын нөсерлеп қоя берген. Ышқына шапқан аттың аяғы тайыптайып кетеді, əшейінде Көпжасар абайлар еді, қазір жануардың
жығылғанын қалап келеді… "Заула жануар! Барыңды салып заула. Көрейін
əуселеңді. Күн ашықта еркін көсілу, екілене шабу бəрінің қолынан келеді,
мықты болсаң мынау лайсаңда сүрінбей-жығылмай заулап байқашы!"
Қара нөсер тіпті үдеп барады. Торы ат шатқаяқтап бауырын əзер жиды,
шоқыраққа көшкен… "Ə, солай ма? Көрдің бе, лайсаң жолдың ауырлығын,
батпаққа баттың ба белуардан; титықтадың ғой бəлем. Жайшылықта екінің
бірі ойнақ салады. Жайшылықта бəрі жүйрік. Лайсаңда аттың аты шабады".
Жауынға малынып, Қаракөзге жеткенде бөрте ат та болдыруға айналған…
Көшкен жұрттың орнын ұзақ шиырлады. Сонан соң озып сыртындағы
зиратқа бұрған ат басын. Жақындағанда бөртені жетектеп алды. Жанбота,
Қойшыман, Əйтеке, Жайлаубайдың бейіттерінің басына барып басын иді.
Ол құран оқи білмейтін. Айтқаны: "Қара жердің көсегесі көгерсін деп, қара
қазан, сары баланың қамы деп шыбын жанын қуырып ғұмыр кешкен
арыстар, дəн сеуіп, азаматтың ар-намысы үшін көз жұмдыңдар бəрің, жерсуымызды қорғап, құрбан болдыңдар: жетім-жесірге жарты дəніңді бөліп
беріп жүріп жұмдыңдар көздеріңді. Кешіріңдер мені! Жалаң аяқтарыңмен
лайын шылап, қолдарыңмен қабырғасын сылаған мұраларыңды сақтап қала
алмадым. Өмір жасаудың жанкешті бейнетін айтып, ұғындырып беретін
мұраларыңа бір ақылсыз қол салды. Кеше сендер біткен шаруаға бата беріп
отырып: "Келер ұрпақ – мəуелеп өскен бəйтеректің тамыры – біз. Ұрпақ пен
біздің мəңгі бірлігімізді осы мұралар айтып тұрады деп едіңдер.
Көкейлеріңе соңымыздан келе жатқандар, олардан кейінгілер бəрі өздігінен
бола салмағанын көрсін, тіршіліктің бағасын біліп, қадіріне жетсін деген
мұрат көлденең тұрып еді. Кешіріңдер, мен…"
Аспан мүлде түнеріп алған. Жаңбыр шелектеп төгіп тұр. Дала томсарып,
таудың ұнжырғасы түсіп кеткен. Жердің төсін ұрғылаған ірі-ірі тамшылар
ағын суға айналып, сызат-сызатпен қосылып кетіп жатыр.
"Менің енді қалған жалғыз медетім бар, бауырларым. Медетім өздеріңнен
қалған жанкешті бейнет. Баяғы баяғы ма, қазір астық өсуге жарайтын
жердің топырағын түгел өңдегенбіз. Егін дегенің ұшан-теңіз. Жетілдік,
жеттік.
Аштық-жалаңаштықтан құтылғалы қашан. Кеңес өкіметі бақытқа жеткізеді,
Кеңес өкіметі аман тұрса, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды деуші
едіңдер, енді соның қызығын жұрт көріп отыр, ішкені – алдында, ішпегені –
артында. Сендер рақат көрген жоқсыңдар, өзгелердің бақыты үшін ғұмыр
кештіңдер. Бейнеттің азабын өздеріңмен бірге əкетіп, рақатын бізге
қалдырдыңдар. Солай өлудің өзі бақыт шығар, бəлкім. Армандарың – көп
жасау, көп шаруа тындыру еді. Жұмыр басты пенде: "Бақыт қайда, бақыт
құсын көзіме көрсетіңдерші", - деп басын тауға да тасқа да ұрады. Таппадық
десіп дал болғаны қанша, таптық деп əлдебірдеңені малданып жүргені
қанша. Тəңірім-ау, бақыт деген – тіршіліктің тоқтап қалмағаны, арманның
таусылмағаны емес пе? Сендер ел жетіліп, жер көгеріп келеді, ол ертең
ғажайып заманға ұласады, шіркін-ай, соған сен, - деп армандадыңдар…
Нағыз бақытты ғұмыр кешкен өздерің, бауырларым. Өзгеге күшім жетпесе
де, ендігі жерде рухтарыңды сақтауға күшім жетеді. Бастарыңа қырымнан
көрінетін күмбез тұрғызайын. Үрім-бұтағымыз көрер, көрер де: "Ей, біздің
бақытты өміріміз мына адамдардан басталыпты ғой", - дер. Келем.
Қаракөздің жұртын ілестіре келем. Жабылып бастарыңа күмбез
тұрғызамыз.
Маңдайшаларыңа Қаракөздің алғашқы большевиктері деген жазу ілінеді".
Көпжасар зират басында ұзақ отырды. Жаңбыр киімінен өтіп,
қойынқонышына құйылған. Егер менің де өн бойыма бəле-жалаңның
жұқанасы жуи бастаған болса, жуып кетсін деп ойлады ол. Жаңбырда
сондай қасиет болса ғой. Жаңбырда сондай қасиет болса, жауған сайын жер
үстіндегі бəлежаланы шайып кетіп отырар еді. Əттең, не керек, адам аласы
ішінде, сырты күмістей жарқырап тұрып-ақ, дүниеге ішінен түтін салады.
Ондайлардың ішіне еш нəрсе ендеп кіре алмайды, кірген күнде қат-қат
қалтарыстардан жарық дүниеге қайта шығар саңылау таппай тұншығып
өлесің.
Əбден қас қарайып, жердің миы шығып, су болмаған киімі қалмағанда
барып, Көпжасар алдына лақтырып тастаған қамшысына қол созды.
Торы ат китіңдеп жолға түскен. Сауырын Көпжасар емес, қара нөсер
қамшылап келе жатқандай…
Бұл кезде Мəдімардың кабинетінде Өмірзақ отырған.
Мəдімар терісіне сыймай, аласұрады.
- Қаракөз жұртының талай уақыттан бері көшпей қойғанына да себепші
болған Райысов еді, сөйттің деп бəле қозғадық па үстінен?.. Қой дедік.
Соғысқа қатысқанын ескердік. Ендігісі не? Жоқ, бұдан артыққа мен төзе
алмаймын, - деді ол булығып. – Ал, сен Өмірзақ, олай-бұлай алып қашасың,
сондағың не?
- Райысовтың бұл қылығы, əрине, бұрыс, бірақ, Мəдеке, соған өзіміз
мəжбүр еткен жоқпыз ба осы.
- Бұл – партия хатшысының сөзі емес. Осы сіз бен біз нақты істің
адамдарымыз. Пəлсапаңды қоя тұр.
- Жалғыз Райысовты кінəлау əділдік пе?
- Сонда кінəның бір ұшын менен іздеп отырғаннан саумысың?
- Жұртты алдамау керек еді. Уəде берген соң сөзде тұру қажет болатын.
Мəдімар қолын жайып отырып қалды. Оның ойы: "Өмірзаққа не жоқ?
Неменеге қорғаштайды? Түптеп келгенде Көпжасарға жаны ашып отырған
жоқ шығар. Əңгіменің бəрі оның мұнымен қай істе де мүлде
келіспейтіндігінде, іштей егесінде болып жүрмесін. Екі-үш рет
аупарткомдағы көңіл жақын жігіттерге партия ұйымы хатшысының көп
жағдайда белсенділік танытпайтынын айтып едім, соны естіп кектесіп
жүрмегей. Солай, солай… Əуселесі енді белгілі болды мұның. Қайтсем
мұқатам, қайтсем беделіне нұқсан келтірем деген далбасалық. Тіпті осың
менің орнымды көздеп жүрмесе не қылсын. Сауатын бұлдайды. Оқуы
мықты деп лып еткізіп қоя салуы əбден мүмкін ғой. Міне, міне… Қашан еді,
бір досының: "Биліктен айрылғың келмесе, айналаңды ақылды адамдардан
тазала!" дегені?! Енді соның сөзін құптау керек болып отыр. Алақтамай,
айналаңа түгел сөзіңді өткізу үшін бұдан құтылған жөн. Соның бір қолайлы
сəті туып отыр. Егер Райысов колхоздарды ірілендіруге қарсы шықты, одан
бастықтың бетіне түкірді деп бюроға апарса, коммунистің мына қылығына
жауапсыз қарап жүрген партия ұйымының хатшысының маңдайынан ешкім
сипамайды. Бір рет жаман əсер қалдырдың екен, оңалуың екіталай. Солай
қармаққа өзің келіп түсіп отырсың. Көрейік енді…"
Өмірзақтың ойы: "Сондағы мұның мақсаты не? Райысовты құрту ма?
Қаракөзден жұрттың көшпей қойғанын неге еске алып отыр? Соны бетке
ұстап жағдайды шиеленістірмек сыңайы. Сол шиеленістерден сонау
жылдары есепсіз төгілген көз жасын қалайша тез ұмыта қойды? Егер рас
ұмытса, шынында да, қауіпті адам болғаны ғой. Міне, əңгіме қайда жатыр…
Жо…жоқ, Мəдімар жолдас, партия солақайлыққа енді қайтып жол бере
қоймайды. Ол – келмеске кеткен қасірет. Адамды қажетсінсең, көзді
ашыпжұмғанша сіріңкенің талындай жағып жіберуді ұмыт. Ақ-қараға қара
алдымен. Райысов бетіңе неге түкірді? Өзге ешкімнің емес, сенің ғана
бетіңе түкіргені несі? Өткені сен халықты алдадың, халық қадірлеп,
қастерлейтін мұраны тып-типыл еттің. Шаруашылықты аралап келген
өкілдердің: "Қаракөздің мектебі, қамбасы, клубы, даңғырап əлі тұр, жұрт
қайда көшіп кеткен", - деп қалжыңдаған сөзін шын көрдің, көңіліңе күдік,
қорқыныш ұялады. Сен о баста қорқақ адам едің. Бастық болғалы ешқашан
өздегіңнен əрекет жасаған емессің: көзің бозарып тосатының нұсқау.
Нұсқау беру заңы тоқталса, сен бет алды қаңғып кетесің. Жо…жоқ, мен
саған Райысовты жүндей түткізе алмаймын. Қаракөз жұртының обалына да
қалған сен болатынсың. Комиссия құрамына жер жағдайын білетін
Көпжасарды қосу жөніндегі ұсынысыма құлақ қоймай Қыниятқа ілестің.
Содан бері қанша жыл өтті. Алты ай жаз аңыраған желге еріндері тілімтілім болған жұрт сонау тау сағасындағы жалғыз бұлақтан құбырмен
тартқан суға жарымай дүңгірлерін сүйретіп, шелектерін қаңғырлатып, күн
ұзақ су таситын машинаны тосады. Есігінің алдына көгерген тал, өскен шөп
жоқ. Осы жұрттың обал-сауабы Қыният екеуіңнің мойныңда. Егер менің
қолымда билік болса, елдің жерсуына немкетті қараған, мекеніне қиянат
жасаған екеуіңді тартар едім жауапқа. Екінші етіп жауапқа өзімді тартуды
талап етер едім. Менің бұл өңірге жаңадан келгенімді, жастығымды
пайдаланып кеттіңдер. Алданып қалдым. Енді мені аттап кете алмайсың…"
- Ертең партия жиналысын шақырып, оның жеке мəселесін қара, - деді
Мəдімар Өмірзаққа. – Сосын оны аупарткомның бюросына сөзсіз апару
керек, мен мұны саған колхоздың басқармасы ретінде емес, коммунист
ретінде айтып отырмын.
- Партия жиналысын шақыртып ескерту беруге болады, - деді Өмірзақ. – Ал
енді бюроға апару негізсіз.
- Сен не, мені мазақ еткелі отырмысың?
- Кінəсіз адамды қолжаулық ете алмаймын.
- Қалай кінəсіз? Шаруашылықтарды ірілендіру жөніндегі қаулыны жүзеге
асыруға оның кедергі жасағанын сен көргенсің.
- Біріншіден, бұл – оған таңылған жала, өз басының көшпеймін дегені рас,
бірақ жұртқа теріс үгіт жүргізген жоқ, екіншіден, дəл солай деп ойласақ,
коммунист ретінде Райысовтың ісін неге дер кезінде ауданға хабарлап,
маған неғып айтпадыңыз? Біле тұра үндемеу де – зиянкестік.
- Шырағым, сен абайла, - Мəдімардың көзі атыздай болып кетті. – Не деп
отырғаныңа есеп бересің бе өзің?!
- Егер Райысовқа жала жапқыңыз келсе, есіңізде болсын, мəселені мен
жаңағы айтқандай қырынан қоямын.
- Сонда сенің көздеген мақсатың не? – Мəдімардың денесі мұздап сала
берді, ішінен: “Япыр-ау, мынау мені құртқалы жүрген адам ғой, шынында”,
- деп ойлап үлгерген.
- Райысовты бекер күйдірмейік, Мəдеке? Мен ондай қысастыққа бара
алмаймын. Айтыңызшы, сіз бұл колхозды қашаннан бері басқарып келесіз?
- Өзің де білесің ғой, бұл неғылған сауал?
- Райысовты көптен білесіз.
- Сонымен, не айтқың келеді?
- Елу үшінші жылдың қаһарлы қысында малды аман алып қалып сізге бедел
əперген Райысов еді.
Мəдімар қозғалақтап, иығын қозғады.
- Ал, сіз оны алдадыңыз. Халықты алдадыңыз.
- Іргесін қалау керек болды жаңа колхоздың.
- Өтірік айтасыз. Сарай салған жоқсыз, үй салған жоқсыз...
- Бұл коммунистік іс емес.
- Сіздікі ше? – Өмірзақтың даусы қаттырақ шығып кетті. – Халықты алдау,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 15
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.