Latin Common Turkic

Айғыр кісі - 19

Total number of words is 4068
Total number of unique words is 2333
35.0 of words are in the 2000 most common words
48.1 of words are in the 5000 most common words
55.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ежірейді. – Осы Төкеңнің баласын айнытып алған кім?
- Қайтесің оны…
- Алдыңғы күні жолда көрген… Əне бір оң самайының ойығы бар қасқа бас
емес пе, əйтеуір, ананы-мынаны сұрауы жаман еді.
“Япыр-ай, сол шынында… - деп ойлады Имансерік. – Оң самайында бармақ
басындай ойығы бар. Япыр-ау, сол, шынында… Төлепті де, Шерлітасты да
біліп отыр. Аңрахай елінің жай-күйін сұрайды… Сол əлде Төрекелді ме? Ол
болса менен жеті-сегіз жас үлкен: атын естігенім болмаса, көрген кезім жоқ.
Елден ерте кеткен десетін… Оң самайында бармақ басындай ойығы бар…
Егер сол Төрекелді болса ше? Анау жас жігіт Төкеңнің немересі ғой онда. О,
сұмдық! Туған немерең ата жауыңды демеп, машинасын жүргізіп, сенің
дүниеде бар екеніңді білместен тура жаныңнан жайбарақат өтіп бара
жатса…”
“Сол, Төрекелді, - деп түйді ойын Имансерік. – Басқа кім болушы еді? Басқа
біреу өз топырағын, өз жұртын менсінбей, асқақтап сөйлей ме? Басқа біреу
Төкеңді кекей ме?.. Басқа біреу туған жеріне бас имей, суын ұрттып, дəм
ауыз тимей, заулап өте шыға ма?.. Төрекелді сол болса екен деп тіледі
Имансерік, тірі өлік деген атқа тек сол лайық. Тірі өлікке айналу тірі жанға
берілген ең ауыр жаза. Тірі өлік баянсыз бедеу ғұмыр. Қарғыс атты деген
əне, сол”.
Жайлап байырғы жолшыға қарап еді, дем алысы əзер білінеді. “Соңғы
сағатында оның атын естімей-ақ қой, Төке, - деді Имансерік іштей. – Сен
еліңнің ұлы болып тудың, еліңнің əкесі болып кетіп бара жатырсың,
қартым!”
VII
Екі күннен бері Имансерік жұмысқа шықпады. Ыңқыл-сыңқылы болмаса
да, сүзектен тұрғандай реңі қан-сөлсіз. Оның көңіл-күйін күрт бұзған жай
мынау: Бұрнағы күні ертеңгісін Пірəлин келген. Бұл өзі – екі жағынан
пышақ жанығандай арық жігіт. Шалбарын жіп-жіңішке аяғына ыңғайлап
тарылтып ала ма, бұты сидиып көзге бір түрлі оғаш көрінеді. Өзі ұқыпты.
Бас-аяғы пияздай, аяқ киіміне шаң жұқпайды. Ол машинадан түсісімен
Төлеп қарттың жағдайын сұрады.
- Қиын. Соңғы күндері күрт түсіп барады, - деді Имансерік күрсініп.
Пірəлин де мұңайды.
- Жақсы кісі еді, жарықтық, - деп бет орамалымен маңдайын сүрткіледі. –
Бүкіл ғұмыры жол бүтіндеумен өтті, қалай дегенде де екінің бірінің
қолынан келе қоймас сол.
- О кісілердің жасына жетсек, бізде арман болмас еді… - деді Əтей
тамсанып. – Бірақ қазір ауа бұзылды ғой… Алпыстан аспаймыз ба деп
қорқам…
- Жə, сен, қорықпа, - деп күлді Пірəлин. – Кавказға жолдама бар, зауқың
соқса, бергізейін.
- Жолдамамен қай жыртығымызды бүтіндейміз, одан да адам беріңіз,
зорығып өлеміз аздан соң. Қайрақтының кенін тасуға тағы екі жүз КамАЗ
келді, бүкіл қыс бойы асу үстінде кезекшілікте тұратын шығармыз биыл.
- Сол үшін де шынжыр табан трактор жəне грейдер бергелі отырмыз, күзге
қарай үстеріңе екі семья көшіп келеді.
- Енді болмаса, кеңейіп жатқан Қайрақтының кеніне кетіп қалсам ба деп,
əйелмен ақыл қосып едім. Қойдық онда.
Имансерік Пірəлинге сұрау қойды:
- Қайрақты кенін кеңейтіп жатқандары рас па?
- Солай деседі.
Жолшылар əрнені бір əңгімелеп біраз тұрды. Жолды пайдалану
басқармасының бастығы істелуге тиісті шаруалардың жайына тоқталды.
Қызылтас жол бөлімшесіне қарасты учаскенің тозып бара жатқанын,
жұмысшылардың аздығын айта келіп:
- Көпірдің жұмысын кейінге қалдыруға тура келеді, - деді.
- Е, сонда енді біз Қызылтасқа барамыз ба? – деп Əтейдің жақ жүні үрпиіп,
көзі алайып шыға келді.
- Қызылтасқа емес, əлгі… Шерлітастың айналасын тазартып, тастопырағын
тегістеу, онан кейін əдемілеп қоршау қажет болып тұр. Басшылар нұсқауы
солай…
Имансеріктің іші қылп етті. Көз алдына əнеугүнгі екі мөлдір қара “Волга”
келе қалды.
Ол Пірəлиннің бетіне оны жаңа көргендей ұзақ үңілді.
- Бір апта мерзім ішінде бəрі реттелуге тиісті, - деді Пірəлин. – Келешекте
айналасына ағаш отырғызып, гүл егеміз, арнайы күтім жасалады.
- Біз өйте алмаймыз, - деді Имансерік, - Өйтуге болмайды.
- Неге? – деп таңырқады Пірəлин аңтарыла қарап. – Қалайша?
- Шерлітастың жағдайын өзің білесің ғой, батыр.
- Аңыз ба айтып отырғаныңыз… Қажеті не оның? Əңгіме жол бойының
сұлулығы, табиғаттың өз қолымен мүсіндеген байлығында болып
отырғанда.
- Шерлітас опасыздық белгісі ретінде қанымызға сіңіп кетті. Сонау
жылдары Төлептерде үрім-бұтағымызға опасыздықты ескертіп, есіне салып
отырсын деп əдейі бұзбай алып қалған еді. Осылай ақ қар-көк мұздың,
аптаптың өтінде жалғыз қатып-семіп тұрсын деген.
- Имеке, осыны менен басқа біреу естісе, тіпті ұят болады, мен бəрін
түсінемін, сөйтеді екен деп біз аңызбен өмір сүре алмаймыз ғой.
- Шерлітасты сол қалпында қалдырғанда тұрған не бар, соны күтімге
алмай-ақ қойса, дүниенің бір жері кеміп қала ма? Одан да осы жолдың
бойына Төлептің мүсінін қойыңдар, соның айналасына гүл егіп, ағаш
отырғызыңдар деп неге айтпайсыңдар?
Ары-бері машиналар өтіп жатыр. Көпірге келгенде шапшаңдығын тежеп
ырғалған “Икарустың” ішіндегі жолаушылар сары жилет киген жолшыларға
елеусіз көз тастайды.
- Осы жолы бізді қинама, батыр. Ойыңа келгеннің бəрін айт, бас
тартпаймыз, ал мынаған қинама, батыр.
- Ой, Имеке, болмайды ол, - Пірəлин кейістік білдірді. – Жоғарыдан келген
нұсқауды далаға таста дейсіз бе?..
- Түсіндірсең, айтсаң қайтеді…
- Бала болып кеткенсіз бе, естіген ел күлмей ме? Өздеріңіз айтып
отырсыздар, Қайрақтының кені деп… Қазір космос заманы. Қайдағы бір
тасқа уақыт қайда? Имеке, бəрін қойып бүгіннен бастап іске кірісіңіздер.
Имансеріктің жүзі түтеп шыға келді:
- Əй, мені Ешкіліден жер аударып жіберсеңдер де, Шерлітасқа бармаймын.
- Имеке, сіз əуелі мені тыңдап алсаңызшы. Биыл осы арамен өзіміздің жол
министрінің орынбасары өтіп қалуы мүмкін деп отыр ғой облыстағы
бастық. Байқамаған шығарсыздар сол кісінің сапарға шығар алдында жол
бойын көріп шығу үшін арнайы адамдар таяуда бұл жерден де өтіпті. Ана
тас жайындағы сөз солардан шыққан.
- Шықса қайтеміз, - деді жақтырмай.
- Қайткенде… Қазір табиғатты қорғау, сақтау жөніндегі заңды білесіз бе?..
- Əй, бұған дейін қайда жүргенсіңдер сендер. Сол министрдің
орынбасарының өтуіне қаратып қойып па едіңдер Шерлітасты. Бұ неғылған
жалпаң? Мен сені жібі түзу жігіт пе деп жүрсем… Құдай біледі, мына жерді
біреу өрте десе өртеп жіберетін түрің бар ғой өзіңнің!
Пірəлин əрі састы, əрі ашуға булықты:
- Ақсақал, көп сөзді қайтесіз, айтылды ма, айтылғанды орындау керек.
Мына жігіттерге жөн сілтеудің орнына бұра тартқаныңыз мүлде
жараспайды.
- Шырағым, менің басымды ауыртпа бұдан былай. Имансерік атылып кетсе
де бара алмайды Шерлітасқа.
- Қызылтастан жолшыларды əкеліп істетсем де, бір мəнісі болады, Имеке,
бірақ осы болар-болмас нəрсе үшін бет жыртысқанымыз жақсы емес. Сіз
бен біздің басшылардан асып барар жеріміз жоқ, нұсқау орындалуы тиіс,
заң.
- Ар жағын айтпа, айналайын, жайың белгілі болды, маған.
Пірəлин Имансерікті қойып, Əтейге бұрылды.
- Саған түсінікті ғой, - деді ол, - Имекең сияқты ертегіші емессің, барып іске
кіріс. Ертең жаныңа екі-үш адам əзірле. Айтқан мерзімде бітіресіңдер,
сыйлық сенікі.
- Көреміз, - деді Əтей Имансерікке жалтақтап. – Ақылдасайық… Кім
біледі…
- Мен ертең жоқ, бірсігүні келіп көрем, - деп анау машинасының есігін сарт
жапты.
Пірəлин жүріп кеткен соң, жолшылар үн-түнсіз ұзақ отырды, Имансеріктің
бет-жүзін əжім қаптап шыға келді. Зіл батпан ауыр ой желкесіне мініп
алған. Жолшылардың өтінішіне өзгелер неге құлақ қоймайды? Бұлар
ешқашан, ештеңе сұрап жатқан жоқ, реті келіп өтіне қалған екен… Онда да
талай заманнан бері осы Баянды өңірінің адамдары жамандықтың белгісі
көретін Шерлітасты мəпелемеуді сұрапты, “ə, жарайды!” демеуге қалай дəті
барады? Егер сөзсіз бірдеңе істеу керек болса, ең алдымен Баянды батыр
мен Төлеп қартқа мүсін соғып, осы жолды ақыпұлсыз қаны мен терін сығып
беріп салған үш мың адамға ескерткіш орнатпай ма?
Имансеріктің екі құлағы дыңылдап, өн бойын өрт қаулады. Пірəлиннің жержебіріне жетіп отыр. “Солақайлар, өмір солақайлардан еш уақытта арылып
біткен емес. Аспан мен жердің арасына тұман үрлеп, екі жақтың көзін
бірдей бұлдырататын, алдап, арбайтын, ақыры көңілдерін қалдырып
тынатын сұмырайлар солар; олардың жағынудан өзге ештеңемен ісі жоқ, ар,
ұят-намыс дегеннен жұрдай, е, соны көксемейді де. Олардың көксейтіні –
қу тамағының тесігі”.
- Енді не істейміз, өкпелеген баладай əр жерде шошайып отырамыз да
қоямыз ба? – деп Əтей қайта сөз бастады. – Бармасақ, бармайық.
- Сен жөне. Айтқан соң істетпей қоймайды бəрібір. Мен Төкеңе барайын.
Отырайын жанында. Төкеңнің жанында отырмай далақтай берем бе осы.
Сөйтіп кешелі бері Имансерік ауылда. Байырғы жолшының жанынан екі елі
ұзап шықпайды.
“Төке, - деген ол əбден шаршаған, əбден көңілі қалған наламен. – Мені
естимісің, Төке?! Олар Шерлітастың айналасын тазартып, гүл егіп жатыр.
Олар Шерлітасты аялап жатыр, олар бəрін əлдеқашан ұмытыпты, атабабадан қалған өнеге ешкімге керек емес екен”.
Содан Имансерік далаға шығып кетті. Сол бойы тау сағасына жетті. Неге,
қайда келеді, білмейді, екі көзі асуда. Жер дүниеде еш өзгеріс жоқ.
Шалғайын жия алмай жатқан баяғы ұлы асу.
Ол Шерлітастың төңірегінде мықшыңдап жатқан Əтейлерді алды есіне.
“Қазір мынау адам қалпына келіп, аналарды жағасынан ала түссе”, - деп
ойлады Имансерік.
Имансеріктің жан дүниесі астан-кестен, қан тамырларын қуалай соғып сұпсуық леп жүрегін мұздай қарып, ыстық күнде дірдек қақтырады. Ғажайып
өмірбаяны бар жолшылардың аңызға сенбейтінін, олардың көксейтіні –
үрім-бұтақтың, ата-бабаның ісіне, рухына, сосын бір-біріне адалдығы екені
белгілі ғой. Кімде-кім адам болып өмір сүруге, адам болып қалуға тиісті
болса, өзін адалдыққа деген ниеттен оқшау ұстай алмайтынына олардың
көзі жетеді. Əңгіме адамдардың ара-қатынасы, көзқарасындағы мəңгі
бітіспес тартыста.
Оның көз алдынан осы жол бойынан естігендері мен көргендері түгел
сүзіліп өткен. Бəрі есінде. Өмір үшін күрескен Төлептер, Төлептерді аяқтан
шалған Таңқиевтер де жадында. Олар еш нəрсені, ешкімді ұмытқан жоқ.
Сонда бағымыз қайсы, сорымыз қайсы? Кімді кім мұқатып жүр? Ей,
əлемнің ақ жүректері, айтыңдаршы, сендер бақыттымысыңдар? Келер
ұрпақтың адал өмір сүруі үшін не істедіңдер? Сендер солардың азабы болар
арамдық атаулыны жойып біттіңдер ме? “Шерлітасты сəн-салтанатқа
бөлегелі жатыр, - деп күбірледі ол. Неге? Қасынан кейбір “үлкен” адамдар
өтетіні үшін. Имансеріктің азды-көпті ғұмырында байқағаны дəрежелі адам
келе жатыр десе жұртта дегбір қалмайды. Əуелі далақтап жолға қарай
шабады: қисайғанды түзеттіріп, ойылғанды теңестіріп, жан-жағын
тазартып…”
- Тəңірім-ау, ұлы жолдың бойын “үлкендерсің-ақ” мұнтаздай етіп отыруды
қашан үйренеміз. Адамдар жүрер жол əмəнда сəн-салтанатқа бөленіп,
сүттен ақ, судан таза даңғырап жатпас па?
VIII
Байырғы жолшының көзі терезеден шүпірлеп көрінген Оңтүстіктің
жұлдыздарында. Қандай көп. Ілкіде біреуі, екеуі, үшеуі ағып кетер, бірақ
азаймайды. Азайматыны жұлдызды аспан мəңгілік. Мың-мың жылдар,
миллион жылдар көк төсінің шамшырақтары самалдай жарқырап тұра
береді.
Төлеп қарт жұлдыз туа өзіне-өзі келген. Əйтсе де тіл қатпай, өзін жағалай
отырған жолшыларды қабағымен бағып іштей тынып жатыр. Əріптестеріне
қараған сайын жүрегі елжірейді. Күндіз жұмыс, түн баласы осының
қасында. “Қарапайым, қара шаруа ауылдастарым-ай. Қанша жылдар бірге
жүрдік. Төкелегеннен басқа бетіме қарап көрмепсің ешқайсың. Құдайдай
сыйлаған шығарсыңдар-ау, мені…”
Сіңірі қалай тартылады, солай санасы бұлдырайды. Баяғы ақ тұман…
Дөңгелек сақиналар…
Жолшылар жым-жырт. Кеседегі шайлары суып қалған. Тоқмолда болмаса,
өзгесі келгелі бір тіс жармады десе де болады. Тек анау ғана арагідік сөзге
қада қағып əңгімеге тартады. Онда да сол баяғы əне-мінелеп тұрған тексеріс
төңірегінен ұзап шықпайды.
- Байқайсыңдар ма, Төкең бүгін сергек сияқты, - деді сыбырлап қана. –
Аяғының басына ісік шығыпты. Бой жазып жатпаса…
Арқасын қабырғаға сүйеп мүлгіген Əтей басын көтеріп алған:
- Не деп отырсыз?
- О, дүние, шіркін, - деп Тоқмолда солқылдап-ақ ақлды. Мұрнын бір тартып
теңселе жөнелді. – Қазір жанында баласы отырса, соншалық қиналмас па
еді… Ай, бұл тағдырға дауа жоқ.
- Оны несіне еске алып отырсың, - Имансерік ренжіді. – Несіне
қазбалайсыңдар?..
- Айтпақшы, əнеугүнгі цемент маған бəле болып жабысты, анау-мынауға
шатылып жүрсем, іздеп келетін де ешкімім жоқ, - деді Тоқмолда қамығып.
Имансерік елең етті.
- Əлгі шопырыңның бұрын да суық жүрісі болған ба, əйтеуір, неге екенін
апарған цементін өлшеген. Бəленің басы сол.
Түсте келіп: “Алған цементінің түйіріне тиюші болма, ертең-бүрсігүні
милиция да келіп қалар, құдай сөйтіп атып отыр”, - деп кетті. Кім білсін…
- “Арам дүниенің арты азап” деген рас болды-ау, - деп Əтей рақаттанып
қалды.
Байырғы жолшы санасында ақ тұман көшіп жатқанымен, ойдан арыла
қойған жоқ еді. Оған мыналардың сөздері еміс-еміс естілген-ді. Төлеп қарт
дəл қазір ешкімді, еш нəрсені емес, Əсірепті ойлап жатқан. Қанша жылдар
əлденесін жоғалтып қойғандай алаңдады. Көзі ілініп кетсе, қалың
шалғынның ортасынан табаны тесіліп, жол қарап жүрген өзін көретін
түсінде. О, тəңірі, өмірбақи алаңдап жүргені, өмірбақи іздеп жүргені Əсіреп
екен ғой.
Ақ тұман қалыңдай түсті. Əне Əсіреп “Волга” жүргізіп барады. Жанында
шолақ қанат қара қарға отыр. Қарға… Əсіреп… Жоқ, Əсіреп емес… Əсіребі
тұлымшағы желбіреген шынашақтай бала еді ғой, мынау… Мынау сол
баланың жұқанасы да қалмаған, жанындағы қарғаға ұқсас бөтен біреу…
Əсіреп… Қарға…
Төлеп қария есін əрең жиды. Денесінің тырысқаны басылыпты. Тынысы
кеңіді. Мұздай су ішкісі келді. Ептеп көзін ашып еді, жолшылар үрпиіп
қалыпты… “Адам екі рет ғұмыр кешеді екен. Төсек тартып жығылған бірер
күннің ішінде осыған дейінгі өмірімді түгел болмаса да қайта сүріп
шықтым. Ғұмыр қандай ұзақ… Шіркіннің тұла бойында ащысы, тəттісі
аралас. Соның барлығы адамға бұйырған дəм. Мен айтсам, азап-шерімді
айттым: көңілімдегі дақ – Төрекелдердің опасыздығы. Осындайдан кейінгі
ұрпақ сақ болса дегендік сондағым. Менің өмірімнің мəні не деп
сұрайсыңдар ғой. Менің өмірімнің мəні – жол ғана болыпты. Мен соны
салып, соны мəпелеп, соның ғана қызығын көріппін. Жұбанышым – осы.
Осы жолмен мың-сан адамдар мың-сан жыл жүріп жатса, Төлеп
Еркебаевты бекер өмір сүрді, қу бас кетті деуге ешкім сенбейді. Өйткені,
менің перзентім – жол, мұрагерім – соның үстіндегі мəңгілік қозғалыс.
Демек, жеңіс менікі. Төрекелділер алдыма қанша көлденең жатса да, бірі
жау деп жала жауып, бірі бауырымдағы баламды тартып алса да, менің жол
салуға деген мұратымды аяқ асты ете алмады. Мыңдардың, миллиондардың
жолын ешбір Төрекелділер бөгей алмайды. Олардың оңай жау емес
екендігін білем мен. Бəлкім, талайдың əлі жылытар, жандарыңды жегідей
жеп, ақылдарыңды сыздатар. Бірақ сендер жеңесіңдер. Өйткені сендерде
жүрер жолға деген адалдық пен құштарлық бар. Сендер – Баянды, олар –
Шерлітас. Менің медетім осындай. Мен де, сендер де Əсірепті ұмытыңдар,
ол жоқ. Болса Төрекелді сияқты қарғаға айналып кеткен”.
Имансерік байырғы жолшыға таяу келіп тізерледі.
- Төке…
Анау үндеген жоқ. Саусақтарының ұшын жыбырлатып, қолыңды əкелші
дегендей ыңғай танытты. Имансерік қарттың алақанын өзінің қолның үстіне
қойып еді, байырғы жолшының кірпігі жүзіне қадалып қатып қалды…
“Айтқаныңның бəрін естідім, Имансерік. Бұл маған бəрінен ауыр соқты.
Көзі тіріңде Шерлітасты құрметтеуге келісім бере көрмеңдер. Онда біздің
күресімізде не мəн қалады? Онда Еркебайдың Төлебінің құны бір тиын.
Онда мен салған жолдың, мен сүрген өмірдің ешкімге керегі жоқ. Шерлітас
ұрпақтан ұрпаққа опасыздықты ескертіп тұруға тиісті белгі болып тұра
беруі керек еді. Көріп отырсыңдар, оған мүмкіндік бермеді. Оны енді жер
бетінен мүлде құртып жіберуден өзге не қалды?..”
Ауру бетін жайлап терезеге бұрын əкетті. Оңтүстіктің жұлдыздары сол
баяғысынша бал-бұл жанып тұр.
- Əлдене аманат етті-ау, - деді Тоқмолда даусы дірілдеп. – О, тəңір-ай!..
- Шерлітастың əңгімесінің басы-қасында Төкең тұрғанда құдай көрсетпесін
сұмдық болатын еді, - деп Əтей сыбырға көшті.
- Ойбай, бұл кісі Пірəлин-Кірəлинге қарамайды ғой.
- Əшейінде қырып-жойып отырасың, - деді Тоқмолда мысқылдап. – Сол
күшің қайда?
- Бастықты ұрып, менің миымды асты-үсті бірдей ашып кеткен деп
ойлайсың ба?
- Ұрып нең бар? Айтқанын істемей қой.
- Учаскенің өзінен əкеліп төгеді абыройыңды.
- Шырағым, көңілің қаламаған іске бір қарсылық болу керек. Мына
Имансерік нағып сүзектеп тұрғандай бозарып жүр, мүлде ештеңе
ойламайсың.
- Жə, қойыңдаршы, - деп олардың сөзін Имансерік бұзып жіберді. – Кісінің
мазасын алмаңдар!
Үйдің іргесінен гүрілдеп машиналар өтіп жатыр. Жолшылардың оған
құлақтары үйреніп алғаны соншалық, гүріліңді естімейді де.
Əрнені бір ойлағанымен Имансеріктің көңілін қан жылатып отырған –
Шерлітас. Дəл қазір бүкіл сай-сүйегі қан қақсап, миы шайқалып барды.
Неге бүгін Шерлітастың айналасын тазартып, топырағын тегістеді?
Қарабеттің бетіне бұрын ары-бері өткенде түкіріп өтетін еді, бүгінгілер неге
мəнелеп жатыр? Шерлітас кім? Аңыз ба? Мейлі. Не болса да оны күллі
Аңрахай жұрты, жолшылар жанындай жек көреді. Лағнет айтып, қарғапсілейді. Ертелі-кеш тағдырдан: “Балаларымызға Шерлітастың жолын
бермесін, оның бетін ары қылсын!” деп тілейді.
Енді келіп жамандықтың белгісі екенін біле тұра, соны əсемдеуге,
əдемілеуге, оны бүкіл жол бойының көркіне айналдырып, “Қараңдаршы,
қандай ғажап!” деп тамсануға қалай дəтіміз барады?! Ата-бабамыздың
өсиет өнегесін ұмытқанымыз ба?
Имансеріктің төбе шашы тік тұрды… “Неге? Жер үстінде Төлеп қарт
айтатын адалдық, əділдік қана мөлдіреп тұрмайды. Мынау адамдардың
қаны мен терін сығып салған жолымен тек қана ары таза, пейілі ақ Баянды,
Жолбарыс батырлар секілді, өзгенің бақыты, келешегі үшін ойланбай
құрбан болып кететін көзсіз ерлер, Төлеп сияқты қарапайым, болса да
ғажайып адамдар ғана жүрмей ме? Байбосындардың бетіне түкіріп, жалғыз
оқпен жалпасынан түсіргеніміз, кəне”.
Байбосын есіне түскенде Имансерік қанына əбден қарайып алды. “Тумай
туа шөккір! Өмір бойы азабым болып келесің сен. Ел басына күн туып,
еразаматқа сын түспегенде, артың ашылмай əлі жүретін едің. Күллі дүниені
лайлап, қаншама адамның көз жасына қалар едің.
Біз мың жақсылығымызбен ұшпаққа шыға алмай жатқанда, Сендер жалғыз
жамандықтарыңмен кісіні мəңгі азап-шерге бөлер едіңдер. Жұртты енді
сендейлерден сақтасын. Енді ешкім əлдебір арамза үшін азап тартпасын
өлінің кінəсін тірі арқаламасын. Құрыңдар! Құртамыз!”
Имансерік атып далаға шыққан. Сол бойы “Беларусіне” қарғып мінді.
Трактор дүр еткенде үйдегілер сыртқа атып-атып шықты, бірақ Имансерік
олардың ешқайсысының даусын естіген жоқ.
Трактор жүріп келеді. Имансеріктің қанат байлап ұшқысы келген. Əлдекім
құлағына сыбырлап келе жатқандай: “Азаматсың! Сен шынында да Баянды
батырдың ұрпағысың. Ұлы жолшыларға тəн əрекет жасағалы барасың, жұрт
сені жақсы көреді”.
“Мен Шерлітасты жер бетінен мүлде құртқалы барамын, - деді бұл да
дауыстап сөйлеп. – Солай ұйғардым. Төлеп қарттың да қалауы осы.
Жолшылар əулетінің өз заңы бар, жолшылар əулетінің заңы – бір-біріне
қылаусыз адалдық”.
Ол Шерлітасқа тез-ақ жетіп келді. Түн ортасы болып қалғандікі ме, жол
бойының қозғалысы күндізгідей емес сирексіген. Ай сүттей жарық.
Имансерік Шерлітасты жуан троспен мықтап шандыды. Цемент құюға деп
Əтейлер оның түбін бір күн кешке дейін соққылап, үңгіп тастапты.
Көк “Беларусьтің” қара түтіні будақтап тасты ұзақ ырғады. Əдепкіде мүлде
мызғымай қойды. Бір кезде моторы аспанға ұшып кетердей дырылдап
мықшиған трактор атқып кетіп арғы қабақтағы жырлауытқа соқтыға жаздап
əзер қалды. Имансеріктің қуанғаннан көзінен жас парлады. Кескен томардай
болып жатқан тас түбінен морт сыныпты. “Мұны осылай тастап кетсем
ертең қайта орната салады, - деп ойлады Имансерік. – Ешкімнің көзіне
түспей тін жаққа сүйреп апарайын…”
Асфальт жиегімен біраз төмендеп барған соң трактор жолдан шығып ескі
сүрлеуге түсті. Бұл өзі жусан басып ұмыт бола бастаған, шаңда біреу салт
жүрмесе, тұяқ тие қоймайтын көне жол еді. Ол Сарымсақты қолаты арқылы
Телқозы шатқалындағы терең өзенге апаратын: “Тек қыратпен өрлеп барып,
терең жағына домалату керек”, - деп ойлады Имансерік. Сай ішіне бытысып
өскен қурай шөптерді жапырып көк “Беларусь” баяу жылжып келеді.
Жолшының көз алдына балалары елестеді. Үлкен ұлы үйлі-баранды, оның
үстіне су жетелеп, егіс қуалаған тынымсыз неме қолы тиіп келе қояр
деймісің. Анау жерді өздігінен айналып тұратын жол саламын деп жүрген
кетік қара болмаса… “Көке, Шерлітас қайда”, - дер… “Ə, сөйттіңіз бе?” –
деп қуанар…
Бойы жеңілдеп, өзін айрықша көңілді сезінді. Айнала тып-тыныш.
“Осындай тыныштықтан жазбаңдар. Көңілдеріңді алаңдатқан опасыздықты
құртқалы келемін. Енді сендер оның бетін көрмей-ақ қойыңдар, жер бетінде
оның заты да, аты да қалмасын. Бəріміз жақсы болайық, бəріміз бақытты
болайық, ұзақ жасайық. Ұрпақ өрбітейік, жол салайық. Осылардың өзіне
үлгермей арманда кеткендер бар. Біз өміріміздің бірер тұсын жамандыққа
жұмсап, алтын уақытты неге рəсуа етеміз? Біз өмірімізді жақсылықтың
арын, абыройын сақтауға жұмсайық. Қылдай қиянатқа, иненің жасуындай
арамдыққа кеңшілік болмасын”.
Жолды бүтіндеу, түзетумен бірге Имансерікте тағы бір ғұмыр бойы
көкейінде қонақтап жүрген арман болатын. Ол дүниенің төрт
құбыласындағы барлық жолын тоғысқанын көру еді. Соған əне-міне
жетеміз деп үміттенумен əлі келеді. Əттең арман, шіркін, жеткізбей-ақ
қойды. Бірақ сенімі зор, көкей тескенін көретін, соның қуанышын
тойлайтын күн көз алдыңа елестейді де тұрады.
Өзенге жеткенде Имансерік те тракторын жолдан бұрып, жоталап жүрді.
Осылай өрлей берсе, өзен жақ беті құлама жардың үстінен шығады.
Шерлітасты сол жерден домалатпақ. Домалады дегенше ат құлағы
бойламайтын терең суға шым батып жоғалады.
Алға жылжыған сайын трактордың арасынан түнде жол тауып ілгерілеу
қайдан оңай болсын. “Бұдан да сұмдығымен жүргенбіз бір кезде, - деп
ойлады Имансерік. – Анау тасқа ілінсем…”
Сол тұсқа жеткенде трактор бір орнында дірдек қақты. Артқа көз салған
Имансерік Шерлітастың əлденеге ілініп қалғанын білді. Ойлы-қырлы биіке
кері шегіну қауіпті, қалайда алға жылжып, трактордың бетін еңіске бұрып
тоқтату керек. Ол газды барынша басты. Трактор солқ-солқ етеді. Кенет!..
Кенет екі қой тастың ортасына көлденең қыстырылып қалған Шерлітас кілт
бері аунап, “Беларусь” жотаның үстіне ырғып шықты. Имансерік тракторды
игеріп үлгере алмады, алдыңғы екі дөңгелегі тіп-тік жарға құлап түсіп,
жердүние, жұлдыздар мөлт-мөлт етіп жатқан қап-қара терең қойнауға бірақ кеткен… Имансерік “Төкең күтіп жатыр-ау” деп қана ойлап үлгерді.
Осы сағатта ешкім еш нəрсе білген жоқ. Біреулер қалың ұйқы құшағында
болатын. Əлемдегі үлкен қаланың бірінде тоғыз баллдық жер сілкінгенін
біреу естіп, біреу естімеді. Жер шарының енді бір пұшпағында қантөгіс
ұрыстар жүріп жатты…
Сол түні таңнан басталған ақ жауын екі тəулік бойы ағыл-тегіл жауды-ай
кеп…
Ақкүшік
Ақкүшік алғаш қар басқан жылдың ақпанында күн мезгілінен бұрын
жылынып, сірескен қардың көбесі сетіней бастаған. Ауыл сыртынан сəл
аулақтағы өзеннің сарылы күннен күнге күшейіп, күндіз-түні күркірейді де
жатады. Ақкүшіктің көзі сол жақта. Иесінің солай қарай кеткеніне біраз күн.
Содан қайтып оралмады. Неге? Ақкүшік оны білмейді. Иесінің ізімен тұра
жүгірейін десе, байлаулы. Ары жұлқынады, бері тартынады...
Иесі осы қыс үйге кешкісін үнемі ішіп келетін əдет тапқан. Ол кезде
Ақкүшік байланбай бос жүретін. Құлағы селтиіп, алдынан жүгіріп шығар
еді. Иесінің қалтасында бұған лақтырып берер нəпақа сөзсіз болады. Бұл
қағып алған сайын анау мəз. "Тағы секірші, қане, Ақкүшік, тағы" − деп
мəре-сəре.
Мұның басы-көзін сипалап, ұзақ-ұзақ еркелетеді.
Сол иесі енді үйде жоқ. Кетті. Сосын иесінің келіншегі мұның мойнына
кайыс қарғыбау тағып, шынжырға бекітіп қойған. Өзі ертеңгісін кетіп,
кешкісін келеді. Оның да Ақкүшікке ықыласы ерекше. Үйшігінің ішін күн
сайын тазалап, астына төселген төрт бұрыш құрым киізді кешке қайта
қағып төсеп, тамағын тостағанына толтырып қояды. Үнемі сылап-сипайды.
"Ақкүшігім! Ақкүшігім!" деп ірі тарақпен ұлпа жүнін олай-бұлай жатқызып
отырып алатыны бар.
Ақкүшіктің ауыл иттерінен тұқымы басқа болатын. Денесі шағын, жүні
ұзындау. Көздері қап-қара, дөп-дөңгелек. Иесі мұны көзін жаңа ашқанда
өзеннің ар жағындағы ауылда тұратын диірменші орыс шалынан ұн
тарттыруға барғанда сұрап алған.
Таң ағараңдап атысымен, Ақкүшік үйшіктен басын шығарады. Ауыл
иттерінің жөнді-жөнсіз əупіліне қосылып, бұл да шəуілдеп қояды. Бұрын
мойнында қарғы бауы жоқ кезде секеңдеп аула кезіп кететін. Аппақ қарға
аунап-аунап алудың өзі бір рақат. Қазір байлаулы. Таң атқалы біраз уақыт.
Күннің кызыл шапағы таудан асып, дүние арайлана бастаған. Сықырлап
үйдің есігі ашылды. Үй иесінің келіншегі келіп, мұның алдына түннен
қалған тамақтың сорпа-суын кұйды.
− Сəлем, Ақкүшік!
Ақкүшік оның не айтып тұрғанын білмейді. Бірақ жұмсақ даусынан бойы
бір түрлі жылынып кетеді.
− Ішің пысты ма? Аула кезіп ойнағың келеді, ə? Қайтсем екен? Босатайын
ба? Сөйтсем, мен жоқта жалғызсырап, ауладан шығып кетсең қайтем. Қазір
иттің етін қуырып жейтін пəлекеттер пайда болды ғой. Сен болсаң қарашы,
жұнттайсың. Біз не ішсек, соны іштің. Əй, əй, Ақкүшігімай... Қалдыбегіміз
қайда біздің? Кетті ғой, мүлде кетті. Əлде, қайта орала ма?.. − келіншектің
бота көздері жасаурады. − Айтқандарымды түсінсең ғой, шіркін. Сөйлей
алсаң... Жаутаң-жаутаң етіп кеттің ғой, а, Ақкүшік, босатайын ба?.. Мен
жұмысқа кеткенше аула ішінде ары-бері шапқылап, бой жазып алсаң ба
екен. Мейлі, сөйтші...
Келіншек Ақкүшіктің қарғы бауын ағытып алды.
− Ал шапқыла.
Ақкүшік үйшігінен атқып шыққан. Со бойы аула ішінде күндіз бойы босап,
түнге қарай қайта қатып жатқан ойдым-ойдым қардың үстімен асыр салып
ойнап кетті. Шарбақтың ар жағында көршінің кəрі төбеті бір бұтын көтеріп
алма ағашының діңіне сарып тұр екен, мұны көріп, жалғыз рет маңқ етті де
қойды. Кəрі төбеттің ұсқыны нашар, омыртқалары шодырайып, қабырғасы
ырсиып, құлпетке айналған. Ар жақтан иесінің төбесі көрінді, Жуан қарын
еркек мөлиіп тұрған төбетті жанынан өте бере іштен бір теуіп қаңқ еткізді
де, тауықтарына жем шаша бастады. Еркекті көрген сəтте Аккүшіктің есіне
иесі түсті. Иесі... Ақкүшік шарбақтан сыртына бір-ақ карғыған. Ол бірден
өзенді бетке алды. Иесінің солай қарай бара жатқанын көріп еді ғой.
Қатқақтап жатқан қардың бетімен заулап отырып өзенге тез-ақ жетті. Өзен
лайланып ағып жатыр екен. Ернеуінен əжептəуір асып кетіпті. Ақкүшік оған
біраз қарап тұрды да, иесі екеуі диірменші орыс шалының ауылына екі-үш
жолы барғанда өткен көпірді бетке алды. Көпір өзеннің өрлеуіт жағындағы
өткелге ыңғайлы тұсында болатын. Оның қашан салынғанын, əйтеуір, талай
жылдар екі ауылдың ара қатынасына қызмет етіп келе жатқанын, жыл
сайын екі ауыл кезектесіп оңдап отырғанын, алайда соңғы кездері қараусыз
қалып бара жатқанын Ақкүшік білмейтін.
Ағаш көпір өзінің соңғы көргеніне қарағанда қисайыңқырап калған сияқты
болып көрінді оған. Асау ағыстың шашыраған суы бағана-тіреулерін жуып
жатыр. Ақкүшік заулап өте шықты.
Көрші ауыл бəлендей алыс емес. Аумағы үлкен... Кезінде мұнда
совхозтехникум болғаны, қазір ол колледжге айналып, оқу баяғысынша
жалғасып жатқаны, анау екі қабатты үйлер солардың оқу ғимараттары мен
жатақханалары екені күшікке, əрине, беймəлім. Ол тек диірменші орыс
шалының үйіне алып баратын жолды ғана біледі.
Диірмен ауылдың сырт жағында болатын. Соған төтелеп тартты. Бұл келіп
жеткенде, орыс шалы мен иесі диірменшінің төбесі аласа екі бөлмелі үйінің
кіре беріс бөлмесінде бір шөлмек самагонды аяқтап, қыз-қыз кайнап
отырған.
Күшік есікті тырмалап, шəу-шəу етуі сол екен, шалдың басы қылтиды.
− Вот тебе, да! − деді ол. − Кого вижу... Слушай, Калдыбайчик, погледи-ка
сюда.
Ашык есіктің табалдырығында талтайып тұрған диірменшінің бұтының
арасынан зып берген күшік иесіне қарай тұра атылған.
− Ақкүшік! − Қалдыбай итін алдына көтеріп алып, − шынымен өзіңсің беей? Қалай таптың мені? Қайдан білдің осында екенімді? Күшігім... Іздеп
келгенін қарай көр...
Шал стол үстінде жатқан шошқаның майынан бір кесіп Ақкүшікке тастады.
Өзі стол астынан үлкен шөлмек алып, тығынын аузымен жұлып тастады да,
бос стакандарға мөймілдете құйып жатты.
− Іздеп келді ғой, дядя Паша, − деді Қалдыбай аузынан самагон исі
бұрқырап, − іздеп келді. Ит те болса сөйтті. Ит те болса...
− Давай, Калдыбайчик, − диірменші шал стаканын көтерді, ит үшін ішейік.
Нағыз ит адамның шын досы. Кейде адамның өзінен артық. Ит иесін
қаппайды. Ал адам... Өзге түгілі өз бауырын талап тастайды. Пойми его
теперь... Давай, сынок.
Ішіп қойысты.
− У боп кетті ғой мынау, дядя Паша.
− За то арақтан таза. 90 градусы. Самодельный. Никакой криминал. А то...
повсюду самопал. Люди не те... нанға например, кір жуатын парашок қосып
ашытады, тушу раздувает насосом... Что не делается кругом. Все для того,
чтобы разбогатеть. Тем более за счет здоровья людей.
Қалдыбай Ақкүшікпен əуре.
− Үй аман ба? Бекзат үйде ме?.. Жоқ ол да кетіп қалды ма?.. Бірақ қайда?
Барар тау, басар жері жоқ оның.
− Қалайша? − шал темекісін тұтатты.
− Ерте жетім қалған.
− Деддомдікі ме?
− Жоқ. Ағайындарының қолында өскен.
− Ни сестры, ни брата что ли?..
− Əпкесі бар. Алыста. Орысқа тиіп кеткен.
− Қандай орысқа?
− Вот ты даешь, дядя Паша... Кəдімгі орысқа да. Офицер. Границада.
Сырттан əйелдің даусы шықты.
− Павлуша!
− Пришла, − деді шал. − Коварная баба.
Үйге жасы қырықтардағы орыс əйелі енді. Халатының сыртынан күпəйке
киіп алыпты. Аяғында пима. Тізесі жалаңаш.
− Ты что, Матрена, − деп шал əйелдің халатының етегін қара санына дейін
көтерді. − Без трусов что-ли?
− Уймисъ! − əйел диірменшінің қолын қағып тастады. Бірак көздері күлім
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Айғыр кісі - 20
  • Parts
  • Айғыр кісі - 01
    Total number of words is 4111
    Total number of unique words is 2440
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 02
    Total number of words is 4144
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    57.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 03
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2380
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 04
    Total number of words is 4232
    Total number of unique words is 2413
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 05
    Total number of words is 4298
    Total number of unique words is 2514
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 06
    Total number of words is 4280
    Total number of unique words is 2496
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 07
    Total number of words is 4154
    Total number of unique words is 2442
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 08
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2478
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 09
    Total number of words is 4104
    Total number of unique words is 2454
    31.4 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 10
    Total number of words is 4090
    Total number of unique words is 2350
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 11
    Total number of words is 4243
    Total number of unique words is 2343
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 12
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2399
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 13
    Total number of words is 4207
    Total number of unique words is 2309
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 14
    Total number of words is 4107
    Total number of unique words is 2216
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 15
    Total number of words is 4128
    Total number of unique words is 2449
    32.1 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 16
    Total number of words is 4165
    Total number of unique words is 2345
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 17
    Total number of words is 4324
    Total number of unique words is 2265
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 18
    Total number of words is 4164
    Total number of unique words is 2289
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.9 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 19
    Total number of words is 4068
    Total number of unique words is 2333
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 20
    Total number of words is 3980
    Total number of unique words is 2391
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    50.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 21
    Total number of words is 3959
    Total number of unique words is 2411
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    43.5 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 22
    Total number of words is 4075
    Total number of unique words is 2263
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 23
    Total number of words is 3885
    Total number of unique words is 2233
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 24
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2261
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Айғыр кісі - 25
    Total number of words is 2443
    Total number of unique words is 1526
    39.9 of words are in the 2000 most common words
    54.0 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.