Latin Common Turkic

Имани гүл - 18

Süzlärneñ gomumi sanı 3792
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Қазіргі таңда көптеген елдерде соғыс болмаса да, əйел санының
ер адамдардан əлдеқайда басым екені белгілі. Осының салдарынан
көптеген бойжеткендер уақытында үйлене алмай үйде отырып
қалуда206. Əрине, бұл қыздардың да үйленгісі келетіні, ана болуды
аңсары, белгілі біреудің қамқорлығын, өмірдегі тірегін іздері хақ. Ал
бұл мəселелер заңды түрде əрі жауапкершілік шеңберінде
шешілмеген жағдайда қоғамда түрлі келеңсіз жайттардың етек алары
сөзсіз.
Бұлардан да жиі кездесетін бір жағдай – ер адамның екі əйел
алуға мəжбүр болу жағдайы. Перзент сүйгісі келетін ер азамат
некелескен əйелі дүниеге бала алып келе алмайтын бедеу болған
жағдайда не істейді? Бірінші əйелімен ажырасып, басқамен үйлене
ме? Яғни, сəби
206
Қазақстанда қазіргі таңда 182700 əйел баласы жастары отыздан асса да əлі тұрмысқа
шыға алмаған. (2006 ж)
дүниеге əкеле алмағандығы үшін онсыз да жарым көңіл жүрген
əйеліне опасыздық жасап, оны талақ етіп, басқа біреумен қол
ұстасып кете бармақ па? Жоқ əлде əйелін де далаға тастамай, оған
күйеу əрі сүйеу болып екінші бір əйелмен некелесе ме? Əрине, бұл
тұста ақылға да, ар- ожданға да қонымдысы екінші таңдау екені
сөзсіз. Осы жерде бірінші əйелімен де ажыраспасын, екінші əйел
де алмай жүре берсін деген ой туындауы мүмкін. Алай- да, бұған
барлық азамат көне алмайды ғой. Əр адамның өзінше бір əлем екені
де ақиқат. Өмірде өз белінен перзент сүю сияқты арманы бар адам
мақсатына жетпей байыз таппасы жəне белгілі. Тіпті, екі-үш бала
емес, ұрпағының көп болғанын қалайтын еркектер де кездеседі.
Сондай-ақ, адам баласы өмірде əр түрлі жағдайға тап болады.
Мысалы, əйелі айықпас дертке шалдығып, күйеуіне дұрыс қарай
алмайтындай жағдайға душар бол- са, ер азаматтың тағы да екінші
нұсқаны таңдағаны абзал емес пе?
Жоғарыда айтылған жағдайлар болмаған күннің өзінде де көп
əйел алуға ислам діні рұқсат етеді. Олай дейтініміз, бірінші əйелін
жақсы көрумен қатар көңілі басқа əйелге де бұрып тұратын
адамдардың да кездесері сөзсіз. Себебі, барлық адамның табиғаты,
жаратылысы бірдей емес. Кейбір азаматтардың жыныстық қабілеті
мен құмарлығы артықтау келеді. Бұған қоса, бірінші əйелі көңілінен
шықпай қалуы да əбден мүмкін. Көп əйел алуға тыйым салған
жағдайда мұндай күйдегі адамдар əйтеуір бір жолын тауып алғашқы
жұбайымен ажырасып тынуы немесе жасырын көңілдес тауып,
шариғат тыйған зина сияқты харам істерге баруы бек мүмкін. Сөйтіп,
Жаратушының алдында – күнəһар, ал бала-шағасының ал- дында
екіжүзді болады. «Біреу біліп қоя ма?» деген күдікті ойдан құтыла
алмағандықтан, психологиялық тұрғыдан
мазасыз болады. Ол ол ма, көңілдес əйелдерді тек өткінші төсек
лəззаты үшін ғана пайдаланғандықтан, олардың да абыройы
айрандай төгіліп, əркімнің қол жаулығына айна- лары белгілі. Екі
ортада тірі жетім қорғансыз сəбилер мен олардың қорланған
шешелері қалады. Бүгінде көп əйел алуға үзілді-кесілді тыйым
салған европа бұнысымен қаншама əйелдермен жасырын түрде
төсектес болуға, яғни көңілдестік пен ойнастықтыққа, жезөкшеліктің
етек алуына, мыңдаған балалардың əкесіз дүниеге келуіне, қолдан
сансыз түсік жасалуына көз жұмып қарауда.
Бұл шындықты батыстық ғалым Густав Ли Вон:
«Мұсылмандардың көп əйелмен некелесуі – заңды түрде бір əйелмен
некелесіп, жасырын түрде көп əйелмен көңілдес болып жүре беретін
европалықтардан əлдеқайда артық»207 деп ашық мойындаған.
Негізінде, көп əйел алу ислам дінінде парыз да, уəжіп те емес. Тек
рұқсат етілген кеңшілік жол ретінде ғана қарастырылады. Жоғарыда
айтылғандай, көп əйел алудың өзіндік күрделі шарттары мен арнайы
талаптарын ескерер болсақ, көп əйел алудың əркімнің батылы жете
бермейтін жауапкершілігі зор іс екенін байқаймыз. Бұған қоса, ер
кісінің екі немесе бірнеше жанұяны бірдей басқаруға қабілеті
жеткіліксіз болса немесе екінші əйел алған жағдайда бірінші
жанұяның шаңырағы шайқалар болса, мұндай іске барудың өзі қатерлі
əрі жауапкершілігі де ауыр. Сондықтан үйленетін адам өз жағдайын,
жанұясының əрі қоғамының ахуалын, тыныс-тіршілігін есепке
алмастан мұндай қадамға баруы мүлдем дұрыс болмаса керек-ті.
207
Проф. Др. Ибраһим Жанан, Күтүб-и ситте, 2-том, 274-бет.
«Акчаг» баспасы, Стамбул.
Музыка тыңдау харам ба?
Əннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының
құлағын кесері бар.
Абай
Пайғамбарымыздың (с .а .у.) əн, музыкаға рұқсат ететін де208,
тыйым салатын209 да көптеген хадистері бар. Музыкаға байланысты
дəлелдердің əр түрлі болуына бай- ланысты ғұламалардың кейбіреуі
жалпы музыканы харам десе, енді біреулері адамға пайдалысы халал
деп фəтуа берген210.
Пайғамбарымыздың музыкаға байланысты хадистерінің əр түрлі
болуының астарынан тыйым салынған немесе рұқсат етілген
нəрсенің тікелей музыка
Мысалы, риуаятта Əбу Бəкір (р.а.) қызы Айша анамыздың үйіне кіреді. Ол жерде екі
жəрияның «буғас» соғысына байланысты əн айтып жатқанын көреді де:
Пайғамбардың үйінде шайтанның мизмары (шайтанның əуен аспабы) ма?-деп кейіс
білдіреді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса: «Уа, Əбу Бəкір, оларға тиіспе! Бүгін мейрам
күні ғой» деді. Осы секілді басқа да хадистерге сүйенген кейбір ғұламалар: «Егер əн
айту жалпы харам болғанда, пайғамбарымыз (с.а.у.) өз үйінде оның айтылуына мүлде
рұқсат бермес еді» деп, зияны жоқ музыка, əндерге рұқсат беретін фəтуалар
шығарған.
209 Мысалы, хадисте: «Əн, өлең жүректе екіжүзділікті өсіреді» делінген. Осы секілді
хадистерге қараған кейбір ғұламалар жал- пы музыка, əндерге харам деп фəтуа
берген. Толығырақ мəлімет үшін қараңыз: Қ. Жолыбайұлы, Дін мен діл, 97-бет.
«Дəуір» баспасы, 2010 ж.
208
аспаптары емес, олардың қалай қолданылуы, сондай-ақ, тыңдаушы
мен орындаушының түпкі ниетіне байланысты екенін аңғарамыз.
Себебі, кез-келген музыка аспабының ж а қ с ы - жаман əркелкі
тартылуына, бұған қ о с а , айтылатын əн мазмұнының əр алуан
болуына байланысты оның адамға тигізер əсері де əр түрлі болады.
Міне, сондықтан харам-халал үкімін музыка аспабынан гөрі оның
қалай қолданылуын негізге алып қарастырған жөн.
Мысалы, сіріңкені бейкүнə біреудің үйін өртеу тəрізді
қастандыққа да, от жағып үй жылыту, ас пісіру сияқты игілікті істер
үшін де қолдануға болады.
Адам табиғаты, ішкі сезімдері, жан дүниесі ерікті- еріксіз
көптеген нəрселерді қалайды. Мысалы, көркем табиғат көріністерін
тамашалағанда бойы сергіп рахат- танады. Өзеннің сылдырап аққан
үні өне бойына ерек- ше əсер етеді. Теңіздің буырқанып тасуы,
ормандағы тоты, бұлбұл секілді жыршы құстардың сайрап əн са- луы
да жан дүниесін рахатқа бөлеп, дем алдырады. Сондықтан адамның
жан дүниесі, ішкі сезімдері əрдайым көркем табиғатты тамашалауды,
судың сарқыраған дауы- сын естіп, құстар салған əсем əндерді естуге
құмартып тұрады. Ислам діні адам баласын өз табиғатындағы осындай сезімдеріне тұсау салып я болмаса тамырына балта шауып
мүлдем жоқ ету үшін келген жоқ. Керісінше, олар- ды реттеп, орта
жолға бағыттау үшін келді211. Ендеше музыка – егер адам баласының
уақытын босқа өткізіп ғибадаттарына кедергі жасаса, нəпсісін
қоздырып, ойына харам нəрселерді салып, жаман пиғылдарға
жетелейтін болса, даңғырығының қаттылығынан мидағы клеткаларды өлтіріп, адам мінезін ұшқалақтыққа тəрбиелесе онда
211
əл-Имамул-əкбар Махмуд Шəлтут, Əл-Фəтаауа. 355-бет. Дəруш- шуруқ, Египет. 2004 ж.
– харам. «Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріндегі музыкаға
байланысты тыйымдар осындай теріс бағытқа жетелейтін
музыкаларға байланысты болса керек»- дейді ХІ ғасырда өмір сүрген
тақуалығымен танымал ханафи ғалымы Абдул-Ғани əн-Нəбулуси
өзінің «Идахут-дəлалат фи самағил-əəлəəт» (музыка аспаптарын
тыңдауға байла- нысты дəлелдерді баяндау) атты кітабында212.
Ал егер саз бен əуен керісінше адам бойындағы мүлгіп жатқан
жақсы сезімдерін оятып, рухы мен миына тыныштық сыйласа,
шаршағанда жүйкесін дем алдырып, ойына көркем пікірлер салатын
болса, онда неге харам болсын?!
Абайдың: «Құлақтан кіріп, бойды алар Əсем əн мен
тəтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Əнді сүйсең, менше сүй», - дегеніндей кейбір əуендер мен
əуездер ешбір сөз айтылмаса да, адамның ішкі дүниесіне ағыла
құйылып, өзінше бір əлемге ж е - телеп терең ойға шомдырады.
Мысалы, қазақтың кейбір күйлері орындалған уақытта көз алдыңа
кең байтақ жер мен ондағы əсемдіктер елес береді. Көктемдегі көңілкүйді білдіретін, жауған жаңбырдың тырсылын елестететін, көңіліңді
сергітіп, керемет ойға жетелейтін жұмсақ т а нəзік əуендердің бар
екені баршаға белгілі. Отанды, бірлікті, ерлікті уағыздайтын, атаананың қасиетіне бай- ланысты, адам баласын адамгершілік пен
имандылыққа баулитын музыка мен əндерді тыңдау əрі айту неліктен
харам болсын?
Соғыста əскердің жау алдындағы рухын көтеру əрі кейбір
əскери бұйрықтарды білдіру мақсатында
мұсылмандардың барабан аспабын қолданғандары213, тіпті кейбір
психикалық ауруларды музыка арқылы емдегендіктері тарихтан
белгілі214. Мұндай жақсы істер үшін қолдануды кім болса да құптары
сөзсіз.
Ең əсем əуен Құран екені сөзсіз. Алайда қоғамдағы адамдардың
дəрежелері мен болмысы, табиғаты мен ішкі сезімдері бірдей емес
екені шындық. Олай болса, музыканы жалпылай харам санап,
барлық адамға «Тек Құранды ғана оқы əрі тыңда!» деп күштей
алмаймыз. Себебі, қоғамда Құран оқып, басқа да өзіне міндеттелген
ғибадаттарын толық орындаумен қатар, өзі ұнатқан пай- далы
музыкаларды тыңдағысы келетін адамдар тағы бар. Сондай-ақ
адам жан дүниесі үздіксіз ғибадат жа- саудан, яки үнемі салмақты
нəрселермен шұғылданудан жалығуы ықтимал. Сондықтан адамның
табиғаты мен болмысы анда-санда көңілін көтеріп, рухын дем
алдыратын нəрселерді қажетсінеді.
Хазірет Алидің (Алла Тағала одан разы болсын):
«Тəннің шаршайтыны тəрізді жүрек те шар- шайды.
Сондықтан оны қызық хикметтермен дем алдырыңдар!»,
«Жүректеріңді анда-санда дем алды- рып тұрыңдар! Себебі,
жүрек зорықса, тас соқырға айналады»215 дегені риуаят етілген.
Музыка тыңдауды ұнататын адамдарға біз егер жақсы музыканы
тыңдауға болатынын айтып жөн сілтемесек, тіпті көркем мағыналы
əрі əуенді əндердің шығарылуына бағыт-бағдар беріп реттемесек,
ол адамның бара-бара жаман музыкаларға ұрынбасына кім кепіл?
Фатауа Мустафа Зарқа, 349-бет. Дарул-қалам, Димашқ. 2001 ж.
Һейет, Мүслүман Илим Өнжүлери, 149-бет. Стамбул, 2005 ж.
215 Мухаммед Абдур-Рахман əл-Марғашли, əл-Ғина уəл-мəғазиф фил-иғламил-муғасир
уə хукмуһə фил-ислам, 229-бет. «Дəрул- мағрифа» баспасы, Бəйрут. 2006 ж.
213
214
Егер музыканы жалпылама харам десек, онда мұсылмандардың
мəдениеті, өнері артта қ а л а р ы сөзсіз. М ы с а л ы , ғибратқа толы
ұлан-асыр тарихымыз- ды бейнелейтін киноларымызға ешбір
музыка аспа- бы қосылып, керекті жерінде эффекті берілмесе, ол
киноны кім ерекше əсермен тамашалай
алады? Онда
жастарымыздың өзгелердің өте тартымды, əсері күшті, бірақ
мағынасы улы киноларының соңына түсіп кетері сөзсіз. Сол сияқты
телеканалдарда бір бағдарламадан екінші бағдарламаға өту
кезеңдерінде, басқа да көрермендердің назарын аударар жағдайларда
музыка аспаптарының рөлінің маңыздылығын кім жоққа шығара
алады?!
Сөз соңы, музыка белгілі бір мəн-мағынаны жеткізу- де
қолданылатын «сөз» іспетті. Сөзбен пайдалы нəрсені насихаттауға
да, зиянды теріс мағынаны жеткізуге бола- тыны секілді музыканы
да жақсы-жаман түрлі бағытта қолдануға болады дей келе Əбу Насыр
əл-Фарабидың ба- сынан өткен мына бір оқиғаны бере кетуді жөн
көрдім.
Əл-Фараби бабамыз əн-күй десе ішкен асын жерге қоятын жан
болған екен.
Бір күні өзінің бір ұстазынан əн-күй жайын сұрады. Ұстазының
айтуынша, сырнай-керней, əуен – жын- шайтанның ісі болып шықты.
Адамды алаң қылып азды- рады, ісінен қалдырып, күнəға кіріптар
етеді екен.
Бұрын əн-күйді жақсы сүйетін Əбунасыр осыны естігеннен кейін
қолына күй аспабын алмайтын болды. Əн-күйді сүйіп ойнайтын
Əбудың бір қымбатты қимас жолдасы жоғалып қалғандай күй кешеді
де мынандай ойға батады. Əсем əн деген адамды жадырататын,
көңілді көтеріп, жүректің мейірімін оятатын бір қасиетті өнер ғой.
Ендеше, ол қалай сайтанның меншігі болады?
Осы сауалын ол екінші бір ұстазынан сұрайды. Ол ұстазы: Əсем
саз – ол қасиетті нəрсе емес пе? Мұнда аспанның сыры бар, əлемнің
үні бар. Қолыңнан келсе бұл өнерден жиренбе...», - дейді. Мұны естіп
Əбунасыр қатты шаттанады. Алайда ол үлкен ұстаз Ə б у Мəлік
хазіреттің өзінен сұрамаққа бекінді. Əбу Мəлік ұстаз былай деп жауап берді:
– Ол да дұрыс, ол да дұрыс. Екі айтушының екеуі де дұрыс
айтады... Я, солай... Жамандық та, жақсылық та адамның өз
бойындағы қасиетке сүйенеді. Азғындық пен ізгілік ежелден егіз
емес пе? Əн-күйдің əуеніне еріп, басқа өнер-білімнен қол үзсең,
сонымен өміріңді қапыл өткізсең өкініш емей немене. Əсем əуен
алпыс екі тамыр- ды бірдей қозғайтын кереметті, құдіретті нəрсе.
Оның сені билеп əкетуі ғажап емес. Алғашқы айтушы сені сонан
сақтандырады. Құдіретті өнерді керекті жерінде өлшеумен ұстап,
тізгінді ақыл-ойға беріп ізгілік іске қоссақ, онан келер пайда тағы
көп. Көкірек кеңіп көңіл оятар, қиял қоздырып қайрат берер тағы
сол... Ғылымның ата тегі əр ненің өлшеуін білуде емес пе?! Сен əнкүй үйренсең онан менің қаупім жоқ. Құдіретті күйдің сиқырлы үнін
тежеп отыруға сенің ақыл-қабілетің мол жетеді216.
216
Ағжан Машанов, əл-Фараби. Жалын баспасы, 1970 ж.
Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан ұрықтандыру
арқылы сəби дүниеге əкелуге, əсіресе, суррогаттық тəсілге (құрсақ
ана) дініміздің үкімі қандай?
Қолдан ұрықтандыруға қатысты дініміздің үкімін айтпас бұрын
қолдан ұрықтандырудың не екендігі жайлы оқырманға қысқаша
түсіндірме бере кетейік.
«Қолдан ұрықтандыру» – табиғи жолмен өздігінен ұрықтана
алмаған жағдайда, əйел жұмыртқа клетка- лары мен еркек ұрық
клеткасын сыртқы ортада ар- найы медициналық түтікшелер
көмегімен біріктіріп ұрықтандыру тəсілі. Ұрықтандырылған бұл
зигота217 ар- тынша əйел жатырына салынады.
Бұл тəсіл XX ғасырдың алғашқы жартысында ең əуелі жанжануарларда қолданыла бастады. Бір ғана еркек малдың ұрығымен
мыңдаған ұрғашы малдар қолдан шағылыстырылды. Бұл ғылыми
жаңалық мал шаруашылығына айтарлықтай экономикалық тиімділік
əкелді. Мыңдаған сиырларға бір ғана бұқа салу қиындық
туғызатындықтан, шаруа иелеріне бұрынырақта көптеп бұқа ұстау,
оларды арнайы күту, бағу керек бола- тын. Енді жаңаша мына
тəсіл арқылы оларды күтуге жұмсалатын шығын азайды. Оған қоса,
бұқаларды көптеп ұстағаннан кейін қартайған бұқалардың етін өткізу
де қолайсыз болатын. Жаңа тəсіл арқылы санау- лы ғана бұқа
ұсталатындықтан басқа еркек малдарды жас кезінде сойып етке
өткізу де экономикалық пайда
217
Зигота – əйелдегі жұмыртқалық клетканың еркек ұрығымен ұрықтанған кезі.
əкелді. Оның үстіне, бұқалардың ұрықтарын зертхана- да зерттеу
арқылы олардың ішінен аурудан таза, етті, ең мықтылары таңдалып,
ұрықтандыруға қажетті бұқалар іріктелетін болды. Сөйтіп, жоғарғы
сапада мал төлдету мен мал түрлерін көбейтуде бұл тəсіл
таптырмайтын мүмкіндік сыйлады.
Кейін келе-келе бұл тəсіл табиғи жолмен ұрықтана алмайтын
адамдарға да қолданыла бастады. 1978 жылы Эдвардс жəне Стептоу
атты дəрігерлер, Джон Браун, Луиз Браун атты ерлі-зайыптылардың
ұрықтарын түтікшеде ұрықтандырып, оны қайтадан Луиз Браунның
жатырына салады. Сөйтіп, 1978 жылы 25 тамызда Лесли Браун атты
алғашқы сəби дүниеге келген.
Қолдан ұрықтандыру екі тəсіл арқылы жүзеге асады:
1. Қолдан іштей ұрықтандыру тəсілі. Бұл тəсілде ер кісінің
спермасы алынып, əйел жатырының қолайлы жеріне қойылады.
2. Қолдан сырттай ұрықтандыру тəсілі. Бұл тəсіл ер кісінің
спермасы мен əйелдің жұмыртқа клеткасы алынғаннан кейін
оларды зертханада арнайы түтікшелер- де ұрықтандырып,
артынша оны əйелдің жатырына орна- ластыру арқылы жүзеге
асады.
Осы негізгі екі тəсілге тəн қолдан ұрықтандырудың алты түрі бар.
Олардың екеуі ішкі ұрықтандыру тəсілі арқылы, қалған төртеуі
сыртқы ұрықтандыру арқылы жүзеге асады.
Іштей ұрықтандыру тəсілі:
Біріншісі, үйленген ер кісінің ұрығы алынып, оны əйелінің
жатырының ыңғайлы тұсына орналасты- ру арқылы жүзеге асады.
Сонда барып еркектің спер- масы табиғи жолмен əйелдің жұмыртқа
клеткасымен ұрықтанады. Бұл еркектің спермасы өздігімен табиғи
түрде əйелінің
жатырына жете алмаған
жағдайда
қолданылады.
Екіншісі, ер кісінің спермасын өз əйелі емес, басқа бір əйелдің
жатырына салу арқылы болады. Бұның əуелгіден айтарлықтай көп
айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы
– ер адамның спермасы өз некелісінің жатырына емес, басқа əйелдің
жатырына салынады.
Сырттай ұрықтандыру тəсілі:
Біріншісі, ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқалары
алынып, арнайы түтікшелерде ұрықтандырылғаннан кейін
жұмыртқасы алынған əйел- дің жатырына қайта орналастырылады.
Ұрықтандырыл- ған зигота жатырға жабысқан жағдайда өз дамуын
ары қарай жалғастырады. Бұл əйелдің жұмыртқалық жолдары бітеліп
қалған жағдайда қолданылады.
Екіншісі, ер адамның спермасы мен бөгде əйелдің жұмыртқасын
түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін о н ы əйелінің жатырына
орналастыру арқылы болады. Бұл ж о л əйел адамның
жұмыртқалығында а қ а у болса əрі жатыры зиготаны қабылдай
алатындай сау жағдайда қолданылады.
Үшіншісі, бөгде ер-əйелдің спермасы мен жұмыртқасы түтікшеде
ұрықтандырғаннан кейін оны басқа бір тұрмыстағы əйелдің
жатырына салу арқылы жүзеге асады. Бұл тəсілге жатырына зигота
қойылған əйелдің жұмыртқалығының жұмыс істемеуі əрі күйеуінің
спермасы жарамсыз болған жағдайда жүгініледі.
Төртіншісі, ерлі-зайыптылардың спермасы м е н жұмыртқа
клеткалары түтікшеде ұрықтанғаннан кейін, оны жүкті болып
босанып беруге келісім берген басқа бір əйелдің жатырына
орналастыру арқылы болады. Яғни, суррогаттық тəсіл арқылы жүзеге
асады. Босанып беруші анаға – «құрсақ ана» делінуде. Бұл жолға ерлі
-
зайыптылардың
сперма, жұмыртқалары болғанымен,
əйелдің жатыры жарамаған яки түгелдей жоқ жағдайда не- месе бала
көтеріп, тууды қаламаған жағдайда жүгініледі. Қазіргі таңда əлемде
жоғарыда айтылған барлық тəсілдер кеңінен қолданылуда. Қолдан
ұрықтандыруды біреулер тек ақша табу мақсатында пайдаланса, енді
біреулері үйленбей-ақ балалы болу үшін немесе ерлізайыптылардың біреуіндегі яки екеуіндегі жүкті болуға бөгет
келтіретін кей ақауларға байланысты кеңінен қолдануда. Бүгінгі
таңда танымал яки белгісіз адамдардың
спермаларын
сақтап,
сосын
оны
қажетсінген
адамдарға сататын арнайы
əлемдік сперма банкалары
көптеп құрылған.
Ислам
ғұламалары
«Рабитатул-аламил-ислам»
(Əлем
мұсылмандарының өзара байланысы) ұйымы ұйымдастырған фиқһ
(ислам құқығы) мəжілісінің VIII кезекті отырысында жоғарыда
айтылған қолдан ұрықтандырудың барлық түрлері мен жолдарын
зерттеп мынандай пəтуалар шығарған:
1. Ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқа клет- калары
табиғи түрде ұрықтана алмаған жағдайда, оларды қолдан
ұрықтандыруға шариғат рұқсат етеді. Яғни, жүкті болуға қажетті
«сперма, əйелдің жұмыртқа клеткасы жəне жатыр» бəрі
бірдей бір ерлі- зайыптылардікі болған жағдайда ғана қолдан
ұрықтандыруға рұқсат. Ал бұған жоғарыда айтылған сырттай
жəне іштей ұрықтандырудың бірінші жолдары ғана сай келеді.
Рұқсат етілген бұл жолдың өзінде де мынандай шарт- тар
орындалуы тиіс:
• Əурет жерін көрсетуге тыйым салынғандықтан, əйелдің
жұмыртқасын алу немесе ұрықтанған зигота- ны жатырына қайта
салу істерін мүмкіндігінше сенімді мұсылман əйел дəрігер яки басқа
əйел адам, əйтпесе,
мұсылман ер дəрігер, ол да мүмкін болмаған жағдайда басқа кезкелген сенімді ер дəрігер атқарады. Бірақ, жа- нында басқа
туысқандары бірге болуы керек.
• Ұрықтардың ауысып, шатастырылмайтындығына нақты көз жеткізілуі
керек.
• Қолдан ұрықтандыру күйеуінің көзі тірісінде жаса- луы керек.
Өлгеннен кейін рұқсат жоқ.
• Ерлі-зайыптылардың бұл іске бірдей рұқсаты бо- луы керек.
2. Қолдан ұрықтандырудың қалған барлық түрі шариғат бойынша
– харам. Бұл жолдардың кез-келгені зинаның бір түріне
жатады218. Өйткені, бұл тəсілдерде сперма мен жұмыртқа бірдей
ерлі-зайыптыға тиесілі емес яки тиесілі болған күннің өзінде
жатыр оларға еш қатысы жоқ бөтен біреудікі. Мұндай жолдар
ата-тектің шата- суына, көптеген келеңсіз жайттардың етек
алуына əкеп соғары сөзсіз. Аталмыш тəсілдердің ішіндегі кең
тараған суррогаттық (құрсақ ана) тəсілмен балалы болуға
оңкөзбен қарайтын адамдар да кездесіп жатады. Алайда, оның
да өзіндік қауіп-қатері мен кері нəтижелері болатындығын
ескермей болмайды. Айталық, олардың кейбірі:
• Батыста туылған сəбиді құрсақ ананың зигота иелеріне қайтармау
оқиғасы жиі кездеседі. Расында да, ұрық басқа біреудікі болғанмен өз
қанымен қоректендіріп, тоғыз ай бойы қиналып көтерген, жан алып жан берісіп барып толғатып дүниеге əкелген бауыр еті баласын кім
басқа біреуге көзі қиып бере салсын? Қайтарған күннің өзінде бұл
жағдайдың ананың ішкі жан дүниесіне, пси- хологиясына қалай əсер
ететінін дүниеге сəби əкелген аналар жақсы түсінер. Ана баласын
табыстағаннан кейін
218
əл-Имамул-əкбар Махмуд Шəлтут, Əл-фəтəəуа, 281-бет. Даруш- шуруқ, Каир, 2004 ж.
өмір бойы оны санасынан өшіре алмасы анық. Ғұмыр бойы рухани
күйзеліске түседі. Бала мен ана арасында өзара рухани тығыз
байланыс болатындығын ешкім д е жоққа шығара алмайды. Себебі,
жаратылысының негізгі кезеңдерін бала ананың жатырында
тəмамдайды. Рухы ананың жатырында беріледі. Құранда былай
делінеді:
«Расында,бізадамдынағыз(сүзілген)балшықтан219 жараттық.
Сосын оны шəуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге
орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ
ұрықтанған клеткаға) сосын оны мудғаға (бір тістем ет
бейнесіндегі жаратылысқа) сосын м у д ғ а н ы сүйектерге
айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны
басқа бір жара- тылыс жасадық. Алла – ең керемет
Жаратушы»220.
Құранда баланың анасы ұрығын берген əйел емес, оны дүниеге
əкелген жан екені айтылады: «Oлардың аналары – оларды дүниеге
əкелгендер ғана»221. «Біз адамдарға əке-шешесіне жақсылық
жасауды өсиет еттік. Анасы оны қиындықпен құрсағында
көтеріп, сондай ауыртпашылықпен дүниеге əкелді...»222.
«Əлсіреген үстіне əлсіреген күйде анасы оны көтерді»223.
• Сəби өскеннен кейін əке-шешесіне қарсы шығып, өзін тапқан құрсақ
анасына қайтамын деп қиғылық салған жағдайда не болмақ?
• Бұған қоса, баланың пікірімен санаспастан оны туған анасына емес,
жұмыртқа иесі əйелге тапсырылуыБұл жерде Адам атамыздың əу баста балшықтан жаратылғандығы яки адам денесінің
топырақтағы элементтерді қамтитындығына ишарат етілуде.
220 Муминун сүресі,12-14-аят.
221 Мужадəла сүресі, 2-аят.
222 Ахқаф сүресі, 15-аят.
223 Тафсируль-мунир, 13-т, б. 347
219
на кім рұқсат берді. Яғни, əр сəби өзін туған анасының құшағында өсуге,
ақ сүтін емуге құқылы емес пе?
• Құрсақ ана алдын ала берілген қаржыны қанағат тұтып, өзгесін керек
етпей ішіндегі баласын əдейі түсік қып тастаса ше?
• Ал баланың түр-əлпеті ұнамаса немесе дене бітімін- де бір ақау кездесе
қаласа, тіпті, ешбір себепсіз балаға тап- сырыс берген ұрық иелері
баладан бас тартқан жағдайда баланың жəне құрсақ ананың жағдайы
қалай болмақ?
• Құрсақ ана өз өмірінде бірнеше жанұяның ұрпағын туып берсе224,
кейіннен ол балалары ер жете келе бір- бірімен үйленіп жатса қалай
болады? Яғни, шешелері бір аға-қарындастар бір-бірімен тұрмыс құрып
жатса қалай болғаны? Олай дейтініміз, құрсақ ана бəрінің бірдей анасы емес пе?
• Құрсақ ана үйленбеген қыз болған жағдайда оның тұрмысқа шықпастан
жүкті болғанын көрген ел не ойлай- ды? Бұл бəлкім діні бұзылған
батыста ерсі болмағанмен, біз секілді зинаны үлкен күнə санайтын
мұсылман елдерінде өте жиіркенішті қылық.
• Батыста суррогаттық ананың өз күйеуінен жүкті болып қалу жағдайы да
кездесуде. Германияда бір əйел суррогаттық ана болуға келісім берген.
Сөйтіп, жатыры224
Мысалы, Ұлыбританияның 38 жасар тұрғыны құрсақ ана - Керол Хорлок осымен
қатарынан сегіз рет өзгелердің баласын босанып, енді тоғызыншысына аяғы ауыр. Ол
- Childlessness overcome through Surrogacy (ұрпақсыздыққа қарсы бөтен кісілердің
нəрестесін көтеру) ұйымында жұмыс істейтін көп əйелдердің бірі. Өздігінен сəби
көтере алмайтын жанұяларға жалдамалы құрсақ аналарды іздеу мақсатында 1990
жылы құрылған бұл ұйымға Ке- рол Хорлок 1994 жылы келген. Ол жыл сайын бір
нəресте көтеріп келеді. АҚШ-та бұл үлкен бизнес көзіне айналған. Заң жүзінде
төлемнің ең жоғарғы мөлшері белгіленбеген. Алайда, Sunday Times – тың
хабарлауынша төлем мөлшері 12 мен 18 мың евро көлемінде өзгеріп отырады. (бұл
мағлұмат Mednovosti.ru сайты- нан алынды.)
на келісілген шарт бойынша ерлі-зайыптылардың з и г о - тасы
қойылғаннан кейін аяғы ауырлайды. Алайда, уақыт өте келе оның
сол зиготадан емес, өз күйеуінен жүкті боп қалғаны анықталады.
Бірақ, ол алдын ала 8000 АҚШ долларын алып қойғандықтан, əлгі
ерлі-зайыптыларға күйеуінен жүкті болған өз баласын табыс етуге
мəжбүр болған. Кейбір адамдар өз балаларын ақшаға осылай сату- да.
Міне, бұл – дінсіз, рухсыз ғылымның жетістіктері225.
• Қазір батыста табиғи жолмен өзі босануға денсаулығы жете тұрып,
əйелдің баланы кестіртіп ал- дыруы сəнге айналды. Себебі, толғатып,
қиналып туғанша кестіріп алдыра салу əлдеқайда оңайырақ. Бірақ
қиналмай əкелген баланың анасына деген құрмет- ықыласының
қаншалықты болары т а ғ ы белгісіз.226 Себебі, ана мен баланың
арасында рухани байланыстың бар екені сөзсіз. Ол ғылыми
зертханада білінетін нəрсе емес. Ананың аналығы да, қаһармандығы
да оны тоғыз ай бойы қабырғасы қайыса көтеріп, қиналып босануында емес пе? Ал енді суррогаттық тəсілдің де бара-бара еріккендердің
ермегіне айналмасына кім кепіл? Бала көтеріп қиналғысы келмейтін
кей əйелдер баласын тауып беретін басқа біреуді жалдауды əдетке
айналдыруы мүмкін ғой. Бұл – батыста кең етек алған ауру. Қазіргі
күннің өзінде елімізде «Мен бала туып дене-бітімімді бұзғым
келмейді», «жасым қырықта, баламды басқа біреу туып берсе...
Өйткені, мен үшін жұмысым маңыздырақ» деп, орталыққа
келетіндердің бар екендігін Қазақстандағы
«Экомед» клиникасының бастығы Салтанат Берденқызы да айтуда227.
Сонда əйел ана болудан қашса, күйеу бөгде
Мухаммед Али əл-Баарр, Дин ве тып ачысындан түп бебек. 80-81 бет. Ауд: Адил Бебек.
Несил иайынлары, Стамбул, 1989 жыл.
226 Əрине, мəжбүр жағдайда кестіріп алу басқа жағдай.
227 «Қазақстан заман» газеті, 11 қараша 2005.
225
еркектің
ұрығын
өзінің
əйелінің
жатырына
қойылуына
намыстанбаса, оны ұят деп қабылдамаса, ағасының ба- ласын
қарындасы немесе анасы тағысын тағы жақын туысқандары туып
беріп жатса бұл адам баласының азғындауы емес пе?
• Жоғарыдағыларға қоса, сперма мен жұмыртқаны түтікшеде
ұрықтандырғаннан кейін оны үшінші бір əйелдің жатырына қою
жолымен дүниеге келген баланың жаратылыс, болмыс, мінез-құлық,
психология, ақыл- есінің ақаусыз болатындығына ешкімнің кепілдік
бере алмасы жəне хақ228. Мұны алдағы уақыт көрсетеді. Бұл өз алдына
зерттеуді қажет ететін тақырып.
Қысқасы, суррогаттық тəсілмен дүниеге бала əкелу мейлі діни
тұрғысынан болсын, мейлі адамгершілік жағынан болсын құптарлық
іс емес екені айқын. Ислам ғұламалары бірауыздан қолдан
ұрықтандырудың бұл тəсіліне «харам» деп анық пəтуа берген.
Иə, өмірде бала сүюдің қандай бақыт екені баршаға аян. Алайда,
міндетті түрде бала сүю керек екен деп шариғат тыйымдарын аттап,
адамгершілікке жат қылықтарға бару дұрыс емес. Б ұ л тұрғыда
батыстық экспериментер мен адасулар бізге үлгі бола алмай- ды.
Батыста үйленбей-ақ ба ла лы болуды қалайтын əйелдер арнайы
құрылған сперма банкаларынан белгілі б і р мөлшердегі қаражатқа
қалаған адамының ұрығын сатып алып балалы бола береді. Белсіз
азаматтар өз əйеліне осы сперма банкаларынан танитын яки танымайтын еркектердің ұрығын пайдалануына рұқсат ету- де. Бедеу
ə й е л д е р күйеулеріне
өзі мүлдем танымайтын бөтен əйелдің
жұмыртқа клеткаларын қолдануына разы болуда. Керек десеңіз,
шешесі қызының баласын, қызы
228
Мұхаммед Барада Ғазиюли, əл-ихсабус-синағи мин манзурин исламии.
шешесінікін, қарындасы ағасының баласын босанып беретін жайттар
да кездеседі.
Бүгінде батыста құрсақ аналар мен баласыз ерлі- зайыптылар
а р а с ы н д а бизнестік мақсатты
көздеп делдалдық жасайтын
м е ке м е л е рд і ң , ə й е л д е р д і ң ж ұ м ы р т қ а к л е т к а л а р ы м е н ер
адамдардың
спермала- р ы н саудалайтын орталықтардың кең
тарағандығы баршаға мəлім. Бұлардың қай-қайсысы болмасын біздің адамгершілігімізге
сыйыспайтын, к е л е р ұрпақ
алдындағы адалдығымызға нұқсан келтірер жиіркенішті істер
екені сөзсіз. Сұрақтың жауабын Шəкəрімнің:
«Ғылым деген бұл болса – адыра қалсын,
Демеске бара жатыр ішім толып»229- деген даналық сөзімен
тамамдайын.
229
Шəкəрім, Өлеңдер мен поэмалар, 139-бет. Жалын баспасы, А - маты 1988 ж.
Пайғамбарға салауат айту деген не? Біздің салауат айтуымызға
пайғамбарымыз мұқтаж ба?
«Салауат» сөзі араб тілінде «береке», «құрмет көрсету», «тілек»
сияқты мағыналарды білдіреді. Ал діни терминде болса, салауаттың
айтушыға байланыс- ты мағыналары да өзгеріп отырады. «Ахзаб»
сүресінде:
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 19
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.