Latin Common Turkic

Имани гүл - 13

Süzlärneñ gomumi sanı 3747
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Бұл
«Бақытты бақытты, құрсағында хадисте
иманды болып, имансыз болып
бақытсыздыққа ұшырайтыны мына дүниеге аяқ баспай жатып,
анасының құрсағында жа- зылып қоятынын қалай түсінуге болады?
Иə, əрбір адамның бақытты болу-болмауы анасының құрсағында
жатқан уақытта жазылып қояды. Ə б у Бəкір, Омар, Осман, Əли
сияқты заңғар сахабалардың иман нұрымен нұрланып, екі дүниеде де
бақытты болатыны жəне Ə бу Жəһил, Ə бу Лəһəб секілді имансыз
жандардың бақытсыз болатындығы аналарының құрсақтарында
жатқан уақытта жазылған. Бірақ бұл олардың мына дүниедегі
ниеттері мен қалаулары есепке алынбастан жазылмайды. Яғни, Алла
Тағала əзəли ілімімен барлық адамның мына дүниеде не істейтінін,
қа лауларын қай бағытта қолданып, иманды яки имансыз
болатындықтар- ын алдын ала білгендіктен солай жазып қояды. Олар
Алла Тағала жазғаны үшін бақытты, не бақытсыз болмайды.
Керісінше, олардың бақытсыз яки бақытты болатынын Алла Тағала
əу бастан білгендіктен тағдырларына солай жазған.
135
Һəйсами, Мəжма’уз-зəуəид. VII. 193.
Доңыз еті неліктен харам?
Доңыз ең əуелі бүкіл əлемдердің Раббы Алла Тағала
«жемеңдер» деп тыйғаны үшін харам. Мұсылмандар Алла
Тағаланың тыйған тыйымдарының астарлы хикметін, зиянын
білмесе де «неліктен, неге?» демес- тен дереу бойұсынуға тиіс.
Себебі, оны бұйырып тұрған ұлы иеміз Алла Тағала. Мына дүниеге
біздер сынақ үшін жіберілгенбіз. Алла Тағаланың адал еткен
нəрселері шексіз, санасаң санап бітіре алмайсың. Ал, керісінше,
харам еткен нəрселері санаулы əрі шекті. Солай бола тұра, кейбір
адамдар осыншама адал нəрселерді ысырып қойып, Алла Тағаланың
сынақ үшін харам еткен санау- лы нəрселеріне барып ұрынады.
Құдды ол харамды же- месе яки ішпесе аштыққа ұрынатындай.
Бойұсынудың ең ұлысы һəм ең с ау а п т ы с ы – істің зияны мен
пайдасын есепке алмастан, тек бүкіл əлемдердің раббы – Алла
Тағала бұйырғаны үшін ғана орындау. Мұнымен қоса, Алла
Тағаланың тыйған кез-келген тыйымдарында бұл дүниелік һəм арғы
дүниелік пайдалар бар екені де сөзсіз. Доңыз етінің харам болуының
да əр түрлі хикметтері бар. Оларды қысқаша қайыратын болсақ:
1. Доңыздың денесінде улы заттар бар. Доңыз еті өте майлы келеді.
Бұл май жеген адамның қанына сіңеді. Сөйтіп, қан май
түйіршіктеріне толып қалады. Қандағы өлшемінен көп бұл май
артерия тамырларының қатаюына, қан қысымының көтерілуіне
жəне жүрек талмасына себеп болады. Бұған қоса, доңыз
майының құрамында (sutoksin)
«сутоксин» делінген улы зат бар. Денеге енген бұл улы заттың сыртқа
шығарылуы үшін лимфа бездерінің ша- мадан тыс жұмыс істеуі
қажет. Ал бездердің бұлай ша- мадан тыс жұмыс істеуі, əсіресе, жас
балалардың лим- фа бездерінің асқынуына жəне ісінуіне əсерін
тигізеді. Ауруға ұшыраған баланың тамағы қатты ісігендіктен, доңыз
кейпін елестетеді. Міне, сондықтан бұл ауруға ме- дицина тілінде
«доңыз ауруы» (skrofuloz) делінеді. Ауру қатты асқынған жағдайда
лимфа бездері жарақатқа ай- налып, қатты ісінеді. Аурудың ыстығы
көтеріліп, қатерлі жағдайға душар етеді.
2. Доңыздың денесінде көп мөлшерде күкірт болғандықтан, оны
жеген адамның организмінде өлшемнен тыс күкірт пайда
болады. Ал организмдегі өлшемнен тыс күкірттің болуы
шеміршек, бұлшық ет жəне сіңірлерге сіңіп, буындарда тұз
жиналу жəне омыртқаның жылжуы сияқты а у р у л а р ғ а себеп
болуы əб- ден ықтимал. Доңыз еті жиі желінген жағдайда
денедегі қатты шеміршектер сол доңыз етінен келетін
бөлшектердің əсерінен тым жұмсарып, дене ауырлығына
шыдамайтын халге келеді. Бұл буындардың босаңсуына əкеліп
соғады. Доңыз етін жейтін адамдардың қолдары ісіп,
денелерінде май қабаттары пайда болады. Мысалы, ол адам
спортпен айналысқан күннің өзінде жалқау, жайбасар халге
енеді.
3. Доңызда өсу гармоны да көп мөлшерде кездеседі. Бірнеше жүз
грамдық салмақпен ғана туылған торай- лар алты айдың ішінде
жүз килоға жетеді. Торайлардың мұншалықты тез өсіп, үлкеюі
доңыздың денесіндегі өсу гармонының өте көп мөлшерде
болуына тікелей байла- нысты. Бұл гармондар доңыздың етін
жеген адамдардың денесіне де өтетіндіктен, ол адам организміне
кері əсерін тигізеді. Денедегі тканьдардың ісіну мен қабынуына
əкеп соғады. Мұрын, жақ, қол, аяқ сүйектерінің табиғи
ИМАНИ ГҮЛ
қалыптан тыс үлкейіп, өсуіне жəне жалпы дененің майла- нуына
себеп болады. Гормандардың ең үлкен зияны – де- неде қатерлі ісіктің
(рактың) пайда болуына жағдай жасай- ды. Мал дəрігерлері еркек
доңыздардың белгілі бір жастан кейін қатерлі ісік ауруына көптеп
шалдығатындықтарын айтуда.
4. Доңыз етінің құрамындағы хистамин (histamine) жəне имидазол
(imidazole) делінетін заттар адамның терісінде қышу тудырады,
есекжем, бөртпе (экзема), дер- матит сияқты тері ауруларға себеп
болады. Бұған қоса, бұл заттар соқыр ішек, өт жолдары, тамыр
ауруларына да көп жағдайда себеп. Сондықтан дəрігерлер жүрегі
ауыра- тын адамдарға доңыз етін жемеуге кеңес береді.
5. Доңыздың етін жеу салдарынан адамда пайда бола- тын тағы бір
ау ру – трихина ауруы. Доңыздар бұл ауруды трихина атты
құрттары бар тышқандарды жеу арқылы өздеріне жұқтырады.
Доңыздардың денесінде бұл құрт көптеп кездеседі. Бірақ
трихина ауруы доңыздарға қатты əсер етпейді. Ал адамдар үшін
бұл а у р у өміріне қауіп төндіретіндей қатерлі ауру болып
саналады. Трихина құрттары асқазан жəне ішектер арқылы қанға
өтеді. Сосын барлық денеге тарайды. Трихина құрттары, əсіресе,
жақ, тіл, мойын, жұтқыншақ жəне көкірек бұлшықтарының
тканьдарында орналасады. Сондықтан осы мүшелердің
бұлшықтарының тартылып қалуына (сал болуына) себеп
болады136. Бұған қоса, қан тамырларының бітелуіне, ме- нингит
жəне мидың асқынуына əкеп соғады. Трихина а у - руы кей
жағдайда адам өліміне де себеп. Бұл аурудың тағы бір жаман
жағы нақты емінің болмауы. Трихина көбінесе батыс елдерінде
кеңінен етек алған. Мал дəрігерлерінің қатты қадағалауына
қарамастан, Швейцария, Англия
136
Мустафа Зарқа, Фəтəəуа, 221-бет. «Дарул-қалам» баспасы, Димашқ. 2001 ж.
жəне Польшада трихина ауруы кең тараған. Ал, мұсылман елдерінде
бұл ауру жоқтың қасы.
Медицина ғылымы дамығаннан кейін ғана доңыз етіндегі
трихина сияқты зиянды құрттар мен микроптардың, у л ы заттардың
бар екенін білудеміз. Ал Құран сан ғасыр бұрын доңызды «харам»
деп кесіп үкім берген. Сондықтан доңыздың денесінде əлі де біз біле
білмейтін, ғылым дəлелдей қоймаған зиянды нəрселердің жоқ
екендігіне кім кепіл?!137
6. Адамдар мен жан-жануарлардың табиғаты мен мінездерінің
қалыптасуында жеген қоректерінің де рөлі бар. Мысалға,
арыстан, қасқыр сияқты етпен қоректенетін аңдар жыртқыш
болып келсе, керісінше сиыр, қой, қоян сияқты шөппен
қоректенетін жануарлар жуас болып келеді. Көбіне
көкөністермен қоректенетін адамдардың табиғаты жұмсақ,
биязы болып келетіндігі, ал етті көбірек жейтін адамдардың
табиғатының қаттылау болып келетіндігі анықталған. Қазақта
адам мінезін су- реттеген кезде жылқы мінезді, қой мінезді деуі
де осы айтқандарымызды айқындай түседі. Доңыз – өзінің
ұрғашысын қызғанбайтын, мейірімсіз хайуан. Сондықтан доңыз
етін көптеп пайдаланатын адамдарда жарына, тіпті анасына
деген бөгде еркектердің арам пиғылына қарсы намыс, қызғаныш
сезімдері əлсірейді екен. Мұнымен қатар, мейірім, қанағат
секілді қасиеттеріне айтарлықтай қаяу түсетіні байқалған.
Француз ойшылы Саворин қоректенудің маңыздылығын
түсіндіре келе «Маған не- мен қоректенгеніңді айт, сенің кім
екеніңді айтайын» де- ген екен.
137
Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи муажаһати шубуһатилмушаккикин, 649-бет. Каир қаласы, Мажлисул-ағла ли шуунил- Исламия. 2004 ж.
Шайтан не үшін жаратылған? Е л д і адастыратын ондай
азғырушының керегі не? Өзінің тозаққа баратынын біле тұра ол
неліктен кінəсін мойындап, тəубеге келмейді?
Алла ешбір жаратылысты бекерден-бекерге я болма- са
жаманшылық жасау үшін жаратпаған. Шайтан əу баста шайтан болып
жаратылмаған. Ол – періштелердің арасын- да ғұмыр кешкен
жаратылыс. Алайда ол Алла Тағаланың алғашқы сынағынан-ақ
сүрінді. Сүрінгенде жай сүріну емес, омақасып оңбай құлады. Оған
берілген сынақ, Алла Тағаланың «Адамға сəжде ет!» деген бұйрығы
еді. Шайтан осы бұйрыққа қарсы шығып, қырсыққан үстіне
қырсығып, тəкаппарлана түсті. Паңданып, Алланың бұйрығына
қарсы шығуының салдарынан, Жаратушының шексіз рақымынан
қуылды. Мұның бəрін ол өзінің дер- бес қалауымен жасады. Яғни, ол
өз қалауымен шай- тан болды. Шайтан алғашында періштелердің
ара- сында жүріп, Алла Тағалаға құлшылық жасады. Бірақ
шайтанның періштелердің қатарында жүруі – оның өзіндік ісəрекетінің, үздіксіз күрес, тынбайтын еңбегінің нəтижесі емес еді.
Бəлкім, бұл Алла Тағаланың арнайы шарапаты əрі оның шынайы
дəрежесін анықтайтын сынаққа түспеуінің арқасында болған-ды.
Сондықтан бо- лар, ол Жаратқанның алғашқы сынағында-ақ өзінің
кім екенін байқатып, шынайы бет пердесін ашып берді. Ен- деше,
шайтанның əу баста періштелермен бірге болуы
– оның абыройлылығына ешқандай да дəлел бола алмасы хақ. Ал оның періштелердің жанында жүріп жасаған
құлшылығына келер болсақ, оның осы құлшылығы шынымен-ақ
Алла Тағалаға бойұсынуы ма, жоқ əлде та-
ғы да өзіне ұнамды болғандығы үшін бе? О жағы бізге белгісіз. Бірақ
алғашқы сынақта көрсеткен қылығы
– оның Аллаға емес, өз нəпсісінің құлы болғандығын білдіретіндей.
Шайтан жəннаттан, Ұлы Жаратушының рақымынан Адам үшін
қуылғандықтан, ол əрқашан адам ұрпақтарына қас дұшпан.
Сондықтан адам баласы əрқашан өзінің осы қас дұшпанына сақ
болып, негізгі жаратылу мақсатына сай ғұмыр кешуге тырысқан
уақытта ғана өзінің ішкі дүниесіндегі күнəға қарсы барлық қорғаныс
механизмдері күшейе түседі. Бейне бір белгілі бір вирусқа сан рет
душар болған жанның денесіндегі ішкі қорғаныс механизмінің іске
қосылып, иммунитетінің қуаттанып, автоматты түрде қорғанысқа
түсуі секілді.
Шайтанның сан түрлі азғыруына сақ жүрген жанның бойындағы
«парасаттылық»,«қырағылық» секілді сипат- тары артса, оның сан
алуан айлаларына көнбей, көкірегін керіп, қарсы тұрған жанның
бойындағы «сабырлылық»,
«төзімділік», «қайсарлылық» секілді қасиеттері дамып, шыңдала
түседі. Олай болса, шайтан адам баласының мына дүниеде өте сақ
боп ғұмыр кешуіне, бойындағы қорғаныс жүйесінің жетілуіне,
табиғатындағы ашылмаған көптеген асыл қасиеттерінің кемелденуіне
басты себепші екеннін де есте ұстауымыз керек.
Бұл дүние – адам баласының сынаққа түсер ұлы май- даны. Алла
Тағала адамдарды əр түрлі себептермен сынға салуда. Сөзсіз, шайтан
да сол себептердің ең бастысы. Шайтан арқылы адамдар арасындағы
жақсысы мен жама- ны, осалы мен қайсары, жəннат пен тозаққа
лайықтысы ажыратылуда.
Əр түрлі химикалық тазарулардан өткеннен кейін асыл тастың
алтынға айналатыны секілді шайтанның да
азғыруына
құлақ
аспай, сан-алуан айлаларына қарсы
тұрып, өмір бойы оны қас дұшпаны санап өткен жандар, рухани
жетіліп, кемелдене түседі. Сөйтіп, жəннатқа лайық дəрежеге жетеді.
Ал, керісінше, шайтанның арбауына көніп, əр түрлі азғыруларына
қуана келісіп, оның шабуы- лына ақ туды көтеріп, еш қарсылықсыз
беріліп, жаманшы- лық атаулыны шімірікпей жасап, күнəларға
белшесінен батқан пенде, бара-бара өзі де адам бейнесіндегі
шайтанға айналып, тозаққа тəн кейіпке енеді. Міне, шайтан адамның
рухани жетілуіне, жəннатқа лайық жаратылыс дəрежесіне көтерілуіне
яки күнə істеп, тозақтық болуына себеп болғандықтан, оны бостанбосқа хикметсіз жаратылған, не болмаса оның жаратылуы мүлдем
қажетсіз дей алмай- мыз.
Мысалы, пышақты түрлі пайдалы іс үшін қолдануға болатыны
секілді, онымен адам өлтіріп күнəға батуға да болады. Сол себепті,
пышақтың өзін жаман, керексіз дей алмаймыз. Ендеше, шайтанның
да жаратылуы жамандық емес. Алла Тағаланың құлдарына еш
жаманшылық қаламасы хақ.
Ал енді шайтанның Алла Тағаланы біле тұра істеген күнəсін
мойындап, тəубеге келмеуіне тоқталайық. Жоғарыда айтып
кеткеніміздей, шайтан Адам ата жара- тылмас бұрын ерекше дəрежеабыройға ие дара жара- тылыс еді. Оның есімі əрдайым
періштелердің жанында қатар аталатын. Алла Тағала періштелердің
өзі сəжде ететініндей дəрежеге ие ардақты «Адам» делінген жаратылыс жаратты. Алайда шайтан мұны қатты қызғанды. Өйткені, ол
өзін жаратылғандардың ішіндегі ең ардақтысы деп білетін. Енді міне,
Ұлы Жаратушының көптеген сипаттарының көрсеткіші іспетті өзінен
де артық зат жа- ратылып отыр. Шайтан мұны көре алмай, қызғанды.
Ішін өрт шалған шайтан үшін осы «Адам» алдында сəжде жа- сау өте
қиын еді. Бүгінгі күні де өзінен асып бара жатқан
өзгелерді көре алмай, аяқтан шалушылықтар осы бір шайтани
мінездің адамдағы айқын көрінісі.
Еврейлер мен христиандар арабтарды өздерінен төмен санайтын.
Сол себепті, олар соңғы пайғамбардың араб ұлтынан келуін мүлде
елестете алмайтын. Алай- да, соңғы пайғамбар араб ұлтынан келген
сəтте олар мұны көре алмады. Қызғанды. Сондықтан олар араб
ұлтынан шыққан Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) бойындағы барлық
ерекшеліктерді қасиетті кітаптарында білдірілген сипаттамаларға дəл
келсе де, «бұл біз күткен пайғамбар емес» деп тайқып шыға келді.
Құранда:
«Бізден кітап берілгендер (еврейлер мен христиандар) оны
(Мұхаммедті) өз балаларындай анық таниды»138 делінеді.
Олардың соңғы пайғамбарды біле тұра, оны қабылдамауының
астарында қызғаныш пен тəкаппарлық жатыр еді. Міне, осы сияқты
көптеген оқиғалар шайтан- ның «Адамды қызғану» оқиғасын көз
алдымызда жандан- дыра түседі.
Алла
Тағала
«Адамды»
жаратқаннан
кейін
барлық
періштелермен қоса шайтанға да «Адамға сəжде етіңдер» деген
бұйрығын берді. «Сəжде ету» термин ретінде маңдайды сəждеге
қойып, құлшылық жасау. Ал бұл жердегі «сəжде ету» Адамды (а.с.)
мойындау, оған ізет, құрмет білдіру мағынасында келген. Шынайы
құлшылық мағынасындағы сəжде тек Алла Тағалаға ғана жасалады.
Шынтуайтында, бұл «сəжде» Адамға салынған сəлем мен оған
жасалған құрметтен бұрын, Ұлы Жаратушының бұйрығына əрі
«Адам» секілді ғажайып жаратылысты жаратқан Оның құдіреті мен
теңдессіз шеберлігіне жасалған сəжде еді.
Періштелер Адамға сəлем салып, ізет білдіріп Ұлы
Жаратушының бұйрығына сəжде етті. Тек шайтан ғана
138
Əли Ғимран, 146 аят.
тəкаппарланды. Алла Тағаланың бұйрығынан бас тар- тып, қарсы
шықты. Алла Тағала: «Менің бұйрығыма қарамастан, адамға
сəжде етуге не нəрсе бөгет болды?» деді. Шайтан: «Мені оттан, оны
топырақтан жараттың. Мен, əлбетте, одан қайырлымын,
артықпын, қалай оған сəжде етпекпін, менен артық жаратылыс
бар ма?» деп тəкəппарланды. Шайтан ішіндегі қызғанышы мен
тəкаппарлығының салдарынан бұйрықтың Ұлы Жа- ратушыдан келіп
тұрғанына да қарамады. Шайтан бұл жа- уабы арқылы Алла
Тағаланың өзінен де артық жаратылыс жарата алатын құдіретіне
қарсы шығуда еді. Тіпті мұның астарында: «Сен менен асқан артық
жаратылыс жара- та алмайсың?» деген «менмендік» пиғыл бар.
Шынтуайтында, шайтан төмен санаған топырақ аса қайырлы еді.
Себебі, топырақ өмірдің қайнар көзі. Барлық тіршілік топырақтан
өрбиді. Сондықтан топырақта Алла Тағаланың «теңдессіз
жаратушы», «толассыз рызық беруші», «шексіз шебер» сияқты
есімдері мен сипаттары көрініс табуда. Яғни, топырақ – Ұлы
Жаратушының сан- сыз көркем есімдері мен сипаттарының айнасы
іспетті.
Шайтан қатесін түсініп, тəубеге келудің орнына қасарысқан
сайын қасарысып, тəкаппарлана түсті. Сөйтіп шайтан Алла
Тағаланың: «Ендеше, дереу ол жерден түс! Сенің ол жерде
тəкаппарланып, паңдануыңа жол жоқ. Қанеки, тез шық! Сөзсіз,
сен қорланғандардансың!» деген сөзімен
құзырынан
қудаланды. Сонда Ібіліс:
«Маған қайта тірілетін күнге дейін мұрсат бер!» деп, Алла
Тағаладан қиямет күніне дейін өмір сұрады. Алла Тағала: «Сен
мұрсат берілгендердің қатарындасың» деді. Ібіліс «Ендеше, Сен
мені қаңғыртып, адасуға ду- шар еткенің үшін мен де олардың
тура жолға түсуіне барынша бөгет жасаймын. Олардың алдынан,
ар- тынан, оңынан, солынан келіп азғырамын. Сөйтіп,
Сен олардың азын ғана Өзіңе шүкір еткендердің қатарынан
табасың»139 деп, адамға деген дұшпандығын айтып салды. Иə, Ібіліс
адамға қас. Себебі, сол үшін өзінің бар абыройынан, күллі атағынан
айрылып, Алланың рақымынан мəңгілікке қуылды. Өзінің күллі
атақ-абыройынан айрылып, қорланғанына, ал керісінше
«Адамның» Алланың сүйікті құлы болып, күллі жараты- лыс
атаулының алдында абыройға кенелгеніне шыдай алмады. Енді ол
осы Адамға жəне оның қияметке дейін келетін бүкіл үрім-бұтағына
дұшпан болмақ. Қандай жолмен болса да, оны азғырып, Алланың
рақымынан қуылып, абыройынан айырылуын қалады. Қалайша Адам
абыройлы күйде, ал менің жағдайым мынау. Жоо-жоқ, мен мұны
көтере алмаймын дегендей ішін қызғаныш кеміріп, тəкаппарланған
сайын тəкаппарлана түсті. Сол күннен бастап Адамды азғырумен
болды. Адам ата мен Хауа анамыздың жəннаттан қудалануын тіледі.
Сан қилы айла жасап, осы арам пиғылын жүзеге асыру үшін небір
қулықтарға барды. Ақыры Адам мен Хауаның Алла Тағаланың
«жақындаушы болмаңдар!» деп бұйырған жемісін жегізіп тынды.
Сөйтіп, Адам ата- мыз бен Х а у а анамыз шайт анның азғыруына
алданып, тыйым салынған жемісті жегені үшін жəннаттан жер- ге
түсірілді. Яғни, жəннат мекенінен шығарылды. Шай- тан айласын
асырғанына айран-асыр қуанды. Алайда, Адам мен Х а у а дереу
қателерін
түсініп,
«Раббымыз,
біз
өзімізге
зұлымдық
жасаушыларданбыз. Егер сен бізді рақымыңа бөлеп, күнəмізді
жарылқамасаң, сөзсіз, біз ұтылғандардан боламыз»140 деп кешірім
тілеп, тəубе етті. Тəубелері қабыл болды. Шайтан одан əрі ызалана
түсті. Шайтан енді Адаммен қоса оның ұрпақтарын азғырумен
139
140
Ағраф сүресі, 12-17 аяттар.
Ағраф сүресі, 23-аят.
болды. Адам пайғамбардың ұрпақтары хақ жолында жүрген сайын
оны ашу кернеп, азғындығы асқына түсті. Пұт атаулыны күл-талқан
етіп, жер жаһанға Хақты жаяр соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.)
дүниеге келгенде, сірə шайтан қатты ашуланып, терісіне сыймаған
болар.
Міне, осылайша тұла бойын ашу билеп, ішін қызғаныш өрті
шалған Ібіліс айықпас тəкаппарлық ауруына шалдықты. Алланың
рақымынан қуылып, болмысындағы тəубеге деген барлық жолдарды
бітеді. Жүрегі қарайған сайын қарайғандықтан енді хаққа қарай
қайтуы да мүмкін емес-ті.
Үнемі адамдарды қойша бауыздап қырып жүретін қатігез
адамның жүрегінде мейірімділік сезімінің мүлдем өшетіні секілді
шайтанның да бойындағы тəубе етуге, Хаққа бет бұруға деген
қасиеттері мүлдем өшіп, оның ор- нын тек ыза мен кек қана басқан.
Шыдамы таусылған момын адамның ашу үстінде ешқандай үгітнасихатты тыңдамай, өршелене түсіп, алдындағы адамның кім екенін
де ажыратып жатпай небір сорақы іс-əрекеттерге баратыны секілді
шайтан
да
мəңгілік
ашуүстінде.
Адам
ұрпағыныңəрбіржетістігіоныашуға бул ы қ т ы р ы п , қызғаныштың
қызыл отына көмгендіктен ол өзінің кінəсын мойындап, тəубе етуді
бір сəт болсын ойламақ емес. Өйткені, оның болмысындағы игілікке,
ізгілікке деген барлық жақсы сезімдер мен қасиеттер өшіп, өзі
қызғаныш пен тəкаппарлықтың айықпас дертіне шалдыққан. Адам
ұрпақтарының əрбір жетістіктерін көрген сайын ашуға булығып, ал
керісінше адасулары- нан лəззат алып, жаны жай табады. Міне,
шайтан осын- дай кеселге ұрынғандықтан оның жүрегі мөрленіп,
көзі перделенген. Бойын ашу кернеп, Хақтың рақымынан алшақтаған
сайын алшақтай түсуде.
Дұрысын Алла біледі. Ұлы Жаратқан бізді шайтанның кесірінен
сақтап, əрдайым тəубешіл құлдарынан болуды нəсіп етсін!
«Жиһад» деген не? Оның терроризммен байланысы бар ма?
«Жиһад» сөзі араб тілінде белгілі бір нəтижеге, мақсатқа жету
үшін яки бір істі істеу үшін бар қажыр- қайратың мен ынта-жігеріңді
төгу, тырысу, күресу деген сияқты мағыналарды білдіреді.
«Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда теріс
бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адам- дар жиһадтты қару
алып соғысу деп біржақты түсінеді. Əрине, мұндай түсінік жиһадтың
мағынасын шектейді. Құранда «жиһад» сөзі 35 жерде өткенімен төрт
жерде ғана тікелей соғыс мағынасында келген. Құранда соғыс ұғымы
«харб», «мухарабə», «мағрака», «қитал» терминдерімен білдірілген.
Бірақ, жиһад сөзі соғысты да қамтығандық- тан, көпшілік жиһад
делінген кезде тікелей соғысты түсінеді.
«Жиһад» – адамның Алла Тағаланы тануына кедергі келтіретін
барлық тосқауылдарды жою. Жаратушы мен адамның арасындағы
бөгеттерге сауатсыздық, əлеуметтік жағдайдың төмендігі, ерік-ойға,
санаға жасалған шектеу- лер жатады. Ендеше, «Жиһад» деп осы
бөгеттерді жою үшін жасалатын барлық іс-шара, күреске айтылмақ.
Алла ризалығы үшін істелген əрбір іс-қарекет
«жиһад» саналады. Қандай да болсын қиын жағдайларға қарамастан
күн сайын үздіксіз бес уақыт намаз оқу, кейде аптап ми қайнатар
ыстықта ораза ұстау, Алла Тағаланы өзге жандарға түсіндіру үшін
істелген əрбір іс, қоғамдағы
кейбір керітартпа келеңсіздіктерді141 түзету үшін атқарылған үлкендікішілі барлық шара исламдағы жиһад ұғымының аясына кіреді.
Жиһад – ең əуелі өзіңді түзету. Ішкі дүниеңді, жүрегің- ді тазарту.
Болмысыңды
қызғаншақтық,
қанағатсыздық,
сабырсыздық,
жалқаулық, тəкаппарлық секілді күллі жаман қасиеттерден арылтып,
олардың орнын көркем қасиеттермен толтыру. Қысқасы, нəпсіңмен
əрдайым үздіксіз күрес. Себебі, əуелі өз басын түзете алмаған адам,
нəпсісін жеңіп, кəміл адам болу жолына түспеген жан өзгені қалай
түзетіп, тура жолға қалай шақырмақ.
Сыртқы күрестен бұрын ішкі күресті қолға алудың маңыздылығы
айтпаса да түсінікті. Себебі, адам өзінде жоқ нəрсені басқаға қалай
бермек? Пайғамбарымыз бірде соғыстан шаршап, шалдығып келе
жатқан сахабаларына:
«Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық» де- ген кезде,
сахабалары: «Уа, Расулуллаһ, «үлкен жиһад» деген не?»- деп, таң
қала сауал қойды.
Пайғамбарымыз: «Ол – өз нəпсіңмен күрес»,- деп жа- уап
қайырды. Міне, көрдіңіз бе? Неге? Өйткені, нəпсімен күрес қолға
қару алып дұшпаннан соғысқаннан да қиын. Олай дейтініміз, сыртқы
дұшпанның кім екені, қайда екені, қашанға дейін болатындығы
белгілі. Сондықтан онымен күресу оңай. Ал, нəпсің болса, олай емес.
Ол сенің ішіңде. Қай жақтан, қалай келіп айласын асыратыны да
белгісіз. Оның дұшпандығы белгілі бір уақытпен шектелмейді,
əрдайым сенімен бірге. Міне, сондықтан Пайғамбарымыз сыртқы
дұшпанмен күресті «кіші жиһадқа» жатқызса, нəпсімен күресті
«үлкен жиһадқа» балаған.
141
Қазіргі таңда кең етек алған болмашы себептермен ажыр - с у , тастанды бала,
жемқорлық, иманнан бейхабар ғұмыр кешу сияқты келеңсіздіктерді түзету үшін
жасалған əрбір салиқалы іс, қажырлы күрес жиһадқа жатады.
Пайғамбарымыз басқа бір хадисінде: «Нағыз жиһад жасаушы
кісі – өзінің нəпсісімен күресуші» деп, нəпсімен күрестің
маңыздылығын тағы бір рет айшықтай түскен.
Жиһад ұғымы адамға, қоғамға, жағдайға қарай түрленіп отырады.
Бір дəрігердің өз саласында кəсіби деңгейге қол жеткізу үшін тынбай
талпынуы мен ізденуі, экономика маманының мұсылмандардың
əлеуметтік жағдайларының түзелуі үшін жұмсаған қажыр-қайраты,
мұғалімнің сауатты түрде бала оқытуы – мұның бəрі жиһадқа
жатады. Мұсылмандардың керекті қаржыны тірнектеп жинап,
өздеріне мешіт, медресе тұрғызуы; жоқ- жітіктерге көмектесіп,
жетім-жесірлерге қарайласқан қалталы азаматтардың бұл істері де
Хақ жолындағы күреске – жиһадқа жатады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Жесірлер мен міскіндер үшін
жұмыс істеуші кісі Алла жолында жиһад жасаушы адамға
тең»142 дейді.
Кейде нағыз сөз саптайтын ұрымтал тұста бір ғана кесімді сөз
айту да, сөздің кері əсер ететін тұсында сабыр сақтап, тіліңді тістеу
де жиһадқа саналады. Тіпті, кейде қажеттілігіне қарай тек қабағыңды
шыту яки күлімсіреу- дің де жиһадқа саналуы ғажап емес. Қысқасы,
істелетін əрбір істің Хақтың ризашылығына қарай реттелуіне
«жиһад» делінеді.
Жиһад мəжбүр жағдайда қарумен де болады. Барлық
дипломатиялық байланыстар нəтижесіз аяқталып, келіссөздерден
толықтай үміт үзілген шақта отанды қорғау үшін қолға қару алып
жиһад жасауға рұқсат.
Пайғамбарымыздың дəуіріндегі жиһадқа, яғни мұсылмандардың
Хақ жолындағы күрестеріне назар
142
Бухари, китабун-нафақат. Жəне қараңыз Əбу Зəкария Мухиддин Иахия ƏнНəуəуий,
узһатулМуттақин, 1том, 227бет. Муəссисəтур- Рисəлə, Байрут 1991ж.
аударсақ, жоғарыда айтылған жиһадтың барлық түріне куə боламыз.
Хазіреті Мұхаммед (с .а .у.) пайғамбарлығының алғашқы үш
жылында исламды жасырын насихат- тады. Мұсылмандардың бұл
кезеңдегі жиһадтары дұшпандардың көзіне түспестен,
пайғамбарымызбен жа- сырын түрде кездесіп тұруы болатын.
Пайғамбарлықтың төртінші жылынан бастап, Адамзаттың
ардақтысы (с.а.у.) елді жаңа дінге жа- рия түрде шақыра
бастады. Міне, осы кезде Мек- ке мүшріктері иман келтіріп, жаңа
дінге кірген ат төбеліндей аз ғана мұсылмандарды келеке, мазақ етіп,
сан-алуан
қиыншылықтарға
душар
етті.
Осы
кезеңдегі
мұсылмандарға тиесілі жиһад – мүшріктердің жан ш ы - датпас
азаптарына сабыр етіп, жаңа дінді насихаттауды тоқтатпау болатын.
Əз сахабалар мұны ең керемет түрде атқара білді.
Мүшріктердің жан түршігерлік азабына душар болған кейбір
мұсылмандарға пайғамбарымыз (с .а .у .) Эфиопия еліне көшуді
бұйырды. Жағфар жəне басқа да онымен бірге барған бірқатар
ардақты сахабалар Эфио- пия патшасы Нəжашиға жаңа дінді
жеткізіп, оның иманға келуіне себеп болды. Осылайша бұл көш жай
ғана көш емес, Жағфар сынды əз сахабалардың үлесіне тиген сол
кездегі дін жолындағы жиһадтың нағыз өзі болатын.
Мүшріктер мұсылмандарды азаптаптауда жаңа бір айлаға көшті.
Мұсылмандарды өзге халықтан бөлектеп, сауда-саттық секілді жалпы
адами барлық қатынастарына тыйым салып, оларды қоғамнан
оқшаулап, саяси- экономикалық байкот жариялады. Тоз-тоз болып,
аш- жалаңаш күй кешкен мұсылмандар бұл қиын кезеңде де сабыр
сақтап, жаңа діндерін тастамастан, өздеріне жасалған зұлымдықтарға
табандылық танытты. Осындай
қиын кезеңде Хадиша анамыз қолындағы бар дүниесін
мұсылмандарға үлестіру арқылы өзіне тиесілі жиһад міндетін атқара
білді. Исламнан бұрын Меккенің аса ірі байларының санатына
жататын Хадиша анамыз бар байлығын Хақ жолына жұмсағандықтан,
өзі қайтыс болған кезде ақыреттік кебініне бір орам бөз де
табылмаған еді.
Сол қиын кезеңдерде Əбу Бəкір өз үйінде Құран оқитын. Бірақ
Құранды ішкі бөлмелерінде емес, ел жүретін жаққа қарайтын сыртқы
бөлмеде оқитын. Көшеден ары-бері өткен адамдар Ə б у Бəкірдің
тебіреніп оқыған Құранынан əсерлене бастады. Əбу Бəкір арқылы
Құранмен табысқан көптеген адамдар мұсылмандықты қабылдап
жатты. Міне, Əбу Бəкір қиын заманда өзінің бір ғана Құран оқуымен
де жиһад міндетін атқара білді.
Мүшріктердің жан шыдатпас ауыр азаптары күн санап артып
жатты. Осындан кейін мұсылмандар ғибадаттарын емін-еркін
атқарып, жаңа діннің қанат жа- юын қамтамасыз ету үшін Меккедегі
туған жерлерін, бар дүние-мүлік, туған-туыстарын тастап, Мəдина
қаласына хижрет етті (көшті). Сөйтіп мұсылмандар Мəдинада екі
жылдай ғұмыр кешті. Мекке мүшріктері олардың Мек- кеде қалған
бар мал-мүліктерін талан-таражға салып, өртейтінін өртеп,
құртатынын құртты. Қалған дүниелерін үлкен керуендермен Шамға,
Сирияға сатуға жіберді. Мұсылмандар бұлардың бəрінен хабардар
еді. Енді олар Мəдина қаласының маңайынан өтіп бара жатқан
мүшріктердің керуенінен өздерінің мал-мүліктерін қайтарып алуды
ниет етті. Алайда, мұны білген Меккелік мүшріктер мұсылмандарға
қарсы үлкен əскер жіберді. Яғни мұсылмандардың ниеттері соғыс
емес, өздерінің талан-таражға түскен дүниелерін қайтарып алу
болатын. Бірақ мүшріктер соғысты қалады. Міне, Алла Тағала осыдан кейін ғана мұсылдандардың рухын көтеріп, əлсіздер
мен қорғансыздарға қорған болу мақсатында күн санап қиянат
жасауда шектен шыққан кəпірлердің шамасын көздеріне көрсету
үшін соғысқа алғашқы рет мына аят арқылы рұқсат берді.
«Өздеріне қарсы соғыс ашылған
мұсылмандарға
(мүшріктермен) соғысуға рұқсат
берілді. Өйткені олар зұлымдыққа ұшырап, жəбір көрді.
Əлбетте,
Алла Тағала оларға жəрдем беруге толық күші
жетеді. Олар ешбір себепсіз тек «Раббы- мыз – Алла» дегендері
үшін отандарынан қуылды...»143 Демек, өздеріне ешбір себепсіз
зұлымдық жасап,
сан-алуан қиыншылықтарға душар етіп, елінен-жерінен кетуге
мəжбүрлеп, мал-мүліктерін талан-таражға салған адамдарға қарсы
соғысуға тек он бес жылдан кейін ғана рұқсат етілді.
Исламда негізгі ұстаным – бейбітшілік. Бұл туралы Алла Тағала
былай дейді: «Егер олар сендерден аулақ тұрса, əрі сендермен
соғыспаса, тіпті сендермен бейбіт тұруды ұсынса, онда Алла
Тағала сендердің оларға шабуыл жасауларыңа ешқандай жол
бермеді»144.
Алла Тағала өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр кешу- ді былай
қойғанда, мұсылмандардың оларға жақсылық əрі əділдік
танытуларына қарсы еместігін білдірген.
«Дін турасында сендермен соғыспаған əрі сендер- ді өз
отандарыңнан қуып шығармаған адамдарға жақсылық
жасауларыңа жəне оларға əділетті болуларыңа Алла Тағала
қарсы емес. Өйткені, Алла Тағала əділеттілік жасағандарды
жақсы көреді»145.
Соғыс – дипломатиялық жолдар түгелдей іске аспаған
жағдайларда ғана амалсыз барылатын ақырғы шара. Ал
бейбітшілікке, келісімге қайтадан мүмкіншілік туған жерде соғысқа
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 14
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.