Latin Common Turkic

Имани гүл - 06

Süzlärneñ gomumi sanı 3735
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
түктер» деген. Бұл хадистен адамның қасы мен бас ауруының арасында байланыс бар екенін əрі қастың адам баласының
денесінде пайда болған ең алғашқы түк екенін түсінеміз. Бұл жайлы
проф. Увейс Маскордың «Эмбриология»
атты дəріс кітабында былай делінеді:
«Ең алғашқы түктер эмбриондық төртінші кезеңде пайда
болады. Ол түк – қастар».
Бүгінгі таңда дамыған медицина ғылымы дəлелдеп отырған бұл
ғылыми шындық та пайғамбарымыздың (с.а.у.) шынайы елші
екендігін дəлелдеуде. Өйткені Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дəуірінде
ананың жатырындағы эмбрионды (ұрықты) толық зерттеп білетіндей
қазіргі таңдағы микроскоп, рентген сияқты құралдар жоқ еді.
31
Əн-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.
Мұғжизалар – пайғамбар дəлелі
Алла Тағала жер бетіне жіберген əрбір пайғамбарына шынайы
елші екендігін дəлелдеу үшін мұғжизалар бер- ген. Мұғжизаның
ерекшелігі – əдеттегі табиғат заңдарына қарама-қайшы жəне
пайғамбарлардан басқа ешкімнің еншісіне бұйырмаған ғажайып таң
қаларлық істер. Мы- салы, Айдың Пайғамбарымыздың ишараты
арқылы екіге бөлінуі секілді. Барлық мұғжизаны жарататын Алла
Тағала екенін ескерсек, «мүмкін емес» деп күмəн келтірудің өзі бекер.
Себебі Алланың əр нəрсеге билігін жүргізген шек- сіз құдіреті үшін
«Болмайды, болуы мүмкін емес» деген нəрсе жоқ. Ешбір мұғжиза
Алланың қалауынсыз жүзеге аспайды. Пайғамбарымыздың
пайғамбарлығына дəлел ретінде самсаған мұғжизаларынан
бірнешеуін келтірейік.
• Пайғамбарымызға берілген ең үлкен мұғжиза
–Құран. Себебі Пайғамбарымыз (с .а .у .) қияметке дейін үкімі
жалғасатын ақырғы пайғамбар болғандықтан, оған түскен Құран да
мəңгілік мұғжиза болмақ. Басқа мұғжизаларды сенімді тұлғалар
тарапынан естіп білсек, Құранның мұғжизалығын қияметке дейін
келіп-кетер барлық адамзат өз көзімен көруде. Құран Кəрімнің за- ман
ескірген сайын қазір түсіп жатқандай жаңара түсуі, күннен-күнге
артына еріп, əр аятын шамшырақ еткен жамағат санының көбеюі,
технология дамып, білім озған сайын ғылым дүниесінің биік
шыңынан көрініп, ны- сананы 14 ғасыр бұрын нұсқауы – Оның хақ
екендігін білдірсе, Пайғамбарымыздың хақ елші екендігін паш етеді.
Құранның мұғжизалығына «Кітаптарға иман» атты арнайы бөлімде
кеңінен тоқталамыз.
• Айдың екіге жарылу мұғжизасы. Бір күні Əбу Жəһил мен Уəлид
ибн Мұғира бастаған бір топ мүшрік Пайғамбарымызға келіп:
«Егер сен, шынында да Аллаh Тағаланың тара- пынан міндет жүктелген пайғамбар болсаң, бізге
аспандағы айды екіге бөліп көрсет… Айдың жар- тысы Əбу Құбайыс тауының, екінші бөлігі Құайқан
жотасының үстінен көрінсін» - деп талап қойды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) олардан:
– Осы тілектеріңді орындасам, иман келтіресіңдер ме?- деп сұрады.
Олар:
– Əрине, о не дегенің! - деп жауап берді.
Мүшріктер сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) келген
тұста айдың дөңгеленіп толған сəті еді, яғни он төртінші түні. Алла
елшісі (с.а.у.) Жарылқаушысының бұйрығымен Айға қарай қолын
созып, сұқ саусағымен ортасынан бөлгендей ишара жасады.
Пайғамбардың осы əрекетін күтіп тұрғандай-ақ, ай дəл ортасынан
екіге бөлініп, мүшріктердің сұрағанындай, жартысы Əбу
Құбайыстың, жартысы Құайқанның төбесінен көрінді. Ардақты
Пайғамбарымыз айналасындағыларға:
«К у ə болыңыздар! К у ə болыңыздар! Əнекей, төбелеріңізге
қараңыздар!» – деп дауыстады32.
Мүшріктер Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл айқын мұғжизасына
сиқыр деп қарсы шығып, сырттан келген- дерге: «Айдың екіге
бөлінгенін көрдіңдер ме?» деп сұраған уақытта көрдік деген
көңілдеріне ұнамайтын жауапқа тап болып, амалсыз «Мұның сиқыры
айға да əсер етіпті», - деп тот басқан жүректері міз бақпады.
• Пайғамбарымыздың (с .а .у.) мұғжизасы арқылы бір уыс тамақтың
берекесі артып, мың адамға дейін жетіп асқандығы33, су тапшы кезде
саусақтарының арасынан
32
33
Бухари, манақиб/3636. (ауд: Дамира Өмірзаққызы, Адамзаттың асыл тəжі, 1-том, 237.)
Бухари, манақиб/3578.
атқылап аққан судан үш жүздей сахабаның сусындап əрі дəрет алғаны
34 жайлы көптеген сахих риуаяттар бар.
• Аурулардың емделіп, жазылу мұғжизасы.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хайбар шайқасында:
–Əли ибн Əби Тəліп қайда?-деп сұрады. Сахабалар:
–Уа, Расулаллаһ! Оның көзі ауырып жатыр, деді.
–Дереу оған хабар беріңдер, - деді. Сахабалар дереу Əлиді алып келді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) киелі түкірігін Əлидің көзіне жағып, оған дұға
жасағаны сол екен Əли жазылып шыға келді...
Міне, Пайғамбарымыздың осы секілді көптеген мұғжизалары
Оның хақ пайғамбар екендігіне куəлік етеді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) келешекке байланысты хабарлары
Алла елшісінің (с.а.у.) кейіннен болатын көптеген оқиғаларды
бейне бір теледидар экранынан көріп тұрғандай айна-қатесіз хабар
беруі де – Оның пайғамбарлығының дəлелі. Пайғамбарымыздың
берген хабарларынан бірнеше мысал келтірейік:
• Алла елшісінің (с.а.у.) Бəдір шайқасының алдында Əбу Жəһил, Утба,
Шəйба жəне Уəлид сияқты діннің қас дұшпандарының осы соғыста
қаза
табатындықтарын,
тіпті
əрқайсысының
қайда
жер
жастанатындықтарына дейін дөп басып сахабаларына хабар беруі35
жəне айтқандарының айна-қатесіз келуі – Оның (с.а.у.) тек Хақтың
пəк елшісі екендігінің белгісі.
34
35
Бухари, манақиб/3576.
Муслим, Жəннат.
• «Менен кейін халифалық отыз жыл жалғасады. Сосын патшалық
болады» 36 – деген Алла елшісінің сөздері кейіннен дəл айтқанындай
болды.
1. Əбу Бəкір (р.а.) 2 жыл 3 ай.
2. Омар (р.а.) 10 жыл 6 ай.
3. Осман (р.а.) 11 жыл, 11 ай, 18 күн.
4. Əли (р.а.) 4 жыл, 9 ай.
5. Хасан (р.а.) 6 ай 22 күн. Барлығын
қосқанда 30 жыл 37.
• «Омар тірі кезде бүлік болмайды. Омар барлық бүлік – фитна
есіктерін жабады», «Осман Құран оқып отырғанда өлтіріледі»,
«Хайбар қамалы Əлидің қолымен алынады», «Əбу Зəрр жалғыз өмір
сүріп, жалғыз өледі», «Менен (с.а.у.) кейін əһли бəйт ішінен алғаш
қайтыс болып, маған қауышатын Фатима» секілді
Пайғамбарымыздың пəк сөздері кейіннен «Сен еш күмəнсіз
Расулуллаһсың, Алланың хақ елшісісің» де- гендей дəлме-дəл болып
жатты.
Тəурат пен Інжіл де ақырғы пайғамбар
Мұхаммедтің (с.а.у.) келетінін сүйіншілеген
Жер бетіне келіп-кеткен көптеген пайғамбарлар өздеріне түскен
кітаптарда соңғы пайғамбар Мұхаммед- тің (с.а.у.) келетіні жайлы
үмбеттеріне білдіріп, айтып кеткен. Алайда бұл кітаптардың заман
өте келе адамдар тарапынан əр түрлі бұрмалануына байланысты бұл
ха- барлар да өзгеріске ұшыраған. Сан мəрте адамдар тара- пынан
əдейі бұрмаланып, өзгеруге ұшыраса да, ішінде əлі де
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) келетіні жай- лы ишарат пен
сүйінші хабарларға толы Тəурат, Інжіл
36
37
Тирмизи, Əбу Дəəуд.
Абдуллаһ Аймаз, Кадер илми исбаты, 10-бет.
кітаптарының тек бір-екі жеріне тоқтала кетуді жөн көрдік.
Тəурат сүйіншілері: Ысмайл нəсілі
Алла Тағала Тəуратта Хазіреті Мұсаға бы- лай дейді:
«Олар (Израйл ұрпақтары) үшін бауырларының арасынан сен
секілді бір пайғамбар шығарамын да, сөздерімді Оның аузына
саламын. Ол əмірлерімнің барлығын оларға айтып жеткізеді»
(Сифр:Тəсния,18:18).
Тəураттағы «Израйл ұрпақтарының бауыры» де- ген сөз
тіркесі Хазіреті Ысмайлдың нəсілінен келетін пайғамбарға ишарат
етілген. Себебі Израйыл ұрпақтары Ибраһимнің баласы Исхақтан
тарағандықтан, олардың (израйл ұрпақтарының) бауыры Ибраһимнің
екінші ба- ласы Исмайлдан тараған ұрпақ болуға тиіс. Ал Хазіреті
Исмайлдың нəсілінен келгені анық жалғыз пайғамбар
–Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Алла елшісі де (с.а.у.)
Хазіреті М ұ с а (а.с.) с е к і л д і жаңа шариғатпен келген. Аяттың
соңындағы «Сөздерімді Оның аузына с а л а м ы н » сөзі –
Пайғамбарымыздың оқу- жазу білмейтіндігіне жəне Құранды ауызша
жатқа оқып адамдарға жеткізетіндігіне ишарат. Тəуратта айтылған
пайғамбардың Хазіреті Иса мен Хазіреті Юша (а.с.) болу ықтималына
келсек, бұл ақылға қонбайды. Өйткені сөз етіліп отырған
пайғамбарлар Израйл ұрпақтарынан кел- ген.
Інжіл сүйіншілері: Фарақлит
Иоганна Інжілінде: «Мəсих (Иса): «Рабб сендермен əрқашан
бірге болуы үшін сендерге басқа Фарақлит береді» – деді.»
(Иоганна, баб: 14, аят: 15.)
«Фарақлит келген кезде мен үшін куəгер болады. Сендер де
маған куəлік етіңдер» (Иоганна, Баб: 14, 26).
«...Мен кетпесем Фарақлит келмейді» (Иоганна, Баб:14, аят: 78)
«Фарақлит» сөзі грек тілінде «Приклитос» деп өтеді. Ал
«Приклитос» сөзі араб тіліндегі «Ахмет» деген сөздің мағынасымен
бірдей. Бəрімізге белгілі Пайғамбарымыздың бір аты «Ахмет»
болған. Тіпті Құранда пайғамбарымыздың Інжілдегі есімінің
«Ахмет» екендігі айтылады38.
Жоғарыда ескерткеніміздей, бұларды адамдарға оймақтай ой салу
үшін айттық. Қосымша мынаған тоқталсақ дейміз. Күншілдік пен
кекшілдігі шырмауық- тай шырмасқан яһуди мен христиандар бар
күшін салып бұрмалауға қанша тырысса да, əлі де Тəурат пен
Інжілден Алла елшісінің пайғамбарлығына тəн көптеген ишарат пен
сүйінші табылуы мүмкін. Тəурат, Інжіл жəне Зəбур- дан ең аз
өзгеріске түскен нұсқалары табылса, сол кезде шамасы ешқандай
жорамалды да, тəпсірді де қажет етпей, Алла елшісіне (с.а.у.)
байланысты көптеген ашық белгі- лер бар екенін қарапайым адам да
анық аңғарады39.
38
39
Иенер Өзтүрік, Иені бір иорумла Ислам инанч есаслары. Ышык иайынлары.
Əн-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.
КІТАПТАРҒА ИМАН
«Кімде-кім Аллаға жəне Оның періштелеріне, кітаптарына,
пайғамбарларына жəне ақырет
күніне иман келтірмесе, қатты адасады...»
«Ниса» сүресі
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта
жалған болмас. Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас»
Абай
КІТАПТАРҒА ИМАН
Жалпы жаратылыс, мына болмыс əлемі адам баласы- на Ұлы
Жаратушыны танытар алып кітап ретінде жаратыл- са,
пайғамбарларға уахи арқылы жеткен барлық парақтар мен кітаптар
да Ұлы Құдіретті қатесіз тануымыз үшін жіберілген. Сондай ақ
адамзатқа мына дүниедегі негізгі міндетін түсіндіріп, ақ-қараның
ара-жігін айқындап, екі дүниенің бақытын сыйлау үшін түсірілген.
Міне, Алла Тағала тарапынан келген барлық осы кітаптарға сену –
Ислам дінінде иманның негіздерінен саналады. Құранда:
«Кімде-кім Аллаға жəне Оның періштелеріне, кітаптарына,
пайғамбарларына жəне ақырет күніне иман келтірмесе, қатты
адасады...»40 – делінген.
Ұлы Жаратушымыз əр түрлі мекендер мен уақыттар- да түрлітүрлі қауымдарға өзінің бұйрықтары мен тый- ымдарын қамтыған
жəне сол қоғамның сана дегейіне сай
керекті
мəліметтерді
жеткізетін, жеке тұлғалық, қоғамдық проблемаларының шешімдерін
баяндап, өз араларында əділдікті орнататын парақтар мен кітаптар
жіберген. Парақтардың нақты саны бізге беймəлім. Ал, Құран
Кəрімде білдірілген жалпы кітаптың саны төртеу: Зəбур, Тəурат,
Інжіл, Құран. Біз, мұсылмандар, бұл төрт кітаптың барлығының Алла
тарапынан адам баласына тура жолды көрсету үшін жіберілгендігіне
кəміл сенеміз. Алайда соңғы кітап Құранның алдындағы үш кітап
заман өте келе адамдар тарапынан əр түрлі əдейі өзгертулер мен
бұрмалауға ұшырағандықтан, оларды негізге алып амал
40
Ниса сүресі/136.
етпейміз. Құран түскеннен кейін өзге кітаптар негізге алынбайды.
1. зəбур. Бұл кітапты Алла Тағала Дəуітке (а.с.) түсірген. Зəбур
арапша «кітап» деген мағынаны білдіреді. Құран Кəрімде: «Біз
Дəуітке зəбурді бердік41» делінген. Құранда Зəбур жайлы Тəурат
жəне Інжілге қарағанда өте аз мағлұмат білдірілген.
Еврейлердің Дəуіттің (а.с.) пайғамбарлық қасиетіне көлеңке
түсіріп, ар-намысын кірлететін əйелдерге байланысты айтылған
əр түрлі əңгімелері дұрыс емес. Себебі, барлық пайғамбарлар
күнəнің кішісінен де, үлкенінен де Ұлы Жаратушы т а р а - пынан
қорғалған. Яһудилер, көбінесе, Дəуітке (а.с.) патша ретінде
қарайды. Ал, мұсылмандар патша əрі пайғамбар ретінде иман
келтіреді.
2. Тəурат. Мұса пайғамбарға түскен кітап. Тəурат иврит тілінде
«заң, ереже-қағида, шариғат» деген мағыналарды білдіреді.
Құранда: «Ішінде адамдарға тура жол жəне нұрды қамтыған
Тəуратты біз жібердік42» – делінген. Тəураттың қазіргі таңда
танымал үш түрлі нұсқасы бар. Бұл үш нұсқада айтылған
көптеген ереже-қағида, хабарлардың бір-бірімен сəйкес келмеуі
– Тəураттың адамдар тарапынан қатты өзгертілгендігінің айғағы.
3. Інжіл. Исаға (а.с.) түскен кітап. Інжіл «сүйінші, тағылым»
деген мағыналарды білдіреді. Құранда: «Біз пайғамбарлардың
артынан Мəриям ұлы Исаны өзінен бұрын түскен Тəуратты
растаушы етіп жібердік. Оған (Исаға): Өзінен бұрын Түскен
Тəуратты растаушы ретінде əрі тақуаларға тура ж о л мен
насихат болсын деп ішінде тура жол жəне нұрды қамтыған
Інжілді бердік»43, - делінеді.
Исра сүресі/55.
Майда сүресі/44.
43 Маида сүресі/46.
41
42
Қазіргі таңда Інжілдің Алла Тағала тарапынан түскен түпнұсқасы
жоқ. Христиандардың қолында «Жаңа ха- бар» атты кейіннен
адамдар тарапынан құрастырылып жазылған əр түрлі кітаптар бар.
Бұлардың төртеуіне
«Інжіл» делінеді. Бұл Інжілдер Иса (а.с.) дүниеге келген соң 325
жылдан кейін халық арасында кеңінен тараған, бір-біріне қарамақайшы пікірлерге толы Інжілдің көптеген нұсқасынан таңдалып,
құрастырылған. «Мат- та», «Маркос», «Лука», «Югонна» делінген
адамдардың атымен аталатын бұл төрт Інжілдің ішіндегі баяндалатын оқиғалар көбінесе бір-бірімен сəйкес келе бермейді. Бірінде
харам делінген нəрсе екінші бірінде адал бо- лып жатады. Бұған
қоса інжілдің бізге дейін келіп жету жолдарының дұрыстығы мен
сенімділігі тұрғысынан да қасиетті Құранмен, тіпті
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерімен де салыстыруға тұрмайды.
Ұлы Жаратушыға байланысты жəне əр түрлі мəселелер мен
тарихи оқиғаларды баяндайтын мағлұматтардың бұл төрт Інжілде əр
түрлі, тіпті бір- біріне қарама-қайшы берілуінен түпнұсқаның
кейіннен адамдар тарапынан қатты өзгеріске ұшырап, адами
пікірлермен лайланғанын аңғарамыз.
4. Құран. Құран араб тілінде «көп оқылатын кітап» деген
мағынаны білдіреді. Құран – Ұлы Жаратушының ақыретке дейін
келіп-кетер барша адамзатқа тура жолды көрсету үшін соңғы
пайғамбар Мұхаммедке (с .а .у .) уахи арқылы түсірілген,
оқылуының өзі ғибадат саналатын мəңгілік илəһи кітап. Құран –
өзіне дейінгі түскен барлық парақтар мен кітаптардың мазмұнын
қамтыған. Құран – санасы қанша жетілсе де ақыретке дейінгі
келетін к ү л л і адамзаттың барлық рухани əрі заттық
сұраныстарына жа- уап беретін, жеке тұлғалық, қоғамдық əрі
əлемдік барлық проблемаларына қатесіз толық шешім беретін,
адамның
санасы жете бермейтін көмескі əлемді суреттеп, беймəлім сырларды
ашатын, екі дүниенің бақытын көрсетіп, ақ пен қараның ара-жігін
ажыратып, өзіне сеніп, шырақ тұтқан жандарды рухани кемелдікке
тəрбиелейтін Ұлы Жарату- шы тарапынан жіберілген қасиетті соңғы
кітап.
Құран Кəрімнің Алла Тағала тарапынан
жіберілгендігінің кейбір дəлелдері44.
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дəуірінде арабтардың ауыз əдебиеті, сөз
өнерінің, əсіресе, ақындықтың шыңына жеткені соншалық – ақындар
бір шумақ өлеңдерімен бейбіт жатқан екі елді соғыстырып немесе
қылыштарын қындарынан шығарып, соғысуға шақ қалған екі елді
татуластыратындай дəрежеде болған. Жыл сайын сөз өнерінен
арналған сайыстар ұйымдастырылып, алғашқы жеті орынға ие болған
шайырлардың есімі мен өлеңдерін алтынмен əшекейлеп қағбаға іліп
қоятын. Ақындарды бы- лай қойғанда, жалпы халықтың өзі бірбірімен өлеңдесіп сөйлескен. Міне, сөз өнерінің осындай шыңына
жеткен уақытта Пайғамбарымызға (с.а.у.) Құран түскен.
Қазіргі дін дұшпандары сияқты сол дəуірдің кəпір
шайырларының Пайғамбарымызға: (с .а .у.) «Құранды өзің ойдан
жазып жатырсың» деген жалаларына қарсы Алла Тағала: «Оларға
былай деп айт: Ант етейін, егер адам- дар мен жындар мына
Құранның ұқсасын жасау үшін жиналып, тіпті бір-бірін қолдап,
күштерін жинаса да оған ұқсас бір кітап жаза алмайды»
(Исра/88) – деп аят түсіріп, олардан Құранға ұқсас бір кітап
жазуларын талап етеді. Алайда араб ақын-шешендері Құранға ұқсас
бір кітап жазу қолдарынан келмегендіктен ауыздарына құм құйылып,
үн-түнсіз қала берді.
44
 Бұл жайлы кең мағлұмат үшін қараңыз, М. ИСАҰЛЫ, Құран кімнің сөзі?, Алматы
2004.
Алла Тағала басқа бір аятта: «Жоқ, əлде олар (кəпірлер)
Құранды өзі құрастырып алды деп жатыр ма? (Мұхаммед (с.а.у.)
оларға айт: Егер айтқандарың рас болса Алладан басқа шақыра
алатындарыңды (жəрдемге) шақырыңдар, (бəрің бірігіп) сендер
де сол сияқты құрастырылған он сүре жазыңдар!»45 - деп
əншейінде намысшыл болып келетін шайырлардың намысын қайрап,
олардан құрастырылған он сүре жа- з у л а р ы н талап етеді. Бірақ
шайырлардың ауыздарына құм құйылып, дəрменсіздіктен Алланың
бұл талабын да жауапсыз қалдырды. Он сүре жазуға шамалары келмеген шайырларды Алла Тағала басқа бір аятта былай деп, бар
білетін өнерлерін көрсетуге шақырады. «Егер құлымызға түсірген
Құранға күмəндансаңдар, қанеки, бір сүресіне ұқсас сүре жазып
əкеліңдер жəне Алладан басқа сенетіндеріңнің барлығын
шақырыңдар, егер күмəндарың əрине рас болса. Бұны жасай
алмасаңдар,
–ешқашан жасай алмайсыңдар да – Ендеше, отыны адамдар мен
тастардан тұратын кəпірлерге əзірленген тозақ отынан
сақтаныңдар» (Бақара, 23-24). Əншейінде намысшыл келетін
шайырлар бұл жол ы тағы да Алланың талабына дəрменсіз қалып,
Құранға ұқсас бір кітап емес, тіпті он сүре де емес, жалғыз ғана сүре
жазу да қол- дарынан келмегендіктен тағы да үнсіз қалды. Иə, күмəн
келтірген арабтардың өздерінен талап етілген Құранға ұқсас бір
кітапты, яки он сүресін, тіпті жалғыз сүресін жазу Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) жаңа дініне тосқауыл болудың ең қысқа əрі оңай жолы бола тұра,
мал-жандарын қатерге соғатын соғыс жолын таңдауларының астарында Құран сүрелерінің ұқсасын жаза алмаулары бар еді. Өйткені Құран
мағынасындағы тереңдігі мен тəсіліндегі ерекшелігі жағынан
арабтардың қара сөздеріне де, өлең
45
Һуд сүресі/11-13.
шумақтарына да ұқсамайды. Он төрт ғасырдан бері Құран сүрелеріне
ұқсас бір сүрені күллі адам баласының жаза алмауы – Құранның
Алла Тағала тарапынан жіберілген хақ кітап екендігінің айқын
дəлелі.
• Құран мен Пайғамбарымыздың (с .а .у.) хадистерінің арасында сөз
стилі тұрғысынан жер мен көктей ерекшелік бар. Ерекшелігі
соншалық – кез келген арабша білетін адам мағыналары бір болып
келетін Құран аяттары мен хадистерді «мынау – аят», «мынау –
хадис» деп, оп-оңай ажырата алады. Арабтар пайғамбарымыздың
хадистерін өздерінің сөздеріне ұқсас деп біліп, Құранды өздері
қолданатын сөйлеу тəсілдерінің ешқайсысына ұқсата алмай, қайран
қалатын. Себебі, Құранда арабтардың қолданған қара сөздеріне де,
өлеңдеріне де ұқсамайтын, жалпы барлық адами сөйлеу тəсілдерден
мүлдем өзгеше өзіне ғана тəн илəһи (құдайлық) тəсіл бар.
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін оқыған уақытымызда терең
толғанып, Алланың ұлылығының алдында бас иіп, тебіреніп айтып
тұрған адам бейнесі сезіледі. Ал Құранды оқыған уақытымызда
Алланың ұлылығы мен жаббарлығының үні байқалып, сөздің жұмыр
басты адамнан емес, бүкіл əлемдердің Ұлы Жаратушысынан келіп
тұрғандығы анық байқалады. Пайғамбарымыздың бір-бірінен тым
басқаша екі тəсілді əр жерде еш ойланбастан, оп-оңай ажыратып
қолдануы Құранның ойдан шығарылған кітап емес, Алла Тағала тарапынан түсірілгендігінің айқын дəлелі болса керек.
• Оқу-жазу білмейтін Алла елшісінің (с.а.у.) уахидың көмегінсіз жеке
тұлғалық, отбасылық, қоғамдық, экономикалық жəне адами
қатынастарды реттейтін құқықтық қағидалар қойып, ислам діні
сияқты кемел жүйе құруы əсте мүмкін емес. Алла елшісінің (с.а.у.)
алып келген жаңа жүйесі ғасырлар бойы дос-дұшпан, сан
алуан ұлттар тарапынан іс жүзінде қолданылуда. Тіпті заман ескірген
сайын ислам діні жаңара түсуде. Енде- ше, бұл ереже-қағидаларды
орнатқан Мұхаммед (с .а .у.) емес, Ұлы Жаратқанның өзі болмақ.
Тарихқта көптеген құнды кітаптар жазылған. Бірақ жұмыр басты
пенденің туындысы болғандықтан, заманның жаңалығына өз
шешімін беріп, адамзаттың күн сайын дамыған ой-өрісін
қанағаттандыра алмағандықтан, жаңа толқын тарапынан
«ісің бітті» делініп, сөредегі орнынан беймəлім жаққа тəрк етілген.
Ал, Құранға деген адамзаттың мұқтаждығы күннен-күнге артып
отыр. Иə, заман ескірген сайын Құран жаңара түсуде. Өткен
ғасырларда тəпсірленіп, сол ғасырлардағы аса көкейкесті
мəселелерге дауа болған Құран аяттары бүгінде басқа қырынан
тəпсірленіп, құдды жаңа ғана түскендей адамзаттың шешімін күткен
небір за- манауи күрделі күрмеулері мен сансыз сауалдарына жауап
беруде жəне қияметке дейін бере бермек. Сөйтіп, өзінің сарқылмас
қазынаға толы мəңгілік мұғжиза, ескірмес илəһи кітап екенін
дəлелдей бермек.
• Əлемде миллиондаған адам жатқа білетін жəне күн сайын жалықпастан
оқылатын Құран секілді екінші б і р кітап жоқ. Қандай классикалық
əдеби кітапты алсаңыз да, бірнеше рет оқығаннан кейін одан жалығасыз.
Ал Құранды оқыған сайын жалығу былай тұрсын, ол сізді жаңа ойларға
жетелеп, рухани шабытқа кенелтеді. Көңіліңізге көктем сыйлайды.
Алты жүзден аса беттен тұратын Құран Кəрімнің араб тілін білмейтін
миллиондаған адам- дар тарапынан сөзбе-сөз толықтай оңай жатталуы
жəне адамның жандүниесіне ағыла құйылып, баурап алатын, тек өзіне
ғана тəн ерекше əуені мен əуезі – Оның илəһи кітап екендігінің нақ
белгісі.
• Құранның бұрын болып кеткен көптеген оқиғалар мен келешекте
болатын оқиға, жаңалықтардан нақты ха-
бар беруіне а т үсті қарап, оны адам баласының жазған ту- ындысы
деу қисынға қайшы. Бұл жерде оның барлығын қамтып жазу мүмкін
болмағандықтан, мысал ретінде бір- екеуін ғана беріп отырмыз.
• Салих, Лұт, Мұса сияқты пайғамбарлар мен қауымдарының ежелгі
дəуірде ғұмыр кешкен мекендері мен өмір сүру ахуалдарын Құран
баяндағандай енді ғана зерттеп тапқан қазіргі археология ғылымы
Құранға ерік- сіз таң қалуда.
• Пайғамбарымыздың (с .а .у.) дəуірінде румдықтар мен сасанидтер
үнемі бір-бірімен шайқаста б ол а - тын. Румдықтар сасанидтерден
соңғы соғыста қайта бас көтерместей ойсыра жеңіліске ұшырайды.
Осы жеңілістен кейін румдықтардың бірнеше жылдың ішінде жеңіс
тұғырына қайта көтерілетіндігіне ешбір к е м е ң г е р , данышпанның
болжам жасауы мүмкін емес еді. Міне, осындай ешбір болжамның
ұшы да көрінбеген кезеңде Құран Кəрім румдықтардың осы
жеңілістерінен кейін сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта
жеңетіндігін дөп басып айтып салады: «Рум жеңілді, сендерге ең
жақын жерде. Олар бұл жеңілістерінен кейін бірнеше жылдың
ішінде қайта жеңіске жетеді...»46. Құран айтқандай-ақ румдықтар
сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңеді.
Құран жəне ғылым
• Құран Кəрімнің енді-енді кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан
көптеген ғылыми жетістіктерді осыдан он төрт ғасыр бұрын айтып
кетуі көптеген батыс-шығыс ғалымдарын таң қалдырып, Исламға бас
идірген. Міне, бұл Құранның авторы Мұхаммед (с.а.у.) емес, Алла
тара- пынан жіберілгендігінің дəлелі.
46
Рум сүресі/1-4.
Мысал ретінде бірнеше аят:
Өсімдіктер де аналық-аталыққа бөлінеді
Өсімдіктердегі аналық-аталық ұрықтарының ғылыми тұрғыдан
соңғы ғасырларда ғана зерттеліп білінгені бəрімізге мəлім. Ал, Құран
мұны он төрт ғасыр бұрын былай деп көрсеткен: «Жерден өніпөсетін барлық өсімдіктерді жəне өздеріңді жəне сендердің т.б.
білмейтін нəрселеріңді жұп-жұп қып жаратқан Алла қандай
пəк»47.
Желдің ұрықтандыру қызметі
«Хижр» сүресіндегі: «Біз желді ұрықтандыру үшін жібердік,
сөйтіп
аспаннан
жаңбыр
жауғызып,
сендерді
сусындандырдық…» аяты жаңбырдың жау- уында, желдің
ұрықтандыру қызметін атқаратындығын ашық баяндайды. Аятта жел
үшін қолданылған «уақих» сөзі «ұрықтандыру» деген мағынаны
білдіреді.
Жел су буларынан пайда болған бұлттарды бір- бірімен
қақтығыстырады. Бұл қақтығыс салдарынан найзағай пайда болады.
Ж е л бұлттарды тығыздап сыққан кезде жерге жаңбыр жауады.
Желдің бұлттарды айдап, бір-біріне қосу ісі жоғарыдағы аятта
«бұлттарды бір- біріне қосады» деп емес, «ұрықтандырады» деп
берілуі шынымен де назар аударарлық. Яғни, аятта айтылған желдің
бұлттарды «ұрықтандырады» деуінің аста- рынан бұлттардың да
бейне бір аталық-аналық тəрізді позитив-негатив болып
бөлінетіндігін аңғаруға болады. Демек, желдің позитив-негатив
бұлттарды бір-бірімен қосып, тығыздауы нəтижесінде жаңбыр
жауғызуы оның
«ұрықтандыруы» болмақ.
Тоғызыншы ғасырдың аяғында яғни осыдан он
бір
ғасыр
бұрын өмір сүрген Ибн Жəрир əт-Табарани
47
Ясин сүресі/36.
атты ғалым жоғарыдағы аятты тəпсірлегенде: «Əуелі жел
өсімдіктерді тозаңдайды, сосын бұлттарды ұрықтандырады» деп, желдің өсімдіктерді тозаңдайтынын һəм бұлттарды да
ұрықтандыратынын ай- туы таң қаларлық.
Міне, Құран Кəрім он төрт ғасыр бұрын желдің аналықаталықтан тұратын өсімдіктерде жəне позитив- негативті бұлттарда
ұрықтандыру қызметін атқаратынын ашық айтып кеткен. Ғылыми
тұрғыда кешірек дəлелденген аталмыш табиғат заңдарын 1400 жыл
бұрын ешбір адамның білуі мүмкін емес еді. Олай болса, Құран адам
емес, осы заңдарды жаратқан Ұлы Құдіреттің сөзі болмақ.
Аспан əлемі үнемі кеңеюде
Ең жақын бес-алты галактикадан басқа барлық галак- тикалар
бізден өз қашықтықтарына сай жылдамдықпен тоқтамастан ұзақтап
жатқанын 1922 жылы астроном Хабл (Hubble) зерттеп тапқан
болатын. Оның айтуына қарағанда, жарық жылдамдығымен
есептегенде бізден миллион жылдай қашықтықта орналасқан бір
жұлдыз бізден жылына 168 км жылдамдықпен, екі миллион жыл
ұзақтағы жұлдыз екі е с е жылдамдықпен, үш миллион жыл
ұзақтықтағы үш есе жылдамдықпен тоқтамастан алыстауда.
Иə, 1922 жылы ғана зерттеп білінген «Big-bang» Үлкен жарылыс»
заңын Құран осыдан 1400 жыл бұрын, яғни астрономия ғылымы
дамымаған, телескоп сияқты құралдар болмаған ғасырда: «Аспанды
құдіретімізбен біз жараттық жəне оларды үнемі кеңейтудеміз»
(Зарият/47)
– деп анық айтып кетуі күмəнсіз толғанған ақыл иесін Құранға бас
идірері сөзсіз.
Жердің домалақтығы
Құранның: «Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне
орайды»48 – деген аяты жердің шар тəріздес екендігін меңзейді.
Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нəрсенің сыр- тына бір
нəрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. Демек, жер шар
тəріздес болғандықтан күн мен түн үшін
«орайды» сөзі қолданылып отыр. Күн мен түннің тəулік бойы өзара
алма-кезек ауысып отыруы Жер шары домалақ пішінде болған
жағдайда ғана жүзеге асады. Міне, Құран осылайша «такуир» сөзі
арқылы Жердің шар тəріздес екендігін білдіруде. «Назиғат» сүресінің
отызыншы аяты жер пішінінің аздап сопақтау екендігін: «Содан
кейін жерді түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтірді»49
– деп айқын білдіреді.
Батыс əлемі он алтыншы ғасырдың өзінде жердің домалақ
екендігін дəлелдемек болған ғалымдарын инкви- зиция сотында
қаралап, отқа жағу жазасымен қорқытқаны тарихтан белгілі. Мұның
бəрі шіркеудің ғылымға қарсы болғандығынан туындады. Батыста
жердің домалақ екендігін əрі өз осьін жəне күнді айналатындығын
атақты ғалым Коперник біле тұра, сол кездегі ғылым-білімге қас
шіркеу поптарынан қорыққандықтан ашық айта алмады. Тың
жаңалық жайлы Коперниктің бұл кітабы өзі дүние салғаннан кейін
ғана жарыққа шықты. Коперниктің бұл еңбегі он сегізінші ғасырға
дейін батыс елінде тыйым салынған бірқатар кітаптардың қатарында
болды.
Коперниктен кейін Италияның атақты ғалымы Гали- лео Галилей
Жердің домалақтығын əрі оның өз-өзін жəне күнді айналуда
екендігін өз кітабында жазған еді. Алайда
48
49
Зумар сүресі/5
Бұл аяттағы «‫»ﻫﺎ َﺣﺎ د‬, «дахаһа» сөзінің: төседі, жайды деген мағыналары да бар.
инкивизиция соты оны да отқа өртейміз деп қорқытып, сот алдында
өз пікірінен бас тартуға мəжбүрледі. Гали- лей сот тарқағаннан кейін
«Жер бəрібір айналыста» деген пікірін күбірлеген бойда кете барды.
Галилейден кейін Италия философы Бруно да өзіне дейінгі Коперник, Галилей сынды ғалымдардың жерге байланысты пікірін
қолдағандықтан инквизиция соты тарапынан аяусыз өртеліп, жарық
дүниемен қош айтысты. Міне, батыс əлемі жердің домалақтығын əрі
өз осін жəне күнді айналып тұрғандығын он алтыншы ғасырдың
өзінде осылай таласып-тартысып жатқан кезде, ислам əлемі оны
ғылыми тұрғыда он бірінші ғасырларда-ақ анық дəлелдеген əрі
мұсылмандар бұған кəміл сенген-ді. Т і п т і көптеген
мұсылман
ғалымдар он бірінші ғасырға дейінгі өз еңбектерінде де жоғарыдағы
аяттарға сүйене отырып, Жердің домалақтығын жазып кеткендігіне
сол тари- хи кітаптардың өзі куə. Ж е р д і ң домалақтығын ғылыми
тұрғыда əл-Бируни атты ғалым он бірінші ғасырларда дəлелдеп
берді. Əл-Бируни Жердің домалақ екендігін əрі өз-өзін жəне Күнді
айналып тұрғандығымен қоса тіпті жердің «тартылыс» күші
жайында да сөз қозғаған. Əл- Бируни Жердің «тартылыс» күшін
кейіннен дəлелдеген Ньютоннан бірнеше ғасыр бұрын жердегі
«тартылыс» күшін былай деп айтып кеткен:
«Жер айналып тұрса, онда жер бетіндегі тау-тас,
ағаш, жанды-жансыздар неге ғарыш кеңістігіне құлап кетпейді?»
деп сұралса, былай деп жауап беремін: Бұл жағдай жердің айналуына
қатысты жаңалығымызға қайшы емес. Өйткені барлық нəрсе жердің
орталығына түсуде. Демек жердің орталығында тартылыс бар. Міне,
жердегі осы «тартылыс» күші жер бетіндегі барлық нəрсенің басқа
жаққа құлап кетуіне кедергі жасауда»50.
50
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 07
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.