Latin Common Turkic

Имани гүл - 12

Süzlärneñ gomumi sanı 3843
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
тыйымдарын қамтыған заң- қағидаларын, белгілі шарттарын қойған.
Бұл бұйрықтарға құлақ асып, мойынсұнудың пайдасы мен сыйсыяпаты адамға тимей қоймайтыны секілді, қарсы шығып, күнəға
батудың да жазасы сол адамға тиеді. Бұл заңдарды бекіткен Ұлы
Жаратушыға ешбір зиян да, пайда да келмек емес.
Иə, парыз етілген намазды оқудың сауабы мен оқымаудың жазасы
адамға тиесілі. Адам баласы Хақ Тағаланың құзырында күніне бір
сағат намаз оқуымен яки Оның берген мал-мүлкінің қырық та бірін
зекет етіп мұқтаждарға таратуымен немесе Рамазан айында бір ай
аш жүруі арқылы еш нəрсеге мұқтаж болмаған Алла Тағалаға нендей
жəрдем беріп, Оның қандай қажетін өтей алмақ?
Адамға алма берген ағашқа қарап «Бізге күні түскендіктен берді»
дей алмасымыз анық. Ал енді адамға қызмет етіп тұрған барлық
өсімдік əлемін, жалпы жан- жануарды, күллі ғаламды жаратқан Ұлы
Құдіретке қалайша «Мұның бəрін біздің ғибадатымызға мұқтаж
болғандықтан жаратты» дей алмақпыз?!
Мейірімді дəрігер ауру жандарға жаны ашып, көмек көрсетпек
ниетпен тегін емдесе, ауру адамдар: «Бұл дəрігер бізді емдеуге зəру»
дей ала ма?! Немесе, мейірімді дəрігер сол ауру адамның ауруларына
шипа болар əр түрлі дəрілерді «іш» деп бұйырса, əлгі ауру жан: «Бұл
дəрігер маған бұл дəрілерді ішкізуге зəру-ау, шамасы» демесі анық.
Міне, тура осы сияқты Алла Тағала біздің екі дүниеде де бақытты
болуымыз үшін, рухани дертіміздің дауасы ретінде намаз, ораза,
зекет сияқты ғибадаттарды біздерге парыз еткен.
Сөз түйіні, Алла Тағала «Самад», «Ғани» яғни, ешбір нəрсеге
мұқтаж емес, керісінше өте бай. Күллі жараты- лыс атаулы Оған
мұқтаж. Сұрақтың жауабын осы жерде нүктелеп, мына бір тұсты баса
айта кетуді жөн көріп от- ырмыз.
Егер Ұлы Жаратушымыз адам баласына ғибадат жа- сауды парыз
етпеді деп санаған күннің өзінде біздер Оның ұлылығы мен шексіз
құдіретінің, теңдессіз шеберлігі мен ұлықтығының алдында таң
қ а л ы п , өз еркімізбен бас иіп, Оның ж а л ғ ы з Құдайлығын
(улуһиəтын) мойын- дап жан тəнімізбен ұлықтауға, сан түрлі мақтау
айтып ғибадат жасауға тиіс болар едік. Адамды жоқтан жара- тып,
һəм оған өзге жаратылыстардан үстем етіп ақыл-ой, сана-сезім
сыйлаған, с а н алуан жақсылығы мен рызық- несібесін толассыз
төгіп, айналасындағы күллі жараты- лысты қызметіне жүгірткен Ұлы
Иесіне адам баласының өз еркімен алғыс-шүкірін білдіруі, Оның
алдындағы қарыздар екенін мойындап тағзым етуі оның ұмытылмас
міндеті əрі адамдық қасиетінің асыл талабы болса ке- рек.
Намаз, азан сияқты ғибадаттар неге тек қана араб
тілінде орындалады? Əр ұлт өз тілінде орындаса болмай ма?
Намазда мұсылмандардың Құран Кəрімнен сүрелер оқуға
міндеттілігі бəрімізге белгілі. Мұсылмандардың өз тілдеріне,
жергілікті жеріне қарамастан сонау Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар
заманынан бұлжымай, заңдасқан бұл қағида келешекте де дəл
осылай жалғаса бере ме?
Ең алғашында кез-келген адам үшін ана тілінде құлшылығын
орындау – əрі жеңіл, əрі орынды көрінері рас. Алайда, мəселені
егжей-тегжейлі қарастырар болсақ, кең көлемді түсінікке қол
жеткізеріміз анық.
Ең алдымен тілек-дұға мен намаздың ара жігін ажыратып алған
жөн. Намаздан тыс жасалатын тілектер мен дұғаларда мұсылман
кісіге ішкі тілегі мен мұң- мұқтажын қай тілде айтып жеткізем десе
де, бұған тыйым салынбаған.
Өйткені, бұл Жаратушы мен құл арасындағы ж е ке мəселеге
қатысты. Ал намаз болса, ол жалпыға, жамағатқа тəн құлшылық
болғандықтан, намазға қосылатын басқа да мұсылмандардың қажет
тілектерімен санасу керек. Негізінен намаз жамағатпен оқылуға тиіс.
Бірақ жалғыз оқуға да рұқсат етілген.
Егер Ислам діні қандай да бір белгілі аймақтың яки белгілі бір
ұлттың діні болса, онда ешқандай күмəнсіз сол аймақтағы сол ұлттың
ғана тілі қолданылар еді. Алайда, төрткүл дүниеге тараған, бір-бірін
түсінбейтін қаншама ұлт өкілдеріне ортақ діннің өзіндік
ерекшеліктері мен қасиеттері болатыны сөзсіз.
Айталық, қытайша білмейтін қазақ Қытайға бар- са, көшеден
шыққан қытай тіліндегі дауыстарды естісе де оны түсіне алмайды.
Жергілікті тілде оқылған азан- ды да түсінбегендігінен, əлгі мүмінқазақ намазын қазаға ұшыратып алуы мүмкін. (Қытайдағы мешіттер
мұнараларымен ерекшеленбейді). Сондай-ақ, Қазақстанға келген
басқа ұлттар да мұсылмандардың өз тілінде орындап жатқан
ғибадаттарынан ештеңе ұқпасы анық. Олай болса, мұндай жалпы
əлемдік діннің өзіндік ортақ жақтары, ортақ тұстары болуы заңды.
Бұл тұста азан мен қырағаттың орны ерекше екені кімге де болса
мəлім.
Бұндай жайттарды күнделікті өмірде де кездестіруге болады.
Айталық, Біріккен Ұлттар Ұйымында да əрбір мүше мемлекет өзара
белгіленген ортақ тілде ғана сөйлеседі. Ондайда əрбір мемлекеттің
жеке бас пайдасы көзделмейді.
Мəселенің тағы бір жағы, Құранның қандай да бір аудармасының
ешқашан да түпнұсқаны толық қамти алмайтындығында119. Құран
аяттарының əрбір сөзінің бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі
ғана беріледі. Тіпті кейде аятта қолданылған əрбір əріптің де өзіндік
бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы əріптердің өзіндік
мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яки біреуі ғана
ескеріледі. Құранда белгілі бір мағынаны білдіретін бірнеше
синоним сөздердің ішінен сөздің ды- бысталу жағынан да, мағынаны
қамту жағынан да ең қолайлысы таңдалған. Сондықтан, кейбір сөздің
«сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндалайын деп
тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем
мүмкін емес.
Ең бастысы, Құран сөздері оқыған адамды еш уақытта
жалықтырмайды. Ал кез келген аударманы бірнеше рет
119
Мустафа Зарқа, Фəтəəуа, 106-бет. «Дарул-қалам» баспасы, Димашқ. 2001 ж.
ИМАНИ ГҮЛ
оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін оқығанда
адам түсінбесе де ерекше рухани лəззат алады. Өйткені, Алла Тағала
Құран сөздеріне осындай ерекшелік берген. Міне, сондықтан
«Фатиха» сүресін күнделікті əр намазымыздың барлық
рəкаттарында оқысақ та, жалықпаймыз. Бұған қоса, Құранның өзіне
ғана тəн əуені мен əуезі оқыған адамның ішкі дүниесіне ерекше əсер
етуі тағы бар.
Оқылған Құранның əрбір сөзіне, тіпті əрбір əрпіне сауап
жазылатындығы көптеген хадистерде білдірілген. Пайғамбарымыз
(с.а.у.): «Кімде-кім Алланың кітабынан (Құраннан) бір əріп
оқитын болса, оған бір жақсылық жазылады. Ал əрбір
жақсылық он еселенеді. Мен Əлиф, Лəм, Мимді (бəрін қосып) бір
əріп демеймін, Əлиф – жеке бір əріп, Лəм – жеке бір əріп, Мим –
жеке бір əріп. (əрқайсысына жеке-жеке сауап жазылады)»120
-деген.
Ал кез-келген аударма Құранның дəл өзі болмағандықтан, оның
əрбір əрпіне сауап жазылу ерекшелігі де жоғалады.
Тағы бір баса айта кететін жайт, ол – намазда қолданылатын
сөздердің көп емес, аз екендігі. Алды- мен азан мен қ а м ат , артынша
«Аллаһу əкбар», «Субха- нака раббиял-ъазим», «Субхана раббиялаълəə» секілді қысқа қайырымдармен қоса «Фатиха» сүресі мен бірекі қосымша шағын сүрелер. Барлығын қосса бір беттен де аспайды.
Бұлардағы сөздердің көбі мағыналары оңай жатталатын,
мұсылмандардың көбіне ортақ қолданатын сөздері. Намазға жаңа
жығылған жас бала да бұлардың мағыналарын бір үйреніп алса,
өмірі ұмытпасы анық.
Бұл дүниелік болмашы тірліктер үшін үлкен-үлкен сөздіктер
жаттап, шет тілін үйренетіндер мəңгілік ғұмыр
120
Əт-Тирмизи
үшін Алла Тағаланың сөздерінен бір бетті жаттай алмаса, онда:
«Ғибадат-құлшылықтарымызға Алла Тағала емес, керісінше біз
зəруміз» деген шүбəсіз шындықты əркез есте ұстаған абзал121.
121
М.Хамидуллаһ. Құран Кəрім тарихы.
«Ең бастысы, жүрегім таза, ешкімге қиянатым жоқ» деп
намаз оқуға салғырт қарайтындарға не деуге болады?
Бұл құлшылықтың түп мəнін жетік түсінбеуден туындайды.
Намаз – тек күнəһарлар мен молдаларға ғана жүктелген жеке міндет
емес, əрбір адамның мой- нына жүктелген асыл парызы. Құранда
Алла Тағала:
«Мен адамдар мен жындарды (мені танып), маған ғана ғибадат
е т с і н деп жараттым» дейді. Сондықтан құлшылық – адамзат
жаратылысының негізгі мақсаты. Ал ғибадат-құлшылықтың ең
ұлысы – намаз. Жүрегі таза, көңілі пəк адамдар, керісінше, намазды
көбірек оқулары тиіс. Құлдың намаз оқуы – күнəсінің көптігі емес,
керісінше, оның Құдайға бір қадам жақын екендігінің белгісі.
Құранда бірнеше жерде тақуа жандардың белгісі ретінде «Тақуа
жандар намаздарын толық орындайды»122 -делінсе, басқа бір аятта
шынайы намаз- дың адамды жаманшылықтан тыятындығын:
«Шынайы намаз адамды арсыздық пен жаманшылық атаулыдан тыяды»123 - деп білдірген.
Егер намазды тек қана жүрегі кір, көңілі пендешілік- к е толы
қиянатшыл пенделер ғана оқитын болса, онда күнə атаулыдан пəк
пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) əрі Оның артынан ерген қаншама
ғұламалар мен тақуа жандар неліктен өле-өлгенше бес уақыт
намаздарын қалт жіберместен оқыған. Егер жүрегінің тазалығы үшін
намаз оқымауға рұқсат етілген бір ғана жан болар болса, ол адам
122
123
Бақара сүресі, 3-аят,
Анкабут сүресі, 45-аят.
– сөзсіз Алла елшісі Мұхаммед (с.а.у.) болар еді. Алайда Ол (с.а.у.),
керісінше, күллі адамзаттан артық намаз оқып, құлшылық жасайтын.
Иə, Алла елшісі (с .а .у.) бес уақыт парыз намазды бы- лай
қойғанда, түн жарымда тұрып «тəһəжжуд» нама- зын егіле жылап,
аяқтары талып, ісігенше оқитын. «Уа, Расулаллаһ, өзіңді неге мұнша
қинайсың? Алла Тағала сенің барша күнəларыңды кешірді емес
пе?» – деген Айша анамыздың сұрағына: «Аллаға шүкір ететін құл
болмаймын ба?» – деп, намазды тек күнəһар адамдардың
оқымайтындығын білдірген.
Жүрегім таза, көңілім пəк, намазды басқа жандар оқысын деудің
астарында, айтушының терең бейғамдығы жатыр. Олай дейтініміз,
адамның Ұлы Иесі алдындағы борышынан алаңсыз болуы –
бейғамдық емей немене? Жүрегім таза, көңілім пəк деу – күнəсізбен
деген сөзге саяды. Ал өзін күнəсізбін деген адам, осы сөзімен-ақ
күнəһардың нағыз өзі болмақ. Өйткені, күнə істеу – пайғамбарлардан
тыс барша адамзатқа тəн. Күнəсінің бар екенін білмеген адам –
күнəсін мойындаған адамнан əлдеқайда төмен тұрады. Күнəсінен
бейхабар адам күнəсі мен қатесін, кемшіліктерін т ү з е у д і мүлде
ойламақ емес. Себебі, оның пайымдауынша, ол – күнəсіз, қатесі жоқ
адам. Ал мұндай күйдегі адам жалған дүниеде өзін қанша
ақтағанымен, о дүниеге таудай-таудай күнəларын қоса ала кетпек. Сол
жерде ғана өзінің кінəсін мойындап, тəубе қылмақ. Бірақ ол кезде
өкініш пен «əттеген-ай» атаулы- дан иненің жасуындай да қайыр
болмасы белгілі.
Иə, ғаламды жоқтан жаратып, оны ғажайып жүйемен, теңдессіз
тəртіппен реттеп, үлкен-кішілі, жанды-жансыз барлық жаратылысты
əлсіз адамның ыңғайына жығып, қызметіне бағындырып қойған Ұлы
Иемізге шүкір етіп, алғысымызды білдіріп, ұлылығының,
құдіретінің,
шексіздігінің,
кемелдігінің,
қысқасы,
жалпы
Құдайлығының алдында бас иіп, адамдық борышымызды, құлдық
міндетімізді атқару үшін міндетті түрде күнəһар құл, жүрегін кір
шалған пенде болуымыз шарт емес.
Өзінің Ұлы Иесінің алдындағы əлсіздігі мен мұқтаждығын
мойындамаған пендеден асқан күнəһар пенде бар ма бұл жалғанда?!
Біздер көбіне бұйрықтың, шақырудың қайдан, кімнен келгеніне аса
мəн бере бермейміз. Егер патша елші жіберіп бір адамды шақыртса,
əлгі пенденің құстай ұшып патшаның алдынан табылары сөзсіз. Сол
секілді патшалардың патшасы – Ұлы Жарату- шы иеміз Өзінің
талаптары мен бұйрықтарын білдіретін Құран атты пəрменін
Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың қолына ұстатып, оны жер бетіне
елші етіп жіберген. Міне, сол «Құран» атты кітаптың сексен жеті
жерінде құлдарына бес уақыт намазды тікелей бұйырып, ғибадатқа
шақырған. Ал енді жердегі пəни патшаның шақыруына бей-жей
қалмайтын пенденің Ұлы Иесінің осы бір «ұлы шақыруына» салғырт
қарап, бұйрықтарын елеместен бей-жай жүре беруі немесе «жүрегім
таза, ешкімге жаманшылығым жоқ» деп өзін алдап бұлғақтауы
дұрыс па?
Ендеше, «жүрегім таза, ешкімге зияным жоқ, маған намаз оқып
не керек» деген тəрізді сөздердің астарында Құдайдың қасиетті
Құранын, сол кітаптағы Ұлы Иесінің талабын жетік ұғынбау жатқан
секілді. Бұл намаздың мəнін, мағынасын түсінбеуден туындаған
салмақсыз, əшейін айтылған сылтау болса керек.
Көп адамдардың он екі мүшесі сау болғанмен кейбіреулердің
мүгедек, кемтар болып туылатындығы яки кейіннен түрлі
себептер- мен мүгедектікке ұшырап жататын жайт- тары
өмірде көп-ақ. Кей адам бұл өмірден еш қиналыс көрмей
рахатқа батып өтеді де, кей жандар өмір бойы тауқымет
тартып, қиыншылықтан көз ашпай өтеді. Мұны Ұлы
Жаратқанның əділдігі тұрғысынан қалай түсінуге болады?
«Таршылық адамды шынықтырады, Баршылық
адамгершілікті ұмыттырады»
Нақыл сөз
Біріншіден, Алла Тағала – бəріміздің Ұлы Иеміз. Терең үңілер
болсақ, біз денеміздегі ешбір мүшемізді өзіміз жаратпадық, еш
жерден сатып та алмадық. Бұлардың бəрі бізге Ұлы Шебер
тарапынан тегін берілді. Сондықтан, біз – Ұлы Жаратқанның
басыбайлы мүлкі- міз. Ендеше, Ұлы Иеміздің өз мүлкімен нендей
қатынас жасауы Өз қалауында. Ауыртады, кейін «Шафи» есімімен
көмектесіп шипа береді. Құлын ашықтырады да, кейін Өзінің
теңдессіз «Раззақ» екендігін, яғни рызық беруші екендігін
сездіртеді.
Екіншіден, Ұлы Жаратушымыз өте əділетті. Ол еш-бір құлына
титтей де қиянат жасамайды. Əділдік дегеніміз не? Əділдік деп
негізінен жүктің қоржынның екі жағына тең артылуына айтылады.
Яғни, берілген нəрсеге қарай қарымының қайтарылуына əділдік
делінеді. Берілген нəрсенің қарымы кем болса, «қалғаны қайда?» деп
жетпегенін сұрауға қақымыз бар. Бірақ тегін берілген нəрсеге аз
бердің яки көп бердің деп реніш білдіруге, «əділдік қайда?» деп аттан
салуға ақымыз жоқ. Мысалы, бай адам бір ауылға барып тегін көмір,
ұн та- ратып, екінші бір ауылға барып тек қана ұн таратса, сон- да
еншілеріне тек қана ұн тиген екінші ауыл əлгі адамға рақмет айтудың
орнына «бізге ұн ғана бергенің не? барып тұрған əділетсізсің» дей
ала ма? Əрине, жоқ. Себебі, тегін берілген нəрсеге «аз» яки «көп»
деп шағым жасау əділетсіздіктің нақ өзі болмақ.
Керек десеңіз, Жаратқанның тегін берген ə р б і р мүшеміздің
қайтарымына біз не бердік? Бір ғана мүшенің қарымын төлеңдер десе
өтей алар ма едік? Ұлы Жарату- шыны əділетсізге балап, «екінші
көзімді бер» деп қатаң талап ететіндей біз Оған не беріп едік?
Əрине, егер тілек тілеген сəтте шағымдану емес, Оған деген
мұқтаждығымызды сезініп, құдіретіне бас иіп сұрасақ, ол басқа
мəселе.
Үшіншіден, өмірде кездесетін əр түрлі қиыншылық- тар, айықпас
дертке шалдығу, бір мүшенің кем болуының адам үшін дүниелік
кішігірім зияны болғанымен, оның рухани өмірімізге ақыреттік
пайдалары өте көп. Жанын құтқару үшін гангрен (іріңдеп, шіріген)
болған саусағының кесілуіне ешкімнің қарсы шықпасы анық. Яғни
кішігірім зиян үшін үлкен пайдаларға ешкім тосқауыл болмайды.
Оттың өртке себеп болуын желеу етіп оттың бар пайда- сын жоққа
шығарып, жалпы от атаулыны «жаман» дей алмаймыз ғой. Міне,
дүниеде құлдың басына келетін əр түрлі қиыншылықтар мен
аурулардың да дүниелік зияны болғанымен оның ақыреттік пайдасы
өте зор. Адамның рухы өмірдегі қиыншылықтар арқылы таза-
рып, кемелдікке қарай қанат қағады. Əр түрлі ауруларға,
қиыншылықтарға тап болған адам үнемі өзінің əлсіздігін əрі
Раббысына деген мұқтаждығын сезінеді. Əрдайым Оны ойлап, Оған
қол жайып медет тілейді. Раббысы- мен үнемі б а й л а н ы с т а болып,
Жаратушысына қарай жақындаған сайын жақындап дəрежесі артады.
Өмірдің пəнилігін түсініп ақыретке, мəңгілік өмірге ынтық келеді.
Себебі, жағдайы жақсы, өмірі қиындық көрмеген жандар көбіне
Раббысына деген мұқтаждығын, өзінің əлсіздігін ескермей, ұмыт
қалдырады. Дүниені, бойындағы күш- қуатты, жастықты мəңгілік
деп есептегендіктен, мына дүниені өлердей жақсы көріп, ақыретті
естен шығарады. Құлшылық міндетіне салғырт қарап, күнəсіне
бейғам келеді. Міне, басқа түскен қиыншылықтар мен əр түрлі
аурулар адамды осындай ақыретке деген бейғамдықтан сақтап,
күнəға қарсы сергектігін оятады.
Аурулар мен қиыншылықтар сабыр етіп, ақыретте
Раббысының беретін сый-сыяпатын ойлаған жанның күнəларына
кəффарат124 болады.
Хадисте: «Алла Тағала мұсылманның душар бол ғ а н ауру,
шаршау, дерт, қайғы тіпті уайымдаған уайымы арқылы кейбір
кінəларын кешіреді»125 делінеді.
Бұған қоса, душар болған аурулары мен өмірде кез- десер түрлі
қиыншылықтарға сабыр ете білген адамның бір сағаттық ғибадаты,
бəлкім, өзгелердің бір күндік ғибадатына, тіпті бір минуты бір
күндігіне тең болады. Осылайша қысқа ғана өмірдің берекесі тасып,
ғұмыры ұзара түседі. Бəлкім, сабыр ету арқылы өзге жандардың түні
бойы намаз оқып ала алмаған сауабына кенеледі.
Алла Тағала қудси хадисте: «Мен кімнің (мына дүниеде) екі көзін
соқыр етіп сынасам жəне құлым бұған
124
125
Күнəлардың кешірілуі.
Бухари, Марда/1, Муслим, Бирр/52.
сабыр етсе, ол құлыма екі көзінің орнына ақыретте Жəннатты
беремін»126 дейді.
Бұл дүниедегі басына түскен қиыншылықтар мен душар болған
ауруларға сабыр еткен адамның ақыреттегі сауабын көрген өзге
жандар «біз де дүниеде сан түрлі қиыншылыққа душар болып, бүгін
мынандай мəңгілік сауапқа кенелгенімізде ғой» деп қызыға қарайды.
Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Мұсылманның ісі (өмірі) мені
қатты қайран қалдырады. Оның əрбір ісі о л үшін қайырлы əрі
жақсылық. Бұл тек мұсылманға ғана тəн. Ол бір қуанышқа тап
болса, шүкір етеді, (сауапқа кенеледі) сөйтіп, оған бұл қуаныш
жақсылық болып жазылады. Ал егер басына бір қиыншылық
түссе, сабыр етеді де, (сауапқа кенеледі) сөйтіп,
оған
127
қиыншылық
та
жақсылық
б о л ы п жазылады»
деп,
қиыншылықтарға сабыр ету арқылы мол сауапқа кенелетінімізді
білдірген. Дене мүшелеріне зиян келген, əр түрлі ауруларға
шалдыққан адамдар əрбір мүшенің, денсаулықтың қадірін жақсы
түсінгендіктен, дене мүшесі с а у өзгелерден гөрі Раббыларына
көбірек шүкір етеді. Əрбір мүшесінің бағамен өлшенбейтіндей
құнды сый екенін өзгелерге де ұқтырғаны үшін сансыз сауапқа
кенеледі. Оларды көрген өзге жандар да тəубелеріне келіп,
Раббыларына шүкір етеді. Сөйтіп, басқалардың да Раб- быларына бет
бұруларына, Оның берген нығметтерінің қадірін түсінуіне себеп
болғандықтан, «Бір іске себепкер
– сол істі істегенмен бірдей» демекші, ақыретте күтпеген жерден
сансыз сауапқа белшеден батады.
Иə, Алла Тағаланың құлдарына берген уайым-қайғы, ауру-сырқау,
əр түрлі қиыншылықтар – өткен өмірлеріндегі
126
127
Тирмизи. Бухари, Марда/7.
Əбу Зəкария Мухиддин Иахия ƏнНəуəуий, музһатулМуттақин, 1том, 49бет.
МуəссисəтурРисəлə, Байрут 1991ж. (Муслимнен).
күнəларына кешірім, қазіргі өмірлері үшін сауап, келешек ғұмырына
ғибратты дəріс əрі ескерту. Міне, құл осыны түсінсе, өмірге деген
көзқарасы əп-сəтте өзгеріп, ойындағы қалың қайғыдан, бойындағы
ауыр сезімнен арылады.
Алла Тағалаға сенбеген, бірақ жұртқа жақсылық жасап өткен
адам жəннатқа кіре ме?
Барша діндердегі құқықтар мен қазіргі таңдағы қолданатын
заңдар бойынша, барлық адамдар заң алдында бірдей, сот құзырында
тең дəрежеде қаралады. Ешбір адам өзінің бойындағы ерекшеліктері
мен кейбір қасиеттерін алға тартып, жалпыға арналған заң
ережелерінен тысқары қала алмайды. Қазақтың мəдениетін əлемге
танытуда еңбегі сіңген яки белгілі бір спорт саласында əлемдік
деңгейде үлкен дəрежеге жеткен белгілі тұлға мен ондай дəрежеге
жете алмаған өзге жандар заң алдында пара-пар. Мысалы,
Олимпиядада бірінші орын алып, Қазақстанның көк байрағын əлем
алдында желбіретіп, елдің мерейін үстем еткен спорт шебері кісі
өлтіріп, «Мені түрмеге жаба алмайсыңдар»,- деп, сот алдында өзін
жалпыға арналған заңнан тыс ұстай алмайды. Егер əрбір адам
қоғамға істеген игі істерін сылтауратып, мемлекеттен тек өзіне
арналған жеке заң талап ететін болса, қоғамда заң деген түсініктің де
мəні қалмас еді.
Енді негізгі сұрақтың жауабына оралайық. Мысалы, Эдисон
сияқты электр энергиясын тауып, халыққа пайда- сы тиген
жандардың ақыретте жағдайы қалай болмақ?
Егер Эдисон бұл игі ісін Алланың ризалығы үшін істеген болса,
Алла Тағала ақыретте ниетіне қарай сауабын береді. Ал егер бұл игі
ісімен ел алдында атақ-абыройға кенелуді, тарихта атының қалуын
көздеген болса жəне бойындағы ерекше зеректік пен талантын Алла
Тағала емес, табиғат берді десе, Алла Тағала оған сұраған атақ-
абыройын мына дүниеде береді. Ал жұмақтағы көз көріп, құлақ
естімеген, ақыл ойлап елестете алмаған ғажайып сый-сияпатты
өздері мына дүниеде иман келтірмеген Алла Тағаладан емес
табиғаттан сұрасын. Мына дүниеде Алла Тағаланы мойындамай арғы
дүниеде Жаратушыдан сый-сияпат күту ақылға сыйымсыз болса
керек.
Жəннаттағы сый-сияпат – иман етіп, ізгі іс істеген адамдарға ғана
арналған. Иман еткен жандар мен иманға келмеген пенделерді тең
дəрежеде бағалап, бəріне бірдей жəннатты беру – əділетсіздік.
Себебі, нағыз əділеттілік
–иманды жанға иманының, салиқалы амалдарының қарымы ретінде
жəннатты беру, ал иманнан бас тартып, күпірлікті таңдаған адамға да
жазасын беру.
Мына пəни дүниенің өзінде кез-келген мемлекет өзінің заңдарына
бағынғандарды мемлекеттік жалпы мүмкіншіліктерден пайдалануға
жағдай жасап, құқығын қорғауда. Ал мемлекет заңдарына қарсы ісəрекет е т - кен адамдарды бірнеше жылға немесе қылмысының
үлкендігіне қарай мəңгілік абақтыға жабуда. Қазіргі таңдағы бұл
заңға ешкім қарсы шығып, əділетсіздікке ба- лап, қаралай алмайды.
Ендеше, Ұлы Жаратушының ұлы заңдарын адамдардың шығарған
заңдарынан төмен санап, əділетсіздікке теңеу ақылды адамның ісі
болмаса керек.
Олай болса, Ұлы Патшаның да мына «дүние» деген мемлекетінде
қойған өзіндік ереже-қағида, заңдары бар. Ол – Өзіне иман етіп,
бұйырған бұйрықтарын орындап, тыйған тыйымдарынан тыйылған
құлдарын жəннаттық ғажайып сый-сияпатпен марапаттау. Ал,
керісінше, Ұлы Патшаның өзін де, салтанатты патшалығын да
мойында- май: «Сен сияқты Ұлы Патша жоқ əрі Сенің билігіңді де,
патшалығыңды да мойындамаймын», - деп даңдайсып иманнан бас
тартып, Құдайлық заңдардан қашқандарды тозағында жазалау.
ИМАНИ ГҮЛ
Иə, Ұлы Жаратушының бар екенін қабылдамаған адам мына
қысқа ғұмырында күпір делінген бір ғана күнəні істегенімен, сол
күпірлік арқылы шексіз қылмыс жасайды. Өйткені, Ұлы
Жаратушыны жоққа шығару
– оның жаратқан мына ғажайып сұлу да үйлесімді əрі сан сырлы
мағынаға ие жалпы жаратылысты жоққа са- н а у . Олай дейтініміз,
кəпір адам күллі жаратылысты бостан босқа, еш мағынасыз əйтеуір
кездейсоқ жара- тылыс ретінде бағалағандықтан, олардың
бойындағы терең мəн-мағынаны жоққа шығарып, аяққа таптайды.
Əрбір жаратылыстағы Ұлы Жаратушы жүктеген ар- найы
міндеттерді көре алмағандықтан, оларды қорлаған боп саналады.
Мысалы, Күн ешбір мақсатсыз, кездейсоқ əлемге сəулесін шашып
тұр. Жер өз-өзінен əйтеуір бостан-босқа шыр көбелек айналып тұр,
сиыр да бекер- ге кездейсоқ сүт береді деп пайымдағандықтан,
олардың қадір-қасиетін төмен түсіріп, мəн-мағынасын аяққа таптайды. Жаратушының оларға жүктеген ұлы міндеттеріне қиянат
жасап, қорлаған саналады.
Бұған қоса əрбір жаратылыстың бойындағы кере- мет жүйені,
үйлесімділікті, мəн-мағынаны жоққа санау – олардың əрқайсысының
өз болмысымен Хақ Тағаланың бар екендігін паш еткен куəліктерін
жалғанға шығару бо- лып есептеледі.
Иə, ғаламдағы триллиондаған əр түрлі жаратылысқа жасалған
мұнша күнəнің жазасы берілуге тиіс. Себебі, Алла Тағаланың əділдігі
осыны талап етеді. Мысалы, белгілі бір мемлекеттің елтаңба, əнұран,
байрақ секілді қасиетті рəміздерін рұқсатсыз өзгертуге яки қорлауға
болмайды. Олай жасаған адам мемлекет алдында жа- уап береді.
Ендеше, Алла Тағаланың қастерлеген киелі ұғымдарын аяққа таптап,
қорлағысы келген пенделер де жазаға тартылуы тиіс.
Ғаламдағы əрбір жаратылыста мөрленген Алла Тағаланың
ғажайып нақыштарын мəнсіздікке балап, көзді тарс жұмып оларды
көрмеу – Хақ Тағаланың
«теңдессіз жаратушы», «ғажайып шебер», «толассыз рызық
беруші», «шексіз ілім иесі» тəрізді сансыз ұлы с и - паттарын
мəнсіздікке теңеу, тіпті оларды жоққа шығару болғандықтан күнəсі де
ауыр, тіпті шексіз. Себебі, бұл күнə жай ғана бір адамның құқығына
емес, Алла Тағаланың өзіне, ұлы сипаттарына жасалуда.
Иə, адам баласының Ұлы иесін танымай, Оның тегін берген
сансыз жақсылығы мен ырыс-берекесін мойында- май мына
дүниеден өтуі – өзіне жүктелген негізгі міндетін, адамдығына сай
асыл борышын, мына өмірге жіберілудегі
«иман ету» миссиясын орындамауы болып саналады.
Өзін ерекше ақыл-ой, əр түрлі үстем қабілеттермен безендіре
жаратқан Ұлы Иесін танымай, «мұның бəрін табиғат жасады» деп,
опасыздық жасаған құл Ұлы Иесінің ақыретте дайындаған сыйсияпатына лайық па? Əрине, жоқ. Бірақ, Ұлы Жаратушыға сенбеген
барлық пенделердің ақыреттегі жазалары бірдей бол- майды.
Олардың мына дүниеде істеген күнəлары мен жақсылықтарының
тозақтағы жазаларына да өзіндік əсері болары сөзсіз.
«Жақсылықты да, жамандықты да Алладан» деп білуді
қалай түсінеміз?
Жақсы яки жаманды, иман немесе күпірді қалайтын, таңдайтын –
біз. Ал, сол істі қаласа, жарататын – Алла Тағала. Мысалы, біз
бидайды ектік, сосын жаз бойы арам шөбін жойып, суын құйып
қарадық делік. Ал оны осыдан кейін өсіретін, өсу ісін жарататын,
нəтижесін беретін Алла Тағала болмақ. Бидайды өсіруді біз қаладық,
бірақ бидай- ды өсірген біз емес. Қалай дейсіз бе? Бізге ақыл беріп,
би- дай егуді үйреткен – Алла Тағала емес пе? Ал, бидайдың дəнін
жаратып, оны адамға сыйлаған кім? Бидайдың өсіп-жетілуі үшін
қажетті топырақты, топырақтағы ə р түрлі минералдарды, күнді,
ауаны, суды жаратқан кім? Тіпті оны егіп, суын құю үшін қолымызды
қимылдатқан кім? Біз тек қимылдатуды қалаймыз. Қозғалтуға шешім
қабылдап, бел байлаймыз. Ал, оны қимылдатып, қолға күш беретін,
барлық клеткаларды бір-бірімен жалғайтын, қолдағы сіңірлеріміз бен
бұлшық еттерімізді іске қосатын
– Ұлы Алла Тағала. Егу, суару, қопсыту істерінен кейін
ешқайсымыз бидайымның бірінші сабағын өсірейін, со- сын
жапырағын шығарайын, құйған суымды əр дəнегіне жеткізейін,
бидайға мына минерал керек, ал, мынауы ке- рек емес деп
басымызды
қатырып
жатпаймыз.
Бұлардың
бəрі
біздің
араласуымыздан тыс Алла Тағаланың қалауы жəне жаратуы арқылы
іске асып жатады.
Қысқасы, жақсы, жаман əрбір ісімізді істеуге ниет ету, таңдау –
біздің еншімізде, ал оны жарату – Ұлы Жаратушының қалауы мен
құдіретіне тапсырылады.
Абай атамыз: «Ауруды жаратқан Құдай, ауыртқан Құдай
емес»128, – деп қандай тамаша айтқан. Яғни, бір адам Құдайдың
қойған заңымен жүрмей, қыста терлеп тұрып, желең далаға шығып
ауырса, «Құдайым-ай, бұл ауруды қайдан ғана беріп едің?» деуге
ақысы бар ма? Ауруға себеп болған – өзі, бірақ сол ауруды жаратқан
– Алла Тағала.
Біздің əрбір қалаған ісімізді Алла Тағала қаласа ғана жүзеге
асырады дедік. Себебі біздің қалауымыз Алланың қалауынан рұқсат
алмайынша қолы байлаулы қалмақ. Сөз түйіні, Алланың қалауынсыз
ешнəрсе жүзеге аспайды, қалауынан тыс жапырақ та
сыбдырламайды.
Алла Тағала «Кəһф» сүресінде былай дейді: «Не нəрсені де
«Мен мұны ертең істеймін» деме. Тек Алла қаласа ғана істеймін
де...»129
Хадисте: «Алла Тағала нені қаласа с о л болады. Ал Оның
қаламағаны ешқашан жүзеге аспайды»130, - делінеді.
Ұлы Жаратушымыздың жақсы істерге ризалығы бар, ал
жаманына жоқ. Құранда: «Алла құлдарының күпірге кіруіне разы
болмайды»131, «Алла Тағала ысы- рап етушілерді жақсы
көрмейді»132 - деп, жаман істерге ризашылығының жоқ екендігін
білдірген.
Бірақ бұл дүние сынақ əлемі болғандықтан, адам ба- ласы өз
еркімен жаманшылыққа ниет етсе, Алла Тағала қаласа оны да жүзеге
асырады. Кейде адам жаман іс істеуге ниет етеді. Бірақ Алла Тағала
құлының бұрын істеген кейбір жақсылықтарын яки келешекте
істейтін
Абай, Қара сөз, Поэмалар. Жиырма сегізінші сөз, 62-бет, «Кітап» баспасы, 1992 ж.
Кəһф сүресі/22-23.
130 Əбу Дəəуд, Əдаб/106.
131 Зумар сүресі/7.
132 Əнғам сүресі/141.
128
129
ИМАНИ ГҮЛ
ізгіліктерін ескеріп, құлының істеуге ниет еткен жаман ісін
болдыртпауы мүмкін. Ниет еткен жаман ісіне арнайы тосқауыл
қойып, құлы енді сүрініп, күнəнің тұңғиығына қарай құлдилап бара
жатқанда Жаратқаны көмек беріп, күнəнің батпағынан аман сақтап
қалуы мүмкін. Мұны тек Ұлы Жаратушының құлына деген арнайы
рақымдылығы мен мейірімділігі деп түсінген жөн. Сондай-ақ, кейбір
істеген күнəларымыздың нəтижесінде Алла Тағала басымызға небір
пəлекеттерді беруі де мүмкін.
Жақсылық та, жамандық та адамның таңдауына қарай Ұлы
Иеміздің қалауы мен құдіреті арқылы жүзеге асатындықтан,
«жақсылық та, жамандық та Алладан» деп иман етеміз. Себебі
жарату ісі тек қана шексіз құдірет иесі Ұлы Жаратушы – Аллаға ғана
тəн.
Құранда Алла Тағала: «Алла Тағала сендерді жəне істейтін
амалдарыңды жаратты»133 десе, Пайғамбарымыз (с .а .у .) бір
хадисінде: «Істеушіні жəне оның ісін жаратушы – Алла
Тағала»134, - деп біздің істеуге бел байлаған əрбір ісіміздің Ұлы
Жаратушы тара- пынан жаратылатындығы білдірілген.
133
134
Саффат сүресі/96.
Кəнзул-Уммал, 1/263
Пайғамбарымыздың хадисінде: адам анасының
құрсағында
бақытсыз адам да
анасының
135
бақытсыз»
делінген. айтылған адам баласының бақытқа кенелетіні
немесе
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 13
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.