Latin Common Turkic

Имани гүл - 15

Süzlärneñ gomumi sanı 3731
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Күннен-күнге өрістеп кең етек алып бара жатқан жаңа дінді
тоқтату үшін не істерлерін білмей абдыраған құрайыштықтар
Пайғамбарымыздың немере ағасы Ə б у Тəліпке келіп: «Біз оған
қалаған байлығын берелік, қала- са, Меккенің бар билігін қолына
ұстатайық, əйел қала-
са, ең əдемі қызымызға үйлендірейік, ауруға шалдықса, дүниенің ең
атақты дəрігерін шақыртып емдетейік. Т е к ата-бабамыздың
дініне қарсы шықпасын. Мына жаңа дінін тастасын», – деп
ұсыныс тастаған еді. Əбу Тəліп құрайыштықтардың бұл ұсынысын
Алла елшісіне жеткізді. Пайғамбарымыз ұсыныстарын естірестімес: «Алла Тағалаға ант етейін, егер менің оң қолыма күнді,
сол қолыма айды ұстатса да мен бұл дінімді уағыздаудан бас
тартпаймын», – деп жауап берді. Егер нəпсісін тояттату үшін
үйленер болса, Мекке мүшріктерінің бұл ұсыныстарына
пайғамбарымыздың (с.а.у.) берер жауабы жоғарыдағыдай болар ма
еді?!
Демек, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көп əйелмен некелесуінің
астарында нəпсіқұмарлық емес, басқа биік мақсаттар мен ұлы
хикметтердің жатқаны есті адамға ай- дан анық. Бұл хикметтерді
қысқаша түсіндірейік:
1. Тəлім-тəрбие жəне үйретуге байланысты. Ис- лам діні – ең
ақырғы дін. Сондықтан бұл дін күллі адамзаттың қажеттілігін
өтейтіндей ерекшелікке ие б о - луы лəзім. Міне, сондықтан
тіршіліктің қай қырын бол- са да қамтитындай ереже-қағида,
заңдар əкелуге тиісті. Адамзат көкейіндегі кез-келген
сұрақтарына жауап таба алуы үшін Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
үй тіршілігі, жанұя өмірі, түнгі өмірі, үй ішіндегі қарымқатынастары т .б . бөгде ешкім хабардар бола бермейтін ісəрекеттерінің бəрі нақты түрде бүге-шігесіне дейін түсіндірілуі
керек. Олай болмаған жағдайда қияметке дейін жалғасатын
ақырғы бұл дін түсініксіз, жабық күйінде қалмақ. Ал ондай
діннің əлемдік дін болуы əсте мүмкін емес.
Пайғамбарымыздың (с .а .у .) көп адамға беймəлім жанұя
тынысының толық білініп, адамзатқа жеткізілуі үшін Оның
отбасында бірнеше жанның болуы лəзім. Міне,
осындай ұлы мақсаттың жүзеге асуы үшін Пайғамбары- мыз (с.а.у.)
бірнеше əйелмен некелескен болатын.
Пайғамбарымыздың əрбір сөзі ғана емес, əрбір іс- əрекеті –
үмбетіне темірқазық іспетті жол көрсетер ереже- қағида. Оның түнде
тұрып оқыған намазын, мінəжат, ғибадаттарын бізге осы пəк
жұбайлары жеткізбегенде, пайғамбарымыздың бұл тұстары үмбетіне
мүлде беймəлім күйде қалар еді. Барлық хадис кітаптарына на- зар
аударар болсақ, Хақ Елшісінің (с.а.у.) түнгі намазы, үйдегі қарымқатынасы, басқа да бөгде адамдар көре бермейтін іс-əрекеттерінің
бəрін Айша анамыз сияқты пəк жұбайлары риуаят еткеніне куə
боламыз. Тіпті, Айша анамыз хадистерді жеткізіп қана қоймай, қай
хадистің қандай жағдайда айтылғанын да жақсы білуші еді. Əбу Муса
əл-Əшғари (р.а.): «Бізге (сахабаларға) бір хадис түсініксіз болса,
оны Айшадан сұрап білетін едік»164
-деп, пайғамбарымыздың пəк жұбайларының исламды түсіндірудегі
ерекше орнын білдірген.
Əйел баласына қатысты сан алуан үкімдерді үйретуде
пайғамбарымыздың ақ некелілері мұсылман əйелдер мен
пайғамбарымыздың арасында дəнекерлік қызметін атқарды.
Пайғамбарымыздың əйелдерінің бірнешеу болуының арқасында əйел
заты өздеріне қатысты ислам үкімдерімен оңайырақ танысу
мүмкіндігі туды. Ислам дініндегі əйелдерге байланысты хайыз, нифас
секілді кейбір ұятты мəселелерді пайғамбарымыздың əйелдерге
тікелей
түсіндіруі
дұрыс
емес-ті.
Міне,
сондықтан
пайғамбарымыздың ақ некелілерінің əрқайсысы əйел- дерге осы
мəселелерді емін-еркін түсіндіретін.
Алла елшісінің жұбайларының арасында жас, орта жастағы жəне
жасы егде тартқан əйелдер бар еді. Себебі,
164
Хадисті имам Тирмизи жеткізді.
əр жас мөлшерінің өзіне тəн жеке мəселелерінің болаты- ны да сөзсіз.
Міне, осы мəселелер пайғамбарымыздың ошағын-да іс жүзінде, Алла
елшісінің көз алдында болғандықтан, жауабы мен шешімдері де дер
кезінде беріліп отырды. Пайғамбарымыздың əр жас ерекшелігіне тəн
мəселелерге берген жауаптары мен шешімдерін үмбетіне жеткізуі
осы пəк жұбайларының арқасында жүзеге асты.
Пайғамбарымыздың шаңырақ көтерген ақ некелілері арабтың
түрлі руларынан болатын. Тіпті, олардың арасында сол аймақтағы
еврей сияқты басқа да ұ л т ө к і л д е р і де бар
еді. Олар
пайғамбарымыздың көзі тірісінде əрі бақилық болғаннан кейін де өз
рула- ры мен қауымдарына ислам дінін үйретуге атсалысты.
Пайғамбарымыздың əр жұбайы өз руларының ортасын- да ұстаздық
қызметін атқарды. Т ə п с і р , х а д и с секілді
білім салаларының
тарауында үлкен үлес қосты.
2. Қоғамға қатысты хикметтері:
А) Пайғамбарымыздың əйелдерінің басым көпшілігі пана тұтар
ешкімі жоқ əрі жетім балаларымен жалғыз қалған жесір əйелдер
болатын. Пайғамбарымыз жаңа дінді уағыздай бастағанда
мұсылмандар мүшріктерден қатты жəбір көрді. Оларды сан алуан
азаптарға душар етті. Ислам діні жаңа тарай бастағандықтан бір
отбасында кейбіреулердің əйелдерімұсылмандықтықабылдағанымен
күйеулері қарсы болатын, енді біреулерінің қыздары мұсылман
болып, əкелері исламнан бас тартты. Мұсылман болған əйелдерге ең
алдымен күйеулері, сосын əкелері қарсы шығып, жаңа діннен қайтуы
үшін оларды аяу- сыз таяқтың астына алып, шырқыратып жан
шыдатпас азаптарға салатын. Бір жолын тауып күйеулерінен қашқан
қорғансыз мұсылман əйелдерді пайғамбарымыз кейде сахабаларына
кей тұстарда Алланың əмірімен, өзіне не-
келеп, оларды мүшріктердің азабынан құтқарып, оларға пана бола
білді.
Бір жанұяда кейде əйелі де, күйеуі де мұсылмандықты бірдей
қабылдап
жатты.
Ерлері
түрлі
себептермен
о
дүниелікболғанмұсылманəйелдерəке-шешесінің,ағайын- туысының
жанына барған жағдайда оны дереу өлтіретіні яки жан шыдатпас
азапқа душар ететіндері сөзсіз еді. Осындай қорғансыз қалған жесір
əйелдерді мүшріктерге қорлатпай аман алып қалу үшін
пайғамбарымыз (с.а.у.) оларды өз ұсыныстары бойынша сахабаларға
яки Алла Тағаланың əмірімен өзіне некелейтін. Міне, осындай қиын
жағдайға тап болған мұсылман əйелдердің жара- лы көңілдеріне
медеу болып, жетімдерінің басын сипау үшін пайғамбарымыз үйлену
сияқты қиын істі кейде өз жауапкершілігіне де алатын.
Пайғамбарымыздың
хазіреті
С ə у д а , Хафса,
Мəймуна
аналарымызбен үйленуінің астарында осындай мақсаттар жатыр.
б) Алла елшісінің көп əйелмен некелесуінде сол кездегі қоғамға
тəн кейбір ерекшеліктер назарға алынған. Мысалы, сахаба Əбу Бəкір,
Омардың қыздарымен үйленуі арқылы Құрайыш руымен туысқандық
байланыс құрды. Арабтарда туыстық қатынастар өте қуатты еді.
Міне, осы туыстық сезім, байланыс арқылы құрайыш руының жаңа
дінге жақындай түсулеріне себеп болды.
3. Саяси мақсаттар:
Алла елшісі Мұхаммедтің (с.а.у.) некелесуінің бір қыры саяси
ма қ с ат қ а да с ү й е н д і . Б ұ л арқылы пайғамбарымыз көптеген
рулардың ислам дінімен та- нысуына себеп болды. Бір адам белгілі
бір румен яки ұлтпен қыз алысқанды ол ру яки ұлтпен табиғи түрде
жақындық байланысы күшейе түсетіндігі белгілі. Яғни, құдалыққұдандалық байланыс арқылы араларындағы
ыза-кек, дұшпандық жойылып, сыйластық бой көтереді. Міне, адам
табиғатының о сы бір қырын жақсы білген пайғамбарымыз (с.а.у.)
мұны ислам дінін жұртқа жеткізуде шебер қолдана білді. Мысалы,
Ха- рис қызы Жубəйра, Хуйай қызы Сафия жəне Əбу Су- фиян қызы
Рəмлəлармен некелесуінде осындай астар бар. Аталмыш үш анамыз
да сол қоғамда əжептеуір ықпалы б а р кісілердің қыздары еді.
Жубəйра мен Сафияның əкелері еврейлердің басшыларының санат ы н д а болатын. Бұлармен некелескеннен к е й і н е в р е й - лермен
туысқандық қарым-қатынас орнап, көптеген адамдардың Исламмен
танысып, мұсылман болуына мүмкіншілік туды. А л , Рəмлə
анамыздың əкесі Əбу Суфиян Мекке басшыларының бірі болумен
қ а т а р мұсылмандардың азулы д ұ ш п а н ы е д і . Мұсылмандарға
көрсетпегені
қалмаған Əбу
Суфиян
қызы
Рəмланың
Пайғамбарымызбен
үйленуінен кейін
əжептеуір жұмсарып,
кейіннен Ислам дініне өз еркімен кірді165.
Құдаласу арқылы ара-қатынас, байланысты жақсарту тəсілі
кейінгі ғасырларда да көп қолданылды. Мысалы, қазақ хандары
қалмақтар секілді көршілес елдермен де қыз алысқан. Мақсат –
қарым-қатынасты күшейту, олардың ішкі саясатынан хабардар болу,
елге төнер қауіптің алдын а л у болған. Бір өкініштісі, бұл тəсіл
кейіннен мұсылмандарға қарсы да қолданылған. Тарихта кейбір
үлкен мансапқа қол жеткізген мұсылман басшылардың жұбайларын
зерттеген уақытымызда олардың да ағылшын, француз, неміс, еврей
сияқты өзге ұлттардан болғандығын көреміз.
165
Мухиддин Акгүл, пейгамберимизин ханымлары ве евлиликл - риндеки хикметлер–1.
Иени үміт журналы, №12, 31-бет. 1999 ж.
Алайда пайғамбарымыз бұл тəсілді игі мақсатта қолданған.
Адамзаттың исламмен танысып, екі дүниеде де бақытты болуын
көздеген.
Иə, Пайғамбарымыз (с.а.у.) жасаған, тарихта бұрын- соңды
болмаған əрі ескірмейтін, тозбайтын рухани, ғылыми, саяси, мəдени
төңкерістерінің ешбірін елемей, Алланың бұйрығымен жоғарыда
айтылған ұлы мақсаттар мен асыл хикметтер үшін Оның (с.а.у.) көп
əйелмен некелесуін жамандыққа балап, жарықтан қашқан жарқанат
тəрізді илəһи нұрдан, исламнан қашқан жан- дар үшін Алла
Тағаладан тек қана тура жол тілеп, жүректерінің иман нұрымен
нұрлануын қалаймыз!
Ислам дінін ұстанған мұсылмандардың бүгінгі күні ғылымбілімде артта қалуы неліктен?
Ислам – адамзатты екі дүниенің бақытына жетелер Алла
Тағаланың ақырғы діні. Оның дəлелі – Құранның нұрлы аяттарын
өмірлерінің сан саласына шамшырақ ете білген мұсылмандар. Иə,
Құран қағидаларын берік ұстанып, аяттардың қасиетіне бас иген
алғашқы мұсылмандар мəдениетте, ғылымда күллі əлемге ұстаздық
етіп, үлгі бола білді. Себебі, Құранның алғашқы аяты «иқра», яғни
«оқы!» деп түскен. Бұл бұйрық т е к Құранды жатқа оқу емес,
жаратылыс сырларын оқу, адам- ды оқу, жалпы ғаламды зерттепзерделеп оқу еді. Құран аяттары мен Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың
хадистері мұсылмандарды əрдайым білімге, ғылымға үндеді. Тіпті,
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «ғылым үйрену – əрбір мұсылман ер кісіге де,
мұсылман əйелге де парыз» деп, ғылым үйренуді əйел-еркек деп
бөліп жатпай, əрбір мұсылман баласына парыз етті. Ғылым іздеуді
мектеп, университет сияқты білім ордаларымен, докторлық,
профессорлық тəрізді ғылыми дəрежемен яки өмірдің белгілі бір
кезеңімен ғана шектемей «ғылымды бесіктен көрге дейін ізде!» деп,
үлкен талап қойып, бүкіл өмірді қамтитын нысананы меңзеді.
Исламда əрбір ғылым саласы Алла Тағаланың құдіретін, ұлылығын,
шеберлігін, шексіз білімін паш етіп, құлды Жаратушыға бір табан
жақындататын болғандықтан, мұсылмандар ғылымға жай ғана
ізденіс, өзінің атын шығаратын əуестік емес, ғибадат, құлшылық
ретінде қараған. «...Білетіндер мен білмейтіндер тең
бе?...»166 деп келетін Құран аяттары білетіндер мен білмейтіндердің,
сауаттылар мен сауатсыздардың сөз сөйлеуде, өзгелермен қарымқатынаста, ел басқаруда, бала тəрбиелеуде, жалпы қай қырынан
болмасын тең еместігін, тіпті, Алла Тағаланың алдында да бір
дəрежеде болмайтындығын ашық ұқтырды. Құран иман еткен жандарды əрдайым «ақылға салмайсыңдар ма?», «ойлана- тын ақыл
иелері үшін жаратылыста ғибраттар бар»,
«пікір өрбітпейсіңдер ме?» деген секілді көптеген аятта- рымен
қашан да оймен саралауға, ақылға жүгініп, т е р е ң пайымдауға,
салмақты пікірге шақырды. Тіпті, бір сағат ғылым-білім үйрену
исламда бір жылдық нəпіл ғибадаттан да артық саналды167. Ислам
əркімге еңбегіне қарай несібесі берілетіндігін айтып, Құдайға сеніп
қам-қарекетсіз қ о л қусырып жатудың дұрыс еместігін түсіндіріп,
еңбекке, ізденіске шақырды. Мұсылман əрбір ісін Алла Тағаланың
назарына ұялмай ұсынардай тиянақты, сапалы істеуі тиіс. Себебі,
Құран аяты осыны талап етуде. «Еңбең етіңдер! Себебі, істеріңді
Алла Тағала, оның елшісі, жалпы мұсылмандар көреді»168.
Дініміздің адамзатты ғылымға қызықтырып, еңбек- ке
құлшынтқанын жете түсініп, Құранның əрбір аятын өмірлеріне
шамшырақ ете білген мұсылмандардан əр түрлі ғылымның негізін
қалаған көптеген ғұламалар шығып, күллі əлемге сара жол
қалдырды.
«Жер домалақ па, төрт бұрышты ма, жоқ əлде мидай жазық
па? Жер күнді айнала ма, жоқ күн жерді айнала ма?» деп аражігін
ажырата алмай, батыс ала шапқын болып жатқан кезде жердің
домалақ екендігін VIII ғасырда-ақ тəпсір ғалымдарымыз анық айтып
кетЗумəр сүресі, 9-аят.
Кашфул-хафа, 1-том, 310-бет. Тахриж ахадисил-Ихиа, 9-том, 291-бет.
168 Тəуба сүресі, 105-аят.
166
167
кен болса, ХІ ғасырда Əл-Бируни сынды мұсылман ғалымдарымыз
ғылыми тұрғыдан дəлелдеген болатын. Ал батыс елі ХІ ғасыр емес,
XVI ғасырдың орта шеңінде де жердің домалақ екендігін дəлелдемек
болған Ко- перник, Галилео Галилей сынды ғалымдарын Інжілдің
қағидаларына қайшы деген қатігездікпен шіркеудің инквизиция
сотына салып, өртейміз деп қорқытып, пікірлерінен айнуға мəжбүр
етті. Ал Италияның ғалымы Бруноны пікірінен қайтпағаны үшін
аяусыз тірідей өртеп жіберді. Орта ғасырлардағы батыстың ғылымға
деген осындай жабайы көзқарасына қарамастан, соңғы ғасырларда
ғылым мен технологияда үлкен жетістіктерге жеткендіктерінің
арқасында философия мен тарих көбіне еуроцентристік көзқараста
жазылып, бүкіл мəдениет пен философияның «бастауы»
европалықтар болып шыға келді. Бұл көзқарасты
қалыптастырғандықтары соншалық, қай қоғамда болмасын əлі күнге
осы жаңсақ пікір жетегінде жүргендер баршылық. М ə д е н и е т , білім,
тарих кітаптарында мұсылман ғалымдарының атта- ры тіптен
ескерілмеді. Мұсылман мəдениетінің ең бір гүлденіп, шарықтау
шегіне жеткен алтын дəуірі əдейі бүркемеленіп, орта ғасырды
европалықтар «қараңғылық дəуірі» деп атады.
Қазіргі таңдағы ғылымның дамуына батыстың қосқан үлесін
ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда, батыстың осындай деңгейге
көтеріліп, ғылым мен техно- логия саласындағы көптеген
жаңалықтарға қол жеткізуіне мұсылман ғалымдарының үлесі өте зор
болғандығы анық. К.В. Бодлейдің айтқанындай: «Қазіргі батыс
мəдениеті ренессансқа, ренессанс өз кезегінде исламға қарыздар».
Тарихқа үңілсек, мұсылмандардың батыс ғалым- дарынан бұрын
көптеген ғылымның негізін қалап, талай- талай жаңалықтарды
ашқанына куə боламыз. Алғашқы
күн сағатын ойлап тапқан орта ғасыр астрономия жəне ма- тематика
ғалымы Жабир ибн Əфлах та мұсылмандардан еді. Ол Батыста
«Geber Filius Afflae» есімімен танымал. Химия саласының атасы
Жабир ибн Хаййан (721-805):
«Материяның ең кішкентай бөлшегі атомда тығыз энергия бар.
Грек ғалымдарының айтқанындай атом бөлінбейді деу дұрыс емес.
Бұл да бөлінеді. Ал, бөлінген жағдайда Бағдаттың күл-талқанын
шығаратындай күш пайда болады. Бұл – Алланың құдіретінің нышаны» деп, атом бомбасы жайлы алғаш түсінік берген. Зоология
ғылымының алғашқы ұстаздарынан Жаһиз (негізгі аты Əбу Осман
Амр ибн Бахр) жəне сегіз ғасыр бұрын автоматтық жүйені ал-ғаш
ойлап тапқан Жəзари (1136-1206), европалықтардан 400 жыл
бұрын
«Хайатул-Хайауан» атты зоологиялық энциклопе- дия кітабын
жазған Д емири (1349-1405) (негізгі аты Мұхаммед ибн Муса),
европаға математиканы үйреткен Ə б у Камил Шужаъ (?-951),
Тригонометрияға тангенс, котангенс, синус жəне косинус
заңдылықтарын қосқан математик Əбул Уəфа (940-998), ең алғаш
«мəд жəзір» (теңіз суының көтеріліп-түсуі) заңын ойлап тапқан
ғалым Əбу Мағшар (785-886) да мұсылман ғалымдардан еді. Сондайақ, алғаш рет жүйелі əрі кең көлемді «Əл-Жабр уəл-Мұқабала» атты
алгебра кітабын жазып, батысқа ал- гебраны үйреткен ғалым əлХорезми (780-850) болған. Əлі күнге дейін бұл ғылым сол кісінің
жазған «əл-жабр» атты кітабымен аталғандықтан, «Алгебра»
делінуде. Ба- тыста жеті ғасыр бойы кітабы қолдан түспеген астрономия ғ а л ы м ы Ферғани (негізгі аты Əбул-Аббас Ахмед ибн
Мұхаммед) батыста «Alfraganus» делінеді, агроном саласында орта
ғасыр бойы тек мұсылмандар арасында емес, жалпы дүниеде теңдесі
жоқ «Китабул-фəлах» атты кітапты жазған Ибн Аууам (ХІІ
ғасыр), жиырма тоғыз
жыл бойы көптеген елдерді, құрлықтарды тынбай аралап зерттеген
саяхатшы Ибн Баттута (1304-1369), он екі ғасыр бұрын алғашқы қағаз
фабрикасын құрған уəзір Ибн Фазыл (739-805), Wright, Wilbur жəне
Orville атты ағайындылар европада тұңғыш рет 1903 жылы ұшақ
жасап, ұшуға қол жеткізсе, бұдан шамамен 1000 жыл бұрын, яғни, 880
жылы ұшақ жасап, ұшуға қол жеткізген Ибн Фирнас (?-888), тарихты ғылыми негіздеп, жүйелеген алғашқы ғалым Ибн Халдун
(1332-1406), туберкулез микробын R. Kochтан 150 жыл бұрын ашқан
атақты дəрігер Камбур Уəсим (?-1761), дүниенің диаметрін алғаш
өлшеген үш ағайындының бірі Мухаммед ибн Муса, алгебрадағы
«Бином» формула- сын тапқан Омар Хайям (?-1123), 400 жыл бұрын
қазіргі дүниежүзі картасына өте жақын кейіпте дүниежүзі карта- сын
сызған Пири Рейс (1465-1554), тұңғыш рет компасты ойлап тапқан
Кабажаки (ХІІІ ғасыр), химия саласында Кантитаф тəсілін ашқан
Əбул-Касым əл-Каши (?-1436), 1000 жыл бұрын майда тамырларды
тауып, алғаш рет рак ауруына операция жасаған ғалым Али ибн
Аббас (?-994) секілді жүздеген ғалымдар мұсылман еді169.
Иман – адамда ең киелі де қастерлі нəрсе болса, ис- лам дінінде
сол иманның жартысы– тазалық. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.)
хадисінде: «тазалық – иманның жартысы» деген. Тазалыққа
мұнша көңіл бөлгендіктен ибн Сина, əр-Рази, Абдулқаһир жəне Сахир
Ибн Насруллаһ секілді ислам ғалымдары жуынудың адам
денсаулығына пайдасын егжей-тегжейлі зерттеген. Емханаларда
жуыну үшін арнайы орындар бөлінген. Көптеген үйлердің жанын- да
моншалар болған. Ал европада болса, монша ұғымы деген тіптен жоқ
еді. Европалықтардың ІХ ғасырда жуына бастағаны белгілі. ХVІІ
ғасырларда Испанияның инкви169
Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери ансиклопедиси. Ста - бул, 1984 ж.
зиция сотында мұсылман испандықтар мен христиандар тазалығына
қарап ажыратылатын болған.
Сабынды да алғаш қолданған мұсылмандар еді. Сондықтан
мұсылман елдерінде базарларда сабынның хош иісі аңқып тұратын.
Батыс тілдерінде сабынға «savon» делінсе, ағылшын тілінде «soap»
делінуде. Бұл батысқа сабынның мұсылмандардан өткендігінің
белгісі болса ке- рек.
Ислам пайғамбары Мұхаммед (с .а .у.): «Ей, Алла Тағаланың
құлдары, емделіңдер! Құдай түсірген кез- келген дерттің дауасы
бар. Теккəріліктің дауасы жоқ»170 деп, емі жоқ аурудың жоқ екенін
білдіріп, мұсылмандарды емделуге, ем іздеуге шақырды. Сондықтан
исламда дəрігерлік, емхана саласы ерте дамып, басқа адамдарға жол
көрсетіп, бағыт берді. Оныншы ғасырдың орталарында бір ғана
Кордова қаласында елуден астам емхана болған. Біз қазір қолданып
жүрген əлемдік терминдегі «медици- на» сөзі Ибн Синаның атымен
тікелей байланысты деген де көзқарас бар. Бұл көзқарас бойынша
«Медед» арабтың
«көмек» деген сөзі, ал оның артына қосылған «Сина» сөзі Ибн
Синананың аты. Сонда «Синаның адамзатқа көмегі» деген мағынаны
білдіреді. Ибн Синаның медицина са- ласы бойынша жазған «Шифа»
атты кітабы əлемнің əр түрлі тілдеріне аударылып, алты ғасырдай
дəрігерлердің қолдарынан түспейтін дерек көзіне айналды. Тіпті, əлі
күнге дейін батыс сөздіктері Ибн Синаға «дəрігерлердің патшасы»
деген түсінік беруде. Кейінгі дəрігерлік сала- сы дамығанға дейін
батыста Ибн Сина теңдессіз ұстаз қабылданды.
170
Мусаннафу Ибни Əби Шəйба, 5-том, 421-бет. Қосымша мына кітаптарға қараңыз:
Сунану Ибни Мəəжа, əл-Мустадрак алас- сахихайн, əл-Муғжамул-кабир литТабарани, Шуғабул-иман лил-Бəйһақи.
Батыста психикалық ауруға шалдыққан адамдар- ды «ішіне
шайтан кіріп алған, жын иектеген» деген түсінікпен абақтыларға
қамалып, тоқпақтау арқылы емделетін. Тіпті, Інжілге қарсы келетін
сөздері үшін оларды өлтіруге дейін баратын. Ауырып жатқан адам
дін адамының алдында күнəсін айтып, мойындамаса, ол адам өлмеші
халде болса да, оны дəрігерлердің емдеуіне қатаң тыйым салатын.
Емдеген жағдайда христиан дінінен шығарылатын. Поптардың
түсінігі бойынша, дəрі – тəңір- ге деген күпірлікке жетелейтін жол.
Бұл жайлы шіркеу мұғалімі Татиан былай дейді: «Дүниелік дəрілерге,
шөп пен тамырларға сенім а р т у – тəңірге деген сенімсіздік.
Адамдарды тəңірден алыстатқысы келетін шайтандар мен лас
рухтар иманы əлсіздерді алдауда»171.
Кейіннен батыс елі мұсылмандардан көп нəрсе үйренді. Батыста
орын тепкен Андалусия ол кез- де мұсылмандардың қолында
еді. Қазіргі Испания ол кездері мұсылмандардың ғылым мен
мəдениет орталы- ғы болатын. Бар ғылым мен мəдениет батысқа
ашылған осы мұсылман өлкесінен тарайтын. Андалусияның Кордова
қаласының бір ғана кітапханасында 600 000- ға жуық қолжазба
кітаптар бар еді. Ал ІХ ғасырда батыстың ең бай деген Сенегалдағы
кітапханасында 400 дей ғана кітап бар болған көрінеді. Кейіннен
батыс мұсылмандардан əсерлене бастаған шақта Сен Венсан
кітапханасында кітап с аны 11000-ға жетті. Мен бұларды батысты
жамандау үшін еме с, тек тарихи шындықты жеткізу мақсатында
айтып
отырмын.
Шіркеудің
ғылымға
деген
осындай
қараңғылығының салдарынан батыста ғылым мен мəдениет едəуір
артта қалған еді. Бірақ батыс ХVІІІ ғасырда шіркеудің үстемдігін
құлатып, саналарын
171
Шабан Дөген, Мүслүман илим Өнжүлери ансиклопедиси, 32-бет.
Стамбул, 1984 ж.
билеген шектеуден азат болғаннан кейін ғана ғылым көкжиегіне
еркін қанат қақты. Бүгінгі таңда батыс ғылым мен технологияда
алдыңғы қатарда. Дейтұрғанмен, дінсіз ғылым да өзінің кері
нəтижесі мен кемшіліктерін байқатпай қалған жоқ.
«Ғылым деген бұл болса – адыра қалсын,
Демеске бара жатыр ішім толып»172-деп Шəкəрім Құдайбердіұлы
жырлағандай дінсіз, руханиятсыз ғылым адамға кейбір тұстарда
қасірет əкелді. Ол атом бомбасы боп жарылып, оқ боп бейкүнə
жандарға атылды. Руха- ниятсыз ғылым өзгелерді қанауға
қолданылды. Соңында
«клондауды» шығарып, жаратылысты жаратуға адамның да құдіреті
жетеді дегендей күпірлікке барды. Ол – ол ма? Оны адам деген киелі
жаратылысқа да қолдануға шақ қалды. Қолдан ұрықтандыруды
дамыта келе ешбір шектеусіз оны адамға да қолдана бастады. Сөйтіп,
ер адамдардың спермалары сатылатын сперма банкалары пайда
болып, əйелдер тұрмысқа шықпай-ақ жүкті болу мүмкіншілігіне ие
болды. Нəтижеде əйелдер «күйеу» деген Құдай қосқан жұбынан
айрылды. Тіпті, оларды керек те қылмайтын болды. Балалар болса
тумай жатып жетімдік көріп, дүниеге əкесіз келді. Киелі ұғым, ататек əбден шатасты. Ежелгі қастерлі ұғымдар бүгінде «ескінің
сарқыншағы», «керітартпалық» саналса, небір сорақы əрекеттер
«ғылым, мəдениет, даму, əйел еркіндігі» деген ұранменен көкке
аспандатылды. Міне, мұның бəрі ру- ханиятсыз ғылымның жемісі
екені сөзсіз. Бүгінгі таңда батыстың ғылымда, технологияда
өркендегенімен руха- ни азғындап, тығырыққа тірелгені баршаға
мəлім. Дінсіз жерде ғылым құлды Құдайға жақындатудың орнына,
керісінше, оны алшақтатты. Адамды «мен жасадым, мен
172
Шəкəрім, Өлеңдер мен поэмалар, 139-бет. Жалын баспасы, Алматы 1988 ж.
бүйттім» деген тəкаппарлыққа тəрбиелеп, азғындауға душар етті.
Атақты ғалым Эйнштейн: «Дінсіз ғылым – ақсақ болса, ғылымсыз дін
- көр», – деп бекер айтпаса ке- рек. Қысқасы, дінсіз жерде ғылым,
ғылымсыз жерде дін болмайды. Құранның алғашқы аятына назар
аударсақ,
«Оқы, жаратқан Раббыңның атымен!» делінеді. Яғни, Ұлы
Құдіретті танытудан ада, Оның ризашылығы жоқ оқу – ғаламға
пайдасынан гөрі зиянын тигізбек. Ыбырай Алтынсариннің:
«Бір Құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!»-деп, оқудың жанына жарату- шы иеміз
Алла Тағаланы да қосуы, ақын Мұқағалидың:
«Қол қусырып Құдайға,
Ғылым мен дін бірге бар!»173-деуі де бекер болмаса керек-ті.
Өкінішке орай, кейбір адамдардың «Батыс діннен алшақтағанда
ғана ғылымда қайта өрлеу дəуірі бастал- ды, дамушылық белең
алды. Мұсылмандар да діндерінен алшақтар болса, бəлкім, артта
қалудан құтылар ма еді» дегенін де құлақ естіп жүр. Алайда, батыс
бізге өлшем емес. Батысты мұсылмандармен салыстыруға мүлде
болмайды. Себебі, сол кездегі шіркеу ғылымға қатты қарсы
болғандықтан, батыстың одан құтылған шақта да- муы табиғилық.
Ал, ислам діні ешқашан ғылымға қарсы болмаған. Тіпті, əрдайым
қолдап отырған. Сондықтан дінді жақсы түсініп, Құранға құлақ
асқанда ғана мұсылмандар ғылымда шарықтап, мəдениетте
өркендеген. Əлемге ғасырлар бойы ұстаздық еткен. Алайда, Құран
қағидаларынан алшақтап, өзгелерге ес-түссіз еліктеп, өз тектерінен
адасып, қастерлі ұғымдарды аяқасты е т - кен кездері еріксіз кері
кетушілік бой көрсетті. Ғылымда
173
Мұқағали шығармалары, 2-том, 26-бет. «Жалын» баспасы, 2001ж.
артта қалып, сауатсыздықтың шыңырауына құлады. Ендеше,
мұсылмандардың артта қалуы Ислам дінінің керітартпалығынан
емес, керісінше олардың өз діндерінен алшақтауында, Құранның
өміршең қағидаларын жаңа өмірге сай дұрыс түсіне алмауларында
жатыр. Содан барып жақсы мен жаманның парқын білмейтін, дос
пен дұшпанды ажырата алмайтындай мешелдікке ұрынды. Өз
құндылықтарын мақтан ете бойын тік ұстаудың орнына, өзгелердің
жылтырақ мəдениетінің алдында бүгежектеп өздерін төмен санаудан
аса алмады. Ынтымақ-бірліктеріне сызат түсті. Талқыланатын
қаншама маңызы зор мəселелер бола тұра түймедей жайттар түйедей
етілді. Сол бол- машы нəрселерге бола бір-бірімен қызыл кеңірдек
боп айтысып-таласып, жаға жыртысуға дейін барудан тайын- бады,
береке-бірліктен айрылды. Ал береке-бірлік кеткен жерде даму емес,
тек кері кетушілік қана болады.
Иə, бұл айтылғандар мұсылмандардың артта қалуының негізгі
себептері. Бұған қоса, кешегі тарих беттеріндегі шытырман оқиғалар
да мұсылмандардың сергелдеңге түсіп, сансырауына себеп болды.
Бұған орта Азияның ғылым мен мəдениет ошағы Отырар- ды, сан
ғасырлар бойы мұсылмандарға ғылым-білімде орталық болған
Бағдат шаһарын жалмап жұтқан моңғол-татар шапқыншылығын,
бүкіл батыстың шоғырланып мұсылмандарға е с жиғызбай неше
қайтара жасаған «крест жорығын», ғылым мен өнерде күллі
адамзаттың
мақтанышына
айналған
«Андалусияның»
мұсылмандардың уысынан шығуын, «Осман империясының
күйреуін» жатқызуға болады.
Андалусияны (қазіргі Испанияны) христиандар жаулап алған
уақытта, мұсылмандардың мəдениетін,
ғылымы мен білімін ойрандай етіп174, кітапхаларындағы бар
құндысын талан-таражға салып, өз елдеріне əкетті175. Сөйтіп,
Андалусия батыстың қазіргідей ғылым-білімде дамып-жетілуіне
жағдай жасады.
Кешегі, ғасырлар бойы төрткүл дүниені аузына қаратып,
мəдениет пен ғылымда өзгелерден оқ бойы озып шығып, оларға
жетекшілік еткен ата-бабаларындай бола- мыз десе, бүгінгі
мұсылмандар да Құранның нұрлы аятта- рын өмірлерінің əр
саласына шамшырақ ете білуі керек. Құран аяттарын заманға зай
тапсірлеп, жорамалдай білуі қажет.
Бір ғана Гырнатаны қолға түсірген уақытта қаланың ортасында мұсылмандардың 80000-ға
жуық кітабын өртеп жіберді.
175 Ахмет Гүркан, Ислам күлтүрүнүн гарбы меденилештирмеси, 230-бет.
174
Рухтың денеден денеге өтуі, яғни,
«реенкорнация» сенімі дұрыс па?
Рухтың бір денеден екінші денеге өтуі ғылымда «ре- енкорнация»
немесе «тəнасұх» (ислами) деп аталады. Бұл жаңсақ наным-сенім
бойынша, рух қонған денелердің барлығы оның сыртқы шапаны
іспетті. Өмір − үлкен мек- теп. Бұл өмірге қайта келіп, кем-кетігіңді
толықтыруға болады. Рух өзінің кемел дəрежесіне жеткенше
денеден- денеге өтіп, үлкен мектепті тəмамдайды екен.
Бұл сенімнің негізінде өлімнен қорқу, жер бетінде мəңгі өмір
сүруге деген құштарлық, дүниеде кездесетін жаманшылықтарды
өзінше түсіндіру сияқты психологиялық себептер жатыр. Яғни, өлуді
қаламайтын адамдар бұл сенім арқылы өздерінің мəңгілік өмір
сүруге деген құштарлықтарын қанағаттандырмақ болған.
Реенкорнация сенімінің нақты қай жерде бастау алғаны белгісіз.
Кейбір деректер бойынша, бұл көзқарас көне Мысырдан бастау
алған. Тарихшы Геродот та осы- ны мақұлдаған. Өйткені, көне
Мысырда өлген адамның жаны жануарлардың, əсіресе, құс немесе
жыланның денесіне өтіп, сол жерде өмірін жалғастырады-мыс деген наным болған. Ежерлгі мысырлықтар дене өле сала, рух
құрлықта болсын, мейлі суда болсын бірнеше жан- жануардың
денесін аралағаннан кейін қайта айналып адам денесіне қонады
деген пікірге сенген. Перғауындар заманында Пирамидалардың
салынуына да осы бір түсініктің ықпал еткені мəлім.
Ал басқа дерек көздеріне сүйенсек, бұл жалған сенім Мысырда
ғылыммен айналысқан Пифагор арқылы грек- терге, осылайша батыс
əлеміне жеткен.
Шығыста тəнасұх сенімінің ең көп тараған жері
–Үндістан. Ганга жəне Сент өзендерінің бойында өмір сүрген
тұрғындар адам өлгеннен кейін жаны құсқа ба- рып қонады, сол
арқылы тіршілігін үзбейді деген пікірге иланған.
Бұл сенім түрлі қоғам мен мəдениеттердің ерекшеліктеріне,
уақыттың өтуіне қарай əр түрлі си- пат алып, өзгерістерге ұшырап
отырған. Сондықтан бұл жалған көзқарас көне Г р е ц и я , Мысыр,
Үндістан, Қытай, Иран елдерінде əр түрлі. Айталық, тəнасұх пікірі
Үндістанда жалпыға ортақ кейіпте болса, Будда мен Брах- ман
діндерінде аңыз ретінде сипатталады. Тіпті мынадай ой қалыптасқан:
«Тазарған күнəсіз рухтар Нирванаға қол жеткізеді, ал күнəһар
рухтар болса, тазарғанға дейін аңдар мен айуандардың денелерінде
көшіп жүреді».
Көне мысырлықтар реенкорнацияны адамнан жануарға,
жануардан қайтадан адамға өту деп түсінген.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 16
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.