Latin Common Turkic

Имани гүл - 11

Süzlärneñ gomumi sanı 3865
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Жаратқан Ием! Сен маған рақым етіп, ырыс- берекеңді төккен
сайын, Өзіңе қарыздар екенімді сезініп, маңдайымды сəждеге
қоюдың орнына, тайраңдаған сай- ын тайраңдай түстім. Сенен
алыстаған сайын алыстап, күнəға белшеден баттым. Істеген əр күнəма
өзімізше ақтау айтып, мың түрлі сылтау іздедім. Жүрегімнің
қарайып, күнəға етімінің үйренгені соншалық ауыр күнəлардың өзін
елемейтін болдық.
Күллі ғаламды мейіріміңмен тербеткен Рахман Раб- бым! Сен не
деген кешірімді, не деген мейірімдісің? Мен қанша күнə істеп,
жүрегім қарайып, қараңғылыққа құлдиласам да, Сен мені дереу
жазалап, тас төбеме азабыңды жаудырмай, тəубе етуім үшін ғұмыр
сыйлап, адам болуым үшін мұрсат бердің.
Уа, Алла Тағалам! Ертең Сенің алдыңа барғанда:
«Құлым! Мен үшін не істедің?» деген сұрағыңа не деп жауап
беремін? Дүниедегі қай амалымды бір ғана Сенің разылығың үшін
істедім дей аламын? Қу құлқынның қамын күйттеген істерімді ме?
Əлде сол бір құлқынның қамы үшін айналамдағыларға жасаған
қулық-айла, ұрыс- жанжалымды ма? Жоқ əлде мына бес күндік
дүние үшін құраған қилы-қилы жоспарларымды ма?
Раббым! Сенің алдыңда бір-бірлеп тұрып есепке тар- тылар
Махшар күні менің жағдайым не болмақ? Ол күні жан біткеннің
жүрегі дүрсілдеп, ақ тер, көк терге түсіп,
ана баладан, бала əкеден қашып, күйеуі əйелінен безіп, əркім тек
өзінің қара басының қамын жеп, қиналған сол күні менің жағдайым
нешік?
Сенің: «Ей, құлым! Менің саған берген болаттай жастық
шағыңды, темірдей денсаулығыңды, көл-көсір уақытыңды, малмүлкіңді қайда, кімнің жолында, не үшін жұмсадың», – деген
сұрағыңа не деп жауап беремін?
Ешкімге пайдасы жоқ бос сөздер мен мағынасыз ойын-сауыққа,
күнəға толы жастық шағымды қалайша, қалай ғана «Алла Тағалам!
Сенің жолыңда, адамзаттың игілігі үшін», – дей алам?! Түкке
тұрмайтын бос нəрселер үшін өзгелермен бəсекелесіп, ысырап
етуден асып- артылмаған мал-мүлкімді қалайша, қалай ғана «Раббым! Тек сенің жолыңда, кедей-кепшік, жетім-жесірдің қамы
үшін?», - деп Сені де, өзгені де алдай алам? Атақ- абырой, мансап
үшін атқарған қызметімді қалай ғана
«Алла Тағалам, тек сенің ризалығың мен халқымның жақсылығы
үшін», - дей алам?!
Қызығын көретініме көзім нақты жетпесе де пəни дүниенің қамы
үшін жанымды алып-салып күндіз-түні тер төктім. Сөйте тұра сөзсіз
келіп жететін өлім үшін, ау- зын ашып күтіп тұрған қараңғы қабір
үшін, сұрағы ауыр есеп күні үшін, жалпы мəңгілік ғұмыр үшін Өзің
тегін берген ағыл-тегіл жиырма төрт сағаттың ең болмаса бір- екі
сағатын да қимадым-ау. Ақыретте құлдың ең бірінші сұралатын
нəрсесі «намазы» демекші, осы уақытқа дейін ананы сылтауратып,
мынаны сылтауратып, дүниені көлденең тартып, қаза еткен сансыз
намаздарымның есебін қалай беріп, сұрағынан қалай құтыламын?
Жаратушы Раббым! Мен қанша күнəһар болсам да сенің шексіз
кешірім-мейіріміңнен үміткермін. Есеп күні:
«Құлым! Сені де кештім» деген рақымға толы ілтипатыңа
ынтызармын. Өйткені Сен – рақымдылардың рақымдысы
– бүкіл əлемдердің Раббысысың. Өйткені Сен Құрандағы:
«Ей, (көп күнə істеп) өздеріне жаманшылық жасауда шектен шыққан құлдарым! Алланың рақымынан
үміттеріңді үзбеңдер! Алла барлық күнəларды кешіреді. Өйткені Ол – өте кешірімді жəне рақымды», деп
үміт шашқан қасиетті сөздің Иесісің.
Уа, Алланың мен секілді ертеңінен бейғам құлдары!
Өлімнен кім қашып құтылған? Пəнилікке бас име- ген, сірə, біреу
бар ма? Қайда кешегі сəн-салтанатымен саят құрып, зəулім-зəулім
сарайларда ғұмыр кешкен аты əйгілі заңғар тұлғалар? Қайда кешегі
біздің көз алдымыз- да жүрген ақ сақалды қариялар мен бетін əжім
басқан ақ жаулықты əжелер? Олардан қане, кім қалды? Кім? Кешегі
олардың орнын бүгінгі біздер басатынымызды ұмытпайық!
Жастығыңның тұла бойыңды жасындай шарпып, сарқылмастай
көрінген күш-қуатын «мəңгілік» деп ал- данба! Жалғанның жарын
жағалап жүріп, күндердің бір күнінде аңдаусыз ажалдың құрығына
іліккен сəтте ғана қу түлкідей құбылған сұм дүниеге алданғаныңды
аңғарып:
«Қап, əттеген-ай, жарығы сөнбестей көрінген жалған дүние жалт
бұрылып мені де қапыда қалдырды-ау» деп аһылап-үһілеп
өкінгеннен не шара?!
Алла Тағалам! Мен Саған, Сенің асыл дініңе бет бұрдым. Алла
Тағалам! Қалған ғұмырымда Құран нұрынан таймай, Сенің жолыңда,
иман нұрында, тақуалықтың ізінде жүруді нəсіп ет! Амин, Əмин!!!
ІІ КІТАП
КҮДІКПЕН КҮРЕС
Күллі жаратылысты Алла Тағала жаратқан, ал Алла
Тағаланың өзін кім жаратты?
Адам баласы кез-келген нəрсені ойлаған уақытта əдетте осы
дүниеде жүретін заңдарға жəне көрген нəрселеріне салыстыру
арқылы пайымдайды. Мысалы, жəннатта бір ағаш бар екен делінсе,
дереу осы дүниеде көріп жүрген кəдуілгі топыраққа, күнге, ауа мен
суға мұқтаж ағаш елестейді. Бұрын-соңды мүлде көрмеген, бізге
беймəлім бір нəрсе түсіндірілген уақытта: «Неге ұқсайды екен?» деп
сұрақ қойып жатамыз. Демек, біз көрмеген өзімізге таңсық нəрсені
тек салыстыру ж о л ы арқылы ғана пайымдай аламыз. Ал Алла
Тағаланы салыс- тыру жолымен түсіну мүмкін бе? Əрине жоқ.
Өйткені, Оның мына дүниеде теңдесі əрі ұқсасы жоқ. Құранда былай
делінеді: «Оның (Алла Тағаланың) еш теңдесі жоқ»106, «Оған еш
нəрсе ұқсамайды»107.
Ендеше, «Алланы кім жаратты?» деген сауал əу- бастан қате.
Себебі бұл Алланы мына дүниедегі заңдарға тəуелді жаратылыспен
салыстыра ойлаудың нəтижесі. Ал Ұлы Жаратушы өзі жаратқан
ешбір жаратылысқа ұқсамайды. Тіпті қарапайым жай суретшінің
өзі, өзінің салған суретіне ұқсамайды ғой. Өйткені, сурет
– əр түрлі бояудың қоспасы ғана. Онда суретшідегідей басыбүтін
қасиеттер жоқ. Қысқасы, шебер мен оның қолынан шыққан туынды
екі бөлек нəрсе. Ендеше, күллі кемшілік сипаттардан пəк Ұлы
Жаратушы да өзі
106
Ықылас сүресі/4.
107
Шура сүресі/11.
салған мына жаратылыс суретіне, жаратқан туындысына мүлдем
ұқсамайды. Сондықтан жаратылысқа арналған заңдарға да тəуелді
емес. Мысалы, дүниеге келу үшін не нəрсенің болсын белгілі бір
себепке тəуелді екендігі анық. Барлығымыз туылғанбыз, бізді
туғандарды да біреулер дүниеге əкелген. Яғни, барлық нəрсенің
бастауы бар. Біздің қателігіміз сол, дүниедегі осы туу, туылу жəне
бар болу үшін белгілі бір себепке мұқтаждық заңын Ұлы Жаратушымыз Алла Тағалаға да таңғымыз келеді. Ал Алла болса,
барлық туу, туылу былай тұрсын, тіршілік заңдары жоқ кезде де бар
еді. Тіпті, Алла Тағала осы аталмыш заңдарды да өзі жаратқан жоқ
па!? Ендеше, өзі жаратқан бұл заңдарға Ұлы Жаратушының тəуелді
болмасы анық. Сондықтан «Ықылас» сүресінде: «Ол еш нəрсеге
мұқтаж емес, тумады да туылмады», - делінеді. Бейне бір «Ей,
құлдарым, туу, туылу, сыртқы бір түрткіге зəрулік сен- дерге тəн,
мені ол заңдарға тəуелді етіп ойламаңдар» деп тұрғандай. Алла
Тағаланы ешкім жаратпаған. Алла Тағала
– «əзəли», яғни, Оның барлығының бастауы да, соңы да жоқ – Мəңгі.
Алла жаратылмағандығы үшін Алла емес пе? Мы- салы, əскерлер
бұйрықты қолбасшыдан алады. Ал қолбасшы бұйрықты патшадан
алады делік. Ал енді
«патша бұйрықты кімнен алады?» деп с ауал қоя алмай- мыз.
Өйткені, патша да бұйрықты біреуден алса, онда ол шынайы патша
бола алмайды. Тағы бір мысал, мешіттегі жамағаттың бəрі намазда
бір имамға ұйиды. Ал сол имам да басқа бір адамға ұйыса, ол имам
емес, жамағаттың бірі болып қалады. Сол сияқты Алланы да басқа
бір Алла жа- ратса, онда жаратылған бірінші Алла, Алла бола алмайды. Өйткені, біз «Алла» деп о баста еш жаратылмаған, ешкімге
мұқтаж емес, жаратылғандарда жоқ мəңгілік сияқты сипаттардың
шынайы иесін ғана айтамыз.
ИМАНИ ГҮЛ
Екіншіден, Алланы да басқа бір Алла жаратты де- сек, сол
жаратқан Алланы да басқа бір Алла жаратуы тиіс. Оны да басқа бір
Алла... Міне, осылайша алғашқы қойған сұрағымыз тізбектескен күйі
шексіздікке дейін жауапсыз жалғаса береді. Қашан еш жаратылмаған,
бас- тауы жоқ мəңгі бір Алланы қабылдаймыз, сол уақытта жауабы
табылмаған сұрағымызға нүкте қойылып, жан жүрегіміз жай табады.
Мысалы, нөл санының оң жағына миллиондаған нөлдерді қатар
қойсақ та, олардың ешбір мəнді иеленбесі белгілі. Ал егер кез-келген
бір санды қойсақ, сол нөлдер бірден мағынаға ие болады. Дəл осы
мысалдағы сияқты барлық жаратылыс атаулының түп негізін –
бастауы жоқ, мəңгілік жалғыз Аллаға тіреген кезде ғана,
шынжырдың өріміндей бір-біріне қосақталған сауалымыз баян
табады.
Иə, адамның не нəрсесі болсын шектеулі. Көзінің көре алатын
аясы, құлағының есту қабілеті – бəрі, бəрі шектеулі болғаны секілді
оның ақыл-ойы да шектеулі. Ал осындай шектеулі ақылмен шексіз
Алла- ны қалай ғана толық түсінбекпіз? Ол – жаратушы, біз –
жаратылғанбыз. Жаратылған нəрсе Жаратушысын «неге
толық
түсінбеймін?» деп шағым айта ала ма? Біздегі ақыл да, жан да
кейіннен жаратылған. Солай бола тұра біз тіпті қарапайым
жаратылған «жанның» өзін толық түсіне бермейміз. Енді жаратылған
нəрсені жете түсіне алмай жатып еш теңдесі жоқ Ұлы
Жаратушымызды қалай толық түсінбекпіз?! Пенденің шектеулі ойсанасы Оны қалай қамтымақ? Белгілі ойшыл Анри Бергсон былай
дейді:
«Ақылдың ең соңғы тоқтамы – өзінің əлсіздігін мойын- дауы». Рас,
ақыл өзінің жетер жерін, шамасын білуі тиіс.
Сахаба Əбу Бəкір Сыддық: «(Алла Тағалам!) Сені толық түсіне
алмауымды мойындауым – сені толық түсінуім» десе, Абай атамыз:
Күні-түні ойымда бір-ақ тəңірі Өзіне құмар
қылған оның əмірі.
Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,
Оймен білген нəрсенің бəрі – дəһрі108 -деп түйсе, тағы бір өлең
жолдарында:
«Ақылға сыймас Ол Алла,
Тағрифқа109 тілім қысқа-ақ»110 деп, осы ақиқатқа үлкен ой салады.
Ал философ Декарт былай дейді: «Адам
– тұтастай шектеулі жаратылыс. Ал осындай шектеулі адам
шексіздікті мүлдем түсіне алмайды».
Алланың мəңгілік сипатын қабылдағысы келмеген өркөкірек
материалистер сол сипатты жансыз материяға телімек болады.
Алайда, мəңгілік сипатын шынайы Иесі Аллаға беру бір басқа да,
оны қателесіп күнде өзгеріске ұшырап, пəнилікке бас иіп жатқан
жансыз материяға беру бір басқа.
Абай,
Қалың елім, қазағым, 153-бет. Атамұра баспасы, Алматы 2002 ж.
Халиқ – Жаратушы, Махлұқ – жаратылыс, Дəһрі – арабша «уақыт, заман» дегенді
білдіреді. Алланы мойындамай, ақыретті жоққа шығаратын дінсіздерге де «Дəһри»
делінеді. Бұл жерде хакім Абай «Дəһрі» сөзін «уақытша, пəни, кейіннен жаратылған»
де- ген мағынада қолдануы ықтимал. Яғни, адам санасының «біліп, түсіндім» деген
нəрселері кейіннен жаратылған пəни дүниелерге жатады. Ал Алла кейіннен
жаратылмағандықтан, Оны толық түсіну мүмкін емес дегенді меңзеп тұр. «Халиққа
махлұқ ақылы жете алмайды» дегені де сондықтан.
109 Тағриф – түсіндіру.
110 А.а.е, 189-бет.
108
Алла Тағаланы неге көзбен көре алмаймыз?
Əсілінде, бəріміз Ұлы Жаратушыны көрудеміз. Бірақ көру
қабілеті шектеулі жалаң көзімізбен емес, ақыл көзімізбен көрудеміз.
Рас. Мысалы, түрлі жеміс- жидектердің дəмін көзбен көру мүмкін
е м е с , бірақ тілімізде орналасқан дəм тату түйіршіктері арқылы
сеземіз, оларды бір-бірінен ажыратамыз. Дыбыстарды, əр түрлі
иістерді де көзімізбен көре алмаймыз. Оларды құлағымыздың есту,
мұрнымыздың сезу қабілеті арқылы сезіп, білеміз. Міне, дəл осылай
біздер жан-жағымызды қоршап жатқан өздігінен пайда бола
алмайтын мына с а н - сыз таңғажайып жаратылысқа қарап, Ұлы
Жаратқанның бар екенін, бір екенін, құдіретін түсінеміз, Ендеше,
Оны ақыл көзімізбен көреміз.
«Өз басым Алланы көрген емеспін, олай болса Ол жоқ» деу, көру
қабілеті белгілі заңдардан аса алмайтын, көру аясы шектеулі
көзіміздің əлсіздігімен қоса Ұлы Жаратушының ұлылығы мен
шексіздігін түсінбеуден туады. Түймедей екі көзімен күллі болмыс
əлемінен ада шексіз Алла Тағаланы неге көре алмаймын деу күлкілі
нəрсе.
Көздің əлсіздігі соншалық – тікелей көру мүшесі бола тұра ол өзөзін көре алмайды. Ал енді осындай өз-өзін көруге қабілетсіз көзбен
«Алла Тағаланы көре алмадым, олай болса, Ол жоқ», - деу қисынға
келе ме?.
Негізінде айналамызда көзге көрінбейтін, бірақ бар екендігіне еш
күмəн жоқ қаншама нəрсе бар. Мысалы,
адамның рухын, қуану, қайғыру сезімдерін жəне а қ ы л - ойын,
əлемдегі
тартылыс,
гравитация
күшін
көзімізбен
көре
алмағанымызбен бұлардың бар екендігіне ешкім кү- мəн келтірмейді.
Өйткені, біз нəтижесіне қарап бұлардың бар екендігіне көз
жеткіземіз. Айталық, жүзіміздің реңіне, даусымыздың шығу
ырғағына, бет-жүзіміздің құбылуына қарап адамның қуанғанын яки
қайғырғанын білеміз. Бірақ қуаныш пен қайғы сезімдерін көзімізбен
көре алмаймыз.
Көзбен көру үшін көрінетін заттың қарсы алдыңда тұруы жəне
оның материалдық нəрсе болуы шарт. Де- мек, көзіміздің көруі осы
тəрізді бірқатар заңдылықтарға тəуелді. Ал Алла Тағала шектеулі əрі
материалды болмағандықтан, Оның тек қарсы алдымызда яки басқа
белгілі бір мекенде болуы да мүмкін емес. Себебі, барлық мекен
атаулы кейіннен жаратылған. Ал Алла Тағала сол жаратылған
мекендер жоқ кезде де бар еді. Міне, гəп осында.
Олай болса, көру аясы тар, көру қабілеті кейбір заңдылықтарға
тəуелді əлсіз көзімізбен Алла Тағаланы мына дүниеде көруіміз
мүмкін емес. Демек, Ұлы Жарату- шыны көре алмауымыз – Оның
жоқтығының белгісі емес, керісінше, көз көре алмайтындай Оның
ұлылығы мен шексіздігінің, сондай-ақ біздегі көздің тым əлсіздігінің
белгісі.
Алла Тағала Құран Кəрімде: «Көздер Оны көре ал- мас, бірақ
Ол көздерді көреді»111, - делінген.
Алла Тағала бізді бұл дүниеге Өзін мына жаратылыс- қа қарап,
тапсын, танысын, білсін, Өзінің құдіретінің, шеберлігінің, ілімінің
алдында таң қалып бас исін, құлшылық етсін деп, сынақ үшін
жіберген. Ал енді бізге ерекше көру қабілетін беріп бұл дүниеде өзін
көрсетер болса, бізді бұл дүниеге жіберуіндегі сын-сынақтың мəні
болмас еді.
111
Əл-Əнғам сүресі/103.
Алла Тағала неге адамдарды бай-кедей етіп жаратқан. Оның сыры
неде?
Байлық – мұрат емес, Кедейлік – ұят
емес. Халық мақалы
Ең алдымен, бұл бес күндік пəни дүниенің адам- зат үшін үлкен
«сынақ мекені» екенін бір сəт естен шығармауымыз қажет.
Сондай-ақ, ақыретті есепке алмастан тек қана осы пəни дүниенің
күрмеуге келмейтін қысқа өлшемдерінің шеңберінде мұндай
сұрақтарға жауап беруге тырысу да бос əурешілік. Ондай жағдайда
сұрағымыз да тұщымды жауабын таба алмай, бейнебір мағынасы
аяқсыз қалған кітап яки екінші бөлімі көрсетілмей қалған фильм
іспетті жарымжан күй кешері даусыз.
Алла Тағала өзі қалаған кейбір пенделерін мал- мүлік, байлық,
дəулетке кенелтіп, қайсыбіріне кедейліктің қамытын кигізеді. Бұған
қоса, адамның білімінің, тəжірибесінің, еңбегінің де байлыққа қол
жеткізу үшін керекті себеп екенін ұмытпағанымыз жөн. Бірақ бай
болу үшін адамның бұл қасиеттерге ие болуы жеткілікті емес.
Өйткені, Алла Тағала дүниемүлікке ие болудың барлық себептері мен
шарттарын орындап, күндіз-түні зыр жүгірген адамға байлық бермеуі
де мүмкін. Яғни, бұл тұста пешене, рызық мəселелерін де ескерген
жөн.
Əрбір адам мол рызыққа, несібеге жету үшін қолынан келер бар
іс-əрекетті жасауы тиіс. Сосын
Раббысының нəсіп еткен азды-көпті үлесіне разы бо- лып, соған
қанағат етуі лəзім.
Байлықты əрдайым Алланың құлдарына берген жақсылығы деп
түсінбеуіміз қажет. Əсіленде, Оның құлдарына берген байлығы да,
кедейлігі де – сынақ. Құран Кəрімде: «Сендердің малдарың да,
балашағаларың да сынақ ретінде берілді»112 делінеді. Байлыққа
қол жеткізу – бақытқа кенелу деген сөз емес. Бай бола тұра, жан
дүниесі байыз таппай бақытсыздықтан басы қатып, тіпті, өздеріне
қол жұмсаған адамдар да аз емес. Қаншама байлар кедейдің бір күнгі
алаңсыз бақытты өміріне зар, тіпті сол бақытты бір-ақ күн үшін
барлық дүниесін бере салуға пейіл. Қара нан мен қара шайды
қайғысыз ішкен қанағатшыл кедейдің қол жеткізген рахаты мен
лəзззатын дəулетті кісілердің көбі небір тəтті мен дəмдіні жесе де,
қол жеткізе алмай жатады.
Бірақ, кедейлікті де бақытқа жетудің төте жо л ы деп түсініп
қалмайық. Кедейліктің салдарынан басын тастан- тасқа ұрып,
өмірден түңілген жандар да қаншама. Демек, байлық та, кедейлік те
адамды бақытты ететін негізгі се- бептер емес. Себебі, адам тек
асқазаннан ғана тұратын жаратылыс емес. Оның рухы, жүрегі, ішкі
сезімдері, ар- ожданы бар. Негізінде адам баласын басқа жаратылыстардан үстем ететін ерекшеліктері де адамның, міне, осы жақтары.
Адам
баласының
осы
ішкі
рухани
жан-дүниесі
қанағаттандырылмайынша, бүкіл əлемді жалғыз өзі уы- сында ұстаса
да, оның бақыты бəрібір баянсыз, күлкісі жалған.
Шынтуайтында, əр адам жағдайы өзінен жоғарыға емес, өзінен де
нашар адамдарға қарап өз жағдайына қанағат етуді, шүкіршілік
жасауды ғұмырының негізгі
112
Тағабун сүресі/15.
ұстанымы ете білсе, өмірден опық жемейтіндігі ақиқат. Мысалы, кезкелген адам өзінен де жағдайы жақсы адам- ды өмірде кездестірері
шындық. Сонда əлгі адам өз басына жетерлік жағдайы болса да, ана
адамға қарағанда өзінің ке- дейлеу болғанын ойлап, ішін əлдебір
қызғаныш тырмалап, өз-өзін кедей санап, Құдайға назалануы мүмкін.
Ал ана бай өзінен де бай басқа адамды көріп, ол да бəсекелестік пен
қызғанышқа шырмалуы ықтимал. Алайда, өздерінен де төмен
жағдайдағы адамдарға бір сəт көз тастап, ө з і н е берілген
жақсылықтарға ой жүгіртсе, Құдайға мұң ш а ғ у д ы қойып,
шүкіршілікке бет бұрар еді. Адам көбіне есепсіз Құдай Тағаланың
берген теңдесі жоқ өз бойындағы байлықтан хабарсыз. Зағип адам
ешқашан үйдің тарлығын айтып шағымданбайды. «Япырай, «көз»
деген, айна- лайын, басқа ешбір байлықпен өлшенбейтін Құдайдың
берген керемет сыйы екен ғой, мен мұны неліктен ерте сезінбеді
екенмін» деп Құдайдан жатса да, тұрса да басқа дүниені емес, тек
көзінің айығуын тілейді. Ашаршылыққа душар болған жұрт та
«шіркін, бір үзім нан болса ғой» деп аңсайды. Ол алтын мен күмісті
яки жақсы машинаны емес, тек соны тілейді. Демек, кедейлік пен
байлық адамның өз жүрегіндегі «қанағат» сандығында жатыр.
Байлық та, кедейлік те өзгелерге қарап өлшенгендіктен, бұлардың
бəрі салыстырмалы түрде болмақ. Пайғамбарымыз б і р хадисінде:
«Өздеріңнен к ө п берілгендерге емес, аз берілгендерге қараңдар!
Сонда ғана Алла Тағаланың сендерге нəсіп еткен нығметтердің
қадір-қасиетін ұғынасыңдар»113 десе, басқа бір хадисінде: «Нағыз
113
Муслим, Китабуз-зуһд. Бухари, əр-Риқақ. Бухаридегі риуаятта былай делінеді:
«Сендерден де көп дүние берілгендер мен жа- ратылыстары сендерден де артық
болғандарды көрген уақытта өздеріңнен де төмен болғандарға қараңдар!». Жəне
қараңыз: Əбу Зəкария Мухиддин Иахия ƏнНəуəуий, НузһатулМуттақин, 1том, 353бет.
МуəссисəтурРисəлə, Байрут 1991ж.
байлық мал-мүліктің көптігінде емес, жүректің, жан дүниенің
кеңдігінде»114 деп шынайы байлықтың мəн-маңызын дəлме-дəл ашып
берген.
Иə, қанағат – түгесілмейтін қазына. Қанағатсыз адам қанша бай
болса да, дүниеге тойымсыз келеді. Өйткені, ондай адамның ішкі
дүниесі кедей. Ал қанағатшыл адам қара нан жесе де, дүниесі түгел.
Себебі, оның жан дүниесі бай.
Ыбырай Алтынсариннің «Сақып» атты мына бір қысқа əңгімесі
осы айтқанымызды дөп басып суреттеген- дей:
«Сақып деген бір жақсы кісі мал жинамай жүріп, ақырында əл
кеткенде қатты кедейшілік тартып, бір күні етігі болмаған соң
жалаңаяқ далада жүргенінде, аяқтарын тас жыртып
ренжіңкірепті. Сөйтіп келе жа- тып, екі аяғы жоқ ағаш балдақпен
жүрген бір тіленшіге жолықты. Мұны көріп, Сақып аһ ұрып айтты
дейді:
– Əй, Құдайым, ренжігеніме тоба қылдым, шүкір саған – менің
жүруге аяғымды аман сақтағаныңа; мынау балдақты бишараға
жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқ та болса жүруді дүниенің бір
қызығы деп білер еді-ау деді,- дейді»115.
«Алла Тағала барлық құлдарын неліктен бірдей бай етіп
жаратпаған?» деу де орынсыз. Өйткені жал- пы жаратылыстың өзі
позитив жəне негативтік жүйеден құралған. Токтағы минус-плюс,
бұлттардағы негатив- позитив ағымдары жəне қаттыжұмсақ,
суықыстық, қараңғыжарық, əйел-еркек сияқты көптеген мысал
келтіруге болады. Міне, осы кереғар заңдылықтар арқылы жалпы
ғаламда тамаша үйлесімділік, керемет жүйе
114
115
Хадисті Имам Муслим жеткізді.
Ыбырай Алтынсарин, Таңдамалы шығармалары, 125-бет.
«Ғылым» баспасы, 1994 ж.
сақталуда. Олай болса жалпы ғаламның негізгі бір бөлшегі саналатын
адамзат та ғаламдағы осы кереғар заңдылыққа бағынуы тиіс. Сөйтіп
қоғамның біртұтастығы, өзара үйлесімділігі сақталады. Қоғамдағы
əрбір тұлға басқа бір тұлғамен бірігіп селбескенде ғана өз
қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Барлық адам басшы болып кетсе,
кім кімге басшылық етіп, кім кімге жұмыс істемек? Міне, сондықтан
қоғамда біреуі басшы болса, екінші бірі соған тəуелді жұмысшы, енді
бірі дəрігер болса, басқа бірі ау- ырып ем қабылдайды. Бұлардың бəрі
табиғи түрде Ұлы Жаратушының қойған белгілі заңдылықтарымен
жүзеге асып жатады. Сондықтан бір адамның бай, екінші бір
адамның кедей болуы – табиғи нəрсе болумен қатар, жалпы
ғаламдағы Ұлы Жаратушының қойған кереғар заңдылығының бір
көрінісі.
Барша адам бірдей бай немесе кедей болсын деу – барлық адам
бірдей басшы яки бəрі ер кісі немесе түгел əйел болсын дегенге
саятын күлкілі жайт. Осы жобалас істі жасамақ болған кешегі
коммунизмнің немен аяқталғаны бəрімізге белгілі.
Түптеп келгенде, Алла Тағаланың адамға байлықты беруі де,
бермеуі де игі һəм қайырлы. Адам егер берілген малмүлік, дүниені
жақсы жолда жұмсап, сол байлықты берген оның шынайы Иесіне
үнемі шүкір етіп, кедей- кепшіктерге қол ұшын созып, ғұмырын
ізгілікпен, қайырымдылықпен өрнектей білсе, онда байлық ол адам
үшін əлбетте қайырлы. Алайда байлықтың буына мас- танып, оны
берген Жаратқанды естен тарс шығарып, небір күнəға батып,
айналасындағы кедей-кепшік, мұң- мұқтаждарға мұрнын шүйіре
қарап, өзге байлармен бəсекелесіп, бақ таласқандар үшін байлық
əрдайым қатерлі, əрі ақыреттік өмірін тамұқ ететіндіктен қайырсыз.
Кедейлік те дəл осылай. Егер кедей адам қара нанның өзін
қадір тұтып, қара суды қанағат ететін иман нұрына шомған жан болса,
кедейлік мұндай адам үшін қайырлы. Өзінің əлсіздігін түсініп, Ұлы
Жаратушысына деген мұқтажды- ғын əр сəт естен шығармауға
итермелейтін кедейшілікті қалай ғана қайырсыз дей аламыз? Оразада
күні бойы ауызға нəр татпай, ауыз ашарда ішкен бір жұтым суды тұла
бойымыз шымырлап, бар жан-тəнімізбен сезінеміз. Жоқшылық та
Ұлы Жаратушының адамға берген сансыз нығметтерінің қадірқасиетін түсіндіреді.
Иманды жан Ұлы Иесіне «неге кедейлік бердің?» деп шағым
жасауы былай тұрсын, «маған байлық бергеніңде, бəлкім, сол
байлықтың буына мастанып, Сені естен шығарып, Саған деген
мұқтаждығымды қазіргідей сезінбес пе едім?» деп, кедейлікпен
сынаған Раббысына шүкір етеді. Кедейлікті əрдайым Раббысы
тарапынан тарту етілген сансыз сауаптың қазынасы мен мəңгілік
байлықтың қайнар көзі деп біледі. Себебі, кедейлігіне сабыр етіп,
шүкір ете білген жан Раббысының ризашылығына бөленіп, ақыретте
мəңгілік бақытқа кенеледі.
Ал, керісінше, жүрегі иманмен нұрланбаған жан- дар үшін
кедейлік те қайырсыз. Күн сайын байлардың байлығына қызыға
қарап, өзі ондай мал-мүлікке ие болмағандықтан, ішін қызғаныш өрті
шалып, үнемі өзгелердің ақшасын сырттай санап əуре болады.
Мұндай жандар уақыт өте келе Раббысына қарсы шығып, күпірліктің
тас түнегінен бір-ақ шығады. Сөйтіп, кедейлік сынынан сүріне құлап,
ақыретін де ойран етеді.
Міне, Ұлы Жаратушының байлығы да кедейлігі де адамдар үшін
сын-сынақ. Байлықты да, кедейлікті де жақсы, жаман дей алмаймыз.
Өйткені, бұлардың қайырлы яки қайырсыз болуы адамның өзіне
байланысты.
Иə, мына қысқа дүниеде бір айлық жалақы алу үшін күні бойы
барымызды салып жұмыс істейміз. Ендеше, ана дүниеде мəңгілік
бақытқа, көз көріп, құлақ есті- меген, ойша елестете алмаған
Раббымыздың ғажайып сыйына қауышу үшін мына дүниеде
кездескен кейбір қиыншылықтар мен кедейшілікті ауырсынып, өкпе
ар- туымыз былай тұрсын, ризашылықпен күле қарсы алуы- мыз
керек емес пе? Бұл дүниедегі уақытша кедейліктің есесіне ақыретте
мəңгілік бақытқа қауышуға кім разы болмас?!
Мəселенің екінші жағы – кедейлер ғұмыр кеш- кен қоғамға
байланысты болмақ. Егер сол қоғамда өмір сүретін əрбір дəулетті
адам тек өзінің қара ба- сын ғана ойламай, Құранның: «Тақуа
жандар – Алла Тағаланың өздеріне берген нəсібесінен
(кедейлерге, қажетті жерлерге) жұмсайды, (игілік жолында сарп
етеді)»116, «Олардың байлықтарында кедейлердің белгілі
мөлшерде үлесі бар»117 секілді аяттары мен Пайғамбарымыздың
(с .а .у.): «Жанындағы көршісі аш екенін біле тұра өзі тоқ
ұйықтаған адам т о л ы қ иман еткен болмайды»118 секілді
хадистерін əрдайым жадын- да сақтап, байлықтарының қырықтан
бірін зекет етіп мұқтаждарға берер болса, мұндай қоғамда
кедейліктен түңіліп, үміті үзілген пенде қалмас еді.
Бұған қоса, кедейлердің де оқып-білуіне, жұмыс істеп,
тұрмыстарын жақсартуларына мүмкіншілік жасап, жол ашу əрі
олардың мүддесін қорғау – сол қоғамның басшыларының міндеті.
Ақыретте олар да қарамағын- дағы адамдар үшін жауапқа тартылары
сөзсіз.
Бақара сүресі, 3-аят.
Мағариж сүресі, 24,25-аят.
118 Хадис Ибн Аббастан риуаят етілді.
116
117
Иə, мұсылман қоғамында «мен ғана жейін, өзім ғана
қызығынкөрейін» секілді өзімшілдік түсініктер емес, өзара көмектесу
мен мейірімділік, адамгершілік, шыдамдылық қағидалары үстемдік
етеді. Мұндай қоғамда дəулетке кенелген жандардың жүрегінде
əрдайым мейірімділік самалы ессе, кедейлердегі қызғаныш сезімі өз
орнын
«бəрекелді, байлығың тасығыр» деген игі тілектер мен шынайы
лебіздермен айырбастайды.
Алла Тағала біздің ғибадатымызға зəру ме? Неліктен біздің ғибадат
етуімізді талап етіп, орындамағандарды азаптайтынын ескертуде?
Ұлы Жаратушымыз біздің құлшылығымызға да, тіпті
жаратылыстағы еш нəрсеге де мұқтаж емес. Керісінше, барлық
жаратылыс атаулы Оған мұқтаж. Ол – «Самад», яғни ешкімге мұқтаж
емес, керісінше, барлық нəрсе Оның жəрдеміне, мейірімі мен
шарапатына, түгесілмейтін қазынасына мұқтаж.
Адамзатты жоқтан жаратып, жерді оған құтты мекен, көкті
жымыңдаған жұлдыздармен безендіріп, бейнебір өрнектелген
күмбездей төбесіне көтеріп, алып Күнге жы- луы мен жарығын
толассыз төккізкен Ұлы Жаратушының өзі жаратқан əлжуаз адамның
құлшылығына қандай мұқтаждығы болсын?! Өсімдік əлеміне,
саналуан жеміс- жидегін шашу етіп шашқызып, күллі жанжануарды
қызметіне жүгіртіп, алдына салып берген Ұлы Құдіреттің өзі
жаратқан əлсіз адамзаттың ғибадатына нендей мұқтаждығы болуы
мүмкін?!
Иə, біздің болар-болмас құлшылығымыз арқылы күллі болмыс
əлемін басқарып тұрған құдіретті Ұлы Иеміздің даңқы мен теңдессіз
ұлылығына нендей даңқ қосылмақ?! Немесе біз ғибадат жасамасақ,
оның шексіз ұлылығына қандай нұқсан келіп, таңғажайып
cалтанатты патшалығынан не кеміп қалмақ? Біз ғибадат жасасақ та,
жасамасақ та Ол задында даңқты, барлық мадақ- мақтауларға нағыз
лайық, күллі ұлылықтың шынайы иесі емес пе?!
Ғибадат – Ұлы Шебердің мына ғаламдағы жараты- лыс
туындысына қарап, ондағы нақышталған құдіретінің, шеберлігінің,
білімінің алдында таң қалып, бас шайқап, қайран қалудың нəтижесі,
тіпті нағыз өзі болмақ.
Құлшылықтың түп мəні – Ұлы Алланың тегін бер- ген сансыз
ырыс-берекесі мен есеп-қисапсыз төккен жақсылығына құлдың
мадақ айтып, Оны ұлықтап, зікір етуі арқылы алғыс, рақметін
білдіруінде. Ал енді адамның Ұлы Иесіне
осылай алғысын
білдіруіне, адамдығына с а й борышын өтеуіне, Оның алдында
қарыздар екендігін мойындауына Ұлы Жаратушыны мұқтаж деу
ақылға сыя қояр ма?!
Ғибадат – адамның жүгі зіл-батпан мына дүниедегі барлық
мұқтаждығы мен қыжалат-керегін Ұлы Жа- ратушысына білдіруі,
Оның алдында қолын жайып мінəжат етуі. Осы ісі арқылы адам
баласының жүрегі жай тауып, шексіз рахатқа қауышады. Бойындағы
ауыр жүк жеңілдейды. Ал бұған Алла емес, адамның мұқтаж екені
айтпаса да түсінікті.
Ғибадат – адамның кемелденуіне, еш нəрсеге қанағаттанбаған
рухы мен жүрегінің жай тауып, шексіз
рахатқа
қауышуына,
денінің саулығына, сан- алуан сезімдерінің жетілуіне, мінезқұлқының толысып көркеюіне ықпал етеді.
Һəм ғибадат – «адаларам» деп ажыратпай, «жақсы- жаман» деп
талғамай əр нəрсені татқысы келетін то- йымсыз асау нəпсісінің
тізгінделіп, тəрбиеленуіне, қоғамда тыныштықтың орнауына,
зуылдап өтіп жатқан уақытымыздың реттелінуіне, күнделікті
ісіміздің жүйеленуіне ықпал жасайды. Ал мұның бəрі Алла Тағала
үшін емес, біз үшін қажет.
Əрі ғибадатымыз арқылы уақытша, пəни əрі сан алуан
қиыншылықтарға толы мына дүниенің орнына ана
ИМАНИ ГҮЛ
дүниеде мəңгілік рахатқа, шексіз бақытқа қол жеткіземіз. Сөзсіз,
мұндай мəңгілік бақытқа Алла Тағала емес, біз зəруміз.
Алла Тағаланың мына дүниеде қойған белгілі заңдары мен
шарттары бар. Осы заңдармен ж ү р уд і ң пайдасы яки оны
орындамаудың зияны тек бізге, яғни пенделерге тəн. Мысалы, баубақшадан өнімді жеміс, егістіктен берекелі егін алу үшін оны
жақсылап суғару, түбін қопсыту, түптеу, зиянды жəндіктерден қорғау
үшін дəрідəрмек шашу сияқты белгілі заңдылықтарды орындауымыз
керек. Иə, бұл шарттарды орындаудың пайдасы да, жалқауланып
жатудың зияны да сол бау-бақшаның иесіне тəн. Міне, осы тəрізді
Ұлы Жаратушы біздің о дүниеде мəңгілік бақытқа қол жеткізуіміз
үшін, жəннатқа лайық болуымыз үшін Өзінің бұйрықтары мен
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 12
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.