Latin Common Turkic

Имани гүл - 05

Süzlärneñ gomumi sanı 3794
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Əйеліңізге əр түрлі ауыр жалалар жауып, халық ара- сында арнамысыңызды қорлайтын өсек таратса...
Намазда басыңызды сəждеге қойып, Раббыңызға
мінəжат етіп
жатқанда,
малдың
ішек-қарнын
əкеп
басыңызға аударып, келемеждеп, қарқылға басып күлсе... Елмен
араласуға қатаң тыйым салып, сауда-саттық,
жалпы қарым-қатынасты үзіп, бойкот жариялап аш қалдырса...
Аштықтың ауыртпалығы соншалық айлар бойы нəр татпаған
достарыңыз аштықтан жапырақ жеп кетсе...
Ең жақын туысыңызды өлтіріп, құлағын кесіп, көзін ойып,
денесін тілгілеп, бауырын суырып алып, шайна- са....
Жүретін жолыңызға тікен шашып, бұрыш-бұрышта қолдарына
шоқпар алып сізді аңдыса...
Сүйікті отаныңызды тастап кетуге, туған-туыстан айырылысуға
мəжбүр етіп, өлтіруге ант ішсе...
Барған жеріңізде де тыныштық бермей əскер жіберіп,
жаныңыздан да жақсы көретін достарыңызды өлтірсе...Не істер
едіңіз? Оларға қандай жауапта болар едіңіз? Осылардың бəріне
сабыр сақтап, еш мойымастан, шайқалып-теңселіп, күмəнға бой
алдырмастан жолыңыз- ды жалғастыра білесіз бе? Олардың осы ісəрекеттеріне кешіріммен, мейіріммен қарап: «Раббым, олардың бұл
істерін кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын білмейді. Оларды
сен тура жолға сала гөр!» -деп олар үшін ізгі тілек тілеп,
жаманшылықтарына жақсылықпен жауап бере аласыз ба?
Иə, адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) олардың
барлық зұлымдықтары мен қорлықтар- ына шыдап, əр түрлі
кесірлеріне қарсы сабырды қару етті. Оларға анадай мейірім құшағын
ашып діттеген мақсатына жете білді. Міне бұл – адамзат ардақтысы
Мұхаммедтің (с.а.у.) шынайы елші екендігінің тағы да бір айқын
дəлелі болса керек. Оның (с.а.у.) қасиетті өмірбаянын оқып оты- рып,
көзге еріксіз жас алып «Мұхаммед, Сен тек Алланың шынайы
елшісісің» – деп иманыңа нəр тамызасың.
Əр сала өз тілімен Оның (с.а.у.) пайғамбарлығын
паш етеді
Тек бір ғана салада жетістікке жетіп, сол салада білік- ті маман
болу үшін арнайы жағдайдың қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Кез
келген бір ғана салада кəсіби мамандық- қа қол жеткізу үшін ондаған
жыл уақыт кетіреміз. Тіпті сол салада ғұмыр бойы жұмыс істейміз.
Иə, тек бір са- лада ғана белгілі бір жетістікке жету үшін арнайы
құрал- жабдықтың, тыныш ортаның, ыңғайлы ахуалдың, белгілі бір
уақыттың керектігі сөзсіз. Ал бір адамның əр салада жетістікке
жетіп, барлық салада бесаспап маман болуы мүмкін емес. Мысалы,
бір адам жоғары дəрежеде тəрбие- ші, психолог, һəм тамаша бір
қолбасшы жəне аса білгір медицина ғалымы, əрі физик жəне т.б.
ғылымдарды игеруі ине көзінен нар түйенің өтуімен парапар. Бірақ
осындай мүлде болмайтынды ешбір құрал-жабдықтың көмегінсіз, əр
түрлі қым-қиғаш қиын жағдайлардың бел ортасында жүріп жүзеге
асырған жалғыз адам – Мұхаммед (с.а.у.). Өйткені Ол жай адам емес,
адамзатқа əр нəрседе үлгі бо- луы үшін жер бетіне жіберілген Алла
Тағаланың арнайы елшісі еді. Сондықтан Пайғамбарымыз əр
саланың асқар шыңына туын тігіп, қияметке дейін өзгермейтін,
тозбай- тын жаңалықтар əкеліп, ереже-қағида қойды.
• Иə, Пайғамбарымыз – керемет ұстаз, тама- ша тəрбиеші. Оның
(с.а.у.) теңдессіз ұстаздығы мен тəрбиешілігінің алдында бүкіл
əлем бас иеді. Пайғамбарымызға дейін араб түбегінің жағдайы
қалай еді? Айтуға ауыз бармайтын жаман əдеттер мен ісқылықтардың, зұлымдық пен т а ғ ы л ы қ т ы ң қараңғылығында
тұншығып жатпап па еді? Міне, Пайғамбарымыз сол қараңғы
қоғамды бар-жоғы жиыр- ма үш жыл ішінде тəрбиелеп, жетілдіріп
əлемге үлгі бо-
л а р қоғамға айналдырды. Əбу Бəкір, Омар, Осман, Ə л и секілді
жұлдыздай жарық та биік сансыз тұлғаларды жетілдіріп ғаламға
кəміл адамның үлгісін көрсетті. Тайпа-тайпаға жіктеліп, бір-бірімен
қырық пышақ бо- лып қырқысып, бітпейтін қ а н дауына бой
алдырған бұл қоғамда нағыз бауырмашылдық пен ағайындықтың
бейбіт туы желбіреді. Бір-бірінің мал-мүлкін талан- таражға салған
бұл қоғам Оның (с.а.у.) арқасында бір- біріне «Бауырым! С е н аш
жүргенде, менің бұл жүрісім қалай?» – деп мал-мүлкінің жартысын
шын көңілімен бөліп берді. Тіпті өзі аш болса да, үйіндегі аз ғана
тамақпен басқаны тойдыру үшін шамды байқамай өшіріп алған
болып, өзі табақтағы тамақтан қасығына еш нəрсе ілместен аузына
алып-келіп, қайта табаққа апарып, ішіп-жеп отырғандай көрінген
періште тəріздес сахабаларға айналды. Қоғамның денесіне бойлап,
қанына сіңген адамгершілікке жат əдет-ғұрыптардың тамырына
балта шауып, қамырдан қыл суырғандай жоқ етті. Пайғамбарымыз
(с.а.у.), міне, осындай тəрбиеші, осындай ұстаз еді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдарға ешбір істі зорлап- зомбылап
істетпеген. Айналасына жиналған нұр жүзді сахабалар Оның
аузынан шыққан əрбір сөзді жан- жүректерімен қабылдап, жүзеге
асыру үшін керек болса, жандарын да пида етуге дайын тұратын.
Əрбір сөзі мен іс-əрекеті жанындағы адамдар тарапынан ережеқағида тұтылған бұл тұлға пайғамбар болмаса кім еді?
Оның ұстаздығына тəнті болған Муғауия ибн Хакам атты сахаба:
«Одан асқан керемет мұғалімді бұрын- соңды көрмедім. Ол мені
зекіп ұрыспады жəне қол жұмсап ұрмады»25 – дейді.
25
Абдул-Фаттах Əбу Ғудда, Əр-Расулул-муғаллим, 12-бет. Дəрул- башайрул-Исламия,
Байрут. 1997.
Əлемдегі барлық саладағы ғалымдар жиналып адам баласына
темекінің зиянын айтып, түрлі тəсілдерді қолданса да, оны
тастатуға шамалары келмеді. Ал енді адамдардың қанына сіңісіп
кеткен темекіден де сорақы əдеттерді тастатып, олардың орнына əр
түрлі көркем қасиеттерді үйрете білген Мұхаммедтің (с.а.у.)
пайғамбарлығының, ұстаздығының алдында қалай бас имессің?
ТƏРБИЕНІҢ ТӨРТ ТІРЕГІ
Пайғамбарымыз баланы қалай тəрбиелеген?
Бірде мəдиналық бір кісі бақшасында өсіп тұрған құрмасына тас
лақтырған баланы сүйреп отырып Пайғамбарымызға əкелді. Бала жас та болса Ислам дінін қабылдаған Рафиғ ибн Амр еді. Келген кісі
қатты кейіген сыңайда. Қабағы қатулы. Пайғамбарымыз болса, өзінің
сабырлы қалпын сақтап: «Балапаным, құрма ағашына неге тас
лақтырдың?»,- деп сұрады. Бала: «Қарным қатты ашты. Құрма
жегім келді»,- дегеннен артық сөз айтпады. Əз Пайғамбар (с.а.у.)
балаға: «Жерге түскенін жесең же, бірақ ендігəрі құрмаларға тас
лақтырма, жарай ма?»,-деді. Сосын баланың басынан сипап, оған
былай деп дұға жасады: «Уа, Алла Тағалам! Бұл баланың қарнын
тойдыра гөр!»26
Ал енді осы оқиғаға психологиялық талдау жа- сай отырып,
астарындағы педагогикалық тəлім-тəрбие негіздерін ұғуға
тырысайық.
Біріншіден алдына ашумен алып келген балаға, оның кінəлі екенін
біле тұра неге Пайғамбарымыз салған жерден ұрыспады? Өйткені,
балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы
26
Тирмизи, буйу’, 54. Ибн Мəжа, Тижарəт, 67.
көретініңді білдіру аса маңызды. Психология ғылымында дəлелденген
осы бір əрекетке тоқталып өтейік.
Балаға мейірімділік таныту мен
сүйіспеншілігіңді көрсету
Тəрбие берудің негізгі мəйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте.
Əсіресе, кішкене балалар үшін мейірім мен сүйіспеншіліктің орны
ерекше. Бұл махаббатқа олар қашанда шөлдеп тұрады. Олар тек
сүйіспеншілікпен ғана өсіп-жетіледі десек артық айтқандық емес.
Бала кімнен мейірім көрсе, сол адамды ерекше жақсы көреді.
Əрдайым соны іздеп тұрады. Оны ренжітпей, мейірімі мен
сүйіспеншілігінен ажырап қалмау үшін оның айтқандарын орындауға
тырысады. Өзі жақсы көрген кісіге еліктегіш келеді. Ендеше,
сүйіспеншілік – бала тəрбиесіндегі негізгі қағида. Пайғамбарымыз
барлық адамзаттан сүйіспеншілігін аямаған. Жан жүрегімен жақсы
көріп, əрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлетіндіктен, əр сахаба өзін
«Пайғамбардың ең жақсы көретін ада- мы мен шығармын» деген
ойға қалатын. Алайда, Алла елшісінің балаларға деген мейірімі
тіптен ерекше еді. Жоғарыдағы «Рафиғ ибн Амр оқиғасы» – осының
нақты дəлелі. Дедектетіп Пайғамбарымызға əкеле жатқанда бұл бала
қандай үрейді бастан кешті десеңізші?! «Қап, маған енді не істер
екен? Не деп ұрсып, қалай жазалар екен» деп қатты қорқып келген
балаға пайғамбарымыз «балапа- ным!» деген жалғыз-ақ ауыз
сүйіспеншілікке толы жылы сөзін арнады. Сол жылы сөзімен қарсы
алып, басынан си- пап, мейірлене қарады.
Баланың қатесін түзетіп, дұрысын үйретуде жазалау тəсілінің
ерекше орнының бар екенін жоққа шығармай- мыз. Бірақ жазалаудан
бұрын қателерді түзетуде ең əуелі
мейірім мен насихаттың əсері мол екенін ескергеніміз жөн. Себебі,
балалар көбіне жасаған қателіктерінің парқына бара бермейді.
Мұндай жағдайда балаларға ұрсып-зекудің пайдасынан зияны басым
болуы кəдік.
Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан сүйіп, иіскеуі
яки құшақтап арқасынан қағуы, көтеріп құшағында тербетуі – бəрібəрі балаға оң əсерін тигізеді. Бала үлкеннің бұл ілтипатынан өзін
жақсы көретіндігіне сенеді əрі сол кісіге деген құрметі де артады.
Құшақтап, басын сипаған кісіні өзінің қорғаушысы деп біледі.
Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген, басынан
сипалып,
маңдайынан
иіскелмеген
балалардың
кейбір
психологиялық ауруларға ұшырайтынын дəлелдеуде.
Ата-ана яки кез келген педагог үшін балаға көп ұрсып, оған ұзақ
ақыл айтқаннан гөрі оның басынан си- пап, мейірім көрсетіп,
арқасынан қағуы əлдеқайда əсерлі. Бұның астарында құрғақ
сөздермен жеткізуге келмейтін небір сезімдер бар. Жоғарыда
келтірілген оқиғада «қате іс-əрекет үстінде ұсталып, енді не істер
екен» деген үреймен келген балаға пайғамбарымыз, ең алдымен,
«балапаным!» деген жылы сөзін арнаған. Қорқып кел- ген балаға
жылы сөз ғана айтып қоймай, «қорықпа, мен сені қорғаймын»
дегендей басынан сипауы, əрине, бала жүрегіндегі қорқыныштың
орнына қуаныш сыйлады. Өзіне жанашыр жан тауып, оның қасында
өзін сенімді сезінген бала ойындағысын бүкпесіз айтты.
Балаға құлақ асу
Баланы əуелі тыңдай білу керек. Сөйлеген бала өзінің ішкі
дүниесін ашып береді. Əр нəрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете
бермейді. Сол себепті баланың не ойлап тұрғанын білу қажет. Біз
көбіне баланы қателікке
ұрындырған себептерді іздемейміз. Дереу өзіне ұрса жөнелеміз.
Жоғарыдағы Рафиғ ибн Амр оқиғасында пайғамбарымыз оған дереу
дүрсе қоя берген жоқ, «Əй, оңбаған! Біреудің бақшасында нең бар?!
Енді т а с лақтырады екенсің көресеңді көрсетем, қолыңды тура
шағам!» деп ұрысқан жоқ. «Неліктен тас лақтырдың?» деп, онымен
тілдесті. Бала себебін айтты. Қарны ашқаны, құрма жегісі келгендігі
анықталды. Аш баланың мұндай əрекетке баруы табиғи жағдай екені
сөзсіз. Не істесе де дереу жазалауға жүгірмей, алдымен баланы
сөйлетіп, тыңдай білу қажет.
Балалар балалықпен қате жасайды. Ал үлкендер болса, олардан
үлкен кісінің істейтін ісін күтеді. Қате жасаса дереу ұрсып, жазғыра
жөнеледі. Көбіне балала- рын тыңдауды қажеттілік деп те
ойламайды. Бала бол- са, өз ісінің қателігін түсінбегендіктен атаанасының яки үлкендердің не үшін ұрысқанын, яки жазалағанын
түсінбей дал болады. Сөйтіп, үлкендер маған жамандық жасады яки
ата-анам мені жақсы көрмейді деген о й ғ а қалады. Міне, сондықтан
баланың ішкі дүниесімен сыр- ласпастан, оның ойын білместен,
жасаған ісінің дұрыс еместігін түсіндірместен оған ұрысу, жазалау
дұрыс емес.
Балама нəрсе көрсету
Ата-аналардағы қателіктердің бірі – баланы не бол- са содан
тыйып, іс-əрекетін шектей беруі. Баланың қате қылығын тыйған
кезде, орнына басқа бір дұрыс нəрсені көрсету керек. Олай
болмағанда бала баяғы істеген қателіктеріне қайта басуы я болмаса
қырсық мінезділікке бейімдеуі мүмкін. Мысалы, бала ыдыс-аяқпен
ойнағысы келгенде, дереу қолынан ыдысты жұлып алғаннан гөрі
«ойнасаң, мə, мына сынбайтын ыдыспен ойна» деп оған
басқа ыдыс беру керек. Үйдің керегелерін сызғыштап ойнаған
баланың қолына дереу басқа бір дəптер яки қағаз ұстатып немесе
арнайы тақта мен қалам сатып алып бе- ріп: «сызсаң мынаған сыз»,
«жүгірсең, мұнда емес ана жерде жүгір», «көрсең, бұл фильмді емес
ана фильмді көр» деген секілді баламаларды көрсетуіміз қажет.
Жоғарыдағы оқиғада пайғамбарымыз «Құрмаларға тас лақтырма!
Жесең, жерге түскендерін же!» деп, тыйым- мен қоса балаға басқа
балама іс ұсынды.
Қазіргі кездегі қалада балалар баратын ойын зал- дары мен кино
театрларда көрсетілетін фильмдер бала тəрбиесіне, мінез-құлқына
залалды болуы мүмкін. Сондықтан балаларға ана жерге - мына жерге
барма де- геннен гөрі, оларға басқа жағдай жасау керек. Үйге компьютер алып, зияны жоқ ойындар мен фильмдердің СD- лерін
дайындап, ойын ойнап, кино көретін уақыттарын белгілеген жөн.
Тілек тілеу не балаға бата беру
Ата-ана қашанда баласының тілегін Құдайдан сұрауы жөн. Бұл
педагогтар үшін де маңызды. Көптеген хадис- терде баласының
тілеуін тілеген ата-ана дұғаларының қабыл болатындығы айтылған.
Пайғамбарымыз жоғарыдағы оқиғада балаға дұға ету арқылы
дұғаның маңыздылығын білдіруде. Қолынан келер тəлім-тəрбие
берген педагогтар да бұдан кейін балалар үшін үнемі Жаратқаннан
тілек тілеп жүргендері дұрыс27.
Қорытакелгенде, адамғаəржасқа сай тəлім-тəрбие бе- руде ұлағаты
мол тамаша ұстаз, ақиық Пайғамбардан алар үлгіміз көп. Оның бала
тəрбиесіне қатысты көрегендігі жоғарыдағы бір оқиғамен ғана
шектеулі емес. Кезінде
27
«Иени үміт» журналы, №73, Б. 21, 2006 ж.
тұтастай бір қоғамды жамандықтан тыйып, жақсылыққа тəрбиелеген
хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірі мұқият зерттелуі тиіс. Ол – бала
тəрбиесінде қиындық көріп жүрген ата-аналар мен педагогтар үшін
таптырмас үлгі.
• Пайғамбарымыз (с.а.у.) ерекше қолбасшы еді. Ел əскері өлімнен
қашқан уақытта Оның (с .а .у.) жауынгерлері дінді, Отанды қорғау
жолында өлімді іздеп, өлімге жүгіретін. Яғни, өлім оларды емес, олар
өлімді қорқытатын. Оның тəрбиесінен өткен əрбір тұлға, жас болсын,
кəрі болсын мейлі əйел болсын: «Отанымды бергенім – дінімді
бергенім, дінімді бергенім – барлық нəрсемді аяққа таптатқаным.
Отанымды, дінімді, ар- намысымды аяққа таптатып, қорланып өмір
сүргенше, қаһарман шейіт боп өлгенім артық», - дейтіндей ержүрек
батырға айналатын. Оның (с.а.у.) жетілдірген қолбасшылары Исламды
бесікте тұншықтырғысы келген сол кездегі Иран, Византия сияқты ұлы
державаларды өздеріне бас идірді. Мұндай соғыс тəсілін жетік білген
күшті державаларды жеңу араб халқының Исламнан бұрын үш
ұйықтаса түсіне де кірмейтін.
• Пайғамбарымыз керемет психолог еді. Ол адамдардың қоғамдағы
дəрежесіне, ақыл деңгейі мен түсінігіне жəне мінез-құлықтары мен
құбылмалы көңіл- күйлеріне қарай сөз таңдап, уақыт белгілейтін. Міне,
сондықтан Ол кейде бір ғана сөзімен заманының заңғар тұлғаларының
жүрегіне ж о л тауып, көңіліне Исламға деген сүйіспеншілік отын
маздататын. Барлық сахабаға жүрегінен жеке орын беріп, ерекше назар
аударғандықтан, əрқайсысы өзін «Пайғамбардың ең жақсы көретін
адамы шығармын» деген ойда қалатын.
• Ол барлық ғылымның негізін қалап, өшпейтін хат қалдырған –
ғаламның ғалымы. Оның осыдан он төрт ғасыр бұрын түйіндеп
айтқан хадистері мен Оған
түскен Құран аяттарын – қазіргі технология мен зертха- на, жалпы
ғылым дүниесі енді ғана түсініп, Оның (с.а.у.) пайғамбарлығы мен
Құранның хақтығының алдында бас июде. Бүгінде ғылым өзінің сан
рет жаңылып, неше мəрте қателескен жерінде Құранның əу бастан
дөп ба- сып тура айтқанын көріп таң қалуда. Құрандағы ғылыми
аяттар осы кітаптың «Кітаптарға иман» бөлімінде жеке берілетін
болғандықтан, қазір тек Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ғылымды он төрт
ғасыр артқа тастаған бірнеше хадисін мысал ретінде келтірейік.
• Сүндет. Алла елшісі он нəрсені адам табиғатына тəн нəрселердің
қатарына жатқызады. Соның бірі – сүндеттелу.
Қазіргі ғалымдар ер кісінің жыныс мүшесінің аузындағы терінің
ластық пен түрлі микробтарды жинайтындығын, нəтижесінде оның
түрлі ауыруларға се- беп болатындығын дəлелдеуде. Ал одан сақтану
жолы – сүндет жасату.
Бүгін Америка мен Англияда сүндет жасатқандардың саны
миллионнан
астам.
«Элефтером
Тинос»
грек
газетінің
хабарлауынша, АҚШ-тың педиатриялық ака- демиясы жүргізген
зерттеуге қарағанда, ұл балалардың 59,5 %-ы сүндеттеледі екен.
Осылай істеу арқылы олар көптеген аурулардан сақтануды көздейді.
Кеселден қорғаушы28
Көптеген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің
мынандай пайдалары бар екенін дəлелдеді:
1. Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық
қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады;
2. Ері сүндеттелмеген
əйелдерде жатыр
28
«Аңсар» журналы. №5. Б.10, 2007 ж.
мойыншығының қатерлі ісікке шалдығу қаупі 6 есе жоғары;
3. Жыныстық
жұқпалы
ауруларды
жұқтыру
қаупі
сүндеттелмегендерде 8 е се жоғары; Зерттеуші ғалымдар бұған
қызықты дəлелдер келтірген. Айталық, балалардың небəрі 10
немесе 30 пайызы сүндеттелетін Кения, Замбия сияқты елдерде
жыныстық жұқпалы ауруға шалдыққандар жергілікті
тұрғындардың төрттен бірін құраған. Ал, Бенин жəне Камерун
секілді шамамен əр бала сүндеттелетін А ф р и к а елдерінде
жұқпалы ауруларға шалдыққандар тұтас алғанда 6-ақ пайыздан
аспаған. Австриялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық
ашты. Олар «СПИД-ке шалдыққан ер кісілердің басым
көпшілігінің сүндеттелмегендер» екендігін дəлелдеді. Өйткені
СПИД вирусы ең əуелі жыныс мүшесінің ұш қабатын
зақымдайтын көрінеді. Егер ол тұс микрозақым алса, қабыну
қаупі өте тез жүреді екен.
4. Сексопатологтар да сүндеттелудің қажеттілігін мойындауда;
5. Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, стафи- лококк (іріңді
микроб), гонорей (жыныстың жіңішке ау- руы) микробтарынан
таза болу тұрғысынан сүндет жа- сату аса керекті. Оған қоса,
смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршіктер) қабынып, жараға
айналмауында үлкен рөл ойнайды.
6. Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы),
парафимоз, баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады.
• Имам Муслим «Сахихындағы» хадиске көз жүгіртсек: «Ит жалаған
ыдыстарыңды тазалау үшін əуелі оны топырақпен, содан соң сумен
алты рет жууларың қажет!» – делінген.
Ол дəуірде бүгін кейбір заттарды тазалау үшін қолданылатын
нəрселер болған жоқ. Дезинфекция орны- на Алла елшісі (с.а.у.)
топырақты пайдаландырды. Кейін- гі ғылыми еңбектер нəтижесінде
топырақтың су секілді қызмет атқарғаны белгілі болды. Мұнымен
қатар топырақ тетралит пен тетрациклин секілді заттарды да
қамтыған. Осы заттар кейбір микробтарды өлтіріп дезинфекция- лау
үшін пайдаланылған. Пайғамбар топырақпен ж у уд ы ескерткенде
ыдыстың алдымен стерилизациялануын əмір еткен.
Сондай-ақ хадис шарифте мына мəселелерге на- зар аударылған.
Итте болуы ықтимал кейбір аурулар адам денесінде де өмір сүре
алады. Бұл өз алдына бөлек əңгіме.
Екіншіден, ит нəжісі адам денсаулығына зиян. Сілекейі де.
Белгілі бір уақыттан кейін олардан жұғатын аурулардың алдын алу
қиынға соғатындықтан стерилиза- ция өте маңызды.
Үшіншіден, алғашқы топырақпен жуу əмірінің на- зар салдырған
басқа жағы, топырақтың сол сəтте стери- лизация қызметін атқаруы,
бір риуаят бойынша – алты, басқа риуаят бойынша – жеті рет
жуылуы керектігі ескертілді. Айтқандай-ақ, бұл тақырып Германия
мен Англияда шыққан бірқатар журналдарда жазылып,
Пайғамбарымыздың баянының шындығын растаған.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) иттер мəселесіне өте сақ қараған.
Тіпті, бір кездері өз шешімімен өлтіруге де əмір берген. Бірақ, кейін
бұл əмірін қайтып алып: «Егер иттер өз алдына жеке əлем
болмағанда, өлтіруге əмір беретін едім», – дейді.
Мұның мағынасы: Егер ит əлемдегі адам, хайуан, өсімдік, жансыз
заттар т.б. секілді жеке өз бастарына
экологиялық тепе-теңдікке қатысты негіздердің бірі жəне
жаратылысының қажеті болмағанда, өлтіруге əмір б е р е р едім.
Өйткені ит – микроб ұясы. Осы тұста бір ескере кететін жайт қазақ
итті жеті қазынаның біріне кіргізсе де еш уақытты бүгінгі
батыстағы тəрізді үйіне кіргізіп, төріне шығармаған. Итті аң аңлау
мен мал күзету, үйдің қалдық тамақтарын жегізу мақсатында ғана
ұстаған. Ал бұған ислам бойынша рұқсат.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көзқарасы – ерекше мұғжиза. Қазіргі
заманда біздің енді-енді ежелеп оқи бастаған табиғаттағы жүйе,
экологиялық тепе-теңдікті Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонау күндердің
өзінде, иттерді қыруға болмайтынын қағида етіп ұстанып
заңдастырған. Біз тек қана 1400 жылдан кейін киттер, пілдер жəне
мүйіз тұмсықтылар нəсілінің жоғалмауы қажеттігін, олардың
əлемдегі тепе-теңдікті сақтайтынын ежелей бастадық. Алла елшісі
сан ғасыр бұрын: «Егер иттер өз алдына ж е к е дара əлем
болмағанда» деген кезінде тіршілікке байланысты өте терең жайтты
қозғаған.
Ұлы Алла əлемді жаратып, жалпы тепе-теңдік қой- ған: «Ол
өлшеу қойды. Өлшеуде шектен шықпаңдар»
29 аяты да осы жалпы қағиданы ескертуде. Алла елшісі тізгінді тең
ұстап, тепе-теңдікті сақтаған. Бір-екі ауыз сөзінің өзінде біз
анықтаған бірнеше мұғжизалық жақтары бар. Осы сөздер келешекте
талай ақиқаттардың шабыт қайнарына айналатын шығар. Сол
заманда біреу өмір бойы ойланып, толғанып осы сөзді айтса,
кемеңгер атануына жетіп артылатын еді. Алайда, Алла елшісінің
осыған ұқсас сөздері қаншама десеңізші.
29
Рахман сүресі/7-8.
Əр буынға бір садақа
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) буындарға қатысты бірқатар
хадистер айтқан. Тіпті, адам денесінде қанша буын болатындығын
нақты білдірген. Бір қызығы, сол хадистерде көрсетілген буын
сандарын қазіргі меди- цина дəлелдеп шықты.
Буын жайында айтқан Пайғамбарымыздың хадистері мыналар:
«Əр адамның жаратылысында 360 буын бар. Олай болса, Алла Тағаланы ұлықтаса, мақтау айтса, лə
илəһа иллаллаһ, сүбханаллаһ десе, Құдайдан кешірім тілесе, е л жүретін жолдан тас, тікен немесе сүйек
секілді нəрселерді жол шетіне алып тастап отырса я болмаса жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйса,
осы жасаған жақсылықтарының барлығы 360-қа жет- се, сол күннің кешіне дейін тозақ отынан қорғалады».
«Əр буын үшін адам күн сайын бір садақа борыш- ты. Екі адам
арасында əділ төрелік айту да – садақа, атына міну үшін біреуге
көмектесу немесе қоржынын артысу да – садақа. Жақсы, ұнамды
сөз айту да – садақа. Намазға бара жатқандағы əр адымы да –
садақа. Адамға зияны тиетін нəрселерді жолдан алып тастау да
– садақа».
Тағы бір хадисінде сəске уақытында оқылған екі рəкат намаздың
да сондай шүкіршілікке жататындығы айтылған.
Бухари мен Мүслимде риуаят етілген осы үш хадис адамның
анатомиялық тұлғасын ашумен қатар құлшылық пен сауаптың кең
мағынасын да қамтиды.
Екі бөлек сүйек арасын жалғайтын бөлікті «буын» дейміз.
Буындар табиғи түрде мынадай топтарға бөлінеді.
1. Қимылдайтын буындар: тізе, тірсек, иық, ортан жілік, аяққолдың білегі мен жіліншігі секілді.
2. Аз қимылдайтын немесе мүлдем қимылдамайтын буындар:
омыртқа, қол-аяқтың табан мен алақан сүйекте- рі, яғни:
А) араларын дəнекер ұлпа (ткань) жалғағандар; Ə) араларын
шеміршек ұлпа жалғағандар;
Б) араларын сүйек ұлпа жалғағандар.
Осы ерекшеліктеріне қарай анатомия кітаптары мен атластарын
зерделегенімізде, адам денесінде 360 буын бар екенін көреміз. (1-4
тізім). Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан бұл сан медициналық
зерттеулермен де дəл келеді. Пайғамбарымыздың оны нақты
білдіруін қалай түсіндіруге болады? Мəйіт яки адам қаңқасы мұқият
зерттелген бе, жоқ əлде, бұл пайғамбарлық мұғжиза болғаны ма?
Мəйіт пен жеке сүйектерді зерттеу арқылы буындар- ды анықтай
алмайтындығының дəлелі мынау:
Адамның бас сүйегінде 90 қимылсыз буын болады. Алайда, бұл
буындар санын қаңқадан болмаса, өліктен анықтау мүмкін емес. Ал,
қаңқа кезінде анықтау үшін ол адам медицина ғылымын жақсы
білетін əрі тəжірибелі болуы тиіс. Өйткені, медицинадан хабары жоқ
жай адам бастағы бір-бірімен астасып, ию-қию боп жатқан буындарды бу ы н деп те ойламайды. Құйымшақ сүйегіндегі буындар
шорланған буындарға жатады. Мейлі өлік, мейлі қаңқа күйінде қолға
алған күннің өзінде медици- наны жақсы меңгермеген адамның бұл
буындарды тануы мүмкін емес.
Кеуде сүйегі (sternum) 3 бөлек сүйектен құралады. Бұлардың бір
буыны шеміршек, бір буыны сүйекке айналған буын пішінін
құрайды. Сүйекке айналған бу- ынды білу үшін де медицинаның
маманы болу міндетті.
Бұл екі буынды да өлік я болмаса қаңқа күйінде ажырату мүмкін емес.
Бас сүйектің орталығында орналасқан «Сфенойд» (Sfenoid) деп
аталатын сүйек, бөлек-бөлек 10 жұп бас сүйегімен буынды құрайды.
Бұл буындар өте күрделі, бейнелері шым-шытырық, ретсіз пішінде
келген.
Қуыст арында «Дискас» (discus) деп аталатын шеміршек
томпақтары бар кейбір буындар да кездеседі. Беті жай ғана сүйек
секілді. Адам қайтыс болып, денесіндегі жұмсақ тіндер шіріп,
қаңқаға айналғанда, бұлар буын емес секілді көрінеді. Оларды қаңқа
күйінде анықтау да сол с ала мамандарының қырағылығын қажет
етеді. (Кеуде сүйегі – бұғана сүйегі буыны, мойын омыртқаның
артқы жағындағы буын секілді).
Баста орналасқан кішігірім аралдар секілді «Ос су- турарум» (os
suturarum) деп аталатын сүйектерді өлік күйінде анықтау қиын. Оны
тек қаңқа кезінде ғана анықтап, санауға болады. Жіліншіктегі «Талус»
(talus) деп аталатын сүйек пен тобық сүйегінен (calcaneus) пайда болатын буын үш түрлі болса да, сырттай бір-ақ буын секілді көрінеді.
Бұны тек қаңқа күйінде болмаса, өлік күйінде анықтау өте қиын.
Өздеріңіз де куə болып отырғандай, буындардың тобын анықтау
үшін аса шебер маман болу қажет. Енде- ше, түрлері мен топтарына
қарай Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) адам денесіндегі буындар санын
360 деп айтуы – оның пайғамбарлығының дəлелі.
Бұхари мен Мүслимде риуаят етілген хадистер
бір жағынан
мұғжизалықты білдірсе, бір
жағынан
құлшылықпен қоса елге жақсылық жасаудың мəнін ұқтыруда.
Жоғарыдағы хадистерде келтірілген əр буын үшін садақа боп
есептелген іс-əрекеттер мыналар: Алла Тағаланы пəктеу, шүкіршілік
етіп, Оған мадақ айту, ұлықтау, жамандықтан тыйып, жақсылыққа
бұру, сəске уақытында оқылатын екі бас намаз, лə илəһа иллаллаһ деу,
Құдайдан кешірім тілеу, ел жүретін жолда жатқан тас, тікен, сүйек
сияқты зиянды нəрселерді алып тастау, екі адам дауласса, əділ
төрелік айту, бір адам атына мінерде демеп жіберу немесе қоржынын
артысу, жақсы, ұнамды сөз айту, намаз үшін мешітке бару.
Бұл аталған жақсылықтардың əрбірі бір-бір буынның өтеуі,
шүкірі, садақасы ретінде қабыл бола- ды.
Буындар қалайша адам денесіндегі сүйектерді бітістіріп, тұтастай
бір ағза ретінде қимылдауын қамтамасыз етсе, хадистерде айтылған
жақсылық жа- сай жүру де ел арасындағы өзара бауырмалдықты,
ағайындықты, сүйіспеншілікті арттыратын байланыстарға жатады.
Хадис астарынан ғылыми шындықпен қатар қоғамдық өмірдің
тыныштығы мен бейбітшілігін нығайтатын əрі мол сауапқа
кенелтетін іс-шаралар жатқанын көреміз30.
• Ішіп-жеу өлшемі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру медицинаға
қатысты. Алла елшісі:
«Тамақтанған шақта асқазанның үштен бірін – тамаққа, үштен бірін – суға, үштен бірін – ауаға
қалдырыңдар. Алланың қатты ашуланған ыдысы – толы асқазан», - дейді.
30
«Аңсар» журналы. №2. Б.27, 2006 ж.
Басқа хадистер де бар. Алла елшісінен: «Үмбетім жайында ең
қорыққан нəрселерім: үлкен қарын мен көп ұйқы. Жалқаулық пен
«яқин» əлсіздігі».
Өмірін бақылаусыз, есепсіз, аңғалдықпен өткізіп, ғұмырының
соңына дейін алаңсыз ұйықтап өткен адам- ның семіріп май жинауы,
май жинаған адамның семіз бола- тыны даусыз. Адам толған сайын
көп жейді. Жеген сайын өзін салғырттыққа салады. Өте көп жеген
адам, əлбетте, көп ұйықтайды, көп ұйықтаған адамда сөзсіз «яқин»
яғни терең түсінік немесе берік иман пайда болмайды. Қай жағынан
алып қарасаңыз да, барлығы Алла елшісін қобалжытқан. Бұл туралы
медицина ғалымдарының ғылыми қорытындыларын оқып қарасаңыз,
Алла сүйіктісінің (с.а.у.) сан ғасырлар бұрын айтқан сөздерінің кəміл
шындық пен ақиқат екеніне көзіңіз жетеді.
• Шыбынға қатысты шындық. Бұхаридің жеткіз- ген хадисіне
сүйене отырып, Алла елшісін (с.а.у.) тыңдайық: «Кей адамның (су
немесе тамақ) ыдысына шыбын түссе, батырып жіберіп, қайта
алып таста- сын. Өйткені қанаттарының бірінде ауру, енді
бірінде шипа бар».
Əуелі, шыбынның микроб тасуы, сол кездегі адамдар үшін
беймəлім нəрсе еді. Шыбын бір сұйық затқа түскенде, қанаттарының
бірін сақтықпен, жоғарыда ұстауға тыры- сады. Екі қанатын бірдей
батырмайды. Өйткені қонған жерінен қайта ұшқанда, құрғақ қанаты
оның ұшып кетуіне жеңілдік жасайды. Осылайша ұшып кетеді, бірақ
ішкен астарымызға қалдырған микробтарымен бізге де ауру
жұқтырады.
Екіншіден, (мұндай жағдайда ескертілген нəрсе) шыбын түгелдей
ыдысқа батырылып, қайта шығарылып тасталады. Өйткені оның бір
қанатында микроб, екінші
қанатында сол микробты жоятын антимикроб бар. Өліммен
арпалысқан шыбынның арқасынан нұқып кеп жібергенде, сақталған
антимикроб құтысы жарылып кетеді. Осылайша шыбын алғашқы
қанатымен жұқтыр- ған микробты дезинфекциялайды. Бұлай жасау
діни міндет болмаса да, қажет жағдайда қолдануға болатын ғылыми
ақиқат.
Бұл мəселенің ғылыми тұжырымын ғалымдар шыбынның
арқасынан басқан кезде микроскоп арқылы кейбір микробтардың
кəдімгідей қимылдап жүргендерін растайды. Бүгінде олардың
стерилизация қызметшілері екеніне ғалымдар толық көз жеткізіп
отыр31.
• Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Кімде кім май (крем) жаққысы
келсе, ең алдымен қастарынан ба- стасын. Өйткені бұл бас ауыруын
қайтарады. Адамның қасы – денесінде ең алғаш пайда болған
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 06
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.