Latin Common Turkic

Имани гүл - 09

Süzlärneñ gomumi sanı 3706
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
жанында ғана. Оның уақытын Одан басқа ешкім білдіре алмайды. Қиямет көктегіге де, жердегіге де (қиындығы,
қорқыныштылығы соншалық) ау ы р келеді. Қиямет сендерге
кенеттен келеді. Сен оны білетіндей олар сенен (қашан
болатынын) сұрастырады. Оларға бы-
лай деп айт: Қияметтің уақыты жайлы білім тек қана Алланың
жанында. Бірақ адамдардың көбісі мұны білмейді»82.
Адам баласы үшін қияметтің қашан болатынын білу өте маңызды
емес. Қияметтің қашан болатынын білсек те, білмесек те əрбір
адамның өлімі сол адам үшін қиямет емес пе? Міне, сондықтан əр
адамның қияметі саналатын өлімінен кейін басталатын мəңгілік
өмірде бақытқа қол жеткізуіміз үшін ізгі істер істеп, күнəлардан аулақ
болуы- мыз лəзім.
Алла Тағала өзінің сүйікті құлдары үшін жəннат мекенінде мына
дүниеде бұрын-соңды көзіміз көрмеген, құлағымыз естіп-білмеген,
ақылымыз ойлап, елестете алмаған мəңгілік сый-сыяпат əзірлеген.
Қиямет немесе ақырзаман көріністері
Ұлы Жаратушының белгілеген уақыты келіп жетіп, дүниедегі
сынақ мерзімі бітіп тоқтаған мезет. Исрафил періште Ұлы иесінің
бұйрығын алар-алмас ғажайып сыр- найын үрлеп кеп жіберуі мұң
екен дүниенің астаң-кестеңі шығып тас-талқан болды. Еш
түгесілместей көрінген, тіпті мəңгілік деп болжалған Күн де бүгінде
пəнилікке бел бүгіп, мəңгіліктің шынайы Иесін адам баласына
ұқтырғандай. Ғасырлар бойы əлемді жарыққа бөлеп, жы- луын
толассыз төгіп тұрған күннің де бүгін осылайша нұры сөніп, жер мен
қоса көптеген əлем қараңғылыққа қамалды. Көктегі жымыңдаған
сансыз жұлдыздардың жарығы сөніп, тас-талқан болған күйде күл
боп ша- шылып үрейге үрей қосты. Жердің қазығы кейпінде жаралған
биік-биік асқар таулар да көкке көтеріліп ба- рып, жерге құлап, бірбіріне ұрылып, шаң-тозаңға айна82
Ағраф сүресі / 187.
лып, Құранның тілімен айтқанда «түтілген жүндей» болды. Таулар
көшіп, сынаптай толқып, əр жерден атқылап шыққан жанартаулар
сай-сайды қуалап, алдынан шыққанды өртеп, жұтқан күйде ағып
барады. Əшейінде отты сумен өшірсек, бүгін, міне, су атасы теңіздер
де өртке айналып, жалын шашып тұр. Жай уақытта аз ғана жер
сілкінуден үрейі қашып, жүрегі жарылатын адамның б ұ л күнгі
жағдайын бір ойлаңызшы?! Же р беті қап-қараңғы. Те к əр жерден
аққан жанартаулар мен теңізден шыққан қалың өрттің қорқынышқа
толы қызғылт түсті жарығы ғана бірде сөніп, бірде жанып, бірде
күшейіп, бірде əлсіреп тұр. Бұл көріністерге куə болған тау-тастағы,
ну ормандағы жай уақытта бір-бірінен үрке қашатын жабайы аңдар да
қорқыныштан бір-біріне үйездеп, бүріскен бойда шоғырланып əр
жерде топ-топ боп, шыңғыра шыққан əр түрлі дауыстарымен
қорқынышқа қорқыныш қосқан.
Иманнан нəсібін ала алмаған «шығайбайлардың» бір-бірімен
бəсекелесіп, жарыса соққан ұзын-ұзын, қабат- қабат үйлері күлдей
үгітіле құлап, ішіндегі адамдар «ой- бай» деген үйреншікті сөзді ғана
айтуға шамалары келіп, жермен-жексен болып, бетондардың астында
мыж-тыж боп жаншылған бойда көміліп жатыр. Қорқыныштан не
істерін білмей, жүректері аузына келіп, өне бойы қалтырап, не болып
кеткенін түсінбей абдырап қалған адамдар. Ары-бері сабылып
шырқырай жүгірген жандар бір-бірін танымайды. Бұл күні
қорқыныштан аяғы ауыр жүкті əйелдер де түсік тастайды.
Күн-түн демей тер төгіп қол жеткізген байлықтарға да, асыл,
құнды дүниелерге де бұл күні ешкім пысқырып та қарамайды. Бұл
сəтте асыл тастардың да, алтын- əшекейдің де ешкімге керегі жоқ.
Хадисте айтылғандай
«масаның сынық қанатынан да құнсыз». Кедей, жарлыжақыбайларға соқыр тиынын да қимаған «шығайбайлар»
бұл күні амалсыз артта қалып бара жатқан мал-мүлік, дүниелеріне
қараған бойда «неліктен бұл күн келіп жет- пес бұрын Алла жолында
жұмсап, ізгілікке сарп етпедім?» деп өкініштен бармақтарын
шайнайды. Бірақ оларға осы сағатта жасаған бұл өкініштерінен не
пайда? Не қайыр?
Айқайлаған құлындағы дауыстар, түсініксіз сөздер. Əшейінде
тəкаппарланып Ұлы Жаратушысына қарсы шы- ғып, бұл күнді
ескертіп келген Құранға да, Пайғамбарға да жалған деп, намаз оқып,
ораза ұстап дінге бас иіп, осы күннен қорыққан құдайшыл жандарға
мысқылдай күле қарап, оларға «кері қалған, артта қалған байғұстар»
лақабын тағып, менсінбей қарайтын кəпірлер де бұл күнде тілі келсе
де келмесе де «Лə илəһə иллаллаһ Мухаммадур- расулуллаһ» деу үшін
аузындағы қызыл етті алай да бұлай да бұрап көріп, жанталасып, бір
өліп, бір тіріліп қылғынып жатыр. Бірақ, олардың Құдіреті шексіздің
осындай дүниедегі сынақ уақыты біткен сəтте, əр нəрсенің Оны
ашықтан-ашық паш еткен мезгілде келтірген имандары- нан не
пайда?! Не үміт?!
Бірақ осы күн келмес бұрын Ұлы Жаратушысына иман етіп,
өмірлерін ізгі істермен кестелеген адал жандар бұл қорқынышты
оқиғаны, үрейлі құбылысты көрместен, Рахман Иелері тарапынан
жіберілген ғажайып хо ш иісті иіскеген бойда жан тапсырады. Иə,
шынайы мұсылмандар осы бір сұрапыл оқиғаны көрмек емес,
хадисте бұл жай- лы: «Қиямет тек адамдардың жаманына
болады»83, - делінеді.
83
Муслим, Фитəн 131.
ПЕРІШТЕЛЕРГЕ ИМАН
«Оның жанындағылар (періштелер) Ұлы
Жаратушыларына ғибадат жасаудан бас тартып, паңданбайды
жəне құлшылық жасаудан шарша- майды. Олар жалығып,
шаршамастан күндіз-түні
Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пəктеп) тəсбих етеді»
«Əнбия» сүресі
«Періштелер Алланың бұйырған нəрселеріне қарсы
шықпайды жəне не бұйырылса соны
қалтқысыз орындайды»
«Тахрим» сүресі
ПЕРІШТЕ
Періштелерге иман – Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі.
Періштелер ғайып əлемінен, яғни, бізге көмескі əлемнен
болғандықтан, біз оларды көзбен көріп, ақылмен толық қамтып
түсіне алмаймыз. Сондықтан олар жайлы мағлұматты Құранның бізге
жеткізген қасиетті аяттары мен Алла елшісінің (с .а .у.) хадистері
арқылы білеміз.
Құранда: «Алла елшісі Раббы тарапынан өзіне түсірілгендерге
иман келтірді жəне мүміндер де (иман келтірді). Барлығы
Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына жəне
ақырет күніне иман келтірді...»84 - делінсе, басқа бір аятында:
«Кімде- кім Аллаға жəне Оның періштелеріне, кітаптарына,
пайғамбарларына жəне ақырет күніне иман етпесе, қатты
адасады...»85 - деп періштелерінің барлығынан ха- бардар етіп жəне
оларға еш шартсыз иман етуді бұйырады. Негізінде періштелерге
иман етпеу – Алла Тағаланың жер бетіне жіберген пайғамбарларына
жəне оларға түскен кітаптарға иман етпеумен бірдей. Себебі, Ұлы
Жаратушының адам баласына ақ пен қараны ажыратып, тура жолды
көрсетіп, ақиқат пердесін ашу үшін түсірген барлық кітаптары уахи
жолымен пайғамбарларына осы періштелері арқылы келіп жеткен.
Періштелердің ерекшеліктері
Періштелер – нұрдан жаратылған рухани болмыс.
84
85
Бақара сүресі/285.
Ниса сүресі/136.
Пайғамбарымыздың хадисінде: «Періштелер нұрдан
жаратылған...»86 – делінген.
Періштелер адамнан бұрын жаратылған. Олардың өздеріне тəн
денелері бар. Олар адамдар секілді ішіп- жеуге, ұрпақ көбейтіп,
көбеюге, шаршап-шалдығып, ұйықтауға мұқтаж емес. Жынысқа
бөлінбейді. Қызғану, ашулану, ренжу, тəкаппарлану сияқты жаман
сипаттар олардың пəк дүниесінен аулақ. Олар үнемі Ұлы Жаратушыларына ғибадат жасайды. Ғибадат – олардың қорегі. Олар
Алланың бұйрықтарын бүге-шігесіне дейін бұлжытпай, айна-қатесіз
орындайды. Олар ешқашан күнəнің кішісін де, үлкенін де
жасамайды. Барлық күнə атаулыдан қорғалған. Құранда: «Оның
жанындағылар (періштелер) Ұлы Жаратушыларына ғибадат
жасау- дан бас тартып, паңданбайды жəне құлшылық жа- саудан
шаршамайды. Олар жалығып, шаршамастан күндіз-түні
Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пəктеп) тəсбих етеді»87.
«Періштелер Алланың бұйырған нəрселеріне қарсы шықпайды
жəне не бұйырылса соны қалтқысыз орындайды»88, – делінеді.
Періштелер Алланың рұқсатымен əр түрлі бейне- пішінге кіре
алады. Періштелер пайғамбарларға негізгі бейнелерімен жəне басқа
да бейнелерімен
көрінген.
Мысалы, Жебірейіл періште
Пайғамбарымызға жəне жанындағы сахабаларға жолаушы кейпіндегі
адам бейнесінде көрінген89. Ибраһимге қартайған шағында Алла
тарапынан сəби берілетінін сүйіншілеп келген періштелер де адам
бейнесінде келгендіктен, Ибраһим (а.с.) оларды қонақ етпек болып
арнайы тамақ дайында- тады. Бірақ олардың тамақ жемей
отырғандарын көрген
Муслим, Китабуз-зуһд/2996
Əнбия сүресі/19-20.
88 Тахрим сүресі/6.
89 Муслим, Иман.
86
87
уақытта жүрегіне үрей ұялайды. Кейіннен барып олардың сөздерінен
періште екенін аңғарады90.
Алла Тағала періштелерге адамның қолынан келмейтін
қабілеттер мен мүмкіншіліктер берген. Олар аз ғана бір мезеттің
ішінде ұзақ жерлерге жылдам барып келе алады. Таудай ауыр
жүктерді көтеретіндей күш- қуатқа ие.
Құранда жəне пайғамбарымыздың хадистерінде періштелердің
қанаттары жайлы əңгіме қозғалады. Бірақ олардың қанаттарының
қандай қанат екені бізге беймəлім. Періштелердің жаратылысы мына
дүниедегі жаратылыстарға ұқсамағандықтан олардың қанатын дəлмедəл құстардікіне, яки басқа нəрселерге ұқсайды деп айта алмаймыз.
Періштелердің міндеттері
Алла Тағала періштелерге əр түрлі міндеттер жүктеген. Алла
Тағаланың оларға міндет жүктеуі – олардың көмегіне
мұқтаждығынан емес, керісінше, олар өз міндеттерін орындаулары
арқылы Ұлы Жаратушыларының құдіретін, ұлылығын жəне
шексіздігін күллі əлемдерге паш етіп, теңдессіз патшалығының сəнсалтанатын жалпы жаратылысқа жар с а л ы п , куəлік етеді. Алла
Тағала ешнəрсеге, ешкімге мұқтаж емес. Періштелер өздеріне
жүктелген міндет- терін орындау арқылы өздеріне тəн ғибадаттарын
жасап, Ұлы Жаратушыларының рақымына бөленеді.
Періште түрлері
1. Жебірейіл періште. Алла тағаланың барлық пайғамбарларына
уахи жеткізуші періште. Яғни, Алла
90
Һуд сүресі/69-70.
елшісіменпайғамбарларыныңарасындағыелші.Жебірейіл
періште
Құранда «рух» деп те аталады. «Əлбетте бұл (Құран) – əлемдердің
Раббысының
түсірген
кітабы.
Оны
сенің
жүрегіңе
ескертушілерден болуың үшін Сенімді Рух (Жебірейіл) əкелді»91.
2. Микайл періште. Жаратылыстағы оқиғалардың, жалпы
əлемдегі жан иелерінің рызықтары мен рызықтарының жел,
бұлт, жаңбыр секілді себептерін қадағалайтын періште.
3. Исрафил періште. Бұл періште қиямет күні Алла Тағаланың
бұйрығымен сырнайды алғаш үрлегеннен кейін Ұлы
Жаратушының қалаған кейбір жаратылы- старынан тыс көктегі
жəне жердегі барлық жаратылыс пəнилікке бас иеді. Сосын
екінші рет сырнайға үрлеген уақытта бəрі қайта тіріледі.
Құранда: «Сырнай үрленді, Алланың қалағандарынан тыс
жердегі жəне көктегі барлығы дереу жансыз жерге құлады.
Сосын сырнай тағы бір рет үрленген мезетте адамдар
қабірлерінен аяққа тұрып жан-жағына қарап қалады»92, делінеді.
4. Əзірейіл періште. Барлық ажалы жеткен адам- дардың рухын
алумен міндеттелген періште. Əзірейіл періштенің бұйрығына
бағынатын басқа да періштелер бар.
5. Құрсақтағы сəбиге жанын үрлейтін жəне рызқын, ажалын,
дүниеде істейтін амалдарын, бақытты яки бақытсыз болатынын
жазумен міндеттелген періштелер- дің бар екенін хадистерден
аңғарамыз93 (тағдыр бөліміне қараңыз).
Шуғара сүресі/192-195.
Зумар сүресі/68.
93 Бухари, Бəдул-халқ, Муслим, Китабул-қадар.
91
92
6. Кираман-Катибин. Құлдарының жақсы-жаман амалдары мен
істерін жазумен міндеттелген періштелер. Алла Тағала əрбір
адамның оң жағы мен сол жағына екі періштені жақсы-жаман
амалдарын жазу үшін өкіл етіп қойған. Бұл екі періште адамның
істеген үлкенді-кішілі, жария яки құпия, жақсы-жаман əрбір ісін,
сөйлеген ə р б і р сөзін қадағалап, амал дəптерлеріне жазып
тұрады.
Құранда: «Сендерді (жандарыңнан ажырамай- тын) арнайы
бақылаушылар бар. (Олар) ардақты9 4 жазушылар. Сендердің не
істегендеріңді біледі»95. «Еш күмəнсіз адамды біз жараттық жəне
біз нəпсісінің оған не сыбырлайтынын да білеміз. (Өйткені) Біз
оған күре тамырынан да жақынбыз. Оның оң жағында жəне сол
жағында отырған əрбір ісін жазатын екі періште бар. Бір сөз
сөйлер-сөйлемес жанында оны (сөзді) жазушы жəне балқылаушы
дайын тұрады»96.
Адам баласы жиырмасынша ғасырда-ақ дыбысты жəне əр түрлі
көрініс, қимылдарды жазатын құралдар т ау- ып шығарды. Əрине,
Алла Тағаланың періштелері мұндай құрал-жабдықтарға мұқтаж
емес. Дегенмен, адам бала- сының өзі бойындағы шектеулі
қабілеттерімен осындай жазатын құралдар тауып шығарып жатса,
Алла Тағаланың адамның істеген əрбір ісі мен əрбір сөзін жазатын
жазу- шылары неге болмасын? Есеп күні періштелердің жазға- ны
бейне бір жазып алынған бейне таспадай көрсетіледі. Қиямет күні
адам баласы өз құлағымен дүниеде сөйлеген жақсы-жаман əрбір
сөзін естіп, істеген əрбір амалдарын
Яғни, ардақты жазушылар деп бұл періштелердің адамдардың арасынан ешкімді
алалап жақтамайтын бейтарап екендіктеріне, болған оқиғаны жасырып яки асырып
өтірік жазбайтындықтарына,ешбірнəрсеніұмытқалдырмайтындарына ишарат етіліп
отыр.
95 Инфитар сүресі/10-12.
96 Қаф сүресі/17-18.
94
өз көзімен көреді. Күнəһарлар істеген күнəларын көріп тыныстары
тарылып, өн бойынан шып-шып аққан суық терге көміліп, қызарыпсазарып, қорқыныштан жүректері діріл қағып жатқанда, тақуа
жандар жасаған игіліктерін көріп жан жүректерімен «əлхамдулиллаһ»
деп Раббы- ларына шүкір етіп, көңілдері жұбаныш тауып, шексіз
қуанышқа бөленеді. Демек, ақыретте адам баласының əрбір істеген
істеріне өзі істеген амалдары куəлік етпек. Күнəларын мойындағысы
келмей, тұра қашқысы келген адамдардың алдынан дүниедегі əрбір
ісі «Қайда барасың? Мені істеген сенсің» деп шыға келеді.
7. Мүнкəр-Нəкир періштелері. Қабірдегі адамдарға
«Раббың кім? Пайғамбарың кім? Кітабың не?» сияқты сұрақтарды
қоятын əрі адамдардың осы сұрақтарға берген жауаптарына қарай
қарым-қатынас жасайтын періштелер. Мүнкəр-Нəкир «бейтаныс,
бөтен» деген мағыналарды білдіреді. Қабірдегі адамға бұрын-соңды
көрмеген кейіпте, бейтаныс көрінетіндіктен осы атпен аталған.
8. зəбания періштелері. Ақыретте тозаққа барғандарды азаптау ісі
міндеттелген періштелер.
9. Ридуан періштелері. Жəннатқа кіру бақытына ке- нелгендерге
қараушы періштелер.
Басқа да періштелер
Ұлы Жаратушының аршын таситын, с ү й і к т і құлдарының
жүрегіне туралықты, ақиқатты илһам ететін, намаз оқығандармен
бірге «фатиха» сүресінің соңында
«Амин» деп дұға ететін, əрбір таң жəне екінді намаз- дарында
мүминдермен бірге болатын, Құран оқылған уақытта арнайы жер
бетіне түсетін, ғылым алқалары мен өз араларында Алланың кітабын
оқып, уағыз айтып, Оны еске алу үшін жиналған барлық жерлерді
арнайы аралап,
сол жердегілерге Алладан рақымдылық тілеп, кешірім өтінетін, əрбір
адамды қорғап жүретін, Бəдір шайқасында көмектескендей шынайы
мұсылмандарға қиын кезеңде Алланың рұқсатымен көмектесетін
періштелердің де бар екенін хадистер мен аяттардан аңғарамыз.
Періштелердің жалпы саны бізге беймəлім.
ТАҒДЫРҒА ИМАН
«Еш күмəнсіз Біз барлық нəрсені арнайы есеппен жараттық»
«Қамар» сүресі
«Тағдырға иман еткен адам – басынан барлық уайым-қайғы
кеткен жан»
Қанатты сөз
ТАҒДЫРҒА ИМАН
Ислам дініндегі иман негіздерінің соңғысы – тағдыр- ға иман.
Пайғамбарымыздан (с .а .у.) «Иман дегеніміз не?» – деп сұраған
уақытта:
«Аллаға,
періштелеріне,
кітаптарына
жəне
пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырдың жақсысы мен
жаманына иман ету», – деп жауап берген.
Тағдыр сөзі – бір нəрсені белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай
реттеу, арнайы есеппен жүйелеу, жобалау деген мағыналарды
білдіреді.
Ал, шариғаттық термин бойынша: өткен шақ, осы шақ жəне келер
шақтан, яғни, жалпы уақыт ұғымынан пəк
–Ұлы Алланың əу бастан қияметке дейін жəне қияметтен кейін болатын
барлық нəрсені, барлық оқиғаны жаратпас- тан бұрын шексіз, əзəли
ілімі арқылы егжей-тегжейіне дейін білуін жəне оларды белгілі бір
өлшем, мөлшерге қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы
бір жобамен тағайындап белгілеуін «тағдыр» дейміз.
Ұлы Жаратушының тағдыры тек адамға ғана бай- ланысты емес,
жалпы болмысты, күллі жаратылысты қамтиды.
Жалпы жаратылысқа байланысты тағдыр
Жалпы ғаламға көз жүгірткен уақытта əр нəрседегі арнайы
өлшемді, нəзік есепті, жалпы əлемді қамтыған таңғажайып жүйені
байқаймыз. Əр нəрсе өзінің бойына берілген бағдарламамен жүруде.
Мысалы, өрік ағашы кішкене дəнегіне қойылған бағдарлама арқылы
жер бетіне қылтия шығып, күннен-күнге жайқала өсіп, көктем кіре
бүршігін атса, артынан жемісінің сүйіншісі іспетті гүлін
ашады. Сосын сол бағдарламаға қарай өзіне тəн аңқыған исімен,
көзді тартар реңімен, балдай тəтті дəмімен құлпыра өскен жемісін
береді. Күн Алланың қойған бағдарламасына қарай арайлап атып,
алаулап батады. Сол бағдарламаға қарай сəулесін шашып, жылуын
төгеді. Жердегі судың бу боп көтеріліп, артынша бұлтқа айналып,
уақыты жеткенде жерге қайта жаңбыр боп жаууы, құрғақ
топырақтың, жалпы суға мұқтаждардың қажетіне жара- уы – Ұлы
Жаратушының арнайы бағдарламасына қарай жүзеге асады. Судағы
а ғ у , тастағы қаттылық, жердегі тартылыс заңдары – бұл
əрқайсысының өзіндік тағдыры. Құстардың ұшуы, балықтың жүзуі,
еліктің жүгіруі – бəрі- бəрі Ұлы Жаратушының əрқайсысына лайық
етіп қойған заңдары, арнайы тағдыры болмақ.
Құран Кəрімде: «Еш күмəнсіз біз барлық нəрсені арнайы
есеппен жараттық»97.
«...Барлық нəрсені жа- ратып,
əрқайсысына белгілі бір өлшем берді»98, - деп жалпы əлемдегі осы
арнайы есепке, тағдырға назарымыз- ды аударады.
Демек, Ұлы Жаратушымыз əр нəрсеге өзіндік тағдырын жазған.
Жаратылыстағы əрбір нəрсе сол тағдырдан, арнайы бағдарламадан
асып, жалпы жүйеден шығып кете алмайды. Əлемдегі бас
айналдырар мына теңдессіз сұлулық, ерекше жүйе алдын-ала
белгіленген арнайы жобаны, дəлме-дəл есепті, яғни, илəһи тағдырды
нұсқайды.
Жымыңдап, жарқыраған сансыз жұлдыз белгіленген өз межесінен
еш ауытқымай қозғалып, ғарышта жүзіп жүрсе, жан-жануар, өсімдік,
жалпы жаратылыс Алла Тағаланың жазған арнайы бағдарламасын
айна-қатесіз қайталап ғұмыр кешеді.
97
98
Қамар сүресі/49
Фурқан сүресі/2.
Адамға байланысты тағдыр
Адамға байланысты тағдыр мəселесі, задында, күрделі
болғандықтан кейбір адамдар қате түсінеді. Бəзбіреулер істеген
күнəларынан «Тағдырымда осылай болса, не істеймін?» деп ақталып
жатса, енді біреулер əр істеген ісімді өз қалауыммен істеймін, «олай
болса, тағдыр жоқ» деп шектен шығып жатады. Бұл екі пікірдің
біреуі астамдық болса, екіншісі нұқсандық. Орта жолды, дұрыс
тағдыр ұғымын түсіне алмаған.
Адам баласы басқа жаратылыстардан өзіндік ақыл- ойымен,
айрықша ерік-қалауымен екшеленгендіктен Оның тағдыры да
өзгеше.
Адамға байланысты тағдырдың екі жағы бар.
1. Адамның еркінен тыс жағы
Адамның еркінен тыс Алла Тағаланың қалауы, ар- найы белгілеуі
арқылы болатын құбылыстар осыған жа- тады. Мысал ретінде,
адамның ұлты, туылған жылы, жынысы, денінің сау, яки ауру болып
дүниеге келуі, бойының ұзын немесе қысқа болуы, зерек жəне əр
түрлі қабілеттерге ие болуы, басына жер сілкінісі, өрт секілді
пəлекеттердің келуі, жетім қалуы тəрізді қалауынан тыс болатын
нəрселерді айтуға болады. Адам баласы қалауынан тыс бұл істерден
ақыретте сұраққа тартылмай- ды. Бірақ тағдырдың жанында адамның
ерік-қалауының бар екенін де ұмытпағанымыз жөн. Мысалы, бір
адамның тағдырында жетім қалуы жазылғанмен, сол жетімдікке сабыр етіп, қиындықтарға мойымай адамдығын, арын т а з а ұстап,
сынақты жіберген Ұлы Жаратушысына бас иіп, имеуі – өз еркінде.
Ол жетім қалғандығы үшін сұраққа тартылмағанымен, өзінің қалауы
мен еркі арқылы іске асатын басқа істерден сұралмақ.
Алла белгілі бір адамға сəтін салып, барлық шарт- тарды
ыңғайлап, күні-түні жүгіріп істеген істеріне бе- рекет беріп, бай етті
делік. Яғни, Алла Тағала оның бай болуын қалап, тағдырына
байлықты жазды. Демек, Ұлы Иесі бұл құлына мына дүниеде
«байдың рөлін» беріп, байлықпен сынағысы келді. Бірақ бұл
байлықты жақсы жолда қолданып, жетімдердің басын сипап, кедейкепшікке қол ұшын беріп, Ұлы Иесіне шүкіршілік етуі не- месе
керісінше байлықтың буына мастанып, Жаратқанды ұмыт қалдырып,
тəкаппарлыққа бой алдыруы – бəрі-бəрі құлдың өз қолында, өз
еркінде. Құл екі жолдың біреуін өз қалауымен таңдап, жəннатқа яки
тозаққа қарай жол сала- ды.
Иə, пешенеге жазылған тағдырдың жанында адамға берілген
өзіндік ерік-қалау бар. Тағдырдың өзіне жүктеген рөлін дұрыс жолда,
салиқалы мағынада ойнап-ойнамауы əркімнің өз еншісінде.
2. Адамның қалауына байланысты жағы
Алла Тағала əу баста əр адамның қай жерде, қай уақытта не
істейтінін бастауы жоқ əзəли əрі шексіз ілімі арқылы білген. Өйткені
Алла үшін өткен шақ, осы шақ, келер шақ деген ұғым жоқ. Міне,
Ұлы Жаратушымыз сол білгенін адам үшін тағдыр етіп «ЛəухулМахфузға» жазған. Басқаша айтқанда, адамның қалауы – Алла
Тағаланың жазған тағдырында есепке алынған.
Адам баласы күнə немесе ізгі іс істеуге мəжбүр емес. Өйткені
адамда таңдау еркі бар. Мысалы, жолда кетіп бара жатып, түсіп
қалған ақшаны көрдік делік. Осы сəтте адамның таңдауына бірнеше
нұсқа келеді. Біз соның біреуін өз қалауымызбен таңдаймыз.
1. Ақшаны ақырын ғана қалтамызға сүңгітіп жіберіп, ол жерден
дереу қарамызды батырамыз.
2. Ақшаны алып, иесін тауып қайтарамыз.
Жоғарыдағы таңдаулардың қайсысын таңдасақ та өз еркімізбен,
дербес қалауымызбен іске асырамыз. Бірінші таңдауды істеп күнəға
батуымыз да, екіншісін таңдап сауапқа кенелуіміз де мүмкін.
Алла Тағала Құранда: «Оған (адамға) жақсылық жəне
жамандық жолдарын көрсетпедік пе?» «Кім жақсылық істесе
пайдасы өзіне, ал, кім жаманшылық істесе оның зияны да өзіне.
Раббың құлдарына ешқашан зұлымдық жасамайды»99, -деп
жақсы, жа- манды таңдаудағы адамға берілген ерікті білдіреді. Ақын
Майлықожа да осы ақиқатты мына жыр жолдарымен жеткізген:
«Алла берді екі жол Бірі оңда, бірі сол.
Ойланыңдар, бауырлар!
Дүние қысқа, ақырет мол».
Алла Тағаланың бұйрықтарын орындаған адам Жаратушының
салиқалы құлдарының тұғырына көтеріледі. Ал бұйрықтарына қарсы
шыққан пенде күнə- һар болады. Алла Тағала əу баста күнəһар жəне
салиқалы құл болудың жолдарын осылай тағайындап белгілеген.
Сондықтан кімде-кім осы екі жолдың қайсысын ұстанса, жазылған
нəтижесіне жетеді. Міне, осы құлдың қалауына қарай таңдалған
нəтиженің Алла Тағала тарапынан əу ба- стан білінуіне «тағдыр»
делінсе, білінген нəрсенің уақыты жеткен мезетте Алла Тағаланың
құдіретімен жүзеге асуы- на «қаза» делінеді.
Жоғарыда Ұлы Жаратушымыз əзəли ілімі арқылы біздің мына
дүниеде не істейтінімізді біліп, білгенін тағдыр етіп «ЛəухулМахфузға» жазған дедік. Демек, біз
бұл
дүниедегі
барлық
істерімізді Алла Тағала алдын
99
Фуссилат сүресі/46
ала білгені үшін істемейміз, керісінше, Алла Тағала не істейтінімізді
білгені үшін тағдырға жазған. Яғни, Алла Тағаланың біздің істейтін
ісімізді алдын ала білуі – бізді сол істі істеуге мəжбүр етпейді.
Мысалы, біз күннің шығу сағатын астрономия ғылымы арқылы
алдын ала біліп, күнтізбеге жазып қоямыз. Уақыты жеткен мезетте,
дəл сол минутта күн шығады. Ал енді осы күннің шығуы біздің
алдын ала есептеп білгеніміз үшін жүзеге асты ма? Жоқ, əлде сол
уақытта шығатын болғаны үшін біз білеміз бе?
Тағдырды сылтау ету дұрыс па?
Кейбір адамдар өз ерік, дербес таңдауларымен істеген
күнəларынан «тағдырымда осылай жазылып қ о й са , қайтем?!
Немесе тағдырымда ғибадат жасау болғанда ғибадат етер едім»
деп, тағдырды сылтау етіп ақталып жатады. Тағдырымен осылай
ақталып, əрбір жаман ісіне жазмышты сылтау еткен əлгі адамдар
өздерінің өмірде қолы жеткен кейбір жетістіктерімен «Мен істедім,
мен жасадым» деп көкірегін қағып мақтанып жатады. Ал, енді əрбір
ісін тағдырда жазылғаны үшін жүзеге асырып жатса, бұл
мақтануларын, паңдануларын қалай түсінуге болады? Тіпті, басқа бір
адам үйіне кіріп мал-мүлкін ұрлап кетсе, сот алдында «Бұл байғұс
тағдырында ұрлау болған соң мəжбүрлікпен ұрлаған ғой», – деп
ұрыны ақтау
– əлгі əрбір жаман ісін тағдырға сілтеушінің үш ұйықтаса түсіне де
кірмейді. Тағдырды себепші етіп көрсеткен ешбір адам кішкентай
баласын қылқындырып өлтірейін деп жатқан адамды көріп: «Бұл
кісінің тағдырында менің баламды өлтіру жазылған екен, қаласа да,
қаламаса да баламды өлтіреді» деп баласын айналып өте
шықпайды. Демек, мұның бəрі ғибадаттан қашу үшін көрсетілген
арзан сылтау мен күнəлардан оп-оңай ақталу үшін шай-
тан «ұстаздың» үйреткен қисық жолы ғана. Əйтпесе, тағдырдың
жазмышына мəжбүр болғандықтан емес. Өйткені адам əрбір ісін өз
қалауымен істейді. Жəне ертең тағдырында не бар екенінің ол үшін
көмескі, беймəлім екенін ескерсек, «Тағдырымда болса қайтем?» деу
– іші қуыс салмақсыз əшейін сылдыр сөз ғана. Егер адамдардың бəрі
əрбір істерін ежелден Алла Тағала та- рапынан жазылған
тағдырларына мəжбүр болғандықтан атқаратын болса, Ұлы
Жаратушымыздың пенделеріне пайғамбар жіберіп, кітап түсіруінің,
адамдарды тозақпен ескертіп, жəннатпен сүйіншілеуінің ешқандай
мағынасы қалмас еді.
Тағдырдан тағдырға қашып барамын...
Бір кездері Омар (р.а.) Мəдина қаласындағы бірнеше сахабаны
жанына ертіп Шамды бақылап, тексеру үшін ж о л ғ а шығады.
Шамның сол кездегі бастығы Əбу Убəйда ибну Жəррах Омар (р.а.)
мен жанындағы жолдастарын қаланың сыртынан күтіп алады. Əбу
Убəйда Омарға (р.а.) Шамда оба ауруының етек алғанын жеткізеді.
Ха- барды естір-естімес хазреті Омар жанындағы сахабалар- мен
ақылдасады. Сахабалардың кейбіреуі: «Осы жер- ге дейін келдік
қой, Аллаға тəуекел етіп қалаға кіріп, жұмысымызды бітіріп
кетейік», - десе, енді біреулері:
«Кері қайтайық», - деген ойларын ортаға салады. Хазіреті Омар да
осы кері қайтайық деушілерге қосылады. Сонда Əбу Убəйда:
– Уа, Омар Алланың тағдырынан қашқаның ба?- дейді.
Омар (р.а.):
–«Бұл сөзді сенен басқа біреу айтқанда ғой! Иə, Əбу Убайда, Мен
Алланың тағдырынан оның басқа
бір тағдырына қашып бара жатырмын», - деп жауап қатады. Сосын
түсінікті етіп ойын ашпақ ниетпен:
–Уа, Əбу Убəйда, сенің түйелерің бар делік. Мына жердің бір жағы
жасыл-желек, балғын шөп, ал екінші жағы құрғақ, сусыз тап-тақыр
жер делік. Сен егер түйелеріңді жасыл желек, балғын шөпке жайсаң
Алланың тағдырымен жайған боласың. Ал егер, керісінше, құрғақ
жерге жаяр болсаң Алланың тағдырымен жайған болмайсың ба?
Бұл əңгімеге кейіннен қосылған Абдуррахман ибн Ауф былай
дейді:
–Уа, Омар, менің бұл турасында мағлұматым б а р . Бұл мəселеге
байланысты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) мы- нандай хадис естідім.
Пайғамбарымыз былай деді:
«Бір жерде оба ауруының бар екенінен хабар- дар болсаңдар, о л жерге бармаңдар, ал егер с о л жерде
болсаңдар сыртқа шықпаңдар».
Омар (р.а.) бұл хадисті естігеннен кейін қатты қуанады. Пікірінің
дұрыс шыққаны үшін Алла Тағалаға шүкір етеді.
Тəуекел
Тəуекел сөзі «сенім арту, істі біреуге тапсыру» де- ген
мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы:
«Белгілі бір мақсатқа, нəтижеге қол жеткізу үшін қажетті
заттық жəне рухани барлық себеп- салдарларды орындағаннан кейін
нəтижесін Аллаға тап- сыру, күту» дегенге саяды.
Мысалы, диқан уақыты келгенде жерін жыр- тып, тұқымын
сеуіп, сосын суарып, содан соң арам шөптерін жұлып, қажет болса
түбін қопсытып, керекті тыңайтқыш дəрілерін шашқаннан кейін
жақсы өнім беруін Ұлы Жаратушыдан тілеп, еңбегінің нəтижесін
Одан күтуі, құдіретіне сенім артып, тапсыруы Ислам
құптаған тəуекелге жатады. Бұлардың ешқайсысын орын- дамай
жатып «тағдырымда не болса, сол болады» деп қол қусырып қарап
жату – тəуекел емес, жалқаулықтың дəл өзі. «Атыңды арқандап,
тұсаулағаннан кейін ғана Жаратқанға тəуекел ет» деген атам
қазақтың мақалы – дəл Исламдағы осы тəуекел түсінігіне сай
айтылған. Тіпті бұл мақал пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінен
алынған. Тəуекел – мұсылмандардың тағдырға деген бекем
сенімдерінің табиғи нəтижесі. Тəуекел еткен адам – Ұлы
Жаратушысына ешбір шартсыз бас иіп, тағдырына, өзіне берілген
үлесіне риза болған иманды жан. Тағдырға иман етіп, тəуекелге бел
байлау – жалқаулық етіп, ай қарап, жұлдыз санау емес, керісінше,
бар күшіңді салып, бар мүмкіншіліктеріңді қолданғаннан кейін
нəтижесін Жара- тушыдан күту. Себебі, Алла Тағала əрбір істің
нəтижесіне жету үшін белгілі себептер мен заңдар жаратқан. Яғни,
бидай екпей, егін өспейді, ауру емделмей, жазылмайды. Игі істер
істеп, күнəлардан аулақ болмайынша, Алланың ризашылығы да
болмайды, жəннат та қашық. Олай болса, тəуекел – еңбек етіп, тер
төгіп, барлық керекті себептерді
орындағаннан
кейін
нəтижесін
Аллаға тапсырып,
Жаратқанның берген үлесіне риза болу, бас ию.
Алла Тағала Құранда: «...Шешіміңді қабылдағаннан кейін
Аллаға тəуекел ет. Еш күмəнсіз Алла Тағала тəуекел еткендерді
жақсы көреді», - деп мүминдердің басқа біреуге емес, тек Өзіне ғана
сенім артып, бас июлерін бұйырады.
Рызық
Рызық сөздікте: «Азық, жейтін, ішетін, жал- пы
пайдаланатын нəрсе» деген мағыналарды білдірсе, шариғаттық
терминде: Ұлы Жаратушының жан иелеріне жеп-ішу, пайдалану үшін
берген несібеге айтылады.
Барлық жан иелерінің рызығын беруші тек қана Алла Тағала.
Құранда: «Жер басып жүретін барлық жан иелерінің рызығын
беру тек қана Алла Тағалаға тəн»100.
«...Қалаған жан иесінің рызығын кеңейтіп, қалағанікін
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 10
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.