Latin Common Turkic

Имани гүл - 07

Süzlärneñ gomumi sanı 3773
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Шабан Дөген, Мұсылман білім өнжиллери ансаклапедиясы, 51-бет. Стамбул.
Жердің айналу бағыты
«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың.
Ал олар болса, бұлттардың көшуі тəріздес жылжуда»51.
Алла Тағаланың адамдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін
шырақ қылып түсірген қасиетті Құранның бұл аятында Жердің тек
айналуы ғана емес, сонымен қатар оның айналу бағыты да айтылып
кеткен. Қазіргі заман ғылымының қол жеткізген жаңалықтарының
бірі – 3500- 4000 м биіктіктегі негізгі бұлт жиындарының қозғалыс
бағыты əрқашан батыстан шығысқа қарай болатыны. Ауа - райын
болжау үшін көбінесе батыстағы жағдайға назар аударылуының
себебі де содан.
Ал, бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай қозғалуының
негізгі себебі – Жердің айналу бағыты. Өйткені жер батыстан
шығысқа қарай айналатыны белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл
ғылыми ақиқат бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып
қойғаны керемет емей немене?
Теңіздердің бір-біріне араласпауы
Зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне бай- ланысты
соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі Құранның «Рахман»
сүресінде былайша баяндалады:
«Алла Тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады,
бірақ
араларында
перде
болғандықтан
бір
бірімен
араласпайды»52.
И ə , бір-бірімен қ а б ы с ы п ж а т с а да, сулары араласпайтын
теңіздердің жоғарғы аятта айтылған
51
52
Нəміл сүресі/88.
Рахман сүресі/19-20 аят.
ерекшелігі жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапы- нан Жерорта
теңізі мен Атлант мұхитының қабысқан жерінен табылды. Ғасырлар
бойы бір-бірімен түйісіп тұрған теңіз суларының тығыздықтарының
əр түрлі бо- луы – екі теңіздің суларын бір-біріне араластырмай ортада көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.
Шынымен-ақ, физика ғылымы, су асты зерттеулері, тығыздық
өлшемі сияқты нəрселер əлі адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін
дəуірде Құранның бұл ғылыми ақиқатты дөп басып баяндауы
ойланған адамға көп нəрсенің бетін ашары сөзсіз.
Таулардың қозғалуы
Құранның бір аятында табиғаттың əсем де асқақ ажы- рамас бөлігі
– таулардың əрдайым қозғалыста болатыны турасында былай
делінген: «Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап
қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі тəріздес жылжуда»53.
Таулардың бұл қозғалысы жер қабығының қозғалысына
байланысты болады. Жер қабығы болса, мантияның үстінде үнемі
қалқып жүреді. Ең алғаш ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы
Алфред Вегенер жер бетіндегі құрлықтардың бастапқыда біртұтас
болғаны, кейіннен түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені
туралы тұжырымды ортаға салған болатын.
Алайда, геологтар Вегенердің айтқандарының тек тұжырым ғана
емес, ғылыми ақиқат екендігіне оның өлімінен 50 жылдан кейін ғана,
яғни 1980 жылдары ғана көздері жетеді. Ал, бұл ақиқат Вегенерден
де пəленбай ғасыр бұрын бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы –
Құранда айтылып кеткен еді.
53
Нəміл сүресі/88.
Вегенердің 1915 ж. жарияланған мақаласында мына деректер
келтірілген еді: «Жер бетіндегі құрлықтар ша- мамен 500 миллион
жыл бұрын біртұтас болған, Пангаэя атты бұл үлкен құрлық оңтүстік
полюсте орналасқан. Ша- мамен 180 миллион жыл бұрын Пангаэя
екіге бөлінеді. Екі бағытқа қарай жылжып отырған бұл екі
құрлықтың бірі – Африка, Австралия, Антарктикада жəне Үндістанды
қамтыған Гондвана, ал, екіншісі – Еуропа, Солтүстік Аме- рика жəне
Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия бола- тын.
Осылайша, Пангаэяның бөлінуі нəтижесінде пай- да болған бұл
құрлықтар үздіксіз түрде жылда бірнеше сантиметрлік
жылдамдықпен жылжып отырады».
Бұл жерде айта кететін тағы бір маңызды нəрсе – Құран аятында
таулардың қозғалысына байланысты
«жылжу» сөзінің қолданылуы. Қазіргі ғалымдардың бүгінгі таңда
осы таулардың қозғалысы туралы пайдала- нып жүрген термині
ағылшын тілінде «continental drift», яғни «құрлықтық жылжу».
Адам баласының дүниеге келуі
Адам өміріне ақиқат нұрын шашқан қасиетті Құранда пендені
иманға жетелеу үшін алуан түрлі дəлелдер келтіріледі. Адам көзін
ақиқатқа ашу үшін Жаратушы иеміз бірде көкті, бірде жерді, бірде
өсімдіктерді, енді бірде жануарларды тілге тиек етіп, олардың
жаратылысындағы ғажайып сырларды ашып салады.
Сондай-ақ, Құранның көптеген аяттарында адам баласының
дүниеге қалай келетіні, Алланың құдіретімен ана құрсағында жатып
қандай даму кезеңдерінен өтетіні туралы жиі-жиі сыр шертіледі.
Мысалы «Мүминун» сүресінде:
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық.
Сосын оны шəуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге
(жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға
(жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын, оны мудғаға (бір тістем
ет көрінісіндегі жаратылысқа), сосын мудғаны сүйектерге
айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, со- сын, оны
басқа бір жаратылыс жасадық. Алла ең ке- ремет Жаратушы»54 –
делінеді. Осы сияқты мұғжизаға толы аяттар Құранда көптеп
кездеседі. Мұндай аяттар- да 7-ші ғасырда адамдардың білуі мүмкін
емес болған ғылыми детальдар жатқанын байқау қиынға соқпайды.
Мысал бере кетсек:
1. Адам шəует сұйығының түгелінен емес, тек бір кішкене
бөлігінен, яғни аталық клеткадан (спермадан) жаратылатыны,
2. Сəбидің жынысын – аталық ұрық айқындайтыны,
3. Эмбрионның ана құрсағына сүліктей боп жабысып тұратыны,
4. Сəби ана құрсағында 3 қараңғы кеңістік ішінде өсетіні, т.б.
Бұл детальдар 20 ғасырда ғылым мен технологияның шарықтау
шегінде ғана айқындалғандығы – адамды Құранға жəне оны түсіруші
Аллаға жақындата түспеуі мүмкін емес, сірə. Енді осыларға
тереңірек тоқтала кетелік.
Шəуеттің бір тамшысы
Аталық клеткалар аналық клеткаға жеткенге дейін бірталай сапар
шегетіні белгілі. Бұл сапардың соңында, 250 миллион аталық
клетканың тек мың шамасындайы
54
Муминун сүресі/12-14.
ғана аналық клеткаға жетіп, оның ішінде тек біреуі ғана тұз
ұсағының жартысындай ғана аналық клеткаға кіреді. Яғни, адамның
негізі – шəуеттің түгелі емес, оның тек бір кішкентай бөлшегі ғана.
Құранда бұл ақиқат былайша баян етіледі: «Адам баласы өзін (еш
сұрақ алынбастан) басы бос қоя берілемін деп ойлай ма? Ол (əу
баста) тамызылған бір тамшы шəует емес пе еді?»
Шəуеттегі қоспа сұйықтар
Шəует сұйығы – тек аталық клеткалардан ғана тұрмайтынын
ғылым дəлелдеп отыр. Керісінше, ол бір-бірінен бөлек əр түрлі
сұйықтардың қоспасынан тұрады. Бұл сұйықтар аталық клетканың
қажет ететін энергияны тасу, аналық клетканың кіре берісіндегі
түрлі қышқылдарды нейтралдау, аталық клетканың қозғалысына
қажет тайғақ ортаны ыңғайлау сияқты қызметтері бар.
Ақиқат айнасы – Құранда шəуетті қоспа сұйық деп бейнелеп,
енді-енді ашылып жатқан ғылыми детальдарға ишарат жасап
тұрғаны таңдай қақтырады. «Біз адамды əр түрлі аралас қоспа
шəуеттен жараттық...»55.
Сəбидің жынысы
Адамдар көпке дейін сəбидің жынысы аналық клет- калар
тарапынан айқындалады деп есептеп келген. Алай- да, VII ғасырда
түскен Құран Кəрімде бұл мəселе тура- лы басқаша мағлұмат беріліп,
сəбидің жынысы құрсаққа құйылған аталық сперматозоидтан
жаратылғаны айты- лады: «Ол (Алла Тағала) еркек пен ұрғашы
жұбын ытқып шыққан ер кісінің шəуетінен жаратты»56.
55
56
Инсан сүресі/2.
Нəжім сүресі/45-46.
Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетика мен
микробиология ғылымдарының дамуы нəтижесінде дəлелденіп отыр.
Жыныс еркектен келетін аталық клет- ка тарапынан айқындалады, ал
əйел ағзасы бұл жерде ешқандай рөл ойнамайды.
Жыныс – адам ағзасындағы хромосомаларға бай- ланысты.
Ағзадағы барлығы 46 хромосоманың екеуі – жыныс хромосомалары
деп аталады. Бұл екі хромосома еркектерде ХУ, əйелдерде ХХ
ретінде белгіленеді. У хро- мосомасы еркектік, ал, Х хромосомасы
əйелдік гендерді тасиды.
Адам
баласының
түзілуі

жұптала
жүретін
осы
хромосомалардың еркек пен əйелдің бір-бір жұптарының бірігуі
арқылы іске асады. Əйелдегі бұл жұптың е кеу і де Х болса,
еркектерде біреуі Х, екіншісі У болады. Демек, жаңа жаратылған
сəбидің ұл болуы – ана ағзасындағы Х хромосомасымен аталық
клеткадағы У хромасомасының, ал қыз болуы Х хромосомасымен
бірігуі нəтижесінде пай- да болады.
Құрсаққа ілініп тұратын ет
Құран дариясына сүңги түссек, ана құрсағындағы сəбидің даму
кезеңдері туралы əлі көптеген деректерге қанығамыз.
Аталық клетка мен аналық клетканың бірігуі арқылы құралатын
зигота атты жалғыз клетка сол арада бөлініп, өсе бастайды да, бір
түйір етке ұқсайды. Алайда, зиготаның бұлайша өсуі бос алаңда
мүмкін болмағандықтан, ол ана құрсағына жабысып, ілініп тұрады.
Осылайша өзінің өсуі үшін қажетті қоректі ана ағзасынан емуіне де
мүмкіндік туады. Талайды таң қалдырған бұл ақиқат Құран аятын- да
былайша баяндалады: «Сені жаратқан Раббыңның
атымен оқы! Ол адамды жабысқақ нəрседен (жатырға жабысқан
клеткадан57) жаратты»58.
«Əлақ» сөзі араб тілінде – ұйыған қан жəне бір жерге жабысып,
ілініп тұрған нəрсе деген мағынаны білдіреді.
Сүйектердің бұлшық етпен қапталуы
Құранның тағы бір баға жетпес мұғжизаға толы аяты ана
құрсағындағы сəбидің өсу кезеңдеріне тоқтала келе, алдымен
сүйектер бітіп, кейін сол сүйектерді бұлшық ет- тер қаптайтыны
туралы былайша сыр шертеді: «Расын- да, біз адамды нағыз
(сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны шəуеттің бір
тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол
тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны
мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны
сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық,
сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла – ең керемет
Жаратушы»59.
Ана құрсағындағы сəбидің өсіп-жетілуін зерттейтін эмбриология
ғылымы – көпке дейін сүйектер мен бұлшық еттер бірге құралады
деген қате тұжырымда болып кел- ген еді. Тек технологияның дамуы
нəтижесінде ақиқат айғақтарына қол жеткізіліп отыр.
14 ғасыр бұрын, яғни ғылымның дамымаған, микро- скоп, УЗИ
сияқты құралдардың жоқ кезінде құрсақтағы сəбидің өсіп-жетілу,
даму кезеңдерін дөп басып, бүге- шігесіне дейін дəлмедəл айтып
кеткен Құранның жаңалықтарын соңғы технологиялардың көмегімен
енді
Негізінде жалпы тəпсіршілер «алақ» сөзін ұйыған қан пішінінде көрінетін
ұрықтандырылған клетканы айтады. Бірақ кейбір кейінгі тəпсіршілер алақ сөзін
жоғарыда айтылған жабысқан клетка мағынасына да келетінін айтады.
58 Алақ сүресі/1-3.
59 Муминун сүресі/12-14.
57
ғана тапқан қазіргі эмбриология ғылымы Құранға еріксіз таң қалса,
ар-ожданы ояу жандар: «Бұл кітап Алланың шынайы сөзі» деп иман
келтіруде.
Биікке көтерілген сайын кеуденің
қысылуы
Адам баласының өмір сүруі үшін оттегінің мəні айт- паса да
белгілі. Біздің дем алуымыз – ауадағы оттегінің өкпемізге кіруін
қамтамасыз етеді. Ал, биіктеген са- йын жер шарының атмосферасы
жұқара түсетіндіктен, атмосфераның қысымы мен қан айналымына
түсетін оттегінің мөлшері азая түседі. Яғни, дем алу қиындай түседі
де, өкпе қысылады. Белгілі бір биіктіктен кейін адам баласы дем ала
алмайды. Теңіз деңгейінен 5000-7500 метр биіктіктегі адам дем
алудың қиындығынан талып та қалады. Осы жоғарыға көтерілген
сайын оттегінің азая түсетінін қазіргі ғылым соңғы ғасырларда тауып
отыр- са, Құран 1400 жыл бұрын былай деп дөп басып айтып кеткен:
«Алла кімді тура жолға салғысы келсе, оның көкірегін Исламға
ашады. Ал кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін бейне бір
көкке көтеріліп бара жатқандай қысады»60.
Пайғамбарымыздың (с .а .у .) ұшақ жасап, биікте көтеріліп
ұшпағанын жəне өмір сүрген М е к ке , Мəдинаның төңірегінде
төбесіне шыққан адамның кеудесі қысылатындай биік таулардың
жоқтығын ескер- сек, бұл ақиқатты жеткізген Мұхаммедтің (с.а.у.)
шына- йы пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының алдында
қалайша бас имессің?!
60
Əнғам сүресі/125.
Жаңбырдағы өлшем
Құран Кəрімде жаңбырдың белгілі бір мөлшерде жауатыны
туралы былай делінген: «Алла Тағала көктен белгілі бір
мөлшермен су жіберуде. Біз онымен өлі бір өлкеге жан беріп,
құлпырттық. Міне, сендер де осылай қайта тірілесіңдер»61.
Жаңбырға байланысты айтылған бұл мөлшер де технология мен
ғылымның дамыған біздің заманымыз- да т а б ы л ы п отыр.
Зерттеулердің нəтижесі бойынша, жер бетінен секундына 16
миллион тонна су буланып ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505
триллионды құрайды. Дəл осы мөлшер бір жылда жер бетіне жауатын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады. Яғни, су
əрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып тұрады. Егер бұл тепетеңдікте өзгеріс туа қалса, əлемде үлкен экологиялық ауытқулар
белең алып, тіршіліктің тоқтауына əкеліп соғу да бек мүмкін.
Жаңбырдағы мұндай аса бір шебер өлшем тек оның мөлшерінде
ғана емес, сонымен қатар жерге түсу жылдамдығында да байқалады.
Жаңбыр бұлттары ең аз дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де
үлкендігі мен салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай
биіктіктен құласа, жерге 558 км/сағ жылдамдықпен келіп түсер еді.
Алайда, жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған мұрсат
бермейді. Жаңбыр бұлттары қандай биіктікте болса да,
тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы орташа алғанда 8-10
км/сағ-дан аспайды62.
• Атақты батыс-шығыс ғалымдарының Құранға таң қалып, оның Илəһи
кітап екендігін мойындап, рас- т а у ы ойланғанға ғибрат. Мысалға: C.
Харт: Құранның
61
62
Зухруф сүресі/11.
Адем Якуп, Куран мужизелері. Несил Матбажылык, 2003 ж.
Алла тарапынан Пайғамбарымызға (с .а .у .) уахи
арқылы
жіберілгендігін, Жан Поуль Роул: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең үлкен
мұғжизасының періште арқылы жіберіл- ген Құран Кəрім екендігін,
Виктор Имбердес: Құранның бүтін заң негіздеріне қайнар көзі бола
алатындай бай кітап екендігін, Доктор М. Букайле: Құранның
көптеген ғылыми жетістіктердің негізін қамтығандығын толық
зерттеп жəне ондағы басқа да ақиқаттарға тəнті болып, мұсылман
болғандығын, Родвел: Құранды оқыған сайын таң қалатындығын
айтса, Гете: Бұл кітап (Құран) мəңгілік күш – қуаттың қайнар көзі
болып қала бермек, Капитан Кусто: «Қазіргі ғылымды он төрт ғасыр
артқа тастаған Құранға ант етейін, ол – Алланың хақ сөзі» деген.
Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта
жалған болмас», – деп Құранның хақ екендігін білдірген.
АҚЫРЕТКЕ ИМАН
«Біз сендерді бостан-босқа жараттық əрі өздерің де
Бізге кері қайтарылмаймыз
деп ойлап қалдыңдар ма?»
«Əл-Муминун» сүресі
«Адам баласы ұйқыда, өлгенде ғана оянады»
Хазіреті Əли
АҚЫРЕТКЕ ИМАН
Өлгеннен кейін қайта тірілу, мəңгілік өмірдің барлығы – Исламда,
тіпті, жалпы барлық діндерде негізгі сенімдердің бірі. Иə, мəңгілік
өмірге құштар боп, шексіз өмірді аңсап-армандап зыр жүгірген адам
баласының тулаған жүрегі мен мазаланған көкірегі өлгеннен кейін
қайта тірілу сенімі арқылы ғана жай тауып, санасын шырмаған
күрделі сауалдардың жауабына сол кезде ғана қол жеткізеді.
Ұлы Жаратушының адам баласының екі дүние бақыты үшін
түсірген ақырғы кітабы – Құран Кəрімнің өлгеннен кейін қайта тірілу
тақырыбын жалпы кітаптың шамамен үштен бірінде сөз қозғауы бұл
сенімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек. Ақыреттің
болатыны еш күмəнсіз хақ. Бір ақынның:
«Əлемдегі діндердің түп мақсұты Үш нəрседе
бұлжымай құшақтасар:
Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар», – деп жырлағанындай
тарихқа қарасақ, жалпы адам баласының бір пікірде тоғысқан
мəселесі – осы ақыретке деген сенім. Адам Атадан бастап жер бетіне
келіп-кеткен барлық пайғамбарлар Ұлы Жаратушының барлығы мен
ақыреттің еш күмəнсіз хақ екендігін жар салса, жүрегі нұрланған
күллі ғалымдар мен ұлы ойшылдар бұл сенімге бекем иланып, мына
жалған уақытша өмірлерінің ағысын сол бір мəңгі өмірге қарай
реттеп, бағыт түзеп ғұмыр кеш- кен. Міне, осы ұлан-асыр тарих пен
осыншама зəңгір
тұлғалардың ақырет турасында бір пікірге келісуі – ақыреттің хақ
екендігін білдіретін басқа дəлелелдерге жүгінуді қажет етпейтіндей
қуатты дəлел. Себебі, бес өтірікші адам бірінен кейін бірі келіп,
орманды өрт ша- лыпты десе, «бұлардың айтқаны рас боп қалар»
деген ойда қаламыз. Бұл сан бес емес, онға жетсе, жеткізген
хабарларына сене бастаймыз. Ал, енді өтірік айту ауруы- нан пəк жер
бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарлар мен жалған сөйлеуді ар
санайтын сансыз əулие, ғұламалардың барлығы ақыреттің бар екенін
ескертіп, өздері де айтқан сөздерін ораза, намаз сияқты ғибадаттары
мен жалпы іс- əрекеттері арқылы қуаттап жатса, ақыреттің бар
екендігіне күмəн келтіру орынсыз болмақ.
Бірақ соңғы ғасырларда мына материалдық дүниенің қыспағы
мен қараңғы қапасында қалып, тұншыққан са- намызда өлімнен
кейін қайта тірілу сенімі азды-көпті əлсіздікке ұшырағаны рас. «О
дүниеге біреу барып келіп пе?» немесе «ақыреттің болатынына кім
кепіл?» деген- дей сұрақтарды мұртынан күліп қойып жататындардың
да ел ішінен табылуы осының айғағы.
Ондай адамдардың көбі күнделікті əдет еткен нəпсісіне ұнайтын
күнə істерді тастағысы келмегендіктен жəне ораза, намаз сияқты
ғибадаттарды орындауға ерінгендіктен қайта тірілудің болатындығын
білдіретін сансыз дəлелдерге көз жұмып қарайды. Өйткені он- дай
адам адал-арам демей рахаттануды, жақсы-жаман деп талғамай
нəпсісін қанағаттандыруды қалайды. Ал қайта тіріліп, істеген барлық
ісіне есеп беру сенімі оның осы рахатына бөгет болып, кедергі
жасайтындықтан, оны жоққа шығару мұндай адам үшін əлде қайда
жеңіл. Сөйтіп, соқырға айналған ақылы тізгінін нəпсісінің қолына
ұстатып, ақыретті жоққа шығару үшін сан қилы дəлел іздеп, адасқан
сайын адаса түседі. Құранда: «Есеп
күнін тек шектен шығушы əрі күнəһар адамдар ғана жалғанға
шығарып, сенуден бас тартады»63 – делінеді. Ойын-сауық қуып
жүріп уақытын босқа өткізіп, ұстазы берген тапсырмаға салғырт
қарап емтиханға
дайындалмаған
оқушы психологиялық тұрғыдан
емтиханның болғанын қаламайды. Ұстазының аурып қалуын яки
басқа бір себеппен келмей қалуын іштей
қатты қалайды.
Міне, тура осы сияқты мына дүниедегі көл-көсір уақытын босқа
өткізіп, Раббысы міндеттеген тапсырма- ларын орындамай күнəға
белшесінен батқан пенде де ақыреттің болуын іштей қаламайды.
Өйткені ол ақыретте болатын есеп күніне дайындала алмаған. Ал
ақыреттің болуын іштей қаламаған мұндай жан қайта тірілуге байланысты көз алдындағы сансыз дəлелдерді көре алмайды. Тіпті ол
турасында ойлағысы да келмейді.
Ақыретте болатын есеп күніне салихалы амал, сауап- ты іс істеп
əзірлене алмаған адам тозақты былай қойғанда, жұмақтың өзін іштей
қаламайды. Тіпті басқа ізгі іс істеген жандардың кіруіне де қызғаныш
көзімен қарағандықтан, жұмақтың, жалпы қайта тірілудің болуына
қарсы шығады. Мұндай психологиядағы адам жүйелі түрде тепетеңдік сақтап салмақты ойлауды жоғалтқандықтан, əрдайым қайта
тірілуді жоққа шығаруға тараптар əрі бейім тұрады. Ал бейім болған
жан қайта тірілуді жоққа шығаруға байланысты атеистердің
келтірген əлсіз, күмəнді, түкке тұрмайтын дəлелдерін қуатты, айқын
дəлел санап өзін- өзі алдай береді. Бейне бір басын ғана құмға сұғып
өзін дұшпанынан жасырдым деп ойлаған ақымақ түйеқұстың кейпіне
енеді. Мұндай адамдар мына дүниеде жасаған күнəларының есебін
беруден қашқандықтан, қайта
63
əл-Мутаффифун сүресі/12.
тірілуді жоққа шығару үшін сан-қилы сылтау айтып өз- өзін
жұбатады.
Құранда: «Оларға есеп күніне байланысты аят- тарымыз
оқылған уақытта: «Бұлар бұрынғылардың аңызы ғой» деп өте
шығады»64 – деп, кəпірлерге ақыреттің болатындығын білдіретін
дəлелдер айтылған кезде ақырет есебін қаламағандықтан, барынша
елемеуге тырысатындығы баяндалады.
Өлілерді қайта тірілту құдіреті шексіз Алла үшін
қиын емес
Еш шаршамастан жеті қабат аспанды жаратып, оны ғасырлар
бойы еш ақау-кемшіліксіз басқарып тұрған Жаппар иеміз Алла
Тағаланың адамдарды өлгеннен кейін де қайта тірілтуге құдіреті
толық жетеді. Құранда: «Күллі Аспан əлемі мен жерді жаратқан əрі
оларды жаратқан уақытта еш шаршап-шалдықпаған Алланың,
өлілерді қайта тірілтуге құдіретінің толық жететінін (Ақыретке
сенбейтіндер) көрмейді ме? Иə, Ол əр нəрсеге толық құдіретті»65,
– делінген. Басқа бір аятта: «Көк əлемі мен жерді жаратқан
Алланың олардың ұқсасын жаратуға құдіреті толық жетеді емес
пе? Əрине, толық жетеді. Ол – (əр нəрсені) толық білетін
жаратушы»,66 – делінсе,
«Назиғат» сүресінің 27-аятында: «(Ей қайта тірілуге сенбейтіндер!
Ойланып ақылға салыңдар!) Сендерді қайтадан жарату қиын
ба? Жоқ əлде аспанды ма? (көз салып, қараңдаршы) Алла аспан
əлемін қалай мықты етіп жаратқан», – деп төбеміздегі мына бас
айналдырар таңғажайып үйлесімді жүйемен əрі дəлме-дəл есеппен
істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ аспан əлемін, жымыңдаған
əл-Мутаффифун сүресі/13.
Ахқаф/33
66
Иасин сүресі
64
66
жұлдыздарды жаратқан Алла Тағала үшін өлгеннен кейін адам
баласын қайта тірілтудің еш қиын еместігіне наза- рымызды
аударады. Иə, осыншама миллиардтаған га- лактикалар мен ондағы
сансыз жұлдыздарды жаратып, оларды бір-бірімен қақтығыстырмай,
белгілі бір жүйемен ғасырлар бойы ұстап тұрған Құдіреттінің,
əлбетте, адам баласын қайта тірілтіп, жан беруге құдіреті толық
жетеді.
Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?
Ей, Адам!
Шірігенді кім тірілтер деп адаспа! Тірілтеді, Кім
жаратса оны əу баста!
Қайта тірілуге сенбейтін бұрынғы адам- дар мен қазіргі
кейбір замандастарымыздың бұл тұрғыдағы күмəндары мен
келтіретін дəлелдерінде еш айырмашылық жоқ. Өйткені бəрінің
қайта тірілуге деген көзқарасы біреу – «шіріп кеткен сүйекті кім
тірілтеді?». Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дəуірінде де өлгеннен кейін
қайта тірілуге сенбейтіндер болатын. Бір күні Убай ибн Халаф Алла
елшісінің жанына келіп, қолындағы шіріп кеткен бір сүйекті ұстап
тұрып келеке еткен сыңаймен былай деді:
– Алла Тағала мына сүйекке жан беріп, қайта тірілтеді, солай ма?
Алла Расулы (с.а.у.):
– Əрине, оған жан беріп тірілтеді, əрі сені тозағына салады, – деп жауап
берді.
Осы оқиғаға байланысты «Ясин» сүресінің төмендегі аяттары
түсті: «Адам баласы біздің оларды бір тамшы судан
жаратқанымызды көрмей ме? Сөйте тұра ол бізге ашық дұшпан
болды. (бір тамшы судан) Қалай жаратылғанын ұмытып, бізге
былай деп мысал
келтірді: «Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» Оларға:
«Оларды əу баста кім жаратса, қайтадан тірілтетін де Сол жəне
де Ол барлық жаратылысты толық біледі де», – деп кеше мен
бүгіннің адамдарының қайта тірілуді жоққа шығару барысында
келтірген дəлелдері мен күмəндарына назарымызды аударып,
олардың келтірген айғақтарының түкке тұрғысыз екенін көрсетеді.
Осыдан бір ғасыр бұрын жер бетінде қайсымыз бар едік? Бəріміз
жоқ емес пе едік? Солай бола тұра адам баласы өзінің бір тамшы
судан жаратылғанын ұмытып, өзін жоқтан жаратқан Раббысының
қайта тірілтетініне күмəндана қарап, өзінше даңдайсып «шіріген
сүйектерді кім тірілтеді?» – деп мысал келтіреді. Иə, өзін жоқтан
жаратқан Аллаға иман келтіре отырып, қайта тірілтетін құдіретіне
күмəн келтіретіндердің ойы мүлде түсініксіз, дəлелі тіпті қисынсыз,
ақылға теріс.
Қол сағатты алғаш тауып, жасаған шебер адам бізге:
«Мына сағатты қазір бұзып, қайтадан жасауға ілімім əрі қабілетім
толық жетеді» десе, еш күмəнсіз сенер едік. Ал, енді біздерді жоқтан
тіршілік бетіне шығарған Ұлы Жаратушымыздың бізді өлтіргеннен
кейін қайта тірілтетініне күмəндана қарап, шексіз құдіретіне шүбə
келтіру орынды ма?
Рухымыз
Адам баласы – тəн мен жаннан жаратылған ғажайып, сиқырлы
дүние. Оның материалдық тəнінің жанында ру- хани жағы, яғни,
жаны бар екені еш талассыз шындық. Егер адам баласы ет, сүйек, қан
сияқты нəрселерден тұратын тек қана материалдық бір жаратылыс
болатын болса, ғылымның шарықтап дамыған осы заманда керемет
соңғы үлгідегі құралдар арқылы ажалы жеткен жандардың
өліміне араша түсіп құтқарып қалмас па едік?! Алайда та- рихта осы
дүниеде мəңгілікке қол жеткізген ешбір тұлға жоқ. Жеткізуі де мүмкін
емес. Өйткені тəнімізді басқарып
тұрған
жанымыз Ұлы
Жаратушымыздың əмірімен тəннен шыққаннан кейін оны қайта
əкеліп қосуға ғылымның да, басқаның да шамасы жетпек емес.
Иə, денеде рухтың бар екендігіне қарсы дау айтар ешкім жоқ.
Сондықтан оны дəлелдеп жатудың өзі артық. Десек те, жан жоқ
дейтіндерге əрбір адамнан табылып жа- татын мына бір жауаптың
мəнін жаза кетуді жөн көрдік.
Егер кез келген адамға: Миың, жүрегің, көзің, аузың, қол-аяғың,
барлық дене мүшелерің кімдікі делінсе? Менікі дері сөзсіз. Ал енді
барлық дене мүшесін менікі деп тұрған «Мен» кім? Оны деп тұрған
оның рухы, яғни, жаны. Демек, «Мен» дегеніміз, ол– рухымыз, ал
«Менікі» дегеніміз, ол – денеміз.
Абай атамыз жанның өлмейтіндігін, оның тұрақтап, мекен тебетін
басқа бір мəңгілік өмірдің бар екенін былай деп тілге тиек етеді:
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Бірақ ол ойнапкүліп қайта келмес,
«Мені» мен «Менікінің» айырылғанын Өлді деп ат
қойыпты өңкей білмес».
Яғни, рухымыз өлмейді. Ол денеден айырылғаннан кейін өзінің
мəңгілік мекеніне, негізгі отанына сапар шегеді.
Қазақ халқы жан тəсілім еткен адамға өлді демейді,
«қайтыс» болды дейді. Бұл сөздің астарынан жанның өлмейтіндігі,
басқа бір мəңгі өмірге қайта қайтатындығын түсінуге болады.
Алла Тағала адам баласына арғы дүниеде мəңгілік ғұмыр
сыйламақ. Жаппар иеміздің мəңгілігі – ешкімге тəуелсіз мəңгілік. Ал
адамның жұмақ яки тозақта мəңгі
болуы – Ұлы Жаратушымыздың мəңгілігіне тəуелді əрі Оның
мəңгілігінің дəлелі. Міне, адам баласының сол мəңгілік ғұмыр үшін
қайтатын орнын ақырет, жұмақ, тозақ дейміз.
Рухымыздың мəңгілікті аңсауы
К е з келген адам баласы машақат, бейнетке толы, найзағай
жылдамдығына пара-пар қалай зымырап өтіп кеткені түсініксіз мына
қамшының сабындай қысқа ғұмырға қанағаттанбайды. Оның рухы,
жан дүниесі мəңгілікті аңсайды. Шексіз өмір мен бақи дүниеге
құштарланып тұрады. Өзінің бір ғасырға да жетпейтін жалған,
шектеулі өмірін ойлап, бүгін басып жүрген қара жерді ертең көрпе
етіп жамыларын сезінген сəтте мəңгілікке құштар жан-жүрегін қайда
қоярын білмей, ұй- қысы қашып, шарасыздықтан мазасыздана түседі.
Адам баласының рухын мəңгілікке құштар етіп, оған екінші ба- қи
өмірге деген ынтық сезім берген Алла Тағала, əлбетте, оған аңсап,
армандаған мəңгілік екінші өмірді береді. Олай дейтініміз жер жүзін
сан алуан дəм мен жұпар иісті əр түрлі жеміс-жидек пен тағамдарға
толтырып, адам ба- ласына соларды татып көретін дəм тату сезімін
сыйлаған аса жомарт Жаппар иеміз егер адам үшін мəңгілік өмірді
жаратпайтын болғанда, оның тулаған жүрегіне мəңгілікке деген
құштарлық сезімін де бермес еді. Яғни, мəңгілікке деген
құштарлықты берген Алла мəңгілік өмірді де бер- мек. Мейірімі
шексіз Алла жаратылыстағы əр нəрсеге тілегенін беріп, сұрағанын
жауапсыз қалдырмауда. Дұға етіп, тілек тілеу үшін жайылған ешбір
алақанды Ұлы Жаратушымыздың жауапсыз құр қайтаруға ұялатыны
жайлы көптеген хадистерде білдірілген67.
‫ًراْفص‬
‫‪67‬‬
‫ع بيد ه إذا رَف عوا أي د ي ه م إل ي ه أن ي ر د ها‬
‫ح ي َك ِريم ي س ت حي م ن‬
‫إن َر َّب ُك ْم‬
Асқазанымыздың аштық арқылы сұраған дұға- тілегін жауапсыз
қалдырмай аспаннан жаңбыр жауғызып, жерге əр түрлі жемісжидекті төгіп, жан-жануарды алды- на салып берген мейірім-рақымы
мол Ұлы Жаратушы- мыз сүйікті құлы, жаратылыстың маңызы –
жалпы адам баласының «мəңгілік, мəңгілік» деп тулаған жүрегінің
тілегі мен дұғасын қалай ғана жауапсыз қалдырып, оны жоқ етіп
тіршілік бетінен мүлде келмеске сызып таста- сын? Ол үшін ақырет
əлемін, бақи өмірді жаратпасын? Адамды өмір сахнасынан мүлдем
келмеске жіберіп, Өзінің шексіз мейірімділігі мен рақымдылығын
қалай ғана жоққа шығарсын? Өйткені адамды мəңгілік өмірге
құштарландырып, сосын оған құштарланған мəңгілік өмірін бермеуі
– Оның шексіз шапағат, мейіріміне теріс болмақ.
Егер ақырет болмаса, бұл ғұмырда көрініс тапқан Ұлы
Жаратушының махаббат шуағының еш бір мəн- мағынасы қалмай,
мейірімділік зұлымдыққа, махаббат дұшпандыққа, лəззат өкінішке
айналар еді. Себебі адам бұл дүниенің пəни лəззаттарымен, өткінші
рахатымен, Ұлы Жаратушысының мына дүниемен шектеулі уақытша
махаббатымен қанағаттанбайды. Ол мəңгілік ғұмырды, шынайы
бақытты, шексіз мейірімді қалайды.
Айналамызда болып жатқан қайта тірілудің үлгілері
Ұлы Жаратушымыз мына дүниеде-ақ қайта тірілудің сансыз
үлгілерін жаратып, сана иесі адам баласына қайта тірілтудің оңай
екендігін көрсетуде. Иə, толғанып, ғибрат алмақ ниетпен пікір етсек,
əрбір көктем қайта тірілудің дəлелі емес пе? Көктем қайта тірілудің
сансыз үлгісіне толы. Жазда жап-жасыл болып жайқалып, күзде
жеміс-
жидегін шашу етіп шашқаннан кейін барлық өсімдік əлемі адамның
қартайған шағындағы шаштарының ағарғанындай жапырақтары
солып, сары алтынға боя- лып, біртіндеп төгіліп, өздері қурай
бастайды. Қыс кел- генде, бейне бір өлімге ұшырап, аппақ қардың
астында қалады. Тіршіліктерінің тынысы байқалмайды. Міне,
өсімдіктердің қыстағы осы өлі қалпынан кейін сен оларды көктемде
көр. Көктем келіп, күн нұрына малына бастаған шақта күллі өсімдік
əлемі əп-сəтте бүршік атып, гүлдерін ашып, жап-жасыл болып
жайқала түседі. Қысқы өлік көктеммен қайта тіріледі.
Абай атамыз:
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 08
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.