Latin Common Turkic

Имани гүл - 04

Süzlärneñ gomumi sanı 3822
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
мақұрым
14
15
Əнғам сүресі 90-аят.
Ахзап сүресі 21- аят.
жалаң сана арқылы мұндай тепе-теңдік орнығуы əсте мүмкін емес.
Құран Кəрім осы тепе-теңдік жайында:
«Алланың саған берген бар мүмкіншілігімен ақырет жұртын
іздеп, соған ұмтыл. Бірақ дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла
саған жақсылық еткендей, сен де өзгелерге жақсылық істе.
Сондай-ақ, жер жүзінде бүлікке ілеспе. Күдіксіз Алла бүлікшілер
мен содыр- ларды жақсы көрмейді»16 - дейді17.
• Ақыретте «бізге пайғамбар жіберіп, тура жолды көрсеткеніңде
адаспайтын едік» деп сылтауға басқысы келетіндердің аузына құм
құйылуы үшін, оларға хақ пен нахақты түсіндіріп, жеткізетін
пайғамбарлар жіберілген. Осылайша сылтауларының алды алынған. Бір
аят бұл мəселені былай баян етеді: «Елшілерден кейін Аллаға ай- тар
желеуі болмас үшін пайғамбарларды сүйіншілеуші əрі ескертуші
етіп жібердік: Алла Азиз (аса үстем), Ха- ким (хикмет иесі)»18.
Пайғамбар сипаттары
Адамзат пайғамбарларға қарап, жалпы істерінде бағыт түзеп,
бағдар алады. Олар – адамға əрбір істе қайталанбас үлгі, ізгілікте қол
жетпес биік шың, адасқанға жол сілтейтін жарық жұлдыз. Адамзат
үшін осындай асыл міндеттермен жүктелген пайғамбарлардың
бойында міндетті түрде табылуы тиіс сипаттар бар. Бұлар бесеу:
1. И с м ə т . Барлық пайғамбарлар пайғамбарлық міндетпен
жүктелмес бұрын да, кейін де барлық күнə атаулыдан пəк.
Қысқасы, күнə пайғамбардың түсіне
Қасас сүресі 77-аят.
М. Фатхуллаһ, Əн-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул- инсания, муассисатулРисəлə, 1-том, 69-77 бет. Бəйрут. ауд: Ахмет Əшен.
18 Ниса сүресі 165-аят.
16
17
де кірмейді. Егер адамзатқа тура жолды көрсетіп, əрбір істерінде
шамшырақ, үлгі болу үшін жіберілген пайғамбарлар да күнə істейтін
болса олардың артынан ешбір адам үмбет болып ермес еді. Міне,
сондықтан барлық пайғамбарлар күнə атаулыдан Ұлы Жаратушы тарапынан арнайы қорғалған.
2. Сидқ. «Туралық» деген мағынаны білдіреді. Бар- лық
пайғамбарлар сөйлеген əрбір сөздері мен істеген əрбір ісінде
туралықты ту етеді. Олар ешқашан болған жайды бұрмалап
айтпайды. Қандай жағдай болса да, ешқашан жалған
сөйлемейді. Раббысының баянын жеткізетін пайғамбардың
жалған сөйлеп, халық алдындағы сенімділіктерін аяққа таптауы,
осылайша өз міндеттеріне ақау келтіруі мүмкін емес.
3. А м а н а т. «Сенімділік» деген мағынаны білдіреді. Əрбір
пайғамбар адамдар арасындағы ең сенімді тұлға. Ешкімді
алдамайды, ешбір аманатқа иненің жасуындай да қиянат
жасамайды. Қысқасы, пайғамбарларды жер бетіне сенімділікті
орнату үшін жіберілген сенімділіктің жарқын үлгісі.
4. Фəтəнат. «Т е к қана пайғамбарларға тəн зеректік, ерекше
зейінділік» деген мағынаны білдіреді. Алла Тағаланың дінін
жеткізуші барлық елшілер пайғамбарға ғана тəн ерекше зейінге,
асқан зеректікке ие. Себебі, пайғамбарлық – өте ауыр міндет.
Қоғамдағы өте зерек, əрі оқыған білгір ғалымдарға, түрлі
қабілетке ие тұлғаларға Алланың баянын жеткізіп, сұрақтарына
қанағаттанарлық жауап беру үшін еш күмəнсіз бұл міндетпен
жүктелген пайғамбарлардың ерекше зейін, зерек қисынға ие
болуы лəзім.
5. Тəблиғ. «Жеткізу» деген мағынаны білдіреді. Барлық
пайғамбарлар Алладан алған уахиді еш өзгертіп- бұрмаламастан
қаз-қалпында жеткізуге міндетті. Құранда
бұл турасында былай делінеді: «Уа, Расулым! Саған
түсірілгендіадамдарғажеткіз.Егермұныорындамасаң, елшілігіңді
(пайғамбарлық миссияңды) жеткізбеген боласың...»19.
Ақырғы пайғамбар – Мұхаммедтің (с.а.у.) хақ екендігінің
дəлелдері
Тіліміз бен жүрегімізден терең орын алған «Лə илəһə иллаллаһ»,
«Алладан басқа тəңір жоқ» сөзінің ажырамас бөлігі «Мухаммəдуррасулуллаһ» яғни, «Мухаммед Оның Елшісі» сөзі – ислам дінінде
негізгі сенімдердің бірі. Төменде Оның Алланың адамзатқа жіберген
шынайы елшісі екендігін білдіретін нақты дəлелдер келтірілген.
Оның шынайы пайғамбарлығының дəлелдерін қамтып жазу
ешкімнің қолынан келер іс емес екені анық. Өйткені Оның (с.а.у.)
киелі аузынан шыққан əрбір сөзі, əрбір іс- қимылы, қысқасы,
өмірінің əрбір сəті – күндей жарқырап ғаламға сəуле шашқан нұрлы
елшілігіне дəлел.
Оның (с.а.у.) адамзатты тəнті еткен көркем мінез-құлқы –
пайғамбарлығына дəлел
Адамзат Оның (с.а.у.) мінез-құлқына тəнті. Ғасырлар озып, ғылым
дамып, мəдениет өркендесе де, күллі адам- зат Оның (с.а.у.)
бойындағы асқақ та, биік қасиеттеріне қайран қалумен келеді. Оның
күннен-күнге көбейе түскен үмбеті қайталанбас өмір жолын,
көркем мінез-құлқын
«қасиетті сүннет», деп өнеге етіп ұстануда. Тарихта Оның
өміріндей ешбір дақ түспеген таза да пəк, ғибратқа толы екінші бір
ғұмыр жоқ. Алла елшісінің (с.а.у.) дүние салғанына он төрт ғасырдан
астам уақыт өтсе де, Ол бар19
Мəида сүресі 67-аят.
ша мұсылманның жүрегінде тірі, тіпті сүннетімен бірге жүр. Оның
мүбəрак есімі əрбір азан мен қаматта үнемі қайталанып, жүрегімізде
жаңғыруда. Иман нұрынан нəр алған əрбір адам Алла елшісінің
(с.а.у.) тек бір сүннетімен өмірін өрнектеу үшін қолындағы бар
құндысын жұмсауға, тіпті жанын пида етуге дайын.
Абай атамыз халықты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) үлгі алуға былай
деп үндейді:
«Алла мінсіз, əуелден пайғамбар хақ, Мүмин болсаң
үйреніп сен де ұқсап бақ.»
Иə, он төрт ғасыр бұрын ғұмыр кешкен Алла Расулының көркем
де əсем мінез-құлқы əрбір мұсылман баласының аңсарына айналды.
Себебі, Ондағы бұл асыл қасиеттер – адамзатты адамдықтың асқар
шыңына шығарар еш өзгермес ереже-қағида, барлық жақсылық
атаулыға бағыт көрсетер темірқазық іспетті.
Пайғамбарымыздың бойындағы қасиеттер мүлдем ерекше дедік.
Ке з келген адам бір-біріне қарама-қайшы екі көркем қасиетті бірбіріне араластырып, шатас- тырмастан алып жүруі өте қиын.
Мысалы, бір адам жомарт болуы мүмкін, бірақ бұл жомарттығын
асы- рып, ысырап дəрежесіне дейін апаруы мүмкін немесе
қолындағысын үнемдеймін деп жүріп сараңдыққа бой алдыруы да
ықтимал. Батыр, қаһарман болуы мүмкін, бірақ бұл ержүректік
қасиеті өз арнасынан шығып, алды-артын аңдамайтын, жақсы-жаман
деп талғамайтын соқырлық дəрежесінде қатігездікке ұласуы ғажап
емес. Ал, Пайғамбарымыз болса, ешбір жақсы қасиетті екінші бір
қарама-қайшы қасиетпен араластырмаған. Өз ар- насынан асырмаған.
Алла елшісі ержүрек, батыр жəне мұнысымен қоса құмырысқаны
байқамай басып кетсе, жүрегі елжіреп, діріл қағатындай аса
мейірімді, рақымды жəне кішіпейіл еді. Өте кішіпейіл, мейірімді
боламын
деп ешқашан қорқақтық пен қорлануға бас имеген. Алла елшісі өте
салмақты, байсалдылығымен қоса жанындағы адамдарға шаттық
сыйлай алатын жарқын жүзді еді. Жал- пы ғаламға ұстаздық етіп,
үлкен
мəселелерді
қозғаған
Пайғамбарымыз
кішкентай
бүлдіршіндермен құмда оты- рып ойыншық ойнайтындай қарапайым
əрі кішіпейіл еді. Қысқасы, əр қасиетті өз арнасынан асырып екінші
бір ж а - ман қасиеттің жағасына апармаған. Яғни, таразының екі
басын тең ұстап, тепе-теңдік сақтаған.
Əр қасиетті өз орнында қолданбаған жағдайда да ол қасиеттің
мағынасы өзгермек. Мысалға, əкім қызмет орнында көрсеткен
салмақтылығын отбасында көрсетсе, тəкаппарлыққа айналады.
Əскердегі жауынгердің халыққа көрсеткен мейірімділігі мен
кешірімділігін жауға, дұшпанға қолданса, халқына деген зұлымдыққа
айналмақ.
Жан-жақты жетілген кемел адамның бойынан табылуға тиіс
көптеген көркем қасиеттерді ең жоғарғы дəрежеде əрі əрқайсысын өз
орнында бір-бірімен ша- тастырмастан ең керемет түрде қолданып,
үмметіне іс жүзінде көрсете білген адам – пайғамбар болмаса, кім
болмақ?
Тарихта келіп-кеткен көптеген ұлы тұлғаларды зерт- теген
уақытымызда олардың бойында тек кейбір жақсы қасиеттердің ғана
орын алғанына куə боламыз. Кейбіреуі атымтайдай жомарт, бірақ дəл
сондай дəрежеде кешірімді, кішіпейіл емес. Кейбіреуі кешірімді,
кішіпейіл, бірақ ашуға бас иетін сабырсыз. Ержүрек батыр, бірақ дəл
сондай дəрежеде мейірбан емес. Ал, Пайғамбарымыз – жақсы деген
қасиеттердің бəрін бойына жинай білген əрі əрбір қасиетті ең биік
шыңында іс жүзінде қолдана білген жалғыз адам. Алла Тағала
Құранда: «Сен керемет мінез- құлыққа иесің» – деп Алла елшісінің
бойындағы осы қасиеттерді нұсқайды.
Американдық ғалым Майкл Харт өзінің «Адам- зат
тарихындағы ұлы жүздік» атты
кітабында
адам
баласының
тарихында өнегелі де ғибратты із қалдырған ұлы тұлғалардың
өмірбаяндарын жазған. Майкл Харт еңбекте Аристотель, Платон,
Евклид, Архимед бастаған топтың алдында ең бірінші болып
Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарды көрсеткен екен. Бұлтартпас ғылыми
тұжырым жасау үшін Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) өмірбаянын
басқа тұлғалармен бірге компьютердегі а р - найы бағдарламаға
енгізген Майкл Харт таңданысын жа- сыра алмаған. Себебі
компьютерге түскен 100 адамның ішінен Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
есімі бірнеше мəрте бірінші болып шыққан.
Иə, Пайғамбарымыз бойындағы он төрт ғасыр өтсе де еш ескіріп,
тозбайтындай əрі қияметке дейін келіп- кетер күллі адамзатты тəнті
еткен осынау ұлы қасиеттер мен көркем мінез-құлықты кімнен
үйреніп, қайдан алды? Оны (с.а.у.) осындай етіп кім тəрбиелеп
жетілдірді?
Бұл сұрақтың ж ау а б ы ретінде əке-шешесі дейін де- сек,
Пайғамбарымыз əкесінен анасының құрсағында алты айлық кезінде,
шешесінен алты жасында айырылып, тұл жетім қалды. Демек, Алла
елшісінің (с.а.у.) тəлім- тəрбиені əке-шешесінен алуы еш мүмкін
емес. Ал, оған бұл көркем мінез, жалпы тəлім-тəрбиені өскен ортасы,
өмір сүрген қоғамы берді дейін десек, ол қоғамның тарих- та
«надандық, қараңғылық дəуірі» деген қара таңбасымен орын тепкені
бəрімізге мəлім. Надандық пен қараңғылық, зұлымдық пен қатігездік
билік еткен бұл қоғамда қыз ба- ласы тірідей көміліп, əйел атаулы
қорланып, базарларда бейне бір заттай саудаланып, зинақорлық
ашықтан-ашық жасалды. Тіпті, зина жасаушы осы ұятты ісімен
халық ал- дында мақтанып, атақ-абыройға кенелді. Ата-тек, шежіре
шатасып, көптеген балалар өз əкесінен бейхабар-ды. Ақ
қара деп саналып, ақиқат жалғанға бұрмаланып, залымдық бейне бір
əділдіктей көрінген бұл қоғамда əлсіздер құлға
айналып,
бар
құқықтары бəзбір адам бейнесіндегі жыртқыштардың аяғында
тапталып жатты. Міне, осын- дай бір қоғам – қияметке дейін келіпкетер күллі адам- затты бойындағы асыл қасиеттерімен таң
қалдырып, көркем де сұлу мінез-құлқымен тəнті еткен Алла елшісін
(с.а.у.) тəрбиелеп, жетілдіруі мүмкін бе? Жай қатардағы бір адам бұл
қоғамның тыныс алған зиянды вирусынан еш зақымданбай дін-аман,
сау-саламат құтылуы мүмкін бе? Мұндай қараңғы қоғам өзінде жоқ
қасиеттерді басқаға қалай бермек? Демек, Пайғамбарымызға бұл
көркем де əсем қасиеттерді беріп, арнайы тəрбиелеп жетілдірген
Əлемдердің Раббысы – Алла екендігі еш күмəнсіз. Адам баласына
қыстың күні мұз бетінде бəйшешек сыйлаған Раббымыз «надандық
дəуірде» Пайғамбарымыздай нұрлы тұлға жетілдіріп, ғаламға рақым
сыйлады. Пайғамбары- мыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Раббым Мені Өзі
тəрбиеледі жəне тəрбие болғанда да ең керемет үлгіде» – деп осы
айтқанымызды айқындай түседі.
Иə, Оның бойындағы керемет мінез-құлқы – Оның
пайғамбарлығының белгісі, нышаны екені еш шүбəсіз.
• Адам баласының мінез-құлқы жас кезінен қалыпта- са бастайды. Ер
жете келе бойына əбден сіңіп, отыз жастан кейін тұрақтап адам
табиғатына айналады. Ал, қырықтан кейін бойындағы қалыптасып,
тұрақтаған мінезді өзгерту өте қиын. Енді пайғамбарымыздың қырық
жасына дейінгі (пайғамбарлық жүктелген шақ) өміріне көз жүгіртіп
көрейікші. Ол (с.а.у.) қырық жасына дейін адамдардың арасында ең
сенімді тұлға деп қабылданғандықтан, Мекке халқы оны «Мухаммадун
Амин», яғни, «Сенімді Мұхаммед» деп атаған. Мекке халқынан кез
келген адам сапарға шығар болса, қолындағы ең құнды затын еш
күмəнданбастан Пайғамбарымызға аманаттап тапсыра- тын.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) ешбір аманатқа қиянат ет- пеген. Өйткені
оның дінінде аманатқа қиянат ету, уəдеде тұрмау жəне жалған сөйлеу
– екіжүзділіктің нақ белгісі. Тіпті, Пайғамбарымыз Меккеден
Мəдинаға көшуге мəжбүр болған кезде де қолындағы Мекке
халқының аманатын иелеріне тапсыру үшін хазіреті Əлиді орнына
қалдырған. Иə, Ол (с .а .у.) осылайша өзіне қарсы шығып, тіпті
өлтіруді жоспарлап, елінен, жерінен кетуге мəжбүр еткен пенделердің
де аманаттарына қиянат етпеген. Не де- ген сенімділік, не деген
туралық десеңізші!
Мекке халқы Оның қырық жасына дейін бір рет бол- сын жалған
сөйлегеніне куə болмаған. Əбу Бəкір Сыддық:
«Қырық жасына дейін бір де бір өтірік сөйлемеген адам мінезқұлықтың өзгерместей толық қалыптасып, тұрақтаған осы
жасынан кейін қалайша өтірік айт- сын?», – деп Пайғамбарымыз
əкелген жаңа дінге иман келтіріп мұсылман болған. Иə, кішкентай
бір мəселеде, аз ғана бір қоғамның алдында өтірік айтпаған адам
қалай ғана бойындағы берік боп, қалыптасқан қасиетін бір күнде
өзгертіп, дін сияқты үлкен бір мəселеде дүйім жұртқа, тіпті, қияметке
дейін келіп-кетер адамзатқа шімірікпестен
«Мен пайғамбармын» – деп өтірік айтсын?!
«Нағыз шындық – дұшпанның да мойындағаны» демекші, дін
дұшпандары
да
Пайғамбарымыздың
(с .а .у .) туралығын,
шыншылдығын еріксіз мойындаған. Əлі мұсылман бола қоймаған
Əбу Суфиян Оның (с.а.у.) туралығын былай баян етеді:
Алла елшісі көрші елдің патшаларына хат жіберген болатын. Осы
хаттардың бірі Рим императоры Гераклге арналған-ды. Геракл хатты
басынан аяғына дейін оқып шығып, сол кездерде Шам аймағында
жүрген мені (Əбу
Суфиян) шақыртып алды. Сосын екеуміздің арамызда мы- нандай
сұқпат жүрді:
– Оған ең көп қосылып жатқан кімдер, байлар ма, ке- дейлер ме?
– Кедейлер.
– Оған иман еткендердің ішінен бас тартқандар бол- ды ма?
– Қазірге дейін бола қойған жоқ.
– Сандары артып жатыр ма, əлде кеміп жатыр ма?
– Күн сайын артуда.
– Өмірінде жалған сөйлегенін естіп көріп пе едіңдер?
– Жоқ, Оның жалған сөйлегенін ешқашан естімедік.
Хаттың ғажайып əсерімен қоса сол кездегі мұсылмандардың қас
дұшпаны Əбу Суфиянның жоғарыдағыдай жауаптарына тап болған
Геракл:
–Осы уақытқа дейін адамдарға жалған сөйлеуден бойын аулақ ұстаған
жанның енді келіп Хақ Тағалаға жалған сөйлеуі əсте мүмкін емес, –
дейді20.
Оның (с.а.у.) нұрлы жүзі – пайғамбарлығына дəлел
Кез келген жанның бет-əлпеті – тани алатын адам үшін иесі
жайлы мағлұмат беретін кітап тəрізді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
нұрлы жүзінде тек туралық көрінетін. Мұны байқаған яһуди
ғалымдарынан Абд ул л а һ ибн Сəлам Пайғамбарымызды бір
көргеннен: «Мына жүзде еш жалғандық жоқ» деп дереу иман
келтірсе, Абдуллаһ ибн Рəууаха былай дейді: «Егер Оның (с.а.у.)
пайғамбарлығын қуаттайтын айқын мұғжизалар болмаған
жағдайда Оның н ұ рл ы жүзінің өзі – көрген адамның иман
келтіруіне жеткілікті еді» дейді.
20
Əн-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.
Егер Пайғамбарымыздың пайғамбарлығына дейін, я болмаса
пайғамбарлығынан кейін сөзінде немесе іс- əрекетінде титтей де
жалғандық, көзбояушылық болса, дос-дұшпан тарапынан сезіліп,
байқалатын еді. Сөйтіп, тырнақ астынан кір іздейтін дұшпандар
қылыш, найзаға жүгінбестен тапқан олжаларын əлемге жария ету
арқылы күн сайын үдеп бара жатқан жаңа дінге тосқауыл қояр еді
ғой. Алайда, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінен ешбір қате, ешбір
көзбояушылық таба алмай діңкелеген дін дұшпандары амалсыз жаңа
дінге қылыш, найзамен тосқауыл қоюға тырысты.
• Көз бояушы, өтірікші, алаяқ адамның сенімді серігі, бар
мүмкіншілігін жолында пида ете алатын жора-жолдасының болуы
мүмкін емес. Ал енді бір мезет Пайғамбырымыздың (с.а.у.)
айналасына шоғырланған нұр жүзді сансыз сахабаларға, кейінгі
ғасырларда өмір сүре келген əулие, ғалымдарға, жалпы Оның дінімен
нұрланған қияметке дейін келіп-кетер адамзатқа қараңызшы. Олар Ол
(с.а.у.) үшін мал-мүлік дүниелері емес, керек болса, жандарын да пида
етуге əзір. Олар Оның (с.а.у.) есімі аталғанда, Оған (с.а.у.) салауат
айтып, сəлем жолдауды өздеріне борыш санайды.
Əз сахабалардың өмірінен бір-екі үзінді келтіріп, Оның (с.а.у.)
қаншалықты қадір-құрметке, махаббат пен сүйіспеншілікке ие
болғанын баяндап көрелік.
Алғашқы кезде мұсылмандар құлшылықтарын еркін орындау
үшін хазіреті Əркəмнің үйіне құпия жи- налатын. Оның үйі кіріпшығуға қолайлы, көзден таса, əрі сырттан келген-кеткендерді
бақылауға оңтайлы еді. Күндердің бірінде осы үйге жиналған
сахабалар Алланың бір екендігін мүшріктерге ашық түрде жария ету
үшін Пайғамбарымыздан (с.а.у.) рұқсат сұрайды. Араларында Əбу
Бəкір де бар болатын. Алайда, пайғамбарымыз оның
уақыты əлі келмегендігін, бұл үшін əлі мұсылмандардың аз екендігін
айтып алғашында рұқсат бермеген-ді, бірақ Əбу Бəкірдің
табандылық танытуынан кейін олардың айтқандарына көнеді.
Барлығы жұптарын жазбай Қағбаға барады. Əбу Бəкір мүшріктерге
қарап:
–Хақ һəм жалғыз Аллаға мадақ! Мəңгі бақыт – Аллаға иман келтіруде.
Оны мойындамай пұтқа табыну – өте жаман əдет. Мағынасы жоқ
жаһилия
əдеттерін
тастап,
Алла
елшісінің
шақыруына
мойынсұныңыздар!– деді.
Мүшріктер алғашында толқыса да, тез арада естерін жинап,
мұсылмандарға қарсы шығады. Əбу Бəкірді жерге жатқызып алып,
қолдарына түскен нəрсемен ұрып-соға бастады. Қаныпезер мүшрік
Ұтба ибн Рəбиға табанында шегесі бар аяқ киімімен тепкілеп оның
нəзік бетін қан- жоса қылады. Сол арада Ə бу Бəкірдің туыстары
көмекке келіп оны өлім аузынан əзер алып қалды.
Өлімші халде есін жиған Əбу Бəкірдің ең алғашқы сұрағы: «Алла
елшісінен хабар бар ма?» болды. Ол есі кіресілі-шығасылы жатқанын
елемей, Пайғамбарымызды (с.а.у.) уайымдап: «Оған не болды?» – деп
сұраумен бол- ды. Анасының: «Балам, бір нəрсе ішіп-жейсің бе?» –
де- ген сұрағына: «Алланың Елшісі қайда? Оның жағдайы нешік?» –
деп бəрібір көңілі жай таппады. Анасы еш нəрсе білмейтінін айтқан
кезде, ол: «Анашым, Хаттабтың қызы Үммү Жамилге барып, Хақ
елшісінің жағдайының қандай екенін сұратыңызшы» – деді.
Пайғамбарымыздың жағдайының жақсы екендігін айтып келген
хабарға да көңілі толмай, Оның (с.а.у.) халін өз көзімен көргісі келіп
тағаты таусылды. Айнала біраз тынышталғаннан кейін қасындағылар
Əбу
Бəкірді қолтықтап Əркəмнің үйіне алып барады.
Пайғамбарымызды (с.а.у.) өз көзімен көрген кезде: «Əке-шешем сенің
жолыңда құрбан болсын, ей, Расулаллаһ!» – деп жылай бастады.
Пайғамбарымыз
(с .а .у.) оны құшақтады. Оның бұл халі Пайғамбарымызға (с.а.у.)
қатты əсер етіп, көздерінен мөлдір жас моншақтай төгілді21.
Мұсылман қауымның алғашқы азаншысы хазіреті Білəлдің
пайғамбарлар сəруары – хазіреті Мұхаммедке (с .а .у .) деген
сүйіспеншілігін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Исламды
қабылдағаннан кейін бір сəт бол- сын қасынан ажырамады.
Екі дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с .а .у.) ақыретке аттанғанда,
көптеген сахабалар сияқты қабырғасы қайыса қайғырған ол
Мəдинада қала алмады. Алла елшісінің кетуі оған жарық күннің
сөнуімен бара-бар келді. Өйткені Мəдинаның əр тасы мен топырағы
оның есіне Алла елшісін түсіретін. Білəл сол тұстағы халифа хазіреті
Əбу Бəкірден басқа жаққа кетуге рұқсат сұрады. Əбу Бəкірге барып:
–Ей, Алла елшісінің халифасы! Мен Пайғамбарымыздың: «мүминнің
ең қайырлы ісі – Алла жолында күресу» – дегенін естіген едім. Мен
де өлгенге дейін Алла жолында жанымды пида еткім келеді,– деді.
Əбу Бəкір:
–О, Білəл! Бізге кім азан шақырады? - дегенде, екі көзге ерік
берген хазіреті Білəл:
– Мен Алла елшісінен кейін ешкімге азан шақыра ал- маймын, – деді.
Білəлдің алысқа кеткенін қаламай, қанша жібермеуге тырысса да
Хазіреті Білəл:
–Уа, Əбу Бəкір, рас сен мені құлдықтан құтқардың. Егер мені өзің үшін
азат еткен болсаң, онда алып қал. Ал, егер Алланың ризалығын
көздеп, сатып алған болсаң, еркіме жібер, – деді.
21
əл-Бидая, 3:30
Хазіреті Əбу Бəкір рұқсат берген соң хазіреті Білəл Хабаши
Шамға барып, Ислам туын биікте желбіретуге жігерін салды.
Шамда жүрген кезінде бір түс көріп, Мəдинаға келді.
Пайғамбарымыздың қабірінің қасында хазіреті Хасан мен Хұсейнді
кездестіріп, Алланың Сүйікті Елшісімен (с.а.у.) бірге өткізген тəтті
күндерді еске алды. Əлемдердің Па- дишасы (с .а .у.) дүниеден
озғаннан соң, Мəдинада азан шақырмаған еді. Ғаламның рақым нұры
(с.а.у.) ақыреттік болғаннан кейін азан шақыруға тағаты да жетпеді.
Өйткені, азандағы «Əшһəду əннə Мухаммадан Расулуллаһ»
(Мұхаммедтің Алла елшісі екендігіне куəлік етемін) деген сөйлемді
айта алмай іркіліп қалатын. Даусы шықпай көз жасына булығып,
аяқтарының буыны босап кететін.
Пайғамбарымыздың «менің дүниеде иіскеген екі райханым»
деген немерелері Хасан мен Хүсəйіннің өтінішінен кейін, соңғы рет
Мəдинада азан шақыруға бел буды. Көзін көкке қадап тұрып, бүкіл
жан дүниесімен азан шақырды. Бүкіл Мəдинада Алла елшісіне
(с.а.у.) деген сағыныш жаңғырды. Ел тегіс көшеге шықты. Алла
Расулының нұрлы өмірін көз алдарына е л е с т е т і п , Пайғамбарымыз
қайта тіріліп келіп, Білəлге азан шақыртқандай əсерде болды. Сол
күні көзіне жас алып иығы селкілдемеген тірі жан қалмады22.
Айналасындағы заңғар тұлғалардың Оған деген мұншалық терең
сүйіспеншілігі мен махаббаты – Оның көз бояушылығының емес, тек
шынайы пайғамбарлығының дəлелі болса керек.
• Əрбір нəрсенің шынайысы мен алдамшысы, табиғиы мен жасандысы
ешқашан бірдей болмасы анық. Сауатсыз адам ғалымның рөлін,
қарапайым адам мемлекет бас22
Алау Əділбаев, Саңлақ сахабалар, 175-бет. Дəуір баспасы, Алматы, 2004 ж.
шысының рөлін, міндетін қанша уақытқа дейін ешкімге
білдіртпестен, сездірместен жүргізе алады? Бəлкім, с ауат - сыз
адамның алғашқы жүріс-тұрысы айналасындағыларға күмəн тудырса,
қарапайым адамның басқа мемлекет бас- шыларымен бір-екі
кездесуінен кейін-ақ жалғандығы су бетіне қалқып шыққан майдай
жария болады. Ал енді оқу-жазу білмейтін бір адамның
пайғамбарлық сияқты ғалымдықтан да, мемлекет басшылығынан да
ауыр бір рөлді, міндетті жиырма үш жыл бойы айналасындағы өте
зерек те ақылды адамдарға еш білдіртпестен ойнауы, жүргізуі мүмкін
бе? Тіпті, жиырма үш жыл емес, қияметке дейін келіп-кетер сансыз
кемеңгер, ойшылдарға, ғалымдар мен əулиелерге, жалпы адамзатқа
өзінің жалғандығын еш сездірместен жалғастыра беруі мүмкін бе?
Əрине, жоқ. Олай болса Ол (с.а.у.) – шынайы пайғамбардың дəл өзі.
• Тарихта ереже-қағида қойып, жаңа жүйе құрған көптеген тұлғалар
бар. Олардың көбі өздері қойған ережелерді басқаларға үлгі
боларлықтай дəрежеде іс жүзінде атқармағандықтан, адамдар
тарапынан шы- найы жанашыр, ешбір қолдау таппағанын
көреміз. Ал енді пайғамбарымыздың «Намаз оқыңдар!» – деп
адамдарды намазға шақырып, ереже қойғаннан кейінгі Оның оқыған
намазына қараңыздаршы. Бес уақыт на- мазды жамағатпен, жылап
тұрып оқуы былай тұрғанда, түн жарымда тұрып «тəһəжжуд»
намазын егіле жы- лап, аяқтары талып-ісігенше оқитын. Айша
анамыздың:
«Уа, Расулаллаһ, өзіңді неге мұнша қинайсың?» – де- ген сұрағына: «Аллаға шүкір еткен құл болмайын ба?»
– деп жауап қатқан Алла елшісінің намазынан қандай жалғандық
көруге болады? «Зекет беріңдер!» деп ереже қойған
Пайғамбарымыздың қолына тиген мал-мүліктің бірін де қалдырмай
мұқтаждарға бөліп беруінен нен- дей көзбояушылық байқауға
болады?! «Харамдар-
дан аулақ болыңдар!» – деп ескертіп түнде төсегінен тауып алған
құрманы аш болғандықтан байқамай жеп қойып, садақадан23 келген
құрма болуы мүмкін деген күдікпен түні бойы дөңбекшіп, ұйықтай
алмай шыққан Пайғамбарымыздың харамға деген іс-əрекетінен
қандай жалғандық, нендей көз бояушылық көруге болады?!
Оның (с.а.у.) ерекше өмір салты – шынайы
елшілігіне дəлел
Пайғамбарымыз егер (хаша уə кəлла) жалған пайғамбар болған
болса, мал-мүлікке ие болу, мансап- билікке қол жеткізу, атақабыройға кенелу сияқты пенделік мақсат-мұраттары болатын еді.
Жалған пайғамбар болуда егер дүниелік еш мақсат-мұрат жоқ болса,
өз өмірін қауіп- қатерге, қиыншылықтарға душар ететін мұндай ауыр
да жауапты жүкті неліктен сау басына тілеп алсын? Ал егер дүниелік
еш мақсаты жоқ болса, сөзсіз Ол адам – шынайы Алланың жіберген
хақ пайғамбары болмақ.
Алла елшісінің (с.а.у.) нұрлы өмірін зерттеп көрсек, аталмыш
мақсаттардың ешбірін кездестірмейміз. И ə , Ол
егер жалған
пайғамбар б о л у а р қ ы л ы м а л - мүлікті, атақ-абыройды, билікті
мұрат еткен б ол с а , ə у б а с т а бұлардың бəрі Пайғамбарымызға
ұсынылған еді. Күннен-күнге қанат жайып бара жатқан жаңа діннің
алдында
не
істерлерін
білмей
абдыраған
құрайыштар
Пайғамбарымыздың немере ағасы Əбу Тəліпке келіп:
«Біз оған қалаған байлығын берелік, қаласа Меккенің бар билігін қолына ұстатайық, əйел қаласа, ең əдемі
қызымызға үйлендірейік, ауырып жүрсе, дүниенің ең атақты дəрігерін шақыртып емдетейік. Тек атабабамыздың дінін жоққа шығармасын. Мына жаңа дінін тастасын» – деп ұсыныс тастаған еді.
23
 Садақаны жеу, яки қолдану Пайғамбарымызға харам етілген.
Əбу Тəліп құрайыштардың бұл ұсыныстарын Алла елшісіне
жеткізді. Пайғамбарымыз ұсыныстарын естір- естімес: «Уаллаһи,
егер менің оң қолыма күнді, сол қолыма айды ұстатса да мен бұл
дінімді уағыздаудан бас тартпаймын», – деп жауап берді. Ал, енді
Пайғамбарымыз жалған пайғамбар болған болса, аспан- нан іздегені
жерден табылған мына ұсыныстардың ал- дында жауабы
жоғарыдағыдай болар ма еді?
Құранда жалпы пайғамбарлардың есімдері ша- мамен 500-ге
жуық рет аталса, Пайғамбарымыздың
«Мұхаммед» есімі төрт-ақ рет аталады. Ал енді бəзбіреулер айтқандай,
Алла елшісі (с.а.у.) Құранды өзі құрастырып, пайғамбарлығы арқылы
атақ-абырой іздеген болса, онда ондай адамның кітапта өзін осылай
көрсетуі мүмкін бе?
Алла елшісі мұсылмандардың арасында ең қадірлі адам бола тұра
үнемі қиыншылықтардың бел ортасында жүрді. Үш күн бойы нəр
татпастан аш жүрген күндері жиі кездеседі. Тіпті кейде аштықтың
ауыртпалығы соншалық
–оны аз да болса жеңілдету үшін ішіне тас байлады. Денесі əлсірегені
соншалық – намаздарын отырып оқуға мəжбүр болатын.
Əбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Алла елшісін мешітте
көрдім. Намазын отырып оқуда екен.
«Пайғамбарым, сырқаттанып қалдыңыз ба?» – деп сұрадым.
«Жоқ, Əбу Һурайра, ашпын. Аштықтан түрегеліп оқитын
дəрменім қалмады», – деді. Мен жы- лай бастадым. Ол сонда мені
жұбатып: «Жылама, мах- шарда есеп қиыншылығы аш болғандарға
тимейді», – деді.
Тағы да бір күні Хақ Пайғамбар, хазіреті Əбу Бəкір жəне Омармен
түн ортасында Мəдинаның бір бұрышында ойламаған жерден
кездесіп қалып, бір-бірінен сұрады:
«Түн жарымында сыртқа неге шықтыңыз?». Үшеуінің
де жауабы бір жерден шықты. «Аштық...». Иə, үшеуі де Алла үшін
барын беріп, енді азық боларлық бір тілім нан таба алмағандықтан
дөңбекшіп, ұйықтай алмай, сыртқа шыққан беттері еді.
Ислам шартарапқа қанатын жайып мұсылмандар күшейіп,
жағдайлары жақсарғаннан кейін де Пайғамбарымыз (с.а.у.) жəне оның
Əбу Бəкір, Омар секілді хас шəкірттері де өте қарапайым, жұпыны
өмір сүрді.
Бір күні Пайғамбарымыздың: «Омар, неге жылайсың?» – деген
сұрағына ол: «Пайғамбарым, дəл қазір патшалар құс төсектерде
жатқанда, Сен ши үстінде жатырсың. Ши денеңе батып із
тастапты. Алайда Сен Алланың Елшісісің. Рахат өмірге бəрінен
де лайықсың!» – деп жауап береді. Сонда Рақым Пайғамбар (с.а.у.):
«Омар, мына дүние – олардың, ал ақырет – біздікі болуына риза
емессің бе?»24 – деді.
Пайғамбардың отбасында үш ай бойы қазан асылып, ыстық тамақ
ішілмегенін Айша анамыз риуаят етеді. Алла елшісі (с.а.у.) дүниеден
озған уақытта артында ешбір дүние қалдырмаған. Өйткені Ол –
«Біздер

Пайғамбарлар
артымызға
дүниені
мирас
қалдырмаймыз», - деген тек пайғамбарларға тəн қасиетті сөздің иесі
еді.
Ол (с.а.у.) алуды емес, беруді, ішіп-жеуді емес, ішіп- жегізуді
ұнататын. Киюді емес, өзгені киіндіруді, қуануды емес, басқаны
қуантып, жаралы жүректеріне шаттық сый- лауды міндет деп білді.
Қысқасы, Ол (с.а.у.) өзі үшін емес, өзге үшін ғұмыр кешті.
Иə, жалған пайғамбарлығы арқылы мал-мүлік, дүниені көздеген
көзбояушы бір адамның өмірі жоғарыдағыдай болар ма еді? Жауабын
өзіңіз беріңіз.
24
Əн-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.
Оның (с.а.у.) ерекше сабыры – хақтығына дəлел
Белгілі бір мектепте мұғалім немесе бір мекеме- де бастықсыз.
Оқушылардың, яки қарамағыңыздағы адамдардың жүректеріне жол
тауып, ойыңыздағы асқақ пікірді, терең тəлім-тəрбиені бергіңіз келді
делік. Бұл мақсатыңызға жету жолында кез келген қиыншылыққа, əр
түрлі рухани жəне заттық зиян, қауіп-қатерге, өте ауыр қорлайтын
сөздер мен іс-əрекеттерге шыдайтыныңызды ойлап, тіпті бұл жолда
жаныңызды да пида етемін деген ниеттесіз. Ал, енді төменде
көрсетілген пайғамбарымыз- дың басына келген қиын да шытырман
жағдайлар кез- дескен сəтте, қандай күйде боласыз? Жолыңызды еш
өзгертпестен, пайғамбарша сабырмен жалғастыра білесіз бе? Жалпы
өзіңізге, жүрегіңіз бен сезімдеріңізге бір көз салып, құлақ түріңіз...
Сізге бұлар не дейді?
Адамдар:
«Ата-бабамыздың осы уақытқа дейін табынып келген пұттарына
қарсы шығатын мынау қайдан шықты?» - деп бетіңізге түкірсе...
Əбдімүттəліптің жетімінен басқа пайғамбарлыққа адам табылмай
қалып па? – деп жаныңызға бататын ауыр сөз айтып, қорласа...
Көпшілік арасында: Сиқыршы, көзбайлаушы – деп келеке етіп,
мысқылдаса...
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 05
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.