Latin Common Turkic

Имани гүл - 02

Süzlärneñ gomumi sanı 3735
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
көрсететін кішкентай қол сағаттың өз-өзінен, кездейсоқ пайда
болғанына сенбейміз де, жүйе жағынан сағатпен салыстыруға
мүлдем келмейтін мына керемет ұшы-қиыры жоқ шексіз əлемнің өзөзінен пайда болғанына қалай сенбекпіз?
24
Экология
Табиғатта құстар (бүркіт, қаршыға, құзғын, т .б .) өлтірілген
жағдайда жыландар көбейеді екен. Ал жы- ландар қырылса,
құрбақалар көбейеді. Құрбақалар құрыған жағдайда, шыбын-шіркей
көбейеді екен. Ж а н - жануарлардың өмір сүрулерін бір-біріне
байланыстырып, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті, осы таң
қалдырар жүйені құрған кім?
Жыл мезгілдері
Жер шарының өз-өзін жəне Күнді айналуынан күндіз бен түн
жəне жылдың төрт мезгілі жаз, күз, қыс, көктем болып алма-кезек
үздіксіз өзгеріп тұратыны бəрімізге мəлім. Жаздың қайнаған аптап
ыстығынан кейін дереу қыстың қақаған аязы мен ысқырған бораны
болмайды. Екі мезгілдің ортасында күз атты қоңыр салқын мезгіл
бар. Міне, осы күз мезгілінің арқасында адамдардың жаздың жылы
ауа-райына үйреніп қ а л ғ а н ағзалары біртіндеп қыстың қақаған
суығына бой үйретеді. Сол сияқты қыстың қақаған аязынан кейін ауа
райы күрт өзгеріп, дереу көктемсіз жаз болғанда қандай күйде болар
едік? Бəлкім, ағзаларымыз күрт өзгеріске дайын болмағандықтан
бəріміз жаппай ауруға шалдығар ма едік? Ендеше, жыл
мезгілдеріндегі осындай керемет рет пен үйлесімдікті жəне Жер
шарының айналуындағы дəлме-дəл есепті қойған кім?
Гүлдер əлемі
Неше түрлі гүл, жапырақ, Əрбіреуін қолыңа
ал. Құры көріп қойма бірақ, Онда не бар
ойға сал.
Шəкəрім
Бақшамызда өсетін сары-қызыл, түрлі-түсті, сан алуан хош иісін
аңқытып, адам баласын өзіне тамсан- дырып қаратпай қоймайтын
гүлдерге бір рет болса да, ойлана-толғана, ғибрат көзімен
қарайықшы.
Иə, гүлдер кішкене түйір дəннен жер қойнауын жара шығып, бұл
дүниеге келеді. Сабағы мен жапырағы жасыл тартып, гүлі шоқтай
болып мың бір түрлі реңмен бояна- ды. Үлбіреген нəзіктігіне, адам
баласының қиялына келе бермейтін əр түрлі ою-өрнегіне, ондағы
көркем эстетикаға, мүлтіксіз симметриялы ғажайып формасына,
аңқыған сан алуан жұпар иісіне, қауырсынындағы өмірін
жалғастырар мұрагері – ұрығына қараңызшы... Қандай ғажап?!
Неткен əдемілік? Жерге қараңызшы, гүлдердегі сан алуан, түрлітүсті реңдерді көре аласыз ба? Гүлдерден аңқитын, бір- біріне
ұқсамайтын əр түрлі жұпар иісті топырақтан иіскеп сезе аласыз ба?
Же р бетіндегі жайқалған барлық гүл атаулының нəр қойнауы
саналатын топырағы, аймалаған күн сəулесі, ішетін сулары мен
жұтатын ауалары бірдей болғанымен, өздері əр түрлі, сан алуан. Бұл
таң қаларлық нəрсеге таң қалмай, қолымызбен жасаған пластмас
гүлдерге таң қалайық па? Бұл да кездейсоқтық па, жоқ, əлде құдіреті
күшті Ұлы Жаратушының бізге ұсынған сыйы ма? Егер мұны
да
кездейсоқтықтың түсініксіз кездейсоқтығы жа-
сады десек, сол кездейсоқтың жасағанын адам баласы ақылымен
асып түсіп, одан да кереметін жасауы керек еді ғой. Өйткені ақыл
кездейсоқтықтан əлдеқайда үстем емес пе? Бірақ адам баласы осы
күнге дейін нəзіктіктен мақұрым, қоқайып, қатып қалған, өніпөспейтін жансыз, жасанды пластмас гүлдерден асырып, артық
ешнəрсе жа- сай алмады, жасауы да мүмкін емес!
Кездейсоқтың жасады деген нəрселерін лаборато- рияда түрлітүрлі құралдардың көмегімен ақыл иесі – адам баласы жасай алмаса,
ойлап қарайықшы, ақылсыз кездейсоқтық қалай жасамақ?! Олай
болса, барлық жара- тылысты, адамның ақылын да жаратқан тылсым
құдірет
– Ұлы Алла жаратқан деп мойындау ақылдының жолы болса керек.
Көбелектер
Бақшамыздағы ұшып жүрген сан алуан түрлі-түсті көбелектерге
ғибрат көзімен алғаш рет көріп тұрғандай бір мəрте болса да зер
салып қараңызшы. Ондағы кере- мет эстетиканы, нəзіктікті,
қанаттарындағы қиялымызға келмейтіндей ою-өрнектерді, оюөрнектеріндегі ешбір қатесіз симметрияны, əр түрлі реңдеріндегі
үйлесімдікті көріп, таң қалып, таңдай қағасыз. Қарапайым суреттің,
кез келген ою-өрнектің белгілі бір жасаушысы, дизайнері бар да,
көбелектердегі мына теңдессіз сұлулықтың, ою- өрнектің неге
жасаушысы, жаратушысы болмасын?!
БАЛ АРАСЫ
«Раббың бал арасына:
«Т ау л а р д а н , ағаштардан
жəне
адамдардың
салған
күркелерінен ұя жасап ал. Сосын əр түрлі жемістерден же де,
Раббыңның саған оңтайластырған жолымен жүр», – деп уахи
етті. Араның қарнынан адамға шипа- лы түрлі-түсті бал
шығады. Əлбетте, мұнда ойланған қауым үшін ғибрат бар».
(«Нахл» / 68-69).
Бал арасы мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып жүріп бал жинайды.
Ондаған шақырымдарға ұшып барып, компас- сыз-ақ күнге қарап
қайта айналып ұясын таба алады. Ке- ремет инженер сияқты алты
бұрыш етіп, геометриялық пішінде бал ұяшықтарын жасайды.
Аралар бал ұяшықта- рын неліктен алты бұрыштыетіпжасауда? Неге
сегізбұрыш немесе үш бұрыш яки бес бұрыш емес? Математиктердің
есебі бойынша алты бұрышты бал ұяшықтарын жасауда ең аз
материал қолданылып, оған ең көп мөлшерде бал
ИМАНИ ГҮЛ
сыяды екен. Яғни, алты бұрышты бал ұяшықтары ара- лар үшін ең
тиімдісі болмақ. Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданған
тəсілі өте таң қаларлық. Аралар бал ұяшықтарын жасаған уақытта
бөлек-бөлек екі-үш жерден бірден бастайды. Яғни, бір топ ара бөлекбөлек жерден бастап, бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды
со- сын бір-бірімен біріктіре отырып бал ұяшықтарын тоқып, сосын
барлығы ортада кездеседі екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен
біріктірілген тұстары өте шеберлікпен іске асқандықтан кейіннен
біріктірілгендіктері мүлдем байқалмайды.
Ал енді осы ақылсыз араға қай гүлдерде бал бар екенін, күнге
қарап ұшқан ұясын қайта табуды, керемет есеппен есептелген бал
ұяшықтарын жасауды кім үйретті? Ұяларындағы тазалық, бұзылған
жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру істері жүйелі түрде іске
асады. Егер ұяның іші ыстық болса жұмыртқаларды салқындату
үшін қанаттарын қағып, ал суық болса жұмыртқаны жан- жағынан
көлегейлеп жылытады. К е з келген бір бал арасы бал жасауға
жарамды гүлдерді тапқан жағдайда, алыстағы басқа араларға өздері
ғана түсінетін кейбір іс-əрекеттері арқылы хабар береді. Бал арасы
мұның бəрін қайдан, кімнен үйренді? Бал арасы у л ы денесінен
құрамында мың бір түрлі минералдар мен витаминдері бар шипалы
балды жасауды кімнен үйреніп, қай зертханада жасады. Балдың
формуласын қайдан алды?
Жарқанат
Бəрімізге белгілі, жарқанаттың көзі көрмейді, яғни көр. Ол
дыбыс толқындарын жіберу арқылы жан- жағындағы нəрселерге
қақтығыспайды. Тіпті, қорегін осы арқылы аул а й д ы . Адам баласы
радарды жарқанатқа
32
қарап тапты. Радардың кереметтігінің алдында таң қалып, шапалақ
ұрған біздер жарқанатқа осы дыбыс толқынын жіберу қабілетін,
өнерін үйреткен Ұлы Жаратушының құдіретіне неліктен таң қалып,
бас имейміз?
Ауаның құрамы
Əр тыныс алған сайын жұтатын ауамыздың құрамын ойланып
көрейік! Ауаның құрамында 21% оттегі, 78% азот, 1% басқа
газдардың қосындысы бар. Ауаның құрамындағы 21% оттегінің
мөлшері кішкене көбірек болғанда күн сəулелері арқылы келетін
радиациялар сал- дарынан Жер беті тұтанып, лаулаған отқа айналып,
ал аталмыш мөлшерден кішкене азырақ болғанда, оттегінің
аздығынан тыныс ала алмай, бұл дүниемен қош айтысып кетер едік.
Біздер ауадағы оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын бөліп
шығарамыз. Ал өсімдік əлемі болса, керісінше, көмірқышқыл газын
жұтып, оттегі бөліп шығарады. Осы- лайша ауа үздіксіз алма-кезек
табиғи жолмен тазаланып, адамның игілігіне айналады. Өсімдіктер
де біз сияқты оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын бөлер болса, ауамызды қалай тазалар едік? Əр нəрседе өзінің құдіретін сездірген Ұлы
Жаратушы қандай ұлық!
Шаш, қас, кірпіктеріміз
Шаштарымыз ұдайы өсіп отырады. Шаштың бұлай үнемі өсуін
кездейсоқтық деп қабылдасақ, неліктен шаш тектес қастарымыз
бен кірпіктеріміз өспестен бір қалыпты тұр? Ал бұлар да шаш
тəрізді ұдайы өсіп отырса, жағдайымыз қалай қиынға соғар еді.
Бұған қоса кірпігіміздегі эстетикаға, нəзіктікке, сұлулыққа
қараңызшы, олар да кездейсоқ емес, басқа бір тылсым
ИМАНИ ГҮЛ
34
күш тарапынан əдейі жасалғандығын аңғарасыз. Ал мұрнымыздың
ішіндегі түктерді ше? Оның ауаны жы- лыту, фильтрлеу, одан да
басқа қызметтерін ескерместен, өз-өзінен, бостан-босқа кездейсоқ
өсіп тұр деп кім айта алады?!
Қар
Сипатын көр, тосып ал да, Жапалақтап
жауса қар. Таза тексер, көзді сал да,
Қандай оның түрі бар?
Шəкəрім
Кəдімгі қардың əрбір қалаушасында Ұлы Жаратушымыздың
шеберлігінің мөрі бар. Жай көзімізбен қарағанның өзінде əрбір қар
түйіршігінің бір-біріне ұқсамайтынын көреміз. 1 м2 қарда 350
миллион қар түйіршігі бар деп жобалануда. Бұлардың əрқайсысы əр
түрлі симметриялы ою-өрнекпен безендірілген хрусталь тəріздес
алты бұрышты пішінде екенін білесіз бе? Қар түйіршіктерінің бұл
ғажайып сыры соңғы 100 жылда ғана белгілі болды. Уилсон Бертлей
1885 жылы фотомикрофик фотоаппараты арқылы 46 жыл қар
түйіршіктерін түсіріпті, артынан «Қар түйіршіктері» атты кітабын
жазады. Уил- сон Бертлей өзі түсірген 5300 суреттің ішінен бір-біріне
ұқсайтын екі суреттің кездеспегенін таң қала айтады.
Жер бетіндегі барлық қар түйіршігінің бір-біріне ұқ- самайтын
алты бұрышты əрі геометриялы пішінде болуы
– Ұлы Жаратушымыздың теңдессіз шеберлігі мен барлық қардың
пішінін білетін шексіз ілімінің белгісі болса керек. Жер бетіне түсіп,
ерігенге дейін ғана өмірі бар əрбір қарда өзінің құдіреті мен
шеберлігінің мөрін нақыштаған Алла қандай ұлы! Мұны да
кездейсоқ дейтіндерге не дейік?
Өсімдіктер
Өсімдік өмірінің негізгі қорегі – с у. Қурап немесе со- лып
қалмауы үшін бақшамыздағы өсімдіктердің түбіне белгілі мөлшерде
су құямыз. Өсімдік құйылған бұл су- дан өз тіршілігін жалғастыруға
жететіндей ғана көлемін денесіне қабылдайды. Ал қалған су буға
айналады немесе басқа өсімдіктердің қажетін өтейді. Əрбір өсімдік
ішілген суды денесінің түкпір-түкпіріне, жапырақтарының ең
ұшына жібереді. Мысалы, ағаштар с у д ы ешқандай
насостың
көмегінсіз 15-20 тіпті 30 метр биіктіктегі бұтақтарының түкпіртүкпіріне, жапырақтарының ұшына жеткізеді. Ақыл иесі біздер 15-20
метр биіктіктегі үйлерге суды насостың көмегінсіз шығара алмай
жатқанда, ағаштар суды осыншама биікке қалай көтереді?
Бұдан да таң қаларлығы, өсімдіктер жаздың аптап, ми қайнатар
ыстығында аз мөлшердегі сумен-ақ жап-жасыл қалпын сақтап
қалады. Бір гүлдің бойында 50 грамм су, тіпті кішкентай бір шөпте
бір немесе екі тамшы су болады екен. Жазда бір апта бойы 35 градус
ыстық болғанын ой- лап көріңіз. Топырақ құрғап, тастар қызып
жатқан осын- дай ыстықта өсімдік əлемі қалай ғана бойындағы аз
ғана сумен өзінің жасылдығы мен тіршілігін сақтап қалуда? Гүлдің
бойындағы 50 грамм су мұндай ыстықтың астын- да көп болса 5-6
сағаттың ішінде, шөптің бойындағы б і р - екі тамшы су бірнеше
минуттың ішінде-ақ бу ғ а айналып кетуге тиіс. Бірақ қалай ғана
өсімдік əлемі құрғамастан жасыл түсін, өмірін сақтап тұр?
Ойланғанға ғибрат.
Тістеріміз
Тістеріміздің орналасу ретін ойлаңызшы. Алдыңғы күрек
тістеріміз өткір болып келеді. Ал артқы азу тістеріміз
жалпақ. Демек, күрек тістеріміз жейтін қорегімізді қырқып, үзу үшін
өткір етіп, ал азу тістеріміз сол алдыңғы өткір тістерімізбен қырқып,
үзген қоректерімізді шайнап, үгітуге қолайлы жалпақ етіп
жаратылған. Егер барлық тісіміз жалпақ немесе, керісінше, барлығы
өткір болса жағдайымыз қалай болар еді?
Астыңғы тістер мен үстіңгі тістердің арасында ке- ремет бір
үйлесімділік бар. Жағымыз жабылған уақытта астыңғы тістеріміз бен
жоғарғы тістеріміз бір-бірімен қабысады. Мысалы, азу тісіміздің
біреуі сəл ұзындау бол- са, тамақ жеу, сөйлеу сияқты кейбір істерімізді
еш ақаусыз атқара алар ма едік?
Жас нəресте сүтпен ғана қоректенгендіктен онда тіс болмайды.
Бірақ басқа қатты нəрселермен қоректенетін шаққа жеткенде, дереу
тісі өседі. Тістердің өте шебер орналасу реттері мен бір-бірімен
үйлесімділігі жəне қажетіне қарай дер кезінде өсу уақыты
кездейсоқтық емес, Алланың теңдессіз шеберлігі мен əр нəрседегі
дəлме-дəл есебі екені анық.
Дүрсілдеген жүрек
Дүниедегі ең керемет мотор – көкірегіңіздің сол жағында
орналасқан жүрегіңіз. Жүрегіміз ерекше жүйесімен, тоқтаусыз
соғуымен тəулігіне денеміздегі қанды 1000 рет толық айналдырып
шығады екен. Жүрек бір сағатта орташа көлемді жеңіл көлікті 1 метр
жоғары көтеретіндей қуат бөліп шығарады. Жүректің қанды айдаған
кезде қолданатын күші өте қуатты. Осы күш арқылы қанды 3 метр
биіктікке ытқыта алады. Жүректің ең бір ерекше қасиеті – өмір бойы
үздіксіз жұмыс істеуі. Осы тұрғыдан алғанда, оны дүниедегі
тоқтамай, демалыс- сыз жұмыс істейтін теңдессіз мотор деуге
болады. Жүрек
– шамамен минутына 70 рет, бір жылда 37 миллион рет
соғып, үнемі қозғалыста болатын жалғыз ағза. Адамның орта өмірі
бойынша 2,5 миллиард рет соға отырып, 300 миллион литрдей қан
айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың өзінде жүрегіміз сағатына 340
литр қан айдайды екен.
Алақаныңызды қанша минут үздіксіз ашып-жұмып тұра аласыз?
Алақан бірнеше минуттан кейін-ақ талып, бұл əрекетіңізді тоқтатуға
мəжбүр боласыз. Ал енді өмір бойы жүрегіңізді бір мезет
тоқтатпастан, денеміздің түкпір-түкпіріне сағатына жүздеген литр
қанды айдатқызып тұрған қандай күш? Тағы да кездейсоқтық па?
Жоқ əлде...
Неліктен?
Егер барлық нəрсе кездейсоқ пайда болса...
Неліктен жаратылыстағы барлық нəрсе ерекше
керемет?
Неліктен жаратылыста ешбір ақау, кемшілік жоқ?
Неліктен ең озық аппараттар сүтті, балды жасай
алмайды?
Неліктен ең дамыған қалалар ормандағы тазалыққа
жете алмайды?
ДАРвИНИзМНІҢ ЖАЛҒАНДЫҒЫ
Негізінде дарвинизм нақты дəлелденген ғылыми жетістік емес,
бар болғаны гипотеза, болжам, яғни осы- лай болуы мүмкін деген ойпікір ғана. Гипотеза ғылыми түрде дəлелденген жағдайда ғана
теориялық болжамнан шығып, шындыққа, ғылымға айналады.
Ал дарвинизм теориясынан бастау алған «Адам май- мылдан
пайда болды» деген пікір бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, ғылыми
түрде дəлелденіп, нақтылық тұғырына жете алмады. Олай болса, бұл
пікір қара дүрсін болжам ғана. Сондықтан оны талқылап жатудың өзі
артық. Десек те, оқырманға пайдасы болар деген ниетпен кейбір
негізгі ұстанымдарын талдап көрелік.
Дарвинизм теориясының негізгі ұстанымдарын қорыта айтсақ,
төмендегідей:
1. Жан-жануар, өсімдік əлемі жəне жалпы жан иелері бір-бірінен
пайда болды. Барлық жан иелерінің түпкі тегі б і р е у . Жанжануарлар мен өсімдіктер уақыт өте келе бүгінгі пішіндері мен
түрлеріне айналған. Бастауы миллиондаған жылдарға барып
тірелетін жан иелерінің қазіргі түрлері – мақсатсыз, мағынасыз,
кездейсоқтықтың əсерінен кішкентай бір жан иесінен сатылайсатылай да- мып, пайда болған.
2. Жан-жануарлар мен өсімдіктер өмір сүріп, тіршілік бетінде қалу
үшін өте үлкен күш жұмсап, күрес жүргізіп, бір-бірімен
қырқысуда. Өмір үшін жүргізілген бұл күресте ең күштілері тірі
қалып, ал əлсіздерінің тұқымы құрып, жан иелерінің қатарынан
шығуда. Тірі қалғандардың ұрпақтары көбейіп, уақыт озған
сайын бір түрден екінші түрге ауысып, өзгеруде. Бұл өзгерістер
жаңа ұрпақтарға да өтуде.
Жансыз материя қалай жан иесі болды?
Дарвиншілердің
бірінші ұстанымдарында
айтылғандай,
жан-жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегі бір болуы мүмкін бе?
Дарвинизм пікірін қолдайтындар бұл сұраққа «иə» дейді.
Дəлелдері – тек болжам ғана.
Олардың пікірлері бойынша қазіргі жан иелерінің бəрі жалғыз
клетканың дамуы арқылы сатылай-сатылай пай- да болған. Ал енді
барлық жан иелерінің бастауы болған кішкентай клетка қалай пайда
болды? Олардың айтуынша клетка да сатылай даму жолы арқылы
пайда болған.
Жансыз материя мен жанды нəрсенің арасында таң қаларлық
үлкен айырмашылық бар екендігі бəрімізге белгілі. Ал енді жансыз
бір зат қалай ғана өз-өзінен, сырттан, басқа бір күштің əсерінсіз
жанды клеткаға ай- налуы мүмкін? Бұл сұрағымызға тағы да
«кездейсоқтың əсерінен» деген ж ауап аламыз. Алайда сол бір
қарапайым клетканың өзі кездейсоқ өз-өзінен пайда бола алмайды.
Себібі ол аса керемет, тамаша жүйеге ие. Ал санадан мақұрым,
білімнен ада, жансыз, көр материядан кездейсоқ саналы адамның
пайда болуы тіптен мүмкін емес.
Профессор, доктор Клаус Доус (Германиядағы Johannes Gutenberg
университетінің биохимия институтының ректоры): «Соңғы 30 жыл
бойғыөте терең зерттеулерге қарамастан алғаш жанды
клетканың пай- да б о л у ы туралы ешқандай ғылыми дəлел
табылмады»,– деп, алғашқы жанды клетканың өз-өзінен пайда
болуының ешқандай ғылыми негізге сүйенбейтінін айтса, Кейц
Граһам: «Алғашқы өмірдің (жанды клетканың) баста- уы деп
есептелген элементтер қазір де бар. Бірақ қазір неліктен олардан
жанды нəрсе пайда болмайды?» деп,
жансыз элементтерден өз-өзінен жанды нəрсе пайда бол- майтынын
дəлелдейді.
Батыстың белгілі ғалымы Макс Планк материяның қалай пайда
болғандығы жайлы былай дейді:
«Материя белгілі бір күш-құдірет арқылы тіршілік бетіне
шығып, пайда болады. Материяның ішінде кішкентай-кішкентай
күн жүйесі тəріздес жүйелер бар. Атом жəне электрон деп
аталатын бұл жүйелер ма- терияны ыдырап кетуден қорғайды.
Ғарышта мұндай керемет күш-қуат болмағанына қарағанда күллі
жа- ратылысты белгілі бір жүйеде ұстап тұрған керемет ілім,
шексіз құдірет иесі болуға тиіс. Міне, материяның бастауы – осы
құдірет. Бұл құдіреттің Ұлы Жаратушы екені күмəнсіз».
Ескі қаңқалар дарвинизмнің қателігін
əшкерелейді
Эволюция теориясы бойынша, барлық жан иелері бір- бірінен
тараған. Ертерек пайда болған белгілі бір жан иесі уақыт өте келе
екінші бір жан иесінің түріне айналған. Міне, осылайша барлық жан
иелерінің түрлері пайда болған. Бұл теория бойынша, жан иелері
түрлерінің
бір-біріне айналулары
миллиондаған,
тіпті
миллиярдтаған жылдарда сатылай- сатылай жүзеге асқан-мыс. Олай
болса, осы жан иелерінің бір-біріне айналған жүз миллиондаған
жылдар ішінде екі түрдің бір-біріне айналу кезінде сансыз «аралық
түрлердің» пайда болуы жəне өмір сүрулері тиісті. Мысалы, судағы
балықтың бірден бауырымен жорғалайтын жан иесіне ай- налуы
мүмкін болмағандықтан, екеуінің арасын жалғайтын жартылай
балық, жартылай бауырымен жорғалайтын
«аралық түр» жан иелерінің немесе бауырымен жорғалай- тын жан
иелерінің құсқа айналу кезінде жартылай бауыры- мен жорғалайтын,
жартылай ұшатын құстардың ерекшелік-
тері бар «аралық түрі» пайда болып, өмір сүрулері керек еді. Бұл
аралық түрлер өтпелі кезең үшін болғандықтан ауру, кемшілікке толы
болуға тиіс. Егер шынымен-ақ аталмыш аралық түрлер өмір сүрген
болса, олардың өмір сүргенін дəлелдейтін миллиондаған, тіпті қазір
өмір сүрген жан- жануар, құстардың санынан да көп қаңқа сүйектері
табылуға тиіс еді ғой. Бірақ табылмады. Чарльз Дарвиннің өзі де
«Түрлердің түбірі» атты кітабында былай дейді: «Егер те- ориям
дұрыс б о л с а , түрлерді бір-біріне байлайтын сансыз аралық
түрлердің өмір сүрулері тиіс. Бұл аралық түрлердің өмір
сүргендіктерін дəлелдейтін жалғыз дəлел – аталмыш аралық
түрлердің фосилдері (тасқа айналған қаңқалары) бо- лар еді». Бірақ
Дарвин өзінің теориясын дəлелдейтін аралық түрлердің қаңқаларын
терең зерттеулердің нəтижесінде де таба алмағанын былай деп
мойындайды: «Егер шынымен-ақ барлық жан иелерінің түрлері бірбірінен сатылай-сатылай дами отырып пайда болса, неге сансыз
аралық түрлердің қаңқаларына кезікпейміз? Неліктен жалпы
жаратылыс кемшіліксіз тамаша жүйеге ие?!»4.
Дарвин:
«Қазір
бұл
аралық
түрлердың
қаңқалары
табылмағанымен келешекте міндетті түрде табылуға тиіс» деген
үміті арқылы өзін-өзі жұбатты əрі оңбай қателесті. Үмітсіз шайтан
деген эволюционерлер Дарвиннің бұл үмітіне сенім артып, 19
ғасырдың ортасынан бастап осы күнге дейін дүниенің əр-əр жерінде
өте қызу түрде аралық түрлердің қаңқаларын іздеу жұмысын
жүргізді. Бірақ осыншама қызу зерттеулердің нəтижесінде үміттері
босқа шығып, ешбір аралық түрлердің қаңқасын таба ал- май діңкесі
құрыды. Керісінше, жүргізілген зерттеулерден табылған қалдықтар,
эволюционерлердің күткеніндей емес, барлық жан иелерінің тіршілік
бетіне сатылай-сатылай емес, бірден кемшілік, қатесіз түрде пайда
болғандығын тайға таңба басқандай дəлелдеді. Осылайша
эволюционерлер өз
4
Чарльз Дарвин, Түрлерин көкені. Онур Иайынлары, Анкара 1996.
теорияларын дəлелдейміз деп жүріп, оны өз қолдарымен күйрете
құлатты. Бұл шындықты эволюционер болғанына қарамастан атақты
ағылшын, ескі қаңқаларды зерттеуші па- леонтолог Дерек Агер
былай деп мойындайды: «Проблема- мыз мынандай: қаңқаларды
кеңінен, тереңінен зерттеген уақытымызда, əрдайым сатылайсатылай дамыған емес, тіршілік бетіне бірден пайда болған жан
иелері түрлерінің кездескенін көреміз».
Қазіргі өмір сүріп жатқан жан иелері мен олардың
ежелгі қаңқалары
Қазір өмір сүріп жатқан көптеген жан иелері мен олардың
миллиондаған жыл бұрын өмір сүрген түрлерінің қаңқалары
арасында ешқандай айырмашылық, өзгерістің жоқ. Бұл барлық жан
иелерінің сатылай даму жолы арқылы емес, Ұлы Алла тарапынан
арнайы жаратылып, жер бетінде бірден пайда болғандығын
көрсетеді.
100 миллион жыл бұрын өмір сүрген құмырсқаның табылған
фосилі (таста қалған қаңқасы) мен қазіргі кездегі құмырсқаның
арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
Миллиондаған жыл бұрын өмір сүрген араның табылған қаңқасы
мен қазір өмір сүріп жатқан араның арасында ешқандай
айырмашылық жоқ.
410 миллион жыл бұрын өмір сүрген целекант балығының таста
қалған қаңқасы. Эволюционерлер осы- нау қаңқаға сүйене отырып,
табылған бұл балық түрін жан иелерінің суд а н құрлыққа өту
кезеңіндегі «аралық түрінің» үлгісі деп қабылдаған.
Бірақ қаңқасы табылған осы целекант балығы 1938 жылы тірідей
бірнеше рет ауланды. Соңғы жылдары бұл балық түрінің жиі-жиі
аулануы эволюционерлердің өтірік тұжырымдарын əшкере етті.
135 миллион жыл бұрын өмір сүрген инеліктің тасқа айналған
қаңқасы мен қазіргі инелік еш өзгеріссіз бірдей.
Эволюционерлердің қаңқаларды ғылыми негізсіз жорамалдап,
халықты алдауы
Эволюционерлер табылған сүйектің бір бөлігі арқылы белгілі бір
жан иесінің суретін яки макетін өз
мақсатта-рына орайластырып ғылыми негізсіз қияли жо- балау
арқылы халықты өздеріне сендіруді көздеген. Газет- журнал,
кітаптардағы дарвинизмді дəлелдеуге қолданған көптеген суреттер
мен макеттер, міне, осындай сурет, ма- кеттер.
Эволюционерлердің бұл тұрғыда шектен шыққандары соншалық,
«Zinjanthropus» деп атала- тын адамның бас сүйегін негізге алып
бір-біріне мүлде ұқсамайтын үш түрлі қияли сурет салған.
Бір бас сүйектен үш түрлі сурет
Бұл туралы Гарвард университетінен Эрист А. Хутен былай дейді:
«Денедегі жұмсақ жерлерді жобалап, қайта жасау өте қиын жұмыс.
Ерін, көз, құлақ, мұрын сияқты жұмсақ мүшелердің астындағы
сүйектерімен ешқандай байланысы жоқ. Мысалға, «Neandertal» бас
сүйегін жоба- л а у арқылы оны бір маймыл түріне немесе бір
философқа ұқсатып суретін немесе макетін жасай аласыз. Байырғы
адамдардың қалған сүйек қалдықтарына сүйене отырып жасалған
суреттер мен макеттердің ешқайсысы ғылыми
негізге сүйенбегендіктен сенімді емес жəне халықты өздеріне сендіру
үшін қолданылатын айла».
Эволюция – ғылым емес, алдау
Эволюционерлер маймылдың адамға айналу кезеңіндегі «аралық
түр» жартылай маймыл, жартылай адамның болғандығын
дəлелдейтін сүйек қаңқаларын таба алмағандықтан, бұл
проблемаларын маймыл мен адамның сүйектерін құрастыру арқылы
шешуге бел байлаған.
Атақты доктор, ескі сүйектерді зерттеуші Чарльз Доусон 1912
жылы: «Англиядағы Пилтдаун деп атала- тын жердің маңайындағы
бір шұңқырдан бір жақ сүйек пен бас сүйек тауып алдым» деп
əлемге жар салады. Жақ сүйек маймылдікіне ұқсағанымен, бас сүйегі
мен тістері адамдікіне ұқсайтын бұл сүйектерге 500 мың жылдық жас
берілді. Сөйтіп «Пилтдаун» деп аталған бұл сүйектерді əр түрлі
мұражайларға қойып, адамның маймылдан са- тылай даму жолы
арқылы пайда болғанын растайтын нақты дəлел ретінде қолданды.
Бұл сүйекке байланысты 40 жылдам астам уақыт ғылыми мақалалар
жазылып, су- реттер сызылды. Əлемдегі əр түрлі университеттерден
500-ге жуық докторлық еңбек қорғалды. Алайда, 1949 жылы Кеннет
Окли атты ғалым сүйектердің нақты жасын анықтайтын «Flor test»
тəсілі арқылы «Пилтдаун адамын» да зерттеп көрді. Нəтиже өте таң
қаларлық, бір сөзбен айтқанда, масқара! «Пилтдаун адамының»
сүйектері адам мен маймылдың сүйектерін өте шеберлікпен
құрастыру арқылы жасалғандығы əшкереленді. 500 жыл бұрын өмір
сүрген адамның бас сүйегіне 60 жыл бұрын өмір сүрген Орангутан
маймылының жақ сүйегі, жақ сүйегіне адамның тістері жасанды түрде
өте шеберлікпен орнатылғандығы анықталды. Сүйектердің жанынан
табылды делінген
құралдардың қолдан жасалғаны да белгілі болды. Осыдан кейін ғана
40 жылдай Британ мұражайында тұрған бұл құрастырылған сүйек
дереу шығарылып тасталды. Иə, өз мақсаттарын дəлелдеу үшін
осындай айла, қулықтарға жүгінген ғалымсымақтардың қандай
дəлелдеріне сенуге болады?5
Адам бас сүйегіндегі орангутанның жақ сүйегі
5
Герчеге догру журналы № 13, 10-бет. Гуфран Койунсу. 1996 ж.
Əр жан иесінің еркек-ұрғашысы қалай пайда
болды?
Эволюционерлер сатылай даму арқылы маймыл- дан адам пайда
болды деп жар салып, оның қиялдан макеті мен суретін салды. Бір
таң қаларлығы, маймыл- дан сатылай дамудың ең ақырғы кезеңінде
пайда болған адам ретінде орта жастағы нəсілі батыстыққа жататын
ер адамның бейнесі таңдалған. Бұл əрине батыс нəсілді адамдарды
өзге адамдардан үстем етіп көрсетудің айқын көрінісі. Маймылдан
адамға айналу кезеңіндегі дамудың ең соңғы үлгісі ретінде батыс
нəсілді ер адамның бейнесін көрсеткен эволюционерлер əйел
адамның қалай пайда болғанына келгенде, дерек көрсетпек түгілі ол
туралы жақ ашпауда. Осы пайда болған ер адамға ішкі-сыртқы бар
жағынан үйлесімді түрде өзгеше даму жолы арқылы əйел баласы
қалай жəне қай жерде пайда болды? Бұған байла- нысты
қанағаттанарлық ғылыми қандай дəлелдер бар?
Ғаламдағы барлық жан иесінің еркектері миллиондаған жылда
сатылай даму арқылы пайда бол- ды дей тұрғанмен, солардың
əрқайсысының ұрғашы тектері қалай пайда болды деген сұрақ
бəрібір мазаламай қоймайды. Əр жан иесі бөлек-бөлек даму
жолдарымен пайда болды десек, олардың еркек-ұрғашылары қалай
бір-бірімен үйлесетіндей тамаша күйде пайда болған? Өз ұрпақтарын
жалғастыратындай мүмкіншілікке қалай ие болды? Бұл сұрақтарға
«кездейсоқ» деп жалтарудан өзге тұщымды жауап табу да мүмкін
емес.
Өмір дегеніміз қырқыс, күрес пе?
Дарвинизм пікірін қолдайтындардың ұстанатын екінші негіздері:
«Жан-жануарлар мен өсімдік əлемі тіршілік үшінүлкенкүрес
жүргізіп, бір-біріменқырқысуда. Өмір үшін жүргізілген бұл күресте
ең күштілері ғана тірі қалып, ал əлсіздерінің тұқымы құрып,
жойылуда. Тірі қалғандардың ұрпақтары көбейіп, уақыт озған
сайын бір түрден екінші түрге ауысып, өзгереді. Бұл өзгерістер
жаңа ұрпақтарға да өтуде».
Олардың айтқанындай, егер əр жан иесі тіршілік үшін басқа жан
иелерімен үнемі қырқыс, күрес үстінде болса, аналардың балаларына
деген мейірімділігін, ақылсыз тауық сияқты құстардың
балапандарын құтқару үшін жыртқыштардың аузына түсіп, өз
жандарын балаларының жолында пида етулерін қалай түсінуге
болады? Мыса- лы, теңіздегі кейбір үлкен балық түрлері
тамақтанғаннан кейін аузын ашып тұрады. Ал екінші бір кішкентай
балық келіп тістерінің арасындағы еттерді тазалап, қорек етеді.
Демек, өмір – қырқыс, күрес емес, өзара жəрдемдесіп, көмектесу.
Əйтпесе кішкентай балық қорықпастан, емін- еркін жыртқыш
балықтың аузында жүре алмасы анық. Үлкен балық та кішкентай
балықтарға тиіспестен ау з ы н ашып жай ғана тұра алмас еді.
Дарвиннің айтқанындай, жан иелері арасында өмір үшін жасалған
бұл қырқыс, күресте əлсіздердің тұқымы құрып, тек қана күштілері
қалатын болса, жер бетіндегі əлсіз миллиондаған жан- жануар,
өсімдіктердің осы күнге дейін өз өмірлерін сақтап, ұрпақтарын
жалғастыруын, керісінше, ең күшті санала- тын динозаврлар секілі
ірі жыртқыштардың тұқымының тұздай құруын қалай түсінуге
болады?
ТАБИҒАТ ЖƏНЕ ТАБИҒАТ зАҢДАРЫ ЖАРАТУШЫ
БОЛА АЛМАС
Заң мен сол заңды қоюшының бірдей болмасы анық. Табиғат
заңдарының табиғатты жаратуы мүмкін емес. Табиғат өзінде
болмаған қасиет пен ерекшеліктерді басқа бір жаратылысқа беруі
тіпті мүмкін емес. Мысалы, адамдағы сана мен түрлі сезімдер
табиғатта жоқ. Олай болса, өзінде жоқ нəрсені табиғат адамға қалай
берсін? Адамды табиғат қалай жаратсын? Көрмейтін, естімейтін,
сезбейтін су, топырақ, ауадан құралатын табиғат өзінен де керемет
адамды жəне басқа жаратылысты жаратуы мүлдем мүмкін емес.
Жаратылысты табиғат жаратты деу
–табиғат өз-өзін жаратты деумен бірдей. Себебі табиғат дегеніміз, ол –
топырақ, су, ауа, ағаш, тас. Ал енді суды, ауаны, ағашты, топырақты,
тасты табиғат жаратты деуіміз, өз-өзін жаратты деген күлкілі жауап
емес пе?
Табиғат заңдары мен нəтижелері жəне жаратылыстағы
себептер мен салдарлары Табиғат заңдары мен себептері өте
əлсіз, ілімсіз, санасыз, сезімсіз бола тұра нəтижелері өте керемет, жүйелі,
тамаша. Демек, табиғат заңдары мен жалпы себептер- ден пайда
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 03
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.