Latin Common Turkic

Имани гүл - 08

Süzlärneñ gomumi sanı 3795
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
«Жаз жіберіп, жан берген қара жерге Рахметіне Алланың
көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер Адамзаттың
көңлі өсіп көтерілер
Қара тастан басқаның бəрі жадырап, Бір сараңнан
басқаның бейлі енер.
Тамашалап қарасаң Тəңрі ісіне
Бойың балқып, ериді іште жігер» – деп жырлағандай көктемде
айналаңа қарасаң, сен де өзіңді қайта тірілген- дей сезінесің. Өйткені
айналаңдағы табиғат жаппай қайта тірілуге, жаңа өмірге, қайта келген
құстардың тамылжыта сайраған əсем əніне тұнып тұр. Қыста ызыңы
жоғалып, аты өшкен шыбын-шіркей көктемде қайта пайда болып,
үсті-басыңа қонып мазаңды алады. Бірақ сол ызыңымен саған қайта
тірілетініңді меңзеп тұрғандай. Иə, қысқы өлімнен кейін өсімдік
əлемін, адамнан қанша есе көп жал- пы жəндіктерді қайта жер бетіне
шығарған Ұлы Жарату- шымыз адам баласын өлім қысынан кейін
қайта тірілтеді. Себебі адам өсімдіктен де, шыбын-шіркей,
жəндіктерден де маңызды əрі мағыналы.
Жеген қорегіміз де денемізде қайта тірілуде
Күзде «Өмірімнің соңына таядым» дегендей, сарғайып тұрған
егінді орып аламыз. Бұл – жайқалып өсіп тұрған бидай үшін бірінші
өлім. Сосын диірменге тартып ұн жасаймыз. Бұл – ол үшін екінші
өлім. Сосын илеп ашы- тып, қып-қызыл қызып тұрған тандырға
салып пісіреміз. Бұл – бидай үшін тағы бір өлім. Дастарханға келген
нан- ды аузымызға салып, тісімізбен үгітіп, асқазанымызға
жібереміз. Ол жерде əр түрлі сөлдермен араласып, басқа бір өлімге
душар болады. Міне, осылайша нан асқазан қабірінде көмілген
болды. Нан осыншама өлімнен кейін асқазаннан он екі елі ішегімізге
өтеді. Сол жерде асқазанда өлген нан бұрынғысынан да керемет түрде
қайта
тіріліп,
денеміздегі
қанымызға,
клеткаларымызға,
витаминдерге айналып, тəнімізде тіршілігін жалғастырады.
Ал енді Алла Тағала адам баласын өлгеннен кейін жан беріп,
қайта тірілтпейді дейтіндей, бірнеше өлімге куə болып, адамның
тəнінде қайта тірілген бидайдан да төмен, мағынасыз болғаны ма?
Күзде топыраққа түсіп көмілген əр түрлі дəндер мен дақылдарды
шіріді, бітті, өлді деп ойламаймыз. Себебі ол көктемде алғашқы
кейпінен де керемет түрде қайта тіріліп, қара жерді қақ жарып
шығып, жайқала өсіп, жер бетін жасыл реңімен бояп тастайды. Тіпті
біреу болып өледі, бірнеше болып тіріледі.
Алла Тағала Құранда: «Оның (құдіретін көрсететін)
дəлелдерден бір дəлел мынау:
Сен жерді құрғап, (Алладан медет сұрап тұрған адамдай) басын иген күйде көресің. Бірақ Біз жаңбыр
жауғызған сəтте жер беті құлпырып, көпси түседі. Міне, құрғақ жерді осылай кім тірілтсе, өлілерді де Сол
тірілтеді. Өйткені Оның əр нəрсеге құдіреті толық
жетеді»68 – деп өлілерді тірілтетін шексіз құдіретіне наза- рымызды
аударады.
Топырақ астында шіріген дəн-дақылды көктемде қайта тірілткен
Алла Тағала, өзінің жер бетіндегі хали- фасы – адам баласын да
қабірде шірігеннен кейін көктем тəріздес Хашыр күні қайта тірілтеді.
Ұлы Патшаның əділдігі ақыретті талап етеді
«Кімде-кім тозаңдай жақсылық істесе,
жақсылығының қарымын сөзсіз алады.
Ал кімде-кім тозаңдай жаманшылық
жасаса, оның жазасын тартады».
«Зилзала» сүресі
Алла Тағала – күллі əлем мен жалпы жаратылыс атауына
салтанатты патшалығын құрып, əр нəрсеге өзінің үкімін қабылдатып,
билігін жүргізуші Ұлы Патша. Жаратылыстағы əр нəрсе Оның
ілімінен тыс қалмайды. Əрбір іс Оның рұқсатынсыз жүзеге аспайды.
Күллі əлем Осы Ұлы Патшаның мейірімінен алған нəрмен тыныс
алып, тіршілік бетінде қалуда. Оның осы шексіз мейірім нұрынан
өзінің нəсібін алған ақылсыз тауық та өз бала- панын қорғау үшін
жыртқыштардың аузына түсіп, жанын пида е т уд е . Осындай
мейірімнің негізгі қайнар-бұлағы, құдіреті шексіз Ұлы Патша, өзінің
бұйрықтарына қарсы шығып, ел ішіндегі əлсіздердің ақысын жеп,
зұлымдыққа белшесінен батып, тайраңдап жүргендердің тиісті жазасын беріп, олардан əлсіздердің ақысын алып, иелеріне қайтармауы,
əлсіз құлдарының мүддесін қорғамауы мүмкін бе? Залымдардың
істеген істерінен есеп алмас68
Фуссилат сүресі/39
т а н , оларды жауапқа тартпастан жібере салса, бұл ісі Оның
салтанатты патшалығы мен əділетті билігіне əрі шексіз құдіретіне
жарасар ма еді? Ал зұлымдық, əлсіздік сияқты нұқсан сипат –
мейірімі шексіз Ұлы Жаратушыға жат сипат. Осылай бола тұра, мына
жалған дүниеде залымдардың тиісті жазасы мен жақсылардың ізгі
істерінің қарымы лайық дəрежеде беріле бермейді. Демек, сынақ үшін
жаратылған мына уақытша дүниеден кейін ақыретте үлкен сот
болмақ. Бұл соттың əділетті төрешісі Ұлы Жаратушымыздың өзі
болып, сол жерде бəріне тиісті бағасы берілмек. Ендеше, барлық
кемелдіктің шынайы ие сі, патшалардың патшасы – Алла Тағала
жақсыларға сауабын сыйлап, жамандарға азабын беріп, əділеттілігі
мен шексіз құдіретін паш етуі үшін ақыретті жаратып, үлкен сот
құруға тиіс. Иə, Алланың шексіз құдіреті мен қара қылды қақ
жарар əділеті ақыретті, үлкен есеп күнінің жаратылуын қалайды.
Ұлы Жаратушымыз Құран Кəрімде: «Қиямет күні əділдік
таразысын құрамыз. Ол жерде ешбір жан əділетсіздікке
ұшырамайды. Істелінген іс бір қыша дəнінің салмағындай болса
да, оны таразыға əкеліп тартамыз. Есеп алушы ретінде біз
жеткіліктіміз»69, – деп бұл дүниеде істеген əрбір ісіміздің ақыретте
əділ тара- зымен тартылатындығын білдіреді.
Иə, ақырет сияқты екінші бір дүние жаратылмаса, мына
дүниедегі көптеген түйіні қиын сауалдар жауап- сыз қалмақ. Мына
дүниеде сезіліп, байқалған көптеген əсем мағына баянсыз кетіп,
күллі жаратылыс бейне бір мағынасы аяқсыз қалған түсініксіз кітап
болмақ.
69
Əнбия сүресі/47
Алланың көркем есімдері ақыретті талап
етеді
Алланың барша көркем есімдері ақыреттің болуын талап етеді.
Мысалы, Алла Тағаланың «Аса жомарт» деген сипатын негізге алып
түсіндіріп көрелік. Жалпы əлем Ұлы Жаратушының терең мейірімшарапаты мен шексіз жомарттығына тұнып тұр. Же р бетіндегі ең
ə л с і з саналатын құрт-құмырысқа сияқты жəндіктердің оп- оңай
қоректенулеріне куə болудамыз. Дүниедегі ең əлсіз жаратылыстарға
да уақыт-уақытымен күтпеген ж е р - ден жəрдем келуде. Ананың
құрсағындағы əлсіз сəби сол қараңғы, тар жерде тұншұқпастан
тамаша тəсілмен қоректенеді. Сəби дүниеге келер-келмес оның нəзік
бол- мысына арналған арнайы тамағы əзір тұрады. Ананың
омырауындағы сүт басқа уақытта емес, сəбидің дүниеге қадам
басуына орай ытқылап аға түседі. Теңіздің түбіндегі балықтардың,
жеміс-жидектің ішіндегі құрттардың, тұрған жерінен қозғала
алмайтын ағаштардың, жалпы өсімдік əлемінің тамаша түрде
қоректенуі – Оның ерек- ше жомарттығы мен теңдессіз
мейірімділігінің айқын белгі-нышаны. Жер бетіндегі ырыс-береке,
нығметтің молдығы, асып-тасуы – Ұлы Жаратушының түгесілмейтін
қазынасын меңзеп тұр. Демек, Алла Тағала – теңдессіз дархандық
пен аса жомарттықтың нағыз иесі. Ал Ондағы бұл дархандық пен
жомарттық мəңгі бақи беруді, төгуді, рызықтандыруды қалайды.
Міне, сондықтан Оның дархандығы мен жомараттығынан жаңбырдай
құйыла төгілетін сый-сыяпатқа, ырыс-берекеге кенеліп, мəңгі бақи
рызықтанатын жаратылыс керек. Ол еш шүбəсіз мына дүниенің
халифасы, ең мағыналы жаратылысы – адамның қайта тірілуі арқылы
болмақ. Егер мына дүниеден кейін
Ұлы Жаратушының осы аса жомарттық пен дархандық сияқты
сипаттарының көрініс табатын басқа екінші мəңгі өмір болмаған
жағдайда, бұл сипаттары осы дүниемен шектеулі қалмақ. Ал
шектеулілік Ұлы Жаратушымызға тəн емес. Өйткені Ұлы
Жаратушымыз Алланың өзі қандай шексіз, мəңгі болса, барлық
көркем сипаттары да сондай шексіз, мəңгі. Сондықтан Алланың
барлық көркем сипат- тары ақыреттің болуын талап етеді. Осы жерде
айтылған Алла Тағаланың жомарттық сипатына басқа да көркем сипаттарын салыстырып ойлан!
Адам өзін «бостан-босқа жаратылдым» деп ойлай ма?
Əлемдегі кез келген нəрсе белгілі бір мақсатпен, арнайы
хикметпен жаратылған. Əрбір жаратылыстың өзіндік мəн-мағынасы,
міндеті бар. Күллі жаратылыс Ұлы Жаратушының барлығын, бір
екендігін білдіретін үлкен кітап дедік. Ұлы Иеміз бұл алып кітапты
адам оқысын, оқып Өзінің құдіретіне, шеберлігіне таң қалып, мақтау
айт- сын, құлшылық жасасын деп құдірет қаламымен жазған.
Түсірілген Құран да осы бір үлкен кітаптың түсіндірмесі,
қорытындысы, мазмұны іспетті. Бұл ғалам атты алып кітаптағы əр
нəрсе – мағыналы бір сөз, бір сөйлем, тіпті бір кітап. Əрі Ұлы
Жаратушымыз осы алып кітапты адамның игілігіне, қызметіне
берген. Жерден неше есе үлкен Күн де, су да, ну орман да, өсімдік те,
жан-жануар да бəрі-бəрі «лəббайк» деп адам баласына қызмет етуде.
Жалпы əлем адам үшін жаратылды десек артық емес. Осы əлемнің
ішінде адамның орны мүлдем ерекше. Өйткені жер бетіндегі жалғыз
саналы тіршілік иесі – адам. Ал енді Ұлы Жаратушымыздың барлық
дүниені адам үшін жа- ратып, ал адамды бостан-босқа, еш
мақсатсыз жаратып,
мəңгілікке өлтіре салуы мүмкін бе? Кішкентей араны да мағына,
мақсатпен жаратқан Ұлы Жаратушы – Хаким Иеміздің адам баласын
бостан-босқа мақсатсыз жаратып, мəңгілікке тіршілік бетінен
келмеске жібере салуы мүлде мүмкін емес. Құранда «Əл-Мүминун»
сүресінде: «Б і з сендерді бостан-босқа жараттық, əрі өздерің де
Бізге кері қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» - делінсе,
«Қиямəт» сүресінде: «Адам баласы (еш сұрақ алын- бастан) басы
бос қоя берілемін деп ойлай ма?» - делінеді.
О дүниеге біреу барып келіп пе?
Кез-келген нəрсенің бар екендігіне сену үшін ол нəрсені,
алдымен, міндетті түрде көзбен көріп келу шарт емес. Ешбір адам
анасының құрсағында жатып, мына дүниені көріп, сосын бұл
дүниеге аяқ басқан жоқ қой. Ананың құрсағындағы сəби өзінің
жатқан тар, қараңғы мекенінен тыс басқа əлем жоқ деп пайымдаса,
қаншалық қателескен болар еді. Турасолсияқтыбіздердеосыдүниені
барлық болмыс əлемі деп танып, бұдан басқа əлем жоқ деп
пайымдасақ, құрсақтағы баладай қателесеріміз анық. Өйткені мына
əлем де ақырет əлемімен салыстырғанда ананың құрсағындай ғана.
Жер бетіне келіп-кеткен барлық адам баласын бір
уақытта қайта тірілту қалай жүзеге асады?
Алла Тағала үшін барлық адам баласын, тіпті күллі жаратылыс
атаулыны қайта тірілту – бір адам- ды тірілтумен бірдей. Оның
шексіз құдіреті үшін шы- бын сияқты кішкентай жаратылысты
жарату мен аспан əлеміндегі миллиондаған галактикаларды, ондағы
сан-
сыз жұлдыздарды жарату – оңайлық жағынан парапар. Негізінде,
Алла үшін оңай, қиын деген ұғым жоқ. Ол үшін барлық нəрсе оңай.
Оның «бол!» деген əмірі арқылы барлық нəрсе бір сəтте бар болып,
тіршілік əлемінде көзін ашады. Қиямет күні Исрафил періштенің
сырнайға екінші рет үрлеуінен кейін Алла Тағала барлық адамды бір
сəтте мəңгілік өмір үшін қайта тірілтеді. Қысқы өлімнен кейін
шіріген сүйек тəріздес жер бетіндегі барлық ағаштарды, сансыз гүлбəйшешектерді, жалпы өсімдік атауын еш жаңылыспастан əп-сəтте,
бір мезгілде оп-оңай тірілткен құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымыз
үшін Адам атадан бері жер бетіне келіп-кеткен күллі адам баласын
бір мезгілде, көзді ашып-жұмғанша қайта тірілту еш қиын емес. Əр
нəрсесімен шектеулі əлсіз адам баласы бір ғана нүктеге басу арқылы
көзді ашып-жұмғанша үлкен бір қалаға жарық беріп, нұрға бөлеп
жатқанда, құдіреті шексіз Хақ Тағала үшін барлық өлілерге бір
мезгілде жан беріп, əпсəтте қайта тірілтуі неліктен мүмкін
болмасын?!
«Лұқман» сүресінде: «Сендердің жаратылуларың да, қайтадан
тірілтілулерің де бір кісінің жаратылып, тірілтілуіндей-ақ (оңай).
Күмəнсіз Алла Тағала барлық нəрсені толық естуші əрі көруші»70,
- делінген.
Ибраһимнің қиссасы
Ибраһим (а.с.) бір күні теңіз жағасында жатқан бір жануардың
өлексесін көрді. Жағаға ұрған теңіз толқынымен ілесе келген
балықтар бұл өлексені жұлып- жұлып жеп, кетіп жатты. Толқын
кетісімен төбедегі құстар келіп шоқып-шоқып жей бастады.
Осылайша өлексенің бір бөлігі балықтардың, қалған бір бөлігі
құстардың құрсағында кетіп жатты. Осы көріністі тамашалаған
70
Лұқман сүресі/28
Ибраһим (а.с.) енді Ұлы Жаратушысының осы бөлік-бөлік боп,
ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жа- нуарды қалай
тірілтетінін көргісі келіп, Раббысына: «Уа, Раббым, өлілерді қалай
тірілтетініңді маған көрсетші»,
- деп өтініш жасады. Шынтуайтында Ибраһимнің (а.с.) тірілтуді
көргісі келгені Ұлы Жаратушысының құдіретіне деген күмəннан
туындамаған еді. Тек Ұлы Жаратушысының қалай тірілтетінін көріп,
тамаша етіп, шеберлігіне таң қалып, шексіз құдіретін көрген жүрегі
жай тауып, Ұлы Жаратушысына мадақ айтып, бас игісі келген-ді. Бір
нəрсеге сену басқа, көру басқа. Сондықтан Ол: «Раббым өлілерді
тірілте аласың ба?» деп сұраған жоқ, «Уа, Раббым маған өлілерді
қалай тірілтетініңді көрсетші», – деді.
Алла Тағала Ибраһимге (а.с.): «Жоқ, əлде сенбедің бе?», – деді.
Негізінде Алла Тағала оның ақыретке күмəнсіз сенетінін білетін еді.
Ал, Ибраһимге былай деп сұрақ қоюуының себебі – кейін келетін
адамдардың ол ту- ралы қате түсінікке бармаулары үшін еді.
Ибраһим (а.с.) өтінішіндегі мақсатын былай деп түсіндірді:
«Əрине, (өлілерді қайта тірілтетініңе) сенемін. Бірақ (қалай
тірілткеніңді көріп, əр нəрсені көргісі келетін) жүрегім жай
тапсын деп едім».
Осыдан кейін Алла Тағала Ибраһим құлына: «Төрт тал құс ал. Сосын, оларды өзіңе əбден үйреншікті ет.
(Сосын, төртеуін де сойып бір-бірімен араластырып) оларды (араласқан еттерді) əр таудың басына бөліпбөліп қой. Сөйтіп олардың əрқайсысының атын атап шақыр; олар саған жүгірген күйде келеді. Алланың (əр
нəрсеге күші жететін) Азиз əрі (əр нəрсені орын- орынды істейтін) Хаким екендігін біл деді».
Ибраһим (а.с.) берілген əмірді бұлжытпай орындады. Құстарды
тауып, сосын оларды əбден өзіне үйретті. Со-
сын оларды сойып, жүндерін жұлып, еттерін бір-бірімен
араластырды. Араласқан еттерді төртке бөліп, төрт таудың басына
апарып тастады. Сөйтіп құстардың əрқайсысының атын атап
шақырғаны сол еді, бəрінің тіріліп, ұшқан бойда жанына келгенін
көріп Ұлы Жаратушысының құдіретіне таң-тамаша болып, жүрегі
жай тапты.
ӨЛГЕННЕН КЕйІН ҚАйТА ТІРІЛУГЕ ИМАННЫҢ
ПАйДАЛАРЫ
1. Өлімнен кейін қайта тірілуге толық иланған кез келген адамның
қоғамдағы ең сенімді тұлғаға айналары сөзсіз. Себебі оның
сенімі бойынша, Ұлы жаратушы- сы өзінің істеген əрбір ісін
көріп тұр. Бұған қоса барлық қимыл-əрекеттері екі жағындағы
періштелер тарапынан үнемі жазылып, есепке алынуда.
«Зилзала» сүресінде айтылғандай: «Кімде-кім тозаңдай
жақсылық істесе, жақсылығының қарымын сөзсіз алады.
Ал кімде-кім тозаңдай жаманшылық істесе, оның жазасын
тарта- ды».
Істеген əрбір ісінің, басқан əрбір қадамының, сөйлеген əрбір
сөзінің ертең ана дүниеде есебін беретінін ойлап, жүрегімен бек
сенген адам жаманшылық атау- лыдан, жалпы күнəдан алыс жүреді.
Өйткені иманды адам істеген қиянаттарының жазасынан бұл дүниеде
құтылғанымен, ана дүниеде құтылмайтынын ойлап, күнəларының
есеп күні алдынан «қайдасың» деп аттан салып, жағасынан алып,
масқара ететініне кəміл сенеді. Бұған қоса ана дүниеде қайта
тірілетініне сенген кез кел- ген адам өзін жаратқан Ұлы Иесінің
ризашылығын алып, жəннатында сый-сыяпатқа кенелуі үшін барлық
өмірін ізгі істермен өрнектеп, жақсы амалдармен кестелеуге тырысып бағады. Мұндай сенімге ие болған жеке тұлғадан да, қоғамнан
да жаманшылық күтудің өзі орынсыз. Жеке тұлғаның, отбасының,
кез келген қоғамның, тіпті жалпы дүниенің бейбітшілікті ту етіп,
бақытты ғұмыр кешуінің жалғыз жолы – ақыретке, өлгеннен кейін
қайта тірілуге
деген шынайы сенім. Жалпы əлемдегі істелініп жатқан зұлымдыққа,
бейкүнə жандардың бостан-босқа төгілген қанына, əділетсіздікке,
барлық жаманшылық атаулыға
«Жетер енді, тоқта!» деп, тосқауыл бола алатын жалғыз күш –
қайта тірілуге деген осы сенім. Өйткені бұл сенім əр тұлғаның арұжданында, жүрегінде əрбір ісін қадағалап тұратын ең əділ күзетші
іспетті. Ақиқат тек күште деп саналатын жəне əділетсіздікке, ұрлыққарлыққа, жемқорлыққа, парақорлыққа толы қазіргі мына дүниеде
бұл сенімнің қаншалықты қажет екені айтпаса да түсінікті. Қазақ
атамның «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деуі де бекер емес.
2. Ақыретке кəміл сенген адам ешқашан өлімнен қорықпайды.
Өлім – ол үшін жоқ болып, шіріген сүйекке айналып, мəңгілікке
көз жұму емес. Керісінше, екінші бір мəңгілік өмірге көшу,
жалған дүниеден бақи негізгі дүние- ге қоныс аудару. Өлім
құбылысы – ақырет сенімін толық қабылдаған адам үшін
мəңгілік өмірдің, шексіз бақыт- тың басы болмақ. Кезіндегі ең
күшті мемлекеттердің бірі Иранды жеңіп, тізе бүктірген Сағд
ибн Əби Уаққас өзінің жетістігінің себебін былай деп
түсіндіреді: «Мұсылман əскерлер шейіт болып, мəңгілік
бақытқа қауышу үшін ешнəрседен қорықпастан өлімге
жүгіреді. Ал жаудың əскерлері болса, керісінше, өлімнен қашып,
əрбір қадамын өлімге деген үреймен басады».
Иə, ақыретке сенбеген адам үшін өлімнен қорқынышты еш нəрсе
жоқ. Өйткені олар үшін өлім – жоқ болып, тіршілік бетінен
мəңгілікке өшу деген сөз. Мұндай жандар өлімді ойлап кетсе,
ұйқылары қашып, өне-бойлары суып, мазалары кетеді. Əсіресе,
өмірлерінің соңына таяп қалған ақыретке сенімі жоқ қарттар мен
айықпас ауруға шалдыққан жандар үшін өлім өте қорқынышты.
Қалған аз ғана өмірлері де олар үшін
бейне бір тас қараңғы зындандай көрініп, тіршіліктен түңіліп, үмітсіз
күй кешеді. Оларды осы қараңғы зын- даннан жарық нұрға, үміт
толы өмірге алып шығатын жалғыз күш, дара медет – ақыретке,
қайта тірілуге деген берік сенім.
3. Ақыретке сенген адам өзінің қу қара басын ғана ойлайтын
өзімшілдіктен құтылады. Ақыретте жүзінің жарқын болып, Ұлы
Жаратушы алдында сүйікті құлдарының қатарынан табылу үшін
əрқашан басқаларға жақсылық жасап, көмектеседі. Жалпы
айтқанда, Алланың құлдарына пайдалы болуға тырысады.
Мұндай жақсылық жасауды өмірлерінің түп мақсаты еткен адал
жандардан құралған қоғам – жер бетіндегі ең бақытты қоғам.
4. Ақыретке деген с е н і м – бұл дүниеде залымдардың
зұлымдығына ұшырап, адам бейнесіндегі жыртқыштардың
қанды аузында ақысы кеткен əлсіз жандар үшін үлкен жұбаныш.
Бұл сенімге ие əрбір жан ертең есеп күні Ұлы Жаратушының
алдында о с ы дүниеде залымдарға қолды болған ақысын,
мүддесін қайтарып алатынына кəміл сенгендіктен, өз-өзін жеп,
уайым-қайғыға салынып, ішкі дүниесін ызаға, кек- ке,
дұшпандыққа булықтырмайды. Керісінше, сабыр
сақтап,
«ертең-ақ залымдар Алланың алдында сазайын тартады» деп,
бойындағы иманның сиқырлы күшінің арқасында ештеңе
болмағандай өмірдің нұрлы жолында бағытын өзгертіп, қадамын
бəсеңдетпестен жүре береді.
5. Жазылмайтын ауруларға, сал сияқты дерттерге шалдығып, əр
түрлі себептермен мүгедектікке тап болған жандарға жұбаныш
болатын жалғыз нəрсе – осы ақыретке деген сенім. Ұлы
Жаратушыларынан келген қиын сынаққа сабыр етіп, сүрінбей
өткен жағдайда мəңгілік ғұмырда бақытты болатындарын
ойлап, жандары жай тауып,
бойларына ерекше күш кіріп, жаралы жүректеріне үміт қанаты бітеді.
6. Ақ жаулықты ана мен асқар таудай əкенің, ешкім орнын толтыра
алмайтын бауырдың жəне басқа да сүйікті адамдардың бұл
дүниеден қайтуы кез келген адамның, əсіресе, жас
бүлдіршіндердің нəзік жүрегінде оларға деген үлкен сағыныш
сазын қалдырады. Иə, өмірдегі тірегіңнен, қысқа айтқанда,
соққан жүрегіңнен, қимас адамыңнан айырылу – адамның нəзік
болмысына ауыр соққы, жүрегіне үлкен айықпас жара. Мұндай
ауыр соққының, айықпас жараның орнын тек қана сол сүйікті
адамдарыңмен қайта қауышуға, ақыретке, қайта тірілуге деген
иман ғана толтырады. Ақыретте бұл дүниеден өткен сүйікті
адамдарымен қайта табысып, қайта қауышатынына иланған кез
келген адамның жүрегі орнына түсіп, солған гүлі қайта тіріледі.
Иманы кəміл жандар бұл дүниедегі қимасының қайтқанын
естіген сəтте «Күмəнсіз, біз Ұлы Жаратушымыздан келдік, əрі
Ұлы Жаратушымызға қайта қайтамыз» мағынасындағы аятты
көкейінде түйіп, Құранда мақталған «сабыр» нəрін жүрегіне
қорек етіп, қимасына деген ыстық сезімі мен сағынышын
ертеңгі ақырет күніндегі қауышуға, мəңгілік өмірге аманаттайды.
Қысқасы, өлім хабарын естіген сəтте иманнан нəсібін ала
алмаған жандар не істерін білмей абдырап қалған сəтте иманды
адам əрқашан сабыр сақтап, байсалдылық таны- тады.
Ақ киім
Асқармен жолда кездескенімде азан шақырылып жа- тыр еді.
–Бүгін жұма, білесің ғой. Сені мешітке апарайын, – дедім.
Бұдан бұрын да бірнеше рет өтінішімді қабылдама- ған болатын.
Сондықтан ол:
–Менің мешітке бармайтынымды білесің ғой, – деп асыға-үсіге
жауап берді.
–Білемін, бірақ бармауыңның себебін білгім келеді.
–Қайдан білейін, əйтеуір барғым келмейді де тұрады. Қысқасы, ол жаққа
тартпайды. Бəлкім, араласып жүрген айналамдағы адамдардың да əсері
бар шығар. Оның үстіне шалбарымның қыры бұзылып, тізесі шыға ма
деп қорқам.
Мен болсам таң қалған бойда:
–Қалжыңдап тұрған шығарсың? Шалбарымның қыры бұзылады деп
мешітті тастауға бола ма?
–Шынымен айтып тұрмын, – деді. Киімдеріме қатты көңіл бөлем əсіресе
ақ түсті киімді қатты ұнататынымды білесің ғой.
Шынымен солай еді. Үнемі шырттай киініп жүретін. Қашан
көрсең де киген киімдері ақ түсті, қыры пышақтың қырындай
болатын.
–Жарайды, өміріңде бір рет болса да мешітке бар- дың ба?
–Бала кезімде атаммен бір-екі рет ілесіп барғанмын. Бірақ мұнан кейін
мүлде бармайтын шығармын, – деп жауап берді.
Айтқан жауабынан қатты шошындым. Тіпті бұл тақырыпты
қозғағаныма өкіндім. Сөйтіп, бір-бірімізбен қол қысысқан бойда өз
шаруамызбен кете бардық.
Осы кездесуімізден екі айдан кейін, оның бүгін мешітке келгенін
естіп, қатты таң қалдым. Дереу апыл- ғұпыл мен де мешітке келіп
жеттім. Тіпті, мешітке мүлде бармайтын шығармын деген жолдасым
мешіт сыртын- дағы намаз қатарларының ең алдынан орын алыпты.
Міне, бүгін де үстінде сол баяғы үйреншікті ақ киімі. Тіпті, бүгін
мүлдем ерекше.
Ақырындап қасына жақындадым да, сыбырлаған бойда:
–Қане, мешітке мүлде бармайтын шығармын деп едің ғой, – дедім.
Еш жауап қатпады. Өйткені ол табыттың үстінде ақ кебінге
оранған күйде жатқан-ды. Жұрт жаназасын шығаруға жиналыпты71.
Ақырет əлемі
Ақырет сөзі сөздікте «бір нəрсенің соңы, ақыры, кейіннен болған
нəрсе» деген мағыналарды қамтиды. Ал шариғаттағы терминдік
мағынасы жаратылыстағы ж а л - пы жүйенің Ұлы Жаратушының
бұйрығымен быт-шыт болып бұзылып, күл-талқан болғаннан кейін
басталатын жаңа мəңгілік өмірге айтылады. Бұл күн қиямет-қайымнан
кейін басталуына байланысты «қиямет күні» деп те атала- ды.
Құранда ақырет күніне: мұсылмандардың Алла- мен қауышып,
жүздесетін күні болуына орай «қауышу күні»72; адамдар бір жерге
шоғырланып, жиналатын уақыт болғандықтан «махшар – жиналу
күні»73; қайта тірілгеннен кейін адамдардың бəрі қабірден қайта
шығатындықтан «шығу күні»74; мына дүниеде Алла Тағалаға иман
етіп, бұйрықтары мен тыйымдарына құлақ салмағандардың алданып
қалғандықтарының белгілі болатын күні болуына орай «алдану
күні»75 жəне кəпірлердің бұл дүниеде істеген істерінің босқа кеткенін
көрген кезде қатты өкініп, мына дүниеге қ а й т а қайтып, иман
келтіріп, жақсы амал жасағысы келгенімен бұл ар- мандары
орындалмайтын болғандықтан «қасірет күні,
Хайатын ишинден, Гунейд Суави
Мүмин сүресі, 40/15.
73 Тағабун сүресі, 64/9.
74 Қаф сүресі, 50/34.
75 Тағабун сүресі, 64/9.
71
72
өкініш күні»76; дүниеде істелінген ізгі немесе жаман істердің
қарымының, есебінің берілетін күні болғандықтан
«есеп күні»77; мына өткінші жалған дүниеден кейін мəңгі шынайы
өмір болуына байланысты «шынайы өмір»78 деп те аталды.
Исрафил періштенің сырнайды екінші рет үрлеуінен кейін барлық
адамдар қайта тіріліп Ұлы Алла алдын- да есепке тартылады.
Сосын дүниедегі иман жəне іс- əрекеттеріне қарай жұмаққа, яки
тозаққа барады.
Қабір немесе Барзах əлемі
Өлімнен кейін қайтадан тірілуге дейін жалғасатын өмір – қабір
немесе барзах əлемі деп аталады.
К е з келген адам өлгеннен кейін топыраққа көмілсе де, яки
көмілмей суға батып балықтарға жем болып не- месе отқа жанып күл
болып кетсе де, міндетті түрде қайта тірілгенге дейін қабір, яғни,
барзах өмірін бастарынан өткізеді. Өйткені рух сол бөлек-бөлек боп
шашылып кет- кен денемен байланыс құра алатындай қабілетте. Мысалы, бір жерден жіберілген радио толқындар дүниедегі
миллиондаған радиолармен байланыс құрып, бір хабар- ды əлемдегі
миллиардтаған адамға таратып жатқанда, рухтар неліктен өз
денесінің бөлшектерімен белгілі бір байланыста бола алмасын?
Негізінде өлген адамдардың денелерінің қабірге жерленуіне
байланысты барзах өмірі
– қабір өмірі делінген. Өйткені рух қабірдегі денесімен белігілі бір
байланыста болады.
Қабір, барзах əлемі ерекше бір əлем болғандықтан, өзіне тəн
заңдылықтары мен өлшемдері де болуға тиіс. Сондықтан барзах
əлемінде болатын азапты яки рахатты,
Марям сүресі, 19/40.
Фатиха сүресі, 1/4.
78 Анкабут сүресі, 29/64.
76
77
адамдардың иманына қарай қабірдің қысуы мен қараңғы болуын
немесе керісінше кең жəне жарық болуын бұл дүниеге тəн
заңдылықтармен түсіну, əсте, мүмкін емес. Оны түсінуге біздің
шектеулі ақылымыздың
да,
мына дүниедегі физикалық
заңдылықтарының да өлшемі сай келе бермейді.
Адам баласы қабірге жерленгеннен кейін Мункəр жəне Нəкир деп
аталатын екі періште келіп оған: «Раббың кім? Пайғамбарың кім?
Дінің не?» сияқты сұрақтарды қояды. Сұрақтарға жауап берген
иманды жандар дүние өмірінен де тамаша, жұмақ өміріне жақын
дəрежеде, рақат жəне лəззат ішінде болады. Ал, сұрақтарға жауап
бере алмаған имансыз яки күнəһар жандар дүние өмірінен де бетер,
тозаққа жақын кейіптегі азап ішінде ғұмыр кешеді. Демек, қабір
адамдардың дəрежелеріне қарай жұмақ бақшаларынан бір бақша яки
тозақтың шұңқырларынан бір шұңқырға айналады. Бір хадисте: «Кісі
жан тəсілім еткен уақытта таңертең жəне кешкісін оған отыратын жері көрсетіледі. Егер жəннаттық болса, жəннат, тозақтық
болса тозақ көрсетіледі. Сосын оған, міне, Алла сені қиямет күні
қайта тірілткенге дейін отыра- тын жерің осы делінеді»79.
Дүниеде мұсылман құлдардың басына келетін əр түрлі аурулар
мен қиыншылықтар дүниеде істелген кішігірім күнəлардың
кейбіреулеріне кəффарат болып, сол күнəлардың тазалануына себеп
болса, дүниеде де та- заланбайтындай кейбір күнəларға қабір азабы
кəффарат болмақ. Қабірде де тазаланбайтындай үлкен күнəлар
ақыретке, үлкен есеп күніне аманатталады. Бір хадисте:
«Қабір ақырет аялдамаларының алғашқысы, кімде-кім осы аялдамадан аман-есен өтсе, кейінгі аялдамалардан
да оңай өтеді, ал өте алмаса кейінгілерді өту одан да
79
Əл-Бухари, Жəнайз/1379.
қиын болады», - делінеді. Басқа бір хадисте: «Мүшріктер (Аллаға
серік қосқандар) қабірлерінде қатты азапқа душар болуда.
Олардың (шыңғырған) дауыстарын тек қана жануарлар естиді»80,
- деп қабір азабының ауыр екендігін білдірілген.
Қайтыс болған кісі үшін артында қалған адамдар көбірек дұға
жасап, күнəларының кешірілуін тілеу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.)
адамды жерлеп болғаннан кейін қабірдің жанына тұрып былай
дейтін: «Бауырларыңыз үшін Алладан кешірім тілеп (иманында)
тұрақты етуі үшін дұға етіңдер. Еш күмəнсіз о л қазір сұраққа
тар- тылып жатыр»81.
Мына дүниеде оқыған құранымыз бен түнде оқыған тəһажжуд
намазымыз тар орнымызды кеңейтіп, қараңғы қабірімізді ерекше
нұрға бөлейді.
Қабір азабына себеп болатын кейбір күнəлар
Қабір азабына күнəлардың барлық түрі себеп бола алады.
Хадистерде айтылған қабір азабына себеп болатын күнəлар мыналар:
• Ғайбат, өсек айту, біреудің сөзін екінші біреуге жеткізу. К е з келген
адамның артынан оның көңіліне келетін əрі ренжитін сөздер айту қабір
азабына себеп бо- лады.
• Кіші дəретті сындырғаннан кейін тазаланбау.
• Мойнында қарызы болған күйде жан тапсыру. Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) «Мүминніңрухы мойнындағы борышы өтелгенге дейін сол
борышымен байлаулы» хадисінен мойнында қарызы бар борыштының
қабір аза- бын тартатынын аңғарамыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бо80
81
Муснəд, 6/362
Əбу Даауд, Жəнайз 73.
рышты кісінің қарызы өтелгеннен кейін ғана жаназа на- мазын
оқыған.
• Жалған сөйлеу, Құранды біле тұра ішіндегі айтылғандарға теріс
əрекет ету, зина жасау, пайыздық өсім жеу.
Адамдарды алдау, жетімдердің ақысын жеу, мұсылмандардың
қателерін, кемшіліктерін іздеу, туған- туыстардан қатынасты үзу,
жалған куəгер болу, жан- жануар, жəндіктерге зұлымдық жасау,
ұрлық жасау, ар- намысты пəк əйелге жала жабу, нəсібіңе разы
болмау сияқты күнəлар да қабір азабына себеп болады.
Қиямет күні
Қиямет деп Исрафил атты періштенің сырнайға алғаш рет
үрлеуінен кейін жалпы жаратылыстың, жан- жағымыздағы жүйенің
күл-талқан болып қирауын, барлық жан иелерінің өлім құшуын
айтады. Қияметтің болуы ақыл қабылдай алмайтындай теріс құбылыс
емес. Өйткені барлық жаратылысты жаратып, күллі болмыс
атаулыдан үйлесімді таңғажайып жүйе құрған Ұлы Жаратушымыз
бұл жүйені бұзамын десе кім кедергі? Кім алдын орап
«жоқ» деп айта алады? Кез келген жұлдыздың орбитасы- нан шығып
кетіп Же р шарына соғылуы қияметтің болуы- на себеп емес пе?
Қияметтің қашан болатыны Құранда яки хадисте білдірілмегендіктен,
нақты уақыты бір Аллаға ғана мəлім. Құранда: «Олар сенен
қияметтің қашан бо- латынын сұрап жатыр. Оларға айт: Оның
қашан бола- тыны жайлы мəлімет тек қана Раббымның
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 09
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.