Latin Common Turkic

Имани гүл - 03

Süzlärneñ gomumi sanı 3840
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
болатын нəтижелерінің арасында байланыс болғанымен, жер мен
көктей сəйкессіздік бар. Мысалға, кішкентай бала саусағына ілген
жіппен бір жүк маши- насын сүйрегенін көрсек, себеп пен нəтиже
арасында сəйкессіздік болғандықтан, əлгі машинаны сүйреп бара
жатқан кешкентай бала емес, басқа бір жасырын қ у а т бар
деген
тұжырымға келер едік. Міне дəл осы секілді жан-жағымызда болып
жатқан себептер мен салдарлар,
нəтижелер арасында бізді таң қалдырып, тамсандыратын өте үлкен
сəйкессіздік бар. Жібек тəріздес, өте жіңішке тамырларымен нəзік
өсімдіктер қатты тастар мен қара жерді қақ жарып шығады. Өте
жұқа, нəзік жапырақтар ми қайнатар аптап ыстыққа күйместен,
қурамастан тіршілігін, жасылдығын сақтап қалады. Өте əлсіз сперма
мен адам баласының мына дүниеге келуі арасында байла- ныс
болғанымен, өте үлкен сəйкессіздік бар. Олай болса, мұндай керемет
жаратылыстарды жаратқан əлсіз, соқыр, білімсіз себептер мен
табиғат заңдары бола алмасы анық.
Табиғат заңдары мен себептердің өзі де басқа
себептерге мұқтаж
Табиғат заңдары мен жалпы себептер əрқашан басқа себептерге,
заңдарға мұқтаж. Мұқтаж болған себеп пен заңдардың өзі басқа
себептер мен заңдарға мұқтаж. Шексіздікке созылып кете беретін
себеп, заңдардың бір жерде нүктеленіп, тұрақтауы тиіс. Мысалға,
ағаштың пай- да болуына ағаштың дəні себеп делік, ал сол дəннің
пайда болуына не себеп? Тауықтың пайда болуына жұмыртқа себеп
болса, жұмыртқаға не себеп?
Алма пайда болуы үшін себеп ретінде алма ағашының гүлдеуіне,
алма ағашының гүлі ағашқа, бұтаққа, ағаш, бұтақтың өзі алма
ағашының дəніне, ал дəн топыраққа жəне топырақ қамтитын
минералдарға, жылуға, жарыққа, ауаға тəуелді. Осылай алманың
пайда болуындағы себептерді тартылыс күшіне дейін созып, ұзата
берсек те, мəселе шешілмейді. Сұрағымыз бітпестен алманың пайда
болуы үшін көрсетілген соңғы себепке де, басқа се- беп іздеріміз
анық. Демек, себептерді себептерге байлау- мен мəселе айқындалып,
толық шешілмейді. Себептерді негізгі жаратушысына, яғни Алла
Тағалаға байлаған кезде ғана сұрағымызға қанағаттанарлық жауап
алып, көңіліміз
жай табады. Əйтпесе, əр себепке құдайлық сипаттар таңуымыз қажет
болады. Ал əр себепке құдайлық сипат- тарды таңу қисынға қайшы.
Ендеше, барлық себептерді жаратқан негізгі себеп бар. Ол, еш
күмəнсіз, Алла Тағала.
АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ТАНУ
Əлемдегі ең үлкен ақиқат – Ұлы
Жаратушыны тану, Оған деген махаббатты
ояту.
Алла Тағалаға иман келтірген мұсылман баласы Оны көркем
сипаттары арқылы тануға тиіс. Ұлы Жаратушыны тану дəрежесіне
қарай адамның Оған деген махаббаты ар- тып, үміті мен қорқуы
күшейе түседі. Оны таныған сайын иманы күшейеді. Ұлы
Жаратушысына деген жақындығын сезініп, тақуалығы мен тəуекелі
арта түседі. Ұлы Иесін жеткілікті түрде таныған адам ғана күнə
атаулыдан бо- йын мейлінше алыс үстап, түрлі күдікті ойлардан аулақ
жүреді. Адам ақылы Ұлы Алланы толық танып, біле ал- майды.
Өйткені адам шектеулі, ал Ол – шексіз. Деcек те, Оны Құранда əрі
хадистерде айтылған сипаттары арқылы танып-білуге міндеттіміз.
Ұлы Алланың сипаттары
Ұлы Алла бар əрі бір жəне барлық кемел сипаттардың шынайы
иесі. Оған тек қана кемел сипаттар тəн. Нұқсан сипаттардан Ұлы
Иеміз пəк.
Алла Тағаланың сипаттары сəлби жəне субути болып екіге
бөлінеді.
Сəлби сипаттары
Бұл сипаттар тек қана Алла Тағалаға тиесілі, Одан басқа ешкім
бұл сипаттармен сипатталмайды. Жаратылыс- та бұл сипаттардың
қарама-қайшылары бар. Сəлби сипат- тар бесеу.
1. Əл-Қидам.
Алла Тағаланың бар болуының бастауы жоқ деген мағынаны
білдіреді. Бұл сипат Алла Тағаланың əзəли екендігін, яғни, Ұлы
Иеміздің барлығының алдында ешқашан жоқтық болмағандығын
білдіреді. Оның бар болмаған ешбір заман, уақыт тіпті бір мезет жоқ.
З а - ман, уақыт деген түсінікті Ол өзі жаратқан. Өйткені Алладан
басқаның бəрі кейіннен пайда болып, Оның шексіз құдіреті мен
бөгетсіз қалауы арқылы тіршілік бетіне шыққан. Иə, Алла Тағаланың
бар болуының ба- стауы жоқ. Керісінше, Ол – кейіннен жаратылған
барлық жаратылыстың жал-ғыз бастауы. Қидам сипатына қайшы
мағынада келетін «худус» сипаты, яғни кейіннен пайда болу – Ұлы
Жаратушы үшін əсте мүмкін емес. Себебі Алла Тағаланың өзі
кейіннен пайда болса, Оны жаратқан біреу болуға, оны жаратқанды
жаратқан тағы біреу болуға тиіс. Осылайша шынжырланып кете
беретін еді. Ал бұлай кете беру мүмкін емес, əрі қисынға да қайшы.
2. Əл-Бəқаа.
Бар болуының соңы, ақыры жоқ – мəңгі деген мағынаны
білдіреді. Бұл сипат Алла Тағаланың мəңгі екендігінің, яғни,
барлығының соңы, ақыры жоқ екенді- гін білдіретін сипат. Алла
Тағала əзəли яғни, барлығының бастауы болмағаны секілді соңы да
жоқ мəңгі. Сондықтан
Оның жоқ болатын ешбір уақыт, ешбір заман, тіпті ешбір мезет
болуы мүмкін емес.
Барлық жаратылыстың белгілі бір уақыттан кейін жоқ болып, көз
алдымыздан кетуі – оларды жоқ еткен Ұлы Жаратушымыздың
мəңгілігінің белгісі.
3. Əл-Уəхдания.
Бұл сипат «біреу, жалғыз, дара» деген мағынаны білдіреді. Алла
Тағала затында, барлық сипатта- ры мен істерінде жалғыз, біреу.
Оның ортағы, серігі, теңдесі жоқ. Ұлы Алла көбеюден, азаюдан,
бірігуден, бөлінуден, ажыраудан пəк. Өйткені бұның бəрі кейіннен
жаратылғандардың ерекшеліктері. Алла Тағала бұндай нұқсан,
кемшілік сипаттардан пəк əрі жоғары. Күллі жаратылыстағы барлық
жарату, тірілту, өлтіру, рызық беру сияқты т .б . істердің негізгі
болдырушы себебі, яғни, себептердің себебі – еш теңдесі жоқ Ұлы
Алланың Өзі ғана.
• Жалпы əлемнің, ондағы əрбір нəрсенің бір-бірімен тығыз байланыста
болуы – Жаратушының бір екендігінің белгісі. Мысалы, бір ғана
алманы жарату үшін жалпы əлемді жарата алатындай күш-құдірет
керек. Демек, алма- ны кім жаратса, оған керекті топырақты,
топырақтағы ми- нералдарды жəне Жерден бірнеше есе үлкен Күнді,
ауаны, суды да жаратқан – Сол Алла болуға тиіс. Күнді кім жарат- са,
Күн жүйесіндегі оған байлаулы бүкіл жұлдыздарды да жаратқан –
Сол. Күнді кім жаратса, көзімізді де жаратқан
–Сол болуға тиіс. Себебі, көзді жаратып, жарықты жарат- паса, көзіміз
көре алмас еді ғой. Егер көз клеткаларының атомдары Күн сəулесіне
үйлесімді етіп жаратылмағанда, көзіміз еш ақаусыз көре алар ма еді?
Мына əлемдегі барлық жеміс-жидектерге əр түрлі дəмді кім берсе,
адамды жара-
тып, оған сол дəмді тату үшін дəм тату қабілетін де берген
–Сол. Ер адамды кім жаратса, оған үйлесімді етіп, бейне бір минус пен
плюс іспетті бір-бірін толықтыратын кейіп- те əйел затын жаратқан да
Сол бір Алла болуы лəзім.
Иə, жалпы ғалам, ондағы əрбір нəрсе бір адамның денесіндегі
ағзалардай бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір кісідей əрекет
етуде. Тіпті олардың біреуінің ақау келтіруі басқаларға əсер етеді.
Ендеше, бұлардың барлығын жаратқан жəне басқарып, бақылап
тұрған құдіретті Жаратушы – біреу.
• Əрі күллі жаратылыстағы ұқсастық б і р Жаратушының құдіретінен
шыққандығына дəлел. Мы- салы, барлық адамдардың, жан-жануардың
ағзаларының ұқсастығы жəне атомның айналасындағы электрондар мен
Күн жүйесінің ұқсастығы секілді сансыз ұқсастықтар
– бəрінің де жаратушысы бір екендігін білдіреді.
• Əлемдегі теңдессіз де үйлесімді таңғажайып жүйе олардың
Жаратушысының бір екендігін тайға таңба басқандай айқын білдіреді.
Егер Алладан басқа тəңірлер болған жағдайда, əлемдегі бұл керемет
жүйенің тас- талқаны шығар еді. Мысалы, бір тəңір Күннің Жерді айналуын қаласа, екінші бірі Жердің Күнді айналуын қалауы мүмкін. Ал
екеуінің де қалауы бір уақытта жүзеге асуы мүмкін болмағандықтан,
мына əлемдегі жүйе, тепе-теңдік бұзылар еді. Құранда бұл ақиқат
былай деп баяндалады:
«Егер жер мен көкте Алладан басқа тəңірлер болғанда жер мен
көк тас-талқан болып бұзылар еді»6.
Егер тəңірлердің екеуі де бірдей бір қалауда тоғысып, келіседі
делінсе, онда екеуі де қалаулары шекті, бір- бірлерінің қалауынан тыс
əрекет ете алмайтын жəне бір-біріне тəуелді əрі əр қалағанын істей
алмайтын əлсіз
6
Əнбия сүресі/22.
болмақ. Ал əр қалағанын істей алмайтын əлсіз, қалауы басқаларға
тəуелді нəрсе ешқашан Алла бола алмайды.
• Бір мектепте екі директор, бір қалада екі əкім, бір мемлекетте екі
президент болуы мүмкін емес. Өйткені ешкім өзінің ісіне басқаның
араласуын, екінші бір ортақты қаламайды. Қалауы мен күш-қуаты
шектеулі адам баласының өзінде осылай болып жатса, күллі
ғаламның жаратушысы Алла Тағала өзінің салтанатты патшалығына,
теңдессіз құзіретіне басқа біреудің ара- ласуын қалай ма? Əлбетте,
қаламайды. Себебі, шынайы Алла, нағыз патшалық басқаның
бұйрығына бас имейді, өзгенің иненің жасуындай араласуын
қаламайды. Ешбір ортақ пен серікті қабылдамайды.
4. Əл-Мухалафатул лил-хауадис.
Кейіннен пайда болғандарға еш ұқсамау де- ген мағынаны
білдіреді. Бұл сипат – Алла Тағаланың кейіннен жаратылғандардың
ешқайсысына мүлдем ұқсамайтындығын немесе ешбір нəрсенің Оған
ұқсамайтындығын білдіретін сипат.
Алла Тағаладан өзге барлық нəрсенің, күллі жаратылыстың
бастауы жəне соңы бар. Ұлы Жаратушы- дан басқаның бəрі кейіннен
пайда болған. Міне, Алла Тағала осы кейіннен пайда болғандардың
ешқайсысына ұқсамайды. Əрі олардан бөлек, өзгеше. Сондықтан
ғұламалар: «Ақылға, қиялымызға, ойлау кеңістігімізге қандай нəрсені
пайымдасақ та Алла Тағала одан басқа, əрі өзгеше», – деп Хақ
Тағаланың еш нəрсеге ұқсамайтындығына назарымызды аударған.
Өйткені барлық нəрсе Алла тарапынан кейіннен жаратылған. Ал
жаратылған нəрсе дене, түр, уақыт, мекен сияқты ерек- шеліктерге
тəуелді болғандықтан үнемі өзгереді, ауыса-
ды жəне бір-біріне ұқсайды. Соңында бəрі пəнилікке бас иеді.
Иə, жаратылғандар көптеген нəрсеге мұқтаж. Олар өз
ерекшеліктеріне қарай туып-өсуге, заман мен мекен- ге, ішіп-жеуге,
тоқтауға жəне қозғалысқа, отырып-тұруға, қуанып-қайғыруға,
шаршауға, дем алуға мұқтаж. Ал Ұлы Алла Тағала бұлардың
ешқайсысына мұқтаж емес. Керісінше, бəрі Оған мұқтаж. Өйткені
жаратылыстың ешқайсысы жоқ кезде де Ол бар еді. Өйткені Алла
Тағаланың барлығының бастауы жоқ – əзəли, соңы жоқ – мəңгі.
Алла Тағаланың еш теңдесі жоқ əрі шексіз болғандықтан, біздер Оны
толық түсіне алмаймыз. Себебі, біз кез келген нəрсені көрген, білген
нəрсемізге салыстыру арқылы ғана түсіне білеміз. Алла Тағала
Құранда: «Оның еш ұқсасы жоқ»7. «Оның еш теңдесі жоқ»8 –
дейді.
5. Қиям би нəфсиһи.
Бар болу үшін басқа біреуге мұқтаж болмау деген мағынаны
білдіреді. Алла Тағала бар болу үшін басқа бір жаратушыға яки,
белгілі бір мекенге, арнайы бір уақытқа, жалпы себепке мұқтаж емес.
Егер Алла да бар болуы үшін басқа бір себепке мұқтаж болса,
жаратушы еме с жаратылған болар еді. Ал Хақ Тағаланың жаратушы һəм жаратылған болуы ақылға теріс. Алланың бар болуы сырттан
басқа бір күштің жаратуы арқылы емес. Өйткені Оның барлығының
бастауы жоқ, яғни, кейіннен пайда болмаған − əзəли.
Алла Тағала еш нəрсеге мұқтаж емес. Керісінше күллі жаратылыс
Алла Тағалаға мұқтаж. Егер Алла Тағала мына ұшы-қиыры жоқ
əлемнен бір мезет байла7
8
Шура сүресі/11
Ықылас сүресі/4.
нысын үзсе, күллі жаратылыс быт-шыт болып тарыдай шашылып,
əлемдегі жалпы жүйе бұзылар еді.
Алла Тағала «Фатыр» сүресінде былай дейді: «Ей, адамдар,
Аллаға мұқтаж болған сендерсіңдер. Ал ешкімге мұқтаж емес,
əрі күллі мақтауға лайық тек Алла ғана».
Субути сипаттары
Алла Тағала – барлық кемел сипаттардың шынайы иесі. Ондағы
барлық сипаттар шексіз жəне кейіннен пайда болмаған əрі соңы жоқ,
мəңгі. Жаратылыстағы əсемдік пен сұлулық – Ұлы Жаратушының
еш теңдессіз көркемдігінің белгісі. Əр нəрседегі шеберлік
– Оның теңдессіз шеберлігі мен құдіретінің дəлелі. Жаратылыстағы
тіршілік – Оның тірі екендігінің айғағы. Ғаламдағы үлкенді-кішілі
барлық тіршілік атаулының рызықпенқамтамасызетілуі– Оның
«Раззақ» яғни, рызық беруші екендігінің көрінісі. Адамға ілімді,
қалауды, күш- қуатты, өмірді берген Ұлы Иеміздің ілімсіз, қалаусыз,
құдіретсіз, тірі болмауы мүмкін емес.
Субути сипаттар сегіз. Олар мыналар:
1. Хаят.
«Тірі болу» деген мағынаны білдіреді. Алла Тағала тірі əрі тірілігі
мəңгі. Əр нəрсеге, өлі топыраққа, жалпы жаратылысқа жан беріп,
тіршілік иесі еткен Алла екені сөзсіз. Бұл сипат Ұлы Алладан бір
мезет болса да ажы- рамайды. Өйткені Оның кемелдігі тек қана мəңгі
тірі болу арқылы жүзеге асады. Бұл сипатқа қарама-қайшы
мағынадағы өлі болу – Алла Тағала үшін əсте мүмкін емес. Алла
Тағаланың Тірі болу сипаты Ілім, Қалау, Құдірет жəне басқа
сипаттарымен тікелей байланысты. Өйткені
тірі болмағанның бір нəрсені білуден, қалаудан жəне жа- ратудан
мақұрым қалатыны айтпаса да түсінікті.
Ұлы Жаратушымыз тірі əрі мəңгі дедік. Себебі, жаратылыстағы
кез келген жансыз нəрсенің өз-өзінен тіршілік иесі болуы мүмкін
емес. Демек, Ұлы Жарату- шымыз – барлық жан иелеріне рух беріп,
тіршілік бетіне шығарған тіршіліктің шынайы иесі, əрі қайнар
бұлағы.
«Фурқан» сүресінің 58-ші аятында: «Мəңгілік өлмейтін тірі
Аллаға тəуекел ет» - делінген.
2. Ілім.
Бұл сипат «білу» деген мағынаны білдіреді. Ұлы Алланың ілімі
жаратылғандардың ілімі секілді таяз, шек- т еул і əрі кейіннен
жиналған емес. Оның ілімі шексіз, еш құралды қажет етпейді жəне
барлық нəрсені қамтитындай өлшеусіз. Иə, Алла Тағала – əр нəрсені
білуші. Ол жарияны білгені секілді құпияны да біледі. Жалпыны
білгені секілді жалқыны да біледі. Үлкенді білгені секілді кіші де
біледі. Барлық өткен заманды толық білгені секілді келешекті де
біледі. Жердің астындағыны білгені сияқты көктегіні де біледі. Көзге
көрінетінді білгені сияқты көрінбей жа- сырын көмес қалғанды да
біледі. Барлық болып-кеткенді білгені тəрізді бүкіл болатынды да
біледі. Себебі, оның ілімі кейіннен үйрену, оқу арқылы пайда
болмаған. Оның ілімінің бастауы жоқ – əзəли. Міне, сондықтан Оның
ілімі үшін үлкен мен кішіні, жария мен құпия арасында еш
айырмашылық жоқ. Оның ілімінен ешбір нəрсе тыс қалмайды.
Құранда: «Ғайб əлемінің (көместің) кілттері тек Оның құзырында.
Оны Өзінен басқа ешкім білмейді. Жəне Ол жердегі, теңіздегі
барлық нəрсені біледі. Тіпті бір жапырақ түссе де Ол міндетті
түрде одан хабардар. Жердің қараңғы қабаттарындағы бір тал дəн
де, құрғақ
жəне дымқыл барлық нəрсе де ашық кітапта бар»9, - делінеді.
Иə, Алланың ілімінен ешбір нəрсе тыс қалмайды, қалуы да
мүмкін емес. Өйткені бүкіл нəрсені білмеген, олардың əрбір
жағдайынан хабардар болмаған құдірет шынайы Алла бола алмайды.
Осыншама тамаша да кере- мет мағыналы əлемді, əлемдегі əрбір
нəрсені жарата ал- майды. Əр түрлі қажеттері бар сансыз
жаратылғандарды басқаруы да мүмкін емес. Мысалы, Алла
Тағаланың барлық жас сəбилерге ананың қараңғы құрсағында
ыңғайлы қорегін беріп, дүниеге келгеннен кейін қорегін өзгертіп,
анасының омырауынан оған ең керекті витаминдерді қамтыған ақ
сүтті беруі – баланың қажетін, оған ненің керек, ненің керек емес
екенін білетін шексіз ілімінің дəлелі болса керек. Баланың қажетін
білмеген Алланың оған осы ең ыңғайлы қоректі беруі мүмкін бе?
Мына əлемдегі тамаша тəртіп пен ақау-кемшіліксіз жүйе,
теңдессіз сұлулық пен көркемдік – Ұлы Алланың əр нəрсені
қамтыған шексіз ілімінің белгісі əрі дəлелі.
Ұлы Алланың əр нəрсені білетініне бек сенген жан əрқашан əр
қадамын байқап басып, əрбір істеген ісін абайлап атқарады. Мұндай
адамның аузынан ешқашан былапыт сөз шықпайды, ешбір адам
туралы жаман ой- лап, ешкімге зиянын тигізбейді. Ешкімнің ақысын
жеп, зұлымдық жасап шектен шықпайды.
Өзінің əрбір ісін, əрбір қимыл-əрекетін, тіпті əрбір ойын біліп
тұрған ілімі шексіз Аллаға иман келтіріп, жүрегіне бекем түйген
жандар ешкім көре алмайтын таса жерде болса да, Оның
бұйрықтарына қарсы шығып, ты- йымдарын бұзбайды. Мұндай
жандар Алланың жердегі əрі көктегі сүйікті құл тұғырына көтеріліп,
адамдардың арасындағы ең сенімді тұлғаға айналады.
9
Əнғам сүресі/59.
3. Сəмғ.
Алла Тағаланың көрмегі, естімегі біз секілді
көзбенен, құлақпенен емес.
Абай
Бұл сипат «есту» дегенді білдіреді. Ұлы Иеміздің естіп, білуі
жаратылғандардікі сияқты шекті, нұқсан əрі себеп-құрал, дəнекерге
мұқтаж емес. Иə, Алла Тағала əр нəрсені естіп біледі. Оның бір
нəрсені естуі басқа нəрселерді естуіне бөгет емес. Өйткені Алланың
бұл сипаты кейіннен пайда болмаған. Алла Тағаланың естуі
жаратылғандардың естуіне мүлдем ұқсамайды. Себебі,
жаратылғандардың естуі кейбір ағзалардың, құралдардың көмегі
арқылы жүзеге асады. Ал Алла Тағала ешбір құралға, ешбір себепке
тəуелді емес. Міне, сондықтан ең жасырын, ең құпия дыбыстар да
Оның естуінен тыс қалмайды.
Алла Тағаланың өзіне жалбарынған құлдарының жа- сырын жəне
құпия əр түрлі зікірлерін, дұға-мінəжаттарын қабыл етіп, хикметіне
сай мұқтаждықтарын қамтамасыз етуі – Оның əр нəрсені толық
еститіндігінің дəлелі.
Есту сипатына қарама-қайшы мағынадағы – естімеу, саңырау
дегендер кемшілік болғандықтан, барлық кемел сипаттардың
шынайы иесі, күллі нұқсан сипаттардан пəк Алла Тағала үшін
мүмкін емес.
4. Басар.
Бұл сипат «көру» деген мағынаны білдіреді. Алла Тағала
өзінің ұлылығына əрі шексіздігіне лайық дəрежеде көру сипатымен
сипатталады. Ұлы Алла Тағала əр нəрсені кемел түрде еш нəрсенің
көмегінсіз, ешбір құрал-жабдықсыз біліп, еститіні секілді əр нəрсені
еш кемшіліксіз, еш нəрсенің көмегінсіз көреді. Оның
ілімі жəне естуі шексіз болғаны секілді көруі де шексіз. Оның бір
нəрсені көруі басқа нəрселерді көруіне бөгет емес. Оның көруінен ең
кішкентай атом да, басқа да тыс қалмайды. Оның назарында
жасырын мен құпия, жарық пен қараңғы, алыс пен жақын, үлкен мен
кішінің арасын- да ешбір айырмашылық жоқ. Құранда: «Еш
күмəнсіз Алла көктегі жəне жердегі ғайыпты (көмес нəрселердің
бəрін) біледі. (бұларды білген Алла) Əлбетте, сендердің барлық
істеп жатқан істеріңді көруде»,10 - делінеді.
5. Ирадə.
Бұл сипат «қалау» деген мағынаны білдіреді. Ұлы Алланың
қалауы əзəли жəне еш бөгетсіз. Қалағаны еш күмəнсіз орындалады.
Қаламаған нəрсесін күллі əлем жиналып іске асырмақ болса да,
жүзеге аспайды. Оның қалауына ешкім тосқауыл бола алмайды.
Жоқтықтан тіршілік əлеміне шығарылған сан- сыз
жаратылыстың миллиондаған түр-тұрпат, түстерге бөлініп, əр түрдің
өзіне тəн ерекшеліктерге ие болуы – Оның еш бөгетсіз қалауының
дəлелі. Мысалы, сансыз ағаштардың, миллиондаған гүлдердің, түрлі
жеміс-жидек, жалпы өсімдіктердің бір су, бір топырақ, бір ауамен, бір
күннің жарық-жылуымен қоректенгендеріне қарамастан əр түрлі
болып, сан алуан реңге боялуы, неше түрлі хош иіс, дəммен безенуі
– Оның əзəли қалауының белгі- нышаны.
Жаппар Иеміз хикметіне орай қалағанын қалаған түрде, қалаған
уақытында жаратады. Сондай-ақ қалағанын қалаған уақытта өзгертіп,
қалаған уақытта жоқ етеді. Қалағанына байлық беріп, қалағанына
кедейлік шапанын кигізеді. Қалағанының дəрежесін көтеріп,
10
Хужурат сүресі/18.
қалағанының абыройын айрандай төгіп, төмен түсіреді. Құранның
тілімен айтқанда: «Ей, барлық мүліктің шы- найы иесі – Алла
Тағалам! Сен мүлікті қалағаныңа беріп, қалағаныңнан қайта
аласың. Қалағаныңның мəртебесін көтеріп, қалағаныңды төмен
түсіріп қорлайсың. Күллі ізгілік пен қайырлы істер тек қана
Сенің қолыңда. Əлбетте, сенің барлық нəрсеге құдіретің толық
жетеді»11, – деп айт.
6. Құдірет.
Бұл сипат «күш-қуат» деген мағынаны білдіреді. Ұлы
Жаратушымыз – шексіз жəне мəңгі құдірет иесі. Қаласа күллі əлемді
бір мезетте бар етіп, бір сəтте жоқ етеді. Оның құдіреті кейіннен
пайда болмаған, яғни, бастауы жоқ əрі мəңгі. Оның шексіз құдіреті
үшін кішкентай атомды жаратуымен сансыз галактикаларды, ондағы
сансыз жұлдыздарды жарату оңайлық жағынан бірдей. Сондықтан
көк жүзіндегі Күн, Ай, басқа да ұшы-қиыры жоқ жұлдыздар, жердегі
жалпы жаратылыс
–Оның құдіретіне бас иіп, еш ақау-кемшіліксіз мына таңғажайып
үйлесімді жүйені бұзбай əрекет етуде.
Алла Тағаланың шексіз құдіретін қабылдаған иман- ды адам
Оның еш теңдессіз ұлылығының алдында бас иіп, тағзым етері
сөзсіз. Құдіретіне тамсана таң қалып, рухы шат-шадыман болады.
Оның қасиетті бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан алыс болуға
тырысып бағады. Бұл істерімен тек Оның ризалығын алуды мақсат
етеді. Себебі бұндай түсінікке, иманға ие болған асыл жандар
Раббыларының ризашылығына бөленген жағдайда, өзінің барлық
арман-мұраттарына жететінін біледі. Себебі, тек Оның шексіз
құдіреті ғана барлық тілектерін орындай алады.
11
Əли Ғимран сүресі/26.
7. Кəлам.
Бұл сипат «сөйлеу» деген мағынаны білдіреді. Ұлы жаратушымыз
Алла Тағала сөйлеу сипатына ежелден ие. Иə, Оның кəлам сипаты
кейіннен пайда болмаған жəне əр түрлі əріп, дыбыстарға мұқтаж
емес. Алла Тағала сөзін Өзінің ұлылығына лайық түрде
періштелеріне естіртіп жеткізеді. Ұлы Жаратушымыздан түскен
бүкіл кітаптар мен уахилер осы сипаттың дəлелі əрі жердегі көрінісі.
8. Тəкуин.
Бұл сипат жоқты бар етіп яки бар нəрседен екінші бір нəрсені
жарату деген мағынаны білдіреді. Алла Тағала барлық əлемді жəне
қалаған нəрсесін кемшіліксіз хикметіне орай бар етіп жаратуы
тікелей осы сипатқа бай- ланысты. Əлемдегі сансыз əрі сан алуан
жаратылыс – осы сипаттың айқын дəлелі. Алланың «кун!» яғни
«бол!» де- ген бұйрығы арқылы кез келген нəрсе əпсəтте бар болады.
Жүсіп Баласағұн Ұлы Жаратушының бұл сипатын мына бір жыр
жолымен тамаша жеткізген:
Қалады да, жаратты бар болмысты,
«Бол!» – деді де, бірден бəрін болғызды.
ПАЙҒАМБАРЛАРҒА ИМАН
«(Уа, Мұхаммед!) Біз сені барша адамзатқа оларды тек
(жəннатпен) сүйіншілеуші жəне (тозақтан) ескертуші етіп
жібердік. Бірақ
адамдардың көбі мұны білмейді»
«Сəбə» сүресі
«Біз бүкіл адамзат баласына нұр шашқан киелі Құран –
түскен Мұхаммед (саллаллаһу алəйһи уə сəллам) пайғамбарға
мəңгілік қарыздармыз»
Гете
ПАЙҒАМБАРЛАРҒА ИМАН
Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман негіздерінің бірі.
Пайғамбарларға иман ету – олардың Ұлы Жаратушы тарапынан
арнайы таңдалып, елші етіп жіберіл- гендіктеріне жəне олардың
жеткізген барлық хабарларына күдіксіз сену деген сөз. Алла Тағала
мұсылмандарға жер бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарларға иман
етуді бұйырады. Яғни, Құранда аты айтылған пайғамбарлардың
кейбіреуіне иман етіп, кейбіреуіне сенбеуге қатаң тыйым салынады.
Біз, мұсылмандар, өзіміздің соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.)
Алла Тағала тарапынан жіберілген арнайы елші екеніне қалай иман
келтірсек, басқа пайғамбарларға да дəл солай иман келтіреміз.
Құранда:
«Кімде-кім Аллаға жəне Оның періштелеріне, кітаптарына,
пайғамбарларына жəне ақырет күніне иман келтірмесе, қатты
адасады...»,12 - делінеді
Жер бетін нұрландырып, адамзатқа тура жолды нұсқап, ақиқат
пердесін ашып, екі дүние бақытын көрсету үшін Ұлы Жаратушы
тарапынан жіберілген жалпы пайғамбарлардың толық əрі нақты саны
бір Аллаға мəлім. Құранда тек жиырма бесінің аты аталған. Құранда
есімі көрсетілген Узайр, Луқман, Зулқарнайн атты үш кісінің
пайғамбар яки үлкен əулие екендігі жайлы ғұламалардың арасында
əр түрлі пікір бар.
Жер бетіне жіберілген барлық пайғамбарлар арнайы бір қауымға
белгілі бір уақыт үшін ғана келсе, əз елші Мұхаммед (с.а.у.) қияметке
дейінгі барлық адамзат үшін ақырғы пайғамбар ретінде жіберілуімен
ерекшеленеді. Ол (с.а.у.) өзіне дейінгі барлық пайғамбарлардың
12
Ниса сүресі/136.
ерекшеліктері мен мəртебелеріне ие болса, Оның (с.а.у.) алып келген
ислам діні алдыңғы барлық діндердің мəн-мазмұнын қамтиды.
Пайғамбарлық міндеті оның елшілігімен нүктеленгендіктен одан
кейін ешбір пайғамбар келмек емес. Алла елшісі (с.а.у.) келгеннен
кейін барлық пайғамбарлардың алып келген діндерінің үкімі
тоқтады.
Құранда аты аталған пайғамбарлар
1. Адам (а.с.)
2. Идрис (а.с.)
3. Нух (а.с.)
4. Һуд (а.с.)
5. Салих (а.с.)
6. Ибраһим (а.с.)
7. Лут (а.с.)
8. Исмайл (а.с.)
9. Исхақ (а.с.)
10. Шуғайб (а.с.)
11. Яқуб (а.с.)
12. Юсуф (а.с.)
13. Əйюб (а.с.)
14. Зулкифл (а.с.)
15. Юнус (а.с.)
16. Мұса (а.с.)
17. Һарун (а.с.)
18. Иляс (а.с.)
19. Əлиаса (а.с.)
20. Дəуід (а.с.)
21. Сүлеймен (а.с.)
22. Зəкария (а.с.)
23. Иахия (а.с.)
24. Иса (а.с.)
25. Мұхаммед (с.а.у.)
Адамзаттың пайғамбарға мұқтаждығы
Адам баласы – санасы мен ерік-қалауы бар жараты- лыс. Қалаған
нəрсесін сөйлеп, қалаған жағына бара ала- ды. Жалғыз емес, қоғам
болып өмір сүреді. Басқалармен үнемі қарым-қатынас, байланыста.
Бойында əр түрлі қасиеттердің көзі бар. Тас сияқты қатты, мақта
сияқты жұмсақ та бола алады. Мейірімді де, қатігез де бола ала- ды.
Ал басқа жаратылыс олай емес. Мысалы, арыстан əрқашан
жыртқыш, ал қой үнемі жуас, момын. Алма ағашында өрік, өрік
ағашында алма өспейді. Қарға бұлбұл секілді əн салып, бұлбұл
қарғадай қарқылдай алмайды. Өйткені барлығы өзгермейтін тұрақты
қасиеттерге ие. Ал адам жақсы-жаман əр түрлі қасиеттерді бойында
жи- най алатындай кейіпте жаратылған. Иман етуі де, етпеуі де өз
қолында. Қаласа сауатсыз, қаласа ғалым бола ала- ды. Тілінен
туралық та, жалған да шығуы мүмкін. Қолын қанға былғап,
қатігездікте жыртқыштарды да артқа қалдыруы мүмкін. Дəл осы
адам мейірімділікті ту етіп, шартарапқа бейбітшілікті жаюы да
ықтимал. Міне, адам баласы осындай түрлі қалау мен сан алуан
қасиеттердің иесі болғандығы үшін мына дүниеде ол үшін сынақ əрі
ана дүниеде жəннат, тозақ бар. Міне осындай əр түрлі жолға бағыт
бұруға бейім адам үшін тура жолды көрсететін, əлемнің сырын
ашып, оның қайдан пайда болғанын, кімнің жаратқанын,
жаратылуындағы негізгі мақсат- міндетін түсіндіріп, жауабына қол
жеткізе алмайтын небір сұрақтарына қатесіз жауап беретін, əрбір
ісінде үлгі бо- латын шамшырақ керек. Ол – Ұлы Жаратушы
тарапынан жіберілген пайғамбарлар екені шүбəсіз. Жалғыз ғана ақыл
бұларды еш қатесіз, кəміл түрде шешуге жеткілікті емес. Дін нұрын
шырақ
тұтпаған
небір
зерек
ақылдылардың,
атақты
пəлсапашылардың жаратылыстың сырын аша ал-
май орта жолда шаң қауып қалғаны немесе қате түсініп адасқаны,
адасып тығырыққа тірелгенде ақылынан айы- рылып, жынды болып
кеткеніне тарих куə.
Иə, адамның бүгін тура дегені ертең қате болып жа- тады. Бұған
күн сайын өзгеріп отырған сансыз «измдер» дəлел. Дəлірек айтсақ,
көбіне «ақыл» адамды тек біржақты бағалайды. Ақылдың ойлап
тапқан «коммунизм» секілді басқа «измдер» де адамды тек
материалдық тұрғысынан əрі осы дүниемен шектеп қана
қарастырады. Оның ру- хани жан дүниесін жəне мəңгілік екінші
дүниесін ұмыт қалдырады. Міне, дін адамды һəм рухани, һəм заттық,
һəм екі дүние таразысының басын тең ұстап бағалағандықтан, адам
дінге, дінді жеткізетін пайғамбарларға əрдайым мұқтаж. Діні жоқ
ешбір қауымның жоқтығы осының белгісі. Қысқасы, Құран тілімен
айтқанда: «Жаратушы жаратқанын білмейді ме?»13.
• Егер пайғамбарлар келмегенде Ұлы Жаратушы- ны толық, кемел
сипаттарымен қатесіз тану мүмкін бол- мас еді. Жаратушы деп түкке
тұрмайтын нəрселерге құлшылық жасап, табынуы əбден мүмкін.
Пайғамбарға сенбеген қауымдардың жаратушы деп өз қолдарымен
жасаған пұттарға, Ай, Күн, жұлдыздарға сыйынғандары, міне, осы
тұсты айқындай түседі.
• Адамның ақылы «Дүниеге не үшінкелдім? Міндетім, мақсатым не?
Жаратушым менен нені талап етеді?» деген сұрақтардың жауабына
жете бермейді. Адам «өзін мақсатсыз, басым бос» деп пайымдайды.
Жақсы-жаман, адал-арам деп талғамай, қалағанын істейді. Сондықтан
адамға жаратылуындағы мақсатын, адамдығына с а й міндетін
түсіндіріп, Ұлы Жаратушысының бұйрықтары мен тыйымдарын
жеткізетін пайғамбарлар керек.
13
Тəбарак сүресі/14
• Адам баласына өлімінен кейінгі құбылыстар мүлде беймəлім.
Сондықтан пайғамбарлар адамға өлгеннен кейін қайта тірілетіндігін,
дүниеде істеген əрбір ісінен сұрақ алынып, жəннатпен марапатталып
яки тозақпен жа- заланатынын түсіндіріп, ескерту үшін жіберілген.
• Пайғамбарлардың жіберілу мақсатының бірі – үмбеттеріне
қайталанбас үлгі-өнеге көрсету. Алла Тағала Құран Кəрімде: «Міне,
солар (пайғамбарлар) нағыз Алланың тура ж о л ғ а салған
құлдары. Ендеше, сен де олардың тура жолына ілес!»14 – делінсе,
басқа бір аят- та: «Расында, сендерге, Алладан жəне ақырет
күнінен үміт еткендер мен Алланы көп зікір еткендер үшін
Алланың Елшісінде жақсы үлгілер бар», - делінеді15.
Пайғамбарлар – біз үшін жолбасшы əрі имам. На- мазда имамға
ұйығанымыздай, өмірдің əр қадамында Оны үлгі тұтып, Оның
жолымен жүреміз. Бізге нағыз шы- найы өмірді пайғамбарлар ғана
көрсете алады. Исламның алғашқы дəуірін көргендер Алла елшісінің
(с.а.у.) қас- қағым сəттерін де қалт жібермей мұқият қадағалап, Одан
үлгі-өнеге алып отырған.
• Пайғамбарлар дүние мен ақырет тепе-теңдігін құру үшін келген.
Олардың əкелген тепе-теңдігімен адам баласы өмір жолының
астамдығы мен нұқсандығынан құтылып, дұрыс бағытын табады.
Бұл – поптар мен мо- нахтардай дүниені тəрк етіп, монастырларға
қамалып, елден бөлектену, тұмшаланған əлемге кіріп, ғұмыр бойы
жалғыз өмір сүру емес, керісінше, үнемі орта жолдан ай- рылмай,
дүние мен ақыреттің өзіндік салмағына қарай тепе-теңдік сақтай
ғұмыр кешу. Бұл – уахидың (Алла- дан келген хабар) нұрлы əлемінде
ғана қол жеткізуге болатын табыс. Пайғамбар жеткізген ақиқаттан
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 04
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.