Latin Common Turkic

Имани гүл - 10

Süzlärneñ gomumi sanı 3807
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
тарылтады»101 - деп барлық жан иелерінің мол, яки аз етіп рызығын
беруші шексіз құдірет иесі тек Алла Тағала екенін білдіреді.
Біз қолымыздан келгенше еңбек етіп, рызық табу үшін Алла
тарапынан қойылған барлық заңдар мен себептерді орындаймыз.
Сосын, Алланың нəсіп еткен азды-көпті тағдырымызға жазылған
рызығымызға қол жеткіземіз.
Адал рызықтың себептерін орындаған адамға – адал, ал харам
рызықтың себептерін орындағанға – харам рызық беріледі. Адал
рызық тапқан құл сауапқа кенелсе, хараммен қоректенген құл күнəға
белшесінен батады.
Еңбек етіп, тер төкпей жатып тағдырды сылтау ету дұрыс емес.
Алла құлдарының кейбіреулеріне рызық- нəсібесін көп етіп берсе,
енді біреулеріне аз береді. Бір адамның бай болуы – Алланың ол
құлын жақсы көретіндігінің немесе кедей болуы – жек көретіндігінің
белгісі емес. Оның берген байлығы да, кедейлігі де құлдарына
берілген сын.
Еңбек еткен ешбір құлын Алла Тағала аш қалдырмайды. Бұл
дүниеде əркім өзіне тағайындалған рызығын жейді. Ешкім ешкімнің
рызығына аузын сала алмасы анық.
Тағдырдағы əділдік
Мұса (алейһиссəлам) бір күні «Уа, Раббым, маған əділдігіңді
көрсетші» деп өтініш жасаған екен. Алла
100
101
Һуд сүресі/6.
Шура сүресі/12.
Тағала Мұса алейһиссəламға: «Бұлаққа маңына барып, онда
болып жатқан барлық оқиғаларды қадағалап, бақыла», - деп
уахи етеді. Муса (алейһиссəлам) Раббысының айтқанын бұлжытпай
орындап бұлақтың маңына барып тасаланып қалады.
Бұлақтың басына бір атты адам келіп атын суарып жа- тып,
қалтасындағы алтынын түсіріп алады. Алтынының түсіп қалғанынан
бейхабар бұл адам артына қарамастан жөніне кете барады. Ол кете
салысымен, бір кішкене бала бұлақтың басында жатқан алтынды көре
сала дереу алады да қойнына тыққан күйде қаша жөнеледі. Бала кете
са- лысымен, бұлақтың басына бір соқыр адам келеді. Осы мезетте
əлгі алтынын түсіріп алған атты адам жоғын іздеп қайта келіп қалады.
Атты адам соқыр адамға: «Алты- нымды қайтар, сенен басқа бұл
жерге ешкім келген жоқ, алтынды сен алдың», – деп жағасына
жабысады. Соқыр адам: «Мен алған жоқпын», - деп қанша ақталса
да, атты адам сенбейді. Сөйтіп, атты адам соқыр адамды сол жерде
мерт етеді. Мұса алайһиссəлам бір қарағанда зұлымдық сияқты
көрінген бұл оқиғалардың мəн-мағынасын Алла Тағаладан сұрайды.
Сонда Алла Тағала: «Атты адам бұрын баланың əкесінің алтынын
ұрлаған еді. Біз сол алтынды балаға мұрагер етіп қайтардық. Ал
анау соқыр адам баяғыда атты адамның əкесін өлтірген еді. Енді,
міне, атты адамға соқырдан əкесінің өшін əпердік».
Ажал
Ажал сөзі – «уақыт, мезет» жəне «алдын-ала белгіленген уақыт»
деген мағыналарды білдіреді. Шариғаттағы терминде – адам баласы
жəне басқа жан иелері үшін белгіленген өмірдің бітуіне, яғни, өлім
уақытына айтылады.
Əрбір адамның өзіндік ажалы бар. Алла Тағала əрбір адамға
белгілі бір уақытқа дейін өмір сыйлаған. Ажал деп осы белгіленген
уақыттың бітуін айтамыз. Құранда:
«Араларыңда өлімді біз белгілеп, тағайындадық...»102
– делінеді.
Əр пенде Ұлы Жаратушымыз тарапынан алдын ала
тағайындалып, белгіленген ажалынан бір мезет бұрын яки кейін
қалмай, дəл уақытында өліммен қауышады.
«Мунафиқун» сүресінде былай делінеді: «Ажалы келіп жеткен
ешбір адамды Алла Тағала (ажалынан) мүлде кешіктірмейді»103
Ажалдың
уақыты
ешбір
себеппен
өзгермейді.
Пайғамбарымыздың «Туысқандармен жақсы қарым- қатынаста
болу – өмірді ұзартады» мағынасындағы хадисіне Ислам
ғұламалары екі түрлі түсінік береді.
1. Ғұмыры мол с ауап, қайырлы амалдармен берекеттеніп, аз
уақытта бейне бір көп уақыт өмір сүргендей болады.
2. Алла Тағала мұндай құлдарының жақсылық жасайтынын алдын ала əзəли ілімімен білгендігі үшін ол құлының
өмірін əу баста ұзақ етіп тағдырына жазған.
Сұрақ:
Əрбір адамның ажалы алдын-ала тағдырында белгіленген. Ал
енді осы ажалы жеткен адамды өлтіргеннің күнəсі не? Бəрібір сол
уақытта өлетін еді ғой.
Тағдыр себеп пен оның нəтижесіне біртұтас қарай- ды. Яғни,
Алланың əзəли ілімінде əр адамның ажалы мен ажалына себеп болар
іс-қимылдың қай уақытта, қай жерде жүзеге асатыны алдын ала
белгілі болғандықтан тағдырға солай жазылған. Өлген адамның
өлім уақыты
102
103
Уақиға сүресі/60.
Мунафиқун/11.
ғана емес, онымен бірге оның өліміне себеп болатын іс- əрекет те
алдын ала білінгендіктен, себеп-нəтиже тағдырға бірге жазылған.
Өлген адамды ол адам өлтірмегенде, оның өлімі немен жүзеге
асатыны бізге беймəлім. Мысалы, жол апатынан болды дейік. Онда
оның тағдырына ажалы «жол апатынан болады», деп жазылар еді.
Демек, оны өлтірген адам өз қалауы мен өлтіргендіктен ақыретте
жауапқа тартылады.
Тағдырға байланысты тартысуға неліктен тыйым
салынған?
Бірде Пайғамбарымыз (с .а .у .) тағдырға байланысты сөз
таластырып отырған сахабаларын көріп: «Сендер- ге осыларды
істеу əмір етілді ме? Жоқ, əлде Мен сен- дерге осы үшін
жіберілдім бе? Сендерден бұрынғылар (адамдар) осы тақырыпта
тартысқандықтан құрып кеткен», - деп тағдыр турасында
тартысудың дұрыс емес екенін білдірген.
Пайғамбарымыздың тағдырға байланысты қажетсіз сөз
таластыруды тыюының хикметін былай деп түсінуге болады.
1. Адамның өз қалауымен болатын жəне қалауының тысында
болатын тағдыры бар. Қалауынан тыс болатын тағдырдың
себептері мен хикметтері бізге беймəлім.
«Ақыл жаратылған, жаратушыны толық түсіне ал- майды»
демекші, ақылымыз қалауымыздан тыс болатын тағдырдың себептері
мен хикметтерін жəне сырын толық шеше алмайды. Адамның
туылған жылы, əке-шешесінің кім болуы, ұлты, жынысы жəне
қалауынан тыс болатын аурулар мен пəлекеттердің хикметтері мен
сырларын, себептерін түсіну үшін өзімізді қинау, бір-бірімізбен сөз
таластыру түбі жоқ тұңғиыққа батумен бірдей.
Пайғамбарымыздың тыйған тартыс мəселесі тағдырдың осы екінші
түріне байланысты болуы мүмкін.
2. Адам баласы жалпы тағдырды толық əрі дəл түсіне алмайды.
Өйткені тағдыр тақырыбы – өте қиын əрі күрделі мəселе.
Сондықтан əрбір мұсылман тағдырға байланысты мəселелерді
дін мамандарынан сұрап, осы тақырыпқа байланысты жазылған
кітаптарды оқып түсіне алғанынша түсініп, ал түсінбей ақыл
жеткізе алмаған мəселелерін Алланың шексіз ілімі мен
əділдігіне тапсы- рып, адамдармен бос дау-дамайға кірмегені
жөн. Алла ең дұрысын біледі.
ТАҒДЫРҒА ИМАН КЕЛТІРУДІҢ ПАйДАЛАРЫ
Тағдырға иман адамды жауапсыздық пен паңданудан
сақтайды.
Адам табиғатында өз қателігін мойындамай, екінші біреуге
сілтеу немесе тағдырға жала ж а - уып, жауапкершіліктен қашу
бар. Əрдайым жасаған күнəларына əр түрлі сылтау құрастырып, бас
сауғалап қашып кетер жол іздейді. Міне, о с ы өз ерік-қалауымен
жасаған күнəларын тағдырға жауып, жауапкершіліктен қашқысы
келетін адамның алдына Алла Тағала тара- пынан берілген «дербес
ерік-қалауы» шығып, «Қайда барасың? Сен істеген əрбір ісіңді өз
ерік-қалауыңмен атқардың. Сондықтан күнəларыңа тағдырды
сыл- тау ете алмайсың»,-деп тозақтың қызыл отын көзіне елестетіп,
жауапкершілігін есіне салады.
Сондай-ақ,
адам
табиғатында
қолы
жеткен
жетістіктерменмақтанып,паңдануытағыбар.Күнəларынан
ақталып,
тағдырды сылтау еткен əлгі адам істеген кейбір жақсылықтары мен
қолы жеткен бəзбір жетістіктерін көлденеңдетіп: «Мен істедім, мен
бүйттім, мен сөйттім» деп, дем арасында өзгеріп, күбідей ісініп
шыға келеді. Менмендігі бара-бара ұлғайып, тəкаппарлыққа айналып,
ақыры əрбір ісін жаратқан Ұлы Жаратушысын ұмыт қалдырып,
кердең басып, айналасындағы адамдарға мысқылдай қарап, жеңінің
ұшымен сəлем береді.
Осындай нəпсісіне адамдық тізгінін ұстатып, тəкаппарлыққа,
менмендікке құл болып, мұрнын шүйіргісі келетін пенденің алдына
«тағдыр» шығып:
«Сенің мақтануға, паңдануға ешбір ақың жоқ. Барлық жақсылыққа апарар жолды көрсетіп, ниетіңе жеткізіп
сəтін салған, ізгілікті жаратып, жетістікті нəсіп еткен Алла емес пе?», - деп құлдың шамасын көзіне көрсетіп,
«тəкаппарлықтан аулақ бол!» дейді.
Иə, адамның қолы жеткен жетістіктері мен жасаған игіліктеріне
иелік етуге еш ақысы жоқ. Себебі, əрбір жақсы істің жасалуын Алла
Тағала қаламаса қалай жүзеге асар еді? Құлдың ниет етіп, істегісі
келген ізгі ісіне «жоқ» деп Ұлы Жаратушысы тосқауыл қойса,
құлдың қолынан не келер? Адамға істің жақсысын ажырата білетін
ақыл сыйлаған, қабілет берген, оның жасауға ниет еткен əрбір ісін
жүзеге асырған Ұлы Иесі емес пе?! Иə, жақсылықты қалаған – біз, ал
оны жаратқан – Алла Тағала.
Жақсылық атаулыны жүзеге асырудағы адамның алар еншісі
лифтің ішіндегі түймені басуындай-ақ. Мысалы, лифтпен жоғары
қабатқа шығуды қалап, саусағыңыздың ұшымен түймені басасыз,
сөйтіп, лифт сізді қалаған қабатыңызға шығарады. Шыққаннан кейін
«лифтіні жоғарыға мен шығардым» деп, мақтана алмайсыз. Өйткені
сіз лифтіні емес, лифт сізді шығарды.
Таразының екі басын тең ұстап, астамшылық пен нұқсандықтан
бойын аулақ ұстаған тақуа жан барлық істеген күнəлары үшін
«нəпсімді тыңдап, шайтанның арбауына алданып, жаманшылықты
таңдаған, қалаған менмін, олай болса өзім кінəлімін» деп Ұлы Иесінен
істеген күнəларының кешірілуін тілесе, қолы жеткен жетістіктері
үшін «Алла Тағалам мұны нəсіп еткен Сенсің, сəттілігін салған
тағы Өзіңсің!» деп, жақсылықтың шынайы иесі Алла Тағалаға
рахметін білдіріп, өзінің борыштарлы- ғын сезінеді. Мұндай тақуа
жанның жадында əрдайым:
«Саған келген барлық жақсылық Алладан, ал басыңа
келген барлық жамандық нəпсіңнен»104, - деген қасиетті аят
жаңғырып тұрады.
Басына қиыншылық түскен жан тағдырдан
жұбаныш табады.
Тағдырға иман етіп, əрбір істің Алланың рұқсатынсыз іске
аспайтынына жүрекпен сенген кез келген адам ба- сына келген
қиыншылықтар мен пəлекеттердің əсерінен өз-өзін жеп, іштей
тынып, үмітсіздікке бас имейді. Ұлы Жаратушысының құлын
жақсылықпен де, қиыншылықпен де сынайтынын білгендіктен: «Алла
Тағалам, маған са- быр бер! Сауабыңа кенелейін» деп, келешекке
деген үмітін қанат етіп, қайрат-жігерін қамшылайды. Басына келген
айықпас а у р у ғ а : «с а у болғанда бəлкім Аллаға де- ген
мұқтаждығымды ұмытып, əр түрлі күнəға батар ма едім? Бəлкім,
Алла маған сауап жинаудың, Өзіне жақындаудың жолын осылай
берген шығар. Ендеше, ауру- ларым күнəларыма кəффарат болар»
деп, сынық көңіліне медет табады. Мал-мүлкін жоғалтып алса, яки
басқа біреудің қолында кетсе: «Алла Тағала менің тағдырыма
жазбаған ғой, бұйырмаған екен, барлық мал-мүліктің шынайы иесі –
Ұлы Жаратушым Сен өзіңсің, қалағаныңа бересің, қалағаныңнан
аласың» деп, Ұлы Иесінің алдында басын барынша иіп, əр нəрсенің
Оның қалауымен ғана бо- латынын жадында тағы бір рет жаңғыртып,
түгесілмес са- уабы мен жəннаттағы мəңгілік сый-сияпатынан үміт
етеді. Себебі, сабыр сақтап, шүкір еткен құлдың мына дүниеде
жоғалған пəни мал-мүлкі ақыретте мəңгілік мал-мүлікіне айналып,
жəннат төрінен менмұндалап тұрады.
Жобасын жасап, жеті рет өлшеп, бір рет кескен ойындағы ісі,
армандаған мақсаты орындалмай қалса,
104
Ниса сүресі/79.
«қайырлысы болсын» деп, сабыр танытады. Ал тағдырға иманнан
нəсібін ала алмаған байғұс жандар басына түскен жоғарыда айтылған
қиыншылықтар мен пəлекеттерге:
«Неге бұлай болды, қап, əттеген-ай», – деп санын сабалап,
айналасынан кінəлі пенделерді іздеп, басын тастан-тасқа ұрып,
өмірден түңіліп, үмітсіздіктің қараңғы əлемінде тұншығып жатады.
Тағдырға иман ержүректік пен батылдыққа
бастайды.
Басына не келсе де, Алланың рұқсатымен, қалауымен келетініне
бек сенген жанның бойына ерекше батылдық бітеді. Ар-намысын
таптауға төніп келген дұшпаннан ота- нын, дінін, халқын қорғау үшін
ерен ерлікпен шайқасады. Ажалының алдын ала Ұлы Жаратушысы
тарапынан белгіленгенін білгендіктен «тағдырымдағы өлімім қай
жерде, қай уақытқа белгіленсе, міндетті түрде сол жерде, сол
мезетте өлімді татамын, жазмыш ажалым мұндай қасиетті
соғыста емес, үйде жылы төсекте жатсам да келіп жетер» деп
«алғалап» ұран тастап, жау жүрегін аузынан шығарады.
Белгілі бір пайдалы іске кірісер болса, алдымен, барлық қолынан
келер қажетті іс-шараларды атқарып, керекті себептерді
орындағаннан кейін, «тағдырыма жазылғанын, бұйырғанын,
Алланың қалағанын көрерміз, жазмыштан о з м ы ш жоқ» деп,
тəуекелге бел байлай- ды. Шегіншектеп, қорқу тағдырға сенген
жанның пəк дүниесіне аяқ баспайды.
Тағдырға иман қанағатқа тəрбиелеп, көре алмаушылық пен
қызғаныштан сақтайды. Барлық адамның бұл дүниеде дəм
татар рызықнесібесі
алдын
ала
Ұлы
Жаратушысы
тарапынан
белгіленгеніне иман еткен жан өзіне жүктелген міндеттерін, қолынан
келер барлық себептерді атқарғаннан кейін Жаратқанның берген
үлесіне ризалық білдіріп, қанағатты пір тұтып, басқалардың малмүлкіне сұқ көзбен қарап, пəк жүрегіне қызғаныш сезімін қонақ
етпейді.
Тағдырға иман адамды жүйелі жұмыс істеуге, əрбір ісін таптұйнақтай атқаруға тəрбиелейді.
Жаратылыстағы əр нəрсенің арнайы есеппен, белгілі жүйемен
жұмыс істеп тұрғанын көріп, одан сабақ ала білген жан əрбір ісін
тап-тұйнақтай атқаруға, жоба- жоспарсыз ешбір істі бастамауға
тырысады. Жүйелілік оның табиғатына сіңіп, тұрақты мінезіне
айналады.
АДАМНЫҢ НЕГІзГІ МІНДЕТІ
Өмір өзендей аққан бойы өтіп жатыр. Үйреншікті күн арайлап
атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі пəни дүниенің қамын жеп,
өздерінің мына дүниеге қайдан, не үшін келгендерін, қайда
баратындарын ұмытқан. Бəрі сағым қуғандай бір арманнан екінші бір
арманның, бір белестен екінші белестің ізіне түсуде. Біріне енді
жеттім дегенде, екіншісі анау жақтан мен мұндалап тұрады. Бірақ
адам бəрібір тоймайды, бəрібір қанағаттанбайды. Е н д і асыл
арманыма, аңсаған мақсат-мұратыма жеттім деген- де, өлім оны
өкшелеп жетеді. Сөйтіп, адам мына пəнидің алдамшы қызылына
қызығып, қайран бір ғұмырды жоқ етеді.
Бұл күнде адамдар өмірдегі өзіне жүктелген мінде- тін орындау
үшін тамақ ішпейді, керісінше, тамақ ішу үшін өмір сүреді. Яғни,
өмірдегі мақсаты – қарын тойды- ру. Ойланғанға екеуі екі бөлек.
Тамақты мақсат ететіндей ғаламдағы ең саналы жаратылыс –
адамның осындай мағынасыз жаратылғаны ма? Сонда адамның
құрсағын тойдыруы үшін мектепте он бір жыл, университетте бесалты жыл оқып, сол бір қарнының қамы үшін өтірік пен өсек айтып,
басқаны қызғанғаны ма? Сол үшін қан төгіп, жауласқаны ма? Сонда
адам бар ғұмырын құрсақтың қамы үшін арнайтындай осыншама
төмен деңгейге түскені ғой... Жо-жооқ, əлемдегі ең саналы, ең кемел
жаратылыстың əсте мұндай төмен болуы мүмкін емес. Мал екеш
малдың өзін алып қарасақ, əрқайсысының белгілі бір мақсат үшін
жаратылған көреміз. Қорадағы мөңіреген сиырдың
да өзіндік міндеті бар. Таңертең өріске барып, кеш ау а желінін
сыздата аппақ сүт əкеледі. Кім үшін? Адам үшін. Ара да таңның
атысы, кештің батысымен мыңдаған гүлдерге қонып жүріп, кешке
улы денесінен шипасы мол бал тарту етеді. Демек, бұл өмірдегі əрбір
жаратылыс иесінің өзіндік міндеті бар. Олар саналы болмаған күннің
өзінде сол міндетін мүлтіксіз орындауда. Ал ең көркем жаратылыс
иесі адамның міндеті не? Ол сиыр, ара сияқты денесінен басқаға
пайдалы бір нəрсе шығара ма?
Иə, ең көркем жаратылыс иесі адамның да өз сана- сы мен
абырой-дəрежесіне қарай өзіндік үлкен міндеті болға тиіс. Егер
адамның да өзіндік орны мен міндеті болмаса, онда оның кім
болғаны? Жай ғана асхана мен дəретхананың ортасында жүріп, ас
қорытып-шығарудан аспайтын жанды аппарат болғаны ма?! Жо-жооқ,
əсте олай емес! Ең кемел жаратылыс иесі адамның өзіне тəн жоғары
міндеті бар. Ол міндет бəрінен де жоғары, аса абыройлы міндет.
Ол – өзін жоқтан бар еткен құдіреті шексіз Ұлы Жа- ратушыны
тану. Ол − күллі жаратылыс атаулының бойы- нан Алла Тағаланың
тіл жетпес шеберлігі мен ұлылығын көріп, Оның құдірет-күшінің
алдында таң қала бас иіп, құлшылық жасау.
Ол − өзіне тегін берілген сансыз жақсылық, нығметтер үшін Ұлы
жаратушы Иеге алғыс-рақметін білдіріп, Оның алдында мəңгілік
қарыздар екенін сезіну.
Бұған қоса табиғатындағы қызғану, сабырсыздық, жалқаулық,
қанағатсыздық сияқты жаман қылықтардан арылып, бойындағы асыл
қасиеттерді шыңдап, сан алуан сезімдерін кемелдендіріп, əр түрлі
қабілеттерін жетілдіру арқылы «кəміл адам» тұғырына көтерілу.
Сөйтіп, «кəміл адам» күйінде о бастағы асыл мекені – Жəннатқа
оралу. Хақ Тағаланың ризашылығына бөленіп, ондағы мəңгілік
бақытқа, бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген, ақыл ойлап
елестете алмаған Ұлы Жаратушысының өлшеусіз ғажайып сыйсияпатына қауышу һəм бұның бəрінен де қымбаты − жұмақта Алла
Тағаланың аса көркем дидарын тамашалап шексіз лəззатқа кенелу.
Хақ тағалаға деген құлшылықтың мəні
Күллі жаратылыс атаулы − Алла Тағаланың құдіреті менқұзіретін,
шеберлігі мен шексіздігін, өлшеусізілімімен теңдессіз ұлылығын
танытар жеке-жеке құдайылық мөр. Біз осыларға қарап Оны
таныдық, əлі де тану үстіндеміз. Алла Тағала Құран Кəрімде: «Мен
жындар мен адам ба- ласын «тек қана (мені танып), маған
ғибадат етсін» деп жараттым»105 – дейді.
Демек, Алла Тағала бізді бұл дүниеге Өзін мына жаратылысқа
қарап тапсын, танысын, білсін, құдіретінің, шеберлігінің, ілімінің
алдында таң қалып, бас исін, құлшылық етсін деп жіберген. Мысалы,
кез келген атақты суретшінің табиғатты өрнектеген суретіне қарап
таң қалып, тамсана таңдай қағамыз. Оның өнерін, шеберлігін,
талантын мойындап, оған мақтау айтамыз. Тіпті сол суретшімен бір
сəт бірге болуды мəртебе санап, суретке түсіп жатамыз. Ал, енді сол
суретшінің салған суретін бір сəт бағалап көрелікші!... Өспейді,
өнбейді, төрт мезгілде əр түрлі құбылысқа енбейді, ағаштары жеміс
бермейді, сула- ры ақпайды, құстары сайрап, балықтары жүзбейді.
Міне, біздер осындай жансыз, жасанды, көшірме суреттерге қарап
таң қалып, таңдай қағып жатамыз. Бірақ сырттағы көркемдігі ғажап
мына шынайы əлемге көңіл бөлмейміз. Ондағы жұпар исі аңқыған
сан алуан гүлдерді, əр түрлі жеміс-жидегін шашу еткен ағаштарды,
құрлық пен теңізді
105
Зарият сүресі 56-аят.
мекендеген сансыз қасиетке ие жанды-жансыз атаулыны, көздің
жауын алар жасампаздыққа тұнып тұрған жалпы табиғатты жаратқан
негізгі Ұлы Суретшіні, шебер Жа- ратушыны елемеуге бола ма?
Саналы адам үшін нағыз мақтауға ие сол Жаратушы емес пе? Қалай
ғана Оның құдіретінің, шеберлігінің, ұлылығының алдында таң
қалып, Оған мадақ, мақтау айтпастан жайбарақат жүре аламыз?!
Неліктен ғибадат, мінəжатымыз арқылы Ұлы Құдіретпен бірге
болуды өзімізді мəртебе санамаймыз?
Ендеше, адам баласының ең басты міндеті – Ұлы Жаратушыны
тану. Оның ұлылығын дəріптеп, «Аллаһу əкбар», «Алла Тағалам сен
қандай ұлысың!» деп бас иіп, мадақ айту.
Иə, Оның құдіреті мен құзіретінің, шеберлігі мен шексіздігінің,
өлшеусіз ілімі мен теңдессіз ұлылығының алдында таң қала бас иіп,
мақтау айту – құлшылықтың нағыз өзі.
Намазымыздың əр рəкатында үнемі оқылатын «Фа- тиха»
сүресіндегі: «Бүкіл мадақ та, мақтау да тек қана бүкіл əлемнің
Раббысы − Аллаға тəн» деудің мағынасы да осы болса керек.
Құлшылықтың тағы бір мəні – Ұлы Жаратушы та- рапынан бізге
тегін тарту етілген сан жетпес жақсылық, ризық, нығмет үшін
алғысымызды ғибадат арқылы білдіріп, Оның алдында қарыздар
екенімізді мойындау.
Жан-жағымызды қоршап жатқан күллі болмыс атау- лы тек қана
біз үшін жаратылған. Алла Тағала өзінің шек- сіз құдіретімен оларды
əлсіз, дəрменсіз адам баласының қызметіне бас идірген. Алып
табиғат денелерін Ұлы Жа- ратушы өзі бас идірмесе, оларды күшпен
бағындыруға адам баласының қауқары жетпесі даусыз.
Арайлап таңның атуы, алаулап күннің батуы кім үшін?!
Жосылып бұлттың көшуі, еркелеп желдің есуі кім үшін?!
Сылдырлап аққан өзен мен буырқанып тасыған теңіз кім үшін?!
Қойнауы қазынаға толы асқар таулар кім үшін?!
Етімен, сүтімен, терісімен, жүнімен өрісте жүрген жан-жануар
атаулы кім үшін?!
Жан-тəнімізді сүйсінтіп, өне бойымызды толқытып, əн салатын,
тоты, бұлбұл жыршы құстар кім үшін?!
Жұпар исін аңқытып, көздің жауын алатын, сан алуан түсті гүлдер
мен балдай тəтті жеміс-жидек кім үшін?!
Алып Күн денесінің жылуы мен жарығы кім үшін?! Бір ғана
жауап − бəрі де біз үшін. Бəрі де адам баласы үшін. Бəрі де ардақты
жаратылыс иесі адамзат үшін.
Əр ай сайын қолданған ыстық, суық суымыз бен жаққан электр
шамымыздың ақысын төлеп жатырмыз. Ал, көзімізді ашқаннан бері
бізге жылуы мен жарығын күлімдей төккен күннің Ұлы Иесіне
қандай ақы төледік?! Төле деп талап еткенде немізді төлер едік?!
Ендеше адамның міндеті тек қана ішіп-жеп, тайраңдау емес, осыларды тегін берген Ұлы Жаратушысына алғыс білдіріп, құлшылық
жасау.
Дана Абайдың:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй Ол Алланы жаннан тəтті», - деуі де сондықтан.
Ендеше, бізге сүйіспеншілікпен қарап, т а у с ы л - мас қымбат
нығметтерді сыйлаған Ұлы Иемізге біз де сүйіспеншілікпен қарап,
бас иіп, алғысымызды ғибадат арқылы білдіруіміз – ұмытылмас
міндетіміз.
Адам дене мен рухтан тұрады. Денемізді күн сай- ын ішкенжеген тамағымыз арқылы қоректендіреміз. Ал
рухты немен қоректендіреміз? Рухымызды жəне оның мазасыздығын
дамыған ғылым да, шарықтаған экономи- ка да, сəт санап өркендеген
мəдениет те қанағаттандыра алмайды. Адамның төрт түлігі сай
болып, жегені май болса да, бəрібір оған бір нəрсе жетпей тұрады.
Өйткені оның сұрағаны заттық емес, рухани болмақ. Демек,
материалдық денеміздің материалдық қорек талап еткені тəрізді,
рухымыз да рухани қоректі талап етеді. Олай болса, рухымыздың, жан
дүниеміздің қорегі – біздің намазымыз, оразамыз, жалпы күллі
ғибадатымыз. «Рағд» сүресінде:
«Біліп қойыңдар! Жүректер тек қана Алланы еске алу арқылы
жай табады», - деп ғибадат жасаған уақытта ғана рухымыз еркін
тыныс алып, жүрегіміз жай тауып, жан дүниеміз тыныштыққа,
шексіз рахатқа қауышып, ерекше лəззатқа бөленетінін білдіреді.
Нұсқа айтсақ, ғибадат – рухымызға қорек, жүрегімізге шипа,
денемізге саулық, ақылымызға туралық, ерік- жігерімізге қуат,
сезімдерімізге кемелдік, əлсіздігімізге сүйеніш сыйлайды. Ғибадат –
өмірімізді ретке келтіріп, күнəлардың батпағына батудан, рухани
ластықтан сақтайды.
Ғибадатымыз – екінші дүниемізге жинаған азығы- мыз, мəңгілік
дүниеде бақытты болудың бірден-бір жолы да сол.
Ғибадатымыз – бəрінен бұрын Ұлы Жаратушының бізге жүктеген
ең ұлы парызы.
Ғибадатымыз – иманымыздың белгісі, əлсіздігіміз- дің,
мұқтаждығымыздың,
шарасыздығымыздың,
қысқасы,
құлдығымыздың нышаны.
Біздің Аллаға бас июіміз – басқаға бас имейтіндігіміз үшін
берілген шынайы антымыз бен сертіміз. Өйткені біз Аллаға құл
болған кезде ғана нəпсіге, дүниеге жалпы барлық басқа жалған
құлшылықтардан құтыламыз.
Тəніміз сəждеде барынша кішірейген сəтте, рухымыз Ұлылардың
Ұлысына самғай ұшып, көтеріліп жатады.
Шүкіршілік
Шүкір – жаратылыстың сыры, шүкір – дүниенің мəйегі, шүкір –
адамдықтың рəмізі, шүкір ету – пенденің ең үлкен міндеті. Шүкір –
жақсылық иесіне жақсылығы үшін қарыздар екеніңді сезіну, оның
алдында бас иіп, алғыс-рахметіңді білдіру.
Міне, жаратылыста шүкір осыншалықты маңызды бола тұра,
өкініштісі, адам баласының көбі бұл қасиеттен мақұрым. Құран
Кəрім бұл шындықты: «Құлдарымның арасында шүкір етушілер
өте аз», - деп ескертеді.
Иə, адам баласы кішкене ойланып-толғанса, өзін қоршаған қай
нəрсенің болмасын Алла тарапынан ар- найы əзірленіп, адам
баласының қызметіне ұсынылғанын түсінері сөзсіз. Тіпті, өзінің
жоқтан бар етіліп, тіршілік иесі болуының өзі баға жетпес нығмет.
Бірақ, өкініштісі бұл нығметтің қадірін жете түсініп, Жаратушысына
деген шүкірінен жаңылмайтын тіршілік иесі өте аз.
Мысалы, суға батып бара жатқан адамды əлде бір кісі құтқарып
қалса, өміріне себеп болған əлгі адамға: «Мен саған бұдан былай
қарыздар болып өтемін, - деп оның ал- дында құрақ ұшады. Істеген
бір ғана жақсылығы үшін бас иіп, өмір бойы ізет білдірері сөзсіз. Ал
енді бізді жоқтан бар етіп жаратып, əр ауа жұтып, тыныс алған сайын
бізді бір өлімнен құтқарып, бір өмір сыйлаған Жаратушы- мызды
ұмыт қалдырып, жақсылығы үшін алғысымызды білдірмеуіміз дұрыс
па?
Ұлы Жаратушымыздың адамға берген жақсылық, нығметтері
шексіз. Құранда: «Егер Алланың сендер- ге берген нығметтерін
санасаңдар, санап тауыса алмайсыңдар», - делінеді.
Біз, адам баласы, денсаулықтың, əрбір он екі мүшеміздің баға
жетпес нығмет екенін ойлап, қадірін түсіндік пе? Оларды бізге тегін
берген Раббымызға рақметіміз бен алғысымызды білдіріп, Оған
қарыздар екенімізді сезіндік пе? Шындығында, бізге бұл сұраққа
жауап беру оңайға соқпаса керек.
Егер біреу бізге көп ақша берсе, оған рахметімізді жаудырып,
алдында құрақ ұшамыз. Ал, енді бір қолымыз шолақ болса, мейлі
миллиардтаған жыл жұмыс істеп, триллион ақша тапсақ та, Алланың
бізге тегін берген с а у қолын сатып ала аламыз ба? Сатып ала
алмасақ, неге біз триллион ақша жұмсап қол жеткізе алмайтын əрбір
мүшемізді бізге тегін сыйлаған Ұлы Жаратушымызға алғысрақметімізді білдірмейміз? Неге «Аллаһу əкбар» деп сəждеге бас
ұрмаймыз?
Иə, тіпті ішкен-жеген асымызды табиғи жол- мен сыртқа
шығарудың өзі де Ұлы Иеміздің үлкен жақсылығы. Оның қадірін ұғу
үшін ауруханалардағы бұл нығметтен мақрұм жандарды барып
көріп, атал- мыш нығметтің қадірін түсінейік! Түсініп, Раббымызға
қарыздар екенімізді шын жүректен сезінейік!
Осыншама жақсылықтың, ырыс-берекенің алғысы «шүкір»
деген тіліміздің ұшымен айтылатын үйреншікті сөзбен шектелмейді.
Ұлы Иемізге деген шы- найы алғысымыз бен махаббатымыздың
белгісі – Оның бұйырған əмірлерін «лəббайк» деп, айна-қатесіз
орындап, міндеттеген ғибадаттарын қадари халімізше толық атқару
мен тыйымдарынан түгелдей тыйылу.
Көбіне біз рахметімізді, алғысымызды шынайы И е - сіне емес,
жолдағы түкке тұрғысыз себептерге білдірумен ғана шектеліп
жатамыз. Қалайша дейсіз бе? Базардан бір алма сатып алдық делік.
Сатушыға рахметімізді айтып, қолына ақшасын ұстатамыз. Бірақ сол
алманы «құлым
жесін» деп көз тартар сұлу пішінде жаратып, аузыңнан сілекейіңді
ағызар тамаша дəм мен мұрныңды жарар кере- мет жұпар иіспен
безендіріп бізге жіберген, яғни алманың шынайы иесі – Алла
Тағалаға
шүкірімізді,
рахметімізді
білдіріп,
Оған
деген
қарыздығымызды сезінеміз бе?
Сатушының қолына ұстатқан азды-көпті тиын- тебенді алманың
құны деп ойламаңыз, ол тек сатушының еңбегі ғана. Себебі, алманың
өз құны өлшеусіз. Ол бағамен өлшенбейді. Неге дейсіз бе? Егер алма
жоқ болса, оны өсіру үшін дəнегін қайдан алар едік? Миллиардтаған
қаржы жұмсап, жоғары деңгейдегі зертханаларды құрсақ та алманың
бір түйір дəнін жасай алар ма едік? Тіпті дəні бар болған күннің
өзінде оның өсіп жетілуіне керекті Күнді, ауаны, топырақты, ондағы
əр түрлі минералдар- ды қайдан табар едік Бүкіл əлем жиналса,
алманың өсуі үшін керекті суды, ауаны жасай алмайды. Енді осы
алмаға керекті күн, ауа, топырақ, су сияқты қажетті заттардың баға
жетпестігін ескере отырып, алманы бағалап көрейікші...
Иə, біз көбіне жаратқанды ұмытып, ортадағы себеп- терге ғана
алғысымызды білдірумен шектеліп жатамыз. Бұл ісіміздің
қаншалықты əділетсіз екенін білу үшін мына мысалға назар
аударайық.
Патша қызметшісі арқылы біреуге бағалы сый жіберді делік. Əлгі
адам сыйлықты ала салысымен рахметін үйіп-төгіп патшаның
қызметшісіне айтып, сыйды тарту еткен патшаның өзін елемесе,
оның бұл ісі қаншалықты жөнсіз болар еді. Бұл тұста нағыз алғыс
айтуға лайық жан қызметші емес, патшаның өзі емес пе?!
Мінəжат
Ғұмырын осы уақытқа дейін босқа өткізіп,
жүрегі ақиқат шуағына кейінен ғана оянған бір
пенденің
Хақ алдындағы тəубасы.
Уа, Жаратушы Жаппар Ием – Хақ Тағала!
Құлың саған келді бас иіп, тəуба тілеп. Медет тілері бар ма оның
Сенен басқа? Құлың адамдық тізгінін нəпсінің қолына ұстатып, əр
бұрышта тұзақ құрып, айла ойлаған ібілістің құрығына шалынды.
Дүниенің жылты- рына алданып, пендешіліктің батпағына малынды.
Енді міне, күнəларын арқалаған бойы бір қызарып, бір сазара ұялған
күйі Саған келді. Өйткені Сен – мейірімділердің ең мейірімдісі,
рақымдылардың ең рақымдысы, кешірімділердің кешірімдісісің.
Рахман Ием! Құлың қанша күнəға батса да, «бір күні келіп, Сенің
ұлылығыңның алдында бас иемін» - деген көкірегіндегі үмітін
жоғалтпады. Өйткені ол күнəсінің қанша үлкен екенін білсе де, Сенің
кешіріміңнің одан да үлкен, шексіз екеніне бек сенді.
Алла Тағалам! «Раббым − тек Сенсің» дедім, сөйте тұра нəпсіме,
дүниеге құлдық ұрдым.
Жаратушы Ием! Ақырет дедім, сөйте тұра дүниені таңдадым.
Мəңгілік дедім, сөйте тұра пəниді артық көрдім.
ЖаппарИем!Сенің:«Уа,құлдарым,шайтансендердің
ашық
дұшпандарың» деген рақымға толы ескертулеріңе құлақ аспай,
Ібіліспен қоян-қолтық дос болдық, жо-жоқ, дос қана емес, тіпті,
ажырамас сырлас болдық. Тіпті, кей тұста шайтан бізді емес, біз
шайтанның өзін азғырдық.
Раббым! Мен Сені басыма бір қиыншылық түскен сəтте немесе
ауру-сырқауға ұшырап, тығырыққа тірелген мезетте ғана іздедім.
Сол кезде ғана Саған деген мұқтаждығымды мойындап, құдіретіңе
бас идім. «Раб- бым, егер осыдан бір құтқарсаң, Сенің адал жолыңда
жүрер едім», - деп Өзіңе сан рет уəде бердім. Сөйтіп,
қиыншылықтан құтылған сəтте, Сені еске алмастан баяғы əдетімше
кердеңдеп кете бардым.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 11
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.