Latin Common Turkic

Имани гүл - 16

Süzlärneñ gomumi sanı 3690
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Иранда болса, тəнасұх мəселесі пəлсападан гөрі діни негізде
қолға алынған. Бұл пікірді Зороастризм мен Мəздақы секілді діни
топтар арасынан қолдағандар да шыққан. Көнеден келе жатқан бұл
жарамсақ пəлсапа Иранда Ғұлат секілді кейбір Шиилік ағымдарға да
араласқан176.
Жинақтап айтар болсақ реенкорнацияның негізгі басты-басты
сенімдері мыналар:
1. Рухтар бір денеден екінші денеге мəңгілік өтіп жүре береді.
Буддада кемелденген рухтар «Нирванаға» жетеді.
176
Меһмет Кыркынжы, Рух недир? 74-бет. Зафер иайынлары, Станбул.1993 ж.
2. Адам үшін жұмақ пен тозақ ақыретте емес, осы дүниеде əр түрлі
денелерде болады. Олардың түсінігінше, Жұмақ – бұл дүниеге
сау-саламат, қуанышты əрі бай болып келіп, рахаттанып өмір
сүру болса, Тозақ – ауру-сырқау, мүгедек, жетім болып келіп,
қиналып, бар ауыртпалық- тарды бастан кешу ғана. Қиямет –
кісінің өлімі, қабір – ана жатыры, ал өлгеннен кейін қайта тірілу
болса, тенасұх жолымен қайтадан дүниеге келуді білдіреді.
3. Жақсы іс істегендер келесі келулерінде əдемі, сұлу денелерде, ал
жамандық істегендер жағымсыз денелер- де келеді. Жаман
адамдар жазаларын түрлі жан-жануар, өсімдік жəне жансыз
нəрселерге көшу арқылы тартады.
4. Адам жəне барлық жан-жануарлар – жауапкершілік иелері. Яғни,
Алланың бұйрықтарын орындауға міндетті. Жан-жануарлармен
қоса барлық жан иелеріне пайғамбар келген əрі келуде.
Реенкорнация сенімінің исламдағы негізгі ұстанымдарға жəне
жалпы қисынға қайшы жақтары төмендегідей
1. Ислам діні бойынша əрбір адам жеке өзінің өмірі- нен, істеген
істерінен жауапқа тартылады. Ал мыңдаған денеге кіріп шыққан
рух – біреуінде жақсы, екіншісінде жаман, үшіншісінде тағы
жақсы болды делік. Сонда ол қай денеде атқарған істері
бойынша сұраққа тартылады?
2. Ислам діні жəне басқа да Құдайылық діндер бой- ынша,
адамдардың барлығы мына дүниеде істеген əрбір ісінің
қарымын ана дүниеде алады. Ал енді бір денеде істеген
жаманшылығы мен жақсылығының қарымын алу үшін екінші
бір денеге кіретін болса, онда тозақ пен жəннат кім үшін? Арғы
дүниеде адам рухының рахатқа бөленіп, байыз табатын Жəннат
мекені болмаса денеден- денеге өтіп рухани тазарудың қандай
пайдасы бар?
3. Денеден-денеге өткен сайын рухтың сатылай жоғарылап тазара
түсетіндігі айтылады. Егер шынымен- ақ адам рухы бір денеден
екінші бір денеге көшу арқылы тазарып отыратын болса,
адамзаттың жағдайы қазіргідей болмас еді ғой. Миллиондаған
жылдан бері мыңдаған де- нелерге кіріп-шығып жүрген адам
рухтары тазарған сай- ын тазарып, күллі пендешілікден арылып,
жалпы əлем мейірімділік пен бейбітшіліктің, адамгершіліктің
шуағы- на шомуға тиіс еді. Алайда, қазіргі таңда əлемде
керісінше соғыс, қатігездік, зұлымдық, зинақорлық, ішімдікке
салы- ну, өзімшілдік, жалпы рухани аштық күннен-күнге арта
түсуде.
4. Рухтың денеден денеге өту сенімі ақыл-ой, қисынға да сай
келмеуде. Өйткені, егер ондай көзқарастың шынайы өмірдегі
ғылыми астары қалың болса, онда ол бүкіл адам- зат баласына
ортақ болуы қажет еді. Айталық, əркім-ақ əуелгі денелерін,
бастан өткен оқиғаларын еміс-еміс еске түсіре алуы керек еді.
Алайда, бірнеше жас балалар мен психопаттардың жəне кейбір
адамдардың гипноз кезінде айтқан сандырақ əңгімелерінен
басқа ешкім бұл тура- сында жақ ашпауда. Осы уақытқа дейін
басқа денелер- де өмір сүргендіктерін айтып келген алты-жеті
жастағы үш-төрт кішкене баланың сөздері құқықтық əрі ғылыми
тұрғыдан ешқандай дəлел бола алмайды. Өйткені, əлі қиял мен
шындықты ажырата алмайтын кішкене жастағы балалардың
б ө гд е біреулердің психологиялық ықпалынан шыға алмауы
əбден мүмкін. Реенкорнацияшылардың мықты дəлелі – əр
нəрсенің басын бір шала əңгімелеген осы балалар ғана.
Психопаттарға келсек, бұлардың ақыл- есінде ақау
болғандықтан, айтқан сөздерінде де қарама- қайшылықтар жиі
ұшырасуда. Дəрігерлік емге зəру бұл кісілердің айтқан уəжіне
тоқтау, сірə, ақыл-есі бүтін адамға жараса қоймас. Сондықтан
бұлардың айтқандары
да құқықтық тұрғыдан дəлел бола алмайды. Ал кейбір адамдардың
гипноз сеансы кезінде ес-түссіз жағдайда гип- ноздаушы адамдардың
ықпалымен өткен өмірлеріне бай- ланысты айтқан əңгімелері
реенкорнацияның шындығына қалайша ғылыми дəлел бола алмақ?
Неліктен барлық психиатрлар реенкорнация сенімін қолдаушылар
сияқты гипноз кезінде айтылған сандырақтарды реенкорнация
сеніміне дəлел ретінде қарамауда? Керісінше, барлық психиатрлар
бұл адамдарды психологиялық (dissosyetif бұзылу) ауруға ұшыраған
деп, ренкорнацишылардың дəлелін бірауыздан жоққа шығаруда.
5. «Рухтар өткен өмірлерін неге естеріне түсіре алмайды?» деген сауалымызға бұл сенімнің жақтаушылары адам үшін
өткен өмірлерін білмеулері тиімді деп, мы- нандай дəлелі əлсіз
мысалды алға тартады: «Өткен өмірлерінде араларында келеңсіз
жайттар болып, бір- бірімен дұшпан болған екі ағайынды екінші
өмірлерінде де бір шаңырақтың астында дүниеге келулері мүмкін.
Мұндай жағдайда олардың бұрынғы өмірлерін білулері олардың
бұрынғы
дұшпандықтарын
естеріне
түсіріп,
ыза-кек,
дұшпандықтарын қоздыра түсуі мүмкін. Сондықтан бұрынғы
өмірлерін естеріне түсіре алмау- лары олар үшін əлдеқайда тиімді».
Берілген бұл жау- аптарына қанағаттану əсте мүмкін емес. Себебі,
өткен өмірлеріндегі қателіктерін білмейтін адамдардың қазіргі
өмірлерінде сол жіберген қателіктерін түсініп, түзетуі мүмкін бе?
Ендеше, өткен өмірлеріндегі қателіктерін білмеген адамдардың сол
жіберген қателіктерін түзету үшін мына дүниеге қайта келулерінде
қандай мəн бар? Өткен қателерін мүлдем білмейтін адамдардың
қайтадан сол қателерге ұрынбауына кім кепіл?
6. Егер
реенкорнацияшылардың
айтқанындай
адамдардың
рухы жан-жануар, өсімдіктерге,
сосын
өсімдіктерден қайта адамға өте беретін болса, бұрынғы өмірлерінде
адам болған қазіргі триллиондаған жан- жануарлар мен өсімдіктерде
неліктен адамның кейбір ерекшеліктері мен оған тəн іс-əрекеттері
қылаң бермейді?
7. Бұл сенім адамдардың арасындағы қарым-қатынас- қа да
психологиялық тұрғыдан кері əсерін тигізері сөзсіз. Жаңа туған
пəк сəбидің денесінде мына дүниеге сан рет келіп, əр түрлі
істерді жасаған қария рух жатқандықтан, ата-ана жаңа туған
сəбилерін құшақтап тұрып: «бұл сəби кезінде қандай күнəлар
мен қылмыстарды жасады екен» деген үрейлі ойға батып, өз
сəбилерінен өздері қорқып, бойларын балаға деген
сүйіспеншіліктен гөрі суық сезім билеуі əбден мүмкін.
8. Реенкорнация сеніміндегідей егер рух бұрынғы өмірлеріндегі
кейбір қабілеттері мен жеткен жетістіктерін басқа денеге қайта
қонған кезде бірге ала келетін болса, неліктен жаңа туға сəбиді
оқытып, тəлім-тəрбие беріп, өте қарапайым нəрселердің өзін
қайыра үйретуге мəжбүрміз? Əлемде неліктен баланың өмір
сахнасына дайындалуы үшін қыруар қаржы жұмсалуда?
9. Реенкорнация с е н і м і бойынша рухтар бірнеше рет келіп,
кемелдену дəрежесіне жеткеннен кейін бұл дүниеден мүлдем
келмеске кетеді. Будда діні бойынша
«Нирванаға» жетеді. Ал енді миллондаған жылдан бері көптеген
рухтар кемелденіп, мына дүниені тəрк етіп келмеске кеткені рас
болса, жер бетіндегі адамдардың саны ғасырдан ғасырға азаюға тиіс
еді ғой. Алайда жер бетіндегі адамдардың саны керісінше күнненкүнге арта түсуде.
10. Мына дүниеде берілген бір ғана шектеулі өмірде адам
баласының рухани кемелдікке жетуіне толық
мүмкіндігі бар. Ислам тарихында исламды қабылдамай тұрып пұтқа
табынып, өз қыздарын өз қолдарымен аяу- сыз өлтіріп, зұлымдыққа
белшесінен батқан көптеген жандар Ұлы Жаратушыға иман етіп,
Құран қағидаларын ұстанғаннан кейін жалпы адамзатқа үлгі
боларлық кемел тұлғаларға айналғаны баршаға мəлім. Олай болса,
ру- хани жетілу үшін біресе адамның, біресе өсімдік, жанжануардың денелеріне сан рет кіріп-шығудың қандай қажеттілігі бар?
Тіпті, реенкорнация сенімі адамдарды ру- хани жетілдіру былай
тұрсын, керісінше, мінез-құлқының құлдырап, адами қасиеттерден
ажырауына əкеліп соғады. Себебі, бұл сенімге иланған адам «мына
дүниеге мыңдаған рет келіп, өзімді түзетіп, кемелденуіме əбден
мүмкіндігім бар» деп пайымдағандықтан небір сорақы іс-əрекеттерге
баруы ғажап емес. Ал, керісінше, өмірге бір-ақ рет келіп, барлық
істеген іс-əрекеттері бойынша ана дүниеде есепке тартылатынына
иланған адам рухани жетілуге бар ынта- шынтасымен ұмтылары
сөзсіз. Өйткені, ондай сенімдегі адам үшін мына дүниеге қайта келіп,
қатесін түзету мүмкіншілігі жоқ177.
11. «Өткен өмірде болған Маркс, Андрей, Григо- рий сияқты мүлде
танымайтын адамдардың істеген күнəларыныңсалдарынан
неліктен мен осыөмірімдежапа шегіп, қиыншылықтарға душар
болуым керек? Еміс-еміс болса да есімде жоқ алдыңғы өмірдің
күнəсін неліктен мен арқалауым керек? Алғашқы өмірім мен
күнəларым кіммен басталды жəне қашан басталды?» сияқты
сұрақтарға қанағаттанарлық жауап табу мүмкін емес.
Құранда:
«Ешкім ешкімнің күнəсін арқаламайды. Ақырында барлықтарыңның қайтар жері – Раббыларың бола- ды.
Сөйтіп, Ол сендерге не істегендерің жайлы толық
177
Аднан Бүлент Балаоглу, Ислама гөре текрар догуш Реенкарнас - он. 190-198 бет.
Китабиат баспасы, Анкара, 2001 ж.
хабар береді. Шүбəсіз, ол жүректеріңдегіні толық білуші»178
делінген.
12. Реенкорнация сенімі бойынша, рухтардың барлығы əзəли, яғни,
бастауы жоқ, жаратылмаған. Ал ислам діні бойынша əзəли –
барлығының бастауы жоқ, жаратылмаған, ол тек қана – Ұлы
Жаратушы Алла Тағала. Оның əзəлилігінің жанында екінші бір
əзəли болмыс жоқ əрі бола да алмайды.
Түйін:
Бұл сенім ислам сеніміне, тіпті, басқа да бұрынғы Құдайлық
діндердегі жəнннат-тозақ сеніміне түбегейлі қайшы. Өйткені,
исламда əрбір адамға жеке рух берілген. Əрбір кісі бұл дүниеде
атқарған жақсы-жаман ісіне қарай ақыретте Хақ алдында есепке
тартылып, жəннатта сый- сыяпатын яки тозақта жазасын тартады.
Көз жұмған адам екінші рет мына дүниеге сынақ үшін қайта келе
алмайды. Құранда: «Олардың əрбіріне өлім келген сəтте:
«Раббым! Мені дүниеге қайтар! Мүмкін мен дүниеге барып
жақсы іс істермін» - (деп жалынады) Əсте олай емес. Рас, бұл
олардың айтқан бос сөздері ғана. Өйткені, олардың артында
қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар»179 - делінсе, басқа бір аятта:
«Олар (кəпірлер) сол жерде (тозақта) жəрдем сұрап былай деп
шыңғырады: «Ей, ұлы Раббымыз! Бізді мына жерден дүниеге
қайтадан шығара гөр! Біз бұрыңғы істеген істерімізден басқа
салих, ізгі амалдар істейік». (Алла Тағала оларға былай деп
жауап береді:) Біз сендер- ге түсініп, ғибрат алатын адамның
өміріндей мерзім бермедік пе? Əрі сендерге пайғамбар да келіп
ескертті. Олай болса, азаптарыңды татыңдар! залымдарға
ешқандай көмекші жоқ»180.
Зүмар сүресі, 7-аят.
Мүминун сүресі, 99-100-ші аят.
180 Фатир сүресі, 37-аят.
178
179
Реенкорнация пікірі көне қауымдарда қате, жаңсақ сенім күйінде
жалғаса келді. Қазіргі таңда бұл сенім кейбір адамдардың денесіне
енген жын-шайтандардың олардың жүрек пен ақылдарына тікелей
əсер етіп, өктемдік етуінің салдарынан болуы бек мүмкін.
Пайғамбарымыздың хадисінде: «шайтан адам баласының қан
тамырында жүреді» делінеді емес пе? Ендеше, жын-шайтан адам
баласының жүрегі мен ақылына тікелей əсер етуі арқылы
реенкорнация сияқты еш негізі жоқ нəрсені бардай етіп көрсетуде.
Алла Тағала құранда: «Маған дұға етіңдер, сендерге жауап беремін»
деп, құлдарының дұғаларын қабыл ететіндігін айтқан. Алай- да біздің
жасаған дұға, тілектеріміз көбінесе
қабыл болады?
болмайды.
Мұны қалай түсінуге
Иə, Құранның «Ғафир» сүресінің 60-аятында Алла Тағаланың
«Маған дұға етіңдер, сендерге жау- ап беремін» деген уəдесі бар.
Алла Тағала құлдарының жасаған барлық дұғаларына жауап беруші.
Алайда, дұғаға жауап беру бір бөлек те, оны қабыл алу бір басқа.
Аятта Алла Тағала өзіне жасалған барлық дұға-тілектерге жауап
беретінін айтуда. Ал дұғада сұралған нəрсенің беріліп-берілмеуі яғни
тілектің қабыл болып-болмауы Алла Тағаланың хикметі мен
қалауына қарай жүзеге аса- ды. Қарапайым бір мысал келтіре кетейік,
бір сырқат адам дəрігерді көмекке шақырса, дəрігер оған «иə, не
болды, не сұрайсың?» деп, оның шақыруына ілтипат білдіріп жау- ап
береді. Бірақ, дəрігер сырқаттың өзі сұраған барлық дəрі-дəрмегін
дереу бере салмайды. Ауруын қарағаннан кейін, оның сұраған дəрісі
шынымен-ақ ауруына шипа- лы болса ғана береді. Сұраған дəрісі
ауруына, яки басқа бір ағзасына кері əсерін тигізер болса, ол дəрінің
орнына басқа бір шипалы дəрі беруі мүмкін.
Міне, дəл осы тəрізді Ұлы Жаратушымыз да құлдарының барлық
жасаған мінəжат, дұға-тілектеріне жа- уап береді. Бірақ сұралғанның
бəрін қабыл ала бермейді. Себебі, біз көбіне мына пəни дүниенің
өткінші пайдасын ғана күйттеп, мəңгілік дүниемізге кері əсері тиер
нəрсені сұраймыз. Сұраған нəрсеміз кейбір жалған сезімдеріміз- дің
яки асығыс қабылдаған шешіміміздің нəтижесі болуы
ықтимал. Кейбір жақсылық деп пайымдаған нəрселеріміз біз үшін
аяғында жамандық болуы мүмкін.
Құранда: «Жек көрген нəрселерің сендер үшін қайырлы болуы
мүмкін. Ал жақсы көрген нəрселерің сендер үшін жаман болуы
мүмкін. Алла біледі, сендер білмейсіңдер»181, - делінеді. Сондықтан
кейбір сұраған нəрселеріміз берілмеген жағдайда дұғам қабыл
болмады дегеннен гөрі, тілегімнің орындалмауы мен үшін қайырлы
шығар деп Жаратқанның жазғанына риза болған жөн.
Кейде асығыстық жасап, əлі пісіп жетілмеген нəрселерді уақыты
келмей жатып шикілей жинап алуды қалаймыз. Алла Тағала осындай
көңілі мен сезімдеріне ұнамды əр нəрсені сұрай беретін құлына ненің
керекті, ненің қажетсіз, дүниесі мен ақыретіне қай нəрсенің пайдалы, қайсысының зиянды екенінінжақсыбілгендіктен, оның тілегін
Өзінің хикметіне қарай береді яки сұрағанынан да абзалын нəсіп
етеді. Мысалы, біреу Алла Тағаладан ер бала тілеуі мүмкін. Ал Алла
Тағала оған қатардағы қарапайым ер баладан да қайырлы қыз бала
нəсіп етуі мүмкін. Имранның əйелі Жаратушыдан ұл бала тілейді.
Алайда, Ұлы Жаратқан оған ұл баладан да қайырлы қыз сыйлайды.
Олай дейтініміз, ол болашақ Иса пайғамбарды дүниеге əкелетін
Мəриям анамызды босанған болатын.
Дұғаның негізгі мақсаты – ғибадат пен құлшылық. Сондықтан
кейде оның қарымы ақыретте сауап ретінде беріледі. Дұға жасаған
құл өзінің əлсіздігін, мұқтаждығын мойындап, Жаратушысының
өзінің сол мұқтаждығын көріп, дұғасын естіп тұрғандығына кəміл
сенгендіктен, иман дəрежесі арта түседі. Əрі бүкіл əлемді құдірет
қолында ұстаған Ұлы Сүйенішті паналағандықтан, құлазыған көңілі
байыз табады. Құл дұға жасаған уақытта өзінің əлсіздігін,
əлжуаздығын, ал Жаратушысының
181
Бақара сүресі, 216-аят.
ИМАНИ ГҮЛ
құдіреттілігін түсінгендіктен, оның өзі бір ғибадат. Кез- келген
ғибадатта осы мағыналар көрініс береді емес пе? Мысалы, құл басын
сəждеге қойған уақытта өзінің төмен, əлсіз екенін іс жүзінде
көрсетіп, ал Алла Тағаланың құдіретті, ұлы екенін паш етеді.
Пайғамбарымыз хадисінде: «Дұға – ғибадаттың мəйегі» деген182.
Енде- ше, дұға жеке басына құлшылық саналғандықтан, оның негізгі
жемісі мен қарымы ақыретте берілмек.
Дұғаның қабыл болуы үшін мына дүниенің өзіндік заңдары мен
себептерін ешбір ақаусыз атқаруымыз қажет. Дұғаның өзі екіге
бөлінеді. Біріншісі «фиғли дұға». Яғни, өзіміздің ісіміз арқылы Ұлы
Жаратушыдан тілеу. Мысалы, жер жыртып, дəн сеуіп, оны жаз бойы
суғарып, оның өсіп- жетілуі үшін керекті барлық іс-шараларды атқару.
Мұндай дұға Алла Тағаланың қойған заңдары мен себептерін
орындау арқылы жүзеге асатындықтан көбіне қабыл бо- лады. Ал
екінші дұға «қаули дұға» – сөзбен не жүрекпен тілеу арқылы болатын
дұға. Қаули дұға мен қатар фиғли дұға жасалуы керек. Іс істемей
жатып жасаған барлық дұғаларды Алла Тағала қабыл ала беретін
болса, елдің бəрі жатып-ішер жалқауға айналар еді. Ал Алла Тағала
құлдарының жалқау болуын, əлбетте, қаламайды.
Сондай-ақ, жасаған əрбір дұғамызды Алла Тағала қабыл ала
беретін болса, дүниедегі тепе-теңдік бұзылар еді. Мысалы, жұрттың
көпшілігі бай болуды, бастық бо- лып, мөр басуды қалағандықтан,
олардың осы тілектерінің бəрі қабыл болар болса, жұмысты кім істеп,
кім-кімге бас- шы болмақ?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде былай дейді:
«Алла Тағала өзінен тілек тілеген барлық адамның дұғасына жауап береді. Оның құлдарының дұғаларына
182
Сунəн əт-Тирмизи.
жауап беруі – дұға жасаған адамға сұрағанын беруі арқылы, яки
дұғасының сауабын ақыретке жинауы немесе тілеген тілегінің
көлемінде күнəсінің кешіруі арқылы жүзеге асады183. Бірақ кісі күнə
нəрсені тілемесе немесе туысқандық қатынастың бұзылуын сұрамаса
əрі жасаған дұғам қабыл болмады деп асығыстық жасамаса
болғаны184.
Дұғалардың қабыл болуының басқа да шарттары бар. Мысалы,
дұғаны ықыласпен жасау, ешбір харам аспен қоректенбеу сияқты.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде «Адамдар дұғам қабыл
болмайды деп шағым жасайды. Алайда, оның ішкен-жегені, киген
киімі харам болса, дұғасы қалай қабыл болсын?» десе, басқа бір
хадисінде: «Біліп қойыңдар! Алла Тағала құлықсыз жүрекпен
жасалған дұғаны қабыл етпейді»185 деген.
Тирмизидегі басқа бір риуаятта: «Тілеген тілегінің көлемінде күнəсін кешіруі
арқылы» дегеннің орнына «жасаған дұғасының көлемінде жаманшылықтан сақтау
арқылы» делінген.
184 Тухфатул-ахуази Шарху Жамуғут-тирмизи, 2-том, 2426-бет.
«Дəрул байтул афкария» баспасы.
185 əл-Хаким,
əл-мүстадрак алассахихайн, 1-том,
670-бет.
«Дəрулкутубил илмия» баспасы, Бəйрут, 1990 ж.
183
Жалпы пайғамбарлардың саны қанша? Əйел затынан неге
пайғамбар келмеген?
Жер жүзіне көптеген пайғамбарлар кел- ген.
Пайғамбарымыздың бір хадисінде жалпы пайғамбарлардың саны
жайлы 124 мың делінсе, басқа бір хадисте 224 мың делінуде. Бірақ,
бұл хадистердің əлсіз хадистердің қатарына жататынын да естен
шығармағанымыз жөн. Сондықтан жалпы жер бетіне жіберілген
пайғамбарлардың нақты саны бізге беймəлім. Құранда жиырма сегіз
пайғамбардың аты аталғанымен, үшеуінің
пайғамбар
болыпболмауына қатысты ғалымдар арасында əр түрлі пікірлер бар.
Пайғамбарлар тек қана араб түбегіне келмеген. Барлық жерге, əр
түрлі қауымдар- ға арнайы пайғамбарлар жіберілген. Адамзаттың
жараты- лу мақсаты «Ұлы Жаратушыны тану, оған ғибадат етіп,
өзіне жүктелген төл міндетін түсіну» сияқты күрделі тақырыптар
болғандықтан, бұларды түсіндіру ү ш і н адамзатқа пайғамбардың
жіберілуі үлкен қажеттілік. Себе- бі, жаратылыстағы осы ұлы
мақсатты адам баласының жалаң ақылымен қатесіз тауып, хақ пен
нахақты уахидің көмегінсіз ажыратып түсінуі əсте мүмкін емес.
Адамның бүгін тура дегені ертең қате шығып жататындығы да, міне,
сондықтан.
«Исра»
сүресінде
былай
делінеді:
«Біз
пайғамбар
186
жібермейінше(ешбірқауымды)
азаптаушыемеспіз» .
Яғни,
пайғамбар жіберілмеген қауымдарды азаптау –
186
Исра сүресі, 15-аят.
Ұлы жаратушының шексіз рақымдылығына қайшы. Алла Тағала
арғы дүниеде əрбір жаманшылықтың е с е б і н алып, күллі ізгіліктің
сый-сыяпат, қарымын беретін болғандықтан, барша адамзатқа
арнайы пайғамбар жіберген. Құранда: «Ескертуші пайғамбар
келме- ген ешбір үмбет жоқ»187 -делінеді. Демек, Адам ата- дан
бастап көптеген елшілер пайғамбарлық міндетімен жер бетін
нұрландырып, адамзатқа ақиқаттың пердесін ашып отырған. Кейбір
зерттеушілердің сөзіне құлақ салсақ, Африканың мəдениеттен,
білімнен бейхабар, тіпті араларындағы кəрі кісілердің етін жеуді
əдетке айналдырған кейбір қараңғы тайпаларының сенімдерінде
«Алла жалғыз, Оның серігі жоқ. Егер екі Құдай болса, алып жүйе
бұзылады», «Жаратушы тумады да туыл- майды» сияқты, Құран
білдірген ақиқаттарға сайма-сай ережелердің бар екенін айтуда.
Демек, мұндай жалаң ақылмен біліне бермейтін ұлы ақиқаттарды бір
уақыттарда сол тайпаларға жіберілген пайғамбарлар жеткізген болса
керек.
Əйелден пайғамбар келіп-келмеу мəселесіне тоқта- лар болсақ,
«əһлі-сүннет уəл-жəмағат» ғалымдарының көпшілігі əйел затынан
пайғамбар келмегендігі жайлы бір көзқараста188.
Құранда: «Сенен бұрын да біз уахи етілген тек еркектерді
пайғамбар етіп жібердік. Егер білмесеңдер білім иелерінен
сұраңдар» - делінеді189.
Себебі, əйел тегінен пайғамбардың келгендігін білдіретін шариғи
нақты дəлел жоқ. Негізінде, əйел заты- нан пайғамбардың келмеуі
оларды кемсіткендік емес. Хақ
Фатир сүресі, 24-аят.
Əһлу сунниттік кəлəм ғалымы Əшғари бойынша, əйелдерден де пайғамбар жіберілген.
189 Əнбия сүресі, 7-аят.
187
188
ИМАНИ ГҮЛ
Тағала жаратылыстағы барлық нəрсені бір-бірін тəмамдап,
толықтыратындай кейіпте жаратқан. Тең күштер əрдайым бір-бірін
теуіп, итеретіндігі де заңдылық. Сондықтан əйелдің мейірімділігі
мен нəзіктігі еркектің күштілігі мен қуаттылығы əрдайым бір-бірін
толықтырып, оң жəне теріс зарядтар тəрізді бір жерде бірігулеріне
жағдай жасауда.
Соңғы ғасырларда қолдан əйел болмысын еркекке айналдыру –
оның өз еріне бағынбай, қарсы шығуына əкеп соқты. Сөйтіп,
басшысыз қалған отбасында бақыт байрағы жерге құлап, жанұя
мүшелерінің сансырауына себеп болды.
Шынтуайтында, жанұямен қатар қоғамда ə й е л затының өз
жаратылысы мен болмысына сай қасиетті де киелі орны бар. Дүниеге
сəби əкелу – еркектің қолынан ке- лер іс емес. Ол – тек əйелдің
еншісіне бұйырған қастерлі міндет. Ұрпаққа керекті тəлім-тəрбиені
беріп, қоғамға пайдалы азамат өсіруден артық та абзал міндет жоқ.
Міне, осы міндет те – тікелей ананың мойнынадағы қасиетті борыш.
Əйел заты өз болмысына жарасымды міндетін ұмытып, еркекке
ұқсауға тырысқан күннен бері ұрпақ саны азайып, тіпті сол аз ғана
ұрпақтың өзі тəрбиеден алшақтап, қоғамда келеңсіз жайттар көптеп
орын ала бастады.
Ендеше, əйел затына пайғамбарлық міндеттің жүктелмеуі – оның
адами деңгейінің төмендігінен емес, керісінше, ерекше жаратылысы
мен нəзік табиғатына тікелей байланысты.
Иə, əйел баласы əр ай сайын хайыз190 мерзімінің келуіне
байланысты оншақты күн пайғамбарлық міндетін атқара алмайды.
Мұндай кезде əйел адам Хақ Тағаладан уахи алып, хабарласу былай
тұрсын, жай мұсылманның атқаратын ораза, намаз сияқты
ғибадаттарды да атқара
190
Етеккір.
алмайды. Бұған қоса, оның жүкті болу жағдайы, сəбиді дүниеге
əкелгеннен кейін қырық күндей нифас мерзімі тағы бар. Жаңа туған
нəрестеге қарау сияқты əйел ғана атқара алатын маңызды істер
оның пайғамбарлық міндетіне ақау келтіреді.
Пайғамбарлық – өте ауыр міндет. Пайғамбарлық жүктелген жан
қашанда қауіп-қатер мен небір қиыншылықтардың бел ортасында
жүреді. Ол – соңынан ергендерге əр істе өнеге болып, жол көрсететін
көшбасшы көсем тұлға. Ол – керек кезінде атқа мініп, жауға қарсы
шабатындай тайсалмайтын батыр, майданда стратегиялық шұғыл
шешім қабылдап ел қорғайтын дана қолбасшы. Мұның бəрі үйде
отырып атқаратын шаруа емес. Пайғамбарлық бір ғана отбасындағы
балаларды тəрбиелеу емес, жалпы адамзатты тəрбиелеу
болғандықтан əйел тегінен пайғамбар келмеген.
Сөз түйіні, əйел тегінен пайғамбар келмегенімен барша
пайғамбарлар мен ұлы тұлғаларды дүниеге əкелгендердің əйелдер
екені даусыз.
Мұсылман емес мемлекеттерде туыпақыреттегі жағдайы қалай болмақ?
өскен
адамдардың
Ислам діні – Құдай Тағаланың жер бетіне жіберген ең ақырғы
діні. Ақырғы дін келгеннен кейін бұрын келген барша діндердің
үкімі жойылды. Алла Тағала Құранда: «Кімде кім исламнан өзге дін
іздесе, қабыл болмайды...»191 деген.
Дінімізде ислам дініне кіру бақытына кенелме- ген жандардың
бəрі жаппай тозаққа барады деп кесіп айтылған нақты үкім жоқ.
«Əһлус-суннет» ғалымдары бұл мəселеде əр түрлі көз қараста.
Мысалы, Əшғари бойынша ешбір дін, ешбір құдайылық баян
жетпеген адамдардың барлығы, мейлі атеист болсын ақыретте
сұраққа тартыл- майды. Алла Тағала «Исра» сүресінде дін жетпеген
ешбір қауымды азаптамайтынын білдірген: «...Біз пайғамбар
жібермейінше (ешбір қауымды) азаптаушы емеспіз»192. Алла
Тағала мұндай жандарды өзінің жəннат нығметінен белгілі бір
дəрежеде құр алақан қалдырылмайды.
Ал Матурудилер бойынша, барлық адамдар пайғамбар келсінкелмесін, дін жетсін-жетпесін Ұлы Жараушының аты мен есімін,
кітаптары мен пайғамбарларын білмесе де, Оған иман етулері керек.
Мұндай жандар ақыретте ғибадат тұрғысынан сұралмаса да, иман
тұрғысынан сұраққа алынады. Себебі, адамның ақылы ақ пен
қараны, жақсы мен жаманды ажырата
191
192
Əли Имран сүресі, 85-аят.
Исра сүресі, 15-аят.
алатындай кейіпте жаратылған. Табиғаты да Ұлы Жа- ратушыны
табуға əрі Оған иман келтіруге бейім. Бұған қоса, əлемдегі əрбір
жаратылыс бойындағы ғажайып нақыштарымен Ұлы Жаратушының
бар екендігін паш етуде. Аспан əлеміндегі жымыңдаған жарық
жұлдыздар, жер бетіндегі құлпырған тамаша өсімдік əлемі, жаратылыстарында ешбір міні жоқ сансыз жан-жануар – бəрі- бəрі Ұлы
Жаратушыны меңзейді. Шөлде ғұмыр кешкен шопанның өзі Ұлы
Құдіретті тапқандығы хадисте риуа- ят етілген. Пайғамбарымыздың
(с .а .у.) құзырына кел- ген бəдауиден Ұлы Жаратушыны қалай
тапқаны жайлы сұраған уақытта, ол былай деп жауап берген: «Бір
жердегі түйенің тезегі ол жерден түйенің өткенін, ал аяқ ізі де сол
жерден біреулердің жүргендігін меңзейді емес пе? Ендеше, мына
таңғажайып жүйемен жаратылған аспан əлемі, мына ғажап əдемілікке
толы жер беті – шексіз білім иесі һəм барлық нəрседен толық
хабардар Ұлы Құдіретті қалайша меңземесін?!». Демек, қарапайым
түйешінің өзі əлемдегі барлық нəрсені жаратып, оны керемет
жүйемен еш ақаусыз басқарып тұрған Ұлы Құдіретті таба білген.
Олай болса, иман мəселесінде ақыл-ойдың рөлін толықтай жоққа
шығара алмасымыз ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, ғалым Матуруди
«адам ақыл-ойымен-ақ Ұлы Жарату- шыны таба алады» деген193.
Қорытындылар болсақ, Ислам діні мүлдем жетпеген яки жетсе де,
өзінің шынайы келбетінде емес, бұрмаланған түрде жеткен əрі оны
дұрыс тану мүмкіншілігі м ү л д е жоқ қоғамда өмір сүріп жатқан
жандарды Алла Тағала өзінің рақымына бөлейді деп үміттенеміз. Ал
ислам діні толық жеткен əрі онымен танысу мүмкіншілігі бола тұра
оған салғырт қарап, қырсықтық пен тəкаппарлықтың
193
М, Абдулфəттах Шаһин, Шупһелер ве чыкыш иоллары, 3-том, 57-бет. Ғайе баспасы,
Станбул. 1990 ж.
шырмауынан шыға алмай, ақиқатқа көз жұмған ақ пен қараны
ажырата алатындай ақыл-есі бар жандар ақыретте азапқа душар
болады. Тек шет мемлекеттегі адамдар ғана емес, исламның қайнап
тұрған жеріндегі адам- дар да пайғамбарымыздың əкелген ақырғы
дініне құлақ аспай, Жаратқанның жіберген соңғы нұрына жарықтан
қашқан жарқанат тəрізді көз жұмып, иманнан адасып, күпірлікке
жүгірер болса, тозаққа барады. Бұл мəселеде Алланың рақымынан
артық рақымшылық о й л ау өзіміздің шамамызды білмеу əрі Ұлы
Жаратқанды қатігезге теңеу болғандықтан өте сақ болғанымыз жөн.
Алла Тағала əр пендесін өзіне берілген мүмкіндік- теріне қарай
сұраққа тартатыны ақиқат. С о н д ы қ т а н мұсылман
емес
мемлекеттердегі адамдардың жеке жағдайы мен мүмкіншіліктеріне
қарай бұл сұрақтың жауабы да əр түрлі болмақ. Олай дейтініміз,
мүлде дін жетпеген, қараңғы қоғамда өмір сүрген адам мен хақ
діннің ортасында туып-өскен адамның ақыреттегі жауапкершілігі
бірдей болмасы анық. Бəлкім, ешбір дін жетпеген жапан даладағы бір
адамның жан жүрегімен
«Уа, Жаратқан!» деп бір рет айтуы – ақыретте исламның қайнаған
жерінде туып өскен адамдардың мың рəкат на- мазынан асып түсуі
əбден мүмкін.
Міне, сондықтан біз мұсылман емес мемлекеттер- де туып-өскен
жандардың бəрін бірдей дереу кəпір деп,
«олардың барар жері тозақ» дей алмаймыз194. Үлкен ақида
ғалымдарының жоғарыдағыдай көзқарасынан кей- ін, біздер бұл
тақырыпта өте абай болғанымыз жөн.
Мəселенің бізге қатысты жағын қозғар болсақ, біз ис- ламды
сахабалар тəрізді əлемнің түкпір-түкпіріне дұрыс
194
Себебі, «кəпір» деп: ислам толық түсіндіріліп, оны қабылдамаған адамға айтылады.
Мустафа Зарқа, Фəтəəуа.
«Дарул-қалам» баспасы, Димашқ. 2001 ж.
жеткізе алдық па? Исламды өзінің шынайы келбетінде насихаттап,
нағыз мұсылманшылықты тазалығымен, білімімен, экономикасымен,
бірлігімен, тірлігімен, қысқасы, күллі асыл қасиеттерімен іс-жүзінде
көрсете білдік пе? Бұл сұрақтарға «иə» деп жауап бере алма- сымыз
айдан анық. Ендеше, ғылымнан артта қалып, сауатсыздық жайлаған,
экономикада басқаларға тəуелді, саясатта тізгінді басқаға ұстатқан,
өз арасындағы бірлігі бұзылған қазіргі ислам əлемін қай батыс елі
үлгі алып,
«мұсылманшылық па, шіркін, қандай керемет» деп исламға
жүгірсін? Əрине, біз бұл жерде ислам əлемінің қазіргі жағдайы
олардың хақ дінді іздемеулеріне толық- тай сылтау бола алады
деуден де аулақпыз.
Д е й тұрғанмен, өз жағдайымыз о с ы н д а й болғандықтан,
мұсылман емес мемлекеттердегілер- дің бəрін тозаққа толтыру
сияқты тар түсініктен аулақ болғанымыз жөн. Басқа мемлекеттерде
ш а л а - шарпы, тиіп-қашып жүйесіз жасаған мардымсыз
насихаттарымызға иек артып, олардың исламға жаппай бет бұруын
күтуіміздің жөні жоқ.
Олай болса, ақыретте өзгелерден бұрын біз мұсылмандар «сендер
неге жеткізбедіңдер» деген сұраққа тап боларымыз ақиқат.
Сондықтан бар мүмкіншілігімізді əлемге хақ діннің жайылуы үшін,
мұсылманшылықты шынайы келбетін іс-жүзінде таныту үшін сарп
етуіміз лəзім.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 17
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.