Latin Common Turkic

Имани гүл - 14

Süzlärneñ gomumi sanı 3698
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
жол жоқ. Яғни, қарсы жақ соғысты
Хажж сүресі, 39-40 аят.
Ниса сүресі, 90-аят.
145 Мумтахина сүресі, 7-аят.
143
144
тоқтатып, келіссөз сұраса, мұсылмандар да соғысты тоқтатып,
келіссөзге жүгінулері абзал. «Егер олар келісөзге, бейбітшілікке
(ниет білдірсе) жақындаса, сен де жақында»146.
Исламда қарулы соғысқа тек мынандай жағдайларда ғана рұқсат
етіледі:
1. Қорғану мақсатында. Шабуыл жасаған жауға қ а р с ы соғысу.
Құранда: «Сендермен соғысқандарға қарсы сендер де Алла
жолында соғысыңдар. Бірақ шек- тен шықпаңдар. Алла
Тағала шектен шыққандарды жақсы көрмейді»147 -делінеді.
2. Өзіңе шабуыл жасайтыны нақты анықталған дұшпанға соғыс
тактикасы бойынша бірінші болып шабу- ыл жасауға рұқсат
етіледі.
3. Жазалау мақсатында.
4. Түрлі зұлымдықтарға жол бермеу мақсатында.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) барлық соғыстарына көз жүгіртсек,
тек осы айтылған себептерге ғана сүйенгеніне куə боламыз. Ендеше,
соғыс – тек Алланың ризалығы үшін Оның рұқсат еткен жағдайларда
ғана болуға тиіс.
Жай кезді былай қойғанда, соғыс жағдайында да Ислам озбырлық
əрекеттерге ж о л бермейді. Айталық, соғыста əйелдерді, жас
балаларды, соғысқа қатыспаған қарт кісілер мен ешкіммен шаруасы
жоқ монахтар- ды өлтіруге қатаң тыйым салды. Өсіп тұрған ағаштар
мен егін алқаптарын өртеуге, түйе, сиыр сияқты мал- дарды өлтіруге,
əр түрлі өзге діннің ғибадатханаларын қиратуға жол бермеді. Дұшпан
əскерлерінің өлі денелерін тілгілеп, көздерін ойып, мұрындарын
кесуге де қатаң тыйым салды. Пайғамбарымыз соғысқа кетіп бара
жатқан қолбасшыларына мынандай ескертулер жасады:
146
147
Əнфал сүресі, 61-аят.
Бақара сүресі, 190 аят.
«Алланың атымен жолға шығыңдар. Алла жолында күресіңдер.
Соғысатын адамдарыңмен араларыңда келісімдер бар болса, оны
қадағалаңдар. Шектен шықпаңдар, соғыс кезінде өлтірген
адамдарға «мүсле» (өлі денелерін тілгілеп, көздерін ойып,
мұрындарын кеспеңдер) жасамаңдар. Балаларды, əйелдерді,
қарт кісілерді, ғибадатханалардағы адамдарды өлтірмеңдер»148
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тіпті өзіне қарсы соғысып
жатқандарды қарғауы былай тұрсын, оларға
«Алла Тағалам, олар Сенің құлдарың, біз де Сенің құлдарыңбыз...»,
«Алла Тағалам, олар білмейді, Сен оларды кешіре гөр!» деген кең
пейіл игі тілекте болған. Пайғамбарымыздың өмірбаянының
атақты жазушы- сы Қади Мұхаммед Сүлеймен əл-Мансұрдың
«Сира- ту рахматан лил-аламин» атты кітабындағы келтірген санақ
бойынша һижри жыл санауымен ІІ-ІХ жылдар аралығында болған
барлық соғыстарда дұшпан əрі мұсылман қатарынан бар болғаны
1018 кісінің ғана көз жұмғаны төңірегіндегі мəліметтерді ескерер
болсақ, соғыс деп əй-шəй жоқ қан төге берудің де дұрыс емес
екендігін аңғарамыз. Ал 1914-1918 жылы болған Бірінші
дүниежүзілік соғыста 21 миллион адам жараланып, олардың 7
миллионы өмірмен қош айтысқаны белгілі149. Жоғарыда да
айтылғандай, соғыс – тек бейбіт шешу жолы түгелдей таусылған
кезде барылатын соңғы жол. Рұқсат етілген бұл соғыстың өзін
жекелеген адамдар, яки белгілі бір топ бұйрық беріп бастата
алмайды. Соғысқа қатысып-қатыспауды шешетін, «жиһад!» деп
аттан сала- тын, «соғысыңдар!» деп бұйрық беретін тек қана мемле148
149
Ахмед ибн Ханбəл, Муснəд, 1/300. əбу Дəуід, Жихад, 82.
Идрис Шенгул. Куран кайнаклы һошгөрі ве һурриет. Иени умит журналы, 24-бет. №47,
2000 ж. Стамбул.
кет болуы тиіс. Əйтпесе, кез-келген соғысқұмар адамның ашқан
соғысы жиһадқа жатпайды.
Əлемде болып жатқан террорлық əрекеттермен Исламның
ешқандай байланысы жоқ. Ислам сөзі
«бейбітшілік, амандық-есендік» деген мағынаға саяды. Ислам діні –
жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін жіберілген
Құдайлық соңғы дін. Міне, сондықтан əр мұсылман, тіпті, сəлем
бергеннің ө з і н д е қал-жағдай сұрап емес, «бейбітшілік пен
тыныштықты тілеп амандасады. Мұсылмандардың сəлемдесуде айтатын «əссəламу алейкум» сөзі «сендерге Алланың бейбітшілігі мен
есендігі, тыныштығы болсын!» де- ген мағынаны білдіреді.
«Ислам», «сəлам», «мұсылман» сөздерінің барлығының түбірі бір.
Яғни, бейбітшілік пен тыныштықтың мағынасын қамтитын сөздер.
Ислам бейбітшілікті уағыздайтын дін болса, мұсылман баласы сол
бейбітшілікті өзінің отырып-тұруында, сəлемі м
е
н сөйлеуінде,
өзгелермен қарым-қатынасында, қысқасы, əрбір іс-əрекетінде іс
жүзінде көрсетуші тұлға болмақ.
«Бейкүнə бір адамды өлтіру – күллі адамзатты өлтірумен
тең»150 Бұл ереже қасиетті Құранда айтылған. Олай болса, қаншама
бейкүнə адамның, періштедей бүлдіршін сəбилердің жанын қиған
лаңкестік əрекеттер исламға, Құранға, мұсылманшылыққа жата ма?
Тіпті, адам өлтіру былай тұрсын, малды қорқытудың өзі Исламға
теріс. Сойылатын малдың көзінше пышағын қайраған са- хабасына
Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (с.а.у.) қатты кейіп: «Сен малды
неше рет өлтірмексің? Пышағыңды малды жатқызбас бұрын
қайрамадың ба?»151 деп ескер- ту жасаса, тағы бір хадисінде:
«Қаруды қалжыңдап бол- са да өзгеге кезенбе!» деп, адамды өлтіру
былай тұрсын,
150
151
Маида сүресі, 32-аят.
əл-Мустадрак алас-сахихайн лил-Хаким, 17-том, 422-бет.
өзгенің көңіліне аз да болса үрей салудың өзі исламға, шынайы
мұсылманға жат əрекет екенін түсіндірген.
Беліне бомба байлап, өзгелердің жанын қию үшін өзіне де қол
жұмсаған жанкештілер өздерін «шейітпіз» деп есептейді. Шейіттік
мəртебе бейкүнə жандарды өлтірумен келетін оп-оңай нəрсе емес.
Өзін-өзі өлтіру – исламда үлкен күнə. Құранда
«Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар!»152 делінген.
Біз дінімізді қасиетті кітап Құраннан əрі оны түсіндіруші соңғы
пайғамбар Мұхаммедтен (с.а.у.) үйренеміз. Ал енді осы
мұсылманшылық қағидаларының қайнар көзі саналған Құран мен
Пайғамбарымыздың өмірінде өзіне қол жұмсап, бейкүнə жандарды
қыру бар ма? Тіпті, соғыс жағдайында да соғысқа қатыспаған
адамдарды өлтіру – дінімізде харам саналып жатса, жай уақытта
күнде құбылмалы саяси ойындар үшін жүздеген бейбіт жатқан
күнəсіз жандардың жанын қиюдың қандай ауыр күнə екені айтпаса
да түсінікті.
Қоғамның пайдасы үшін болса да исламда қандай да бір
адамның құқы аяқ асты етілмейді. Жалғыз ғана адамның құқы –
жалпы қоғамның құқындай қымбат.
Исламда мақсат қандай ұлы, таза болса, оған апара- тын жолдар
да сондай таза, ұлы болуы тиіс.
Террорлық əрекеттер арқылы ешбір проблема қазірге дейін
шешілмеген əрі бұдан кейін де шешілмейді.
Барлық лаңкестік əрекеттер – ислам үшін жасалған күрес емес,
керісінше, исламға қарсы қиянат.
Кейінгі кезде Ислам мен терроризмнің бірге айты- луы – тырнақ
астынан кір іздейтін ислам дұшпандары үшін таптырмайтын олжа
болды. Сондықтан қандай қиын жағдайға душар болса да
мұсылмандар исламның атына кір келтіретін лаңкестік əрекеттерден
аулақ болуы
152
Ниса сүресі, 29-аят.
керек. Себебі, белгілі бір жағдайлар, дағдарыстар мен саяси ойындар
күнде өзгереді. Ал діннің ұстаным, ереже- қағдилары мəңгілік.
Өтпелі жағдайлармен діннің атына кір келтіруге болмайды.
Қазіргі таңда болып жатқан барлық жарылыс, лаңкестік
əрекеттерді ислам дініне жабу кең етек
алды.
Алайда,
солардың
барлығын
істеп
жатқан
мұсылмандар ма? Бұған «иə» деп жауап беру, əрине,
қиын.
Мұсылмандықты
бет-перде
етіп,
лаңкестік
əрекеттерге барып жатқандар кімдер? Кей жағдайда олардың
қатарында соғыстарда əке-шешесінен, туған- туыстарынан
айырылған, немесе басқа да рухани күйзелістерге түскен адамдар
да болады. Ондай адам- дар кеудесін кернеген ішкі ыза-кек пен
күйіктің сал- дарынан барлық іске баруы мүмкін. Мұндай адамдар
психологиялық тұрғыдан алғанда, діннің рұқсат етпе- ген
нəрселерін де жасауға бейім тұрады. Өз істеріне шариғаттан əлсіз
болса да негіз іздей бастайды. Я бол- маса кейбір өзгелердің
ойыншығына айналып, бопса тұзағына іліккен мұсылмансымақ
адамдар. Бұған қоса, мұсылманның атын жамылған əлдебір
ұйымдар, тіпті алпауыт мемлекеттер саяси мақсаттары үшін шала
сауат- ты кейбір дүмбілездерді арнайы дайындап, Құрандағы кейбір
аяттардың бас-аяғын қырқып монтаждап, «шейіт болып, жұмаққа
кіресің» деп лаңкестік əрекеттерге айдақтауы да мүмкін. Яғни,
зомбиге айналған адамдар. Бүгінде кейбір арнайы дəрілерді ішкен
адамдардың өлімнен де қорықпай, өз жандарын қиып та
жіберетіндігі белгілі болды. Мысалы, Шриланка аралында өсетін
бір шөптің жойылуы үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
(WHO) 110 миллион қаржы бөлді. Бұл шөпті же- ген жастарда
өлімнен қорқу сезімі жоғалып, өздеріне оп- оңай қол жұмсайды
екен. Тіпті «Lsd» атты дəріні белгілі
бір адамға арнайы лагерлерде күнде тамағына қосып беру
арқылымиындағыөзіндікойларынөшіріп, орнынақалаған пікіріңді
құйғаннан кейін «ecstasy» секілді химикаттар арқылы 8-10 сағаттық
лаңкестік əрекеттерді орындатуға болады153. Мұндай дəрілер арқылы
өлімнен қорқу деген сезімі өшірілген, тіпті өлімді аңсайтын мəңгүрт
адамдар арқылы кез-келген лаңкестік əрекеттерді жүзеге асыруға
болады.
Осындай жолдардың түрлі-түрлісімен жасалып жатқан лаңкестік
əрекеттерді Ислам дініне жауып, оны
«террористтік дін» етіп көрсету – оған жасалған тарих- та бұрынсоңды болмаған ауыр қиянат. Терроризмнің діні, ұлты болмайды.
Жапонияның Токио қаласындағы метро- да бірқатар адамның өліміне
себеп болған «Аум Сенрике» сектасының жасаған лаңкестік əрекетін
ешкім
«Будда
терроризмі»
дегенжоққой.
2000-2004
жылдараралығында болған Испанияның Мадрид қаласында орын
алған бірнеше лаңкестік əрекеттерді «Христиан терроризмі» деп тірі
жан айыптаған жоқ. Ендеше, мұсылманның атын жамылған кейбір
лаңшыл адамдардың жасаған террорлық əрекеттері неге бейбітшілікті
уағыздайтын Ислам дініне жабылуы тиіс? Бұл тек күн санап
көркейіп, өсіп келе жатқан дінімізге жаны қас дұшпандардың жапқан
жаласы мен жаққан күйесі ғана.
Құрандағы: «Оларды (мүшріктерді) қайда көрсеңдер сол
жерде өлтіріңдер»154 аятын лаңкестер өз істеріне ақтау ретінде
қолдана алмайды. Себебі, бұл аят соғыстың қызып тұрған кезінде
қолына қару алып, мұсылмандарды өлтіру ниетімен соғыс майданына шыққан дұшпан əскерін «сендер де өлтіріңдер»
Құрастырған: Ергун Чапан, Ислама гөре терөр ве интихар салд - рылары, 98, 103-беттер.
Станбул. 2005 ж.
154 Бақара сүресі, 191-аят.
153
деген мағынаны білдіреді. Əйтпесе, бейбіт жатқан кез- келген өзге
діндегілерді «қайда көрсеңдер, с о л жер- де өлтіріңдер!» деген
мағынаны білдірмейді. Исламда мұсылман өлкесінде тұратын өзге
дін өкілдерін өлтіру былай тұрсын, оларға мұсылман болмағанын
желеу етіп, титтей де болса əділетсіздік жасау дұрыс емес.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде: «Кім де кім бір зиммиға
(мұсылман елінде тұратын өзге дін өкілдері) қиыншылық
көрсететін болса, мен о л адамның дұшпанымын. Ал мен кімнің
дұшпаны болсам, онымен ақырет күні ж е к е есептесемін», делінген.
Басқа бір хадисте: «Кімде кім біздің қарамағымыздағы зиммиді
өлтірсе, жəннаттың иісін де иіскемейді»,- деп, келісім бойынша
мұсылман өлкесінде тұрып жатқан басқа дін өкілін өлтірген адамның жəннаттан мақұрым қалатындығын білдірген. Міне, дініміздің
о с ы кеңшілігінің арқасында ғасырлар бойы мұсылман елдерінде
христиандар бейбіт ғұмыр кешуде. Олардың діни рəсімдері мен жеке
істеріне мұсылмандар араласпаған. Оларға пікір, жəне сенім
бостандығы берілген. Қазірге дейін Мысыр, Түркия, Сирия сияқты
мұсылман мемлекеттерінде шіркеулердің мешіттермен қатар
терезелері тең тұр. Бұл исламның өзге дін өкілдеріне деген
толеранттық
көзқарасының
айқын
көрінісі.
Исламда
мұсылманшылықты қабылдамағаны үшін адам өлтіру деген ұғым
жоқ. Исламға əркім өз еркімен сана- лы түрде кіруі тиіс. Алла
Тағала Құранда бұл туралы
«Дінде зорлық жоқ»155 деп кесіп а й т а д ы . Ғасырлар бойы
мұсылмандардың Құранның о с ы бір өміршең қағидасы- нан
айнымағанына т а р и х куə. Бұл ақиқатты батыстың өзі
мойындайтындығына айғақ ретінде С. Арнольдтың
155
Бақара сүресі, 256-аят.
мына сөздерін келтірейік: «Мұсылмандардың христиан- дарды
жеңгеннен кейінгі жасаған толеранттық қарым- қатынастары
ауыз толтырып айтуға тұрарлық жайт. Олардың бұл қарымқатынастары кейінгі ұрпақтарда да жалғасын тапты. Шындығын
айтар болсақ, хрис-тиан тайпалары кейіннен исламға кірген
уақытта өздерінің дербес ерік-қалауларымен кірген еді. Бүгінге
дейін мұсылмандардың арасында христиандардың ғұмыр кешуі –
олардың осы толеранттық əрекеттерінің айқын көрінісі».
Мысырдағы мұсылмандардың жеңісіне куə болған Никоу епископы
Джон (694 жылда өмір сүрген) мұсылмандардың сол кездегі
қолбасшысы Амр ибн Астың өзге дін өкілдеріне көрсеткен құрметін
былай деп тілге тиек етеді: «Ол шіркеулерден еш нəрсе алмады.
Талан-таражға салмады. Тіпті, шіркеулердің мүлкіне қол
тигізбеді де»156.
Міне, осы сияқты тарихи дəлелдер кейбіреулердің айтқанындай
исламның жер жүзіне қылыштың жүзімен емес, айдай анық
ақиқаттары мен оны ұстанушы мұсылмандардың адамгершілігі мен
толеранттық ұстанымдарының арқасында жайылғандығын білдірсе
ке- рек.
Мұсылмандар ғасырлар бойы қол астындағы өзге дін өкілдерін
алаламастан оларға жақсылық жасап, қошемет көрсеткені соншалық,
Рим императорлығы Си- рияны қайтадан қайтарып алуға қалың əскер
жинап келе жатқанда, сол жердегі христиандар шіркеулерге жиналып,
мұсылмандар үшін қол жайып тілек тілеп, мінəжат еткен. Егер
мұсылмандар қол астындағы өзге дін өкілдеріне қысастық жасап,
исламға кірулері үшін күштегенде, олар
156
Идрис Шенгул. Куран кайнаклы һошгөрі ве һурриет. Иени умит журналы, 24-бет, №47,
Стамбул, 2000 ж
жалына-жалбарына осылай
мұсылмандардың
тілеуін тілер
ме еді?157
Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад – сауатсыздықпен күрес.
Мұсылмандардың соңғы ғасырларда артта қалуларының, көптеген
саяси ойындардың құрбанына айналуларының, экономикалық
күйзеліске ұшырауының бірден-бір себебі – сауатсыздық, кедейлік
пен ішкі алуыздық. Білім мен дін – бір-бірін толықтыратын егіз
ұғым. Дінсіз ғылым ақсақтық болса, ғылымсыз дін соқырлыққа тең.
Сондықтан мұсылмандар үшін ең қатерлі дұшпан – сауатсыздық,
білім деңгейінің төмендігі, біліктіліктің аздығы, жаңа технологияны
ойлап табуды бы- лай қойғанның өзінде өзгелердің технологиясын да
сауат- ты қолдана алмаулары. Осының бəрі – мұсылмандардың
дамымай артта қалуларының негізгі себептері. Ендеше, бүгінгі
таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойылдан гөрі ғылымға
сүйенбек.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде: «Мах- шар күні
соғыста ағызылған шейіт қаны мен ғылымға жұмсалған
ғалымдардың сиясы таразыға тартылған сəтте ғалымдардың
сиясы басым түседі» делінеді.
Қазіргі өмір талабына сай озық құралдармен жабдықталған білім
ордаларын ашып, ол жерде сау- атты білім беру, үлкен зертханалар
құрып, ғылыми жаңалықтар а ш у , қысқасы, жүректері діни
тағлыммен, ұлттық құндылықтармен тəрбиеленген, рухани біліммен
нəрленген, ал ақыл-ойлары қазіргі озық ғылыммен сусындаған еңсесі
биік ұрпақ жетілдіру – міне, қазіргі мұсылмандардың кезек күттірмей
іске асыратын ең үлкен жиһады болмақ. Бұл жолда қолымыздағы бар
мүмкіншілігімізді сарп етуіміз лəзім. Бай байлығын,
157
М. Абдулфəттах Шаһин, Шупһелер ве чыкыш иоллары, 3-том, 101-бет. Ғайе баспасы,
Станбул. 1990 ж.
мұғалім білімін, тəрбиеші тəлім-тəрбиесін берсе, л ау а - зымды
орындықта отырған кісілер де қолдарынан келген барлық
қолдауларын көрсетсе, қысқасы, ел болып əркім өз үлесіне тиген
міндетін, мүмкіншілігін Алла ризашылығы үшін атқарса, міне, сонда
ғана мұсылмандар өз пробле- маларын сауатты шеше алады.
Əлдебіреулердің саяси ойыншығы болудан, пікір бодандығынан,
экономикалық тəуелділіктен құтылады. Сонда ғана мұсылман əлемі
күшейіп, əлемдегі барлық озбырлық əрекеттер мен əділетсіздіктерге
батыл қарсы тұра алады. Сонда ғана мұсылман əлемі мемлекеттер
арасындағы тепе-теңдіктің сақталуына, əлемде бейбітшіліктің
орнығуына тарихтағы орны толмас өз үлестерін тағы да көрсете
алмақ.
«Кəһф» сүресінде «Алла кімді тура жолға салса, ол тура жолға
түседі, ал кімді адастыр- са, оны тура жолға салатын көмекші
таба алмайсың» деген аят бар. Сонда адамды тура жолға салатын
да, адастыратын да Алла Тағаланың өзі болса, мына дүниедегі
сынақтың, ана дүниедегі жұмақ пен тозақтың қажеті не болғаны?
Аятқа тереңірек үңілсек, онда айтылған тура жолға с а л у мен
адастыру түсінігі – белгілі бір іс-əрекет мағынасына саяды. Ал əрбір
істі жарататын Алла Тағаланың өзі екенін «Жақсылық та, жамандық
та Ал- ладан» дегенге қатысты сауалға берген жауабымызда кеңінен
айтып өттік. Тура жолға салуды да, адасты- р у д ы да болғызатын,
жарататын – Алла Тағала. Бірақ Алла Тағала ешкімді күштеп иман
еткізіп, еркінен тыс адастырмайды. Алла Тағала тура жолға, иманға
апарар себептерді ыңғайлап, адамдарды тура жолға шақырған.
Құранда бұл жайлы мынандай аят бар: «Біз əр пайғамбарды
(ақиқатты толық) түсіндіруі үшін өз қауымының тілімен жібердік.
(Тура жолдың себептерін жіберіп, ескерткеннен кейін) Алла Тағала
қалағанын адастырады, қалағанын тура жолға салады. Ол – шексіз
құдірет иесі – Азиз, əр істі орынды істейтін, еш нəрсені бекер
жасамайтын – Хаким»158. Яғни, Алла Тағала жер бетіне тура жолды
түсіндіретін пайғамбарлар мен кітаптар түсірген, арнайы ғалымдар
жіберген. Құлдарының арасы- нан кім осы тура жолдың себептерін
ұстанса, ақиқатты үйреніп, білу ниетімен мешітке барып уағыз
тыңдаса,
158
Ибраһим сүресі /14.
арнайы кітаптар оқып, ақылға жүгініп, имандылыққа бет бұрса, Алла
Тағала да ол құлының жүрегіне иман нұрын құйып, тура жолға
салады. Дүниенің қызылына қызығып, түнгі клубтар мен
сыраханалардан шықпай, күнəлардан бас алмаса, нəпсісіне ұнамды
күнəларды тыяды деп Құранға, дінге қарсы шығып, жүрек тілімен
«тура жолды қаламаймын» десе, Алла Тағала ол құлын адастырады.
Қысқасы, тура жолды немесе адасуды қалайтын, тілейтін
–біз, ал Алла Тағала сол қалауымызға қарай бізді тура жолға салып,
жүрегімізге и м а н нұрын құяды н е м е с е адастырып, қараңғылыққа
салады.
Əзірейіл періште дүниенің əр жерінде бір уақытта қайтыс
болатын адамдардың жа- нын алуға жалғыз өзі қалай үлгереді?
Оның өлім аузында жатқандарға үрейлі яки ұнамды, түрлі кейіпте
көрінуін қалай түсінуге болады?
Əзірəйіл – Алла Тағаланың адамдардың рухын алуға міндеттеген
періштесі. Ажалы жеткен адамдың жанын ол тікелей өзі алады.
Немесе Əзірəйіл періштенің бұйрығына бағынатын көптеген көмекші
періштелері арқылы да алуы мүмкін. Күнəһар, кəпір адамдардың
рухын алатын періштелердің бір басқа, ал мұсылман жандардың
рухын алатын періштелердің бір басқа екенін Құранның кейбір
аяттар мазмұнынан аңғаруға болады159.
Дүниенің əр жерінде бір уақытта қайтыс болған адамдардың
жанын Əзірəйіл періштенің өзі тікелей алу мəселесі бір қарағанда
мүмкін емес сияқты. Алай- да, бұл пікір өзіміздің шектеулі
ақылымыз бен періште мүмкіндігін өзімізбен салыстырудың
нəтижесінен туған пайым.
Жалпы дүние болмыстарына қарай олардың шағылысулары да əр
қилы.
1. Мəселен, заттық, қатты, тығыз нəрселердің көрініс,
шағылыстарын алалық. Біз жүз айнасы бар бөлмеге кірер
болсақ, айнаға шағылысқан көрінісіміз арқылы біз
159
Бұл жайлы «Назиғат» сүресінің алғашқы аяттарындағы Аллаһ Тағаланың серт еткен:
«суырып шығарушы» сөзіне ғұламалар
«кəпірдің, күнəһардың жанын суырып алушы періштелер» деп түсінік берсе,
«ақырын шығарушы» сөзін «мұсылмандардың жа- нын оңай алушы періштелер» деп
тəпсірлеген.
жүз тал болып көрінеміз. Бір қолымызды қозғасақ, жүз қол
қозғалады. Бірақ материалдық, заттық денеміздің шағылысуынан
туған көрініс болғандықтан рухымыз, сезімдеріміз, тəніміз ол жерде
толықтай барлық болмы- сымызбен көрініс таппайды. Айналарға
шағылысқан денелерімізде өмір жоқ болғандықтан, олардың бəрі өлі,
рухсыз.
2. Заттық, бірақ нұрлы нəрселердің көрініс, шағылыстары.
Мысалы, күн əйнек тəрізді заттарға өз бойындағы жеті түрлі
реңі, жылуы сияқты барлық қасиеттерімен бірге өтеді. Яғни,
əрбір күн сəулесіне шағылысқан əйнек, су тəрізді жылтыр
нəрселер бейнебір күннің өзі сияқты көрінеді. Мысалы, лупаны
күнге қарату арқылы кез-келген нəрсені күйдіруге болады.
Қолымызға күнге шағылысқан бір айнаны алып, қараңғы
бөлмеге қарату арқылы ол жерге жарық беруге болады. Міне,
Күн барлық нəрседен ұзақ болуымен қатар, барлық нəрсеге өте
жақын да. Сəулесін күллі теңізге төккені тəрізді əрбір су
тамшысына, барлық жылтырақ заттарға да төге алады. Бір
уақытта барлығына бірдей нұрын шаша береді. Біреуімен
шағылысуы екінші бірімен шағылысуына бөгеттік етпейді.
Бірақ, күн заттық əрі сəулелі болғандықтан көбіне шағылысқан
нəрселерге тек сəулелі, нұрлы жағын ғана өткізе алады.
3. Заттық емес, нұрлы–рухани нəрселердің көрінісі. Мысалы,
періштелердің шағылысуы барлық болмыс- тарымен бірге
тұтастай көрініс табады. Бірақ періште шағылысқан айналардың
қ а б і л е т , болмыстарына
қ а р а й көрінгендіктен,
күллі
ақиқаттарымен барлық жерде көріне бермейді. Мысалы,
Жебірейіл періште пайғамбарымызға (с .а .у.) аса сымбатты
сахаба Дихиə келбетінде көрінген сəтте Алла Тағаланың
құзырында ғибадат жасап жатуы да мүмкін. Əзірəйіл періште де
нұрлы болмыс болғандық-
тан, бір сəтте бірнеше жерде болу мүмкіншілігіне ие. Бір істі істеу
екінші бір істі істеуіне бөгет бола алмайды. Міне,
сондықтан
Əзірəйіл періште дүниенің бір жеріндегі белгілі бір адамның жанын
алған сəтте басқа жердегі екінші бір адамның жанын да оп-оңай ала
алады160. Мұны тағы бір мысалмен айқындай түсейік. Мысалы,
белгілі бір жерден радио толқындары арқылы хабар жіберілсе, сол
толқынды ұстайтын жиіліктегі (частота) барлық құралдар да дəл сол
хабарды сөйлей кетеді. Ал орталықтан хабар- ды бір ғана түймені
басу арқылы тоқтатса, сол толқынды ұстайтын жиіліктегі барлық
радио, т.б. басқа құралдар да тоқтай қалады. Дəл осы секілді Əзірейіл
періште де өлім жиілігіне қарасты барлық адамның жанын бір
уақытта неге ала алмасын?!
Өлер алдындағы адамға Əзірейіл періштенің қорқынышты яки
ұнамды болып түрлі кейіпте көрінуін қарапайым ғана айнаны мысал
ете отырып түсіндіріп көрейік. Мысалы, бөлмедегі жүз айнаның
біреуі шағылысқан заттарын қара-көк, ұзын-қысқа, ал енді бірін
жуан-жіңішке, етіп көрсететін болса, бөлмеге кірген бір ғана адам
жүз айнада жүз түрлі кейіпте көрінеді. Міне, сол сияқты Əзірейіл
періште де рухын алатын кісінің иман, ғибадат, мінез-құлықтарының
рухани айналарындағы жағдайына қарай түрлі бейнеде көрінеді.
Күнəһар адамға үрейлі, айбатты, ал тақуа адамға ұнамды кейіпте
көрініп, рухын майдан қыл суырғандай оп-оңай алуы мүмкін.
Асылында, бұл жерде келтірілген барлық мысалдар сұрақтың
жауабын жеңілдету үшін берілді. Періштелерді ешбір өзгеріссіз дəл
мысалдардағыдай деуден мүлде аулақпыз.
160
Савфет Сених, Шүпһелер үзеріне¸ 60-бет. Т.Ө.В. баспасы, Измир.
1988 ж.
Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) неліктен көп əйел алған? Мұны
нəпсіқұмарлыққа жатқызатындарға не деуге болады?
Ежелден күні бүгінге дейін адамзат тарихына қарасақ, қарамақайшы пікірде екі қоғам бар екенін байқаймыз. Бұлардың біріншісі –
Ұлы Жаратушыға иман келтірген жандар болса, екіншісі иман
келтірмей күпірлік жолын ұстанғандар. Иманнан мақұрым қалғандар
əрдайым иман- ды жандарға сан түрлі жолдармен шабуыл жасап,
олардың қастерлеген киелі ұғымдарын тілдеп келген. Осылайша олар
өздерінің ішкі дүниелеріндегі арам пиғылдарымен қоғамдағы пəк
адамдардың санасын улауға тырысуда. Ен- деше, бүгінгі таңда да
арам пиғылды қара ниеттілердің болуы табиғи нəрсе. Өйткені, əркім
өзінің ішкі дүниесіне қарай əрекет етеді. Осылайша Ұлы
Жаратқанның «Уа, пайғамбарым, əркім өз мінез-құлқына қарай
əрекет етеді-де»161 деген баянының туралығын растайды.
Міне, сондықтан бүгінгі таңда пайғамбарымыздың толық
өмірбаянын былай қойғанда, аты-жөнін д
е дұрыс
білмейтін
жандардың Оның (с.а.у.) көп əйелмен некелескенін қозғай беруі – дін
дұшпандарының жайған жалған жалаларының нəтижесі екені сөзсіз.
Мұндай пікірлерді жаюға тырысқан адамдар ешбір дінге сенбейтін
имансыз жандар да болуы мүмкін. Ал, бұл адамдар пайғамбарымыз
жайлы қоздатып келген бұл қитұрқы істі өздері ешбір шектеусіз,
ешбір заңсыз жасырын түрде істеуде. Енді осы əйелдермен бірге
болу мəселесінде
161
Исра сүресі, 84-аят.
осыншалықты нəпсілерінің құлақкесті құлдарына айналған бұл
кісілердің пайғамбарымыздың əр түрлі мақсаттар мен хикметтер
үшін Алла қосқан ақ некелілері турасында оны қаралап, айыптауға,
одан есеп алуға ешбір арлары да, беттері де жоқ. Яки бұл тақырыпта
Оны (с.а.у.) қасақана қаралауға тырысқандар исламға жаны қас еврей
жəне христиан дінін ұстанатын кейбір адамдар. Ал, бұл дінге сенетін
адамдардың да бұл əрекеттері ақылға да өздері сенген Тəурəт, Інжіл
секілді кітап ұстанымдарына да қайшы. Себебі, олардың өздері
қастерлейтін бұл кітаптарда көптеген пайғамбарлардың көп əйелмен
некелі екендіктері баяндалған. Мысалы, Тəуратта Ибраһим, Дəуіт,
Сүлеймен сияқты пайғамбарлардың көп əйелмен шаңырақ
құрғандығы айтылған. Ендеше, өздері сенетін пайғамбарлардың көп
əйел алуына ешбір кінə тақпаған еврейлер мен христиандардың
сонғы пайғамбар Мұхаммедке (с .а .у.) келгенде жалғаннан жала
жауып, күйе жағуға тырысулары дұшпандықтан басқа ештеңе де
емес162.
Сондай-ақ бұл жайлы күмəнді ой өрбітіп, тілдерін босқа бұлғап
жүргендер – ислам дінін жетік білмейтін, пайғамбарымыз жайлы
жазылған кітаптарды оқымастан, өзгелердің өтіріктен өрген өсек
өрмегіне ілінген адамдар. Егер олар пайғамбарымыздың өмірбаянын
бастан-аяқ дұрыстап оқып шығып, оның əрбір ісін зерделер болса,
аталмыш күмəндарынан сейіліп, ақиқатқа көз жеткізер еді.
Ғаламның рақым нұры – Мұхаммедтің (с.а.у.) көп
əйелмен
некелесуіндегі асыл хикметтер мен ұлы мақсаттарды түсіндірмес
бұрын дін дұшпандары
162
Мухиддин Акгүл, пейгамберимизин ханымлары ве евлиликлери - деки хикметлер – 1.
Иени үміт журналы, №12, 31-бет. 1999 ж.
айтқандай Оның (с .а .у.) «нəпсіқұмар, əйелқұмар» емес екенін
дəлелдеуіміз қажет. Ол үшін пайғамбарымыздың өмір сүрген дəуірі
мен қоғамын жетік білуіміз лəзім. Иə, ол дəуірдің «надандық,
қараңғылық» дəуірі делініп, та- рихта қара таңбасымен орын тепкені
бəрімізге мəлім. Надандық пен қараңғылық үстемдік еткен бұл
қоғамда зинақорлық ашықтан-ашық жасалды. Тіпті, зина жа- саушы
осы ұятты ісімен халық алдында мақтанып, атақ- абыройға кенелді.
Ата-тек, шежіре шатасып, көптеген ба- лалар өз əкесінен бейхабарды. Осыншалықты бұзылған қоғамда Пайғамбарымыз – өзінің арұятына зəредей кір жуытпаған абзал тұлға. Ол өзінің алғашқы отауын
жиыр- ма бес жасында тіккен еді. Пайғамбарымыз күш-жігердің
бойда тасып тұрған осы бойдақтық шағында да ұятты істерге
маңайламады. Нəпсісін тежеп, өзінің ерік-жігеріне ие бола білді. Егер
пайғамбарымыз осы жасына дейін əлдебір əйелмен заңсыз
байланыста болған жағдайда, тырнақ астынан кір іздегіш дін
дұшпандары мұны жерден жеті қоян тапқандай аттан салып күллі
əлемге жар салар еді. Алайда, пайғамбарымыздың пəк өмірі мұндай
лас істерден пəк болғандықтан, дін дұшпандарының діңкесі құрып,
бұл туралы жақ аша алмауда. Демек, Мұхаммед (с .а .у .) –
пайғамбарлық шағына дейін де нəпсіқұмарлық пен əйелқұмарлықтан
аулақ болған, ар-ұятына қылаудай дақ түсірмеген абыройлы жан163.
Жиырма бес жасында өзінен он бес жас үлкен Ха- диша
анамызбен шаңырақ көтерді. Пайғамбарымыз Мекке қаласындағы,
тіпті, дүниедегі ең сымбатты əрі ең сыйлы жан бола тұра өзінен он
бес жас үлкен Хади- ша анамызбен некелесті. Дін дұшпандары
айтқандай,
163
Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи муажаһати шубуһаатил-мушаккикин, 354бет. Кайр қаласы, Мажлисул-ағла ли шуунил-Исламия. 2004 ж.
Пайғамбарымыз нəпсіқұмар біреу болғанда, өзінен он бес жас үлкен
əйелге үйленер ме еді? Хадиша анамыз бай болғандықтан үйленді
деген ой тіптім орынсыз. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хадиша
анамызбен үйленгеннен кейін барлық байлығын дін жолында
кедейлерге таратып, өздері күнкөрісі қарапайым халықтан да төмен
жұпыны өмір сүргенін ұмытпайық. Байлық үшін үйленген адам өзі
əрең жеткен байлықты мұқтаждарға осылай оңды-солды таратар ма
еді?!
Хадиша анамызбен көтерген бұл киелі шаңырақтың дəм-тұзы
жиырма бес жыл жарасты. Хадиша анамыз о дүниелік болғаннан
кейін де пайғамбарымыз (с.а.у.) б е с -а л т ы жылдай бала-шағасымен
жалғыз қала берді. Егер пайғамбарымыз əлгілер айтқандай əйел
құмар болса, о сыншама жыл қалай ғана ешбір ұятты істің
көлеңкесіне
де
маңайламастан
бойдақ
жүре
алды?
Пайғамбарымыздың бұдан кейінгі барлық некелесулері əйелге деген
құмарлық сезімнің азаятын шағында ба- ст а лды. Яғни, 53-54
жасында. Бұған қ о с а , Айша ана- мыздан өзге некелескен
жарларының барлығы да үлбіреген жас қыздар емес, жастары
əжептеуір ұлғайған ж е с і р əйелдер еді. Тіпті, көбінің бұрынғы
күйелерінен бірнеше баласы да өздерімен ере келген болатын. Ал
енді пайғамбарымыздың барлық некелесулері əйел құмарлықтан,
нəпсіқұмарлықтан туындаған бол- с
а
, пайғамбарымыз
қалыңдыққа жасы ұлғайған жесір əйелдерді емес, он екі де бір гүлі
ашылмаған үлбірген жас қыздарды таңдар еді ғой.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 15
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.