Latin Common Turkic

Имани гүл - 17

Süzlärneñ gomumi sanı 3810
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Бір күні, иншалла, ислам əлемі дүниедегі өзінің бұрынғы
тұғырына қайта оралады. Алла Тағала Құранда өзінің соңғы дінін
тəмамдайтынын уəде еткен. «Сөзсіз, Алла Тағала өз нұрын (дінін)
кəпірлер қаламаса да тəмамдайды»195. Міне, сол кезде жержаһанның бəрі мұсылмандарды еріксіз тыңдайтын болады. Бұған еш
195
Саф сүресі, 8-аят.
күмəніміз жоқ. Себебі, ислам – задында жоғары, теңдессіз
қасиеттерге ие құдайылық соңғы дін. Исламның адамның дүниесін,
ақыретін, рухын һəм тəнін қанағаттандыратын асылдығын түсінген
көкірегі ояу жандардың о н ы қабылдары сөзсіз. Тіпті, бұл қазір
басталып та кетті. Күннен күнге батыста ислам дінін қабылдаған
жандардың санының арта түсуі осының дəлелі. Бүгінде батыстың
зиялылары, ойшыл ғалымдары исламның сөнбейтін нұрын,
солмайтын гүлін көріп жақындай түсуде. Иə, бір күні адамзат
исламға бас иеді. Бірақ, мұны жасауға се- бепкер болатындар
жүректері дін ғылымымен сусын- дап, ақылдары дүниенің озық
ғылымымен нəрленген, пенделік қасиеттерден барынша арылған
«дінімді қалай жеткіземін?» деп түн ұйқысын төрт бөліп уайымға
батқан сахаба тəріздес қаһарман жандар болмақ.
Алла Тағала жалғыз, дара б о л а тұра Құран- ның көптеген
жерінде неліктен «біз» деген? Мысалы, «қадір» сүресінде «Сөзсіз,
Біз құранды қадір түні түсірдік» деген аят бар.
Құранда Алла Тағаланың жалғыз, дара, бір екендігі- не
байланысты көптеген айқын аяттар бар. Мысалы, бəрімізге мəлім
«Ықылас» сүресінде «Алла жалғыз» делінсе, басқа бір аятта:
«Сөзсіз, Мен – Алламын, ме- нен басқа ешбір тəңірі жоқ.
Сондықтан маған ғана ғибадат ет! Мені еске алу үшін намаз
оқы»196 делінген. Ал кейбір сүрелердегі Ұлы Жаратушының өзін
«біз» деуінің астарында араб тілінің ерекшелігі жатыр. Мы- салы,
орыс тілінде екінші жақтың жекеше түріне «ты» делінеді. Алайда
кейде адамға деген құрметті, ізеттілікті, сыпайылықты білдіру үшін
жалғыз адамның өзіне екінші жақтың көпше түріне қолданылатын
«вы» сөзі қолданылады. Сол секілді араб тілінде де «біз» делінген
уақытта Алла Тағаланың ұлылығы мен жаббарлығын білдіру үшін
қолданылады. Арабша «Муғжамул-уасит» жəне «əл-Му’жамуларабил-əсəси» сөздіктерінде былай делінеді: «нахну», яғни «біз» сөзі
екі жəне үш адамға көпше түрінде қолданылатыны секілді кейде
ұлықтау мақсатында бір адамға да қолданылады197.
196
197
«Таһа» сүресі, 14 – аят.
Əл-му’жамул-арабил-əсəси сөздігі, 1179-бет.
Алла Тағала құлдарынан кімнің жəннатқа, кімнің тозаққа
баратынын о бастан біледі делінуде. Ендеше, Алла Тағала мына
дүниеге құлдарын сынақ үшін жібермей-ақ бірден жұмақтықтарды
жұмаққа, тозақтықтарды тозаққа жібере салмаған?
Иə, Алла Тағаланың барлық өткен-кеткен, қазір бо- лып жатқан
əрі келешекте болатын барлық нəрселерді бүге-шүгесіне дейін
білетіні хақ. Себебі Алла үшін өткен шақ, осы шақ, келер шақ деген
уақыт өлшемдері жүрмейді. Рас, Алла Тағала құлдарының бұл
дүниеде жақсы, жаман не істейтіндерін əрі кімнің тозақтық, кімнің
жұмақтық екенін біле тұра, оларды мына дүниеге с ы н а қ үшін
жіберген. Хақ Тағаланың құлдарын сынаққа алуы олардың ақыреттік
жағдайын білмегендіктен емес. Бұл мəселенің біз бірден байыбына
бара бермейтін басқа да астарлы тұстары жетерлік.
1. Егер Алла Тағала адам баласын жаратқаннан кейін оларды екіге
бөліп, бірін жұмаққа, екіншісін тозаққа жіберер болса, тозаққа
кеткен адамдар Алла Тағалаға «Уа, Жаратушымыз, бізді
тозақта азаптау үшін жараттың ба?» деп шағым жасап,
біздің күнəміз не дегендей тозақтық болғандықтарына ашынар
еді. Міне, сондықтан əркім мына дүниеде өзінің барар жеріне
лайық істерін жа- сап, əрбір жасаған əрекеттері періштелер
тарапынан мына дүниеде бүге-шігесіне дейін жазылғаннан кейін
мұндай шағым жасап, желеу айта алмасы анық. Себебі, əркім
өз қолымен жасаған іс-əрекеттерінің жауапкершілігінен қаша
алмайды.
2. Екіншіден, мына өмірде көз көріп, құлақ естімеген, ақылмен
ойлап елестете алмайтын ғажайып сый- сыяпатпен жəннатта
марапатталу үшін адам баласының мына дүниеде соған лайық
дəрежеге жетуі керек. Яғни, рухани болмысы сол жұмаққа сай
дəрежеге өсуі тиіс. Бойындағы əр түрлі асыл қасиеттердің
дəндері көркейіп, жайқалып өсіп, бейне бір жəннатқа кірер
адамның бойында табылуы тиіс қасиеттерге айналуы лəзім. Дəл
осы секілді тозақтық адамдар да мына дүниеде барар жерлеріне
сай қылық жасап, бейне бір тозақтық кейіпке енеді. Тозаққа сай
дəрежеге құлдилайды.
Алла Тағала мына таңғажайып ғаламды өзінің теңдессіз құдіреті
мен шеберлігінің, шексіз білімі мен ұлылығының т.б. ұлы сипаттарын
танытар көрме іспетті жаратқан. Құлдарының назарына ұсынған.
Адам баласы осынау ғажайып көрмені аралай жүріп, ондағы сан
алуан туындыларды тамашалай отырып, Ұлы Жаратушысын та- ну
«мағрипатына» қол жеткізеді. Сөйтіп, Раббыларының ұлылығына
тəнті болып, таң қала құлшылық жасау арқылы өздері де рухани
жетіліп, кемелдене түседі.
3. Алла Тағала өзінің көркем есімдерінің құлдарында əрі жалпы
жаратылыста көрініс тапқанын қалайды. Əр түрлі көркем есім,
сипаттарымен танылуды қалайды. Құл мына дүниеде күнə
істесе, Хақ Тағала өзінің «Ғаффар», яғни аса кешірімді есімімен
кешіріп,
есіркейді.
Рызыққа
мұқтаждарға
«Раззақ»
есіміменрызық-несібесінжеткізеді.
Ауруға
шалдыққан
құлдарына Алла Тағала өзінің «Шафи» есімімен жəрдемін беріп,
шипа дарытады. Осылайша Ұлы Раббымыз осы дүниеде
құлдарының дəрежесіне қарай өзінің көркем есімдерінің көрініс
табуын қалайды.
Əйел мен еркек тең бе?
«Əйел теңдігі» мəселесін қанша даурықтырғанмен, шындап
келгенде, жаратылыс тұрғысынан əйел мен ер- кек тең емес.
Əрқайсысы өзіне тəн қасиеттерімен ерек- шеленеді. Егер бір-бірінен
ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Құдай
Тағала еркек-əйел етіп бөліп жатпай, бəрін біркелкі əйел яки еркек
етіп жа- ратар еді ғой. Еркек пен əйел табиғатындағы өздеріне тəн
ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ
«Екі жарты бір бүтін» деген. Əйел мен еркек минус пен плюс
заңдылықтары іспетті. Əйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі
ақыл іспетті. Жүрек ақылсыз, ақыл жүрексіз ғұмыр сүре алмайды.
Жүректі ақылдан жоғары яки ақыл жүректен артық деп айту мүмкін
емес. Екеуі өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін
жалғастыра алады. Ендеше, əйел еркектен жоғары яки төмен деу,
жалпы алғанда, дұрыс айтылған сөз емес. Əрқайсысының қоғамда
өзіндік қызметі бар. Əрбірі соны дұрыс атқарған кезде ғана мінсіз
қоғам пайда болады.
Сыр өңірінің ақыны Тұрмағанбеттің: Əйел көктен
түскен жоқ,
Ол – еркектің баласы. Еркек жерден шыққан
жоқ,
Əйел – оның анасы,- дегеніндей, екі жыныс өкілінің де қоғамда
өзіндік міндеттері бар. Кей тұстарда еркектен асып түскен əйел, кей
тұстарда одан төмен тұрады. Мыса-
лы, еркек қанша тырысса да əйелдер секілді дүниеге бала əкеле
алмайды. Өйткені, тоғыз ай қабырғасы қайысып құрсақ көтерудегі
сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен арпалысқан қайсарлылық –
тек əйелдердің ғана қолынан келетін ерлік. Ер кісі сəбиге əйел секілді
түн ұйқысын төрт бөліп қарай алмайды. Бала тəрбиесінде де əйелдегі
мейірімділік
пен
ептілікті
ер
адам
көрсете
алмайды.
Балабақшалардағы тəрбиешілікке көбіне-көп əйелдердің алынуы –
осының айғағы. Міне, əйелдер өз табиғатындағы осындай
қасиеттерімен еркектен жоғары болмақ.
Ал, еркектер əйелдерге қарағанда дене бітімі жағы- нан ірілеу əрі
күштілеу келеді. Міне, сондықтан жауға қарсы шауып, ел қорғау
секілді басқа да ауыр жұмыстарды ер кісілер атқарады. Дер кезінде
шешім қабылдау жағынан да еркектер əйелдерден анағұрлым алда.
Бұған мысал ретінде əйелдер көлік айдап келе жатып, кенеттен бір
жағдайға тап болса, көбінесе рулді жіберіп, бетін ба- сады екен. Ал
еркектер болса, салқынқандылықпен сол жағдайдан шығудың
амалына көшеді. Сондықтан да болар
«əйелдер теңдігі» деп аттан салып жатқан батыстықтарда ғасырға
жуық уақыт өтсе де əлі күнге дейін ұшақ айдай- тын əйел заты
жоқтың қасы. Неге? Өйткені, ұшқыштық
– дер кезінде шешім қабылдауды, ерлікті қажет ететін аса қиын іс.
Сондықтан, əйелдер ұшқыш емес, көбінесе жолсеріктікті таңдайды.
Əлем басшыларына қарасақ та, көбінесе еркектер көзге түседі. Міне,
осының өзі табиғи көрсеткіш. Мұндай істерді əйел адам мүлде істей
алмай- ды деуден де аулақпыз. Кейбір еркектерді он орап алатын
əйелдер де кездеседі. Біз тек жалпы жағдайды тілге тиек етіп
отырмыз.
Əйелдерден еркек жасағысы келетіндер мынаны ескерсе екен.
Əйелдердің табиғаты тым нəзік, сезімтал. Осыған сай оның өзіндік
міндеті бар. Əйелдер сырт-
тан гөрі ішкі шаруаларға бейім. Егер əйел баласы өз міндетіне
салғырт қарап, есіл-дерті далада болса, қоғам өмірінде кейбір
келеңсіз жайттардың бой көтерері д ау - сыз. Мысалы, саясатпен
айналысатын əйелдің отбасында бала тəрбиесі ақсап, күйеуімен
арада салқындық пайда болуы мүмкін. Мансап (карьера) қуған əйел
көбіне бала туудан саналы түрде бас тартады. Өйткені, мансабын жарты жолда тастағысы келмейді. Мысалы, «Əйел теңдігін» желеулеткен
батыста бүгінде бала саны мүлдем аз. Тіпті, демографтардың
пікіріне құлақ түрсек, келешекте батыстықтардың ұрпақсыз қалатын
түрі бар. Сондықтан болар, батыста «бала
мəселесі»
Парламент
деңгейінде талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастырылуда.
Иə, əйелдер саясаткер боламын, биліктің бір тұтқасын мен ұстаймын
деп желпінгеннен гөрі биліктің тұтқасын ұстайтын мықты азамат
дүниеге əкеліп, елін, халқын ой- лайтын ұрпақ тəрбиелесе, биліктің
тұтқасын ұстады де- ген сол емес пе?! Қазақ «əйел бір қолымен бесік
тербет- се, екінші қолымен əлемді тербетеді» деп қандай əдемі
айтқан.
Осы «Əйел теңдігі» мəселесі қайдан шықты? Батыс- та ХІХ
ғасырдың орта шеңіне дейін əйелді адам құрлы көрмеген. Өйткені,
олар өз діндеріндегі жаңсақ сенім бойынша Хауа ана Адам атаға
тыйым салынған жемісті жегізіп, бүкіл адам баласын жұмақтан
шығарған. Сондай- ақ қияметке дейін келетін барша адамзаттың
күнəларына себепкер болған Хауа ана деп иланады. Сондықтан батыс
жалпы əйелдерді лағынеттеп, оларды жек көрген. Міне, осы
қорлыққа намыстанған əйелдер, еркектердің алдын- да тұқырмаудың
жолын қарастырып, «феминизм», «əйел теңдігі» деген ұғымдар мен
ұрандарды шығарды. Ал бізге оның түкке де керегі жоқ еді. Біз
əрдайым əйел баласын,
ананы қадір тұтып, құрметтей білген елміз. Батыс бүгінде мұның
зардабын тартудай-ақ тартып отыр.
Иə, «менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асы- рай аламын,
еркектің маған қажеті шамалы, тіпті, мына ғылым дамыған
заманда еркексіз-ақ балалы бола аламын» деп желігіп жүрген
əйелдер де кездеседі. Ал мұндай əйелдердің күйеуіне бағынбасы
айдан анық. Бағыну былай тұрсын, тəуелді болмаймын деп дала
кезеді. Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді, бала
тəрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар көбінесе ажырасып
тынады. Кешке жұмыстан шаршап келгенде, алдынан күлімдеп əйелі,
еркелеп бала-шағасы шықпаған отбасында қандай береке болсын?!
Өз жараты- лысына сай емес істермен əуреленіп жүрген нəзік жанды
əйелдерде бара-бара еркек мінезділік пайда болады. Ис- лам дінінде
əйелдің еркекке ұқсауына, еркектің əйелге ұқсауына қатаң тыйым
салынған. Сондықтан əйелдер қоғамдағы əр түрлі іс-қызметтерде де
бала тəрбиесі мен отбасының істерін қатар алып жүре алатындай өз
болмы- сына сай жұмыстарды таңдағаны жөн. Бірақ қажеттіліктің күн
санап артқан қазіргі мына заманда əйел баласы жанұя экономикасына
өз үлесін қосып, ерінің бір жағынан шығу үшін түрлі жұмыстарда
істеуде. Мұндай жағдайда əйелдің үйдегі жұмыстары мен бала
тəрбиесіне ері көмек көрсеткені жөн. Бұл жатырқап қарайтындай жат
нəрсе емес. Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар да қат-қабат шаруа- лар мен
сан-алуан оқиғалардың бел ортасында жүріп, үй шаруаларында
жұбайларына үнемі көмек көрсетіп, бір жағына шығысқан.
Ал əйеліне сыртта жұмыс істетіп, өздері масыл боп үйде бос
жатқан еркектерді пайғамбарымыз (с.а.у.) өз хадисінде қатаң сөккен.
Жоғарыда əйелмен еркек минус пен плюс зарядта- ры тəріздес
бір-бірін толықтырып, бір-біріне үйлеседі дедік. Ал екеуі де минус
яки плюске айналған жағдайда араларындағы үйлесімділік жоғалып,
бір-бірін кері тебе бастайды. Бұның арты сөзсіз ажырасуға соқтырып
жата- ды.
Бір мемлекетте екі президент, бір көлікте екі рөл, екі жүргізуші
болмайтыны секілді кішігірім мемлекет – от- басында да бір ғана
басшы болуы тиіс. Əйтпегенде, үйдің берекесі қашады.
Құранда: «Еркектер əйелдерге пана, қамқоршы, жауапкер,
қорған, басқарушы»198 деген. Ендеше, осы жауапкершілікті
арқалаған еркек отбасынының тізгінін өз қолына алып,
парасаттылықпен, үлкен жауапкершілікпен басқаруы тиіс. Еркек
отағасы екенмін деп дөрекілікке,
«мен айттым болдыға» салынбай, бар мəселені өзара түсіністікпен,
үнемі ақылдасумен шешкені жөн. Əйелдер де еріне бағынуы тиіс.
Иə, əйел болмысы басшылық не қаттылыққа емес, керісінше,
мейірімділік пен ұяттылыққа, инабаттылық пен ізеттілікке бейім. Ал
еркектердің
болмысы
дөрекілік
пен
қатігездікке
емес,
жауапкершілікке, отбасына қамқоршы, қорған болуға бейім.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде «Сендердің ең ізгілерің –
əйелдерімен жақсы мəмледе болғандарың» десе, басқа бір хадисте
«Артында қалған күйеуі өзінен разы болған күйде жан тапсырған
əйелдің барар жері
– Жұмақ» деп, ер мен əйелді өзара рухани түсіністікке шақырған..
Ұлы Жаратушының алдында пенде баласы еркек не- месе əйел
болғандығымен, байлық, мансабымен емес, иманының деңгейімен
өлшенбек. Олай болса, еркек пен
198
Ниса сүресі, 34-аят.
əйелден, оларға Жаратушы тарапынан асқан хикметпен берілген
асыл міндеттердің қаншалықты атқарылғандығы да сұралмай қалмақ
емес.
Ислам дінінде əйел адамдарға орамал тағу, ұзын киім кию
парыз ба? Орамал тағу арабтың, түріктің əдет-ғұрпы деп
түсінушілер де бар. Осының ара жігін ажыратып берсеңіз.
Орамал тағып, ұзын киім кию үрдісі – тосырқап, таңдана кейде
түсінбей, тіпті жатырқай да жақтырмай да қарайтын тосын құбылыс
емес. Ең алдымен, киім киюдің бұл үлгісі – ислам діні əкелген
жаңалық емес. Бұл үрдіс еврей мен христиан дінінде де, корей,
жапон секілді көне мəдениеттерде де бар. Мысалы, еврей хахамы
Ме- нахем M. Брейер («Йешива» университетінде киелі кітап
əдебиетінің профессоры) еврейлік дін құқығы бойынша əйелдерінің
орамал тағуға тиісті екенін айта келе, кейбір танымал раввиндерінің
мынандай сөздерін келтірген: «Ев- рей қыздарына орамалсыз
сыртқа шығу жараспайды»,
«Əйелдерінің орамалсыз жүруіне рұқсатеткен еркектерді қарғыс
атсын!», «Еркектерге ұнау үшін басын ашып жүрген əйелдер
жоқшылық əкеледі». Əйелдің орамалсыз жалаңбас жүруі жалаңаш
жүрумен тең саналғандықтан, иудаизм орамалсыз жүрген əйелдің
жанында дұға сияқты ғибадаттарды жасауға тыйым салады. Еврей
діні бойын- ша, орамал тағу əйелдің абыройы мен беделін, əлеуметтік
жағдайын білдіреді. Сондықтан төменгі таптағы əйелдер жоғарғы
таптағы əйелдердің қатарында көріну үшін ора- мал тағуға
тырысатын. Орамал тағу тектіліктің нышаны саналғандықтан,
байырғы Израйлде зинақор əйелдердің орамал тағуына рұқсат
берілмейтін. Сондықтан, зинақор əйелдер өздерін абыройлылардың
санатында көрсету үшін
арнайы орамал түрін тағатын. Европадағы еврей əйелдері сол жердің
тұрақты мəдениетімен араласа бастаған ХІХ ғасырға дейін орамал
тағып келген. ХІХ ғасырда ев- ропа қоғамы басты ашып жүруге
мəжбүр еткендіктен кейбір еврей əйелдері орамалдың орнына парик
киіп жүруді шығарды. Ал бүгінде еврей əйелдері синагогада ғана
орамал тағады. Еврей дінінің «Hassidism» бағытын ұстанушылар
орамалға балама ретінде əлі күнге дейін па- рик тағуда.
Ал христиан дінінде орамал тағу мəселесі қалай? Ка- толик
шіркеуіндегі монах əйелдердің 1000 жылдан бері орамал
тағатындығы белгілі. Те р т ул л и я н атты христиан ғалымы
бойжеткендердің шашын жабуға байланысты баяндамасында былай
дейді: «Бойжеткендер, көшеде жүргенде бастарыңа орамал
тағыңдар, шіркеуде, бөгда адамдардың жанында жəне өз ер
бауырларыңыздың жа- нында бастарыңды ашық ұстамаңдар. ».
Бүгінгі Католик шіркеуінің ата заңдарында шіркеуде əйелдерді
бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы бабтар бар. Амиш
жəне Меннонилер сияқты кейбір христиан ағымдары əлі күнге дейін
əйелдердің орамал тағуын талап етуде199.
Алысқа бармай-ақ орыс халқының ұлттық киіміне, назар
аударсақ, олар да орамал тағып, ұзын киім киген. Демек, орамал тағу
ислам діні əкелген жаңалық емес.
Жаһанданудың арқасында біз бүгінгі таңда б
а
- тыс
мəдениетінен барынша əсерлендік. Əсерленгеніміз соншалық, оған
ес-түссіз беріліп, жақсы-жаманын ажыра- тып жатпастан, залалы мен
пайдасын сараламастан оларға қатты еліктедік. Сондықтан, біздің
қоғамда əйел адамның етек-жеңін қымтап жүруі, жартылай
жалаңаштанудан
199
Шəріп Мұхаммед, Ислам ве дегер геленеклерде кадын. Иени үміт журналы, №14, 2002 ж.
да тұрпайы көрінуде. Қоғамда заман талабына ілесудің өлшемі
«жалаңаштану» сияқты көзқарас қалыптасты. Ал орамал тағып,
ұзын киім киіп жүрген жандар замана көшіне ілесе алмай, қатардан
қалып кеткен ескішіл адам- дардай бағалануда.
Бүгінде əйел баласы бейне бір зат секілді əркімнің ойына келген
арам пиғылдарына ойыншық болуы өкінішті-ақ. Мысалы, əйелдің
жалаңаш тəні өзгелердің назарын тарту үшін кəсіпкерлердің
тауарларын жарна- малайтын жарнама құралына айналды. Əйтпесе,
газет жарнамасында, көліктің дөңгелегінің жанында жалаңаш
тəнімен тұрған əйелдің оған қандай қатысы бар?
Алла Тағала əрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер тарту еткен.
Əйел адамның қоғамдағы, жанұядағы орны, жалпы болмысы, тəні ер
адамдарға қарағанда мүлдем ерекше. Əйел адам осы ерекшеліктерін
қорғай білген кезде ғана, қоғамдағы биік мəртебесін сақтай алады.
Əйел адам өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен
қымбат. Ол осы қасиеттерімен əрдайым жоғары тұрады. Осы
тұрғыдан алғанда орамал тағу, ұзын киім кию – əйел адамның нəзік
болмысы мен əдемілігін бөтен адамдардың арам пиғылынан, сұқ
көзінен сақтайтын бірден бір қор- ған. Əрі əйел затын мейірімділік,
нəзіктік, ар-ұяттылық сияқты тағы басқа əйелге тəн асыл
қасиеттерімен таны- тар нышан. Əйелдердің басын жауып, ұзын киім
киюі – Құранның тікелей бұйрығы.
«Нұр» сүресінде: «Мүмін əйелдерге айт, өздеріне харам етілген нəрселерге қарамасын, ұятты жерлерін
зинадан, күнə атаулыдан қорғасын, мəжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс
əдеміліктерін көрсетпесін. Орамалда-
рын жағаларының ойықтарын жабатындай етіп тақсын...»200 делінеді.
Жартылай жалаңаш киінген əйелдер еркектерді еліктіріп,
нəпсіқұмарлығын қоздырады. Бұл жағдай бүгінде көптеген
шаңырақтың шайқалуына, көпшілік бойжеткендердің абыройдан
айрылуына себеп болып отыр. Нəтижесінде көзі жəутеңдеген
мыңдаған пəк сəбилер тастанды болып, жетімханаларға тоғытылса,
жы- лына қаншама қыз баласы қолдан түсік жасатуда201.
Пайғамбарымызға бірде бір сахаба келіп «Уа, Алланың Елшісі,
мені жұмаққа ж е т е л е р бір амал айтсаңыз», - дейді.
Пайғамбарымыз (с .а .у.): «Ашуланба! Ашуыңды жең, ашудың
жетегінде кетпе»,- деп қысқа да нұсқа жауап берді.
Иə, ашу атүсті қарайтын жеңіл мəселе емес. Себебі, ашуға бой
алдырған адам санаға сыймайтын үлкен күнəларға да оп-оңай барып
жатады. Мысалы, ашуға булыққан адам бір сəттік өзін ұстай алмай
мылтықтың шүріппесіне басып кеп жіберу кесірінен жылдар бойы
түрмеде отырады. Сөйтіп, ғұмыр бойы өкінумен өтеді. Міне, ашудың
осындай кесірлі нəтижесін білгендіктен пайғамбарымыз (с.а.у.)
кейбір сахабаларына «ашуыңды жең, ашуға салынба, ашудан аулақ
жүр» деген ескерту- лер жасаған.
Ал енді ашу дегеніміз тек қана жүйкенің тырысу- мен ғана
болатын құбылыс емес. Ашудың «жыныстық ашу» дейтіні де
болады. Ол – адамның нəпсіқұмарлық сезімдерінің өршіп,
шəһуатының қозып, өз-өзін ұстай ал- май ақылға сыйымсыз
қылықтарды жасайтындай көзсіз
200
201
Нұр сүресі, 31-аят.
Қазақстанда қазіргі таңда 100 мың тастанды бала, 600 балалар үйі бар. 2003 жылғы
есеп бойынша 127200 аборт жасалғаны ресми тіркелген. Ал ресми тіркелмегені
қанша екені тағы белгісіз.
соқырға айналуы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде
«құмарлық сезімі қозған кезде адам ақыл-есінің түгелі немесе
үштен екісі кем» деген. Яғни, мұндай адам ақыл тізгініне ие бола
алмай, құмарлыққа алданады. Соқыр адамша шайтанның тұзағына
оп-оңай түсе кетеді. Құмарлық сезімі өршіп, нəпсісі қозған адам
ақылға да, заңдарға да, ар-ожданға да қарамай небір арам істерге
барады202. Сондықтан еркектердің осы бір осал тұстарын түрткілемеу
үшін əйел адамдар ашық-шашық киінбеуі ке- рек. Əйтпесе, нəтижесі
өзіне де, өзге де абырой əкелмесі ақиқат. Мысалы, «Queens əйелдер
бюросы» жетекшісінің мəлімдемесі бойынша, Канадада əр 6 минут
сайын 1 зор- лау оқиғасы тіркеліп, əрбір үш əйелдің біреуі əйтеуір
өмірінің бір кезеңінде зорлау оқиғасына тап болады екен. Тағы бір ірі
мемлекетте 1998 жылы 49280 зорлау оқиғасы ресми тіркелген
көрінеді203.
Міне, сондықтан əйел адамға ашық-шашық киінбеуді ислам оны
төмен санағандықтан емес, қайта оны қорғау, абырой-беделін көтеру
мақсатында бұйырған. Əйел өзінің орамалымен көрікті. Жарасымды
ғып ұзын киінуімен ибалы. Қазақтың «Есті қыз етегін қымтап
ұстайды» деуі де бекер емес. Күнделікті өмірде біз құнды, асыл
заттарды қоғамдағы бұзық ниеттілердің арам пиғылынан қорғаудың
сан түрлі жолын іздейміз. Ендеше, əйел заты да құндылардың
құндысы, асылдардың асылы, нəзіктердің нəзігі. Олай болса, оның да
жат адамдардың алдында ашық-шашық жүргені құптарлық емес.
Орамал тағудың физиологиялық тұрғыдан да əйелдерге пайдасы
бар. Əрине, бұл өз алдына жеке зерттеуді қажет ететін бөлек мəселе.
Десек те, С. Асфен202
203
Ахмед Шаһин, иени айле илмихалы, 245-бет.
Шəріп Мұхаммед, Ислам ве дегер геленеклерде кадын. Иени үміт журналы, №14, 2002 ж.
дияров атындағы Мемлекеттік медицина университеті Емдік гигиена
кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы,
профессор Қарлығаш Тоғызбаева бұл жайлы былай дейді: «Ер
адамдар көбіне көктен, əйелдер жерден қуат алады. Сондықтан да
болар, əйелдің шашы магнит тəрізді ауадағы кір-лас қуатты
жинағыш келеді. Бұл да оның, əсіресе, бас ауруына ұшырауына əсер
етеді. Осы жолдың авторының өз тəжірибесінде кездес- кендей,
орамал тартқаннан кейін «басының сақинасы», т.б. дертінен
жазылып кететіндер аз емес. Бұған қоса, ашық-шашық жүрген əйел
көктен өзіне қажет е м е с артық қуат алады, сөйтіп, онда
еркектерге тəн гисто- стерон гормоны пайда болады, нəтижесінде
ағзаның гор- мональды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы
қатерлі ісік, т.б. ауруларға жол ашады»204.
Исламда əйел өз көркін бөгделерге емес, тек өзінің некелі еріне
ғана көрсетеді. Сондықтан, шариғат əйелдердің некелі ерлерінің
алдында барынша əдеміленіп
ж ү р у , күйеулерінің
назарын
көшедегілерге емес, өздеріне қаратуға əрекет етуді салиқалы
амалдардың қатарына жатқызады. Əдемілігі мен тəнін жұртқа
көрсетуге ты- рысу – əйел адамды мақтаншақтық пен риашылдыққа
тəрбиелейді. Ондай адамның табиғаты əрдайым көрсеқызарлық пен
бəсекелесуді қалап тұрады.
Құранда əйел адамның киетін киімінің нақты форма- сы
айтылмаған. Т е к əйел баласы өзінің дене бітімін қатты
кескіндемейтіндей кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі
жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез-келген киім
үлгісін таңдап кисе болғаны. Бұл шарттар орындалғаннан кейін, сəнді
əрі өзіне жарасымды жалпы эстетикаға сай киім киюге ислам діні
қарсы емес. Сауд арабиясы мен Ирандағы əйелдер сияқты қара киіп
жүру
204
Мұсылман журналы, 25-бет. №1/ қаңтар айы, 2004ж.
үрдісі барша мұсылмандарға парыз киім үлгісі емес. Он- дай киім
үлгісі олардың өз əдет-ғұрыптары мен қоғамына қарай таңдалған.
Сондықтан Құран өлшемдерінен шық- пау шартымен əр қоғам киім
үлгісін өзінің менталитеті мен əдет-ғұрыптарына, заманына қарай əрі
өмір сүрген жерінің климатына ыңғайлы етіп таңдай алады. Мысалы,
қазақ жерінің əр өңіріне тəн əйел кимешегі болған. Тіпті, əйелдердің
жас ерекшеліктеріне қарай кимешек үлгілері тігілген. Атабабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу жоқ» деп, Құран қағидасына
қарсы шықпаған. Керісінше, оны ғұрпымен сабақтастырып, оюөрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген.
Бүгінгі таңда да Құран өлшемдеріне əрі заман талабы мен ұлттық
түсінігімізге сай əр түрлі киім үлгілерін тігуге неге бол- масын?
Осылай істер болсақ, бəлкім, орамал тағып, ұзын киім кию – ананың,
мынаның ұлттық киімі дегендей таяз түсініктерден арылар едік.
Мəселенің тағы бір маңызды жағы – діни сауаттылығы төмен
қоғамға ең əуелі орамалды емес, иман мəселелерін, сенім негіздерін
насихаттау қажеттілігі. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ең əуелі орамалды
емес, иман мəселелерін кеңінен түсіндірді емес пе? Иман мəселесі
шешілген қоғамда исламның кез-келген тыйымдары мен
бұйрықтарының да оп-оңай шешілері сөзсіз. Иманнан бұрын
орамал- ды насихаттаудың – уықсыз шаңырақ көтермек болған
əурешілікпен тең болары сөзсіз.
Ислам діні көп əйел алуға неліктен рұқсат еткен?
Қазіргі таңда қоғамда бұл тақырып өте өзекті мəселеге айналып
отыр. Осы тұрғыда айтарымыз, көп əйел алуға мүлдем болмайды деп
үзілді-кесілді қарсы шығу да, көп əйел алуды діннің негізгі талабы
іспетті жаппай уағыздау да астамдық екені. Көп əйел алу – ба- тыста
қатты сынға ұшыраған тақырып. Алайда көп əйел алушылықты
алғаш ойлап тауып, заңдастырған ислам діні еместігі ақиқат. Ислам
келгенге дейінгі, əлемдегі əйел затының жағдайы баршаға мəлім. Ол
кезде əйел затша саудаланатын, қанша əйелмен үйленем десе де
еркектер- ге шек қойылмайтын. Əйелді қалаған уақытында қалаған
адамына сатып немесе айырбастай салатын. Тіпті, көне Грек жəне
Рим мəдениеттерінде əйелді адам деп те есеп- темеген. Еплатонның
пікірінше, əйел бір қолдан екінші бір қолға өтіп жүре беретін ортақ
мүлікке жатады. Ежелгі қытай мəдениетінде əйел заты адам
саналмағандықтан, оған айдар тағып, а т та қойылмайтын болған.
Тіпті, ба- тыс философтары «Əйел заты жалпы адам ба, жоқ па?
Адам болса, оның жаны бар ма, жоқ па? Бар бол- са, оның жаны ер
адамдардың жанындай ма, жоқ əлде жануарлардың жандарына
ұқсас па?» деген тəрізді адам шошитын ой-пікір таластарын да
тудырған205. Міне, əйел баласының жағдайы осындай жан
түршігерлік қорлыққа толы бір заманда Ислам діні əйелдердің абзал
жаратылыс
205
Емине Шеникоглу, Генчлерин иманыны сорыларла чалдылар, 118-бет.
екенін түсіндіріп, оған ерекше баға берді. Оны заттықтан адамдыққа,
қорлықтан ардақты деңгейге көтерді. Тіпті,
«Жұмақ – аналардың табанының астында» деген сыры терең,
сыны биік ұстанымға бас идірді. Жоғарыда айтқанымыздай, ислам
келмес бұрын əйелдермен үйленуде шектеу жоқ еді. Ер кісі қанша
əйел алам десе де өз еркінде еді. Ислам осы шексіздікті төртеумен
шектеді. Өзінің сыршыл күрделі талаптарын қойды. Олай болса, бұл
да исламның əйел баласына жасаған жақсылығы де- сек артық
айтқандық емес.
Екіншіден, төрт əйел алудың діндегі орны парыз яки уəжіп емес.
Яғни, əрбір мұсылман ер кісі көп əйел алуға міндетті емес. Көп əйел
алу, бар болғаны, кей жағдайларға байланысты адамдарға берілген
рұқсат қана. Бұған қоса көп əйел алудың өзіндік күрделі шарттары
мен талаптары бар. Мысалы, екі əйел алғысы келетін кісінің ең əуелі
оларды бағып-қарайтындай жағдайы бо- луы тиіс. Мұнымен қоса,
əйелдерінің арасында қара қылды қақ жарардай əділдік тең қарымқатынас қ ұ р у ы керек. Яғни, біреуіне жылы шырай танытып,
екіншісімен суық қарым-қатынас жасау, біреуінің жанында көп
болып, екіншісінікінде аз уақыт қана болу секілді көңілдеріне кірбің
салар əділетсіз араластықта болу дұрыс емес. Біреуіне жағдай
жасаса, екіншісіне де жағдай жасауы ке- рек. Ал мұндай талаптарды
орындай алатындардың саны өте аз екені айтпаса да түсінікті.
Ардақты Елші (с.а.у.):
«Екі əйелі бар кісі əйелдерінің береуімен артығырақ қарым-қатынас
жасап, əділетсіздікке жол беретін болса, ондай адам ақырет күні бір
иығы төмен салбыраған күйде келеді», - деп əйелдерінің арасында
əділетсіз қарым- қатынас жасаған еркектің ақыреттегі аянышты
жағдайын білдірген. Алла Тағала «Ниса» сүресінде: «Егер əйелдер
арасында əділдік жасай алмаймын деп қорықсаңдар онда біреуі
жеткілікті...» деген.
Ал енді ислам дінінің көп əйел алуға рұқсат етуінің өзіндік
бірқатар себептеріне тоқталайық. Ер адамдардың саны əйел
адамдарға қарағанда əжептеуір аз. Оның бір себебі, ер адамдардың
қазалы оқиғаларға көптеп ду- шар болуында. Мысалы, соғыстарда,
ж о л апаттарында, тағысын тағы басқа жағдайларда ер адамның
көптеп қаза табатыны сөзсіз. І-ІІ дүниежүзілік соғыста миллиондаған
ер адамның қаза тапқанына тарих куə. Қаза тапқан бұл ер кісілердің
артында көзі жəутеңдеген бірнеше баласы- мен аңыраған жас
əйелдері жесір қалды. Осы мыңдаған, миллиондаған жесір қалған
əйелдердің де үйленіп жанұя құратын ер адамның, жас
бүлдіршіндеріне қамқорлық көрсетер əкенің қажет екені сөзсіз. Екі
əйел алуға рұқсат жоқ жағдайда бұл мəселе қалай шешілмек?
Қорғансыз аналар мен бүлдіршіндер кімге аманат?
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Имани гүл - 18
  • Büleklär
  • Имани гүл - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3811
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    27.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3840
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1683
    27.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3822
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2041
    30.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3735
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1858
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3773
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2009
    27.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1943
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3706
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1947
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2025
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1986
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    28.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3747
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2043
    27.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3698
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1975
    26.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    37.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2116
    25.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    36.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3690
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1926
    27.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3792
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2016
    28.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Имани гүл - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 1062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 708
    26.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    34.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.