Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 15

Total number of words is 4153
Total number of unique words is 2142
35.4 of words are in the 2000 most common words
51.4 of words are in the 5000 most common words
58.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жүріп, ол қайықтан қара үзіп алғанымды өзім де білмей қалдым, ал ютқа
келген кезімде Ларсеннің "Македония" матростарына бактегі кубрикке
кіріңдер деп бұйырып тұрғанын естідім. Олар амалсыз көнген. Сосын
капитан мисс Брустерге кают-компанияға түсуді өтінген, ал ол "неге?"
дегендей сыңай танытып еді.
– Шошымай-ақ қойыңыз, ол жерде сіз қорқатындай ештеме жоқ,– деген
күліп.– Ол адам аман-сау, əзірге бір тал шашы да түскен жоқ. Тек аяқ-қолы
байлаулы. Мына жерде сізге қаңғыған оқтың бірі болмаса бірі тиіп кетуі
мүмкін, ал мен сіздің тырнағыңыздың ұшы да сынбағанын қалар едім.
Расында, тура осы сəтте Қорқау Ларсен ұстап тұрған штурвалдың жез
тұтқасына бір оқ сарт етіп тиіп, сүріп өте шыққан.
– Міне, көрдіңіз бе,– деді ол, сосын маған бұрылып.– Мистер ВанВейден, жүргізу тұтқасын шамалы ұстай тұрыңызшы.
Мод Брустер трап бойымен бірер баспалдақ қана төмен түскен. Қорқау
Ларсен қолына винтовкасын алып, ұңғысына оқты сүңгітіп жіберді. Мен
мисс Брустерге көзімді жалынышты қадап: "кетіңізші, тезірек осы жерден
кете көріңізші" дегенде білдірдім, бірақ ол жымиды да, былай деді:
– Мүмкін біз, шындығында да, аяғымыздан тік тұра алмайтын
шығармыз, бірақ құрлықтың құрбақасы да капитан Ларсеннен титтей де
кем емес екенін біз қазірден бастап дəлелдейтін боламыз.
Қорқау Ларсен оған риза кейіппен қараған.
– Сіз маған күннен күнге ұнап барасыз,– деді ол.– Əрі ақыл, əрі талант
жағынан... Енді міне ерлік үлгісімен. Керемет үйлесім! Сіз сияқты көк
шұлықты қыз тек теңіз қарақшыларының серкесіне ғана лайық болар...
Бірақ бұл тақырыптағы əңгімені кейін айта жатармыз.
Мен оның көзінен тағы да сиқырға толы құмарлық ұшқынын, ал Мод
Брустердің мөлдіреген жанарынан əлдебір сұрғылт үрей нышанын
аңғардым.
– Біз тіпті одан əлдеқайда батырмыз,– дедім мен асығыс.– Егер тек өз
жағымнан айтар болсам, мен капитан Ларсенге қарағанда, шын батыр
екенімді білемін.
Мынау не дейді-ей, дегендей ол маған жалт қарады. Мен шхунаны жел
ыңғайына жібермес үшін жүргізу тұтқасын сəл-пəл қозғап қойдым да,
сосын ол бір бағытты ұстаған кезде, менен əлі де жауап күтіп тұрған
Қорқау Ларсенге бұрылып:
– Иə, қазір менің тізем дірілдеп тұрғаны рас,– дедім шындықты
мойындап.– Яғни, бұл менің қорыққаным. Ал қорыққаным – қорғаныш
сезімімнің оянғаны. Бірақ бұл – тəн қорқынышы. Ал жаным мен рухым
сіздің жабайы күшіңізге пысқырып та қарамайды. Сіз екеуіміздің
айырмашылығымыз тура осы жерде: сіздің жаныңыз да, тəніңіз де
ештемеден қорықпайды. Осы болмысыңызбен сіз ажалдың алдына күніне
жүз рет келесіз. Бұны сіз мақтан етесіз, бұдан тіпті лəззат та аласыз.
Алайда шөлмектің жүз күнде емес, бір-ақ сəтте сынатынын ескермейсіз...
Сөз соңында айтарым: сіздің қайтпас қайсарлығыңызға дауым жоқ, алайда
мойындаңыз, сіз екеуіміздің біреуіміз нағыз батыр болсақ, ол – мына
менмін.
– Дұрыс айтасыз,– деді ол бірден келіскен сыңайда.– Мынадай жүрек
жұтқан сөзді мен бірінші рет естіп тұрмын. Дегенмен мəселенің екінші
жағын да ашып айтқаныңыз жөн: яғни сіз маған қарағанда батылдау
болсаңыз, мен сізге қарағанда қатындау болғаным ба?
Бұл күтпеген "жаңалыққа" екеуіміз бірдей рақаттана күліп алдық.
Ларсен сосын бір тізесін бүгіп, бесатар (винтовка) оқпанын планширге
сүйеп, алыстағы бір нысананы көздей бастады. Əуелде біз ағыс болып
жатқан жерден бір мильдей алыста едік, ал қазір бұл қашықтық екі еседей
қысқарған. Ларсен сығалай көздеп отырып, үш рет атты. Бірінші оғы
шлюпкаға бес-он фут жетпей суға құлады, екіншісі – шлюпканың бортына,
үшіншісі – жүргізушіге тиді – артқы ескек қолынан шығып кеткен ол қайық
түбіне етбетінен түсті.
– Жə, осымен қоя тұрайық бұларды,– деп, Қорқау Ларсен орнынан
тұрып, бой жазды.– Аңшыны босқа атып қайтеміз, одан бəрібір бізге келер
зиян жоқ, қазір ол бесатар мен жүргізу тұтқасының қайсысын қолға
ұстарын білмей дал болады, ал ескекшінің қайықты өзі жүргізіп кететініне
күмəнім бар.
Оның бұл "күмəні" толығымен расқа шықты: шлюпка көп өтпей-ақ
толқын үстінде бұлғаң-бұлғаң етіп, бағытынан айырылып қалған, аңшы
"жүргізушіні" ауыстырмақ боп кормге ұмтылды. Сонымен бұл шлюпкада
мылтық үні кілт тынып, тарс-тұрс еткен дыбыстар енді тек басқа
қайықтардан естілген.
Бір қарасақ, əлгі аңшы шлюпканы жел ыңғайына қарай алып, алға қарай
зымырап барады екен, бірақ біз жылдамдықты екі есе арттырып, оған тез
жақындай түстік. Сосын... арада жүз ярдтай жер қалған кезде, ескекші өз
қолындағы бесатарын аңшыға беріп жатқанын көріп қалдым. Қорқау
Ларсен палуба ортасына барып, гафель-гарделді төмен түсіріп келді, сосын
бесатарын тағы да планширге сүйеп, шлюпканы көздей берді. Аңшы
қолындағы ескегін тастай салып, бесатарын ұстауға ұмтыла беріп еді, бірақ
үлгіре алмайды – бұл уақытта біз де қайыққа жанап қалғанбыз.
– Ей, бері қара!– деп, Қорқау Ларсен ескекшіге оқыс айқай салды.–
Мына арқанның ұшын бакке байлап ал!
Ол осыны айтысымен арқан ұшын шлюпкаға лақтырып та жіберді.
Шумақталған арқан дөңгелей ұшып барып матростың тура алдына түскен.
Бірақ ол "мынаны не істеймін" дегендей аңшыға қараған, ал аңшы
қолындағы жүргізу тұтқасына қараған – тұтқаны қоя беріп, тізесіндегі
бесатарына жармаса, қайық шхунаға соғылады. Екіншіден, Қорқау
Ларсеннің бесатары өзіне кезеліп тұрғаны анау – бұл өз мылтығын қолға
алғанша, ол екі рет атып үлгіреді. Сондықтан көнгеннен басқа амал жоқ
екенін түсінген ол:
– Айтқанды істе,– деді ақыры матросқа.
Ескекші арқан-ұшын алдыңғы бакке байлады, ал арқан тартылған кезде,
оны біртіндеп босатты. Ол босаған кезде шлюпка бірден шхуна бортынан
ажырай берген, осы мезетте аңшы оны "Елестен" жиырма футтай жерде,
параллель бағытта ұстауға мүмкіндік алып еді.
– Желкендеріңді жинаңдар да, бортқа көтеріліңдер,– деп бұйырды
оларға Қорқау Ларсен.
Ол бір қолымен бесатарын ұстап, екінші қолымен шлюпка талиін түсіре
бастады. Сосын тали кеме тұмсығы мен шлюпка кормінің арасына
көпірдей төселіп, оның бойымен екі матрос енді көтерілгелі жатқанда,
аңшы бесатарына қолын соза беріп еді:
– Таста!– деп, Қорқау Ларсен барқ ете қалды. Аңшы абайсызда қызыл
шоқ ұстап алғандай бесатарын қайық түбіне сілке салды.
Палубаға өздерінің жаралы жолдасымен бірге көтерілген аңшы мен
ескекші Қорқау Ларсеннің бұйрығы бойынша шлюпкаларын бортқа
шығарып алды да, сосын жүргізушіні матростар кубригіне алып кетті.
– Егер қалған бес шлюпкамыз да мына біз сияқты қимылдап қалса,
шхуна экипажы толығымен жинақталып қалар еді,– деді маған Қорқау
Ларсен.
– Ал анау... сіз атқан адам... менің ойымша, ол...– Мод Брустердің даусы
дірілдей шығып еді.
– Иығынан ғана жараланған. Қауіпті ештеме жоқ. Мистер Ван-Вейден
оны екі-үш аптада аяғынан тік тұрғызады. Бірақ ана қайықтағы жігіттерге
енді ешкімнің құдіреті жүре қоймас,– деді капитан, мен шхунаны бұрып
бара жатқан "Македонияның" үшінші шлюпкасына иек қағып.– Бұл
қайықты "ептеп" жіберу Смок пен Хорнердің үлесіне тиіп еді. Бірақ мен
оларға айтқам, бізге мəйіт емес тірі адам керек дегенмін. Дегенмен
сайыпқыран сарбаздар адам сөзін тыңдай ма! Екіншіден, қолына мылтық
ұстаған адам қалайда көздегеніне дəл тигізгісі кеп тұратын əдеті ғой.
Мысалы, мистер Ван-Вейден, сізде ондай əдет болған жоқ па!
Мен басымды шайқадым да, біздің аңшылардың қалай "дəл
тигізгендерін" тексере бастадым. Олар шындығында да "көздегендерін"
мүлт жібермеген екен. Бұл істі "ойдағыдай орындап" болған соң, олар
"Македонияның" ең соңғы екі шлюпкасын атқылауға кіріскен. Ал алдымен
нысанаға іліккен əлгіндегі қайық су бетінде қалт-құлт етіп, əлдеқайда ығып
барады: басқарусыз, иесіз қалған желкені бір жағына қарай қисая құлаған.
Аңшы мен ескекші екі бұрышта бүктетіле сұлап жатыр, ал планшир үстіне
етбетінен құлаған жүргізушінің жарты денесі бортқа асылып қалған –
төмен салбыраған басы қалтаңдап, қолдары су сызады.
– Сіз со жаққа қарамай-ақ қойыңызшы!– дедім мен мисс Брустерге
жалынышты тіл қатып; жақсы болғанда, ол айтқаныма тез көніп теріс
бұрылып кетті де, əлгі жантүршігерлік сұмдық көрініс оның көз қиығынан
тыс қала берді.
Артынша Қорқау Ларсен жаңа ғана өздері жағалай жусатып салған
шлюпкалар шоғырын нұсқап:
– Тура солай қарай жүріңіз, мистер Ван-Вейден!– деді маған шапшаң
бұйрық беріп.
Біз ол жерге жақындаған кезде атыс та тоқтап еді. Яғни бұл шабуылдың
аяқталғанын байқатқан. "Македонияның" соңғы екі шлюпкасы біздің бес
шлюпкаға беріліп, қарсылықсыз қайраңдап тұрды. Ендігі жұмыс – осы жеті
шлюпканы шхуна бортына көтеріп алу ғана еді.
– Ананы қараңдар!– Солтүстік-шығыс жақтан қарап тұрған мен бір сəт
қалай оқыс айқайлап жібергенімді өзім де сезбей қалдым.
Көкжиектен тағы да қара ноқаттанып бір шөкім түтін көрінген.
"Македонияның" түтіні.
– Мен оны манадан көріп келемін,– деді Қорқау Ларсен салқын ғана.
Сосын көкжиектегі буалдыр тұманға дейінгі арақашықтықты көзбен өлшеп
алды да, бір мезет желге бетін тосып, қас қақпай тұрып қалды. Бұнысы –
желдің күшін де анықтап алу еді.– Меніңше, сасатын дəнеңе жоқ, ана қара
тұманның шетіне бір ілігіп алсақ, одан əрі бізді итпен іздесе де ешкім таба
алмайды. Байқаймын, менің қымбатты ағатайым бір бəленің иісін сезген
сияқты, қараңдаршы, қалай қара түтіндетіп келеді əне!
Расында, жаңа ғана ноқаттай боп көрінген қара түтіннің шоқтығы бірден
өсіп, шудаланып-бұйраланып шыға келген.
– О, менің сүйікті ағатайым, бүгін сені қайтсем де сазға отырғызбай
қоймаспын! Иə, қайтсем де! Қаусаған жаман машинаңнан да не қалар екен
сосын!
Біз кемені дрейфке қойдық та, шұғыл шаруаға кірісіп кеттік. Мұндай
істің өз тəртібі де болады, тек содан жаңылмауға тырысып жатырмыз.
Шлюпкаларды бір мезетте екі қапталдан көтере бастадық. Сосын
тұтқындардың аяғы палубаға тиісімен, біздің аңшылар оларды бірден бакқа
ала жөнелді. Ал матростар шлюпкаларды палубаға көтеріп алып, əр
қайсысын əр жерге тастай салды – оларды бортқа байлап-матап жататын
уақыт жоқ еді. Сөйтіп соңғы шлюпканың табаны судан көтерілеркөтерілместен-ақ біз желкендердің бəрін жайып жіберіп, жүріп кеттік.
Иə, бізге өте асығу керек еді. Қара түтінін будақтатып солтүстік-шығыс
жақтан "Македония" да бізге қарай ұшыртып келе жатты. Айдынның əр
жерінде шашылып қалған өз шлюпкаларында шаруасы жоқ, қалайда бізбен
есеп айырысып қалуды басты міндет еткен секілді. Бірақ ол бізге оқтай
түзу бағытпен келе жатқан жоқ, біз көздеген көк тұманның шетін ол да
көздеп, қиғаштай салып барады. Екі кеменің де қиылысар жолы сол
тұманның шеті болмақ. "Македония" "Елесті" бір ұстаса – сол жерде ғана
ұстамақ. Ал "Елес" одан аман құтылу үшін қалайда көздеген жерге
"Македониядан" бұрын жетуі керек.
Қорқау Ларсен оттай жанған көздерімен маңайындағы қылт еткен
қараның бəрін жіті шолып, штурвалда өзі тұрды: жел күшейе түсті ме, əлде
бəсеңдей бастады ма деп кейде теңізге қарайды, кейде "Македонияның"
бағыт-бағдарын бақылап алысқа дүрбі салады, одан қала берсе палубадағы
матростарға шұғыл бұйрықтар беріп, "Елесті" айдаған үстіне айдай түседі.
Оған деген бұрынғы ашу-ыза, өкпе-сықпаның бəрі бір сəтке ұмытылған,
тіпті кеше ғана жуан жұдырықтан аузы-мұрындары қан болған кейбір
матростардың өзі капитанның əр бұйрығын жандарын сала орындауы мені
одан сайын қайран қалдырып еді. Осындай сəттерде, əсіресе, "Елес" ақ
толқындардың бетінде ақ шағаладай ұшып келе жатқандай, менің есіме
қайта-қайта Джонсон түскен. Бейшара, осы кеменің ұшқырлығына ол қалай
риза болушы еді! "Бұл кеме елес, құс қой, құс!" деп таңдай қаққанын талай
көріп едім. Шіркін, ол "Елестің" дəл қазіргі мына жүрісін көрсе ғой! Əттең,
əттең!..
– Жігіттер, бесатарларыңды дайындай беріңдер!– деп Қорқау Ларсен
айқай салды.– Сақтықта қорлық жоқ!
Аңшылардың бесеуі іле-шала қолдарына бесатарларын ұстап, желдің ық
жағындағы бортқа тұра-тұра қалысты.
Бұл мезетте "Македонияның" бізге жетуіне небəрі бір-ақ миль қалған.
Оның тым қатты жүргені сондай, манағы тігінен көтерілген қара түтіні енді
теңіз бетіне көлбей созыла түскен: қазіргі шапшаңдығы ең кем дегенде он
жеті узел еді. Қорқау Ларсен оған қарап тұрып: "Артына бұрыш
қыстырғандай зулауын!" деп кекетіп қояды. Ал біздің жылдамдығымыз ары
кеткенде тоғыз узелден аспайды, бірақ шүкіршілігі сол бұл уақытта
тұмсығымыз тұман шетіне ілігіп те қалған.
Кенет "Македонияның" палубасынан бір құшақ түтін бұрқ ете қалды.
Зеңбірек гүрсілі! Қас қағым сəтте біздің гроттан дөп-дөңгелек тесік көрінді.
"Македония" бортында бірнеше шағын зеңбірек барын бұған дейін-ақ естіп
үлгіргенбіз, қазір олар соларды күркіретуге кірісіп еді. Грот-мачтың түбіне
ұйлыға қалған біздің матростар оған қарқ-қарқ күлкімен жауап берген.
Артынша "Македония" жақтан тағы да бұрқ еткен қою түтін көрінді де,
зеңбірек үні күркіреп қоя берді. Бұл жолы ядро кормге жиырма футтай ғана
жетпей қалған. Бір қызығы, құлаған сəтте ол бір толқыннан бір толқынға
секіріп өтіп, сосын ғана суға шым батқан.
"Македония" бортынан бесатар үні естілмеді, өйткені оның біраз
аңшысы қазір біздің бакта отырса, қалғандары теңіздің əр жерінде, өз
шлюпкаларында жүр еді... Енді бір мезетте, екі кеменің арасы жарты
мильдей қалғанда, үшінші рет атылған ядро біздің гротты тағы бір жерден
тесіп өткен. Алайда шхуна бұл уақытта тұман ішіне зып беріп кіріп кетті
де, ендігі қауіп-қатерден біртіндеп алыстай түсіп еді.
Қас пен көздің арасындағы өзгеріс ғажап-ты! Бір секунт бұрын ғана біз
жарқырап тұрған күн астында жебедей зулап келе жатқанбыз. Төбемізде
шыныдай мөлдіреген аспан, алдымызда алыс-алыс көкжиекке дейін баяу
толқындап, көсіліп жатқан көк теңіз, ал арт жағымызда бізді жанұшыра
қуған Тажал Ларсеннің кемесі – иə, бəрі-бəрі бір-ақ секунд бұрынғы
көрініс-ті. Ал енді қазір көзді ашып-жұмғанша жер мен көктің арасы
бірігіп, бүкіл дүние түпсіз тұңғиыққа айналып, көз алдымыз түп-түгел көк
мұнар боп шыға келген түрі бар. Дымқыл тұман, сызды ауа қолқамызды
қабады. Киіміміз бен шашымызға қонған ұсақ тамшылар жақұттай
жылтырайды. Жоғарыдағы арқан-жіптерді қуалай аққан су палубаға
сыздықтай төгіледі. Гик астынан үздіксіз тамған тамшылар құдды жіпке
тізген маржан секілді, жел соққан кезде қиғаштай құлап бетімізге
шашырайды. Менің кеудем қысылып, дем алуым қиындай түскен. Тұман
тырс еткен дыбыстың бəрін тұншықтырып, сезім атаулыны түп-түгел
тұтқырлап, тіпті ақыл-ой, сананың өзі мына сірескен суық та сұрғылт
дүниенің арғы жағында жарық əлем, жайнаған өмір барын да мойындағысы
келмейтіндей. Бар ғалам, бар дүние құдды дəл осы жерде байланып
қалғандай, оларды бір-бірінен ажырату енді мүлде мүмкін емес секілді. Ал
осынау тұманды дүниенің сыртында қалып қойған манағы өмір – қазіргі
сəтте тек ертеректе көрген түсіңе ұқсас бірдемедей көрінеді.
Осы бір қас қағымдық күрт өзгеріп шыға келген тылсым көрініс аясында
адам айтса сенгісіз əлдебір жұмбақ та сиқырлы күш бар сияқты.
Шындығында, мен өзім солай сезінгем. Ал басқалар ше? Мен жайлап
маңайымдағыларға көз салдым. Оң жағымда бортқа сүйеніп тұрған Мод
Брустердің бет-жүзінен тура өз басымдағы жайлы көргендеймін. Ал сол
жағымда, штурвалда тұрған Қорқау Ларсеннің өңінен ештеме білінер емес
– баяғы сазарған, сірескен қалпы. Байқаймын, қазіргі сəтте ол мына
тығырықтан қалай шығудан басқа ештеме ойлап, ештеме сезініп тұрмаған
секілді.– "Елес" толқындар үстіне бірде орғып шығып, бірде одан құлдырай
құлап, жанұшыра алға ұмтылған сайын оның еріндері жыбыр-жыбыр етіп,
қабағы түйіле түседі. Соған қарағандай ол кеме жүрісінің минуты былай
тұрсын, əр секундына дейін есептеп-санап, өз ойындағысын қалайда сəтті
орымдап шығудың бар амалын қарастырып келе жатқандай.
– Бакке барыңыз да, шұғыл бұрылуға дайындала беріңіз,– деді ол маған
ақырын дауыстап.– Бірақ алдымен топсельді жоғары көтеріп, байлап
тастаңыздар. Сосын шкоттың бəріне адамдар қойыңыз. Бірақ бірде-бір
шығыршықтан шықыр еткен бір дыбыс шықпайтын болсын! Ұқтыңыз ба,
бір дыбыс!
Əркім өз орнына тұрған соң, бұйрық бір адамнан бір адамға сыбыр
арқылы беріле бастады. Сөйтіп "Елес" жым-жырт қана бұрылып, бағытын
өзгертіп алды. Егер əлдебір жерде шығыршық шықырлап немесе рифштерт желп ете қалса, бұл дыбыстар біртүрлі құмығып естіледі де,
артынша оны тұман мүлде тұншықтырып тастайды.
Алайда кеме басқа бағытқа шұғыл бұрылысымен тұман бірден сұйылып,
көп өтпей-ақ "Елес" ашық аспан астына жарқ етіп шыға келген де, жал-жал
толқындардың үстінде манағыдай екпіндете жүйтки жөнелген. Бірақ мұхит
беті бос еді. Енді оның айдын-шалқар жүзінде көктей жүзіп, көк түтінін
бұрқыратып жүрген манағы "Македонияның" өзі түгіл қарасы да жоқ
болатын.
Қорқау Ларсен бірден жел ығына түсіп, шхунаны тұман шетіне қарай
жиектей салған. Оның бұл қулығы түсінікті-тұғын. Тұман ішіне ол
пароходтың жел жағынан кірген де, ал "Македония" соңынан шырақ алып
түскен кезде одан шұғыл бұрылып, шығып кеткен, енді тұман ішіне жел
ығы арқылы қайта кірмек ниетте еді. Егер ол бұны істей алса, оның сүйікті
ағатайы "Елесті" бұл арадан тапқаннан көрі бір тал инені бір шөмеле
шөптің арасынан оңай табар-ды.
Тұман шетімен біз ұзақ жүргеміз жоқ. Фок пен гротты сыпырып тастап,
топсельді қайта көтердік те, тағы да тұман қойнына сіңе бердік. Осы
мезетте мен тұманның жел жақ бетінен шығып келе жатқан пароходтың
қараңдаған сұлбасын ап-анық көріп қалғандай болдым. Капитанға жалт
қарап едім, "мен де көрдім" дегендей ол басын изеп қойды. Иə, ол
"Македонияның" өзі еді. Біздің қулықты ондағылар да сезсе керек, тек
алдап түсугс шамалары келмей қалғандай. Біздің жымымызды білдірмей
сытылып кеткенімізге ешқандай күмəн жоқ, еді.
– Бұл ойнын ол ұзаққа соза алмас,– деді Қорқау Ларсен.– Оған бəрібір
артта қалған шлюпкаларына қайта оралуға тура келеді. Жүргізу тұтқасына
біреуді қойыңыз мистер Ван-Вейден,– бірақ ол бұрынғы бағыттан
айырылып қалмасын,– сосын күзет тағайындауды да ұмытпаңыз: біз бүкіл
желкендерді көтеріп таң атқанша жүретін боламыз.
– Шіркін, қазір "Македонияға" бір-ақ минутке кіріп сүйікті ағатайымның
өз шашын қалай бір талдап жұлып отырғанын көрсем ғой!– деп ол тағы
қосып қойды.– Біреу ондай мүмкіндік туғызса, мен одан мың долларды да
аямас едім.
– Мистер Ван-Вейден, біз енді қатарымызға жаңа қосылғандарға
қонақжайлық танытуымыз керек шығар,– деді ол маған штурвалдан түскен
соң.– Аңшыларға керегінше виски беріңіз, сосын бакке де оның бірнеше
шишасын жіберіп қойыңыз. Біздің бұл қонақтар ергеңгі тайлы-таяғымен
теңізге шығып, мен үшін қызмет істемесе мұрнымды кесіп берейін.
Істегенде тіпті Тажал Ларсен өмірде бар-жоғын ұмытып та кетуі мүмкін.
– Ал олар кешегі Уэйнрайт секілді қашып кетпес пе екен?
Ол мырс етіп күліп қойды.
– Қашпайды. Дəлірегінде, біздің тіс қаққан аңшылар оларды шашау
шығармас. Өйткені жаңа келгендер атып алған əр мысықтың терісі үшін
оларға бір доллар артық төлейтін болғанмын. Бүгін де олар сол үшін барын
салып бақты. Ал алдағы күндері де дəл осылай істейтіні анық. Сондықтан
бұл кемеден адам түгіл албасты да аттап баса алмасына өз басым кəміл
сенімдімін. Ал енді сізге өз лазаретіңізге кіріп-шығудың артықтығы
болмас. Ол жерде сізді күтіп отырған жаралы "майдангерлер" жеткілікті
деп ойлаймын.
ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Қорқау Ларсен мені виски тарату міндетінен босатып, бұл іспен өзі
айналысып кеткен-ді. Сөйтіп мен матростар кубригіндс жаралылардың
жаңа легімен əбігер болып жатқанда шишалар да сылдыр қағып қолданқолға көше бастаған. Əрине, мен виски ішкендерді бұрын да талай
көргенмін. Мысалы, түнгі клубтарда қыз-жігіттер оған шым-шымдап сода
қосып, ұзақ уақыт сыздықтатып ішіп отыратын. Ал оны дəл мына құсап
ауызға лақылдатып құйғандарды мен ешқашан, еш жерде көрген емеспін.
Біреулер кружкамен, біреулер аяқпен, енді біреулер тура шишаның аузынан
ішіп жатыр. Толтыра құяды, бір тамшы қалдырмай қағып салады. Қанша
ішсе де аз көрінеді. Алдарындағы бітіп қалса, шишаларды саудыратып тағы
əкеледі. Тағы ішеді.
Ішпеген адам қалған жоқ. Тіпті жаралылар да жатып алып ішкен. Маған
ем-дом жасауға көмектесіп жүрген Уфти-Уфти де өз үлесін қалдырған жоқ.
Тартынып ішкен тек Луис қана: бір-екі рет ұрттаған да қойған, бірақ
айқайлап сөйлеп, арқасы қозып шыға келгенде ол да ешкімнен кем
түспеген. Қысқасы, шхуна іші нағыз жын-ойнаққа айналып еді: айқау-шу,
дабыр-дүбір, гу-гу əңгіме миыңды айналдырады. Ал сосын бір сəт жаппай
құшақтасу, бір-бірімен сүйісу басталған. Кешегі бітіспес жаулар енді
айнымас достарға айналып, бұдан былай ешқашан бір-біріне сен демеске
ант берісіп те қояды. Сонымен əбден ауыз жаласып алған соң олар енді
Қорқау Ларсеннен көрген қорлықтары мен зорлықтарын жыр қылып айтуға
кіріскен. Оны айтқанда əр қайсысының тістері шықырлап, жұдырықтары
түйіле түседі.
Бұл бір жабайы да үрейлі көрініс еді: қатар-қатар төсектерден аяқ алып
жүргісіз қуықтай ғана кубрик, сықырлаған еден, шайқалған қабырға,
шамның өлеусіреген жарығы, бірде ұзарып, бірде қысқарып, құбыжықтай
қырық құбылған көлеңкелер, адам кейпінен айырылған небір ұсқынсыз
бейнелер... Жоғарыда – кілкіген көк түтін, мүңкіген иіс, ылғалды ауа...
Менің бүкіл назарым Уфти-Уфтиде – жара таңатын ақ дəкенің бір ұшын
ұстап тұрып ол əдемі құралай көздерімен қарсы алдында отырғандарға
қайта-қайта қарап қояды. Неге екені белгісіз, маған осы жігіттің бет-əлпеті
қандай жылы, қаншалықты нəзік көрінгенмен оның жан дүниесінің бір
түкпірінде əлдебір қара мысық бұғып жатқандай сезіледі. Əншейінде
жүзінен иман төгіліп тұратын Гаррисонның да қазір жетісіп тұрғаны
шамалы, қызбалана сөйлегендіктен бе, əлде вискидің буы күйдіріп бара ма,
күреңіте қызарған беті ісініп, көздері қанталап кеткен; тұтқынға алынған
матростарға олардың қандай қарғыс атқан кемеге тап болғанын, мұндағы
Қорқау Ларсен деген капитанның нағыз жыртқыштың өзі екенін тілі
жеткенше айтып-ақ жатыр байқұс.
Қорқау Ларсен! Тағы да сол Қорқау Ларсен! Езіп-жаншып билеуші!
Еркек кейіптегі Цирцея. Ал мыналар – ол алдына салып айдап жүрген екі
аяқты малдар, тек ішіп алғанда, өстіп сырттай балағаттағаны болмаса, жай
күндері оның алдында құрдай жорғалайтын бейшаралар. "Ал мен ше? Мен
де солардың бірімін бе?– деймін іштей.– Жə, мені де, оларды да қойшы, ал
Мод Брустер?.. Жо-жоқ!" Кенет қаным басыма шапшып шыға келді, тісімді
қалай шықыр-шықыр еткізгенімді сезбей қалдым. Осындай сəтте оқыс
қимыл жасап жіберсем керек, мен жарасын таңып жатқан матрос та
құнжың етіп, қабағын шыта қойды. Ал Уфти-Уфти маған таңдана қараған.
Өз басым бойыма ерекше бір күш құйылғанын сезгендеймін. Махаббат
күтпеген жерде менің арқама жал, жүрегіме қыл бітірген секілді. Енді
ештемеден қорқатын емеспін. Менің ерік-жігерім отыз бес жыл кітап
кеміріп өткен өміріме де. Қорқау Ларсеннен келер кез келген бəле-жалаға
да қарамастан барша кедергіні жеңіп шығатыныма сенімдімін. Бəрі де
ойдағыдай болады. Бар мақсатыма жетемін де. Осы ойларымнан бойыма
қуат, көкірегіме шабыт біткен мен жын ойнақ жаққа ту сыртымды бердім
де, палубаға шыға жөнелдім. Теңіз бетінен тұман əлі сейілмепті, бірақ ауа
таза екен – дем алған сайын кең сарайыңды аша түседі.
Аңшылардың кубригінде де екі жаралы адам бар еді, матростар сияқты
ондағылар да еліріп алыпты, бірақ Қорқау Ларсенге қарғыс айтып, нəлет
жаудырып жатқандарды көре алмадым. Палубаға қайта шыққан кезде,
өзімді біртүрлі жеңіл сезіндім де, кеменің арт жағындағы кают-компанияға
қарай сергек басып жүріп кеттім. Қорқау Ларсен мен Мод Брустер кешкі
тамақты алдарына қойып, мені күтіп отыр екен.
Кемедегілердің бəрі ауыздарын ит жалағанша ішсе де, Қорқау Ларсеннің
өзі бір тамшы да татып алмаған. Өйткені оның бұл жерде Луис екеуімізден
басқа арқа сүйер адамы да жоқ-ты. Бұл уақытта Луистің өзі штурвалда
тұрған. Алдымыз тұтасқан тұман, не сигналшы, не жарық беруші жоқ – тек
құдайдың сəтіне ғана сеніп келе жатқанбыз. Мен алғашында: Қорқау
Ларсен бұл жұртты неге соншама жарылқады екен, деп таң қалғам, алайда
кейін ойласам, ол аңшылар мен матростардың көңіл күйін жақсы ескере
отырып, бұған дейін төгілген қанның бəрін бір қуанышты сəт үстінде
шараппен шайып жібергісі келген ғой.
Тажал Ларсенді тақырға отырғызып кету оның мінез құбылыстарына
ерекше оңды əсер еткен. Мəселен, кеше кешке ғана ол түкке тұрғысыз
бірдемеге жын қаққандай долданып, кемедегінің бəрін қырып кете жаздап
еді, ал бүгін дүниедегі ең жайдары адамдай жайраң қағады. Мүмкін бұл –
қаншама аңшыны оп-оңай қолға түсіріп, қаншама шлюпканы тегін олжалап
қалудың қуанышы шығар. Қалай десеңіз де, əдеттегі жыны басылып,
кəдімгі адам боп қалған түрі бар... Иə, алғашында мен тура осылай деп
ойлағам, бірақ, амал не, бұл жолы да қатты қателескен екенмін. Ол өзінің
арам пиғылын сол сəтте-ақ жан-жақты ойластырып қойды ма екен, кім
білсін.
Сөйтіп мен жаралылардың шаруасын бітіріп, кают-компанияға келсем,
Қорқау Ларсен жұмақтың төріне шығып алғандай жағасы жайлауда отыр
екен. Көздері бұлтсыз күнгі көк аспандай мөлдіреп, бүгінгі нұрын тіптен
кеңінен шашып, молынан төгіп тұрған секілді. Соңғы кезде баяғы бас
ауруы да мазалағанын қойған, бір жағы содан да болар, қазір əлгі өзі
айтқандай: өмір ашытқысы оның өн бойында божи ашып, тасып-төгіліп
жатқандай көрінеді.
Мен келгенше ол Мод Брустерді бір қызық əңгімеге тартып та үлгірген
екен. Онысы – адамды қалай азғыруға, еліктіруге болады дегендей мəселе.
Ларсеннің сөзінен аңғарғаным: нағыз еліктіру, қызықтыру дегеніміз сол –
адам баласы оның алдында қалай естен танып қалғанын білмей қалу керек.
Яғни азғырушы, еліктіруші адамның сондай құдіреті болуы керек.
– Мəселен, өзіңіз ойлап көріңізші,– дейді ол.– Адам не нəрсені, ең
алдымен, өзінің ішкі ынта-ықыласы мен қалауы бойынша істемей ме. Ал
оның мұндай ынта-қалауы жеткілікті: жаным қиналмаса екен дейді немесе
жаным да, тəнім де рақатқа батса екен дейді. Яғни ол не істесе де, бəрі-бəрі
оның тек ішкі қалауына, тілегіне байланысты.
– Ал егер, мысалы оның көңіл түкпірінде бір-біріне кереғар екі тілек
туындаса ше?– дейді Мод Брустер сөзді бөліп.
– Міне, мен де соны айтқалы келе жатырмын,– деп капитан
бастырмалата жөнеліп еді, бірақ Мод Брустер оған есе бермеген.
– Бұл жердегі ақиқат мынада: адам жанының қандай екенін біз қай
уақытта біле аламыз? Мен айтқан осы екі қалау-тілектің күресі үстінде.
Егер жан адал, таза болса, онда ол ізгі қалау, тілектің жетегінде жүреді де,
адамды əрдайым жақсы істер жасауға мəжбүр етеді, ал егер жан харам,
бұзылған болса, онда одан ешқандай жақсылық күтуге болмайды. Бұдан
шығатын қорытынды, кез келген жағдайда жан шешуші қызмет атқарады.
– Сандырақ! Бос сөз!– Қорқау Ларсен шыдамсыздана өжектеп шыға
келді.– Қай уақытта да адамның ішкі тілек-қалауы жоғары тұрады.
Мəселенің бəрін алдымен сол шешеді. Мысалы, адам ішкісі келеді. Бірақ
сөйте тұра мас болғысы келмейді. Сонда ол не істеуі керек жəне қай
қалауын таңдауы керек? Бұл жерде ол – құр тұлып, өз тілек-қалауының
құлақкесті құлы, қай қалауы күшті болса, ол соның соңында кетеді. Бар
болғаны – осы! Жанның бұл жерде ешқандай қатысы жоқ. Адам егер ішкісі
келсе, қалай оған қарсы тұра алады? Ішеді, бірақ мас болып қалмау жағын
жəне ойлайды. Шындығында бұл да – адамның қалауы. Жəне ар-ұятты
ойлаған күшті қалау! Демек, ар-ұяты бар адам, сөз жоқ, осы соңғы
қалаудың ырқына көнеді. Ал менің бұл ойыма сіз қалай қарайсыз, мистер
Ван-Вейден?
– Менің ойымша, сіз екеуіңіз де босқа дауласып отырсыздар. Адамның
жаны – оның ішкі ықылас-ниетінен басқа ештеме де емес. Немесе тіпті
былай деуге де болады: жан дегеніміз – адамның ішкі ықылас-ниеттерінің
жиынтығы. Сондықтан екеуіңіздің де бұл жөніндегі ойларыңызды құптай
алмаймын. Сіз, Ларсен, жанды былай сырғытып тастайсыз да,
ынтызарлықты басты орынға қоясыз. Мисс Брустер керісінше жанды алға
шығарып, ынтызарлықты кейінге итеріп тастайды. Ал шын мəнінде жан
мен ынтызарлық бір-ақ нəрсе ғой.
– Дегенмен,– дедім мен сөзімді əрі жалғап.– Мисс Брустердің мына
ойын құптамасқа болмайды: адам азғыруға көне ме, көнбей ме – мəселе
онда емес – азғырудың аты қай уақытта да азғыру боп қала береді. Жел
отты үрлегенде жалын одан сайын лаулай түспей ме, ынтызарлық та сол
секілді – азғырып арбаған сайын ол өрши береді. Азғыру атаулының
сайқалдығы да міне осында. Жəне бір шындығы, азғыру тек жамандыққа
қана емес, кейде оның жақсылыққа бастайтын да кезі бар.
Бұл сөзге екеуі де қарсылық білдірген жоқ, соған қарағанда олар
менімен іштей келіскен сияқты. Тіпті келіспеген жағдайдың өзінде, іс
насырға шаппай тұрып, онбес дауды дер кезінде тоқтата алғаным үшін де
іштей шүкіршілік еттім. Сосын үшеуіміз де алдымыздағы асқа бас қойдық.
Алайда Қорқау Ларсеннің тілі мүлде байланып қалмаған – мен оның дəл
осы отырыстағыдай əдемі сөйлегенін бұрын-соңды естіп көрмегем, құдды
көкірегіне көптен бері небір ойлар толып қалып, енді соны лек-легімен
сыртқа шығарып жатқан секілді. Бір мезет оның əңгімесі махаббат жөнінде
өрбіп еді. Бірақ ол бұл мəселеге де баяғы əдетінше жабайы материалистік
көзқарас тұрғысынан қараған да, ал Мод Брустер идеалистік пайымтүсінігінен айнымаған. Мен олардың сөзіне кейде бір түзету енгізіп
қойғаным болмаса, негізгі əңгімеге мүлде араласпадым десем де болады.
Ларсен шабыттана сөйлейді. Мод Брустер де одан қалысар емес. Əңгіме
қызған сайын бетінің ұшы қызарып, алаулай түскенін байқаймын –
айтысқан соң аяғына дейін айтысып қалайын, менің кім екенімді білсін
дейтін сияқты. Əйтеуір, не десе де, ойын іркіп, бойын бұғып қалып
отырған ол жоқ. Ал Қорқау оған өліспей беріспеймін деген сыңайда.
Əңгіменің неден шыққаны есімде жоқ, өйткені Мод Брустердің бетіне
қызықтай қарап отырып байқамай қалыппын, Қорқау Ларсен əлдебір
себеппен Изольданың Тинтагельде айтқан мына сөзін жатқа соққан:
Бұл өмірде тағдыры
Ұқсар əйел аз маған.
Күнə жасау олардың
Маңдайына жазбаған.
Менің күнəм от-жалын
Өн бойымда маздаған.
Бұрын ол Омар Хəйямның өлеңдерін оқығанда даусынан əлдебір мұң,
уайым сезілуші еді, ал қазір Суинбергті оқыған сəтте, шабыттанып,
арқаланып кеткені байқалады. Жəне əр сөзін анық та əдемі жеткізеді. Өстіп
ол біраз жерге сілтер ме еді, күтпеген жерде Луистің басы люктен қылтың
ете қалғаны.
– Ақырынырақ сөйлеуге болмас па екен?– деді ол даусын əзер шығарып.
– Тұман көтеріле бастады... Қай жақтан шыға келгені белгісіз, "Македония"
тура біздің тұмсық тұсымыздан кесіп өтіп барады. Оң жақ борттың жарығы
ап-анық көрінеді!
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 16
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.