Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 23

Total number of words is 2480
Total number of unique words is 1428
37.5 of words are in the 2000 most common words
53.8 of words are in the 5000 most common words
61.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
желкендерін желбіретіп өз орнында тұрды. Менің қолымнан шыққан əрбір
дүние əсемдігімен көз тартпаса да мықтылығымен көңіл аудартатынына сөз
жоқ-ты. Бұл мачт пен желкендер бізді небір дауылдар мен жауындардан
аман алып шығатынына мен сенімді едім, осынау сенім көкірегіме ұялаған
сайын өз күшім мен қайратыма іштей масаттанып та қоямын.
"Бұны мен істедім! Мен! Өз қолыммен істедім!" деп айқай салғым да
келеді.
Кейде менің ойымдағыны Мод құдды оқып тұрғандай-ақ дауыстап
сөйлей бастайтынына талай рет куə болып едім, бұл жолы да біз гротты
енді көтере бергенде, ол:
– Құдай-ау, осының бəрін сіз істедіңіз ғой, Хэмфри! Өз қолыңызбен
істедіңіз ғой!– деген таңдай қағып.
– Меніңше, бұл жерде екі қолдың тері бар,– дедім мен.– Кішкентай ғана
екі қолдың. Бірақ өтінем: бұл сөзді сізден бұрын əкем айтқан, ол ғана мені
өстіп еркелетуші еді дей көрмеңізші!
Ол жымия күліп бас шайқады да, қолдарына үңілді.
– Бұның кірін енді еш уақытта жуып кетіре алмайтын шығармын. Терісі
де күнге күйіп, əбден күстеніп біткен. Осы қалпында қап-қара боп қалғаны
қалған болар.
– Егер солай болса, бұл қолдар сізді əлі талай құрметке бөлейді,– деп
мен оның кедір-бұдыр алақандарын қысып қойдым. Осы сəтте ол қолын
жылдам тартып ала қоймаса, мен барлық ұят деген мəселені жинап қойып,
сол ыстық алақанның сыртынан құшырлана сүйер ме едім, кім білсін!
Біздің жолдастық қарым-қатынасымызға енді жиі-жиі қауіп төне
бастағанын байқаймын. Оған деген махаббатымды мен қаншама уақыт
жылы бүркеп келгенмен, бұдан былайғы жерде оны жасыра беруге шамам
жетпей бара жатқанын да сеземін. "Неткен құдірет!– деймін басым
айналып.– Көзімді байлап, тілімді қытықтап, бүкіл еркімді билеп алған,
расында, бұл не деген құдірет!" Тіпті, міне, ол ерніме дейін иелік еткісі
келеді; анау сүйкімді қолдың сыртынан сүйіп-сүйіп алғым келгеннің өзі
соның айғағы емес пе! Шынымен-ақ ес-ақылдан айырылғаным ба бұл!
Бүкіл жаным мен тəнім Модқа ұмтылады да тұрады. Ұмтылған сайын сол
жаным мен тəнім оны өліп-өшіп сүйетінін қалайда білдіріп қалғысы келеді.
Бұл сүюдің күші аласұрған дауылдан да, сабалап жауған жауыннан асып
түсетін секілді – өйткені оған қарсы тұрар менде ешқандай əл-дəрмен
қалмаған. Байқаймын, Мод та бұны сезеді. Сезбесе, білмесе – əлгінде
қолын бірден менен тартып ала қоя ма?! Сөйте тұра назарын басқа жаққа
бұрғанша қас-қағым сəттік көз қиығын маған бір тастап үлгіргені де тегін
емес қой...
Мен хват-талидің көмегімен гардель мен дирик-фалды брашпильге
қосып тартқан соң, гроттың алдыңғы жəне артқы бұрыштарын бірдей
көтерудің ыңғайы келген. Желкен биікке қолапайсыздау жылжығанмен
қимылы ширақ еді – сəлден кейін фоктың да қыртыс-тыртысы жазылып,
желмен желбіреп көз тартқан.
– Біз мына алақандай айлақта еш уақытта зəкір көтеріп үлгіре
алмаймыз,– дедім мен.– Егер олай жасайтын болсақ, шхуна жағаға
соғылып быт-шыт болады.
– Сонда не істеу керек?– дейді Мод үрпиіп.
– Шынжырды мүлде босатып жіберу керек. Ал мен оны босатып
жатқанда, сізге брашпильге тұруға тура келеді. Сосын мен зəкірмен
жұмысты бітіре салып бірден штурвалға жүгірем, ал сіз кливерді көтеретін
боласыз.
Зəкірге қатысты осы жұмысты мен сəтімен аяқтау үшін кемінде он
шақты рет жаттығу жасап, əрбір қимыл-əрекетті бүге-шігесіне дейін
зерттеп, тексеріп алдым. Мод брашпильдің көмегімен кливерді көтеруге
шамасы келетінін мен білдім – бізге қазіргі ең керегі де осы желкен еді.
Айлақта аздап жел тұра бастады, əзірге толқын көтерілмесе де, теңізге
сəтімен шығып кету үшін, бізге тезірек қимылдау керек-ті.
Мен қыстырмадан болтты суырып алысымен зəкір шынжыры орамадан
салдырлай ағытылып, суға күмп берген. Бұдан соң ютқа жүгіріп барып,
жүргізу тұтқасын жел ығына қарай бұрып жібердім. Желкендер желпілдеп,
желге толды, шхуна бір жағына қарай қисайып, қозғала берді. Кливер
биікке жылжыды. Сосын оған да жел толған сəтте "Елес" тұмсығы шұғыл
бұрыла беріп еді, мен бағытты тура ұстап тұру үшін қолымдағы тұтқаны
жел ыңғайына қарай икемдей түстім.
Мен қажет кезінде кливерді өзі жылжытып тұратын ерекше автоматты
кливер-шкотты ойлап тапқанмын, сондықтан Модқа бұл жөнінде уайым
жеудің түкке де қажеті жоқ-ты. Алайда Мод кливерді көтеріп үлгергенше
мен тұтқаны шұғыл желге қарсы бұра қойдым. Жанымыз мұрын ұшына
тірелген: шхунаны жел бізден небəрі елу қадамдай жердегі жағаға сүйрей
жөнелді. Бірақ, артынша ол бір бүйіріне барынша қисая түсіп, бағытын
күрт теңіз жаққа бұрып жіберген. Құлағыма желкендердің барт-бұрт етіп
желге толған дыбысы естіледі. Бұл дыбысты біз естімегелі қай уақыт! "Иə,
сəт!" деймін ішімнен.
Мод та өз жұмысын бітіріп, ютта тұрған менің жаныма келген.
Жұмыстан беті қызара қалыпты: фуражкасының жиегінен бұйралана
шығып тұрған қызыл-қоңыр шашы желмен желбірей дудырайды;
дөңгеленген үлкен көздері əлде қуаныштан, əлде толқудан ұшқын ата
қалған; теңіздің түзсінді ауасын қомағайлана жұтқан сайын мұрын
желбезегі желп-желп етеді. Қоңыр көздері əлденеден үріккен құралайдың
көзіндей шарасынан шыға мөлдірейді. Өзі демін ішіне тартқан күйі бір
мезет алдыңғы жаққа мазасыздана қарайды. Еріндері сəл ашыла түскен.
"Елес" тар қолтықтағы кіші шығанақтың шығар аузындағы құз-жартастарға
қарай екпіндей ұмтылып барып, тек соңғы минуттарда ғана жел ырқымен
қауіпсіздеу жаққа жалт бұрылып еді.
Бұрын осы кемеде капитанға аға көмекші болып істегенімнің пайдасын
енді көріп келемін. Бірінші айлақ мүйісін сəтімен орап өтіп, енді екінші
жағалауға қарай турасынан бет түзегенмін. Тағы бір рет басқа галсқа
бұрғаннан кейін кеме мүлде ашық теңізге түскен-ді. Мұхиттың ұлы
тынысы шхунаға бірден дем беріп, оны ақбас толқындар үстінде ойната
жөнелген. Таңертеңнен бері аспан астын бұлт торлап, дүние түгел
тұнжырап тұр еді. Енді қараңыз! Құдды табиғат жарықтықтың өзі бізге
нұрдан шашу шашқандай бұлт арасынан күн жарқырай шығып, кешегі күні
біз теңіз мысықтарын таяқпен ұрып алатын доғадай иілген мүйісті жапжарық қып жіберген. Жалғыз бұл мүйіс қана емес, осы мезетте бүкіл Үміт
аралы түп-түгел аппақ шуаққа малына қалып еді. Тіпті ылғи да түнеріп,
қарауытып тұратын оңтүстік-батыс мүйіске де енді күннің алтын нұры
молынан төгілгендей.
– Мен бұл аралды ылғи да мақтанышпен еске алатын боламын,– деймін
мен Модқа.
Ол басын артқа қарай сілкіп жіберді,– осы қимылынан кереметтей бір
кербезділік байқалған.
– Қандай ыстық, қандай ғажапсың сен, Үміт аралы,– дейді ол көзіне жас
алып.– Мен сені өмір бақи сүйіп өтемін!
– Мен де солай,– деймін тезірек.
Бір-біріміздің жан дүниемізді біз айтқызбай-ақ түсіне қоямыз. Енді
болмаса... жанарларымыз ұшыраса қалуға дайын еді, бірақ бойымызды тез
жиып, басқа жаққа назар аударып əкеткенбіз.
Арамызда ыңғайсыз бір тыныштық орнап еді, оны алдымен мен бұздым.
– Қараңызшы, жел жақтағы көкжиекте бұлттар қалай тұтасып алған.
Есіңізде ме, баромстрдің төмен түсіп кеткенін кеше кешкісін ғана сізге
айтып едім ғой.
– Күн де көрінбей кетті...– деді Мод. Оның көздері қиын-қыстау сəтте
бар кедергіні жеңіп шыға алатынымызды тағдыр алдында дəлелдеп берген,
сондай-ақ арамыздағы достық, жолдастық жібін берік байлауға дəнекер
болған біздің Үміт аралымызға қимастықпен қадалып тұр еді.
– Ал ұрыста тұрыс жоқ деген, тарттық əрі Жапонияға қарай!– дедім мен
мəз болып.– Қалай еді анау əндегі?.. "Желкендерді көтеріп, желмен бірге
жарысып" па еді. Біз де кеттік дəл солай!
Мен штурвалды бекіттім де, юттан ыршып түсіп, фок пен грот-шкотты
сəл босата түстім, сосын гик талиін алып, желкендерді жел ыңғайына қарай
икемдеп қойдым.
Жел екпіндей еседі, кейде тіпті екілене түседі, дегенмен мен бар
желкенді дарылдата көтеріп келемін, қауіп бірдеме төне қалса бір-бірлеп
жинап алуға үлгірем деп ойлаймын. Өкінішке қарай, ілеспе жел үстінде
штурвалды бекітіп қоюға болмайтын еді, сондықтан да маған таң атқанша
күзетте кірпік ілмей тұруға тура келген. Мод алғашында мен де тұрам
күзетте деп, қатты қиғылық салып еді, бірақ артынша мынадай үлкен
толқындар кезінде кемені бір бағытта ұстап тұруға өз шамасының
келмейтінін түсінген де, одан көрі жеңілдеу жұмыстармен айналыса
бастаған. Ал шындығында оған да жұмыс жеткілікті-тұғын: палубада
шашылып жатқан əр түрлі заттарды жинастыру, тамақ əзірлеу, төсек салу,
одан қалса Қорқау Ларсенді күту дегендей.
Сөйтіп мен түні бойы штурвалда жалғыз тұрдым. Жел бұрынғыдан да
күшейіп, толқындар жалы күдірейе түскен. Таңғы бестер шамасында Мод
маған өзі пісірген шелпек пен ыстық кофе əкеліп берді; ал жетілер
шамасында тойып ішіп алған ыстық тамағым бойыма ерекше бір күш
құйғандай болған.
Жел күні бойы күшейген үстіне күшейе берді. Құдды сендердің
сілікпелеріңді шығармай тоқтамаймын деп, əбден қаһарланып, долданып
алған секілді. Ал "Елес" те оған қырсыққандай ақкөбікті сапырып, ақбас
толқындарды жапырып, бірде қайқаң қағып биікке көтеріліп, енді бірде
күрт төменге құлдилап, əйтеуір, арпалыса алға ұмтылып келеді. Оның
қазіргі шапшаңдығы он бір узелден асып түспесе, кем болмас деп
шамалаймын. Осы жүрістен айырылып қалу мен үшін əрине өкінішті-ақ,
бірақ, амал не, кешке қарай штурвалды бұдан əрі ұстап тұруым қиынға
айналған. Расында мен əбден қалжырап, шаршаған едім, өйткені отыз алты
сағат бойы тапжылмай ютта тұру, тіпті жаны темір адамға да оңайға соқпас
еді. Мод маған кемені дрейфке қойсаңыз қайтеді деп, өтініш жасаған; бұған
өзім де оқталып келе жатыр едім, өйткені жел түнде одан бетер күшейе
түссе, мен шхунаны ешқандай арыққа көндіре алмасым анық-ты.
Сондықтан теңіз үстіне ымырт үйіріле бере мен іштей көңілім қаламаса да
"Елес" тұмсығын желге қарсы бұра бастадым.
Алайда үш желкеннен бірдей риф алу жалғыз адамға мұндай қиын болар
деп мен күткен жоқ едім. Ал шхуна бакштагта келе жатқанда, мен желдің
күшін анық шамалай алмағам, тек тұмсықты бұрған кезде ғана оның
сұрапыл екпінін сезіп, жүрегім аузыма тығылып еді. Оның ышқына соққан
екпіні бет қаратпайды, өзімше оған өршелене қарсы тұрған боламын, бірақ
істеген ісімнің бəрі зая кетеді: қолыма не ұстасам да ол жұлып əкетіп
жатыр – уысыма əзер іліктірген арқан-жіп пен желкеннен əлденеше рет
айырылып қалғаным бар. Өстіп арпалысып жүріп, кешкі сегізге қарай əзер
дегенде фоктан екінші рифті алдым-ау, əйтеуір. Бұған жеткеніме де шүкір
екен, ал сағат он бірге қараған уақытта барлық жұмыс бір тұйыққа тірелген
де қалған,– бұдан кейін тек саусақ қанатып, тырнақ сындырғаннан басқа
тындырған ештемем жоқ. Жарақаттанған жерлерімнің жаныма қатты
батқаны сондай, оңашада Модқа көрсетпей жылап алғанымды да жасыра
алмаймын.
Əбден ызаланған мен гродттан риф алғанды қойып, тек жалғыз фоктың
рифімен дрейфке тұруды байқап көргім келген. Осы оймен жəне іске кірісіп
кеттім. Бірақ желі босаған грот пен кливерді бекіту үшін ғана үш сағаттай
уақыт керек болды. Əйтеуір, не керек, түнгі сағат екіде манадан бергі
бейнетті əрекетімнің босқа кетпегеніне көзім анық жетіп еді. Бұл уақытта
мен қатты шаршағаным сондай, көз алдым қарауытып, екі аяғымнан əрең
тұрғам. Сөйте тұрып біткен іске сүйсіне қараймын. Рифі алынған фок, əне,
мен ойлаған істі адалымен орындап-ақ тұр,– шхуна желге қарсы тұмсығын
бұрып алып, бір орыннан тапжылар емес, ал жал-жал толқындар оның
тұмсығына соғылып, екіге жарылып домалай қашып жатыр.
Менің қарным қатты ашып еді, ал Мод болса маған зорлықпен болсын
бірдеме жегізіп əуре: мен қалғып-шұлғып отырып аузыма бір кесек дəм
салғанымды білемін... сосын оны жұтқанша кірпігім ілініп кетсе керек,
селк етіп ояна келсем, шанышқы ұстаған қолым əлі ауада қалқып тұр екен.
Əл-дəрменімнің құрығаны соншама, егер Мод сүйеп тұрмаса, кеменің
алғашқы қисайған сəтінде-ақ жалп етіп құлап түсер ме едім, кім білсін.
Мен камбузден өз каютама қалай жеткенімді білмеймін. Мод мені онда
апара жатқан кезде, мен ұйқысырап жүрген адамға қатты ұқсаған
сияқтымын. Көзімді ашсам... аяқ киімім шешулі, жалаңаяқ төсекте жатыр
екем. Қанша уақыт өткені есімде жоқ. Каютада қараңғылық ұйып тұр. Тұла
бойым түгел солқ-солқ етеді, тіпті сəл қозғалуға шамам жоқ, қанталаған
саусақтарыма бір нəрсе тиіп кетсе, тұз сепкендей ашып шыға келеді.
Таң əлі атпаған шығар деп, көзімді жұмып қайта ұйқыға бас қойғам.
Бірақ бұл екі арада бір тəулік өтіп, екінші кештің түскенін мен білмеген
екем ғой.
Тегі мазасыздау ұйықтасам керек, не заматта көзімді ашып алдым.
Сіріңке жағып, сағатыма қарадым. Түнгі он екіден жаңа асыпты.
Палубадан, қай күні екенін білмеймін, түнгі үште кеткенім есімде. Одан
кейінгінің бəрі бұлдыр. Сөйтсем, жиырма бір сағат бойы тұяқ серіппей
ұйықтаған екем. Желдің азынай соққан уілі мен толқындардың бортты
гүрс-гүрс ұрған дыбысына құлақ тосып, тағы да біраз ояу жаттым да, сосын
бір бүйіріме аунап түсіп, тағы да терең ұйқыға бас қойдым.
Мен содан таңғы жетіде бір-ақ тұрдым. Мод кают-компанияда
көрінбеген, тегі камбузде тамақ дайындап жүрген шығар деп ойладым.
Палубаға шықсам, "Елес" өзінің кішкентай бір желкенінің астында əлі де
орнынан қозғалмай тұр екен. Камбузде пеш оты жанып, темір шəйнектің
сықырлап қайнап жатқанын көрдім; бірақ бұл жерде Мод болмай шыққан.
Мен оны кубриктен, Қорқау Ларсен жатқан төсек жанынан таптым.
Бейшара капитан сұп-сұр болып сұлқ түсіп жатыр екен. Мен оған қарап
тұрып: "Япырай, кешегі арыстандай ақырып тұрған азаматтың енді, міне,
тірі тышқаннан күні төмен болып, қор болып қалған түрі-ай! Неткен
аянышты тағдыр!" деймін бас шайқап. Жоқ, тірі тышқан деймін-ау, оның
мына қан-сөлсіз қуқыл бетінде қандай тірлік белгісі бар?! Мод маған мұңая
қараған. Мен не болғанын түсіндім.
– Оның өмірі шторм кезінде үзіліп кетті ме екен!– дедім мен.
– Мейлі, қай уақытта үзілсе де, оны мүлде тастап кетті деуге болмас,–
деді Мод тым сенімді түрде.
– Құдай оған сұмдық күш-қуат берген еді.
– Иə,– деді Мод.– Бірақ енді оның түкке де қажеті жоқ. Жаны еркіндікте
ғой.
– Рас, енді оның жаны еркіндікте,– дедім мен қайталап. Сосын Модтың
қолынан жетелеп, палубаға қарай жүріп кеттім.
Түнде штормның шамалы бəсеңдегені байқалған. Бірақ қалай бəсеңдесе,
солай қайта көтерілген де, мен таңертең Қорқау Лapсеннің денесін ақтық
сапарға аттандыруға рəсімдік дүниелерді палубаға алып шыққанымда, жел
азынай соғып, толқындар дөңбекши көтеріліп жатқан-ды. Су минут сайын
ақтарыла төгіліп шпигатқа құйылады. Кенет ышқына соққан жел шхунаны
бір бүйіріне қатты қисайтып жіберді де, ықтасын жақтағы борт планширіне
дейін суға көміліп кетті. Желкендер желге толып, торсия-торсия қалған.
Жоғарыдағы арқан жіптер скрипканың шегіндей сыңсиды. Мод екеуіміз
тізеден суға батып тұрмыз. Мен бас киімімді шешіп:
– Бұл қаралы қоштасуда менің айтар бір-ақ ауыз сөзім бар,– дедім.–
"Тəнің теңіз құшсын бейбақтың!".
Мод маған таңырқай қараған. Мұндай сөзді басқадан емес, дəл менен
күтпеген секілді. Бірақ бұл кемеге мен алғаш тап болған күні Қорқау
Ларсен өз көмекшісінің мəйітін суға тастарда тура осы сөзді айтқанын бұл
қыз қайдан білсін. Білмегені тіпті жақсы, дедім де, люк қақпағын ашып,
кенеп матаға оралған мəйітті төмен сырғытып жібердім. Аяғына байлаған
ауыр зат оны бірден тереңге ала жөнелген.
– Қош бол, қайсар рух, Люцифер!– деді Мод ерін ұшынан; расында,
ауыздан шығысымен жел ала қашқан бұл сөзді мен тек сезім түйсігіммен
ғана аңғарып үлгіргем.
Біз планширге жабыса тырмысып ютқа жеткенде менің көзім кездейсоқ
ық жақтағы көкжиекке түскен. Осы мезетте "Елес" те қайқаң етіп бір
толқынның үстіне шыға келіп еді,– мен бізден небəрі екі-үш миль жерде
қара түтіні будақтаған кішігірім бір пароходты ап-анық көріп қалдым. Иə,
ақбас толқындарға тұмсығы бірде зып беріп сүңгіп, енді бірде лып етіп
шығып, ол тұп-тура біз жаққа қарай сілтеп келеді екен. Өзі тұтастай қапқара бояумен боялған. Мен оның кедендік кеме екенін бірден біле қойдым.
Жəне басқа емес, Құрама Штаттардың. Оны бұлай жазбай танығаным:
өздерінің браконьерлік жорықтары кезінде осындай қара кемелерден қалай
қашқандары жөнінде аңшылар маған талай қызық əңгіме айтып берген-ді.
Бұл көргенімді Модқа да көрсеттім де, сосын оны юттың бір шетіндегі суы
аздау жерге жеткізіп салып, ал өзім төмендегі сигнал шкафына қарай
ұмтылдым; бірақ жолай "Елесте" бұл жағы ойластырылмағаны есіме түсіп,
қайта кері бұрылғам.
– Бізге белгі берудің түкке де қажеті жоқ,– деді Мод.– Қандай жағдайда
келе жатқанымызды олар қазір өздері-ақ сезеді.
– Біз құтқарылдық,– дедім мен сабырлы да салтанатты түрде. Кеудемді
қуаныш кернеген... Сосын күтпеген жерде:
– Иə, біз құтқарылдық, бірақ осыған қуанам ба, жоқ па, білмей тұрмын,–
дедім тағы да.
Мод екеуіміз бір-бірімізге елжірей қарадық. Бұдан енді еш қысылғамыз
да жоқ. Артынша Модтың менің құшағыма қалай құлай бергенін де сезбей
қалыппын.
– Айту қажет пе?– деймін мен, не айтатынымды өзіңіз де білесіз ғой
дегендей.
– Жоқ, қажет емес... Бірақ оны есту жанға тым жағымды да болар еді,–
дейді ол жымиып.
Оның еріндері менің еріндеріме жабыса берген... Неге екені белгісіз, көз
алдыма "Елестің" кают-компаниясы елестей қалған да, Модтың бірде
маған: "Сабыр, сабыр!" деп, сұқ саусағының ұшын ерніме тигізе қойғаны
да есіме түсіп еді.
– Жарым менің, жалғызым менің!– дедім мен оны құшағыма қыса
түсіп.– Балапаным менің!
– Жарым менің!– деді ол маған көзін көтеріп. Сосын назарын қайта
төмен салғанда ұзын кірпіктері кеудеме қытықтай жабыса қалып еді.
Мен кедендік пароходқа иек көтердім. Ол тіптен жақындап қалған екен...
Арада тағы бір минут өткенде ол шлюпкасын да суға түсіре бастаған.
– Тағы бір рет сүйші ернімнен, сүйіктім,– деймін мен ентіге сыбырлап.–
Иə, олар келіп жеткенше тағы бір сүйші, сүйе түсші!..
– Ендеше олар бізді бір-бірімізден құтқаратын болды ғой... жеп
қоймасын деп,– дейді ол қулана күлімсіреп. Бұл мен үшін жаңа күлкі –
өзіне тарта түскен махаббаттың тəтті күлкісі еді.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.