Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 14

Total number of words is 4038
Total number of unique words is 2098
35.4 of words are in the 2000 most common words
50.9 of words are in the 5000 most common words
57.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ал мен "əсем əуеннен" безінгендей халде емен, қайта құлағыма
əлдеқайдан жүрек қылын тербейтін бір ғажап əн келетіндей, сол əннің
əлдиімен дүниенің бəрін ұмытқам, төңірегімнен ештеме естімеймін,
ештеме көрмеймін. Кенет барқ ете қалған Қорқау Ларсеннің даусы ғана
маған ес жиғызған.
– Не сандалып жүрсіз мұнда?
Селк ете қалған мен жалт бұрыла беріп, шхуна бортын сырлап жүрген
матростардың бояу толы шелегін төңкеріп кеткенім.
– Сіз не, жынданғансыз ба, əлде басыңыздан күн өтіп кеткен бе?– деді ол
бұрқылдап.
– Жоқ, ішім ауырып жүргені,– деп, мен түк болмағандай кете бардым.
ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Мод Брустерді сүйіп қалғаныма көзім жеткеннен кейін, іле-шала бастан
кешкен бір оқиға есімде мəңгі бақи қалатын шығар. Оның өзі небəрі қырық
сағат ішінде өткен жағдай. Отыз бес жыл тып-тыныш, мамыражай өмір
сүріп келген басым күтпеген жерде адам сенгісіз оқиғаға тап болам деп
өзім де ойламағам. Небəрі қырық сағаттық уақыт! Осы уақыт
аралығындағы жан күйзелісімді қазір енді айтып та жеткізе алмайтын
сияқтымын. Ал егер ғайыптан бір үн құлағыма сыбырлап: "Сонда сен
өзіңді керемет тамаша ұстадың" десе,– мен оған ешқандай қысылмас едім...
Бəрі де Қорқау Ларсеннің бұдан былайғы жерде аңшылар тек өз
кубригінде отырып тамақ ішсін деген тосын бұйрығынан басталған. Бұл
кəсіптік шхунада баяғыдан қалыптасқан дəстүрді белінен басып бұзу
болатын. Өйткені аңшылар қай уақытта да офицерлермен тең есептелетін.
Неге мұндай шешімге келгенін Қорқау Ларсен түсіндіріп те жатпады, оның
тіпті қажеті де жоқ еді, себебі... Хорнер мен Смок үстел басында Мод
Брустерге көз қиықтарын əдемі сала бастапты. Бұл тек күлкілі ғана нəрсе
ғой, біреулер ырбаңдады екен деп, оған қылмыңдай қалатын Мод Брустер
ме, бірақ Қорқау Ларсенге екі жігіттің есерлігі, əрине, ұнамай қалған.
Капитанның бұйрығы бəрімізді төбеден ұрғандай сілейтіп салған, ауыз
ашуға ешкімде дəрмен жоқ, аңшылардың төртеуі "кінəлі" екі жігітке тек
алара қараған да қойған. Джок Хорнер ұстамды азамат еді, ешқандай сыр
білдірген жоқ, ал Смоктың түрі күреңітіп, тілінің уын төгіп жіберуге аз-ақ
қалған. Шіркін-ай, бірдеме айтса екен, айтып қалса екен дегендей Қорқау
Ларсен оған көзін тесірейте қарап тұрып алып еді, Смок, ит қылғанда, тіс
жармай тынған.
– Сіз бірдеме айтқыңыз келіп пе еді?– деді Қорқау Ларсен əдейі оның
жынына тигісі келіп.
Бірақ Смок "жынын" қоздырған жоқ.
– Оны қайдан шығарып тұрсыз?– деп, ол оған қарсы сұрағын қалқан
еткен, даусынан "мен не жазып қойдым соқұрлы" деген ақталу да білініп
еді. Қорқау Ларсен қапелімді не дерін білмей қалды да, маңайындағылар
күліп жіберді.
– Білмеймін,– деді ол сосын.– Шындығын айтқанда, сіздің аузыңызбен
қоса артыңыз да қышып тұрғандай көрінеді маған.
– О ненің ақысына?– деді Смок те шімірікпестен.
Аңшылар енді езулерін кере жымиған. Капитан Смокты тұрған жерінде
сеспей қатыруға дайын еді, бірақ Мод Брустердің көзінше қан төгуге
батылы жетпеді білем. Егер жандарында осы қыз болмаса Смоктың да
батырсынуы екі талай ма еді. Сондықтан ол да аса сақтық көрсетіп, Қорқау
Ларсеннің қитығына көп тигісі келмегендей, əйтпесе аузы қан жалап шыға
келетіні анық-ты. Қалай дегенмен мен бір ши шығып кете ме деп, қатты
қорқып едім, абырой болғанда, жүргізу тұтқасында тұрған матростың
кенеттен шыққан қатқылдау үні бəріміздің назарымызды басқа жаққа
аударып жіберген.
– Көкжиектен бір түтін көрінеді!– деді ол айқайлап палуба жақтан.
– Қай тұстан?– деп, Қорқау Ларсен де айқай салған.
– Тура корм жақтан, сэр.
– Орыстар болмасын?– деді Лэтимер өзінше тон пішіп.
Бұл сөзді естігенде аңшылардың өңі күреңітіп кетті. Орыс пароходы тек
крейсер болуы мүмкін, ал аңшылар біздің кеменің координаты туралы анық
білмесе де, тыйым салынған аймаққа таяу жүргендерін сезетін; ал Қорқау
Ларсеннің браконьерлік ерліктері əмбеге аян-ды. Бəрі енді оған қараған.
– Бос сөз!– деді ол күліп.– Бұл жолы, Смок, тұзды кек сапарынан аман
қалдыңыз. Бірақ сізге мынаны айтам: егер анау "Македония" боп шықпаса,
бірге – бес бəстігем.
Бірақ онымен ешкім бəстесуге батпап еді, ол тіпті қызбаланып:
– Ал егер ол шынымен "Македония" боп шығып, біз онымен қақтығысқа
келмесек, онда бірге – онды аямай-ақ бере салам,– деді көзі жалт-жұлт етіп.
– Жо-жоқ, рахмет пейіліңізге!– деді енді Лэтимер қуланып.– Əрине, егер,
сəл де болса бір нəрсеге көзіміз жетіп тұрса, қандай бəске де тəуекел етуге
болар еді, бірақ сіздің ағаңызбен кездескен кезде қашан қақтығыссыз
қоштасып едік? Осы жолы да солай болмаса, мен тіпті бірге – жиырманы
құрбан етемін!
Ларсеннен бастап бəрі мəз бола күліп алды. Сонымен түстік асымызды
да ырың-жырыңсыз ішіп тындық. Шындығын айтқанда, бұл да менің
шыдамдылығымның арқасында. Өйткені ол бəрінің есесін менен алғысы
келгендей, бірде кекете сөйлеп, бірде қамқорси қажап, қалайда мені шаптан
түрткісі келіп отырған. Бірақ ашу-ызам кемеріне келіп, кеңірдегімнен
шықса да, шыдап бақтым. Оның үстіне қасымыздағы Мод Брустер де
"сабыр, сабыр" дегенді көз ұшығымен білдірумен болған.
Үстел басынан тұрып, палубаға бет алдық. Ойда жоқта теңіз бетінен
пароходтың көрінуі күнделікті біркелкі тірлігімізге жан бітіріп, əрбір жерде
абыр-сабыр қозғалыс пен əбігер туғыза бастаған, ал ол пароход Тажал
Ларсеннің "Македониясы" болуы мүмкін деген сыбыс матростарды тіптен
қобалжытып тастап еді. Осының алдында ғана леки ескен, көтеріле толқып
жатқан теңіз біртіндеп сабасына түсіп, айдын беті моп-момақан күйге түсе
бастаған. Қайықтарды енді суға түсіре бастаса да болатын еді – бүгінгі күн
аңшыларды нағыз қансонардан дəметтіріп тұрғандай, қазірдің өзінде
алдымыздан теңіз мысықтарының мол қарасы көрініп қалған-ды.
Кормның арт жағында, алыстан пароход түтіні бұрынғыдай бұрқылдай
көрініп тұрған. Біз қайықтарды суға түсіріп болғанша, оның біразы
жақындай түскені байқалды. Біздің шлюпкалар теңіз бетінде шашырай
жылжып, солтүстікке қарай ұмтылды. Сосын біраз жерге барған соң
бірінен кейін бірі желкендерін жығып, аңшылар қызу атысты бастап та
жіберген. Теңіз мысықтарының қарасы қалың, желсіз тымық күн – аң
аулауға бұдан сəтті шақ бола ма! Біз ең шеткі шлюпканың жел ығына
шыққан сəтте, көз алдымыздың бəрі үйір-үйір ұйықтап жатқан теңіз
мысықтарына толып кеткен. Мен ешқашан мұндай кереметті көрген
емеспін: құдды теңіз мысықтарының ортасына емес, құжынап жатқан
құмырсқа илеуінің үстінен түскендейміз.
Корм артынан көрінген қара түтін бізге жақындаған сайын, оның
кəсіптік пароход екені қай жағынан да анық байқала бастаған. Бұл –
расында да "Македония" екен. Ол біздің оң жағымызды ала, небəрі екі-үш
миль жерде кетіп бара жатқанда оның оң қапталынан мен осы жазуды оқып
қалғам дүрбімен. Қорқау Ларсен ол жаққа тісін шықырлата көз салған, ал
Мод Брустер капитанға таңдана бұрылып еді.
– Əлгі сіз күткен қақтығыс қайда, капитан Ларсен?– деді ол күліп.
Капитан қызға қарап, мырс етіп қойды мысқылмен, тек осы сəтте ғана
жүзіне сəл жылылық жүгіргендсй еді.
– Ал сіз не күтіп едіңіз? Бізді олар бірден бассалып, шетімізден бауыздай
бастайды деп ойладыңыз ба?
– Қайдан білейін, əйтеуір жақсылыққа жорығам жоқ,– деді қыз
мойындағандай.– Сіздердің мына тірліктеріңізден нені де болса күтуге
болатын сияқты ғой.
Ларсен бас изеді.
– Дұрыс, дұрыс-ақ! Тек бірақ нəрседен қателесіп тұрсыз: "сияқты" деуге
болмайды, нені де болса күтуге дайын тұруымыз керек.
– Сонда қалай? Бауыздағанды да ма?
– Одан да сұмдығын.
– Одан өткен қандай сұмдық болуы мүмкін?
– Сұмдықтың үлкені – қалтаны қаққан,– деді капитан қабағын
кіржитіп.– Біздің қазіргі заманда қалтадан, əмияннан қымбат ештеме жоқ.
Бүкіл өмірдің бəрі – тек сол əмияның жоқ болса, өмірің де жоқ деген сөз.
– "Бір дорба ақшамды кім ұрласа – бір дорба боқтық соныкі" деген бар
ғой,– деп жымиған қыз.
– Бүл сөзді мен басқаша пайдаланам,– деді Қорқау Ларсен.– Кім менің
бір дорба ақшамды қағып кетсе – ол менің бір қап несібемді қағып кеткені.
Яғни мені ол жеп отырған нанымнан, жейін деп тұрған майымнан, жатайын
деп дайындаған төсек-орнымнан айырады. Сонысымен менің ол менің жапжақсы сүрейін деген өміріме кеселін келтіреді. Сіз өзіңіз де білесіз ғой,
жарлыларды жарылқаймын деп таратқан азық-түлік, киім кешек барлық
барлық жарлы, барша кедей-кепшікке жете бере ме. Демек, басқалар да
өмір сүруге ұмтылады. Өмір сүру үшін əркімнің өз əмияны болу керек. Ал
сол əмияныңның іші бос болса – ол итөліммен өлу деген сөз... Демек, кім
де болсын, қандай жолмен болсын, бос əмиянын толтыруға жанын салу
керек.
– Бірақ мен ана пароходтың сіздің қалтаңызға қол салғалы келе
жатқанын көріп тұрғам жоқ.
– Асықпаңыз, көресіз,– деді капитан қабақ түйіп.
Рас, оны көруге де көп қалған жоқ екен. "Македония" біздің
шлюпкалардың алдын орап, біраз озып барған да, өз шлюпкаларын суға
түсірген. Оның бақандай он төрт шлюпкасы бар екенінен хабардар
болатынбыз, ал бізде бар-жоғы бес-ақ шлюпка еді,– алтыншысын Уэйнрайд
мініп қашып кеткені белгілі ғой. "Македония" алдымен бірнеше
шлюпкасын жел ығына қарай, біздің ең шеткі шлюпкадан біраз алыс жерге
түсіргені де, сосын оларды біздің ең жақын шлюпканың жел жағына –
бірер миль жерге – төге салған. "Македония" бұл қылығы біздің ішімізді ит
жалағандай етіп еді. Арт жағымыздан теңіз мысықтары көрінбеген, ал
алдымызда он төрт басқа шлюпка су бетін түрендей тілгілеуге кіріскен –
жүрген жерлерін жыландай жалап барады.
Біздің шлюпкалар ені үш-төрт мильдей ғана жіңішке теңіз айдынында
қалған аз-маз мысықты атып алған да, ақыры амалсыз шхунаға қайтуға
мəжбүр болған – "Македонияның" бізге қалдырған бар "сыбағасы"осы
болатын. Жел тынған; тып-тыныш теңіз бетін баяу ескен қоңыр самал андасанда ғана желпіп өтеді. Ойда-жоқта мысықтардың мынадай қалың
ортасына түсіп тұрған сəтте, мынадай керемет ауа-райында, оларды үйірүйірімсн қырып алуға болар еді. Ең сəтті деген аңшылық маусымның
өзінде мұндай күндер өте сирек кездесетін көрінеді. Амал не, ауызға
түскелі тұрған осыншама несібені "Македония" жол ортада қағып кетті ғой
əне. Бортқа көтерілген матростардың түрі өрт сөндіргендей еді, аңшыларды
былай қойғанда, ескекші, жүргізушілердің өзі ызадан жарылардай боп
тұрған – құдды əрқайсысы өзіне тиесілі нəпақасынан айырылып қалғандай.
Əрқайсысының аузында – Тажал Ларсенді жеті атасынан қайырған боқтық.
Боқтық пен қарғыстан адам өлетін болса, тап осы жолы ол тұрған жерінде
арам қатқан болар еді.
– Мəңгі бақи тозақтың отына күйгір, ит!– деп бұрқылдайды Луис,
ызадан булыға түсіп.
– Міне, мыналардың сөзін естіп тұрсыз ғой,– дейді Қорқау Ларсен маған
бұрылып.– Бұлардың өзегін не өртеп тұр деп ойлайсыз? Махаббат? Сенім?
Асқақ идеалдар? Əлде əділет? Əлде ақиқат?
– Өмірде əділетке қиянат жасағаннан қиын ештеме жоқ. Бұлар соған
күйініп тұр,– деді Мод Брустер.
Ол бізден он қадамдай жерде бір қолымен грот-ванттан ұстап, баяу
тербелген шхунамен қоса тербеліп тұр еді. Бұл сөзді ол өте баяу айтқан,
бірақ баяу да болса, жұмсақ үні менің жүрек қылымды шерткендей болған.
Неткен таза, неткен сыңғырлаған сүйкімді дауыс! Біреулерді сезіктендіріп
алмайын деп, мен оған ұрлана көз салып қойдым. Теңіз фуражкасының
астынан ширатыла шығып тұрған қызыл-сары шашы күн сəулесімен
шағылысып, алтындай жарқырап, сəл сопақшалау бетін жартылай жауып
тұр екен. Осы бір сұлу да сүйкімді жүзі кез келген жүрекке шоқ
тастайтыны анық-ты. Оған қараған сайын мен: "Бұл неткен ғажайып
жаратылыс!" деп, таңғаламын. Бұған дейінгі менің өмірге деген əр түрлі
көзқарастарым мынадай ерекше жаратылыстың алдында мүлде басқаша
сипат алғандай. Сонымен қатар Қорқау Ларсеннің өмір туралы сұрқай
түсініктері маған енді соншама солақай, соншама күлкілі көрінген.
– Мистер Ван-Вейден сияқты сіз де өмірге тым елжірей қарайды
екенсіз,– деді Ларсен ащы мысқылмен.– Мына адамдар неге күйіп-пісіп
жүр, білесіз бе? Өйткені, олардың аузындағысын біреу жырып кетті; армантілек, мақсаттарының орындалуына əлдекім кедергі келтірді. Ал олардың
арман-мақсаты не еді? Тəттірек тамақ жеу, жұмсағырақ төсекке жату,
жағаға жеткен кезде уыс-уыс ақша ұстап шалқып жүру. Əйел құшу, шарап
ішу... Олардың көкейін тесіп жүрген арман да, мақсат да – осы ғана. Керек
десеңіз олардың биік мүдде, асқақ мұрат, көздеген идеалдары да – осы
ғана. Əрине, бұл адамдардың күнделікті сезім-түйсік, тірліктері қоңырқай
ғана көрінуі мүмкін, ал қараңызшы, қазір бұлардың əр қайсысы жанып
тұрған отқа ұқсап тұр ғой. Өйткені... қалталарына біреу түсіп кетті. Сол
біреу бұлардың ұйықтай бастаған бүкіл сезімін қайта оятты əнеки.
– Алайда сіздің мына қалпыңыздан қалтаңызды біреудің қаққаны
байқалмайды,– деді қыз күліп.
– Жоқ, мен түрімнен ғана байқатпаймын, əйтпесе менің де жетісіп
тұрғаным шамалы,– деді капитан.– Егер шамамен есептесек,
"Македонияның" бүгінгі бізден ұрлаған терілерінің құны – мысық
терілерінің лондондық базардағы соңғы бағасы бойынша – бір жарым мың
доллардан артық болмаса кем емес.
– Бұны сіз бейне қолыңыздағы жұмыс қолғабын жоғалтқандай-ақ ешбір
алаңсыз айтып тұрсыз...– дей беріп еді қыз, Ларсен жұлып алғандай:
– Жоқ, мен тіпті де алаңсыз тұрғам жоқ,– деді – менің қалтамды қаққан
адамның қазір қанын ішуге дайынмын. Иə, иə ол – менің туған ағам екенін
білемін! Жо-жоқ, бос сөз бұл! Сандырақ!
Қас қағым сəтте оның түрі өзгеріп шыға келді. Сосын даусы да сəл
бəсеңдеп, шынайы да шыншыл леппен қайта сөйлей жөнелді.
– Өмірді өзгеше бағалайтын мына сіздер бақытты шығарсыздар; иə, шын
мəнінде бақытты шағырсыздар. Көңілдеріңіз қалаған əлдебір ізгі дүниені
армандайсыздар, жалғаннан жақсылық қана іздейсіздер, оны кейде тауып
та жатасыздар. Тапқан кезде қуанасыздар. Ал осы сіздер айтыңыздаршы
маған, мына менің бойымда бір жақсылық бар ма өзі?
– Былайша айтқанда, сыртқы түріңізден еш кемдік көре алмаймыз,–
дедім мен.
– Сіздің бойыңызда жақсылық жасаудың бүкіл негізі бар,– деді Мод
Брустер.
– Солай дейтіндеріңізді біліп едім,– деп ол қабақ шытты.– Мен үшін бұл
сөздеріңіз шыбынның ызыңымен бірдей. Нақты түсінікті айтылған ештеме
де жоқ. Мұндай сөздерді құлаққа құйып, миға сіңіріп, бос əуре болуға да
болмайды. Бір сөзбен айтқанда, бұл сөз дейтін сөз де емес, əншейін
қиялдан, əсерден туған бірдеме.
Ол даурыға сөйлеп барып, қайта басылды.
– Шындығын айтқанда, кейде менің өзім де өмір шындықтарына көз
жұма қарап, ойдан шығарылған қайдағы бір қиялдарға берілгім келеді.
Бірақ байқаймын, бұл дегеніңіз – жалғандық, жалғандығымен қоймай
парасатты ойға күнқағар бірдеме. Соған қарамастан, тіпті жалған болса да
қиялмен, арманмен өмір сүрудің өзі бір лəззат қой деп ойлайтын да кезім
бар. Өйткені, шынтуайтында, тіршіліктің бізге тартқан ең үлкен сыйы да –
осы лəззат емес пе, бір нəрседен лəззатану емес пе! Егер оның бал
шырынын тата алмасаң – өмір сүріп керегі не! Маңдай теріңді тамшылата
еңбек етіп, бірақ одан ештеме ала алмасаң – нағыз сорлылық сол ғой. Егер
кімде-кім көбірек лəззат алса, сол мəндірек өмір сүреді. Сіздердің барлық
арман-қиялдарыңыз сіздерге машақаттан гөрі тыныштықты көбірек
сыйлайды. Бұл жағынан маған қарағанда бақыттысыздар.
Ол ойлы кейіпте ақырын бас шайқап қойды.
– Мен адамзат ақыл-ойының құмарлығына көп жағдайда күмəнмен
қараймын. Ақыл-ойға қарағанда арман-қиялдың берері де, сыйлары да көп
секілді. Интеллектуалдық құндылықтардан кері эмоционалдық лəззат-
сезімдердің рақаты ерек, лəззаты бөлек пе деймін. Өйткені бір сəттік
интеллектуалдық қуаныштың артында мың сəттік сары уайымы да болады.
Ал эмоционалдық рақат соңында сезімің сəл кермек татиды да, артынша ол
да тез тарқап кетеді. Мен сіздерге қызғанышпен қараймын, қызғанышпен!..
Ол сөзін кенет күрт үзді де, еріндерінде əдеттегі мысқылды күлкі үйіріле
қалды.
– Бірақ, естеріңізде болсын, мен сіздерге жүрекпен емес, ақылмен
қызғана қараймын. Қызғаныш – ақылдың жемісі, оған мені зерде-түйсігім
итермелейді. Бұл өзі арақ-шараптан біраздан бері сау жүрген адамның
масқа қарап қызыққаны сияқты бірдеме.
– Сіздің айтайын дегеніңіз: ақылдының ақымаққа қарап тұрып, мен неге
сондай болмадым деп өкінгені ме,– дедім мен күліп.
– Дəл солай,– деп жауап берді ол.– Мына сіз екеуіңіз ақымақтарды
ақымақ қып, бар жағынан жұрдай етіп кеткен адамсыздар.
– Дегенмен, біз өз құндылықтарымыз тұрғысынан сізден бірде-бір кем
өмір сүрмейміз,– деді Мод Брустер.
– Тіпті артық десеңіз де болады, өйткені сіздер үшін оның құны көк
тиын.
– Сонымен қатар біздің мəңгіліктен де алып отыратын өз үлесіміз бар.
– Мүмкін солай шығар, мүмкін бұл тек қиялдағы дүниелеріңіз шығар –
бұның ешқандай маңызы жоқ. Сіздер бəрібір өздеріңізге не қажет болса,
соған қарай күш жұмсайсыздар, ал оның орнына алатындарыңыз – менің
күндіз-түні маңдай терімді сыпырып жүріп алатынымнан əлдеқайда көп.
– Сіз өз "капиталыңызды" неге басқа "валютаға" айырбастап алмайсыз?–
деді қыз күліп. Бұнысы – əрине, несібеңізді басқа бір жолмен таппайсыз ба
дегені еді.
Ларсен оған əлдебір үмітпен жалт қарады да, аздаған үнсіздіктен кейін
күрсініп:
– Кеш,– деді,– бəлкім, сөйткенім де жөн бе деймін, бірақ кешіккенімді
түсінем. Менің барлық капиталым – ертеректе шыққан ескі үлгіде, одан
құтылуым қиын енді. Жəне мен өз валютамнан басқаны мойындамаймын
да.
Ол осымен сөзін бітірген. Көз қарасы бетінен тайғанақтап барып,
көкшіл теңіздің сонау айдынына қарай ойысқан. Бойын тағы да
жабайылық, хайуандық сағыныш билегендей; денесінен болмашы діріл
білінеді. Өз ой-түйіндері оны есалаңдықтың ессіз шегіне жеткізгені сондай
– бірер сағаттан кейін ол əйтеуір бір есебін тауып, тағы да бір тағылық
көрсетуі əбден мүмкін еді. Есіме Чарли Фэрасет түскен: кез келген
материалисті жар басына жетелейтін осындай сағыныш қой, қасіретін
сағыныш қой деп ойладым.
ЖИЫРМА БЕСІНШІ ТАРАУ
Ертеңгілік ас үстінде Қорқау Ларсен маған:
– Сіз таңертеңнен бері палубаға шығып көрдіңіз бе?– деген сұраулы
пішінмен.– Ауа-райы қандай екен?
– Шайдай ашық,– дедім мен трап жақтағы тесіктен төгіле түсіп тұрған
күн сəулесіне көз салып.– Батыстан соққан аздаған жел бар. Бірақ Луистің
болжауына сенсек, бұл жел біртіндеп қатая түспек.
Капитан разы пішінде бас изеп қойды.
– Тұман түсуі мүмкін бе?
– Солтүстік пен солтүстік-батыс жақтан қою мұнар байқалады.
Бұны естігенде тіптен қуана түскендей басын қайта-қайта изей берді.
– "Македония" қалай?
– Əзірге еш жақтан қарасы көрінер емес.
Бұл сөз құлағына жақпады-ау деймін, беті тыржыңдап, езуі қисайып,
біртүрлі ұсқынсыз кейіп танытты. Бұнысы несі, деймін ішімнен, оған неге
сонша қам жеп отыр?
Бірақ артынша бəрі де белгілі болды. Палуба жақтан:
– Алдыңғы жақта түтін!– деген дауыс шыққаны сол капитанның жүзіне
қан ойнап шыға келген.
– Тамаша!– деді ол қуанып. Сосын орындығынан атып тұрып, палубаға
жылдам көтерілді де, өз кубриктерінде тамақ ішіп отырған аңшыларға
қарай тұра жүгірді.
Мод Брустер де, мен де аң-таң болып отырып қалдық. Алдымыздағы
тамақ жайына қалды. Құлағымыз қабырғаның арғы жағында, аңшылар
кубригінде күңгір-күңгір еткен капитанның даусында. Тоқталмай ұзақ
сөйлеген. Ақыр-соңында аңшылар оны бір ауыздан қолдаса керек, бəрі
көтеріңкі дауыспен жамырай дүр-дүр еткен. Қабырға біраз қалыңдау еді,
сондықтан оның не ұсыныс жасағанын дəл аңғара алмадық, бірақ
байқаймыз, ол аңшылардың құлағына аса бір жағымды бірдеме айтқан
секілді. Артынша дүрілдеген, гүрілдеген дауыстар басталып, көңілді күлкі
естілген.
Сəлден кейін палуба жақтан абыр-сабыр қимылдар, дабыр-дүбір сөздер
естіліп, матростардың шлюпкаларды шұғыл суға түсіргелі жатқаны
байқалды. Палубаға менімен бірге көтерілген Мод Брустерді мен ют
жанына қалдырдым да, оған барлық оқиғаны осы жерден бақылап тұруды
тапсырдым. Матростар да капитанның алдағы жоспарынан хабардар болып
үлгірсе керек, ерекше бір құлшыныспен іске кірісіп кеткен. Аңшылар оқдəрі толы жəшіктер мен бытыра мылтықтарды, сонымен қатар төтенше
жағдайда ғана қолданылатын винтовкаларды палубаға үйіп тастады. Олар
еш уақытта аңшылыққа винтовка пайдаланған емес-ті, өйткені алыстан
атқан оқтан өлген мысықтар шлюпкаға жеткенше суға батып кететін. Ал
бүгін суға түскен əркімнің қолында бір-бір винтовка кетіп бара жатты.
Олар қара түтіні будақтап, бізге біртіндеп жақындай түскен "Македонияға"
мəз бола қарап қояды.
Бес шлюпка суға бірден түсірілген. Олар табаны теңізге тиісімен бес
саусақтың бағытындай шашырай жылжып, тура солтүстікті бетке алды. Біз
алыстан қарап тұрмыз. Сырттай бақылаған адамға бəрі де күндегідей
секілді – кəдімгі аң аулауға бара жатқан қайықтар. Көп өтпей-ақ аңшылар
желкендерін түсіріп, атысқа кірісіп кеткен, сосын бір мезет желкендерін
қайта көтеріп, əдеттегідей алға жылжи берген. Ал "Македония" кешегі
шұғыл қимылдарын тағы да қайталауға кіріскені байқалды – теңізді "сүзіп"
алу үшін өз шлюпкаларын біраз алға оздырып жіберіп, біздің бағытымызға
көлденең қоя берген. Сөйтіп ол он төрт шлюпкасын біздің алдымыздағы
шалқар айдынға шашып тастасымен солтүстік-шығысқа қарай баяу жылжи
жөнеліп еді.
– Сіз не істемексіз?– дедім мен Қорқау Ларсенге.
– Оның сізге қатысы жоқ,– деп ол дүңк етті.– Кезінде білесіз. Ал əзірге
желдің қаттырақ соғуын тілеп тұра беріңіз.
– Дегенмен айтуға да болады,– деді ол сəл үнсіздіктен соң.– Ағамның өз
қылғанын өзіне қылайын деген ойымда бар. Қысқасын айтқанда, теңіз
бетін енді мен "сүзетін" боламын. Жəне бір бүгін ғана емес, аңшылық
маусым аяқталғанша. Əрине, сəтін салса.
– Ал салмаса?
– Олай болуы мүмкін емес,– деді ол күліп.– Біз қалайда ойымыздағыны
орындауға тиіспіз, əйтпесе құрығанымыз.
Ол жүргізу тұтқасында қалды да, мен өзім емдеп жатқан Нилсон мен
Магриджге кеттім. Нилсонның сынған аяғы қазір тəп-тəуір оңалып, өзін
жақсы сезіне бастаған,– кейде əзіл айтып, көңіл көтеріп те қояды. Ал кок
сары уайымға салынып алған, бұл байқұсты мен қазір шынымен аяйтын
болғам. Таң қаларлығы сол, тағдырдың қанша құқайын көргенмен ол əлі де
сіңіріне сүйеніп, тірі келе жатыр еді. Расында, тағдырдың оны аяған жері
бар ма: жыл өткен сайын жұлын құрттай жеп, тозақтың отына да, суына да
салып, ақыры апатқа ұшыраған кеменің қаңқасындай қып арса-арса етіп
тастаған түрі мынау – бірақ бəрібір тіршілік отын бойынан сөндіре
алмаған.
– Қазіргі уақытта аяққа жақсы протез жасау деген қиын емес қой. Əлі
сондай жасанды аяқ жасатып аласың да, жалғанды жалпағынан басатын
боласың,– деймін мен оған алдаусыратып.
Ол өте сабырлы, тіпті салтанатты түрде былай деді.
– Сіздің қандай жасанды аяқ туралы айтып отырғаныңызды мен қайдан
білейін, мистер Ван-Вейден, бірақ бір анық білетінім: ана хайуанның арам
қатқанын көрмей тұрып, мен армансыз өлмеймін. Қарғыс атсын оны! Жоқ,
ол менен кейін көз жұмуы мүмкін емес! Оның титтей де өмір сүруге
қақысы жоқ. Қасиетті кітапта былай деп жазылған: "Ал өмірімнің соңы
азаппен бітеді". Мен бұған мынаны қосқым келеді: "Айтқаныңыз келсін,
амин! Тек сол күнді тезірек жеткізе көр!"
Палубаға қайта келген кезімде Қорқау Ларсеннің бір қолымен
штурвалды бұрап, ал екінші қолына дүрбі ұстап, шлюпкалардың жүрген
жері мен "Македонияның" қозғалысын мұқият бақылап тұрғанын көрдім.
Өзім де сол жаққа көз салып едім, біздің қайықтар желдің ығына тығылып,
солтүстік-батысқа қарап сырғып барады екен, бірақ бұның мəнісін мəн
түсінгем жоқ, өйткені олардың алдыңғы жағында жүрген "Македонияның"
бес қайығы да жел ығына түскені байқалған. Өстіп олардың барлығы басқа
шлюпкалардан біртіндеп бөлініп, батысқа таман ығыса түскен. Біздің
шлюпкалар желкенмен қоса ескекті іске қосып еді; олардың
əрқайсысындағы үш жігіт үш жұп ескекті жылпылдата есіп, "дұшпандарға"
жылдам жетіп алды. Пароход түтіні сонау солтүстік-шығыс көк жиектен
тым алыстан бір тал суыртпақтай сыздықтап қана көрінеді; өз қарасы
мүлде өшкен.
Біз бұған дейін алға тым асықпай жылжып келе жатқанбыз,
желкендеріміз жартылай ғана желбіреп, айдын-шалқарда аққу-қардай
мамырлап, кейде тіпті су бетінде қыбырсыз қалқып тұрып алған да кезіміз
бар. Ал енді бəрі өзгерген. Шкоттар тартылып, Қорқау Ларсен кемені бар
жылдамдығына салған. Өз шлюпкаларымызды тез арада басып озып, көзді
ашып-жұмғанша "Македонияның" ең жақын шлюпкасына да тақай бердік.
Мен бұйрықты орындауға жүгіре жөнелдім; сосын бар-жоғы жүз футтай
ғана жердегі бір шлюпканың жел жағынан баяу сырғып бара жатып бомкливер ниралын тартып, байлап үлгердік. Шлюпкада отырған үш адам біз
жаққа күдіктене көз салған. Біздің қайықтардың алдын əлгінде ғана
"сыпырып-сиырып" кеткен осылар еді. Олар Қорқау Ларсенді бетпе-бет
көрмесе де, ол туралы естімеуі, білмеуі мүмкін емес-ті. Менің көзім қайық
тұмсығында отырған дəу тұлғалы аңшыға түскен. Тізесінде – винтовка. Дəл
қазір оны қолға алып отырудың еш қажеттігі жоқ-ты. Олармен қатарласа
бергенде, Қорқау Ларсен қол бұлғап, айқай салған.
– Келіңдер бері. "подрейфтейік!"
Кəсіптік шхуналарда "подрейфтейік" деген сөз бірден екі сөздің
мағынасын білдіретін: "танысайық", "əңгімелесейік" дейтін. Біркелкі
тірлік, бірқалыпты өмірден əбден жалыққан теңізшілер үшін бұл сөз қашан
да жағымды естілуші еді.
"Елес" тұмсығын желге беріп тұрды, мен бактегі өз жұмысымды бітіріп,
корм жақта гротпен арпалысып жатқан жігіттерге көмектесуге жүгірдім.
– Сіз палубада тұра тұрыңыз, мисс Брустер,– деді Қорқау Ларсен,
қонақтарды қарсы алғалы бара жатып.– Сіз де сол жерде болыңыз, мистер
Ван-Вейден.
Шлюпкадағы матростар желкендерін түсіріп, ескектерін баяу есіп,
шхуна бортына тақап келді. Жирен сақалды викингке ұқсас манағы дəу
тұлғалы аңшы планшир арқылы асылып, палубаға секіріп түсті.
Байқаймын, бүкіл қимыл-қозғалысында аса сақтық бар. Күмəн-күдік,
сенімсіздік бет-жүзінен де анық сезіледі. Қалың жирен сақалы тым сесті
көрінгенмен жалпы оң-шырайы ашаңдау сияқты. Ол капитаннан кейін мен
жаққа көз салған да, палуба үстінде бізден басқа ешкімді көрмеген соң,
"бұл екеуі маған не қылады" дегендей маңғаздана қалған. Шындығында,
дəл ол қорқатындай дəнеңе жоқ еді: біз оның жанында ергежейлі
сияқтымыз – мені қойшы, Қорқау Ларсеннің өзімен салыстырғанда, ол
Голпафтай еді. Бойының ұзындығы кемінде алты фут, сегіз дюймдай боп
қалар, ал салмағы тура екі жүз қырық фут екен (мен оны кейін білгем).
Жəне бір түйір майы жоқ, тек бұлтылдаған бұлшық ет пен сүйек қана.
Бірақ Қорқау Ларсен трапта тоқтап тұрып, оны төмендегі каюткомпанияға шақырған кезде, ол тағы да əлденеден секем алғандай,
маңайына алақтай қарап тұрып қалған. Алайда капитанның бас-аяғына
жəне бір көз жүгіртіп өткен соң аяғын батыл басып жүре берді: Қорқау
Ларсен əдетте көп адамнан ірі көрінгенмен мынаның қасында ергежейлідей
ғана боп қалған. Аңшы көңіліне осыны медет етсе керек, Қорқаудың
алдында қойқаң-қойқаң етіп бара жатты. Бұл мезетте екі ескекшіні ескі
дəстүр бойынша бакке – матростарға қонаққа жөнелткен.
Кенет кают-компания жақтан арыстанның ақырғанындай ащы дауыс пен
жанталаса айқастың арыс-гүріс дыбысы естілген. Бұл арыстан мен
леопардтың айқасы еді: леопард – Ларсен арыстанға атой салған, арыстан
ақырып шыға келген.
– Міне, біздің қонақты сыйлау салтымыз,– дедім мен Мод Брустерге
мойын бұрып.
Сезіп тұрмын дегендей ол бас изеді – бетінен қиналыс нышаны
жыбырлап шыға келген; бұл кемеден алған рет осындай ұрып-соғуды
көргенде, өзімнің де осындай қиналғаным есіме түсіп еді.
– Мына сұмдық біткенше əрірек кетіп қалғаныңыз жөн бе еді,
болмағанда ана бак жаққа,– дедім мен тағы.
Бірақ ол маған аянышты жүзбен қарап, бас шайқап қойды. Мына
кемедегі тағылықтың тағы бір көрінісіне оның таңғалғаны рас-ты,
дегенмен өңінен тым үрей табы сезілмеген.
– Өтінем, мені түсініңізші,– дедім мен ыңғайлы сəтті пайдаланып.– Егер
біз осы жерден тірі шыққымыз келсе, мына қазір болып жатқан, алда да əлі
талай болатын осындай оқиғалардың кез-келгенінде мен бұдан басқадай
роль ойнауға тиіс емеспін... Əрине, маған да оңай емес,– деп, жəне қосып
қойдым.
– Түсінем сізді,– деді ол. Даусы алыстан шыққандай құмыға естілді,
бірақ мені шын түсінетінін көз жанары да байқатып тұр еді.
Төменде бəрі тып-тыныш бола қалды да, артынша Қорқау Ларсен
палубаға көтерілген. Күнге күйген қара торы жүзі аздап қызара қалыпты,
бірақ сырылған-жырылған еш жері көрінбеді.
– Ана екеуін маған жіберіңіз, мистер Ван-Вейден,– деді ол.
Мен айтқанды орындадым, бірер минуттан кейін олар капитанның
алдында тұрды.
– Шлюпкаларыңызды көтеріңіздер,– деді ол, мен шақырып келген екі
матросқа.– Аңшыларыңыз мұнда аздап кідіре тұруды жөн көріп отыр,
сосын былай... басының бостан-босқа бортқа соғылуын да қаламаған
секілді... Шлюпканы көтеріңдер деп тұрмын сендерге!– деді ол қаттырақ
қайталап, өйткені олар не істесек екен деп ойланыңқырап қалып еді.
– Кім білсін, мүмкін сіздерге менімен біраз сапарлас болуға да тура
келер,– деді ол сөзін одан əрі жалғастырып, бұл уақытта матростар оның
бұйрығын батылсыздау болса да орындауға кіріскен.– Сондықтан сіздермен
таныспай жатып келіспей қалмайық. Ол үшін жылдамырақ қимылдау
керек. Əй, не деп тұрмын сендерге! Жылдам дедім ғой, жылдам!
Оның айқайынан кейін екі матрос дызақ қақты. Шлюпканы палубаға
шығарып алған соң мен кливерді көтеру туралы шұғыл бұйрық алдым.
Қорқау Ларсен бірден штурвалға тұрып, "Македонияның" жел жақта
жүрген екінші шлюпкасына қарай, "Елесті" екпіндете салған.
Мен желкен жұмыстарын бітіріп, шлюпкаларды шола бастадым.
"Македонияның" үшінші шлюпкасына – біздің екі шлюпка, төртіншісіне –
біздің қалған үш шлюпка шабуыл жасап, жабыла кетті, ал бесінші шұғыл
бұрылып алып, көрші шлюпкаға көмекке ұмтылды. Олар бір-бірін алыс
қашықтан атқылап жатыр еді, сондықтан винтовкалардың бытырлаған
дыбысы бізге құмыға жетіп тұрды. Теңіз бетін желдің екпіні оқтарды
нысанадан қайта-қайта тайқытып, бірде ана толқынның, бірде мына
толқынның үстіне шолп-шолп түсіріп жатқаны байқалады.
Біз соңынан қуған шлюпка жел ығына түсіп алып, бұлталақтай қашқан
қалпы қалайда бізден жалтарып кетуге ұмтылған. Желкендермен əуре боп
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 15
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.