Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 12

Total number of words is 4166
Total number of unique words is 2015
36.8 of words are in the 2000 most common words
51.8 of words are in the 5000 most common words
59.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тигізбеймін деп уəде берсем, сіз мені өлтіру райыңыздан қайтасыз ғой, ə?
Тек мені қорықты деп ойламаңыз, иə, но, ондай ойдан аулақ болыңыз.
Мен өз құлағыма сенер-сенбесімді білмей қалдым,– бұның тағы не
істейін деген ойы бар екен?
– Иə, қалай, келісесіз бе?– деді ол шыдамсыздана.
– Келісем.
Ол маған қолын ұсынды, ал мен оны қаттырақ қыстым, бірақ көзіне
көзім түскенде жүрегім біртүрлі боп кетті: ойнақшыған жанардан əлдебір
мысқыл ұшқыны білініп еді.
Біз юттың жел жақ ығына шыққанбыз. Шлюпка тым таяу жерде еді, мен
онда отырғандардың қимылынан шын мəніндегі жанкештілікті байқадым.
Джонсон жүргізу тұтқасына таскенедей жабысып алған, ал Лич қайыққа
толған суды төгіп əуре. Оларға қарағанда біздің жылдамдығымыз екі есе
еді. Қорқау Ларсен жүргізушіге біршама шетке ығыс деген белгі берді де,
біз шлюпканың жел жағын ала жиырма футтай қашықтап кеттік. Бұл –
қайыққа барар желдің жолын жауып тастаудың амалы еді. "Елес"санаулы
минуттан соң бұл мақсатына тамаша жеткен: қайық жылдамдығы бəсеңдеп,
желкені бүрісіп, тасбақадай тырбаңдады да қалды. Сосын арада бірер
минут өткенде бізді үлкен бір толқын сыртқа қарай ала қашты да, шлюпка
төменде қалып қойды.
Осы бір сəтте Лич пен Джонсон борт жақтауында үймелеп тұрған
достарына көз салған, бірақ шхуна жақтан ешкім оларға ыммен болсын не
сəлем, не тілеулестік білдіре алмады. Команда үшін олар тірілер қатарында
жоқ-ты, қайық пен шхуна арасы бізге енді өлім мен өмір арасын бөліп
жатқан қылкөпірдей көрінген.
Көзді ашып-жұмғанша олар Қорқау Ларсен екеуіміз тұрған юттың
алдынан жарқ ете қалды. Бұл сəтте шхуна төмен құлдилап, ал шлюпка
керісінше толқын үстіне шығып кетіп еді. Джонсон маған көз салған – беті
мыж-тыж болып, көзі аларып кеткен екен. Мен оған қол бұлғадым, ол да
маған солай жауап қайтарды. Бірақ бұнысы жай ғана жауап емес – қасіретке
толы жай-күйінің хабары, менімен қимай қоштасқанының белгісі болатын.
Мүмкін мəңгіге қоштасқанының... Ал Лич екеуіміз бір-бірімізге көз салып
та үлгермедік, ол тек Қорқау Ларсенге қарап, аузы-басын қисайта берген.
Тағы бір мезетте шлюпка кормның артынан шыға келіп еді. Сол сəтте-ақ
желкені желге толып, бір жағына қарай бірден аударылып кете жаздады.
Таудай толқынның бұрқырай көтерілген жалы қайық үстіне төніп келіп,
ақкөбігін ақтара төге салды. Сосын жартылай суға батқан қайық қайқаң
етіп шыға келді. Лич жылдам қайта қимылдап, суды сыртқа төге бастаған
да, ал Джонсон жалма-жан артқы ескекке жармасқан.
Қорқау Ларсен құдды құлақ түбімнен үрген иттей қарқ-қарқ күліп,
юттың жел жағына шығып кетті. Мен оны кемені тоқтататын шығар деп
едім, алайда шхуна алға қарай жүйтки берді, ал капитаннан ешқандай
бұйрық болған жоқ. Штурвалдағы Луис те міз бағар емес, тек тұмсық
жақта топтанып тұрған матростар ғана мыналардың не істемек ойы бар
дегендей бізге аңтарыла қараған. "Елес" болса екпіндетіп алға сілтеп
барады, ал артта қайық қалт-құлт етіп қалып барады. Сөйтіп бірнеше миль
ұзап кеткен соң – қайықтың əзер-əзер қарасы ғана көрінген кезде –
матростар шұғыл оң галске бұрылуға бұйрық алған.
Біз жел ығына түсіп, толқындармен арпалысып келе жатқан қайық жаққа
қайта бет түзегеміз, бірақ оған екі мильдей қалғанда, бом-кливерді түсіріп,
кемені дрейфке жатқызу жөнінде жаңа бұйрық түскен-ді. Кəсіптік қайықтар
желге қарай жалтара жүзу тəсіліне икемсіз еді.
Барлық есеп мынаған құрылған: теңіз бетінде олар жел жақта жүреді де,
жел күшейген кезде ығып келіп, шхуна бауырына өздері тығылады. Ал
қазір жағдай басқаша, сондықтан Лич пен Джонсон желге қарсы бар
күштерін салып, қалайда "Елес" аясынан пана тапқысы келген. Мынадай
толқындар үстінде олар алға əзер-əзер жылжып келе жатты. Əрбір минут
сайын оларды аузын арандай ашқан ажал күтіп тұр еді. Ақ көбігін аспанға
атып, дөңбекше домалаған толқындар қайықты бірде олай, бірде былай
лақтырады.
Бірақ Джонсон талайды көрген теңіз тарланы еді, кіп-кішкентай
шлюпканы ол шхунадан кем басқармаған. Бір жарым сағаттай өткенде, ол
бізбен тіпті қатарласып алып, келесі галс кезінде шхунаға жанасып алам
деген есеппен кеме кормын айналшықтай берген.
– Ə, сендер тəубаларыңды үйірген екенсіңдер ғой?– деген Қорқау
Ларсеннің даусын естідім. Бұны ол, құдды еститіндей-ақ, қайықтағыларға
қаратып айтып тұр ма, əлде өзінше міңгірлегені ме – білмедім.– Сендер
шхунаға қайта келгілерің келеді, ə? Несі бар, келіңдер, келіңдер!
– Штурвалды жел ығына қарай бұр!– деп бұйырды ол, жаңа ғана Луисті
ауыстырған Уфти-Уфтиге.
Бір бұйрықтан соң бір бұйрық беріледі. Палуба үсті тағы да абыр-сабыр
əбігерге толып кеткен. Фок босатылды. Грот-шкот та еркіне жіберілді.
Сосын Джонсон бізге жүз мильдей ғана жақын қалған кезде, шхуна
толқыннан толқынға секіріп, ор қояндай ойнақтап, жел ығымен желдірте
зулай жөнелді. Қорқау Ларсен тағы да қарқ-қарқ күліп, ал жетіп алыңдар
дегендей шлюпкаға қол бұлғаған. Бұл ойынның сыры белгілі, капитан
қашқындарды ұрып-соғып əуре болғанша, өстіп қинап көрейін деген шығар
деп ойладым мен. Бірақ бұл өте қауіпті ойын болатын, шлюпканың кез
келген сəтте құрдымға кетуі оп-оңай еді.
Джонсон шлюпканы шұғыл бұрып, біздің ізімізге түскен. Бұдан
басқадай оның амалы да жоқ-ты. Ажал оларға жан-жақтан анталап тұр еді.
Ерте ме, кеш пе, үлкен толқындардың бірі қайықты қаңбақтай лақтырып,
үстінен басып өте шығары сөзсіз. Сонымен бітті дей бер.
– Байқайсыз ба, мыналар ажал тырнағына ілініп те қалды-ау,– деді Луис
маған сыбырлап, мен оған бом-кливер мен стаксельді жинап алуға бұйрық
берейін деп келген кезде.
– Жо-жок, қазір ол кемені тоқтатады да, оларды жинап алады,– дедім
мен сенімді.– Біраз жөнге салып алайын дегені де бұнысы.
Луис маған таңдана қарады.
– Сіз солай деп ойлайсыз ба?
– Əрине,– дедім мен.– Ал сіз ше?
Ал мен қазір бір-ақ дүниені ойлаймын – өзімнің бас амандығымды
ғана,– деді ол.– Мен ештемеге таңданбаймын. Мына кемеден бəрін де
күтуге болады. Фрискода артығырақ ішіп жіберген бір стакан арақтың
арқасында міне қаншама хикаяны бастан кешіп келемін. Ой-ой, қайсыбірін
айтарсың!.. Ал сіз де енді сау басыңызға сақина тауып алдыңыз. Ана
бикештің арқасында... Мен ештеме сезбейді деп ойлайсыз ба! Ой, талайын
көрдік қой, білмейтініміз биттің астында.
– Бұнымен не айтқыңыз келеді?– дедім мен асығыс, өйткені ол сөздің
басын қылтитып алып, сосын үнсіз жүре беріп еді.
– Мен не айта алам?– деді ол.– Бұл дəл сіз қоятын сұрақ та емес қой.
Менің айтқанымнан келіп-кетер не бар, бəрін шешетін Қорқаудың айтқаны
да. Иə, Қорқаудың, қасқырдың!..
– Бірдеме бола қалса, сіз мен жаққа шығар ма едіңіз?– деген сөз еріксіз
аузымнан шығып кеткен. Себебі, оның əлгінде айтқан сөзі маған əлдебір
жаманшылықтан хабар бергендей еді.
– Сіздің жағыңызға?.. Жо-жоқ, мен қай уақытта да бір-ақ адамның
жағындамын. Ол – мына алдыңызда тұрған кəрі Луис болады.
– Сізді мұндай қорқақ деп ойлаған жоқ едім,– дедім мен оны кінəлап.
Ол маған жаратпай қарап қойды.
– Егер мен кеше ғана бірге жүрген ана есуастар үшін де қыңқ етпеген
болсам,– деді ол көз ұшында қараңдап қалып бара жатқан қайық жаққа иек
көтеріп,– сонда мен өмірі бір көрмеген қайдағы бір бикешке бола бас
жарғысы келеді деп ойлайсыз ба?
Одан көңілім қатты қалған мен теріс бұрылып жүріп кеттім.
– Мистер Ван-Вейден, топсельді алып тастаңыз,– деді Қорқау Ларсен
мен ютқа көтерілген кезде.
Бұл бұйрықты естіген сəтте қашқындар үшін алабұртқан көңілім сəл
басылайын деген. Капитанның олардан тым ұзап кеткісі келмегені белгілі
болды. Бұл ой менің көңілімді сергітіп, нұсқауды жылдам орындауға
тырыстым. Сосын бұйрық беріп үлгіргенімше матростардың бірі фалға,
бірі ниралға ұмтылса, енді бірі ванттардың бойымен биікке қарай өрмелей
жөнелген. Қорқау Ларсен олардың ширақ қимылына риза болып тұрып,
түнере жымиып қойды. Ал шхуна мен шлюпканың арасы бəрібір алыстай
берді, тек шлюпка бірнеше миль артта қалып қойған кезде ғана біз кемені
дрейфке жатқызып, оны күте тұрдық. Борттағының бəрі қайықтың
жақындай түсуін мазасыздана күткен. Тек Қорқау Ларсеннің түрі ғана сыр
берер емес, баяғы сызданған қалпы. Тіпті алысқа сүзіле қарап тұрған
Луистің өңінен де əлдебір қобалжу сезіліп еді, онысын ол жасыра да
алмаған.
Уақыт өткен сайын шлюпка жақындай берді, жақындай берді,– көкбұйра
толқындардың үстінде секіріп-ыршып, секіріп-ыршып жылжып келе
жатқан бейне бір тірі жəндік секілді, кейде қалбаң қағып толқынның үстіне
шыға келеді, кейде бүлк етіп төмен түсіп кетеді. Оның əрбір қайта көрінуі
ақылға сыймайтын дүние секілді; əй осы жолы құрдымға кеткен шығар деп
ойлайсың, жоқ, артынша қараң етіп қайта көрінеді. Неткен жаны сірі
десеңші! Өстіп жүріп ол кемемен құйрық тістесіп те қалып еді. Осы арада
жаңбырлы дауыл бұрқырап қоя берді де, кенет ақ мұнардың арасынан, тура
өкпе тұсымыздан – шлюпка сопаң етіп шыға келді.
– Рульді бортқа!– деп Қорқау Ларсен барқ ете түсті, сосын шыдамыздана
штурвалға өзі тұрып, оны шалт бұрып жіберді.
"Елес" тағы да аңқылдап алға ұмтылды. Желмен ұшып, желдей есіп
барады. Қайық болса соңында. Жетсем деген үмітте. Осы үміттің жетегімен
ол шхуна соңынан жəне екі сағаттай сүмеңдеген. Бірнеше мильден кейін
тағы да оны күтіп алдық, бірақ жете берген кезде қайта қаша жөнелдік: осы
уақыттың бəрінде бір жапырақ желкен бірде корм артында қалбаңдап, бірде
толқын үстінде жалбаңдап, енді бірде түпсіз тереңге құлдырап, əйтеуір
өмір мен өлім арасында қалтылдады да отырды. Сосын азынай соққан
кезекті бір желдің тегеуріні теңіз апшысын қуырып, су бетін тулақтай
қағып, айрандай сапыра бастаған кезде, əлгі қалтылдаған жалғыз желкеннің
сұлбасы бізден небəрі төрт-ақ миль жерден қарауытып еді. Бұл оның ең
соңғы рет көрінгені екен,– бұдан соң ізім-қайым жоғалған. Артынша жел
бұлттарды тықсыра қуып əкетті де, аспан шайдай ашылып шыға келді.
Теңіз беті де айнадай жарқырап жатты, бірақ көз жетер жердегі көкшіл
айдын бетінен бір түйір қара көрінбеген. Сол бір түйір қарамен бірге
Джонсон мен Личтің де мəңгіге жоғалғанын біз бəріміз сезіп тұрдық.
Команда палуба үстінде əлі де ұйлығып тұр еді. Ешкімнің төменге
түскісі келмеген, ешкім бір ауыз сөз тіл қатпаған. Олардың бір-біріне
қарауға да дəттері жетер емес. Бəрі естен танып, мəңгіріп қалған секілді.
Дегенмен Қорқау Ларсен оларды бұл қалпында ұзақ қалдырған жоқ, ол
кемені бірден жолға салуды бұйырған, бірақ Иокогамаға емес, теңіз
мысықтарының үйіріне. Матростар бірінен соң бірі іске кірісе бастады.
Ендігі қимылдары тым сылбыр, тым баяу. Құдды өлікті соңғы сапарға
шығарып салып жатқандай – түрлері түнеріп, қабақтары салбырап кеткен.
Ал аңшылардың жайы басқаша. Өмірі езу жимай жүретін Смок қазірдің
өзінде бір қызық хикаяны бастап жіберіп, оған қалғандары мəз болып,
қарқ-қарқ күлген күйде кубриктеріне түсіп бара жатты.
Кормге беттеп бара жатып, кешегі құтқарып алған механикке жолығып
қалдым: өңі боздай бозарып тұр екен:
– Құдай сақтай гөр! Біз қандай кемеге тап болғанбыз, сэр,– деді ол көзі
алақтап.
– Өзіңіз де көріп тұрсыз ғой, соқыр емессіз,– дедім мен дөрекілеу, дəл
осы мезетте менен бір сыпайы сөз шығу мүмкін емес-ті.
– Сіздің маған берген уəдеңіз қайда?– дедім сосын Қорқау Ларсенге
бұрылып.
– Мен сізге оларды бортқа алам деп қашан уəде бердім,– деді ол
мізбақпастан.– "Оларға саусағымның ұшын да тигізбеймін" дегем.
Дегенімді орындадым. Енді маған не қыл дейсіз.
Сосын ыржия күліп тұрып:
– Иə, иə, мен оларға саусағымның ұшын да тигізгем жоқ,– деді тағы да.
Мен үндегем жоқ. Үндейтіндей аузыма сөз түсетін жағдайда емес едім.
Бойымды да, ойымды да жинақтап алуым керек-ті. Төменде қанненқаперсіз ұйықтап жатқан əйел алдындағы жауапкершілігімді сезіндім де,
мынадай ойға бекідім: егер оған шын көмектескім келсе, асығыстықтан
аулақ болғаным жөн.
ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ
Күн ешбір қырсықсыз, жаңалықсыз мамыражай өтті. Жеңіл жаңбыр
"желбезегімді ғана дымдап" өте шыққан. Қорқау Ларсеннің жұдырығын
біраз иіскеп алғаннан кейін механик пен майлаушы амалсыз біздің шхунаға
қызмет ететін болды: бір-екеуін аңшы ретінде шлюпкаға, қалғанын күзетке
бөліп жіберді. Қоймадан оларға ескі-құсқы киім де табылды. Сонымен
"жазған құлда жазық жоқ", олар сүйретіліп бактегі кубрикке түсіп кетті.
Əрине, қарсыласуға дəрмен жоқ, Қорқау Ларсеннің кім екенін олар
алғашқы күні-ақ жақсы біліп қалған.
Мисс Брустер – біз оның аты-жөнін механиктен біліп алғанбыз – тым
ұзақ ұйықтап еді. Оны оятып алмау үшін кешкі ас үстінде мен аңшыларға
ақырын сөйлеуді өтінгем. Ол өз каютасынан тек ертеңінде таңертең ғана
шыққан. Мен оны жеке жерге отырғызып тамақтандырғым келіп еді, бұған
Қорқау Ларсен бірден қарсы болды.
– Əспенсінетін кім ол сондай,– деді ол қабақ тыржитып.– Көптен ешкім
артық емес.
Үстел басына əйел затының келуі əркімге əрқалай əсер еткен. Тіпті күлкі
шақыратын көрініс те байқалып еді. Əлгінде ғана гу-гу етіп отырған
аңшылар енді тамақтарына тас тұрып қалғандай ауыздарын ашып аңқиды
да қалды. Тек Джон Хорнер мен Смок қана аса əбіржіген сыңай танытқан
жоқ: тіпті сəті келсе оны сөзге де тартқысы келген. Ал қалған төртеуі
алдарындағы астан бас көтермей, ауыздарын асықпай малжаңдатты да
отырды – құдды құлақтарын жымып алып жем жеп жатқан жылқы секілді.
Қорқау Ларсен алғашында сөзге тиіп-қашып қана араласып отырды.
Бұнысы қысылғаны емес-ті. Ол үшін мисс Брустер – мүлде бейтаныс, жаны
жұмбақ, табиғаты бөлек, өткені құпия жан еді. Сондықтан оны алдымен
дұрыстап, зерттеп алғысы келіп, əр қимылын қалт жібермей бақылап, əр
сөзіне мəн беріп, тесірейді де отырды. Менің де бүкіл назарым оған ауған,
бірақ неге екені белгісіз, осы ортада сөзге жан беріп отырған жалғыз өзім
болсам да, əлденеге дегбірім қашып, қарадай қысыла бердім. Қорқау
Ларсен керісінше өзін тым еркін сезінген. Оның мисс Брустерге қадалған
көкшіл көзінен "əйел болсаң қайтейін, мен бəрібір сенің алдында өбектеп
тұра алмаймын" деген сыңай байқалып еді. Оған əйел не, біз не, долдана
соққан дауыл не – бəрібір сияқты.
– Иокогамада қашан боламыз?– деді əйел кенет, капитанның бетіне тура
қарап.
Бұл сұрақтың астарында ештеме жоқ-ты. Бірақ... ешкім күтпеген оғаш
бірдеме айтылғандай жаңа ғана алдарындағы тəрелкеге тұқырайып алып
малжаң-малжаң етіп отырған ауыздар, жыбыр-жыбыр еткен құлақтар сап
тиыла қалған. Капитан бұған не дер екен деп бəрі тағатсыз күтіп еді.
– Егер аңшылық маусым тезірек бітсе, үш-ақ күнде, əйтпесе үш айда,–
деді капитан.
Əйелдің түрі бұзылып кетті. Сосын сенімсіз дауыспен:
– Ал мен ойлап едім...– деді кібіртіктеп.– Маған Иокогамаға дейін бір-ақ
күндік жол дегендей еді.– Ол тəрелкелерге еңкейген қалпы тастай қатып
қалған бастарға жабырқай көз салып өтті. Сіз... сіздің бұлай істеуге
қақыңыз жоқ қой.
– Бұл мəселе жөнінде сіз мистер Ван-Вейденмен кеңескенініз жөн,– деп,
капитан мен жаққа мысқылмен иек қағып қойды.– Қақ, құқық деген
мəселелердің маманы осы кісі. Ал мен қарапайым теңізші ретінде тек өз
ісімді ғана білемін. Сізге мүмкін мұнда қалу тым өкінішті шығар, ал біз
үшін зор қуаныш.
Капитан əйелге жымия қарады, ол ыңғайсызданып назарын төмен
салды, бірақ сол сəтте-ақ жанарын маған бұрып, ал сіз не дейсіз дегенді
білдіріп еді. Мен не дейін, олай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз
өледі, үндемей құтылуды жөн көрдім. Алайда əйел шыдамады білем, маған
көзін қадап тұрып:
– Айтсаңызшы, бұған сіз не дейсіз?– деді ақыры.
– Сіздің қазіргі жағдайыңыз қиындау боп тұр,– дедім мен.– Егер сіз
жапон жағалауларына тек денсаулығыңыз үшін сапар шеккен болсаңыз,
онда сіз іздегеніңізді осы кемеден-ақ табатыныңызға толық сенім білдіре
аламын.
Оның бет жүзінен қатты қапаланғаны білінді. Менің маңдайымнан тер
бұрқ ете түсті. Бетім де күйіп-жанып шыға келген. Ұяттан жерге кірген
жерім осы еді. Қорқақтық деген неткен қорлық десеңші! Бірақ амалым
қайсы.
– Иə, тек мистер Ван-Вейденге ғана сенуіңізге болады,– деп Қорқау
Ларсен өзінше күлген болды.
Мен бас изеп қойдым, ал мисс Брустер бұл сəтте өзіне-өзі келіп, əліптің
артын баға бастаған.
– Бірақ сіз мистер Ван-Вейденді туа бітті осындай атпал жігіт екен деп
ойламаңыз,– деді Қорқау Ларсен сөзін жалғастырып.– Сіз бұның бізге
алғаш келген кезін көрсеңіз ғой, не еркек емес, не əйел емес, болбыраған
бір бейшара еді. Ал қазір өзгерген, о-о, керемет өзгерген! Солай емес пе,
Керфут?
Күтпеген сұрақтан оның есі шығып кеткені сондай, қолындағы пышағын
жерге түсіріп алып, мұрын астынан мыңқ етті де қойды.
– Картоп тазалап, ыдыс-аяқ жуғаны бұны шынықтыра түсті емес пе,
Керфут? Солай ғой?
Керфут тағы да мұрын астынан міңгірледі де қойды.
– Ал енді қазір қараңыз бұған. Əрине, тепсе темір үзеді деп айта
алмайсыз, бірақ дегенмен бұлшық еттерінің біраз өсе түскені анық. Бұрын
бұлшық етті қойып, жай етінің өзі қамырдай болбырап тұр еді. Бұның екі
аяғынан тік тұрғаны да осы соңғы кезде ғана, əйтпесе екі аттам жерге өз
бетімен жүре алмайтын бейшара еді ғой.
Аңшылар жырқ-жырқ күлді. Мен ызадан булыға түстім. Бірақ қыздың
оны тыңдап қайтесіз дегендей жылы көзқарасы жаныма сəл демеу
болғандай болды. Шындығын айтқанда, мұндай түсіністікке толы пейілді
мен көрмегелі қай заман, сондықтан да болар, жүрегім біртүрлі шымырлап
қоя берді. Бірақ Қорқау Ларсенге деген ызам кеудемде тас боп қатып
қалған. Ол: сені адам қылып, екі аяғынан тұрғызған – мына менмін, сол
үшін де маған қарыздарсың дегенді тілінің бүкіл уытымен мені қорлай
отырып жеткізіп еді.
– Иə, екі аяқтан тік тұруды сізден үйренгенім рас шығар, бірақ
адамдарды айуанша тепкілеуді əлі үйрене алмай жүрмін,– дедім мен.
– Демек біз сізді əлі толық тəрбиелей алмай жүр екенбіз,– деді ол
ызғарлы. Сосын мисс Брустерге бұрылып:– Негізінен бұл кеменің
адамдары өте қонақжай келеді. Бұған мистер Ван-Вейденнің көзі
əлдеқашан жеткен. Біз мұнда тап болған адамдардың бəрі өз үйіндегідей
сезіну үшін барлық жағдайды жасаймыз. Осы сөзім өтірік пе, мистер ВанВейден?
– Иə, тіпті картоп тазалатып, ыдыс-аяқ жуғызуды да ұмытпайсыздар...
Тым жақсы көрген кезде алқымнан қысып, ауыздан ұрғанды айтпаған
күннің өзінде...
– Сіз мистер Ван-Вейденнің осы сөзіне қарап біздің кеме жөнінде
басқаша ойлап қалуыңыз мүмкін,– деді ол менің сөзімді бөліп.– Байқайсыз
ба, мисс Брустер, бұл кісі, əнеки, беліне қанжар байлап алған, ал мұндай
қылық капитан көмекшісі үшін мүлде жараспайтын тірлік. Жалпы
айтқанда, мистер Ван-Вейден қай жағынан да сыйлауға тұрарлық жігіт,
бірақ кейде... қалай айтсам екен... былай, қызбаланып кететіні бар. Сондай
кезде аздап сыбағасын алып тұрады. Ал қазіргідей сабырлы сəттерінде
бұдан өткен ақылды да əділетті адамды табу қиын. Дегенмен... кеше ғана
мені өлтірем деп қорқытқанын өзі де мойындайтын болар.
Мен ашу-ызадан жарылып кете жаздадым. Тегі көзім қызарып шыға
келген болу керек, соны байқап қалған Қорқау Ларсен:
– Əне, қараңызшы, бұл тіпті сіздің алдыңызда өзін əрең ұстап тұр.
Əрине, көптен бері əйелдер ортасында болмаған ғой. Жоқ, менің де
қаруланып алғаным жөн шығар, əйтпесе бұнымен палубаға бірге шығу
қауіпті секілді ме, қалай.
– Өкінішті, өкінішті!– деді ол аз үнсіздіктен соң.– Маған да жан керек.
Аңшылар көздерінен жас аққанша күлді. Теңіз желі тамақтарын
құрғатып, əбден қарлығып қалған осы адамдардың даусы бір түрлі жабайы,
əрі қорқынышты көрінген. Ғайыптан бізге сағыныш боп жолыққан
алдымыздағы əйелге қарап отырып, мен алғаш рет өзімнің де осындай
ортадан алыс кетпегенімді сезіндім, не десем де, қалай ойласам да, мен де
солардың бірі едім, солар сүріп жатқан өмір маған да тəн еді, ол –
өзгелердің бəріне ортақ теңіздік кəсіпке бейімделген өмір болатын. Мына
үстімдегі алба-жұлба киімдер, мына тотығып, жарылып, күреңітіп кеткен
беттер, осы қыр-қыр еткен жабайы күлкілер маған қалай жат боп көрінбесе,
бұл кешіп жатқан өмір-тірлігім де жаныма солай жақын боп кеткен.
Нанға май жағып жатып көзім бір сəт қолдарыма түсіп еді. Буындарым
жарылып-жарылып, терісі қанталап тұр. Саусақтарым добалдай боп ісіп
кеткен. Тырнақтарым қап-қара кір. Айнаға қарамасам да сезіп тұрмын:
сақалым өскен, күртемнің жеңі жыртылған, көйлегімнің алқымдық түймесі
жоқ. Қорқау Ларсен айтқан қанжарым белімде салбырап тұр. Бұған дейін
осының бəрінің ешқандай оғаштығы жоқ сияқты еді, ал енді қазір мисс
Брустердің көзімен қарап тұрып, өзімнің де, басқалардың да қандай
жабайы, тұрпайы көрінетінімізді сезгенмін.
Ол Қорқау Ларсеннің сөз астарынан уытты мысқылды сезіп, маған тағы
да жанашырлық пен жылы көз салып өткен. Осы мезетте мен оның
əлденеге əбіржіп отырғанын да байқап қалдым. Тегі Қорқау Ларсеннің
мазаққа толы сөзі оны да ойландырып тастаса керек.
– Мүмкін мені жолай кезіккен кемелердің бірі ала кетер,– деді ол бір
жіңішке үмітпен.
– Сіз бұл жерден аңшылар кемесінен басқа ешбір кемені кезіктіре
алмайсыз,– деп, Қорқау Ларсен кесіп тастады.
– Көріп отырсыз, менің үстімде жылы киім де жоқ, өзіме қажетті басқа
заттар да керек,– деді ол.– Сіз менің əйел адам екенімді, сіздер сияқты
көшіп-қонып жүре беруге жағдайымның келмейтінін ұмытпағаныңыз жөн.
– Мұндай өмір сүруге неғұрлым тезірек үйреніп алсаңыз, соғұрлым
өзіңізге жақсы болады,– деп жауап берді оған Қорқау Ларсен.– Мен сізге
ине, жіп, шүберек, бəрін тауып беремін. Содан өзіңізге бір-екі көйлек тігіп
алуыңызға болады.
Ондай іс қолымнан келмейді дегендей əйел кекесін езу тартып қойды.
Байқаймын, оның бүкіл амалы таусылып, енді не істерін білмей естен
танып отырған секілді.
– Менің шамалауымша, сіз де мына мистер Ван-Вейден сияқты өмірі өз
қолыңызбен шала басын ысырмаған адам секілдісіз. Яғни бəрін сізге
біреулер істеп берген. Ал енді, амал жоқ, өзіңіз үшін өзіңіз қимылдауға тура
келеді. Одан саусағыңыз сынып қалмайды. Айтпақшы, осы уақытқа дейін
өз наныңызды қалай тауып жедіңіз?
– Сізді ренжітейін деген ойым жоқ, алайда мына шындықты айтпай тұра
алмаймын: адамдар өмір сүруі үшін тамақ ішіп, киім киюі керек, оны
əйтеуір бірдеме істеп табуы керек. Мəселен, мыналар теңіз мысығын
аулайды, мен өз шхунамды басқарам, ал мистср Ван-Вейден маған көмекші
болып, өз нəпақасын табады. Ал сіз немен айналысасыз?
Əйел иығын қиқаң еткізді.
– Иə, сіз өзіңізді немен асырайсыз? Əлде бəрін біреулер аузыңызға
салып бере ме?
– Менің көпке дейін басқалардың мойнында болғаным рас,– деді əйел
күліп. Даусынан капитанға еліктей сөйлегені байқалды, бірақ оған қадаған
көзінен белгісіз бір үрей ұшқыны да жылтырай қалып еді.
– Төсек-орныңызды да солардың салып бергені рас қой?
– Оны өзім істеген кезім де көп болған.
– Күн сайын?
Əйел өкінішті сыңайда бас шайқап, жымия күлген болды.
– Ал сіз білесіз бе, Құрама Штаттарда мына сіз сияқты өз нанын тауып
жегісі келмейтін кезбелерге не істейтінін?
– Мен түктен хабары жоқ адаммын,– деді əйел жорта надансып.– Иə,
онда не істейді екен мен сияқтыларға?
– Түрмеге отырғызады. Қылмыстары сол – жұмыс істемейді, қоғамның
мойнында отырады, сондықтан оларды масыл, кезбе ретінде темір тордың
ар жағында ұстайды. Мен егер жатса-тұрса əділет деп зарлайтын мистер
Ван-Вейденнің орнында болсам, сізге мынадай сұрақ қояр едім: күнделікті
ішіп-жеміңізді ақтайтындай бір тірлігіңіз болмаса, онда сіздің жер басып
жүруге қандай қақыңыз бар?
– Бірақ сіз мистер Ван-Вейден емессіз ғой. Сондықтан бұл сұраққа
жауап беруге міндетті емес шығармын. Солай емес пе?
Əйел өзінше еркін күлген сыңай танытты, алайда көзіндегі манағы үрей
əлі де жылтырай ұшқындап тұр еді. Менің жүрегім қысыла түсті – оны бір
түрлі аяп кеттім. Енді сөзге өзім араласып, əңгімені басқа арнаға бұрып
жібермесем, жағдай тіптен қиындай түсетін секілді еді, бірақ аузымды
ашқанша капитан тағы киліге түскен.
– Сіз өз еңбегіңізбен өмірі бір доллар тауып көрдіңіз бе?– деді ол
айтатыныңды білем дегендей аса бір сенімді түрмен.
– Иə, таптым,– деді қыз асықпай, ал мен бүкіл денесімен алға ұмсына
итінген Қорқау Ларсенге қарап күліп жібере жаздадым.– Əлі есімде,
кішкентай кезімде əкем бір минут тыныш отыра тұруым үшін бір доллар
ақша берген.
Капитан ризашылықпен жымиды.
– Бірақ бұл баяғыда болған нəрсе ғой,– деді əйел сөзін əрі
жалғастырып.– Əрине, сіз тоғыз жасар қыз өз нанын неге тауып жемеді
демейтін шығарсыз.
Сосын сəл үнсіздіктен кейін ол:
– Ал қазір жылына шамамен мың сегіз жүз доллар, табамын,– деді
ақырын ғана.
Бəрі тəрелкеден бастарын жұлып алып, оған таңдана қарай қалды. Əйел
адамның жылына мың сегіз жүз доллар табуы олар үшін ақылға сыймастай
еді. Қорқау Ларсен де таңданысын жасыра алмаған.
– Бұл кесімді табыс па, əлде еңбегіңізге қарай ма?– деді ол.
– Еңбегіме қарай.
– Мың сегіз жүз... Демек, айына – жүз елу доллар,– деп ел есептеп те
үлгерді.– Дегенмен мұндағы табыс та аз емес, мисс Брустер. Өкінбеңіз.
Осы кемеде болған уақытыңыздың бəрінде өзіңізді кесімді айлыққа тұрдым
деп есептеңіз.
Қыз ештеме деген жоқ. Капитанның кезекті түлкі бұлғаңы оны мүлде
түңілдіріп жібергендей.
– Айтпақшы, сіздің мамандығыңыз жөнінде сұрауды ұмытыппын-ау,–
деді капитан баспалап.– Сіз сонда не істейсіз, не жасайсыз? Жұмыс үстінде
қандай құрал-жабдықтарды пайдаланасыз?
– Қағаз бен қаламды ғана,– деп күлді қыз.– Сосын əрине, жазу
мəшеңкесін.
– Ау, сіз?.. Сіз Мод Брустер емессіз бе?– дедім мен ақырын, бірақ
сенімді түрде, құдды қылмыскердің үстінен түскендей.
– Неге олай деп ойлайсыз?
– Дегенмен... мен қателеспеген шығармын?
Ол бас изеді. Қорқау Ларсен біртүрлі қипақтап қалды. Оған əрине, əйгілі
Брустер кім, Магридж кім – бəрібір еді. Ал мен үшін ол – ұланқайыр
əңгіме, зор құрмет болатын. Осы үшін де өзімді бір сəт бақытты сезіндім
жəне көптен бері бірінші рет Қорқау Ларсенге миығымнан қарағандай
болдым.
– Сіздің бір кітабыңызға пікір жазғаным да есімде,– деп, мен жаңа бір
əңгімені жайлап бастай беріп едім, қыз сөзімді бірден бөліп жіберген.
– Сіз?– деді оның көзі бақырайып.– Осы отырған сіз...
Иə. менмін дегенді білдіріп, мен де бас изедім.
– Хэмфри Ван-Вейден!– деді ол арқасынан бір ауыр жүк түскендей
жеңіл тыныстап. Сосын еріктен тыс Қорқау Ларсен жаққа көз қиығын
салып өтті де:
– Бұл неткен қуаныш!..– дегенді қосып қойды.
Осы сөздің аузынан шығып кеткеніне ыңғайсызданып қалған ол
артынша асығыс:
– Иə, онда сіз мені тым асыра мақтап жібергенсіз,– деді қызарақтап.
– Жоқ, бұныңызға келісе алмаймын,– дедім мен сыпайы түрде.– Бұл
сөзіңізбен сіз менің əділетті бағамды жоққа шығарасыз, əрі талғамтанымыма күмəн келтіресіз. Ал біздің сыншылардың бəрі менің пікіріммен
толық келіскен. Егер бағама сенбесеңіз Лэнгтің өзі сіздің "Мəжбүрлі
сүйісіңізді" əйелдер қаламынан туған ең таңдаулы төрт ағылшын сонетінің
қатарына қосқаны өтірік пе?
– Осы орайда мені американдық Мейнелл11 атаған да өзіңіз ғой.
– Бұл шындық емес пе, не?
– Мəселе онда емес,– деді ол.– Салыстыруыңыз маған тым салмақты
көрінген.
– Белгісізді тек белгілімен ғана өлшеуге болады,– дедім мен
академиялық үлгіде.– Мен ол кезде сыншы ретінде əдебиеттегі сіздің
орныңызды анықтауға міндетті едім. Ал енді қазір сіздің өзіңіз де өлшем
болуға жеттіңіз. Менің кітап сөремде сіздің жеті том өлеңдер жинағыңыз
тұр, олардың жанында қалың-калың екі том очерктер жинағыңыз жəне бар.
Егер хош көрсеңіз, айтайын, ол екі кітап та өлеңдеріңізден кем емес.
Дегенмен, бұл салыстырудың сіздің қай шығармашылық қырыңызға дөп
келетінін білмеймін, бірақ білетінім: таяу жылдары Англияда бір талантты
ақын жарқырап шыға келсе, сыншылар оны ағылшындық Мод Брустер деп
бағалайтыны анық.
– Байқаймын, сіз өте жанашыр адам екенсіз,– деді ол биязы тіл қатып.
Осы сөздерді айтқан кездегі оның дауыс ырғағы мен жұмсақ лебізінің өзі
менің қай-қайдағымды қозғаған. Алыста қалған бақытты күндерім,
сағынышпен сарғая күткен отбасым, бəрі-бəрі көз алдымнан тізбектеліп өте
берген. Қазір қандай күй кешіп жүр екен, қайран менің анам мен апаларым!
– Сонымен сіз – Мод Брустср болдыңыз!– дедім мен оған үстелдің
екінші жағынан салтанатты түрде.
– Ал сіз – Хэмфри Ван-Вейденсіз!– деді ол да əрі салтанатты, əрі үлкен
құрмет белгісімен.– Бұл неткен қызық жағдай! Құдды бəрі түс секілді.
Мүмкін енді сіздің қарымды қаламыңыздан романтикалық бір тамаша
дүние күтетін болармыз?
– Жо-жоқ, бұл жерде мен материал жинаумен айналысып жүргем жоқ,–
дедім мен ат-тонымды ала қашып.– Шындығында, мен беллетристикалық
бірдеме жазуға қабілетім де, құқым да жоқ адаммын.
– Жə, бұ жағын түсіндік, ал енді мынаны айтыңызшы, сіз тек
Калифорнияға байланып қалуыңыз қалай? Бұны мен сіздің тарапыңыздан
салғырттық деп білем,– деді ол.– Біз сізді "американ əдебиетіндегі екінші
ұстаз" есептейміз, сөйте тұра өзіңізді біздің Шығыстан көре алмауымыз
өкінішті-ақ.
Мен бұған жауап ретінде, тағзым білдірдім, сосын іле-шала:
– Сіз не десеңіз де, сол Шығыста – филодсльфияда, өзіңізбен бірде
кездесіп қала жаздаған да кезім болған,– дедім.– Сол жерде Браунингтің
əлдебір мерейтой жиынында сіз баяндама жасайды дегенді естіп, асығыс
жолға жиналғам. Бірақ, амал не, мен мінген поезд тұтастай төрт сағатқа
кешігіп қалмасы бар ма!
Əңгіменің қызғаны сондай, біз жайымыздағыларды ұмытып кетіппіз,
тіпті екі көз, екі құлағын бірдей бізге қадап отырған Қорқау Ларсен де тарс
есімізден шыққан. Аңшылар орындарынан тұрып, палубаға бет алды, ал біз
əңгімені көйітіп əлі отырмыз. Жанымызда қалған жалғыз Қорқау Ларсен
ғана. Онымен бірге отырғанымызды мен енді ғана сезінгем: жұмсақ
орындыққа шалқая жатып алған ол өзге бір əлемнің өзге бір тілімен
сөйлесіп отырған бізге əрі қызыға, əрі таңдана құлақ тігеді.
Мен сөзді бірден доғара қойдым. Қызды-қыздымен қауіп-қатердің бəрін
естен шығарып алғанымды, ол бəленің ең үлкені, міне, тура алдымда
отырғанын мен енді ғана түсінгем. Бұны Мод Брустер де сезген секілді,
оның капитанға əбіржи қараған көзінен əлдебір үрей байқалған. Қорқау
Ларсен жорта күліп, орнынан тұра берді. Бұл күлкісінен адамның тұла
бойын қалтырататын бір ызғар сезіліп еді.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 13
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.