Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 13

Total number of words is 4188
Total number of unique words is 2201
37.0 of words are in the 2000 most common words
52.8 of words are in the 5000 most common words
59.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Жо-жоқ, маған көңіл аудармай-ақ қойыңыздар,– деген ол өтірік
кішірейгенсіп.– Жалпы мен мұндайға мəн бермейтін адаммын. Жалғастыра
беріңіздер, жалғастыра... Өтінем!
Дегенмен, осы тұста біздің де əңгімеміз шорт үзіліп, үстел басынан
жадырай күліп тұра бастағанбыз.
ЖИЫРМА БIРIНШI ТАРАУ
Мод Брустер екеуіміз үстел басындағы əңгімеде Қорқау Ларсенді
назардан тыс қалдырып алғанымыз оның шымбайына қатты батқан да, ол
енді кімнен өш аларын білмей алас ұрған. Сөйтіп ұрынарға қара табалмай
тұрғанда, көзіне бірінші іліккен адам – Томас Магридж еді. Оның ұқыпсыз,
салдыр-салақ, арамдығы үстіне киген бір қабат киімінен ғана емес, бүкіл
тірлігінен көрініп тұратын. Камбуздегі ыдыс-аяқтар кез келген жерде
шашылып жатады. Уақытында жуып-тазалап тұрмағандықтан олардың бес
елі кіріне бес ит жаласа тойғандай болатын. Құдай ұрғанда, бұл жолы да ол
кір-қожалақ боп Қорқау Ларсеннің алдынан шыға келмесі бар ма.
– Əй, сен нағыз ақпақұлақ екенсің ғой!– деп, капитан оны бірден
бассалған.– Таза жүр деп мен саған неше айттым, а? Тыңдамайсың, а?
Ендеше, өз обалың өзіңе!
Капитан дереу екі матросты шақырып алып, мынаны жөнге келтіріңдер
дегендей ым қаққан. Коктың түрі өрт сөндіргендей қап-қара болып кетті.
Сосын матростар жақындай бергенде, камбуздан атып шығып, қаша
жөнелді. Содан артына шала байлап жіберген мысықтай безектеп, ары-бері
аңдыздасын кеп палуба үстінде. Матростар оны қуып жүріп ішектері
қатқанша күледі – еріккен жігіттерге нағыз ермек енді ғана табылғандай.
Олардың кокке деген қолдары баяғыда-ақ қышып жүрген-ді, өйткені ол
қашан да тамақтың ең нашарын матростар кубригіне жіберетін. Кемеде
керемет бір "ойын-сауық" ұйымдастыруға ауа-райы да тамаша ыңғай
танытып тұр еді. Шымыр-шымыр етіп жатқан жап-жазық теңіз бетінде
"Елес" сағатына үш мильдей ғана жылдамдықпен баяу сырғып келе жатты.
Бірақ Томас Магридж суға түссе сужыландай сумаңдай жөнелетін мұндағы
санаулы саңлақтың бірі емес-ті. Екіншіден, кінəлі боп қалғандарды жіпке
байлап, суға тастап, корм артынан сүйрететін "дəстүрді" бұрын да талай
көрсе керек. Оның үстіне су да мұздай суықты, ал Томас Магридж
денсаулығы жағынан моржбын деп мақтанатын жігіт пе!
Мұндай сəтте аңшылар мен күзеттегілердің палубаға қаптап шыға
келетін қашанғы əдеті еді. Бұл жолы да олар тайлы-таяғы қалмай бірден
жинала қалған. Бəрінің көзі Магриджде. Ал о байғұс судан сұмдық
қорқатын болса керек, қалайда қолға түспес үшін кеменің о жағы мен бұ
жағына дызақ қағып, барын салған: одан мұндай жылдамдық пен ептілікті
ешкім күтпегені де анық. Оны камбуз бен ют арасындағы бір қуысқа
тықсыратып шыққан кезде ол мысықтай секіріп рубка палубасына шыққан
да, одан əрі кормге қарай жүгірген. Ал сосын матростар алдынан қайта
шыға келгенде, ол жалт бұрылып, рубка шатырына көтеріліп, одан камбуз
төбесі арқылы палубаға бір-ақ секірген. Бұл жерде алдынан ескекші
Гаррисон тұра ұмтылғанда, ол енді бакқа қарай зымыраған. Соңынан
аңдағайлап қуған Гаррисон міне-міне жеттім деген сəтте, кок кенет аспалы
баспалдаққа ырши көтеріліп, арқан жіптен ұстай алған да, салбырап тұрған
күйі қуғыншыны қос аяқпен күшпен бір тепкен. Матрос ыңқ ете қалған да,
бүкшиіп барып палубаға құлаған.
Аңшылар коктың ерлігіне мəз бола күліп, ду қол шапалақтап жіберді, ал
Магридждің өзі қуғыншылардың қақ жартысын фок-мачттың артында
қалдырып, қалған матростардың арасымен зулаған күйі тағы да корм жаққа
өтіп кетіп еді – бұл тұста ол футболдағы шабуылшыдан айнымай қалған.
Оның алды-артына қарамай зымырағаны сондай, рубка бұрышынан айнала
бергенде аяғы тайып кетіп, ұзыннан құлаған. Бірақ жалғыз құламай,
штурвалда тұрған Нилсонды бірге ала кеткен. Екеуі де палубада кескен
теректей сұлап түсіп еді, бірақ Магридж жалғыз тұрды. Қызығы сол, бұл
соқтығыста əр сүйегі сіңіріне ғана ілініп тұрған Магриджге түк болмаған
да, ал атан жіліктей Нильсонның аяғы сынып қалған.
Штурвалға енді Парсонс тұрды да, қуғын одан əрі жалғасты.
Қорқыныштан есі шығып кеткен Магридж кеменің бірде ана басына, бірде
мына басына дызақтайды. Ал матростар болса ысқырып, айқайлап, байбайлап, оны қуғандарын қоймайды. Аңшылар қарқ-қарқ күліп, мəз болып,
олардың қолтығына су бүрке түседі. Кеменің тұмсық тұсында Магриджді
үш матрос үш жақтан қысып келіп, ұстауға міне-міне шақ қалғанда, ол топ
ортадан жыланбалықтай жылп ете түскен де, алба-жұлба киімімен гротвантқа ыршып шығып, сонау биікке қарай өрмекшідей өрмелей жөнелген.
Оны салингке дейін қуып барған алты матростың төртеуі сол жерде
қалып, одан əрі тек Уфти-Уфти мен Блэк қана жіп-жіңішке темір істік
бойымен жоғары көтеріле бастаған.
Бұл өте қауіпті қадам болатын: олар палубадан жүз фут биіктікте қалтқұлт етіп əзер тұр, бұл жерде жоғарыдағы Магридждің тепкісінен қорғану
да қиын-ды. Ол болса, екі аяғын кезек сермеп, сасық күзендей шақ-шақ
еткенін қоймайды. Ақыры, не заматта Уфти-Уфти бір қолымен темірді
қапсыра құшақтап, екінші қолымен, бір орайы келгенде, коктың аяғынан
шап беріп ұстай алды; тура осы сəтте Блэк те екінші аяғынан ұстап үлгерді.
Сосын бір-біріне байланған үшеуі бір темірдің бойында шайқалып,
теңселіп, жұлқыса тартысып, салингке жеткен кезде, төменде тұрған
төртеуі оларды доптай қағып алған.
Аспандағы тартыс осымен аяқталған да, Томас Магриджді палубаға
əйтеуір аман-сау түсіріп алған-ды. Ол қышқырып, шыңғырып, бірдеме
айтып айқайлап қояды. Бірақ не айтып тұрғаны түсініксіз. Екі езуінен
көбікті қан көрінді. Қорқау Ларсен ұзын арқанның ұшын тұзақтап байлап,
оны коктың қолтық астына кигізіп, қыса тартып тастады. Сосын
Магриджді кормге сүйреп əкеліп, борттан асыра лақтырып жіберді. Сонан
кейін арқанды біртіндеп босата бастады: қырық, елу, алпыс фут... сосын
жетпіске жеткенде:
– Болды!– деп Қорқау Ларсен айқай салды.
Уфти-Уфти арқанды бекітті. "Елес" тұмсығын еңкейте созғанда, арқан
тартылып, кок су бетіне шықты.
Байғұсты аямасқа əддіміз жоқ еді. Тіпті суға батып кетпесе де, тіпті
бойында қырық жаны болса да, оның мына тартқан азабы жан түршігерлік
болатын. "Елес" ептеп қана сырғып отырды; толқын кормды көтерген кезде
кеме тұмсығы тігінен шаншылып, арқан бейбақты су бетіне көтеріп
шығарады да, ол болмашы ауа жұтып үлгіреді, сосын кеме кезекті
толқынның үстіне қайқаң етіп көтерілгенде, арқан босап сала береді де, ол
қайта шым батып кетеді.
Мод Брустерді мен мүлде ұмытып кеткен екем, ол тек күтпеген жерде
жаныма келгенде ғана оның манадан бері каютада отырғаны есіме түскен.
Бұл оның палубаға бірінші рет шығуы еді, команда оны өлік шығарғандай
үнсіздікпен қарсы алған.
– Бұл қандай думан,– деді ол.
– Оны капитаннан сұраңыз,– дедім мен суық. Бірақ ішім алай-дүлей еді,
мына сұмдыққа оның куəгер болуын мен мүлде қаламағанмын.
Мод Уфти-Уфтиге қараған. Екі қадам жерде арқанның бір ұшын ұстап
тұрған ол не дерін білмей қипақтай берді.
– Балық ұстағалы тұрсыз ба?– деді ол матросқа.
Уфти-Уфти тіл қатқан жоқ. Бірақ... кенет теңізге қадала қарап тұрған
көзі шарасынан шығардай бақырайып кеткен де:
– Акула, сэр!– деп ышқына айқайлап жіберген.
– Тарт жылдам! Тарт! Келіңдер бəрін... тез мұнда!– деп, капитан шұғыл
бұйрық берді де, арқанға алдымен жанұшыра өзі ұмтылды.
Уфти-Уфтидің үрейге толы даусы Магриджте де жетсе керек, бір
қауіптің өзіне жақындап қалғанын сезген ол шырқырап қоя берген. Осы
мезетте су бетін пышақтай тіліп келе жатқан қара қанаттың кокке таяп
қалғанын байқадым. Біз де арқанды жылдамдата тартқылап жатырмыз.
Қара қанат та зымырап ұшып келеді. Əзірге екі мүмкіндік те тең секілді.
Бірақ мəселені қас-қағым сəт қана шешетіні көрініп тұр. Міне енді
Магридж корм түбіне тура тақап қалғанда, кеме тұмсығы күрт қайқайып
шыға келгенде, корм жақ шоңқия төмен құлаған. Бұл, əрине, акуланың
пайдасына шешілгені анық-ты. Қара қанат су астына зып беріп, аппақ
қарын енді тұңғиықтан жарқ еткен. Қорқау Ларсен де дəл осындай шұғыл
қимыл жасап, арқанды серпе тартып қалғанда, кок сопаң етіп су бетіне
шыға келген, бірақ оның соңынан жыртқыштың да аузы арандай ашылғаны
көрінген. Магридж аяқтарын бүге қойды. Акула оның біріне ғана жанап
өтіп, жоқ болды. Осы мезетте Магридждің шар ете қалғаны естілді. Сосын
қас пен көздің арасында ол қармаққа іліккен балықтай борттан бері асып
түсті де, екі бүктетіліп жата кетті.
Палубаға қан фонтандай шашыраған. Магридждің бір аяғының
қызыласықтан төмен жағын акула қарпып кетіпті. Мен Мод Брустерге көз
қиығымды салдым. Өңі боздай бозарып, көздері аларып кетіпті. Бірақ ол
Томас Магриджге емес, Қорқау Ларсенес қарап тұр еді. Бұны ол да сезіп,
əдеттегідей мысқылды əзілмен былай деді:
– Еркектердің өз ермегі болады, мисс Мод Брустер. Бұл сізге дөрекілеу
де көрінуі мүмкін, бірақ қайтесіз, бұл да керек кейде... Мұндайда акула
деген бəле де естен шығып кетеді.
Осы мезетте басын көтеріп алған Магридж қандай қымбатынан
айырылғанын көргенде, ышқына аунап келіп, бар күшімен капитанның
аяғын тістей жығылған. Ларсен асықпай еңкейіп, сұқ саусағын оның құлақ
түбінен сəл төмен – жақ кірісіне батырып жіберіп еді, қарысқан жақ
ашылып, аяғы босап шыға келді.
– Мен айттым ғой,– деді ол жайбарақат, бейне бір ештеме болмағандай,–
біз акула бар деп ойлағамыз жоқ... ол бəле естен шығып кетіпті.
Мод Брустер оның сөзін естісе де естімеген болды, бірақ көздерінен
жаңа бір ұшқын жылт еткен, бұл – ашу мен ызадан, түңілуден туған ұшқын
еді. Ол бұл жерден қарасын батырғысы келіп, теріс бұрыла берді. Алайда
бірер қадам басқан соң дымы бітіп, буыны құрып, тізесі бүгіле түсті де,
"көмектесіңізші" деп маған қолын созды. Мен оны қолтығынан демеп,
рубка палубасына отырғыздым. Есінен айырылып қала ма деп қорқып едім,
бірақ ол бойын тез жинап алған.
– Мистер Ван-Вейден, турникетті тез əкеліңіз!– деп дауыстады Қорқау
Ларсен.
Мен не істерімді білмей қалдым: бір жағымда – қансырап жатқан
Магридж, мына жерде – дымы құрыған Мод Брустер. Мен оған сұраулы
пішінмен қарап едім, мені қойшы, ана бейшараға көмектес дегенді ол
ыммен білдірген. Сосын:
– Өтінем, барыңыз,– дегенді жəне қосып қойды, ауыр тіл қатып.
Хирургия жағынан менің біраз төселіп қалған жайым бар.
Қорқау Ларсен маған көмектесуге екі матросты бөліп берді де, өзі бірден
басқа іспен айналысуға кірісті. Онысы – акуладан кек алу еді. Арқанның
ұшына үлкен қармақ байлап, оған шошқаның майлы кесегін іліп, борттан
асыра лақтырып жіберді. Сосын мен Магридждің қан атқылаған
тамырларын тігіп, жарасын таңып болғанымша, матростар жазықты
акуланы судан сүйрете көтеріп, палубаға шығарып жатты.
Мен грот-мачтың жанында не болып жатқанын көргем жоқ, алайда
менің "ассисенттерім" о жақтағыны қызықтауға кезекпен жүгіріп барып
тұрған. Он алты футтық акуланы грот-вантқа іліп қойып, рычакпен жағын
кереқарыс айырып, сосын аузына екі жағы да үшкір темірді көлденең
қағып, ақыр соңында зəкірге ұқсас қармақты тамағынан суырып алған да,
енді аузы ешқашан да жабылмас жыртқышты теңізге лақтырып салған.
Бұдан былай ол қанша күші, қанша тəбеті болса да, бір түйір асты тіске
баса алмас еді. Мақұлықты адам айтқысыз азаппен өлтірудің өзі, Қорқау
Ларсеннің ойлап тапқан тəсілі болатын.
ЖИЫРМА ЕКІНШІ ТАРАУ
Мод Брустер мен жаққа беттеген кезде-ақ əңгіменің не туралы
болатынын сезе қойдым. Өйткені оның он минут бойы механикпен əлдене
жөнінде сөйлесіп тұратынын сырттай бақылап тұрғам. Сосын оны
жүргізушіден алысырақ жерге ыммен шақырып алғам. Өңі қуарып, көзі
шарасынан шыға адырайып кетіпті. Мына түрімен неге де болсын
тайынбайтын секілді. Мен қарадай ыңғайсыздана бастадым, дəлірегінде,
бойымды əлдебір үрей билеген, себебі: ол қазір əдебиеттегі аты əйгілі
Хэмфри Ван-Вейденнің жан дүниесіне үңілгісі келетінін, бірақ ол іздегенін
бүгінгі капитанның көмекшісі – мистер Ван-Вейденнен табуы қиын
екендігін сезгем.
Біз оңаша, юттың шетіне шыққан кезде, ол менің көзіме тік қараған. Мен
жалтақтап, жан-жағыма көз жүгіртіп өттім.
– Не боп қалды?– дедім оған қамкөңіл ниетпен, бірақ қыздың қатқыл
жүзі жібіген жоқ.
– Жарайды, таңертеңгі оқиғаны мен кездейсоқ, қайғылы жағдайға-ақ
балайын,– деп бастады ол сөзін.– Бірақ қазір менің мистер Хэскинспен
сөйлесіп келгенімді көріп тұрсыз. Оның айтуынша, сіздер бізді құтқарып
алған күні, мен каютада ұйықтап жатқан сəтте, екі адам суға батып
кетіпті... шындығында, əдейі батырып жіберіпті. Турасын айтқанда, көзбекөз өлтірілген!
Даусында бұған не дейсіз деген сұрақ бар. Қадала қараған көзін де
менен алар емес. Құдды бұған сіз де кінəлісіз, əйтпесе қатысыңыз бар деп
тұрғандай.
– Иə, сізге шындықты айтқан,– дедім мен.– Расында, оларды өлтірген.
– Сіз оған қарап тұрдыңыз. Солай ғой?
– Қарап тұрмағанда, олардың жолында өліп кетуім керек пе еді сіздіңше?
– Дегенмен... қарсылық жасап көрдіңіз бе?– деді ол "қарсылық жасап"
дегенді баса айтып. Үнінен үміт белгісі білінген.– Жо-жоқ, сіз ауыз да
ашқан жоқсыз,– деді сосын алдымды орап.– Ал неге? Не үшін?
Мен иығымды қиқаң еткіздім.
– Сіз мұнда кеше ғана келгеніңізді ұмытпаңыз, мисс Брустер. Сондықтан
да бұл жерде қандай заңның үстемдік етіп тұрғанын əзірге білмейсіз. Сіз
осынау беймəлім ортаға əлдебір намыс, адамгершілік, азаматтық деген биік
ұғымдармен келдіңіз. Бұл жерде олардың жұрнағы да жоқ екеніне əлі-ақ
көзіңіз жететін болады.– Сəл үнсіз тұрдым да, терең бір күрсініп алып,
сөзімді əрі жалғадым.– Ал менің көзім бұған əлдеқашан жеткен.
Ол сенімсіздеу бас шайқады.
– Сіз маған не қыл дейсіз?– дедім сосын.– Қолыңызға балта, мылтық
немесе пышақ ұстап кісі өлтір дейсіз бе?
Ол шошына тіл қатты.
– Жо-жоқ, атай көрмеңіз!
– Ендеше ие? Өзімді өлтіруім керек пе?
– Сіздің аузыңызға қара күштен басқа неге ештеме түспейді?– деген ол
таңданып.– Ал өмірде рухани күш деген де бар емес пе. Оның əсерықпалын ешкім жоққа шығара алмайды ғой.
– Яғни,– дедім мен жымиып,– сіз оны өлтіруді де, өзімді өлтіруді де
қаламайды екенсіз; демек, сіздіңше, оның мені өлтіруіне мүмкіндік беруім
керек екен де.
Оған уəж айтуға дес бермей, сөзімді сабақтай түстім.
– Біз өмір сүріп жатқан мына ортада pyx күшімен, сөз құдіретімен
біреуді иліктірем деу – əншейін бос əурешілік. Əлгі əдейі суға батырып
жіберген Лич те, оның жанындағы Джонсон да нағыз рухы мықты
матростар еді. Құдайға да бас имес сол мінездерімен ақыры өз бастарын
жұтып тынды. Егер сəл бас көтерер болсам, мені де сондай тағдырдың
күтіп тұрғаны анық. Сізге мына мəселені ашып айтайын, мисс Брустер,
жəне бұл еш уақытта есіңізден шықпасын: Ларсен – адам емес, нағыз
хайуанның өзі, хайуанның ішінде жыртқышы. Одан бір түйір ар, ұят
дегенді іздемей-ақ қойыңыз. Қашан да ол аруақты аттап, қасиеттіні таптап
жүре береді. Бұл шхунаға мен еріккеннен тап болды дейсіз бе, соның
зұлымдығынан, соның айласынан. Міне, əзірге тірі жүргенім де – соның
қулық-сұмдығының арқасы. Мен ешқандай амал жасай алмаймын, жасауға
əддім де жоқ, өйткені мен оның құлақкесті құлымын. Міне енді сіз де оның
құлысыз, құлы болмасаңыз күңісіз, өйткені сіз де өмір сүргіңіз келеді мен
сияқты. Өйткені, екеуіміз де онымен күресуге дəрменсізбіз.
Мод Брустер бұл тағы да не айтар екен деп, үнсіз қалды.
– Сонда не қалды? Əзірге мен əлсіздердің қатарындамын. Мен
үндемеймін, қорлағанға көнемін, сіз де ауыз ашпайсыз, дегеніне көнесіз.
Бұл дұрыс! Бұл ақылды адамдардың тірлігі! Егер өмір сүргіміз келсе, тек
осылай істеуіміз керек. Жеңіс əрқашан мықтының жағында емес. Онымен
ашық күресуге біздің шамамыз жетпейді. Демек, басқаша əрекет
жасауымыз керек, оны қалайда қулықпен, ақылмен алуға тырысуымыз
керек. Менің жағдайымның қауіпті екенін білем, бірақ турасын айтайын,
сіздікі менікінен де қауіпті. Сондықтан бір-бірімізге қорған болғанымыз
жөн, не нəрсені бірігіп істегеніміз жөн, тек біздің одақ аса құпия болу
керек. Мүмкін мен сізді ашық қорғай алмайтын да сəттер болар; сондай-ақ
мені қорлап балағаттап жатар күн туса, сіз де жұмған аузыңызды
ашпағаныңыз дұрыс. Қандай жағдайда да онымен сөз таластырып, босқа
ашуландыруға болмайды. Іштей оған қанымыз қайнап тұрса да, сырттай
сыр алдырмауымыз керек.
– Бəрібір ештемені түсіне алар емеспін...– деп қыз тершіген маңдайын
алақанымен сипай берді.
– Мені тыңдаңыз,– дедім батыл түрде, палубада Лэтимермен əңгімелесіп
жүрген Қорқау Ларсеннің біз жаққа көз сала бастағанын аңғарып.– Иə,
менің сөзімді тыңдап жүрсеңіз, алдағы уақытта кімдікі дұрыс, кімдікі
бұрыс екеніне көзіңіз жететін болады.
– Сонымен өзі мен не істеуім керек?– деді ол, менің Қорқау Ларсен
жаққа алаңдай қарап тұрғанымды байқап, тегі сендіре, төндіре сөйлеген
сөзіме ұйып қалса керек.
– Ең алдымен, pyx күші дегенді бастан шығарыңыз,– дедім асыға
сөйлеп.– Бұл жерде оның түкке де қажеті жоқ. Бастысы – капитанды
өзіңізге қарсы қойып алмау. Онымен мүмкіндігінше сыпайы сөйлесіңіз,
əдебиет, өнер туралы көбірек айтыңыз – мұндай əңгімені ол өте жақсы
көреді. Жəне əдемі тыңдайды да. Сонда оның тым ақымақ емес екенін де
білесіз. Сосын осы кемеде жиі болып тұратын тепкі, соққы, хайуандық
болған жерден неғұрлым алыс жүрсеңіз, соғұрлым өзіңізге жақсы болады.
Өз рөліңізді сонда ғана əдемі ойнап шығасыз.
– Сонда қалай, не нəрсені өтірік істеп, өтірік айтуым керек пе?– деді ол
таңданыс білдіріп.
Қорқау Ларсен Лэтимерден бөлектеп, бізге қарай беттеген. Мен əбіржи
түстім.
– Өтінем, мені түсініңізші,– дедім асығыс, əрі даусымды бəсеңдетіп.–
Сіздің бұған дейін жинаған бүкіл өмірлік тəжірибеңіздің бұл жердегі құны
көк тиын. Сіз бəрін де басынан бастауға тиіссіз. Иə, білемін, сіз кім-кімді
де көзіңізбен-ақ арбап алатын адамсыз. Сол құдіретіңізбен мені де өзіңізге
тартып алдыңыз. Бірақ мұндай тəсілді ешқашан Ларсенге пайдаланбаңыз.
Оның шетін шығарсаңыз күлкіге қаласыз. Арыстанды айламен торға түсіру
керек. Біз бұған да жетеміз əлі...– Қорқау Ларсеннің жақындап қалғанын
көріп, əңгімені жорта басқа арнаға бұрып жібердім.– Ондай талантты
ашқаным үшін мен қазір де өзіме ризамын. Редакторлар оны маңайына
жуытты ма, баспагерлер өзіне тартты ма? Жоқ! Тек мен ғана оған əділ
бағасын бергенмін жəне қателескен жоқпын. Ол өзінің тұңғыш кітабы –
"Өмір ұсталығымен- ақ" жарқырап, көрініп, бар талантын жайып салды
емес пе!
– Оны газет өлеңдері деп тіпті де айта алмас едің!– деп, Брустер де
"əртістігін" байқатып үлгірді.
– Дегенмен оның алғашқы жырлары газетте жарияланғанын
ұмытпауымыз керек,– деп қойдым мен.– Қазір, əрине, журналдағылар
өкінетін болар.
– Гарристі сіз білетін шығарсыз?– дедім сосын Қорқау Ларсенге.– Сол
туралы айтып тұрмыз да.
– Білем,– деді ол.– "Өмір ұсталығын" мен де оқығам. Жылт еткен əдемі
сезімнің бəрі бос қиялдан тұрады. Айтпақшы, мистер Ван-Вейден, сіз ана
кок батырдың жанына барғаныңыз дұрыс. Ойбай салып төсегінде
дөңбекшіп жатыр.
Сөйтіп мені ол алдап-сулап Магридждің жанына жөнелткен; о байғұс
мен келгенде манағы өзім берген морфиден бас көтермей, аузынан суы
ағып ұйықтап жатыр екен. Бірақ мен палубаға қайта көтерілуге асықпағам,
ал көтерілген кезде мисс Брустер мен капитанның жайбарақат əңгімелесіп
тұрғанын көріп, көңілім орнына түскендсй болды. Бұл – əлгіндегі сөзімнің
жерде қалмағаны. Оған сенуге болады екен. Айтқанымды түсінген,
түсінгенді орындаған адаммен қандай да тəуекелге баруға болады ғой.
ЖИЫРМА ҮШІНШІ ТАРАУ
Арт жағымыздан екілене ескен желдің ығымен шхунамыз солтүстікті
бетке алып, теңіз мысықтарының ортасына қарай бірқалыпты
жылдамдықпен жүйткіді де отырды. Біз олармен қырық төртінші параллель
тұсында, үнемі тұман тұмшалап, жел азынап тұратын теңіздің ең бір суық
жерінде кездестік. Кейде күні бойы жылт еткен күннің көзін көре алмаған
кезіміз көп. Мұндайда, əрине, маңайды барлап, су бетін шолу да мүмкін
емес-ті. Ақыры бірде бұлттарды жел ыдыратып, аспан ашылып, қай түс,
қай координатта тұрғанымызды анықтайтын да күн туған. Дегенмен, екі-үш
күндік ашық күннен соң теңіз бетін бұрынғыдан да қалың тұман басып
алған-ды.
Аңшылыққа шығу өте қауіпті еді. Бірақ соған қарамастан күн сайын
таңертең шлюпкалар суға түсіріледі де, тұман оларды əп-сəтте жым-жылас
қып жұтып қояды, сосын кешке дейін бірін де көре алмаймыз. Кейде тіпті,
түннің бір уағында бірінен соң бірі тізбектеліп келе жатса – оған да шүкір
дейміз. Осындай күндердің бірінде Уэнрайт – Қорқау Ларсен екі
матросымен қоса шлюпкасын зорлықпен бортына салып алған аңшы –
қалың тұманды пайдаланып, қашып кеткенін білдік. Бірде таңертең ол өз
адамдарын шлюпкасына салып алып, "аңға аттанып" бара жатқанын көріп
едік, содан ізім-қайым жоғалған. Кейін білсек: олар бір шхунадан бір
шхунаға өтіп, ақыры əйтеуір өз кемелеріне аман-есен жеткен көрінеді.
Мен де солардың жолын қууға берік бекініп едім, бірақ оның сəті бəрібір
маған түспеген. Түсетіндей жағдай да болған жоқ. Өйткені капитанның
көмекшісіне шлюпкаға отыруға болмайды, бұл тəртіпті бұзуға талай рет
талпынсам да, Қорқау Ларсен айтқанынан қайтпап еді. Егер ол жоспарым
орындалар күн туса, мен қалайда мисс Брустерді өзіммен бірге ала кетуді
ойлағам. Оның шхунадағы жағдайы уақыт өткен сайын қиындай түскен,
бұның түбі не болар екен деп, мен қатты уайым жеймін. Бұны ойламайын
десем де миымнан бір шықпайды, құрғыр.
Кезінде матростардың арасына жалғыз түскен əйел тағдыры туралы
талай роман оқып едім, бірақ сол романдардың бірде-бір авторы мұндай
жағдайдағы əйел жанын жеріне жеткізе суреттеп бере алмағанын енді ғана
түсінгендеймін. Міне, енді сондай оқиғамен өзім де бетпе-бет келіп, бəрін
де өз көзіммен көріп, өз жүрегімнен өткізуге тура келген. Ал менің
кейіпкерім – Мод
Брустер, кітаптары жүрегімді ертеден-ақ жаулап алған, ал қазір көңіл
түкпірімнен ерекше орын алған – сол баяғы Мод Брустер.
Жаны да, тəні де бөлек осындай ерекше жаратылысты мынадай жабайы
ортадан көру тіпті ақылға сыймастай-ақ дүние. Иə, ол пейіштің ауасынан
жаралғандай тым нəзік жан-тұғын. Жіп-жіңішке денесі тал шыбықтай
майысып тұрады. Жүрісі соншама жұмсақ, басқан ізі білінбейді. Оның
салмақсыздығы сондай, құдды ауада ұшып келе жатқан ақ мамықты
көргендей боламын.
Ол өзінің үлбіреген нəзіктігімен сəл қаттырақ ұстасаң сырт етіп сынып
кетер дрездендік фарфор мүсіншелерді еске түсірер еді. Оның осы
нəзіктігінің өзінде адамды аса бір ыждаһаттыққа ұмтылдыратын ерекше
қасиет бар секілді. Мен оны алғаш рет қолтығынан демеп каютаға түсіріп
бара жатқанда, бір жерін абайсыз ауыртып алам ба деп қатты қорқып едім,
сол сезімнен əлі күнге арыла алмай келемін. Мен ешқашан жан мен тəннің
дəл осындай əдемі үйлесімін көрген емеспін. Оның өлең-жырларын
əдебиетшілер тасбұлақтың суындай мөлдір, таңғы самалдай жұмсақ деп
бағалайтын, тура осыны оның сыртқы пішініне де қаратып айтуға болар
еді. Оның сəмбі талдай сəнбі тəні ақша қардай аппақ жан дүниесімен
астасып, бірін-бірі толықтырып, жарқыратып, тұтастай бір сұлу əлемге
айналдырғандай. Бір сөзбен айтқанда, құдай оны сүйкімділік жағынан
ештемеден кем де қылмаған, кенде де етпеген.
Ол Қорқау Ларсенге мүлде қарама-қарсы жаралған жан. Екеуінің
арасында мысқалдай ұқсас бір нəрсенің болмауы былай тұрсын, бұлар
бүкіл болмысымен бір-біріне өте кереғартұғын. Бірде екеуі палубада
қыдырып жүргенде, оларға сырттай көз салып тұрған мен: "Құдай-ау,
мыналар адамзат дамуының ең басында тұрған адамдар ғой",– деп ойлағам.
Ларсен – баяғы тас дəуірінен қалған жұрнақ та, ал Мод Брустер бүгінгі
заманның жан-жақты жетілген ең жаңа түрі. Əрине, Ларсен жабайыларға
жат айырықша ақыл-ойға ие болған адам ғой, бірақ сол ақыл-ойының бəрі
өзінің хайуандық инстинктін қанағаттандыруға арналған да, онысы өзін
барып тұрған жыртқыш дəрежесіне жеткізген. Оның ерекше біткен бұлшық
еттері, темірдей сом денесі бар, бірақ соған қарамастан аяғын жеңіл де нық
басады. Осы жүрісінің өзі жунгли ішінде жүрген ғажайып бір жыртқышты
елестетеді. Оның бүкіл қимыл-қозғалысы əр қадамын аңдап, жайлап
басатын мысық тұқымдастарға тəн, бірақ күш жағынан оны ешкім
ешнəрсемен салыстыра алмас еді. Дегенмен, бұл адамды мен тек қана
жолбарыспен тең қояр едім. Иə, ол ұқсаса, тек жолбарысқа ұқсайды. Оның
көзіндегідей ызғарлы ұшқынды мен кезінде тор ішінде тұрған леопардтан
ғана көргенім бар.
Бүгін палубада ары-бері кезіп жүрген Ларсен мен мисс Брустерге көз
қиығымды салып тұрып, бұл қыдырыстың қызға тым ауыр соғып жүргенін
сездім,– одан қайтсем құтылам деген ой оның əр қадамын тартыншақтай
басуынан да байқалғандай еді. Ақыры олар кают-компанияға қайтып келе
жатып, менің жанымнан өткенде, мисс Брустердің бет-əлпетінен сондай бір
мазасыздықты анық көрдім. Ол мен жаққа ұрлана көз тастап мəнмағынасыз бірер сөз айтқан болды да, амалсыз өтірік күлген сыңай
танытқан, бірақ көзі еріксіз тағы да Қорқау Ларсенге бұрылған. Артынша
одан жанарын қайта тайдырып əкетіп, назарын төмен салып еді. Осы
мезетте мөлдіреген қос жанардан белгісіз бір үрей ұшқыны жылт ете
қалғанын да аңғарып үлгердім.
Артынша гəптің бəрін Қорқау Ларсеннің көзінен ұқтым. Əдеттегі
сұрғылт сұсты, ызғарлы көз енді біртүрлі жылы шуақ шашып, нұрлана
қалыпты. Екі қарашықтан жылтылдай ұшқан ұсақ ұшқындар бірде жанып,
бірде сөніп, көз аясын айрықша бір шүғылалы сəулеге бөктіргендей.
Əдеттен тыс құбыла қалған осы көз, осы шұғылалы сəулелер жүректің
лүпілдей соғуынан хабар беріп тұрғаны анық-ты. "Мен саған кет əрі
емеспін" деген мұндай сиқырлы құбылысты, қандай əйел түсінбесін! Тек
Мод Брустерден беті аулақ!
Қыздың үрейі енді маған ауысқан. Еркек атаулының ішін дыз еткізер
мұндай қызғаныш аралас үрей үстінде мен бұл қыздың маған қаншалықты
қымбат болып бара жатқанын алғаш рет түсіндім. Бойымды билеп алған
осы үреймен бірге "мен оны сүйеді екем" деген ой жарыса жеткен санама.
Үрей мен сүю сезімдері жүрегімді шымырлатып жіберді, бұл сезімдер
денемді бір ысытып, бір суытқан, сонымен қатар белгісіз бір күш мені
Қорқау Ларсен жаққа еріксіз мойын бұрғызып еді. Бірақ ол қазір ес жиып
алғандай екен. Көздеріндегі манағы ұшқын, манағы шұғылалы сəуленің
бірі жоқ, бет пішіні бұрынғы сұсты да сұрғылт қалпына келген. Ол маған
жай ғана бас изеді де кете барды.
– Маған өте қорқынышты,– деді Мод Брустер дірілдей қатып.– Ой,
қандай қорқынышты!
Мен де оңып тұрған жоқ едім, дүниедегі ең қымбатымнан айырылып
қалардай боп, қарадай қалтырап кеттім. Дегенмен өзімді тежеп:
– Бəрі де жақсы болады, мисс Брустер!– дедім сабырлы түрде.- Бəрі де
жақсы болады, маған сеніңіз!
Ол маған ризашылықпен қарап, жымиып қойды – осының өзі-ақ
жүрегімді лүпілдетіп жіберді, сосын ол жайлап басып траппен төмен түсіп
кеткен.
Мен ол қалдырып кеткен жерде ұзақ тұрдым. Баяғы өткен-кеткендерімді,
қазіргі жан дүниемдегі өзгерістерді, барлығын ой сарабына сала бастадым.
Міне, ақыр-соңында мен де біреуді сүйдім, бəрінен көңілім алыстап, сезім
отым салқындап, енді маған шын махаббат ешқашан жолықпайтын шығар
деп жүргенде, ғайыптан сүйдім мен оны. Өмір туралы толғанған
сəттерімде, ерте ме, кеш пе, əйтеуір бірде махаббат менің де жүрек
пернемді басатын шығар деп талай-талай күткенмін. Бірақ кітаптан басқаға
мойын бұрмаған ұзақ жылғы саяқ күндерімде махаббат туралы шындап
ойлауға да мұршам болмаған.
Міне енді махаббат маған да келді! Мод Брустер! Оның ең алғашқы жұпжұқа өлеңдер жинағы қашан, қай уақытта менің жазу үстелімде жатқаны да
есімде. Кейін осындай жинақтардың қаншамасы қаз-қатар тізіліп, кітап
сөремде тұрғаны да қазіргідей көз алдымда. Олардың əр қайсысы маған
жыл құсындай жылылық əкелген. Жəне... жыл сайын бір кітап! Жаңа
жылды қалай асыға күтсем, оның əрбір жаңа жинағын да мен солай асыға
күткем, аңсай күткем. Олардың əр парағынан, əр жолынан өз өміртанымыма үндестік тауып, ерекше бір сезімге бөленетінмін. Сол сезім енді
жанымды баурап, жүрегімді жаулап, махаббатқа айналған.!
Жүрегімді жаулап? Мен не деп отырмын осы? Күтпеген жерде менің
ойым басқа арнаға ойысқан. Күдікті ой. Өзіме деген... оған деген... Ол – өз
шығармаларымен мыңдардың жүрегін жаулаған əйгілі Мод Брустер. Ал
мен – Чарли Ферасеттің сөзімен айтқанда, "тұла бойы сұп-суық балықпын",
"сезім атаулыдан жұрдай албастымын", "талдаудың тажалымын", сөйте
тұра енді біреуді сүйіп қалыппын. Сүйгенде, тура Мод Брустердің өзін!
Осы мезетте бұл ойларыма ешқандай қатысы жоқ тағы бір жай жадымда
жаңғырып шыға келген: ол – бір биографиялық анықтамалықтағы мына бір
қысқаша мəлімет: "Ол Кембридже туған. Жасы жиырма жетіде". Бұны
іштей қайталап тұрып, тағы да ойға баттым. "Жасы жиырма жетіде, бірақ
əлі тұрмыс құрмаған. Жəне... ешкімді сүймеген!" Қызық, ешкімді
сүймегенін мен қайдан білем? Жүрегім дыз ете қалды. Бұл не, қызғаныш
па? Ал қызғаныш болса, мен оны шын сүйгенім ғой.
Қалай? Мен, Хэмфри Ван-Вейден, шынымен ғашық болғаным ба? Тағы
да күдік. Ғашық болудан қорқып та тұрғаным жоқ, не оған кет əрі де
емеспін. Керісінше, тұла бойым толған реалист ретінде мен əрқашан
махаббатты асқақ бағалаймын, оны жер бетіндегі ең ізгі дүние, өмір
сүрудің ең түпкі қазығы, ол – қуаныштардың қуанышы, бақыттың бақыты
деп білгем. Оны ақ ниетпен шақырып, ақ жүрекпен қарсы алу керек деп
түйгем. Сөйте тұра ғайыптан тап болған махаббатқа енді сенгім келмейді.
Мен əншейін алданып тұрған шығармын, ол бақыттың ауылы алыс болар
маған. Бұл тіпті мүмкін емес шығар мен үшін. Еріксіз есіме саймонстың
өлеңі түскен.
Сан жыл бойы көзім салып сан қызға
Іздегенім сен екенсің жалғыз да.
Ал мен махаббат үшін жаралмаған жандай боп, ол "жалғызды" іздегенді
де қойғанмын. Бұл жағынан Фэрасет дұрыс айтқандай, мен бір "жүрегі
тастан жаралған", кітап кеміруден басқа түк білмейтін, бар қызықты содан
ғана іздеген делқұлының дəл өзі болатынмын. Ең қызығы сол, мен өмір
бойы əйелдердің ортасында жүрсем де, оларды тек эстетиканың көрінісі,
сұлулықтың белгісі ретінде ғана қабылдағам. Кім білсін, сол күндері
махаббат лəззатынан шын көңіл үзгендігімнен де болар, кейде өзімді
іңкəрлік, құмарлық, сүйіспеншілік атаулыдан жұрдай боп туған, бұл өмірде
тек монах болуға ғана жаралған жан шығармын деген онға да талай келгем.
Жоқ, олай емес екен, маған енді міне іңкəрлік, құмарлық пайда болды.
Ғайыптан, кенеттен пайда болды.
Көңіліме ғажап бір шабыт бітіп, Элизабет Браунингтің12 мына бір ғажап
өлеңін күбірлеп айтып, палубада ұзақ жүрдім.
Топ ортадан жырақтап саяқ кеттім,
Тоқ көңілді қиялмен тоятты еттім.
Ақ пейілін достың да сезінбедім,
Əсем əуен, шаттық күй – безінгенім.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 14
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.