Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 22

Total number of words is 4195
Total number of unique words is 2097
35.6 of words are in the 2000 most common words
52.0 of words are in the 5000 most common words
59.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тамақтандыруға барады. Барса, Ларсен сол жақ қырынан жатыр екен;
ауырудан қатты қиналғаны байқалған. Мод бірдеме сұраса, жауап бермейді.
Сол жақ құлағы жастыққа басылып жатқан көрінеді. Артынша дөңбекши
аунап, басын оң жаққа бұрғанда, сол құлағы ашылып, сонда ғана ол
Модтың сөзіне жауап берген болады. Оны естісімен Мод көрген-білгенін
маған тезірек жеткізу үшін каютаға қарай жүгіреді.
Ларсеннің сол жақ құлағына жастықты басып тұрып, естисің бе, жоқ па
деп сұрадым – жауап болған жоқ. Жастықты алып, қайта сұрап едім, сол
сəтте-ақ сөйлей бастады.
– Сіздің оң құлағыңыз естімей қалған. Бұны өзіңіз сезесіз бе?– дедім
мен.
– Иə,– деп жауап берді ол бірақ нық.– Егер жалғыз құлақ қана болса
жақсы ғой, менің бүкіл оң жағым жансыздана бастағанын байқаймын.
Қазірдің өзінде бір аяқ, бір қолым жұмыс істеуден қалған.
– Тағы да қулық жасайын деп жатқан жоқсыз ба?– дедім мен зілді
дауыспен.
Ол "жоқ" дегендей басын шайқап, біртүрлі қызық күлгендей болды.
Жəне күлгенде... əдеттен тыс аузы қисайып кетіп еді. Бұдан байқағаным:
оның оң жақ беті мүлде жансызданып, тек сол жағы ғана əзірге тіршілік
белгісін жоғалтпаса керек.
– Бұл – Қорқаудың соңғы тұяқ серпуі ғой,– деді ол.– Мен қазір сал боп
қалған адаммын, енді орнымнан тұруым екіталай... Дегенмен істен
шыққаны – оң жағы ғана, екеуі бірдей емес,– деп ол қосып қойды, құдды
менің жаңа ғана тізесі бүгілген сол жақ аяғына күдіктене қарағанымды
сезіп қалғандай.
– Иə, маған сəтін салмады,– деді ол сөзін əрі жалғап.– Алдымен сізбен
есеп айырысып алғым келіп еді, Хэмп. Бұған менің əлі де бір атарым
барына сенгем де.
– Не үшін? Мен сізге не жаздым сонда?– дедім мен төбе құйқам
шымырлап, бір жағынан білуге ынтыға түскенім жəне бар.
Оның мысқыл ұялаған аузы тағы да қисая қалған.
– Жай əншейін... Өзімнің өмір сүріп тұрғанымды жəне ашытқының ең
кесек бір бөлігі екенімді сезінейін дегенім ғой. Ыңғайы келсе, сізді екі асап
бір жұтайын деген де ойым болған! Бірақ, амал не, мынадай жағдайға тап
болдым енді. Алдағы күнімнің не боларын кім білсін...
Ол иығын қиқаң еткізді, дəлірегінде солай істегісі келген – бірақ сол жақ
иығы сəл көтерілді де қойды. Бұл қимыл да оның күлгендегісі секілді
біржақты ғана көрініп еді.
– Бұл өзі сонда неден пайда болды деп ойлайсыз? Кілтипан неде?
– Мида,– деді ол бірден.– Бəрі-бəрі де анау, қарғыс атқыр, бас ауыруынан
басталған.
– Оның өзі де негізгі аурудың симптомы ғана ғой,– дедім мен.
Ол бас изеді.
– Əйтеуір, бəрі де түсініксіз. Өмірде ешқашан ауырып көрген адам емес
едім. Ал мына пəленің миға қалай тап болғанын білмеймін. Рак па, əлде
басқадай бір ісік пе, не де болса əйтеуір ішіме бойлап кіріп алған бір тажал
бүкіл тəнімді кеміріп, қанымды сорып, жанымды біртіндеп жеп бара
жатқан секілді.
– Негізінен адамның дене қозғалысын басқарып отыратын басты орган –
мишық қой. Сіздің сол мишығыңыз да зақымданған ба деймін.
– Солай секілді. Бірақ бəрінен өкініштісі сол – ақыл-есім бүтін, санам
сап-сау бола тұрып, əр мүшемнен кезекпе-кезек айырылып бара жатқаным
жаныма қатты батады. Қазірдің өзінде ештеме көре алмаймын, құлағым
жартылай ғана естиді. Өстіп кете барса көп ұзамай тілден де қалатын
шығармын. Бірақ қанша бейшараның күйін кешсем де бірдеме істесем-ау
деген жіңішке үмітпен осы жерде, осы өмірде, тірі қалпымда жүре
беретініме сенемін.
– Сонда сіз... бұнымен не айтпақ ойыңыз бар? Өзім өлсем де, жаным
өлмейді дегіңіз келе ме?
– Бос сөз!– деп ол бетін тыржың еткізді.– Айтайын дегенім – менің
негізгі жүйке тамырларым дін аман. Жадым жақсы, ақыл-есім орнымда.
Əзірге ойлай да білемін, ойлағанымды қорыта да білемін. Осының бəрі
жоғалған кезде, мен де жоғаламын. Яки, өлемін. Ал жан дегеніңіз?
Ол мысқылдай күлді де, осымен əңгіме бітті дегендей сол жақ құлағын
жастыққа басып, бір жақ қырына қисая берген.
Бұл адамның аянышты тағдыры Мод екеуіміздің де еңсемізді түсіріп
жіберіп еді. Ол өстіп күннен күнге төмендей бермесе, оңалып кетуі
екіталай-ды. Осындай азапқа салатындай бұ бейшара тағдырға не жазды
екен деп те ойлаймыз. Сондай сəтте кешегі оның адамдарға жасаған
барлық зорлық-зомбылығы мен қиянаты есіңе түсер еді. Кім білсін, сол
істеген істерінің өтеуін өтейтін де кез жеткен шығар қазір... Не десек те
ендігі сəтте біз өзімізді сабырлы да салқын қанды күйде ұстап, бір-бірімізді
қалайда түсінуге, түсінісуге тырысқанбыз.
Кешкілік Мод екеуіміз оның төсегінің жанында, енді не істейміз деп
тұрғанда:
– Қолымдағы бұғауды шешіп тастасаңыздар да болады,– деген ол.– Сал
боп жатқан адамнан несіне қорқасыздар. Маған енді тып-тыныш жатып
өлімді күткеннен басқа не қалды.
Осыны айтып ол тағы да аузын қисайта күлгенде, Мод еріксіз теріс
бұрыла беріп еді – тегі тура қарауға дəті шыдамаса керек.
– Сіз күлген кезде аузыңыздың қисайып кететінін білесіз бе?– дедім мен
оған тосыннан сауал қойып. Бұным – Мод оны тамақтандырған кезде
қорықпасын дегенім еді.
– Олай болса, мен күлгенімді қояйын,– деді ол салқындау тіл қатып.–
Бүгін таңертең бір жайсыздау дүниені өзім де сезіп едім. Оң жақ бетім
құдды тас боп қатып қалғандай – сұп-суық, жан жоқ. Осындай бірдеменің
сезіле бастағанына бүгін, міне, үшінші күн: бірде оң аяғымнан, енді бірде
сол жақ қолымнан ауық-ауық жан кетіп қалғандай боп тұрады.
– Демек менің күлкімнен де ұсқын кеткен екен ғой?– деді ол аз
үнсіздіктен соң тағы да.– Ендеше бұдан былайғы жерде мені іштей күліп
жатыр деп есептеңіздер. Жан дүниесімен, бүкіл болмысымен! Мен қазір де
дəл солай күліп жатырмын.
Көңілсіз де болса осы ойлап тапқанына ол өзінше риза болып, біраз
уақыт үнсіз жатты.
Оның өзіне тəн мінез-құлқы титтей де өзгермеген. Бүкіл дене мүшесі
бір-бірлеп солып-семіп, кішкентай ғана бөлмеде қор болып, бейшара болып
жатса да, ол бəрібір сол баяғы ешкімге бас имес, селт етпес қорқынышты
Қорқау Ларсеннің өзі еді. Бірақ оның бір кездегі таудай кеудесі енді тас
қамалға айналып, сыртқы дүниенің бəрінен оны оқшаулап, мынау жарық
жалғанда оның жан əлемін мүлде жалғыз қалдырғандай еді. Ол бұдан
былайғы күндері еш уақытта "мен оны істеймін, бұны істеймін" дей
алмасы анық-ты. Есесіне бұған қалғаны – тек "мен əзірге тірімін" деген бір
ғана алданыш болатын. Яғни онда енді тірлік бар да, қозғалыс жоқ, ойлау
бар да, орындау жоқ еді. Бұдан да дəлірек айтқанда, ойлау, сөйлеу жағынан
ол кəдімгідей тірі адам да, ал қозғалыс, əрекет тұрғысынан оның табыттағы
мəйіттен еш айырмасы жоқ-ты.
Мод екеуіміз оның қолынан бұғауды алып тастасақ та, оған деген ішкі
үрейден бəрібір құтыла алмағанбыз. Қаншама жақындайық десек те
санамыз оны сыртқа тебе береді. Құдды ол кез келген сəтте орнынан атып
тұрып, алқымнан ала түсетіндей көрінеді. Одан көрген бұрынғы қорлықзорлығымыз сондай, санаға батпандап сіңген қорқыныштан əлі күнге
арылып болмаған екенбіз.
Мойны тым қысқа болғандықтан мен жасаған жебенің кейбір ауыр
заттарды көтеруге шамасы жетпеген. Ойлана келе мұның да амалын
тапқандай болдым. Қалай дейсіз ғой? Жаңадан хват-тали жасадым да, фокмачтың төменгі ұшын планширден өткізіп қатты тартып тастадым, содан
кейін мачты палубаға түсіріп болған соң жебенің көмегімен грот-гикті
бортқа көтеріп алдым. Оның ұзындығы қырық футтай еді, мачты көтеріп,
орналастыруға бұл толығымен жеткілікті болатын. Өзім жебеге бекітіп
қойған қосалқы талидің күшімен гикті тігінен тұрғыздым да, сосын оны
палубаға мықтап бекітіп қойдым. Мендегі жебеде бұрыннан тұрған
кішкентай шығырды гик нокіне орнықтырдым. Бұдан соң талидің
жылжымалы ұшын брашпильге байлап, гик нокін қалауымша көтеріптүсіретіндей ыңғайға келтірдім, сонымен қатар бұдан кейін қандай
жағдайда да оның табаны ешқайда жылжымайтын болған. Мен бұған қоса
гик нокіне көтергіш талиді де жылжымастай етіп бекітіп тастадым. Осы
жұмыстың бəрі біткен кезде, ойлап тапқан амал-тəсілімнің маған қаншама
жеңілдік туғызғанына өзім де қайран қалғаным бар.
Осы жұмыстардың бəрін мен екі күнде істеп біткем де, тек үшінші күні
таңертең ғана фок-мачты палуба үстіне тұрғызып, оның төменгі ұшын
трюм степсісіне кигізу үшін жонып-қырнауға кіріскем. Ағашпен жұмыс
істеуге келгенде мен мүлде олақ адам едім, бөрененің басын шауып, кесіп,
өзім ойлағандай қалыпқа келтіргенше ол бейшара мыж-мыж болып, əбден
итрəсуəсі шығып еді. Бірақ қалай дегенмен пайдаға асатын бірдеме жасап
шығарған сияқтымын.
– Жарап қалар! Құдай біледі жарап қалар!– деймін өз істеген ісіме мəз
болып.
– Сіз білесіз бе, доктор Джордан кез келген нақты заттың мықтыберіктігі немен сыналатыны жөнінде не дегенін?– дейді Мод.
Мен басымды шайқадым.
– Ең мықты сынақ құралы мына сұраққа жауап беруге тиіс: "Сіздің
қолыңыздан шыққан зат адам пайдасы үшін қаншалықты қызмет атқаруға
қабілетті? Жəне, ең бастысы, оған адам өмірін сеніп тапсыруға бола ма?"
– Байқаймын, доктор Джордан сіздің піріңіз-ау деймін.
– Мен өзімнің ескі пантеонымды бұзған кезде, одан Наполеон, Цезарь
сияқты біраз ескі-құсқыны лақтырып тастап, олардың орнына өз рухыма
жақын жаңаларды қоюға көшкем – дейді Мод сабырлы пішінмен.– Сонда
бірінші боп төріме шыққан – доктор Джордан ғой.
– Нағыз қазіргі заманың қаһарманы!
– Оның қазіргі заманның хас перзенті болуының өзі – ұлылығы!
Айтыңызшы, көненің көн тұлғалары бізге енді көсем бола алмайды ғой,
солай емес пе?
"Иə" дегенді білдіріп, мен бас изеп қойдым. Мод екеуіміздің ойымыз
ылғи да бір жерден шығатын, сондықтан да біздің арамызда бір нəрсеге
дауласу, сөз қағыстыру деген мүлде болмайтын. Ең бастысы, екеуіміздің
дүниетанымымыз өмір, тіршілік деген кең өрісте бірге табысып, бір
арнадан шығып отырушы еді.
– Біз екі əдебиет сыншысына таңғаларлықтай тамаша тіл табыстырып
жүрміз?– деймін мен əзілдеп.
– Кеме жөндеу шебері мен оның көмекшісіне де,– дейді ол да, əзілмен
жауап қайтарып.
Ол күндері біз өте сирек қалжыңдасып, сирек күлуші едік, өйткені, бір
жағынан, оған уақытымыз болмайтын, екіншіден, Қорқау Ларсеннің көз
алдымызда біртіндеп өліп бара жатуы да жанымызға оңай соқпаған.
Көп өтпей-ақ оның ауруы қайта ұстаған да, бұл жолы ол сөйлеуден де
қалып еді. Дəлірегінде, жиі-жиі тілі байланып қалатын болған. Бұ жағынан
ол, өз сөзімен айтқанда, "бірде тоқтап, бірде жүріп тұратын телеграф
аппаратына" ұқсар еді. "Аппарат" жүріп тұрғанда Ларсен қиналып та
болсын, əйтеуір, ерін ұшынан аздап сөйлеген болады. Сосын күтпеген
жерде тілі тағы байланып қалады, жаңағы сөздің жалғасын енді қашан
айтар екен деп, сағаттар бойы оның аузына қарайсың да отырасың.
Осындай бір күні ол басының қатты ауыратынын айтып, бізге бағына қарап
жатты да: "Егер бір күні тілден де айырылатын болсам, былайша
түсінісейік",– деп, байланыстың мынадай түрін ұсынған: бір саусағын
бүгіп көрсетсе, бұл – "иə" дегені, ал екеуін қатар бүксе, бұны "жоқ" деп
түсінген жөн. Бұл белгіні ол дер кезінде айтып үлгерген екен, өйткені дəл
сол күні кешкісін ол, расында, сөйлеуден де мүлде қалып еді. Содан бері
бейшара біздің сұрақтарымызға əлгіндей шартты белгілермен жауап беріп,
ал өзі бірдеме айтқысы келсе, онысын тек қағазға жазып қана жеткізетін
болған.
Қылышын сүйретіп қыс та жетті. Бірде мұздай суық жаңбыр жауса, енді
бірде түйіртпек-түйіртпек қиыршық қар тарыдай тырсылдап бетке ұрады.
Оның арты алай-дүлей боранға ұласатын да кезі көп. Бұл уақытта
мысықтар оңтүстіктегі жылы мекендеріне аттанып кеткен де, мұндағы
жатақтары құлазып бос қалған. Өз басым демалыс, тынығу дегендерді
əлдеқашан ұмытқам: таңның атысынан күннің батысына дейін күйбеңкүйбең етіп палубада жүремін: қар мен жаңбырға аса қиналып жатқам жоқ,
тек ызғары сүйектен өтер қызыл желге шыдау өте қиын. Дегенмен оған да
мойымай, жұмысымды жалғастыра беремін. Соның арқасында біраз істі
тындырып тастағаным да рас.
Кезінде жебені тұрғызып жатқанда, оның басына тартқышты бекітуді
ұмытып кетіп, кейін амалсыз сонау биікке өрмелеуге тура келген. Енді
содан сабақ алған мен фок-мачтты көтермей жатып төбесіне штаг, гафельгардель, дирик-фал сияқты құрал-жабдықтарды бекітіп тастадым.
Алғашында бұл жұмыстың бəрін жарты-ақ күнде бітірем бе деп едім, бірақ
əдеттегідей бұған да тұтастай екі күнім кеткен. Ал алда осындай қаншама
іс бар! Мəселен, бір ғана желкеннің өзін басынан бастап қайта жасау керек!
Мен сол фок-мачты жабдықтап жатқанда, Мод, қажет кезінде, бір
жағынан маған көмектесіп, екінші жағынан желкен тігуді қолға алған.
Материал əрі қатты, əрі тым ауыр болатын, ал Мод оны тіккенде нағыз
матростар ғана ұстайтын жуан жіп пен тек желкен тігуге арналған үш
қырлы инені пайдаланған. Біраздан кейін саусақ арасы қажалып,
қызылеттеніп кетсе де, ол жұмысын бір сəт те тоқтатқанын көргенім жоқ.
Бұнымен қоса тамақ дайындау мен ауруды күту де оның мойнында еді!
– Қойдым ырым-сырымды!– дедім мен жұма күні таңертең.– Мачты
бүгін көтереміз.
Барлық дайындық жұмысы біткен. Гик талиін брашпильге салып, мачты
палубадан жайлап көтердім. Сосын бұл талиді бекітіп, жебе талиін
брашпильге қосып, қолтұтқаны ақырындап бұраған күйі мачты палубаға
тігінен тұрғыздым.
Манадан бері маған көмектесіп, барабанның бір шетінен ұстап тұрған
Мод енді қолы босасымен:
– Тамаша! Тамаша!– деп, балаша мəз болып, алақандарын шапалақтап
жіберді.– Мынадай мачтпен жердің түбіне жетуге болады! Бірақ артынша
түсі бұзылып шыға келіп еді.
– Қараңызшы, мачт діңі төменгі тесікке дəл келмей тұр ма, қалай?
Қырсыққанда бар жұмысты басынан қайта бастап жүрмесеңіз.
Мен қулана жымиып қойдым да, гик тартпаларының бірін босатып,
екіншісін біраз тартып, мачты палуба ортасына жылжыттым. Дегенмен ол
əлі де астындағы тесікке тура келмеген. Мод тағы да əбіржи беріп еді, мен
əлгіндегі жымиған қалпымнан жазбай, гик пен жебе талилерін аса
ептілікпен қозғай отырып, мачт діңінің төменгі басын палуба тесігіне дəл
əкеліп қойдым. Бұдан соң Модқа мачты қалай түсіру керектігін бүгешігесіне дейін түсіндірдім де, ал өзім төмендегі трюмге түсуге бет алдым.
Өйткені шхуна түбіне орналастырылған степс деген жуан дөңбекке мачт
діңін бекітуім керек-ті.
"Жайлап түсіре бер" деп төменнен Модқа дауыстадым. Мачт степске
қарай жеп-жеңіл түсе бастады. Жəне түскенде, тура степстің төрт бұрышты
тесігіне құлдилаған. Алайда жолай өз осінен сəл айналып кеткен екен,
степс тесігіне кигізер кезде екі жақтың бұрыш қырлары бір-біріне сəйкес
келмей қалып еді. Не істеу керектігін мен бірден біле қойдым. Модқа мачты
бір орында ұстап тұр деп айқайладым да, ал өзім палубаға көтеріліп, хватталиді мачтқа тас қып бекітіп, Модқа хват-талиді мен тарт деген кезде
тартасың дегенді тапсырып, қайтадан трюмге түстім. Мен қолшамның
жарығымен мачтың қалай ақырын айнала бастағанын, айналған сəтте оның
түпкі жақтауы степс тесігінің жақтауына қалай параллель келгенін ап-анық
көріп тұрдым. Мод талиді бекітіп, брашпильге қайта барған. Жайлап төмен
түсе берген мачт соңғы бірнеше дюймнен кейін... жəне бір жағына бұрыла
бастап еді. Дегенмен Мод оны тағы да хват-талимен түзеп жіберіп, одан əрі
брашпильмен туралай берген. Ақыр соңында, əйтеуір, төртбұрыш тесікке
төртбұрыш сирақ дəлме-дəл түсіп, үлкен бір іс бітіп еді.
Мен қуанғанымнан айқайлап жібердім. Мод та қолын шапалақтап маған
қарай ұмтылған. Қолшамның қызыл-сарғыш жарығында екеуміз де өз
еңбегіміздің жемісіне мəз болып, масаттанып жатырмыз. Бір сəт бірбірімізге рақаттана қараймыз. Қолдарымыз да еріксіз айқаса қалған. Осы
мезетте, қуаныштан көзімізден жас та ытқып кетті-ау деймін.
– Шындығын айтқанда, бұған біз аса қинала да қойған жоқпыз ғой,–
деймін мен.– Бізге бəрінен ауыр тигені – осы жұмысқа дайындық болған
жоқ па!
– Ал мен бақыттың үлкені – ойлаған істі ойдағыдай жүзеге асыру деп
білем,– деді Мод жұлып алғандай.– Мынадай алып мачты су бетінен
көтеріп, палубаға шығару, сосын оны ғажап күшпен тік тұрғызу – кімнің
қолынан келеді!? Жəне бұны екі-ақ адам істеді дегенге кім сенеді! Шын
мəнінде ерліктің ерлігі осы емес пе!
– "Басқа да істегендері бастан асады",– деп мен көңілді дауыстай бердім
де, кілт мүдіріп қалдым – əлдеқайдан мұрныма бір ащы иіс келгендей.
Қолшамға жалт қарадым. Жоқ, ол түтіндеп тұрмағаны байқалады. Мен
тағы да ауаны иіскедім.
– Бір жерде бірдеме күйіп жатыр!– деді Мод сенімді.
Екеуіміз бірдей трапқа жүгірдік, бірақ мен оны басып озып, палубаға
бұрын шықтым. Кубрик люгінен қап-қара түтін ширатыла шығып жатыр
екен.
– Апандағы Қорқау əлі тірі!– дедім мен тістеніп. Дедім де төменге бір-ақ
секірдім.
Қуықтай бөлменің іші қою түтіннен көз аштырмайды, сипаланып алға
жүріп келемін. Бір жағынан қорқып келемін. Қорқау Ларсеннің баяғы
қорқаулығы, баяғы оның үрейі бойымнан əлі кетпеген – кез келген сəтте ол
мені бас салып, қылқындыра жөнелетін сияқты. Бір мезет тіпті қайтадан
тұра қашқым да келген жоғарыға, бірақ есіме бірден Мод түскен. Көз
алдымда – тура жаңағы трюмда тұрған түрі: қуанғаннан жас толған қоңыр
көздер, балбұл жанған аққұба бет, құлағымда – сыңғырлаған əсем үн.
"Жоқ!– дедім мен іштей ширығып.– Шегінерге жол жоқ, тек қана алға!"
Түтінге қақалып-тұншығып жүріп Қорқау Ларсен жатқан төсекке де
жеттім-ау ақыры. Сипалай іздеп қолын да таптым бір мезет. Өзі
қозғалыссыз, тып-тыныш жатыр екен, тек менің қолым тиген кезде ғана
аздап жыбыр еткендей болды. Ол жамылып жатқан көрпенің іші-сыртын
түк қалдырмай қарап шықтым. Ештеме жоқ. Ау, енді қайдан шығып жатыр
бүл түтін? Көзімді ашытып, қолқамды қауып, тынысымды барған сайын
тарылтып бара жатқаны мынау! Есімнен адасқандай кубрик ішін
шыркөбелек айналып, жүгіріп жүрмін. Бір сəт үстел үстіне секіріп
шыққанда ғана аздап ес жиғандай болдым. Егер төсекте таңылып жатқан
адам шынымен өрт қоюды ойласа, онда ол қол жететін жерден ғана
тұтататын бірдеме іздеуі керек қой. Демек, не іздесек те оның төсегінің
маңайынан іздеуіміз керек те.
Осы оймен Қорқау Ларсен төсегінің жанына қайта оралғанда, кенет
Модпен түйісіп қалғаным. Оның мына қою түтін ішінде қашаннан бері
жүргенін кім білсін!
– Жылдам жоғарыға кетіңіз!– дедім мен батыл бұйырып.
– Жарайды, Хэмфри, бірақ..– деді ол қырылдаған дауыспен жыламсырай
тіл қатып.
– Жо-жоқ, маған ештеме айтпаңыз! Тек тезірек кетіңізші бұл жерден!–
дедім мен енді айқайлап.
Мод айтқанды тыңдап, төсек жанынан ұзай берді. Бірақ артынша мен
соңынан тұра ұмтылдым: ол сасқалақтап жүріп есікті таба алмай қалуы да
мүмкін ғой. Жанұшыра жүгіріп трапқа жеттім. Бірақ ол мұнда болмай
шықты. Мүмкін мен жеткенше жоғарыға көтеріліп кеткен шығар. Не
істерімді білмей аңырып тұрып қалдым, алайда... кенет əлдеқайдан оның
əлсіз, тұншыға шыққан даусы естілгендей болды.
– Хэмфри-и... Хэ-эмфри! Сіз қайдасыз? Мен адасып кеттім.
Дауыс арт жағымнан естіледі. Қою түтінді қақ жара ұмтылып, төменгі
қабырғаға жетсем... ол сипалана қарманып, қабырға түбін жағалап жүр
екен, қолынан шап беріп ұстадым да, жоғарыға қарай сүйрей жөнелдім.
Сөйтіп оны палубаға алып шыққан соң, көп кідірмей тағы да төменге түсіп
кеттім.
Түтіннің шыққан жерін тек Қорқау Ларсен жатқан маңайдан іздеу
керектігіне мен сенімді едім, сондықтан ойланбастан тура солай қарай
ұмтылдым. Ол жерге жеткен соң Ларсен жамылып жатқан көрпені тағы да
сипалай бергенімде, жоғарыдан бір ыстық шоқ құлап түсіп, қолымды
күйдіріп кеткені. Басымды шұғыл көтеріп, төбеге қарадым. Түсінікті
болды! Ларсеннің үстіндегі екінші төсекке төселген тақтайлардың
жарығынан жылт-жылт еткен от көрінеді. Яки Қорқау Ларсен жатқан күйі
қолын жоғары созып, тақтай жарықшақтарының арасынан көрініп тұрған
сабан матрасқа от қойып үлгірген. Бықсып жанып, бүкіл астыңғы қабатты
түтіндетіп жатқан сол əне.
Төсектен матрасты жұлып алып, жерге бір ұрдым да, аяғыммен таптай
бастадым. Таптаған сайын сабан ұшқындары жан-жаққа жылтырай ұшады.
Мен одан сайын өршелене таптаймын. Ақыры əйтеуір соңғы ұшқын
қалғанша жер тепкілеп жүріп, істі оңынан бітірдім де, таза ауа жұту үшін
палуба жаққа жанталаса жүгіре жөнелдім.
Сəлден кейін, сақтық үшін, еденде əлі де түтіндеп жатқан сабан
матрастың үстіне бірнеше шелек су əкеліп құйып тастадым. Тек содан
кейін ғана түтін біртіндеп сейіле бастады да, арада он минуттай өткенде
кубриктегі əрбір зат ап-анық көріне берді. Бұдан соң Модты да төменге
шақырып алдым. Əуелде Ларсен ес-түссіз сұлық жатыр еді, таза ауа жұтқан
соң ептеп қыбырлай бастаған. Біз əлі де оның жанында əуреге түсіп
жүргенбіз, кенет ол бізге таныс белгімен қағаз, қарындаш сұраған.
"Маған кедергі жасамауларыңызды өтінем,– деп жазып берді ол.– Мен
іштей күліп жатырмын".
Бірер минут өткеннен кейін тағы да мынадай жазу ұсынып еді.
"Байқаған шығарсыздар, мен қазірдің өзінде ашытқының бір бөлігімін
ғой".
– Құдайға шүкір, тым үлкен болмағанына қуаныштымын,– дедім мен
дауыстап.
"Рахмет!– деп жазды ол.– Бірақ ол мүлде жоғалып кетпес бұрын керемет
божып, кішірейе түсетінін сіз ескердіңіз бе?"
"Мен əлі де осындамын, Хэмп,– деп жазды ол қорытынды сөзінде.–
Бұрын-соңды басым да дəл мұндай жұмыс істеп көрмеген шығар. Бəрін
біліп, бəрін пайымдап жатырмын. Мысқалдау ауытқу жоқ менде. Ой-санам
түгел тастүйін. Өзім де тұтастай осындамын, тіпті осындамын деудің өзі де
аз..."
Бұл сөздер маған тас қараңғы көрдің ішінен естілгендей сезілді, өйткені
осы сəттегі оның денесі сұп-суық өлікті мəңгі құшағына алған сұп-сұр
табыттай көрінген. Ал сол табыттың ішінде шығарға тесік таппай
шырылдап оның шыбын жаны ұшып жүргендей еді. Иненің жасуындай сол
тесікті ол қашан табады? Қашан сонда жаны жай табады? Бұл тек
жаратқанға ғана аян десек те, ол үшін ақтық күннің алыс еместігі анық-ты.
ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
"Байқаймын, сол жағымнан да жан кетіп бара жатқан сияқты,– деп
жазды ол кемені өртегісі келген күннің ертеңінде таңертең.– Иə,
жансыздану тым жылдамдап барады. Қазірдің өзінде қолымды əрең
көтеремін. Бүгін құлағым да өте нашар естиді, мүмкіндігі болса, қаттырақ
сөйлеңіздерші. Бақұлдасатын сəт келді-ау деймін осы..."
– Қатты ауырып жатырсыз ба?– дедім мен.
Бұл сөзімді екінші рет қаттырақ қайталағанда ғана ол жауап берген.
"Кейде... ара-тұра".
Оның сол қолмен өте ақырын, сүйрете жазған шимай-шатпағын тану
тым қиынға соққан. Бұл жазулар бір кіргенің үшін бірнеше доллар төлейтін
спириттік сеанстардағы аруақтардың жауабын еске түсірер еді.
"Бірақ мен əлі де осындамын... иə, мен əлі де тұтастай осындамын"
деген жазуларды оның қолдары шимайлап болсын, тым ақырын болсын,
əйтеуір, тынбай жаза берген, жаза берген.
Кейде қарындаш қолынан түсіп кетеді, біз оны саусақ арасына қайтадан
қыстырып береміз. Ол тағы да жаза түседі.
"Ауру бəсеңдеген кезде тыныштық пен демалыстан жаныма керемет
рақат табамын. Менің ой-санам еш уақытта мұндай сергек күйді бастан
кешпегені анық. Дəл қазір мен иогтар сияқты өлім мен өмір туралы
ғажайып толғаныстарға батып жатырмын".
– Жəне мəңгі тірлікті де ұмытпаған шығарсыз?– дейді Мод оның
құлағына дауыстап.
Ол жəне бірдеме жазайын деп қағазға ұмтылып еді, бірақ қарындашы
қайта-қайта тайғақтай берді. Сөйтіп үшінші рет ұмтылған кезде,
қалтылдаған қолдан қарындаш түсіп те кеткен.
Біз оны қолына қайта ұстатып едік – босқа əуреленіппіз – ол енді
саусаққа тоқтағанды мүлде қойған екен. Бұдан соң Мод қарындашты оның
қолына өзі ұстап тұрып жаздыруға тырысқан: ал ол əрбір əріпті түсіруге бір
минуттай жұмсай отырып "Ж-А-Л- Ғ-А-Н!" деген сөзді əзер жазып
шыққан-ды.
Бұл – өмірінің ең соңғы күніне дейін ештемеге сенбеген қалпынан
титтей де айнымаған Қорқау Ларсеннің ең соңғы сөзі еді. "Жалған!". Бұдан
əрі саусақтар қозғалудан қалған. Денесі дір ете қалып, сосын ол да сап
тыйылып еді. Мод оның қолын босатқаны сол – саусақтар жазыла берген
де, қарындаш еденге тырс ете түскен.
– Сіз мені естисіз бе?– дедім мен қолын қыса айқайлап. Бұным – егер
мені естісе, болмағанда саусақтары жыбырлар деген есекдəмем еді. Жоқ,
тып-тыныш, сұп-суық! Бұл – қолдан жан кетіп қалғаны ғой.
– Ерні жыбырлайды,– деді Мод.
Мен жаңағы сұрағымды қайта қойдым. Иə, еріндері бірдеме дейтін
секілді. Мод оларға саусақ ұшын тигізіп тұрды да, ал мен сұрағымды тағы
да қайталадым.
– "Иə"– деп жеткізді Мод.
Біз бір-бірімізге сұраулы пішінмен қарап қойдық.
– Бұдан не пайда?– дедім мен күбірлеп.– Естісе де оған не айтамыз біз?
– Айтпақшы, одан сұраңызшы...
Мод батылсыздау сөйлеп, сөз аяғын жұтып қойды.
– Иə, одан бірдеме сұрайық,– деп мен оны жалғастырып əкеттім.– Сол
сұраған дүниемізге ол "жоқ" деп жауап берсе, оған не керек екенін білетін
боламыз.
– Айтыңызшы, тамақ ішкіңіз келе ме?– деді Мод оған қатты дауыстап.
Еріндер болмашы ғана қыбыр етті.
– "Иə"– деп жеткізді оны Мод.
– Ет жеуге қалайсыз?– деді сосын Мод тағы.
– "Жоқ",– дегенді ернінен оқыды ол.
– Ал сорпаға?
– Иə, ол сорпа ішкісі келеді,– деді Мод, маған қарап, баяу тіл қатып.–
Əзірге құлағы естіп тұрғанда біз онымен өстіп түсінісерміз-ау, ал сосын...
Ол маған əлдебір мұңлы жүзбен қараған. Еріндері дірілдеп, көзіне жас
та толып кетіп еді. Сосын бір мезет аяғынан əл кеткендей теңселе қисая
берген оны мен əзер ұстап үлгердім.
– О, Хэмфри!– деді ол терең күрсініп.– Осының бəрі қашан бітер екен?
Шаршадым, əбден қажып біттім.
Ол менің иығыма басын тығып, солқылдап жылап жіберді. Мамықтай
жұмсақ, бір тал қауырсындай жеңіл денесі менің құшағымда дір-дір етеді.
"Неткен нəзік, неткен сүйкімді!– деймін ішімнен.– Адам баласын сүйген
жұдырықтай жүрегі қандай! Егер осы қыз болмаса мен не істер едім?!"
Ол өзіне-өзі келгенше мен оны жылы сөздермен жұбатып, жігерін
жанып, сүйеу болған болдым. Модтың рухы мықты еді, сол рух оның
талшыбықтай денесіне кейде таудай күш те беріп отыратын.
– Қандай жағдайда да ардың таза қалпында қалғанына не жетсін!– деді
ол. Сосын арада бір минут өтпей жатып өзінің əдемі күлкісімен мына
сөздерді жəне қосып қойды. Қалай десеңіз де, мен бар болғаны
балапанмын ғой!
Бұл сөзді естігенде құдды денемді электр тогы ұрғандай дір ете қалдым.
Өзімнің оған деген жүрек лүпілім мен махаббатымды осы бір-ақ ауыз
сөздің аясына сыйдырып, өзімді қаншама рет лəззатқа бөледім десеңізші!
Иə "балапаным!" дейтінмін мен оған əрбір мейірлене қараған сайын.
– Сіз өзіңізді солай атауыңыздың себебі не?– дедім мен толқи тұрып. Ол
маған таңырқай қараған.
– Не дейсіз?..
– "Балапан" деп.
– Ал сіз мені солай атап көрген жоқсыз ба?
– Иə, атағам,– дедім мен.– Бірақ іштей. Бұл менің өз сөзім.
– Демек сіз түсіңізде сөйлескенсіз ғой,– деп ол күліп қойды.
Мен оның көздерінен тағы да дір-дір еткен бір жылы ұшқынды аңғарып
қалдым. Осы мезетте менің көздерім де небір тəтті сөздерді жыр етіп
тұрғаны анық-ты. Жəне əлдебір күш мені оған тартып бара жатқандай. Иə,
жел майыстырған ағаштай мен оған еріктен тыс құлай бердім. Міне, біз бірбірімізге қандай жақын тұрмыз десеңізші! Бірақ ол басынан бөтен-баспақ
ойларды қуғысы келгендей шашын сілкіп-сілкіп жіберді де:
– Мен бұл сөзді ес білгеннен бері білемін,– деді.– Біздің əкей шешемізді
солай деп атайтын.
– Бəрібір ол сөз менікі,– дедім мен қырыстанып.
– Мүмкін сіз де өз анаңызды солай атаған шығарсыз?
– Жоқ,– дедім мен; бұдан кейін ол сұрақ қойған жоқ, бірақ маған қараған
көзінде əлдебір албырт та алабөтен ұшқынның маздай жанып тұрғаны расты.
Фок-мачты орнына тұрғызғаннан кейін біздің жұмысымыз бірден
қарқын ала бастап еді. Мəселен грот-мачты степстегі өз ұясына қалай жепжеңіл қондыра қойғанымызға менің өзім таңғаламын. Бұны біз фокмачтыға бекітілген көтергіш жебенің көмегі арқылы жүзеге асырғанбыз.
Тағы да бірнеше күн өткенде барлық штаг пен вант өз орындарына тұрып,
мықтап тартылып тасталған. Екі адамнан ғана тұратын команда үшін
топсельдің тек артық жұмысы болмаса түкке де оның пайдасы жоқ еді,
сондықтан мен стеньгаларды палубаға жатқыздым да, тастай қып бекітіп
қойдым.
Сосын тағы бір-екі күнімізді желкендерді ілуге жұмсадық. Олар небəрі
үшеу еді: кливер, фок жəне грот. Əр жері жамау-жамау, шет-шеті жырымжырым, бір жағы ұзын, бір жағы қысқа бұл желкендер "Елес" сияқты тəптəуір шхунаның сиқын тым бұзып жібергені рас енді.
– Бұнымен де талай жерге жетуге болады деп күледі Мод.
– Біз оған ең қымбатымыз – өміріміз бен тағдырымызды да сеніп
тапсырамыз,– деп қоямын мен.
Турасын айтайын: менің жаңа меңгерген мамандықтарымның ішінде ең
"оңдырмағаным" желкенші болу еді. Соның өзінде оны тігуден көрі басқару
маған əлдеқайда жеңіл болатын, əрі-беріден соң мен осы қалпыммен де
мына шхунаны солтүстік Жапон жағалауларындағы порттардың əйтеуір
біріне аман-есен жеткізе алатыныма еш күмəнім жоқ-ты. Капитан
каютасынан тауып алған кеме басқару жөніндегі кітапты мен ертеден-ақ
оқи бастағанмын, сонымен қатар менің жолбасшылығымда Қорқау
Ларсеннің өз қолымен жасалған тамаша планшет те бар-тұғын. Жұлдыздар
əлемі сызылған бұл планшетті, оның өз сөзімен айтқанда, боқмұрын бала
да пайдалануға əбден болатын.
Ал енді осы планшеттің иесі туралы айтсақ, бұл апта бойы оның
жағдайы еш өзгере қоймады десе де болады – тек құлағы бұрынғыдан да
нашар ести бастаған, сондай-ақ еріндерінің қозғалысы да əзер-əзер күйге
түсіп еді. Алайда "Елес" мачті желкендермен сəнделіп шыға келген күні
Ларсен соңғы рет бір дыбыс шығарып, еріндері ақтық қимыл көрсеткен.
Мен одан: "Сіз əлі осындасыз ба?" деп сұрап едім, еріндері: "Иə" деп жауап
бер еді.
Сөйтіп соңғы жіп те үзілді. Енді оның тəні тастай суық табытқа
айналған. Сол табыттың – жартылай жансыз тəннің – ішінде жан деген
мəңгілік рух əлі де мекен еткен. Иə, біз жап-жақсы танып білген осы бір
асау рух қазіргі сəтте қап-қараңғы қапастың құрсауында бұлқына тулап,
шығарға тесік іздеп аласұрып жатқаны күмəнсіз еді. Оның тəні қазір өзіне
тиесілі емес-ті. Енді ол сыртқы дүниенің ыстық-суығын қалай сезіне
алмаса, өз денесінің де жылуын да солай сезінуден қалған-ды. Ол енді тек
өзінің түпсіз тұңғиық пен қыбырсыз тыныштық қойнауына шым батып
бара жатқанын ғана түйсінген болар.
ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
Желкен көтеріп, ақ жол тілеп, аттанатын күн келді. Бұдан əрі бізді Үміт
аралында ештеме ұстап тұрған жоқ еді. Кеменің шолақ мачты жалба-жұлба
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 23
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.