Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 21

Total number of words is 4225
Total number of unique words is 2129
35.7 of words are in the 2000 most common words
52.0 of words are in the 5000 most common words
60.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
де, гик пен гафельдер де көзден бұлбұл ұшқан. Ларсен оларды сипалай
іздеп тауып, теңізге лақтырып үлгеріпті.
Модтың көзіне мөлт-мөлт етіп жас тола қалыпты – бұл маған жаны
ашығаннан шыққан жас екенін сезіп тұрмын. Бір жағынан өзімнің де
жетісіп тұрғаным шамалы. Ішімді ит жалағандай. Көкірегім астан-кестен.
"Елесті" жөндеп алып аңқылдатып жолға шығамыз деген қайран арман!
Бəрі де бітті! Басымды қосқолдай ұстап, люк шетіне отыра кеттім.
– Оған тек – өлім! – деймін тістеніп.– Бірақ, амал не, маған құдай жендет
болуға да батылдық бермеген ғой!
Мод маған жақындап келіп, құдды кішкентай баланы жұбатқандай
басымнан сипай тұрып:
– Ренжімеңіз!– дейді.– Құдай үшін ренжімеңізші, бəрі де жақсы болады.
Бұл жұмысты біз ақ ниетпен бастағанбыз, сол ниетімізге қарай оны сəтті
аяқтап шығатынымызға мен əбден сенімдімін.
Мен Мишлені еске алдым да, Модқа басымды сүйей бердім.
Шындығында, бір минуттай уақыт өткенде бойыма шым-шымдап күш-қуат
кіре бастағанын сездім. Бұл қыз маған ғұмыры сарқылып бітпес күшқуаттың қайнар көзіндей көрінген. Əрі-беріден соң өткен іске бола шашты
жұлып, бетті жыртып керегі не! Азар болса, бірер күн уақытымыз босқа
кетер. Онда тұрған не бар! Судың қайтуы мачты тым алысқа əкете қоймасы
белгілі. Ал жел дегеніңіз мүлде жоқ. Қиналсақ тек оларды тауып, қайта
сүйреп əкелу жағынан ғана қиналармыз. Бұның өзі де бізге бір сабақ.
Қорқау Ларсеннен бəрін де күтуге болады екен. Бір жақсысы, əйтеуір, бұл –
жұмыс жаңа басталған кезде жасалған қастандық, ал бəрі бітіп, ертең жолға
шығамыз деген сəтте, түк қалдырмай қиратып шықса, не істер едік.
– Əне, оның өзі де көрінді!– деп Мод сыбыр ете қалды.
Мен басымды көтеріп алдым. Қорқау Ларсен сол жақ бортты жағалап,
ют бойымен нығыздай басып келе жатыр екен.
– Оған көңіл аудармай-ақ қойыңыз!– дедім мен ақырын ғана.– Ол
сыртқа: бұларды көрейін, жайрап жатқан мына дүниені көргенде қайтер
екен, деп шықты. Сондықтан біз түк болмағандай түр танытайық. Сонда
ғана одан сəл де болса өшімізді алғандай боламыз... Ал енді сіз
топлиыңызды шешіп, қолыңызға алып алыңыз.
Сөйтіп біз онымен соқыртеке ойынын бастап та жібердік. Ол сол жақ
бортты жиектеп бізге қарай жүргенде, біз оң жаққа қарай сытылып шығып,
оны ют тұсынан бақылауға көштік: ол шұғыл бұрылып, біздің соңымыздан
кормге қарай беттеді.
Бірақ біз өзімізді қанша жасырғымыз келгенмен оның түйсік-сезімінен
бəрібір қашып құтыла алмағанымызды білдік, өйткені ол кенет: "Қайырлы
таң!" деп саңқ ете қалған да, бізден жауап күткен. Сосын, бірден жауап
естімеген соң, кеменің арт жағына батыл қадамдай жөнеліп еді. Ал біз бұл
уақытта тұмсық жаққа қарай ығысып кеткенбіз.
– Ей! Сендердің бортта екендеріңді мен бəрібір біліп тұрмын!– деп ол
айқай салған бір мезет. Сосын қандай да бір дыбыс естіп қалғысы келіп,
барынша құлақ түре түскені байқалды.
Ол маған бір сəт: шаңқ ете қалып, сосын менің даусымнан қандай
жемтігім үркіп шыға келді екен дегендей, маңайына жалт-жұлт қараған
қарақұсқа ұқсап көрінген. Бірақ біз ол қозғалмай қозғалуды артық көріп,
бір орында тастай қатып тұра бердік... Артынша ол жүргенде, біз де жүрдік.
Сонымен ертегідегі адамжегіш диюдан қашқан екі бала секілді Мод
екеуіміз қол ұстасып алып – Қорқау Ларсен бізді қуа-қуа əбден шаршап, өз
каютасына түсіп кеткенше – палубада əрі-бері жүгірдік те жүрдік. Ақыры
одан бүгінше құтылғанымызға көзіміз əбден жеткенде, біз ішегіміз
қатқанша күле жүріп, борттан түстік те, шлюпкаға отырдық. Ескекті
қолыма алған сəтте қарсы алдымдағы Модтың тап-таза, мөп-мөлдір
жанарына көзім түскенде, оны шексіз сүйетінімді тағы да жан-тəніммен
сездім. Осы сезім жетегінде мен қандайда қиындықтың бəрін жеңіп,
əйтеуір бірде баяғы дүрмекті, өркениетті ортаға қайта оралатыныма кəміл
сеніп едім.
ОТЫЗ АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Мод екеуіміз шлюпкаға отырып алып, жоғалып кеткен рангоутты
іздеумен екі күн бойы теңіз бетін түп-түгел сүзіп шықтық. Тек үшінші күні
ғана оны ақбас толқындар жағасын арпылдай соғып жатқан оңтүстік-батыс
бұғаздан тауып алдық. Кереметі сол, еш жері сынбаған, бүлінбеген екен.
Тура соның жанынан өткен жолы өзіміз жасаған жүк көтергіш жебені де
көргенде, Мод екеуіміз қуанғаннан жылап жібере жаздадық. Бұдан соң
қалай жұмыс істегенімізді айтып жеткізу қиын шығар. Бір сөзбен айтқанда,
барымызды салдық. Соның арқасында, қараңғы түсіп болғанша біраз
жұмысты бітіріп, сосын грот-мачтты су бетінде сүйреткен күйі өз
айлағымызды бетке алғанбыз. Күн желсіз, теңіз беті тып-тымық еді,
шхунаға жеткенше бізге тек ескектің күшін ғана пайдалануға тура келген.
Ертеңінде күні бойы жүріп, грот-мачтқа қоса екі стеньганы əрең сүйреп
жеткіздік. Мұндай баяу жылжыған жұмысқа əбден қарным ашқан мен
үшінші күні фок-мачттың жанына екі гик пен екі гафельді қоса байлап,
құдды кішігірім сал жасадым да, шлюпка артына тіркедім. Жел бізбен бір
бағытта соғып тұрған, желкенді көтеріп алсақ, оп-оңай жылжып жүре
беретін шығармыз деп ойлағам. Бірақ біраздан соң жел бағыты өзгерген де,
қайық жүрісі біртіндеп шабандай бастаған. Бұл да аз екен, шамалыдан
кейін əлгі қырындай ескен желдің де тынысы мүлде бітіп, біз жаңағы
жүрістің өзіне зар боп қалғанбыз. Бұл енді қарадай жынданып кететін-ақ
жағдай еді, бірақ мен ең соңғы күшім қалғанша ескекті есе бердім, есе
бердім. Алайда қанша ессем де шлюпка соңына тіркеген жүктің
ауырлығынан қарға адым жылжуымыз қиынға айналған-тұғын.
Қап-қараңғы түн болған, жұт жеті ағайынды дегендей, ендігі жел жаға
жақтан тұрған-ды. Бұдан соң біз алға жылжығанымыз былай тұрсын, ашық
теңізге қарай ыға бастағанымызды сездік. Соңғы демім біткенше ескекті
есіп келемін. Бейшара Мод да маған көмектесемін деп, əбден елікпесі
шығып, мұрттай ұшып шаршаған да, кормге құлап түскен. Бұдан əрі
қимылдауға менде де күш сарқылған – қары талып, ісініп кеткен қолдарым
тіпті ескектің сабын ұстай алмай қиналып еді. Иығым да удай ашып,
шыдатар емес. Мұндай ауыр жұмыстан кейін асқа деген тəбетің ашылып-ақ
кетеді екен, түс кезінде алдыма қойған тамақтан бір түйір қалдырмай,
жалап-жұқтап жеп алдым. Бұдан соң аздап əл жинағандай болып едім,
бірақ шамалыдан кейін қайта дымым құрып, көз алдым қарауыта бастаған.
Ескекті жинап алдым да, сосын арттағы жүкті ағытып жіберейін деп,
қайық құйрығына еңкейе бердім. Бірақ Мод қолымнан шап берген.
– Не істегелі жатырсыз сіз?– дейді ол үрейлі дауыспен.
– Тіркеуді ағытамын,– деймін мен арқанға жабыса түсіп.
– Жо-жоқ, тиіспеңіз оған! Жалынамын, тиіспеңізші оған,– деп ол арқанға
жабысып қалған менің қолымды кейін тарта түседі.
– Біз бəрібір ештеме істей алмаймыз,– деймін мен.– Қараңғы түсіп
кеткені мынау. Жаға жақтан соққан жел енді бізді ашық теңізге айдап əкетуі
əбден мүмкін.
– Дегенмен ойланыңызшы, Хэмфри! Егер бүгін əйтеуір бірдеме етіп
"Елеске" жетіп алмасақ, онда біз осы қарғыс атқан аралда жылдар бойы,
тіпті өмір бойы қала беретінімізге мен ешқандай шек келтіре алмаймын.
Жəне... бұған дейін ашылмаған арал болса, бұдан кейін де оның ашыла
қоюы екіталай.
– Ал біз жағадан тауып алған қайықтың қаңқасы ше? Оны қалай,
ұмытып қалдыңыз ба?– деймін мен.
– Ол кəсіптік шлюпка ғой,– деп ол маған сабырлы көз қадаған.– Егер
ондағы адамдар аман қалған болса, олар қайта оралып келіп, мына иентегін байлыққа ие болмас па еді. Демек олардың бəрі осы жерде өліп
қалған. Бұны сіз өте жақсы біліп тұрсыз, Хэмфри!
Мен үндегем жоқ, бірақ іштей əлі де толқып тұр едім.
– Жəне бұған қоса,– деді ол енді асығыстау сөйлеп,– бұның бəрі де
сіздің жоспарыңыз, сіздің арманыңыз еді ғой. Ендеше мен солардың жүзеге
асуын қалаймын.
Бұл мені батылдандыра түскен. Оның айтқан сөздерінің бəрі бойыма
қуат, жүрегіме жігер бергендей еді, дегенмен қырсықтығым ұстап, əлі де
қарсыласа түскенім бар.
– Бүгін немесе ертең мұхит үстінде мүрдем кеткенше, иттің өмірін
кешсек те, осы аралда бірнеше жыл тірі жүргенге не жетсін,– дедім мен.–
Ашық теңізге шығуға біздің ешқандай дайындығымыз жоқ. Айтыңызшы,
дайын тұрған тамағымыз, киім-кешегіміз, тұщы суымыз кəне?! Ештемеміз
жоқ! Үстіңізге жамылатын жылы көрпесіз сіз бір түн де шыдай алмайсыз.
Жағдайыңызды білем мен сіздің. Міне, қазірдің өзінде дірілдеп əзер
тұрсыз.
– Бұл жүйкеден,– деді ол.– Сіз мені ақыры тыңдамай мачтты ағытып
жібере ме деп қорқамын. Дірілдесем, содан дірілдеп тұрған шығармын.
– О, Хэмфри, өтінем сізден, мені тыңдаңызшы! Босатпаңыз мачты – деп
ол бір минуттан кейін тағы да жалына түскен.
Осымен мəселеге нүкте қойылды. Өз сөзінің маған қаншалықты əсер
ететінін Мод, əрине, жақсы білетін. Біз түні бойы тісіміз тісімізге тимей
дірдектеп шықтық. Кей сəттерде кірпігім ілініп кетеді, бірақ бірер секунд
өтпей ояна келемін. Ал Модтың мынадай суыққа қалай шыдап отырғанына
миым жетпейді. Ал өзімнің қатты шаршағаным сондай, сəл-пəл қозғалып,
бойымды болмашы жылытып алуға ешқандай шамам жоқ – орнымда қатып
қалған ағашпын. Сөйте тұра ең соңғы күшімді жинап, бойына қан
жүгірсінші деген оймен Модтың аяқ-қолдарын ауық-ауық уқалап қоямын.
Таңға жуық оның тұла бойы суықтан қалшылдап-дірілдей бастаған. Мен
тағы да аяқ-қолдарын ысқылауға кірістім: біраздан кейін, əйтеуір, денедегі
дірілі басылып, тынысы бір қалыпқа түскендей еді, алайда бұдан соң өнебойы тас боп қатып қалғандай сірескен де қалған. Мен шошып кеттім.
Жалма-жан оның қолына ескекті беріп, жылдам-жылдам есуді бұйырдым,
бірақ əбден əлсіреп қалған ол ескекті əрбір ескен сайын есінен айырылып
қала жаздап отырды.
Таң шеті сөгіліп, теңіз беті көріне бастаған кезде біз сонау көкжиектен
өз аралымызды көз талғанша іздегенбіз. Ақыр соңында оны көрдік те –
бізден он бес мильдей жерде, көкшіл аспанның көкжиекпен астаса
жымдасқан тұсында, ол кішкентай ғана қара ноқаттай боп көзге шалынған.
Мен теңіз бетін айналдыра дүрбімен шолып тұрдым. Не заматтан соң ту-у
алыстан, сонау оңтүстік-батыстан, бері қарай жиырыла жылжып келе
жатқан ұзын қара сызықты байқадым.
– Жел! Жел! Біздің соңымыздан жел қуып келеді!– дедім мен жүрегім
жарыла айқайлай қуанып.
Мод бірдеме айтқысы келіп еді, бірақ бір ауыз тіл қата алмады. Суықтан
еріндері көгеріп, көздері жұмыла түскен, бірақ осы қоңыр көздер маған
соншама батыл, соншама сеніммен қадалып еді. Бір жағынан аянышты,
енді бір жағынан қайсар да жігерлі!
Мен оның қолдарын қайта уқалап, ысқылап, сосын өздігінен қозғалатын
жағдайға жеткенше оларды жоғары бір көтеріп, бір түсіріп – оны да, өзімді
де əуреге салдым. Артынша бұны да аз көріп, оны орнынан тұрғыздым да,
ортаңғы банка мен кормге дейін бірнеше қадам жүргізуге зорладым. Əрине,
мұндай қозғалу кезінде мен сүйемелдемесем, ол екі аттамай жатып құлап
қалар еді. Біраздан кейін мен тіпті оны секіртіп те қинадым.
– Ой, қандай қайсар қызсыз!– деймін мен оның бетіне қан жүгіре
бастағанын көріп.– Шын айтамын, сіз өте қайсарсыз, батырсыз. Ал сол
батырлығыңызды өзіңіз білесіз бе?
– Жоқ, мен сізбен танысқанға дейін еш уақытта батыр болып көргем
жоқ,– дейді ол.– Мені батыр қылған – мына сіз!
– Иə, мен де сізге жолыққанша батырлық дегеннің не екенін білген
емеспін,– дедім мен.
Ол жанарын жалт еткізіп, мен жаққа жылдам бір қарап өткен; осы бір
қас қағымдық қарастан мен тағы да бір жылы ұшқынды ұстап
қалғандаймын. Соншама сырлы ұшқын! Нұрлы ұшқын! Өкініштісі сол –
сəттік қана!
– Сіз өзгерткен негізінен жағдай ғой, "басқа түссе – баспақшыл"
дегендей,– деп Мод жымиып қойды.
Шынында бұлай емес екенін мен, əрине, біліп тұрмын, оны Мод та
білуге тиіс-ті...
Осы аралықта арт жағымыздан екпіндетіп жел де келіп жеткен. Кең
сарайыңды ашар тынысы мол тың жел! Оның екпініне ілесіп, енді
қайығымыз да алыстағы аралды бетке алып аңқылдата жөнеліп еді.
Дегенмен оңтүстік-батыс мүйісті біз тек түс ауа ғана жанап өткенбіз. Бұл
уақытта бізді аштықпен қоса шөл де қинай түскен-ді. Еріндеріміз кеберсіп,
шыт-шыт боп жарылып кеткен –тілімізбен оны дымдамақ болып, қайтақайта жалай береміз. Дүние бір қырсықса мол қырсығатын əдеті ғой,
мүйістен біраз өткеннен кейін жел саябырлай бастаған да, артынша мүлде
тынып қалған. Мен қайтадан ескекті қолыма алдым, алайда оны есуге əзерəзер ғана шамам жеткен-ді. Сонымен несін айтасың, таңғы екілер
шамасында ғана өзіміздің кішкентай бұғазға тұмсық тіредік те, мен теңселе
жүріп, жағаға шығып қайықты қазыққа байладым. Мод аяғынан тік тұруға
шамасы келмей маған қарай құлай беріп еді, оны көтере жөнелуге өзімнің
де дəрменім жетпей қайықтан түсе бере бір жығылып алып, сосын аздап
күш жинап алған соң, оны қолтығынан сүйрете тартып үйшікке беттедім.
Ертеңінде жұмыс істегеміз жоқ. Түстен кейінгі үшке дейін тұяқ серіппей
ұйықтадық. Дəлірегінде, менің өзім. Өйткені көзімді ашқан кезде алдымда
буы бұрқырап тұрған тамақты көрдім – Мод тегі менен əлдеқайда ертерек
тұрса керек. Оның қайтадан тез күш жинап алуы мені ылғи да таң
қалдырады. Оның талшыбықтай майысқан нəзік денесі не нəрсеге де тым
төзімді еді. Сол төзімділіктің арқасында ол мына дүлей тіршілік – асау
өмірдің жалына таскенедей жабысып, қандай сілкіністен де аман өтіп келе
жатқандай көрінеді.
– Мен өз денсаулығымды шыңдай түсу үшін Жапонияға сапар шегуді
қалағанымды мен сізге бұрын да айтқанмын,– деді ол, біз тамақ ішіп
болып, далаға лаулата жаққан оттың басында демалып отырған сəтте.–
Менде еш уақытта мықты денсаулық болған емес. Дəрігерлер маған теңіз
сапарына шығуға кеңес берген, ал мен оның ең алыс, ең ұзағын таңдадым.
– Кейін... шын мəнінде нені "таңдағаныңызды" өзіңіз де білмей
қалдыңыз!– деп күлдім мен.
– Несі бар, бұл мені керемет өзгертті. Жəне жақсы жағынан деп
ойлаймын,–деді ол.– Қазір мен біраз шынығып қалдым, күшіме күш те
қосылғандай. Əрі-беріден соң өмір дегеннің не екенін де енді ғана білгенім
рас.
Күздің қысқа күні ұясына жылдам батып кеткен. Біз Қорқау Ларсеннің
қалай ғана соқыр болып қалғаны жөнінде əр түрлі көңілсіз əңгіме қозғап
отырдық. Оның мына аралда мəңгі қалғысы келгеніне қарағанда, бұл ауруы
аса қауіпті болу керек, деймін мен.
Əрине, кешегі арыстандай ақырып тұрған азаматтың бірден осындай
бейшара халге түсуі тегін емес-ті. Оның соқыр боп қалуы – үлкен
қасіреттің бергі жағы ғана, негізгі ауруының сыры мүлде бөлек секілді.
Қызық, алдымен басын ұстап зар қақсайтыны несі екен?! Мод екеуіміз
осының бəрін ортаға сала келіп, оның негізгі ауруының себебі – ми
тамырларының əлдебір зақымға ұшырауынан болар, сондықтан да ауырған
кезде жанын қоярға жер таппай қиналатын шығар деп түйдік.
Қорқау Ларсеннің ауыр халі туралы біз неғұрлым көп əңгімелеген
сайын, Модтың оған деген аяушылық сезімі соғұрлым арта түскенін
байқадым мен; бұның өзі соншама жан тебірентерлік жағдай, əрі таза
əйелдік нəзік жүректен туған мейірім екенін ойлағанда, мен оны
бұрынғыдан да жақсы көріп кеткендей болдым. Модтың жəне ең тамаша
қасиеті – ол ешқашан жалған елжіреп, өтірік жалпақтауды білмеуші еді.
Егер біз осы аралдан аман-сау аттанып кеткіміз келсе, ал бұл жолда Қорқау
Ларсен бізге титтей де болсын кедергі жасауға тырысса, оған ең қатал жаза
қолдану керек деген менің ойыма Мод қарсы болған жоқ, алайда өз
жанымыз үшін (ол "біздің жанымыз" дейді) оның жанын қиып жіберу деген
мəселе Модты қатты қорқытатын.
Ертеңінде біз ертерек тамақтанып алып, бірден жұмысқа кірісіп кеттік.
Кеменің барлық заттары сақталатын тұмсық тұсындағы трюмнен мен верп
деп аталатын қосымша желкенді тауып алдым да, оны зордың күшімен
палубаға шығарып, одан шлюпкаға түсірдім. Сосын ұзын арқанды
шумақтап, қайықтың арт жағына тастадым да, оның бір ұшына байланған
зəкірді жағадан аулағырақ жерге жеткізіп, суға тастадым. Жел жоқ еді,
майда толқындар жағаға қарай жай ғана лықсып жатқан, сол толқындармен
шхуна да ақырын тербеліп тұрған-ды. Кемені жағаға байлауға арналған
арқанды (швартовы – ауд.) жайлап босатып, жаңағы зəкір тастап, қосымша
желкен тіккен жерге шхунаны біртіндеп жақындата түстім. Сəлден кейін ол
верп түбіне дəл жеткен. Əрине, кемені тіпті самал желдің өзінде бір орында
ұстап тұруға бұл верптің күші жетпес еді, сондықтан оң жақ бортта тұрған
үлкен зəкірді де тереңге тастап жібердім. Ал түстен кейін брашпильді
қалпына келтіру ісімен алаңсыз айналысуға кірістім.
Кез келген механик əрі дегенде үш-ақ сағатта бітіретін брашпильдің бұл
жұмысын мен үш күн дегенде əрең бітірдім. Мұнда кереметтей ойланып
істейтін күрделі ештеме жоқ еді, тек əншейін арнайы маманға түкке
тұрғысыз көрінетін əрбір ұсақ-түйек істің өзін мен алдымен зерттеп-біліп
алуыма тура келген; екіншіден, құрал-саймандарды пайдалану үшін де
алдымен оның тілін білу керек қой. Ал бұл жағынан менің мүлде мақау
екенім белгілі. Не десем де, əйтеуір, үшінші күннің соңында брашпиль
жұмыс істейтін халге жетті ғой. Дегенмен дəл бұрынғыдай болмаса да,
маған қызмет етуге жарап қалатын жағдайда еді – ол мұндай күйге жетпесе
мен ойға алған ісімді орындай алмас та едім.
Өткен жолғыдай екі стеньганы бортқа көтеріп, жебені тұрғызып, оны
арқан мен үш жақтан тартып тастау жұмысына тұтастай жарты күн
уақытым кеткен. Бұл еңбегім тағы да еш кетпес үшін, мен түнде тура
палубаның үстінде – осымен екінші рет тұрғызған жебенің жанында түнеп
шығуды жөн көргем. Ал Мод жағада жалғыз жатқысы келмей, мұндағы
матростар кубригіне орналасып алған. Ойымнан Қорқау Ларсен бір
шыққан емес. Өйткені... күндіз біз жұмыс істеп жатқан кезде ол палубаның
бір шетіне жайғасып алып, біздің əр қимылымызды құлағымен бақылап,
аракідік қайдағы бір əңгімелердің қоламтасын қозғап қойып, ұзақ уақыт
күнге қақталған да отырған. Өткендегі оның қиратып-талқандап тастаған
қаскүнемдігі жөнінде біріміз бір ауыз сөз қозғағамыз жоқ, ол да маған
"менің шхунама тиіспе, аулақ жүр" деген бұрынғы талабын алға тартпаған.
Бірақ оның осы жайбарақат, моп-момақан, "бейкүнə" түрінің өзі əлденеден
секем алдырғандай еді. Дəлірегінде, мен одан іштей қорқа бастағам, жұмыс
үстінде одан неғұрлым алысырақ жүруге, ол қапыда бассалмас үшін əр
минут, əр секундта сақ болуға тырысып едім.
Сонымен бұл күні түнде мен өзімізге аса қымбат жүк көтергіш жебенің
жанында ұйықтап жатып... кенет əлдебір аяқ сыбдырынан селк етіп ояна
келгем. Басымды көтерген сəтте-ақ алакөлеңке палуба үстінен Қорқау
Ларсеннің қап-қара сұлбасын көріп үлгердім. Көрпе астынан жайлап
шықтым да, ұрлана басып оның соңынан ердім. Құрал-саймандар жататын
жəшік ішінен тауып алған ұсталық темірқысқышты қолына ұстаған ол
қараңғылықты сипалай жүріп, көздеген жеріне жеткен де, қолындағы əлгі
қаруымен гафель-гардерді қиып жіберуге кіріскен. Бірақ ол арқанды
ұстаған сəтте-ақ мен оны қатты тартпай, бос тастағаныма көзі жетіп еді.
Мұндай жағдайда темірқысқышпен түк те істей алмайтыны анық-ты,
сондықтан ол менен қалған бос арқанды кере тартып байлауға ешқандай
ерінбеген. Арада бірнеше минут өткенде гафель-гардерге шын мəнінде
қауіп төніп қалып еді.
- Сіздің орныңызда мен болсам, бұлай істемес едім,- дедім мен ақырын
ғана.
Менің револьвер шаппасын қайырғанымды естіген ол күліп жіберді.
– Хэлло, Хэмп!– деді ол.– Сіздің мұнда екеніңізді мен мана-ақ білгем.
Менің құлағымды еш уақытта алдай алмайсыз.
– Өтірік айтасыз, Қорқау Ларсен,– дедім мен əлі де даусымды
көтермей.– Алайда сізді атып тастауға қолымның қышып тұрғанын жасыра
алмаймын. Осыны біліңіз де өз білгеніңізді істей беріңіз, істеңіз!
– Атам десеңіз, кез келген сəтте атып тастауға мүмкіндігіңіз бар ғой
мені,– деп ол мысқылдай күлді.
– Істей беріңіз, істеңіз!– дедім мен тағы, бірақ бұл жолғы даусым
сұстылау шыққанын сездім.
– Сіздің жүйкеңізге тигенді өте жақсы көрем! Сондықтан бұны кесіп
сізді рақатқа бөлемей-ақ қояйын,– деп ол кеңк-кеңк күле жүріп, кормге
қарай бұрылған.
Таңертең бұны бүге-шігесіне дейін Модқа айтып беріп едім, ол:
– Бұған қарсы бір нəрсе ойластырмасақ болмас, Хэмфри!– деді үрейлене
отырып.– Мына құсап еркін сайраңдап жүріп ол ойына келгеннің бəрін
істеуі мүмкін. Тіпті кемені өртеп, суға батырудан тайынбай ма деп
қорқамын. Сондықтан оны бір жерге қамап, сыртынан құлып салып қою
керек шығар.
– Ойыңыз дұрыс-ақ, бірақ оны қалай істейміз?– деймін мен шарасыз күй
танытып.– Оның жанына жақын бару қауіпті, ал қарсылық көрсетпеген
адамға қару кезену жəне менің қолымнан келмейді. Өкінішке қарай бұны
ол да жақсы біледі.
– Дегенмен бір амалын табуымыз керек,– деді Мод қабақ шытып!–
Маған сəл ойлануға мұрсат беріңізші.
– Амалы бар,– дедім мен кенет жұлып алғандай.
Ол маған үмітпен жалт қарады.
Мен аңшылар пайдаланатын келсаптай таяқты жоғары көтердім.
– Бұдан ол өле қоймайды,– дедім мен.– Бірақ есін қайта жинағанша мен
оны байлап та үлгірем.
– Жо-жоқ, тек мұндай амалмен емес,– деп ол екі қолын төбесіне
қойған.– Бұдан көрі жұмсақтау соққыны пайдалану керек. Əйтпесе, біздікі
тым хайуандық болады. Басқа бір сəтін күте тұрайықшы.
Ол сəт бізді көп күттірген жоқ – алдымыздан өзі-ақ шыға келген.
Дəлірегінде ол былай болған еді. Таңертең мен фок-мачттың ауырлық
нүктесін таба алмай біраз қинала жүріп, ақыры таптым да, сосын оны
көтергіш талиден біршама жоғары жерге бекітіп тастадым. Мод
брашпильдегі арқанды бір жағынан туралап жіберіп, екінші жағынан оның
босаған ұшын шумақтап жинап тұрды. Егер брашпиль бұрынғыдай ақаусыз
жұмыс істеп тұрса, біз де ойға алған ісімізді оп-оңай орындап шығар едік,
бірақ амал не, қиқаң-қиқаң еткен онымен мачты болмағанда бір дюйм
көтеру үшін маған қолтұтқаға бар салмағымды салып жатып алуға тура
келген. Анда-санда демалып аламын. Анда-санда деймін-ау, шындығында,
менің жұмыс істегенімнен демалғаным көп еді. Кейде қанша күш
салғанмен қолтұтқа тапжылмай бір орында тұрып алады. Мұндай сəтте
жанымда арқан шумақтап тұрған Мод екінші қолымен қолтұтқаға
жармасып, оны өзінше мен сияқты салмағымсн басып, маған аз да болса
көмек қолын созған болады.
Бір сағаттай уақыт өткенде, екі шығыр жебенің ұшар басында бірбірімен қосылып еді. Бұдан əрі көтеру мүмкін емес-ті, ал мачт болса əлі де
борттың арғы жағынан бері шықпаған. Оның жуан діңі сол жақ борттағы
планшир қырында жатса, ал басы оң жақ борттан асып, су үстінде
зеңбіректің оқпанындай қоқайып тұрған. Яки мен жасаған жебе қысқа боп
шыққан түрі бар. Бұл енді бүкіл жұмыстың зая кеткенімен бірдей еді. Бірақ
мен бұрынғыдай күйіп-пісіп қапаланғам жоқ, ең бастысы өзімнің ақылойыма, сосын брашпиль мен жебенің, қала берді көтергіш талидің
мүмкіндігіне сенгем. Əрине, мачты көтерудің қандай да бір амалы бары
анық, маған тек соны табу керек, табу!
Мен осыны ойлап отырған кезде, Қорқау Ларсен ютқа шыққан.
Оның бір нəрседен қатты күйзеліп жүргені бірден көзге ұрғандай еді –
бүкіл қимыл-қозғалысынан əлдебір батылсыздық, əр қадамын
қорғаншақтай басқан өте бір əлсіздік байқалған. Рубканы жағалап келе
жатып, ол бірнеше рет сүрініп те кетті. Сосын... ют жиегіне жеткенде, ол
қатты теңселіп барып, бетін əдеттегідей сипап-сипап жіберген де... төмен
түсетін басқышқа қарай аяғын гүрсілдете басқан. Біз одан көз жазбай қарап
тұрмыз. Ол екі қолын екі жаққа жайып жіберіп – тегі қандайда бір сүйеніш
іздесе керек – палуба үстінде шайқалақтап келе жатты да, аңшылар
кубригінің жанына жете бере... гүрс етіп құлап түсті.
– Талмасы ұстады!– дедім мен Модқа сыбырлап.
Ол басын изеп қойды, мен оның жүзінен тағы да аяныш табын сездім.
Біз Қорқау Ларсеннің жанына келдік. Үзік-үзік дем алып, ентігіп жатқан
ол бізге есінен танып қалғандай көрінген. Мод бірден іске кірісіп кетті –
миына қан құйылып кетпесін деп, оның басын көтере тұрып, мені жедел
жастыққа жұмсады. Каютадан жастықпен қоса көрпені де қолтығыма қыса
жеттім. Сосын Мод екеуіміз оны орап-қымтап, жан-жақты жайлап
жатқызып қойдық. Мен оның қан тамырын ұстап көрдім. Біркелкі соғып
тұр екен – қатты да емес, баяу да емес, бір сөзбен айтқанда – қалыпты.
Ендеше бұған не болды? Жасырары жоқ, мен енді күдіктене бастадым.
– Бұл өзі монтанысып жатқан жоқ па?– дедім сұраулы пішінмен.
Мод басын шайқады да, менің өзіме күмəндана көз салды. Дəл осы
секунтта Қорқау Ларсеннің қолы менің саусағымнан сытылып шығып,
құдды темір қысқыштай білегімнен шап берген. Мен күтпеген жерде
қорыққанымнан баж ете түстім. Сол арада оның екінші қолы мені қапсыра
құшақтап, өзіне жұлқи тартқанын білемін. Бұдан əрі көз алдымдағы
дүниенің бəрі шыр айнала бергені ғана есімде.
Ол білегімнен қолын босатып жіберген, бірақ артынша дəл осы қолымен
белімнен орай тартып қысқанда, мен мүлде тырп ете алмай қалғанмын. Бұл
да аз екен, енді бір мезетте бос қолымен тамағыма жабыса түсіп, жыландай
орап қыса бастаған. Жаным көзіме көрінді. Қош деуге де шамам жоқ.
Өлмесе өле қалғыр итті аяп нем бар еді, енді өз обалым өзіме! Кенет басқа
бір қолдың денеме тигенін сездім – тамағыма жабысқан жойқын қолдың
шеңгелінен мені босатып алғысы келген Модтың əрекеті. Дəрменсіз əрекет!
Бұдан ештеме шығара алмасын сезген ол шошығаннан шыңғырып
жіберген. Менің жүрегім мұздап жүре берді. Бір сəт есіме "Мартинестің"
қалай суға батып бара жатқаны түсіп еді. Сонда əйелдер дəл өстіп, төбе
құйқаны шымырлата шыңғырып еді-ау...
Менің бет-аузым Қорқау Ларсеннің кеудесі астында мыжылып жатқан,
сондықтан Модтың əлдеқайда жүгіре жөнелгенін мен тек оның дыбыс
сыбдырынан ғана сезгем. Бəрі де көзді ашып-жұмғанша болған оқиға еді,
бірақ маған əр секундым жылға созылғандай көрінгені бар. Модтың
қайтадан бері жүгіріп келе жатқанын естіген сəтте мен əлі есімнен айырыла
қойғам жоқ-ты, сосын... арада бірер секунд өтті ме, өтпеді ме... жаңа ғана
мені аяусыз тұншықтыра түскен Қорқау Ларсеннің аюдай денесі кенет
былқ-сылқ етіп, бір жағына қарай қылжия құлай бергенін байқадым.
Тынысы тарылып, кеудесі сыр-сыр етеді. Менің тамағымнан шеңгелдей
қысқан темір қолдың уысы да енді бірден жазылып, қыбырсыз қалған. Мен
терең тыныстай бастадым. Бойыма біртіндеп жан кіре бергендей. Есесіне
бұл уақытта Қорқау Ларсен есінен танып қалып еді.
Модтың аяқ сыбдыры тура құлағымның түбінен естілген. Əлі де алқым
тұсымда жатқан Қорқау Ларсеннің қолын сиырып тастап, oң жағыма қарай
аунап түстім. Көзім аспанда. Қоңыр салқын ауаны қомағайлана жұтамын.
Күннің өткір сəулесі кірпігімді жыпылықтатып. жанарымды жасқай береді.
Сөйтіп жатып маңайымнан Модты іздеймін; міне ол бас жағымда, маған
үңіле қарап тұр, өңі бозарып кеткен, бірақ сырт пішіні сабырлы, менің
жүзіме əрі уайыммен, əрі шүкіршілікпен көз қадайды. Қолында аңшылар
қолданатын жуан таяқ. "Бұның не?" дегенді менің көзімнен оқып
үлгіргенде, ол құдды қолына таяқ емес жылан ұстап тұрғандай онысын
тарс еткізіп жерге тастап жіберген. Менің жүрегім дүрсілдей соғып, аузыма
тығылды. Miнe, менің Модым қандай! Meн үшін қолына қару алған!
Менімен иықтаса жүріп, жауыма қарсы тұрған. Тас дəуірінің əйелдері ғана
өстіп еркектерінен қалыспай қаһармандық танытқан ғой əр кезде! Бұл – сол
дəуірден бұнда қалған инстинкт деген құдіреттің қажет кезінде қайта
оянуы емес пе екен?!
– Жаным менің! – дедім мен екі аяғымнан тəлтіректей тұрып жатып.
Келесі секундта ол менің құшағыма тығыла түсіп, иығыма басын
сүйеген күйі үнсіз тұрып қалған. Мен оны құшырлана бауырыма тартып,
қызыл-қоңыр шашына көз салдым: оның əр талы күнге шағылысып, асыл
тастай жылтырайды – басымды еңкейте иіп, оны өте нəзіктікпен, тіпті
ернімнің жақындағанын да білдірместен, емірене сүйдім.
Дегенмен мен есімді тез жиып алдым. Модтың нағыз əйел ретінде үлкен
бір қауіп-қатерден аман қалғаннан кейін, өзі құтқарған адамның құшағына
шүкіршілікпен құлауы шын мəнінде табиғи нəрсе еді. Мен оның не əкесі,
не ағасы болсам да, ол тура осылай істері анық-ты. Екіншіден, қазір өзіңнің
сүйгендігіңді білдіре қоятын уақыт па жəне сондай жағдайға алдымен
жетіп алуым керек қой. Сондықтан да мен оның шашынан тағы бір рет
байқатпай сүйіп алдым да, құшағымды жайлап босата бердім.
– Міне енді ол расында талып жатыр,– дедім мен.– Осындай бір
талмаусыраған кезінде ол көзіне зақым келтірген болар. Ал бүгін алдымен
өтірік ауырған сыңай танытып, артынша сонысымен шын талмасы ұстаған
секілді.
Мен осы сөзді айтқанша Мод оның жастығын түзеп сала бастап еді.
– Тоқтай тұрыңыз,– дедім мен.– Оның қазір ештемеге шамасы келмейді,
алдағы уақытта да ол осы дəрменсіз қалпында қалуға тиіс. Бұдан былай біз
кают-компанияда тұратын боламыз, ал оны аңшылар кубригіне
орналастырамыз.
Мен оны қолтығынан тартып, трапқа дейін сүйреп əкелдім, ал Мод
менің өтінішім бойынша əлдеқайдан арқан алып келді. Мен оны
қолтығынан байлап, басқыш арқылы төмендегі кубрикке түсірдім. Бірақ
төсекке жатқызуға жалғыз шамам жетпеген, осы аралықта жаныма келген
Мод маған көмектесіп, төсекке алдымен оның кеудесін көтеріп қойып,
сосын аяқтарын жоғары салғанбыз.
Алайда бұнымен ғана шектеліп қоюға болмайтын еді. Менің есіме
Қорқау Ларсеннің каютада жатқан темір бұғауы мен шынжыр кісені түскен.
Ол бұларды жазықты боп қалған матростардың аяқ-қолына салу үшін
пайдаланушы еді. Мен соларды жылдам тауып əкелдім де, Қорқау
Ларсеннің қолын бұғаулап, аяғын кісендеп тастадым. Бұдан соң қаншама
күннен бері бірінші рет маңайыма алаңсыз қарап, еркін тыныс алдым.
Сосын палубаға шыққан кезде, үстімнен бір ауыр жүк түскендей өзімді
тіптен жеңіл сезіндім. Сонымен қатар, соңғы уақытта басымыздан кешкен
осы сын сағаттар үстінде мен Модқа мүлде жақындай түскенімді де
байқадым, ал сосын онымен жебе жаққа беттеп бара жатып ішімнен
"шіркін-ай, осы жақындықты ол да мен сияқты сезсе ғой!" деп ойладым.
ОТЫЗ ЖЕТІНШІ ТАРАУ
Біз бірден заттарымызды шхунаға жеткізіп, бұрынғы орындарымызға
жайғасып алдық. Тамағымызды енді өзіміздің камбузде дайындайтын
болдық. Құдай сəтін салып, Қорқау Ларсенді дер кезінде "қамауға" алған
екенбіз. Өйткені соңғы күндері біз тұрған ендікте саршатамыз қонақтап
жатқан да, оның соңы енді жауын-шашынға айналған. Осындай сəтте
шхуна дегеніміз, əрине, жағадағы үйшікке қарағанда патша сарайындай еді.
Фок-мачт ілінген жебеміз де алыстан асқақтай көрініп: жүзуге сіз дайын
болсаңыз, біз де дайын деп тұрғандай.
Қорқау Ларсенді енді бұғаулап-кісендеудің түкке де қажеті жоқ болып
шықты. Өйткені екінші рет ұстаған талмасы біріншідегі секілді оның өмір
сүру функциясына елеулі түрде нұқсан келтіргені байқалды. Бұл жағдайды
бірінші болып сезген – Модтың өзі. Қалай дейсіз ғой? Ол кешкісін оны
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 22
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.