Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 09

Total number of words is 4099
Total number of unique words is 2166
36.2 of words are in the 2000 most common words
50.8 of words are in the 5000 most common words
58.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
полинезислік жас матрос жатқан. Оны мен əлгінде шам жарығында танып
үлгіргем. Ол бір қолын желкесіне айқастыра салып, екіншісін корне
сыртына ұзыннан тастап, əйелдер секілді баяу тыныстап, шалқасынан
жатыр еді. Қорқау Ларсен ептеп оның қолын ұстады да, қан тамырын
басып көрді. Осы мезетте матрос селк етіп ояна келді. Бірақ дыбыс
шығарған жоқ, тек үлкен көздерін бадырайта ашып, бізге таңырқай
қараған. Қорқау Ларсен үндеме дегендей сұқ саусағын ерніне басып еді,
ашылған көз қайтадан жұмыла берді. Ұқтым дегені.
Ал төменгі төсекте қызара бөртіп, ауыр тыныстап жуан Луис жатқан. Ол
шынында аю басып кетсе оянбас қалың ұйқыда еді. Қорқау Ларсен
жаңағыдай бұның да қолын ұстап, тамырын баса бергенде, ол күрт
жиырыла қалды да, бір жақ бүйіріне қарай аунап түсті. Сосын бізге
түсініксіз мына бір сөздерді былдырлай жөнелген.
Кварта – шиллинг. Бірақ екеуіне де қара, əйтпесе трактирші небəрі үш
бақырдың орнына алты бақырыңды қағып алады.
Енді бір мезетте қайта бері аунап түсіп, ауыр тыныс алған да:
– Алты бақыр – "теннер", ал шиллинг – "боб". Алайда мына "пони"
дегенді білмедім,– деген.
Луис пен Уфти-Уфтидің шынымен ұйықтап жатқанына көзі жеткен
Қорқау Ларсен бұдан соң оң жақтағы борт түбінде тұрған екі төсекке
жақындады. Мұнда жатқандардың Лич пен Джонсон екенін шам шағып
біліп алдық.
Капитан төменде жатқан Джонсонның қан тамырын ұстай бастағанда...
жоғарыдағы Лич басын ақырын көтеріп, шам ұстап тұрған маған ұрлана
қарап қойғанын аңдап қалдым. Тегі ол капитанның қулығын сезіп қалса
керек. Қолға түсті, əшкере болды деген осы. Бұны жылдам түсінген ол
шұғыл əрекетке көшкендей... Қолымдағы шам қас пен көздің арасында
жалп етіп өшті де, кубрик іші қап-қара түнекке айналды... Осы мезетте Лич
жоғарыдан... капитанның үстіне жолбарыстай секіріп түскен.
Қою қараңғылық ішінен өкіріп-бақырып, ырылдап-ырсылдап естілген
дыбыстар төбе құйқаңды шымырлатады, құдды қасқыр мен бұқа айқасып
жатқан секілді. Өкіріп жүрген Ларсен бе деймін, ырылдаған дыбыс Личтікі
сияқты. Байқаймын, бұл апалас-төпелеске Джонсон да араласып кеткендей.
Оның бұған дейінгі "жүнінің жығылып" жүруі əдейі ойластырылған қулық
екенін мен енді ғана түсінгендеймін.
Бұл сойқанның маған сұмдық əсер еткені сондай, тұла бойым дір-дір
етіп, трапқа жабысып қалыппын. Қозғалайын десем, қозғала алмаймын,
аяқ-қолымнан жан кетіп қалған тəрізді. Мұндай хайуандық іс-əрекеттерді
көрген кезде тамағыма ылғи да тас тұрып қалғандай болушы еді, қазір де
жұтына алмай тұншығып əзер тұрмын. Рас, осы сəтте мен ештеме көріп
тұрғам жоқ, бірақ сарт-сұрт тиген соққылар мен гүрс-гүрс құлаған
денелердің дыбысы құлағыма инедей, жүрегіме тікендей қадалады. Басқа
төсектердің де қозғалып сықырлағаны, біреулердің ауыр тыныстап, тісін
шықырлатқаны білінеді.
Капитан мен көмекшіні өлтіру үшін бірнеше адам бірігіп қимылдаған
болса керек, мына абыр-дүбірдің молая түсуіне қарап, мен Джонсон мен
Личке тың күштің келіп қосылғанын сездім.
– Ей, қайсыларыңда пышақ бар, беріңдерші!– дейді Лич айқайлап.
– Басынан ұр, басынан! Миын бір-ақ шашырат иттің!– деп бақырады
Джонсон.
Бұл мезетте Қорқау Ларсен қыңқ еткен дыбыс шығармай шыбын жаны
үшін жанталаса айқасып баққан. Оған əрине оңай болған жоқ, алғашқы
сəтте-ақ жабыла жығып үлгірген қарсыластары оны қайта тұруға шама
келтірмей тепкілей берген. Мұндай апалас-төпелестің арасынан сытылып
шығудың қиындығын өзім де көрдім – əлдебіреудің денесіне шалынып
жығылған мен тырбаңдап жүріп төменгі төсектердің біріне əрең жеткенім
бар.
– Мұнда! Мұнда келіңдер бəрің!.. Міне, ұстап тұрмыз оны. Жетіңдер
бері тезірек!– деген Личтің даусын естимін.
– Кімді?– дейді біреу не болып жатқанын түсінбей.
– Кімді болушы еді? Қанішер көмекшіні!– дейді Лич айқайлап. Бұнысы
қулық екенін сеземін.
Оның бұл айқайы басқаларды абыр-дабыр етіп жатқанда, Қорқау Ларсен
осы сəтті пайдаланып, өзін шибөрідсй талап жеген жеті матростың астынан
сытылып шыққан. Бұл төбелеске, меніңше, Луис қана қатыспаған секілді.
Кубрик іші араның ұясындай гулеп кетіп еді.
– Ей, не боп жатыр сендерде?– Палуба жақтан Лэтимердің даусы
естілген. "Не боп жатқанын" өз көзімен көруге батылы жетпей тұрған
секілді.
У-шу бір сəт саябырлай бергенде:
– Кімде пышақ бар? Əкеліңдер бері!– деген Личтің даусы кубриктің ішін
тағы да дір еткізген-ді.
Бұл жерде қарсыластардың көбейіп кетуі тек Қорқау Ларсеннің
пайдасына шешілгендей. Олар біріне-бірі кедергі жасап, апыр-топыр боп
жатқанда, капитанның жалғыз-ақ мақсаты – қалайда жер бауырлап трапқа
жетіп алу еді. Ақыры бұл мақсатына жеткен де. Тастай қараңғы болса да
мен оның қозғалыс дыбысынан қандай жанкештілікпен алға жылжып бара
жатқанын анық көріп тұрғандай едім. Оның трапқа жеткенше жасаған
өлермендігі тек осындай əрі күшті, əрі рухы мықты адамның ғана қолынан
келер еді: арпалыса жұлқына жүріп баспалдаққа қолын іліктірген соң, ол
бойын барынша тіктеп алып, төмен жағынан жармасқан қолдарды
денесімен бірге дырылдата сүйреп жоғары қарай жанталаса ұмтылған.
Осыған дейінгінің бəрін мен дыбыс арқылы сезіп тұрсам, ендігі
көріністерді кəдімгідей көз алдымда көшіре бастаған, өйткені Лэтимер шам
алып келіп, люк аузына жағып қойып еді. Жан-жағынан төмен тартқылаған
матростардың арасынан Қорқау Ларсеннің сұлбасы əзер көрінеді, дегенмен
оның трап басына жақындап қалғаны анық-ты. Арт жағынан шұбатылған
қара тобыр маған бір жіптің бойына жабысып, ары-бері ырғалып тұрған
көп өрмекшіге ұқсап кеткен. Жоқ, олар бір орында тұрмаған, шайқалып,
ырғалып, кейде тоқтап, кейде жүріп, əйтеуір өздері жабысқан үлкен жемтік
соңынан биікке өрмелей түскен.
Тапжылмай жоғарыға қарап тұрған мен бір əредікте, сонау биікте люк
аузында жүрелей отырған Лэтимерді көзім шалып еді.
– Кім мынау?– дейді ол шошына тіл қатып.
– Бұл – менмін... Ларсенмін,– дейді төменнен құмыға шыққан дауыс.
Лэтимер еңкейіп қолын созды. Төменнен шошаң етіп Ларсеннің де қолы
шыға келді. Оны шап беріп ұстай алған Лэтимер бар күшімен өзіне тарта
бастады. Бұдан соң Ларсен жеңілдеу қозғалып, соңғы екі тепкішектен оңай
көтерілгені сезілді. Бұл сəтте екінші қолы люк қырына да ілігіп еді.
"Құтылды. Енді қауіп жоқ",– деп ойладым ішімнен. Расында, арада бірер
секунт өткенде, матростардың бəрі трапта қалып, Ларсеннің кеудесі сыртқа
шығып үлгірген. Оның аяғына, балағына тас кенеше жабысқан қолдар
бірінен соң бірі ажырай берген де ең соңында аяқтың жіліншегінен
құрсаудай қысқан Личтің қос қолы ғана қалған. Ларсен ең соңғы күшін
жинап, екінші аяғымен оны теуіп кеп жіберіп еді, Личпен бірге қалған
матростар да төменге қарай апыр-топыр құлап түскен... Көз алдымыздан
шам да, Қорқау Ларсен де ғайып болып, қараңғыда қарманып біз қалдық.
ОН БЕСІНШІ ТАРАУ
Матростар ыңқылдап, сұңқылдап, боқтана жүріп, құлаған, жығылған
жерлерінен тұра бастады.
– Шам жағыңдаршы, бас бармағымның буыны шығып кеткен сияқты,–
деді Парсонс қинала дауыстап. Бұл – Стэндиштің шлюпкасында жүргізуші
болып істейтін томырық мінезді, қараторы жігіт еді.
– Шам мына жерде емес пе еді...– деп, Лич өзі тұрған жердегі еденді
сипалай берді.
Тықырлаған, сыбдырлаған дыбыстар естілді. Жарқ етіп сіріңке жағылды.
Артынша қап-қара ыс басқан шамның өлеусіреген көмескі жарығы астында
əркім өзінің жырылған, сырылған жарақаттарын көруге кірісті. Уфти-Уфти
Парсон бас бармағын қыса ұстап тартып қалып еді, буыны орнына
түскендей болған. Сонымен қатар Уфти-Уфтидің өз саусақтарының буыны
қанталап тұрғаны байқалып еді. Ол бұны матростардың бəріне көрсетіп,
күрек тістерін ақситып күліп, осы қолымен Ларсеннің аузынан қалай
ұрғанын айтып мақтана бастаған.
– Е, бұл сен екенсің ғой, оңбаған қара дию!– деп оған Келли тұра
ұмтылды. Оның ирлантекті американдық екенін мен бұрыннан білетінмін –
теңізге бірінші рет шыққан жігіт, бұрын портта жүкші болған деседі.
Мен енді ғана байқадым: Келлидің аузы қан екен, қасқа тістері
опырылып түскен. Қан түкіре жүріп Уфти-Уфтиге шапшиды. Ал ол шегіне
беріп ұзын қара пышағын суырып алған.
– Таста қане! Сенен басқа да қанішсрлср жетеді мұнда!– деді Лич оған
зекіп. Байқаймын, жас та болса ол осы кубриктегілердің серкесі болып
алған секілді.– Келли, сен де қой! Уфти қараңғыда қайдан білсін кімді
ұрып жүргенін!
Келли амалсыз көнген, ал Уфти-Уфти аппақ тістерін жарқырата
жымиып, Личке бас изеп қойды. Бұл бір əдемі жігіт еді, тұла бойынан əйел
затына тəн əлдебір сұлулық сезіліп тұратын. Арманға толы үлкен қара
көздеріне қарап, осы жігіт те пышақ ұстайды-ау, біреумен төбелеседі-ау,
деп тіпті де ойламайсың.
– Қалай құтылып кетті ол?– дейді Джонсон таңданып.
Өз төсегінің шетінде əлі де ентігіп отырған оның əр сөзі, əр қимылымен
қоса бүкіл денесінен опыну мен қорлану білінген: көйлегі жыртылған,
ашық омырауы айғыз-айғыз қан.
– Жын ғой ол! Жын! Кəдімгі адам болса, алақандай тесіктен шығып кете
ме? Сендерден сұрадым...– деп Лич төсегінен атып тұрды.– Пышақ! Пышақ
əкеліңдер дедім. Қырсыққанда, біреуіңнен бір тұтам көк темір табылмады
ғой.
Бірақ ешкім оны тыңдаған жоқ, матростар енді ертеңгі күндерін ойлап,
уайымдай бастаған.
– Ол кімдермен төбелескенін білер ме екен?– деді Келли. Сосын жанжағына күдіктене қарап алып:– Əрине оған біреулер жеткізе қоймаса,–
дегенді жəне қосып қойды.
– Бұған несіне бас қатырып тұрсың,– дейді Парсонс.– Ол бетімізге бір
қарағанда-ақ бəрін біле қоймай ма. Мəселен сен де одан не жасыра аласың!
–Сені біз емес, жын ұрды деңдер оған,– деп Луис жырқ-жырқ күледі.
Төбелес кезінде төсегінде бұғып қалған жалғыз сол еді. Қазір де бұл
жерде беті ісіп, көзі көгермей отырған тек сол ғана.
– Ертең мына сиықтарыңды Қорқау Ларсен көргенде,
болатындарыңды бір құдайдың өзі біледі,– дейді ол тағы мысқылмен.
не
– Сізді көмекшімен шатастырып алдық дейміз,– дейді біреу міңгірлеп.
Енді біреу өзінше:– Ал мен шу шыққан кезде "не боп қалды" деп, түсе
бергенде көп жұдырықтың бірі тиіп кетті деймін,– деп қулық ойлаған
болады.
– Міне, менің тісім де солай сынды,– деп Келли оны қостай жөнелді,
"мынау бір табылған ақыл екен" дегендей.
Лич пен Джонсон бұл əңгімеге қосылған жоқ, жүздерінде қолмен
істегенді баспен көтеріп аламыз деген сыңай бар. Екіншіден, жеме-жемге
келгенде арттары босап қалған мына жолдастарынан түңіліп отырған
секілді. Айтқандай-ақ, бір кезде Лич орнынан сілкіне тұрып, жұлқына
сөйлей жөнелген.
– Болды! Жетті!– деді ол айқайлап.– Қазір ауыздарыңмен орақ орғанша
əлгінде еркекше қимылдамадыңдар ма! Сонда ол бізден қашып құтылатын
ба еді? Құдайдың зарын айтып пышақ сұрадым сендерден. Қолыма ұстата
қойған біреулерің жоқ. Енді бұттарыңды дымдап отырған түрлерің мынау.
Ау, сендер несіне қорқып отырсыңдар одан? Шетімізден өлтіреді деп
ойлайсыңдар ма? Ал өлтірсін! Сонда жұмысты кім істейді? Сырттан
жалдай қоятын адамы қане! Оларды тауып беретін "Кеме агенттігі"
жанында тұр ма оның! Ендеше ауыздарыңды жабыңдар да, жатыңдар! Көп
болса құрбандыққа бізді шалар – Джонсон екеуімізді!
– Рас, шындықтың аты шындық,– деді Парсонс еркін тыныстап.– Бізді
ол өлтіруін өлтірмес, бірақ ендігі жерде адамша өмір сүруге мүмкіндік те
бермес.
Бұл тұста менің жағдайым да адам қызығарлық емес еді. Менің мұнда
отырғанымды əзірге мыналардың бірі де білмейді. Ал білген кезде не
болады? Қорқау Ларсен сияқты бұлардан күшпен құтылып кететіндей
менде дəрмен жоқ. Осы мезетте сырттан Лэтимердің даусы естілген.
– Хэмп! Сені капитан шақырады.
– Ол мұнда жоқ,– деді Парсонс.
– Жо-жоқ, мен осындамын!– деп, шеткері бір төсектің үстінен атып
тұрдым. Жəне шамам жеткенше даусымды нық шығарған сияқтымын.
Матростар жалт бұрылып, мен жаққа қараған. Ешқайсысында тіл жоқ,
қимыл жоқ. Бір-ақ сəтте бəрі есінен танып қалғандай. Көздерінде – үрей.
Үреймен қоса – ыза.
– Қазір келемін,– деп мен де айқай салдым Лэтимерге. Сосын бірден
сыртқа ұмтыла бергенімде:
– Ой, хайуан!– деп, Келли трапқа кесе көлденең тұра қалды.– Арамызға
байқатпай кіріп кетіп, бəрін көріп, бəрін естіп алған екенсің ғой. Енді соны
түп-түгел жеткізіп бармақсың, ə? Ой, хайуан! Сені бұл жерден тірі
жібергенше...
Ол менің тамағыма жабыса түскен.
– Жібер оны!– деді Лич кенет.– Жібер!
– Жоқ, бұл жексұрынның өлігін ғана жіберу керек бұл жерден.
– Ей, жібер деймін саған!– Бұл жолы Личтің даусы тым қатты шығып
еді.
Ирландықтың қолы тамағымнан жайлап босай берді. Мен бойымды
тіктеп алып жоғарыға беттедім. Бірақ траптың белортасына жеткенде, кілт
тоқтап арт жағыма қарадым. Матростар үйден өлік шығарғандай түнеріп
тұр екен. Амалдары таусылған, жүйкелері құрыған. Мен оларды соншама
аяп кеттім. "Құдай қарғаған бейшаралар-ай!" деймін ішімнен.
– Қорықпай-ақ қойыңдар. Мен ештеме көргем де жоқ, естігем де жоқ,–
дедім де жүре бердім. Арт жағымнан Личтің:
– Айттым ғой сендерге ол сатпайды деп. Хэмп капитанды бізден артық
болмаса, кем жек көрмейді,– деген даусын естіп қалдым.
Мен Қорқау Ларсенді өз каютасынан таптым. Жалаңаш. Тұла бойы түгел
қан. Мені əдеттегідей мысқыл аралас қалжыңмен қарсы алған.
– Қызметіңізге кірісіңіз, доктор! Осы сапарда дəрігерлік біліміңізді
үлкен практикамен ұштастыруға мол мүмкіндік туып тұр ғой сізге.
Білмеймін, бұл кеменің сізсіз күні не болар еді. Егер құдай менің жүрегіме
мысқалдай адамшылық қасиет дарытқан болса, мен сізге осы кеменің
қожайыны атынан шексіз алғыс білдірген болар едім,– деді ол жымиып.
Мен бұл кемеде қарапайым емдеу тəсілдерін жақсы меңгеріп алғаным
рас. Пеш үстіндегі су қайнағанша жараны жуып-тазалап, таңып тастайтын
заттарды дайындауға кірістім. Бұл аралықта Ларсен əр нəрсені айтып,
күліп, жараланған жерлерін қарап, каюта ішінде ары-бері кезді де жүрді.
Мен оның мынадай жалаңаш денесін бірінші рет көруім еді. Ғажап!
Еркекке қарап езуінен суы ағатын мен, əрине, əйел емеспін ғой, дегенмен
ер тұлғалы адамға еріксіз көз тоқтатататын кезім болушы еді.
Мүлтіксіз сомдалған осы бір келісті мүсін – керемет тұлғаға көзімнің бір
сəт арбалып қалғанын жасырмаймын. Бакте тұрған талай матросты
қызықтағаным есімде. Олардың арасында да бұлшық еттері болаттай
ойнаған небір сымбатты жігіттер бар еді, бірақ олардың кез келгенінің бір
кемшілігі көзге ұрып тұратын: біреуінің бір жері керемет көрінсе, екінші
жері қораштау, немесе болмашы жерінің қисықтығы бүкіл денесінің сəнін
бұзып тұрады: енді бірінің аяғы тым ұзын да, келесі бірінікі – тым қысқа:
тағы біреуі тарамысты, сіңірлі болса, одан кейінгісі – əншейін құр сүйекті.
Тек Уфти-Уфти ғана мінсіз көркемдігімен ерекшеленіп тұрады, бірақ онда
əйелге тəн бірдеме бар – нəзіктік пе, басқа ма, дөп басып айту қиын.
Ал Қорқау Ларсен нағыз еркекке тəн бүкіл кескін-пішінді бір бойына
жинақтаған тəураттағы Мұсадай, көне гректердегі Зевстей жігіт еді. Ол
жүргенде немесе қолын көтергенде құйқалы терісінің астында білеу-білеу
бұлшық еттері бұлтылдап ойнап, созыла серпіп тұрады. Айтпақшы,
мырыштай боп күнге күйген – оның беті мен мойны ғана, ал қалған жері
мамықтай аппақ еді. Осының өзі Ларсеннің түпкі тегі скандинавиялық
екенін еске түсіретін. Басындағы жарақатын сипап көру үшін ол қолын
жоғары көтергенде, бұлшық еттері зып беріп аппақ етіне кіріп кетеді. Дəл
осы бұлшық еттің ішінде қаншама қуат-күштің жасырынып жатқанын бір
құдайдың өзі ғана білер. Ал менің білетінім – оның жалғыз соққысы таяуда
мені о дүниенің бергі жағынан қайтарғаны. Мен оған қадала қарап қанша
тұрғанымды білмеймін, қолымдағы ақ дəке жерге түсіп кеткенде ғана ес
жиып алғаным бар. Бұны Ларсеннің өзі де байқап қалған.
– Құдай сізді құрыштай етіп жаратқан екен,– дедім мен.
– Солай ма?– деп ол жымиып қойды.– Өз ойым да осындай, бірақ бұны
неге жоруымды білмеймін.
– Тағдыр... жазмыш...
– Жоқ, бейімделу!– деді ол жұлып алғандай.– Менің бүкіл осы дене
бітімім тек іс пен əрекетке бейімделген. Мына болаттай бұлшық еттерім
тек жұлып қалу, алып қалу, жолыма кесе көлденең тұрғандарды қағып
тастау, құртып жіберу секілді істерге ғана арналған. Алайда сіз бойында
жаны бар кез келген тіршілік иесі жөнінде ойлап көрдіңіз бе? Үлкендікішілі олардың да бұлшық еттері бар, олардың да жұлып қалу, алып қалуға
бейімделген əрекеті бар. Бірақ менің жолымды бөгеген кезде, олардың қайқайсысы да артын қысып кетеді, өйткені мен олардан күштімін, қашан да
күштілігімді істеймін. Демек тағдыр, жазмыш деген бос сөз, бəрін шешетін
– бейімділік!
– Бұл жақсы емес,– дедім мен.
– Не жақсы емес? Өмір ме?– деп ол күлді.– Айтпақшы, сіз менің дене
бітімімді құрыштан құйғандай дедіңіз ғой. Соны көргіңіз келе ме? Міне!
Ол еденге башпайларын тырнақтай жабыстырып, талтайып тұра қалды.
Буылтық-буылтық, доп-домалақ, өрлі-қырлы бұлшық еттер аппақ тері
астында ойнап шыға келді.
– Сипап көріңіз!– деді ол бұйырып.
Алақанымды ары-бері жүгірте бастадым. Қолым денеге емес, бұжырбұжыр тасқа тигендей. Кесек-кесек еттер екі иығынан бастап, арқа мен
жамбасқа дейін қаз-қатар түйінделе қалған. Сосын қолын жайлап жоғары
көтергенде, бұлшық еттері тартылып, саусақтары бүгіле түсті. Көз жанары,
құбылып шыға келген – ештемені мүлт жібермейтін есеп, алдап соғар айла,
аяусыз жыртқыштық, бəрі-бəрі осы жанарда тұнып тұрғандай еді.
– Темірдей беріктік, мызғымас тепе-тендік деген осындай болады,– деді
ол. Деді де ширығып тұрған денесін кілт босатып, қалыпты күйге түсті.–
Адамға аяқ жерге жабысып тұру үшін керек, ал тіс пен тырнақ күресу үшін,
өлтіру үшін, өзіңді сақтау үшін керек. "Жазмыш! Тағдыр!" Жо-жоқ,
бейімделу деген дұрыс.
Мен дауласпадым. Өйткені менің алдымда жыртқыштың, адам
кейпіндегі сұмдық жыртқыштың денесі тұр еді, егер мен алып
броненосецті немесе трансатлантикалық пароходты алғаш көргенде қандай
əсерде болсам, бұл дененің алдында да сондай əсерге бөленгем.
Кубриктегі адам айтқысыз айқасты еске ала тұрып, Қорқау Ларсеннің
одан қалай сытылып шығып кеткеніне қайран қаламын жəне оның
жараланған жерлерін тəп-тəуір емдеп шыққанымды мақтанышпен айта
аламын. Шындығында, қатты жара түскен жері бірен-саран ғана еді,
қалғандары – əншейін сырып кеткен, көгеріп қалған бірдеме. Қатты соққы
тек анау алғаш борттан құлаған кезде тиіпті – басының терісі сонда тілініп
кеткен. Бір сүйемдей бұл жараны мен, оның нұсқауы бойынша, алдымен
маңайындағы шашын қырып, сосын жуып-тазалап, тігіп тастадым. Бұған
қоса оң жақ балтыры ит қауып алғандай қанталап тұр еді. Өзінің айтуына
қарағанда, айқас басталған сəтте-ақ матростардың бірі бассалып
балтырынан тістеген де, содан ақырына дейін жабысып қалмаған, тек бұл
траптан шыға бергенде ғана оны теуіп əзер түсірсе керек.
– Айтпақшы, Хэмп, сіздің жан-жақты білімді жігіт екеніңізді байқап
жүрмін,– деді Ларсен мен ем-домымды бітірген кезде.– Міне, көріп тұрсыз,
мен көмекшісіз қалдым. Бұдан былай сіз басты күзетте тұратын боласыз,
айлығыңыз – жетпіс бес доллар, сізді көрген жерде бəрі "Мистер ВанВэйден" деп тұруға бұйрық беріледі.
–Ay, мен навигация дегеннің иісі мұрныма бармайтын адаммын ғой,–
деймін таңданып.
– Оның саған қажеті де жоқ.
– Мұндай жоғары қызметке мен ешқашан талпынған емеспін,– деймін
тағы қарсыласып.– Қазіргі қарапайым тірлігімде де мен аз боқ басып
жүргем жоқ, бұған қоса өмірлік тəжірибеден де мүлде адамын. Тек жүрудің
өзі тоқ жүрумен бірдей ғой.
Бірақ ол күлді де қойды, құдды мəселе шешіліп қойғандай.
– Жо-жоқ, мына қарғыс атқан кемеде мен ешқашан көмекші болғым
келмейді,– деймін қарсыласа ышқынып.
Оның түрі бірден қатуланып шыға келді. Көзінен ызғар сезілген. Сосын
каюта есігіне жақындап барған да, артына шұғыл бұрылып:
– Жарайды, мистер Ван-Вэйден, қайырлы түн!– деген.
– Қайырлы түн, мистер Ларсен,– дедім мен міңгірлеп.
ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Ыдыс-аяқ жуудың азабынан құтылғанмен көмекші болып бірден абырой
таптым дей алмаймын. Мен ең қарапайым деген штурманның міндеті не
екенін де білмейтінмін, егер матростардың маған деген жылы ықыласы
болмаса, талай жерде сазға отырарым анықты. Кеменің тұла бойы толған
құрал-жабдық. Олардың қайсысы қандай қызмет атқарады, желкендерді
қалай көтеріп, қалай түсіреді – бəрі маған жұмбақ. Дегенмен матростар
үйрету мен түсіндіруден жалыққан жоқ, əсіресе Луистің көмегі көп тиген.
Шүкіршілік, қалған жігіттердің де қай-қайсысымен жақсы тіл
табысқандаймын.
Ал аңшылар жөнінде əңгіме басқа. Олардың бəрі теңіз жайын азды-көпті
білетін, сондықтан менің көлденең келіп көмекші боп шыға келуім оларға
күлкілі көрінген. Менің өзіме де ыңғайсыз-ақ. Кешегі қара жердің
құрбақасы енді байырғы теңіз көкжалдарына бұйрық беріп тұруы кім-кімге
де езу тартқызатыны рас қой; бірақ досқа күлкі, дұшпанға таба болғым
келмеді, жігерімді жаныдым, намысымды қайрадым – жаңа жұмысты
қалайда тезірек игеру үшін барымды салып бақтым. Ең алдымен, ешкім
туралы ешқашан шағымданғам жоқ. Қорқау Ларсенге де рахмет! Маған
қатысты əңгіменің бəрін де ол басқалардан теңіз этикетін қатаң сақтауды
талап еткен. Байқұс Иогансен қанша адал қызмет етсе де капитаннан өмірі
мұндай қолдау көрмей кеткені анық-ты. Кеменің тұмсығынан құйрығына
дейін бəрі мені "мистер Ван-Вэйден" деп тұрады, тек Қорқау Ларсен ғана
өзімсіген сəтте "Хэмп" деп қояды.
Мынадай да қызық болған. Бірде, біз түскі тамаққа құлағанда, жел
негізгі бағытымызды бірнеше румбқа бұрын жіберіп еді. Мен үстелден тұра
бергенде капитан: "Мистер Ван-Вэйден, галсты солға қарай ұстаңызшы",–
деген өтініш айтқан сыңайда. Мен палубаға шығып Луисті шақырдым да,
не істеу керектігін сұрадым. Ол кемені жел ыңғайына басқарудың əдістəсілдерін қысқаша түсіндіріп берді. Мен оны бірден қағып алдым. Сосын
мұндай сəттегі шұғыл қимылдардың мəн-мəнісін айтқызбай-ақ ұға қойдым
да, матростарға батыл түрде нұсқау бере бастадым. Дəл осы мезетте Қорқау
Ларсеннің палубаға шыға қалғаны əлі есімде. Аузындағы сигарын екі
езуіне кезек қыстыра тұрып, ол маневр барысын асықпай, байыппен ұзақ
бақылаған. Сосын бір заматта ютта тұрған менің жаныма келген де:
– Хэмп... айтпақшы... кешіріңіз, мистер Ван-Вэйдсн, құттықтаймын
сізді!– деген риза пішінмен. – Міне сіз өз аяғыңыздан тік тұрдыңыз, ендігі
жерде қолыңыздан жетелеп жүретін əкенің қажеті жоқ деп ойлаймын.
Такслаждық жұмыстар мен желкен тарту əдістсрін тағы біраз үйреніп
алсаңыз, сапар соңында кез келген кəсіптік кемеге қорықпай-ақ жалдана
беруіңізгс болады.
Сапарымыз жалғаса берді. Бұдан кейінгі аралықта – Иогансен өлген
күннен бастап, теңіз мысықтарын аулайтын жерге жеткенге дейін – менің
жағдайым жаман бола қойған жоқ. Қорқау Ларсен бұрынғыдай мазақ қыла
беруін қойған, матростар көмек қолдарын аяған жоқ, Томас Магридждің
бықсық маңайынан құтылғанмын. Кейде іштей масаттанып қоятын да
кездерім бар. Қалай масаттанбаймын, кеше ғана тырбаң-тырбаң етіп
жүрген құрлықтағы құрбақа едім, енді міне ғайыптан кемедегі екінші адам
боп шыға келдім. Өзіме-өзім ризамын, тіпті аяқ астымда ылғида ырғалып,
теңселіп тұратын теңіз тербелісінен де біртүрлі лəззат алатын сияқтымын.
"Елес" екпіндетіп, зулап келеді. Бағыты – баяғы солтүстік-батыс. Жолай
белгісіз бір аралдан тұщы су толтырып алуымыз керек. Матростардың
айтуынша, ол да алыс емес секілді.
Бірақ бұл уақытта жылымық күндер еді. Алғашқы кезде қандай азапты
сəттерді бастан кешсем, алдағы уақытта да мені дəл сондай сəттер күтіп
тұрған. Ал команда үшін, əсіресе матростар үшін бұл кеме бұрынғыдай
нағыз тозақтың өзі болып қала берген-ді. Ешкімге ешқашан тыныштық
жоқ. Кубриктегі баяғы жұлмалауды Қорқау Ларсен ұмытпаған да,
кешірмеген. Соның есесін енді күні-түні алуға кірісіп еді.
Адам жанын тоздырудың ең тамаша тəсілі ұсақ-түйектермен қинау
екенін ол жақсы білетін. Мұндай сəтте бейшара матростар жынданып кете
жаздаушы еді. Мəселен, мына жайға қараңыз. Шырт ұйқыда жатқан
Гаррисонды ол төсегінен жұлып алады. Не үшін? Бояу жағатын шөтке өз
орнында тұрмағаны үшін! Оны орнына қойып келуге жалғыз Гаррисон да
жетер еді, бірақ ол түнгі күзеттен келген басқаларды да оятып алып,
Гаррисонның əр қимылын қарап тұруға мəжбүр етеді. Əрине, бұл түкке
тұрғысыз дүние, бірақ ол ойлап тапқан осындай ондаған, жүздеген ұсақтүйектерден кейін матростар қандай күйге түсетінін елестете беріңіз!
Мұндай жерде қарсылық, наразылық болмай тұра ма, жекелеген
кақтығыстар жиі-жиі байқалып қалады. Капитан матростарды ұрып-соғуын
қойғаны былай тұрсын, қайта өршелене түскен; күн сайын олардың екіүшеуі соққыға жығылып, жаралы болып жатады. Бірақ бəрі жиылып бас
көтеруге дəрменсіз, өйткені аңшылар кубригі мен кают-компанияда
сақталған қару-жарақтың неше түрі кімнің де болсын мысын басып тұрар
еді. Капитанның тізесі бəрінен бұрын Джонсон мен Личке батқан, бұларға
деген оның кəрі де, кегі де ерекше. Мен Джонсонның көзінен айықпас мұң
көремін. Оның аянышты халі жүрегіме қатты батады.
Ал Лич тағдырдың басқа салғанын басқаша көтеріп алған. Əрине, оның
да жетісіп жүргені шамалы, алайда мойыған түрі білінбейді. Мұндайда
қамығу, қапаланудан түк шықпайтынын сезетін сияқты, сондықтан
кеудесіне кектен басқаға орын бермеген. Мен оның жымқырылған жұқа
еріндерінен ылғи да ыза мен кектің ызғарын көремін. Бұл ызғар бір күні
уытты запыранға айналып, кесек-кесегімен капитанға төгілетін сияқты
болып тұрады. Себебі ол тордағы жыртқыш секілді, Қорқау Ларсеннің
сыртынан тісін ақсита ызбарланып тұрғанын неше рет байқап қалғаным
бар.
Мысалы, мына бір жағдайдан-ақ оның қандай көңіл күйде жүргенін
анық байқауға болар еді. Бірде мен тапа-тал түсте, палубада теріс қарап
тұрған оған əлдебір нұсқау берейін деп, иығына ақырын қол сала
бергенімде ... ол қорс етіп ыршып түскен... Тегі мені əлгі ата жауы деп
қалса керек.
Лич пен Джонсон кез келген оңтайлы сəтте Қорқау Ларсенді өлтіріп
жіберуден тайынбас еді, бірақ, амал не, ондай сəт қайдан тусын,– Қорқау
Ларсен оларды он орайтын қу болатын. Екіншіден, ол екеуінің қолында
қару да жоқ, жалғыз жұдырықпен оған не істей алады. Қорқау Ларсен
болса өз күшінің қандай екенін Личке жиі-жиі көрсетіп тұрады, ондай
мезетте анау да қарап қалмайды, жұдырыққа – жұдырық, тіске – тіс,
тырнаққа – тырнақ жұмсайды, бірақ ақыр соңында бет-аузы қан-қан болып,
кейде тіпті естен танып, палубада қалады итектеліп. Алайда келесі
айқастан тағы қашпайды. Əрдайым бірін-бірі шақырып тұратын екеуінің де
иығында бір-бір жын отырады. Бұлар палубаға шықты дегенше, қанмайдан басталды деңіз. Личтің ешқандай себептен-себепсіз Қорқау
Ларсенге ұмтылған кездерін өз басым талай рет көрдім. Бірде ол тасада
тұрып капитанға ауыр селебе лақтырғанда, небəрі жарты-ақ сүйем
қателескен. Тағы бірде оның үстіне салингтен кісі бойындай темір істікті
құлатып жіберген. Кеме тербеліп келе жатқанда жетпіс бес футтай
биіктіктен мұндай темірді нысанаға дөп тигізу тіпті де оңай шаруа емес еді,
бірақ ол ысқырына зулап келіп, люктен енді ғана шығып келе жатқан
Қорқау Ларсеннің басын жанап өтіп, палуба тақтайына тік шаншылған.
Сосын, тағы бір күні ол аңшылар кубригіне кіріп кетіп, біреудің оқтаулы
мылтығын жұла қашқан кезде, оны тек Керфут қапа ұстап қалғанын
көргенбіз.
Қорқау Ларсен неге осы Личті өлтіріп тастап тыныш таппайды екен деп
мен кейде жиі ойлаймын. Бұған оның күші де, ақылы да жететіні анық еді.
Бірақ қандай қатер, қандай оңтайлы сəттің соңында ол мысқылдай күліп
жүре береді. Бұның астарында өзі ойлаған бір қулық бар секілді. Əрине,
сұмдыққа толы қулық.
– Өмірің қыл ұшына ілінген кезде, басың керемет істеп кетеді,– дейді ол
сайқалдана күліп.– Мұндай сəтте мен өзімді құмар ойын алаңындағы
ойыншы есептеймін де, өмірді ұтысқа тіккен ең үлкен ақша деп білем. Оны
неғұрлым ұтам деген сайын сезім-түйсігің соғұрлым ширыға түседі. Мен
үшін Личті қинай түсуден артық рақат жоқ. Ендеше бұл рақаттан неге мен
бас тартуым керек? Екіншіден, оған да жаман емес, менің арқамда қамқарекетсіз, бос ерігіп жүрген жоқ. Мен сияқты оның да сезім-түйсігінде
тамаша ширығу бар. Шындығында, ол бакта тұрған кез келген матростан
артық. Өйткені, оның өмірі басқаларға қарағанда əлдеқайда мəнді де
құнды. Тек оны өзі ғана сезінбейді. Бастысы, үлкен мақсат бар онда. Ол
мақсат – қалайда мені өлтіру. Бұдан ол күдерін де үзбейді. Иə, Хэмп, ол
біреулер сияқты босқа боғын езіп жүрген жоқ, оның əр минуты – қимылға,
күреске, арпалысқа толы. Бірақ, өкініштісі сол – бұл жанкештіліктен
бірдеме шығады деп ойламаймын, тек ақыр соңында өз басын жұтқаны
болмаса. Соған дейін мен де оны ермек ете тұруым керек қой.
– Құдай-ау, бұл дегеніңіз нағыз зұлымдық қой. Бұдан өткен қандай иттік
бар!– деймін мен шыдай алмай.– Адам ар алдында осыншама құлдырауға,
төмендеуге бола ма екен!
– Сонда сіз екеуіміздің қайсымыз тым төмендеп кеттік – мен бе, əлде сіз
бе?– деді ол қабағын кіржитіп.– Сіз мұндай ыңғайсыз жағдайға тап
болғанда, өз ар-ұятыңызбен ымыраға келгіңіз келеді. Егер сіз шын мəнінде
биікте тұрып, биікте қалғыңыз келсе, ондай жағдайда сіз əлгі екеуімен –
Джонсон-Личпен – біріккен болар едіңіз. Бірақ өйтпедіңіз. Себебі
қорқасыз. Өлімнен қорқасыз. Сіздің бойыңыздағы өмір қандай жағдайда да
тірі қалсам деп шыр-шыр етеді. Сіз қарғыс атқыр бір күндік сəуле үшін
қалт-қалт етіп, бір-ақ сəтте өз сеніміңіз бен идеалыңыздан айнып шыға
келдіңіз. Өзіңіз ту қып көтерген адамдық, адалдық атаулыға осы
қылығыңызбен опасыздық жасадыңыз. Демек, тозақ деген дүние бар болса,
оған бірінші түсетін адам сіз емессіз бе? Ал менің жөнім басқа. Өмірлік
мұраттарыма бұрын қандай адал болсам, бұл жолы да сол қалпымда
қалдым. Сіз ойлағандай қандай ит болсам да, өз ар-ұятым мен сеніміме
қарсы ештеме істегем жоқ. Не десеңіз де, бұ жағынан мен сізден артықпын.
Оның бұл айтқандары əрі жағымсыз, əрі алапес шындық еді. Мен
мүмкін расында қорқақтық танытқан шығармын? Бірақ бұл сауал
төңірегінде көбірек ойланған сайын көзім бір нəрсеге анық жете түскен: ар
алдындағы менің басты парызым – Ларсен айтқандай, Лич пен Джонсонға
қосылып, солармен бірге оны өлтіруге ат салысуым керек екен. Менің
қатал пуритандық бабаларым: егер ізгі мақсатта істелген іс болса, онда
адам өлтіргенді де ақтап алуға болады деген, мүмкін мені осындай ойға
жетелеген де арғы тегімнен қалған сол мирас шығар. Мен бұл ойға қатты
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Теңіз қорқауы - 10
  • Parts
  • Теңіз қорқауы - 01
    Total number of words is 4109
    Total number of unique words is 2151
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Total number of words is 4147
    Total number of unique words is 2144
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Total number of words is 4176
    Total number of unique words is 2277
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    50.4 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Total number of words is 4218
    Total number of unique words is 2074
    37.2 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Total number of words is 4126
    Total number of unique words is 2161
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    56.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Total number of words is 4249
    Total number of unique words is 2189
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Total number of words is 4149
    Total number of unique words is 2164
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Total number of words is 4192
    Total number of unique words is 2255
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.7 of words are in the 5000 most common words
    58.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Total number of words is 4099
    Total number of unique words is 2166
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2158
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Total number of words is 4129
    Total number of unique words is 2140
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Total number of words is 4166
    Total number of unique words is 2015
    36.8 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2201
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.8 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2098
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2142
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    51.4 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Total number of words is 4198
    Total number of unique words is 2108
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Total number of words is 4226
    Total number of unique words is 2157
    35.5 of words are in the 2000 most common words
    51.3 of words are in the 5000 most common words
    59.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Total number of words is 4153
    Total number of unique words is 2094
    37.6 of words are in the 2000 most common words
    51.6 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2071
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Total number of words is 4142
    Total number of unique words is 2029
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    50.3 of words are in the 5000 most common words
    58.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Total number of words is 4225
    Total number of unique words is 2129
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Total number of words is 4195
    Total number of unique words is 2097
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Total number of words is 2480
    Total number of unique words is 1428
    37.5 of words are in the 2000 most common words
    53.8 of words are in the 5000 most common words
    61.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.